"Алкоголь өніміне ең төменгі бағалар белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 23 қазандағы № 1592 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 маусымдағы № 771 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 143 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.03.2015 № 143 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Алкоголь өніміне ең төменгі бағалар белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 қазандағы № 1592 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., № 49, 475-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 9 маусымдағы
№ 771 қаулысына   
қосымша     

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
1999 жылғы 23 қазандағы
№ 1592 қаулысына   
қосымша     

Алкоголь өніміне арналған ең төменгі бағалар

Алкоголь өнімінің түрлері

Алкоголь өнімін бөлшек сату бағасы (теңге/литр)

Арақтар және айрықша арақтар, күшті ликер-арақ бұйымдары және басқа да күшті алкоголь ішімдіктері

640