Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 94-бабының

      2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары;

      2) "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидалары;

      3) "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру қағидалары бекітілсін.

      2. "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 16-17, 91-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасында:

      "Бағдарламаның паспорты" деген 1-бөлімде:

      "Әзірлеу үшін негіздеме" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Әзірлеу үшін

негіздеме

"Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы;

"Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығы;

2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі.


       ";

      "Кіріспе" деген 2-бөлімде:

      "Негізгі терминдер мен анықтамалар" деген кіші бөлімде:

      21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "21) кәсіпкер – өз қызметін Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектісі;";

      мынадай мазмұндағы 32) тармақшамен толықтырылсын:

      "32) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға (бұдан әрі – БЖЗҚ);

      " Бағдарламаның мақсаттары, нысаналы индикаторлары, міндеттері, оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері" деген 4-бөлімде:

      "Міндеттері" деген 4.3-кіші бөлімде:

      "Іскерлік байланыстарды кеңейту жөніндегі нысаналы көрсеткіштер" деген 11-кестеде:

      реттік нөмірі 2-жол алып тасталсын;

      "Бағдарламаның басты бағыттары" деген 5-бөлімде:

      5-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Жеке және тиімді жобаларын ауылдық елді мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда салалық шектеулерсіз іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлап отырған кәсіпкерлер, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде қатысушылар бола алады.

      Банктердің/даму банкінің кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру құралы бойынша Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде жеке және тиімді жобаларын елдің барлық өңірлерінде салалық шектеулерсіз іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлап отырған ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер қатысушылар бола алады.";

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақмен толықтырылсын:

      "5-1. Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау құралы бойынша айналым қаражатын толықтыруға және (немесе) жобаның іске асырылатын орнына қарамастан әрі шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің тіркелген орнын есепке алмай салалық шектеулерсіз ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға БЖЗҚ қаражаты есебінен кредиттер алған (алатын) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері де қатысушылар бола алады.";

      6-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тиімді инвестициялық жаңа жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады. ӨҮК-нің шешімі шыққан күннен бастап 2 (екі) жылдан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде кірістердің өсуін, жұмыс орындарының орташа жылдық санының ұлғаюын және бюджетке төленетін салықтар көлемінің 10 %-ға өсуін көздейтін жобалар жаңа тиімді инвестициялық жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобалар деп түсініледі.

      Банктердің кредиттері бойынша, оның ішінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға бағытталған БЖЗҚ қаражаты есебінен берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау да Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген лимиттер шеңберінде жүзеге асырылады. Айналым қаражатын толықтыруға, сондай-ақ ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттер бойынша жоба іске асырылғаннан кейін жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту, кірістердің өсуі, бюджетке төленетін салықтар көлемінің тиісті көрсеткіштерден 10 %-ға өсуі талап етілмейді.";

      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақмен толықтырылсын:

      "7-1. Айналым қаражатын толықтыруға және (немесе) ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға БЖЗҚ қаражаты есебінен банктер берген (беретін) шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің кредиттері де субсидиялауға жатады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттерді субсидиялау жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражат есебінен жүзеге асырылатын, сондай-ақ айналым қаражатын қаржыландыру:

      1) негізгі құралдарды сатып алуға және (немесе) жаңғыртуға және (немесе) өндірісті кеңейтуге арналған, бірақ кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын кредит;

      2) БЗЖҚ қаражаты шеңберінде жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, субсидиялау айналым қаражатын толықтыруға берілетін (берілген) кредиттер бойынша жүзеге асырылмайды.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 19 %-дан аспайтын, оның 10 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Кепілдік тиімді инвестициялық жаңа жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер бойынша ғана беріледі.

      Қаржы агенттігінің шешімі шыққан күннен бастап 2 (екі) жылдан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде кірістердің өсуін, жұмыс орындарының орташа жылдық санының ұлғаюын және бюджетке төленетін салықтар көлемінің 10 %-ға өсуін көздейтін жобалар тиімді жобалар деп түсініледі.";

      мынадай мазмұндағы 22-1-тармақмен толықтырылсын:

      "22-1. Айналым қаражатын толықтыруға және (немесе) ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға БЖЗҚ қаражаты есебінен банктер берген (беретін) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері де кепілдендіруге жатады.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Айналым қаражатын қаржыландыру:

      1) айналым қаражатының мөлшері кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын негізгі құралдарды сатып алуға және (немесе) жаңғыртуға және (немесе) өндірісті кеңейтуге бағытталған кредит;

      2) БЖЗҚ қаражаты шеңберінде жүзеге асырылған жағдайда ішінара кепілдік беру айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

      Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер/ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер/ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер үшін ішінара кепілдік беру айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 60 млн. теңгені қоса алғанға дейінгі банктердің кредиттері бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.";

      26-тармақ алып тасталсын;

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттер бойынша банктердің номиналды сыйақы мөлшерлемесі 19 %-дан аспайды.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Мемлекеттік гранттарды мемлекет шағын кәсіпкерлік субъектілерінің, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлердің, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің, сондай-ақ әйелдердің, мүгедектердің және 50 жастан асқан тұлғалардың мемлекеттік гранттар беруге арналған өтінімдерін іріктеу жөнінде өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері арқылы береді. Бұл ретте Бағдарлама шеңберінде оқыту құрауыштары сертификатының болуы конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.";

      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Микрокредиттер ауылдық елді мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда қызметін жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне кейіннен кредит беру үшін ӨҮК шешімімен айқындалатын МУҰ-ға беріледі.";

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. МУҰ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беру қағидаларында айқындалатын өлшемшарттарға сәйкес ХҚҰ-ға кредиттік ресурстар береді.";

      56-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы қаржылай қолдау шарасын іске асыру мақсаты үшін МУҰ функцияларын "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ жүзеге асырады.";

      78-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы қаржылай қолдау шарасын іске асыру мақсаты үшін МУҰ функцияларын "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ жүзеге асырады.";

      "Екінші бағыт: экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық қолдау" деген кіші бөлімде:

      94-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "94. Бағдарламаның екінші бағытына қатысушылар:

      1) Бағдарламаға 1-қосымшада көрсетілген экономиканың басым секторларында;

      2) Бағдарламаға 2-қосымшада көрсетілген ИИДМБ-да айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында өз жобаларын іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлап отырған тиімді кәсіпкерлер болып табылады";

      "Банктердің/Даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау" деген кіші бөлімде:

      95-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "95. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тиімді инвестициялық жаңа жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыруға берілетін жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады.

      Тиімді инвестициялық жаңа жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобалар деп:

      1) кәсіпкерлердің Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалаларында – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі) өтініш бергенге дейінгі өткен 3 (үш) жылда кірістерінің өсуіне және бюджетке төленетін салықтар көлемінің 20 %-ға өсуіне қол жеткізген орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектілерінің;

      2) ӨҮК шешімі шыққан күннен бастап 2 (екі) қаржылық жылдан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде кірістердің өсуін, жұмыс орындарының орташа жылдық санының ұлғаюын және бюджетке төленетін салықтар көлемінің 10 %-ға өсуін қамтамасыз ететін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары түсініледі.

      Банктердің кредиттері бойынша, оның ішінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың айналым қаражатын толықтыруға бағытталған, БЖЗҚ қаражаты есебінен берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау да Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген лимиттер шеңберінде жүзеге асырылады. Айналым қаражатын толықтыруға, сондай-ақ ағымдағы міндеттемелерді қаржыландыруға бағытталған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талаптар қолданылмайды.";

      мынадай мазмұндағы 95-1-тармақпен толықтырылсын:

      "95-1. Айналым қаражатын толықтыруға және (немесе) ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға БЖЗҚ қаражаты есебінен банктер берген (беретін) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері де субсидиялауға жатады.";

      98-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "98. Айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттерді субсидиялау жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражат есебінен жүзеге асырылатын, сондай-ақ айналым қаражатын қаржыландыру:

      1) негізгі құралдарды сатып алуға және (немесе) жаңғыртуға және (немесе) өндірісті кеңейтуге арналған, бірақ кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын кредит;

      2) БЗЖҚ қаражаты шеңберінде жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, субсидиялау айналым қаражатын толықтыруға берілетін (берілген) кредиттер бойынша жүзеге асырылмайды.";

      108 және 109-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "108. Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында іске асырылатын жобалар бойынша субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 19 %-дан аспайтын, оның 7 %-ына мемлекет өтемақы төлейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады.

      109. ИИДМБ-де айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында іске асырылатын жобалар бойынша субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 19 %-дан аспайтын, олардың 10 %-ына мемлекет өтемақы төлейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады.";

      115-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) деңгейлерінің көлемі 2-ден кем емес, тұрақ коэффициенті сауда алаңының 40 шаршы метріне 1 орыннан кем емес.";

      117-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "117. Ішінара кепілдік беру жаңа тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер бойынша ғана ұсынылады.

      Тиімді инвестициялық жаңа жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобалар деп:

      кәсіпкердің 180 млн. теңгеден асатын кредиттері бойынша Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалаларында – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне)/180 млн. теңгеге дейінгі кредиттері бойынша Қаржы агенттігіне өтініш бергенге дейінгі өткен 3 (үш) жылда кірістерінің өсуіне және бюджетке төленетін салықтар көлемінің 20 %-ға өсуіне қол жеткізген орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектілерінің;

      180 млн. теңгеден асатын кредиттер бойынша ӨҮК-нің шешімін/180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша Қаржы агенттігінің шешімін алған күннен бастап 2 (екі) қаржылық жылдан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде кірістің өсуін, жұмыс орындарының орташа жылдық санының ұлғаюын және бюджетке төленетін салықтар көлемінің 10 %-ға өсуін көздейтін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары түсініледі.";

      мынадай мазмұндағы 117-1-тармақпен толықтырылсын:

      "117-1. Айналым қаражатын толықтыруға және (немесе) ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға БЖЗҚ қаражаты есебінен банктер берген (беретін) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері де кепілдендіруге жатады.";

      118-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "118. Айналым қаражатын қаржыландыру:

      1) айналым қаражаты кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын негізгі құралдарды сатып алуға және (немесе) жаңғыртуға және (немесе) өндірісті кеңейтуге бағытталған кредит;

      2) БЖЗҚ қаражаты шеңберінде жүзеге асырылған жағдайда ішінара кепілдік беру айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

      Жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер үшін ішінара кепілдік беру айналым қаражаттарын толықтыруға бағытталған 60 млн. теңгені қоса алғанға дейінгі банктердің кредиттері бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.";

      123-тармақ алып тасталсын;

      127-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "127. Кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттер бойынша банктердің сыйақы мөлшерлемесі 19 %-дан аспайды. Кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттер бойынша даму банкінің сыйақы мөлшерлемесі 13 %-дан аспайды.";

      167-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жаңа тұрақты жұмыс орындарын құрудың шекті күні ӨҮК шешімінде көрсетіледі.";

      186-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) іскерлік байланыстарды кеңейтудің функционалдық бағыты бойынша: шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату.";

      194-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "194. Қаржы агенттігінің өңірлік филиалдары жанындағы КҚКО-ны ұстауға және оның жұмыс істеуіне арналған шығыстарды қаржыландыру қаржы агенттігінің жеке қаражаты есебінен, қаржылай емес қолдау операторының жанындағы – қаржылай емес қолдау операторының жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылады.";

      263-тармақта:

      бірінші бөлікте:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) өтініш беруші белгіленген нысанда қаржы агенттігіне оқытуға өтінім береді. Бұл ретте Өтініш беруші жобаны іске асыруға байланысты мониторингті немесе өзге де іс-қимылдарды жүргізу үшін қажетті барлық мәліметтер мен деректерді ұсыну туралы жазбаша міндеттемеге қол қояды. Қаржы агенттігі уәкілетті орган айқындайтын квоталарға сәйкес жиынтық өтінімді қалыптастырады және оларды уәкілетті органға келісуге жібереді;";

      3) және 4) тармақшалар алып тасталсын;

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) уәкілетті орган Бағдарламаға қатысушылардың келісілген тізбесін "Назарбаев Университеті" ДБҰ-ға жібереді.";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қаржы агенттігі "Назарбаев Университет" ДБҰ-мен бірге Бағдарламаға қатысушылардың кәсіпорынды дамыту бойынша қызметін мониторингтеуді жүзеге асырады.";

      270-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) құжаттардың толық топтамасы ұсынылған жағдайда, құрауыш операторы ұсынылған өтінімді және оған қоса берілетін құжаттарды белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеруді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1128 бұйрығымен бекітілген Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларында (бұдан әрі – Өтеу қағидалары) көзделген тәртіппен 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырады;";

      287-тармақта:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Кәсіпкерлердің және кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындардың өтінімдерін:

      1) лицензия және рұқсат алу мәселелері бойынша – мемлекеттік органдарда;

      2) кредиттер алу мәселелері бойынша – екінші деңгейдегі банктерде;

      3) мемлекеттік қолдау шараларын алу мәселелері бойынша – даму институттарында сүйемелдеу.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) саласындағы:

      1) жеке әріптесті айқындау жөніндегі конкурс шеңберінде әлеуетті жеке әріптестің конкурстық өтінімін дайындау бойынша;

      2) жеке әріптесті айқындау шеңберінде МЖӘ жобасының тұжырымдамасын әзірлеу бойынша;

      3) МЖӘ шарттарын дайындау және бекіту бойынша;

      4) МЖӘ жобаларын іске асыру мәселелері бойынша консультация.";

      302-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "302. Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасы шеңберіндегі қолдау қызметін экономиканың басым секторлары мен ИИДМБ-да анықталған өңдеуші өнеркәсіп салаларында және моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде салалық шектеулерсіз жүзеге асыратын, сондай-ақ қаржылық тұрғыдан орнықты және өсу әлеуеті жоғары және Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын консультациялық жоба шығындарының жалпы құнының бір бөлігін жабуға әзір шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне ұсынылады.";

      305-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) қызмет саласы – экономиканың барлық басым секторлары мен ИИДМБ-де анықталған өңдеуші өнеркәсіп салаларындағы және моноқалалардағы, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердегі салалық шектеулерсіз қызмет;";

      312-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) өтініш беруші ЕҚДБ шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі бағдарламасының жәрдемімен қолдау алуға өтінімді және қажетті құжаттар топтамасын (оның ішінде Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасының стандартты нысанына сәйкес толтырылған өтінімнің түпнұсқасы, құрылтай құжаттарының көшірмелері, алдыңғы өткен толық екі жыл және өтінім берген кездегі ағымдағы қаржы кезеңі үшін қаржылық есептердің көшірмелері) ЕҚДБ-ға ұсынады;";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) ЕҚДБ маманы Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасына қатысуға өтініш берушілердің жиынтық тізбесін қалыптастырады және мүдделі кәсіпорындар туралы ақпаратты тіркеумен және сақтаумен айналысады, Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасына қатысуға мақұлдау алған кәсіпкерлердің жиынтық тізбесін қаржы агенттігіне хабардар ету мақсатында ұсынады;";

      361-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN және т.б.) сәйкес өнім мен сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау жөніндегі шығындардың бір бөлігін өтеу тәртібі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 1164 бұйрығымен бекітілген Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларында белгіленеді.";

      "Функционалдық бағыт: іскерлік байланыстарды кеңейту" деген бөлімде:

      "Отандық өңделген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді ілгерілету" құралы" деген кіші бөлімі және 378, 379, 380, 381, 382, 383, 384, 385, 386, 387, 388, 389, 390-тармақтар алып тасталсын;

      "Бағдарламаны іске асыру мониторингі" деген кіші бөлімде:

      400-тармақтың 3) тармақшасының бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Бағдарлама нәтижелілігінің аудиті – КҚКО базасындағы форматқа сәйкес семинар өткізу жолымен жыл сайын.

      Бағдарлама нәтижелілігі аудитінің нәтижелері есепті жылдан кейінгі қаржы жылының шілдесінен кешіктірмей қаржылай емес қолдау операторы уәкілетті органға беретін Бағдарлама тиімділігінің кешенді талдамалық есебіне қосылады.";

      "Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимыл жасауы" деген кіші бөлімде:

      407, 408-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "407. Бағдарлама тиімділігінің жылдық кешенді талдамалық жалпы есебін қалыптастыру мақсатында қаржы агенттігі есепті жылдан кейінгі жылдың сәуірінен кешіктірмей Бағдарламаның бірінші, екінші және үшінші бағыттары мониторингінің нәтижелерін қаржылай емес қолдау операторы мен уәкілетті органға жібереді.

      408. Кәсіпкерлер кәсіпкерлік қызметті қолдаудың қаржылық шараларына мониторинг жүргізу мақсаты үшін қаржы агенттігіне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне Қазақстан Республикасының салықтық заңнамасына сәйкес салықтық құпия болып табылатын мына:

      1) кәсіпкер кірісінің өсу серпінін қаржы агенттігінің айқындауы үшін кірістер;

      2) қаржы агенттігінің кәсіпкер жұмыс орындарының орташа жылдық санының өсуін айқындауы үшін жұмыскерлер саны;

      3) жұмыскерлердің есептелген кірістері және жеке тұлғаларға өзге де төлемдер бойынша шығыстар;

      4) бір жұмыскердің орташа айлық жалақысы;

      5) қаржы агенттігінің кәсіпкердің бюджетке салық төлемдерінің ұлғаю серпінін айқындауы үшін салық төлемдері сомасы туралы мәліметтерді қаржы агенттігіне ұсынуға келісім беру туралы өтініш береді.

      Кәсіпкердің кірісінің, жұмыскерлерінің орташа жылдық санының өсу, салықтық төлемдерінің ұлғаю серпінін айқындау үшін қаржы агенттігі Кәсіпкердің салықтық есептілігінің тиісті нысандарында көрсетілген ақпаратты пайдаланады. Кәсіпкердің кірісінің, жұмыскерлерінің орташа жылдық санының өсу, салықтық төлемдерінің ұлғаю серпінін есептеу кезіндегі есепті күн ӨҮК шешімі қабылданған күнге қарамастан, келесі қаржы жылының басы болып табылады.";

      "Бағдарламаның критерийлері" деген кіші бөлімде:

      410-тармақта:

      2) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "банктердің/Даму банкінің/ лизингтік компаниялардың сыйақы мөлшерлемесі Бағдарлама шеңберінде арзандатылған кредиттерін/лизингтік мәмілелерін қоспағанда, сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражаты есебінен арзандатылған;";

      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) ұлттық және шетелдік валюталарда кредит беруге жол берілетін Бағдарламаның үшінші бағытын қоспағанда, кәсіпкердің кредиті/лизингтік мәмілесі/микрокредиті ұлттық валютада берілуге тиіс.";

      418-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "418. Бағдарлама шеңберінде субсидиялауға бөлінген және ағымдағы қаржы жылында Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері/Бағдарламаның жергілікті үйлестірушілері/қаржы агенттігі/МУҰ пайдаланбаған қаражат кезекті қаржы жылы жобаларды, оның ішінде кезекті қаржы жылында мақұлданған жобаларды субсидиялауға пайдаланылуы мүмкін.";

      424-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бұл ретте кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау құралы бойынша Бағдарламаға қатысушылар қаржы агенттігі белгілеген мерзімдерде кәсіпкерлер және олармен жасалған субсидиялау шарттары бөлінісінде субсидиялар сомасын уақтылы есептен шығаруды көздейтін МТ102 форматындағы файл алмасуды автоматтандыруды қаржы агенттігімен бірлесіп іске асырған банктер/банктер-төлем агенттері болуы мүмкін.";

      "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасына 2-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 19 сәуірдегі
№ 234 қаулысымен
бекітілген

"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары

      Осы "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленді және жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері/лизингтік компаниялардың қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шарттары мен тетігін айқындайды.

1. Жалпы ережелер

      1. Кәсіпкерлердің екінші деңгейдегі банктер/лизингтік компаниялар берген кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады.

      2. Субсидиялау кәсіпкерлер кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы ретінде төлейтін шығыстардың бір бөлігін өтеу үшін пайдаланылады және мемлекеттің бизнеспен өзара іс-қимылының тиімді тетіктері арқылы жүзеге асырылады.

      3. Қаржы агенттігінің көрсетілетін қызметтеріне уәкілетті орган республикалық бюджет қаражатының есебінен ақы төлейді.

      4. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өзара жасалған субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың негізінде жергілікті бюджетке бағытталған нысаналы трансферт қаражаты есебінен қаржы агенттігіне аударады. "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберіндегі субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

      5. Субсидиялау нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады.

      Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген лимиттер шеңберінде жүзеге асырылады.

2. Терминдер мен анықтамалар

      6. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) банк – Бағдарламаға қатысатын екінші деңгейдегі банк;

      2) Даму банкі – "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы және/немесе оның үлестес лизингтік компаниясы;

      3) банк-төлем агенті – лизингтік компанияның уәкілетті банкі, ол қаржы агенттігімен келісілуге тиіс және лизингтік компанияның жобалар бойынша субсидияларды аудару мен есептен шығаруға арналған арнайы шотын жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға тиіс;

      4) банктік кредит (бұдан әрі – кредит) – мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және нысаналы пайдалану шарттарында банктік қарыз шартының негізінде кәсіпкерге банк беретін ақша сомасы;

      4-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік – мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасындағы "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған белгілерге сәйкес келетін ынтымақтастық нысаны.

      5) ИИДМБ – Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама;

      6) субсидиялау шарты – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша қаржы агенттігі, банк/лизингтік компания мен кәсіпкер арасында жасалатын үшжақты жазбаша келісім, оның шарттары бойынша қаржы агенттігі кәсіпкердің банк/лизингтік компания берген кредиті/лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесін ішінара субсидиялайды;

      7) қаржылық лизинг шарты – лизингтік компания/банк пен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша лизингтік компания/банк кәсіпкерге қаржылық лизинг береді;

      8) банктік қарыз шарты – банк пен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша банк кәсіпкерге кредит береді. Кредиттік желі ашу туралы келісім де банктік қарыз шартына жатады;

      9) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға (бұдан әрі – БЖЗҚ);

      10) лизингтік компания – Бағдарламаға қатысатын лизингтік компания;

      11) лизингтік мәміле (лизинг) – лизингке қатысушылардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған келісілген іс-қимыл жиынтығы;

      12) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі – қалада немесе аудандық деңгейде Бағдарламаны іске асыруға жауапты, облыс әкімі айқындайтын қаланың/ауданның құрылымдық бөлімшесі;

      13) ЭҚЖЖ (бұдан әрі – Бағдарлама шеңберіндегі экономиканың басым секторлары) – Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес экономиканың басым секторлары;

      14) кәсіпкер – өз қызметін Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер, ісін жаңа бастаған кәсіпкер;

      15) жоба – бизнестің әртүрлі бағыттарында кіріс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет ретінде кәсіпкер жүзеге асыратын іс-әрекет пен іс-шаралар жиынтығы. Бір жоба шеңберінде бірнеше банктік кредит/лизингтік мәміле алуға болады;

      16) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі – облыс (астана, республикалық маңызы бар қала) деңгейінде Бағдарламаны іске асыруға жауапты, облыс (астана, республикалық маңызы бар қала) әкімі айқындайтын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

      17) Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК) – облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері құратын және басқаратын, жалпы санының кемінде 50 %-ына бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысатын консультативтік-кеңесші орган;

      18) субсидиялау – кәсіпкердің банкке/лизингтік компанияға кредиттер/лизинг бойынша сыйақы ретінде төлейтін шығыстарын болашақта Кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын белгілі бір шарттарды орындауға айырбас ретінде ішінара өтеу үшін пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылық қолдау нысаны;

      19) субсидиялар – қаржы агенттігі субсидиялау шарттарының негізінде кәсіпкерлерді субсидиялау шеңберінде өтеусіз және қайтарымсыз негізде банкке/лизингтік компанияға төлейтін мерзімді төлемдер;

      20) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;

      21) қаржы агенттігі – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3. "Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау" бірінші бағытының шеңберінде субсидиялар беру шарттары

      7. Ауылдық елді мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда өздерінің жобаларын және тиімді жобаларды іске асырып жатқан және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер Бағдарламаның бірінші бағытына салалық шектеусіз және кәсіпкердің тіркелген жерін есепке алмай қатыса алады.

      Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде қатысуға жобаның іске асырылу орнына қарамастан және шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің тіркеу орнын есепке алмай салалық шектеулерсіз айналым қаражатын толықтыруға және (немесе) ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға БЖЗҚ қаражаты есебінен кредиттер алған (алатын) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері де жіберіледі.

      8. Мыналар:

      1) Даму банкін қоспағанда, мемлекеттік даму институттары кредиторы болып табылатын, сондай-ақ банктердің/Даму банкінің/лизингтік компаниялардың сыйақы мөлшерлемесі Бағдарлама шеңберінде арзандатылған кредиттерді/лизингтік мәмілелерді қоспағанда, сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражатының есебінен арзандатылған кредиттер/лизингтік мәмілелер;

      2) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;

      3) қонақүйлер немесе қонақүй кешендерін сатып алуға берілген;

      4) овердрафт түріндегі;

      5) қайтарымды, қайталама немесе қосалқы лизинг бойынша кредиттер/қаржылық лизинг шарттары субсидиялауға жатпайды.

      9. Кәсіпкерге Бағдарламаның барлық құралдары шеңберінде кешенді қолдау көрсетілуі мүмкін.

      10. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тиімді инвестициялық жаңа жобаларды, сонымен қатар өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады. Міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар жөніндегі деректердің негізінде кірістердің өсуін, жұмыс орындарының орташа жылдық санының ұлғаюын және ӨҮК шешімі қабылданған күннен бастап 2 (екі) жылдан кейін бюджетке төленетін салықтар көлемінің 10 %-ға өсуін көздейтін жобалар тиімді инвестициялық, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобалар деп түсініледі.

      Айналым қаражатын толықтыруға және (немесе) ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға БЖЗҚ қаражаты есебінен банктер берген (беретін) шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің кредиттері де субсидиялауға жатады.

      Банктердің кредиттері бойынша, соның ішінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың айналым қаражатын толықтыруға бағытталған, БЖЗҚ қаражаты есебінен берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау да Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген лимиттер шеңберінде жүзеге асырылады. Айналым қаражатын толықтыруға, сонымен қатар ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бағытталған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша жоба іске асырылғаннан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар жөніндегі деректердің негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық сананың ұлғаюы, кірістің өсуі, бюджетке төленетін салықтардың көлемінің тиісті көрсеткіштерден 10 % өсуі талап етілмейді.

      10-1. Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау мұндай жобаны кәсіпкер одан әрі өзі пайдаланған жағдайда, салалық шектеулерсіз мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберіндегі жобаларды іске асыруға берілетін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша да жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тарау 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

       11. Жоба ӨҮК-ге шығарылғанға дейін 12 ай ішінде банктер/Даму банкі/лизингтік компаниялар бұрын берген кредиттер/қаржылық лизинг шарттары да жаңа кредиттерге/қаржылық лизинг шарттарына жатады.

      12. Кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған, жоба ӨҮК-ге шығарылғанға дейін 4 жыл ішінде (мерзім алғашқы кредит/лизинг берілген күннен бастап есептеледі) банктер/Даму банкі/лизингтік компаниялар бұрын берген және Бағдарлама өлшемшарттарына сәйкес келетін кредиттер/лизингтік мәмілелер де субсидиялауға жатады.

      13. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражат есебінен жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ айналым қаражатын қаржыландыру:

      1) негізгі құралдарды сатып алуға және (немесе) жаңғыртуға және (немесе) өндірісті кеңейтуге арналған, бірақ кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын кредит;

      2) БЖЗҚ қаражаты шеңберінде жүзеге асырылған кезде субсидиялау айналым қаражатын толықтыруға берілетін (берілген) кредиттер бойынша жүзеге асырылмайды.

      14. Қайта бастау негізінде берілген айналым қаражатын толықтыруға берілген кредиттер бойынша субсидиялауға жол беріледі. Айналым қаражатын толықтыруға кредитті қайта бастау мүмкіндігінің шарттары ӨҮК шешімінде көрсетілуі тиіс.

      15. 100 %-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 60 млн. теңгеге дейінгі кредиттерге кепілдік берген кезде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға рұқсат етіледі.

      16. 180 млн. теңгеден жоғары кредиттер бойынша кәсіпкер жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-ы деңгейінде жобаны іске асыруға өзінің құралдарының (ақша қаражатының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің), оның ішінде қамтамасыз етуге ұсынылған үшінші тұлғалардың мүлкімен қатысуын қамтамасыз етуге тиіс. Жобаға кәсіпкердің өзінің құралдарымен (ақша қаражатымен, жылжымалы/жылжымайтын мүлкімен) қатысуының шарттары ӨҮК шешімінде көрсетіледі.

      17. Кредит бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етуге жобаны іске асыруға тікелей қатыспайтын жылжымалы/жылжымайтын мүлік ұсынылған жағдайда, аталған мүлік жобаға өзінің қатысуы ретінде қаралмайды.

      18. Бұл ретте сомасы 180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер бойынша жобаны іске асыруға өзінің қатысуы талап етілмейді.

      19. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттің/қаржылық лизинг шартының сомасы бір кәсіпкер үшін 750,0 млн. теңгеден аспауға тиіс және онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі.

      Бағдарламада белгіленген лимиттер шеңберінде субсидияланатын кредит бойынша негізгі қарыз ішінара/толығымен мерзімінен бұрын өтелген жағдайда кәсіпкерлердің кредиттерін субсидиялауға жол беріледі.

      20. Кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша субсидиялау мерзімі ӨҮК шешімі бойынша 6 (алты) жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен 3 (үш) жылды құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалған жағдайда, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.

      3 (үш) жыл өткеннен кейін субсидиялау шартының қолданылу мерзімін ұзарту ӨҮК мақұлдаған кезде республикалық бюджеттен субсидиялау үшін қаражат болған жағдайда ғана банктің/Даму банкінің/лизингтік компанияның өтінішхаты негізінде жүзеге асырылады.

      ӨҮК-тің қолданыстағы субсидиялау шартын ұзарту/ұзартпау туралы шешімі субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 45 күн бұрын қабылдануға тиіс. Бұл ретте ӨҮК қолданыстағы субсидиялау шартын ұзарту туралы оң шешім қабылдаған жағдайда,

      қаржы агенттігі қолданыстағы субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін банктің/Даму банкінің лизингтік компанияның/ кәсіпкердің субсидиялау шартына қосымша келісімге қол қоюын қамтамасыз етеді.

      21. Кредитті Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражат есебінен субсидиялау кезінде кредиттер бойынша субсидиялау мерзімі 18 (он сегіз) айдан аспайды, субсидиялау мерзімі ұзартылмайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалатын болса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.

      22. Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезіндегі субсидиялау мерзімі қаржы агенттігі қайта қаржыландыру жүзеге асырылған кредитор – банкте/лизингтік компанияда бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.

      23. Кәсіпкерлердің субсидиялау құралы бойынша ӨҮК-те мақұлданған жобаларын басқа банктер/лизингтік компаниялар (Даму банкі) субсидиялаудың бұрын мақұлданған шарттарымен қайта қаржыландыруы мүмкін.

      24. Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 19 %-дан аспайтын, оның 10 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады.

      25. Бағдарлама шеңберінде банк/Даму банкі/лизингтік компания:

      1) кредит беру/қаржылық лизинг шарты талаптарының кәсіпкер бастамасымен өзгеруіне байланысты;

      2) кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттемелерді кәсіпкердің бұзуы себебінен өндіріп алынатын;

      3) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланысты;

      4) қаржылық лизинг шартын орындауға байланысты (басқа ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, лизинг нысанасын арнаулы органдардың тіркеуі бойынша көрсетілетін қызметтерін, банктердің көрсетілетін қызметтерін және т.б. өтеу) комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке/қаржылық лизинг шартын жасасуға байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.

      26. ӨҮК қолданыстағы кредитті/қаржылық лизинг шартын субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, онда банк/Даму банкі/лизингтік компания кәсіпкерге ағымдағы қаржы жылында бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өтейді.

      27. Лизингтің мынадай нысандары мен түрлері субсидиялауға жатады: ішкі лизинг, банктік лизинг, толық лизинг және таза лизинг.

4. "Экономиканың басым секторларындағы және өңдеуші өнеркәсіп салаларындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық қолдау" екінші бағытының шеңберінде субсидиялар беру шарттары

      28. Мынадай:

      1) Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында іске асырылатын жобаларды;

      2) ИИДМБ-де айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында іске асырылатын жобаларды іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайын тиімді кәсіпкерлер Бағдарламаның екінші бағытына қатыса алады.

      29. Мыналар:

      1) Даму банкін қоспағанда, мемлекеттік даму институттары кредиторы болып табылатын, сондай-ақ банктердің/Даму банкінің/лизингтік компаниялардың сыйақы мөлшерлемесі Бағдарлама шеңберінде арзандатылған кредиттерді/лизингтік мәмілелерді қоспағанда, сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражатының есебінен арзандатылған кредиттер/лизингтік мәмілелер;

      2) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;

      3) қонақүйлер немесе қонақүй кешендерін сатып алуға берілген;

      4) овердрафт түріндегі;

      5) қайтарымды, қайталама немесе қосалқы лизинг бойынша кредиттер/қаржылық лизинг шарттары субсидиялауға жатпайды.

      30. Кәсіпкерге Бағдарламаның барлық құралдары шеңберінде кешенді қолдау көрсетілуі мүмкін.

      31. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тиімді инвестициялық жаңа жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады.

      Мына:

      Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалаларында – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне) кәсіпкер өтініш бергенге дейін алдыңғы 3 (үш) жылда кірістердің өсуіне және бюджетке төленетін салықтар көлемінің 20 %-ға өсуіне қол жеткізген орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектілерінің;

      ӨҮК шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржылық жылдан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар жөніндегі деректердің негізінде кірістерді өсіруді, жұмыс орындарының орташа жылдық санын арттыруды және бюджетке төленетін салықтар көлемін 10 %-ға өсіруді көздейтін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары жаңа тиімді инвестициялық жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобалар деп түсініледі.

      Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында және ИИДМБ-да анықталған өңдеуші өнеркәсіп салаларында салалық шектеулерсіз іске асырылатын жобалардың аясында ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға және (немесе) айналым қаражатын толықтыруға БЖЗҚ қаражаты есебінен банктер берген (беретін) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері де субсидиялауға жатады.

      Банктердің кредиттері бойынша, оның ішінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың айналым қаражатын толықтыруға бағытталған БЖЗҚ қаражаты есебінен берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген лимиттер шеңберінде де жүзеге асырылады. Айналым қаражатын толықтыруға, сондай-ақ ағымдағы міндеттемелерді қаржыландыруға бағытталған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талаптар қолданылмайды.

      31-1. Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау, мұндай жобалар Бағдарламаға 1-қосымшада көрсетілген экономиканың басым секторларына немесе Бағдарламаға

      2-қосымшада көрсетілген ИИДМБ-де айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларына сәйкес болған жағдайда, сондай-ақ мұндай жобаны Кәсіпкер одан әрі өзі пайдаланған жағдайда мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде жобаларды іске асыру үшін берілетін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша да жүзеге асырылады.

      Ескерту. 4-тарау 31-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

       32. Жоба ӨҮК-ге шығарылғанға дейін 12 ай ішінде банктер/Даму банкі/лизингтік компаниялар бұрын берген кредиттер/қаржылық лизинг шарттары да жаңа кредиттерге/қаржылық лизинг шарттарына жатады.

      33. Кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған, жоба ӨҮК-ге шығарылғанға дейін 4 жыл ішінде (мерзім алғашқы кредит/лизинг берілген күннен бастап есептеледі) банктер/Даму банкі/лизингтік компаниялар бұрын берген және Бағдарлама өлшемшарттарына сәйкес келетін кредиттер/лизингтік мәмілелер де субсидиялауға жатады.

      34. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражат шеңберінде жүзеге асырылатын, сондай-ақ айналым қаражатын қаржыландыру:

      1) негізгі құралдарды сатып алуға және (немесе) жаңғыртуға және (немесе) өндірісті кеңейтуге арналған, бірақ кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын кредит;

      2) БЖЗҚ қаражаты шеңберінде жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, субсидиялау айналым қаражатын толықтыруға берілетін (берілген) кредиттер бойынша жүзеге асырылмайды.

      35. Қайта бастау негізінде берілген айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттер бойынша субсидиялауға жол беріледі. Айналым қаражатын толықтыруға арналған кредитті қайта бастау мүмкіндігінің шарттары ӨҮК шешімінде көрсетілуі тиіс.

      36. 100 %-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 60 млн. теңгеге дейінгі кредиттерге кепілдік берген кезде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға рұқсат етіледі.

      37. 180 млн. теңгеден жоғары кредиттер бойынша кәсіпкер жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-ы деңгейінде жобаны іске асыруға өзінің құралдарының (ақша қаражатының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің), оның ішінде қамтамасыз етуге ұсынылған үшінші тұлғалардың мүлкімен қатысуын қамтамасыз етуге тиіс. Жобаға кәсіпкердің өзінің құралдарымен (ақша қаражатымен, жылжымалы/жылжымайтын мүлкімен) қатысу шарттары ӨҮК шешімінде көрсетіледі.

      38. Кредит бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етуге жобаны іске асыруға тікелей қатыспайтын жылжымалы/жылжымайтын мүлік ұсынылған жағдайда, аталған мүлік жобаға өзінің қатысуы ретінде қаралмайды.

      39. Бұл ретте сомасы 180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер бойынша жобаны іске асыруға өзінің қатысуы талап етілмейді.

      40. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттің/қаржылық лизинг шартының сомасы бір кәсіпкер үшін 4,5 млрд. теңгеден аспауға тиіс және онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі.

      Бағдарламада белгіленген лимиттер шеңберінде субсидияланатын кредит бойынша негізгі борыш ішінара/толығымен мерзімінен бұрын өтелген жағдайда кәсіпкерлердің кредиттерін субсидиялауға жол беріледі.

      41. Кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша субсидиялау мерзімі ӨҮК шешімі бойынша 6 (алты) жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен 3 (үш) жылды құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалған жағдайда, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.

      3 (үш) жыл өткеннен кейін субсидиялау шартының қолданылу мерзімін ұзарту ӨҮК-тің мақұлдаған кезде республикалық бюджеттен субсидиялау үшін қаражат бар болған жағдайда ғана банктің/Даму банкінің/лизингтік компанияның өтінішхаты негізінде жүзеге асырылады.

      ӨҮК қолданыстағы субсидиялау шартын ұзарту/ұзартпау туралы шешімі субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 45 күн бұрын қабылдануға тиіс. Бұл ретте ӨҮК қолданыстағы субсидиялау шартын ұзарту туралы оң шешім қабылдаған жағдайда, қаржы агенттігі қолданыстағы субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін банктің/Даму банкінің/лизингтік компанияның/кәсіпкердің субсидиялау шартына қосымша келісімге қол қоюын қамтамасыз етеді.

      42. Кредитті Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражат есебінен субсидиялау кезінде кредиттер бойынша субсидиялау мерзімі 18 (он сегіз) айдан аспайды, субсидиялау мерзімі ұзартылмайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалатын болса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.

      43. Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезіндегі субсидиялау мерзімі қаржы агенттігі қайта қаржыландыру жүзеге асырылған кредитор – банкте/лизингтік компанияда бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.

      44. Кәсіпкерлердің субсидиялау құралы бойынша ӨҮК-те мақұлданған жобаларын басқа банктер/лизингтік компаниялар/Даму банкі субсидиялаудың бұрын мақұлданған шарттарымен қайта қаржыландыруы мүмкін.

      45. Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым салаларында іске асырылатын жобалар бойынша субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 19 %-дан аспайтын, оның 7 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады.

      46. ИИДМБ-де айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында іске асырылатын жобалар бойынша субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 19 %-дан аспайтын, оның 10 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады.

      47. Даму банкінің кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 13 %-дан аспайтын, оның 5 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

      48. Бағдарлама шеңберінде банк/Даму банкі/лизингтік компания:

      1) кредит беру/қаржылық лизинг шарты талаптарының кәсіпкер бастамасымен өзгеруіне байланысты;

      2) кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттемелерді кәсіпкердің бұзуы себебінен өндіріп алынатын;

      3) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланысты;

      4) қаржылық лизинг шартын орындауға байланысты (басқа ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, лизинг нысанасын арнаулы органдардың тіркеуі бойынша көрсетілетін қызметтерін, банктердің көрсетілетін қызметтерін және т.б. өтеу) комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке/қаржылық лизинг шартын жасасуға байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.

      49. ӨҮК қолданыстағы кредитті/қаржылық лизинг шартын субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, онда банк/Даму банкі/лизингтік компания кәсіпкерге ағымдағы қаржы жылында бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өтейді.

      50. Қазіргі заманғы форматтағы сауда объектілерін салу жобалары бойынша субсидиялауға жол беріледі. Бұл ретте қазіргі заманғы форматтағы сауда объектілерін салу жобалары мынадай өлшемшарттарға сәйкес келуге тиіс:

      1) Астана және Алматы қалаларында сауда алаңы кемінде 5 мың шаршы метр;

      2) облыстарда кемінде 2 мың шаршы метр;

      3) деңгейлер саны кемінде 2, тұрақ коэффициенті кемінде ауданның 40 шаршы метріне 1 орын.

      51. Лизингтің мынадай нысандары мен түрлері субсидиялауға жатады: ішкі лизинг, банктік лизинг, толық лизинг және таза лизинг.

5. "Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету" үшінші бағытының шеңберінде субсидиялар беру шарттары

      52. Мыналар:

      1) Даму банкін (банк және Даму банкі бұдан әрі банк деп аталады) қоспағанда, мемлекеттік даму институттары кредиторы болып табылатын, сондай-ақ банктердің/Даму банкінің/лизингтік компаниялардың сыйақы мөлшерлемесі Бағдарлама шеңберінде арзандатылған кредиттерді/лизингтік мәмілелерді қоспағанда, сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражатының есебінен арзандатылған кредиттер/лизингтік мәмілелер;

      2) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;

      3) қонақүйлер немесе қонақүй кешендерін сатып алуға берілген;

      4) овердрафт түріндегі;

      5) қайтарымды, қайталама немесе қосалқы лизинг бойынша кредиттер/қаржылық лизинг шарттары субсидиялауға жатпайды.

      53. Субсидиялау негізгі құралдарды сатып алуға және (немесе) жаңғыртуға және (немесе) өндірісті кеңейтуге және (немесе) айналым қаражатын толықтыруға және (немесе) қайта қаржыландыруға берілген кредиттер/ қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

      54. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттің/қаржылық лизинг шартының сомасы бір кәсіпкер үшін 4,5 млрд. теңгеден аспауға тиіс және онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі.

      Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жүзеге асырылатын валюталық кредиттер бойынша сома бір кәсіпкер үшін 4,5 млрд. теңгеге балама мөлшерден аспауға тиіс және онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі.

      Бағдарламада белгіленген лимиттер шеңберінде субсидияланатын кредит бойынша негізгі борыш ішінара/толығымен мерзімінен бұрын өтелген жағдайда кәсіпкерлердің кредиттерін субсидиялауға жол беріледі.

      55. 750 млн. теңгеден 4,5 млрд. теңгеге дейінгі кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қолданыстағыларға қатысты кемінде 10 % жаңа (тұрақты) жұмыс орындарын құру шартымен жүзеге асырылады.

      Бұл ретте жаңадан құрылатын жұмыс орындарының 50 %-ын халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген жастар үшін құру ұсынылады.

      Тұрақты жаңа жұмыс орындарын құрудың шекті күні ӨҮК шешімінде көрсетіледі.

      56. Кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша субсидиялау мерзімі ӨҮК шешімі бойынша 6 (алты) жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен 3 (үш) жылды құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалған жағдайда, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.

      3 (үш) жыл өткеннен кейін субсидиялау шартының қолданылу мерзімін ұзарту ӨҮК мақұлдаған кезде республикалық бюджеттен субсидиялау үшін қаражат бар болған жағдайда ғана банктің/Даму банкінің/лизингтік компанияның өтінішхаты негізінде жүзеге асырылады.

      ӨҮК-тің қолданыстағы субсидиялау шартын ұзарту/ұзартпау туралы шешімі субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 45 күн бұрын қабылдануға тиіс. Бұл ретте ӨҮК қолданыстағы субсидиялау шартын ұзарту туралы оң шешім қабылдаған жағдайда, қаржы агенттігі қолданыстағы субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін банктің/Даму банкінің/лизингтік компанияның/кәсіпкердің субсидиялау шартына қосымша келісімге қол қоюын қамтамасыз етеді.

      57. Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезіндегі субсидиялау мерзімі қаржы агенттігі қайта қаржыландыру жүзеге асырылған кредитор – банкте/лизингтік компанияда бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.

      58. Кәсіпкерлердің субсидиялау құралы бойынша ӨҮК-те мақұлданған жобаларын басқа банктер/лизингтік компаниялар (Даму банкі) субсидиялаудың бұрын мақұлданған шарттарымен қайта қаржыландыруы мүмкін.

      59. Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 19 %-дан аспайтын, оның 6 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін банк кредиттері бойынша ғана жүзеге асырылады.

      Номиналды сыйақы мөлшерлемесі 12 %-дан аспайтын, оның 5 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін банктің стандартты валюталық кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жүзеге асырылуы мүмкін.

      Бұл ретте банк:

      1) кредит беру шарттарының кәсіпкер бастамасымен өзгеруіне байланысты;

      2) кәсіпкердің кредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себебі бойынша алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.

      60. Даму банкінің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 13 %-дан аспайтын, оның

      5 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

      Даму банкі сыйақы мөлшерлемесін 11 %-ға дейін төмендететін, оның 4 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін Даму банкінің стандартты валюталық кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жүзеге асырылуы мүмкін.

      Бұл ретте Даму банкі:

      1) кредит беру шарттарының кәсіпкер бастамасымен өзгеруіне байланысты;

      2) кәсіпкердің кредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себебі бойынша алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.

      61. Бағамдық оң айырма орын алған жағдайда, ол болашақ субсидиялар есебіне жатқызылады, ал бағамдық теріс айырма орын алса – өтеу кәсіпкерге жүктеледі.

      62. Субсидиялар сомаларын қаржы агенттігі субсидиялар сомаларын аудару күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша төлейді.

      63. Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 19 %-дан аспайтын, оның 7 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін лизингтік компаниялардың/банктің/Даму банкінің қаржылық лизинг шарттары бойынша да жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте лизингтік компания/банк:

      1) кредит беру шарттарының Борышкер бастамасымен өзгеруіне байланысты;

      2) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланысты;

      3) қаржылық лизинг шартын орындауға байланысты (бөгде ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, лизинг нысанасын арнаулы органдардың тіркеуі бойынша көрсетілетін қызметтерді, банктердің көрсетілетін қызметтерін және т.б. өтеу);

      4) Кәсіпкердің кредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себебі бойынша алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.

      64. ӨҮК қолданыстағы кредитті/қаржылық лизинг шартын субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, онда банк/Даму банкі/лизингтік компания кәсіпкерге ағымдағы қаржы жылында бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өтейді.

      65. Егер банк/Даму банкі мен кәсіпкер валюталық кредитті теңгеге айырбастауды ұйғарса, онда мұндай айырбастау банк/Даму банкі мен кәсіпкер арасында субсидиялау шарты жасалған күнге

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша жүргізіледі.

6. Субсидиялар беру үшін Бағдарламаға қатысушылардың өзара
іс-қимыл жасау тәртібі

      66. Кәсіпкер банкке/Даму банкіне/лизингтік компанияға:

      1) жаңа кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша Бағдарламаға сәйкес келетін шарттарда кредит беруге/қаржыландыруға (банктің/Даму банкінің/лизингтік компанияның ішкі нормативтік құжаттарымен бекітілген нысан бойынша) арналған өтінішпен;

      2) қолданыстағы кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша Субсидиялау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, оған сәйкес субсидиялар алу ниеті туралы банкті/Даму банкін/лизингтік компанияны хабардар ететін өтінішпен және кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша сыйақының номиналды мөлшерлемесін Бағдарламада көзделген мөлшерге дейін төмендету туралы өтінішхатпен жүгінеді.

      67. Банк/Даму банкі/лизингтік компания жобаның қаржы-экономикалық тиімділігіне бағалау жүргізеді және кредит/лизинг беру немесе кредит/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету туралы оң шешім болған жағдайда кәсіпкерге жобаны кредиттеуге/қаржылық лизинг шартын жасасуға әзір екендігі туралы жазбаша жауап жолдап, қаржы агенттігін хабардар етеді.

      68. Банктің/Даму банкінің/лизингтік компанияның оң шешімін алған кәсіпкер Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана мен Алматы қалалары үшін – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне) Субсидиялау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіпкердің өтініш-сауалнамасымен жүгінеді, оған мынадай құжаттарды қоса береді:

      1) кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік/заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірме);

      2) кәсіпкердің жобаны іске асыруының бизнес-жоспары, онда 180 млн. теңгеден жоғары кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-ы деңгейінде

      жобаны іске асыруға өзінің құралдарының (ақша қаражатының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің), оның ішінде қамтамасыз етуге ұсынылған үшінші тұлғалардың мүлкімен қатысуын қамтамасыз ету мерзімдері, сондай-ақ Бағдарламаның бірінші бағытының шеңберінде қатысуға өтініш берген жағдайда Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде кәсіпкердің – шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша – ӨҮК шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жылдан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар жөніндегі деректердің негізінде кірістерді өсіруге, жұмыс орындарын ұлғайтуға және бюджетке төленетін салықтардың көлемін 10 %-ға өсіруге қол жеткізу кезеңдері қамтылады;

      3) кәсіпкердің – орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектісінің соңғы үш қаржы жылы үшін қаржылық есептерінің көшірмесі, бюджетке төленетін салықтар көлемінің 20 %-ға өсуі және кірістің өсімі туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін салық декларациясының көшірмесі қоса беріледі. Орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері кәсіпкерлік қызметті үш жылдан аз жүзеге асырған жағдайда, ақпарат кәсіпкерлік қызметті нақты жүзеге асыру кезеңі үшін беріледі (Бағдарламаның екінші бағытының аясында қатысуға өтініш берген жағдайда);

      4) салық органынан өтініш берілетін күнге дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқ екені туралы анықтама;

      5) тауарларды/өнімді экспорт режимінде шығаруды жүзеге асырған кеден органының белгілері қойылған кедендік жүк декларациялары (Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берген жағдайда);

      6) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгілері қойылған тауарға ілеспе құжаттар (Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берген жағдайда);

      7) соңғы есепті кезеңдегі валюталық пайданың тиісті деңгейінің

      бар-жоғын растайтын құжаттар (Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берген жағдайда);

      8) Банктің/Даму банкінің/лизингтік компанияның Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін шарттарда кәсіпкерге кредит беру/қаржылық лизинг шартын жасасу немесе кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хаты.

      69. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі өтініш-сауалнама мен құжаттарды алғаннан кейін:

      1) өтініш-сауалнамамен бірге ұсынылатын міндетті құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі ұсынылған құжаттарды бір күндік мерзімде кәсіпкерге қарамай қайтарады;

      2) құжаттардың толық топтамасын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде кәсіпкердің жобасын Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне қарау үшін жіберуді жүзеге асырады.

      70. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі құжаттарды алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде:

      1) Кәсіпкердің жобасын Бағдарламаның шарттарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді;

      2) ӨҮК үшін кәсіпкерлердің жобалары бойынша ұсынымдар әзірлейді;

      3) Субсидиялау қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттардың толық топтамасымен қоса кәсіпкерлер жобаларының тізімін ӨҮК қарауына шығарады;

      4) күн тәртібінің мәселесін қалыптастырады, ӨҮК отырысы өткізілетін күнді, уақытты және орнын айқындайды, бұл жөнінде ӨҮК барлық мүшелерін хабардар етеді.

      71. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған немесе белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі үш күн мерзімде ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды кәсіпкерге/Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне пысықтау үшін қайтарады. Құжаттар топтамасы бойынша кемшіліктер болмаған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі кәсіпкердің жобасын ӨҮК кезекті отырысына шығарады.

      72. ӨҮК отырысы жобалардың қалыптастырылу шамасына қарай, бірақ айына 2 (екі) реттен сиретпей өткізіледі. ӨҮК мүшелерінің саны он екі адамнан аспауға тиіс, олардың кемінде 50 %-ын кәсіпкерлер қоғамдастығы құрауы тиіс.

      ӨҮК отырысы ӨҮК мүшелері санының кемінде үштен екісі (кворум) қатысқан жағдайда өткізіледі. Шешімдерді қатысушылардың жалпы санының кемінде үштен екісі қабылдайды.

      73. ӨҮК жобаларды тиісті қаржы жылы субсидиялау үшін бюджет қаражаты болған жағдайда ғана қарайды.

      74. ӨҮК өткізілетін отырыс шеңберінде мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:

      1) кәсіпкердің және ол іске асыратын жобалардың Бағдарламаның өлшемшарттарына сәйкестігін тексереді;

      2) ӨҮК мүшелері арасында кәсіпкердің жобасын және қоса берілетін құжаттарды, оның ішінде кәсіпкердің басқа мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы, мемлекеттік даму институттары арқылы мемлекеттік қолдаудың өзге де шараларын пайдалануы туралы өтініш-сауалнамасында көрсетілген ақпаратты қарайды және талқылайды;

      3) Кәсіпкердің жобасын қараған кезде ӨҮК қажет болған жағдайда банктен/Даму банкінен/лизингтік компаниядан жобаны неғұрлым толық талдау және шешім қабылдау үшін қажетті қосымша мәліметтер мен құжаттарды сұратады. Бұл жағдайда кәсіпкердің құжаттары Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне пысықтау үшін қайтарылады және ӨҮК кезекті отырысында қайта қаралуға тиіс;

      4) талқылау нәтижелері бойынша кәсіпкерді субсидиялау мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Субсидиялау қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді, бұл ретте хаттамада кәсіпкерлердің Бағдарламаға қатыстырудан бас тарту себебі міндетті түрде көрсетілуге тиіс;

      5) ӨҮК оң шешім қабылдаған жағдайда, ӨҮК хаттамасында мыналар көрсетіледі: кірістің өсуіне, ӨҮК шешім қабылдаған күнінен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін бюджетке төленетін салықтар көлемінің 10 %-ға өсуіне және міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санының өсуіне қол жеткізу бойынша кәсіпкерлердің міндеттемесі (Бағдарламаның бірінші бағытының аясында кәсіпкерлердің жобалары бойынша, сондай-ақ Бағдарламаның екінші бағытының аясында шағын кәсіпкерлік субъектілері – кәсіпкерлердің жобалары бойынша); орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектілері – кәсіпкерлердің кірістің өсуіне және Бағдарламаның екінші бағытының аясында Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалалары үшін – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне) өтінішті, өтінімді беруге дейінгі алдыңғы 3 (үш) жыл үшін бюджетке төленетін салықтар көлемінің 20 %-ға өсуі туралы ақпарат;

      6) 180 млн. теңгеден жоғары кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ӨҮК оң шешім қабылдаған жағдайда, ӨҮК хаттамасында жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-ы деңгейінде жобаны іске асыруға өзінің құралдарының (ақша қаражатының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің), оның ішінде қамтамасыз етуге ұсынылған үшінші тұлғалардың мүлкімен қатысуын қамтамасыз ету мерзімдері көрсетіледі.

      Бұл ретте ӨҮК мүшелерінің бәрі хаттамаға қол қойған кезге дейін хатшы мен ӨҮК төрағасының қолы қойылған ӨҮК хаттамасынан үзіндіні ұсынуға жол беріледі.

      75. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК мүшелері ӨҮК хаттамасына/хаттамадан үзіндіге қол қойғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде ӨҮК хаттамасының көшірмесін/хаттамасынан үзіндіні банкке/Даму банкіне/лизингтік компанияға/кәсіпкерге және қаржы агенттігіне, сондай-ақ мәлімет үшін Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне жібереді.

      76. ӨҮК шешімінің қолданылу мерзімі – ӨҮК шешімі шыққан күннен бастап 6 ай.

7. Субсидиялау тетігі

      77. Банк/Даму банкі/лизингтік компания Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен ӨҮК хаттамасын алғаннан кейін және субсидиялау туралы оң шешім болған кезде қаржы агенттігі, банк/Даму банкі/лизингтік компания және кәсіпкер арасында субсидиялау шарты жасалады, оған сәйкес қаржы агенттігі банкке/Даму банкіне/лизингтік компанияға банктік қарыз шартының/қаржылық лизинг шартының өтеу кестесіне және субсидиялау шартының талаптарына сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін төлеуді жүзеге асырады.

      78. Банк/Даму банкі/лизингтік компания қолданыстағы кредит/лизинг бойынша субсидиялау шартына қол қойылған сәтке дейін кәсіпкердің банктік қарыз шартында/қаржылық лизинг шартында көзделген негізгі борыш пен сыйақыны уақтылы өтеу жөніндегі міндеттемелерін орындамағаны үшін айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығаруға міндетті, ал жаңа/қолданыстағы кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша банк/Даму банкі/лизингтік компания:

      1) кредит беру/қаржылық лизинг шарты талаптарының кәсіпкер бастамасымен өзгеруіне байланысты;

      2) кәсіпкердің кредит/лизинг бойынша міндеттемелерді бұзуы себебі бойынша алынатын;

      3) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланысты;

      4) қаржылық лизинг шартын орындауға байланысты (басқа ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, лизинг нысанасын арнаулы органдардың тіркеуі бойынша көрсетілетін қызметтерді, банктердің көрсетілетін қызметтерін және т.б. өтеу) комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кәсіпкер үшін кредитке байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмауға міндеттеме қабылдайды.

      79. Субсидиялау шартын:

      1) банк/Даму банкі/лизингтік компания:

      Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен үлгі жобалар бойынша хаттаманы алған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде;

      Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен ерекше шарттары бар жобалар бойынша хаттаманы алған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде жасайды;

      2) қаржы агенттігі:

      банктен/Даму банкінен/лизингтік компаниядан үлгі жобалар бойынша субсидиялау шартын алған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде;

      банктен/Даму банкінен/лизингтік компаниядан ерекше шарттары бар жобалар бойынша субсидиялау шартын алған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде жасайды.

      80. Егер банк/Даму банкі/лизингтік компания Субсидиялау қағидаларының 79-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімде субсидиялау шартын уақтылы жасамаған жағдайда, банк/Даму банкі/лизингтік компания қаржы агенттігі мен Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін кідірту себептерін түсіндіре отырып, ресми хатпен хабардар етеді.

      81. Егер банктік қарыз шартының/қаржылық лизинг шартының және/немесе субсидиялау шартының талаптары ӨҮК шешіміне және/немесе Бағдарлама талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қоймайды. Бұл ретте қаржы агенттігі Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін, банкті/Даму банкін/лизингтік компанияны және кәсіпкерді хабардар етеді.

      82. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі, банк/Даму банкі/лизингтік компания ескертулерді жойған жағдайда, қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қояды.

      83. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі, банк/Даму банкі/лизингтік компания қаржы агенттігінің ескертулерімен келіспеген жағдайда, онда Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі түпкілікті шешім қабылдау үшін осы мәселені ӨҮК-ке шығарады.

      84. Субсидиялау шарты оған кәсіпкер, банк/Даму банкі/лизингтік компания және Қаржы агенттігі қол қойған күннен бастап күшіне енеді. Бұл ретте субсидиялау мерзімінің басталуы субсидиялау шартына қаржы агенттігі қол қойған күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын субсидиялау шартында белгіленуі мүмкін.

      85. Сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін төлеу күнін кәсіпкер, банк/Даму банкі/лизингтік компания дербес айқындайды. Егер кредит/лизинг бойынша сыйақыны есептеу субсидиялау шартына кәсіпкер, банк/Даму банкі/лизингтік компания қол қойған күннен кейінгі күні басталған жағдайда, субсидиялау шартына кәсіпкер, банк/Даму банкі/лизингтік компания қол қойған күн субсидиялау кезеңіне қосылмайды.

      86. Қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қойғаннан кейін субсидияларды төлейді. Субсидиялар Бағдарламаның тиісті өңірлік үйлестірушісінен қаражат болған кезде төленеді.

      87. Банк/Даму банкі қаржы агенттігіне жасалған субсидиялау шарттары бойынша субсидиялар сомасын аудару үшін ағымдағы шот ашады.

      Заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге құқығы жоқ лизингтік компаниялар қаржы агенттігімен келісу бойынша банк - төлем агентін айқындайды, онда лизингтік компания субсидияларды аудару үшін ағымдағы шот ашады.

      88. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау үшін көзделген қаражат түскен сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігі көрсеткен шотқа тиісті қаржы жылы Бағдарламаның бірінші, екінші және үшінші бағыттарын іске асыруға бөлінген соманың 50 %-ы мөлшерінде қаржы агенттігіне қаражат аударуды жүзеге асырады. Бұдан кейінгі төлемдер қаржы агенттігінің өтінімдеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады.

      89. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты қаржы агенттігі субсидиялау шартына төлемдер кестесін ескере отырып, ай сайын аванстық төлемдермен банктегі/Даму банкіндегі ағымдағы шотқа аударуды жүзеге асырады. Бұл ретте қаражатты аударғаннан кейін қаржы агенттігі банкті/Даму банкін/лизингтік компанияны электрондық пошта арқылы қаражат аударылғаны туралы құжаттың көшірмесін жіберу жолымен бір уақытта хабардар етеді. Хабарламада банктің/Даму банкінің/лизингтік компанияның атауы, өңір, кәсіпкердің атауы, субсидиялар сомасы және төлем жүргізілген кезең көрсетіледі.

      90. Банк/Даму банкі/банк – төлем агенті қаржы агенттігінің хабарламасы негізінде кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидиялау сомаларын қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан есептен шығаруды жүзеге асырады. Банктің/Даму банкінің/банк – төлем агентінің шоттағы қаражаттан жалпы ағымдағы қалдықтарды есептен шығаруға құқығы жоқ.

      91. Кәсіпкер банкке/Даму банкіне/лизингтік компанияға банктік қарыз шартына/қаржылық лизинг шартына сәйкес өтеу кестесі бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігінде сыйақы төлеуді жүргізеді.

      92. Кәсіпкердің кредит/лизинг бойынша төлемді (негізгі борыш және сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігі) толық төлеуді жүргізу фактісі бойынша банк/Даму банкі/банк - төлем агенті кәсіпкердің кредиті бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеу есебіне Қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан ақшаны есептен шығаруды жүзеге асырады.

      Кәсіпкер кредит/лизинг бойынша жоспарлы төлемді іс жүзінде өтеген күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеу үшін қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан субсидиялар сомасын есептен шығарған жағдайда, банк/Даму банкі /лизингтік компания қаржы агенттігіне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      93. берешекті өтегенге дейін банк/Даму банкі/банк – төлем агенті сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеу үшін қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан ақшаны есептен шығаруды жүргізбейді және:

      1) банк/Даму банкі/лизингтік компания алдында кредит/лизинг бойынша төлемді, оның ішінде сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігін өтеу бойынша төлемді кәсіпкер уақтылы өтемеген;

      2) банк/Даму банкі/лизингтік компания алдында төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді кәсіпкер 3 (үш) ай қатарынан орындамаған;

      3) лизингтік компания/банк алдында лизингтік төлемдерді енгізу жөніндегі міндеттемелерді кәсіпкер 2 (екі) және одан көп рет қатарынан орындамаған жағдайларда, бұл туралы қаржы агенттігін 2 (екі) жұмыс күні ішінде тиісті хатпен хабардар етеді.

      Хабардар етпеген/осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайлар орын алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң хабардар еткен жағдайларда, банк/Даму банкі/лизингтік компания қаржы агенттігіне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      94. Кредит бойынша банктер, Даму банкі ай сайын/лизингтік мәмілелер бойынша лизингтік компаниялар, банктер, Даму банкі тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейін қаржы агенттігіне Субсидиялау қағидаларына 5 және 6-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша субсидиялау туралы есеп жібереді.

      95. Қаржы агенттігі банктен/Даму банкінен/лизингтік компаниядан субсидиялау туралы есепті алғаннан кейін сыйақы мен банкке/Даму банкіне/лизингтік компанияға төленген қаражаттың есептерін тексеруді жүзеге асырады.

      96. Қаржы агенттігі кредит бойынша ай сайын/лизинг бойынша тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күніне дейін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне/уәкілетті органға Субсидиялау қағидаларына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау туралы есеп жібереді.

      97. Қаржы агенттігі ай сайын Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне жаңа жобаларды солардың есебінен қаржыландыруға болатын қаражаттың болжамды сальдосы бойынша есеп жібереді. Бұл ретте Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі бұл ақпаратты ӨҮК назарына жеткізеді.

      98. Кәсіпкердің банктік қарыз шартының талаптарына, ӨҮК хаттамасына сәйкес қаржы агенттігі сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігін төлеу және/немесе негізгі борышты өтеу бойынша банк/Даму банкі/лизингтік компания жеңілдікті кезең берген/мерзімін кейінге шегерген кәсіпкердің кредиті бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігінде субсидияларды аударуды жүзеге асыруға құқылы.

      Бұл ретте, жеңілдікті кезең/кейінге қалдыру мерзімі ӨҮК шешімінде көрсетілуі тиіс.

      99. Егер банк/Даму банкі/лизингтік компания қолданыстағы банктік қарыз шартының/қаржылық лизинг шартының талаптарын (сыйақы мөлшерлемесі, төлемдерді төлеу бойынша жеңілдікті кезең/мерзімін кейінге қалдыру, өтеу мерзімі, кәсіпкердің атауын өзгерту/борышты аудару) өзгерткен жағдайда, банк/Даму банкі/лизингтік компания Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне тиісті хабарлама жібереді, ол өз кезегінде 5 (бес) жұмыс күні ішінде құжаттардың толық топтамасын қоса бере отырып, қаржыландырудың қолданыстағы талаптарына енгізілетін өзгерістер жөніндегі ақпаратты ӨҮК қарауына шығарады, күн тәртібінің мәселелерін қалыптастырады, ӨҮК отырысы өткізілетін күнін, уақыты мен орнын айқындайды, бұл туралы ӨҮК мүшелерінің бәрін хабардар етеді. Талқылау нәтижелері бойынша ӨҮК қаржыландырудың қолданыстағы шарттарына өзгерістер енгізудің мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол ӨҮК отырыс өткізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамамен (Субсидиялау қағидаларына 4-қосымша) ресімделеді. Бұл ретте қаржыландыру шарттарына енгізілген өзгерістер хаттамада анық көрсетілуге тиіс.

      Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК мүшелері хаттамаға/ӨҮК хаттамасынан үзіндіге қол қойғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттаманың көшірмесін/ӨҮК хаттамасынан үзіндіні банкке/Даму банкіне/лизингтік компанияға, қаржы агенттігіне және Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне жібереді.

      Қолданыстағы банктік қарыз шартының/қаржылық лизинг шартының талаптарындағы өзге өзгерістер туралы банк/Даму банкі/лизингтік компания Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін тиісті хатпен хабардар етеді, ол өз кезегінде 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаржыландырудың қолданыстағы талаптарына енгізілетін өзгерістер бойынша шешім қабылдайды және хатпен қаржыландыру талаптарына енгізілген өзгерістерді келіседі немесе келісуден бас тартады (бұл ретте хаттың көшірмесінде қаржы агенттігін және Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін көрсетеді).

      Бұл ретте қаржыландыру шарттарына енгізілген өзгерістер (келісуден бас тарту) келісу хатында анық көрсетілуге тиіс.

      100. Кәсіпкер қайтыс болған жағдайда банк/Даму банкі/лизингтік компания кәсіпкердің қайтыс болғаны туралы мәліметтерді (ақпаратты) алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне тиісті хабарлама жібереді, ол мұрагер(лер)дің мұрагерлік құқығы басталған кезге дейін субсидиялауды уақытша тоқтату жөніндегі ақпаратты ӨҮК қарауына шығарады. Мұрагер(лер)дің мұрагерлік құқығы басталған жағдайда, субсидиялауды қалпына келтіру мәселесі қайтадан ӨҮК қарауына шығарылады.

      101. Бағдарлама шеңберінде субсидиялауға бөлінген және ағымдағы қаржы жылында Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері/Бағдарламаның жергілікті үйлестірушілері/Қаржы агенттігі пайдаланбаған қаражатты кезекті қаржы жылында жобаларды, оның ішінде кезекті қаржы жылында мақұлданған жобаларды субсидиялауға пайдалануға болады.

8. Субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату және қалпына келтіру тәртібі

      102. Субсидиялауды тоқтату және қайта қалпына келтіру туралы шешімді қаржы агенттігінің өтінішхаттары (хабарламалары) негізінде ӨҮК қабылдайды.

      103. Мынадай:

      1) субсидиялау жүзеге асырылатын жаңа кредитті мақсатсыз пайдалану;

      2) Кәсіпкердің субсидиялау жүзеге асырылатын қаржылық лизинг шарты бойынша лизинг нысанасын алмауы;

      3) жобаның және/немесе кәсіпкердің Бағдарламаның талаптарына және/немесе ӨҮК шешіміне сәйкес келмеуі;

      4) Кәсіпкердің банктік қарыз шартына төлемдер кестесіне сәйкес банк алдындағы төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай бойы орындамауы;

      5) Кәсіпкердің қаржылық лизинг шартына төлемдер өтеу кестесіне сәйкес лизингтік компания/банк алдындағы лизингтік төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді 2 (екі) және одан көп рет қатарынан орындамауы;

      6) Кәсіпкердің шоттарына тыйым салынуы;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, борышкерден лизинг нысанасын кері талап ету;

      8) Кәсіпкерлердің міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар жөніндегі деректердің негізінде кірістің өсуіне, жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайтуға және ӨҮК шешімі қабылданған күннен бастап 2 (екі) қаржылық жылдан кейін бюджетке төленетін салықтар көлемінің 10 %-ға өсуіне қол жеткізу жөніндегі міндеттемелерін орындамауы (Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберіндегі кәсіпкерлердің жобалары бойынша, сондай-ақ Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлер – шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша) фактілері белгіленген кезде қаржы агенттігі кәсіпкерді субсидиялауды тоқтата тұрады, ал ӨҮК субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдайды.

      104. Субсидияларды төлеу тоқтатыла тұрған жағдайда, қаржы агенттігі осындай шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде банкті/Даму банкін/лизингтік компанияны, кәсіпкерді, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін және Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін субсидиялаудың тоқтатыла тұру себептерін көрсете отырып, хатпен хабардар етеді.

      105. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі қаржы агенттігінен кәсіпкерді субсидиялауды тоқтата тұру туралы хатты алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде күн тәртібін әзірлейді және қалыптастырады, ӨҮК отырысын өткізу күнін, уақытын және орнын айқындайды, ол туралы барлық мүшелерді хабардар етеді.

      106. ӨҮК өткізілетін отырыс шеңберінде мынадай іс-қимылдарды жүзеге асырады:

      1) қаржы агенттігі ұсынған ақпаратпен күн тәртібіне енгізілген мәселені қарайды;

      2) субсидиялауды тоқтату немесе қалпына келтіру туралы шешім қабылдайды.

      Бұл ретте, шешімде субсидиялауды тоқтатудың/қалпына келтірудің негіздемесі көрсетіледі.

      Субсидиялауды тоқтату немесе қайтадан бастау қаржы агенттігі субсидиялауды тоқтата тұрған күннен бастап жүзеге асырылады.

      107. Кәсіпкер субсидиялауды тоқтата тұруға негіз болған себептерді ӨҮК отырысына дейін жойған жағдайда, ӨҮК субсидиялауды қалпына келтіру туралы оң шешім қабылдайды.

      108. ӨҮК отырысының хаттамасы ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ресімделеді. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК хаттамасы ресімделгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттаманың көшірмесін банкке/Даму банкіне/лизингтік компанияға, қаржы агенттігіне және Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне жібереді.

      109. Субсидиялауды тоқтата тұрудың мынадай себептері кезінде кредит/лизинг бойынша субсидиялауды қалпына келтіруге жол беріледі:

      1) жобаның және/немесе кәсіпкердің Бағдарламаның шарттарына және/немесе ӨҮК шешіміне сәйкес келмеуі;

      2) кәсіпкердің шоттарына тыйым салынуы;

      3) кәсіпкердің банктік қарыз шартына төлемдер кестесіне сәйкес банк алдындағы төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай бойы орындамауы;

      4) кәсіпкердің қаржылық лизинг шартына төлемдерді өтеу кестесіне сәйкес лизингтік компания/банк алдындағы лизингтік төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді 2 (екі) және одан көп рет қатарынан орындамауы;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда борышкерден лизинг нысанасын кері талап ету;

      6) кәсіпкерлердің міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар жөніндегі деректердің негізінде кірістің өсуіне, жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайтуға және ӨҮК шешімі қабылданған күннен бастап 2 (екі) қаржылық жылдан кейін бюджетке төленетін салықтар көлемінің 10 %-ға өсуіне қол жеткізу жөніндегі міндеттемелерін орындамауы (Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберіндегі кәсіпкерлердің жобалары бойынша, сондай-ақ Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлер – шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша);

      110. Кәсіпкер жаңа кредитті мақсатсыз пайдаланған кезде, сондай-ақ кәсіпкер субсидиялау жүзеге асырылатын лизинг нысанасын алмаған жағдайда кредит бойынша субсидиялауды қалпына келтіруге тыйым салынады.

      111. Кәсіпкерді субсидиялауды қалпына келтіру туралы шешім қабылданған кезде қаржы агенттігі тиісті хатпен банкті/Даму банкін/лизингтік компанияны және кәсіпкерді субсидиялау төлемдерін қалпына келтіру туралы хабардар етеді.

      Бір мезгілде тоқтата тұру кезеңінде төленбеген субсидияларды төлеуді жүргізеді. Субсидиялау қағидаларының 103-тармағының 4) немесе 5) тармақшаларында көрсетілген себептер бойынша субсидиялауды тоқтата тұрған жағдайда кәсіпкердің мерзімін өткізіп алу күнінен бастап төленуі тиіс субсидияларды төлеуді жүргізеді.

      112. Кәсіпкерді субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданған кезде қаржы агенттігі тиісті хатпен кәсіпкерге, банкке/лизингтік компанияға субсидиялау шартын біржақты бұзу туралы хабарламаны жібереді, онда субсидиялау шартын бұзу күні мен бұзу себебін көрсетеді.

      Субсидиялау қағидаларының 100-тармағын қоспағанда, кәсіпкерлерді субсидиялауды тоқтату туралы ӨҮК шешімі бар кредиттер/лизинг қалпына келтірілмейді.

      113. Мынадай:

      1) Кәсіпкер банк/лизингтік компания алдындағы банктік қарыз шарты/қаржылық лизинг шарты бойынша кредитін толық өтеген жағдайда. кәсіпкердің банкке/лизингтік компанияға кредитті/лизингті толық өтеген күні субсидиялау тоқтатылған күн болып саналады;

      2) субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданған;

      3) субсидиялау шарты кәсіпкердің бастамасы бойынша бұзылған жағдайларда, субсидияларды төлеу тоқтатылады, ал субсидиялау шарты бұзылған деп танылады.

      114. Субсидиялау тоқтатылған жағдайда банк/лизингтік компания қолданыстағы кредит/лизинг бойынша кәсіпкерге бұрын қолданылған қаржыландыру талаптарын (оның ішінде, сыйақы мөлшерлемесін, комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді және басқа да шарттарды) белгілеуге құқылы.

      115. Кәсіпкер кредит/лизинг бойынша негізгі борышты ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеген жағдайда банк/Даму банкі/лизингтік компания кредит/лизинг бойынша негізгі борышты ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеу фактісі қаржы агенттігін 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

      Хабардар етпеген/кәсіпкер негізгі борышты ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеген күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң хабардар еткен жағдайда, банк/Даму банкі/лизингтік компания қаржы агенттігіне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      Сонымен бір мезгілде кәсіпкер кредит/лизинг бойынша негізгі борышты ішінара мерзімінен бұрын өтеген жағдайда банк/Даму банкі/лизингтік компания банктік қарыз шартына/қаржылық лизинг шартына қосымша келісім жасаған кезде қаржы агенттігіне төлемдерді өтеу кестесінің өзгерістерімен қоса субсидиялау шартына тиісті қосымша келісімді қоса бере отырып, банктік қарыз шартына/қаржылық лизинг шартына қосымша келісімнің көшірмесін жолдайды.

      116. Кәсіпкердің кредиті/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тоқтатылған, кәсіпкер кредит/лизинг бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеген жағдайда, банк/Даму банкі/лизингтік компания өзара есеп айырысуды салыстыру актісін қаржы агенттігіне 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ұсынады.

      Бұл ретте, банк/Даму банкі/лизингтік компания салыстыру актісінде субсидияларды нақты есептен шығару сомалары мен күндерін көрсетеді, ал қаржы агенттігі субсидияларды аудару сомалары мен күндерін көрсетеді.

      117. Кәсіпкердің мақсатсыз пайдалануы анықталған кредит бойынша банк/Даму банкі қаржы агенттігіне кредитті мақсатсыз пайдалану фактісін растайтын құжаттармен қоса құжаттарды ұсынады.

9. Бағдарлама мониторингі

      118. Бағдарламаны іске асыру мониторингін қаржы агенттігі жүзеге асырады, оның функцияларына мыналар жатады:

      1) банк Даму банкі ұсынған деректер мен құжаттар негізінде субсидиялау шарты жасалған кәсіпкердің жаңа кредитті нысаналы пайдалануына мониторинг;

      2) банк/Даму банкі/лизингтік компания ұсынған деректер негізінде кәсіпкердің төлем тәртібіне мониторинг;

      3) жобаның іске асырылу (қаржылық лизинг шарты бойынша лизинг нысанасын пайдалану) мониторингі;

      4) жобаның және/немесе кәсіпкердің Бағдарлама шарттарына және/немесе ӨҮК шешіміне сәйкес келуі мониторингі.

      119. Мониторинг функцияларын жүзеге асыру үшін қаржы агенттігі кәсіпкер мен банктен/Даму банкінен/лизингтік компаниядан мониторинг нысанасына қатысты қажетті, оның ішінде салықтық құпияларды қамтитын құжаттар мен ақпаратты сұратуға, жоба іске асырылып жатқан жерге барып іске асырылуына мониторинг жүргізуге құқылы.

      120. Қаржы агенттігі жасаған мониторингтік есеп банкпен/Даму банкімен/лизингтік компаниямен, кәсіпкермен келісіледі және мониторингтік есеп алынған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде виза қойылады.

      121. Мониторинг тәртібі мен мерзімдерін, сондай-ақ есептілік нысандарын қаржы агенттігі дербес белгілейді.

  "Бизнестің жол картасы 2020"
бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы
шеңберінде сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігін
субсидиялау қағидаларына
1-қосымша

ӨТІНІШ

      Мына:

      (қажетті бағытты "V" белгісімен белгілеу керек)


"Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау" бірінші бағыты


"Экономиканың басым салаларындағы және өндеуші өнеркәсіп салаларындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық қолдау" екінші бағыты


"Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету" үшінші бағыты


      шеңберінде "Бизнестің жол қартасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) қатысу және ____________ жылғы № ____ банктік қарыз шарты/қаржылық лизинг шарты негізінде берілген кредит/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау нысанында мынадай шарттарда мемлекеттік қолдау алу мақсатында:

Кредиттің нысаналы мақсаты


Кредит/лизинг сомасы


Сыйақы мөлшерлемесі


Кредит валютасы


Кредит/лизинг мерзімі



      субсидиялау мақұлданған жағдайда, кредит/лизинг бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесін Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін деңгейге дейін төмендету мүмкіндігін қарауды сұраймын.

      _____________________________ (Т.А.Ә.)

      (қолы, күні М.О.)

  "Бизнестің жол картасы 2020"
бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы
шеңберінде сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігін
субсидиялау қағидаларына
2-қосымша

      Кімге _________________________________________ әкімдігі

      Кімнен _______________________________ (бұдан әрі – ЖКС)

      ______________

№ ___________ САУАЛНАМА-ӨТІНІШ

      "Бизнестің жол қартасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына сәйкес Сізден __________________________ Өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауына төмендегіге сәйкес кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау туралы мәселені қарауға бастамашылық етуді сұраймын:

1. Бағдарламаның бағыттары

      (бағытты "V" белгісімен белгілеу керек)


"Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау" бірінші бағыты


"Экономиканың басым салаларындағы және өңдеуші өнеркәсіп салаларындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық қолдау" екінші бағыты


"Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету" үшінші бағыты

2. Қатысушы туралы мәліметтер

ЖКС атауы


Құрылтайшы (лар) туралы деректер


Заңды мекенжайы


Нақты мекенжайы


Пошталық мекенжайы


Мемлекеттік тіркелген/қайта тіркелген күні


Мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік №


Қызмет түрлері


Жетекшілік ететін ведомство, холдинг немесе негізгі компания


Жұмыс тәжірибесі


3. Басшылық

      Бірінші басшы

Т.А.Ә.


Лауазымы


Жұмыс/үй тел.


Туған жылы мен жері


Жеке куәлігінің №, сериясы


Тұратын (нақты) жері


Тіркелген жері


Жұмыс тәжірибесі



      Бас бухгалтер

Т.А.Ә.


Жұмыс/үй тел.


Туған жылы мен жері


Жеке куәлігінің №, сериясы


Тұратын (нақты) жері


Тіркелген жері


Жұмыс тәжірибесі



      Байланыс жасайтын адам

(Т.А.Ә., лауазымы, телефоны)


4. Меншік иелері

      (құрылтайшы, қатысушылар, акционерлік қоғам үшін – акциялардың 5 % және одан көп пайызына иелік ететін акционерлер).

Атауы/Т.А.Ә.

%

Деректемелері



















5. Ағымдағы қызмет туралы ақпарат

Сала (ЭҚЖЖ/ИИДМБ сәйкес)


Кіші сала (ЭҚЖЖ/ИИДМБ сәйкес)


Өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің түрлері


Жылдық айналым


Соңғы есепті күнге пайда немесе шығын


Жұмыскерлердің нақты саны

____________ оның ішінде әйелдер

Жобаның атауы (қысқаша сипаты)


Жобаның іске асырылатын жері (облыс, қала)


Жұмыс орындарының саны


6. Банктік шоттар туралы ақпарат

      Банктік деректемелер (қызмет көрсететін банктердің барлығындағы ағымдағы және жинақ шоттарының бәрін көрсету керек):

      _____________________________________________________________

      _____________________________________________________________

      _____________________________________________________________

      _____________________________________________________________

      _____________________________________________________________

      _____________________________________________________________

7. Тарих

      ЖКС жұмысының процесінде пайдаланылған банктік несиелердің, лизингтік мәмілелердің өтелгендерімен қатар, қазіргі уақытта өтелмегендерінің барлығы көрсетіледі.

Кредитор/ Лизинг беруші

Сомасы

Берілген күні

Сыйақыны өтеу шарттары

Негізгі борышты өтеу шарттары

БҚШ/ҚЛШ бойынша өтеу мерзімі

Нақты өтеу мерзімі

1.







2.







8. Қолданыстағы кредит/қолданыстағы лизинг туралы ақпарат

      Күні және валюта бағамы: ___________ / ___________

Р/с №

Банк/лизингтік компания

БҚШ/ҚЛШ деректемелері (№, күні)

Сыйақы мөлшерлемесі, %

Кредит/ лизинг валютасы

Кредит/ лизинг сомасы

Көрсетілген күнге негізгі борыш бойынша берешек қалдығы

Кредит/ лизинг мерзімі аяқталатын күн

Кредит/ лизинг мақсаты (қысқаша сипаты)




























9. Басқа мемлекеттік бағдарламаларға және ЖКС қатысты қолданылатын мемлекеттік қолдау шараларына қатысу туралы ақпарат

Р/с №

Мемлекеттік бағдарлама/ мемлекеттік қолдау шарасының атауы

Мемлекеттік даму институтының атауы

Қосымша ақпарат













10. Кепілдіктер мен келісімдер

      ЖКС Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне мынаны мәлімдейді және кепілдік береді:

      1. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне осы өтінішпен бірге не Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің сұратуы бойынша берілген (ұсынылған) немесе ұсынылатын барлық деректер, ақпарат пен құжаттама дұрыс болып табылады және төменде көрсетілген күнге шындыққа сәйкес келеді, көрсетілген деректер өзгерген жағдайда, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін дереу хабардар етуге міндеттенемін.

      2. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің бірінші талап етуі бойынша осы өтінішті қарау шеңберінде талап етілген, банктік және коммерциялық құпияны құрайтын кез келген ақпарат пен құжаттарды ұсынуға және ашуға міндеттенемін.

      3. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі көрсетілген мәлімдемелер мен кепілдіктердің шынайылығын тексеруге міндетті емес.

      4. ЖКС-ге жалған, толық емес және/немесе дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылық туралы ескертілді.

      5. ЖКС жарғылық құзыреті осы өтінішке қол қоятын адамның өтініш беруіне мүмкіндік беретінін ЖКС растайды.

      6. Көрсетілген деректер мен ақпараттың дұрыс еместігі анықталған жағдайда, осы өтініш көрсетілген деректердің дұрыс еместігін растайтын мәліметтер анықталған кез келген кезеңде кері қайтарылуы мүмкін екендігімен келісемін, бұл ретте Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі жергілікті деңгейде кері қайтару себептерін хабарламауға құқылы.

      Осы арқылы ЖКС Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне мынаған келісім береді:

      1. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі осы өтініште көрсетілген мәліметтерді, ақпарат пен ЖКС ұсынған құжаттарды тексеру және қарау мақсатында мүдделі үшінші тұлғаларға ұсынуға құқылы.

      2. Осы өтініште қамтылған барлық мәліметтер, сондай-ақ Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі талап еткен барлық құжаттар Бағдарлама шеңберінде субсидия алу үшін ғана ұсынылған.

      3. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ЖКС өзі туралы хабарлайтын кез келген ақпаратты тексеру құқығын өзіне қалдырады, ал ЖКС ұсынған құжаттар және өтініштің түпнұсқасы субсидиялау ұсынылмаса да, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінде/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінде сақталатын болады.

      4. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің осы өтінішті қарауға қабылдауы, сондай-ақ ЖКС ықтимал шығыстары (субсидия алу үшін қажетті құжаттарды ресімдеу және т.б.) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің субсидия беру немесе ЖКС шеккен шығындарды өтеу міндеттемесі болып табылмайды.

      5. Субсидиялау туралы мәселені қарау тәртібімен танысқанымды растаймын және келісемін, кейіннен Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне наразылық білдірмеймін.

11. Қосымшалар

      (_______ бағыты бойынша көзделген құжаттар)

      _____________________________________________________________

      ________________________________ (Т.А.Ә.)

      (қолы, күні)

  "Бизнестің жол картасы 2020"
бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы
шеңберінде сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігін
субсидиялау қағидаларына
3-қосымша

      (Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі толтырады)

______________________ бойынша Өңірлік үйлестіру кеңесінің
қарауына арналған ЖКС
ЖОБАЛАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

Р/с №

ЖКС атауы

Жобаның атауы (сипаты)

Заңды мекенжайы

Жоба іске асырылатын жер

Өнім мен көрсетілетін қызметтер түрлері


2

3

4

5

6








Жиыны:





Жобаны іске асыру кезеңі

Бағдарлама бойынша бағыт

ЭҚЖЖ/ ИИДМБ коды

ЭҚЖЖ/ ИИДМБ секторының атауы

Қаржыландыру сомасы, теңге


7

8

9

10

11








Жұмыс орындарының саны

Басқа мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы

ӨҮК-ге өтініш берілген күн


факт

жоспар

МДИ атауы

МБ атауы


12

13

14

15

16








Өндірілген өнімнің жалпы көлемінен экспортталған өнім көлемі

Банк/лизингтік компания атауы


өткен жылғы айналымның жалпы сомасы

өткен жылы экспорттық шарттар бойынша тауарды тиеп жөнелту сомасы

%


17

18

19

20







      Қосымшалар: (БӨҮ-ге ЖКС ұсынған өтініш пен құжаттар топтамасы)

      1).

      2).

      ...

Қысқартулар мен анықтамалар

ЖКС

Жеке кәсіпкерлік субъектісі

ЭҚЖЖ

Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 683-од бұйрығымен бекітілген экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес экономиканың басым секторлары

ИИДМБ

Бағдарламаға 2-қосымшаға сәйкес ИИДМБ-да айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салалары

МДИ

мемлекеттік даму институттары

МБ

Мемлекеттік бағдарлама

МҚШ

мемлекеттік қолдау шаралары

БӨҮ

Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі


      Лауазымды адам _______________________ Т.А.Ә.

      (қолы, мөрі)

      Жауапты қызметкер ____________________ Т.А.Ә.

      (қолы)

  "Бизнестің жол картасы 2020"
бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы
шеңберінде сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігін
субсидиялау қағидаларына
4-қосымша

__________________________ бойынша Өңірлік үйлестіру кеңесі
отырысының
№ ___________ ХАТТАМАСЫ

Өткізілген жері


Өткізілген күні


Кеңес төрағасы


Қатысқан Кеңес мүшелері


Қатыспаған Кеңес мүшелері


Шақырылған адамдар


Кеңес хатшысы


      Күн тәртібі


Мәселелер атауы







      Кеңесте қаралды


1-мәселенің атауы






      Кеңес мынадай шешімге келді

      1. Мыналарға:

      "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының өлшемшарттарына сәйкестігіне;

      "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының басым салаларына сәйкестігіне;

      мемлекеттік даму институттары арқылы қолдаудың басқа шараларын қолданбауына байланысты төмендегі жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тізіміне ______________ (республикалық бюджет/Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының) есебінен субсидиялау нысанында мемлекеттік қолдау нысандарын қолдану мүмкіндігі мақұлдансын:


Атауы

ЖКС

жоба

сала

банк/лизингтік компания

1

2

3

4

5







БҚШ/ҚЛШ

Кредит/лизинг сомасы

Қаржыландыру көзі (БЖЗҚ қаражаты/басқа

Кредит валютасы

Кредит/лизинг мерзімі

Нысаналы мақсаты

Жобаның атауы

(сипаты)


күні

6

7

8

9

10

11

12

13










ЖТМ %

Номиналды сыйақы мөлшерлемесі

Сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігі

Сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігі

14

15

16

17






Субсидиялау мерзімі


Кәсіпкер туралы ақпарат (орта/ірі кәсіпкерлік субъектісі) қолдау алғанға дейінгі1

Қолдау алғаннан кейін кәсіпкерге қойылатын талап2 

Ескертпе

Кірістің өсуі, %

Төленетін салықтар көлемінің өсуі, %

Кірістің өсуі, %

Жұмыс орындарының орташа жылдық санының өсуі,%

Төленетін салықтар көлемінің өсуі,


18

19

20

21

22

23

24


      _________________

      Ескертпе:

       1 Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде, кәсіпкерлердің - орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша толтырылады.

      2 Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлердің жобалары бойынша, сондай-ақ Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлердің - шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша толтырылады.

      2. Субсидиялау шарттарын жасасу үшін мақұлданған жобалар тізімі "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-ға және көрсетілген екінші деңгейдегі банктерге/Даму банкіне/лизингтік компанияларға жіберілсін.

      3. Мыналарға:

      1) "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының өлшемшарттарына сәйкес келмеуіне;

      2) "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының басым бағыттарына сәйкес келмеуіне;

      3) мемлекеттік даму институттары арқылы басқа мемлекеттік қолдау шараларының қолданылуына байланысты төмендегі жеке кәсіпкерлік субъектілері жобаларының тізіміне субсидиялау нысанында мемлекеттік қолдау нысандарын қолдау мүмкіндігін мақұлдаудан бас тартылсын:


Атауы

Бас тарту себептері

ЖКС

жоба

сала

банк/лизингтік компания








      Кеңес мүшелерінің қолдары


Кеңес мүшесінің Т.А.Ә. және мәртебесі

"ҚОЛДАЙМЫН"

"ҚАРСЫМЫН"

ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР


Кеңес төрағасы





Кеңес төрағасының орынбасары





Кеңес мүшесі





Кеңес мүшесі





Кеңес мүшесі





      Кеңесте қаралды


2-мәселенің атауы




      Кеңес мынадай шешімге келді

      1.

      2.

      3.

      ...

      Кеңес мүшелерінің қолдары


Кеңес мүшесінің Т.А.Ә. және мәртебесі

"ҚОЛДАЙМЫН"

"ҚАРСЫМЫН"

ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР


Кеңес төрағасы





Кеңес төрағасының орынбасары





Кеңес мүшесі





Кеңес мүшесі





Кеңес мүшесі










      Кеңес хатшысы __________________________ Т.А.Ә.

      Егер кеңес мүшесі "Қарсы" дауыс берген болса, түсініктемелер бағанында қабылданған шешімнің себебі көрсетілуге тиіс.

  "Бизнестің жол картасы 2020"
бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы
шеңберінде сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігін
субсидиялау қағидаларына
5-қосымша

      "Үлгі"

Субсидиялау туралы есеп

      _____________ - ________________ аралығындағы кезең

Банктің/Даму банкінің/лизингтік компанияның атауы

ЖКС өтініш берген жер

ЖКС атауы

IBAN код*

БСН

БҚШ/ҚЛШ

(транш)

нөмірі

БҚШ/ҚЛШ (транш) күні

Кредит/лизинг (транш) сомасы

1

2

3

4

5

6

7

8










Кредит/лизинг (транш) бойынша сыйақы мөлшерлемесі

Субсидиялау шартының нөмірі

Субсидиялау шартының күні

Кезеңде Қаржы агенттігі аударған субсидиялар сомасы

Кезеңде есептен шығарылған субсидиялар сомасы

9

10

11

12

13


Кредит/лизинг бойынша мерзімі өткізілген күндер саны

Кредиттің (транштың) мақсатты қолданылуын нақтылау

14

15


      Лауазымды адам _____________________________ Т.А.Ә.

      (қолы, мөрі)

      Жауапты қызметкер _________________________ Т.А.Ә.

      (қолы)

      Ескертпе: * банктің/Даму банкінің банктік жүйесінен туындайтын субсидиялау шартын сәйкестендірудің бірегей коды.

  "Бизнестің жол картасы 2020"
бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы
шеңберінде сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігін
субсидиялау қағидаларына
6-қосымша

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражат есебінен субсидиялау туралы есеп*

      ______________ - ________________ аралығындағы кезең

Банктің/Даму банкінің атауы

ЖКС өтініш берген жер

ЖКС атауы

IBAN код**

БСН

БҚШ (транш) нөмірі

БҚШ (транш) күні

Кредит (транш) сомасы

1

2

3

5

6

7

8

9










Кредит (транш) бойынша сыйақы мөлшерлемесі

Субсидия лау шартының нөмірі

Субсидия лау шартының күні

Кезеңде қаржы агенттігі аударған субсидиялар сомасы

Кезеңде есептен шығарылған субсидиялар сомасы

Кредитті (траншты) мақсатты пайдалануды нақтылау

9

10

11

12

13

14







Кредит бойынша мерзімі өткізілген күндер саны

15


      Лауазымды адам _____________________________ Т.А.Ә.

      (қолы, мөрі)

      Жауапты қызметкер _________________________ Т.А.Ә.

      (қолы)

      Ескертпе:

      * БЖЗҚ қаражаты есебінен берілген кредиттер бойынша субсидиялау туралы есеп ұқсас нысан бойынша жеке ұсынылады.

      **Банктің/Даму банкінің банктік жүйесінен туындайтын субсидиялау шартын сәйкестендірудің бірегей коды.

  "Бизнестің жол картасы 2020"
бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы
шеңберінде сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігін
субсидиялау қағидаларына
7-қосымша

Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне/уәкілетті органға

      ______________ - ________________ аралығындағы кезеңде

      субсидиялау туралы есеп

Банктің/Даму банкінің/ Лизингтік компанияның атауы

ЖКС өтініш берген жер

ЖКС атауы

БҚШ/ҚЛШ (транш) нөмірі

БҚШ/ҚЛШ (транш) күні

Кредит/лизинг (транш) сомасы

1

2

3

4

5

6








Кредит/лизинг (транш) бойынша сыйақы мөлшерлемесі

Субсидиялау шартының нөмірі

Субсидиялау шартының күні

Кезеңде Қаржы агенттігі аударған субсидиялар сомасы

Кезеңде есептен шығарылған субсидиялар сомасы

7

8

9

10

11







      Ескертпе:

      *Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қаражатынан айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді субсидиялау жобалары бойынша, сонымен қатар БЖЗҚ қаражаты есебіне берілетін кредиттер бойынша Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне/уәкілетті органға субсидиялау туралы есеп ұқсас нысан бойынша жеке ұсынылады.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 19 сәуірдегі
№ 234 қаулысымен
бекітілген

"Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидалары (бұдан әрі – Кепілдік беру қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленді және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің (бұдан әрі – кәсіпкерлер) міндеттемелерін орындауын ішінара қамтамасыз ету түрінде кепілдіктер берудің шарттары мен тетігін айқындайды.

      2. Кәсіпкерлердің кредиттері бойынша кепілдік беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады.

      3. Кепілдік беру жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық қолдау құралы болып табылады және кәсіпкерлердің кредит ресурстарына қол жеткізуін кеңейту және қамтамасыз ету үшін қолданылады.

      4. Кепілдік беру үшін көзделген қаражатты Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі қаржы агентіне өзара жасалған "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың негізінде жергілікті бюджетке жіберілген нысаналы трансферт қаражатының есебінен аударады. "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

2. Терминдер мен анықтамалар

      5. Осы Кепілдік беру қағидаларында мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) банк – Даму банкін қоса алғанда, Бағдарламаға қатысатын екінші деңгейдегі банк;

      2) банктік кредит (бұдан әрі – кредит) – мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және нысаналы пайдалану шарттарында банктік қарыз шартының негізінде кәсіпкерге банк беретін ақша сомасы. Кредиттік желі де банктік кредитке жатады.

      Ислам банкі үшін кредит қаржыландыру – кәсіпкерге ислам банкі қаржыландыру шартына сәйкес ұсынатын тауар үшін төлемді кейінге шегеру немесе бөліп төлеу ретінде түсініледі;

      3) кепілдік беру – Бағдарламада, осы Кепілдік беру қағидаларында және кепілдік шартында айқындалатын шарттарда кәсіпкердің кредиті бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде ішінара кепілдік беру түрінде пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау нысаны;

      4) кепілдік – банктік қарыз шарты бойынша негізгі борыштың бір бөлігін төлеу бойынша кепілдік шартынан туындайтын кәсіпкер міндеттемелерін орындау үшін кепілдік сомасының шегінде қаржы агенттігінің банк алдында жауап беру міндеттемесі;

      4-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік – мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасындағы "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған белгілерге сәйкес келетін ынтымақтастық нысаны;

      5) ИИДМБ – Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама;

      6) банктік қарыз шарты – банк пен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша банк кәсіпкерге кредит береді. Кредиттік желі ашу туралы келісім де банктік қарыз шартына жатады.

      Ислам банкі үшін банктік қарыз шарты қаржыландыру шарты – ислам банкі мен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім ретінде түсініледі, оның шарттары бойынша ислам банкі кәсіпкерге – тауарларды сатып алушыға немесе сатушыға коммерциялық кредит береді. Бас қаржыландыру келісімі де қаржыландыру шартына жатады, оның шеңберінде ислам банкі мен кәсіпкер коммерциялық кредит беру (қаржыландыру) туралы жеке шарттар жасасады. Тауар сатудың тауардың бағасы мен тауардың үстеме бағасынан қалыптасатын бағасы бойынша төлемді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу арқылы кәсіпкерге тауар сату жолымен саудадағы делдал ретінде кәсіпкердің сауда қызметін ислам банктерінің қаржыландыруы коммерциялық кредит деп түсініледі;

      7) кепілдік шарты – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша қаржы агенттігі, банк және кәсіпкер арасында жасалған кепілдік беру туралы үшжақты жазбаша келісім;

      8) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға (бұдан әрі – БЖЗҚ);

      9) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі – қалада немесе аудандық деңгейде Бағдарламаны іске асыруға жауапты, облыс әкімі айқындайтын қаланың/ауданның құрылымдық бөлімшесі;

      10) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – кредит бойынша сыйақының банктік қарыз шартын жасасу кезінде сол шартта белгіленген мөлшерлемесі, оны банктік қарыз шартында көзделген жағдайларда банк біржақты тәртіппен не тараптардың келісімі бойынша өзгерте алады.

      Ислам банкі үшін тауардың үстеме бағасы – ислам банкінің коммерциялық кредит беруге байланысты тауар бағасынан түсетін пайыз (пайда) түрінде не тіркелген сома түрінде көрсетілуі мүмкін кірісі номиналды сыйақы мөлшерлемесі деп түсініледі;

      11) жоба – бизнестің әртүрлі бағыттарында кіріс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет ретінде кәсіпкер жүзеге асыратын іс-әрекет пен іс-шаралар жиынтығы. Бір жоба шеңберінде бірнеше банктік кредит алуға болады;

      12) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі – облыс (астана, республикалық маңызы бар қала) деңгейінде Бағдарламаны іске асыруға жауапты, облыс (астана, республикалық маңызы бар қала) әкімі айқындайтын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

      13) Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК) – облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері құратын және басқаратын, жалпы санының кемінде 50 %-ына бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысатын консультативтік-кеңесші орган;

      14) тауар – оларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында Ислам банктерінің сатып алу-сату мәмілелерін жасасуына рұқсат берілген, кейіннен коммерциялық кредит шарттарында кәсіпкерге беру мақсатында ислам банкі тауар сатушыдан сатып алу-сату шарты бойынша сатып алатын жылжымалы немесе жылжымайтын мүлік;

      15) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;

      16) қаржы агенттігі – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3. "Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау" бірінші бағытының шеңберінде кепілдік беру шарттары

      6. Мыналар:

      1) ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда және моноқалаларда салалық шектеулерсіз өздерінің жобаларын және тиімді жобаларды іске асырып жатқан және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер;

      2) барлық өңірлерде өздерінің жобаларын және тиімді жобаларды іске асырып жатқан және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер салалық шектеусіз және кәсіпкердің тіркелген жерін есепке алмай Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде кепілдік беруге қатыса алады.

      Қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жылдан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар жөніндегі деректердің негізінде кірістердің өсуін, жұмыс орындарының ұлғаюын және бюджетке төленетін салықтар көлемінің 10 %-ға өсуін көздейтін жобалар тиімді жобалар деп түсініледі.

      Бұл ретте Бағдарламаның бірінші бағытының шарттарына сәйкес келген жағдайда:

      1) тұрақтандыру немесе дағдарысқа қарсы бағдарламалардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, БЖЗҚ, облыс, астана, республикалық маңызы бар қала әкімдігінің және қаржы агенттігінің қаражаттары есебінен іске асырылатын бағдарламалардың шеңберінде банктер арқылы мемлекеттік қаржылық қолдау алатын кәсіпкерлердің;

      2) кредит алу үшін өтініш берген күннің алдындағы соңғы есепті күнге салық төлеу бойынша берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен бюджетке әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқ кәсіпкерлердің кепілдік алуға қатысуына рұқсат етіледі.

      7. Мыналар:

      1) моторлы көлік құралдарын шығаруды және өзі өсірген жүзімнен шарап жасауды көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығаруды жүзеге асыратын кәсіпкерлер;

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1434 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің жобаларын іске асыратын кәсіпкерлер;

      3) қиыршықтас және құм карьерлерін игеруге бағытталған жобаларды қоспағанда, өз қызметін тау-кен өндіру өнеркәсібінде жүзеге асыратын кәсіпкерлер;

      4) құрылтайшылары ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар болып табылатын кәсіпкерлер, сондай-ақ жеке меншік мекеме нысанында құрылған заңды тұлғалар Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде кепілдік алуға қатысушы бола алмайды.

      8. Бағдарлама шеңберінде мынадай:

      1) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;

      2) Даму банкін қоспағанда, мемлекеттік даму институттары берген;

      3) сыйақы мөлшерлемесі Бағдарлама шеңберінде арзандатылған кредиттерді қоспағанда, сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражатының есебінен арзандатылған;

      4) қонақүйлерді немесе қонақүй кешендерін сатып алуға берілген;

      5) овердрафт түріндегі;

      6) ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға БЖЗҚ қаражаттарының есебінен банктер беретін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттерін қоспағанда, бұрын алынған кредиттерді қайта қаржыландыруға бағытталған;

      7) инвестициялық жобаны іске асыру үшін (өзінің қатысуын ескергенде) сомасы жеткіліксіз кредиттерге Бағдарлама шеңберінде кепілдік берілмейді.

      9. Бағдарлама шеңберінде банктер:

      1) кредит беру шарттарының кәсіпкер бастамасымен өзгеруіне байланысты;

      2) кәсіпкердің кредит бойынша міндеттемелерді бұзу себебі бойынша алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.

      10. Кепілдік беру банктер жаңа тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін беретін жаңа кредиттері бойынша ғана ұсынылады.

      10-1. Кепілдік жобаны кәсіпкер одан әрі өзі пайдаланған жағдайда салалық шектеулерсіз мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде мұндай жобаларды іске асыруға берілетін жаңа кредиттер бойынша да беріледі.

      Ескерту. 3-тарау 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

       11. Қаржы агенттігінің шешімі бойынша кредит(тер) бойынша қамтамасыз ету түрінде ұсынылатын мүлік сақтандырылуы мүмкін.

      12. Қаржы агенттігі кәсіпкерден үлестес және байланыстырылған заңды және жеке тұлғалардың кепілдігін ұсынуын талап етуі мүмкін.

      13. Кепілдік беру номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 19 %-дан аспайтын және Даму банкі үшін сыйақы мөлшерлемесі 13 %-дан аспайтын кредиттер бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

      14. Ішінара кепілдік беру айналым қаражатын толықтыру:

      1) негізгі құралдарды сатып алуға және (немесе) жаңғыртуға және (немесе) айналым қаражатының мөлшері кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын өндірістерді кеңейтуге бағытталған кредит шеңберінде;

      2) БЖЗҚ қаражатты шеңберінде жүзеге асырылған жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін.

      Жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер/ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер/ ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер үшін ішінара кепілдік беру 60 млн. теңгені қоса алғанға дейінгі банктердің айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттері бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

      Сондай-ақ БЖЗҚ қаражаты есебінен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне банктер айналым қаражаттарын толықтыруға және (немесе) ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға берген (беретін) кредиттер кепілдік беруге жатады.

      15. Ісін жаңа бастаған кәсіпкер/ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер үшін:

      1) кепілдік беру жүзеге асырылатын, жоба шеңберіндегі банк кредитінің (-терінің), соның ішінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне айналым қаражатын толықтыруға және БЖЗҚ қаражаты есебінен ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға беретін кредиттердің сомасы 20 млн. теңгеден аспайды. Бұл ретте, кредиттің(-тердің) сомасы ісін жаңа бастаған кәсіпкердің/ісін жаңа бастаған жас кәсіпкердің біреуі үшін онымен үлестес тұлғалардың кредиті(-тері) бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі;

      2) кепілдік мөлшері кредит сомасының 85 %-ынан аспайды, бұл ретте ісін жаңа бастаған кәсіпкер/ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер құны кредит сомасының кемінде 15 %-ы мөлшеріндегі кредит (кепіл) бойынша қамтамасыз етуді ұсынады. Қамтамасыз ету мөлшерінің жеткілікті болуын есептегенде, талап ету құқығының кепілі мен шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің кепілі ескерілмейді;

      3) кепілдік беру мерзімі – 5 (бес) жылға дейін. 100%-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 20 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша кепілдік беру мерзімі 3 (үш) жылға дейін;

      4) ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің/ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлердің "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасында немесе қаржы агенттігінің өзге де бағдарламаларында көзделген Бағдарламаның оқыту жобалары шеңберінде оқудан өтуі ұсынылады.

      16. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің мөлшері 20 млн. теңгеден асатын кредиттеріне кепілдік беру Кепілдік беру қағидаларының осы бөлімінің 17-тармағында баяндалған шарттарда жүзеге асырылады.

      17. Кәсіпкер үшін:

      1) кепілдік беру жүзеге асырылатын жоба шеңберіндегі банк кредитінің (-терінің), соның ішінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне айналым қаражатын толықтыруға және БЖЗҚ қаражаты есебінен ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға берілетін кредиттердің сомасы 180 млн. теңгеден аспайды. Бұл ретте, кредиттің(-тердің) сомасы кәсіпкердің біреуі үшін онымен үлестес тұлғалардың кредиті(-тері) бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі;

      2) кепілдік мөлшері кредит сомасының 50 %-ынан аспайды, бұл ретте кәсіпкер құны кредит сомасының кемінде 50 %-ы мөлшеріндегі кредит (кепіл) бойынша қамтамасыз етуді ұсынады. Қамтамасыз ету мөлшерінің жеткілікті болуын есептегенде, талап ету құқығының кепілі мен шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің кепілі ескерілмейді;

      3) кепілдік беру мерзімі – 5 (бес) жылға дейін. 100 %-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 60 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша кепілдік беру мерзімі – 3 (үш) жылға дейін. Егер кредит сомасы 60 млн. теңгеден аз немесе соған тең болса, 100 %-ын қоса алғанға дейінгі мөлшерде айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер бойынша (кредиттерге немесе лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерге ақы төлеу бойынша есептерді жүргізуді және өтініш берушінің негізгі қызметті жүзеге асыруына байланысты емес өзге де мақсаттарды қоспағанда) кепілдік беру жүзеге асырылуы мүмкін.

      18. Кепілдік шарты жасалатын кредит дербес банктік қарыз шарты түрінде ресімделуі тиіс.

      19. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі қаржы агенттігіне төлейтін кепілдік құны кепілдік сомасының 20 %-ын құрайды. Кепілдік шартының қолданылуы тоқтатылған кезде бұл сома жобаларға кейіннен кепілдік беру үшін пайдаланылуға тиіс.

      Босатылған қаражат есебінен кепілдік беру көлемі кепілдік беру шартының қолданылуын тоқтату есебінен қалыптастырылған босатылған қаражат көлемінің 5-ке тең (100%/20%) мультипликаторға көбейтіндісіне тең.

      Қаржы агенттігі өзінің қалауы бойынша алынған қаражаты әртүрлі қаржы құралдарына орналастыруға құқылы.

      Қаржы агенттігі уәкілетті органға жыл сайын уәкілетті органмен келісілген нысанға сәйкес босатылған қаражатты пайдалану жөніндегі есепті ұсынады.

      20. Қаржы агенттігі төлеген банк талаптарының көлемі қаржы агенттігінің кепілдігі бойынша қалыптастырылған кредиттік портфель көлемінің (берешек қалдығының) 10 %-ынан жоғары шектен асқан кезде мұндай банктің кредиттері бойынша одан әрі кепілдік беру тоқтатыла тұрады.

      21. Қаржы агенттігі іске асырылатын Бағдарламаны жарнамалау науқанын өткізуге және өзінің ресми веб-сайтында Бағдарламаның іске асырылуы туралы ақпарат орналастыруға құқылы.

      22. Мынадай:

      1) жоба экономикалық тұрғыдан орынсыз және тиімсіз болған;

      2) жоба Бағдарлама шарттарына сәйкес келмеген;

      3) Бағдарламаға әлеуетті қатысушының және онымен үлестес заңды және жеке тұлғалардың кредиттік тарихы теріс болған жағдайларда, қаржы агенттігі кепілдік беруден бас тартуға құқылы.

4. "Экономиканың басым секторларындағы және өңдеуші өнеркәсіп салаларындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді салалық қолдау" екінші бағытының шеңберінде кепілдік беру шарттары

      23. Мыналар:

      1) Бағдарламаға 1-қосымшада көрсетілген экономиканың басым секторларында;

      2) Бағдарламаға 2-қосымшада көрсетілген ИИДМБ-де айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында жобаларды іске асырып жатқан және/немесе іске асыруды жоспарлайын тиімді кәсіпкерлер Бағдарламаның екінші бағытының шеңберінде кепілдік алуға қатыса алады.

      Мына:

      кәсіпкердің 180 млн. теңгеден асатын кредиттері бойынша Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалаларында – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі)/180 млн. теңгеге дейінгі кредиттері бойынша қаржы агенттігіне өтініш бергенге дейінгі өткен 3 (үш) жылда кірістерінің өсуіне және бюджетке төленетін салықтар көлемінің 20 %-ға өсуіне қол жеткізген орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектілерінің;

      180 млн. теңгеден асатын кредиттер бойынша ӨҮК-нің шешімін/180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша қаржы агенттігінің шешімін алған күннен бастап 2 (екі) қаржылық жылдан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде кірістің өсуін, жұмыс орындарының орташа жылдық санының ұлғаюын және бюджетке төленетін салықтар көлемінің 10 %-ға өсуін көздейтін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары түсініледі.

      Бұл ретте Бағдарламаның бірінші бағытының шарттарына сәйкес келген жағдайда:

      1) тұрақтандыру немесе дағдарысқа қарсы бағдарламалардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, БЖЗҚ, облыстар, астана, республикалық маңызы бар қала әкімдігінің және қаржы агенттігінің қаражаты есебінен іске асырылатын бағдарламалардың шеңберінде банктер арқылы мемлекеттік қаржылық қолдау алатын кәсіпкерлердің;

      2) кредит алу үшін өтініш берген күннің алдындағы соңғы есепті күнге салық төлеу бойынша берешегі, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен бюджетке әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқ кәсіпкерлердің кепілдік алуға қатысуына рұқсат етіледі.

      24. Мыналар:

      1) моторлы көлік құралдарын шығаруды және өзі өсірген жүзімнен шарап жасауды көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығаруды жүзеге асыратын кәсіпкерлер;

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1434 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің жобаларын іске асыратын кәсіпкерлер;

      3) қиыршықтас және құм карьерлерін игеруге бағытталған жобаларды қоспағанда, өз қызметін тау-кен өндіру өнеркәсібінде жүзеге асыратын кәсіпкерлер;

      4) құрылтайшылары ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны қоспағанда) тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар болып табылатын кәсіпкерлер, сондай-ақ жеке меншік мекеме санында құрылған заңды тұлғалар Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде кепілдік алуға қатысушы бола алмайды.

      25. Бағдарлама шеңберінде мынадай:

      1) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;

      2) Даму банкін қоспағанда, мемлекеттік даму институттары берген;

      3) сыйақы мөлшерлемесі Бағдарлама шеңберінде арзандатылған кредиттерді қоспағанда, сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражатының есебінен арзандатылған;

      4) қонақүйлерді немесе қонақүй кешендерін сатып алуға берілген;

      5) овердрафт түріндегі;

      6) ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға БЖЗҚ қаражаттарының есебінен банктер беретін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттерін қоспағанда, бұрын алынған кредиттерді қайта қаржыландыруға бағытталған;

      7) инвестициялық жобаны іске асыру үшін (өзінің қатысуын ескергенде) сомасы жеткіліксіз кредиттерге Бағдарлама шеңберінде кепілдік берілмейді.

      26. Ауылдарда, шағын қалалар мен моноқалаларда Бағдарламаның екінші бағытының шарттарына сәйкес келетін жобаларды іске асыратын кәсіпкерлер Бағдарламаның екінші бағытының шеңберінде мемлекеттік қолдау алуға құқылы.

      27. Бағдарлама шеңберінде банктер:

      1) кредит беру шарттарының кәсіпкер бастамасымен өзгеруіне байланысты;

      2) кәсіпкердің кредит бойынша міндеттемелерді бұзу себебі бойынша алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.

      28. Кепілдік беру банктер жаңа тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін беретін жаңа кредиттері бойынша ғана ұсынылады.

      28-1. Кепілдік жобалар Бағдарламаға 1-қосымшада көрсетілген экономиканың басым секторларына немесе Бағдарламаға 2-қосымшада көрсетілген ИИДМБ-де айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларына сәйкес болған жағдайда, сондай-ақ мұндай жобаны кәсіпкер одан әрі өзі пайдаланған жағдайда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде мұндай жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер бойынша да беріледі.

      Ескерту. 4-тарау 28-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

       29. Қаржы агенттігінің шешімі бойынша кредит(тер) бойынша қамтамасыз ету түрінде ұсынылатын мүлік сақтандырылуы мүмкін.

      30. Қаржы агенттігі кәсіпкерден үлестес және байланыстырылған заңды және жеке тұлғалардың кепілдігін ұсынуын талап етуі мүмкін.

      31. Кепілдік беру номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 19 %-дан аспайтын және Даму банкі үшін сыйақы мөлшерлемесі жылдық 13 %-дан аспайтын кредиттер бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

      32. Ішінара кепілдік беру айналым қаражатын толықтыру:

      1) негізгі құралдарды сатып алуға және (немесе) жаңғыртуға және (немесе) айналым қаражатының мөлшері кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын өндірістерді кеңейтуге бағытталған кредит шеңберінде;

      2) БЖЗҚ қаражатты шеңберінде жүзеге асырылған жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін.

      Жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер/ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер/ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер үшін ішінара кепілдік беру бағытталған, 60 млн. теңгені қоса алғанға дейінгі банктердің айналым қаражатын толықтыруға кредиттері бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

      Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің айналым қаражатын және (немесе) Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында, ИИДМБ-де анықталған өңдеуші өнеркәсіп саласында және салалық шектеусіз жүзеге асырылатын жобалар бойынша ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыру үшін БЖЗҚ қаражаты есебінен банктер берген (беретін) кредиттерге кепілдік береді.

      33. Ісін жаңа бастаған кәсіпкер үшін:

      1) кепілдік беру жүзеге асырылатын, жоба шеңберіндегі банк кредитінің (-терінің), соның ішінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне айналым қаражатын толықтыруға және БЖЗҚ қаражаты есебінен ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға беретін кредиттердің сомасы 20 млн. теңгеден аспайды. Бұл ретте, кредиттің(-тердің) сомасы ісін жаңа бастаған кәсіпкер үшін онымен үлестес тұлғалардың кредиті (-тері) бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі;

      2) кепілдік мөлшері кредит сомасының 85 %-ынан аспайды, бұл ретте ісін жаңа бастаған кәсіпкер құны кредит сомасының кемінде 15 %-ы мөлшеріндегі кредит (кепіл) бойынша қамтамасыз етуді ұсынады. Қамтамасыз ету мөлшерінің жеткілікті болуын есептегенде, талап ету құқығының кепілі мен шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің кепілі ескерілмейді;

      3) кепілдік беру мерзімі – 5 (бес) жылға дейін. 100 %-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 20 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша кепілдік беру мерзімі – 3 (үш) жылға дейін.

      34. Кәсіпкер үшін:

      1) экономиканың басым салаларындағы жобалар бойынша кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттің(-тердің), соның ішінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне БЖЗҚ қаражаты есебінен ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға банктер беретін кредиттер, сомасы 360 млн. теңгені қоса алғандағыдан аспайды. Бұл ретте, кредиттің(-тердің) сомасы бір кәсіпкер үшін онымен үлестес тұлғалардың кредиті(-тері) бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі;

      2) кепілдік мөлшері кредит сомасының 50 %-ынан аспайды, бұл ретте кәсіпкер құны кредит сомасының кемінде 50 %-ы мөлшерінде кредит (кепіл) бойынша қамтамасыз етуді ұсынады.

      Қамтамасыз ету мөлшерінің жеткілікті болуын есептегенде, талап ету құқығының кепілі мен шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің кепілі ескерілмейді;

      3) кепілдік беру мерзімі – 5 (бес) жылға дейін. 100 %-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 60 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша кепілдік беру мерзімі 3 (үш) жылға дейін.

      35. ИИДМБ-де айқындалған өңдеуші өнеркәсіп салаларында іске асырылатын жобаға кредит(тер), соның ішінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне БЖЗҚ қаражаттарының есебінен ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға банктермен берілетін кредиттері де, сомасы бір кәсіпкер үшін 1850 млн. теңгені қоса алғандағыдан аспайды. Бұл ретте, кредиттің (-тердің) сомасы бір кәсіпкер үшін онымен үлестес тұлғалардың кредиті(-тері) бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі.

      36. Егер ИИДМБ-де айқындалған өңдеуші өнеркәсіп салаларында іске асырылатын жобаға кредит(тер) мөлшері 360 млн. теңгені қоса алғанға дейінгі соманы құраған жағдайда, кепілдік мөлшері кредит сомасының 50 %-ынан аспайды, бұл ретте кәсіпкер құны кредит сомасының кемінде 50 %-ы мөлшерінде кредит (кепіл) бойынша қамтамасыз етуді ұсынады.

      Қамтамасыз ету мөлшерінің жеткілікті болуын есептегенде, талап ету құқығының кепілі мен шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің кепілі ескерілмейді.

      37. Кепілдік беру мерзімі – 5 (бес) жылға дейін. 100 %-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған 60 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша кепілдік беру мерзімі – 3 (үш) жылға дейін.

      38. Егер ИИДМБ-де айқындалған өңдеуші өнеркәсіп салаларында іске асырылатын жобаға кредит(тер) мөлшері 360 млн. теңгеден жоғары соманы құраған жағдайда, кепілдік мөлшері кредит сомасының 20 %-ынан аспайды. Ұсынылатын кепілдік мерзімі – 5 (бес) жылға дейін.

      39. Сомасы 180 млн. теңгені қоса алғандағыдан жоғары кредит(тер) бойынша кәсіпкер жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-ы деңгейінде жобаны іске асыруға өзінің құралдарының (ақшасының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің) қатысуын қамтамасыз етуге тиіс.

      40. Кепілдік шарты жасалатын кредит дербес банктік қарыз шарты түрінде ресімделуі тиіс.

      41. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі қаржы агенттігіне төлейтін кепілдік құны кепілдік сомасының 20 %-ын құрайды. Кепілдік шартының қолданылуы тоқтатылған кезде бұл сома жобаларға кейіннен кепілдік беру үшін пайдаланылуға тиіс.

      Босатылған қаражат есебінен кепілдік беру көлемі кепілдік беру шартының қолданылуын тоқтату есебінен қалыптастырылған босатылған қаражат көлемінің 5-ке тең (100%/20%) мультипликаторға көбейтіндісіне тең.

      Қаржы агенттігі өзінің қалауы бойынша алынған қаражаты әртүрлі қаржы құралдарына орналастыруға құқылы.

      Қаржы агенттігі жыл сайын уәкілетті органмен келісілген нысанға сәйкес босатылған қаражаты пайдалану жөніндегі есепті уәкілетті органға ұсынады.

      42. Қаржы агенттігі төлеген банк талаптарының көлемі қаржы агенттігінің кепілдігі бойынша қалыптастырылған кредиттік портфель көлемінің (берешек қалдығының) 10 %-ынан жоғары шектен асқан кезде, мұндай банктің кредиттері бойынша одан әрі кепілдік беру тоқтатыла тұрады.

      43. Қаржы агенттігі іске асырылатын Бағдарламаны жарнамалау науқанын өткізуге және өзінің ресми веб-сайтында Бағдарламаның іске асырылуы туралы ақпарат орналастыруға құқылы.

      44. Мынадай:

      1) жоба экономикалық тұрғыдан орынсыз және тиімсіз болған;

      2) жоба Бағдарлама шарттарына сәйкес келмеген;

      3) Бағдарламаға әлеуетті қатысушының және онымен үлестес заңды және жеке тұлғалардың кредиттік тарихы теріс болған жағдайларда, қаржы агенттігі кепілдік беруден бас тартуға құқылы.

5. Кепілдік беру үшін Бағдарламаға қатысушылардың өзара
іс-қимыл жасау тәртібі

      45. Кәсіпкер/ісін жаңа бастаған кәсіпкер/ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер (бұдан әрі – кәсіпкер) банкке кредит алуға өтінішпен жүгінеді.

      46. Банктің ішкі құжаттарында белгіленген рәсімге сәйкес банк кәсіпкердің өтінішін дербес қарайды, жобаға кешенді сараптама жүргізеді, кәсіпкер ұсынған құжаттарды, кәсіпкердің қаржылық жағдайын талдайды, кәсіпкер ұсынған кепіл мүлкін бағалау туралы қорытындының негізінде кәсіпкердің қамтамасыз етуінің кепілдік құнына бағалау жүргізеді және қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда, жобаны қаржы агенттігінің ішінара кепілдігі бойынша кредит беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін банктің ішкі кредит саясатын іске асыратын уәкілетті органның қарауына шығарады.

      47. Оң шешім қабылданған жағдайда, банктің ішкі кредит саясатын іске асыратын уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде банк қаржы агенттігіне:

      кепілдік сомасының есебімен бірге кредит беру мүмкіндігі туралы оң шешім бар хатты;

      осы Кепілдік беру қағидаларына 13-қосымшаларға сәйкес кепілдік беру туралы мәселені қарау үшін қажетті құжаттарды береді.

      48. Қаржы агенттігі банктен құжаттарды алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде 180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер бойынша және 10 (он) жұмыс күні ішінде 180 млн. теңгеден асатын кредиттер бойынша алынған құжаттарды қарайды және жобаны кепілдік беру/бермеу туралы шешім қабылдау үшін қаржы агентінің уәкілетті органының қарауына шығарады. Қаржы агентінің кепілдігі бойынша алынған кредиттер бойынша кәсіпкердің және онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың жиынтық берешегі 180 млн. теңгеден асқан жағдайда, кейінгі жобаларды қарау 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      49. Ұсынылған құжаттарға ескертулер болған және/немесе қосымша ақпарат беру қажет болған жағдайда, анықталған ескертулерді және/немесе ақпарат беру туралы сұратуды қаржы агенттігі 5 (бес) жұмыс күні ішінде жою және/немесе ақпарат ұсыну үшін банкке жолдайды. Бұл ретте, қаржы агенттігі үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды қарау мерзімі қайтадан басталады.

      50. Қаржы агенттігі кепілдік беру (бермеу) туралы оң/теріс шешім қабылдаған жағдайда, қаржы агенттігі 2 (екі) жұмыс күні ішінде банкке қаржы агенттігінің кепілдік беру (бермеу) мүмкіндігі туралы шешімі бар хат жібереді.

      Кәсіпкердің жобасы бойынша теріс шешім қабылданған жағдайда, мұндай шешім туралы хатта теріс шешімнің себебі көрсетілуге тиіс.

      51. 180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша:

      1) қаржы агенттігінің кепілдік беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатты алғаннан кейін банк пен кәсіпкер банктік қарыз шартын, кепіл(дер) шарт(тар)ын жасасады. Банктік қарыз шартының көшірмесі қаржы агенттігіне жіберіледі.

      Қаржы агенттігінің кепілдік беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатында қаржы агенттігі шешім қабылдаған күнінен бастап 2 (екі) жылдан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар жөніндегі деректердің негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санының арту, кірістің өсу және бюджетке төленетін салықтардың көлемінің 10 % өсу мәндері көрсетіледі.

      Қаржы агенттігінің оң шешімі бар хатын алғаннан кейін банктің қалауы бойынша кредит сомасының 50 %-ына дейінгі мөлшерде ішінара беруге жол беріледі;

      2) банктен банктік қарыз шартының көшірмесін алғаннан кейін қаржы агенттігі кепіл шартын ресімдейді және оған қол қойып, банкке жібереді. Кәсіпкер қаржы агенттігінің ағымдағы шотына кепілдік бергені үшін комиссияны аударуды жүзеге асырады;

      3) банк кепіл шартына қол қояды, оған кәсіпкердің қол қоюын қамтамасыз етеді және қол қойылған кепілдік шартын қаржы агенттігіне жібереді;

      4) қаржы агенттігінен қол қойылған кепілдік шартын алғаннан кейін банк кәсіпкерге кредит беруді жүзеге асырады.

      52. 180 млн. теңгеден жоғары кредиттер бойынша:

      1) қаржы агенттігінің кепілдік беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатты алғаннан кейін банк кәсіпкерге кепілдіктің қажетті сомасының есебі көрсетілген кредит шарттары туралы тиісті хат жібереді;

      2) банктен хат алғаннан кейін кәсіпкер Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалаларында – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне) өтінішпен жүгінеді, оған мынадай құжаттарды қоса береді:

      кәсіпкер – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік/анықтама/дара кәсіпкер ретінде тіркелгенін растайтын құжат (кәсіпкердің (кәсіпкер-заңды тұлғаның уәкілетті адамының) мөрімен (бар болса) және қолымен расталған көшірмесі);

      кәсіпкер қаржы агенттігіне жүгінген күнге дейін берілгеніне күнтізбелік 30 (отыз) күн толмаған бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқ/бар екені туралы салық комитетінен анықтама;

      салық декларациясының көшірмесі және/немесе интернет-ресурстарда орналастырылған, қаржылық жағдай туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін ақпарат қоса беріледі, өзінің бірінші басшысы (заңды тұлғалар үшін) растаған дебиторлық және кредиторлық берешек (оның ішінде берешектің сомасы, пайда болған күні және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің атауы) толық жазылған кәсіпкердің соңғы үш қаржы жылындағы қаржылық есептерінің көшірмесі (кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғанына үш жыл толмаған жағдайда, ақпарат кәсіпкерлік қызметтің іс жүзінде іске асырылған кезеңі үшін беріледі);

      банктің кепілдік сомасының есебімен бірге кәсіпкерге кредит беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хаты;

      қаржы агенттігінің кәсіпкерге кепілдік беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатының көшірмесі (банктің мөрімен расталған);

      180 млн. теңгеден жоғары кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-ы деңгейінде жобаны іске асыруға өзінің құралдарының (ақша қаражатының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің), оның ішінде қамтамасыз етуге ұсынылған үшінші тұлғалардың мүлкімен қатысуын қамтамасыз ету мерзімдерін қамтитын кәсіпкердің жобаны іске асыруының бизнес-жоспары; сондай-ақ шағын кәсіпкерліктің субъектілері – кәсіпкерлердің жобалары бойынша Бағдарламаның екінші бағытының аясында – кірістің өсуіне, жұмыс орындарының орташа жылдық санын арттыруға және ӨҮК шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін бюджетке төленетін салықтар көлемінің 10 % өсуіне қол жеткізу бойынша кезеңдер;

      кірістердің өсуі және бюджетке төленетін салықтар көлемінің 20 %-ға өсуі туралы (Бағдарламаның екінші бағытының шеңберінде қатысуға өтініш берген жағдайда) талдау жасауға мүмкіндік беретін салық декларациясының көшірмесімен қоса кәсіпкердің – орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектісінің соңғы үш қаржы жылындағы қаржылық есептерінің көшірмесі;

      3) Бағдарламаның жергілікті/өңірлік үйлестірушісі кәсіпкерден барлық құжаттар мен ақпаратты және өтініштерді алғаннан кейін өтінішпен қоса берілетін міндетті құжаттардың толықтығын тексереді. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі бір күндік мерзімде кәсіпкерге ұсынылған құжаттарды қарамай қайтарады;

      4) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі/Астана және Алматы қалаларының кәсіпкерлері барлық құжаттар мен ақпаратты алған/қалыптастырған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жобаны Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне жібереді, ол мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:

      Кәсіпкердің жобасын Бағдарлама шарттарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді;

      ұсыныстарды, күн тәртібін қалыптастырады, ӨҮК отырысының күнін, уақытын және өткізілетін орнын айқындайды, бұл туралы барлық ӨҮК мүшелерін хабардар етеді;

      барлық құжаттар мен ақпаратты алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттардың толық топтамасын қоса бере отырып, кәсіпкерлер жобаларының тізімін ӨҮК қарауына шығарады;

      5) осы Кепілдік беру қағидаларының және/немесе Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалалары бойынша – кәсіпкерге) ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды пысықтау үшін қайтарады;

      6) ӨҮК отырысы жобалардың қалыптасуына қарай, бірақ айына 2 (екі) реттен сиретпей өткізіледі;

      7) ӨҮК 5 (бес) жұмыс күні ішінде жобалардың Бағдарлама өлшемшарттарына сәйкестігін қарайды және кепілдік беру мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды;

      8) ӨҮК мүшелерінің саны 12 адамнан аспауға тиіс, олардың кемінде 50 %-ын кәсіпкерлер қоғамдастығы құрауы тиіс;

      9) ӨҮК отырысы ӨҮК мүшелері санының кемінде үштен екісі (кворум) қатысқан жағдайда өткізіледі. Шешімдер қатысушылардың жалпы санының кемінде үштен екісінің (кворум) даусымен қабылданады;

      10) ӨҮК өткізілетін отырыс шеңберінде мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:

      кәсіпкердің және олардың жобаларының Бағдарламаның өлшемшарттары мен жергілікті даму бағдарламаларына сәйкестігін тексереді;

      кәсіпкердің экономиканың өңір үшін басым секторларында іске асырылатын жобаларын, сондай-ақ кәсіпкердің өтінішінде көрсетілген ақпаратты қарайды, әрбір кәсіпкер бойынша өтінішпен бірге берілген құжаттар топтамасын зерделейді;

      ӨҮК мүшелері арасында кәсіпкердің жобасын және ұсынылған құжаттарды талқылауды жүргізеді;

      Кәсіпкерлердің жобаларын қарау нәтижелері бойынша кәсіпкердің кредиті бойынша кепілдік беру мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол хаттамамен ресімделеді, бұл ретте хаттамада жекелеген кәсіпкерлерді және олардың жобаларын Бағдарламаға қатыстырудан бас тарту себебі міндетті түрде көрсетілуге тиіс;

      180 млн. теңгеден жоғары кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ӨҮК оң шешім қабылдаған жағдайда, ӨҮК хаттамасында жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-ы деңгейінде жобаны іске асыруға өзінің құралдарының (ақша қаражатының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің), оның ішінде қамтамасыз етуге ұсынылған үшінші тұлғалардың мүлкімен қатысуын қамтамасыз ету мерзімдері, сондай-ақ шағын кәсіпкерлік субъектілерінің міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар жөніндегі деректердің негізінде тұрақты жұмыс орындарын арттыру және салықтық түсімдерді 10 %-ға ұлғайту жөніндегі міндеттемелер көрсетіледі;

      11) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК отырысынан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде:

      осы Кепілдік беру қағидаларына 7-қосымшаға сәйкес ӨҮК хаттамасының көшірмесін/хаттамасынан үзіндіні Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне жібереді;

      Астана және Алматы қалаларының кәсіпкерлеріне жобаны ӨҮК-те қарау нәтижелері туралы жазбаша хабарлама жібереді;

      12) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен кәсіпкердің кредитіне ішінара кепілдік беруге келісу туралы ӨҮК хаттамасының көшірмесін/хаттамасынан үзіндіні алғаннан кейін қаржы агенттігі банкке осы Кепілдік беру қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес алдын ала кепілдік хатын жібереді;

      13) ӨҮК-мен келісілмеген жобалардан бас тартылады;

      14) алдын ала кепілдік хатын алғаннан кейін банк және кәсіпкер банктік қарыз шартын жасасады. Банктік қарыз шартының көшірмесі қаржы агенттігіне жіберіледі;

      15) алдын ала кепілдік хатын алғаннан кейін банктің қалауы бойынша кредит сомасының 50 %-на дейін ішінара кредит беруге жол беріледі;

      16) ӨҮК хаттамасының көшірмесін/хаттамасынан үзіндіні алғаннан кейін қаржы агенттігінің уәкілетті органының шешімі негізінде қаржы агенттігі кепілдік шартын ресімдейді және оған қол қойып, банкке жібереді. Кәсіпкер қаржы агенттігінің ағымдағы шотына кепілдік бергені үшін комиссияны аударуды жүзеге асырады;

      17) Банк кепілдік шартына қол қояды, оған кәсіпкердің қол қоюын қамтамасыз етеді және қол қойылған кепілдік шартын қаржы агенттігіне жібереді;

      18) қаржы агенттігінен қол қойылған кепілдік шартын алғаннан кейін банк кәсіпкерге кредит беруді жүзеге асырады.

      53. Шығарылған кепілдіктерге ақы төлеу мақсатында Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі кезекті жылдың басында қаржы агентіне кредиттерді кепілдендіруге бөлінген нысаналы трансферттер сомасының 50 %-ын аударады.

      54. Нысаналы трансферттердің қалған бөлігі жылдың басында қаржы агенттігіне аударылған қаражаттың бірінші жартысы толық игерілгеннен кейін кепілдік шарттарының жасалуына қарай қаржы агенттігіне былайша аударылады:

      1) Кепілдік шартын жасасқаннан кейін қаржы агенттігі Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне тиісті хабарлама жібереді;

      2) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі қаржы агенттігінен кепілдік шартын жасасу туралы хатты алғаннан кейін қаржы агенттігінің ағымдағы шотына кепілдік сомасының 20 %-ы мөлшерінде қаражатты аударуды жүзеге асырады.

      55. ӨҮК жобаларды тиісті қаржы жылында кепілдік беру үшін бюджет қаражаты болған жағдайда ғана қарайды.

      180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша жобаларға кепілдік беру үшін бюджет қаражатының жетіспеуі орын алған жағдайда, қосымша қаражат алғанға дейін жобаларға кепілдік беруді тоқтата тұру үшін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі бұл туралы қаржы агенттігін хабардар етеді.

6. 180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер бойынша кәсіпкердің "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық өтінім беруінің тәртібі

      56. Кәсіпкердің "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүгінген кезде қаржы агенттігіне электрондық нысандағы мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) кәсіпкердің ЭЦҚ-мен куәландырған электрондық сұрау нысанындағы өтініш;

      2) кредиттік бюроға ақпарат беруге және кредиттік есеп алуға келісім;

      3) өзінің дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісім;

      4) кепілдік сомасының есебімен кредит беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар банк хатының электронды көшірмесі (сканерленген көшірмесі).

      Егер кәсіпкер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға болып табылған жағдайда – кәсіпкердің кепілдік тарту туралы шешім қабылдаған уәкілетті органының шешімі қатысушыға немесе басшыға жазылған заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен келісу пішінінде расталады.

      Жеке кәсіпкерлік субъектісі жөніндегі, оның ішінде заңды тұлғаны/дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, қызмет түріне арналған лицензия (егер қызмет түрі лицензияланатын болса) жөніндегі мәліметтерді және бюджетке міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқ/бар екені туралы мәліметтерді қаржы агенттігі "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      "Электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден деректер алу техникалық жағынан мүмкін болмаған немесе деректер дұрыс болмаған жағдайда, қаржы агенттігі құжаттарды кәсіпкерден сұратады.

      57. Банк кәсіпкерден электрондық өтінім алынған кезден бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 47-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы қаржы агенттігіне ұсынбаған жағдайда, қаржы агенттігі кәсіпкерге кепілдік беру туралы мәселені қараудан бас тартады.

      58. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі кәсіпкердің "жеке кабинетіне" қаржы агенттігінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      59. Кепілдік беру үшін Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі осы Қағидалардың 5-тарауында айқындалған тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

7. Бағдарламаның мониторингі

      60. Бағдарламаны іске асыру мониторингін қаржы агенттігі жүзеге асырады, оның функцияларына мыналар жатады:

      1) банк және/немесе кәсіпкер ұсынған деректер мен құжаттар негізінде кепілдік шартын жасасқан кәсіпкердің кредитті мақсатты пайдалануының мониторингі;

      2) банк ұсынған деректер немесе өзге де шынайы ақпарат көздері негізінде кәсіпкердің төлем тәртібінің мониторингі;

      3) Бағдарламаның бірінші бағытының аясында кәсіпкерінің және Бағдарламаның екінші бағытының аясында шағын кәсіпкерлік субъектілерінің кірістің өсуіне қол жеткізу, жұмыс орындарының орташа жылдық санын арттыру және бюджетке төленетін салықтардың көлемін 10 % өсуіне қол жеткізу бойынша міндеттемелерді орындалуының мониторингі.

      61. Мониторинг функцияларын жүзеге асыру үшін қаржы агенттігі кәсіпкер мен банктен мониторинг нысанасына жататын барлық қажетті құжаттар мен ақпаратты, оның ішінде, салықты құпияны құрайтын ақпаратты сұратуға құқылы, ал кәсіпкер мен банк беруге міндетті, жоба іске асырылып жатқан жерге барып оның іске асырылуына мониторингті жүзеге асыруға құқылы.

      62. Кредиттің мақсатсыз пайдаланылғаны, Бағдарлама және/немесе кепілдік шарты талаптарының бұзылғаны, қаржы агенттігінің кепілдік беру туралы шешімінде белгіленген кепілдік беру шарттарының орындалмағаны анықталған жағдайда, қаржы агенттігі кепілдікті жоюға құқылы.

      Егер кәсіпкермен 180 млн. теңгеден жоғары кредиттер бойынша ӨҮК шешімі/180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша қаржы агенттігінің шешімі қабылданған күннен бастап 2 (екі) жылдан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар жөніндегі деректердің негізінде кірістердің, жұмыс орындарының артуы және бюджетке төленетін салықтар көлемінің 10 %-ға ұлғаю көрсеткіштеріне қол жеткізілмеген жағдайда, кепілдік беру шарты жойылмайды. Мұндай кепілдік шарттары бойынша олар бойынша міндеттемелер орындалған жағдайда, қаржы агенттігінің жеке қаражаттары пайдаланылады.

      Бұл ретте қаржы агенттігі жобаларды кейінгі кепілдендіру үшін, осы кепілдік құны түрінде Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне бұрын төленген қаражат көлемін пайдалануы тиіс.

      63. Банк кәсіпкер жобасының мониторингін жүзеге асырады, ол мынаны қамтиды:

      1) ай сайын – кәсіпкер жобасының (жобаларының) іске асырылу барысының ағымдағы мониторингі;

      2) жылына бір рет – банктің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен кәсіпкер жобасының (жобаларының) іске асырылу барысының кеңейтілген, бірақ (бизнес-жоспарға сәйкес) жобаның іске асырылу барысы туралы ақпаратты міндетті түрде қамтитын мониторингі.

      64. Осы Кепілдік беру қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес кәсіпкер жобасының (жобаларының) іске асырылу барысының ағымдағы мониторингі туралы есепті банк қаржы агенттігіне есепті айдан кейінгі айдың 5 (бесі) күнінен кешіктірмей, жазбаша түрде береді және қосымша қаржы агенттігі айқындаған жауапты орындаушының электронды мекенжайына жібереді.

      65. Кәсіпкер жобасының (жобаларының) іске асырылу барысының кеңейтілген мониторингі туралы есепті банк қаржы агенттігіне есепті айдан кейінгі айдың 30 (отызы) күнінен кешіктірмей, жазбаша түрде береді және қосымша қаржы агенттігі айқындаған жауапты орындаушының электронды мекенжайына жібереді.

      66. Қаржы агенттігі ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25 (жиырма бесі) күнінен кешіктірмей уәкілетті органға осы Кепілдік беру қағидаларына 6-қосымшаға сәйкес кепілдік беру туралы есеп береді.

      67. Банк қызметін жүзеге асыруға салынған шектеулер немесе тыйымдар туралы, сондай-ақ банк акцияларының 10 %-дан астамына қатысты меншік құқығының бір мәрте сатылғаны немесе өзгеше бір мәрте ауысқаны және/немесе иелік ету және пайдалану құқығының ауысқаны туралы банк 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша түрде хабарлайды.

  "Бизнестің жол картасы 2020"
бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы
шеңберінде жеке кәсіпкерлік
субъектілерінің
кредиттері бойынша кепілдік
беру қағидаларына
1-қосымша

(ЖКС атауы) жобасы бойынша қажетті кепілдік сомасының есебі

Р/с №

Жобаның атауы

Кредит сомасы, мың теңге

Кредит мерзімі, ай

Кепілді қамтамасыз ету

Бағалау құны, мың теңге

Кепіл құны, мың теңге

Қажетті кепілдік сомасы, мың теңге

Кредит сомасына кепілдік сомасы, (%)


2

3

4

5

6

7

8

9











      Лауазымды адам______________________________________Т.А.Ә.

      (қолы, мөр)

      Жауапты қызметкер _____________________________ Т.А.Ә.

      (қолы)

  "Бизнестің жол картасы 2020"
бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы
шеңберінде жеке кәсіпкерлік
субъектілерінің
кредиттері бойынша кепілдік
беру қағидаларына
2-қосымша

      Кімге _________________________________________ әкімдігі

      Кімнен ________________________________________

№ _______________ өтініш

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің ________ жылғы ________ № ____ қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол қартасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша Кепілдік беру қағидаларына сәйкес Сізден Бағдарлама шеңберінде ________________ бойынша өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауына төмендегіге сәйкес "____" акционерлік қоғамы алдындағы кредитке ішінара кепілдік беру туралы мәселені шығаруға бастамашылық етуді сұраймын:

1. Қатысушы туралы мәліметтер

ЖКС атауы


Құрылтайшы(лар) туралы деректер


Заңды мекенжайы


Нақты мекенжайы


Пошталық мекенжайы


Мемлекеттік тіркелген/қайта тіркелген күні


Мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік №


Қызмет түрлері


Жетекшілік ететін ведомство, холдинг немесе негізгі компания


СТН/ЖСН


Жұмыс тәжірибесі


2. Басшылық

      Бірінші басшы

Т.А.Ә.


Лауазымы


Жұмыс/үй тел.


Туған жылы мен жері


Жеке куәлігінің №, сериясы, берілген күні


Тұратын (нақты) жері


Тіркелген жері


Жұмыс тәжірибесі


      Бас бухгалтер

Т.А.Ә.


Жұмыс/үй тел.


Туған жылы мен жері


Жеке куәлігінің №, сериясы, берілген күні


Тұратын (нақты) жері


Тіркелген жері


Жұмыс тәжірибесі


      Байланыс жасайтын адам

(Т.А.Ә., лауазымы, телефоны)


3. Меншік иелері

      (құрылтайшы, қатысушылар, акционерлік қоғам үшін – акциялардың 5% және одан көп пайызына иелік ететін акционерлер).

Атауы/Т.А.Ә.

%

Деректемелері



















4. Ағымдағы қызмет туралы ақпарат

Сала (ЭҚЖЖ сәйкес)


Кіші сала (ЭҚЖЖ сәйкес)


Өнімдер мен көрсетілетін қызметтер түрлері


Жылдық айналым


Соңғы есепті күнге пайда немесе шығын


Жұмыскерлердің нақты саны

оның ішінде әйелдер

Жобаның атауы (қысқаша сипаты)


Жобаның іске асырылатын жері (облыс, қала)


Жұмыс орындарының саны


5. Банктік шоттар туралы ақпарат

      Банктік деректемелер (қызмет көрсететін банктердің барлығындағы ағымдағы және жинақ шоттарының барлығын көрсету керек):

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

6. Кредиттік тарих

      Заңды тұлғаның жұмыс процесінде пайдаланылған банктік қарыздардың өтелгендерімен қатар, қазіргі уақытта өтелмегендерінің бәрі көрсетіледі.

Кредитор

Сомасы

Берілген күні

Сыйақыны өтеу шарттары

Негізгі борышты өтеу шарттары

Банктік қарыз шарты бойынша өтеу мерзімі

Нақты өтеу мерзімі

1.







2.







7. Қолданыстағы кредиттер туралы ақпарат

      Күні және валюта бағамы: ________/________

Р/с №

Банк

Банктік қарыз шартының деректемелері (№, күні)

Сыйақы мөлшерлемесі, %

Кредит сомасы, теңге

Негізгі борыш бойынша берешек қалдығы, теңге

Кредит валютасы

Кредит мерзімі аяқтала

тын күн

Кредит мақсаты (қысқаша сипаты)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

8. Басқа мемлекеттік бағдарламаларға және жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты қолданылатын мемлекеттік қолдау шараларына қатысу туралы ақпарат

Р/с

Мемлекеттік бағдарлама / мемлекеттік қолдау шарасының атауы

Мемлекеттік органның, ұлттық қордың / холдингтің атауы

Қосымша ақпарат

1.




2.




9. Кепілдіктер мен келісімдер

      Осы өтініште көрсетілген барлық деректер мен ақпарат дұрыс болып табылатынына және шындыққа толық сәйкес келетініне кепілдік беремін, көрсетілген деректер мен ақпараттың дұрыс еместігі анықталған жағдайда, осы өтініш көрсетілген деректердің дұрыс еместігін растайтын мәліметтер анықталған кез келген кезеңде кері қайтарылуы мүмкін екендігімен келісемін.

      Осы арқылы жергілікті атқарушы органға осы өтініште көрсетілген мәліметтер мен ақпаратты мүдделі үшінші тұлғаларға беруге сөзсіз келісім беремін.

      Қосымшалар:

      Осы Келісімде көзделген құжаттар тізбесі.

      _________________________________ (Т.А.Ә.)

      (қолы) күні

  "Бизнестің жол картасы 2020"
бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы
шеңберінде жеке кәсіпкерлік
субъектілерінің
кредиттері бойынша кепілдік
беру қағидаларына
3-қосымша

ЖКС-ке сараптама жүргізу үшін қаржы агенттігіне банк ұсынатын құжаттар тізбесі

      1. Жалпы құжаттар:

Р/с №

Құжаттың атауы

Нысаны

1

2

3

1

Құжаттар тізбесіне ілеспе хат

түпнұсқа

2

Құжаттар топтамасындағы барлық құжаттардың тізімдемесі немесе құжаттарды қабылдау-беру актісі

банктің уәкілетті қызметкері қол қойған және банктің мөрімен/мөртаңбасымен расталған түпнұсқа

3

Банкте кредит алуға өтінім

банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырған көшірме

4

Банктің уәкілетті органының қаржы агенттігінің кепілдігімен кредит беру туралы шешімі, банктің кредит, кепіл және заң басқармалары мен тәуекел басқармасының сараптамалық қорытындылары

банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырған көшірме

5

Соңғы есепті күндегі жағдай бойынша ЖКС қаржылық құжаттары (кредиторлық және дебиторлық берешегі толық жазылған, берешектің пайда болған күні, өтеудің болжалды күні және берешек нысанасы, негізгі құралдардың толық жазылуы, ТМҚ көрсетілген), соңғы 12 айдағы кірістер мен шығыстар туралы есеп (дара кәсіпкерлер үшін)*

банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырған көшірме

6

Жылдың басындағы және соңғы есепті күндегі жағдай бойынша ЖКС қаржылық құжаттары (жылдың басындағы және соңғы есепті күндегі кредиторлық және дебиторлық берешегі толық жазылған, берешектің пайда болған күні, өтеудің болжалды күні және берешек нысанасы, негізгі құралдардың толық жазылуы, ТМҚ көрсетілген), ЖКС мөрмен расталған (заңды тұлғалар үшін)*

банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырған көшірме

7

Кірістер мен шығыстар туралы баптардың толық жазылуы – өткізуден түскен кіріс, өзіндік құн, кезең шығыстары, өзге де кірістер мен шығыстар, қаралып отырған кезеңде өткізілген өнімнің ақшалай және заттай мәндегі көлемі*

банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырған көшірме немесе түпнұсқа

8

Қызмет көрсететін банктен несие берешегінің бар (жоқ) екені туралы, соңғы 12 айдағы айналымы, сондай-ақ қызмет көрсететін банктің толық деректемелерін көрсетуді қоса алғанда, құжаттарды қарау кезіндегі жағдай бойынша мерзімінде төленбеген (№ 2 картотека) есептік құжаттар туралы анықтама

банк нысаны бойынша түпнұсқа (күнтізбелік 30 күнге дейін түпнұсқамен салыстырылған көшірмеге рұқсат етіледі)

9

Несие берешегінің, оның ішінде басқа қаржы ұйымдарынан (банктерден басқа, кредиттер болған жағдайда) мерзімі өткен берешегінің бар екені туралы анықтамалар

түпнұсқа (күнтізбелік 30 күнге дейін түпнұсқамен салыстырылған көшірмеге рұқсат етіледі)

10

Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің бар (жоқ) екені туралы анықтама

Түпнұсқа (egov.kz анықтамасы)

11

Екінші деңгейдегі банктердегі барлық шоттары туралы мәліметтер

ЖКС хатының түпнұсқасы

12

Лицензиялар**, патенттер, квоталар және т. б. (егер өтініш берушінің қызметі лицензияланатын болса немесе қарыз қаражаты жұмсалатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін өткізу лицензияланатын болса)

банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырған көшірме

13

Жобаны іске асыру жөніндегі құжаттар (бар болса):

1) келісімшарттар, сатып алу-сату шарттары, ниет шарттары, жұмыстарды жүргізуге (мердігердің құрылыс-монтаж жұмыстарын немесе өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыруына арналған лицензияны қоса бере отырып), қызметтер көрсетуге арналған шарттар, орындалған жұмыстар актілері, төлем шоттары және т.б.;

2) жоспарланатын жұмыстар бойынша смета, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге тиісті рұқсат (егер кредит құрылыс, реконструкция саласында және т.б. пайдалану үшін берілсе) және т.б.;

3) жобаға өзінің атысуын растайтын құжаттар;

4) жобаны қарау шеңберінде банк пайдаланатын кез келген басқа құжаттар.

банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырған көшірме

14

Бизнес-жоспар

түпнұсқа немесе банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырған көшірме

15

Соңғы және ағымдағы жылдарда қолданыстағы және аяқталған келісімшарттар (бар болса)

көшірмелер

16

Кредиттік келісімдер (қолданыстағы кредиттер бар болса)

көшірмелер

17

Банк атынан банктік қарыз, кепіл және кепілдік шартын жасайтын адамның құзыретін растайтын құжаттар.

Банк мөрімен расталған көшірме (кепілдік шартын жасасу кезінде банк беруі мүмкін)


      * 180 млн. теңгеден асатын кредиттер бойынша;

      Ескертпе: қаржылық есептіліктің жасалу мерзімі банк құжаттар топтамасын ұсынған күнге 3 айдан аспауға тиіс.

2. ЖКС құқықтық мәртебесі мен құзыретін айқындайтын құжаттар

      1. Егер ЖКС дара кәсіпкер болып табылса:

Р/с №

Құжаттың атауы

Нысаны

1

Жеке басын куәландыратын құжат

банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырған көшірме

2

Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда – патент **

банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырған көшірме (egov.kz анықтамасына рұқсат етіледі)

3

Қол қою үлгілері мен мөр бедері бар құжат

нотариат куәландырған түпнұсқа

4

ЖКС-нің кредитік бюроға ақпарат беруге және кредиттік есеп алуға келісімі

түпнұсқа қаржы агенттігінің атына беріледі

5

ЖКС-нің дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімі

түпнұсқа қаржы агенттігінің атына беріледі


      2. Егер ЖКС Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға болып табылса.

Р/с №

Құжаттың атауы

Нысаны

1

2

3

1

Жарғы, оған өзгерістер мен толықтырулар

нотариат куәландырған көшірме

2

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік/анықтама;

нотариат куәландырған көшірме (egov.kz анықтамасына рұқсат етіледі)

3

ЖКС уәкілетті органының бірінші басшыны тағайындау туралы шешімі

түпнұсқа не банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырған көшірме

4

Банкте және қаржы агенттігінде ЖКС атынан құжаттарға қол қоюға уәкілетті адамның жеке басын куәландыратын құжат, сондай-ақ оның өкілеттігін растайтын құжаттар

Банктің уәкілетті адамы түпнұсқамен салыстырған көшірме

5

ЖКС кепілдік тарту туралы шешім қабылдаған уәкілетті органының шешімі

Қаржы агенттігі бекіткен нысан бойынша түпнұсқа

6

ЖКС кредит тарту туралы шешім қабылдаған уәкілетті органының шешімі

Банк бекіткен нысан бойынша түпнұсқа

7

Бірінші басшыны, бас бухгалтердің қол қою үлгілері мен ЖКС мөр бедері бар құжат

нотариат куәландырған түпнұсқа

8

ЖКС-нің кредитік бюроға ақпарат беруге және кредиттік есеп алуға келісімі

түпнұсқа қаржы агенттігінің атына беріледі


      Ескертпе:

      ** "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жіберген жағдайда аталған құжаттар сұратылмайды.

      Бірнеше беттен тұратын құжат ұсынылған жағдайда, мұндай құжат тігілуі және нөмірленуі немесе құжаттың әрбір парағы уәкілетті адамдардың қолтаңбасымен және мөрмен/мөртабанмен бекемделуге тиіс.

  "Бизнестің жол картасы 2020"
бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы
шеңберінде жеке кәсіпкерлік
субъектілерінің
кредиттері бойынша кепілдік
беру қағидаларына
4-қосымша

      "______________________" акционерлік қоғамына

Алдын ала кепілдік хаты

      Бағдарламаның бірінші/екінші бағытын іске асыру шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттеріне кепілдік беру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді (бұдан әрі – Келісім) іске асыру шеңберінде "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ (бұдан әрі – қаржы агенттігі) "____________" жобасы бойынша қаржы агенттігінің кепілдігін беру туралы "_____________" ДК/ЖШС/АҚ өтінімін қарап, мақұлдағанын хабарлаймыз.

      Қаржы агенттігі "____________" жобасы бойынша "____________" ДК/ЖШС/АҚ мынадай шарттарда кепілдік беруге дайын:

      1) кепілдік сомасы: ____________ (________________________) теңге, бұл кредит сомасының ___ %-ын құрайды;

      2) кепілдік мерзімі: ____________;

      3) кепілдік берудің өзге талаптары Келісім талаптарына сәйкес жасалуға тиіс кепілдік шартымен реттеледі.

      Осы алдын ала кепілдік хатының қолданылу мерзімі – ______ дейін.

      Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттеріне ішінара кепілдіктер түріндегі мемлекеттік қолдау шарттарын реттейтін

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілген жағдайда қаржы агенттігі жоғарыда көрсетілген кепілдік беру шарттарын қайта қарауға және оларды толығымен немесе ішінара өзгертуге немесе жоюға құқылы, бұл туралы банк Кепілдік шартына қол қойғанға дейін хабардар етілетін болады.

      Құрметпен,

      _________________ ________________ ___________________________

       (лауазымы) (қолы, м.о.) (Т.А.Ә.)

  "Бизнестің жол картасы 2020"
бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы
шеңберінде жеке кәсіпкерлік
субъектілерінің
кредиттері бойынша кепілдік
беру қағидаларына
5-қосымша

"____________________" акционерлік қоғамының _____________ бастап ______________ дейінгі кезеңде Бағдарламаның бірінші/екінші бағыты шеңберінде ЖКС жобаларын іске асыру барысының ағымдағы мониторингі туралы есебі

Р/с №

Банктің атауы

ЖКС өтініш берген жер (облыс, өңір)

Қарыз алушының атауы

Қарыз алушының СТН/БСН

1

2

3

4

5


Заңды мәртебесі (ЖШС, ДК, ШҚ, ӨК)

Банктік қарыз шартының/кредит желісін ашу туралы келісімнің №

Банктік қарыз шартының/кредит желісін ашу туралы келісімнің күні

Кредит мерзімі


6

7

8

9







Кредит сомасы

Кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі

Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең

Сыйақы төлеу бойынша жеңілдікті кезең


10

11

12

13







Кредит бойынша берілген күні (транш)

Нақты берілген қаражат сомасы

Есепті күнге негізгі борыш берешегінің қалдығы

Кепілдік шартының нөмірі


14

15

16

17







Кепілдік шартының күні

Қаржы агентінің кепілдік сомасы

Қаржы агентінің кепілдік бойынша міндеттемесінің орындалу сомасы

НБ бойынша мерзімі өткен берешектің сомасы


18

19

20

21







НБ бойынша мерзімі өткен күндердің саны

Сыйақы төлеу бойынша мерзімі өткен күндердің саны

Кредит беру объектісі (инвестициялық кредит/айналым қаражатын толтыру)

ЭҚЖЖ бойынша код


22

23

24

25







Жоба бойынша бизнес (бастапқы/қолданыстағы)

Банктік қарыз шарты/Кредит желісін ашу туралы келісім бойынша қол жетімділік кезеңі

Банктің уәкілетті органы шешімінің күні

ҚР ҰБ талаптары бойынша сыныптама лық санат


26

27

28

29












      Лауазымды адам _______________________________________ Т.А.Ә.

      (қолы, мөр)

      Жауапты қызметкер ____________________________________ Т.А.Ә.

      (қолы)

  "Бизнестің жол картасы 2020"
бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы
шеңберінде жеке кәсіпкерлік
субъектілерінің
кредиттері бойынша кепілдік
беру қағидаларына
6-қосымша

Кепілдік беру туралы есеп
(қаржы агенттігі Бағдарламаның бағыттары бойынша уәкілетті органға береді)

Р/с №

Облыстың атауы

Банктік қарыз шарты бойынша кредит сомасы

Нақты берілген қаражат сомасы

Негізгі борыш бойынша берешек қалдығы

1

2

3

4

5

2





3

Қаржы агенттігінің кепілдік сомасы

Кепілдіктің қалдық сомасы

Кепілдіктер бойынша Қаржы агенттігінің орындалған міндеттемелерінің сомасы


4

6

7

8

9


      Лауазымды адам ____________________________________ Т.А.Ә.

      (қолы, мөр)

      Жауапты қызметкер _________________________________ Т.А.Ә.

      (қолы)

  "Бизнестің жол картасы 2020"
бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы
шеңберінде жеке кәсіпкерлік
субъектілерінің
кредиттері бойынша кепілдік
беру қағидаларына
7-қосымша

      (ұсынылатын нысан)

______________________ бойынша өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының
№ _________ хаттамасы

Өткізілген орны


Өткізілген күні


Кеңес төрағасы


Қатысқан кеңес мүшелері


Қатыспаған кеңес мүшелері


Шақырылғандар


Кеңес хатшысы


Күн тәртібі



Мәселелердің атауы

1


2


...



      Кеңесте қаралды

1-мәселенің атауы

1





      Кеңес мынадай шешімге келді

      1. Мыналарға:

      "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының өлшемшарттарына сәйкес келуіне;

      "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының басым салаларына сәйкес келуіне;

      мемлекеттік даму институттары арқылы басқа мемлекеттік қолдау шараларының қолданылмауына байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілерінің төмендегі жобаларының тізіміне кепілдік беру нысанында мемлекеттік қолдау нысандарын қолдау мүмкіндігі мақұлдансын:

Р/с №

Атауы

ЖКС

жоба

сала (ЭҚЖЖ коды көрсетілген)

банк

1

2

3

4

5







Кредит сомасы

Қажетті кепілдік сомасы

Кредит сомасына қажетті кепілдік сомасы (%)

6

7

8











Жобаның сипаты

Кепілдікті жою шарттары

Ескертпе

9

10

11





      2. Мақұлданған жобалар тізімі "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамына және көрсетілген екінші деңгейдегі банктерге жіберілсін.

      3. Мыналарға:

      1) "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының өлшемшарттарына сәйкес келмеуіне;

      2) "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының басым салаларына сәйкес келмеуіне;

      3) мемлекеттік даму институттары арқылы басқа мемлекеттік қолдау шараларының қолданылуына байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілерінің төмендегі жобаларының тізіміне кепілдік беру нысанында мемлекеттік қолдау нысандарын қолдау мүмкіндігін мақұлдаудан бас тартылсын:

Р/с №

Атауы

Бас тарту себептері

ЖКС

жоба

сала

банк








      Кеңес мүшелерінің қолдары

Р/с

Кеңес мүшесінің Т.А.Ә. және мәртебесі

"ҚОЛДАЙМЫН"

"ҚАРСЫМЫН"

ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР

1

Кеңес төрағасы




2

Кеңес төрағасының орынбасары




3

Кеңес мүшесі




4

Кеңес мүшесі




5

Кеңес мүшесі





      Кеңесте қаралды

Р/с

2-мәселенің атауы




      Кеңес мынадай шешімге келді

      1.

      2.

      3.

      ...

      Кеңес мүшелерінің қолдары

Р/с

Кеңес мүшесінің Т.А.Ә. және мәртебесі

"ҚОЛДАЙМЫН"

"ҚАРСЫМЫН"

ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР

1

Кеңес төрағасы




2

Кеңес төрағасының орынбасары




3

Кеңес мүшесі




4

Кеңес мүшесі




5

Кеңес мүшесі










      Кеңес хатшысы _____________________________________ Т.А.Ә.

      Егер кеңес мүшесі "қарсы" дауыс берген болса, түсініктемелер бағанында қабылданған шешімнің себебі көрсетілуге тиіс.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 19 сәуірдегі
№ 234 қаулысымен
бекітілген

"Бизнестің жол қартасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Бизнестің жол қартасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру

      қағидалары (бұдан әрі – Мемлекеттік гранттар беру қағидалары)

      Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленді және жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру шарттары мен тетігін айқындайды.

      2. Мемлекеттік гранттар беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы

      (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады.

      3. Мемлекеттік гранттар шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, сондай-ақ әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторларында және Бағдарламаға 2-қосымшаға сәйкес өңдеуші өнеркәсіп салаларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі.

      4. Моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, сондай-ақ әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға мемлекеттік гранттар салалық шектеусіз беріледі.

      5. Мемлекеттік гранттарды мемлекет Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі арқылы мемлекеттік гранттар алуға кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөнінде өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша береді. Бұл ретте Бағдарламаның және/немесе "Жұмыспен қамту жол картасы 2020" бағдарламасының шеңберінде оқыту құрауыштары сертификатының болуы конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.

      6. Қаржы агенттігінің көрсетілетін қызметтеріне уәкілетті орган республикалық бюджет қаражатының есебінен ақы төлейді.

      7. Грант беру үшін көзделген қаражатты уәкілетті орган Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне аударуға бағытталған нысаналы трансферт қаражатының есебінен аударады.

      8. Гранттар нысанында қолдау шараларын қаржыландыру республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады.

2. Терминдер мен анықтамалар

      9. Осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларында мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) бизнес-жоба – кәсіпкердің өз бизнесін құру (тауарлар шығару, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) мүмкіндігін ашатын, сипаттау, есептеу, болжау нысанында орындалған, сондай-ақ ұсынылатын грант көлемінің кемінде 10 %-ы деңгейінде кәсіпкердің өзінің құралдарымен (ақша қаражатымен, жылжымалы/жылжымайтын мүлкімен) қоса қаржыландыруының және жаңа жұмыс орындарын құруының мерзімдерін қамтитын жоспары;

      2) грант беру туралы шарт – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан байынша Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі, қаржы агенттігі мен кәсіпкер арасында жасалатын үшжақты жазбаша келісім, оның талаптары бойынша кәсіпкерге нысаналы грант беріледі;

      3) инновация – жеке және (немесе) заңды тұлғалар қызметінің жаңа немесе жетілдірілген өндірістер, технологиялар, тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер, техникалық, өндірістік, әкімшілік, коммерциялық сипаттағы ұйымдастырушылық шешімдер, сондай-ақ өзге де экономикалық тиімділікті жоғарылату мақсатында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ескере отырып, қоғамдық пайдалы нәтиже түрінде практикалық іске асырылған нәтижелері;

      4) конкурстық комиссия – жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер, ғылыми-білім беру мекемелері өкілдерінің, салалық сарапшылардың, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен құрылатын алқалы-кеңесші орган. Жергілікті атқарушы органдардың өкілдері Конкурстық комиссияның төрағасы бола алмайды;

      5) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі – қалада немесе аудандық деңгейде Бағдарламаны іске асыруға жауапты, облыс әкімі айқындайтын қаланың/ауданның құрылымдық бөлімшесі;

      6) ісін жаңа бастаған кәсіпкер – Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалалары үшін – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне) мемлекеттік грант алу үшін өтініш берген кезде дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген мерзіміне үш жыл толмаған кәсіпкер. Жұмыс істеп жатқан үлестес кәсіпкердің ағымдағы қызметінен өзгеше жаңа қызмет түрін құру шартымен ісін жаңа бастаған кәсіпкердің жұмыс істеп жатқан жеке кәсіпкермен үлестес болуына жол беріледі;

      7) ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер – Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалалары үшін – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне) мемлекеттік грант алу үшін өтініш берген кезде дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген мерзіміне үш жыл толмаған, жасы 29-ға (қоса алғанда) дейінгі дара кәсіпкер. Ісін жаңа бастаған дара кәсіпкердің жасы оның Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалалары үшін – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне) өтініш жасаған күні айқындалады. Жұмыс істеп жатқан үлестес кәсіпкердің ағымдағы қызметінен өзгеше жаңа қызмет түрін құру шартымен ісін жаңа бастаған жас кәсіпкердің жұмыс істеп жатқан жеке кәсіпкермен үлестес болуына жол беріледі;

      8) жаңа бизнес-идея – мұндай жобаларды іске асыру кезінде бұрын қолданылмаған материалдарды, технологиялар мен әдістерді қолдану арқылы тауарлар шығаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды көздейтін нақты жобаны іске асыруға бағытталған кәсіпкерлік бастама. Нақты әкімшілік-аумақтық бірлікте бұрын іске асырылмаған тауарлар шығаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды көздейтін жобалар да жаңа бизнес-идеяларға жатады;

      9) кәсіпкер – шағын кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер, ісін жаңа бастаған кәсіпкер, сондай-ақ әйелдер, мүгедектер және 50 жастан асқан адамдар;

      10) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі – облыс (астана, республикалық маңызы бар қала) деңгейінде Бағдарламаны іске асыруға жауапты, облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) әкімі айқындайтын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

      11) Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК) – облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері құратын және басқаратын, жалпы санының кемінде 50 %-ын бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері құрайтын консультативтік-кеңесші орган;

      12) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;

      13) қаржы агенттігі – Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қаржылық қолдау шараларын сүйемелдеу үшін тартылатын "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы.

3. "Бизнестің жол қартасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жобаларды ұйымдастыру және іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру тәртібі
Гранттар беру шарттары

      10. Өз қызметін Бағдарлама шеңберінде жүзеге асыратын, осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының 17-тармағына сәйкес конкурстық іріктеуге толық көлемде құжаттарын ұсынған кәсіпкерлер гранттар беруге конкурстық іріктеуге қатысушы бола алады.

      11. Бір бизнес-жоба бойынша грант беру мақсатында әрбір кәсіпкер конкурстық іріктеуге қатысушы бола алады.

      Бизнес-жобаны іске асыруға жұмсалатын шығыстарды ұсынылатын грант көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде, оның ішінде жылжымалы немесе жылжымайтын жеке мүлкімен кәсіпкердің бірлесіп қаржыландыруы (ақша қаражаты), сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құру бизнес-жобаның міндетті шарты болып табылады.

      Кәсіпкерлер грант қаражатын мынадай мақсаттарға пайдалануға тиіс:

      1) негізгі құралдар мен материалдарды сатып алу;

      2) материалдық емес активтерді сатып алу;

      3) технологияларды сатып алу

      4) франшизаға құқықтарды сатып алу;

      5) зерттеу жұмыстарына және/немесе жаңа технологияларды енгізуге байланысты шығыстар.

      Грант қаражатын жылжымайтын мүлік, жер учаскесін сатып алуға және жалдау ақысы ретінде пайдалануға болмайды.

      12. Бір кәсіпкер үшін гранттың ең жоғары сомасы 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспайды.

      Жаңадан құрылған заңды тұлғаның құрылтайшылары нысаналы басым топқа қосылған бірнеше жеке тұлға болып табылған жағдайда, көрсетілген заңды тұлғаға грант сомасы көрсетілген құрылтайшылар санының 3 000 000 (үш миллион) теңгеге көбейтіндісіне тең сомадан аспауға тиіс.

      13. Мынадай:

      1) қайта ұйымдастыру, тарату немесе банкроттық сатысындағы, сондай-ақ қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тоқтатылып қойылған;

      2) салықтар мен мемлекеттік бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі бар;

      3) қызметінің негізгі түрі жылжымайтын мүлікті жалға беру болып табылатын кәсіпкерлерге гранттар берілмейді.

      14. Конкурс өткізу үшін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері грант алуға үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөнінде Конкурстық комиссия құрады және оның құрамын бекітеді. Конкурстық комиссия қызметінің негізгі қағидаттары кәсіпкерлер үшін тең жағдайлар жасау, сондай-ақ оларға қойылатын талаптардың бірыңғайлығы, ұсынылатын құжаттарды зерттеудің жан-жақтылығы мен толықтығы және қабылданатын шешімдердің объективтілігі болып табылады.

      15. Конкурстық комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан және Конкурстық комиссия мүшелерінен тұрады. Конкурстық комиссияның құрамы атқарушы билік, қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің, салалық сарапшылардың, ғылыми-білім беру мекемелерінің, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының міндетті қатысуы арқылы қалыптастырылады.

      Жергілікті атқарушы органдар мен қаржы агенттігінің өкілдері Конкурстық комиссияға төраға бола алмайды.

      Конкурстық комиссияның хатшысы Конкурстық комиссия отырыстарын ұйымдастыруды жүзеге асырады, атап айтқанда: төрағамен келісім бойынша отырыстар өткізілетін жерді, күнін және уақытын айқындайды, Конкурстық комиссия мүшелерін алдағы отырыстар туралы хабардар етеді, отырыс өткізу үшін қажетті материалдарды оның мүшелерінің назарына жеткізеді.

      Конкурстық комиссияның хатшысы оның құрамына кірмейді және шешім қабылдаған кезде оның дауыс беру құқығы болмайды.

      Конкурстық комиссияның отырысына Конкурстық комиссия мүшелерінің жартысынан астамы қатысса, ол заңды деп саналады.

      Конкурстық комиссияның отырысқа қатысып отырған мүшелерінің жартысынан астамы дауыс берген шешім қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, Конкурстық комиссия төрағасының даусы шешуші болып табылады.

      16. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі Конкурстық комиссияның жұмыс органы болып табылды, ол:

      1) өңірлік апталық баспа басылымында мемлекеттік гранттар беру үшін (өз бизнесін құруға) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына

      1-қосымшаға сәйкес кәсіпкерлерді конкурстық іріктеудің басталғаны туралы хабарландыру жариялауды қамтамасыз етеді;

      2) Бағдарлама іске асырылатын бүкіл мерзімде кәсіпкерлерге грант түрінде мемлекеттік қолдау көрсету барысын өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жария етуді тұрақты негізде қамтамасыз етеді;

      3) кәсіпкерлерге конкурсқа қатысу мәселелері және оны өткізуге қатысты бар мәселелер бойынша, гранттар беру шарттары мен тәртібі туралы консультация береді;

      4) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінен (Астана және Алматы қалалары үшін – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен) конкурсқа қатысуға өтінімдер мен Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына сәйкес оған қоса берілетін құжаттарды қабылдайды;

      5) конкурсты ұйымдастырды және өткізеді;

      6) кәсіпкерлерге грант беру немесе оны беруде бас тарту туралы хабарлайды.

      17. Конкурсқа қатысу үшін кәсіпкер конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мекенжайға өзі, пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша конкурстық өтінімді береді, оған басшы не оны алмастыратын адам қол қояды да кәсіпкердің мөрімен бекітіледі. Бұл ретте, конкурсқа қатысу үшін кәсіпкер бір өтінім ғана бере алады.

      18. Өтінімдерді қабылдау мерзімі мен орны конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі.

      19. Грант алуға үміткер кәсіпкерлер Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалалары үшін – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне) өтінім береді және мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша грант беру жөніндегі конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім, ол Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің веб-порталына орналастырылады;

      2) заңды тұлғаны (дара кәсіпкерді) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

      3) өтініш берілген күнге дейін берілгеніне күнтізбелік 30 күн толмаған бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқ екені туралы анықтама;

      4) өтінім берілген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен (бар болса) расталған анықтама;

      6) бизнес-жоба;

      7) Бағдарлама және Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберінде кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;

      8) кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бар екені туралы банк шотынан үзінді немесе жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар;

      9) кәсіпкердің атынан өтінім беру құқығына сенімхат, сенім білдірілген адам паспортының көшірмесі (заңды тұлғаның атынан – заңды тұлға растаған).

      20. Өтінімдерді қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде аяқталады. Мерзімінде түскен әр өтінім өтінімдерді қабылдау журналына тіркеліп, нөмір беріледі, құжаттардың берілген күні мен уақыты көрсетіледі. Әр өтінімде күні мен уақыты көрсетіліп, қабылданғаны туралы белгі жасалады.

      21. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі кәсіпкерден құжаттарды алғаннан кейін:

      1) ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі екі күн мерзімде кәсіпкерге ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды пысықтау үшін қайтарады;

      2) құжаттардың толық топтамасын алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде кәсіпкердің жобасын Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне қарау үшін жібереді.

Конкурстық өтінімдерді қарау

      22. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі (Конкурстық комиссияның жұмыс органы) кәсіпкердің құжаттарын алғаннан кейін:

      1) құжаттардың толықтығын тексереді;

      2) күн тәртібінің мәселелерін қалыптастырады, Конкурстық комиссия отырысы өткізілетін күнін, уақытын және орнын айқындайды, бұл туралы Конкурстық комиссияның барлық мүшелерін хабардар етеді.

      Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі (Астана және Алматы қалалары үшін – кәсіпкер) құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі 2 (екі) жұмыс күні ішінде нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалалары үшін – кәсіпкерге) қайтарады.

      23. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі барлық құжаттар мен ақпаратты алған кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде кәсіпкердің материалдарын Конкурстық комиссияның қарауына шығарады.

      24. Бюджет қаражаты болған жағдайда конкурс жылына кемінде 2 (екі) рет өткізілді.

      25. Кәсіпкер өзінің бизнес-жобасын Конкурстық комиссияның отырысында таныстырады.

      26. Конкурстық комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына сәйкес Конкурс өткізген кезде мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) конкурстық іріктеуге ұсынылған қатысушылардың бизнес-жобаларын қарайды;

      2) гранттар беру туралы немесе оларды беруден бас тарту туралы ұсынымдар береді.

      Кәсіпкерлерді іріктеу кезінде Конкурстық комиссия мүшелерінің дербес дауыс беруі жөніндегі ақпарат жария етілмейді.

      Конкурстық комиссияның ұсынылған конкурстық құжаттама бойынша салалық құзыреті бар мемлекеттік уәкілетті органдардың қорытындыларын Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі арқылы алуға құқығы бар.

      Өтінімдерді зерделеу кезінде Конкурстық комиссия Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі (Астана және Алматы қалалары үшін – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі) арқылы тиісті мемлекеттік уәкілетті органдардан, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардан өтінімде көрсетілген мәліметтердің шындыққа сәйкестігі туралы ақпарат сұратуға құқылы.

      27. Конкурстық өтінімдерді қарау кезінде Конкурстық комиссия кәсіпкерлердің бизнес-жобасын бағалаудың мынадай өлшемшарттары негізінде ұсынымдар береді:

      1) бизнес идеялардың жаңашылдығы (мүгедектер үшін қолданылмайды);

      2) бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі (нарықтық қажеттілікті пысықтау – маркетингтік талдау);

      3) бизнес-жобаның енгізуге әзірлігі (өндірісті ұйымдастыру мәселесінің пысықталуы, жобаны орналастыру үшін үй-жайдың болуы, өткізу нарығы, өндірісті іске қосу үшін жобаның әзірлік деңгейі).

      28. Кәсіпкерге грант беру/бермеу туралы ұсынымдар Конкурстық комиссияның соңы отырысы өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей Конкурстық комиссияның хаттамасымен ресімделіп, грант беру/бермеу мүмкіндігінің себептері көрсетіледі.

      Конкурстық комиссияның хаттамасында әр жоба бойынша қысқаша түйіндеме қамтылуға тиіс.

      29. Хаттамаға Конкурстық комиссияның мүшелері, хатшы қол қояды және оны Конкурстық комиссияның төрағасы бекітеді.

      30. Өткізілген конкурс нәтижелері бойынша Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі 1 (бір) жұмыс күні ішінде Конкурстық комиссияның хаттамасын ӨҮК қарауына жібереді.

      ӨҮК жобаларды тиісті қаржы жылында мемлекеттік гранттар беру үшін бюджет қаражаты болған жағдайда ғана қарайды.

      31. Қажет болған жағдайда ӨҮК мүшелері әрбір жоба бойынша материалдарды қарау үшін алуы мүмкін.

      Өткізілетін отырыс шеңберінде ӨҮК мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:

      1) Кәсіпкердің жобасы мен ұсынылған құжаттарды талқылайды;

      2) грант қаражатын беру/бермеу туралы Конкурстық комиссия ұсынымдарын қарайды;

      3) талқылау нәтижелері бойынша кәсіпкерлердің бизнес-жобаларын іріктеуді жүргізеді және грант беру мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделеді. Бұл ретте бизнес-жобалардан бас тартылған жағдайда, хаттамада міндетті түрде себебі көрсетілуге тиіс.

      32. ӨҮК хаттамасы ресімделген кезден бастап Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі:

      1) Кәсіпкерге ӨҮК шешімі туралы хабарлама;

      2) мақұлданған/бас тартылған бизнес-жобалар бойынша ӨҮК хаттамасынан үзіндіні Конкурстық комиссия мүшелеріне және кәсіпкермен грант беру жөнінде шарт жасасу бойынша дайындық іс-шараларын өткізу үшін қаржы агенттігіне, сондай-ақ мәлімет үшін Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне жібереді.

Грант беру тетігі

      33. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК шешімі оң болған жағдайда оның хаттамасы бекітілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігімен және кәсіпкермен грант беру туралы шартқа (бұдан әрі – шарт) қол қояды.

      34. Мемлекеттік гранттарды мемлекет Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі арқылы мемлекеттік гранттар алуға кәсіпкерлер берген өтінімдерді іріктеу жөнінде өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша береді.

      35. Шарт жасасқаннан кейін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі кәсіпкердің ағымдағы банктік шотына ақша қаражатын аударуды жүзеге асырады.

      36. Грант қаражаты кәсіпкердің ағымдағы шотына транш негізінде аударылатын болады.

      37. Бірінші траншты алу үшін кәсіпкер грант қаражатының сұралатын көлемі мен жоспарланған нысаналы пайдаланылуы туралы ақпарат беруі қажет.

      38. Гранттың нысаналы мақсаты осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының шарттары мен өлшемшарттарына сәйкес келген жағдайда Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі транштың сұралып отырған сомасын кәсіпкердің ағымдағы шотына аударады.

      39. Кәсіпкер грантты нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға және шарт талаптарын орындауға міндетті.

4. Бағдарлама мониторингі

      40. Мониторинг функцияларын жүзеге асыру үшін қаржы агенттігі кәсіпкерден барлық қажетті, оның ішінде, коммерциялық және банктік құпияларды қамтитын құжаттар мен ақпаратты сұратуға, жобаның іске асырылып жатқан жерге барып іске асырылуына мониторинг жүргізуге құқылы.

      41. Бағдарламаны іске асыру мониторингін қаржы агенттігі жүзеге асырады, оның функцияларына:

      1) гранттың нысаналы пайдаланылуының;

      2) кәсіпкерлердің бизнес-жобаларды грант алған күннен бастап 1 (бір) жыл ішінде орындау жөніндегі қызметінің;

      3) кәсіпкердің жаңа жұмыс орындарын құру жөніндегі шарттарды орындауының;

      4) кәсіпкерлердің шарт талаптарын орындауының мониторингі жатады.

      42. Мониторинг шеңберінде қаржы агенттігі:

      1) грант алушылардың тізілімін жүргізеді;

      2) кәсіпкерлер алған қаражаттың нысаналы пайдаланылуына мониторинг жүргізеді және жұмыс органы мен Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне кәсіпкерлердің бизнес-жобаларды іске асыруы туралы есеп береді.

      43. Қаржы агенттігі кәсіпкердің грант қаражатын мақсатсыз пайдаланғанын анықтаған жағдайда, қаржы агенттігі Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін және ӨҮК-ті жазбаша хабардар етеді.

      Қаржы агенттігі ұсынған ақпарат негізінде ӨҮК кәсіпкермен шартты бұзу туралы шешім қабылдауы мүмкін, содан кейін өз шешімі туралы Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі мен қаржы агенттігін хабардар етеді.

      44. ӨҮК кәсіпкермен шартты бұзу туралы шешім қабылдаған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған грант қаражатын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен қайтарып алу жөніндегі іс-шараларды жүргізеді.

  "Бизнестің жол қартасы 2020"
бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы шеңберінде
мемлекеттік
гранттар беру қағидаларына
1-қосымша

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

      Конкурсты ұйымдастырушы:

      ______________________________________________________________

      Орналасқан жері: ____________________;

      пошталық мекенжайы: ___________________________;

      электрондық пошта мекенжайы: ____________________________;

      байланыс телефоны ___________________________________________

      Конкурс нысанасы: "Бизнестің жол қартасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру.

      Конкурс нысаны: ашық конкурс.

      Конкурсқа қатысу үшін өтінім берілетін жер:

      _______________________________________________________________

      Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекенжайға өзі, пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша конкурстық өтінім мен толық құжаттама топтамасын береді.

      Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 20___ ж. "____" ______________ бастап 20___ ж. "___"______________ аралығында, жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін (жергілікті уақытпен)

      Өтінімдерді беру басталатын күні мен уақыты: 20___ ж. "___"______________ сағат 10.00 (жергілікті уақытпен)

      Өтінімдерді беру аяқталатын күні мен уақыты: 20___ ж. "___"______________ сағат 13.00 (жергілікті уақытпен)

      Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды. Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен www.dkb2020.kz сайтында танысуға болады.

  "Бизнестің жол қартасы 2020"
бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы шеңберінде
мемлекеттік
гранттар беру қағидаларына
2-қосымша

"Бизнестің жол қартасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру үшін конкурстық іріктеуге қатысуға
ӨТІНІМ

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (бұдан әрі – кәсіпкер)

      (заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы;

      дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты, паспорт деректері)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның орналасқан жері, пошталық мекенжайы; дара кәсіпкердің тұратын жері)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (қала (аудан) коды көрсетілген байланыс телефонының нөмірі, электрондық пошта мекенжайы)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (банктік деректемелер)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (салық салу жүйесін көрсету)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (қызметтің бейінді бағыттарын көрсету)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (экономика саласын көрсету)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (өтінім берілген кездегі жалдамалы қызметкерлердің санын орташа көрсету)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (ұйым басшысы (Т.А.Ә, лауазымы, байланыс телефоны)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (жобаның жауапты орындаушысы (Т.А.Ә, лауазымы, байланыс телефоны)

      ісін жаңа бастаған жеке кәсіпкерлік субъектілеріне (өз бизнесін ашуға) мемлекеттік грант беру үшін конкурстық іріктеуге қатысатыны туралы мәлімдейді.

      Кәсіпкер конкурс шарттарымен танысты және Қағидаларға сәйкес тиісті құжаттарды ұсынады.

      Ұсынылған құжаттар тізбесі

Р/с

Заңды тұлға

Бет саны

Дара кәсіпкер

Бет саны


Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі


1

Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі



Салықтар, алымдар мен жарналар бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы анықтама


2

Салықтар, алымдар мен жарналар бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы анықтама



Өтінім берген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған анықтама


3*

Өтінім берген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған анықтама



Бизнес-жоба


4

Бизнес-жоба



Бағдарлама және/немесе Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының курстарында қысқа мерзімді оқытудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі.


5

Бағдарлама және/немесе Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының курстарында қысқа мерзімді оқытудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі.



Өкілге сенімхат


6*

Өкілге сенімхат



Кәсіпкердің ағымдағы шотында қаржы қаражатының бар екендігін растайтын банктік шоттан үзінді немесе жылжитын және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалық құнын растайтын құжаттар


7*

Кәсіпкердің ағымдағы шотында қаржы қаражатының бар екендігін растайтын банктік шоттан үзінді немесе жылжитын және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалық құнын растайтын құжаттар


* қажет болған жағдайда толтырылады

Үміткер ________________________ _______________________________

М.О. (қолы) (Т.А.Ә., лауазымы)

20___ ж. "___" _________________ "___" сағ. "___" мин. өтінім №


      Мен бұрын берілген бюджеттік кредиттер бойынша мерзімі өткен берешектің жоқ екенін растаймын.

      Мен өзім ұсынған мәліметтердің дұрыс екенін растаймын және Конкурстық комиссияның мәліметтерді іріктеп тексеруіне қарсы емеспін.

      Осы өтінімге қол қою арқылы кәсіпкер мынаны мәлімдейді және оған кепілдік береді:

      1. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалалары үшін – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне) осы өтініммен бірге не Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің (Астана және Алматы қалалары үшін – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің) сұратуы бойынша берілген (ұсынылған) немесе ұсынылатын барлық деректер, ақпарат пен құжаттама дұрыс болып табылады және төменде көрсетілген күнге шындыққа сәйкес келеді, көрсетілген деректер өзгерген жағдайда, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін (Астана және Алматы қалалары үшін – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін) дереу хабардар етуге міндеттенемін.

      2. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің (Астана және Алматы қалалары үшін – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің) бірінші талап етуі бойынша осы өтінімді қарау шеңберінде талап етілген, банктік және коммерциялық құпияны құрайтын кез келген ақпарат пен құжаттарды ұсынуға және ашуға міндеттенемін.

      3. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі (Астана және Алматы қалалары үшін – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі) көрсетілген мәлімдемелер мен кепілдіктердің шынайылығын тексеруге міндетті емес.

      4. Кәсіпкерге жалған, толық емес және/немесе дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылық туралы ескертілді.

      5. Кәсіпкердің жарғылық құзыреті осы өтінішке қол қоятын адамның өтініш беруіне мүмкіндік беретінін кәсіпкер растайды.

      6. Көрсетілген деректер мен ақпараттың дұрыс еместігі анықталған жағдайда, осы өтінім көрсетілген деректердің дұрыс еместігін растайтын мәліметтер анықталған кез келген кезеңде кері қайтарылуы мүмкін екендігімен келісемін, бұл ретте Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі (Астана және Алматы қалалары үшін – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі) жергілікті деңгейде кері қайтару себептерін хабарламауға құқылы.

      Осы арқылы кәсіпкер Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалалары үшін – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне) мынаған келісім береді:

      1. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі (Астана және Алматы қалалары үшін – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі) осы өтінімде көрсетілген мәліметтерді, ақпарат пен кәсіпкер ұсынған құжаттарды тексеру және қарау мақсатында мүдделі үшінші тұлғаларға ұсынуға құқылы.

      2. Осы өтінімде қамтылған барлық мәліметтер, сондай-ақ Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі (Астана және Алматы қалалары үшін – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі) талап еткен барлық құжаттар Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік гранттар алу үшін ғана ұсынылған.

      3. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі (Астана және Алматы қалалары үшін – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі) кәсіпкер өзі туралы хабарлайтын кез келген ақпаратты тексеру құқығын өзіне қалдырады, ал кәсіпкер ұсынған құжаттар және өтініштің түпнұсқасы мемлекеттік грант берілмесе де, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінде (Астана және Алматы қалалары үшін – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінде) сақталатын болады.

      4. Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің (Астана және Алматы қалалары үшін – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің) осы өтінімді қарауға қабылдауы, сондай-ақ кәсіпкердің ықтимал шығыстары (нысаналы грант алу үшін қажетті құжаттарды ресімдеу және т.б.) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісінің (Астана және Алматы қалалары үшін – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің) нысаналы грант беру немесе кәсіпкер шеккен шығындарды өтеу міндеттемесі болып табылмайды.

      5. Нысаналы грант беру туралы мәселені қарау тәртібімен танысқанымды растаймын және келісемін, кейіннен Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалалары үшін – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне) талап-арыз қоймаймын.

      Басшы

      (дара кәсіпкер) _______________________ ______________________

       (қолы) (қолының толық жазылуы)

       М.О.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 19 сәуірдегі
№ 234 қаулысына
1-қосымша
  "Бизнестің жол картасы 2020"
бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасына
2-қосымша

ИИДМБ-ға сәйкес өңдеуші өнеркәсіптегі басым секторлардың тізбесі

ЭҚЖЖ коды

Атауы

1

2

Қара металлургия

24.10

Шойын, болат және ферроқорытпа өндірісі

24.20

Құбырлар, құбыржолдар, пішіндер, болаттан жасалған фитингтер өндірісі

24.31

Суықтай илеу (болат шыбық пен тұтас әзірлеме өндірісі)

24.32

Таспалар мен жіңішке жолақтарды суықтай илектеу

24.33

Суықтай пішіндеу немесе бүктеу

24.34

Суықтай созу әдісімен сымдар өндірісі

Түсті металлургия

24.41

Бағалы (асыл) металдар өндірісі

24.42

Алюминий өндірісі

24.43

Қорғасын, мырыш пен қалайы өндірісі

24.44

Мыс өндірісі

24.45

Өзге де түсті металдар өндірісі

Мұнай өңдеу

19.20

Мұнай және мұнай өнімдері

Мұнай-газ химиясы

20.14

Өзге де негізгі органикалық химиялық заттар өндірісі

20.16

Бастапқы нысандағы пластмассалар өндірісі

20.17

Бастапқы нысандағы синтетикалық каучук өндірісі

Тамақ өнімдерінің өндірісі

10.11

Етті өңдеу және консервілеу

10.12

Үй құсының етін өңдеу және консервілеу

10.13

Еттен және үй құсы етінен жасалған өнімдер өндірісі

10.20

Балықты, шаянтектестерді және ұлуларды өңдеу және консервілеу

10.31

Картопты өңдеу және консервілеу

10.32

Жеміс және көкөніс шырындарының өндірісі

10.39

Жемістер мен көкөністерді өңдеу мен сақтаудың өзге түрлері

10.41

Майлар мен тоң майлар өндірісі

10.42

Маргарин мен осыған ұқсас жануарлар тоң майларының өндірісі

10.51

Сүт өңдеу және ірімшік өндірісі

10.61

Ұн тарту-жарма өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі

10.62

Крахмал және крахмалдан жасалатын өнімдер өндірісі

10.71

Нан өндіру ісі; ұннан дайындалған жаңа пісірілген кондитерлік тағамдар, торттар мен тәтті тоқаштар өндірісі

10.72

Қатырлақ нан мен печенье өндірісі; ұзақ уақыт сақтауға арналған ұннан дайындалған кондитерлік бұйымдар, торттар, тәтті тоқаштар, бәліштер мен бисквиттер өндірісі

10.73

Макарон өнімдерінің өндірісі

10.81

Қант өндірісі

10.82

Какао, шоколад және қанты көп кондитерлік бұйымдар өндірісі

10.83

Шай және кофе өңдеу

10.85

Дайындалған тамақ өнімдері мен жартылай фабрикаттар өндірісі

10.86

Балалар тағамы мен емдәмдік тамақ өнімдерінің өндірісі

Агрохимия

20.15

Тыңайтқыштар мен құрамында азот бар қоспалардың өндірісі

20.20

Пестицидтердің және өзге агрохимиялық өнімдердің өндірісі

Өнеркәсіпке арналған химикаттар өндірісі 

20.11

Өнеркәсіптік газдардың өндірісі

20.12

Бояғыштар мен пигменттер өндірісі

20.13

Негізгі бейорганикалық қосылыстар өндірісі

20.30

Бояулар, лактар және ұқсас бояғыш заттар өндірісі

20.41

Сабын және жуатын, тазартатын және ысқылайтын заттар өндірісі

20.51

Жарылғыш заттар өндірісі

20.52

Желім өндірісі

20.53

Эфир майларының өндірісі

20.59

Өзге химиялық өнімдер өндірісі

20.60

Жасанды талшық өндірісі

Автокөлік құралдарының, олардың қосалқы бөлшектерінің өндірісі

29.10

Автокөлік құралдарын шығару

29.20

Автокөлік құралдарына арналған шанақтар, трейлерлер мен жартылай тіркемелер шығару

29.31

Автокөлік құралдары үшін электр және электронды жабдықтар шығару

29.32

Автокөлік құралдары мен олардың қозғалтқыштары үшін өзге де бөлшектер мен керек-жарақтарды шығару

30.99

Басқа топтамаларға қосылмаған өзге де көлік құралдары мен жабдықтарды шығару

Электр жабдығы

25.21

Радиаторлар және орталық жылыту қазандықтарының өндірісі

25.29

Өзге металл цистерналар, резервуарлар және контейнерлер өндірісі

25.30

Орталық жылыту қазандықтарынан басқа бу қазандықтары өндірісі

27.11

Электр моторлары, генераторлар және трансформаторлар өндірісі

27.12

Электр таратқыш және реттегіш аппаратура өндірісі

27.20

Батареялар мен аккумуляторлар өндірісі

27.31

Талшықты-оптикалық кәбіл өндірісі

27.32

Электр сымы мен кәбілдің басқа түрлерінің өндірісі

27.33

Электр аспаптарының өндірісі

27.40

Электр жарық беру жабдығының өндірісі

27.90

Басқа да электр жабдығы өндірісі

28.11

Авиациялық, автомобильдік және мотоциклдік қозғалтқыштардан басқа, қозғалтқыштар мен турбиналар өндірісі

28.25

Өнеркәсіптік тоңазытқыш және желдеткіш жабдығы өндірісі

Ауыл шаруашылығы техникасының өндірісі

28.30

Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы техникасының өндірісі

Теміржол техникасының өндірісі

30.20

Теміржол локомотивтері мен жылжымалы құрам өндірісі

Кен өндіру өнеркәсібіне арналған машиналар мен жабдықтар өндірісі

28.91

Металлургияға арналған машиналар мен құралдар өндірісі

28.92

Тау-кен өнеркәсібі, жерастын игеру және құрылыс үшін техника өндірісі

28.99

"28.99.1 Мұнай кәсіпшілігі және геологиялық-барлау бұрғылау жабдығы өндірісі" мен "28.99.2 Мұнай-газ өңдеуші құралдар өндірісін" қоспағанда, басқа топтарға қосылмаған арнайы мақсаттағы өзге де машиналар мен құралдар өндірісі

Мұнай өңдеуші және мұнай өндіруші өнеркәсіпке арналған машиналар мен жабдықтар өндірісі

28.12

Гидравликалық жабдық өндірісі

28.13

Өзге сорғылар, компрессорлар, тығындар мен клапандар өндірісі

28.14

Өзге крандар мен бұрандамалар өндірісі

28.29

Басқа топтарға енгізілмеген, жалпы мақсаттағы өзге машиналар мен жабдықтар өндірісі

28.99.1

Мұнай кәсіпшілігі және геологиялық-барлау бұрғылау жабдығы өндірісі

28.99.2

Мұнай-газ өңдеуші құралдар өндірісі

Құрылыс материалдарының өндірісі

16.21

Кілтек, шере, тақталар мен панельдер өндірісі

22.21

Пластмасса табақтар, шинаға арналған камералар және пішіндер өндірісі

22.23

Пластикалық құрылыс бұйымдарының өндірісі

23.11

Табақ шыны өндірісі

23.12

Табақ шыны жасау мен өңдеу

23.13

Іші қуыс шыны бұйымдарының өндірісі

23.14

Шыны талшық өндірісі

23.19

Өзге де шыны бұйымдарын өндіру мен өңдеу

23.20

Отқа төзімді бұйымдар өндірісі

23.31

Керамикалық жабындар мен плиталар өндірісі

23.32

Кірпіш, жабынқыш және күйдірілген саздан жасалған өзге де құрылыс заттарының өндірісі

23.42

Керамикалық гигиеналық сантехникалық жабдық өндірісі

23.43

Керамикалық электроқшаулағыштар мен оқшаулау арматурасының өндірісі

23.49

Өзге керамикалық бұйымдар өндірісі

23.51

Клинкерлерді қоса алғанда, цемент өндірісі

23.52

Әк пен құрылыс гипсінің өндірісі

23.61

Бетоннан құрылыс бұйымдарын өндіру

23.62

Құрылыс мақсаттары үшін гипстен жасалған бұйымдар өндірісі

23.63

Пайдалануға дайын бетон өндірісі

23.64

Құрғақ бетон қоспаларын өндіру

23.65

Асбест-цементтен және талшықты цементтен жасалған бұйымдар өндіру

23.69

Бетоннан, құрылыс гипсі мен цементтен жасалған өзге де бұйымдарды өндіру

23.70

Тасты кесу, өңдеу және әрлеу

23.99

Басқа топтамаларға енгізілмеген, өзге де металл емес минералды өнім өндіру

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 19 сәуірдегі
№ 234 қаулысына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы

      № 556 қаулысы.

      2. "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысының 2-тармағы.

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 және "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 368 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.

      4. "Облыстық бюджеттерге моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит берудің 2015 жылға арналған негізгі шарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 848 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы.

      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 және "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы 2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 1001 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.