Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың жекелеген мәселелерін реттеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 16 қазан N 1056. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.06.21. N 813 қаулысымен. ~P990813

      Зейнетақы төлемдерiн алушыларды мемлекеттiк әлеуметтiк кепiлдiктермен қамтамасыз ету және олардың материалдық жағдайын жақсарту мақсатында қаулы етемiн:
     1. 1998 жылғы 1 қарашадан бастап жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн толық көлемiнде алуға құқығы бар зейнетақы төлемдерiн алушыларға зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi кемiнде 3000 теңге болып, толық емес көлемiнде мөлшерi заңдарда айқындалатын тәртiппен белгiленсiн. 
     2. Қазақстан Республикасының Үкiметi, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi зейнетақыларының белгiленген мөлшерiн 1998 жылғы 1 желтоқсаннан бастап төлеудi қамтамасыз етсiн. 

     Қазақстан Республикасының
     Президентi