Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 289 қаулысы.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 24 мамырдағы
№ 289 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Мемлекеттік сыртқы заемдар бойынша есеп беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 616 қаулысы.

      2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 21 сәуiрдегі № 616 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 мамырдағы № 475 қаулысы.

      3. "Салыққа жатпайтын түсімдерді бюджетке аудару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қарашадағы № 1222 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 45, 578-құжат).

      4. "Республикалық бюджетке түсетін түсімдердің алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына және салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін соманың, қарыздардың бюджетке түсуін бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкілетті органдардың тізбесі" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1339 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 49, 556-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 1009 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 13-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 53, 510-құжат).

      6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 616 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 желтоқсандағы № 1354 қаулысы.

      7. "Республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына және салықтық емес түсiмдердiң, негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдердiң, трансферттердiң, бюджеттiк кредиттердi өтеу, мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн соманың, қарыздардың бюджетке түсуiн бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкiлеттi органдардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1339 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 қыркүйектегі № 1075 қаулысы.

      8. "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін бекіту және "Республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына және салықтық емес түсiмдердiң, негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдердiң, трансферттердiң, бюджеттiк кредиттердi өтеу, мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн соманың, қарыздардың бюджетке түсуiн бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкiлеттi органдардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1339 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 448 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 31, 470-құжат).

      9. "Мемлекеттік сыртқы заемдар бойынша есеп беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 616 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 мамырдағы № 471 қаулысы.

      10. "Республикалық бюджетке түсетін түсімдердің алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына және салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін соманың, қарыздардың бюджетке түсуін бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1339 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 маусымдағы № 594 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 37, 545-құжат).

      11. "Республикалық бюджетке түсетін түсімдердің алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына және салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін соманың, қарыздардың бюджетке түсуін бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1339 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 шілдедегі № 402 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 39, 235-құжат).

      12. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 қарашадағы № 704 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 58, 373-құжат).

      13. "Республикалық бюджетке түсетін түсімдердің алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына және салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін соманың, қарыздардың бюджетке түсуін бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1339 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 902 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 67, 459-құжат).