Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 тамыздағы № 559 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнің
2021 жылғы 14 тамыздағы
№ 559 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функцияларында:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) техникалық регламенттерді, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлейді және орындайды;";

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша техникалық регламенттерді әзірлейді, бекітеді, жояды, тоқтата тұрады, сондай-ақ техникалық регламенттерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;";

      45), 70) және 92) тармақшалар алып тасталсын;

      131) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "131) ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімінің қауіпсіздігі саласындағы ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар мен нормативтерді, нормативтік құжаттарды әзірлейді және бекітеді;";

      140) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "140) техникалық реттеу саласында сараптамалық кеңестер құрады;";

      мынадай мазмұндағы 140-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "140-1) техникалық реттеу саласындағы сараптамалық кеңестердің құрамын және олар туралы ережелерді бекітеді;";

      252) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 252-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "252-1) техникалық регламенттерді немесе техникалық регламенттерге өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды әзірлеу туралы ұсыныстар дайындайды және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға енгізеді;";

      392) тармақша алып тасталсын;

      17-тармақта:

      ведомстволардың функцияларында:

      17-тармақта, 365), 366), 367), 368), 369) және 370) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 418), 418-1), 418-2), 418-3) және 418-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "418) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес тиісті зертханалық практика қағидаттарын іске асырады;

      418-1) тиісті зертханалық практика саласындағы нормативтік-әдістемелік базаны әзірлейді (әзірлеуге қатысады);

      418-2) сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және реттелетін салада сәйкестігі міндетті расталуға жататын өнім жөніндегі зертханаларды құру, жаңғырту және жарақтандыру жөнінде ұсыныстар дайындайды;

      418-3) Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігіне (ұлттық бөлігінен) сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды қосу немесе алып тастау жөніндегі жұмысқа қатысады;

      418-4) белгіленген құзырет шеңберінде тиісті техникалық регламенттер талаптарының сақталуына Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалған тәртіппен мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;".

      2. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функцияларында:

      26-2) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 95-95), 95-96), 95-97) және 95-98) тармақшалармен толықтырылсын:

      "95-95) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша құзыретіне кіретін мәселелер бойынша техникалық регламенттерді әзірлейді, бекітеді, олардың күшін жояды, тоқтата тұрады, сондай-ақ техникалық регламенттерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;

      95-96) техникалық реттеу саласында сараптамалық кеңестер құрады;

      95-97) техникалық реттеу саласындағы сараптамалық кеңестердің құрамын және олар туралы ережелерді бекітеді;

      95-98) техникалық регламенттерді, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлейді және орындайды;";

      ведомстволардың функцияларында:

      84-39) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 84-44), 84-45), 84-46) және 84-47) тармақшалармен толықтырылсын:

      "84-44) сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және реттелетін салада сәйкестігі міндетті расталуға жататын өнім жөніндегі зертханаларды құру, жаңғырту және жарақтандыру жөнінде ұсыныстар дайындайды;

      84-45) Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігіне (ұлттық бөлігінен) сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды қосу немесе алып тастау жөніндегі жұмысқа қатысады;

      84-46) белгіленген құзырет шеңберінде тиісті техникалық регламенттер талаптарының сақталуына Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалған тәртіппен мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

      84-47) техникалық регламенттерді немесе техникалық регламенттерге өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды әзірлеу туралы ұсыныстар дайындайды және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға енгізеді;".

      3. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функцияларында:

      164) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "164) техникалық реттеу саласында сараптамалық кеңестер құрады;";

      мынадай мазмұндағы 164-2), 164-3), 164-4) және 164-5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "164-2) техникалық реттеу саласындағы сараптамалық кеңестердің құрамын және олар туралы ережелерді бекітеді;

      164-3) Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігіне (ұлттық бөлігінен) сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды қосу немесе алып тастау жөніндегі жұмысқа қатысады;

      164-4) белгіленген құзырет шеңберінде тиісті техникалық регламенттер талаптарының сақталуына Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалған тәртіппен мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

      164-5) техникалық регламенттерді немесе техникалық регламенттерге өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды әзірлеу туралы ұсыныстар дайындайды және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға енгізеді;".

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 865 қаулысымен.

      5. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функцияларында:

      мынадай мазмұндағы 152-101), 152-102), 152-103), 152-104), 152-105), 152-106), 152-107), 152-108), 152-109) және 152-110) тармақшалармен толықтырылсын:

      "152-101) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша құзыретіне кіретін мәселелер бойынша техникалық регламенттерді әзірлеу, бекіту, олардың күшін жою, тоқтата тұру, сондай-ақ техникалық регламенттерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;

      152-102) техникалық реттеу саласында сараптамалық кеңестер құру;

      152-103) техникалық реттеу саласындағы сараптамалық кеңестердің құрамын және олар туралы ережелерді бекіту;

      152-104) техникалық регламенттерді, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және орындау;

      152-105) сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және реттелетін салада сәйкестігі міндетті расталуға жататын өнім жөніндегі зертханаларды құру, жаңғырту және жарақтандыру жөнінде ұсыныстар дайындау;

      152-106) Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігіне (ұлттық бөлігінен) сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды қосу немесе алып тастау жөніндегі жұмысқа қатысу;

      152-107) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес тиісті зертханалық практика қағидаттарын іске асыру;

      152-108) тиісті зертханалық практика саласындағы нормативтік-әдістемелік базаны әзірлеу (әзірлеуге қатысу);

      152-109) белгіленген құзырет шеңберінде тиісті техникалық регламенттер талаптарының сақталуына Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалған тәртіппен мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;

      152-110) техникалық регламенттерді немесе техникалық регламенттерге өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды әзірлеу туралы ұсыныстар дайындау және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға енгізу;".

      6. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функцияларында:

      32) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "32) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша құзыретіне кіретін мәселелер бойынша техникалық регламенттерді әзірлеу, бекіту, олардың күшін жою, тоқтата тұру, сондай-ақ техникалық регламенттерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;";

      мынадай мазмұндағы 154-8), 154-9), 154-10), 154-11), 154-12 және 154-13) тармақшалармен толықтырылсын:

      "154-8) техникалық реттеу саласында сараптамалық кеңестер құру;

      154-9) техникалық реттеу саласындағы сараптамалық кеңестердің құрамын және олар туралы ережелерді бекіту;

      154-10) техникалық регламенттерді немесе техникалық регламенттерге өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды әзірлеу туралы ұсыныстар дайындау және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға енгізу;

      154-11) техникалық регламенттерді, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және орындау;

      154-12) сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және реттелетін салада сәйкестігі міндетті расталуға жататын өнім жөніндегі зертханаларды құру, жаңғырту және жарақтандыру жөнінде ұсыныстар дайындау;

      154-13) Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігіне (ұлттық бөлігінен) сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды қосу немесе алып тастау жөніндегі жұмысқа қатысу;".

      7. Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 862 қаулысымен.

      8. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функцияларында:

      22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "22) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша құзыретіне кіретін мәселелер бойынша техникалық регламенттерді бекітеді, олардың күшін жояды, тоқтата тұрады, сондай-ақ техникалық регламенттерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;";

      мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "22-1) техникалық реттеу саласында сараптамалық кеңестер құрады;";

      99) тармақшаның жиырма бесінші абзацы алып тасталсын;

      ведомстволардың функцияларында:

      мынадай мазмұндағы 59-1), 59-2), 59-3), 59-4) және 59-5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "59-1) сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және реттелетін салада сәйкестігі міндетті расталуға жататын өнім жөніндегі зертханаларды құру, жаңғырту және жарақтандыру жөнінде ұсыныстар дайындайды;

      59-2) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша құзыретіне кіретін мәселелер бойынша техникалық регламенттерді әзірлейді;

      59-3) техникалық регламенттерді, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және орындайды;

      59-4) белгіленген құзырет шеңберінде тиісті техникалық регламенттер талаптарының сақталуына Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалған тәртіппен мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

      59-5) техникалық регламенттерді немесе техникалық регламенттерге өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды әзірлеу туралы ұсыныстар дайындайды және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға енгізеді;".

      9. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функцияларында:

      мынадай мазмұндағы 18-11) және 18-12) тармақшалармен толықтырылсын:

      "18-11) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасының Еуразиялық экономикалық комиссиямен Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа қатысуы мәселелері бойынша өзара іс-қимылын үйлестіру;

      18-12) Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеуді жүргізу қағидаларын бекіту";

      83) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "83) сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптарын, оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін, сондай-ақ рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, аттестаттардың қолданысын ұзарту қағидаларын бекіту;";

      86) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "86) халықаралық, өңірлік стандарттарды және шет мемлекеттер стандарттарын, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі өңірлік ұйымдардың стандарттау жөніндегі қағидалары мен ұсынымдарын, техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, шет мемлекеттердің стандарттау жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын қолдану тәртібін айқындау;";

      90) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "90) техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және олардың күшін жою қағидаларын бекіту;";

      91) тармақша алып тасталсын;

      92), 93) және 94) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "92) тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою, сондай-ақ тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысанын белгілеу жөніндегі қағидаларды бекіту;

      93) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді кері қайтарып алу қағидаларын бекіту;

      94) сәйкестікті бағалау қағидаларын бекіту;";

      112) тармақша алып тасталсын;

      116-6) тармақша алып тасталсын;

      116-8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "116-8) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын талаптарды, оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін, сондай-ақ тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, аттестаттардың қолданысын ұзарту тәртібін бекіту;";

      116-9) және 116-10) тармақшалар алып тасталсын;

      116-11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "116-11) шет мемлекеттердің сәйкестік сертификаттарын, сынақ хаттамаларын, сәйкестік белгілерін және сәйкестікті бағалау туралы өзге де құжаттарды тану тәртібін айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 116-24), 116-25), 116-26), 116-27), 116-28), 116-29), 116-30), 116-31), 116-32), 116-33), 116-34), 116-35), 116-36), 116-37), 116-38) және 116-39) тармақшалармен толықтырылсын:

      "116-24) нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорының жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру;

      116-25) оқу орталықтарына қойылатын талаптарды, оларды техникалық реттеу тізіліміне енгізу қағидаларын бекіту;

      116-26) тауардың шығарылуы туралы сертификаттарды берудің негізділігін, олардағы мәліметтердің анықтығын және дайындаушылардың тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі қағидаларда көзделген тәртіппен тауарды әкелу елінің уәкілетті органдарының сұрау салулары негізінде тауарлардың шығарылған елін айқындау өлшемшарттарын орындауын верификациялауды (тексеруді), тауардың шығарылуы туралы сертификатты беруді және оның күшін жоюды жүзеге асыру;

      116-27) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тауарлардың шығарылған елін растау мақсатында экспорттаушыларды тауарды әкелу елдерінің ақпараттық жүйелерінде тіркеудің негізділігін верификациялауды (тексеруді) жүзеге асыру;

      116-28) техникалық реттеу туралы заңнамада белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға тікелей қатер төндіретін өнімді айналысқа шығаруға тыйым салу;

      116-29) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес өнімнің техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігіне техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізу бойынша оны айналысқа шығару бөлігінде тексеру парақтарын және тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын бекіту;

      116-30) бірыңғай тізбеге енгізілмеген, бірыңғай тізбеге енгізілген, бірақ оған қатысты техникалық регламенттер қабылданбаған немесе қолданысқа енгізілмеген өнімді айналысқа шығару қағидаларын, сондай-ақ оған қатысты жалпы қауіпсіздік туралы декларация қабылданатын өнімнің тізбесін, жалпы қауіпсіздік туралы декларацияның нысанын бекіту;

      116-31) Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігіне (ұлттық бөлігінен) сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды енгізу немесе шығару туралы шешімдер қабылдау қағидаларын бекіту;

      116-32) тиісті зертханалық практика қағидаттарын іске асыру қағидаларын бекіту;

      116-33) техникалық реттеу тізілімін қалыптастыру, жүргізу және сүйемелдеу қағидаларын бекіту;

      116-34) өлшем құралдарын бастапқы тексеру нәтижелері бойынша айналысқа шығарылатын өлшем құралдарының тізбесін бекіту;

      116-35) мемлекеттік метрологиялық бақылау мақсатында дайындаушы немесе сатушы өлшеп-салған өнімнің кез келген түрдегі қаптамалардағы, сондай-ақ импорттаушы әкелген өлшеп-оралған өнім және сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын өнім санының сәйкестігін белгілеу тәртібін айқындау;

      116-36) аккредиттеу жөніндегі кеңесті құру, оның құрамын және ол туралы ережені әзірлеу және бекіту;

      116-37) аккредиттеу субъектілері қызметінің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту;

      116-38) тауарлардың шығарылған елін растау мақсатында экспорттаушыларды әкелу елдерінің ақпараттық жүйелерінде тіркеу қағидаларын бекіту;

      116-39) алып қойылған өнімді сақтау қағидаларын бекіту;";

      ведомстволардың функцияларында:

      1) және 2) тармақшалар алып тасталсын;

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) өнімді айналысқа шығару бөлігінде оның техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілерінің Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде не Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдерінде белгіленген талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;";

      4-1) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 4-3), 4-4), 4-5), 4-6), 4-7), 4-8), 4-9), 4-10), 4-11), 4-12), 4-13), 4-14), 4-15), 4-16), 4-17), 4-18), 4-19), 4-20), 4-21), 4-22), 4-23), 4-24) және 4-25) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4-3) мемлекеттік органдарға техникалық реттеу объектілерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді және құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына, техникалық регламенттерге және ұлттық стандарттарға сәйкес келтіру туралы ұсыныстар енгізу;

      4-4) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді айналысқа шығарудың жолын кесу және оған жол бермеу бойынша ықпал ету шараларын қабылдау;

      4-5) техникалық реттеу саласындағы заңнамаға сәйкес жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға тікелей қатер төндіретін өнімді алып қою және қадағалау субъектісін Қазақстан Республикасының Азаматтық-процестік заңнамасына сәйкес осындай өнімді иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығынан айыру туралы сотқа талап қою;

      4-6) жеке, заңды тұлғалар техникалық реттеу саласындағы лауазымды адамдар берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, қаулыларды орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде сотқа жүгіну;

      4-7) зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      4-8) өнімдер мен процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде консультативтік-кеңесші органдар құру;

      4-9) Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, техникалық реттеу объектілерінің Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті талаптарына сәйкестігін бағалау кезінде зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында қолдану үшін Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттары ретінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық (мемлекеттік) стандарттарын бекіту;

      4-10) сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға рұқсат беру талаптарын, оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін, сондай-ақ рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, аттестаттардың қолданысын ұзарту қағидаларын әзірлеу;

      4-11) техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және олардың күшін жою қағидаларын әзірлеу;

      4-12) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді кері қайтарып алу қағидаларын әзірлеу;

      4-13) сәйкестікті бағалау қағидаларын әзірлеу;

      4-14) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес өнімнің техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігіне техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізу бойынша оны айналысқа шығару бөлігінде тексеру парақтарын және тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын бекіту;

      4-15) бірыңғай тізбеге енгізілмеген, бірыңғай тізбеге енгізілген, бірақ оған қатысты техникалық регламенттер қабылданбаған немесе қолданысқа енгізілмеген өнімді айналымға шығару қағидаларын, сондай-ақ өзіне қатысты жалпы қауіпсіздік туралы декларация қабылданатын өнім тізбесін, жалпы қауіпсіздік туралы декларацияның нысанын әзірлеу;

      4-16) Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігіне (ұлттық бөлігінен) сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды енгізу немесе шығару туралы шешімдер қабылдау қағидаларын әзірлеу;

      4-17) тиісті зертханалық практика қағидаттарын іске асыру қағидаларын әзірлеу;

      4-18) техникалық реттеу тізілімін қалыптастыру, жүргізу және сүйемелдеу қағидаларын әзірлеу;

      4-19) техникалық регламенттерді әзірлеу;

      4-20) көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды бекіту және тіркеу жөніндегі қағидаларды әзірлеу;

      4-21) көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру жөніндегі қағидаларды әзірлеу;

      4-22) көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру қағидаларын әзірлеу;

      4-23) көлік құралын жасаушыға халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәліктің нысанын әзірлеу;

      4-24) аккредиттеу жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру;";

      6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) техникалық реттеу мәселелері бойынша сараптамалық кеңестермен, жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау;

      7) техникалық реттеу, сәйкестікті бағалау және сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету және техникалық реттеу мәселелері бойынша келіссөз позициясын қалыптастыру;";

      9), 16) және 21) тармақшалар алып тасталсын;

      22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "22) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың күшін жою туралы ұсыныстар дайындау;";

      27) тармақша алып тасталсын;

      30), 31), 32) және 33) тармақшалар алып тасталсын.

      10. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      1) орталық аппараттың функцияларында:

      алпыс үшінші абзац алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы екі жүз сексен төртінші, екі жүз сексен бесінші, екі жүз сексен алтыншы, екі жүз сексен жетінші, екі жүз сексен сегізінші және екі жүз сексен тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:

      "техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша құзыретіне кіретін мәселелер бойынша техникалық регламенттерді әзірлеу, бекіту, күшін жою, тоқтата тұру, сондай-ақ техникалық регламенттерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;

      техникалық реттеу саласында сараптамалық кеңестер құру;

      техникалық реттеу саласындағы сараптамалық кеңестердің құрамын және олар туралы ережелерді бекіту;

      техникалық регламенттерді, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және орындау;

      белгіленген құзырет шеңберінде тиісті техникалық регламенттер талаптарының сақталуына Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалған тәртіппен мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;

      техникалық регламенттерді немесе техникалық регламенттерге өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды әзірлеу туралы ұсыныстар дайындау және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға енгізу;";

      2) ведомствоның функциялары:

      мынадай мазмұндағы жүз жетпіс алтыншы абзацпен толықтырылсын:

      "техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша құзыретіне кіретін мәселелер бойынша техникалық регламенттерді әзірлеу;".

      11. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функцияларында:

      70) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "70) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша құзыретіне кіретін мәселелер бойынша техникалық регламенттерді әзірлейді, бекітеді, олардың күшін жояды, тоқтата тұрады, сондай-ақ техникалық регламенттерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;";

      мынадай мазмұндағы 70-1), 70-2), 70-3), 70-4, 70-5) және 70-6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "70-1) техникалық реттеу саласында сараптамалық кеңестер құрады;

      70-2) техникалық реттеу саласындағы сараптамалық кеңестердің құрамын және олар туралы ережелерді бекітеді;

      70-3) техникалық регламенттерді, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлейді және орындайды;

      70-4) сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және реттелетін салада сәйкестігі міндетті расталуға жататын өнім жөніндегі зертханаларды құру, жаңғырту және жарақтандыру жөнінде ұсыныстар дайындайды;

      70-5) Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігіне (ұлттық бөлігінен) сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды қосу немесе алып тастау жөніндегі жұмысқа қатысады;

      70-6) техникалық регламенттерді немесе техникалық регламенттерге өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды әзірлеу туралы ұсыныстар дайындайды және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға енгізеді;".