Міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 255 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 528 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2 және 6-тармақтарын қоспағанда, 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С.Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 20 наурыздағы
№ 250 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 4 маусымдағы № 926 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 24, 217-құжат):

      3-тармақта:

      7) және 19) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан өсімпұлды оның өтініші бойынша агентке және (немесе) Орталыққа қайтару;";

      "19) төлеушілерден түскен әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдарды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударуды, артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдар сомаларын және (немесе) олар бойынша өсiмпұлдарды төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "19-1) жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ және (немесе) деректемелерінде қателер жіберілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы үшін аударылған әлеуметтік аударымдардың сомаларын төлеушіге қайтару;";

      20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "20) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен әлеуметтік төлемдерден ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын ұйымдастыру және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына әлеуметтік төлемдерді жүзеге асырылған айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей аудару;";

      мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "20-1) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайға әлеуметтік төлем алушыларға бюджет қаражаты есебінен субсидияланатын міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару;".

      2. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 21.08.2020 № 530 қаулысымен.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2023 № 528 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2023 № 528 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2023 № 528 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2023 № 528 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 20 наурыздағы
№ 250 қаулысына
қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2023 № 528 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.