ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда көзделген – ҚР Үкіметінің 25.11.2021 № 841 қаулысымен (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі).
2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 463-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ЗҚАИ-ның ескертпесі!1-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Үкіметінің 25.11.2021 № 841 қаулысымен (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциздер мөлшерлемелері бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысымен бекітілген |
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Мөлшерлемелер жаңа редакцияда көзделген – ҚР Үкіметінің 25.11.2021 № 841 қаулысымен (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі).
Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциздер мөлшерлемелері
Ескерту. Акциздер мөлшерлемелері жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 13.12.2019 № 928 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.04.2021 № 220 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Р/с № | 1 тоннаға акциздер мөлшерлемелері (теңгемен) | |||||
Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2710 12411 0- 2710 12590 0) | Дизель отыны (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2710 19310 0- 2710 19 480 0) | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | |||
1. | Өндірушілердің өздері өндірген бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі (шілде – қараша) | 24 435 | 9300 | |||
2. | Өндірушілердің өздері өндірген бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі (желтоқсан – маусым) | 24 435 | 540 | |||
3. | Жеке және заңды тұлғалардың бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі | 0 | 0 | |||
4. | Өндірушілердің бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы (шілде – қараша) | 24 935 | 9360 | |||
5. | Өндірушілердің бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы (желтоқсан – маусым) | 24 935 | 600 | |||
6. | Жеке және заңды тұлғалардың бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы | 500 | 60 | |||
7. | Импорт | 24 435 | 540 | |||
8. | Салық Кодексінің 462-бабының 5) тармақшасында көрсетілген алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетін тауарларды беру, көрсетілген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге кейіннен өткізу жағдайларын қоспағанда (шілде – қараша) | 24 435 | 9300 | |||
9. | Салық Кодексінің 462-бабының 5) тармақшасында көрсетілген алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетін тауарларды беру, көрсетілген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге кейіннен өткізу жағдайларын қоспағанда (желтоқсан – маусым) | 24 435 | 540 | |||
10. | Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын, Салық кодексінің 462-бабының 5) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарларды кейіннен Салық кодексінің 471-бабында көзделген растайтын құжаттарды ұсына отырып, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге өткізген жағдайда, көрсетілген тауарларды беру | 0 | 0 |
Бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) бөлшек саудада өткізген кезде көлемнің өлшем бірлігі литр болған жағдайда, литрден тоннаға көшіру мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
V х 0,730 М = --------------------, мұндағы: 1000
М – өткізілген бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) тоннамен есептегендегі көлемі;
V – өткізілген бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) литрмен есептегендегі көлемі;
0,730 – бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) барлық түрлері үшін тығыздық көрсеткіші, кг/литр.
Дизель отынын бөлшек саудада өткізген кезде көлемнің өлшем бірлігі литр болған жағдайда, литрден тоннаға көшіру мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
V х 0,769 М = -------------------, мұндағы: 1000
М – өткізілген дизель отынының тоннамен есептегендегі көлемі;
V – өткізілген дизель отынының литрмен есептегендегі көлемі;
0,769 – дизель отыны үшін тығыздық көрсеткіші, кг/литр.
Ескертпе. Тауар номенклатурасы ЕАЭО СЭҚ ТН кодымен және (немесе) тауардың атауымен айқындалады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 133 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 14, 76-құжат).
2. "Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 133 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 6 қарашадағы № 887 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 57-58, 452-құжат).
3. "Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 133 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 557 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 48, 310-құжат).
4. "Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 133 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 144 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 11, 68-құжат).