Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 24.05.2018 № 289 қаулысымен.
Үкiметтiк сыртқы заемдар қаражатын, сондай-ақ республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру қаражатын iске асыру және игеру барысын бақылауды жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Мемлекеттiк сыртқы заемдар бойынша есеп беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 21 сәуiрдегi N 616 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн:
1) кiрiспеде "мемлекеттiк сыртқы заемдарды" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру қаражатын" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 1-тармақта:
"және" деген шылау үтiрмен ауыстырылсын және "N 08" белгiсiмен және санымен толықтырылсын;
3) 3-тармақтың 1) тармақшасында:
екiншi абзацта "10-күнiне" деген сөздер "5-күнiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жетiншi абзацпен толықтырылсын:
"N 08 нысан бойынша ай сайын, есептен кейiнгi айдың 5-күнiне";
4) көрсетiлген қаулыға N 02 нысанда:
2 және 3-бағандарда "Компоненттiң" деген сөз "Санаттың" деген сөзбен ауыстырылсын;
5) көрсетiлген қаулыға N 03 нысанда:
"200____ ж. "___"_________ шоттағы қалдық:" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"200____ ж. "___"_________ арнайы шоттағы таза қалдық:";
ескерту мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Арнайы шоттағы қалдық сыйақы есептелмей көрсетiлуi тиiс";
6) көрсетiлген қаулыға N 06 нысанда:
"Қойылған мiндеттерге жету" деген жол мынадай редакцияда жазылсын "Қойылған мақсаттарға жету*";
"Жобаны iске асырудың жай-күйi" деген жол мынадай редакцияда жазылсын "Жобаны iске асырудың жай-күйi*";
"Жобаны iске асыру барысында пайда болған проблемалар" деген жол мынадай редакцияда жазылсын "Жобаны iске асыру барысында пайда болған проблемалар***";
ескерту мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
*Есептi кезеңде қол жеткiзiлген жобаның мақсаты дәл көрсетілсiн.
**Есептi кезеңде жобаны iске асыру шеңберiнде өткiзiлген iс-шаралар, яғни қандай тендерлер өткізілгенi, кіммен және қандай сомаға келiсiм-шарттар жасалғаны егжей-тегжейлi жазылсын.
***Есептi кезеңде жобаны табысты iске асыруға терiс әсер еткен неғұрлым елеулi проблемалар көрсетiлсiн.
7) осы қаулыға қосымшаға сәйкес N 08 нысанымен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 мамырдағы N 475 қаулысына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі N 616 қаулысымен бекітілген |
N 08 нысан
________________________________________________
(жобаның атауы)
жоба бойынша республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру қаражатының жұмсалуы туралы ақпарат
Функ.топ Донор
Мекеме Заемның нөмірі
Бағдарлама
Кіші бағдарлама
200 жылғы "___"_______ жағдай бойынша
__________________________________________________________________
N!Санаттың!Санаттың!Тауарларды, ! Келісім- !Келісім-!АҚШ долларында
! атауы ! сомасы ! қызмет ! шарттың ! шартқа !жұмсалған
! ! !көрсетулерді! сомасы ! қол !қаражат
! ! !(жұмыстарды)!(келісім- !қойылған!
! ! !беруші фирма! шарт ! күн !
! ! ! ! валютада ! !
__________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7

Жиынтығы
__________________________________________________________________
таблицаның жалғасы
__________________________________________________________________
Республикалық бюджетте көрсетілетін шығыстар
__________________________________________________________________
Ерекшелігі ! Кассалық шығыстар ! Кассалық шығыстар
! (мың АҚШ доллары) ! (мың теңге)
!_____________________________!_______________________
!есепті кезең үшін! жыл басы. !есепті кезең! жыл басы.
! !нан бергі ! үшін !нан бергі
__________________________________________________________________
8 9 10 11 12

Ескерту: 1. Ескепке Қазақстан Республикасының инвестициялық
жобаның іске асырылуы үшін жауапты орталық атқарушы
органның немесе өзге де мемлекеттік органының
басшысы немесе оның орынбасарлары қол қоюы
2. 7-бағанда заем әрекеті басталғаннан бергі жұмсалған
сома көрсетіледі.