Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы
РҚАО-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 25 қаңтардағы № 412 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже);
2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігiнің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті болып;
2) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері – мемлекеттік мекемелері;
3) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік заңды тұлғалар қайта аталсын.
3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі осы қаулының 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген мемлекеттік заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
4. Осы қаулы:
1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 16-тармағының 125) тармақшасын;
1-1) Қазақстан Республикасының "Стандарттау туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 5 қазандағы заңдарына сәйкес 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 16-тармағындағы орталық аппарат функцияларының 154-1), 154-2), 154-3), 154-4), 154-5), 154-6) және 154-7) тармақшаларын;
2) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 83-1), 86-1), 93-1), 95-1) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ереженің 16-тармағының 83) тармақшасы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 10.07.2020 № 437 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 18 ақпандағы
№ 81 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігi туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігi (бұдан әрі – Министрлік) әлеуметтік-еңбек саласындағы, сондай-ақ құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 11.08.2018 № 501 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Министрліктің ведомствосы – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті бар.
3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Министрліктің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Министрліктің орналасқан жері: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты, 6-кіреберіс.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 10.07.2020 № 437 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
10. Министрліктің толық атауы – "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Министрлікке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2-тарау. Министрліктің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Министрліктің миссиясы:
азаматтардың еңбек, жұмыспен қамту, көші-қон және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы конституциялық кепілдіктері мен құқықтарын қамтамасыз ету арқылы халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруға ықпал ету.
15. Министрліктің міндеттері:
1) еңбек, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау;
2) жұмыспен қамту;
3) әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру;
4) мүгедектерді әлеуметтік қорғау;
5) балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау;
6) азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету;
7) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
8) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, салааралық үйлестіруді және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен Министрлікке жүктелген өзге де міндеттер.
16. Орталық аппараттың функциялары:
1) еңбек, жұмыспен қамту, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
2) еңбек, жұмыспен қамту, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;
3) өз құзыреті шегінде еңбек, жұмыспен қамту, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы нормативтік құқықтық, құқықтық актілерді, оның ішінде есепке алу мен есептілік құжаттамасының нысандарын, әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу және бекіту;
4) еңбек, жұмыспен қамту, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы ғылыми әзірлемелерді қалыптастыру және басымдықтарын айқындау, ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру және ғылыми сүйемелдеуді үйлестіру;
5) жетекшілік ететін қызмет салаларында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
6) жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен әлеуметтік-еңбек саласындағы қызметтің түпкі нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған меморандумдар (келісімдер) жасасу;
7) еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы саясаттың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру;
8) өз құзыреті шегінде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру;
9) сақтандыру ұйымдарының жүргізілген сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) ай сайын ұсыну тәртібін бекіту;
10) еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету саласында үйлестіруді және басқа да мемлекеттік органдармен, сондай-ақ жұмыскерлердің және жұмыс берушілердің өкілдерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
11) жұмыс берушінің еңбек нормаларын, еңбек жөнiндегi үлгiлiк нормалар мен нормативтердi, қызметтің барлық салалары үшін еңбек жөніндегі бірыңғай және (немесе) салааралық, үлгілік нормалар мен нормативтерді әзірлеу, бекіту, ауыстыру және қайта қарау тәртiбiн белгiлеу;
12) көрсететін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдарда еңбек нормаларын ұсыну, қарау және келісу тәртібін белгілеу;
13) көрсететін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі бойынша параметрлерді ұсыну, қарау және келісу тәртібін белгілеу;
14) жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдері және (немесе) диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдер, арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру тәртібін бекіту, сондай-ақ оларды ұжымдық қорғаныш құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету тәртібін белгілеу;
15) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдерін және (немесе) диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдер беру нормаларын бекіту;
16) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша алуан түрлі экономикалық қызмет ұйымдарының жұмыскерлеріне арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру нормаларын бекіту;
17) тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары әзірлейтін және бекітетін экономикалық қызметтің алуан түрлі ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының біліктілік анықтамалықтарын немесе үлгілік біліктілік сипаттамаларын қарау және келісу;
18) әкiмшiлiк персоналға жататын жұмыскерлер лауазымдары атауларының тiзбесiн әзірлеу және бекіту;
19) оларда жұмыс істеу жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысына және еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін, сондай-ақ оларды беру тәртібін айқындау;
20) жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларын және басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын, сондай-ақ ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу, қайта қарау, бекіту және қолдану тәртібін айқындау;
21) жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларын, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын әзірлеу және бекіту;
22) барлық қызмет салаларына ортақ мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар мамандарының жекелеген лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын әзірлеу және бекіту;
23) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп ұлттық біліктілік шеңберін әзірлеу және қайта қарау;
24) әлеуметтік-еңбек саласындағы салалық біліктілік шеңберін әзірлеу және қайта қарау;
25) кәсіптік стандарттарды әзірлеу, енгізу, ауыстыру және қайта қарау тәртібін белгілеу;
26) әлеуметтік әріптестік жүйесі мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
27) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейінде жасалған салалық және өңірлік келісімдерді тіркеуді жүзеге асыру;
28) еңбек төрелігі туралы үлгілік ережені бекіту;
29) мемлекеттік еңбек инспекторларын оқытуды және аттестаттауды жүргізу;
30) азаматтық қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
31) азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу тәртібін айқындау;
32) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша құзыретіне кіретін мәселелер бойынша техникалық регламенттерді әзірлеу, бекіту, олардың күшін жою, тоқтата тұру, сондай-ақ техникалық регламенттерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
33) орташа жалақыны есептеудің бірыңғай тәртібін белгілеу;
34) ұйымда кадрларды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптарды айқындау;
35) еңбек кітапшаларының нысанын, оларды жүргізу және сақтау тәртібін бекіту;
36) он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлердің еңбегін пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлердің ауыр заттарды тасуы мен қозғалтуының шекті нормаларын бекіту;
37) әйелдердің еңбегін пайдалануға шектеу қойылатын жұмыстардың тізімін, әйелдердің ауыр заттарды қолмен көтеруінің және жылжытуының шекті нормаларын бекіту;
38) ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі туралы үлгілік ережені бекіту;
39) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау тәртібін айқындау;
40) жұмыскерлерді, басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан, нұсқау беруден және білімін тексеруден өткізу қағидалары мен мерзімдерін әзірлеу және бекіту;
41) жұмыс берушiнiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi нұсқаулықты әзiрлеу, бекiту және қайта қарау тәртібін белгілеу;
41-1) еңбекті қорғауды басқару жүйесі туралы үлгілік ережені әзірлеу және бекіту;
41-2) кәсіптік тәуекелдерді басқару қағидаларын әзірлеу және бекіту;
41-3) еңбекті қорғау қызметтерінің жұмыскерлері санының салааралық үлгілік нормативтерін әзірлеу және бекіту;
41-4) Азаматтық қызметшілердің қызмет әдебі кодексін әзірлеу және бекіту;
41-5) еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде еңбек шарты туралы мәліметтерді ұсыну және алу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
41-6) қаупі жоғары жағдайларда жұмыс жүргізу кезінде наряд-рұқсаттарды ресімдеу және қолдану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
41-7) еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде қамтылған жұмыскердің дербес деректерінің құпиялылығын және қорғалуын Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес қамтамасыз ету;
41-8) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, жеке және заңды тұлғаларға еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінен мәліметтер беру;
42) еңбекке уақытша қабілетсіздік бойынша әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау мен төлеу тәртібін айқындау;
43) жұмыс берушінің қызметін декларациялау тәртібін әзірлеу және бекіту;
44) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау және еңбек қатынастарын реттеу саласындағы ғылыми әзірлемелердің басымдықтарын айқындау;
45) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар әзірлеуді ұйымдастыру және оларды іске асыруды жүзеге асыру;
46) ұжымдық еңбек дауларын есепке алу нысанын әзірлеу және бекіту;
47) мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының бірыңғай салааралық нормативтерін әзірлеу және бекіту;
48) тиісті қызмет салаларының тиісті уәкілетті мемлекеттік органдары әзірлейтін және бекітетін азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімдерін келісу;
49) азаматтық қызметшілерді аттестаттауды өткізудің тәртібі мен шарттарын айқындау;
50) әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін әзірлеу және бекіту;
51) тиісті қызмет салаларының мемлекеттік органдары әзірлейтін және бекітетін мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының салалық нормативтерін келісу;
52) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) және өңірлік комиссиялар туралы үлгілік ережелерді әзірлеу және бекіту;
53) мыналарды:
қоғамдық жұмыстарды;
әлеуметтік жұмыс орындарын;
жастар практикасын;
кәсіптік оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін әзірлеу және бекіту;
54) жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау, еңбек нарығының жай-күйі туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар ету;
55) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 10.07.2020 № 437 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
56) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін қалыптастыруды қамтамасыз ету;
57) мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау тәртібін әзірлеу және бекіту;
58) жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру тәртібі мен шарттарын әзірлеу және бекіту;
59) өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту тәртібін, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін әзірлеу және бекіту;
60) мүгедектің жұмыс орнының стандарттарын әзірлеу және бекіту;
61) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана арасында бөлу тәртібін әзірлеу;
62) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 11.09.2020 № 576 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
62-1) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен бірлесіп, комиссияның арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда құны бір миллион айлық есептік көрсеткіштен жоғары жобалармен, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезеңінде және объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін арнайы экономикалық аймақтардың аталған қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар санаттары мен санының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту;
63) жұмыс күшіне болжамды қажеттіліктерді айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
63-1) еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
63-2) "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсын сүйемелдеуді және оның жұмыс істеуін ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
64) экономиканың кадрларға қажеттігінің болжамын әзірлеу және оны мүдделі орталық атқарушы органдармен келісу;
65) мыналарды:
ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды;
пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау тәртібін әзірлеу және бекіту;
66) кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу бойынша шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін әзірлеу және бекіту;
67) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару тәртібін әзірлеу және бекіту;
68) білім беру саласындағы орталық уәкілетті органмен келісу бойынша әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізудің тәртібін әзірлеу және бекіту;
69) халықты жұмыспен қамту орталығының үлгілік жарғысын әзірлеу және бекіту;
70) өңірлердің (аудандардың, қалалардың және облыстардың) жұмыспен қамту картасын қалыптастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу және бекіту;
71) жұмыспен қамтудың жеке картасының нысанын және оны жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;
72) әлеуметтік келісімшарттың үлгілік нысандарын әзірлеу және бекіту;
72-1) халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтер аутсорсингін ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
72-2) халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтер аутсорсингі туралы шарттың үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;
72-3) халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингіне қатысуға үміткер жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;
72-4) халықты жұмыспен қамту саласында бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру әдістемесін және тарифтердің шекті деңгейін әзірлеу және бекіту;
72-5) жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
72-6) халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі шеңберінде ұсынылатын көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлеу және бекіту;
72-7) мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыруға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмыс орындарын құру мониторингін жүзеге асыру, жұмыс орындарын құру туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;
73) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 11.09.2020 № 576 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
73-1) кадрлардағы жергілікті қамту үлесін есептеу әдістемесін бекіту;
73-1) жергілікті атқарушы орган жұмыс берушілерге этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар қатарынан шетелдік жұмыс күшін тартуға беретін рұқсаттың жеңілдетілген тәртібін айқындау;
74) қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу;
75) қандас мәртебесін беру немесе ұзарту тәртібін айқындау;
76) қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу тәртібін айқындау;
77) Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі комиссияның үлгілік ережесін, сондай-ақ Қазақстан Республикасына қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасынан тыс қоныс аударған қандастарға және олардың отбасы мүшелеріне жәрдемақылар төлеудің үлгілік қағидалары мен шарттарын бекіту;
77-1) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасына біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін шақыруларын қарау және куәландыру қағидаларын бекіту;
78) құзыреті шегінде шет мемлекеттердің уәкілетті органдарымен және халықаралық ұйымдармен көші-қон процестерін реттеу саласындағы ынтымақтастықты ұйымдастыру және жүзеге асыру;
78-1) өз құзыреті шегінде көші-қон процестерін реттеу, мемлекеттік органдардың халықтың көші-қоны саласындағы жұмыстарын үйлестіру;
78-2) көші-қон процестерінің мониторингін жүзеге асыру;
79) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны бекіту және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана арасында бөлу;
79-1) мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша маусымдық шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыруы үшін кәсіптердің тізбесін әзірлеу және бекіту;
80) қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтары, уақытша орналастыру орталықтары қызметінің тәртібін айқындау;
80-1) этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелерiн қандас мәртебесi берілгенге дейiн олардың қалауы бойынша, сондай-ақ қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы шеңберінде қоныс аударған жағдайда ішкі көшіп-қонушыларды уақытша болу орталықтарында алғашқы қоныстандыру тәртiбін және мерзiмдерін айқындау;
81) салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын қалыптастыру қағидаларын және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін әзірлеу және бекіту;
82) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.09.2017 № 603 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі);
83) тармақша 01.01.2020 дейін қолданыста болды - ҚР Үкіметінің 29.09.2017 № 603 қаулысымен.
83-1) орталық атқарушы орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттарының, шартты зейнетақы шоттарының қозғалыстары туралы ақпарат алмасу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
84) өндірістердің, жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын, пайдасына мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер меншікті қаражаты есебiнен мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асыратын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесін әзірлеу;
85) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
86) баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – Қор) төленетін әлеуметтік төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
86-1) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
87) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін бюджет қаражаты есебінен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
88) салымшылардың (алушылардың) нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомаларына тиісті қаржы жылындағы инфляцияның деңгейін ескере отырып мониторингті жүзеге асыру;
89) зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау қағидаларын әзірлеу;
90) жасына байланысты зейнетақы төлемдерін бiр жарым есе мөлшерде тағайындауға еңбек өтілін жеңiлдiкпен есептеу үшiн сот-медициналық сараптаманы және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыстар тiзбесiн әзiрлеу;
91) толық маусым iшiндегi жұмысы жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшiн бiр жылғы жұмыс өтіліне есепке жатқызылатын өнеркәсiптiң маусымдық салаларының тiзiмiн әзiрлеу;
92) әскери қызметшілердің (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiнің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын қайтару қағидаларын әзірлеу;
93) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу;
93-1) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу;
94) 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтiк жеке кодының және (немесе) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiнiң және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорымен жасалған зейнетақы шартының болмауына байланысты тұрған жерi белгiсiз бұрынғы қызметкерлердiң табыстарынан агенттер ұстап қалған және аудармаған мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару қағидаларын әзiрлеу;
95) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларын, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін, алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесін, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесін әзірлеу;
95-1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін айқындау және оларды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
96) әлеуметтік аударымдарды есептеу мен Қорға төлеу және олар бойынша өндіріп алу қағидаларын және Мемлекеттік корпорацияның банк шотына артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақытылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды аудару қағидаларын әзірлеу және бекіту;
97) әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу (айқындау), Қордан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату және жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
98) банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
99) банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті есептеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
100) Қордың басшы жұмыскерлерін тағайындауға (тағайындаудан бас тартуға) келісім беру;
101) Қордың қаржылық және өзге есептілігінің тізбесін, нысандарын, оларды ұсыну мерзімдерін айқындау;
102) Қордың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететін нормалар мен лимиттерді әзірлеу;
103) Қордың қаржылық тұрақтылығын талдауды, бағалауды және бақылауды жүзеге асыру;
103-1) "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен Қордың қызметін ішкі бақылауды жүзеге асыру;
104) Қор активтерін инвестициялау үшін қаржы құралдарының тізбесі мен лимиттерін әзірлеу;
105) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 10.07.2020 № 437 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
106) Қордың комиссиялық сыйақысының проценттік мөлшерлемесінің шекті шамасын белгілеу туралы ұсыныс әзірлеу;
106-1) Қордың комиссиялық сыйақысының проценттік мөлшерлемесінің шамасын жыл сайын, бірақ жылына екі реттен асырмай белгілеу;
106-2) Қордың комиссиялық сыйақыны алу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
107) еңбек ету қабілетінен айырылған және асыраушысынан айырылған жағдайда, Қордан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін арттыру туралы ұсыныс әзірлеу;
108) жерасты және ашық кен жұмыстарындағы, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстардағы өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 1 тізімін және еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстардағы өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 2 тізімін әзірлеу;
109) халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын әзірлеу және бекіту;
110) ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтерді ақылы негізде көрсету қағидаларын әзірлеу және бекіту;
111) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну бойынша мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету;
112) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әлеуметтік жұмыскерлерді аттестаттау тәртібін әзірлеу және бекіту;
113) әлеуметтік жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;
114) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау мен айқындау тәртібін бекіту;
114-1) халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қаржыландыру және мониторингтеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
114-2) арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын ұйымдардың бірыңғай тіркелімін және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімін қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
114-3) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын әзірлеу және бекіту;
114-4) арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну саласындағы әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу және бекіту;
114-5) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі және денсаулық сақтау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен бірлесе отырып, әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау өлшемшарттарын айқындау;
115) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну түрлері мен нысандарын дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
116) жеке және заңды тұлғалармен, білім беру саласындағы уәкілетті органмен және басқа да мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
117) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 10.07.2020 № 437 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
118) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 10.07.2020 № 437 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
119) мүгедектер мен мүгедек балаларға жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеуді ұсыну тәртібін бекіту;
119-1) жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мынадай әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді:
жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін – жеке көмекші;
есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманын жылына алпыс сағатқа беру тәртібін бекіту;
119-2) жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мүгедектерді
протездiк-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету тәртібін бекіту;
120) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын әзiрлеу және бекіту;
121) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу кезінде қалыптастырылатын құжаттардың нысандарын әзірлеу және бекіту;
121-1) тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы мүгедектерге өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларын бекіту;
121-2) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында өнім берушілерді тіркеу, сондай-ақ әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығару қағидаларын бекіту;
121-3) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алынатын санаторийлік-курорттық емдеудің, протездік-ортопедиялық көмектің, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманың мөлшерін есептеу қағидаларын бекіту;
122) атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу тәртібін бекіту;
123) атаулы әлеуметтік көмекті, оның ішінде кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы беру, балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау және төлеу тәртібін айқындау;
124) учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені, сондай-ақ өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру нәтижесі бойынша атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттарын бекіту;
125) әлеуметтік келісімшарттың, жеке жоспардың нысандарын және отбасын (адамды) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шаралардың үлгілік тізбесін бекіту;
126) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасын есептеу тәртібін бекіту;
127) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге шығыстардың тіркелген үлесін белгілеу;
128) мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оңалту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
129) медициналық-әлеуметтік сараптаманы және мүгедектерді оңалтуды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жалпы қағидаттарын белгілеу;
130) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау тәртібі мен шарттарын әзірлеу және бекіту;
131) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жүйесін әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асыру;
132) кедейлік шегінің мөлшерін айқындау;
133) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 10.07.2020 № 437 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
134) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
135) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп тексеру парақтары мен тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын бекіту;
136) еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру салаларындағы ең төмен әлеуметтік стандарттарды әзірлеу және бекіту;
137) өз құзыреті шегінде ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
138) өз құзыреті шегінде мемлекеттік, оның ішінде электрондық қызметтер көрсету;
139) мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде тұтынушылардың құқықтарын қорғауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру;
140) медициналық-әлеуметтiк сараптама және әлеуметтік-еңбек салаларындағы кадрларды даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру;
141) халық арасында еңбек, жұмыспен қамту, көші-қон, халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;
142) консультациялық-кеңесші және сараптама комиссияларын құру;
143) еңбек, жұмыспен қамту, көші-қон, халықты әлеуметтік қорғау саласында ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізу;
144) еңбек, жұмыспен қамту, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау;
145) жастар ұйымдарымен жастарды жұмысқа орналастыруға және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;
146) жеке және заңды тұлғалардың еңбек, жұмыспен қамту, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау;
147) уәкілетті мемлекеттік органдардың, әлеуметтік қызметтердің және өзге де әлеуметтік-еңбек саласындағы ұйымдардың жұмысын әдістемелік және ұйымдық үйлестіру;
148) жұмыспен қамту саласындағы электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді құру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, оларға жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес қол жеткізуін ұйымдастыру;
149) жәрдемақылар алуға құқығы бар азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, балалы отбасыларды әлеуметтік қамсыздандыру, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелерді қолдау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
150) атаулы әлеуметтік көмек көрсету кезінде ақпараттық жүйелерді қолдау және ақпараттық жүйелер мен дерекқорды пайдалануға қол жеткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
151) жәрдемақылар алуға құқығы бар азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, балалы отбасыларды әлеуметтік қамсыздандыру, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ақпараттық жүйелер мен дерекқорларға қол жеткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
152) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларды, олардың әлеуметтік аударымдары мен әлеуметтiк төлемдерін дербес есепке алуды жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
153) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды дербестендірілген есепке алуды жүргізу тәртібін айқындау;
154) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 10.07.2020 № 437 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
154-1) техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерін бекіту;
154-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою туралы ұсыныстарды дайындауды және уәкілетті органға енгізуді жүзеге асыру;
154-3) уәкілетті органмен келісу бойынша ұлттық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын әзірлеуді жүзеге асыру;
154-4) стандарттау жөніндегі құжаттар мен ұлттық стандарттау жоспарының жобаларын қарау;
154-5) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асыру;
154-6) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және стандарттау жөніндегі ұлттық органның, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу;
154-7) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
154-8) техникалық реттеу саласында сараптамалық кеңестер құру;
154-9) техникалық реттеу саласындағы сараптамалық кеңестердің құрамын және олар туралы ережелерді бекіту;
154-10) техникалық регламенттерді немесе техникалық регламенттерге өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды әзірлеу туралы ұсыныстар дайындау және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға енгізу;
154-11) техникалық регламенттерді, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және орындау;
154-12) сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және реттелетін салада сәйкестігі міндетті расталуға жататын өнім жөніндегі зертханаларды құру, жаңғырту және жарақтандыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
154-13) Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігіне (ұлттық бөлігінен) сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды қосу немесе алып тастау жөніндегі жұмысқа қатысу;
155) Қазақстан Республикасының заңдарында, Президенттің және Үкіметтің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.09.2017 № 603 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 11.08.2018 № 501 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.03.2019 № 131; 08.05.2019 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.04.2020 № 166 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі ); 10.07.2020 № 437 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.09.2020 № 576 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2021 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.08.2021 № 559 қаулыларымен.17. Ведомстволардың функциялары:
1) еңбек, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау; әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру; мүгедектерді әлеуметтік қорғау; балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау; азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету, өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың, халықты жұмыспен қамту, зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектерді әлеуметтік қорғау, міндетті әлеуметтік сақтандыру, арнаулы әлеуметтік қызметтер, сондай-ақ өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны туралы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру, сондай-ақ еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органның қызметін үйлестіруді және тексеруді жүзеге асыру;
3) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мониторингті және тәуекелдерді бағалауды ұйымдастыру;
4) басшы қызметкерлер мен жұмыс берушілердегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды оқытуға және олардың білімдерін тексеруге қатысу;
5) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру үшін комиссия құру;
6) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудің уақтылы және объективті жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру;
7) жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру, ресімдеу және тіркеу мәселелері бойынша жұмыс берушінің, жұмыскердің және мемлекеттік еңбек инспекторының арасындағы келіспеушіліктерді қарау;
8) жеке және заңды тұлғалардың еңбек, жұмыспен қамту, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау;
9) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 17.07.2018 № 437 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
10) еңбек қатынастарын реттеу саласындағы жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;
11) халықтың көші-қоны саласындағы жергілікті атқарушы органдарды әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;
12) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдардан еңбек қатынастары мәселелері бойынша қажетті ақпарат сұрату;
13) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік еңбек инспекторын тағайындауды келісу;
14) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 11.09.2020 № 576 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
15) еңбекші көшіп-қонушылардың және этникалық қазақтардың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру және ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органының, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің тиісті ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
16) қандас мәртебесін беруден немесе ұзартудан бас тартылуы туралы шағымдарды қарау;
17) қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын іске асыру мониторингін жүргізу;
18) қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың алдағы жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөлу;
19) шетелдік жұмыскерлердің орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыру, "Шетелдік жұмыс күші" ақпараттық жүйесін құру және олардың тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара байланысын қамтамасыз ету;
20) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарының бюджеттік субсидиясының мөлшерін белгілеу;
21) бюджет қаражаты есебiнен берілетін мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны, мемлекеттік арнайы жәрдемақыны, бала тууға байланысты және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша тағайындалатын және төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақыларды, мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтімі бойынша тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны, бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны, банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға, саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына берілетін біржолғы ақшалай өтемақы, жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдау және оларды төлеуді қамтамасыз ету;
22) республикалық бюджеттен зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді, Қордан берілетін әлеуметтік төлемдерді алушылардың саны мен сомасы туралы деректер жинауды ұйымдастыру;
23) республикалық бюджеттен берілетін зейнетақы тағайындау, зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді алу, сондай-ақ Қордан берілетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау мен алу мәселелері жөнінде түсіндірме беру;
24) Қор қызметі туралы мәліметтерді, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұйымдардан өзінің бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер алу;
25) бюджет қаражаты есебiнен берілетін мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемінің, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің, арнаулы мемлекеттік жәрдемақының, мемлекеттік арнайы жәрдемақының, бала тууға байланысты және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша тағайындалатын және төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақылардың, мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтімі бойынша тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының, бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының, банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмектің, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға, саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына берілетін біржолғы ақшалай өтемақының, жерлеуге арналған біржолғы төлемнің, Қордан берілетін әлеуметтік төлемдердің уақтылы және толық төленуін бақылауды жүзеге асыру;
26) Қордың әлеуметтік төлемдерді уақтылы және дұрыс тағайындауын бақылауды қамтамасыз ету;
27) Мемлекеттік корпорацияның алушыға әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударуын бақылауды қамтамасыз ету;
28) бюджет қаражаты есебiнен берілетін мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны, мемлекеттік арнайы жәрдемақыны, бала тууға байланысты және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша тағайындалатын және төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақыларды, мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны, бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны, банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға, саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына біржолғы ақшалай өтемақыны, жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау үшін қажетті құжаттардың дұрыстығын тексеру;
29) Қордың әлеуметтік төлемдерді тағайындауы, тағайындаудан бас тартуы, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның әлеуметтік төлемдерді уақтылы және толық аударуы мәселелері бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың шағымдарын қарау;
30) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 10.07.2020 № 437 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
31) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу;
32) организм функцияларының бұзылу және тұрмыс-тіршілігінің шектелу дәрежесiне қарай себебi, мерзiмi айқындала отырып, мүгедектiк тобын және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесiн белгілеу;
33) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік және кәсіптік бөліктерін әзірлеу, өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауына байланысты мертіккен немесе өзге де денсаулық зақымын алған жұмыскердің Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген көмек пен күтімнің қосымша түрлеріне мұқтаждығын айқындау;
34) халықтың мүгедектiгi деңгейi мен себептерiн зерделеу;
35) еңбек, жұмыспен қамту, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы дерекқорларды қалыптастыру және сүйемелдеу;
35-1) кадрлардағы жергілікті қамту үлесін есептеу әдістемесін әзірлеу;
36) Қазақстан Республикасының заңдарында, Президенттің және Үкіметтің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Ескерту. 17-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Үкіметінің 17.07.2018 № 437 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.08.2018 № 501 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.07.2020 № 437 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.09.2020 № 576 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2021 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.18. Құқықтары мен міндеттері:
1) өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, өзге ұйымдардан және лауазымды адамдардан қажетті ақпарат пен материалдар сұрату және алу;
3) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;
5) ведомствоның, оның аумақтық органдарының, сондай-ақ Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін үйлестіруді және бақылауды жүзеге асыру;
6) Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті жылдарға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарларын уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету.
3-тарау. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
19. Министрлікте басшылықты Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Министр жүзеге асырады.
20. Бірінші басшыны Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісімен консультациялардан кейін Премьер-Министрдің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және Қазақстан Республикасының Президенті қызметтен босатады.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.06.2017 № 350 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
21. Министрдің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
22. Министрдің өкілеттіктері:
1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыспен қамту, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы саясатты қалыптастырады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді қамтамасыз етеді;
3) ведомствоның құзыретін және өзге мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды;
4) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілер қабылдайды;
5) Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Министрліктің атынан өкілдік етеді;
6) Министрліктің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын бекітеді;
7) оның құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
Министр болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
23. Министр өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілейді.
24. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын аппарат басшысы басқарады.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.03.2021 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
4-тарау. Министрліктің мүлкі
25. Министрліктің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Министрліктің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
26. Министрлікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
27. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Министрліктің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
28. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің және оның ведомствосының қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi
Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.06.2017 № 397; 11.07.2018 № 420; 26.06.2019 № 442 қаулыларымен.
1. Қазыналық кәсіпорындар
1. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 28.06.2017 № 397 қаулысымен.
2. Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 26.06.2019 № 442 қаулысымен.
2. Акционерлік қоғамдар
1. Еңбек ресурстарын дамыту орталығы
2. Республикалық протездік-ортопедиялық орталық.
3. "Мемлекеттік аннуитеттік компания" өмірді сақтандыру компаниясы.
4. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры.
3. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар
1. Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты.
Ведомствоның қарамағындағы аумақтық бөлімшелердің тiзбесi
Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 10.07.2020 № 437 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері
1. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті, Көкшетау қаласы.
2. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті, Ақтөбе қаласы.
3. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті, Алматы қаласы.
4. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті, Атырау қаласы.
5. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, Өскемен қаласы.
6. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, Тараз қаласы.
7. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, Орал қаласы.
8. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті, Қарағанды қаласы.
9. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, Қызылорда қаласы.
10. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті, Қостанай қаласы.
11. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті, Ақтау қаласы.
12. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті, Павлодар қаласы.
13. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті, Петропавл қаласы.
14. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті, Түркістан қаласы.
15. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті, Нұр-Сұлтан қаласы.
16. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті, Алматы қаласы.
17. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, Шымкент қаласы.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекеме
Ескерту. Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 12.12.2018 № 826 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 18 ақпандағы
№ 81 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне
382. "Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры" АҚ
383. "Мемлекеттік аннуитеттік компания" өмiрдi сақтандыру компаниясы" АҚ
384. "Республикалық протездік-ортопедиялық орталық" АҚ
385. "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ".
2. "Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1266 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 49, 626-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесі туралы ережеде:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Үйлестіру кеңесінің жұмыс органы болып табылады.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің құрамында:
мына:
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі, төрағаның орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, төрағаның орынбасары";
мына:
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Әлеуметтік көмек департаментінің директоры, хатшы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қызметтер департаментінің директоры, хатшы";
мына:
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі";
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі".
3. "Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 мамырдағы № 511 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 461-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесінде:
мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
202. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.".
4. "Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 555-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:
1 тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) стратегиялық жоспарлау, салық және бюджет саясаты, сондай-ақ кеден ісі саласындағы саясат, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, мемлекеттік инвестициялық жобалар, бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу, табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар, халықаралық экономикалық және қаржы қатынастары, оның ішінде халықаралық экономикалық интеграцияны реттеу, экспортты жылжытудан басқа, сыртқы сауда қызметін реттеу және дамыту, сауда қызметін реттеу, мемлекеттік активтердің басқару, соның ішінде корпоративтік басқарудың сапасын жоғарлату, мемлекеттік басқару жүйесін дамыту, мемлекеттік қызмет көрсету аясындағы мемлекеттік саясатты дамыту;";
15-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;
16-тармақтың 122) тармақшасы алып тасталсын.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 18 ақпандағы
№ 81 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтiк қорғау және көші-қон комитетінің қайта аталатын аумақтық бөлімшелері – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті, Көкшетау қаласы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментіне, Көкшетау қаласы.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті, Ақтөбе қаласы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне, Ақтөбе қаласы.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті, Алматы қаласы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы облысы бойынша департаментіне, Алматы қаласы.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті, Атырау қаласы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіне, Атырау қаласы.
5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, Өскемен қаласы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне, Өскемен қаласы.
6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, Тараз қаласы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне, Тараз қаласы.
7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, Орал қаласы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне, Орал қаласы.
8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті, Қарағанды қаласы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне, Қарағанды қаласы.
9. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, Қызылорда қаласы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне, Қызылорда қаласы.
10. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті, Қостанай қаласы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментіне, Қостанай қаласы.
11. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті, Ақтау қаласы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіне, Ақтау қаласы.
12. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті, Павлодар қаласы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментіне, Павлодар қаласы.
13. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті, Петропавл қаласы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіне, Петропавл қаласы.
14. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті, Шымкент қаласы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіне, Шымкент қаласы.
15. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті, Астана қаласы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Астана қаласы бойынша департаментіне, Астана қаласы.
16. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті, Алматы қаласы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментіне, Алматы қаласы.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 18 ақпандағы
№ 81 қаулысына
2-қосымша
Қайта аталатын мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі
1. Мемлекеттік кәсіпорындар
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің "Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
2. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына.
2. Мемлекеттік мекеме
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің "Әлеуметтік-еңбек саласы кадрларының біліктілігін арттыру курсы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Әлеуметтік-еңбек саласы кадрларының біліктілігін арттыру курсы" мемлекеттік мекемесіне.