Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдiк берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы N 813 қаулысы

Жаңартылған

      Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдiк берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: <*>
       Ескерту. Тақырыбы мен мәтінінде сөздер алмастырылды - ҚР Үкіметінің 2003.05.22. N 476  қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған: 
      1) Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдiк берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы; <*>
      2) Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдiк берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін. 

      2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрі

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің         
1999 жылғы 21 маусымдағы  
N 813 қаулысымен бекітілген

  Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдiк берген қарыздардың шеңберінде
республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты
қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның
Құрамы

Коржова                    - Қазақстан Республикасының Қаржы
Наталья Артемовна            министрi, төрайым

Ерғожин                    - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-
Дәулет Еділұлы               министрі, төрағаның орынбасары      

Жұмағали                   - Қазақстан Республикасы Қаржы
Шалқар Болатұлы              министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi
                             кредит беру басқармасының бастығы,
                             хатшы

Гусинский                  - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
Александр Владимирович       Сенаты Экономика, қаржы және бюджет
                             комитетiнiң мүшесi

Кәкiшев                    - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
Жандарбек Шәмiлұлы           Сенаты Өңiрлiк даму және жергiлiктi
                             өзiн-өзi басқару мәселелерi комитетiнiң
                             мүшесi

Сыздықов                   - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
Тито Уахапұлы                Мәжiлiсi Қаржы және бюджет комитетiнiң
                             мүшесi

Исақов                     - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Нұржан Әзiмханұлы            Әкiмшiлiгi құқық қорғау және сот
                             жүйелерi мәселелерi бөлiмiнiң бас
                             инспекторы

Ақшолақов                  - Қазақстан Республикасының Энергетика
Болат Оралұлы                және минералдық ресурстар вице-министрi

Баталов                    - Қазақстан Республикасының Индустрия
Асқар Болатұлы               және сауда вице-министрi

Өскiмбаев                  - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
Қожамұрат Бейiсұлы           вице-министрi

Кәрбозов                   - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Қозы-Көрпеш Жапарханұлы      қауiпсiздiк комитетi төрағасының
                             орынбасары

Тәжияқов                   - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Бисенғали Шамғалиұлы         Банкi Төрағасының орынбасары

Бекбосынов                 - Қазақстан Республикасының Қаржы
Сабыржан Мәдиұлы             министрлiгi Дерменсiз борышкерлермен
                             жұмыс комитетiнiң төрағасы

Кадюков                    - Қазақстан Республикасы Қаржы
Николай Викторович           министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және
                             жекешелендiру комитетi төрағасының
                             орынбасары

Қанатов                    - Қазақстан Республикасы Қаржы
Сәбит Сарқытұлы              министрлiгiнiң Салық комитетi
                             төрағасының орынбасары

Сағындықов                 - Қазақстан Республикасының Экономика
Самат Алпысұлы               және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi
                             Инвестициялық саясат және жоспарлау
                             департаментiнiң директоры

Шәрiпов                    - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Талғат Қайыркенұлы           коммуникация министрлiгi Қаржылық
                             реттеу департаментiнiң директоры

Күзембаева                 - "Медетші қор" акционерлiк қоғамының
Маржан Бопайқызы             президентi

Рахымов                    - "Қазақстан Даму Банкi" акционерлiк
Сейiтқали Сайлаубайұлы       қоғамының вице-президентi

Айтжанов                   - Қазақстан Республикасының Ауыл
Дулат Нулиұлы                шаруашылығы вице-министрі

Әзімова                    - Қазақстан Республикасы Әділет
Эльвира Әбілқасымқызы        министрлігі Халықаралық құқық,
                             мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау,
                             шарттар және талап-арыз жұмыстары
                             департаментінің директоры

Әлібеков                   - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Ерлан Есмұқанұлы             қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа
                             қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)
                             Сыбайлас жемқорлық туралы істерді ашу
                             және олардың алдын алу департаментінің
                             бастығы

Квятковский              - "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры"
Эдуард Олегович            акционерлік қоғамының басқармасы
                           төрағасының орынбасары      
       Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.05.17. N  411 , өзгерту енгізілді - 2007.04.26. N  334  қаулыларымен.

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің         
1999 жылғы 21 маусымдағы 
N 813 қаулысымен бекітілген

  Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдiк берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық
комиссия туралы
Ереже

      Ескерту. Тақырыбы мен мәтінінде сөздер алмастырылды - ҚР  Үкіметінің 2003.05.22. N  476 , өзгерту енгізілді - 2005.05.06. N  434  қаулыларымен.

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдiк берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) қызметін реттейді. 

      2. Комиссия: 
      республикалық бюджеттен берілген несиелер мен мемлекет кепілдiк берген қарыздардың қаражатын қайтару мен қайта құрылымдаудың мүмкіндіктерін қарау үшін; 
      республикалық бюджеттің мерзімі өткен талап етулерін жіктеу үшін құрылады. 

      3. Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 
      Комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң, сондай-ақ мүдделі министрліктер мен ведомстволардың және республикалық бюджеттен берілген несиелер мен мемлекет кепілдiк берген қарыздарға қызмет көрсететін екінші деңгейдегі банктердің өкілдері және өзге мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкiлдерi (келісім бойынша) кіреді. 
       Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.05.22. N  476  қаулысымен.

  2. Комиссияның жұмыс тәртібі

      4. Комиссияның органдары:
      1) жұмысшы орган;
      2) Комиссияның төрағасы;
      3) төрағаның орынбасары;
      4) хатшы; 

      5. Комиссия мәжілістерінің арасындағы кезеңде оның ұйымдастырушылық мәселелерін комиссияның төрағасы лауазымды тұлғасы болып табылатын мемлекеттік орган шешеді. 

      6. Комиссияның төрағасы оның қызметiне жетекшiлiк етедi, мәжiлiстерiнде төрағалық етедi, жұмысын жоспарлайды, шешiмдерiнiң iске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызметке, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестiруге және Комиссия әзiрлейтiн шешiмдерге дербес жауапты болады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды.
       Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.05.17. N  411  қаулысымен.  

      7. Комиссияның хатшысы Комиссия отырысының күн тәртібі жөнінде ұсыныс, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды және ол өткізілгеннен кейін хаттамаларды ресімдейді.

      7-1. Республикалық бюджеттен берiлген несиелердi, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген қарыздар шеңберiнде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайта құрылымдау мәселесiн енгiзу үшiн Комиссия отырысының күн тәртiбiне қарыз алушы Комиссияның жұмыс органына мынадай құжаттарды ұсынады:
      бизнес-жоспар;
      сенiм білдiрілген өкiлдiң (агенттің) қорытындысы;
      құзыретiне бизнес-жоспарда көрсетілген мәселелер кiретiн мемлекеттік органның қорытындысы.
      Ескерту. 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.05.06. N  434  қаулыларымен.          

      8. Комиссияның шешімі ашық дауыс берумен, сондай-ақ Комиссия мүшелерінен сұрау жолымен қабылданады және ол үшін Комиссия мүшелері дауысының жалпы санынан үштен екісі дауыс берсе қабылданған болып есептеледі. 

      9. Комиссия мүшелерінің оны білдірген жағдайда жазбаша түрде мазмұндалуы және мәжілістің хаттамасы мен Комиссияның есеп-хатына қоса берілуі тиіс ерекше пікірге құқығы бар. 

      10. Комиссияның жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктеледі. 

      11. Комиссияның жұмыс кестесін Комиссия айқындайды. 

      12. Комиссияның мәжілісі нақты проблемалар мен мәселелер бойынша өткізіледі. 

      13. Комиссияның мәжілістерін өткізудің нәтижелері бойынша мәжіліске қатысып отырған оның мүшелері қол қоятын хаттама жасалады. 

      14. Комиссия хаттамалық шешім қабылданғаннан кейін 15 күннің ішінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне: 
      1) жобалар едәуір мөлшерде толық қаржыландырылмаған, заемшы кәсіпорындар борыш берілместен сатылған, қайта ұйымдастырылған не олар таратылған (банкроттық) жағдайларда республикалық бюджеттен бөлінген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдiк берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайта құрылымдау, (пролонгациялау, есептен шығару); 
      2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне республикалық бюджеттен берілген несиенің шеңберінде және мемлекет кепілдiк берген қарыздардың шеңберінде белгіленген тәртіппен аукциондарда сату үшін, оның ішінде төлемді кейінге қалдыру шартымен алынған мүлікті беру; 
      3) заемшы кәсіпорындарға республикалық бюджеттен берілген несиелер бойынша олардың негізгі борыштың сомасы мен сыйақыны (мүддені) өтеуі шартымен есептелген айыппұл санкцияларын ішінара өтеу мүмкіндігін беру мәселелері жөнінде ұсыныс енгізеді. 

  Комиссияның қызметін тоқтатуы

      15. Комиссияның қызметін тоқтатуына:
      1) Комиссияға жүктелген міндеттердің орындалуы; 
      2) бұрын Комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар немесе өзге комиссия құру; 
      3) Комиссияның міндетін орындалмайтын немесе орынсыз ететін өзге де жағдаяттар негіз болады. 

      16. Комиссияның құрамына немесе функцияларына өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда, Комиссияның төрағасы лауазымды тұлғасы болып табылатын министрлік не ведомство Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне Үкімет шешімінің жобасын енгізеді.

      17. Осы Ереженің 15-тармағында көрсетілген, Комиссияның қызметін тоқтатуына әкеп соқтыратын жағдаят пайда болған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметіне істелген жұмыстар туралы есеп-хат жолданады.
      Комиссияның есеп-хаты:
      1) Комиссия жасаған қорытынды құжатты;
      2) ол бойынша Комиссия өзінің қызметін тоқтатуы қажет деп санайтын негіздемені қамтиды. 

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
1999 жылғы 21 маусымдағы
N 813 қаулысына   
қосымша        

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің
 
Тізбесі

      1. "Республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражаттарды соңғы заем алушылардан қайтару жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 11 ақпандағы N 194 қаулысы. 

      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1997 жылғы 16 мамырдағы N 144  өкімі .

      3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1997 жылғы 13 тамыздағы N 271 өкімі.

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 11 ақпандағы N 194 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 20 ақпандағы N 123  қаулысы .

      5. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1997 жылғы 9 сәуірдегі N 64 өкімі.

      6. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың жекелеген мәселелерін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 16 қазандағы N 1056  қаулысы.