Бұрын берiлген несиелер бойынша борышкер кәсiпорындарға борышты өтеу жөнiндегi iс-шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмi 1997 жылғы 16 мамырдағы N 144. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999.06.21. N 813 қаулысымен. ~P990813

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Алатау" АҚ Алматы мамандандырылған конструкторлық бюросының мүлiктiк кешенi туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1996 жылғы 1 қарашадағы N 715 P960715_ қаулысында жазылған шешiмiне келiсiм берiлсiн.
      2. Осы қаулының атқарылуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментiне жүктелсiн.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi