Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 29 наурыздағы № 169 қаулысы.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі       А. Мамин

      Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 29 наурыздағы
№ 169 қаулысымен
бекітілген

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2023 № 528 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      2. "Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын және Әлеуметтік жаңғыртудың 2016 жылға дейінгі кезеңге арналған жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 396 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында:

      "3. Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту стратегиясы" деген тараудың бір жүз он алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қоныс аударушыларды және қандастарды өңірлік қабылдау квотасы шеңберінде еңбек күші көп өңірлерден Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өңірлерге ерікті түрде қоныс аударатын адамдардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу, адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне көшуге субсидия және қажетті тұрғын үй беру көзделуде.".

      3.  Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.07.2023 № 620 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.11.2023 № 1041 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 8, 46-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігi туралы ережеде:

      16-тармақта:

      74), 75), 76) және 77) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "74) қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу;

      75) қандас мәртебесін беру немесе ұзарту тәртібін айқындау;

      76) қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу тәртібін айқындау;

      77) Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі комиссияның үлгілік ережесін, сондай-ақ Қазақстан Республикасына қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасынан тыс қоныс аударған қандастарға және олардың отбасы мүшелеріне жәрдемақылар төлеудің үлгілік қағидалары мен шарттарын бекіту;";

      80) және 80-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "80) қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтары, уақытша орналастыру орталықтары қызметінің тәртібін айқындау;

      80-1) этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелерiн қандас мәртебесi берілгенге дейiн олардың қалауы бойынша, сондай-ақ қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы шеңберінде қоныс аударған жағдайда ішкі көшіп-қонушыларды уақытша болу орталықтарында алғашқы қоныстандыру тәртiбін және мерзiмдерін айқындау;";

      95) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "95) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларын, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін, алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесін, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесін әзірлеу;";

      17-тармақта:

      16), 17) және 18) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) қандас мәртебесін беруден немесе ұзартудан бас тартылуы туралы шағымдарды қарау;

      17) қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын іске асыру мониторингін жүргізу;

      18) қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың алдағы жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөлу;".

      6. "Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2017 – 2021 жылдарға арналған тұжырымдамасын және Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2017 – 2021 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 602 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2017 – 2021 жылдарға арналған тұжырымдамасында:

      "2. Ағымдағы жағдайды талдау" деген бөлімде:

      он екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Этникалық көші-қон нәтижелері жақсы. 1991 жылдан бері келген этникалық репатрианттар саны 1 млн адамнан асты. Көшіп келген қандастардың демографиялық үлесінің арқасында тәуелсіздік жылдары теріс көші-қон сальдосының деңгейін 28 % төмендетуге қол жеткізілді.";

      "4. Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының мақсаты, міндеттері, қағидаттары мен негізгі тәсілдері" деген бөлімде:

      "4.1. Шетелдік жұмыс күшін іріктеу мен пайдаланудың сараланған тетіктерін әзірлеу" деген кіші бөлімде:

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жаңа жағдайларда квота жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне байланысты ғана емес, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының белгіленген көрсеткіштеріне, ішкі көшіп-қонушылар мен қандастардың өңірлік квотасына да сәйкес қалыптастырылатын болады.";

      "4.3. Этникалық көші-қонды басқару жүйесін жетілдіру" деген кіші бөлімде:

      он төртінші және он бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мұндай орталықтарда қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгісі келетін, орта және жоғары білімі жоқ, құқықтық жүйесі біздікінен өзгеше елдерден келген этникалық репатрианттар бейімдеу курсын өтетін болады.

      Қандастардың этникалық репатрианттар көп келетін өңірлерде қазақстандық қоғамға етене араласуына жәрдемдесу үшін бейімделуге қажетті әлеуметтік инфрақұрылым, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен жасалады.";

      "4.5. Сыртқы және ішкі көші-қон мониторингі және есебі" деген кіші бөлімде:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының көші-қон процестерін реттеу тетігі құзыретті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған "Шетелдік жұмыс күші", "Қандас", "Көші-қон полициясы", "Бүркіт" автоматтандырылған ақпараттық жүйелері бойынша мақсатты түрде жүзеге асырылатын болады.";

      "5. Тұжырымдаманы іске асыру кезеңдері. Күтілетін нәтижелер" деген бөлімде:

      төртінші бөліктің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) 2021 жылға қарай жұмысқа орналасқан қандастардың үлесін 86 %-ға дейін жеткізу (жұмыспен қамту органдарына жәрдемдесуге жүгінген қандастар қатарынан);";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2017 − 2021 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:

      реттік нөмірі 13-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

13

Мыналар:
қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасын бөлу;
қандастардың ерікті қоныс аударуын ұйымдастыру;
қандастарға мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну мониторингі;
қандастардың ерікті қоныс аудару тәртібін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу көзделетін қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасының орындалу мониторингі

Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп

Еңбекмині (жинақтау), ЖАО

жартыжылдықта 1 рет

талап етілмейді

-

      ".

      7. "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 тамыздағы № 513 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 49, 253-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Бұл ретте үміткерлер қатарынан атаулы әлеуметтік көмек алатын, табысы аз және (немесе) көпбалалы отбасылардың мүшелеріне, сондай-ақ қандастар мен қоныс аударушыларға "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өту немесе Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде оқу талап етілмейді.";

      15-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жеке басын куәландыратын құжат, ал қандастар үшін – қандас куәлігі (салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасы ұсынылады);";

      8. "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 63, 361-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасында:

      2.1-кіші бөлімнің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) әлеуметтік келісімшарт – жұмыссыздар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары, сондай-ақ "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) көзделген жағдайларда өзге адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматы не қандас пен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, ал Заңда көзделген жағдайларда жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыруға тартылған жеке және заңды тұлғалармен тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы келісім;";

      "4. "Еңбек" бағдарламасының мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері" деген бөлімде:

      "4.2.3. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту" деген тармақта:

      "Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру" деген 2-міндетте:

      "Еңбек ресурстарының ұтқырлығы бойынша нәтижелер көрсеткіштері" деген 7-кестеде:

      реттік нөмірлері 1 және 2-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1

Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылған қандастар мен қоныс аударушылардың саны

мың адам

ЖАО есептері

2,7

6,6

8,9

6,0

6,3

Еңбекмині, ЖАО

2

Әлеуметтік мақсатты қамтамасыз ету үшін демалыстағы жұмыскерлерді қоспағанда, еңбекке қабілетті қандастар мен қоныс аударушылардың қатарынан жұмысқа орналасқандардың, оқуға жіберілгендердің, кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу шараларымен қамтылғандардың үлесі

%

ЖАО есептері

90

92

94

95

96

Еңбекмині, ЖАО

      ";

      "5. "Еңбек" бағдарламасының негізгі бағыттары, мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары, тиісті шаралар" деген бөлімде:

      "5.2. Екінші бағыт: жаппай кәсіпкерлікті дамыту" деген кіші бөлімде:

      бесінші бөліктің 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) қоныс аударушылар және қандастар қатысуға басым құқыққа ие.";

      "5.2.5. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру" деген тармақта:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Техникалық және кәсіптік орта білім, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында немесе "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткен, "Еңбек" бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде оқытуды аяқтаған және бұдан бұрын басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде гранттар алмаған "Еңбек" бағдарламасына қатысушылар, сондай-ақ қоныс аударушылар мен қандастар, атаулы әлеуметтік көмек алушылардың қатарындағы табысы аз және/немесе көпбалалы отбасылардың мүшелері мемлекеттік гранттарды алуға үміткерлер болып табылады.";

      "5.3. Үшінші бағыт: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту" кіші бөлімінде:

      "5.3.1. Жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу" деген тармақта:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан жұмыс іздеп жүрген адамдар, жұмыссыз адамдар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған жекелеген санаттар, NEET санатындағы жастар, қандастар, сондай-ақ студенттер, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары үшін жүзеге асырылады.";

      "5.3.2. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру" деген тармақта:

      алтыншы және жетінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қабылдау өңірлерінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдары қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың алдағы жылға арналған өңірлік квотасы бекітілгеннен кейін ЖАО ұсыныстары мен Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері арқылы этникалық қазақтар мен қандастардан келген өтініштердің негізінде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға қоныс аударушылар мен қандастарды қабылдау мүмкіндігі туралы ақпарат береді.

      Ақпаратта кәсіптер (мамандықтар) көрсетіліп, өңірдің еңбек ресурстарына қажеттіліктері, қоныс аударушылар мен қандастарды, сондай-ақ олардың отбасыларын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік инфрақұрылымның мүмкіндіктері мен бар-жоғы туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.";

      он бірінші және он екінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шығу және қабылдау өңірлері шығу өңірлерінде бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін ұйымдастыру, қоныс аударушылар мен қандастардың қажетті саны, еңбек нарығындағы ахуал, жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс, әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету шарттары туралы ақпаратты ұсыну және қабылдау өңірлеріне танысу мақсатында баруды ұйымдастыру арқылы өңіраралық ерікті түрде қоныс аудару бойынша өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етеді. 

      Өңіраралық ерікті түрде қоныс аударуға қатысушылар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген қоныс аударушылар мен қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына қосылған адамдар мен олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ қоныс аударуға жәрдемдесетін жұмыс берушілер болып табылады.";

      он төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасына қатысушылар қатарындағы түлектер, сондай-ақ қандастар шығу өңіріне/мемлекетіне қарамастан өңіраралық ерікті түрде қоныс аударуға қатысады және оқуды аяқтағаннан кейін оқу орны бойынша "Еңбек" бағдарламасына қатысу үшін өтінім береді.";

      жиырма бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қандастардың өңірлік квотасына енгізілген қандастар мен олардың отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығын алуы "Еңбек" бағдарламасы шеңберінде ерікті түрде қоныс аударуға ұсынылған мемлекеттік қолдау шараларын тоқтатуға негіз бола алмайды.";

      жиырма жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жұмыс берушілер қоныс аударушылар мен қандастарға қолдау көрсетудің қосымша шараларын белгілей алады, олар әлеуметтік келісімшартта көрсетіледі.";

      қырық төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына қосу жөніндегі комиссияның шешімімен қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енген қандастар, "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасының қатысушылары қатарындағы түлектер, сондай-ақ өз бетінше келгендер қабылдау өңірінің халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінеді.";

      жетпіс екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "ЖАО қоныс аударушылар мен қандастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін:

      1) тұрғын үй салуды, тұрғын үйді, оның ішінде өз қаражаты есебінен тұрғын үй салған жұмыс берушілерден сатып алуды (құнын төлеп алуды);

      2) "Еңбек" бағдарламасы шеңберінде салынып жатқан объектілер бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуді; 

      3) тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салу үшін жер учаскелерін бөлуді; 

      4) инженерлік инфрақұрылым объектілерін салуды жүзеге асырады.";

      "5.4.2. "Жас кәсіпкер" жастар кәсіпкерлігін дамыту" деген тармақта:

      он жетінші бөліктің 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) ақпаратты ақпараттық ресурста жариялау арқылы оған басқа өңірлердің ЖАО-ларының қолжетімдігін қамтамасыз етеді, онда кәсіптер (мамандықтар) көрсетіліп, өңірдің еңбек ресурстарына қажеттілігі, мүмкіндіктері және қоныс аударушылар мен қандастарды, сондай-ақ олардың отбасыларын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік инфрақұрылымның бар-жоғы туралы мәлімет қамтылуға тиіс;";

      Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:

      "Үшінші бағыт. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту" деген бөлімде:

      "2. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру" деген міндетте:

      "Нәтижелер көрсеткіштері" деген кіші бөлімде:

      реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1

Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылған қандастар мен қоныс аударушылар отбасыларының саны

мың адам

*

*

ЖАО

2,7

6,6

8,9

6,0

6,3


*

*

      ";

      "Іс-шаралар" деген кіші бөлімде:

      реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3

Қоныс аударушымен және/немесе қандаспен жеке әлеуметтік келісімшарттар жасасу


Еңбекминіне есеп

ай сайын5-күнге қарай

ЖАО







талап етілмейді


      ".