Алкоголь өніміне ең төменгі бағалар белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 23 қазан N 1592

Қолданыстағы
      "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңын Z990429_ орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. 1999 жылдың 1 қарашасынан бастап қосымшаға сәйкес алкоголь өніміне ең төменгі бағалар белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігіне жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі


                                             Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 жылғы 23 қазандағы N 1592 қаулысына қосымша


     Ескерту. Қосымшадан 2,3-бағандар алып тасталды - ҚР Үкіметінің        
              2000.11.08. N 1683 қаулысымен. 

P001683_

     
        
            Алкоголь өніміне арналған ең төменгі бағалар
 __________________________________________________________________________
 Алкоголь өнімінің       Алкоголь өнімін
    түрлері                бөлшек сату                                     
                             бағасы
                          (теңге/литр)
                        
 __________________________________________________________________________
 Арақтар және айрықша        258
 арақтар, күшті ликер-
 арақ бұйымдары және
 басқа да күшті алкоголь
 ішімдіктері
 __________________________________________________________________________
    
     
   Оқығандар:
  Қобдалиева Н.М.
  Орынбекова Д.К.