Алкоголь өніміне ең төменгі бағалар белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 23 қазан N 1592

Жаңартылған

      "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі  Заңын  орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 

      1. 1999 жылдың 1 қарашасынан бастап қосымшаға сәйкес алкоголь өніміне ең төменгі бағалар белгіленсін. 

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсін. 
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.03.16.  N 201  қаулысымен.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
1999 жылғы 23 қазандағы 
N 1592 қаулысына қосымша

       Ескерту. Қосымшадан 2, 3-бағандар алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.11.08.   N 1683 өзгерту енгізілді - 2007.03.16.   N 201  қаулыларымен.

        Алкоголь өніміне арналған ең төменгі бағалар
___________________________________________________________________
 Алкоголь өнімінің       Алкоголь өнімін
    түрлері                бөлшек сату
                             бағасы
                          (теңге/литр)
___________________________________________________________________
 Арақтар және айрықша         357
 арақтар, күшті ликер-
 арақ бұйымдары және
 басқа да күшті алкоголь
 ішімдіктері
___________________________________________________________________