Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 25.11.2021 № 841 қаулысымен (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі).
2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 463-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсулар қоспасына және экологиялық отынға арналған акциздер мөлшерлемелері бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 25.11.2021 № 841 қаулысымен (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі).2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысымен бекітілген |
Бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсулар қоспасына және экологиялық отынға арналған акциздер мөлшерлемелері
Ескерту. Акциздер мөлшерлемелері жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.03.2022 № 155 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Р/с № | 1 тоннаға акциздер мөлшерлемелері (теңгемен) | |||
Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) |
Дизель отыны |
Газохол, бензанол, мұнай еріткіші, жеңіл көмірсулар қоспасы және экологиялық отын | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Өндірушілердің өздері өндірген бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулар қоспасын және экологиялық отынды көтерме саудада өткізуі | 38 134 | 35 726 | 38 134 |
2 . | Жеке және заңды тұлғалардың бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулар қоспасын және экологиялық отынды көтерме саудада өткізуі | 0 | 0 | 0 |
3. | Өндірушілердің бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулар қоспасын және экологиялық отынды бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдалануы | 38 634 | 35 786 | 38 634 |
4. | Жеке және заңды тұлғалардың бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулар қоспасын және экологиялық отынды бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдалануы | 500 | 60 | 500 |
5. | Импорт | 38 134 | 35 726 | 38 134 |
6. | Салық кодексінің 462-бабының 5) тармақшасында көрсетілген, алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетін тауарларды одан әрі Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге өткізу жағдайларын қоспағанда, көрсетілген тауарларды беру | 38 134 | 35 726 | 38 134 |
7. | Салық кодексінің 462-бабының 5) тармақшасында көрсетілген, алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетін тауарларды Салық кодексінің 471-бабында көзделген растайтын құжаттарды ұсына отырып, одан әрі Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге өткізген жағдайда, көрсетілген тауарларды беру | 0 | 0 | 0 |
Бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) бөлшек саудада өткізген кезде көлемнің өлшем бірлігі литр болған жағдайда, литрден тоннаға аудару мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
М – өткізілген бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) көлемі, тоннамен;
V – өткізілген бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) көлемі, литрмен;
0,730 – бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) барлық түрлері үшін тығыздық көрсеткіші, кг/литр.
Дизель отынын бөлшек саудада өткізген кезде көлемнің өлшем бірлігі литр болған жағдайда, литрден тоннаға аудару мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
М – өткізілген дизель отынының көлемі, тоннамен;
V – өткізілген дизель отынының көлемі, литрмен;
0,769 – дизель отыны үшін тығыздық көрсеткіші, кг/литр.
Газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулар қоспасын, экологиялық отынды бөлшек саудада өткізген кезде салық салу мақсатында көлемнің өлшем бірлігі тонна болып табылады.
Ескертпе: тауар номенклатурасы ЕАЭО СЭҚ ТН кодымен және (немесе) тауардың атауымен айқындалады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 133 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 14, 76-құжат).
2. "Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 133 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 6 қарашадағы № 887 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 57-58, 452-құжат).
3. "Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 133 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 557 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 48, 310-құжат).
4. "Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 133 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 144 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 11, 68-құжат).