Бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсутектер қоспасына және экологиялық отынға арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысы.

Жаңартылған

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.10.2022 № 786 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 463-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.10.2022 № 786 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсутектер қоспасына және экологиялық отынға арналған акциздер мөлшерлемелері бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.10.2022 № 786 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 6 сәуірдегі
  № 173 қаулысымен
бекітілген

Бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда) дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсутектер қоспасына және экологиялық отынға арналған акциздер мөлшерлемелері

      Ескерту. Акциздер мөлшерлемелері жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.10.2022 № 786 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 13.11.2024 № 959 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с


1 тоннаға акциздер мөлшерлемелері (теңгемен)

Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2710 12 411 0-2710 12590 0)

Дизель отыны (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2710 19 421 0 - 2710 19 425 0)

Газохол, бензанол, мұнай еріткіші, жеңіл көмірсутектер қоспасы және экологиялық отын (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2710 12 900 9, 2906 21 000 0, 2710 12 250 9, 2710 12 900 8, 2710 12)

1

2

3

4

5

1.

Өндірушілердің өздері өндірген бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутектер қоспасын және экологиялық отынды көтерме саудада өткізуі

38 134

35 726

38 134

2 .

Жеке және заңды тұлғалардың бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутектер қоспасын және экологиялық отынды көтерме саудада өткізуі

0

0

0

3.

Өндірушілердің бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутектер қоспасын және экологиялық отынды бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдалануы

38 634

35 786

38 634

4.

Жеке және заңды тұлғалардың бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутектер қоспасын және экологиялық отынды бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдалануы

500

60

500

5.

Импорт

38 134

35 726

38 134

6.

Салық кодексінің 462-бабының 5) тармақшасында көрсетілген алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетін тауарларды одан әрі Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге өткізу жағдайларын қоспағанда, көрсетілген тауарларды беру

38 134

35 726

38 134

7.

Салық кодексінің 462-бабының 5) тармақшасында көрсетілген, алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетін тауарларды Салық кодексінің 471-бабында көзделген растайтын құжаттарды ұсына отырып, одан әрі Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге өткізген жағдайда көрсетілген тауарларды беру

0

0

0

8.

Бензанол өндірушілердің акциз төленген бензин мен отандық өндірістің биоэтанолын компаундирлеу арқылы өндірілген бензанолды көтерме саудада өткізуі

0

0

3 000

      Бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) бөлшек саудада өткізген кезде көлемнің өлшем бірлігі литр болған жағдайда литрден тоннаға аудару мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:



      М – өткізілген бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) көлемі, тоннамен;

      V – өткізілген бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) көлемі, литрмен;

      0,730 – бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) барлық түрлері үшін тығыздық көрсеткіші, кг/литр.

      Дизель отынын бөлшек саудада өткізген кезде көлемнің өлшем бірлігі литр болған жағдайда литрден тоннаға аудару мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:



      М – өткізілген дизель отынының көлемі, тоннамен;

      V – өткізілген дизель отынының көлемі, литрмен;

      0,769 – дизель отыны үшін тығыздық көрсеткіші, кг/литр.

      Газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутектер қоспасын, экологиялық отынды бөлшек саудада өткізген кезде салық салу мақсатында көлемнің өлшем бірлігі тонна болып табылады.

      Ескертпе: тауар номенклатурасы ЕАЭО СЭҚ ТН кодымен және (немесе) тауардың атауымен айқындалады.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 6 сәуірдегі
№ 173 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 133 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 14, 76-құжат).

      2. "Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 133 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 6 қарашадағы № 887 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 57-58, 452-құжат).

      3. "Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 133 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 557 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 48, 310-құжат).

      4. "Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 133 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 144 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 11, 68-құжат).