Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 11 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 11, 202-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қоғам қызметiнiң негiзгi нысанасы Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін (бұдан әрі – халықаралық мамандандырылған көрме) ұйымдастыру және өткізу, халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейін пайдалану, сондай-ақ халықаралық, оның ішінде 1928 жылғы 22 қарашада Парижде жасалған Халықаралық көрмелер туралы конвенцияда көзделген көрмелерге қатысу болып белгіленсін.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |