Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 24.05.2018 № 289 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Республикалық бюджетке түсетін түсімдердің алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына және салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін соманың, қарыздардың бюджетке түсуін бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1339 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 49, 556-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджетке түсетін түсімдердің алынуына, артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына және салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін соманың, қарыздардың бюджетке түсуін бақылауды жүзеге асыруға жауапты уәкілетті органдардың тізбесінде:
реттік нөмірі 15-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
15 | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі | Мемлекеттік резервтен алынған тауарлар үшін берешектерді өтеуден түсетін түсімдер |
Нормативтерден тыс жоғары қорларды сатудан түсетін түсімдер | ||
Жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын сатудан түсетін түсімдер | ||
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сатудан түсетін түсімдер |
".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |