Ескерту. Тақырыбы мен мәтiнiнде "Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiгi бар мемлекеттiк емес сыртқы заемдардың" деген сөздер "мемлекет кепілдiк берген қарыздардың" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2003.05.22. N 476 Қаулысымен.
Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдiк берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдiк берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы;
2) Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдiк берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 21 маусымдағы
N 813 қаулысымен
бекітілген
Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.07 N 428 Қаулысымен.
Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет
кепілдік берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен
оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау
жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы
Жәмішев - Қазақстан Республикасының Қаржы
Болат Бидахметұлы министрі, төраға
Дәленов - Қазақстан Республикасының Қаржы
Руслан Ерболатұлы вице-министрі, төрағаның орынбасары
Биниязов - Қазақстан Республикасы Қаржы
Дархан Берікұлы министрлігінің Бюджеттік кредит беру,
Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры,
квазимемлекеттік сектор
субъектілерінің концессиялық жобалары
мен бюджеттік инвестициялары
департаменті бюджеттік кредит беру
басқармасының бастығы, хатшы
Paу - Қазақстан Республикасының Индустрия
Альберт Павлович және жаңа технологиялар бірінші
вице-министрі
Толыбаев - Қазақстан Республикасының Ауыл
Марат Еркінұлы шаруашылығы вице-министрі
Жазин - Қазақстан Республикасы Парламентінің
Аманжол Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің
мүшесі (келісім бойынша)
Сағиев - Қазақстан Республикасы Президентінің
Елдар Ізтұрғанұлы Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық
мониторинг бөлімінің сектор
меңгерушісі (келісім бойынша)
Қыпшақов - Қазақстан Республикасы Қаржы
Арғын Мықтыбайұлы министрлігінің Салық комитеті
төрағасының орынбасары
Кадюков - Қазақстан Республикасы Қаржы
Николай Викторович министрлігінің Мемлекеттік мүлік және
жекешелендіру комитеті төрағасының
орынбасары
Қайдарғалиева - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ
Шолпан Ахметқызы министрлігі Мұнай-химия және
техникалық реттеу департаментінің
директоры
Исенов - Қазақстан Республикасы Қаржы
Амангелді Сағындықұлы министрлігі Бюджеттік кредит беру,
Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры,
квазимемлекеттік сектор
субъектілерінің концессиялық жобалары
мен бюджеттік инвестициялары
департаментінің директоры
Қосжанов - Қазақстан Республикасы Ұлттық,
Бақытбек Жамалбекұлы қауіпсіздік комитеті Экономикалық
қауіпсіздік департаментінің бастығы
(келісім бойынша)
Тұяқбаев - Қазақстан Республикасы Әділет
Ерлан Әлімжанұлы министрлігі Мемлекеттің мүліктік
құқығын қорғау департаментінің
директоры
Қамаубаев - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
Ерұлан Кенжебекұлы Үйлестіру департаментінің директоры
(келісім бойынша)
Тіленов - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Ермек Күмісбекұлы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес агенттігінің (қаржы
полициясы) Сыбайлас жемқорлық туралы
істерді ашу және алдын алу
департаменті бастығының орынбасары
(келісім бойынша)
Базгенова - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Майкен Ұсынбайқызы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес агенттігі (қаржы
полициясы) Экономикалық және қаржы
қылмыстарын ашу департаментінің
басқарма бастығы (келісім бойынша)
Ибрагимова - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры»
Ләззат Еркінқызы акционерлік қоғамының басқарма
төрағасы (келісім бойынша)
Күзембаева - «Оңалту және активтерді басқару
Маржан Бопайқызы компаниясы» акционерлік қоғамының
президенті (келісім бойынша)
Әйтенов - «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік
Марат Дүйсенбекұлы қоғамы басқарушы директорының -
басқарма мүшесінің міндетін атқарушы
(келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 21 маусымдағы
N 813 қаулысымен
бекітілген
Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдiк берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық
комиссия туралы
Ереже
Ескерту. Тақырыбы мен мәтінінде сөздер алмастырылды - ҚР Үкіметінің 2003.05.22. N 476, өзгерту енгізілді - 2005.05.06. N 434 Қаулыларымен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдiк берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) қызметін реттейді.
2. Комиссия:
республикалық бюджеттен берілген несиелер мен мемлекет кепілдiк берген қарыздардың қаражатын қайтару мен қайта құрылымдаудың мүмкіндіктерін қарау үшін;
республикалық бюджеттің мерзімі өткен талап етулерін жіктеу үшін құрылады.
3. Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң, сондай-ақ мүдделі министрліктер мен ведомстволардың өкілдері және өзге мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкiлдерi (келісім бойынша) кіреді.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.05.22. N 476, 2008.03.19 N 271 Қаулыларымен.
2. Комиссияның жұмыс тәртібі
4. Комиссияның органдары:
1) жұмысшы орган;
2) Комиссияның төрағасы;
3) төрағаның орынбасары;
4) хатшы;
5. Комиссия мәжілістерінің арасындағы кезеңде оның ұйымдастырушылық мәселелерін комиссияның төрағасы лауазымды тұлғасы болып табылатын мемлекеттік орган шешеді.
6. Комиссияның төрағасы оның қызметiне жетекшiлiк етедi, мәжiлiстерiнде төрағалық етедi, жұмысын жоспарлайды, шешiмдерiнiң iске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызметке, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестiруге және Комиссия әзiрлейтiн шешiмдерге дербес жауапты болады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.05.17. N 411 Қаулысымен.
7. Комиссияның хатшысы Комиссия отырысының күн тәртібі жөнінде ұсыныс, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды және ол өткізілгеннен кейін хаттамаларды ресімдейді.
7-1. Республикалық бюджеттен берiлген несиелердi, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген қарыздар шеңберiнде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайта құрылымдау мәселесiн енгiзу үшiн Комиссия отырысының күн тәртiбiне қарыз алушы Комиссияның жұмыс органына мынадай құжаттарды ұсынады:
бизнес-жоспар;
сенiм білдiрілген өкiлдiң (агенттің) қорытындысы;
құзыретiне бизнес-жоспарда көрсетілген мәселелер кiретiн мемлекеттік органның қорытындысы.
Ескерту. 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.05.06. N 434 Қаулыларымен.
8. Комиссияның шешімі ашық дауыс берумен, сондай-ақ Комиссия мүшелерінен сұрау жолымен қабылданады және ол үшін Комиссия мүшелері дауысының жалпы санынан үштен екісі дауыс берсе қабылданған болып есептеледі.
9. Комиссия мүшелерінің оны білдірген жағдайда жазбаша түрде мазмұндалуы және мәжілістің хаттамасы мен Комиссияның есеп-хатына қоса берілуі тиіс ерекше пікірге құқығы бар.
10. Комиссияның жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктеледі.
11. Комиссияның жұмыс кестесін Комиссия айқындайды.
12. Комиссияның мәжілісі нақты проблемалар мен мәселелер бойынша өткізіледі.
13. Комиссияның мәжілістерін өткізудің нәтижелері бойынша мәжіліске қатысып отырған оның мүшелері қол қоятын хаттама жасалады.
14. Комиссия хаттамалық шешім қабылданғаннан кейін 15 күннің ішінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне:
1) жобалар едәуір мөлшерде толық қаржыландырылмаған, заемшы кәсіпорындар борыш берілместен сатылған, қайта ұйымдастырылған не олар таратылған (банкроттық) жағдайларда республикалық бюджеттен бөлінген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдiк берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайта құрылымдау, (пролонгациялау, есептен шығару);
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне республикалық бюджеттен берілген несиенің шеңберінде және мемлекет кепілдiк берген қарыздардың шеңберінде белгіленген тәртіппен аукциондарда сату үшін, оның ішінде төлемді кейінге қалдыру шартымен алынған мүлікті беру;
3) заемшы кәсіпорындарға республикалық бюджеттен берілген несиелер бойынша олардың негізгі борыштың сомасы мен сыйақыны (мүддені) өтеуі шартымен есептелген айыппұл санкцияларын ішінара өтеу мүмкіндігін беру мәселелері жөнінде ұсыныс енгізеді.
Комиссияның қызметін тоқтатуы
15. Комиссияның қызметін тоқтатуына:
1) Комиссияға жүктелген міндеттердің орындалуы;
2) бұрын Комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар немесе өзге комиссия құру;
3) Комиссияның міндетін орындалмайтын немесе орынсыз ететін өзге де жағдаяттар негіз болады.
16. Комиссияның құрамына немесе функцияларына өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда, Комиссияның төрағасы лауазымды тұлғасы болып табылатын министрлік не ведомство Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне Үкімет шешімінің жобасын енгізеді.
17. Осы Ереженің 15-тармағында көрсетілген, Комиссияның қызметін тоқтатуына әкеп соқтыратын жағдаят пайда болған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметіне істелген жұмыстар туралы есеп-хат жолданады.
Комиссияның есеп-хаты:
1) Комиссия жасаған қорытынды құжатты;
2) ол бойынша Комиссия өзінің қызметін тоқтатуы қажет деп санайтын негіздемені қамтиды.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 21 маусымдағы
N 813 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің
Тізбесі
1. "Республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражаттарды соңғы заем алушылардан қайтару жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 11 ақпандағы N 194 қаулысы.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1997 жылғы 16 мамырдағы N 144 өкімі.
3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1997 жылғы 13 тамыздағы N 271 өкімі.
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 11 ақпандағы N 194 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 20 ақпандағы N 123 қаулысы.
5. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1997 жылғы 9 сәуірдегі N 64 өкімі.
6. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың жекелеген мәселелерін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 16 қазандағы N 1056 қаулысы.