2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 463-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциздер мөлшерлемелері бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысымен бекітілген |
Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциздер мөлшерлемелері
Ескерту. Мөлшерлемеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.11.2018 № 793 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізiледі) қаулысымен.
Р/с | 1 тоннаға акциздер мөлшерлемелері (теңгемен) | ||
Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) |
Дизель отыны | ||
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Өндірушілердің өздері өндірген бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі (маусым – қазан) | 10 500 | 9300 |
2. | Өндірушілердің өздері өндірген бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі (қараша – мамыр) | 10 500 | 540 |
3. | Жеке және заңды тұлғалардың бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі | 0 | 0 |
4. | Өндірушілердің бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы (маусым – қазан) | 11000 | 9360 |
5. | Өндірушілердің бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы (қараша – мамыр) | 11000 | 600 |
6. | Жеке және заңды тұлғалардың бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы | 500 | 60 |
7. | Импорт | 10 500 | 540 |
8. | Салық кодексінің 462-бабының 5) тармақшасында көрсетілген алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетін тауарларды беру (маусым – қазан) | 10 500 | 9300 |
9. | Салық кодексінің 462-бабының 5) тармақшасында көрсетілген алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетін тауарларды беру (қараша – мамыр) | 10 500 | 540 |
Бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) бөлшек саудада өткізген кезде көлемнің өлшем бірлігі литр болған жағдайда, литрден тоннаға көшіру мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
V х 0,730
М = --------------------, мұндағы:
1000
М - өткізілген бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) тоннамен есептегендегі көлемі;
V - өткізілген бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) литрмен есептегендегі көлемі;
0,730 - бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) барлық түрлері үшін тығыздық көрсеткіші, кг/литр.
Дизель отынын бөлшек саудада өткізген кезде көлемнің өлшем бірлігі литр болған жағдайда, литрден тоннаға көшіру мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
V х 0,769
М = -------------------, мұндағы:
1000
М - өткізілген дизель отынының тоннамен есептегендегі көлемі;
V - өткізілген дизель отынының литрмен есептегендегі көлемі;
0,769 - дизель отыны үшін тығыздық көрсеткіші, кг/литр.
Ескертпе: тауар номенклатурасы ЕАЭО СЭҚ ТН кодымен және (немесе) тауардың атауымен айқындалады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 133 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 14, 76-құжат).
2. "Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 133 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 6 қарашадағы № 887 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 57-58, 452-құжат).
3. "Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 133 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 557 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 48, 310-құжат).
4. "Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 133 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 144 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 11, 68-құжат).