РҚАО-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.
2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағының он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші абзацтарын, өзгерістер мен толықтыруларға 8-қосымшаның жиырма жетінші абзацын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 215 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулар
1. "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеудің ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 23 қаңтардағы № 82 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 3, 39-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеудің ережесінде:
1, 2, 3, 4, 7, 8, 12, 14, 15 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегі уәкiлетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) ақшалай өтемақы беру жөнiндегi уәкiлетті ұйым – банк немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ақшалай өтемақы алушы таңдап алған банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйым;
3) саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлетті орган – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшесі.
2. Заңның 22, 23, 26-баптарында көрсетiлген негiздер бойынша ақшалай өтемақы алуға құқығы бар азаматтар ақшалай өтемақы тағайындау үшiн тұрғылықты тұратын жерi бойынша ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкілетті ұйымға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
2) жеке басты куәландыратын құжат;
3) ақшалай өтемақы алуға құқығын растайтын құжат (прокуратура органдарынан немесе сот органдарынан ақталғаны туралы анықтама);
4) тұрғылықты тұратын жерiн растайтын құжат.
Ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегі уәкiлетті ұйым жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
3. Ақшалай өтемақы тағайындау үшiн қажеттi құжаттардың түпнұсқасы және салыстырып тексеру үшiн көшiрмелері аудандық (қалалық) ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдарға ұсынылады.
Салыстырып тексерілгеннен кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушiге қайтарылады.
Аудандық (қалалық) ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдардың жұмыскерлерi құжаттардың көшiрмелерiн куәландырады, iстердi қалыптастырады, 2-қосымшаға сәйкес саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы тағайындау туралы шешiмдердiң жобаларын дайындап, оларды бес жұмыс күні ішінде облыстық, Астана және Алматы қалаларының ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкілеттi органдарына жібередi.
4. Облыстық, Астана және Алматы қалаларының ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдары iстерді және ақшалай өтемақы тағайындау туралы шешiмдердің жобаларын бес жұмыс күні ішінде саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегi тиiстi уәкiлеттi органға жібереді.";
"7. Саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегi уәкілеттi орган облыстық, Астана және Алматы қалаларының ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдарынан құжаттар мен шешiмдер жобалары келiп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы тағайындау не оны тағайындаудан бас тарту жөнiнде шешiм қабылдайды және iс пен бұл шешiмдердi белгiленген тәртіппен ақшалай өтемақы төлеу жөніндегі аудандық (қалалық) уәкiлеттi ұйымдарға бередi.
Ақшалай өтемақы тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешiмге саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегі уәкiлеттi органның басшысы (не оның мiндетiн атқарушы адам) қол қояды.
Ақшалай өтемақы тағайындаудан бас тартылған жағдайда саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган оны тағайындаудан бас тартудың себебiн жазбаша уәждейдi және облыстық, Астана және Алматы қалаларының ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдары арқылы тиiстi құжаттарды өтiнiш иесiне бepу үшiн аудандық (қалалық) ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегі уәкiлетті органдарға қайтарып бередi.
8. Айлық есептiк көрсеткiш өзгерген кезде ақшалай өтемақы сомасын қайта есептеуді аудандық (қалалық) ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйым жүргізеді, ол облыстық, Астана және Алматы қалаларының ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдары арқылы саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегі уәкілетті органға тиiсті шешiмнің жобасын бекітуге жiбередi. Саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегі уәкілетті орган ақшалай өтемақыны есептеудiң дұрыстығын тексередi және үш жұмыс күні ішінде ақшалай өтемақыны бекiтедi не оны қайта есептеу жөнiнде шешiм шығарады.";
"12. Аудандық (қалалық) ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгi көрсеткен күнге және саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы тағайындау жөнiндегi уәкілеттi ұйымдар шешiмдерiнiң негiзiнде ақшалай өтемақы алушылардың тiзiмiн жасайды және оны облыстық, Астана және Алматы қалаларының ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкілеттi ұйымдарына ұсынады.";
"14. Ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйым Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгi айқындаған мерзiмде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгiне ақшалай өтемақы төлеуге қажеттi қаражаттың қажеттілігі туралы ақпарат береді.
15. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгiнiң мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша тиiстi жылға арналған қаржыландыру жоспарларына сәйкес бөлінген сомалар шегiнде ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйымның банктік шотына қаражат аударады.";
"20. Бөлiнген трансферттер бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгi мен ақшалай өтемақы төлеу жөнiндегі уәкiлетті ұйымның арасында ай сайын салыстырып тексеру актісi жасалады.";
көрсетілген Ережеге 1 және 2-қосымшалар осы өзгерістер мен толықтыруларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 21.08.2020 № 530 қаулысымен.3. "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеудiң және оларға куәлік берудің кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы № 110 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 6, 49-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу және жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру ережесінде:
1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйым – өтемақы төлеудi жүзеге асыратын ұйым ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы);";
көрсетілген Ережеге 1-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрыштағы "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу ережесiне 1-қосымша" деген сөздер "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу және жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру ережесiне 1-қосымша" деген сөздермен ауыстырылсын;
сегізінші абзацтың үшінші жолындағы "(құжаттарды қабылдаған адамның лауазымы, Т.А.Ә.)" деген сөздер "(құжаттарды қабылдаған адамның лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса))" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген Ережеге 2-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрыштағы "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу ережесiне 2-қосымша" деген сөздер "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу және жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру ережесiне 2-қосымша" деген сөздермен ауыстырылсын;
кестенің екінші бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә. (бар болса), туған жылы";
көрсетілген Ережеге 3-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрыштағы "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу ережесiне 3-қосымша" деген сөздер "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу және жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру ережесiне 3-қосымша" деген сөздермен ауыстырылсын;
кестенің екінші бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә. (бар болса)";
көрсетілген Ережеге 4-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрыштағы "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу ережесiне 4-қосымша" деген сөздер "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу және жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру ережесiне 4-қосымша" деген сөздермен ауыстырылсын;
кестенің екінші бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"Өтініш берушінің Т.А.Ә. (бар болса)";
көрсетілген Ережеге 5-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрыштағы "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу ережесiне 5-қосымша" деген сөздер "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу және жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру ережесiне 5-қосымша" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы "(тегi, аты, әкесiнiң аты, санаты (зейнеткер, мемәлеуметжәрдемақы алушы/жұмыс iстейтiн, жұмыс iстемейтiн)" деген сөздер "(тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), санаты (зейнеткер, мемәлеуметжәрдемақы алушы/жұмыс iстейтiн, жұмыс iстемейтiн)" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген Ережеге 6-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрыштағы "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу ережесiне 6-қосымша" деген сөздер "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу және жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру ережесiне 6-қосымша" деген сөздермен ауыстырылсын;
кестенің екінші бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"Өтiнiш берушінің Т.А.Ә. (бар болса)";
көрсетілген Ережеге 6-1-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрыштағы "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу ережесiне 6-1-қосымша" деген сөздер "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу және жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру ережесiне 6-1-қосымша" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші жолдағы "Әкесінің аты" деген сөздерден кейін "(бар болса)" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген Ережеге 7-қосымша осы өзгерістер мен толықтыруларға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
көрсетілген Ережеге 8-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрыштағы "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу ережесiне 8-қосымша" деген сөздер "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу және жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру ережесiне 8-қосымша" деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші абзацтың үшінші жолындағы "(құжаттарды қабылдаған адамның қолы, лауазымы, Т.А.Ә.)" деген сөздер "(құжаттарды қабылдаған адамның қолы, лауазымы, Т.А.Ә. (бар болса))" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген Ережеге 9-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрыштағы "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу ережесiне 9-қосымша" деген сөздер "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу және жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру ережесiне 9-қосымша" деген сөздермен ауыстырылсын;
кестенің екінші бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)".
4. "Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 571 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 39, 495-құжат):
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді жүзеге асыру қағидалары осы өзгерістер мен толықтыруларға 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
5. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 33, 503-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 1) тармақшамен толықтырылсын:
"1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";
1) тармақша 1-1) тармақша болып есептелсін;
9) тармақша алып тасталсын;
23-тармақ алып тасталсын.
6. "Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда, судьялар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою және бюджетке аудару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 838 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 49, 684-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда, судьялар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою және бюджетке аудару қағидалары осы өзгерістер мен толықтыруларға 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
7. "Толық маусым ішіндегі жұмыс зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін бір жылғы жұмыс еңбек өтіліне есептелетін өнеркәсiптiң маусымдық салаларының тiзiмiн және Уәкiлеттi ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерін бiр жарым есе мөлшерде тағайындауға еңбек өтілін жеңілдікпен есептеу үшін сот-медициналық сараптаманы және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыстар тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 865 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 50, 705-құжат):
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Толық маусым ішіндегі жұмыс жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін бір жылғы жұмыс өтіліне есепке алынатын өнеркәсiптiң маусымдық салаларының тiзiмiн және Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін бiр жарым есе мөлшерде тағайындауға еңбек өтілін жеңілдікпен есептеу үшін сот-медициналық сараптаманы және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыстар тiзбесiн бекiту туралы";
1-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Толық маусым ішіндегі жұмыс жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін бір жылғы жұмыс өтіліне есепке алынатын өнеркәсiптiң маусымдық салаларының тiзiмi;
2) Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін бір жарым есе мөлшерде тағайындауға еңбек өтілін жеңілдікпен есептеу үшін сот-медициналық сараптаманы және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыстар тізбесі бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Толық маусым ішіндегі жұмыс зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін бір жылғы жұмыс еңбек өтіліне есепке алынатын өнеркәсiптiң маусымдық салаларының тiзiмiнде:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Толық маусым ішіндегі жұмыс жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін бір жылғы жұмыс өтіліне есепке алынатын өнеркәсiптiң маусымдық салаларының тiзiмi";
Уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерін бiр жарым есе мөлшерде тағайындауға еңбек өтілін жеңілдікпен есептеу үшін сот-медициналық сараптаманы және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыстар тiзбесi осы өзгерістер мен толықтыруларға 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
8. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 984 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 56, 771-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларында:
7, 8, 11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасасу (қосылу шарты) БЖЗҚ-ның интернет-ресурсында орналастырылатын БЖЗҚ-ның ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша міндетті зейнетақы жарналары салымшысының міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу жөнінде жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішке қол қоюы арқылы жүзеге асырылады.
8. БЖЗҚ "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясынан (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жөніндегі мәліметтердің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне (бұдан әрі – бірыңғай тізім) енгізілгені туралы электрондық хабарламаны алған күннен бастап міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылған болып есептеледі.";
"11. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу (қосылу шарты) БЖЗҚ-ның интернет-ресурсында орналастырылатын БЖЗҚ-ның ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу жөнінде жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішке агенттің және өзі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғаның қол қоюы арқылы жүзеге асырылады.
12. БЖЗҚ Мемлекеттік корпорациядан міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жөніндегі мәліметтердің бірыңғай тізімге енгізілгені туралы электрондық хабарламаны алған күннен бастап агент және өзі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлға міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылған болып есептеледі.".
9. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларын және зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 58, 791-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларында және зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ) – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері (бұдан әрі – зейнетақы төлемдері) – зейнетақы төлемдерін алушыларға төленетін зейнетақы жинақтарының төлемдері;
4) зейнетақы жинақтары – шарттарға, Заңға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және ерiктi зейнетақы жарналарын, инвестициялық табысты, өсiмпұлды және өзге де түсiмдердi қамтитын, салымшының (зейнетақы төлемдерiн алушының) жеке зейнетақы шотында есепке алынатын ақшасы;
5) зейнетақы төлемдерін алушы (бұдан әрі – алушы) – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар жеке тұлға.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Алушылар Заңның 31-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында, 32-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адамдар болып табылған жағдайда, БЖЗҚ Мемлекеттік корпорация мен БЖЗҚ арасында жасалған шарт (бұдан әрі – Шарт) шеңберінде Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен немесе веб-сервис арқылы растайтын мәліметтерді сұратады.
Алушыда мерзімсіз бірінші немесе екінші топтағы белгіленген мүгедектіктің болуы туралы мәліметтерге растау болмаған жағдайда БЖЗҚ алушы өтініш берген күні БЖЗҚ-ның ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бере отырып, өтінішті қабылдаудан бас тартады, онда бас тарту себебі көрсетіледі.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Зейнетақы төлемдері өтініш берілген күннен бастап белгіленеді және зейнетақы жинақтары біткенше төленеді.
БЖЗҚ осы Қағидаларда көзделген ережелерді ескере отырып, жыл сайын белгіленген кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшерін қайта есептеуді дербес жүргізеді.";
7-тармақ алып тасталсын;
13-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) мұрагерлік құқығы туралы куәліктің түпнұсқасын немесе нотариат куәландырған көшірмесін не мұраға берілетін мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасын немесе нотариат куәландырған көшірмесі не заңды күшіне енген сот шешімін;".
10. "Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 60, 828-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері осы өзгерістер мен толықтыруларға 8-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
11. "Міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 255 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 22, 168-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
3) еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын қызметкер (бұдан әрі – қызметкер) – жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және жұмысты еңбек шарты бойынша тікелей орындайтын, кәсіптері өндірістердің, жұмыстардың, қызметкерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын жеке тұлға;
4) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
5) зиянды (ерекше зиянды) еңбек жағдайлары – белгілі бір өндірістік факторлардың әсері қызметкердің еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне немесе сырқаттануына не оның ұрпақтарының денсаулығына теріс ықпалы болуына әкеп соқтыратын еңбек жағдайлары;
6) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары – еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын, кәсіптері өндірістердің, жұмыстардың, қызметкерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген қызметкерлердің пайдасы үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына агенттер меншікті қаражаты есебінен аударған ақша;
7) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт – төлеу жөніндегі агент (алушы) талаптарын ұсынылған шартқа тұтастай қосылу арқылы ғана қабылдай алатын қосылу шарты;
8) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агент (бұдан әрі – агент) – еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын қызметкерлердің пайдасы үшін өзінің меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын жұмыс беруші;
9) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау – өндірістік объектілерді (өндірістік қызметті жүзеге асыратын цехтарды, учаскелерді, жұмыс орындарын, сондай-ақ жұмыс берушілердің бөлек тұрған өзге де бөлімшелерін) оларда орындалатын жұмыстар қауіпсіздігінің жай-күйін, зияндылығын, ауырлығын, қауырттығын, еңбек гигиенасын айқындау және өндірістік орта жағдайларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтерге сәйкестігін айқындау мақсатында бағалау жөніндегі қызмет.";
10 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, оның ішінде берешекті аудару экономика секторларының кодтарын қолдану және төлемдерді тағайындау тәртібіне сәйкес айқындалатын төлемдерді тағайындау кодтары көрсетіле отырып, Мемлекеттік корпорацияның банк шотына жүргізіледі.";
"13. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Мемлекеттік корпорацияға ақша аударуды Қазақстан Республикасының төлем жүйелерінде қолданылатын форматтарға сәйкес жеке тұлғалардың тізімдерімен бірге электрондық төлем тапсырмаларымен жүргізеді.".
12. "Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 341 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 27, 217-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау қағидалары осы өзгерістер мен толықтыруларға 9-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!13-тармақтың күшін жою көзделген – ҚР Үкіметінің 15.06.2023 № 472 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
13. "Әскери қызметшiлердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын қайтару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 974 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери қызметшiлердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын қайтару қағидалары осы өзгерістер мен толықтыруларға 10-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға 1-қосымша |
|
Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеудің ережесіне 1-қосымша |
Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау және әлеуметтік даму
министрлігінің Еңбек, әлеуметтік
қорғау және көші-қон комитеті
аумақтық бөлімшесінің
басшысы _______________________
Өтiнiш
Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбаны ретiнде маған біржолғы ақшалай өтемақы тағайындауыңызды сұраймын
Тегi _____________________________________________________________
Аты ______________________________________________________________
Әкесiнiң аты (бар болса) _________________________________________
Туған күні ______ ж. "___" ______________________
Мекенжайы_________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжаттың түрi ___________________________
(құжаттың түрiн көрсету)
Сериясы _________ Нөмiрi ___________ кiм берді ___________
Зейнетақы, мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша, жасына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы, мемлекеттік арнайы жәрдемақы, арнайы мемлекеттiк жәрдемақы аламын
__________________________________________________________________
(қажеттісінің астын сызу)
Бiржолғы ақшалай өтемақының бiр бөлiгiн немесе толық мөлшерiн бұрын басқа республикада алғаны-алмағаны (жоқ, иә; алған болса, қандай негiзде алғанын көрсету)
Ақтау туралы анықтаманың нөмiрi және оның берiлген күні
__________________________________________________________________
Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбаны ретiнде біржолғы ақшалай өтемақы тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Күні ________________________
Өтінiш берушінің қолы _______________
Өтінiш қабылданды (күнi) ___________________
Өтiнiштi қабылдаған маманның Т.А.Ә. (бар болса)_______________
Қолы ____________________________
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға 2-қосымша |
|
Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеудің ережесіне 2-қосымша |
Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбанына ақшалай өтемақы тағайындау туралы шешім
20__ж. _____ № ______
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің
______________ облысы (қаласы) бойынша департаменті
Азамат _________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнің аты (бар болса)
Жынысы ____ Туған күнi _______________
Ақтау туралы анықтаманың берiлген күнi ____________________
Ақтау туралы анықтаманы берген органның атауы
__________________________________________________________________
________________________________ берiлген № ________ ақтау туралы
(тегi, аты, әкесiнің аты (бар болса)
анықтамаға сәйкес
Бас бостандығынан айыру орындарында, психиатриялық мекемелерде, арнайы қоныстарда болған уақыты, сондай-ақ еркiндігi шектелген жағдайда мәжбүрлi еңбекке тартылған (оның ішінде "еңбек армиясы", "НКВД жұмысшылар колоннасы" деп аталатындарда болған) уақыты 19__ж._____ - 19__ж.__________ аралығын құрайды.
Бас бостандығынан айыру орындарында, психиатриялық мекемелерде, арнайы қоныстарда болған толық айлардың саны, сондай-ақ еркіндігi шектелген жағдайда мәжбүрлi еңбекке тартылған (оның ішінде "еңбек армиясы", "НКВД жұмысшылар колоннасы" деп аталатындарда) уақыты
_________________________________________________құрайды
(жазумен)
Есептелген сома ___________________________________________
(жазумен)
Осы сома төленетiн айлардың саны көрсетiлген ағымдағы жылы төленуге жататын сома
__________________________________________________________________
(жазумен)
Осы сома келесi екi жылда төленуге тиiс айлардың саны көрсетiлген төленуге жататын қалған сома
__________________________________________________________________
(жазумен)
M.О. Департамент басшысы _____________________ ________________
(қолы) (тегі)
Тағайындау жөнiндегi маман ____________________ _______________
(қолы) (тегі)
Шешім жобасын дайындаған:
M.O. Мемлекеттік корпорация
бөлімшесінің бастығы ___________ ___________________________
(қолы) (тегі)
Мемлекеттік корпорация
бөлімшесінің маманы ___________ ____________________________
(қолы) (тегі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға 3-қосымша |
Өтiнiш
Ескерту. 3-қосымшаның күші жойылды – ҚР Үкіметінің 21.08.2020 № 530 қаулысымен.
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы тағайындау туралы шешiм
20 ____ ж. "___" ____________ № ______
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің _________ облысы (қаласы) бойынша департаменті, өтемақы алушы ісінің № ______
Азамат _____________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), санаты (зейнеткер, мемәлеуметжәрдемақы алушы/жұмыс iстейтiн, жұмыс iстемейтiн)
Жынысы ______________ Туған күнi 19___ж. "__" _________
1. "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес:
__________ радиациялық қатер аймағында 19___ж. бастап 19___ж. дейiн тұрған кезең үшiн ________ теңге сомасында (АЕК-пен_____)
__________ радиациялық қатер аймағында 19 __ж. бастап 19___ж. дейiн тұрған кезең үшiн ________ теңге сомасында (АЕК-пен_____)
__________ радиациялық қатер аймағында 19___ ж. бастап 19__ж. дейiн тұрған кезең үшін _________ теңге сомасында (АЕК-пен_____)
__________ радиациялық қатер аймағында 19___ ж. бастап 19___ж. дейiн тұрған кезең үшiн ________ теңге сомасында (АЕК-пен_____)
__________ радиациялық қатер аймағында 19___ж. бастап 19___ж. дейiн тұрған кезең үшiн__________ теңге сомасында (АЕК-пен_____) бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы (бұдан әрі – өтемақы) тағайындалсын.
Тағайындалған өтемақы сомасының жиыны: _____ теңге ______ тиын (АЕК-пен____)
2. Төленген өтемақының сомасы (оның iшiнде теңгерiмнен тыс арнайы шотқа аударылғаны)
жылы ___________ теңге (АЕК-пен________)
жылы ___________ теңге (АЕК-пен _______)
3. Төленетiн өтемақының қалған сомасы (төленген (теңгерiмнен тыс арнайы шотқа нақты аударылған) өтемақыны шегергенде).
жылы _____________________________ ______ теңге (АЕК-пен_____)
(сомасы жазумен, теңге)
4. Өтемақы тағайындаудан бас тартылсын
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(бac тарту негiздемесi)
Тексерiлдi және бекiтiлдi:
M.O. Департамент директоры ______________ _________________________
(қолы) (тегі)
Зейнетақы және жәрдемақы
тағайындау жөніндегі
бөлімнің бастығы ______________ __________________________
(қолы) (тегі)
Тағайындау жөнiндегi маман ______________ _________________________
(қолы) (тегі)
Шешiм жобасын дайындаған:
M.O. Мемлекеттік корпорация
бөлімшесінің бастығы ______________ __________________________
(қолы) (тегі)
Мемлекеттік корпорация
бөлімшесінің маманы ______________ __________________________
(қолы) (тегі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға 5-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 571 қаулысымен бекітілген |
Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті жүзеге асыру қағидалары
Осы Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 945-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау және жүзеге асыру тәртібін регламенттейді.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек – банкроттық салдарынан таратылған және қызметкерлердің өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиян үшін жауапты деп танылған заңды тұлғалардың бұрынғы қызметкерлеріне және бұрынғы қызметкердің қайтыс болуы салдарынан зардап шеккен адамдар (бұдан әрі – зардап шеккен адамдар) – Қазақстан Республикасының азаматтарына зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан (зардап шеккен адам 70 жасқа жеткен, бірақ заңды тұлға банкрот деп танылған күннен бастап 10 жыл (120 ай) өткеннен ерте емес) кейін жүзеге асырылатын ақшалай төлемдер;
3) ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек беру жөніндегі уәкілетті ұйым – банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;
4) ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық органдары;
5) әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
6) істің электрондық макеті (бұдан әрі – ІЭМ) – Мемлекеттік корпорация қалыптастыратын ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті алушы ісінің электрондық макеті;
7) капиталдандыру кезеңі – капиталдандыру жүргізілген, сот не тарату комиссиясы бекіткен құжатта (сот актісі, кредиторлар тізілімі, анықтама-есеп) көрсетілген кезең;
8) капиталдандырылған төлемдер сомасы – зардап шеккен адамға ақшалай түрде төленген не борышкердің мүлкі есебінен заттай түрінде өтелген, сот актісінде (актілерінде), кредиторлар тізілімінде, анықтама-есепте көрсетілген сома;
9) Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелері – Мемлекеттік корпорацияның қалалық және аудандық бөлімшелері;
10) Мемлекеттік корпорацияның филиалдары – Мемлекеттік корпорацияның облыстық, Астана, Алматы қалаларындағы филиалдары;
11) Орталықтандырылған дерекқор (бұдан әрі – ОДҚ) – ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті алушылардың орталықтандырылған дерекқоры;
12) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.
2. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындауға жүгіну тәртібі
2. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар адамдар тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындауға өтінішті және сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.
3. Өтініш қабылданған кезде жеке басты куәландыратын құжат туралы, тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның мамандары "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер) алады.
Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) жеке басты куәландыратын құжаттың (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі) көшірмесі;
2) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу бөлімінің анықтамасы);
3) ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек беру жөніндегі уәкілетті ұйымда ашылған банк шотының нөмірі туралы немесе қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы мәліметтер;
4) капиталдандыру кезеңі, зиянды өтеу бойынша капиталдандырылған төлемдердің сомасы туралы мәліметтерді қамтитын, капиталдандырылған сомаларды алуға құқықты растайтын сот актісі (актілері):
капиталдандырылған төлемдер сомаларын мемлекеттен алу кезінде – зиянды өтеу есебіне капиталдандырылған төлемдерді төлеу жөніндегі жауапкершілікті мемлекетке жүктеу туралы заңды күшіне енген шешім (қаулы, ұйғарым);
таратылған заңды тұлғаның мүлкі есебінен капиталдандырылған сомаларды алу кезінде – бірінші кезектегі әрбір кредит алушы бойынша таратып жазылған материалдарды қамтитын конкурстық басқарушының қорытынды есебінің бекітіліп, конкурстық іс жүргізудің аяқталғаны туралы ұйғарым (шешім).
Капиталдандырылған сомаларды алуға құқықты соттың не капиталдандыру кезеңі, зиянды өтеу жөніндегі капиталдандырылған төлемдер сомасы туралы мәліметтерді қамтитын мемлекеттік архивтің архив құжатымен растауға болады.
Зардап шеккен адамның мәртебесіне байланысты:
денсаулықты зақымдау арқылы келтірілген зиянды өтеу кезінде – әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу туралы анықтама;
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 940-бабының
3-тармағына сәйкес мүгедектік мерзіміне зиян өтелетін қызметкердің қайтыс болуы салдарынан зардап шеккен мүгедекке зиянды өтеу кезінде – өтініш берушіге мүгедектік белгілеу туралы мәліметтер мүгедектердің орталықтандырылған дерекқорынан сұратылады.
Мүгедектердің орталықтандырылған дерекқорында мәліметтер болмаған жағдайда өтінішке мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Капиталдандырылған сомаларды алуға құқықты растайтын сот актісінде не архив құжатында кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу немесе мүгедектік дәрежесін белгілеу туралы мәліметтер болған жағдайда жеке анықтама ұсыну талап етілмейді.
Іс-әрекетке қабілетсіз, іс-әрекет қабілеті шектеулі немесе қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа мұқтаж адамдарға ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау үшін өтінішті және қажетті құжаттарды олардың заңды өкілдері береді.
Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау үшін өтінішті Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша үшінші тұлғалар береді.
4. Өтініш беруші ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау үшін жүгінген кезде өтініш берушіде төлемді тағайындау немесе оны тағайындауға өтініш беру фактісінің болуын тексеру жүзеге асырылады.
Өтінішті қабылдаған маман өтініш берушіден ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қабылданатын құжаттар топтамасының толықтығын, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтерді тексереді, сканерлеу сапасын және құжаттардың электрондық көшірмелерінің өтініш беруші осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес ұсынған тұпнұсқаларға сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінен тиісті төлемді тағайындау фактісін растайтын мәліметтер алынған кезде, сондай-ақ өтініш беруші құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған немесе ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындауға құқығы болмаған жағдайда өтініш берушіге кідіртпестен әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.
Құжаттардың электрондық көшірмелері Мемлекеттік корпорация маманының ЭЦҚ-мен куәландырылады.
5. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау туралы өтініш Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесінде әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша азаматтардың тағайындау туралы өтініштерін тіркеудің электрондық журналында тіркеледі.
6. Өтініш берушіден құжаттардың қабылданғаны туралы өтініш берушіге қолхат беріледі.
3. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
7. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі үш жұмыс күні ішінде ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмектің мөлшерін есептей отырып, ІЭМ-ді және ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі шешімнің жобасын қалыптастырады.
Қалыптастырылған ІЭМ ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау үшін Мемлекеттік корпорацияның филиалы арқылы уәкілетті органға жіберіледі.
Мемлекеттік корпорацияның филиалы екі жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды, ІЭМ-ді ресімдеудің және ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті есептеудің дұрыстығын тексереді.
8. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті есептеу әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
9. Уәкілетті орган келіп түскен ІЭМ-ді қарайды және бес жұмыс күні ішінде әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
Егер ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау үшін қосымша құжаттарды ІЭМ-ге қосып тіркеу қажеттігі анықталса, уәкілетті орган ІЭМ-ді Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша хабарламамен қайтарады. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі хабарлама келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қосымша құжаттарды жиырма бес жұмыс күні ішінде ұсыну қажеттігі туралы өтініш берушіні хабардар етеді. Жете рәсімдеу мерзімі отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Егер отыз жұмыс күні ішінде талап етілген құжаттар ұсынылмаса, уәкілетті орган қолда бар құжаттар бойынша ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім шығарады.
Кейіннен барлық қажетті құжаттармен қайта жүгінген күн өтініш білдірген күн болып есептеледі.
10. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылданған кезде Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша хабарламалар журналына тіркей отырып, оны өзі жүгінген кезде өтініш берушіге береді және өтініш берушінің ұялы телефонына sms-хабар жіберу арқылы өтініш берушіні хабардар етеді. Sms-хабарлар әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша sms-хабарлар журналында тіркеледі.
11. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмектің мөлшерлерін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жыл сайын арттырады және әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі дайындаған электрондық шешім жобасы түрінде қалыптастырады.
12. Алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні өзгерген кезде ОДҚ-да автоматты режимде өзгерістер жүргізіледі.
13. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар тұлға ісінің әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша қағаз түріндегі нұсқасын қалыптастыру үшін Мемлекеттік корпорацияның маманы ІЭМ-ді басып шығарады.
4. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу тәртiбi
14. Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінен келген адамдар ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті алушының қағаз түріндегі ісіне сұрау салу үшін әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне өтініш береді. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті алушының қағаз түріндегі ісіне сұрау салуды өтініш берушінің бұрынғы тұрған жері бойынша жүзеге асырады.
15. Егер заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, басқа елдерден Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген, бұрын Қазақстан Республикасында ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек тағайындалған адамдар әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өтінішті және осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.
16. Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген, бұрын Қазақстан Республикасында ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек тағайындалған адамдарға Қазақстан Республикасында бұрын тағайындалған ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кеткен кезінде белгіленген мөлшерде қалпына келтіріледі не оның қалауы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтініш берілген күннен бастап жаңа тағайындау рәсімі жүргізіледі.
Егер кеткен кезеңінде ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті арттыру жүргізілген болса, оның мөлшері осы арттыру ескеріле отырып белгіленеді.
17. Қазақстан Республикасының басқа өңірлеріне кеткен ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті алушының қағаз түріндегі ісі Мемлекеттік корпорацияның басқа бөлімшелерінің сұрау салуы бойынша әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша анықтама-аттестатпен қоса жіберіледі.
18. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кетушілерге ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті төлеу ішкі істер органдарынан тіркеуден шығарылған айды қоса алғанда жүргізіледі.
5. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті жүзеге асыру тәртібі
19. Мемлекеттік корпорация уәкілетті органның ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау туралы шешімдерінің негізінде ай сайын төлемге бюджет қаражатының қажеттілігін қалыптастырады және әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органға төлем айының алдындағы айдың 25-күнiне қарай ұсынады.
20. Әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган тиісті кезеңге арналған төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары шегінде төлеуге қажетті бюджет қаражаты туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жібереді.
21. Әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган төлемге бюджет қаражатының қажеттілігіне сәйкес төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарында есепті кезеңге көзделген сомалар шегінде Мемлекеттік корпорацияға бюджет қаражатын аударуды жүзеге асырады.
22. Төлейтін айға қажеттілік қалыптастырылғаннан кейін пайда болған сомалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес одан кейінгі айға қосылуға тиіс.
23. Мемлекеттік корпорация бюджет қаражатын алысымен төлеу кестесіне сәйкес ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті төлеуге төлем тапсырмаларын, сондай-ақ ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмектен ұстап қалуларды қалыптастырады.
24. Мемлекеттік корпорация ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті төлеуді:
1) ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банк шоттарына есептеу;
2) "Қазпошта" акционерлік қоғамының бөлімшелері арқылы алушылардың үйлеріне жеткізіп беру арқылы жүргізеді.
Алушының банк шотының нөмірі, төлеу тәсілі, алушының (қамқоршының) тұрғылықты жері өзгерген жағдайда алушылар (қамқоршылар) Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне тиісті өзгерістерді растайтын құжаттармен қоса осы өзгерістер туралы өтініш береді.
25. Алушыларға ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті төлеу бойынша өзара іс-қимыл жасау Мемлекеттік корпорация, банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында жасалған шарттарда регламенттеледі.
26. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті төлеумен байланысты банк қызметтеріне ақы төлеу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
27. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша уәкiлеттi орган шешімінің негізінде:
1) ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйым ұсынатын алушының банк шоты бойынша үш және одан да көп ай бойы шығыс операцияларының болмауы туралы;
2) іздестірудегі адамдардың хабар-ошарсыз кету фактісінің, оның ішінде ақпараттық жүйелерден анықталғаны туралы;
3) ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті алушылардың Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге тұрақты тұруға кету фактісінің, оның ішінде ақпараттық жүйелерден анықталғаны туралы мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті төлеуді тоқтата тұрады.
Көрсетілген фактілер жойылған жағдайда ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек осы Қағидалардың 29-тармағында көзделген тәртіппен қалпына келтіріледі.
28. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша уәкiлеттi орган шешімінің негізінде:
1) ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті алушының қайтыс болғаны туралы, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтер;
2) ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті алушының ішкі істер органдарындағы тіркеуден шығарылғанын растайтын құжатты бере отырып, ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті төлеуді тоқтату туралы өтініші келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті төлеуді тоқтатады.
29. Төлемді қалпына келтіру үшін негіздеме болып табылатын мән-жайлар басталған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның электрондық шешім жобасымен қоса, жаңадан ұсынылған құжаттармен толықтырылған ІЭМ-ді дайындауы және оны уәкілетті органның бекітуі тоқтатыла тұрған күннен бастап не қалпына келтіруге құқық басталған күннен бастап жүргізіледі.
30. Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің қызметкерлері күн сайын ОДҚ-да қайтыс болу, кету фактілері туралы, төлемді тоқтата тұру немесе алып тастау, төлемді қалпына келтіру, сондай-ақ алушылардың қайтыс болуына, кетуіне, төлемді тоқтата тұруға байланысты қажеттілік сомаларын азаю жағына қарай түзету жөніндегі негіздемені, іс-әрекетті белгілей отырып, ұстап қалу сомалары туралы жазбалар жасайды.
31. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмектің артық есептелген (төленген) сомаларын қайтару:
1) алушының өтiнiшi бойынша;
2) Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі хатының негізінде жүзеге асырылады.
Бұл ретте Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі төлемдерді республикалық бюджет кірісіне аудару үшін Мемлекеттік корпорацияға қайтарудың негізділігін растайтын қажетті құжатты (алушының қайтыс болғаны не Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кеткені туралы, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтерді) қоса бере отырып, ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек беру жөніндегі уәкілетті ұйымға хат ұсынады;
3) соттың шешімі бойынша жүзеге асырылады.
32. Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмектің сомалары қате аударылған жағдайларда Мемлекеттік корпорация ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек беру жөніндегі уәкілетті ұйымға Мемлекеттік корпорация мен ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек беру жөніндегі уәкілетті ұйым арасындағы шартта белгіленген нысан бойынша және тәсілмен төлем тапсырмасын кері қайтару немесе нұсқаудың орындалуын тоқтата тұру туралы ақпарат жолдайды.
Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек беру жөніндегі уәкілетті ұйым қате аударым не кері қайтару немесе нұсқаудың орындалуын тоқтата тұру туралы ақпараттың негізінде Қазақстан Республикасының ақша төлемі мен аударымы туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ақшаны Мемлекеттік корпорацияға қайтаруды жүзеге асырады не нұсқаудың орындалуын тоқтата тұрады.
33. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелеріне қатысы жоқ себептер бойынша алушыларға артық аударылған (төленген) ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек сомаларын есептен шығару үшін Мемлекеттік корпорация борышкердің қайда екенінің белгісіз болуына немесе мұрагерлердің болмауына байланысты сомаларды қайтарудың мүмкін еместігі туралы ұйғарым шығару үшін сот органдарына жүгінеді.
Мемлекеттік корпорация артық аударылған (төленген) сомаларды есептен шығаруды сот қаулыларының негізінде есептен шығару актісі бойынша жүргізеді.
6. Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерiнде ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу тәртiбi
34. Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесiндегі ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар адамға ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек өтiнiштің және қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесі орналасқан жердегi Мемлекеттік корпорацияның бөлiмшесiне қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің әкiмшiлiгi ұсынатын, осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген құжаттардың негiзiнде тағайындалады.
35. Егер адам қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесiне орналастырылған кезде ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті алушы болып табылса, қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесi орналасқан жердегi Мемлекеттік корпорация төлемді қылмыстық-атқару жүйесі мекемесiнiң әкiмшiлiгi осы Қағидалардың 13 және 17-тармақтарына сәйкес ұсынған көрсетiлген адамның өтiнiшi негiзiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
36. Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесі орналасқан жердегі Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті алушының қағаз түріндегі ісін алғаннан кейін оны ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті аудару үшін қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шотының деректемелерін көрсете отырып есепке қояды.
7. Мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерде ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті төлеу тәртiбi
37. Қамқоршы Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекке құқығы бар адамды іс-әрекетке қабілетсіз (іс-әрекеті шектеулі) деп тану туралы соттың шешімін не қорғаншылық органының шешімін және қамқоршылықты растайтын құжатты ұсынады.
Мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекеме орналасқан жердегi Мемлекеттік корпорацияның бөлiмшесi осы Қағидалардың 13 және 17-тармақтарына сәйкес ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті төлеудi жүзеге асырады.
Соттың шешімімен іс-әрекетке қабілетсіз, іс-әрекет қабілеті шектеулі деп танылған және қорғаншылыққа мұқтаж, мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын адамдарға ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті төлеу мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде өтініш тіркелген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады және тіркелген айдың аяғына дейін төленеді.
38. Іс-әрекетке қабілетсіз, іс-әрекет қабілеті шектеулі және қорғаншылыққа мұқтаж, медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын адамдарға ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек ай сайынғы әлеуметтік көмек түрінде әлеуметтік көмек беру жөніндегі уәкілетті ұйымда ашылатын олардың банк шоттарына аударылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға 6-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 838 қаулысымен бекітілген |
Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда, судьялар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою және бюджетке аудару қағидалары
1. Осы Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған
жағдайда, судьялар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы
жарналарының сомаларын алып қою және бюджетке аудару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылғанда жағдайда, судьялар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою және бюджетке аудару тәртібін айқындайды.
2. Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған кезде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да
соттардың қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
жөніндегі уәкілетті орган немесе облыстардағы, астанадағы және
республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелер (бұдан әрі – агент) судьяны теріс себептер бойынша лауазымынан босату туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына қол қойылғаннан немесе Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының қаулысы қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес республикалық бюджет қаражаты есебінен судьяның ай сайынғы табысынан 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қосымша аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою туралы өтінішпен (бұдан әрі – өтініш) жүгінеді.
Өтінішке осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған судьялардың тізімі (бұдан әрі – тізім) қоса беріледі. Тізім әрбір жеке тұлға бойынша мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) жеке сәйкестендіру нөмірі;
2) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
3) туған күні;
4) жынысы;
5) жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, оны берген мемлекеттік орган туралы мәліметтер, берілген күні;
6) бюджетке алып қоюға жататын республикалық бюджет қаражаты
есебінен судьяның ай сайынғы табысынан қосымша аударылған міндетті
зейнетақы жарналарының сомасы (бұдан әрі – міндетті зейнетақы жарналарының сомалары). Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) өзгерген жағдайда бұрынғы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі.
1. Өтініште:
1) агенттің атауы және деректемелері (бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі төлемдер бойынша салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
2) банктік сәйкестендіру коды (бұдан әрі – БСК);
3) жеке сәйкестендіру коды (бұдан әрі – ЖСК);
4) төлем құжаттарының деректемелері (нөмірі, күні және сомасы) көрсетіледі.
Өтінішке:
1) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасына, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты сот алқаларының төрағаларына және судьяларына қатысты – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы;
2) жергілікті және басқа да соттардың төрағаларына, сот алқаларының төрағаларына және судьяларына қатысты – облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелердің (сот кеңселерінің) басшылары, сондай-ақ бас бухгалтер қол қояды және ол елтаңбалы мөрмен расталады. Егер бас бухгалтердің лауазымы көзделмеген болса, алып қоюға арналған өтінішке тиісті белгі қойылады.
4. Міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қоюға алынған құжаттардың негізінде Мемлекеттік корпорация бес жұмыс күні ішінде көрсетілген сомаларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алып қоюға арналған электрондық өтінімді нөмірі мен күнін көрсете отырып қалыптастырады.
Электрондық өтінімде:
1) осы Қағидалардың 2-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген салымшының деректемелері;
2) өтінімнің нөмірі мен күні;
3) міндетті зейнетақы жарналарының сомасы көрсетіледі.
Электрондық өтінім ақпаратты жеткізудің қаржылық автоматтандырылған жүйесі арқылы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жіберіледі.
5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Мемлекеттік корпорациядан міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қоюға арналған электрондық өтінімді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорация өтінімінің нөмірі мен күнін көрсете отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын аударуды жүзеге асырады.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын аударуды Мемлекеттік корпорацияның банк шотына тізімді қоса бере отырып, төлем тапсырмасымен жүргізеді.
6. Мемлекеттік корпорация бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналарының сомалары түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды өтініште көрсетілген деректемелерге сәйкес агентке аударуды жүргізеді.
7. Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда, агенттің 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін судьялар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын бюджетке аударуы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда, судьялар үшін қосымша белгіленген |
міндетті зейнетақы жарналарының
сомаларын алып қою және бюджетке
аудару қағидаларына
1-қосымша |
Агенттің судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған кезде республикалық бюджет қаражаты есебінен судьяның ай сайынғы табысынан қосымша аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қоюға өтініші
"Азаматтарға арналған үкімет"
мемлекеттік корпорациясы
__________________________
__________________________
1. Міндетті зейнетақы жарналарын төлеушінің (агенттің) деректемелері атауы _______________________________________________
БСН (01.01.2013 ж. кейінгі төлемдер бойынша)_____________________
СТН (01.01.2013 ж. дейінгі төлемдер бойынша)_____________________
БСК ________________ ЖСК ______________________
2. Судьяның деректемелері
__________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні)
ЖСН ______________________________________________________________
міндетті зейнетақы жарналарының сомасы
________________________________________
Алып қоюға жататын сома __________________________________________
(Бірнеше төлем тапсырмалары бойынша міндетті зейнетақы жарналарының есептелген сомаларын есептен шығару қажет болған жағдайда есептен шығарылуға жататын сомалар әрбір төлем тапсырмасына жеке көрсетіледі)
Алып қойылған сомаларды мынадай деректемелер бойынша аударуды сұраймыз ________________________________________________________
(кәсіпорынның толық деректері, барлық банктік деректемелері көрсетіледі)
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы/Облыстық және оған теңестірілген сот
кеңсесінің басшысы _____________________________
(Т.А.Ә. (бар болса), қолы)
Бас бухгалтер ____________________________
(Т.А.Ә. (бар болса), қолы)
М.О. күні ____________
Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда, судьялар үшін қосымша белгіленген |
міндетті зейнетақы жарналарының
сомаларын алып қою және бюджетке
аудару қағидаларына
2-қосымша |
Теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған судьялардың тізімі
Р/с № | Агенттің атауы мен деректемелері* | Теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған судьялар бойынша мәліметтер | ||||||
Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, оны берген мемлекеттік орган туралы мәліметтер, берілген күні | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Туған күні, жынысы | Салымшының ЖСН | Лауазымынан босату негізі (Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты қаулысының №, күні) | Төлем тапсырмасының №, күні | Республикалық бюджет қаражатынан қосымша аударылған, бюджетке алып қоюға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомасы | ||
* СТН (01.01.2013 ж. дейінгі төлемдер бойынша)
БСН (01.01.2013 ж. кейінгі төлемдер бойынша)
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз
ету департаментінің (Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы/Облыстық
және оған теңестірілген сот кеңсесінің басшысы
_________(Т.А.Ә. (бар болса), қолы)
М.О. күні_________________
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға 7-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 27 тамыздағы № 865 қаулысымен бекiтiлген |
Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін бiр жарым есе мөлшерде тағайындауға өтілін жеңілдікпен есептеу үшін сот-медициналық сараптаманы және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыстар тізбесі
Жұмыстардың атауы | Лауазымы |
Республикалық, облыстық және қалалық патологиялық-анатомиялық бюролар, орталықтандырылған патологиялық-анатомиялық бөлімшелер және денсаулық сақтау ұйымдарының патологиялық-анатомиялық бөлімшелері | |
Мәйiттердi патологиялық-анатомиялық ашу және операция мен биопсиялар кезiнде алынған мәйiт материалын, органдар мен тіндерді гистологиялық зерттеу | Патологоанатом дәрігерлер |
Патологиялық-анатомиялық ашуларды жүргiзуге қатысу Мәйiттiк, операциялық және биопсиялық материалды өңдеу | Орта медициналық персонал Кіші медициналық персонал |
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот медицинасы орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, аумақтық филиалдары, аудандық және ауданаралық бөлімшелері | |
Мәйiттерге және мәйiт материалына сот-медициналық сараптамалар | Дәрігерлер және мамандар, сот-медициналық сарапшылар |
Мәйіттердің сот-медициналық сараптамаларын жүргізуге, мәйiт материалын өңдеуге қатысу | Орта медициналық персонал Кiшi медициналық персонал |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға 8-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысымен бекітілген |
Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері
1. Жалпы ережелер
1. Осы Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттердің (бұдан әрі – агенттер) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі – БЖЗҚ) аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
2. Заңды тұлғалар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер өздерінің орналасқан (тұратын) жері бойынша салық органдарында агент ретінде есепке алынуға жатады.
3. Агенттер жұмыскерлерге төленетін табыстан ай сайын міндетті зейнетақы жарналарын есептеп, ұстап қалады және оларды БЖЗҚ-ға аударады.
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары меншікті қаражаты есебінен өздерінің пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын өндірістердің, жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген жұмыскерлердің еңбегін пайдаланатын агенттер жұмыскерлерге төленетін табыстан ай сайын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есебіне жазады және БЖЗҚ-ға аударады.
Адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер міндетті зейнетақы жарналарын салық кезеңінің әрбір айы үшін есептейді және оларды өзінің пайдасына БЖЗҚ-ға аударады.
Арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары міндетті зейнетақы жарналарын салық кезеңінің әрбір айы үшін есептейді және оларды шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшесінің (қатысушысының) және басшысының пайдасына БЖЗҚ-ға аударады. Шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшелерінің (қатысушыларының) пайдасына міндетті зейнетақы жарналары олар кәмелетке толған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың басынан бастап есептелуге және төленуге тиіс.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және (немесе) жұмысынан айырылу, жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты, баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайына берілетін әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналарын, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен субсидияланатын міндетті зейнетақы жарналарын ай сайын есептеуді және ұстап қалуды міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне (бұдан әрі – жеке тұлғалардың бірыңғай тізімі) сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жүзеге асырады.
Заңның 39-бабының 2-тармағында көрсетілген азаматтар үшін міндетті зейнетақы жарналары алатын табысының 10 пайызы, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінің 10 пайызынан кем болмайтын мөлшерде оларды кейіннен БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотына аудару үшін банктерге және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолма-қол ақшалай жарна салу арқылы төлеуге жатады.
Агенттер, егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдардың табыстарынан салымшының осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтініші бойынша ай сайын БЖЗҚ-ға аударылатын міндетті зейнетақы жарналарын есептейді және ұстап қалады.
Агенттер Мемлекеттік корпорациядан жұмыскерде БЖЗҚ-да ашылған жеке зейнетақы шотының болуы туралы растама ала алады.
Агенттің жұмыскерде БЖЗҚ-да ашылған жеке зейнетақы шотының болуын растауға арналған өтінішінде: агенттің атауы мен деректемелері, жұмыскердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
Өтінішке басшы, бас бухгалтер қол қоюға және ол мөрмен расталуға тиiс. Егер бас бухгалтердің лауазымы көзделмеген болса, өтініште тиісті белгі жасалады.
Мемлекеттік корпорация агенттен жұмыскерде БЖЗҚ-да ашылған жеке зейнетақы шотының болуын растауға өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде агентке осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыскерде аталған жеке зейнетақы шотының болуы туралы растау-анықтаманы береді.
4. Агент-заңды тұлғалар ұстап қалған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары туралы, оның ішінде қате төлемдерді қайтару туралы мәліметтерді электрондық және қағаз жеткізгіштерде заңнамада белгіленген тәртіппен сақтайды.
Агент-заңды тұлға таратылған кезде міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын ұстап қалу және аудару туралы құжаттар Мемлекеттік архивке беріледі.
2. Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) тәртібі мен мерзімдері
5. БЖЗҚ-ға төлеуге жататын міндетті зейнетақы жарналары Заңның 25-бабында белгіленген мөлшерлемені міндетті зейнетақы жарналарын есептеу объектісіне қолдану арқылы есептеледі.
Мыналар міндетті зейнетақы жарналарын есептеу объектілері болып табылады:
1) заңды тұлғалар үшін – міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табыс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының жетпіс бес еселенген мөлшерінен аспайды;
2) жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланатын адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер үшін – міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы табыс тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының жетпіс бес еселенген мөлшерінен аспайды;
3) адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер үшін – адвокат, жеке сот орындаушысы, жеке нотариус, кәсіби медиатор, сондай-ақ дара кәсіпкерлер БЖЗҚ-ға өзінің пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін дербес айқындайтын табыс алатын табыс болып табылады;
Табыс болмаған жағдайда адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер БЖЗҚ-ға өзінің пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінің 10 пайызы есебімен төлеуге құқылы;
4) Мемлекеттік корпорация үшін – еңбек ету қабілетінен және (немесе) жұмысынан айырылу жағдайына, баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты берілетін ай сайынғы әлеуметтік төлемдер, сондай-ақ жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылу жағдайына берілетін әлеуметтік төлемдер;
5) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі үшін Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінде жұмыс істейтін дипломатиялық қызмет персоналы бөлігінде – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі орталық аппаратының персоналына теңестірілген лауазымдар бойынша жалақының 100 пайыздық мөлшері;
6) сақтандыру ұйымы үшін – жалақысынан (табысынан) айырылуына байланысты залалды өтеу ретіндегі сақтандыру төлемі.
6. БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналары:
1) Салық кодексінің 155-бабы 3-тармағының 2) және 13) тармақшаларында белгіленгендерді қоспағанда (жоғалған жалақы (табыс) бөлігінде), Салық кодексінің 155-бабының 3-тармағында көрсетілген;
2) Салық кодексінің 156-бабы 1-тармағының 10), 13), 13-2), 26), 26-1) тармақшаларында белгіленгендерді қоспағанда, Салық кодексінің 156-бабының 1-тармағында көрсетілген;
3) Салық кодексінің 357-бабы 2-тармағының 1), 2), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген;
4) Салық кодексі 156-бабының 13) тармақшасында көрсетілген мүгедектер мен өзге де адамдар заттай нысанда немесе материалдық пайда түрінде алған төлемдер мен табыстардан ұсталмайды.
Салық кодексінің 156-бабы 1-тармағының 26) тармақшасында көрсетілген әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналары "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес ұсталады.
7. БЖЗҚ-ға төленуге тиіс міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке жазуды агенттер меншікті қаражаты есебінен кәсіптері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өндірістердің, жұмыстардың, жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын жұмыскерлердің пайдасына жүзеге асырады, ол Заңның 26-бабында белгіленген мөлшерлемені қолдану арқылы есептеледі.
3. Міндетті зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға аудару
Міндетті зейнетақы жарналарын аудару тәртібі мен мерзімдері
8. Егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше көзделмесе, агент міндетті зейнетақы жарналарын аударуды қолма-қол ақшасыз төлемдер арқылы жүргізеді.
Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда (бұдан әрі – банктер) шоттары жоқ адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер осы Қағидалардың 9-тармағында айқындалған тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарын кейіннен БЖЗҚ-ға аудару үшін оларды банкке қолма-қол ақшамен енгізеді.
9. Ұстап қалған (есебіне жазылған) міндетті зейнетақы жарналарын Мемлекеттік корпорацияға:
1) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (осы тармақтың
2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдардан басқа), сондай-ақ жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен кәсіби медиаторлар жұмыскерлерге төленген табыстан – табыстар төленген айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей;
2) дара кәсіпкерлер (осы тармақтың 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген дара кәсіпкерлерден басқа), жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен кәсіби медиаторлар өз пайдасына – есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей;
3) арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімдерде;
4) арнаулы салық режимін оңайлатылған декларация негізінде қолданатын шағын бизнес субъектілері – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімде;
5) арнаулы салық режимін патент негізінде қолданатын дара кәсіпкерлер – Қазақстан Республикасының салық заңнамасына патент құнын төлеу үшін көзделген мерзімде;
6) Мемлекеттік корпорация – әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылатын айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей;
7) сақтандыру ұйымы – жалақысынан (табысынан) айырылу жағдайына байланысты залалды өтеу ретінде сақтандыру төлемі жүзеге асырылған айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей аударады.
10. Мемлекеттік корпорацияға міндетті зейнетақы жарналарын, оның ішінде берешекті аудару жүргізіледі. Мемлекеттік корпорация міндетті зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне сәйкес аударады.
11. Салымшылардың міндетті зейнетақы жарналарының сомасы Мемлекеттік корпорацияның шотына келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде МТ-100 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларымен БЖЗҚ-ға аударылады.
Мемлекеттік корпорация бір мезгілде электрондық тәсілмен агенттерден келіп түскен, МТ-100 форматындағы төлем сомасына сәйкес келетін төлем тапсырмалары тобынан тұратын, өздерінің пайдасына міндетті зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғалардың тізімін БЖЗҚ-ға жібереді.
Салымшының міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарты және (немесе) МТ-102 форматындағы тізімде көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі болмаған кезде және (немесе) егер оның деректемелерінде қателер жіберілген болса, Мемлекеттік корпорация міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын агенттің шотына қайтарады.
Мемлекеттік корпорация күн сайын БЖЗҚ-ға алдыңғы операциялық күні жүргізілген төлемдер (сомасы мен салымшылардың саны) туралы үзінді көшірмені ұсынады.
12. Міндетті зейнетақы жарналары Мемлекеттік корпорацияға аударылған кезде агент үш данада қағаз жеткізгіштегі төлем тапсырмасын және екі данада жеке тұлғалардың тізімін банкке ұсынады. Төлем тапсырмасының бірінші данасы мен тізімнің бірінші данасы банкте қалады, төлем тапсырмаларының екінші және үшінші даналары мен тізімнің бір данасы банктің қабылдағаны туралы белгімен агентке қайтарылады.
Агентке қызмет көрсететін банк міндетті зейнетақы жарналарын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары арқылы аударған жағдайда агент банкке Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары мен филиалдарының бөлімшелеріне агенттің банкі ұсынатын төлем тапсырмасының қағаз жеткізгіштегі төртінші данасын және жеке тұлғалар тізімінің үшінші данасын қосымша тапсырады.
Жеке тұлғалардың тізімі әрбір жеке тұлға бойынша: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), туған күнін, жарна сомасын және міндетті зейнетақы жарналары аударылатын кезеңді (айды, жылды) қамтиды.
Агенттер міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармаған жағдайда жеке тұлғалардың тізімін қоса бере отырып, МТ-102 форматындағы төлем тапсырмасын қалыптастыру арқылы аудару әрбір ай үшін жеке жүргізіледі.
Агенттер міндетті зейнетақы жарналары аударылатын кезеңді төлемдер банк шотын ашпай жүргізілген кезде "Кезең" деген жолда, төлемдер агенттің банк шотынан ақшаны есептен шығару жолымен жүргізілген кезде "Төлемнің мақсаты" деген бағанда, ал МТ-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларында "PERIOD" деген негізгі сөзде көзделген "ААЖЖЖЖ" форматында қағаз жеткізгіштерде жасалатын төлем құжаттарында көрсетеді.
13. Адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын өз пайдасына және өз жұмыскерлерінің табыстарынан ұстап қалған сомаларды аудару (қолма-қол ақшамен енгізу) кезінде, төлем құжаттарында Мемлекеттік корпорацияның деректемелерін, ал оларға қоса берілетін тізімдерде өзі және жұмыскерлер туралы мәліметтерді (жеке сәйкестендіру нөмірлерін, тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), туған күнін, жарналардың сомалары мен міндетті зейнетақы жарналары төленетін кезеңді (айын/айларын, жылын) көрсетеді.
14. Банктер міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын осы сомалар агенттердің банк шоттарынан есептен шығарылған күні Мемлекеттік корпорацияға аударады.
Банктердің кассаларына міндетті зейнетақы жарналарын енгізу кезінде ақша төлемі немесе аударымы жөніндегі нұсқау сомаларын аудару қолма-қол ақша енгізілген күннен бастап кейінгі операциялық күннен кешіктірмей жүргізіледі.
Банктердің Мемлекеттік корпорацияға ақша аударуы Қазақстан Республикасының төлем жүйелерінде қолданылатын форматтарға сәйкес жеке тұлғалардың тізімдерімен бірге электрондық төлем тапсырмаларымен жүзеге асырылады.
Саны елу адамнан асатын жұмыскерлері бар агент осы Қағидалардың 13-тармағының талаптарын орындаудан басқа, банкке жоғарыда көрсетілген форматта жеке тұлғалардың электрондық жеткізгіштердегі тізімімен бірге төлем тапсырмасын ұсынады.
15. Заңның 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнетақы жасына жеткен адам алдында міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек болған жағдайда, аталған берешек оның банк шотына ақша аудару арқылы төленуге жатады.
Міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезінде қателер анықталған жағдайда салымшылардың (алушылардың), агенттердің және БЖЗҚ-ның іс-қимылы
16. Салымшы (алушы) төленген мiндеттi зейнетақы жарналарының жекелеген сомаларының жеке (немесе) зейнетақы төлемдерiн немесе жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерді алу кезінде өсімпұлдың жоқ екенін байқағаннан кейін тиісті мәліметтерді алу және жол берілген қателерді түзету шараларын қабылдау үшін қателердің анықталғаны және БЖЗҚ-ға немесе Мемлекеттік корпорацияға мiндеттi зейнетақы жарналарының және (немесе) өсiмпұлдың аударылғаны туралы кез келген уақыттағы төлем құжаттарының көшірмелерін және төлем құжаттарына қоса берілген, өзінің жеке басына қатысты жеке тұлғалар тізімдерінің үзінді көшірмесін өзіне беруі жөнінде агентке жазбаша өтініш береді.
17. Агент заңнамада белгіленген тәртіппен таратылған және тарату процесі аяқталған жағдайда, салымшы (алушы) агенттің орналасқан жері бойынша архив мекемелеріне, ал тарату өндірісі барысында тарату комиссиясына өтініш жасайды, олар оған төлем құжаттарының расталған көшірмелерін береді. Салымшы (алушы) алған төлем құжаттарының көшірмелерін өтінішпен қоса Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
18. Салымшының (алушының) деректемелерінде міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсiмпұлды аудару кезінде жіберілген қателер анықталған жағдайда, салымшы (алушы) Мемлекеттік корпорацияға қателерді түзету туралы өтінішпен жүгінеді. Салымшы (алушы) өтініш жасаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша агент беретін растау-анықтама немесе салымшының (алушының) деректемелерінде орын алған өзгерістерді растайтын жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі қоса берiледi.
Міндетті зейнетақы жарналарын банк шотын пайдаланбай аудару кезінде растау-анықтаманың орнына қолма-қол ақшаның міндетті зейнетақы жарналарын төлеу есебіне енгізілгенін растайтын түбіртек-хабарламалардың көшірмелері қоса беріледі.
Мемлекеттік корпорация ұсынылған құжаттардың негізінде салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналарының есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта және салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотында көрсетілген деректемелеріне өзгерістер енгізу үшін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салымшының (алушының) өтінішінің электрондық көшірмесін қоса бере отырып, БЖЗҚ-ға электрондық өтінімді ресімдейді.
19. Агент мiндеттi зейнетақы жарналарын және (немесе) өсiмпұлды есептеу, аудару кезінде жіберілген қателерді анықтаған немесе салымшының (алушының) қателердің анықталғаны туралы жазбаша өтінішін алған жағдайда қателерді міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың кейінгі аударымдарын реттеу жолымен түзетеді.
Мiндеттi зейнетақы жарналарының және (немесе) өсiмпұлдың кейінгі аударымдарын реттеу жолымен қателерді түзету мүмкін болмаған кезде агент осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қате аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын және (немесе) өсiмпұлды қайтару туралы өтінішпен Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді. Қате аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын және (немесе) өсiмпұлды қайтару туралы өтінішке осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салымшының (алушының) өзінің жеке зейнетақы шотынан қате есептелген сомаларды есептен шығаруға келісетіні туралы нотариат куәландырған өтініші қоса беріледі.
20. Қате есептелген мiндеттi зейнетақы жарналарын және (немесе) өсiмпұлды қайтаруға берілген өтініште: агенттің атауы мен деректемелері (бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), жеке сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі – ЖСН), банктік сәйкестендіру коды (бұдан әрі – БСК), жеке сәйкестендiру коды (бұдан әрі – ЖСК), қайтару себебі, қате жіберілген төлем құжаттарының деректемелері (нөмірі, күні мен сомасы), сондай-ақ жеке зейнетақы шотынан қайтару жүргізілетін салымшының (алушының) деректемелері мен қайтаруға жататын жеке сомалар көрсетіледі. Өтінішке басшы, бас бухгалтер қол қоюға және ол мөрмен расталуға тиiс. Егер бас бухгалтердің лауазымы көзделмеген болса, қайтаруға берілген өтінішке тиісті белгі қойылады.
21. Қате аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын және (немесе) өсiмпұлды қайтаруға агенттер мен банктерден алынған құжаттардың негізінде Мемлекеттік корпорация көрсетілген зейнетақы жарналарының түсу фактісін және олар бойынша бұрын жүзеге асырылған қайтарулардың жоқ екенін тексергеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қате есептелген міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсiмпұлды қайтаруға арналған электрондық түрдегі өтінімді қалыптастырады.
Электрондық түрдегі өтінімде: салымшының (алушының) деректемелері: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, ЖСН, міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) қайтаруға жататын өсімпұлдың сомалары мен қайтару себебі көрсетіледі.
Салымшының өзінің жеке зейнетақы шотынан қате есептелген сомаларды шығаруға келісетіні туралы өтінішінің электрондық көшірмесі бар электрондық түрдегі өтінімі ақпаратты тасымалдаудың автоматтандырылған қаржы жүйесін пайдалана отырып, БЖЗҚ-ға жіберіледі.
22. Жүктілігі мен босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылған жағдайға әлеуметтік төлем тағайындалған кезде алушылардың орташа айлық табысын айқындау үшін қабылданған, аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомалары қайтарылмайды.
23. БЖЗҚ Мемлекеттік корпорациядан қате есептелген мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын және (немесе) өсiмпұлды қайтаруға арналған өтінімді электрондық түрде алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорация өтінімінің нөмірі мен күнін көрсете отырып, қате есептелген мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын және (немесе) өсiмпұлды Мемлекеттік корпорацияға қайтаруды жүзеге асырады.
24. Банктің кінәсінен қате жіберілген жағдайда банк қате аударылған сомаларды қайтару туралы өтінішпен Мемлекеттік корпорацияға хат жібереді.
Банктің кінәсінен қате есептелген сомаларды қайтаруға арналған өтініште: БСН, ЖСК, БСК, қате жіберілген төлем құжаттарының референстері мен қайтару себебі көрсетіледі. Хат пен өтініш хаттарға және қате нұсқауды қайтаруға арналған өтініштерге қол қоюға өкілеттіктерін растайтын құжаттың көшірмелерімен қоса банктің уәкілетті адамдарының қолымен ұсынылады.
25. Мемлекеттік корпорацияның облыстық, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы филиалдары (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорацияның филиалы) және Мемлекеттік корпорация Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек қабілетінен айырылуына және (немесе) жұмысынан айырылуына, жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты, сондай-ақ баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайына берілетін ай сайынғы әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын және (немесе) өсімпұлды есептеу, ұстап қалу және аудару кезінде жіберілген қателерді анықтаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның филиалы қате аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлды қайтаруға арналған электрондық түрдегі өтінішті Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
26. БЖЗҚ қате есептелген міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың сомаларын Мемлекеттік корпорацияның электрондық түрдегі өтінімінде көрсетілген міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың БЖЗҚ-ға нақты енгізілген номиналды сомасы бойынша Мемлекеттік корпорацияның банк шотына жеке тұлғалардың тізімін қоса бере отырып, төлем тапсырмасымен қайтаруды жүргізеді.
27. Инфляция деңгейі ескеріле отырып нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы өтеу сомасын есептеу кезінде ескерілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы қайтарылуға жатпайды.
28. Мемлекеттік корпорация қате есептелген мiндеттi зейнетақы жарналарының және (немесе) өсiмпұлдың сомалары БЖЗҚ-дан келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды агенттің өтінішінде көрсетілген деректемелерге сәйкес жеке тұлғалардың тізімдерімен қоса төлем тапсырмасымен аударуды жүргізеді.
29. Банк қате аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарының және (немесе) өсiмпұлдың сомалары Мемлекеттік корпорациядан келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде агентті міндетті зейнетақы жарналарының қайтарылғаны туралы хабардар етеді.
БЖЗҚ-ға мiндеттi зейнетақы жарналары уақтылы аударылмаған кезде өсімпұлды төлеу және берешекті өндіріп алу
30. Табыс іс жүзінде төленген және салымшы оны алған жағдайда агент уақтылы ұстап қалмаған (есебіне жазбаған) және аудармаған міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алады немесе агенттер мерзімі өткен әрбір күн үшін (Мемлекеттік корпорацияға төлеу күнін қоса алғанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерiнде есептелген өсiмпұлмен қоса мiндеттi зейнетақы жарналарын салымшылардың пайдасына аударуға тиіс.
Агенттер міндетті зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға уақтылы есептейді, ұстап қалады (есебіне жазады) және төлейді.
31. Агенттер міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы ұстап қалмағаны (есебіне жазбағаны) және аудармағаны үшін өсімпұлды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның актісімен бекітілетін экономика секторларының кодтарын қолдану мен төлемдерді тағайындау және оларға сәйкес төлемдер бойынша мәліметтерді ұсыну тәртібіне сәйкес айқындалатын төлемдерді тағайындау кодтарын көрсете отырып, кейіннен салымшының (алушының) шарты қолданыста болатын БЖЗҚ-ға Мемлекеттік корпорацияның аударуы үшін Мемлекеттік корпорацияның банк шотына төлейді.
32. Агенттер мiндеттi зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға уақтылы аудармағаны үшін өсiмпұл төлеуді осы Қағидалардың 8-тармағында белгіленген тәртіппен жүргізеді.
Әрбір төлем құжаты, оған қоса берілетін жеке тұлғалардың тізімдері даналарының саны, сондай-ақ оларды беру және сақтау тәртібі мен мерзімдері осы Қағидалардың 13-тармағында міндетті зейнетақы жарналарын аудару үшін белгіленген шарттарға ұқсас.
Агенттер өсiмпұлды уақтылы аудармаған жағдайда, аудару жеке тұлғалардың тізімін қоса бере отырып, МТ-102 форматындағы төлем құжатын қалыптастыру арқылы әрбір ай үшін жеке-жеке жүргізіледі.
33. Саны елу адамнан асатын жұмыскерлерi бар агент өсiмпұл төлеу кезінде осы Қағидалардың 13-тармағында айқындалған тәртіппен банкке жеке тұлғалардың қағаз және электрондық жеткізгіштердегі тізімін қоса бере отырып, төлем құжатын ұсынады.
34. Төлем құжатына қоса берілетін жеке тұлғалардың тізімдерді әрбір жеке тұлға бойынша "жарна сомасы" деген бағанды қоспағанда, мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу кезінде жеке тұлғалардың тізімі үшін осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген деректемелерді қамтиды. Жарна сомасының орнына өсiмпұлдың тиісті сомасы көрсетіледі.
Жеке тұлғалардың тізімдерінде агент өздері үшін міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармаған салымшылар (алушылар) ғана көрсетіледі.
35. Банктер агенттер төлем құжаттарын көрсеткен кезде жеке тұлғалардың тізімдерін қоса бере отырып, МТ-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларымен Мемлекеттік корпорацияның банк шотына өсiмпұл аударуды жүргізеді.
36. Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-ға ақшаны уақтылы аудармағаны үшін Заңда белгіленген мөлшерде өсiмпұл төлейді.
Мемлекеттік корпорация өсiмпұл төлеу үшін агенттің төлем тапсырмасы негізінде әрбір жеке тұлға бойынша "жарна сомасы" деген бағанды қоспағанда, мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу кезінде жеке тұлғалардың тізімі үшін осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген деректемелерді қамтитын жеке тұлғалардың тiзiмiн қоса бере отырып, MT-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмасын қалыптастырады. Жарна сомасының орнына тізімге сәйкес әрбір жеке тұлға бойынша бөлінген өсімпұл сомасы көрсетіледі.
37. Келіп түскен өсiмпұл сомаларынан БЖЗҚ-ның комиссиялық сыйақы алуы мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
38. БЖЗҚ алынған өсiмпұлды жеке тұлғалардың тізімдеріне сәйкес салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына аударады.
39. Жеке тұлғалардың тізімі қоса берілмей аударылған өсiмпұл агентке қайтарылуға тиіс, келесі аударым кезінде өсiмпұлдың сомасы көрсетілген тізімді ұсынудың кешіктірілген күндерінің санына ұлғаяды.
40. Мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек қалыптасқан кезде, мемлекеттік кірістер органдары агенттерге кейіннен БЖЗҚ-ға аудару үшін осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік корпорацияға аударылуға тиіс мiндеттi зейнетақы жарналарының сомасы туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) жібереді.
41. Хабарлама агентке жеке өзіне қол қойғызып немесе жөнелту және алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен табысталуға тиіс. Бұл ретте төменде көрсетілген тәсілдердің бірімен жіберілген хабарлама мынадай жағдайларда:
1) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен – пошта немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасында агент белгі қойған күннен бастап;
2) электрондық тәсілмен – веб-қосымшада мемлекеттік кірістер органы хабарламаны жеткізген күннен бастап салық төлеушіге (салық агентіне) берілген болып есептеледі. Аталған тәсіл Салық кодексінің 572-бабында белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеуші ретінде тіркелген агентке қолданылады.
Егер міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген бір айлық есептік көрсеткіш сомасынан аспайтын болса, хабарлама жіберілмейді.
42. Агенттер хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органына осы Қағидалардың 12-тармағында белгіленген тәртіппен өздерінің пайдасына берешек өндіріп алынатын БЖЗҚ салымшыларының тізімдерін ұсынады.
43. Агенттердің банк шоттарынан міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу өздерінің пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын БЖЗҚ салымшыларының тізімдері қоса берілген мемлекеттік кірістер органының инкассалық өкімі негізінде жүргізіледі.
44. Өздерінің пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын БЖЗҚ салымшыларының тізімдерін агенттерден алған кезде мемлекеттік кірістер органы бенефициарды – Мемлекеттік корпорацияны көрсете отырып, агенттің банк шотына (шоттарына) инкассалық өкімдерін шығарады.
Агенттің банк шотында ұлттық валютада ақша болмаған жағдайда, міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіріп алу мемлекеттік кірістер органдары ұлттық валютада ұсынған инкассалық өкімдері негізінде агенттің банк шоттарынан шетелдік валютада жүргізіледі.
45. Агенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруды мемлекеттік кірістер органы:
1) агент БЖЗҚ салымшыларының тізімін ұсынбаған және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек болған жағдайда – хабарлама берілген күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң жүргізеді. Бұл ретте агенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасының шегінде жүргізіледі;
2) міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелмеген жағдайда – хабарлама берілген күннен бастап он бес жұмыс күні өткен соң жүргізеді. Бұл ретте агенттің банк шоттары бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтата тұру жүргізіледі.
46. Мемлекеттік кірістер органының агенттердің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі салықтық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен бірлесіп бекіткен нысан бойынша шығарылады және банк алған күннен бастап күшіне енеді.
47. Осы Қағидалардың 40-тармағында көзделген хабарлама табысталған күннен бастап он бес жұмыс күні өткен соң мемлекеттік кірістер органы агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
Агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру кейіннен салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өтеу есебіне аудару үшін банкке ақшаны тапсыру жөніндегі операциялардан басқа, кассадағы қолма-қол ақшаның барлық шығыс операцияларына қолданылады.
Мемлекеттік кірістер органының агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығарылады.
48. Міндетті зейнетақы жарналарын банк шотын ашпай төлеген кезде банктердің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге байланысты шығыстар агенттің қаражаты есебінен жүргізіледі.
49. Агенттердің міндетті зейнетақы жарналарын аударуын, белгіленген жағдайларда өсiмпұл төлеуін, БЖЗҚ жүргізетін міндетті зейнетақы жарналарының қате есептелген сомаларын қайтаруын бақылауды қамтамасыз ету үшін Мемлекеттік корпорация күн сайын (өткен күн үшін) мемлекеттік кірістер органдарына қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарының келіп түскен, сондай-ақ қайтарылған тізілімдерін және электрондық төлем тапсырмаларын ұсынады.
Мыналар жеке ұсынылады:
1) адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер банкке қолма-қол ақшамен енгізген қате есептелген міндетті зейнетақы жарналарының келіп түскен, қайтарылған сомаларының тізілімдері;
2) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және (немесе) жұмысынан айырылу, жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына, сондай-ақ баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайына берілетін әлеуметтік төлемдерден ұстап қалған, баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемді алушыларға бюджет қаражаты есебінен субсидияланатын, қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналары есепке алынған аударылған міндетті зейнетақы жарналарының тізілімдері.
Қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарының келіп түскен, қайтарылған сомаларының тізілімдері бойынша ай сайынғы есепті Мемлекеттік корпорация мемлекеттік кірістер органдарына ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күнiнен кешіктірмей ұсынады.
4. Мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға аудару
50. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға аудару, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару кезінде қателер анықталған жағдайда салымшылардың (алушылардың), агенттердің және БЖЗҚ-ның іс-қимылы, сондай-ақ міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға уақтылы аудармаған кезде өсімпұлды төлеу және берешекті өндіріп алу осы Қағидалардың үшінші тарауында мiндеттi зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға аудару үшін көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі.
Салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалу туралы өтініші
Мен, _____________________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болса), туған күні)
осы арқылы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабы 2-тармағының
2) тармақшасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалуға келісім беремін.
Мына деректемелерді дұрыс деп есептеуді сұраймын:
ЖСН (2013 жылғы 1 қаңтардан кейінгі кезең үшін) ______________
Т.А.Ә. (бар болса) ___________________________________________
Туған күні ___________________________________________________
Міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалуға қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
____________ ___________
(қолы) (күні)
Жұмыскерде (жұмыскерлерде) жеке зейнетақы шотының болуы
туралы растау-анықтама
Мемлекеттік корпорация жұмыскерде (жұмыскерлерде) жеке зейнетақы шотының бар (жоқ) екенін хабарлайды
Р/с № | Тегі | Аты | Әкесінің аты (бар болса) | Туған күні ККААЖЖ | Жеке сәйкестендіру нөмірі | Жұмыскерде жеке зейнетақы шотының бар (жоқ) екені туралы ақпарат |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
М.О. Мемлекеттік корпорацияның аудандық (қалалық) бөлімшесінің басшысы _______________________(Т.А.Ә. (бар болса), қолы)
Берілген күні 20__ жылғы "___" _____________
Растау-анықтама
______________________________________________________________
(төлеушінің атауы)
міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару кезінде салымшылар деректемелерінің мынадай төлем тапсырмаларында қателер жіберілгенін растайды:
Төлем тапсырмасының нөмірі | Төлем тапсырмасының күні | Төлем тапсырмасының референсі | Салымшының жеке сомасы | Т.А.Ә. (бар болса) және туған күні (салымшының дұрыс емес деректемелері) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Жарамды деп есептелсін
ЖСН _____________________________________________________________
Т.А.Ә. (бар болса)_______________________________________________
Туған күні ______________________________________________________
Бірінші басшы _______________________________ (Т.А.Ә. (бар болса)
(қолы)
Бас бухгалтер _______________________________(Т.А.Ә. (бар болса)
(қолы)
Мөр орны
Салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың деректемелеріне өзгерістер енгізу туралы өтініші
Мен, _________________________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болса), туған күні)
осы арқылы міндетті зейнетақы жарналарын/міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналарын аудару кезінде менің деректемелерімде қателер жіберілгенін хабарлаймын, атап айтқанда:
____________________________________________________________________
(қателер жіберілген деректемелер көрсетіледі)
Мынадай деректемелерді жарамды деп есептеуді сұраймын:
ӘЖК (2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезең үшін) _______________
ЖСН (2013 жылғы 1 қаңтардан кейінгі кезең үшін) ______________
Т.А.Ә. (бар болса)____________________________________________ Туған күні ___________________________________________________
Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың деректемелеріне өзгерістер енгізу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
__________ _____________
(қолы) (күні)
Агенттің қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың сомасын қайтаруға арналған өтініші
"Азаматтарға арналған үкімет"
мемлекеттік корпорациясы
__________________________
1. Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналарын және (немесе) өсімпұлды төлеушінің (агенттің)
деректемелері
Атауы ______________________________________________________________
БСН (01.01.2013 ж. кейінгі төлемдер бойынша) _______________________
СТН (01.01.2013 ж. дейінгі төлемдер бойынша) _______________________
БСК ________________________ ЖСК ___________________________________
2. Қате жіберілген төлем тапсырмасының деректемелері № _______
_______________________________ күні 20__ жылғы "___" ______________
Төлем тапсырмасының жалпы сомасы ___________________________________
3. Салымшының деректемелері __________________________________
(Т.А.Ә. (бар болса), туған күні)
Салымшының ЖСН _____________________________________________________
Салымшы жарнасының сомасы __________________________________________
Қайтарылуға тиіс сома ______________________________________________
4. ___________________________________________________________
(қайтару талап етілетін себеп көрсетіледі, мысалы, қызметкер жұмыстан
босатылды, ТТК, кезең, агенттің банктік деректемелері, салымшының деректемелері қате көрсетілген, резидент емес және т.б.) байланысты кейінгі төлемдермен түзету мүмкін болмайды.
Қайтаруды мынадай деректемелер бойынша жүргізуді сұраймыз
____________________________________________________________________ (кәсіпорынның толық деректері, барлық банктік деректемелер көрсетіледі)
____________________ __________________________
(басшының қолы) (бас бухгалтердің қолы)
____________________
(күні)
Салымшының (алушының) қате есептелген сомаларды өзінің жеке зейнетақы шотынан есептен шығаруға келісетіні туралы өтініші
Мен, _________________________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болса), туған күні)
ЖСН __________________________________________________________
Осы арқылы менің жеке зейнетақы шотыма қате аударылған
____________________________________________________________________
(сомасы жазбаша)
____________________________________________________________________
сомасындағы міндетті зейнетақы жарналарының/міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың қайтарылуына келісім беремін.
(Қате есептелген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және/немесе өсімпұлдың сомасын бірнеше төлем тапсырмалары бойынша қайтару қажет болған жағдайда, қайтарылуға тиіс сома әрбір төлем тапсырмасына жеке-жеке көрсетіледі)
Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың деректемелеріне өзгерістер енгізу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
_________ _________
(қолы) (күні)
БЖЗҚ-ға аударылуға тиіс міндетті зейнетақы жарналарының сомасы туралы хабарлама
20__ ж. "___" ______ № ______
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және БЖЗҚ-ға аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес
____________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
Сізді ______________________________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болса), агенттің атауы,
____________________________________________________________________
сәйкестендіру нөмірі (БСН/ЖСН), мекенжайы)
20__ ж. "___" __________________ жағдай бойынша мынадай мөлшерде
теңге
Берешектің жиыны | Негізгі төлем сомасы | Өсімпұл сомасы |
БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегіңіздің бар екені туралы хабардар етеді.
Осыған байланысты Сіз осы хабарламаны алған күннен бастап бесжұмыс күні ішінде __________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
____________________________________________________________________
өздерінің пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын БЖЗҚ салымшыларының тізімдерін ұсынуыңыз қажет.
Бес жұмыс күні өткен соң өздерінің пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын БЖЗҚ салымшыларының тізімдері ұсынылмаған жағдайда
_____________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
_____________________________________________________________________
агенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарады.
Банк шоттары болмаған немесе банк шоттарындағы ақша жеткіліксіз болған жағдайда,____________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
Бұл ретте Сізге "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабында белгіленген тәртіппен және шарттарда өсімпұл есептеледі.
Мемлекеттік кірістер органдары мен олардың лауазымды адамдарының заңды талаптары орындалмаған жағдайда, Сізге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жаза шаралары қолданылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Сіздің мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) мемлекеттік кірістер органының жоғары тұрған органына немесе сотқа шағымдануға құқығыңыз бар.
Мемлекеттік кірістер органының басшысы
(басшының орынбасары)
______________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болса), қолы, мөрі)
Хабарламаны алдым
______________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болса), агенттің атауы, қолы, мөрі, күні)
Хабарлама агентке тапсырылды
____________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасының Т.А.Ә. (бар болса), қолы, күні)
Хабарлама агентке жіберілді ________________________________________
(жіберу және (немесе) алу фактісін растайтын құжат)
Агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органының өкімі
20__ жылғы "__" ___________ № ____________
(үзінді көшірменің күні)
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және БЖЗҚ-ға аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдеріне сәйкес _______________________________________________
___________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
касса бойынша барлық шығыс операцияларын (міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша БЖЗҚ-ға берешекті өтеу операцияларынан басқа) тоқтата тұрады.
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(агенттің Т.А.Ә. (бар болса), атауы, сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН), мекенжайы)
Осы өкімді алған кезден бастап агент келіп түсетін барлық қолма-қол ақшаны, келіп түскен күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей БЖЗҚ-ға есепке алуға тиіс.
Агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру кейіннен салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өтеу есебіне аудару үшін банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға ақшаны өткізу жөніндегі операциялардан басқа, кассадағы қолма-қол ақшаның барлық шығыс операцияларына қолданылады.
Мемлекеттік кірістер органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының заңды талаптары орындалмаған жағдайда, Сізге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік өндіріп алу шаралары қолданылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Сіздің мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) мемлекеттік кірістер органдарының жоғары тұрған органына немесе сотқа шағымдануға құқығыңыз бар.
Мемлекеттік кірістер органының басшысы
(басшының орынбасары)
__________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болса), қолы, мөрі)
Өкімді алдым
__________________________________________________________________
(агенттің Т.А.Ә. (бар болса), қолы, мөрі, күні)
Өкім салық төлеушіге тапсырылды
__________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасының Т.А.Ә. (бар болса), қолы, күні)
Өкім салық төлеушіге жіберілді
__________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасының Т.А.Ә. (бар болса), қолы, күні)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға 9-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 341 қаулысымен бекітілген |
Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 6-3) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Қағидалар инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында қалыптасқан зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы төлеу арқылы зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) айырма төлемін алушы (бұдан әрі – алушы) – айырма төлемі тағайындалатын жеке тұлға;
3) әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі уәкілетті орган – әлеуметтік қамсыздандыру саласында реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ) – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
5) бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган – бюджеттің атқарылуы саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
6) жеке зейнетақы шоты – міндетті зейнетақы жарналары не міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, инвестициялық табысы, өсімі және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де түсімдері ескерілетін және зейнетақы төлемдері жүргізілетін салымшының (зейнетақы төлемдерін алушының) дербес атаулы шоты;
7) зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі уәкілетті органның аумақтық органдары және ведомстволары;
8) инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы және зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі (бұдан әрі – айырма төлемі) – инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалған, республикалық бюджет қаражаты есебінен төленетін біржолғы төлем;
9) Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелері – Мемлекеттік корпорацияның қалалық, аудандық бөлімшелері;
10) сақтандыру ұйымы – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде "өмірді сақтандыру" саласында сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
11) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.
3. Инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуына кепілдік мыналарға қолданылады:
1) Заңның 11-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдарға –зейнеткерлік жасқа жеткен күнге;
2) Заңның 31-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында, Заңның 32-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адамдарға – бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік мерзімсіз болып белгіленген жағдайда – зейнетақы жинақтарын алған күнге;
3) Заңның 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға – Заңның 11-бабының 1-тармағында белгіленген жасқа жеткен күнге сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтарын аударған күннен бастап Заңның 11-бабының 1-тармағында белгіленген жасқа жеткенге дейінгі кезеңге.
Сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын екі және одан көп рет жасасқан жағдайда айырма төлемі сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтары соңғы рет аударылған күннен бастап Заңның 11-бабының
1-тармағында белгіленген жасқа жеткенге дейін жүзеге асырылады.
Бұл ретте, айырма төлемі инфляцияның деңгейін және сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтары соңғы рет аударылған күннен бастап зейнетақы аннуитеті шартын жасасқаннан кейін жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығын ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары сомасына жүргізіледі.
Сақтандыру ұйымына аударылғаннан кейін зейнетақы жинақтарының қалдық сомасы туралы ақпаратты БЖЗҚ Мемлекеттік корпорацияға ұсынады;
4) Заңның 31-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында, Заңның 32-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген адамдарға – Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алып қою күніне;
5) Заңның 32-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген, сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан адамдарға – айырма төлемі сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтарын аудару күніне сақтандыру ұйымына аударылған міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары сомасына жүргізіледі.
Әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлері қатарындағы адамдар, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар мемлекет кепілдігіне жүгінген жағдайда, айырма төлемі 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын қайтарған кезден бастап құқық туындаған күнге дейін инфляцияның деңгейін ескере отырып және жеке зейнетақы шотында міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын қайтарғаннан кейін зейнетақы жинақтарының қалдығын ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары сомасына жүргізіледі.
4. Осы Қағидалардың 3-тармағында белгіленген кезден бұрын зейнетақы жинақтарын алып қойған, мемлекет кепілдігі төлеміне құқығы бар адам жүгінген жағдайда, мемлекеттік кепілдік бойынша айырма есебі зейнетақы жинақтары алғаш алынған күнге жүргізіледі.
2. Айырма төлемін тағайындау үшін өтініш беру тәртібі
5. Айырма төлемін алуға құқығы бар адам айырма төлемін тағайындау үшін әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын нысан бойынша өтінішпен тұрғылықты жеріндегі Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне жүгінеді.
Өтінішті қабылдаған кезде жеке басты куәландыратын құжат туралы, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер) арқылы алады.
Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін оралманның куәлігі);
2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу бөлімінің анықтамасы).
Бұдан басқа, өтінішке:
1) алушының екінші деңгейдегі банктерде немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі туралы мәліметтер;
2) осы Қағидалардың 3-тармағының 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін сақтандыру ұйымымен жасалған шарттың (шарттардың) көшірмесі қоса беріледі.
Айырма төлеміне зейнетақы және өзге де әлеуметтік төлемдерді алушы жүгінген жағдайда, өтінішке осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген құжаттар қоса берілмейді. Аталған адамның өтініші зейнетақы немесе өзге де әлеуметтік төлемдер бойынша істер макетіне тігіледі.
6. Айырма төлемін алуға құқығы бар және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын алушы болып табылатын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың өтінішіне:
алушы өзі жүгінген кезде:
шетелдік паспорттың көшірмесі және егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, салыстырып тексеру үшін олардың түпнұсқасы;
банк шотының нөмірі туралы мәліметтер қоса беріледі.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар өтінішті пошта байланысының құралдары арқылы берген кезде алушының банк шоты туралы мәліметтен басқа, нотариат куәландырған шетелдік паспорттың көшірмесі, сондай-ақ өтініштегі алушының қолы (нотариаттық куәландыру тұратын мемлекетінде жүргізілген жағдайда) ұсынылады.
Айырма төлемі туралы өтінішті пошта байланысының құралдары арқылы берген кезде алушының жеке басын куәландыратын құжаттар көшірмелерінің дұрыстығын, сондай-ақ қолының түпнұсқалығын нотариат куәландырады. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрған жағдайда, құжаттардың көшірмелерін нотариаттық куәландыру тұратын мемлекетінде жүргізіледі.
7. Алушының атынан айырма төлемін тағайындау туралы өтінішпен жүгінген кезде сенім білдірілген өкіл осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көзделген құжаттардан басқа:
1) сенім білдірілген өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын;
2) сенімхаттың түпнұсқасын немесе оның нотариат куәландырған көшірмесін (егер сенімхатта сенім білдірушінің бір мезгілде бірнеше ұйымдардағы мүддесін білдіруі жөніндегі өкілеттіктер қамтылатын болса) ұсынады.
Сенім білдірілген өкілдің алушыға айырма төлемін тағайындау туралы өтініш беруі сенім білдірілген өкілдің өзі келген кезде жүзеге асырылады.
8. Айырма төлемін алуға құқығы бар адам қайтыс болған жағдайда, айырма төлемінің сомасы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен мұрагерге жүзеге асырылады.
Бұл ретте, мұрагер:
1) әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын нысан бойынша өтінішті;
2) мұрагердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын;
3) айырма төлемін алуға құқығы бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін;
4) мұраға құқық туралы куәліктің түпнұсқасын немесе нотариат куәландырған көшірмесін не мұраға берілетін мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасын немесе нотариат куәландырған көшірмесін, заңды күшіне енген сот шешімін;
5) алушының банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді ұсынады.
9. Сот шешімімен іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекет қабілеті шектеулі деп танылған және қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа мұқтаж адамдарға айырма төлемін тағайындау үшін олардың қамқоршылары немесе қорғаншылары:
1) әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын нысан бойынша өтінішті;
2) қамқоршының немесе қорғаншының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын;
3) қамқоршылықтың немесе қорғаншылықтың белгіленгенін растайтын құжаттың көшірмесін және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын;
4) осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
3. Айырма төлемін жүзеге асыру тәртібі
10. Айырманы төлеу туралы өтініш қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-ға жеке зейнетақы шотының болуы және міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерді ұсыну жөнінде хабарлама жібереді.
11. БЖЗҚ хабарлама келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде алушының жеке зейнетақы шотының болуы және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация мен БЖЗҚ арасында ақпарат алмасу туралы шартқа сәйкес ЭЦҚ қоя отырып, Мемлекеттік корпорацияға электрондық форматта ұсынады.
12. Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-дан мәліметтерді алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-дан алынған зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерді тиісті кезеңге арналған инфляцияның деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасымен салыстырып тексеруді жүргізеді.
13. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген талаптар туындаған жағдайда, БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының сомасы:
инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасынан артық немесе оған тең болғанда – айырма төлемі жүзеге асырылмайды және уәкілетті орган айырма төлемін тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады;
инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасынан төмен болған жағдайда – Мемлекеттік корпорация бір жұмыс күні ішінде айырма төлемі сомасының есебін мына формулаға сәйкес жүргізеді:
осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін айырма төлемі сомасының есебі мынадай формулаға сәйкес жүргізіледі:
Sr = Sn-Sf
Sn= Sn-1 *In +Pn,
S1 = P1, мұнда.
n – есепті ай;
Sr – айырма төлемінің сомасы;
Sn – n айындағы инфляцияның деңгейін ескере отырып,салымшылардың (алушылардың) нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақыжарналарының сомасы, теңгемен;
Sf = БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен нақты зейнетақы жинақтарының сомасы, теңгемен;
In – өткен айға қатысты n айындағы инфляцияның көрсеткіші, пайызбен;
Pn – n айындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының түсуі, теңгемен;
P1 – n айындағы алғашқы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының түсуі, теңгемен;
осы Қағидалардың 3-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адамдар және әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлері қатарындағы адамдар, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар үшін айырма төлемі сомасының есебі мынадай формулаға сәйкес жүргізіледі:
Sr = Sn-Sf
Sn = Sn-1 *In +Pn,
S1 = Sv-Sp, мұнда:
n – есепті ай;
S1 – сақтандыру ұйымына аударылғаннан кейін зейнетақы жинақтарының нақты қалдық немесе 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызы қайтарылғаннан кейін қалдық сомасы, теңгемен;
Pn – n айындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының түсуі, теңгемен;
Sn – n айындағы инфляцияның деңгейін ескере отырып, салымшылардың (алушылардың) нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы, теңгемен;
Sf – БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен нақты зейнетақы жинақтарының сомасы;
Sv – сақтандыру ұйымына аударылған кездегі немесе 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызы қайтарылған кездегі БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты жинақтарының сомасы, теңгемен;
Sp – сақтандыру ұйымына аударылған сома немесе 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызы қайтарылған сома, теңгемен;
In – өткен айға қатысты n айындағы инфляцияның көрсеткіші, пайызбен.
Бұл ретте, тұтастай алғанда, ел бойынша тиісті кезең үшін инфляцияның деңгейі статистика жөніндегі уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған деректеріне сәйкес алынады.
14. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі айырма төлемінің сомасын есептеуді жүзеге асырғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде:
1) әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын нысан бойынша айырма төлемін тағайындау туралы (тағайындаудан бас тарту туралы) шешімнің жобасынан;
2) инфляцияның деңгейін ескере отырып, БЖЗҚ-ға нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомалары туралы ақпараттан;
3) осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген мәліметтерден тұратын алушының электрондық (қағаз) іс макетін (бұдан әрі – ЭІМ) қалыптастырады және оны уәкілетті органға жібереді.
15. Уәкілетті орган ЭІМ келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде айырма төлемін тағайындаудан бас тарту себептерін көрсете отырып, тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды және оны Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне жібереді.
16. Мемлекеттік корпорация екі жұмыс күні ішінде өтініш берушінің өтініште көрсетілген ұтқыр телефонына sms-хабар жіберу арқылы айырма төлемін тағайындау не тағайындаудан бас тарту (бас тарту себептерін көрсете отырып) туралы өтініш берушіні хабардар етеді.
Мемлекеттік корпорация әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын нысан бойынша sms-хабарларды өтініш берушінің деректерін (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі, күні, sms-хабар жіберілген телефон нөмірі, істің нөмірі және маманның деректері) қамтитын sms-хабарлар журналында тіркейді.
17. Уәкілетті мемлекеттік органның зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындау туралы шешімдерінің негізінде Мемлекеттік корпорация бес жұмыс күні ішінде ай сайын, төлем айының алдындағы айдың 25-күніне әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі уәкілетті органға ұсынылатын төлемге бюджет қаражатының қажеттілігіне тағайындалған айырма сомасын енгізуді қамтамасыз етеді.
18. Әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі уәкілетті орган тиісті кезеңге арналған төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары шегінде айырманы төлеу үшін қажетті бюджет қаражаты туралы мәліметтерді бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
19. Әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі уәкілетті орган айырманы төлеуге бюджет қаражатының қажеттілігіне сәйкес төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарында есепті кезеңге көзделген сомалар шегінде Мемлекеттік корпорацияға бюджет қаражатын аударуды жүзеге асырады.
20. Төлем айына қажеттілік қалыптастырылғаннан кейін пайда болған айырма сомалары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес одан кейінгі айға қосылуға тиіс.
21. Мемлекеттік корпорация бюджет қаражатын алып, төлем кестесіне сәйкес 030 төлем тағайындау кодымен төлем тапсырмаларын қалыптастырады және айырма төлемінің сомаларын алушының екінші деңгейдегі банктерде немесе Қазақстан Республикасының аумағында ашылған банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотына аударады.
Бұл ретте айырма төлемі банк шоттарына аудару немесе "Қазпошта" акционерлік қоғамының бөлімшелері арқылы алушылардың үйлеріне жеткізіп беру арқылы жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға 10-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 974 қаулысымен бекітілген |
Әскери қызметшiлердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын қайтару
ҚАҒИДАЛАРЫ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Әскери қызметшiлердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын қайтару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және әскери қызметшiлердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын қайтару тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ) – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
3) жоспар-кесте – БЖЗҚ-ның қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын есептен шығаруы жөніндегі іс-шараларды айқындайтын құжат;
4) қызметкер (әскери қызметші) – өздерінің пайдасына БЖЗҚ-да ашылған жеке зейнетақы шотына бюджет қаражаты есебінен ақшалай қамтылымның 20 %-ы мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналары аударылған әскери қызметшiлердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтарды, сыныптық шендерді иелену және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар қатарындағы салымшы (алушы);
5) міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын қайтару – салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-да ашылған жеке зейнетақы шоттарынан республикалық бюджетке аударылуға тиіс міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын есептен шығару операциясы;
6) уәкiлеттi мемлекеттiк органдар – қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын аударған орталық мемлекеттік органдар;
7) электрондық хабарлама – Мемлекеттік корпорацияның салымшы (алушы) және салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналарының қайтарылуға тиіс сомасы туралы ақпаратты қамтитын электрондық құжаты;
8) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.
2. Әскери қызметшiлердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын қайтару тәртібі
3. Уәкілетті мемлекеттік органдар 2016 жылғы 20 қаңтарға дейін өздерінің ведомстволары, аумақтық бөлімшелері және ведомстволық бағынысты мекемелері арқылы қызметкерлерді (әскери қызметшілерді) БЖЗҚ-да ашылған қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) жеке зейнетақы шоттарына бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын қайтару туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
4. Қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын қайтару өтініш негізінде жүзеге асырылады.
Өтініш хабарлама алынған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде мынадай құжаттармен қоса беріледі:
1) аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы БЖЗҚ анықтамасы;
2) қызметкердің (әскери қызметшінің) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
5. Үшінші тұлға арқылы өтініш берілген жағдайда үшінші тұлға осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарға қоса:
1) нотариат куәландырған сенімхаттың түпнұсқасын немесе оның нотариат куәландырған көшірмесін (егер сенімхатта алушының мүдделерін бір мезгілде бірнеше ұйымда білдіру жөніндегі өкілеттіктері қамтылса);
2) үшінші тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын береді.
6. Уәкілетті мемлекеттік органдар бюджет қаражаты есебінен міндетті зейнетақы жарналары аударылған кезеңдегі әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызмет кезеңдері үшін әрбір қызметкерге (әскери қызметшіге) республикалық бюджетке қайтарылуға тиіс міндетті зейнетақы жарналарының сомасын көрсете отырып, өтініштер берген қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) тізімін жасайды.
7. Уәкілетті мемлекеттік органдар Мемлекеттік корпорацияға қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) тізімдерін қағаз және электрондық түрде:
1) 2016 жылғы 15 ақпанға дейінгі мерзімде – толық емес көлемде еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар бойынша;
2) 2016 жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде – 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қызметте болған қызметкерлер (әскери қызметшілер) және 1998 жылғы 1 қаңтардан кейін қызметке алғаш рет кірген және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қызметтен босатылған, қызметтен босатылған күнге 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің тағайындалу шарттары болған қызметкерлер (әскери қызметшілер) бойынша ұсынады.
8. БЖЗҚ және Мемлекеттік корпорация қайтаруды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен және тиісті уәкілетті мемлекеттік органдармен келісілетін жоспар-кестені әзірлейді және қол қояды.
9. Жоспар-кестеде:
1) БЖЗҚ, Мемлекеттік корпорация және уәкілетті мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қатарынан жауапты адамдарды көрсете отырып, БЖЗҚ-дан қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын қайтару жөніндегі іс-шараларды өткізу мерзімдері;
2) БЖЗҚ-ның автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорында қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) жеке зейнетақы шоттарынан сомаларды есептен шығару үшін БЖЗҚ-ға қажетті ақпаратты қамтитын Мемлекеттік корпорацияның электрондық хабарламасының форматы;
3) Мемлекеттік корпорацияның БЖЗҚ-ға қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) тізімдерін ұсыну тәртібі, сондай-ақ БЖЗҚ-ның Мемлекеттік корпорацияға міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын қайтару тәртібі;
4) БЖЗҚ қайтарған міндетті зейнетақы жарналары сомаларының актілерін, БЖЗҚ қайтармаған міндетті зейнетақы жарналары сомаларының актілерін қалыптастыру және оларға қол қою тәртібі;
5) Жоспар-кестеде көзделген іс-шараларды жүзеге асыру процесінде Мемлекеттік корпорация мен БЗЖҚ арасындағы ақпарат алмасудың электрондық құралы (құралдары) (арнасы);
6) БЖЗҚ-ның Мемлекеттік корпорациямен және БЖЗҚ кастодиан-банкімен өзара іс-қимыл жасауына бағытталған іс-шаралар көзделеді.
10. БЖЗҚ жоспар-кесте келісілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей БЖЗҚ интернет-ресурсында ақпарат жариялау арқылы міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын қайтару жөніндегі іс-шаралардың басталу және аяқталу күндері туралы қызметкерлерді (әскери қызметшілерді) хабардар етеді.
11. Орталық атқарушы органның автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорында қызметкерлерді (әскери қызметшілерді) сәйкестендіру деректемелердің (жеке сәйкестендiру нөмiрi, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні) толық сәйкестігі бойынша жүргізіледі.
12. Жоспар-кестеде айқындалған іс-шараларды өткізу кезеңінде осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) тізімі бойынша:
1) БЖЗҚ зейнетақы аннуитеті шарты бойынша салымшыларға (алушыларға) зейнетақы жинақтарын төлеуді және (немесе) аударуды жүзеге асырмайды;
2) БЖЗҚ Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша мемлекет кепілдіктерін есептеуге қажетті зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленген күнге міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы туралы мәліметтерді инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналарының сақталуы бойынша зейнетақы төлемдерін алушыларға ұсынбайды.
13. Мемлекеттік корпорация жоспар-кестеде айқындалған мерзімдерде электрондық хабарламаларды қалыптастырады және БЖЗҚ-ға жібереді.
14. БЖЗҚ жоспар-кестеде айқындалған мерзімдерде:
1) автоматтандырылған ақпараттық жүйенің дерекқорында қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) жеке зейнетақы шоттарынан Мемлекеттік корпорацияның электрондық хабарламаларына сәйкес қайтарылуға тиіс міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын есептен шығарады;
2) БЖЗҚ-ның кастодиан шотынан Мемлекеттік корпорацияның шотына міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын есептен шығаруға тапсырманы кастодиан-банкке жібереді.
15. Бұл ретте БЖЗҚ-ның автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорында қызметкерлерді (әскери қызметшілерді) сәйкестендіру Мемлекеттік корпорацияның электрондық хабарламасында көрсетілген деректемелердің толық сәйкестігі бойынша жүзеге асырылады.
16. Жеке зейнетақы шоттарынан міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын есептен шығаруды осы Қағидалардың 17-тармағында айқындалған жағдайларды қоспағанда, БЗЖҚ Мемлекеттік корпорацияның электрондық хабарламасының негізінде қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) жеке зейнетақы шоттарында қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан жүзеге асырады.
17. Республикалық бюджетке міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын қайтару:
1) қызметкердің (әскери қызметшілердің) жеке зейнетақы шоты жабылған;
2) қызметкердің (әскери қызметшінің) жеке зейнетақы шотында қаражат болмаған;
3) егер қызметкердің (әскери қызметшінің) жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының сомасы қайтару күніне Мемлекеттік корпорацияның электрондық хабарламаларына сәйкес қайтарылуға тиіс міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан аз болған;
4) мынадай:
қызметкерлердің тізімдерін мемлекеттік уәкілетті ұйымдар қалыптастырған;
электрондық хабарламаны мемлекеттік корпорация қалыптастырған;
БЖЗҚ-ға қайтарылуға тиіс міндетті зейнетақы жарналарының сомасы есептен шығарылған кезеңде қызметкердің (әскери қызметшінің) қайтыс болғаны туралы ақпарат болған;
5) БЖЗҚ автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорында қызметкердің (әскери қызметшінің) жеке зейнетақы шоты болмаған жағдайларда жүргізілмейді.
18. Толық емес көлемде еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар осы Қағидалардың 17-тармағының 1)– 3) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда Заңның 73-бабының 12-тармағына сәйкес қайта есептеуді жүзеге асыру үшін қажетті (жетіспейтін) соманы БЖЗҚ ішкі құжатында айқындалған тәртіппен жеке зейнетақы шотына аударады.
Аталған сомалар түскен кезде БЖЗҚ оларды қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) жеке зейнетақы шоттарына есепке жазуды жүзеге асырады.
Кейіннен қайтару осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген тәртіппен өтініштің негізінде жүзеге асырылады.
Өтініш жеке зейнетақы шотына сома есепке жазылған күннен бастап бір ай ішінде ведомстволар, аумақтық бөлімшелер және мекемелер арқылы уәкілетті мемлекеттік органға беріледі.
19. БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын қайтаруды электрондық хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияның банк шотына электрондық төлем тапсырмаларымен жүргізеді.
20. Мемлекеттік корпорация Қазақстан Республикасының банк және бюджет заңнамасының нормаларын сақтай отырып, БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналарының сомалары келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды электрондық төлем тапсырмаларымен республикалық бюджетке аударуды жүргізеді.
21. Жоспар-кестеде көзделген іс-шаралар жүзеге асырылғаннан кейін Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ қайтарған міндетті зейнетақы жарналары сомаларының актісін жасайды, ол:
1) Мемлекеттік корпорация хабарламаларының нөмірі және күні туралы ақпаратты;
2) БЖЗҚ қайтарған міндетті зейнетақы жарналарының сомалары бойынша электрондық төлем тапсырмаларының нөмірі және күні туралы ақпаратты;
3) Мемлекеттік корпорацияның міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын республикалық бюджетке аударуы бойынша электрондық төлем тапсырмаларының нөмірі және күні туралы ақпаратты;
4) БЖЗҚ қайтарған міндетті зейнетақы жарналарының сомалары көрсетілген қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) тізімін қамтиды.
22. Жоспар-кестеде көзделген іс-шаралар жүзеге асырылғаннан кейін БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарының қайтарылмаған сомаларының актісін жасайды, ол:
1) Мемлекеттік корпорацияның электрондық хабарламаларының нөмірі және күні туралы ақпаратты;
2) тиісті себептерін көрсете отырып, БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын қайтаруды жүзеге асырмаған Мемлекеттік корпорацияның электрондық хабарламасында көрсетілген қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) тізімін қамтиды.
23. БЖЗҚ қайтарған және қайтармаған міндетті зейнетақы жарналары сомаларының актілеріне БЖЗҚ, Мемлекеттік корпорация, тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар қол қояды, көрсетілген ұйымдардың мөрлерімен расталады.
24. Жоспар-кестеде көзделген іс-шаралар аяқталғаннан кейін БЖЗҚ тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған әскери қызметшiлердің (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасын жеке зейнетақы шотынан есептен шығару туралы растау-анықтаманы (бұдан әрі – растау-анықтама) электрондық форматта ұсынады.
25. Қызметке қайтадан кірген, соттың шешімі бойынша қызметке қайта қабылданған, кейіннен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауға құқық алған не сот шешімдерінің негізінде еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауға құқық беретін, сондай-ақ соттың шешімі бойынша міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын қайтаруға құқық беретін қызметтен босату негіздемесі өзгерген қызметтен босатылған қызметкерлердің (әскери қызметшілердің), сондай-ақ арнайы жедел тапсырмаларды орындау үшін ерекше тәртіппен қызмет өткерген адамдардың және штаттық жасырын қызметкерлердің пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын қайтару осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген тәртіппен өтініштің негізінде жүзеге асырылады.
Осы Қағидалардың 7-тармағында белгіленген мерзімдерде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген себептер бойынша өтініш бермеген қызметкерлер (әскери қызметшілер) өтініш беруге кедергi келтiрген мән-жайлардың әрекеті аяқталған кезден бастап бір ай ішінде оны ведомстволар, аумақтық бөлімшелер және мекемелер арқылы уәкілетті мемлекеттік органға береді.
26. Уәкілетті мемлекеттік орган осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес республикалық бюджетке қайтарылуға тиіс міндетті зейнетақы жарналарының сомасын көрсете отырып, сомаларды қайтару туралы өтініш берген қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) тізімін жасайды және оны Мемлекеттік корпорацияға ұсынады.
27. Мемлекеттік корпорация тізімді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 25-тармағында көрсетілген қызметкерлерді (әскери қызметшілерді) осы Қағидалардың 11 және 15-тармақтарына сәйкес орталық атқарушы органның және БЖЗҚ-ның автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорында сәйкестендіру рәсімін жүзеге асырады.
28. Мемлекеттік корпорацияның электрондық хабарламаларды қалыптастыру және оларды БЖЗҚ-ға жіберу, БЗЖҚ-ның жеке зейнетақы шоттарынан міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын есептен шығару, оларды Мемлекеттік корпорацияға қайтару және кейіннен республикалық бюджетке аудару осы Қағидалардың 13, 16, 17, 18 және 19-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
29. БЖЗҚ осы Қағидалардың 25-тармағында көрсетілген қызметкер (әскери қызметші) өзі келген жағдайда оған электрондық форматта немесе қағаз жеткізгіште растау-анықтама береді.
Нысан
Берілген күні
20 жылғы " " №
Әскери қызметшiлердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын жеке зейнетақы шотынан есептен шығару туралы растау-анықтама
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры
__________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі)
№ ____________________ жеке зейнетақы шотынан 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын есептен шығаруды
________________________________________________ теңге мөлшерінде
(сомасы жазбаша)
жүргізді.
БЖЗҚ басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы