Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдiк берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы N 813 Қаулысы

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырыбы мен мәтiнiнде "Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiгi бар мемлекеттiк емес сыртқы заемдардың" деген сөздер "мемлекет кепілдiк берген қарыздардың" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2003.05.22. N 476 Қаулысымен.

      Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдiк берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдiк берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы;
      2) Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдiк берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін.

      2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрі

                                            Қазақстан Республикасы
                                                 Үкіметінің
                                           1999 жылғы 21 маусымдағы
                                                N 813 қаулысымен
                                                    бекітілген

Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет
кепілдiк берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен
оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау
жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.07.2013 N 753; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.03.2014 № 244 қаулыларымен.

Сұлтанов
Бақыт Тұрлыханұлы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төраға

Дәленов
Руслан Ерболатұлы

Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, төрағаның орынбасары

Шәріп
Динара Жалғасқызы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаменті бюджеттік кредит беру басқармасының басшысы, хатшы

Рау
Альберт Павлович

Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі

Исаева
Гүлмира Сұлтанбайқызы

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

Оразов
Самиғолла Хамзаұлы

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі
(келісім бойынша)

Тортаев
Бауыржан Қадырұлы

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары
(келісім бойынша)

Кадюков
Николай Викторович

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары

Хайдаргалиева
Шолпан Ахметқызы

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі Мұнай-химия және техникалық реттеу департаментінің директоры

Есенов
Амангелді Сағындықұлы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментінің директоры

Жолдыбай
Мақсат Орынбекұлы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау департаментінің директоры

Жамаубаев
Ерұлан Кенжебекұлы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Үйлестіру департаментінің директоры
(келісім бойынша)

Күшібаев
Мұрат Шәменұлы

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) Сыбайлас жемқорлық туралы істерді ашу және алдын алу департаменті 2-ші басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға инспекторы (келісім бойынша)

Базгенова
Майкен Ұсынбайқызы

Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Экономикалық және қаржылық қылмыстарды ашу департаменті 5-ші басқармасының бастығы
(келісім бойынша)

Сұлтанғазиев
Қанат Елеусізұлы

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары
(келісім бойынша)

Тәшенев
Бақытбек Кәкімұлы

«Оңалту және активтерді басқару компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Алдашов
Марс Бақтиярұлы

«Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің        
1999 жылғы 21 маусымдағы 
N 813 қаулысымен     
бекітілген        

Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдiк берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық
комиссия туралы
Ереже

     Ескерту. Тақырыбы мен мәтінінде сөздер алмастырылды - ҚР  Үкіметінің 2003.05.22. N 476, өзгерту енгізілді - 2005.05.06. N 434 Қаулыларымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдiк берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) қызметін реттейді.

      2. Комиссия:
      республикалық бюджеттен берілген несиелер мен мемлекет кепілдiк берген қарыздардың қаражатын қайтару мен қайта құрылымдаудың мүмкіндіктерін қарау үшін;
      республикалық бюджеттің мерзімі өткен талап етулерін жіктеу үшін құрылады.

      3. Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      Комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң, сондай-ақ мүдделі министрліктер мен ведомстволардың өкілдері және өзге мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкiлдерi (келісім бойынша) кіреді.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.05.22. N 476, 2008.03.19 N 271 Қаулыларымен.

2. Комиссияның жұмыс тәртібі

      4. Комиссияның органдары:
      1) жұмысшы орган;
      2) Комиссияның төрағасы;
      3) төрағаның орынбасары;
      4) хатшы;

      5. Комиссия мәжілістерінің арасындағы кезеңде оның ұйымдастырушылық мәселелерін комиссияның төрағасы лауазымды тұлғасы болып табылатын мемлекеттік орган шешеді.

      6. Комиссияның төрағасы оның қызметiне жетекшiлiк етедi, мәжiлiстерiнде төрағалық етедi, жұмысын жоспарлайды, шешiмдерiнiң iске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызметке, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестiруге және Комиссия әзiрлейтiн шешiмдерге дербес жауапты болады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.05.17. N  411 Қаулысымен.

       7. Комиссияның хатшысы Комиссия отырысының күн тәртібі жөнінде ұсыныс, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды және ол өткізілгеннен кейін хаттамаларды ресімдейді.

      7-1. Республикалық бюджеттен берiлген несиелердi, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген қарыздар шеңберiнде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайта құрылымдау мәселесiн енгiзу үшiн Комиссия отырысының күн тәртiбiне қарыз алушы Комиссияның жұмыс органына мынадай құжаттарды ұсынады:
      бизнес-жоспар;
      сенiм білдiрілген өкiлдiң (агенттің) қорытындысы;
      құзыретiне бизнес-жоспарда көрсетілген мәселелер кiретiн мемлекеттік органның қорытындысы.
      Ескерту. 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.05.06. N 434 Қаулыларымен.

              8. Комиссияның шешімі ашық дауыс берумен, сондай-ақ Комиссия мүшелерінен сұрау жолымен қабылданады және ол үшін Комиссия мүшелері дауысының жалпы санынан үштен екісі дауыс берсе қабылданған болып есептеледі.

      9. Комиссия мүшелерінің оны білдірген жағдайда жазбаша түрде мазмұндалуы және мәжілістің хаттамасы мен Комиссияның есеп-хатына қоса берілуі тиіс ерекше пікірге құқығы бар.

      10. Комиссияның жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктеледі.

      11. Комиссияның жұмыс кестесін Комиссия айқындайды.

      12. Комиссияның мәжілісі нақты проблемалар мен мәселелер бойынша өткізіледі.

      13. Комиссияның мәжілістерін өткізудің нәтижелері бойынша мәжіліске қатысып отырған оның мүшелері қол қоятын хаттама жасалады.

      14. Комиссия хаттамалық шешім қабылданғаннан кейін 15 күннің ішінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне:
      1) жобалар едәуір мөлшерде толық қаржыландырылмаған, заемшы кәсіпорындар борыш берілместен сатылған, қайта ұйымдастырылған не олар таратылған (банкроттық) жағдайларда республикалық бюджеттен бөлінген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдiк берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайта құрылымдау, (пролонгациялау, есептен шығару);
      2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне республикалық бюджеттен берілген несиенің шеңберінде және мемлекет кепілдiк берген қарыздардың шеңберінде белгіленген тәртіппен аукциондарда сату үшін, оның ішінде төлемді кейінге қалдыру шартымен алынған мүлікті беру;
      3) заемшы кәсіпорындарға республикалық бюджеттен берілген несиелер бойынша олардың негізгі борыштың сомасы мен сыйақыны (мүддені) өтеуі шартымен есептелген айыппұл санкцияларын ішінара өтеу мүмкіндігін беру мәселелері жөнінде ұсыныс енгізеді.

Комиссияның қызметін тоқтатуы

      15. Комиссияның қызметін тоқтатуына:
      1) Комиссияға жүктелген міндеттердің орындалуы;
      2) бұрын Комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар немесе өзге комиссия құру;
      3) Комиссияның міндетін орындалмайтын немесе орынсыз ететін өзге де жағдаяттар негіз болады.

      16. Комиссияның құрамына немесе функцияларына өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда, Комиссияның төрағасы лауазымды тұлғасы болып табылатын министрлік не ведомство Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне Үкімет шешімінің жобасын енгізеді.

      17. Осы Ереженің 15-тармағында көрсетілген, Комиссияның қызметін тоқтатуына әкеп соқтыратын жағдаят пайда болған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметіне істелген жұмыстар туралы есеп-хат жолданады.
      Комиссияның есеп-хаты:
      1) Комиссия жасаған қорытынды құжатты;
      2) ол бойынша Комиссия өзінің қызметін тоқтатуы қажет деп санайтын негіздемені қамтиды.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
1999 жылғы 21 маусымдағы
N 813 қаулысына  
қосымша       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің
Тізбесі

      1. "Республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражаттарды соңғы заем алушылардан қайтару жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 11 ақпандағы N 194 қаулысы.

      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1997 жылғы 16 мамырдағы N 144 өкімі.

      3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1997 жылғы 13 тамыздағы N 271 өкімі.

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 11 ақпандағы N 194 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 20 ақпандағы N 123 қаулысы.

      5. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1997 жылғы 9 сәуірдегі N 64 өкімі.

      6. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың жекелеген мәселелерін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 16 қазандағы N 1056 қаулысы.