Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.09.2017 № 560 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Республикалық бюджеттен берiлген несиелердi, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың шеңберiнде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 21 маусымдағы N 813 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) Республикалық бюджеттен берiлген несиелердi, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың шеңберiнде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық бюджеттен берiлген несиелердi, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың шеңберiнде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамы туралы ережеде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Комиссияның төрағасы оның қызметiне жетекшiлiк етедi, мәжiлiстерiнде төрағалық етедi, жұмысын жоспарлайды, шешiмдерiнiң iске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызметке, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестiруге және Комиссия әзiрлейтiн шешiмдерге дербес жауапты болады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрi |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 17 мамырдағы N 411 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 21 маусымдағы N 813 қаулысымен бекiтiлген |
Республикалық бюджеттен берiлген несиелердi, сондай-ақ
мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың шеңберiнде
республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару
және қайта құрылымдау жөнiндегi ведомствоаралық
комиссияның құрамы
Коржова - Қазақстан Республикасының Қаржы
Наталья Артемовна министрi, төрайым
Елемесов - Қазақстан Республикасының Қаржы
Асқар Раушанұлы вице-министрi, төрайымның орынбасары
Жұмағали - Қазақстан Республикасы Қаржы
Шалқар Болатұлы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi
кредит беру басқармасының бастығы,
хатшы
Гусинский - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
Александр Владимирович Сенаты Экономика, қаржы және бюджет
комитетiнiң мүшесi
Кәкiшев - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
Жандарбек Шәмiлұлы Сенаты Өңiрлiк даму және жергiлiктi
өзiн-өзi басқару мәселелерi комитетiнiң
мүшесi
Сыздықов - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
Тито Уахапұлы Мәжiлiсi Қаржы және бюджет комитетiнiң
мүшесi
Исақов - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Нұржан Әзiмханұлы Әкiмшiлiгi құқық қорғау және сот
жүйелерi мәселелерi бөлiмiнiң бас
инспекторы
Ақшолақов - Қазақстан Республикасының Энергетика
Болат Оралұлы және минералдық ресурстар вице-министрi
Баталов - Қазақстан Республикасының Индустрия
Асқар Болатұлы және сауда вице-министрi
Мусина - Қазақстан Республикасының Ауыл
Лилия Сәкенқызы шаруашылығы вице-министрi
Өскiмбаев - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
Қожамұрат Бейiсұлы вице-министрi
Кәрбозов - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Қозы-Көрпеш Жапарханұлы қауiпсiздiк комитетi төрағасының
орынбасары
Тәжияқов - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Бисенғали Шамғалиұлы Банкi Төрағасының орынбасары
Бекбосынов - Қазақстан Республикасының Қаржы
Сабыржан Мәдиұлы министрлiгi Дерменсiз борышкерлермен
жұмыс комитетiнiң төрағасы
Кадюков - Қазақстан Республикасы Қаржы
Николай Викторович министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және
жекешелендiру комитетi төрағасының
орынбасары
Қанатов - Қазақстан Республикасы Қаржы
Сәбит Сарқытұлы министрлiгiнiң Салық комитетi
төрағасының орынбасары
Исабеков - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Тимур Шамсатұлы министрлiгi Халықаралық құқық,
мемлекеттiң мүлiктiк құқықтарын қорғау,
шарттар және кiнәрат-талап жұмыстары
департаментiнiң директоры
Сағындықов - Қазақстан Республикасының Экономика
Самат Алпысұлы және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi
Инвестициялық саясат және жоспарлау
департаментiнiң директоры
Шәрiпов - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Талғат Қайыркенұлы коммуникация министрлiгi Қаржылық
реттеу департаментiнiң директоры
Дәулиев - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Ермек Көкенұлы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес агенттiгiнiң (қаржы
полициясы) Сыбайлас жемқорлық туралы
iстердi ашу және олардың алдын алу
департаментi бастығының орынбасары
Күзембаева - "Медетші қор" акционерлiк қоғамының
Маржан Бопайқызы президентi
Рахымов - "Қазақстан Даму Банкi" акционерлiк
Сейiтқали Сайлаубайұлы қоғамының вице-президентi
Шынғазиева - "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры"
Макка Жарқынбайқызы акционерлiк қоғамы кредит беру
департаментiнiң директоры