Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 қазандағы N 1592 қаулысына өзгеріс енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 16 маусымдағы N 543 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 қарашадағы N 1683 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 143 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 19.03.2013 № 06-7/32 бұйрығымен (алғашқы ресми жариялау күнінен бастап, бірақ 2013 жылдың 26 наурызынан ерте емес қолданысқа енгізіледі).

      Конкурстық iрiктеу процедурасын бұдан әрi жетiлдiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Әдiлет министрлiгінде 1999 жылғы 30 қарашада N 986 V990986_ тiркелген Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы N А-202 бұйрығына төмендегiдей өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      Көрсетiлген Бұйрықпен бекiтiлген Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға орналасуға конкурс өткiзудiң қағидасына:
      24 тармақтың 7) тармақшасында:
      "2 фото суретi" сөзi "1 фото суретi" сөзiмен алмастырылсын;
      27 тармақ мына редакцияда жазылсын:
      "27. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылардың құжаттары, конкурстық iрiктеуден өтпеген тұлғалардың кадр есебi жөнiндегi жеке iс парақтары мен өтiнiштерi және конкурстық комиссияның материалдары конкурстық комиссияның хатшысында сақталады (кадр қызметiнде).";
      30 тармақтың бiрiншi сөйлемi мына редакцияда жазылсын:
      "30. Конкурстық комиссия ұсынылған құжаттарды талдау негiзiнде

 

олардың тиiстi әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға қойылған бiлiктiлiк

талаптарына сәйкестiгi мен конкурсқа қатысушыларды сынаққа жiберу туралы

шешiм қабылдайды, ол хаттама түрiнде ресiмделiп және комиссияның төрағасы,

мүшелерi мен хатшысы қол қояды.";

     38 тармақта:

     "бiр ай" сөзi "үш ай" сөзiмен ауыстырылсын;

     мына мазмұндағы 42-1 тармағымен толықтырылсын:

     "42-1. Әрбiр үмiткермен әңгімелесу барысы жеке түрдегі хаттамамен

ресiмделедi, ол жүргiзiлiп бiткеннен кейiн конкурстық комиссияның

төрағасы, мүшелерi, үмiткер, сондай-ақ, хаттаманы iске асырушы хатшы

қолдарын қояды.".

     48 тармақта:

     ", бiрақ әр бос лауазым үшiн бiреу ғана" сөзi алынып тасталсын.

     2. Осы бұйрық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Төраға



     Мамандар:

            Омарбекова А.Т.

            Қасымбеков Б.А.