Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 шілдедегі № 459 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 31.12.2019 № 1060 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 31 шілдедегі
№ 459 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 25.08.2018 № 522 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс) қаулысымен.
      2. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 25.08.2018 № 522 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс) қаулысымен.

      3. "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 25-26, 139-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында:

      20-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Субсидиялау шартының қолданылу мерзімін ұзарту 3 (үш) жыл өткеннен кейін ӨҮК мақұлдаған кезде республикалық бюджеттен субсидиялау үшін қаражат болған жағдайда ғана, субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 60 күн бұрын ӨҮК-ке қарауға берілген банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның қолдаухаты негізінде жүзеге асырылады.";

      118-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "118. Бағдарламаның іске асырылуын мониторингілеуді кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылық қолдау бағдарламалары шеңберінде іске асырылатын Жобаларға мониторинг жүргізу қағидаларының негізінде қаржы агенттігі жүзеге асырады.

      Қаржы агентігінің функцияларына:

      1) банк/даму банкі ұсынатын деректер мен құжаттардың негізінде субсидиялау шарты жасалған кәсіпкердің жаңа кредитті мақсатты пайдаланылуын мониторингілеу;

      2) банк/даму банкі/лизингтік компания ұсынатын деректердің негізінде кәсіпкердің төлем тәртібін мониторингілеу;

      3) жобаның іске асырылуын (қаржылық лизинг шарты бойынша лизинг нысанасын пайдалану) мониторингілеу;

      4) жобаның және/немесе кәсіпкердің Бағдарлама шарттарына және/немесе ӨҮК шешіміне сәйкестігін мониторингілеу жатады.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидаларында:

      60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "60. Бағдарламаның іске асырылуын мониторингілеуді кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылық қолдау бағдарламалары шеңберінде іске асырылатын Жобаларға мониторинг жүргізу қағидаларының негізінде қаржы агенттігі жүзеге асырады.

      Қаржы агентігінің функцияларына:

      1) банк және/немесе кәсіпкер ұсынған деректер мен құжаттар негізінде кепілдік шартын жасасқан кәсіпкердің кредитті мақсатты пайдалануын мониторингілеу;

      2) банк ұсынған деректер немесе өзге де шынайы ақпарат көздері негізінде кәсіпкердің төлем тәртібін мониторингілеу;

      3) Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлердің және Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің кірістің өсуіне, жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайтуға және бюджетке төленетін салықтар көлемінің 10 %-ға өсуіне қол жеткізулері бойынша міндеттемелердің орындауларын мониторингілеу жатады.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру қағидаларында:

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Конкурстық өтінімдерді қарау кезінде Конкурстық комиссия кәсіпкерлердің бизнес-жобасын бағалаудың мынадай өлшемшарттары негізінде ұсынымдар береді:

      1) бизнес-идеялардың жаңашылдығы (мүгедектер үшін қолданылмайды);

      2) бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі (нарықтық қажеттілікті пысықтау – маркетингтік талдау);

      3) бизнес-жобаның қолданысқа енгізуге әзірлігі (өндірісті ұйымдастыру мәселесін пысықтау, жобаны орналастыру үшін үй-жайдың, өткізу нарығының болуы, өндірісті іске қосу үшін жобаның әзірлік деңгейі).

      Бұл ретте, бизнес-идея жаңашылдығының өлшемшартына:

      бұрын нақты әкімшілік-аумақтық бірлікте өткізілмеген тауарларды шығару, қызметтерді көрсету, жұмыстарды орындау;

      нақты әкімшілік-аумақтық бірлікте жаңа немесе жетілдірілген технологияларды қолдануды көздейтін жобалар жатады.";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Бағдарламаның іске асырылуын мониторингілеуді кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылық қолдау бағдарламалары шеңберінде іске асырылатын Жобаларға мониторинг жүргізу қағидаларының негізінде қаржы агенттігі жүзеге асырады.

      Қаржы агенттігінің функцияларына:

      1) гранттың нысаналы пайдаланылуын мониторингілеу;

      2) кәсіпкерлердің бизнес-жобаларды грант алған күннен бастап 1 (бір) жыл ішінде орындау жөніндегі қызметін мониторингілеу;

      3) кәсіпкердің жаңа жұмыс орындарын құру жөніндегі шарттарды орындауын мониторингілеу;

      4) кәсіпкерлердің шарт талаптарын орындауын мониторингілеу жатады.".