Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 94-бабының
2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары;
2) "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидалары;";
3) "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды және бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен2. "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 16-17, 91-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасында:
"Бағдарламаның паспорты" деген 1-бөлімде:
"Әзірлеу үшін негіздеме" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Әзірлеу үшін |
"Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы; |
";
"Кіріспе" деген 2-бөлімде:
"Негізгі терминдер мен анықтамалар" деген кіші бөлімде:
21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"21) кәсіпкер – өз қызметін Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектісі;";
мынадай мазмұндағы 32) тармақшамен толықтырылсын:
"32) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға (бұдан әрі – БЖЗҚ);
" Бағдарламаның мақсаттары, нысаналы индикаторлары, міндеттері, оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері" деген 4-бөлімде:
"Міндеттері" деген 4.3-кіші бөлімде:
"Іскерлік байланыстарды кеңейту жөніндегі нысаналы көрсеткіштер" деген 11-кестеде:
реттік нөмірі 2-жол алып тасталсын;
"Бағдарламаның басты бағыттары" деген 5-бөлімде:
5-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Жеке және тиімді жобаларын ауылдық елді мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда салалық шектеулерсіз іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлап отырған кәсіпкерлер, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде қатысушылар бола алады.
Банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру құралы бойынша Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде жеке және тиімді жобаларын елдің барлық өңірлерінде салалық шектеулерсіз іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлап отырған ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер қатысушылар бола алады.";
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақмен толықтырылсын:
"5-1. Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау құралы бойынша айналым қаражатын толықтыруға және (немесе) жобаның іске асырылатын орнына қарамастан әрі шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің тіркелген орнын есепке алмай салалық шектеулерсіз ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға БЖЗҚ қаражаты есебінен кредиттер алған (алатын) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері де қатысушылар бола алады.";
6-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тиімді инвестициялық жаңа жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады. ӨҮК-нің шешімі шыққан күннен бастап 2 (екі) жылдан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде кірістердің өсуін, жұмыс орындарының орташа жылдық санының ұлғаюын және бюджетке төленетін салықтар көлемінің 10 %-ға өсуін көздейтін жобалар жаңа тиімді инвестициялық жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобалар деп түсініледі.
Банктердің кредиттері бойынша, оның ішінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға бағытталған БЖЗҚ қаражаты есебінен берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау да Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген лимиттер шеңберінде жүзеге асырылады. Айналым қаражатын толықтыруға, сондай-ақ ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттер бойынша жоба іске асырылғаннан кейін жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту, кірістердің өсуі, бюджетке төленетін салықтар көлемінің тиісті көрсеткіштерден 10 %-ға өсуі талап етілмейді.";
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақмен толықтырылсын:
"7-1. Айналым қаражатын толықтыруға және (немесе) ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға БЖЗҚ қаражаты есебінен банктер берген (беретін) шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің кредиттері де субсидиялауға жатады.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттерді субсидиялау жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражат есебінен жүзеге асырылатын, сондай-ақ айналым қаражатын қаржыландыру:
1) негізгі құралдарды сатып алуға және (немесе) жаңғыртуға және (немесе) өндірісті кеңейтуге арналған, бірақ кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын кредит;
2) БЗЖҚ қаражаты шеңберінде жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, субсидиялау айналым қаражатын толықтыруға берілетін (берілген) кредиттер бойынша жүзеге асырылмайды.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 19 %-дан аспайтын, оның 10 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Кепілдік тиімді инвестициялық жаңа жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер бойынша ғана беріледі.
Қаржы агенттігінің шешімі шыққан күннен бастап 2 (екі) жылдан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде кірістердің өсуін, жұмыс орындарының орташа жылдық санының ұлғаюын және бюджетке төленетін салықтар көлемінің 10 %-ға өсуін көздейтін жобалар тиімді жобалар деп түсініледі.";
мынадай мазмұндағы 22-1-тармақмен толықтырылсын:
"22-1. Айналым қаражатын толықтыруға және (немесе) ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға БЖЗҚ қаражаты есебінен банктер берген (беретін) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері де кепілдендіруге жатады.";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Айналым қаражатын қаржыландыру:
1) айналым қаражатының мөлшері кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын негізгі құралдарды сатып алуға және (немесе) жаңғыртуға және (немесе) өндірісті кеңейтуге бағытталған кредит;
2) БЖЗҚ қаражаты шеңберінде жүзеге асырылған жағдайда ішінара кепілдік беру айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер/ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер/ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер үшін ішінара кепілдік беру айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 60 млн. теңгені қоса алғанға дейінгі банктердің кредиттері бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.";
26-тармақ алып тасталсын;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттер бойынша банктердің номиналды сыйақы мөлшерлемесі 19 %-дан аспайды.";
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"36. Мемлекеттік гранттарды мемлекет шағын кәсіпкерлік субъектілерінің, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлердің, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің, сондай-ақ әйелдердің, мүгедектердің және 50 жастан асқан тұлғалардың мемлекеттік гранттар беруге арналған өтінімдерін іріктеу жөнінде өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері арқылы береді. Бұл ретте Бағдарлама шеңберінде оқыту құрауыштары сертификатының болуы конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.";
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"42. Микрокредиттер ауылдық елді мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда қызметін жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне кейіннен кредит беру үшін ӨҮК шешімімен айқындалатын МУҰ-ға беріледі.";
50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"50. МУҰ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беру қағидаларында айқындалатын өлшемшарттарға сәйкес ХҚҰ-ға кредиттік ресурстар береді.";
56-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы қаржылай қолдау шарасын іске асыру мақсаты үшін МУҰ функцияларын "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ жүзеге асырады.";
78-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы қаржылай қолдау шарасын іске асыру мақсаты үшін МУҰ функцияларын "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ жүзеге асырады.";
"Екінші бағыт: экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық қолдау" деген кіші бөлімде:
94-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"94. Бағдарламаның екінші бағытына қатысушылар:
1) Бағдарламаға 1-қосымшада көрсетілген экономиканың басым секторларында;
2) Бағдарламаға 2-қосымшада көрсетілген ИИДМБ-да айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында өз жобаларын іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлап отырған тиімді кәсіпкерлер болып табылады";
"Банктердің/Даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау" деген кіші бөлімде:
95-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"95. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тиімді инвестициялық жаңа жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыруға берілетін жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады.
Тиімді инвестициялық жаңа жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобалар деп:
1) кәсіпкерлердің Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалаларында – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі) өтініш бергенге дейінгі өткен 3 (үш) жылда кірістерінің өсуіне және бюджетке төленетін салықтар көлемінің 20 %-ға өсуіне қол жеткізген орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектілерінің;
2) ӨҮК шешімі шыққан күннен бастап 2 (екі) қаржылық жылдан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде кірістердің өсуін, жұмыс орындарының орташа жылдық санының ұлғаюын және бюджетке төленетін салықтар көлемінің 10 %-ға өсуін қамтамасыз ететін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары түсініледі.
Банктердің кредиттері бойынша, оның ішінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың айналым қаражатын толықтыруға бағытталған, БЖЗҚ қаражаты есебінен берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау да Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген лимиттер шеңберінде жүзеге асырылады. Айналым қаражатын толықтыруға, сондай-ақ ағымдағы міндеттемелерді қаржыландыруға бағытталған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талаптар қолданылмайды.";
мынадай мазмұндағы 95-1-тармақпен толықтырылсын:
"95-1. Айналым қаражатын толықтыруға және (немесе) ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға БЖЗҚ қаражаты есебінен банктер берген (беретін) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері де субсидиялауға жатады.";
98-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"98. Айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттерді субсидиялау жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражат есебінен жүзеге асырылатын, сондай-ақ айналым қаражатын қаржыландыру:
1) негізгі құралдарды сатып алуға және (немесе) жаңғыртуға және (немесе) өндірісті кеңейтуге арналған, бірақ кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын кредит;
2) БЗЖҚ қаражаты шеңберінде жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, субсидиялау айналым қаражатын толықтыруға берілетін (берілген) кредиттер бойынша жүзеге асырылмайды.";
108 және 109-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"108. Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында іске асырылатын жобалар бойынша субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 19 %-дан аспайтын, оның 7 %-ына мемлекет өтемақы төлейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады.
109. ИИДМБ-де айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында іске асырылатын жобалар бойынша субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 19 %-дан аспайтын, олардың 10 %-ына мемлекет өтемақы төлейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады.";
115-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) деңгейлерінің көлемі 2-ден кем емес, тұрақ коэффициенті сауда алаңының 40 шаршы метріне 1 орыннан кем емес.";
117-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"117. Ішінара кепілдік беру жаңа тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер бойынша ғана ұсынылады.
Тиімді инвестициялық жаңа жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобалар деп:
кәсіпкердің 180 млн. теңгеден асатын кредиттері бойынша Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалаларында – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне)/180 млн. теңгеге дейінгі кредиттері бойынша Қаржы агенттігіне өтініш бергенге дейінгі өткен 3 (үш) жылда кірістерінің өсуіне және бюджетке төленетін салықтар көлемінің 20 %-ға өсуіне қол жеткізген орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектілерінің;
180 млн. теңгеден асатын кредиттер бойынша ӨҮК-нің шешімін/180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша Қаржы агенттігінің шешімін алған күннен бастап 2 (екі) қаржылық жылдан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде кірістің өсуін, жұмыс орындарының орташа жылдық санының ұлғаюын және бюджетке төленетін салықтар көлемінің 10 %-ға өсуін көздейтін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары түсініледі.";
мынадай мазмұндағы 117-1-тармақпен толықтырылсын:
"117-1. Айналым қаражатын толықтыруға және (немесе) ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға БЖЗҚ қаражаты есебінен банктер берген (беретін) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері де кепілдендіруге жатады.";
118-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"118. Айналым қаражатын қаржыландыру:
1) айналым қаражаты кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын негізгі құралдарды сатып алуға және (немесе) жаңғыртуға және (немесе) өндірісті кеңейтуге бағытталған кредит;
2) БЖЗҚ қаражаты шеңберінде жүзеге асырылған жағдайда ішінара кепілдік беру айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
Жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер үшін ішінара кепілдік беру айналым қаражаттарын толықтыруға бағытталған 60 млн. теңгені қоса алғанға дейінгі банктердің кредиттері бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.";
123-тармақ алып тасталсын;
127-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"127. Кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттер бойынша банктердің сыйақы мөлшерлемесі 19 %-дан аспайды. Кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттер бойынша даму банкінің сыйақы мөлшерлемесі 13 %-дан аспайды.";
167-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Жаңа тұрақты жұмыс орындарын құрудың шекті күні ӨҮК шешімінде көрсетіледі.";
186-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) іскерлік байланыстарды кеңейтудің функционалдық бағыты бойынша: шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату.";
194-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"194. Қаржы агенттігінің өңірлік филиалдары жанындағы КҚКО-ны ұстауға және оның жұмыс істеуіне арналған шығыстарды қаржыландыру қаржы агенттігінің жеке қаражаты есебінен, қаржылай емес қолдау операторының жанындағы – қаржылай емес қолдау операторының жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылады.";
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) өтініш беруші белгіленген нысанда қаржы агенттігіне оқытуға өтінім береді. Бұл ретте Өтініш беруші жобаны іске асыруға байланысты мониторингті немесе өзге де іс-қимылдарды жүргізу үшін қажетті барлық мәліметтер мен деректерді ұсыну туралы жазбаша міндеттемеге қол қояды. Қаржы агенттігі уәкілетті орган айқындайтын квоталарға сәйкес жиынтық өтінімді қалыптастырады және оларды уәкілетті органға келісуге жібереді;";
3) және 4) тармақшалар алып тасталсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) уәкілетті орган Бағдарламаға қатысушылардың келісілген тізбесін "Назарбаев Университеті" ДБҰ-ға жібереді.";
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Қаржы агенттігі "Назарбаев Университет" ДБҰ-мен бірге Бағдарламаға қатысушылардың кәсіпорынды дамыту бойынша қызметін мониторингтеуді жүзеге асырады.";
270-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) құжаттардың толық топтамасы ұсынылған жағдайда, құрауыш операторы ұсынылған өтінімді және оған қоса берілетін құжаттарды белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеруді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1128 бұйрығымен бекітілген Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларында (бұдан әрі – Өтеу қағидалары) көзделген тәртіппен 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырады;";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Кәсіпкерлердің және кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындардың өтінімдерін:
1) лицензия және рұқсат алу мәселелері бойынша – мемлекеттік органдарда;
2) кредиттер алу мәселелері бойынша – екінші деңгейдегі банктерде;
3) мемлекеттік қолдау шараларын алу мәселелері бойынша – даму институттарында сүйемелдеу.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) саласындағы:
1) жеке әріптесті айқындау жөніндегі конкурс шеңберінде әлеуетті жеке әріптестің конкурстық өтінімін дайындау бойынша;
2) жеке әріптесті айқындау шеңберінде МЖӘ жобасының тұжырымдамасын әзірлеу бойынша;
3) МЖӘ шарттарын дайындау және бекіту бойынша;
4) МЖӘ жобаларын іске асыру мәселелері бойынша консультация.";
302-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"302. Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасы шеңберіндегі қолдау қызметін экономиканың басым секторлары мен ИИДМБ-да анықталған өңдеуші өнеркәсіп салаларында және моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде салалық шектеулерсіз жүзеге асыратын, сондай-ақ қаржылық тұрғыдан орнықты және өсу әлеуеті жоғары және Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын консультациялық жоба шығындарының жалпы құнының бір бөлігін жабуға әзір шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне ұсынылады.";
305-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) қызмет саласы – экономиканың барлық басым секторлары мен ИИДМБ-де анықталған өңдеуші өнеркәсіп салаларындағы және моноқалалардағы, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердегі салалық шектеулерсіз қызмет;";
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) өтініш беруші ЕҚДБ шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі бағдарламасының жәрдемімен қолдау алуға өтінімді және қажетті құжаттар топтамасын (оның ішінде Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасының стандартты нысанына сәйкес толтырылған өтінімнің түпнұсқасы, құрылтай құжаттарының көшірмелері, алдыңғы өткен толық екі жыл және өтінім берген кездегі ағымдағы қаржы кезеңі үшін қаржылық есептердің көшірмелері) ЕҚДБ-ға ұсынады;";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) ЕҚДБ маманы Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасына қатысуға өтініш берушілердің жиынтық тізбесін қалыптастырады және мүдделі кәсіпорындар туралы ақпаратты тіркеумен және сақтаумен айналысады, Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасына қатысуға мақұлдау алған кәсіпкерлердің жиынтық тізбесін қаржы агенттігіне хабардар ету мақсатында ұсынады;";
361-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN және т.б.) сәйкес өнім мен сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау жөніндегі шығындардың бір бөлігін өтеу тәртібі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 1164 бұйрығымен бекітілген Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларында белгіленеді.";
"Функционалдық бағыт: іскерлік байланыстарды кеңейту" деген бөлімде:
"Отандық өңделген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді ілгерілету" құралы" деген кіші бөлімі және 378, 379, 380, 381, 382, 383, 384, 385, 386, 387, 388, 389, 390-тармақтар алып тасталсын;
"Бағдарламаны іске асыру мониторингі" деген кіші бөлімде:
400-тармақтың 3) тармақшасының бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Бағдарлама нәтижелілігінің аудиті – КҚКО базасындағы форматқа сәйкес семинар өткізу жолымен жыл сайын.
Бағдарлама нәтижелілігі аудитінің нәтижелері есепті жылдан кейінгі қаржы жылының шілдесінен кешіктірмей қаржылай емес қолдау операторы уәкілетті органға беретін Бағдарлама тиімділігінің кешенді талдамалық есебіне қосылады.";
"Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимыл жасауы" деген кіші бөлімде:
407, 408-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"407. Бағдарлама тиімділігінің жылдық кешенді талдамалық жалпы есебін қалыптастыру мақсатында қаржы агенттігі есепті жылдан кейінгі жылдың сәуірінен кешіктірмей Бағдарламаның бірінші, екінші және үшінші бағыттары мониторингінің нәтижелерін қаржылай емес қолдау операторы мен уәкілетті органға жібереді.
408. Кәсіпкерлер кәсіпкерлік қызметті қолдаудың қаржылық шараларына мониторинг жүргізу мақсаты үшін қаржы агенттігіне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне Қазақстан Республикасының салықтық заңнамасына сәйкес салықтық құпия болып табылатын мына:
1) кәсіпкер кірісінің өсу серпінін қаржы агенттігінің айқындауы үшін кірістер;
2) қаржы агенттігінің кәсіпкер жұмыс орындарының орташа жылдық санының өсуін айқындауы үшін жұмыскерлер саны;
3) жұмыскерлердің есептелген кірістері және жеке тұлғаларға өзге де төлемдер бойынша шығыстар;
4) бір жұмыскердің орташа айлық жалақысы;
5) қаржы агенттігінің кәсіпкердің бюджетке салық төлемдерінің ұлғаю серпінін айқындауы үшін салық төлемдері сомасы туралы мәліметтерді қаржы агенттігіне ұсынуға келісім беру туралы өтініш береді.
Кәсіпкердің кірісінің, жұмыскерлерінің орташа жылдық санының өсу, салықтық төлемдерінің ұлғаю серпінін айқындау үшін қаржы агенттігі Кәсіпкердің салықтық есептілігінің тиісті нысандарында көрсетілген ақпаратты пайдаланады. Кәсіпкердің кірісінің, жұмыскерлерінің орташа жылдық санының өсу, салықтық төлемдерінің ұлғаю серпінін есептеу кезіндегі есепті күн ӨҮК шешімі қабылданған күнге қарамастан, келесі қаржы жылының басы болып табылады.";
"Бағдарламаның критерийлері" деген кіші бөлімде:
2) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"банктердің/Даму банкінің/ лизингтік компаниялардың сыйақы мөлшерлемесі Бағдарлама шеңберінде арзандатылған кредиттерін/лизингтік мәмілелерін қоспағанда, сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражаты есебінен арзандатылған;";
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) ұлттық және шетелдік валюталарда кредит беруге жол берілетін Бағдарламаның үшінші бағытын қоспағанда, кәсіпкердің кредиті/лизингтік мәмілесі/микрокредиті ұлттық валютада берілуге тиіс.";
418-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"418. Бағдарлама шеңберінде субсидиялауға бөлінген және ағымдағы қаржы жылында Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері/Бағдарламаның жергілікті үйлестірушілері/қаржы агенттігі/МУҰ пайдаланбаған қаражат кезекті қаржы жылы жобаларды, оның ішінде кезекті қаржы жылында мақұлданған жобаларды субсидиялауға пайдаланылуы мүмкін.";
424-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Бұл ретте кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау құралы бойынша Бағдарламаға қатысушылар қаржы агенттігі белгілеген мерзімдерде кәсіпкерлер және олармен жасалған субсидиялау шарттары бөлінісінде субсидиялар сомасын уақтылы есептен шығаруды көздейтін МТ102 форматындағы файл алмасуды автоматтандыруды қаржы агенттігімен бірлесіп іске асырған банктер/банктер-төлем агенттері болуы мүмкін.";
"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасына 2-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген |
"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары
Осы "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленді және жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері/лизингтік компаниялардың қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шарттары мен тетігін айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Кәсіпкерлердің екінші деңгейдегі банктер/лизингтік компаниялар берген кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады.
2. Субсидиялау кәсіпкерлер кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы ретінде төлейтін шығыстардың бір бөлігін өтеу үшін пайдаланылады және мемлекеттің бизнеспен өзара іс-қимылының тиімді тетіктері арқылы жүзеге асырылады.
3. Қаржы агенттігінің көрсетілетін қызметтеріне уәкілетті орган республикалық бюджет қаражатының есебінен ақы төлейді.
4. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өзара жасалған субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың негізінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржы агенттігіне аударады. "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберіндегі субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанынhttps://doc2015.zan.kz/sites/rcpi/Documents/Forms/NpaDocSet/docsethomepage.aspx?ID=695103&FolderCTID=0x0120D5200200A42061C80275496B9B6D0948649D355500A55E4A3BF036A546882B5759F2542798&List=f9b54558-9cd8-4726-b22a-9619736a6c84&RootFolder=%2Fsites%2Frcpi%2FDocuments%2FS53W59W%2F695103&RecSrc=%2Fsites%2Frcpi%2FDocuments%2FS53W59W%2F695103 кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.06.2017 № 373 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).5. Субсидиялау нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген лимиттер шеңберінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.06.2017 № 373 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).2. Терминдер мен анықтамалар
6. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) банк – Бағдарламаға қатысатын екінші деңгейдегі банк;
2) Даму банкі – "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы және/немесе оның үлестес лизингтік компаниясы;
3) банк-төлем агенті – лизингтік компанияның уәкілетті банкі, ол қаржы агенттігімен келісілуге тиіс және лизингтік компанияның жобалар бойынша субсидияларды аудару мен есептен шығаруға арналған арнайы шотын жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға тиіс;
4) банктік кредит (бұдан әрі – кредит) – мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және нысаналы пайдалану шарттарында банктік қарыз шартының негізінде кәсіпкерге банк беретін ақша сомасы;
4-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік – мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасындағы "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған белгілерге сәйкес келетін ынтымақтастық нысаны.
5) ИИДМБ – Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама;
6) субсидиялау шарты – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша қаржы агенттігі, банк/лизингтік компания мен кәсіпкер арасында жасалатын үшжақты жазбаша келісім, оның шарттары бойынша қаржы агенттігі кәсіпкердің банк/лизингтік компания берген кредиті/лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесін ішінара субсидиялайды;
7) қаржылық лизинг шарты – лизингтік компания/банк пен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша лизингтік компания/банк кәсіпкерге қаржылық лизинг береді;
8) банктік қарыз шарты – банк пен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша банк кәсіпкерге кредит береді. Кредиттік желі ашу туралы келісім де банктік қарыз шартына жатады;
9) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға (бұдан әрі – БЖЗҚ);
10) лизингтік компания – Бағдарламаға қатысатын лизингтік компания;
11) лизингтік мәміле (лизинг) – лизингке қатысушылардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған келісілген іс-қимыл жиынтығы;
12) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі – облыс әкімі айқындайтын, кәсіпкерлерді Бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттарды дайындау және жинау бойынша консультациялық сүйемелдеуді жүзеге асыратын қаланың/ауданның құрылымдық бөлімшесі;
13) ЭҚЖЖ (бұдан әрі – Бағдарлама шеңберіндегі экономиканың басым секторлары) – Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес экономиканың басым секторлары;
14) кәсіпкер – өз қызметін Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асыратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі;
15) жоба – бизнестің әртүрлі бағыттарында кіріс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет ретінде кәсіпкер жүзеге асыратын іс-әрекет пен іс-шаралар жиынтығы. Бір жоба шеңберінде бірнеше банктік кредит/лизингтік мәміле алуға болады;
16) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі – облыс (астана, республикалық маңызы бар қала) деңгейінде Бағдарламаны іске асыруға жауапты, облыс (астана, республикалық маңызы бар қала) әкімі айқындайтын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
17) Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК) – облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері құратын және басқаратын, жалпы санының кемінде 50 %-ына бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысатын консультативтік-кеңесші орган;
18) субсидиялау – кәсіпкердің банкке/лизингтік компанияға кредиттер/лизинг бойынша сыйақы ретінде төлейтін шығыстарын болашақта Кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын белгілі бір шарттарды орындауға айырбас ретінде ішінара өтеу үшін пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылық қолдау нысаны;
19) субсидиялар – қаржы агенттігі субсидиялау шарттарының негізінде кәсіпкерлерді субсидиялау шеңберінде өтеусіз және қайтарымсыз негізде банкке/лизингтік компанияға төлейтін мерзімді төлемдер;
20) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;
21) қаржы агенттігі – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.3. "Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау" бірінші бағытының шеңберінде субсидиялар беру шарттары
7. Ауылдық елді мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда өздерінің жобаларын және тиімді жобаларды іске асырып жатқан және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер Бағдарламаның бірінші бағытына салалық шектеусіз және кәсіпкердің тіркелген жерін есепке алмай қатыса алады.
Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде қатысуға жобаның іске асырылу орнына қарамастан және шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің тіркеу орнын есепке алмай салалық шектеулерсіз айналым қаражатын толықтыруға және (немесе) ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға БЖЗҚ қаражаты есебінен кредиттер алған (алатын) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері де жіберіледі.
8. Мыналар:
1) Даму банкін қоспағанда, мемлекеттік даму институттары кредиторы болып табылатын, сондай-ақ банктердің/Даму банкінің/лизингтік компаниялардың сыйақы мөлшерлемесі Бағдарлама шеңберінде арзандатылған кредиттерді/лизингтік мәмілелерді қоспағанда, сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражатының есебінен арзандатылған кредиттер/лизингтік мәмілелер;
2) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;
3) қонақүйлер немесе қонақүй кешендерін сатып алуға берілген;
4) овердрафт түріндегі;
5) қайтарымды, қайталама немесе қосалқы лизинг бойынша кредиттер/қаржылық лизинг шарттары субсидиялауға жатпайды.
9. Кәсіпкерге Бағдарламаның барлық құралдары шеңберінде кешенді қолдау көрсетілуі мүмкін.
10. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тиімді инвестициялық жаңа жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады. ӨҮК/қаржы агенттігінің шешімі шыққан күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде кірістердің өсуін және жұмыс орындарының орташа жылдық санының 10 %-ға ұлғаюын көздейтін жобалар жаңа тиімді инвестициялық жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобалар деп түсініледі.
БЖЗҚ қаражаты есебінен айналым қаражатын толықтыруға және (немесе) ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға банктер берген (беретін)
шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің кредиттері де субсидиялауға жатады.
Банктердің кредиттері бойынша, оның ішінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға бағытталған, БЖЗҚ қаражаты есебінен берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау да республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінген лимиттер шеңберінде жүзеге асырылады. Айналым қаражатын толықтыруға, сондай-ақ ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттер бойынша жоба іске асырылғаннан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту және кірістердің тиісті көрсеткіштерден 10 %-ға өсуі талап етілмейді.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен10-1. Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау мұндай жобаны кәсіпкер одан әрі өзі пайдаланған жағдайда, салалық шектеулерсіз мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберіндегі жобаларды іске асыруға берілетін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша да жүзеге асырылады.
Ескерту. 3-тарау 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.11. Жоба ӨҮК-ге шығарылғанға дейін 12 ай ішінде банктер/Даму банкі/лизингтік компаниялар бұрын берген кредиттер/қаржылық лизинг шарттары да жаңа кредиттерге/қаржылық лизинг шарттарына жатады.
12. Кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған, жоба ӨҮК-ге шығарылғанға дейін 4 жыл ішінде (мерзім алғашқы кредит/лизинг берілген күннен бастап есептеледі) банктер/Даму банкі/лизингтік компаниялар бұрын берген және Бағдарлама өлшемшарттарына сәйкес келетін кредиттер/лизингтік мәмілелер де субсидиялауға жатады.
13. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражат есебінен жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ айналым қаражатын қаржыландыру:
1) негізгі құралдарды сатып алуға және (немесе) жаңғыртуға және (немесе) өндірісті кеңейтуге арналған, бірақ кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын кредит;
2) БЖЗҚ қаражаты шеңберінде жүзеге асырылған кезде субсидиялау айналым қаражатын толықтыруға берілетін (берілген) кредиттер бойынша жүзеге асырылмайды.
14. Қайта бастау негізінде берілген айналым қаражатын толықтыруға берілген кредиттер бойынша субсидиялауға жол беріледі. Айналым қаражатын толықтыруға кредитті қайта бастау мүмкіндігінің шарттары ӨҮК шешімінде көрсетілуі тиіс.
15. 100 %-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 60 млн. теңгеге дейінгі кредиттерге кепілдік берген кезде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға рұқсат етіледі.
16. 180 млн. теңгеден астам кредиттер/ қаржылық лизинг шарттары бойынша кәсіпкер жобаны іске асыруға өз қаражатының (ақшалай қаражатының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің) қатысуын, оның ішінде қамтамасыз етуге ұсынылатын үшінші тұлғалардың мүлкімен жобаны іске асырудың жалпы құнының 10 %-ынан төмен емес деңгейде қатысуын қамтамасыз етуге тиіс. Кәсіпкердің жобаға өз құралдарымен (ақшалай қаражатпен/жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) қатысу талаптары ӨҮК шешімінде көрсетіледі.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен17. Кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттемелердің орындалуына жобаны іске асыруға тікелей қатыспайтын жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз ету ұсынылған жағдайда, бұл мүлік жобаға өзінің қатысуы ретінде қаралмайды.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен18. Бұл ретте сомасы 180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер/ қаржылық лизинг шарттары бойынша жобаны іске асыруға өзінің қатысуы талап етілмейді.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен19. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттің/қаржылық лизинг шартының сомасы бір кәсіпкер үшін 750,0 млн. теңгеден аспауға тиіс және онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі.
Бағдарламада белгіленген лимиттер шеңберінде субсидияланатын кредит бойынша негізгі қарыз ішінара/толығымен мерзімінен бұрын өтелген жағдайда кәсіпкерлердің кредиттерін субсидиялауға жол беріледі.
20. Кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылды құрайды. Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылды құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалған жағдайда, субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.
2018 жылғы 1 қаңтарға дейін субсидиялау мерзімі үш жылға мақұлданған жобалар бойынша ӨҮК ұзарту мақұлданған күні қолданыста болатын шарттар бойынша қосымша екі жылға ұзартылуы мүмкін (субсидиялаудың жалпы мерзімі жоба бойынша бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап бес жылдан аспайды).
Субсидиялау шартының қолданылу мерзімін ұзарту 3 (үш) жыл өткеннен кейін ӨҮК мақұлдаған кезде республикалық бюджеттен субсидиялау үшін қаражат болған жағдайда ғана, субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 60 күн бұрын ӨҮК-ке қарауға берілген банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның қолдаухаты негізінде жүзеге асырылады.
ӨҮК-тің қолданыстағы субсидиялау шартын ұзарту/ұзартпау туралы шешімі субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 45 күн бұрын қабылдануға тиіс. Бұл ретте ӨҮК қолданыстағы субсидиялау шартын ұзарту туралы оң шешім қабылдаған жағдайда, қаржы агенттігі қолданыстағы субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін банктің/даму банкінің лизингтік компанияның/ кәсіпкердің субсидиялау шартына қосымша келісімге қол қоюын қамтамасыз етеді.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен21. Кредитті Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражат есебінен субсидиялау кезінде кредиттер бойынша субсидиялау мерзімі 18 (он сегіз) айдан аспайды, субсидиялау мерзімі ұзартылмайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалатын болса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.
22. Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезіндегі субсидиялау мерзімі қаржы агенттігі қайта қаржыландыру жүзеге асырылған кредитор – банкте/лизингтік компанияда бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.
23. Кәсіпкерлердің субсидиялау құралы бойынша ӨҮК-те мақұлданған жобаларын басқа банктер/лизингтік компаниялар (Даму банкі) субсидиялаудың бұрын мақұлданған шарттарымен қайта қаржыландыруы мүмкін.
24. Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның номиналды мөлшерлемесінің 50 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен24-1. Шекті сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және банктің/лизинтік компанияның кәсіпкер жобасы бойынша шешімі шыққан кезде қолданыста болған базалық сыйақы мөлшерлемесі есепке алынады.
Ескерту. Қағида 24-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен25. Бағдарлама шеңберінде банк/Даму банкі/лизингтік компания:
1) кредит беру/қаржылық лизинг шарты талаптарының кәсіпкер бастамасымен өзгеруіне байланысты;
2) кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттемелерді кәсіпкердің бұзуы себебінен өндіріп алынатын;
3) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланысты;
4) қаржылық лизинг шартын орындауға байланысты (басқа ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, лизинг нысанасын арнаулы органдардың тіркеуі бойынша көрсетілетін қызметтерін, банктердің көрсетілетін қызметтерін және т.б. өтеу) комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке/қаржылық лизинг шартын жасасуға байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.
26. ӨҮК қолданыстағы кредитті/қаржылық лизинг шартын субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, онда банк/Даму банкі/лизингтік компания кәсіпкерге ағымдағы қаржы жылында бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өтейді.
26-1. Банк/даму банкі/лизингтік компания бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді тиісті қаржы жылы кәсіпкерге уақтылы өтемеген жағдайда, банк/даму банкі/лизингтік компания қаржы агенттігіне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.
Ескерту. Қағида 26-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен27. Лизингтің мынадай нысандары мен түрлері субсидиялауға жатады: ішкі лизинг, банктік лизинг, толық лизинг және таза лизинг.
4. "Экономиканың басым секторларындағы және өңдеуші өнеркәсіп салаларындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық қолдау" екінші бағытының шеңберінде субсидиялар беру шарттары
28. Мынадай:
1) Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында іске асырылатын жобаларды;
2) ИИДМБ-да айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында және көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінде іске асырылатын жобаларды іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын тиімді кәсіпкерлер Бағдарламаның екінші бағытына қатыса алады.
Ескерту. 28-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.06.2017 № 373 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).29. Мыналар:
1) Даму банкін қоспағанда, мемлекеттік даму институттары кредиторы болып табылатын, сондай-ақ банктердің/Даму банкінің/лизингтік компаниялардың сыйақы мөлшерлемесі Бағдарлама шеңберінде арзандатылған кредиттерді/лизингтік мәмілелерді қоспағанда, сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражатының есебінен арзандатылған кредиттер/лизингтік мәмілелер;
2) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;
3) қонақүйлер немесе қонақүй кешендерін сатып алуға берілген;
4) овердрафт түріндегі;
5) қайтарымды, қайталама немесе қосалқы лизинг бойынша кредиттер/қаржылық лизинг шарттары субсидиялауға жатпайды.
30. Кәсіпкерге Бағдарламаның барлық құралдары шеңберінде кешенді қолдау көрсетілуі мүмкін.
31. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тиімді инвестициялық жаңа жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады.
Мыналардың:
1) кәсіпкер Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне/қаржы агенттігіне өтініш бергенге дейінгі алдыңғы 3 (үш) жылда кірістерінің 20 %-ға өсуіне қол жеткізген орта кәсіпкерлік субъектілерінің;
2) ӨҮК/қаржы агенттігінің шешімі шыққан күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде кірістердің өсуін, жұмыс орындарының орташа жылдық санының 10%-ға ұлғаюын көздейтін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары тиімді инвестициялық жаңа жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобалар деп түсініледі.
Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында, ИИДМБ-да айқындалған өңдеу өнеркәсібінің салаларында және жекелеген қызметтер түрлерінде іске асырылатын жобалар шеңберінде БЖЗҚ қаражаты есебінен айналым қаражатын толықтыруға және (немесе) ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға банктер берген (беретін) шағын және орташа кәсіпкерлік кредиттері де субсидиялауға жатқызылады.
Банктердің кредиттері бойынша, оның ішінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға бағытталған,
БЖЗҚ қаражаты есебінен берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау да республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінген лимиттер шеңберінде жүзеге асырылады. Айналым қаражатын толықтыруға, сондай-ақ ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бағытталған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талаптар қолданылмайды.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен31-1. Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жобалар Бағдарламаға 1-қосымшада көрсетілген экономиканың басым секторларына немесе ИИДМБ-да айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларына және көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлеріне сәйкес болған жағдайда, сондай-ақ мұндай жобаны кәсіпкер одан әрі өзі пайдаланған жағдайда, мұндай жобаларды мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде іске асыру үшін берілетін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша да жүзеге асырылады.
Ескерту. 4-тарау 31-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.06.2017 № 373 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).32. Жоба ӨҮК-ге шығарылғанға дейін 12 ай ішінде банктер/Даму банкі/лизингтік компаниялар бұрын берген кредиттер/қаржылық лизинг шарттары да жаңа кредиттерге/қаржылық лизинг шарттарына жатады.
33. Кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған, жоба ӨҮК-ге шығарылғанға дейін 4 жыл ішінде (мерзім алғашқы кредит/лизинг берілген күннен бастап есептеледі) банктер/Даму банкі/лизингтік компаниялар бұрын берген және Бағдарлама өлшемшарттарына сәйкес келетін кредиттер/лизингтік мәмілелер де субсидиялауға жатады.
34. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражат шеңберінде жүзеге асырылатын, сондай-ақ айналым қаражатын қаржыландыру:
1) негізгі құралдарды сатып алуға және (немесе) жаңғыртуға және (немесе) өндірісті кеңейтуге арналған, бірақ кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын кредит;
2) БЖЗҚ қаражаты шеңберінде жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, субсидиялау айналым қаражатын толықтыруға берілетін (берілген) кредиттер бойынша жүзеге асырылмайды.
35. Қайта бастау негізінде берілген айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттер бойынша субсидиялауға жол беріледі. Айналым қаражатын толықтыруға арналған кредитті қайта бастау мүмкіндігінің шарттары ӨҮК шешімінде көрсетілуі тиіс.
36. 100 %-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 60 млн. теңгеге дейінгі кредиттерге кепілдік берген кезде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға рұқсат етіледі.
37. 180 млн. теңгеден жоғары кредиттер бойынша кәсіпкер жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-ы деңгейінде жобаны іске асыруға өзінің құралдарының (ақша қаражатының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің), оның ішінде қамтамасыз етуге ұсынылған үшінші тұлғалардың мүлкімен қатысуын қамтамасыз етуге тиіс. Жобаға кәсіпкердің өзінің құралдарымен (ақша қаражатымен, жылжымалы/жылжымайтын мүлкімен) қатысу шарттары ӨҮК шешімінде көрсетіледі.
38. Кредит бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етуге жобаны іске асыруға тікелей қатыспайтын жылжымалы/жылжымайтын мүлік ұсынылған жағдайда, аталған мүлік жобаға өзінің қатысуы ретінде қаралмайды.
39. Бұл ретте сомасы 180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер бойынша жобаны іске асыруға өзінің қатысуы талап етілмейді.
40. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттің/қаржылық лизинг шартының сомасы бір кәсіпкер үшін 2,5 млрд. теңгеден аспауға тиіс және онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі.
Бағдарламада белгіленген лимиттер шеңберінде субсидияланатын кредит бойынша негізгі борыш мерзімінен бұрын ішінара/толығымен өтелген жағдайда, кәсіпкерлердің кредиттерін субсидиялауға рұқсат етіледі.
Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен41. Инвестицияларға бағытталған кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылды құрайды. Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылды құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалған жағдайда, субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.
2018 жылғы 1 қаңтарға дейін субсидиялау мерзімі үш жылға мақұлданған жобалар бойынша ӨҮК ұзарту мақұлданған күні қолданыста болатын шарттар бойынша қосымша екі жылға ұзартылуы мүмкін (субсидиялаудың жалпы мерзімі жоба бойынша бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап бес жылдан аспайды).
Субсидиялау шартының қолданылу мерзімін ұзарту 3 (үш) жыл өткеннен кейін ӨҮК мақұлдаған кезде республикалық бюджеттен субсидиялау үшін қаражат болған жағдайда ғана, субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 60 күн бұрын ӨҮК-ке қарауға берілген банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның қолдаухаты негізінде жүзеге асырылады.
ӨҮК-тің қолданыстағы субсидиялау шартын ұзарту/ұзартпау туралы шешімі субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 45 күн бұрын қабылдануға тиіс. Бұл ретте ӨҮК қолданыстағы субсидиялау шартын ұзарту туралы оң шешім қабылдаған жағдайда, қаржы агенттігі қолданыстағы субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін банктің/даму банкінің лизингтік компанияның/ кәсіпкердің субсидиялау шартына қосымша келісімге қол қоюын қамтамасыз етеді.
Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен42. Кредитті Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражат есебінен субсидиялау кезінде кредиттер бойынша субсидиялау мерзімі 18 (он сегіз) айдан аспайды, субсидиялау мерзімі ұзартылмайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалатын болса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.
43. Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезіндегі субсидиялау мерзімі қаржы агенттігі қайта қаржыландыру жүзеге асырылған кредитор – банкте/лизингтік компанияда бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.
44. Кәсіпкерлердің субсидиялау құралы бойынша ӨҮК-те мақұлданған жобаларын басқа банктер/лизингтік компаниялар/Даму банкі субсидиялаудың бұрын мақұлданған шарттарымен қайта қаржыландыруы мүмкін.
45. Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында іске асырылатын жобалар бойынша субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның номиналды мөлшерлемесінің 40 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады.
Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен46. ИИДМБ-да айқындалған өңдеу өнеркәсібінің басым салаларында іске асырылатын жобалар бойынша субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның номиналды мөлшерлемесінің 50 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады.
Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен46-1. Шекті сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және банктің/лизингтік компанияның кәсіпкер жобасы бойынша шешімі шыққан кезде қолданыста болған базалық сыйақы мөлшерлемесі есепке алынады.
Ескерту. Қағида 46-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен47. Даму банкінің кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 13 %-дан аспайтын, оның 5 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
48. Бағдарлама шеңберінде банк/Даму банкі/лизингтік компания:
1) кредит беру/қаржылық лизинг шарты талаптарының кәсіпкер бастамасымен өзгеруіне байланысты;
2) кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттемелерді кәсіпкердің бұзуы себебінен өндіріп алынатын;
3) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланысты;
4) қаржылық лизинг шартын орындауға байланысты (басқа ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, лизинг нысанасын арнаулы органдардың тіркеуі бойынша көрсетілетін қызметтерін, банктердің көрсетілетін қызметтерін және т.б. өтеу) комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке/қаржылық лизинг шартын жасасуға байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.
49. ӨҮК қолданыстағы кредитті/қаржылық лизинг шартын субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, онда банк/Даму банкі/лизингтік компания кәсіпкерге ағымдағы қаржы жылында бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өтейді.
50. Қазіргі заманғы форматтағы сауда объектілерін салу жобалары бойынша субсидиялауға жол беріледі. Бұл ретте қазіргі заманғы форматтағы сауда объектілерін салу жобалары мынадай өлшемшарттарға сәйкес келуге тиіс:
1) Астана және Алматы қалаларында сауда алаңы кемінде 5 мың шаршы метр;
2) облыстарда кемінде 2 мың шаршы метр;
3) деңгейлер саны кемінде 2, тұрақ коэффициенті кемінде ауданның 40 шаршы метріне 1 орын.
51. Лизингтің мынадай нысандары мен түрлері субсидиялауға жатады: ішкі лизинг, банктік лизинг, толық лизинг және таза лизинг.
5. "Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету" үшінші бағытының шеңберінде субсидиялар беру шарттары
52. Мыналар:
1) Даму банкін (банк және Даму банкі бұдан әрі банк деп аталады) қоспағанда, мемлекеттік даму институттары кредиторы болып табылатын, сондай-ақ банктердің/Даму банкінің/лизингтік компаниялардың сыйақы мөлшерлемесі Бағдарлама шеңберінде арзандатылған кредиттерді/лизингтік мәмілелерді қоспағанда, сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражатының есебінен арзандатылған кредиттер/лизингтік мәмілелер;
2) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;
3) қонақүйлер немесе қонақүй кешендерін сатып алуға берілген;
4) овердрафт түріндегі;
5) қайтарымды, қайталама немесе қосалқы лизинг бойынша кредиттер/қаржылық лизинг шарттары субсидиялауға жатпайды.
53. Субсидиялау негізгі құралдарды сатып алуға және (немесе) жаңғыртуға және (немесе) өндірісті кеңейтуге және (немесе) айналым қаражатын толықтыруға және (немесе) қайта қаржыландыруға берілген кредиттер/ қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
54. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттің/қаржылық лизинг шартының сомасы бір кәсіпкер үшін 2,5 млрд. теңгеден аспауға тиіс және онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі.
Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жүзеге асырылатын валюталық кредиттер бойынша сомалар бір кәсіпкер үшін 2,5 млрд. теңгеге балама мөлшерден аспауы керек және олармен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешек ескерілмей есепке алынады.
Бағдарламада белгіленген лимиттер шеңберінде субсидияланатын кредит бойынша негізгі борыш мерзімінен бұрын ішінара/толығымен өтелген жағдайда, кәсіпкерлердің кредиттерін субсидиялауға рұқсат етіледі.
Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен55. 750 млн. теңгеден бастап 2,5 млрд. теңгеге дейінгі кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қазіргі жұмыс орындарына қатысты кемінде 10 % жаңа (тұрақты) жұмыс орындарын құру шартымен жүзеге асырылады.
Бұл ретте жаңадан құрылатын жұмыс орындарының 50 %-ын халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген 29 жасқа дейінгі жастар үшін құру ұсынылады.
Жаңа тұрақты жұмыс орындарын құрудың шекті күні ӨҮК шешімінде көрсетіледі.
Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен56. Кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылды құрайды. Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылды құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалған жағдайда, субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.
2018 жылғы 1 қаңтарға дейін субсидиялау мерзімі үш жылға мақұлданған жобалар бойынша ӨҮК ұзарту мақұлданған күні қолданыста болатын шарттар бойынша қосымша екі жылға ұзартылуы мүмкін (субсидиялаудың жалпы мерзімі жоба бойынша бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап бес жылдан аспайды).
Субсидиялау шартының қолданылу мерзімін ұзарту 3 (үш) жыл өткеннен кейін ӨҮК мақұлдаған кезде республикалық бюджеттен субсидиялау үшін қаражат болған жағдайда ғана, субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 60 күн бұрын ӨҮК-ке қарауға берілген банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның қолдаухаты негізінде жүзеге асырылады.
ӨҮК-тің қолданыстағы субсидиялау шартын ұзарту/ұзартпау туралы шешімі субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 45 күн бұрын қабылдануға тиіс. Бұл ретте ӨҮК қолданыстағы субсидиялау шартын ұзарту туралы оң шешім қабылдаған жағдайда, қаржы агенттігі қолданыстағы субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін банктің/даму банкінің лизингтік компанияның/ кәсіпкердің субсидиялау шартына қосымша келісімге қол қоюын қамтамасыз етеді.
Ескерту. 56-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен57. Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезіндегі субсидиялау мерзімі қаржы агенттігі қайта қаржыландыру жүзеге асырылған кредитор – банкте/лизингтік компанияда бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.
58. Кәсіпкерлердің субсидиялау құралы бойынша ӨҮК-те мақұлданған жобаларын басқа банктер/лизингтік компаниялар (Даму банкі) субсидиялаудың бұрын мақұлданған шарттарымен қайта қаржыландыруы мүмкін.
59. Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның номиналды мөлшерлемесінің 30 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін банк кредиттері бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
Номиналды сыйақы мөлшерлемесі 12 %-дан аспайтын, оның 5 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін банктің стандартты валюталық кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жүзеге асырылуы мүмкін.
Бұл ретте банк:
1) кредит беру шарттарының кәсіпкер бастамасымен өзгеруіне байланысты;
2) кәсіпкердің кредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себебі бойынша алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.
Ескерту. 59-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен60. Даму банкінің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 13 %-дан аспайтын, оның
5 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
Даму банкі сыйақы мөлшерлемесін 11 %-ға дейін төмендететін, оның 4 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін Даму банкінің стандартты валюталық кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жүзеге асырылуы мүмкін.
Бұл ретте Даму банкі:
1) кредит беру шарттарының кәсіпкер бастамасымен өзгеруіне байланысты;
2) кәсіпкердің кредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себебі бойынша алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.
61. Бағамдық оң айырма орын алған жағдайда, ол болашақ субсидиялар есебіне жатқызылады, ал бағамдық теріс айырма орын алса – өтеу кәсіпкерге жүктеледі.
62. Субсидиялар сомаларын қаржы агенттігі субсидиялар сомаларын аудару күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша төлейді.
63. Субсидиялау банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның номиналды мөлшерлемесінің 40 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін қаржылық лизингінің шарттары бойынша да жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте лизингтік компания/банк комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, қаржылық лизинг шартын жасасумен байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өндіріп алмайды:
1) кредит беру шарттарының Борышкер бастамасымен өзгеруіне байланысты;
2) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланысты;
3) қаржылық лизинг шартын орындауға байланысты (бөгде ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, лизинг нысанасын арнаулы органдардың тіркеуі бойынша көрсетілетін қызметтерді, банктердің көрсетілетін қызметтерін және т.б. өтеу);
4) Кәсіпкердің кредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себебі бойынша алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.
Ескерту. 63-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен63-1. Шекті сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және банктің/лизингтік компанияның кәсіпкер жобасы бойынша шешімі шыққан кезде қолданыста болған базалық сыйақы мөлшерлемесі есепке алынады.
Ескерту. Қағида 63-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен64. ӨҮК қолданыстағы кредитті/қаржылық лизинг шартын субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, онда банк/Даму банкі/лизингтік компания кәсіпкерге ағымдағы қаржы жылында бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өтейді.
65. Егер банк/Даму банкі мен кәсіпкер валюталық кредитті теңгеге айырбастауды ұйғарса, онда мұндай айырбастау банк/Даму банкі мен кәсіпкер арасында субсидиялау шарты жасалған күнге
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша жүргізіледі.
6. Субсидиялар беру үшін Бағдарламаға қатысушылардың өзара
іс-қимыл жасау тәртібі
66. Кәсіпкер банкке/Даму банкіне/лизингтік компанияға:
1) жаңа кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша Бағдарламаға сәйкес келетін шарттарда кредит беруге/қаржыландыруға (банктің/Даму банкінің/лизингтік компанияның ішкі нормативтік құжаттарымен бекітілген нысан бойынша) арналған өтінішпен;
2) қолданыстағы кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша Субсидиялау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, оған сәйкес субсидиялар алу ниеті туралы банкті/Даму банкін/лизингтік компанияны хабардар ететін өтінішпен және кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша сыйақының номиналды мөлшерлемесін Бағдарламада көзделген мөлшерге дейін төмендету туралы өтінішхатпен жүгінеді.
67. Банк/даму банкі/лизингтік компания жобаның қаржы-экономикалық тиімділігіне бағалау жүргізеді және кредит/лизинг беру немесе кредит/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін Бағдарламада белгіленген мөлшерге дейін төмендету туралы оң шешім болған жағдайда, қаржы агенттігіне хабарлай отырып, үш жұмыс күні ішінде кәсіпкерге жобаны кредиттеуге/қаржылық лизинг шартын жасасуға дайын екендігі туралы жазбаша жауап жолдайды.
Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен68. Банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның оң шешімі бар кәсіпкер
180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер бойынша қаржы агенттігіне, 180 млн. теңгеден жоғары кредиттер бойынша Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне Субсидиялау қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кәсіпкердің өтініш-сауалнамасымен жүгінеді, оған мынадай құжаттарды қоса береді:
1) кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік/заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірме);
2) кәсіпкердің жобаны іске асыруының бизнес-жоспары, онда 180 млн. теңгеден жоғары кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-ы деңгейінде жобаны іске асыруға өзінің құралдарының (ақша қаражатының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің), оның ішінде қамтамасыз етуге ұсынылған үшінші тұлғалардың мүлкімен қатысуын қамтамасыз ету мерзімдері, сондай-ақ Бағдарламаның бірінші бағытының шеңберінде қатысуға өтініш берген жағдайда Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде кәсіпкердің/шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша – ӨҮК/ қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жылдан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде кірістердің және жұмыс орындарының орташа жылдық санының
10 %-ға ұлғаюына қол жеткізу кезеңдері қамтылады;
3) кірістің 20%-ға өсуі туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін салық декларациясының көшірмесін ұсына отырып, кәсіпкердің – орта кәсіпкерлік субъектісінің соңғы үш қаржылық жылдағы қаржылық есептерінің көшірмесі. Орта кәсіпкерлік субъектілері кәсіпкерлік қызметін үш жылдан аз жүзеге асырған жағдайда ақпарат кәсіпкерлік қызметті нақты жүзеге асырған кезең үшін беріледі (Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде қатысуға өтінім берген жағдайда);
4) салық органынан өтініш берілетін күнге дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқ екені туралы анықтама;
5) тауарларды/өнімді экспорт режимінде шығаруды жүзеге асырған кеден органының белгілері қойылған кедендік жүк декларациялары (Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берген жағдайда);
6) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгілері қойылған тауарға ілеспе құжаттар (Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берген жағдайда);
7) соңғы есепті кезеңдегі валюталық пайданың тиісті деңгейінің бар-жоғын растайтын құжаттар (Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берген жағдайда);
8) банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін шарттарда кәсіпкерге кредит беру/қаржылық лизинг шартын жасасу немесе кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хаты.
Кәсіпкер Бағдарламаға қатысуға өтінімді дайындау және құжаттарды жинау мәселелері бойынша консультациялық қолдау үшін Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне жүгінуге құқылы.
Ескерту. 68-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен68-1. Банк/даму банкі/лизингтік компания кәсіпкердің жобасы бойынша оң шешім қабылдаған жағдайда қаржы агенттігіне Субсидиялау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіпкердің субсидия беруге арналған өтініш-сауалнамасын қоса алғанда Субсидиялау қағидаларында көзделген құжаттармен қоса бере отырып ілеспе хат жібереді.
Ескерту. Қағида 68-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен69. алып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
70. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі құжаттарды алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде:
1) Кәсіпкердің жобасын Бағдарламаның шарттарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді;
2) ӨҮК үшін кәсіпкерлердің жобалары бойынша ұсынымдар әзірлейді;
3) Субсидиялау қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттардың толық топтамасымен қоса кәсіпкерлер жобаларының тізімін ӨҮК қарауына шығарады;
4) күн тәртібінің мәселесін қалыптастырады, ӨҮК отырысы өткізілетін күнді, уақытты және орнын айқындайды, бұл жөнінде ӨҮК барлық мүшелерін хабардар етеді.
70-1. Қаржы агенттігі құжаттарды алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде:
1) кәсіпкердің жобасын Бағдарламаның шарттарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді;
2) кәсіпкерлердің өтініштері туралы ақпаратты, Субсидиялау қағидаларына 8-қосымшада белгіленген (бұдан әрі – ақпарат) нысан бойынша толтырады;
3) қаржы агенттігінің уәкілетті органының қарауына толық құжаттар топтамасын қоса отырып ақпаратты енгізеді.
Ескерту. Қағида 70-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен71. Құжаттар топтамасы толық берілмеген, белгіленген нысандарға сәйкес емес құжаттар берілген жағдайларда не берілген құжаттарға ескертулер болған және (немесе) қосымша ақпарат беру қажет болған жағдайларда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі анықталған ескертулерді және/немесе ақпаратты ұсыну туралы сұратуды үш күндік мерзімде кәсіпкерге пысықтау үшін ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып жолдайды. Бұл ретте, осы Қағидалардың 70-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау қайтадан басталады.
Құжаттар топтамасы бойынша кемшіліктер болмаған жағдайда Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі кәсіпкердің жобасын ӨҮК қарауына жолдайды.
Ескерту. 71-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен71-1. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған немесе белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайларда, қаржы агенттігі 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды банкке/даму банкіне/лизингтік компанияға/кәсіпкерге пысықтау үшін қайтарады. Құжаттар топтамасы бойынша кемшіліктер болмаған жағдайда, қаржы агенттігі кәсіпкердің жобасын қаржы агенттігінің уәкілетті органының отырысына шығарады.
Ескерту. Қағида 71-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен72. ӨҮК отырысы жобалардың қалыптастырылу шамасына қарай, бірақ айына 1 (бір) реттен сиретпей өткізіледі. ӨҮК мүшелерінің саны он екі адамнан аспауға тиіс, олардың кемінде 50 % кәсіпкерлер қоғамдастығы болуға тиіс.
ӨҮК отырысы ӨҮК мүшелері санының кемінде үштен екісі (кворум) қатысқан жағдайда өткізіледі. Шешімдерді қатысушылардың жалпы санының кемінде үштен екісі қабылдайды.
Отырыстар өткізу тәртібі, қаржы агенттігінің уәкілетті органы мүшелерінің саны қаржы агенттігінің ішкі құжаттарында айқындалады.
Ескерту. 72-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен73. ӨҮК/ қаржы агенттігінің уәкілетті органы жобаларды тиісті қаржы жылы субсидиялау үшін бюджет қаражаты болған жағдайда ғана қарайды.
Ескерту. 73-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен74. 180 млн. теңгеден астам кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ӨҮК өткізетін отырыс шеңберінде мынадай іс-шараларды:
1) кәсіпкердің және ол іске асыратын жобалардың Бағдарламаның өлшемшарттарына сәйкестігін тексеруді;
2) ӨҮК мүшелері арасында кәсіпкердің жобасын және қоса берілетін құжаттарды, оның ішінде кәсіпкердің басқа мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы, мемлекеттік даму институттары арқылы мемлекеттік қолдаудың өзге де шараларын пайдалануы туралы өтініш-сауалнамасында көрсетілген ақпаратты қарайды және талқылауды жүзеге асырады;
3) кәсіпкердің жобасын қараған кезде ӨҮК қажет болған жағдайда банктен/даму банкінен/лизингтік компаниядан жобаны неғұрлым толық талдау және шешім қабылдау үшін қажетті қосымша мәліметтер мен құжаттарды сұратады. Бұл жағдайда кәсіпкердің құжаттары Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне пысықтау үшін қайтарылады және ӨҮК кезекті отырысында қайта қаралуға тиіс;
4) талқылау нәтижелері бойынша ӨҮК кәсіпкерді субсидиялау мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Субсидиялау қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді, бұл ретте хаттамада кәсіпкерлердің Бағдарламаға қатыстырудан бас тарту себебі міндетті түрде көрсетілуге тиіс;
5) ӨҮК оң шешім қабылдаған жағдайда ӨҮК хаттамасында: ӨҮК шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржылық жылдан кейін кәсіпкерлердің кірістің өсуіне және міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын 10 %-ға ұлғайтуға қолжеткізу бойынша міндеттемесі (кәсіпкердің Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде жобалар бойынша, сондай-ақ Бағдарламаның екінші бағыты шеңберіндегі кәсіпкерлердің – шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша); кәсіпкерлердің /орта кәсіпкерлік субъектілерінің Бағдарламаның екінші бағыты шеңберіндегі өңірлік Бағдарлама үйлестірушісіне өтінім бергенге дейін өткен 3 (үш) жылдағы кірісінің 20 %-ға өсуіне қол жеткізу туралы ақпарат көрсетіледі.
6) ӨҮК оң шешім қабылдаған жағдайда ӨҮК хаттамасында жобаны іске асыруға өз қаражатымен (ақшалай қаражатымен, жылжымалы/ жылжымайтын мүлкімен), оның ішінде қамтамасыз етілуге ұсынылатын үшінші тұлғалардың мүлкімен жобаны іске асырудың жалпы құнының 10 %-нан төмен емес деңгейде қатысуын қамтамасыз ету мерзімі көрсетіледі.
Бұл ретте ӨҮК мүшелерінің бәрі хаттамаға қол қойған кезге дейін хатшы мен ӨҮК төрағасының қолы қойылған ӨҮК хаттамасынан үзіндіні ұсынуға жол беріледі.
Ескерту. 74-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен74-1. 180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша қаржы агенттігі құжаттар топтамасы бар ақпарат түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
1) кәсіпкердің және олар іске асыратын жобалардың Бағдарламаның өлшемшарттарына сәйкестігін тексеруді;
2) кәсіпкердің жобасын және қоса берілетін құжаттарды, оның ішінде кәсіпкердің басқа мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы, мемлекеттік даму институттары арқылы мемлекеттік қолдаудың өзге де шараларын пайдалануы туралы өтініш-сауалнамасында көрсетілген ақпаратты қарауды;
3) кәсіпкердің жобасын қарау кезінде қаржы агенттігі қажет болған кезде банктен/даму банкінен/лизингтік компаниядан жобаны неғұрлым толық талдау және шешім қабылдау үшін қажетті қосымша мәліметтер мен құжаттарды сұратады. Бұл жағдайда кәсіпкердің құжаттары пысықтау үшін кәсіпкерге қайтарылады және қайта қаралуға тиіс;
4) қарау нәтижелері бойынша кәсіпкерге субсидия беру мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды;
5) қаржы агенттігінің уәкілетті органы отырыс өткізген күннен бастап
1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттаманы ресімдейді және қол қояды;
6) уәкілетті орган/қаржы агенттігінің органы оң шешім қабылдаған жағдайда шешімде қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кәсіпкерлердің кірістің өсуіне және міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын
10 %-ға ұлғайтуға қол жеткізу бойынша міндеттемесі (кәсіпкердің Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберіндегі жобалары бойынша, сондай-ақ Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлердің/шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша); кәсіпкерлердің/орта кәсіпкерлік субъектілерінің Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде қаржы агенттігіне өтінім бергенге дейін өткен 3 (үш) жылдағы кірісінің 20 %-ға өсуіне қол жеткізу туралы ақпарат көрсетіледі.
Бұл ретте хаттамаға қаржы агенттігінің уәкілетті органының барлық мүшелері қол қойғанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы отырысы хаттамасынан хатшының және қаржы агенттігінің уәкілетті органы төрағасының қолы қойылған үзіндіні табыс етуге жол беріледі.
Ескерту. Қағида 74-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен75. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК мүшелері ӨҮК хаттамасына/хаттамадан үзіндіге қол қойғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде ӨҮК хаттамасының көшірмесін/хаттамасының үзіндісін банкке/даму банкіне/лизингтік компанияға/кәсіпкерге және қаржы агенттігіне жібереді.
Ескерту. 75-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен75-1. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдағаннан кейін қаржы агенттігі 1 (бір) жұмыс күні ішінде шешімнің/хаттаманың/хаттама үзіндісінің көшірмесін банкке/даму банкіне/лизингтік компанияға және кәсіпкерге жолдайды.
Ескерту. Қағида 75-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен76. ӨҮК/қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешімінің әрекет ету мерзімі – ӨҮК/қаржы агенттігінің уәкілетті органының шешімі шыққан күннен бастап 6 ай.
Ескерту. 76-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен7. Субсидиялау тетігі
77. Банк/даму банкі/лизингтік компания Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен/қаржы агенттігінен ӨҮК/қаржы агенттігі уәкілетті органының хаттамасын/шешімін алғаннан кейін және субсидиялау туралы оң шешім болған кезде қаржы агенттігі, банк/даму банкі/лизингтік компания және кәсіпкер арасында субсидиялау шарты жасалады, оған сәйкес қаржы агенттігі банкке/даму банкіне/лизингтік компанияға субсидиялау шартының өтеу кестесіне сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін төлеуді жүзеге асырады.
Ескерту. 77-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен78. Банк/Даму банкі/лизингтік компания қолданыстағы кредит/лизинг бойынша субсидиялау шартына қол қойылған сәтке дейін кәсіпкердің банктік қарыз шартында/қаржылық лизинг шартында көзделген негізгі борыш пен сыйақыны уақтылы өтеу жөніндегі міндеттемелерін орындамағаны үшін айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығаруға міндетті, ал жаңа/қолданыстағы кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша банк/Даму банкі/лизингтік компания:
1) кредит беру/қаржылық лизинг шарты талаптарының кәсіпкер бастамасымен өзгеруіне байланысты;
2) кәсіпкердің кредит/лизинг бойынша міндеттемелерді бұзуы себебі бойынша алынатын;
3) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланысты;
4) қаржылық лизинг шартын орындауға байланысты (басқа ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, лизинг нысанасын арнаулы органдардың тіркеуі бойынша көрсетілетін қызметтерді, банктердің көрсетілетін қызметтерін және т.б. өтеу) комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кәсіпкер үшін кредитке байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмауға міндеттеме қабылдайды.
79. Субсидиялау шартын:
1) банк/даму банкі/лизингтік компания:
Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен/қаржы агенттігінен үлгі жобалар бойынша хаттаманы/шешімді алған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде;
Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен/қаржы агенттігінен ерекше шарттары бар жобалар бойынша хаттаманы алған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде жасайды;
2) қаржы агенттігі:
банктен/Даму банкінен/лизингтік компаниядан үлгі жобалар бойынша субсидиялау шартын алған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде;
банктен/Даму банкінен/лизингтік компаниядан ерекше шарттары бар жобалар бойынша субсидиялау шартын алған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде жасайды.
Ескерту. 79-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен80. Егер банк/даму банкі/лизингтік компания осы Субсидиялау қағидаларының 79-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімде субсидиялау шартын уақтылы жасамаған жағдайда, банк/даму банкі/лизингтік компания қаржы агенттігі мен Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін кідірту себептерін түсіндіре отырып, ресми хатпен хабардар етеді.
Ескерту. 80-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен81. Егер банктік қарыз шартының/қаржылық лизинг шартының және/немесе субсидиялау шартының талаптары ӨҮК шешіміне және/немесе Бағдарлама талаптарына сәйкес келмесе, қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қоймайды. Бұл ретте қаржы агенттігі Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін, банкті/даму банкін/лизингтік компанияны және кәсіпкерді хабардар етеді.
Ескерту. 81-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен82. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі мен банк/даму банкі/лизингтік компания ескертулерді жойған жағдайда, қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қояды.
Ескерту. 82-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен83. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі мен банк/даму банкі/лизингтік компания қаржы агенттігінің ескертулерімен келіспеген жағдайда, онда Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі түпкілікті шешім қабылдау үшін осы мәселені ӨҮК-ке шығарады.
Ескерту. 83-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен84. Субсидиялау шарты оған кәсіпкер, банк/даму банкі/лизингтік компания және қаржы агенттігі қол қойған күннен бастап күшіне енеді. Бұл ретте субсидиялау мерзімінің басталуы субсидиялау шарты күніне дейін күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын субсидиялау шартында белгіленуі мүмкін, бірақ ӨҮК шешімі күнінен бұрын бола алмайды.
Ескерту. 84-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен85. Сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін төлеу күнін кәсіпкер, банк/Даму банкі/лизингтік компания дербес айқындайды. Егер кредит/лизинг бойынша сыйақыны есептеу субсидиялау шартына кәсіпкер, банк/Даму банкі/лизингтік компания қол қойған күннен кейінгі күні басталған жағдайда, субсидиялау шартына кәсіпкер, банк/Даму банкі/лизингтік компания қол қойған күн субсидиялау кезеңіне қосылмайды.
86. Қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қойғаннан кейін субсидияларды төлейді. Субсидиялар Бағдарламаның тиісті өңірлік үйлестірушісінен қаражат болған кезде төленеді.
87. Банк/Даму банкі қаржы агенттігіне жасалған субсидиялау шарттары бойынша субсидиялар сомасын аудару үшін ағымдағы шот ашады.
Заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге құқығы жоқ лизингтік компаниялар қаржы агенттігімен келісу бойынша банк - төлем агентін айқындайды, онда лизингтік компания субсидияларды аудару үшін ағымдағы шот ашады.
88. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау үшін көзделген қаражат түскен сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігі көрсеткен шотқа тиісті қаржы жылы Бағдарламаның бірінші, екінші және үшінші бағыттарын іске асыруға бөлінген соманың 50 %-ы мөлшерінде қаржы агенттігіне қаражат аударуды жүзеге асырады. Бұдан кейінгі төлемдер қаржы агенттігінің өтінімдеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады.
89. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты қаржы агенттігі субсидиялау шартына төлемдер кестесін ескере отырып, ай сайын аванстық төлемдермен банктегі/Даму банкіндегі ағымдағы шотқа аударуды жүзеге асырады. Бұл ретте қаражатты аударғаннан кейін қаржы агенттігі банкті/Даму банкін/лизингтік компанияны электрондық пошта арқылы қаражат аударылғаны туралы құжаттың көшірмесін жіберу жолымен бір уақытта хабардар етеді. Хабарламада банктің/Даму банкінің/лизингтік компанияның атауы, өңір, кәсіпкердің атауы, субсидиялар сомасы және төлем жүргізілген кезең көрсетіледі.
90. Банк/Даму банкі/банк – төлем агенті қаржы агенттігінің хабарламасы негізінде кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидиялау сомаларын қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан есептен шығаруды жүзеге асырады. Банктің/Даму банкінің/банк – төлем агентінің шоттағы қаражаттан жалпы ағымдағы қалдықтарды есептен шығаруға құқығы жоқ.
91. Кәсіпкер банкке/Даму банкіне/лизингтік компанияға банктік қарыз шартына/қаржылық лизинг шартына сәйкес өтеу кестесі бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігінде сыйақы төлеуді жүргізеді.
92. Кәсіпкердің кредит/лизинг бойынша төлемді (негізгі борыш және сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігі) толық төлеуді жүргізу фактісі бойынша банк/Даму банкі/банк - төлем агенті кәсіпкердің кредиті бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеу есебіне Қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан ақшаны есептен шығаруды жүзеге асырады.
Кәсіпкер кредит/лизинг бойынша жоспарлы төлемді іс жүзінде өтеген күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеу үшін қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан субсидиялар сомасын есептен шығарған жағдайда, банк/Даму банкі /лизингтік компания қаржы агенттігіне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.
93. берешекті өтегенге дейін банк/Даму банкі/банк – төлем агенті сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеу үшін қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан ақшаны есептен шығаруды жүргізбейді және:
1) банк/Даму банкі/лизингтік компания алдында кредит/лизинг бойынша төлемді, оның ішінде сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігін өтеу бойынша төлемді кәсіпкер уақтылы өтемеген;
2) банк/Даму банкі/лизингтік компания алдында төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді кәсіпкер 3 (үш) ай қатарынан орындамаған;
3) лизингтік компания/банк алдында лизингтік төлемдерді енгізу жөніндегі міндеттемелерді кәсіпкер 2 (екі) және одан көп рет қатарынан орындамаған жағдайларда, бұл туралы қаржы агенттігін 2 (екі) жұмыс күні ішінде тиісті хатпен хабардар етеді.
Хабардар етпеген/осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайлар орын алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң хабардар еткен жағдайларда, банк/Даму банкі/лизингтік компания қаржы агенттігіне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.
94. Кредит бойынша банктер, Даму банкі ай сайын/лизингтік мәмілелер бойынша лизингтік компаниялар, банктер, Даму банкі тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейін қаржы агенттігіне Субсидиялау қағидаларына 5 және 6-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша субсидиялау туралы есеп жібереді.
95. Қаржы агенттігі банктен/Даму банкінен/лизингтік компаниядан субсидиялау туралы есепті алғаннан кейін сыйақы мен банкке/Даму банкіне/лизингтік компанияға төленген қаражаттың есептерін тексеруді жүзеге асырады.
96. Қаржы агенттігі кредит бойынша ай сайын/лизинг бойынша тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күніне дейін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне/уәкілетті органға Субсидиялау қағидаларына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау туралы есеп жібереді.
97. Қаржы агенттігі ай сайын Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне жаңа жобаларды солардың есебінен қаржыландыруға болатын қаражаттың болжамды сальдосы бойынша есеп жібереді. Бұл ретте Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі бұл ақпаратты ӨҮК назарына жеткізеді.
98. Кәсіпкердің банктік қарыз шартының талаптарына, ӨҮК хаттамасына сәйкес қаржы агенттігі сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігін төлеу және/немесе негізгі борышты өтеу бойынша банк/Даму банкі/лизингтік компания жеңілдікті кезең берген/мерзімін кейінге шегерген кәсіпкердің кредиті бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігінде субсидияларды аударуды жүзеге асыруға құқылы.
Бұл ретте, жеңілдікті кезең/кейінге қалдыру мерзімі ӨҮК шешімінде көрсетілуі тиіс.
99. Егер банк/даму банкі/лизингтік компания қолданыстағы банктік қарыз шартының/қаржылық лизинг шартының талаптарын (сыйақы мөлшерлемесі, төлемдерді төлеу бойынша жеңілдікті кезең/мерзімін кейінге қалдыру, өтеу мерзімі, кәсіпкердің атауын өзгерту/борышты аудару) өзгерткен жағдайда, банк/даму банкі/лизингтік компания 180 млн. теңгеден асатын кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне, 180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша қаржы агенттігіне тиісті хабарлама жібереді, олар өз кезегінде 5 (бес) жұмыс күні ішінде толық құжаттар топтамасымен қоса қаржыландырудың қолданыстағы талаптарының өзгеруі жөніндегі ақпаратты ӨҮК/қаржы агенттігінің уәкілетті органының қарауына шығарады. Қарау нәтижелері бойынша ӨҮК/қаржы агенттігінің уәкілетті органы қаржыландырудың қолданыстағы шарттарына өзгерістер енгізудің мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамамен (Субсидиялау қағидаларына 4-қосымша) немесе қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап қаржы агенттігінің шешімімен ресімделеді. Бұл ретте қаржыландыру шарттарында болған өзгерістер хаттамада/шешімде анық көрсетілуі тиіс.
180 млн. теңгеден асатын кредиттер бойынша Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК мүшелері ӨҮК хаттамасына/хаттамадан үзіндіге қол қойғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде ӨҮК хаттамасының көшірмесін/хаттамадан үзіндіні банкке/даму банкіне/лизингтік компанияға және қаржы агенттігіне жібереді.
180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер бойынша қаржы агенттігі уәкілетті орган шешім қабылдағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттаманың көшірмесін/хаттаманың үзіндісін/шешімнің үзіндісін банкке/даму банкіне/лизингтік компанияға жібереді.
Қолданыстағы банктік қарыз шартының/қаржылық лизинг шартының талаптарындағы өзге өзгерістер туралы банк/даму банкі/лизингтік компания 180 млн. теңгеден асатын кредиттер бойынша – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін және 180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер бойынша қаржы агенттігін тиісті хатпен хабардар етеді, олар өз кезегінде 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаржыландырудың қолданыстағы талаптарына енгізілетін өзгерістер бойынша шешім қабылдайды және қаржыландыру талаптарына енгізілген өзгерістерді хатпен келіседі немесе келісуден бас тартады.
Бұл ретте қаржыландыру шарттарында болған өзгерістер (келісуден бас тарту) келісу хатында анық көрсетілуге тиіс.
Ескерту. 99-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен100. Кәсіпкер қайтыс болған жағдайда банк/даму банкі/лизингтік компания кәсіпкердің қайтыс болғаны туралы мәліметтерді (ақпаратты) алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне/қаржы агенттігіне тиісті хабарлама жібереді, ол мұрагер(лер)дің мұрагерлік құқығы басталған сәтке дейін субсидиялауды уақытша тоқтату бойынша ақпаратты ӨҮК/қаржы агенттігінің уәкілетті органының қарауына шығарады. Мұрагер(лер)дің мұрагерлік құқығы басталған жағдайда субсидиялауды қайта бастау туралы мәселе ӨҮК/қаржы агенттігінің уәкілетті органының қарауына шығарылады.
Ескерту. 100-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен101. Бағдарлама шеңберінде субсидиялауға бөлінген және ағымдағы қаржы жылында Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері/қаржы агенттігі пайдаланбаған қаражатты кезекті қаржы жылында жобаларды, оның ішінде кезекті қаржы жылында мақұлданған жобаларды субсидиялауға пайдалануға болады.
Ескерту. 101-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен8. Субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату және қалпына келтіру тәртібі
102. 180 млн. теңгеден асатын кредиттер бойынша субсидиялауды тоқтату және қайта бастау туралы шешімді қаржы агенттігінің өтінімдері (хабарламалары) негізінде ӨҮК қабылдайды. 180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер бойынша субсидиялауды тоқтату және қайта бастау туралы шешімді банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның өтінімдері (хабарламалары) негізінде қаржы агенттігінің уәкілетті органы қабылдайды.
2018 жылғы 1 қаңтарға дейін ӨҮК-де мақұлданған, 180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша кәсіпкерліктің жобасын тоқтату/қайта бастау мәселелерін қарау ӨКҮ-ге шығарылады.
Ескерту. 102-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен103. 180 млн. теңгеден асатын кредиттер бойынша мынадай:
1) субсидиялау жүзеге асырылатын кредитті мақсатсыз пайдалану;
2) кәсіпкердің субсидиялау жүзеге асырылатын қаржылық лизинг шарты бойынша лизинг нысанасын алмауы;
3) жобаның және/немесе кәсіпкердің Бағдарламаның талаптарына және/немесе ӨҮК шешіміне сәйкес келмеуі;
4) кәсіпкердің банктік қарыз шартына/субсидиялау шартына төлемдер графигіне сәйкес банк алдындағы төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай бойы орындамауы;
5) кәсіпкердің қаржылық лизинг шартына төлемдер өтеу графигіне сәйкес лизингтік компания/банк алдындағы лизингтік төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 2 (екі) және одан көп рет орындамауы;
6) кәсіпкердің шоттарындағы тыйым салу және/немесе кәсіпкердің шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, борышкерден лизинг нысанасын кері талап ету;
8) ӨҮК шешімі қабылданған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кәсіпкерлердің міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар жөніндегі деректердің негізінде кірістің және жұмыс орындарының орташа жылдық санының және 10 %-ға өсуіне қол жеткізу жөніндегі міндеттемелерін орындамауы (Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберіндегі кәсіпкерлердің жобалары бойынша, сондай-ақ Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлер/шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша) фактілері белгіленген жағдайды қаржы агенттігі кәсіпкерді субсидиялауды тоқтата тұрады, ал ӨҮК субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдайды.
Ескерту. 103-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен103-1. 180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер бойынша қаржы агенттігі банк/даму банкі/лизингтік компания хабарламалары негізінде және/немесе мониторингілеу нәтижелері негізінде мынадай:
1) субсидиялау жүзеге асырылатын кредитті мақсатсыз пайдалану;
2) кәсіпкердің субсидиялау жүзеге асырылатын қаржылық лизинг шарты бойынша лизинг нысанын алмауы;
3) жобаның және/немесе кәсіпкердің Бағдарламаның талаптарына және/немесе уәкілетті органның шешіміне сәйкес келмеуі;
4) кәсіпкердің банктік қарыз шартына/субсидиялау шартына төлемдер графигіне сәйкес банк алдындағы төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай ішінде орындамауы;
5) кәсіпкердің қаржылық лизинг шартының төлемдерді өтеу графигіне сәйкес лизингтік компания/банк алдында лизингтік төлемдер жасау бойынша міндеттемелерді қатарынан 2 (екі) рет және одан көп орындамауы;
6) кәсіпкер шоттарындағы ақшаға тыйым салу және/немесе кәсіпкер шоты бойынша шығын операцияларын тоқтата тұру;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда борышкерден лизинг нысанын талап ету;
8) кәсіпкердің ӨҮК шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде кірістің, жұмыс орындарының орташа жылдық санының 10 %-ға ұлғаюына қол жеткізу бойынша міндеттемелерін орындамауы (кәсіпкердің Бағдарламаның бірінші бағыты аясындағы жобалары бойынша, сондай-ақ Бағдарламаның екінші бағыты аясында кәсіпкерлердің/шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша) фактілері анықталған кезде кәсіпкерге субсидия беруді тоқтатады.
Ескерту. Қағида 103-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен104. Субсидияларды төлеу тоқтатыла тұрған жағдайда, қаржы агенттігі осындай шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде банкті/даму банкін/лизингтік компанияны, кәсіпкерді, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін субсидиялаудың тоқтатыла тұру себептерін көрсете отырып, хатпен хабардар етеді.
Ескерту. 104-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен105. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі қаржы агенттігінен кәсіпкерді субсидиялауды тоқтата тұру туралы хатты алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде күн тәртібін әзірлейді және қалыптастырады, ӨҮК отырысын өткізу күнін, уақытын және орнын айқындайды, ол туралы барлық мүшелерді хабардар етеді.
105-1. 180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер бойынша қаржы агенттігі осы "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларының 103-1-тармағында көрсетілген фактілер анықталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде субсидиялауды тоқтата тұру не қалпына келтіру туралы шешім қабылдайды.
Бұл ретте қаржы агенттігі уәкілетті органының шешімінде субсидиялауды тоқтату/қалпына келтіру туралы негіздеме көрсетіледі.
Ескерту. Қағида 105-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен106. ӨҮК өткізілетін отырыс шеңберінде мынадай іс-қимылдарды жүзеге асырады:
1) қаржы агенттігі ұсынған ақпаратпен күн тәртібіне енгізілген мәселені қарайды;
2) субсидиялауды тоқтату немесе қалпына келтіру туралы шешім қабылдайды.
Бұл ретте, шешімде субсидиялауды тоқтатудың/қалпына келтірудің негіздемесі көрсетіледі.
Субсидиялауды тоқтату немесе қайтадан бастау қаржы агенттігі субсидиялауды тоқтата тұрған күннен бастап жүзеге асырылады.
107. Кәсіпкер субсидиялауды тоқтата тұруға негіз болған себептерді ӨҮК/қаржы агенттігінің уәкілетті органы қарастырғанға дейін жойған жағдайда, ӨҮК/қаржы агенттігі субсидиялауды қалпына келтіру туралы оң шешім қабылдайды.
Ескерту. 107-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен108. ӨҮК отырысының хаттамасы, уәкілетті тұлғаның/қаржы агенттігі органының шешімі ӨҮК/қаржы агенттігінің уәкілетті органы қарастырған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ресімделеді. 180 млн. теңгеден асатын кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі хаттаманы ресімдегеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттаманың көшірмесін банкке/даму банкіне/лизингтік компанияға, қаржы агенттігіне жібереді. 180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша қаржы агенттігі шешімді ресімдегеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде шешімнің/хаттаманың көшірмесін банкке/даму банкіне/лизингтік компанияға жібереді.
Ескерту. 108-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен109. Субсидиялауды тоқтата тұрудың мынадай себептері кезінде кредит/лизинг бойынша субсидиялауды қалпына келтіруге жол беріледі:
1) жобаның және/немесе кәсіпкердің Бағдарламаның шарттарына және/немесе ӨҮК шешіміне сәйкес келмеуі;
2) кәсіпкердің шоттарына тыйым салынуы;
3) кәсіпкердің банктік қарыз шартына төлемдер кестесіне сәйкес банк алдындағы төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай бойы орындамауы;
4) кәсіпкердің қаржылық лизинг шартына төлемдерді өтеу кестесіне сәйкес лизингтік компания/банк алдындағы лизингтік төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді 2 (екі) және одан көп рет қатарынан орындамауы;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда борышкерден лизинг нысанасын кері талап ету;
6) кәсіпкерлердің міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар жөніндегі деректердің негізінде кірістің өсуіне, жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайтуға және ӨҮК шешімі қабылданған күннен бастап 2 (екі) қаржылық жылдан кейін бюджетке төленетін салықтар көлемінің 10 %-ға өсуіне қол жеткізу жөніндегі міндеттемелерін орындамауы (Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберіндегі кәсіпкерлердің жобалары бойынша, сондай-ақ Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлер – шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша);
110. Кәсіпкер жаңа кредитті мақсатсыз пайдаланған кезде, сондай-ақ кәсіпкер субсидиялау жүзеге асырылатын лизинг нысанасын алмаған жағдайда кредит бойынша субсидиялауды қалпына келтіруге тыйым салынады.
111. Кәсіпкерді субсидиялауды қалпына келтіру туралы шешім қабылданған кезде қаржы агенттігі тиісті хатпен банкті/Даму банкін/лизингтік компанияны және кәсіпкерді субсидиялау төлемдерін қалпына келтіру туралы хабардар етеді.
Бір мезгілде тоқтата тұру кезеңінде төленбеген субсидияларды төлеуді жүргізеді. Субсидиялау қағидаларының 103-тармағының 4) немесе 5) тармақшаларында көрсетілген себептер бойынша субсидиялауды тоқтата тұрған жағдайда кәсіпкердің мерзімін өткізіп алу күнінен бастап төленуі тиіс субсидияларды төлеуді жүргізеді.
112. Кәсіпкерді субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданған кезде қаржы агенттігі тиісті хатпен кәсіпкерге, банкке/лизингтік компанияға субсидиялау шартын біржақты бұзу туралы хабарламаны жібереді, онда субсидиялау шартын бұзу күні мен бұзу себебін көрсетеді.
Осы субсидиялау қағидаларының 100-тармағын қоспағанда, кәсіпкерлерді субсидиялауды тоқтату туралы ӨҮК/қаржы агенттігінің шешімі бар кредиттер/лизинг қайта бастауға жатпайды.
Ескерту. 112-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен113. Мынадай:
1) Кәсіпкер банк/лизингтік компания алдындағы банктік қарыз шарты/қаржылық лизинг шарты бойынша кредитін толық өтеген жағдайда. кәсіпкердің банкке/лизингтік компанияға кредитті/лизингті толық өтеген күні субсидиялау тоқтатылған күн болып саналады;
2) субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданған;
3) субсидиялау шарты кәсіпкердің бастамасы бойынша бұзылған жағдайларда, субсидияларды төлеу тоқтатылады, ал субсидиялау шарты бұзылған деп танылады.
114. Субсидиялау тоқтатылған жағдайда банк/лизингтік компания қолданыстағы кредит/лизинг бойынша кәсіпкерге бұрын қолданылған қаржыландыру талаптарын (оның ішінде, сыйақы мөлшерлемесін, комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді және басқа да шарттарды) белгілеуге құқылы.
115. Кәсіпкер кредит/лизинг бойынша негізгі борышты ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеген жағдайда банк/Даму банкі/лизингтік компания кредит/лизинг бойынша негізгі борышты ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеу фактісі қаржы агенттігін 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
Хабардар етпеген/кәсіпкер негізгі борышты ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеген күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң хабардар еткен жағдайда, банк/Даму банкі/лизингтік компания қаржы агенттігіне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.
Сонымен бір мезгілде кәсіпкер кредит/лизинг бойынша негізгі борышты ішінара мерзімінен бұрын өтеген жағдайда банк/Даму банкі/лизингтік компания банктік қарыз шартына/қаржылық лизинг шартына қосымша келісім жасаған кезде қаржы агенттігіне төлемдерді өтеу кестесінің өзгерістерімен қоса субсидиялау шартына тиісті қосымша келісімді қоса бере отырып, банктік қарыз шартына/қаржылық лизинг шартына қосымша келісімнің көшірмесін жолдайды.
116. Кәсіпкердің кредиті/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тоқтатылған, кәсіпкер кредит/лизинг бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеген жағдайда, банк/Даму банкі/лизингтік компания өзара есеп айырысуды салыстыру актісін қаржы агенттігіне 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ұсынады.
Бұл ретте, банк/Даму банкі/лизингтік компания салыстыру актісінде субсидияларды нақты есептен шығару сомалары мен күндерін көрсетеді, ал қаржы агенттігі субсидияларды аудару сомалары мен күндерін көрсетеді.
117. Кәсіпкердің мақсатсыз пайдалануы анықталған кредит бойынша банк/Даму банкі қаржы агенттігіне кредитті мақсатсыз пайдалану фактісін растайтын құжаттармен қоса құжаттарды ұсынады.
9. Бағдарлама мониторингі
118. Бағдарламаның іске асырылуын мониторингілеуді кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылық қолдау бағдарламалары шеңберінде іске асырылатын Жобаларға мониторинг жүргізу қағидаларының негізінде қаржы агенттігі жүзеге асырады.
Қаржы агентігінің функцияларына:
1) банк/даму банкі ұсынатын деректер мен құжаттардың негізінде субсидиялау шарты жасалған кәсіпкердің жаңа кредитті мақсатты пайдаланылуын мониторингілеу;
2) банк/даму банкі/лизингтік компания ұсынатын деректердің негізінде кәсіпкердің төлем тәртібін мониторингілеу;
3) жобаның іске асырылуын (қаржылық лизинг шарты бойынша лизинг нысанасын пайдалану) мониторингілеу;
4) жобаның және (немесе) кәсіпкердің Бағдарламаның талаптарына және (немесе) ӨҮК/қаржы агенттігінің шешіміне сәйкестігі тұрғысынан мониторингілеу жатады;
Ескерту. 118-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.07.2017 № 459 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен119. Мониторинг функцияларын жүзеге асыру үшін қаржы агенттігі кәсіпкер мен банктен/Даму банкінен/лизингтік компаниядан мониторинг нысанасына қатысты қажетті, оның ішінде салықтық құпияларды қамтитын құжаттар мен ақпаратты сұратуға, жоба іске асырылып жатқан жерге барып іске асырылуына мониторинг жүргізуге құқылы.
120. Қаржы агенттігі жасаған мониторингтік есеп банкпен/Даму банкімен/лизингтік компаниямен, кәсіпкермен келісіледі және мониторингтік есеп алынған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде виза қойылады.
121. Мониторинг тәртібі мен мерзімдерін, сондай-ақ есептілік нысандарын қаржы агенттігі дербес белгілейді.
"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына 1-қосымша |
ӨТІНІШ
Мына:
(қажетті бағытты "V" белгісімен белгілеу керек)
"Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау" бірінші бағыты | |
"Экономиканың басым салаларындағы және өндеуші өнеркәсіп салаларындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық қолдау" екінші бағыты | |
"Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету" үшінші бағыты |
шеңберінде "Бизнестің жол қартасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) қатысу және ____________ жылғы № ____ банктік қарыз шарты/қаржылық лизинг шарты негізінде берілген кредит/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау нысанында мынадай шарттарда мемлекеттік қолдау алу мақсатында:
Кредиттің нысаналы мақсаты | |
Кредит/лизинг сомасы | |
Сыйақы мөлшерлемесі | |
Кредит валютасы | |
Кредит/лизинг мерзімі |
субсидиялау мақұлданған жағдайда, кредит/лизинг бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесін Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін деңгейге дейін төмендету мүмкіндігін қарауды сұраймын.
_____________________________ (Т.А.Ә.)
(қолы, күні М.О.)
"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына 2-қосымша |
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
Кімге ______________________________________әкімдігі
Кімнен _______ (бұдан әрі – Кәсіпкер) _________________
№ __________сауалнама-өтініш
"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына сәйкес Сізден __________________________ Өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауына төмендегіге сәйкес кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау туралы мәселені қарауға бастамашылық етуді сұраймын:
1. Бағдарламаның бағыттары (белгімен белгілеу керек)
"Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау" бірінші бағыты | |
"Экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық қолдау" екінші бағыты | |
"Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету" үшінші бағыты |
2. Қатысушы туралы мәліметтер
Кәсіпкердің атауы | |
Құрылтайшы(лар) туралы деректер | |
Заңды мекенжайы | |
Нақты мекенжайы | |
Пошталық мекенжайы | |
Мемлекеттік тіркелген/қайта тіркелген күні | |
Мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік № | |
Қызмет түрлері | |
Жетекшілік ететін ведомство, холдинг немесе негізгі компания | |
Жұмыс тәжірибесі |
3. Басшылық
Бірінші басшы
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | |
Лауазымы | |
Жұмыс/үй тел. | |
Туған жылы мен жері | |
Жеке куәлігінің №, сериясы | |
Тұратын (нақты) жері | |
Тіркелген жері | |
Жұмыс тәжірибесі |
Бас бухгалтер
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | |
Жұмыс/үй тел. | |
Туған жылы мен жері | |
Жеке куәлігінің №, сериясы | |
Тұратын (нақты) жері | |
Тіркелген жері | |
Жұмыс тәжірибесі |
Байланыс жасайтын адам
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы, телефоны) |
4. Меншік иелері
(құрылтайшы, қатысушылар, акционерлік қоғам үшін - акциялардың 5 % және одан көп пайызына иелік ететін акционерлер)
Атауы/ Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | % | Деректемелері |
5. Ағымдағы қызмет туралы ақпарат
Сала (ЭҚЖЖ/ИИДМБ сәйкес) | |
Кіші сала (ЭҚЖЖ/ИИДМБ сәйкес) | |
Өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің түрлері | |
Жылдық айналым | |
Соңғы есепті күнге пайда немесе шығын | |
Жұмыскерлердің нақты саны |
__________________________ оның ішінде |
Жобаның атауы (қысқаша сипаттамасы) | |
Жобаның іске асырылатын жері (облыс, қала) | |
Жұмыс орындарының саны |
6. Банктік шоттар туралы ақпарат
Банктік деректемелер (барлық қызмет көрсететін банктердегі ағымдағы және жинақ шоттарының бәрін көрсету керек):
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
7. Тарих
Кәсіпкер жұмысының процесінде пайдаланылған банктік несиелердің, лизингтік мәмілелердің өтелгендерімен қатар, қазіргі уақытта өтелмегендерінің барлығы көрсетіледі.
Кредитор / Лизинг беруші | Сомасы | Берілген күні | Сыйақыны өтеу шарттары | Негізгі борышты өтеу шарттары | БҚШ/ҚЛШ бойынша өтеу мерзімі | Нақты өтеу күні |
1. | ||||||
2. |
8. Қолданыстағы кредиттер/қолданыстағы лизинг туралы ақпарат
Күні және валюта бағамы:
____/____.
Р/с № | Банк/лизингтік компания | БҚШ/ҚЛШ деректемелері (№, күні) | Сыйақы мөлшерлемесі, % | Кредит/лизинг валютасы | Кредит/лизинг сомасы | Көрсетілген күнге негізгі борыш бойынша берешек қалдығы | Кредит/ лизинг мерзімі аяқталатын күн | Кредит/ лизинг мақсаты (қысқаша сипаттамасы) |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
9. Басқа мемлекеттік бағдарламаларға және кәсіпкерге қатысты қолданылатын мемлекеттік қолдау шараларына қатысу туралы ақпарат
Р/с № | Мемлекеттік бағдарламаның атауы / мемлекеттік қолдау шаралары | Мемлекеттік даму институтының атауы | Қосымша ақпарат |
10. Кепілдіктер мен келісімдер
Кәсіпкер Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне/қаржы агенттігіне мынаны мәлімдейді және кепілдік береді:
1. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне/қаржы агенттігіне осы өтінішпен бірге не Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің/қаржы агенттігінің сұратуы бойынша берілген (ұсынылған) немесе ұсынылатын барлық деректер, ақпарат пен құжаттама анық болып табылады және төменде көрсетілген күнге шындыққа толығымен сәйкес келеді, көрсетілген деректер өзгерген жағдайда Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін/қаржы агенттігін дереу хабардар етуге міндеттенемін.
2. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің/қаржы агенттігінің бірінші талап етуі бойынша осы өтінішті қарау шеңберінде талап етілген, банктік және коммерциялық құпияны құрайтын кез келген ақпарат пен құжаттарды ұсынуға және ашуға міндеттенемін.
3. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі/қаржы агенттігі көрсетілген мәлімдемелер мен кепілдіктердің шынайылығын тексеруге міндетті емес.
4. Кәсіпкерге жалған, толық емес және/немесе дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік туралы ескертілді.
5. Кәсіпкердің жарғылық құзыреті осы өтінішке қол қоятын адамға осы өтінішті беруге мүмкіндік беретінін кәсіпкер растайды.
6. Көрсетілген деректер мен ақпараттың дұрыс еместігі анықталған жағдайда, осы өтініш көрсетілген деректердің дұрыс еместігін растайтын мәліметтер анықталған кез келген кезеңде кері қайтарылуы мүмкін екендігімен келісемін, бұл ретте Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі/қаржы агенттігі кері қайтару себептерін хабарламауға құқылы.
Кәсіпкер осы арқылы Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне/қаржы агенттігіне мынаған келісім береді:
1. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі/қаржы агенттігі осы өтініште көрсетілген мәліметтерді, ақпарат пен кәсіпкер ұсынған құжаттарды тексеру және қарау мақсатында мүдделі үшінші тұлғаларға ұсынуға құқылы.
2. Осы өтініште қамтылған барлық мәліметтер, сондай-ақ Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі/қаржы агенттігі талап еткен барлық құжаттар Бағдарлама шеңберінде субсидия алу үшін ғана ұсынылған.
3. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі/қаржы агенттігі кәсіпкер өзі туралы хабарлайтын кез келген ақпаратты тексеру құқығын өзіне қалдырады, ал Кәсіпкер ұсынған құжаттар және өтініштің түпнұсқасы субсидиялау ұсынылмаса да, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінде/ қаржы агенттігінде сақталатын болады.
4. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің/қаржы агенттігінің осы өтінішті қарауға қабылдауы, сондай-ақ кәсіпкердің ықтимал шығыстары (субсидия алу үшін қажетті құжаттарды ресімдеу және т.б.) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің/қаржы агенттігінің субсидия беру немесе Кәсіпкерге келтірілген шығасыларды өтеу міндеттемесі болып табылмайды.
5. Субсидиялау туралы мәселені қарау тәртібімен танысқанымды растаймын және келісемін, кейіннен Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне/қаржы агенттігіне наразылық білдірмеймін.
11. Қосымшалар
(________________ бағыт бойынша көзделген құжаттар)
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы, күні)
"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына 3-қосымша |
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
(Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі толтырады)
_______________________ бойынша Өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауына арналған Кәсіпкер жобаларының тізімі
Р/с № | Кәсіпкердің атауы | Жобаның атауы (сипаттамасы) | Заңды мекенжайы | Жобаны іске асыру орны | Өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің түрлері |
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
Барлығы: | |||||
Жобаны іске асыру кезеңі | Бағдарлама бойынша бағыт | ЭҚЖЖ/ИИДМБ коды | ЭҚЖЖ/ИИДМБ секторының атауы | Қаржыландыру сомасы, теңге | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | |
Жұмыс орындарының саны | Басқа мемлекеттік бағдарламаларға қатысу | ӨҮК-ке өтініш беру күні | |||
факт | жоспар | МДИ атауы | МК атауы | ||
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | |
Өндірілген өнімнің жалпы көлемінен өнім экспортының көлемі | Банктің/лизингтік компанияның атауы | ||||
өткен жылдағы айналымның жалпы сомасы | өткен жылдағы экспорттық шарттар бойынша тауарды жөнелту сомасы | % | |||
17 | 18 | 19 | 20 | ||
Қосымшалар: (Кәсіпкер БӨҮ-ге ұсынған өтініш және құжаттар жиынтығы)
1)
2)
…
Қысқартулар мен анықтамалар | |
Кәсіпкер | Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі |
ЭҚЖЖ | Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 683-од бұйрығымен бекітілген экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес экономиканың басым секторлары |
ИИДМБ | ИИДМБ айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салалары мен көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлері |
МДИ | мемлекеттік даму институттары |
МБ | Мемлекеттік бағдарлама |
МҚШ | мемлекеттік қолдау шаралары |
БӨҮ | Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі |
Лауазымды тұлға ____________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы, мөр)
Жауапты қызметкер__________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына 4-қосымша |
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
_________________________ бойынша
Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының
№ ____ хаттамасы
Өткізу орны | |
Өткізу күні: | |
Кеңес төрағасы | |
Қатысқан Кеңес мүшелері | |
Қатыспаған Кеңес мүшелері | |
Шақырылғандар | |
Кеңес хатшысы |
Күн тәртібі
Мәселелер атауы | |
Кеңес:
1 - мәселенің атауы | |
қарады.
Кеңес шешімі
1. Төмендегімен байланысты ______________ (республикалық бюджет/жергілікті бюджет/ Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры) есебінен субсидиялау нысанында мемлекеттік қолдау нысандарын қолдану мүмкіндігі мақұлдансын:
"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасының өлшемшарттарына сәйкес;
"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасының басым салаларына сәйкес;
жеке кәсіпкерлік субъектілері жобаларының төмендегі тізіміне сәйкес мемлекеттік даму институттары арқылы басқа қолдау шараларын қолданбауына байланысты:
Атауы | ||||
Кәсіпкер | жоба | сала | банк/лизингтік компания | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
БҚШ/ҚЛШ |
Кредит/лизинг |
Қаржыландыру көзі (БЖЗҚ қаражаты/ | Кредит валютасы | Кредит/лизинг мерзімі | Нысаналы мақсаты | |
күні | ||||||
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
Жобаның атауы (сипаттамасы) | МТМ % | Сыйақының номиналды мөлшерлемесі | Сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігі | Сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігі |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
Субсидиялау мерзімі | Қолдау алғанға дейінгі кәсіпкер (шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі) туралы ақпарат1 | Қолдау алғаннан кейін кәсіпкерге қойылатын талап2 | Ескертпе | |||
Кірістің өсуі, % | Төленетін салық көлемінің өсуі, % | Кірістің өсуі, % | Жұмыс орындарының орташа жылдық санының артуы, % | Төленетін салық көлемінің өсуі, % | ||
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
Ескертпе
1Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлер – орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша толтырылады.
2Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлер жобалары бойынша, сонымен қатар Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлер – шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша толтырылады.
2. Субсидиялау шарттарын жасасу үшін мақұлданған жобалар тізімі "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамына және көрсетілген екінші деңгейдегі банктерге/даму банкіне/лизингтік компанияларға жіберілсін.
3. Субсидиялау нысанында мемлекеттік қолдау нысандарын қолдануды мақұлдауға төмендегіге байланысты бас тартылсын:
1) "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасының өлшемшарттарына сәйкес келмеу;
2) "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасының басым салаларына сәйкес келмеу;
3) жеке кәсіпкерлік субъектілері жобаларының төмендегі тізіміне сәйкес мемлекеттік даму институттары арқылы басқа қолдау шараларын қолдану:
Атауы | Бас тарту себептері | ||||
Кәсіпкер | жоба | сала | банк/лизингтік компания | ||
Кеңес мүшелерінің қолдары:
Кеңес мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және мәртебесі | "ҚОЛДАЙМЫН" | "ҚАРСЫМЫН" | ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР | |
Кеңес төрағасы | ||||
Кеңес төрағасының орынбасары | ||||
Кеңес мүшесі | ||||
Кеңес мүшесі | ||||
Кеңес мүшесі |
Кеңес:
2 - мәселенің атауы | |
қарады.
Кеңес шешімі
1.
2.
Кеңес мүшелерінің қолдары:
Кеңес мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және мәртебесі | "ҚОЛДАЙМЫН" | "ҚАРСЫМЫН" | ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР | |
Кеңес төрағасы | ||||
Кеңес төрағасының орынбасары | ||||
Кеңес мүшесі | ||||
Кеңес мүшесі | ||||
Кеңес мүшесі | ||||
Кеңес хатшысы ________________ тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Егер Кеңес мүшесі "қарсы" дауыс берген жағдайда, "Түсініктемелер" бағанында қабылданған шешімнің себебі көрсетілуге тиіс.
.
"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына 5-қосымша |
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
Үлгі |
_____________ бастап ____________дейінгі ж. кезеңіндегі
субсидиялау туралы есеп
Банктің/даму банкінің/лизинг-тік компанияның атауы | Кәсіп-кер жүгін-ген орын | Кәсіпкер-дің атауы | IBAN коды* | БСН |
БҚШ | БҚШ/ҚЛШ (транш) күні |
Кредит/ли-зинг | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | |
Кредит/лизинг (транш) бойынша | Субсидиялау шартының нөмірі | Субсидиялау шартының күні | Кезең ішінде қаржы агенттігі аударған субсидиялар сомасы | Кезең ішінде шегерілген субсидиялар сомасы |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
Кредит/лизинг бойынша мерзімі өткен төлемдер күндерінің саны | Кредитті (траншты) нысаналы қолданудың егжей-тегжейлі деректері |
14 | 15 |
Лауазымды тұлға _______________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы, мөрі)
Жауапты қызметкер ______________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Ескертпе:
* банктің/даму банкінің банк жүйесі жасайтын субсидиялау шартының бірегей сәйкестендіру коды
"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына 6-қосымша |
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражат есебінен субсидиялау туралы есеп*
______________ - ________________ аралығындағы кезең
Банктің/Даму банкінің атауы | ЖКС өтініш берген жер | ЖКС атауы | IBAN код** | БСН | БҚШ (транш) нөмірі | БҚШ (транш) күні | Кредит (транш) сомасы |
1 | 2 | 3 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Кредит (транш) бойынша сыйақы мөлшерлемесі | Субсидия лау шартының нөмірі | Субсидия лау шартының күні | Кезеңде қаржы агенттігі аударған субсидиялар сомасы | Кезеңде есептен шығарылған субсидиялар сомасы | Кредитті (траншты) мақсатты пайдалануды нақтылау |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
Кредит бойынша мерзімі өткізілген күндер саны |
15 |
Лауазымды адам _____________________________ Т.А.Ә.
(қолы, мөрі)
Жауапты қызметкер _________________________ Т.А.Ә.
(қолы)
Ескертпе:
* БЖЗҚ қаражаты есебінен берілген кредиттер бойынша субсидиялау туралы есеп ұқсас нысан бойынша жеке ұсынылады.
**Банктің/Даму банкінің банктік жүйесінен туындайтын субсидиялау шартын сәйкестендірудің бірегей коды.
"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына 7-қосымша |
Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне/уәкілетті органға
____________ бастап _____________ дейінгі кезеңіндегі субсидиялау туралы есеп
Банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның атауы | Кәсіпкер жүгінген орын | Кәсіпкердің атауы |
БҚШ/ | БҚШ/ҚЛШ (транш) күні |
Кредит/лизинг |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Кредит/лизинг (транш) бойынша | Субсидиялау шартының нөмірі | Субсидиялау шартының күні | Кезең ішінде қаржы агенттігі аударған субсидиялар сомасы | Кезең ішінде шегерілген субсидиялар сомасы |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Ескертпе:
*Айналым қаражатын толтыруға бағытталған кредиттерді субсидиялау жобалары, сондай-ақ БЗЖҚ қаражаты есебінен берілген кредиттер бойынша субсидиялау туралы есеп Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне/уәкілетті органға ұқсас нысан бойынша жеке беріледі.
"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына 8-қосымша |
Ескерту. Қағида 8-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберіндегі кәсіпкерлердің өтінімдері туралы ақпарат
1 | Өтініш берушінің аты | |
2 | Жобаны іске асыру орны | |
3 | Құрылды | |
4 | Қызмет түрі | |
5 | Жобаның құны | |
6 | ЭҚЖЖ бойынша сала | |
7 | Бағдарламаның бағыты | |
8 | Қолдау түрі | |
9 | Кредит сомасы 750 млн.теңгеден/4,5 млрд.теңгеден аспауға тиіс | |
10 | Кредит сомасы | |
11 | Айналым қаражаты кредит сомасының 30%-нан аспауға тиіс | |
12 | Пайыздық мөлшерлеме | |
13 | Екінші деңгейдегі банк | |
14 | Кредиттің мақсаты | |
15 | Жоба бағыты: | |
16 | Қызметкерлердің нақты саны | |
17 | Құрылатын жұмыс орындары | |
| Меншікті қаражатпен (ақша қаражаты, жылжымалы/жылжымайтын мүлік) қатысу 180 млн.тг кредит сомасынан асқан жағдайда 10 %-дан кем емес | |
19 | ЖИЖ (жаңа инвестициялық жоба) іске асыруға арналған кредит 1 жыл ішінде ӨҮК отырысына шығарылғанға дейін берілді | |
20 | Номиналды пайыздық мөлшерлемесі 19% жоғары (19%-ға дейін төмендеу) қолданыстағы кредит ӨҮК отырысына шығарылғанға дейін 12 ай өтпей берілді | |
21 | Басқа мемлекеттік қолдау шараларына қатысу | |
22 | Жетекшілік ететін ведомство, холдинг, ұлттық компания немесе бас компания | |
23 | Өз қызметін тау-кен өндіру өнеркәсібінде жүзеге асырады | |
24 | Кредиттің нысаналы мақсаты акцизделетін тауарлар/өнімдер шығаруды көздемеуге тиіс | |
25 | Ірі салық төлеушілер тізбесіне қосылған, минералды шикізатты өңдеуді жүзеге асыратын металлургия өнеркәсібінде жобаны іске асырады | |
26 | Акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 50 және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (ӘКК және МЖС қоспағанда) тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар/мекемелер, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар және ұйымдар құрылтайшылар (оның ішінде қатысушылар, акционерлер) болып табылады | |
27 | Пайыздық мөлшерлемесі бюджет қаражаты есебінен арзандатылған кредиттер | |
28 | Кепілдік беруді жүзеге асыру 360,0 млн.теңгеден аспайтын кредит сомасы | |
29 | Жоспарланатын субсидиялар сомасы | |
30 | Субсидиялар бойынша қалдық сомасы | - |
Ұсынылған мәліметтерге сәйкес жоба Бағдарламаның өлшемшарттарына сай келеді.
Субсидиялау жөніндегі менеджер __________________
Өтініш берушінің атауы: ЖШС/ЖК _________________
200__ жылғы "_______" құрылды тіркеу _________________
201_, 201_ және 201_ жж. бойынша декларация нысанының көшірмелері ұсынылды
(мың теңге)
201_ | 201_ | 201_ | Жылдық орташа кіріс |
Жылдық орташа кіріс ______ АЕК-тен аспайды. Компания микробизнес/шағын бизнес/орта бизнес сегментіне жатады
Жұмыскерлер саны | 201_ | 201_ | 201_ |
1-жартыжылдық | |||
2-жартыжылдық | |||
Орташа |
Жұмыскерлер саны __ адамнан артық емес. Компания микробизнес/шағын бизнес/орта бизнес сегментіне жатады
Кәсіпкердің/Жобаның тиімділік өлшемшарттары бойынша кесте
(орта және ірі бизнес сегменттері бойынша толтырылады)
(мың теңге)
Жыл | 2013 | 2014 | 2015 | 2016 |
Кезең | -3 | -2 | -1 | 0 |
Орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері | ||||
Кіріс 1 | - | - | - | - |
өсу % | - | - | - | - |
1. Декларация нысаны – ___
2. kgd.gov.kz сайтынан
АНЫҚТАМА РЕТІНДЕ: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛІК КОДЕКСІНЕ СӘЙКЕС
Сегмент атауы | Жұмыскерлер саны | Жылдық орташа кіріс |
Микробизнес | ||
Шағын бизнес | ||
Орта бизнес |
*АЕК 201 ж. = _______ тг.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген |
"Бизнестің жол қартасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру қағидалары
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
1. Жалпы ережелер
1. Осы "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидалары (бұдан әрі – Кепілдік беру қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленді және шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің (бұдан әрі – кәсіпкерлер) міндеттемелерін орындауды ішінара қамтамасыз ету ретінде кепілдіктер берудің тетігі мен шарттарын айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен2. Кәсіпкерлердің кредиттері бойынша кепілдік беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады.
3. Кепілдік беру шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық қолдау құралы болып табылады және кәсіпкерлердің кредиттік ресурстарына қол жеткізуін кеңейту және қамтамасыз ету үшін қолданылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен4. Кепілдік беру үшін көзделген қаражатты Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі қаржы агентіне өзара жасалған "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың негізінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен аударады. "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.06.2017 № 373 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).2. Терминдер мен анықтамалар
5. Осы Кепілдік беру қағидаларында мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) банк – Даму банкін қоса алғанда, Бағдарламаға қатысатын екінші деңгейдегі банк;
2) банктік кредит (бұдан әрі – кредит) – мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және нысаналы пайдалану шарттарында банктік қарыз шартының негізінде кәсіпкерге банк беретін ақша сомасы. Кредиттік желі де банктік кредитке жатады.
Ислам банкі үшін кредит қаржыландыру – кәсіпкерге ислам банкі қаржыландыру шартына сәйкес ұсынатын тауар үшін төлемді кейінге шегеру немесе бөліп төлеу ретінде түсініледі;
3) кепілдік беру – Бағдарламада, осы Кепілдік беру қағидаларында және кепілдік шартында айқындалатын шарттарда кәсіпкердің кредиті бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде ішінара кепілдік беру түрінде пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау нысаны;
4) кепілдік – банктік қарыз шарты бойынша негізгі борыштың бір бөлігін төлеу бойынша кепілдік шартынан туындайтын кәсіпкер міндеттемелерін орындау үшін кепілдік сомасының шегінде қаржы агенттігінің банк алдында жауап беру міндеттемесі;
4-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік – мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасындағы "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған белгілерге сәйкес келетін ынтымақтастық нысаны;
5) ИИДМБ – Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама;
6) банктік қарыз шарты – банк пен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша банк кәсіпкерге кредит береді. Кредиттік желі ашу туралы келісім де банктік қарыз шартына жатады.
Ислам банкі үшін банктік қарыз шарты қаржыландыру шарты – ислам банкі мен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім ретінде түсініледі, оның шарттары бойынша ислам банкі кәсіпкерге – тауарларды сатып алушыға немесе сатушыға коммерциялық кредит береді. Бас қаржыландыру келісімі де қаржыландыру шартына жатады, оның шеңберінде ислам банкі мен кәсіпкер коммерциялық кредит беру (қаржыландыру) туралы жеке шарттар жасасады. Тауар сатудың тауардың бағасы мен тауардың үстеме бағасынан қалыптасатын бағасы бойынша төлемді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу арқылы кәсіпкерге тауар сату жолымен саудадағы делдал ретінде кәсіпкердің сауда қызметін ислам банктерінің қаржыландыруы коммерциялық кредит деп түсініледі;
7) кепілдік шарты – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша қаржы агенттігі, банк және кәсіпкер арасында жасалған кепілдік беру туралы үшжақты жазбаша келісім;
8) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға (бұдан әрі – БЖЗҚ);
9) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі – Бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттарды дайындау және жинау бойынша кәсіпкерлерді консультациялық сүйемелдеуді жүзеге асыратын облыс әкімі айқындайтын қаланың/ауданның құрылымдық бөлімшесі;
10) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – кредит бойынша сыйақының банктік қарыз шартын жасасу кезінде сол шартта белгіленген мөлшерлемесі, оны банктік қарыз шартында көзделген жағдайларда банк біржақты тәртіппен не тараптардың келісімі бойынша өзгерте алады.
Ислам банкі үшін тауардың үстеме бағасы – ислам банкінің коммерциялық кредит беруге байланысты тауар бағасынан түсетін пайыз (пайда) түрінде не тіркелген сома түрінде көрсетілуі мүмкін кірісі номиналды сыйақы мөлшерлемесі деп түсініледі;
11) жоба – бизнестің әртүрлі бағыттарында кіріс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет ретінде кәсіпкер жүзеге асыратын іс-әрекет пен іс-шаралар жиынтығы. Бір жоба шеңберінде бірнеше банктік кредит алуға болады;
12) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі – облыс (астана, республикалық маңызы бар қала) деңгейінде Бағдарламаны іске асыруға жауапты, облыс (астана, республикалық маңызы бар қала) әкімі айқындайтын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
13) Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК) – облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері құратын және басқаратын, жалпы санының кемінде 50 %-ына бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысатын консультативтік-кеңесші орган;
14) тауар – оларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында Ислам банктерінің сатып алу-сату мәмілелерін жасасуына рұқсат берілген, кейіннен коммерциялық кредит шарттарында кәсіпкерге беру мақсатында ислам банкі тауар сатушыдан сатып алу-сату шарты бойынша сатып алатын жылжымалы немесе жылжымайтын мүлік;
15) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;
16) қаржы агенттігі – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.3. "Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау" бірінші бағытының шеңберінде кепілдік беру шарттары
6. Мыналар:
1) ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда және моноқалаларда салалық шектеулерсіз өздерінің жобаларын және тиімді жобаларды іске асырып жатқан және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер;
2) барлық өңірлерде өздерінің жобаларын және тиімді жобаларды іске асырып жатқан және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер салалық шектеусіз және кәсіпкердің тіркелген жерін есепке алмай Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде кепілдік беруге қатыса алады.
Қаржы агенттігінің шешімі шыққан күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде кірістердің және жұмыс орындарының орташа жылдық санының 10 %-ға ұлғаюын көздейтін жобалар тиімді жобалар деп түсініледі.
100%-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерге тиімділік өлшемшарттарына қол жеткізу туралы талаптар қолданылмайды.
Бұл ретте Бағдарламаның бірінші бағытының шарттарына сәйкес келген жағдайда:
1) тұрақтандыру немесе дағдарысқа қарсы бағдарламалардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, БЖЗҚ, облыс, астана, республикалық маңызы бар қала әкімдігінің және қаржы агенттігінің қаражаттары есебінен іске асырылатын бағдарламалардың шеңберінде банктер арқылы мемлекеттік қаржылық қолдау алатын кәсіпкерлердің;
2) кредит алу үшін өтініш берген күннің алдындағы соңғы есепті күнге салық төлеу бойынша берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен бюджетке әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқ кәсіпкерлердің кепілдік алуға қатысуына рұқсат етіледі.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен7. Мыналар:
1) моторлы көлік құралдарын шығаруды және өзі өсірген жүзімнен шарап жасауды көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығаруды жүзеге асыратын кәсіпкерлер;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1434 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің жобаларын іске асыратын кәсіпкерлер;
3) қиыршықтас және құм карьерлерін игеруге бағытталған жобаларды қоспағанда, өз қызметін тау-кен өндіру өнеркәсібінде жүзеге асыратын кәсіпкерлер;
4) құрылтайшылары ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар болып табылатын кәсіпкерлер, сондай-ақ жеке меншік мекеме нысанында құрылған заңды тұлғалар Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде кепілдік алуға қатысушы бола алмайды.
8. Бағдарлама шеңберінде мынадай:
1) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;
2) Даму банкін қоспағанда, мемлекеттік даму институттары берген;
3) сыйақы мөлшерлемесі Бағдарлама шеңберінде арзандатылған кредиттерді қоспағанда, сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражатының есебінен арзандатылған;
4) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен5) овердрафт түріндегі;
6) ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға БЖЗҚ қаражаттарының есебінен банктер беретін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттерін қоспағанда, бұрын алынған кредиттерді қайта қаржыландыруға бағытталған;
7) инвестициялық жобаны іске асыру үшін (өзінің қатысуын ескергенде) сомасы жеткіліксіз кредиттерге Бағдарлама шеңберінде кепілдік берілмейді.
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен9. Бағдарлама шеңберінде банктер:
1) кредит беру шарттарының кәсіпкер бастамасымен өзгеруіне байланысты;
2) кәсіпкердің кредит бойынша міндеттемелерді бұзу себебі бойынша алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.
10. Кепілдік беру банктер жаңа тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін беретін жаңа кредиттері бойынша ғана ұсынылады.
10-1. Кепілдік жобаны кәсіпкер одан әрі өзі пайдаланған жағдайда салалық шектеулерсіз мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде мұндай жобаларды іске асыруға берілетін жаңа кредиттер бойынша да беріледі.
Ескерту. 3-тарау 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.11. Қаржы агенттігінің шешімі бойынша кредит(тер) бойынша қамтамасыз ету түрінде ұсынылатын мүлік сақтандырылуы мүмкін.
12. Қаржы агенттігі кәсіпкерден үлестес және байланыстырылған заңды және жеке тұлғалардың кепілдігін ұсынуын талап етуі мүмкін.
13. Кепілдік беру номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын,
5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған және даму банкі үшін сыйақы мөлшерлемесі жылдық 13 %-дан аспайтын кредиттер бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен14. Ішінара кепілдік беру айналым қаражатын толықтыру:
1) негізгі құралдарды сатып алуға және (немесе) жаңғыртуға және (немесе) айналым қаражатының мөлшері кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын өндірістерді кеңейтуге бағытталған кредит шеңберінде;
2) БЖЗҚ қаражатты шеңберінде жүзеге асырылған жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін.
Жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер/ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер/ ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер үшін ішінара кепілдік беру 60 млн. теңгені қоса алғанға дейінгі банктердің айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттері бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
Сондай-ақ БЖЗҚ қаражаты есебінен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне банктер айналым қаражаттарын толықтыруға және (немесе) ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға берген (беретін) кредиттер кепілдік беруге жатады.
15. Ісін жаңа бастаған кәсіпкер/ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер үшін:
1) кепілдік беру жүзеге асырылатын, жоба шеңберіндегі банк кредитінің (-терінің), соның ішінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне айналым қаражатын толықтыруға және БЖЗҚ қаражаты есебінен ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға беретін кредиттердің сомасы 20 млн. теңгеден аспайды. Бұл ретте, кредиттің(-тердің) сомасы ісін жаңа бастаған кәсіпкердің/ісін жаңа бастаған жас кәсіпкердің біреуі үшін онымен үлестес тұлғалардың кредиті(-тері) бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі;
2) кепілдік мөлшері кредит сомасының 85 %-ынан аспайды, бұл ретте ісін жаңа бастаған кәсіпкер/ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер құны кредит сомасының кемінде 15 %-ы мөлшеріндегі кредит (кепіл) бойынша қамтамасыз етуді ұсынады. Қамтамасыз ету мөлшерінің жеткілікті болуын есептегенде, талап ету құқығының кепілі мен шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің кепілі ескерілмейді;
3) ұсынылатын кепілдік мерзімі – кредит мерзімінен аспайды;
4) ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің/ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлердің "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасында немесе қаржы агенттігінің өзге де бағдарламаларында көзделген Бағдарламаның оқыту жобалары шеңберінде оқудан өтуі ұсынылады.
Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен16. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің мөлшері 20 млн. теңгеден асатын кредиттеріне кепілдік беру Кепілдік беру қағидаларының осы бөлімінің 17-тармағында баяндалған шарттарда жүзеге асырылады.
17. Кәсіпкер үшін:
1) кепілдік беру жүзеге асырылатын жоба шеңберіндегі банк кредитінің (-терінің), соның ішінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне айналым қаражатын толықтыруға және БЖЗҚ қаражаты есебінен ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға берілетін кредиттердің сомасы 180 млн. теңгеден аспайды. Бұл ретте, кредиттің(-тердің) сомасы кәсіпкердің біреуі үшін онымен үлестес тұлғалардың кредиті(-тері) бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі;
2) кепілдік мөлшері кредит сомасының 50 %-ынан аспайды, бұл ретте кәсіпкер құны кредит сомасының кемінде 50 %-ы мөлшеріндегі кредит (кепіл) бойынша қамтамасыз етуді ұсынады. Қамтамасыз ету мөлшерінің жеткілікті болуын есептегенде, талап ету құқығының кепілі мен шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің кепілі ескерілмейді;
3) ұсынылатын кепілдік беру мерзімі – кредит мерзімінен аспайды. Егер кредит сомасы 60 млн. теңгеден аз немесе соған тең болса, 100 %-ын қоса алғанға дейінгі мөлшерде айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер бойынша (кредиттерге немесе лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерге ақы төлеу бойынша есептерді жүргізуді және өтініш берушінің негізгі қызметті жүзеге асыруына байланысты емес өзге де мақсаттарды қоспағанда) кепілдік беру жүзеге асырылуы мүмкін.
Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен18. Кепілдік шарты жасалатын кредит дербес банктік қарыз шарты түрінде ресімделуі тиіс.
19. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі қаржы агенттігіне төлейтін кепілдік құны кепілдік сомасының 20 %-ын құрайды. Кепілдік шартының қолданылуы тоқтатылған кезде бұл сома жобаларға кейіннен кепілдік беру үшін пайдаланылуға тиіс.
Босатылған қаражат есебінен кепілдік беру көлемі кепілдік беру шартының қолданылуын тоқтату есебінен қалыптастырылған босатылған қаражат көлемінің 5-ке тең (100%/20%) мультипликаторға көбейтіндісіне тең.
Қаржы агенттігі өзінің қалауы бойынша алынған қаражаты әртүрлі қаржы құралдарына орналастыруға құқылы.
Қаржы агенттігі уәкілетті органға жыл сайын уәкілетті органмен келісілген нысанға сәйкес босатылған қаражатты пайдалану жөніндегі есепті ұсынады.
20. Қаржы агенттігі төлеген банк талаптарының көлемі қаржы агенттігінің кепілдігі бойынша қалыптастырылған кредиттік портфель көлемінің (берешек қалдығының) 10 %-ынан жоғары шектен асқан кезде мұндай банктің кредиттері бойынша одан әрі кепілдік беру тоқтатыла тұрады.
21. Қаржы агенттігі іске асырылатын Бағдарламаны жарнамалау науқанын өткізуге және өзінің ресми веб-сайтында Бағдарламаның іске асырылуы туралы ақпарат орналастыруға құқылы.
22. Мынадай:
1) жоба экономикалық тұрғыдан орынсыз және тиімсіз болған;
2) жоба Бағдарлама шарттарына сәйкес келмеген;
3) Бағдарламаға әлеуетті қатысушының және онымен үлестес заңды және жеке тұлғалардың кредиттік тарихы теріс болған жағдайларда, қаржы агенттігі кепілдік беруден бас тартуға құқылы.
4. "Экономиканың басым секторларындағы және өңдеуші өнеркәсіп салаларындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық қолдау" екінші бағытының шеңберінде кепілдік беру шарттары
23. Мыналар:
1) Бағдарламаға 1-қосымшада көрсетілген экономиканың басым секторларында;
2) ИИДМБ-да айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында және көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінде жобаларды іске асырып жатқан және/немесе іске асыруды жоспарлайтын тиімді кәсіпкерлер Бағдарламаның екінші бағытының шеңберінде кепілдік алуға қатыса алады.
Жаңа инвестициялық және тиімді жаңа жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобалар деп:
1) кәсіпкер 180 млн. теңгеден асатын кредиттер бойынша –Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне, 180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша қаржы агенттігіне өтініш бергенге дейінгі өткен 3 (үш) жылда кірістерінің 20 %-ға өсуіне қол жеткізген орта кәсіпкерлік субъектілерінің;
2) 180 млн. теңгеден асатын кредиттер бойынша ӨҮК-нің шешімі/
180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша қаржы агенттігінің шешімі шыққан күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде кірістердің өсуін және жұмыс орындарының орташа жылдық санының 10%-ға ұлғаюын көздейтін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары түсініледі.
100%-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерге тиімділік өлшемшарттарына қол жеткізу туралы талаптар қолданылмайды.
Бұл ретте Бағдарламаның екінші бағытының шарттарына сәйкес келген жағдайда:
1) тұрақтандыру немесе дағдарысқа қарсы бағдарламалардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, БЖЗҚ, облыстар, астана, республикалық маңызы бар қала әкімдігінің және қаржы агенттігінің қаражаты есебінен іске асырылатын бағдарламалардың шеңберінде банктер арқылы мемлекеттік қаржылық қолдау алатын кәсіпкерлердің;
2) кредит алу үшін өтініш берген күннің алдындағы соңғы есепті күнге салық төлеу бойынша берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен бюджетке әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқ кәсіпкерлердің кепілдік алуға қатысуына рұқсат етіледі.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен24. Мыналар:
1) моторлы көлік құралдарын шығаруды және өзі өсірген жүзімнен шарап жасауды көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығаруды жүзеге асыратын кәсіпкерлер;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1434 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің жобаларын іске асыратын кәсіпкерлер;
3) қиыршықтас және құм карьерлерін игеруге бағытталған жобаларды қоспағанда, өз қызметін тау-кен өндіру өнеркәсібінде жүзеге асыратын кәсіпкерлер;
4) құрылтайшылары ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар болып табылатын кәсіпкерлер, сондай-ақ жеке меншік мекеме санында құрылған заңды тұлғалар Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде кепілдік алуға қатысушы бола алмайды.
25. Бағдарлама шеңберінде мынадай:
1) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;
2) Даму банкін қоспағанда, мемлекеттік даму институттары берген;
3) сыйақы мөлшерлемесі Бағдарлама шеңберінде арзандатылған кредиттерді қоспағанда, сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражатының есебінен арзандатылған;
4) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен5) овердрафт түріндегі;
6) ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға БЖЗҚ қаражаттарының есебінен банктер беретін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттерін қоспағанда, бұрын алынған кредиттерді қайта қаржыландыруға бағытталған;
7) инвестициялық жобаны іске асыру үшін (өзінің қатысуын ескергенде) сомасы жеткіліксіз кредиттерге Бағдарлама шеңберінде кепілдік берілмейді.
Ескерту. 25-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен26. Ауылдарда, шағын қалалар мен моноқалаларда Бағдарламаның екінші бағытының шарттарына сәйкес келетін жобаларды іске асыратын кәсіпкерлер Бағдарламаның екінші бағытының шеңберінде мемлекеттік қолдау алуға құқылы.
27. Бағдарлама шеңберінде банктер:
1) кредит беру шарттарының кәсіпкер бастамасымен өзгеруіне байланысты;
2) кәсіпкердің кредит бойынша міндеттемелерді бұзу себебі бойынша алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.
28. Кепілдік беру банктер жаңа тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін беретін жаңа кредиттері бойынша ғана ұсынылады.
28-1. Кепілдік жобалар Бағдарламаға 1-қосымшада көрсетілген экономиканың басым секторларына немесе ИИДМБ-да айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларына және көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлеріне сәйкес болған жағдайда, сондай-ақ мұндай жобаны кәсіпкер одан әрі өзі пайдаланған жағдайда, мұндай жобаларды мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер бойынша да беріледі.
Ескерту. 4-тарау 28-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.06.2017 № 373 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).29. Қаржы агенттігінің шешімі бойынша кредит(тер) бойынша қамтамасыз ету түрінде ұсынылатын мүлік сақтандырылуы мүмкін.
30. Қаржы агенттігі кәсіпкерден үлестес және байланыстырылған заңды және жеке тұлғалардың кепілдігін ұсынуын талап етуі мүмкін.
31. Кепілдік беру номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын, 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған және даму банкі үшін сыйақы мөлшерлемесі жылдық 13 %-дан аспайтын кредиттер бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен32. Ішінара кепілдік беру айналым қаражатын толықтыру:
1) негізгі құралдарды сатып алуға және (немесе) жаңғыртуға және (немесе) айналым қаражатының мөлшері кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын өндірістерді кеңейтуге бағытталған кредит шеңберінде;
2) БЖЗҚ қаражатты шеңберінде жүзеге асырылған жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін.
Жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер/ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер/ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер үшін ішінара кепілдік беру бағытталған, 60 млн. теңгені қоса алғанға дейінгі банктердің айналым қаражатын толықтыруға кредиттері бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің айналым қаражатын толықтыру және (немесе) Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында, ИИДМБ-да айқындалған өңдеуші өнеркәсіп салаларында және көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінде және салалық шектеусіз жүзеге асырылатын жобалар бойынша ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыру үшін БЖЗҚ қаражаты есебінен банктер берген (беретін) кредиттерге кепілдік береді.
Ескерту. 32-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.06.2017 № 373 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).33. Ісін жаңа бастаған кәсіпкер үшін:
1) кепілдік беру жүзеге асырылатын, жоба шеңберіндегі банк кредитінің (-терінің), соның ішінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне айналым қаражатын толықтыруға және БЖЗҚ қаражаты есебінен ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға беретін кредиттердің сомасы 20 млн. теңгеден аспайды. Бұл ретте, кредиттің(-тердің) сомасы ісін жаңа бастаған кәсіпкер үшін онымен үлестес тұлғалардың кредиті (-тері) бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі;
2) кепілдік мөлшері кредит сомасының 85 %-ынан аспайды, бұл ретте ісін жаңа бастаған кәсіпкер құны кредит сомасының кемінде 15 %-ы мөлшеріндегі кредит (кепіл) бойынша қамтамасыз етуді ұсынады. Қамтамасыз ету мөлшерінің жеткілікті болуын есептегенде, талап ету құқығының кепілі мен шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің кепілі ескерілмейді;
3) ұсынылатын кепілдік мерзімі – кредит мерзімінен аспайды;
Ескерту. 33-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен34. Кәсіпкер үшін:
1) экономиканың басым салаларындағы жобалар бойынша кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттің(-тердің), соның ішінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне БЖЗҚ қаражаты есебінен ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға банктер беретін кредиттер, сомасы 360 млн. теңгені қоса алғандағыдан аспайды. Бұл ретте, кредиттің(-тердің) сомасы бір кәсіпкер үшін онымен үлестес тұлғалардың кредиті(-тері) бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі;
2) кепілдік мөлшері кредит сомасының 50 %-ынан аспайды, бұл ретте кәсіпкер құны кредит сомасының кемінде 50 %-ы мөлшерінде кредит (кепіл) бойынша қамтамасыз етуді ұсынады.
Қамтамасыз ету мөлшерінің жеткілікті болуын есептегенде, талап ету құқығының кепілі мен шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің кепілі ескерілмейді;
3) ұсынылатын кепілдік мерзімі – кредит мерзімінен аспайды;
Ескерту. 34-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен35. ИИДМБ-да айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында және көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінде іске асырылатын жобаға банк беретін, оның ішінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне БЖЗҚ қаражатының есебінен ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға және айналым қаражатын толықтыруға беретін кредит(тер) сомасы бір кәсіпкер үшін 1850 млн. теңгеден аспайды. Бұл ретте, кредиттің (-тердің) сомасы бір кәсіпкер үшін онымен үлестес тұлғалардың кредиті(-тері) бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі.
Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.06.2017 № 373 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).36. Егер ИИДМБ-да айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында және көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінде іске асырылатын жобаға кредит(тер) мөлшері 360 млн. теңгені қоса алғанға дейінгі соманы құраса, кепілдік мөлшері кредит сомасының 50 %-ынан аспайды, бұл ретте кәсіпкер құны кредит сомасының кемінде 50 %-ы мөлшерінде кредит (кепіл) бойынша қамтамасыз етуді ұсынады.
Қамтамасыз ету мөлшерінің жеткілікті болуын есептегенде, талап ету құқығының кепілі мен шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің кепілі ескерілмейді.
Ескерту. 36-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.06.2017 № 373 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).37. Ұсынылатын кепілдік мерзімі – кредит мерзімінен аспайды.
Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен38. Егер ИИДМБ-да айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында және көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінде іске асырылатын жобаға кредит(тер) мөлшері 360 млн. теңгеден артық соманы құраса, кепілдік мөлшері кредит сомасының 20 %-ынан аспайды. Ұсынылатын кепілдік мерзімі – кредит мерзімінен аспайды.
Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен39. Сомасы 180 млн. теңгені қоса алғандағыдан жоғары кредит(тер) бойынша кәсіпкер жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-ы деңгейінде жобаны іске асыруға өзінің құралдарының (ақшасының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің) қатысуын қамтамасыз етуге тиіс.
40. Кепілдік шарты жасалатын кредит дербес банктік қарыз шарты түрінде ресімделуі тиіс.
41. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі қаржы агенттігіне төлейтін кепілдік құны кепілдік сомасының 20 %-ын құрайды. Кепілдік шартының қолданылуы тоқтатылған кезде бұл сома жобаларға кейіннен кепілдік беру үшін пайдаланылуға тиіс.
Босатылған қаражат есебінен кепілдік беру көлемі кепілдік беру шартының қолданылуын тоқтату есебінен қалыптастырылған босатылған қаражат көлемінің 5-ке тең (100%/20%) мультипликаторға көбейтіндісіне тең.
Қаржы агенттігі өзінің қалауы бойынша алынған қаражаты әртүрлі қаржы құралдарына орналастыруға құқылы.
Қаржы агенттігі жыл сайын уәкілетті органмен келісілген нысанға сәйкес босатылған қаражаты пайдалану жөніндегі есепті уәкілетті органға ұсынады.
42. Қаржы агенттігі төлеген банк талаптарының көлемі қаржы агенттігінің кепілдігі бойынша қалыптастырылған кредиттік портфель көлемінің (берешек қалдығының) 10 %-ынан жоғары шектен асқан кезде, мұндай банктің кредиттері бойынша одан әрі кепілдік беру тоқтатыла тұрады.
43. Қаржы агенттігі іске асырылатын Бағдарламаны жарнамалау науқанын өткізуге және өзінің ресми веб-сайтында Бағдарламаның іске асырылуы туралы ақпарат орналастыруға құқылы.
44. Мынадай:
1) жоба экономикалық тұрғыдан орынсыз және тиімсіз болған;
2) жоба Бағдарлама шарттарына сәйкес келмеген;
3) Бағдарламаға әлеуетті қатысушының және онымен үлестес заңды және жеке тұлғалардың кредиттік тарихы теріс болған жағдайларда, қаржы агенттігі кепілдік беруден бас тартуға құқылы.
5. Кепілдік беру үшін Бағдарламаға қатысушылардың өзара
іс-қимыл жасау тәртібі
45. Кәсіпкер/ісін жаңа бастаған кәсіпкер/ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер (бұдан әрі – кәсіпкер) банкке кредит алуға өтінішпен жүгінеді.
46. Банктің ішкі құжаттарында белгіленген рәсімге сәйкес банк кәсіпкердің өтінішін дербес қарайды, жобаға кешенді сараптама жүргізеді, кәсіпкер ұсынған құжаттарды, кәсіпкердің қаржылық жағдайын талдайды, кәсіпкер ұсынған кепіл мүлкін бағалау туралы қорытындының негізінде кәсіпкердің қамтамасыз етуінің кепілдік құнына бағалау жүргізеді және қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда, жобаны қаржы агенттігінің ішінара кепілдігі бойынша кредит беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін банктің ішкі кредит саясатын іске асыратын уәкілетті органның қарауына шығарады.
47. Оң шешім қабылданған жағдайда, банктің ішкі кредит саясатын іске асыратын уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде банк қаржы агенттігіне:
кепілдік сомасының есебімен бірге кредит беру мүмкіндігі туралы оң шешім бар хатты;
осы Кепілдік беру қағидаларына 1–3-қосымшаларға сәйкес кепілдік беру туралы мәселені қарау үшін қажетті құжаттарды береді.
48. Қаржы агенттігі банктен құжаттарды алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде 180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер бойынша және 10 (он) жұмыс күні ішінде 180 млн. теңгеден асатын кредиттер бойынша алынған құжаттарды қарайды және жобаны кепілдік беру/бермеу туралы шешім қабылдау үшін қаржы агентінің уәкілетті органының қарауына шығарады. Қаржы агентінің кепілдігі бойынша алынған кредиттер бойынша кәсіпкердің және онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың жиынтық берешегі 180 млн. теңгеден асқан жағдайда, кейінгі жобаларды қарау 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
49. Ұсынылған құжаттарға ескертулер болған жағдайда қаржы агенттігі анықталған ескертулерді жою және/немесе ақпарат беру үшін 3 (үш) жұмыс күні ішінде банкке жолдайды. Бұл ретте қаржы агенттігі үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды қарау мерзімі қайтадан басталады.
Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен50. Қаржы агенттігі кепілдік беру (бермеу) туралы оң/теріс шешім қабылдаған жағдайда, қаржы агенттігі 2 (екі) жұмыс күні ішінде банкке қаржы агенттігінің кепілдік беру (бермеу) мүмкіндігі туралы шешімі бар хат жібереді.
Кәсіпкердің жобасы бойынша теріс шешім қабылданған жағдайда, мұндай шешім туралы хатта теріс шешімнің себебі көрсетілуге тиіс.
51. 180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша:
1) қаржы агенттігінің кепілдік беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатты алғаннан кейін банк пен кәсіпкер банктік қарыз шартын, кепіл(дер) шарт(тар)ын жасасады. Банктік қарыз шартының көшірмесі қаржы агенттігіне жіберіледі.
Қаржы агенттігінің кепілдік беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатында қаржы агенттігі шешім қабылдаған күнінен бастап 2 (екі) жылдан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар жөніндегі деректердің негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санының арту, кірістің өсу және бюджетке төленетін салықтардың көлемінің 10 % өсу мәндері көрсетіледі.
Қаржы агенттігінің оң шешімі бар хатын алғаннан кейін банктің қалауы бойынша кредит сомасының 50 %-ына дейінгі мөлшерде ішінара беруге жол беріледі;
2) банктен банктік қарыз шартының көшірмесін алғаннан кейін қаржы агенттігі кепіл шартын ресімдейді және оған қол қойып, банкке жібереді. Кәсіпкер қаржы агенттігінің ағымдағы шотына кепілдік бергені үшін комиссияны аударуды жүзеге асырады;
3) банк кепіл шартына қол қояды, оған кәсіпкердің қол қоюын қамтамасыз етеді және қол қойылған кепілдік шартын қаржы агенттігіне жібереді;
4) қаржы агенттігінен қол қойылған кепілдік шартын алғаннан кейін банк кәсіпкерге кредит беруді жүзеге асырады.
52. 180 млн. теңгеден асатын кредиттер бойынша:
1) банк қаржы агенттігінің кепілдік беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатты алғаннан кейін кәсіпкерге кепілдіктің қажетті сомасының есебін көрсете отырып кредит шарттары туралы тиісті хат жібереді;
2) кәсіпкер банктен хат алғаннан кейін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне өтінішпен жүгінеді, оған мынадай құжаттарды қоса береді:
кәсіпкерді – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік/анықтама/дара кәсіпкер ретінде тіркелгенін растайтын құжат (кәсіпкердің (кәсіпкер – заңды тұлғаның уәкілетті адамының) мөрімен (болған жағдайда) және қолымен расталған көшірмесі);
кәсіпкер қаржы агенттігіне жүгінген күнге дейін кемінде күнтізбелік
30 (отыз) күннен кешіктірмей берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқ/бар екені туралы салық органынан анықтама;
салық декларациясының көшірмесін және/немесе бірінші басшысы (заңды тұлғалар үшін) растаған дебиторлық және кредиторлық берешек (оның ішінде берешектің сомасы, пайда болған күні және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің атауы) толық жазылған қаржылық жағдайы туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін интернет-ресурстарда орналастырылған ақпаратты қоса бере отырып кәсіпкердің, орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектісінің соңғы үш қаржы жылындағы қаржылық есептерінің көшірмесі (кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғанына үш жыл толмаған жағдайда, ақпарат кәсіпкерлік қызметтің іс жүзінде іске асырылған кезеңі үшін беріледі);
банктің кепілдік сомасының есебімен бірге кәсіпкерге кредит беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хаты;
қаржы агенттігінің кәсіпкерге кепілдік беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатының көшірмесі (банктің мөрімен расталған);
кәсіпкердің жобаны іске асыруының бизнес-жоспары, онда 180 млн. теңгеден жоғары кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-ынан төмен емес деңгейде жобаны іске асыруға жеке қаражатының (ақша қаражатының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің), оның ішінде қамтамасыз етуге ұсынылатын үшінші тұлғалардың мүлкімен қатысуын қамтамасыз ету мерзімдері, Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлердің – шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша – ӨҮК шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кірісті, жұмыс орындарының орташа жылдық санын 10 %-ға ұлғайтуға қол жеткізу кезеңдері қамтылады;
кірістердің 20 %-ға өсімі туралы (Бағдарламаның екінші бағытының шеңберінде қатысуға өтініш берген жағдайда) талдау жасауға мүмкіндік беретін салық декларациясының көшірмесімен қоса кәсіпкердің – орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектісінің соңғы үш қаржы жылындағы қаржылық есептерінің көшірмесі;
кәсіпкер жергілікті бағдарлама үйлестірушісіне өтінішті дайындау және Бағдарламаға қатысу үшін құжаттар жинау мәселелері бойынша консультациялық қолдау алу үшін жүгінуге құқылы;
3) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі кәсіпкерден барлық құжаттарды, ақпаратты және өтінішті алғаннан кейін өтінішпен қоса берілетін міндетті құжаттардың толықтығын тексереді. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі бір күндік мерзімде кәсіпкерге ұсынылған құжаттарды қарамай қайтарады;
4) ӨҮК отырысы жобалардың қалыптасуына қарай, бірақ айына 1 (бір) реттен сиретпей өткізіледі;
5) ӨҮК 5 (бес) жұмыс күні ішінде жобалардың Бағдарлама өлшемшарттарына сәйкестігін қарайды және кепілдік беру мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды;
6) ӨҮК мүшелерінің саны 12 адамнан аспауға тиіс, олардың кемінде 50 % кәсіпкерлер қоғамдастығы болуға тиіс;
7) ӨҮК отырысы ӨҮК мүшелері санының кемінде үштен екісі (кворум) қатысқан жағдайда өткізіледі, шешім қатысушылардың жалпы санының кемінде үштен екісінің (кворум) даусымен қабылданады;
8) ӨҮК өткізілетін отырыс шеңберінде мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
кәсіпкердің және олардың жобаларының Бағдарламаның өлшемшарттары мен жергілікті даму бағдарламаларына сәйкестігін тексереді;
кәсіпкердің экономиканың өңір үшін басым секторларында іске асырылатын жобаларын, сондай-ақ кәсіпкердің өтінішінде көрсетілген ақпаратты қарайды, әрбір кәсіпкер бойынша өтінішпен бірге берілген құжаттар топтамасын зерделейді;
ӨҮК мүшелері арасында кәсіпкердің жобасын және ұсынылған құжаттарды талқылауды жүргізеді;
кәсіпкерлердің жобаларын қарау нәтижелері бойынша кәсіпкердің кредиті бойынша кепілдік беру мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол хаттамамен ресімделеді, бұл ретте хаттамада жекелеген кәсіпкерлерді және олардың жобаларын Бағдарламаға қатыстырудан бас тарту себебі міндетті түрде көрсетілуге тиіс;
180 млн. теңгеден асатын кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ӨҮК оң шешім қабылдаған жағдайда, ӨҮК хаттамасында жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-ы деңгейінде жобаны іске асыруға жеке қаражатының (ақшалай қаражатының, жылжымалы/ жылжымайтын мүлкінің), оның ішінде қамтамасыз етуге ұсынылатын үшінші тұлғалардың мүлкімен қатысуын қамтамасыз ету мерзімдері, сондай-ақ шағын кәсіпкерлік субъектілерінің міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар жөніндегі деректердің негізінде кірісті, жұмыс орындарының орташа жылдық санын 10 %-ға арттыру жөніндегі міндеттемелер көрсетіледі;
9) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК отырысынан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде:
осы Кепілдік беру қағидаларына 7-қосымшаға сәйкес ӨҮК хаттамасының көшірмесін/ хаттамасынан үзіндіні банкке және қаржы агенттігіне жібереді;
Астана және Алматы қалаларының кәсіпкерлеріне жобаны ӨҮК-те қарау нәтижелері туралы жазбаша хабарлама жібереді;
10) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен кәсіпкердің кредитіне ішінара кепілдік беруге келісу туралы ӨҮК хаттамасының көшірмесін/хаттамасынан үзіндіні алғаннан кейін қаржы агенттігі банкке осы Кепілдік беру қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес алдын ала кепілдік хатын жібереді;
11) ӨҮК-мен келісілмеген жобалардан бас тартылады;
12) алдын ала кепілдік хатын алғаннан кейін банк және кәсіпкер банктік қарыз шартын жасасады (банктік қарыз шартының көшірмесі қаржы агенттігіне жіберіледі);
13) алдын ала кепілдік хатын алғаннан кейін банктің қалауы бойынша кредит сомасының 50 %-на дейін ішінара кредит беруге жол беріледі;
14) ӨҮК хаттамасын/хаттамасынан үзіндіні алғаннан кейін қаржы агенттігінің уәкілетті органының шешімі негізінде қаржы агенттігі кепілдік шартын ресімдейді және оған қол қойып, банкке жібереді;
15) банк кепілдік шартына қол қояды, оған кәсіпкердің қол қоюын қамтамасыз етеді және қол қойылған кепілдік шартын қаржы агенттігіне жібереді;
16) қаржы агенттігінен қол қойылған кепілдік шартын алғаннан кейін банк кәсіпкерге кредит беруді жүзеге асырады.
Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен53. Шығарылған кепілдіктерге ақы төлеу мақсатында Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі кезекті жылдың басында қаржы агентіне кредиттерді кепілдендіруге бөлінген нысаналы трансферттер сомасының 50 %-ын аударады.
54. Нысаналы трансферттердің қалған бөлігі жылдың басында қаржы агенттігіне аударылған қаражаттың бірінші жартысы толық игерілгеннен кейін кепілдік шарттарының жасалуына қарай қаржы агенттігіне былайша аударылады:
1) Кепілдік шартын жасасқаннан кейін қаржы агенттігі Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне тиісті хабарлама жібереді;
2) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі қаржы агенттігінен кепілдік шартын жасасу туралы хатты алғаннан кейін қаржы агенттігінің ағымдағы шотына кепілдік сомасының 20 %-ы мөлшерінде қаражатты аударуды жүзеге асырады.
55. ӨҮК жобаларды тиісті қаржы жылында кепілдік беру үшін бюджет қаражаты болған жағдайда ғана қарайды.
180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша жобаларға кепілдік беру үшін бюджет қаражатының жетіспеуі орын алған жағдайда, қосымша қаражат алғанға дейін жобаларға кепілдік беруді тоқтата тұру үшін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі бұл туралы қаржы агенттігін хабардар етеді.
6. 180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер бойынша кәсіпкердің "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық өтінім беруінің тәртібі
56. Кәсіпкер "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүгінген кезде қаржы агенттігіне электрондық нысандағы мынадай құжаттарды ұсынады:
1) кәсіпкердің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық сұрау салу нысанындағы өтініш;
2) кредиттік бюроға ақпарат беруге және кредиттік есеп алуға келісім;
3) өзінің дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісім;
4) кепілдік сомасының есебімен кредит беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар банк хатының электрондық көшірмесі (сканерленген көшірмесі).
Егер кәсіпкер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға болып табылған жағдайда – кепілдік тарту туралы шешім қабылдаған кәсіпкерге қатысты уәкілетті органның шешімі қатысушыға немесе басшыға жазылған заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен келісу форматында расталады.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жөніндегі, оның ішінде заңды тұлғаны/дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, қызмет түріне арналған лицензия (егер қызмет түрі лицензияланатын болса) туралы мәліметтерді және бюджетке міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқ/бар екені туралы мәліметтерді қаржы агенттігі "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
"Электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден деректер алу техникалық жағынан мүмкін болмаған немесе деректер дұрыс болмаған жағдайда, қаржы агенттігі құжаттарды кәсіпкерден сұратады.
Ескерту. 56-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен57. Банк кәсіпкерден электрондық өтінім алынған кезден бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 47-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы қаржы агенттігіне ұсынбаған жағдайда, қаржы агенттігі кәсіпкерге кепілдік беру туралы мәселені қараудан бас тартады.
58. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі кәсіпкердің "жеке кабинетіне" қаржы агенттігінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
59. Кепілдік беру үшін Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі осы Қағидалардың 5-тарауында айқындалған тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
7. Бағдарламаның мониторингі
60. Бағдарламаның іске асырылуын мониторингілеуді кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылық қолдау бағдарламалары шеңберінде іске асырылатын Жобаларға мониторинг жүргізу қағидаларының негізінде қаржы агенттігі жүзеге асырады.
Қаржы агентігінің функцияларына:
1) банк және/немесе кәсіпкер ұсынған деректер мен құжаттар негізінде кепілдік шартын жасасқан кәсіпкердің кредитті мақсатты пайдалануын мониторингілеу;
2) банк ұсынған деректер немесе өзге де шынайы ақпарат көздері негізінде кәсіпкердің төлем тәртібін мониторингілеу;
3) Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлердің және Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің кірістің өсуіне, жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайтуға және бюджетке төленетін салықтар көлемінің 10 %-ға өсуіне қол жеткізулері бойынша міндеттемелердің орындауларын мониторингілеу жатады.
Ескерту. 60-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.07.2017 № 459 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен61. Мониторинг функцияларын жүзеге асыру үшін қаржы агенттігі кәсіпкер мен банктен мониторинг нысанасына жататын барлық қажетті құжаттар мен ақпаратты, оның ішінде, салықты құпияны құрайтын ақпаратты сұратуға құқылы, ал кәсіпкер мен банк беруге міндетті, жоба іске асырылып жатқан жерге барып оның іске асырылуына мониторингті жүзеге асыруға құқылы.
62. Қаржы агенттігі 180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша/ӨҮК 180 млн. теңгеден асатын кредиттер бойынша кредиттің нысаналы пайдаланылмауы анықталған жағдайда кепілдік сомасын нысаналы пайдаланылмаған кредит сомасына пропорционалды азайту туралы шешім қабылдайды.
Егер кәсіпкер 180 млн. теңгеден асатын кредиттер бойынша ӨҮК шешімі/180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша қаржы агенттігінің шешімі қабылданған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар жөніндегі деректердің негізінде кірістердің және жұмыс орындарының орташа жылдық санының
10 %-ға ұлғаюы көрсеткіштеріне қол жеткізбеген жағдайда, кепілдік беру шарты жойылмайды. Мұндай кепілдік шарттары бойынша олар бойынша міндеттемелер орындалған жағдайда, қаржы агенттігінің жеке қаражаттары пайдаланылады.
Бұл ретте қаржы агенттігі жобаларды кейіннен кепілдендіру үшін, осы кепілдік құнының түрінде Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне бұрын төленген қаражат көлемін пайдалануы тиіс.
Ескерту. 62-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен62-1. Кредитті толықтай нысаналы пайдаланбаған жағдайда қаржы агенттігі 180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша/ӨҮК 180 млн. теңгеден асатын кредиттер бойынша кепілдіктің күшін жояды.
Ескерту. Қағида 62-1-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен63. Банк кәсіпкер жобасының мониторингін жүзеге асырады, ол мынаны қамтиды:
1) ай сайын – кәсіпкер жобасының (жобаларының) іске асырылу барысының ағымдағы мониторингі;
2) жылына бір рет – банктің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен кәсіпкер жобасының (жобаларының) іске асырылу барысының кеңейтілген, бірақ (бизнес-жоспарға сәйкес) жобаның іске асырылу барысы туралы ақпаратты міндетті түрде қамтитын мониторингі.
64. Осы Кепілдік беру қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес кәсіпкер жобасының (жобаларының) іске асырылу барысының ағымдағы мониторингі туралы есепті банк қаржы агенттігіне есепті айдан кейінгі айдың 5 (бесі) күнінен кешіктірмей, жазбаша түрде береді және қосымша қаржы агенттігі айқындаған жауапты орындаушының электронды мекенжайына жібереді.
65. Кәсіпкер жобасының (жобаларының) іске асырылу барысының кеңейтілген мониторингі туралы есепті банк қаржы агенттігіне есепті айдан кейінгі айдың 30 (отызы) күнінен кешіктірмей, жазбаша түрде береді және қосымша қаржы агенттігі айқындаған жауапты орындаушының электронды мекенжайына жібереді.
66. Қаржы агенттігі ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25 (жиырма бесі) күнінен кешіктірмей уәкілетті органға осы Кепілдік беру қағидаларына 6-қосымшаға сәйкес кепілдік беру туралы есеп береді.
67. Банк қызметін жүзеге асыруға салынған шектеулер немесе тыйымдар туралы, сондай-ақ банк акцияларының 10 %-дан астамына қатысты меншік құқығының бір мәрте сатылғаны немесе өзгеше бір мәрте ауысқаны және/немесе иелік ету және пайдалану құқығының ауысқаны туралы банк 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша түрде хабарлайды.
"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидаларына 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
Жоба бойынша (шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің атауы - бұдан әрі ШОКС) кепілдіктің қажетті сомасын есептеу
Р/с № | Жоба атауы | Кредит сомасы, мың теңге | Кредит мерзімі, ай | Кепілдік қамтамасыз ету | Бағаланған құны, мың теңге | Кепілдік құны, мың теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Кепілдіктің қажетті сомасы, мың теңге | Кредит сомасына кепілдік сомасы, (%) |
8 | 9 |
Лауазымды тұлға ________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы, мөр)
Жауапты қызметкер ______________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидаларына 2-қосымша |
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
Қайда: әкімдігі
Кімнен: _______________________
№ __________өтініш
Қазақстан Республикасы Үкіметінің ___________ жылғы № ___ қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020"бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру бойынша кепілдік беру қағидаларына сәйкес ________________ Өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауына төмендегіге сәйкес Бағдарлама шеңберінде "____________" акционерлік қоғамы алдында кредитті ішінара кепілдендіру мүмкіндігін қарау туралы мәселені шығаруға бастамашылық етуіңізді өтінемін:
1. Қатысушы туралы мәліметтер
ШОКС атауы | |
Құрылтайшы(лар) туралы деректер | |
Заңды мекенжайы | |
Нақты мекенжайы | |
Пошталық мекенжайы | |
Мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу күні | |
Мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік нөмірі | |
Қызмет түрлері | |
Жетекшілік ететін ведомство, холдинг немесе негізгі компания | |
БСН/ЖСН | |
Жұмыс тәжірибесі |
2. Басшылық Бірінші басшы
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | |
Лауазымы | |
Жұмыс/үй тел. | |
Туған жылы мен жері | |
Жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі, сериясы, берілген күні | |
Тұратын (нақты) жері | |
Тіркелген жері | |
Жұмыс тәжірибесі |
Бас бухгалтер
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | |
Жұмыс/үй тел. | |
Туған жылы мен жері | |
Жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі, сериясы, берілген күні | |
Тұратын (нақты) жері | |
Тіркелген орны (тұратын жеріне тіркелу) | |
Жұмыс тәжірибесі |
Байланыс жасайтын адам
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы, телефоны) |
3. Меншік иелері
(құрылтайшы, қатысушылар, акционерлік қоғам үшін - акциялардың 5 және одан көп пайызына ие акционерлер)
Атауы/Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | % | Деректемелері |
4. Ағымдағы қызмет туралы ақпарат
Сала (ЭҚЖЖ сәйкес) | |
Кіші сала (ЭҚЖЖ сәйкес) | |
Өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің түрлері | |
Жылдық айналым | |
Соңғы есепті күнге пайда немесе шығын | |
Жұмыскерлердің нақты саны | олардың ішінде әйелдер |
Жобаның атауы (қысқаша сипаттамасы) | |
Жобаның іске асырылатын жері (облыс, қала) | |
Жұмыс орындарының саны |
5. Банктік шоттар туралы ақпарат
Банктік деректемелер (барлық қызмет көрсететін банктердегі ағымдағы және жинақ шоттарының бәрін көрсету керек):
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
6. Кредиттік тарих
Заңды тұлға жұмысының процесінде пайдаланылған барлық банк қарыздарының өтелгендерімен қатар, қазіргі уақытта өтелмегендерінің барлығы көрсетіледі.
Кредитор | Сомасы | Берілген күні | Сыйақыны өтеу шарттары | Негізгі борышты өтеу шарттары | Банктік қарыз шарты бойынша өтеу мерзімі | Нақты өтеу күні |
1. | ||||||
2. |
7. Қолданыстағы кредит туралы ақпарат
Күні және валюта бағамы: ____/_____
Р/с № | Банк | Банктік қарыз шартының деректемелері (№, күні) | Сыйақы мөлшерлемесі, % | Кредит сомасы, теңге | Негізгі борыш бойынша берешек қалдығы, теңге | Кредит валютасы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Кредит мерзімінің аяқталу күні | Кредит мақсаты (қысқаша сипаттамасы) |
8 | 9 |
8. Басқа мемлекеттік бағдарламаларға және жеке кәсіпкерлік субъектісіне қатысты қолданылатын мемлекеттік қолдау шараларына қатысу туралы ақпарат
Р/с № | Мемлекеттік бағдарламаның атауы/мемлекеттік қолдау шаралары | Мемлекеттік органның, ұлттық қордың/холдингтің атауы | Қосымша ақпарат |
1. | |||
2. |
9. Кепілдіктер мен келісімдер
Осы өтініште көрсетілген барлық деректер мен ақпарат анық және шындыққа толығымен сәйкес келетініне кепілдік беремін, көрсетілген деректер мен ақпаратта анық емес жағдайлар анықталған кезде көрсетілген деректердің анық еместігін растайтын мәліметтер анықталғанда бұл өтініштен кез келген кезеңде бас тартылуы мүмкін екеніне келісемін.
Осы құжат арқылы жергілікті атқарушы органға осы өтініште көрсетілген мәліметтер мен ақпаратты мүдделі үшінші тұлғаларға берулеріне қайтарылмайтын келісім беремін.
Қосымшалар:
Осы Келісімде көзделген құжаттар тізбесі.
______________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы, күні)
"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидаларына 3-қосымша |
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
ШОКС сараптама жүргізу үшін қаржы агенттігіне банк беретін
құжаттар тізбесі 1. Жалпы құжаттар:
Р/с № | Құжаттар атауы | Нысан |
2 | 3 | |
Құжаттар тізбесіне ілеспе хат | түпнұсқа | |
Құжаттар топтамасындағы барлық құжаттар тізімдемесі немесе құжаттарды қабылдау-беру актісі | банктің уәкілетті жұмыскері қол қойған және банктің мөрімен/мөртаңбасымен расталған түпнұсқа | |
Банктен кредит алуға өтінім | банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме | |
Банктің уәкілетті органының қаржы агенттігінің кепілдігімен кредит беру туралы шешімі, кредиттік, кепілдік және заң басқармасының және банк тәуекелдері басқармасының сараптамалық қорытындылары | банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме | |
Соңғы есептік күндегі жағдай бойынша (берешектің туындау күнін, берешекті өтеудің жоспарланатын күнін және нысанын көрсете отырып, кредиторлық және дебиторлық берешектің түсіндірмесі, негізгі құралдардың, ТМҚ түсіндірмесі, соңғы 12 айдағы кірістер мен шығыстар туралы есеп (жеке кәсіпкерлер үшін) ШОКС қаржылық құжаттары* | банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме | |
Жылдың басындағы және соңғы есептік күндегі жағдай бойынша ШОКС мөрімен куәландырылған (заңды тұлғалар үшін) ШОКС қаржылық құжаттары (берешектің туындау күнін, берешекті өтеудің жоспарланатын күнін және нысанын көрсете отырып, жылдың басындағы және соңғы есептік күндегі кредиторлық және дебиторлық берешектің түсіндірмесі, негізгі құралдардың, ТМҚ түсіндірмесі) * | банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме | |
Кірістер мен шығыстар туралы есептердің баптарын түсіндіру – өткізу кірісі, өзіндік құны, кезең шығыстары, басқа да кірістер мен шығыстар, қаралып отырған кезеңде өткізілген өнімнің ақшалай және заттай мәндегі көлемі* | банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме немесе түпнұсқа | |
Қызмет көрсететін банктің толық деректемелерін көрсетуді қоса алғанда, қызмет көрсететін банктің несие берешегінің бар болуы (жоқтығы), соңғы 12 айдағы айналымдары, сонымен қатар құжаттарды қарау сәтіндегі жағдай бойынша мерзімінде төленбеген (№2 картотека) есептік құжаттар туралы анықтамасы | банк нысаны бойынша түпнұсқа (күнтізбелік 30 күнге дейін түпнұсқамен салыстырып тексерілген көшірме қабылданады) | |
Несие берешегінің, оның ішінде басқа қаржы ұйымдарындағы мерзімі өткізілген берешектің (банктерден басқа, кредиттер болған кезде) бар болуы туралы анықтамалар | түпнұсқа (күнтізбелік 30 күнге дейін түпнұсқамен салыстырып тексерілген көшірме қабылданады) | |
Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екені (бар болуы) туралы анықтама** | түпнұсқа (egov.kz анықтама) | |
Екінші деңгейдегі банктерде қолданыстағы барлық шоттар туралы мәліметтер | ШОКС хатының түпнұсқасы | |
Лицензиялар**, патенттер, квоталар және т.б. (егер өтініш берушінің қызмет түрі лицензияланатын немесе қарыз қаражаты жіберілетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін іске асыру лицензияланатын жағдайда) | банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме | |
Жобаны іске асыру бойынша құжаттар (бар болса): | банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме | |
Бизнес-жоспар | түпнұсқа немесе банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме | |
Соңғы және ағымдағы жылы қолданыстағы және пысықталған келісімшарттар (бар болса) | көшірмелер | |
Кредиттік келісімдер (қолданыстағы кредиттер бар болса) | көшірмелер | |
Банк атынан банк қарызы, кепілі және кепілдігі шартын жасайтын адамның өкілеттігін растайтын құжаттар. | банк мөрімен расталған көшірмелер (банк кепілдік шартын жасау сәтінде ұсына алады) |
* 180 млн. теңгеден асатын кредиттер бойынша
Ескертпе: қаржылық есептіліктің ескіру мерзімі банк құжаттар топтамасын ұсынған күні 6 айдан аспауға тиіс.
2. ШОКС құқықтық мәртебесі мен өкілеттілігін айқындайтын құжаттар
1. Егер ШОКС жеке кәсіпкер болған жағдайда:
Р/с № | Құжаттың атауы | нысан |
2 | 3 | |
Жеке басты куәландыратын құжат | банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме | |
Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделеген жағдайларда патент** | банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме (egov.kz анықтамасы қабылданады) | |
Қолтаңба үлгісі мен мөр бедері бар құжат | нотариат куәландырған түпнұсқа/ банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме | |
ШОКС-тың кредит бюросына ақпарат беруге және кредит есебін алуға келісімі | түпнұсқа қаржы агенттігінің атына беріледі | |
ШОКС-тың жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісімі | түпнұсқа қаржы агенттігінің атына беріледі |
2. Егер ЖКС Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға болған жағдайда.
Р/с № | Құжаттың атауы | Нысан |
2 | 3 | |
Жарғы, оған өзгерістер мен толықтырулар | нотариат куәландырған көшірме/ банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме | |
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік/анықтама** | нотариат куәландырған көшірме (egov.kz анықтамасы қабылданады) | |
ШОКС уәкілетті органының бірінші басшыны тағайындау туралы шешімі | түпнұсқа не банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме | |
Банкте және қаржы агенттігінде ШОКС атынан құжаттарға қол қоюға уәкілетті адамның жеке басын куәландыратын құжат, сонымен қатар оның өкілеттілігін растайтын құжаттар | банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме | |
Кепілдік тарту туралы шешім қабылдаған ШОКС уәкілетті органының шешімі | қаржы агенттігі бекіткен нысан бойынша түпнұсқа | |
Кредит алу туралы шешім қабылдаған ШОКС уәкілетті органының шешімі | банк бекіткен нысан бойынша түпнұсқа | |
Бірінші басшының, бас бухгалтердің қолтаңба үлгісі және ШОКС мөрінің бедері бар құжат | нотариат куәландырған түпнұсқа/ банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме | |
ШОКС кредит бюросына ақпарат беруге және кредит есебін алуға келісімі | түпнұсқа қаржы агенттігінің атына беріледі |
Ескертпе:
**"Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жіберілген жағдайда бұл құжаттар сұратылмайды.
Бірнеше беттен тұратын құжат ұсынылған жағдайда мұндай құжат тігілуге және нөмірленуге не құжаттың әр парағында уәкілетті тұлғалардың қолымен және мөрмен/ мөртаңбамен куәландырылуға тиіс.
"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидаларына 4-қосымша |
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
"_____________________" акционерлік қоғамына
Алдын ала кепілдік хат
Бағдарламаның бірінші/екінші бағытын іске асыру шеңберінде Екінші деңгейдегі банктердің шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттерін кепілдендіру бойынша серіктестік туралы келісімді (бұдан әрі – Келісім) іске асыру шеңберінде "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қаржы агенттігі) _________ жобасы бойынша ЖК/ЖШС/АҚ қаржы агенттігінің кепілдік беруі туралы "___________"
өтінімін қарап, мақұлдады: __________
"_______________".
Қаржы агенттігі "__________"
ЖК/ЖШС/АҚ үшін __________ "_________________________" жобасы бойынша мынадай талаптармен кепілдік беруге дайын:
1) кепілдік сомасы: _____________ (________________) теңге, бұл кредит сомасының _____ % құрайды;
2) кепілдік мерзімі ______________;
3) кепілдік берудің өзге де талаптары Келісім талаптарына сәйкес жасалуға тиіс кепілдік шартында реттеледі.
*талаптарды кесте нысанында қосуға болады
Осы алдын ала кепілдік хаттың қолданылу мерзімі: ___.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттерін ішінара кепілдендіру түрінде мемлекеттік қолдау шарттарын реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілген жағдайда қаржы агенттігі кепілдік берудің жоғарыда көрсетілген талаптарын қайта қарауға және өзгертуге не оларды толығымен немесе ішінара күшін жоюға құқылы, бұл туралы банк кепілдік шартына қол қойылғанға дейін хабарландырылады.
Құрметпен,
___________ _____________ _____________________________________
(лауазым) (қолы) М.О. Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидаларына 2-қосымша |
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
"_____________" акционерлік қоғамының
Бағдарламаның бірінші/екінші бағыты шеңберінде ШОКС жобаларын іске асыру барысын ағымдағы мониторингілеу туралы есебі
__________________ бастап __________________ дейінгі ж. кезеңі аралығында
Р/с № | Банктің атауы | ШОКС жүгінген орны (облыс, өңір) | Қарыз алушының атауы | Қарыз алушының ЖСН/БСН |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Заңды мәртебесі (ЖШС, ЖК, ШҚ, ӨК) | Банктік қарыз шартының / Кредит желісін ашу туралы келісімнің № | Банктік қарыз шартының / Кредит желісін ашу туралы келісімнің күні | Кредит мерзімі | |
6 | 7 | 8 | 9 | |
Кредит сомасы | Кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі | Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдік кезеңі | Сыйақы төлеу бойынша жеңілдік кезеңі | |
10 | 11 | 12 | 13 | |
Кредит (транш) бойынша берілген күні | Нақты берілген қаражат сомасы | Есептік күнге негізгі борыш бойынша берешек қалдығы | Кепілдік шартының нөмірі | |
14 | 15 | 16 | 17 | |
Кепілдік шартының күні | Қаржы агенттігі кепілдігінің сомасы | Кепілдік бойынша қаржы агенттігінің міндеттемесін орындау сомасы | НБ бойынша мерзімі өтіп кеткен қарыз сомасы | |
18 | 19 | 20 | 21 | |
НБ бойынша мерзімі өтіп кеткен күндер саны | Сыйақы төлеу бойынша мерзімі өтіп кеткен күндер саны | Кредит беру нысаны (инвестициялық кредит/ айналымдағы қаражатты толықтыру) | ЭҚЖЖ бойынша коды | |
22 | 23 | 24 | 25 | |
Жоба бойынша бизнес (старттық/жұмыс істеп тұрған) | Банктік қарыз шарты/Кредит желісін ашу туралы келісім бойынша қолжетімділік мерзімі | Банктің уәкілетті органы шешімінің күні | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптары бойынша жіктеу санаты | |
26 | 27 | 28 | 29 | |
Лауазымды адам ____________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы, мөр)
Жауапты қызметкер ______________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидаларына 6-қосымша |
Ескерту. 6-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
Кепілдік беру туралы есеп
(қаржы агенттігі Бағдарламаның бағыттары бойынша уәкілетті органға береді)
Р/с № | Облыстың атауы | Банктік қарыз шарты бойынша кредит сомасы | Нақты берілген қаражат сомасы | Негізгі борыш бойынша берешек қалдығы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
2 | ||||
3 | Қаржы агенттігінің кепілдік сомасы | Кепілдіктің қалдық сомасы | Кепілдіктер бойынша Қаржы агенттігінің орындалған міндеттемелерінің сомасы | |
4 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Лауазымды адам ____________________________________ Т.А.Ә.
(қолы, мөр)
Жауапты қызметкер _________________________________ Т.А.Ә.
(қолы)
"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидаларына 7-қосымша |
Ескерту. 7-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
(ұсынылатын нысан)
______________________ бойынша өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының
№ _________ хаттамасы
Өткізілген орны | |
Өткізілген күні | |
Кеңес төрағасы | |
Қатысқан кеңес мүшелері | |
Қатыспаған кеңес мүшелері | |
Шақырылғандар | |
Кеңес хатшысы | |
Күн тәртібі |
№ | Мәселелердің атауы |
1 | |
2 | |
... |
Кеңесте қаралды
№ | 1-мәселенің атауы |
1 | |
Кеңес мынадай шешімге келді
1. Мыналарға:
"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының өлшемшарттарына сәйкес келуіне;
"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының басым салаларына сәйкес келуіне;
мемлекеттік даму институттары арқылы басқа мемлекеттік қолдау шараларының қолданылмауына байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілерінің төмендегі жобаларының тізіміне кепілдік беру нысанында мемлекеттік қолдау нысандарын қолдау мүмкіндігі мақұлдансын:
Р/с № | Атауы | |||
ЖКС | жоба | сала (ЭҚЖЖ коды көрсетілген) | банк | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Кредит сомасы | Қажетті кепілдік сомасы | Кредит сомасына қажетті кепілдік сомасы (%) |
6 | 7 | 8 |
Жобаның сипаты | Кепілдікті жою шарттары | Ескертпе |
9 | 10 | 11 |
2. Мақұлданған жобалар тізімі "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамына және көрсетілген екінші деңгейдегі банктерге жіберілсін.
3. Мыналарға:
1) "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының өлшемшарттарына сәйкес келмеуіне;
2) "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының басым салаларына сәйкес келмеуіне;
3) мемлекеттік даму институттары арқылы басқа мемлекеттік қолдау шараларының қолданылуына байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілерінің төмендегі жобаларының тізіміне кепілдік беру нысанында мемлекеттік қолдау нысандарын қолдау мүмкіндігін мақұлдаудан бас тартылсын:
Р/с № | Атауы | Бас тарту себептері | |||
ЖКС | жоба | сала | банк | ||
Кеңес мүшелерінің қолдары
Р/с | Кеңес мүшесінің Т.А.Ә. және мәртебесі | "ҚОЛДАЙМЫН" | "ҚАРСЫМЫН" | ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР |
1 | Кеңес төрағасы | |||
2 | Кеңес төрағасының орынбасары | |||
3 | Кеңес мүшесі | |||
4 | Кеңес мүшесі | |||
5 | Кеңес мүшесі |
Кеңесте қаралды
Р/с | 2-мәселенің атауы |
Кеңес мынадай шешімге келді
1.
2.
3.
...
Кеңес мүшелерінің қолдары
Р/с | Кеңес мүшесінің Т.А.Ә. және мәртебесі | "ҚОЛДАЙМЫН" | "ҚАРСЫМЫН" | ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР |
1 | Кеңес төрағасы | |||
2 | Кеңес төрағасының орынбасары | |||
3 | Кеңес мүшесі | |||
4 | Кеңес мүшесі | |||
5 | Кеңес мүшесі | |||
Кеңес хатшысы _____________________________________ Т.А.Ә.
Егер кеңес мүшесі "қарсы" дауыс берген болса, түсініктемелер бағанында қабылданған шешімнің себебі көрсетілуге тиіс.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген |
"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды және бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру қағидалары
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
1. Жалпы ережелер
1. Осы "Бизнестің жол қартасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды және бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру қағидалары (бұдан әрі – Мемлекеттік гранттар беру қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленді және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жаңа бизнес-идеяларды және бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру шарттары мен тетігін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен2. Мемлекеттік гранттар беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы
(бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік гранттар шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторларында және Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 қыркүйектегі № 315 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында айқындалған өңдеуші өнеркәсіп салаларында және көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз негізде беріледі.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен3-1. Мемлекеттік гранттар бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бизнес-инкубаторлардың резиденттеріне өтеусіз негізде жаңа немесе айтарлықтай жақсартылған өнімді (тауар, көрсетілетін қызмет) шығару немесе бизнес-процесті қалыптастыру үшін беріледі.
Ескерту. Қағида 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен4. Моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға мемлекеттік гранттар салалық шектеусіз беріледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен5. Мемлекеттік гранттарды мемлекет Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі арқылы мемлекеттік гранттар алуға шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін іріктеу бойынша өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша береді. Бұл ретте мыналар мемлекеттік грант алу конкурсына қатысу үшін міндетті шарт болып табылады:
1) жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін – Бағдарлама шеңберінде оқыту құрамдауыштары сертификатының болуы;
2) бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобалар үшін бизнес-инкубатордың резиденті болу, Бағдарламаны іске асыруға қатысу үшін конкурстық іріктеуден өткен, бизнес-инкубатормен әріптестік келісім жасасқан заңды тұлға – шағын кәсіпкерлік субъектісі.
Шағын кәсіпкерлік субъектісінің бизнес-инкубаторда орналасу мерзімі оны бизнес-инкубатордың резиденті болып айқындаған сәттен бастап үш жылдан аспауы тиіс.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен6. Қаржы агенттігінің және ұлттық институттың көрсетілетін қызметтеріне уәкілетті орган республикалық бюджет қаражатының есебінен ақы төлейді.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен7. Мемлекеттік гранттар беру үшін көзделген қаражатты уәкілетті орган Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне республикалық және жергілікті бюджет қаражатынан аударады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен8. Гранттар нысанында қолдау шараларын қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.06.2017 № 373 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).2. Терминдер мен анықтамалар
9. Осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларында мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) бизнес-инкубатор – өндірістік үй-жайларды, жабдықтарды, ұйымдастырушылық, құқықтық, қаржылық, консалтингтік және ақпараттық қызметтерді ұсыну арқылы Бағдарламаны іске асыруға қатысу үшін конкурстық іріктеуден өткен шағын кәсіпкерлік субъектілерін олардың қалыптасу кезеңінде қолдау үшін құрылған заңды тұлға;
2) бизнес-жоба – кәсіпкердің өз бизнесін құру (тауарлар шығару, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) мүмкіндігін ашатын, сипаттау, есептеу, болжамдар нысанында орындалған, сондай-ақ ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 %-ы деңгейінде кәсіпкердің өз қаражатынан (ақшалай қаражатынан, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінен) қоса қаржыландыруының және жаңа жұмыс орындарын құруының мерзімдерін қамтитын жоспары;
3) индустриялық-инновациялық жоба – белгiлi бiр уақыт мерзiмi iшiнде iске асырылатын (оларды пайдалану жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді алуды қамтамасыз ететін бірыңғай өндірістік циклда жұмыс істейтін процесс және (немесе) жабдықтар кешені технология деп түсініледі, қандай да бір жаңа өнімді (тауарды немесе көрсетілетін қызметті) немесе процесті, маркетингтің жаңа тәсілін немесе іскерлік практикада, жұмыс орындарын немесе сыртқы байланысты ұйымдастырудың жаңа ұйымдастырушылық тәсілді тұтынуға енгізу инновация болып табылады) жаңа немесе жұмыс істеп тұрған өндiрiстерді, технологияларды, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жетілдіруге немесе жаңасын құруға бағытталған iс-шаралар кешенi;
4) өтінім – осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының талаптарына сәйкес қажетті құжаттармен қоса берілетін өтінім;
5) бизнес инкубациялау шеңберінде жаңа бизнес идеяларды және индустриялық-инновациялық жобаны іске асыруға грант беру туралы шарт – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі, қаржы агенттігі/ұлттық институт және шағын кәсіпкерлік субъектісі арасында жасалатын үшжақты жазбаша келісім, оның талаптары бойынша кәсіпкерге нысаналы грант беріледі;
6) инновация – жеке және (немесе) заңды тұлғалар қызметінің жаңа немесе жетілдірілген өндірістер, технологиялар, тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер, техникалық, өндірістік, әкімшілік, коммерциялық сипаттағы ұйымдастырушылық шешімдер, сондай-ақ өзге де экономикалық тиімділікті жоғарылату мақсатында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ескере отырып, қоғамдық пайдалы нәтиже түрінде практикалық іске асырылған нәтиже;
7) конкурстық комиссия – жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер, ғылыми-білім беру мекемелері өкілдерінің, салалық сарапшылардың, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен құрылатын алқалы-кеңесші орган. Жергілікті атқарушы органдардың өкілдері Конкурстық комиссияның төрағасы бола алмайды;
8) ісін жаңа бастаған кәсіпкер – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне мемлекеттік грант алу үшін жүгінген кезде дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген мерзіміне үш жыл толмаған кәсіпкер (жұмыс істеп жатқан үлестес кәсіпкердің ағымдағы қызметінен өзгеше жаңа қызмет түрін құру шартымен ісін жаңа бастаған кәсіпкердің жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлермен үлестес болуына жол беріледі);
9) ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне мемлекеттік грант алу үшін жүгінген кезде дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген мерзіміне үш жыл толмаған, жасы 29-ға (қоса алғанда) дейінгі дара кәсіпкер (ісін жаңа бастаған дара кәсіпкердің жасы оның Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне өтініш жасаған күні айқындалады, жұмыс істеп жатқан үлестес кәсіпкердің ағымдағы қызметінен өзгеше жаңа қызмет түрін құру шартымен ісін жаңа бастаған жас кәсіпкердің жұмыс істеп жатқан жеке кәсіпкерлермен үлестес болуына жол беріледі);
10) ұлттық институт – бизнес-инкубаторлар қызметін қолдау және бизнес инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларға мемлекеттік гранттарды ұсыну процестерін сүйемелдеу операторының функцияларын жүзеге асыратын технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты;
11) жаңа бизнес-идея – мұндай жобаларды іске асыру кезінде бұрын қолданылмаған материалдарды, технологиялар мен әдістерді қолдану арқылы тауарлар шығаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды көздейтін нақты жобаны іске асыруға бағытталған кәсіпкерлік бастама (нақты әкімшілік-аумақтық бірлікте бұрын іске асырылмаған тауарлар шығаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды көздейтін жобалар да жаңа бизнес-идеяларға жатады);
12) кәсіпкер – шағын кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер, ісін жаңа бастаған кәсіпкер, әйелдер, мүгедектер және 50 жастан асқан адамдар;
13) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі – облыс (астана, республикалық маңызы бар қала) деңгейінде Бағдарламаны іске асыруға жауапты, облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) әкімі айқындайтын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
14) ұлттық институттың ұсынымдары – бизнес-инкубациялау шеңберіндегі индустриялық-инновациялық жобалар бойынша ұлттық институттың технологиялық, қаржы-экономикалық және құқықтық сараптамаларының қорытындылары;
15) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;
16) қаржы агенттігі – Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қаржылық қолдау шараларын сүйемелдеу үшін тартылатын "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен3. Жаңа бизнес-идеяларды және бизнес-инкубациялау шеңберіндегі индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттарды беру тәртібі. Мемлекеттік гранттар беру шарттары
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
10. Өз қызметін Бағдарлама шеңберінде жүзеге асыратын, осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының 17-тармағына сәйкес конкурстық іріктеуге толық көлемде құжаттарын ұсынған кәсіпкерлер гранттар беруге конкурстық іріктеуге қатысушы бола алады.
11. Бір бизнес-жоба бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант беру мақсатында әрбір кәсіпкер конкурстық іріктеуге қатысушы бола алады.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде іске асыруға арналған шығыстарды кәсіпкердің қоса қаржыландыруы (ақшалай қаражаты), оның ішінде жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүлікпен, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құру бизнес-жобаның міндетті шарты болып табылады.
Кәсіпкерлер жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант қаражатын мынадай мақсаттарға пайдалануға тиіс:
1) негізгі құралдар мен материалдарды сатып алу;
2) материалдық емес активтерді сатып алу;
3) технологияларды сатып алу;
4) франшизаға құқықтарды сатып алу;
5) зерттеу жұмыстарына және/немесе жаңа технологияларды енгізуге байланысты шығыстар.
Жаңа бизнес-идеяларды іске үшін мемлекеттік грант қаражатын жылжымайтын мүлікті сатып алуға, жер учаскесін сатып алуға және жалдау ақысы ретінде пайдалануға болмайды.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен11-1. Бір жоба бойынша бизнес инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік грант беру мақсатында әрбір шағын кәсіпкерлік субъектісі конкурстық іріктеуге қатысушы бола алады.
Бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін мыналар мемлекеттік грант берудің міндетті шарттары болып табылады:
грант алушының ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кем дегенде 20 % мөлшерінде жобаны іске асыруға арналған шығыстарын бірлесіп қаржыландыруы;
өнімнің (тауарлардың/көрсетілетін қызметтердің) немесе бизнес-процестің жұмысқа қабілеттілігін растайтын үлгінің, бастапқы конструкцияның (прототипінің) болуы. Кәсіпкер бизнес-инкубациялау шеңберіндегі индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік грант қаражатын мынадай мақсаттарға пайдалануы тиіс:
1) негізгі құралдар мен материалдарды сатып алу;
2) материалдық емес активтерді сатып алу;
3) технологияларды сатып алу;
4) жобаға олардың инвестицияларын тарту мақсатында әлеуетті инвесторлар арасында өз жобасын ілгерілетуге байланысты іс-шаралар (бұл іс-шараларды қаржыландыру үшін мемлекеттік грант сомасының 10 % аспайтын мөлшердегі сомасын пайдалануға болады);
5) өнімді және/немесе көрсетілетін қызметтерді ілгерілету мақсатында әлеуетті клиенттерді (пайдаланушыларды) тартуға байланысты іс-шаралар, аталған іс-шараларды қаржыландыру үшін мемлекеттік грант сомасының 20 % аспайтын мөлшердегі сомасын пайдалануға болады;
6) жобаның жұмыс нәтижесі бойынша ұсынылатын өнімдердің және / немесе көрсетілетін қызметтердің жаңа түрлерін өндіруге байланысты шығыстар;
7) жобаны іске асыру барысында туындаған зияткерлік меншікті қорғау (үшінші тұлғалар көрсететін қызметтер және мемлекеттік бажды төлеу);
8) жобаны консультациялық және инжинирингтік сүйемелдеу – техникалық, технологиялық сипаттағы мамандандырылған қызметтер сипаты;
9) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына рұқсат беру құжаттарын алу;
10) мемлекеттік грант мақсатына қол жеткізуге тікелей байланысты қосымша шығыстар.
Бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік грант қаражатын жылжымайтын мүлік және жер учаскесін сатып алуға пайдалануға болмайды.
Ескерту. Қағида 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен12. Бір шағын кәсіпкерлік субъектісі үшін ең көп мемлекеттік грант сомасы:
1) жаңа бизнес-идеяларды экономиканың басым секторларында, моноқалаларда, шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде өңдеуші өнеркәсіп салаларында іске асыру үшін 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспайды;
2) бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін негізделген мәлімделген шығындардың 80 % дейінгі мөлшерде, бірақ 50 000 000 (елу миллион) теңгеден аспайды.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен13. Мынадай:
1) қайта ұйымдастыру, тарату немесе банкроттық сатысындағы, сондай-ақ қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тоқтатылып қойылған;
2) салықтар мен мемлекеттік бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі бар;
3) қызметінің негізгі түрі жылжымайтын мүлікті жалға беру болып табылатын кәсіпкерлерге гранттар берілмейді.
14. Конкурс өткізу үшін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері грант алуға үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөнінде Конкурстық комиссия құрады және оның құрамын бекітеді. Конкурстық комиссия қызметінің негізгі қағидаттары кәсіпкерлер үшін тең жағдайлар жасау, сондай-ақ оларға қойылатын талаптардың бірыңғайлығы, ұсынылатын құжаттарды зерттеудің жан-жақтылығы мен толықтығы және қабылданатын шешімдердің объективтілігі болып табылады.
15. Конкурстық комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан және Конкурстық комиссия мүшелерінен тұрады. Конкурстық комиссияның құрамы атқарушы билік, қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің, салалық сарапшылардың, ғылыми-білім беру мекемелерінің, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының міндетті қатысуы арқылы қалыптастырылады.
Жергілікті атқарушы органдар мен қаржы агенттігінің өкілдері Конкурстық комиссияға төраға бола алмайды.
Конкурстық комиссияның хатшысы Конкурстық комиссия отырыстарын ұйымдастыруды жүзеге асырады, атап айтқанда: төрағамен келісім бойынша отырыстар өткізілетін жерді, күнін және уақытын айқындайды, Конкурстық комиссия мүшелерін алдағы отырыстар туралы хабардар етеді, отырыс өткізу үшін қажетті материалдарды оның мүшелерінің назарына жеткізеді.
Конкурстық комиссияның хатшысы оның құрамына кірмейді және шешім қабылдаған кезде оның дауыс беру құқығы болмайды.
Конкурстық комиссияның отырысына Конкурстық комиссия мүшелерінің жартысынан астамы қатысса, ол заңды деп саналады.
Конкурстық комиссияның отырысқа қатысып отырған мүшелерінің жартысынан астамы дауыс берген шешім қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, Конкурстық комиссия төрағасының даусы шешуші болып табылады.
16. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі Конкурстық комиссияның жұмыс органы болып табылды, ол:
1) өңірлік апталық баспа басылымында мемлекеттік гранттар беру үшін (өз бизнесін құруға) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына
1-қосымшаға сәйкес кәсіпкерлерді конкурстық іріктеудің басталғаны туралы хабарландыру жариялауды қамтамасыз етеді;
2) Бағдарлама іске асырылатын бүкіл мерзімде кәсіпкерлерге грант түрінде мемлекеттік қолдау көрсету барысын өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жария етуді тұрақты негізде қамтамасыз етеді;
3) кәсіпкерлерге конкурсқа қатысу мәселелері және оны өткізуге қатысты бар мәселелер бойынша, гранттар беру шарттары мен тәртібі туралы консультация береді;
4) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінен (Астана және Алматы қалалары үшін – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен) конкурсқа қатысуға өтінімдер мен Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына сәйкес оған қоса берілетін құжаттарды қабылдайды;
5) конкурсты ұйымдастырды және өткізеді;
6) кәсіпкерлерге грант беру немесе оны беруде бас тарту туралы хабарлайды.
17. Конкурсқа қатысу үшін кәсіпкер конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мекенжайға өзі, пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша конкурстық өтінімді береді, оған басшы не оны алмастыратын адам қол қояды да кәсіпкердің мөрімен бекітіледі. Бұл ретте, конкурсқа қатысу үшін кәсіпкер бір өтінім ғана бере алады.
18. Өтінімдерді қабылдау мерзімі мен орны конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі.
19. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант алуға үміткер шағын кәсіпкерлер субъектілері Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне жүгінеді және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік грант беру бойынша конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінім, ол Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің веб-порталына орналастырылады;
2) заңды тұлғаны (дара кәсіпкерді) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
3) өтініш берілген күнге дейін кемінде күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқ екені туралы анықтама;
4) өтінім берілген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен (болған кезде) расталған анықтама;
5) бизнес-жоба;
6) Бағдарламаның және/немесе Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберінде кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;
7) кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бар екені туралы банк шотынан үзінді немесе жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар;
8) кәсіпкердің атынан өтінім беру құқығы бар сенімхат, сенім білдірілген адам паспортының көшірмесі (заңды тұлғаның атынан – заңды тұлға куәландырған).
Шағын кәсіпкерлік субъектісі Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне өтінішті дайындау және Бағдарламаға қатысу үшін құжаттар жинау мәселелері бойынша консультациялық қолдау алу үшін жүгінуге құқылы.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен19-1. Бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік грант алуға үміткер шағын кәсіпкерлік субъектісі Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне жүгінеді және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
3) бюджетке міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқтығы
туралы жүгінген күнге дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей берілген анықтама;
4) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бизнес-жоба;
5) өкілге берілген сенімхат (қажет болған кезде).
Ескерту. Қағида 19-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен20. Өтінімдерді қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде аяқталады. Мерзімінде түскен әр өтінім өтінімдерді қабылдау журналына тіркеліп, нөмір беріледі, құжаттардың берілген күні мен уақыты көрсетіледі. Әр өтінімде күні мен уақыты көрсетіліп, қабылданғаны туралы белгі жасалады.
21. алып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысыменКонкурстық өтінімдерді қарау
22. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі (конкурстық комиссияның жұмыс органы) кәсіпкердің құжаттарын алғаннан кейін:
1) құжаттардың толықтығын тексереді;
2) күн тәртібінің мәселесін қалыптастырады, конкурстық комиссия отырысы өткізілетін күнін, уақытын және орнын айқындайды, бұл туралы конкурстық комиссияның барлық мүшелерін хабардар етеді;
3) бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік грант алуға қажетті құжаттарды және өтінім алынған уақыттан бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде шағын кәсіпкерлік субъектісінің материалдарын сараптама жүргізу үшін ұлттық институтқа жолдайды.
Мемлекеттік грант алуға үміткер шағын кәсіпкерлік субъектісі құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынған жағдайда Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі 2 (екі) жұмыс күні ішінде нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды кәсіпкерге 5 (бес) жұмыс күні ішінде қайта пысықтау үшін қайтарады.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен22-1. Жобаларға сараптама жүргізуді ұлттық институт жүзеге асырады.
Сараптамаларды жүргізу барысында ұлттық институт шағын кәсіпкерлік субъектісінен жоба бойынша қажетті ақпаратты және/немесе құжаттарды сұратуға құқылы.
Қажет болған жағдайда ұлттық институттың негіздемесі бойынша отандық және (немесе) шетелдік жеке және (немесе) заңды тұлғалар сараптама жүргізу үшін тартылады.
Ескерту. Қағида 22-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен22-2. Ұлттық институт жобаға сараптаманы мына бағыттар бойынша жүргізеді:
1) технологиялық сараптама ұқсастармен салыстырғанда жобаның техникалық тұрғыдан іске асырылуы мен технологиялық орындылығының артықшылықтарын белгілеу мақсатында жүргізіледі;
2) қаржылық-экономикалық сараптама нарықты, жобаның экономикалық тұрғыдан орындылығын, бәсекеге қабілеттілік өлшемшарттарын, маркетингтік стратегияны, мәлімделген мерзімдерге жұмысты бөлуді, жұмыс көлемі мен мазмұнын және қаржыландыруға қажетті сомасын бағалау мақсатында жүргізіледі;
3) құқықтық сараптама қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкестігі тұрғысынан ұсынылған құжаттардың мазмұнына жан-жақты құқықтық талдау жүргізу мақсатында жүргізіледі.
Сараптаманы жүргізу тәртібі ұлттық институттың актілерімен реттеледі.
Ұлттық институт қажет болған жағдайда отандық және шетелдік сыртқы сарапшылардың және сараптамалық ұйымдардың тізбесін, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, салалық қауымдастықтар ұсынымдарының негізінде қалыптастырады.
Өтінімге сараптама жүргізу үшін сарапшыларды тарту кезінде ұлттық институт әр сарапшымен сараптамалық қызметтер көрсетуге шарт жасайды.
Өтінімді дайындауға тікелей қатысқан сарапшының, сондай-ақ өтініш берушімен үлестес болып табылатын тұлғаның өтінімдерді бағалауына жол берілмейді.
Сараптаманы жүргізудің жалпы мерзімі 60 (алпыс) жұмыс күнінен аспайды.
Ескерту. Қағида 22-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен22-3. Сараптамалардың нәтижелері бойынша Ұлттық институт ұсынымдарды қалыптастырады және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне қарау үшін жолдайды.
Ескерту. Қағида 22-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен23. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі барлық құжаттар мен ақпаратты алған кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде кәсіпкердің материалдарын Конкурстық комиссияның қарауына шығарады.
24. Бюджет қаражаты болған жағдайда конкурс жылына кемінде 2 (екі) рет өткізілді.
25. Кәсіпкер өзінің бизнес-жобасын Конкурстық комиссияның отырысында таныстырады.
26. Конкурстық комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына сәйкес конкурс өткізген кезде мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) конкурстық іріктеуге ұсынылған қатысушылардың бизнес-жобаларын/индустриялық-инновациялық жобаларын қарайды;
2) мемлекеттік гранттар беру мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды.
Кәсіпкерлерді іріктеу кезінде конкурстық комиссия мүшелерінің дербес дауыс беруі жөніндегі ақпарат жария етілмейді.
Конкурстық комиссияның өтінімдерді зерделеу кезінде Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі арқылы тиісті мемлекеттік уәкілетті органдардан, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардан өтінімде көрсетілген мәліметтердің шындыққа сәйкестігі туралы ақпаратты сұратуға құқығы бар.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен27. Конкурстық өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия кәсіпкерлердің бизнес-жобасын бағалаудың мынадай өлшемшарттары негізінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант берудің мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды:
1) бизнес-идеялардың жаңашылдығы (мүгедектер үшін қолданылмайды);
2) бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі (нарықтық қажеттілікті пысықтау – маркетингтік талдау);
3) бизнес-жобаның қолданысқа енгізуге әзірлігі (өндірісті ұйымдастыру мәселесін пысықтау, жобаны орналастыру үшін үй-жайдың, өткізу нарығының болуы, өндірісті іске қосу үшін жобаның әзірлік деңгейі).
Бұл ретте, бизнес-идея жаңашылдығының өлшемшартына:
бұрын нақты әкімшілік-аумақтық бірлікте өткізілмеген тауарларды шығару, қызметтерді көрсету, жұмыстарды орындау;
нақты әкімшілік-аумақтық бірлікте жаңа немесе жетілдірілген технологияларды қолдануды көздейтін жобалар жатады.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.07.2017 № 459 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен27-1. Конкурстық өтінімдерді қарау кезінде конкурстық
комиссия бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін бағалаудың мынадай өлшемшарттары негізінде мемлекеттік грант берудің мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды:
1) өнімнің (тауардың, көрсетілетін қызметтің) не бизнес-процестің жаңашылдығы;
2) жобаны іске асыру үшін өтініш беруші командасының тәжірибесі мен құзыреттері;
3) өнімді (тауарды, көрсетілетін қызметті) өткізу үшін нарықтың болуы және сыйымдылығы.
Ескерту. Қағида 27-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен28. Кәсіпкерге грант беру/бермеу туралы шешім конкурстық комиссияның соңғы отырысы өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей мемлекеттік грант беру мүмкіндігінің/мүмкін еместігінің себептері көрсетіле отырып, конкурстық комиссияның хаттамасымен ресімделеді.
Конкурстық комиссияның хаттамасында әр қаралған жоба бойынша қысқаша түйіндеме қамтылуға тиіс.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен29. Хаттамаға Конкурстық комиссияның мүшелері, хатшы қол қояды және оны Конкурстық комиссияның төрағасы бекітеді.
30. алып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен31. алып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
32. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі өткізілген конкурс нәтижелері бойынша 1 (бір) жұмыс күні ішінде:
1) кәсіпкерге конкурстық комиссияның шешімі туралы хабарламаны;
2) мақұлданған/бас тартылған бизнес-жобалар бойынша конкурстық комиссияның хаттамасын шағын кәсіпкерлік субъектісімен мемлекеттік грант беру жөнінде шарт жасасу үшін дайындық іс-шараларын өткізу үшін қаржы агенттігіне/ұлттық институтқа жібереді.
Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысыменМемлекеттік гранттарды беру тетігі
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
33. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі конкурстық комиссияның хаттамасы бекітілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігімен/ұлттық институтпен және шағын кәсіпкерлік субъектісімен мемлекеттік грант беру туралы шартқа (бұдан әрі – шарт) қол қояды.
Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен34. Мемлекеттік гранттарды мемлекет Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі арқылы мемлекеттік гранттар алуға кәсіпкерлер берген өтінімдерді іріктеу жөнінде өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша береді.
35. Шарт жасасқаннан кейін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі кәсіпкердің ағымдағы банктік шотына ақша қаражатын аударуды жүзеге асырады.
36. Грант қаражаты кәсіпкердің ағымдағы шотына транш негізінде аударылатын болады.
37. Бірінші траншты алу үшін кәсіпкер грант қаражатының сұралатын көлемі мен жоспарланған нысаналы пайдаланылуы туралы ақпарат беруі қажет.
37-1. Бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік грант бойынша бірінші траншты алу үшін шағын кәсіпкерлік субъектісіне мемлекеттік грант сомасының 20 % мөлшеріндегі ақша қаражатының болуын растауы қажет (банктік шотынан ақша қаражатының болуы туралы үзінді).
Бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік грантты игеру мерзімі 36 айдан аспауға тиіс.
Ескерту. Қағида 37-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен38. Гранттың нысаналы мақсаты осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының шарттары мен өлшемшарттарына сәйкес келген жағдайда Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі транштың сұралып отырған сомасын кәсіпкердің ағымдағы шотына аударады.
39. Кәсіпкер грантты нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға және шарт талаптарын орындауға міндетті.
4. Бағдарлама мониторингі
40. Мониторинг функцияларын жүзеге асыру үшін қаржы агенттігі/ұлттық институт шағын кәсіпкерлік субъектісінен барлық қажетті, оның ішінде коммерциялық және банктік құпияларды құрайтын құжаттар мен ақпаратты сұратуға, орналасқан орнына шығумен мониторингті жүзеге асыруға құқылы.
Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен41. Бағдарламаның іске асырылуын мониторингілеуді кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылық қолдау бағдарламалары шеңберінде іске асырылатын Жобаларға мониторинг жүргізу қағидаларының негізінде қаржы агенттігі жүзеге асырады.
Қаржы агенттігінің функцияларына:
1) гранттың нысаналы пайдаланылуын мониторингілеу;
2) кәсіпкерлердің бизнес-жобаларды грант алған күннен бастап 1 (бір) жыл ішінде орындау жөніндегі қызметін мониторингілеу;
3) кәсіпкердің жаңа жұмыс орындарын құру жөніндегі шарттарды орындауын мониторингілеу;
4) кәсіпкерлердің шарт талаптарын орындауын мониторингілеу жатады.
Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.07.2017 № 459 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен41-1. Бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру мониторингін ұлттық институт жобаларды іске асыру мониторингін жүргізу бойынша ұлттық институттың актісі негізінде жүргізеді.
Мониторингтің негізгі қағидаттары:
1) мемлекеттік гранттың мақсатты пайдаланылуын мониторингілеу;
2) шағын кәсіпкерлік субъектісінің шарттың талаптарын орындауын мониторингілеу болып табылады.
Бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жоба бойынша мемлекеттік грант қаражаты үнемделсе, бұл үнемдеуді шағын кәсіпкерлік субъектісі Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне қайтармайды, ол жобаны одан әрі дамыту мақсаттарына жұмсалады.
Ескерту. Қағида 41-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен42. Мониторинг шеңберінде қаржы агенттігі:
1) грант алушылардың тізілімін жүргізеді;
2) кәсіпкерлер алған қаражаттың нысаналы пайдаланылуына мониторинг жүргізеді және жұмыс органы мен Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне кәсіпкерлердің бизнес-жобаларды іске асыруы туралы есеп береді.
43. Қаржы агенттігі/ұлттық институт кәсіпкердің грант қаражатын мақсатсыз пайдаланғанын анықтаған жағдайда қаржы агенттігі/ұлттық институт Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін, конкурстық комиссияны жазбаша хабардар етеді.
Қаржы агенттігі/ұлттық институт ұсынған ақпарат негізінде конкурстық комиссия шағын кәсіпкерлік субъектісімен шартты бұзу туралы шешім қабылдауы мүмкін, одан кейін өз шешімі туралы Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін, қаржы агенттігін/ұлттық институтты хабардар етеді.
Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен44. Конкурстық комиссия шағын кәсіпкерлік субъектісімен шартты бұзу туралы шешім қабылдаған жағдайда Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған мемлекеттік грант қаражатын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен қайтарып алу бойынша іс-шараларды өткізеді.
Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысыменЕскерту. 1-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
Конкурс өткізу туралы хабарландыру
Конкурсты ұйымдастырушы:
______________________________________________________________
Орналасқан жері: ____________________;
пошталық мекенжайы: ___________________________;
электрондық пошта мекенжайы: ____________________________;
байланыс телефоны ___________________________________________
Конкурс нысанасы: "Бизнестің жол қартасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру.
Конкурс нысаны: ашық конкурс.
Конкурсқа қатысу үшін өтінім берілетін жер:
_______________________________________________________________
Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекенжайға өзі, пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша конкурстық өтінім мен толық құжаттама топтамасын береді.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 20___ ж. "____" ______________ бастап 20___ ж. "___"______________ аралығында, жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін (жергілікті уақытпен)
Өтінімдерді беру басталатын күні мен уақыты: 20___ ж. "___"______________ сағат 10.00 (жергілікті уақытпен)
Өтінімдерді беру аяқталатын күні мен уақыты: 20___ ж. "___"______________ сағат 13.00 (жергілікті уақытпен)
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды. Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен www.dkb2020.kz сайтында танысуға болады.
Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
"Бизнестің жол қартасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру үшін конкурстық іріктеуге қатысуға
ӨТІНІМ
Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.06.2017 № 373 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(бұдан әрі – кәсіпкер)
(заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы;
дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты, паспорт деректері)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның орналасқан жері, пошталық мекенжайы; дара кәсіпкердің тұратын жері)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(қала (аудан) коды көрсетілген байланыс телефонының нөмірі, электрондық пошта мекенжайы)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(банктік деректемелер)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(салық салу жүйесін көрсету)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(қызметтің бейінді бағыттарын көрсету)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(экономика саласын көрсету)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(өтінім берілген кездегі жалдамалы қызметкерлердің санын орташа көрсету)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(ұйым басшысы (Т.А.Ә, лауазымы, байланыс телефоны)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(жобаның жауапты орындаушысы (Т.А.Ә, лауазымы, байланыс телефоны)
ісін жаңа бастаған жеке кәсіпкерлік субъектілеріне (өз бизнесін ашуға) мемлекеттік грант беру үшін конкурстық іріктеуге қатысатыны туралы мәлімдейді.
Кәсіпкер конкурс шарттарымен танысты және Қағидаларға сәйкес тиісті құжаттарды ұсынады.
Ұсынылған құжаттар тізбесі
Р/с | Заңды тұлға | Бет саны | № | Дара кәсіпкер | Бет саны |
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі | 1 | Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі | |||
Салықтар, алымдар мен жарналар бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы анықтама | 2 | Салықтар, алымдар мен жарналар бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы анықтама | |||
Өтінім берген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған анықтама | 3* | Өтінім берген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған анықтама | |||
Бизнес-жоба | 4 | Бизнес-жоба | |||
Кәсіпкердің Бағдарламаның және/немесе Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының курстарында қысқа мерзімді оқытудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі | 5 | Кәсіпкердің Бағдарламаның және/немесе Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының курстарында қысқа мерзімді оқытудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі | |||
Өкілге сенімхат | 6* | Өкілге сенімхат | |||
Кәсіпкердің ағымдағы шотында қаржы қаражатының бар екендігін растайтын банктік шоттан үзінді немесе жылжитын және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалық құнын растайтын құжаттар | 7* | Кәсіпкердің ағымдағы шотында қаржы қаражатының бар екендігін растайтын банктік шоттан үзінді немесе жылжитын және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалық құнын растайтын құжаттар | |||
* қажет болған жағдайда толтырылады | |||||
Үміткер ________________________ _______________________________ |
Мен бұрын берілген бюджеттік кредиттер бойынша мерзімі өткен берешектің жоқ екенін растаймын.
Мен өзім ұсынған мәліметтердің дұрыс екенін растаймын және Конкурстық комиссияның мәліметтерді іріктеп тексеруіне қарсы емеспін.
Осы өтінімге қол қою арқылы кәсіпкер мынаны мәлімдейді және оған кепілдік береді:
1. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалалары үшін – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне) осы өтініммен бірге не Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің (Астана және Алматы қалалары үшін – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің) сұратуы бойынша берілген (ұсынылған) немесе ұсынылатын барлық деректер, ақпарат пен құжаттама дұрыс болып табылады және төменде көрсетілген күнге шындыққа сәйкес келеді, көрсетілген деректер өзгерген жағдайда, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін (Астана және Алматы қалалары үшін – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін) дереу хабардар етуге міндеттенемін.
2. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің (Астана және Алматы қалалары үшін – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің) бірінші талап етуі бойынша осы өтінімді қарау шеңберінде талап етілген, банктік және коммерциялық құпияны құрайтын кез келген ақпарат пен құжаттарды ұсынуға және ашуға міндеттенемін.
3. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі (Астана және Алматы қалалары үшін – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі) көрсетілген мәлімдемелер мен кепілдіктердің шынайылығын тексеруге міндетті емес.
4. Кәсіпкерге жалған, толық емес және/немесе дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылық туралы ескертілді.
5. Кәсіпкердің жарғылық құзыреті осы өтінішке қол қоятын адамның өтініш беруіне мүмкіндік беретінін кәсіпкер растайды.
6. Көрсетілген деректер мен ақпараттың дұрыс еместігі анықталған жағдайда, осы өтінім көрсетілген деректердің дұрыс еместігін растайтын мәліметтер анықталған кез келген кезеңде кері қайтарылуы мүмкін екендігімен келісемін, бұл ретте Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі (Астана және Алматы қалалары үшін – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі) жергілікті деңгейде кері қайтару себептерін хабарламауға құқылы.
Осы арқылы кәсіпкер Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалалары үшін – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне) мынаған келісім береді:
1. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі (Астана және Алматы қалалары үшін – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі) осы өтінімде көрсетілген мәліметтерді, ақпарат пен кәсіпкер ұсынған құжаттарды тексеру және қарау мақсатында мүдделі үшінші тұлғаларға ұсынуға құқылы.
2. Осы өтінімде қамтылған барлық мәліметтер, сондай-ақ Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі (Астана және Алматы қалалары үшін – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі) талап еткен барлық құжаттар Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік гранттар алу үшін ғана ұсынылған.
3. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі (Астана және Алматы қалалары үшін – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі) кәсіпкер өзі туралы хабарлайтын кез келген ақпаратты тексеру құқығын өзіне қалдырады, ал кәсіпкер ұсынған құжаттар және өтініштің түпнұсқасы мемлекеттік грант берілмесе де, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінде (Астана және Алматы қалалары үшін – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінде) сақталатын болады.
4. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің (Астана және Алматы қалалары үшін – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің) осы өтінімді қарауға қабылдауы, сондай-ақ кәсіпкердің ықтимал шығыстары (нысаналы грант алу үшін қажетті құжаттарды ресімдеу және т.б.) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің (Астана және Алматы қалалары үшін – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің) нысаналы грант беру немесе кәсіпкер шеккен шығындарды өтеу міндеттемесі болып табылмайды.
5. Нысаналы грант беру туралы мәселені қарау тәртібімен танысқанымды растаймын және келісемін, кейіннен Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалалары үшін – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне) талап-арыз қоймаймын.
Басшы
(дара кәсіпкер) _______________________ ______________________
(қолы) (қолының толық жазылуы)
М.О.
"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидаларына 3-қосымша |
Ескерту. Қағида 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
Бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік грант алуға өтінімі
Р/с № |
Қажетті ақпарат (өтінім беру кезінде өзектілендірілген) | Өтінім беруші туралы мәліметтер |
1. |
Ұйымның толық және қысқартылған атаулары: | |
Тіркеу деректері: | ||
Байланыс деректері: | ||
Банктік деректемелер | ||
Кредиторлық және салық берешегінің бар-жоғы туралы мәліметтер | ||
Жобаның атауы | ||
Қызмет түрі: (өндіру, сату, көрсетілетін қызметтер) | ||
Жоба командасының жұмыс тәжірибесі, оның ішінде ұсынылатын қызмет бағыты бойынша тәжірибе |
_____________________________________________________________
(ұйымдық-құқықтық нысанын көрсетумен
атынан өтініш берушінің атауы)
атынан
_____________________________________________________________
(лауазымның атауы, уәкілетті тұлғаның, басшының тегі, аты, әкесінің аты)
бизнес-инкубациялау шеңберінде индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне грант ұсыну бойынша іріктеуге қатысуға келісетіні туралы хабарлайды.
Мен осы өтінімде көрсеткен барлық ақпарат анық және өтінім берілген кезде өзекті болып табылатынын растаймын.
Осы өтінімге ұсынылатын құжаттардың тізбесіне сәйкес құжаттардың көшірмелерін қоса беремін.
Өтінім берушінің тегі, аты, әкесінің аты (толығымен):______________________________________
Қолы: _________________ Күні: ____________
* өтінімнің әр бетіне қол қою қажет М.О.
"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидаларына 4-қосымша |
Ескерту. Қағида 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2017 № 940 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ 1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
1.1. Жобаның атауы.
1.2. Өтініш берушінің атауы (толық және қысқартылған).
1.3. Жарғылық капиталды бөлу.
1.4. Орналасқан орны, заңды мекенжайы туралы мәліметтер.
1.5. Сайт (болған жағдайда).
1.6. Жобаны іске асыру үшін негізгі құралдардың және қажетті алаңдардың болуы.
1.7. Шығаруға ұсынылатын өнім (тауар, көрсетілетін қызмет) немесе
бизнес-процесс.
1.8. Грант алған кезден бастап жобаны іске қосудың болжамды мерзімі.
2. ЖОБАНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ
2.1. Жобаны іске асыру шеңберінде құрылатын өнімнің негізгі сипаттамалары (функционалдық мақсаты, негізгі тұтыну сапалары мен өнім параметрлері).
2.2. Шешімдер жобаларында ұсынылған жаңалық.
2.3. Патенттердің және жоба тақырыбы бойынша өзге де құқық қорғау құжаттарының болуы.
2.4. Жобаның бизнес-процесін не өнім жасаудың сипаттамасы.
2.5. Ресурстармен қамтамасыз ету.
3. КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
3.1. Өнім нарығының көлемі мен сыйымдылығы, жоба іске асырылатын саланың қазіргі жағдайын және даму перспективаларын талдау.
3.2. Жасалатын өнімнің бәсекелестік артықшылығы, техникалық-экономикалық сипаттамаларды аналогтармен салыстыру (1- кесте).
Техникалық және құндық сипаттамалар бойынша баламалы шешімдердің салыстырмалы талдауы келтіріледі (өндіру үшін ұсынылатын тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің аналогтармен салыстырылған техникалық деңгейі мен құны, дереккөздерге сілтемелер):
1-кесте |
Көрсеткіштердің атауы | Көрсеткіштердің мәні | ||
Ұсынылатын үлгі | № 1 аналог | № 2 аналог | |
3.4. Өнімді нарыққа ілгерілету стратегиясы.
- Өткізу нарықтарының (экспорттық және ішкі) сипаттамасы, оның ішінде: нарықтың осы сегментінде жұмыс істейтін негізгі компаниялардың сипаттамасы; бәсекелес компаниялар ұсынатын өнімнің сипаттамасы.
- Нарықтың сандық сипаттамалары (заттай және ақшалай мәндегі жылдық көлем, сұраныстың өсу немесе төмендеу үрдісі).
- Компанияның өнімдері иелене алатын нарықтың әлеуетті үлесінің негіздемесі.
- Зерттелетін нарықтардағы негізгі үрдістер, күтілетін өзгерістер.
- Өнімнің әлеуетті тұтынушыларымен уағдаластықтардың болуы және өнімді сатып алу дайындығын растайтын құжаттар (ниет хаттамалары, алдын ала жеткізу шарттары, жеткізу шарттары).
- Осы нарықта өнімді табысты түрде іске асыруға елеулі әсер етуді қамтамасыз ететін факторлардың болуы (баға саясаты, техникалық сипаттамалар бойынша өнімнің артықшылығы, нарықтағы бедел, контрагенттермен қарым-қатынас, еңбек ұжымы, өнімнің ерекше қасиеттері, географиялық және өзге де ерекшеліктер).
4. ЖОБАНЫҢ КОМАНДАСЫ
4.1. Қызметкерлер саны, олардың қызмет бағыты және түйіндеме мен біліктілікті растайтын құжаттарды (диплом, сертификаттар) қоса берумен олардың біліктілігі.
4.2. Бағдарламаларға қатысу тәжірибесі, жобалардағы рөлі, алынған нәтижелері мен кәсіпорынның даму көрсеткіштері.
4.3. Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы. Жаңа мамандар тарту схемасы.
5. ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУ
5.1. Тәуекелдердің ықтимал типі мен көздері, оларды азайту жөніндегі шаралар.
5.2. Кезеңдері, нақты алынатын нәтижелері, уақыт аралықтары және қажетті қаражаты көрсетіле отырып, жобаны іске асыру жоспары (жобаны қаржыландыру кезеңінде де, аяқталғаннан кейін де осы кезеңде жоспар жасалады) (2-кесте).
2-кесте |
Жобаны іске асыру кезеңдерінің атауы | Кезең мерзімі | Кезең құны | Сапалық және сандық нәтижелер |
6. ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРЫ
6.1. Жобаны қаржыландырудың жалпы көлемі, оның ішінде инвестициялардың немесе жеке қаражаттың көлемі, қаражат көздері мен оларды алу нысандары (3-кесте).
6.2. Жобаны іске асыру үшін бұрын тартылған қаржыландыру (осы көздерді көрсете отырып).
3-кесте |
Жұмыстарды орындауға жұмсалған шығындар | Шығын сомасы (теңге) | Жұмыс-тар кезеңдері | Баға белгілеу бойынша түсіндірме | Қаржыландыру көздері | Есептерде қолданылатын дереккөздер |
Шығындар – Барлығы: | |||||
оның ішінде баптар бойынша: | |||||
Басқа да қаржыландыру көздерінің шығындары - Барлығы: | |||||
Олардың ішінде: | |||||
Жеке қаражат | |||||
Басқалар |
6.3. Жобаны іске асырудың соңына қарай негізгі жоспарлы экономикалық көрсеткіштер (өндіріске жұмсалатын шығыстар, пайда, таза пайда, шығарылатын өнімнің рентабельділігі), Excel форматында көрсеткіштер есептеулері қоса беріледі.
6.4. Excel форматындағы кесте түрінде есептеулерді қоса бере отырып, айлар бойынша бөліністе кірістер, шығыстар, ақша қозғалысы жоспарының болжамын есептеу. Қызмет түрлері бойынша таратып жазумен кірістер бойынша есептер, шығындар баптары бойынша таратып жазылған шығындар.
6.5. NPV, IRR, DPP, PI инвестициялық көрсеткіштерін есептеу, инвестициялық көрсеткіштер есептеулерін Excel форматында қоса беру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысына 1-қосымша |
|
"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасына 2-қосымша |
ИИДМБ-ға сәйкес өңдеуші өнеркәсіптегі басым секторлардың тізбесі
ЭҚЖЖ коды | Атауы |
1 | 2 |
Қара металлургия | |
24.10 | Шойын, болат және ферроқорытпа өндірісі |
24.20 | Құбырлар, құбыржолдар, пішіндер, болаттан жасалған фитингтер өндірісі |
24.31 | Суықтай илеу (болат шыбық пен тұтас әзірлеме өндірісі) |
24.32 | Таспалар мен жіңішке жолақтарды суықтай илектеу |
24.33 | Суықтай пішіндеу немесе бүктеу |
24.34 | Суықтай созу әдісімен сымдар өндірісі |
Түсті металлургия | |
24.41 | Бағалы (асыл) металдар өндірісі |
24.42 | Алюминий өндірісі |
24.43 | Қорғасын, мырыш пен қалайы өндірісі |
24.44 | Мыс өндірісі |
24.45 | Өзге де түсті металдар өндірісі |
Мұнай өңдеу | |
19.20 | Мұнай және мұнай өнімдері |
Мұнай-газ химиясы | |
20.14 | Өзге де негізгі органикалық химиялық заттар өндірісі |
20.16 | Бастапқы нысандағы пластмассалар өндірісі |
20.17 | Бастапқы нысандағы синтетикалық каучук өндірісі |
Тамақ өнімдерінің өндірісі | |
10.11 | Етті өңдеу және консервілеу |
10.12 | Үй құсының етін өңдеу және консервілеу |
10.13 | Еттен және үй құсы етінен жасалған өнімдер өндірісі |
10.20 | Балықты, шаянтектестерді және ұлуларды өңдеу және консервілеу |
10.31 | Картопты өңдеу және консервілеу |
10.32 | Жеміс және көкөніс шырындарының өндірісі |
10.39 | Жемістер мен көкөністерді өңдеу мен сақтаудың өзге түрлері |
10.41 | Майлар мен тоң майлар өндірісі |
10.42 | Маргарин мен осыған ұқсас жануарлар тоң майларының өндірісі |
10.51 | Сүт өңдеу және ірімшік өндірісі |
10.61 | Ұн тарту-жарма өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі |
10.62 | Крахмал және крахмалдан жасалатын өнімдер өндірісі |
10.71 | Нан өндіру ісі; ұннан дайындалған жаңа пісірілген кондитерлік тағамдар, торттар мен тәтті тоқаштар өндірісі |
10.72 | Қатырлақ нан мен печенье өндірісі; ұзақ уақыт сақтауға арналған ұннан дайындалған кондитерлік бұйымдар, торттар, тәтті тоқаштар, бәліштер мен бисквиттер өндірісі |
10.73 | Макарон өнімдерінің өндірісі |
10.81 | Қант өндірісі |
10.82 | Какао, шоколад және қанты көп кондитерлік бұйымдар өндірісі |
10.83 | Шай және кофе өңдеу |
10.85 | Дайындалған тамақ өнімдері мен жартылай фабрикаттар өндірісі |
10.86 | Балалар тағамы мен емдәмдік тамақ өнімдерінің өндірісі |
Агрохимия | |
20.15 | Тыңайтқыштар мен құрамында азот бар қоспалардың өндірісі |
20.20 | Пестицидтердің және өзге агрохимиялық өнімдердің өндірісі |
Өнеркәсіпке арналған химикаттар өндірісі | |
20.11 | Өнеркәсіптік газдардың өндірісі |
20.12 | Бояғыштар мен пигменттер өндірісі |
20.13 | Негізгі бейорганикалық қосылыстар өндірісі |
20.30 | Бояулар, лактар және ұқсас бояғыш заттар өндірісі |
20.41 | Сабын және жуатын, тазартатын және ысқылайтын заттар өндірісі |
20.51 | Жарылғыш заттар өндірісі |
20.52 | Желім өндірісі |
20.53 | Эфир майларының өндірісі |
20.59 | Өзге химиялық өнімдер өндірісі |
20.60 | Жасанды талшық өндірісі |
Автокөлік құралдарының, олардың қосалқы бөлшектерінің өндірісі | |
29.10 | Автокөлік құралдарын шығару |
29.20 | Автокөлік құралдарына арналған шанақтар, трейлерлер мен жартылай тіркемелер шығару |
29.31 | Автокөлік құралдары үшін электр және электронды жабдықтар шығару |
29.32 | Автокөлік құралдары мен олардың қозғалтқыштары үшін өзге де бөлшектер мен керек-жарақтарды шығару |
30.99 | Басқа топтамаларға қосылмаған өзге де көлік құралдары мен жабдықтарды шығару |
Электр жабдығы | |
25.21 | Радиаторлар және орталық жылыту қазандықтарының өндірісі |
25.29 | Өзге металл цистерналар, резервуарлар және контейнерлер өндірісі |
25.30 | Орталық жылыту қазандықтарынан басқа бу қазандықтары өндірісі |
27.11 | Электр моторлары, генераторлар және трансформаторлар өндірісі |
27.12 | Электр таратқыш және реттегіш аппаратура өндірісі |
27.20 | Батареялар мен аккумуляторлар өндірісі |
27.31 | Талшықты-оптикалық кәбіл өндірісі |
27.32 | Электр сымы мен кәбілдің басқа түрлерінің өндірісі |
27.33 | Электр аспаптарының өндірісі |
27.40 | Электр жарық беру жабдығының өндірісі |
27.90 | Басқа да электр жабдығы өндірісі |
28.11 | Авиациялық, автомобильдік және мотоциклдік қозғалтқыштардан басқа, қозғалтқыштар мен турбиналар өндірісі |
28.25 | Өнеркәсіптік тоңазытқыш және желдеткіш жабдығы өндірісі |
Ауыл шаруашылығы техникасының өндірісі | |
28.30 | Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы техникасының өндірісі |
Теміржол техникасының өндірісі | |
30.20 | Теміржол локомотивтері мен жылжымалы құрам өндірісі |
Кен өндіру өнеркәсібіне арналған машиналар мен жабдықтар өндірісі | |
28.91 | Металлургияға арналған машиналар мен құралдар өндірісі |
28.92 | Тау-кен өнеркәсібі, жерастын игеру және құрылыс үшін техника өндірісі |
28.99 | "28.99.1 Мұнай кәсіпшілігі және геологиялық-барлау бұрғылау жабдығы өндірісі" мен "28.99.2 Мұнай-газ өңдеуші құралдар өндірісін" қоспағанда, басқа топтарға қосылмаған арнайы мақсаттағы өзге де машиналар мен құралдар өндірісі |
Мұнай өңдеуші және мұнай өндіруші өнеркәсіпке арналған машиналар мен жабдықтар өндірісі | |
28.12 | Гидравликалық жабдық өндірісі |
28.13 | Өзге сорғылар, компрессорлар, тығындар мен клапандар өндірісі |
28.14 | Өзге крандар мен бұрандамалар өндірісі |
28.29 | Басқа топтарға енгізілмеген, жалпы мақсаттағы өзге машиналар мен жабдықтар өндірісі |
28.99.1 | Мұнай кәсіпшілігі және геологиялық-барлау бұрғылау жабдығы өндірісі |
28.99.2 | Мұнай-газ өңдеуші құралдар өндірісі |
Құрылыс материалдарының өндірісі | |
16.21 | Кілтек, шере, тақталар мен панельдер өндірісі |
22.21 | Пластмасса табақтар, шинаға арналған камералар және пішіндер өндірісі |
22.23 | Пластикалық құрылыс бұйымдарының өндірісі |
23.11 | Табақ шыны өндірісі |
23.12 | Табақ шыны жасау мен өңдеу |
23.13 | Іші қуыс шыны бұйымдарының өндірісі |
23.14 | Шыны талшық өндірісі |
23.19 | Өзге де шыны бұйымдарын өндіру мен өңдеу |
23.20 | Отқа төзімді бұйымдар өндірісі |
23.31 | Керамикалық жабындар мен плиталар өндірісі |
23.32 | Кірпіш, жабынқыш және күйдірілген саздан жасалған өзге де құрылыс заттарының өндірісі |
23.42 | Керамикалық гигиеналық сантехникалық жабдық өндірісі |
23.43 | Керамикалық электроқшаулағыштар мен оқшаулау арматурасының өндірісі |
23.49 | Өзге керамикалық бұйымдар өндірісі |
23.51 | Клинкерлерді қоса алғанда, цемент өндірісі |
23.52 | Әк пен құрылыс гипсінің өндірісі |
23.61 | Бетоннан құрылыс бұйымдарын өндіру |
23.62 | Құрылыс мақсаттары үшін гипстен жасалған бұйымдар өндірісі |
23.63 | Пайдалануға дайын бетон өндірісі |
23.64 | Құрғақ бетон қоспаларын өндіру |
23.65 | Асбест-цементтен және талшықты цементтен жасалған бұйымдар өндіру |
23.69 | Бетоннан, құрылыс гипсі мен цементтен жасалған өзге де бұйымдарды өндіру |
23.70 | Тасты кесу, өңдеу және әрлеу |
23.99 | Басқа топтамаларға енгізілмеген, өзге де металл емес минералды өнім өндіру |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы
№ 556 қаулысы.
2. "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысының 2-тармағы.
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 және "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 368 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.
4. "Облыстық бюджеттерге моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит берудің 2015 жылға арналған негізгі шарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 848 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы.
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 және "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 1001 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.