Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 24.05.2018 № 289 қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексiнiң 58-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қоса берiлiп отырған Салыққа жатпайтын түсiмдердi бюджетке аудару ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қарашадағы N 1222 қаулысымен бекiтiлген |
Салыққа жатпайтын түсiмдердi бюджетке аудару ережесi
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сәйкес әзiрлендi және төлеушiлердiң салыққа жатпайтын түсiмдердi бюджетке аудару тәртiбiн айқындайды.
2. Бюджетке салыққа жатпайтын түсiмдердi төлеудi төлеушiлер салыққа жатпайтын түсiмдердi алуға жауапты уәкiлеттi мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың нормативтiк құқықтық кесiмдерiнде белгiленген айқындау, алу тәртiбiне, мөлшерге (аударымдар нормативтерiне) және мерзiмге сәйкес жүргiзедi.
3. Салыққа жатпайтын түсiмдердi, оның iшiнде салыққа жатпайтын түсiмдердi толық және уақытылы төлемегенi үшiн айыппұлдардың (өсiмақының) сомаларын аудару мемлекеттiк бюджетке Қазақстан Республикасы Үкiметiнің шешiмiмен бекiтiлетiн Бiрыңғай бюджеттiк жiктеменiң тиiстi кодтарына жүргiзiледi.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi салыққа жатпайтын түсiмдердi алуға жауапты мемлекеттiк орындардың мемлекеттiк бюджетке түсетiн салыққа жатпайтын түсiмдердiң толықтығын және уақытылығын қамтамасыз етуi бойынша бақылауды жүзеге асырады.
5. Салыққа жатпайтын түсiмдердi мемлекеттiк бюджетке толық және уақытылы аудармау Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне сәйкес жауапкершiлiкке әкеп соқтырады.