"Республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына және салықтық емес түсiмдердiң, негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдердiң, трансферттердiң, бюджеттiк кредиттердi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 қыркүйектегі № 1075 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 289 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 24.05.2018 № 289 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына және салықтық емес түсiмдердiң, негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдердiң, трансферттердiң, бюджеттiк кредиттердi өтеу, мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн соманың, қарыздардың бюджетке түсуiн бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкiлеттi органдардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1339 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 49, 556-құжат) мынандай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына және салықтық емес түсiмдердiң, негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдердiң, трансферттердiң, бюджеттiк кредиттердi өтеу, мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн соманың, қарыздардың бюджетке түсуiн бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкiлеттi органдардың тiзбесiнде:

      реттік нөмірлері 7-1, 8, 9, 10-1, 11, 12-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

7-1

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитеті

Атқарушылық санкция

8

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын уәкілетті мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитеті (мәжбүрлеп орындату туралы сот қаулысы болған жағдайда)

Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, орталық мемлекеттік органдар, олардың аумақтық бөлімшелері салатын әкiмшiлiк айыппұлдар, өсімақылар, санкциялар, өндіріп алулар

Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын өзге де айыппұлдар, өсімақылар, санкциялар, өндіріп алулар

Орталық мемлекеттік органдар, олардың аумақтық бөлімшелері мұнай секторы ұйымдарына салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімақылар, санкциялар, өндіріп алулар

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мұнай секторы ұйымдарына салатын басқа да айыппұлдар, өсімақылар, санкциялар, өндіріп алулар

Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін басқа да салыққа жатпайтын түсімдер

Тәркіленген мүлікті, белгіленген тәртіппен республикалық меншікке өтеусіз өткен мүлікті, оның ішінде мемлекет пайдасына бас тарту кедендік режимде ресімделген тауарлар мен көлік құралдарын сатудан түскен түсімдер

9

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті

Жер қойнауы туралы ақпаратты пайдалануға бергені үшін төлемақы

10-1

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, зиянды өтеу туралы талаптар бойынша табиғаты пайдаланушылардан алынған қаражат

Мұнай секторы ұйымдары зиянды өтеу туралы талаптар бойынша табиғат пайдаланушылардан алынған қаражат

11

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Ауыл шаруашылығы және орман алқаптарын ауыл және орман шаруашылықтарын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшін алған кезде ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндірістерінің зияндарын өтеуден түсетін түсімдер

12

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

Республикалық меншіктегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің депозиттері бойынша сыйақылар

Екінші деңгейдегі банктердегі шоттарда мемлекеттік сыртқы қарыздардың қаражатын орналастыруға сыйақылар

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына ішкі көздер есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарына үкiметтiк сыртқы қарыздар қаражаты есебiнен республикалық бюджеттен берiлген бюджеттiк кредиттер бойынша сыйақылар

Қарыз алушы банктерге ішкі көздер есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар

Қарыз алушы банктерге үкіметтік сыртқы қарыздар қаражаты есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар

Қаржы агенттіктеріне ішкі көздер есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар

Қаржы агенттіктеріне үкіметтік сыртқы қарыздар қаражаты есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар

Заңды тұлғаларға ішкі көздер есебінен 2005 жылға дейін республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар

Заңды тұлғаларға үкіметтік сыртқы қарыздар қаражаты есебінен 2005 жылға дейін республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар

Жеке тұлғаларға республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар

Шет мемлекеттерге берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар

Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік кепілдіктер бойынша төлеген талаптар бойынша сыйақылар

Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында сатып алынған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздардан түскен сыйақылар

Республикалық меншіктегі жер учаскелері бойынша сервитут үшін төлемақы

Заңсыз алынған мүлікті еркімен тапсырудан немесе өндіріп алудан немесе мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаларға немесе оларға теңестірілген тұлғаларға заңсыз көрсетілген қызметтердің құнынан алынатын сомалардың түсімі

Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджетке түсетін өзге де салыққа жатпайтын түсімдер

Республикалық бюджеттен облыстардың республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарына берілген бюджеттік кредиттер (қарыздар) бойынша айыппұлдар, өсімақылар, санкциялар, өндіріп алулар

Мамандандырылған ұйымдарға, шет мемлекеттерге, жеке тұлғаларға республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер (қарыздар) бойынша айыппұлдар, өсімақылар, санкциялар, өндіріп алулар


      реттік нөмірі 10-жол алып тасталсын;

      реттік нөмірі 15-жол мынадай редакцияда жазылсын:

15

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

Мемлекеттік резервтен алынған тауарлар үшін берешектерді өтеуден түсетін түсімдер

Нормативтерден тыс жоғары қорларды сатудан түсетін түсімдер

Жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын сатудан түсетін түсімдер

Мемлекеттік резервінің материалдық құндылықтар сатудан түсетін түсімдер


      реттік нөмірі 17-жол мынадай редакцияда жазылсын:

17

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына ішкі көздер есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына үкіметтік сыртқы қарыздар қаражаты есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу

Қарыз алушы банктерге ішкі көздер есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу

Қарыз алушы банктерге үкіметтік сыртқы қарыздар қаражаты есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу

Қаржы агенттіктеріне ішкі көздердің есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу

Қаржы агенттіктеріне үкіметтік сыртқы қарыздар қаражаты есебінен республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттертерді өтеу

Заңды тұлғаларға ішкі көздер есебінен 2005 жылға дейін республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу

Заңды тұлғаларға үкіметтік сыртқы қарыздар қаражаты есебінен 2005 жылға дейін республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу

Жеке тұлғаларға республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу

Шет мемлекеттерге берілген бюджеттік кредиттерді өтеу

Республикалық бюджеттен берілген, мақсатқа сай пайдаланылмаған кредиттерді қайтару

Мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындауға жіберілген қаражатты қайтару

Бюджеттік кредиттер, сондай-ақ мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындауға жіберілген бюджет қаражаты бойынша берешектерді өтеу есебіне алынған немесе өндірілген мүлікті сатудан түскен түсімдер

Республикалық бюджеттен берілген, пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді қайтару

Республикалық бюджеттен берілген, пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) бюджеттерінен қайтару


      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов