Әскери қызметшiлердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 472 қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 11-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Әскери қызметшiлердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызын қайтару қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Әскери қызметшiлердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын қайтару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 974 қаулысы;

      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 215 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 13-тармағы.

      3. Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 15 маусымдағы
№ 472 қаулысымен
бекітілген

Әскери қызметшілердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызын қайтару қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Әскери қызметшiлердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызын қайтару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 11-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және әскери қызметшiлердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызын қайтару тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ) – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға;

      3) график-жоспар – БЖЗҚ-ның қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын есептен шығаруы жөніндегі іс-шараларды айқындайтын құжат;

      4) қызметкер (әскери қызметші) – пайдасына БЖЗҚ-да ашылған жеке зейнетақы шоттарына бюджет қаражаты есебінен ақшалай қамтылымның 20 %-ы мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналары аударылған әскери қызметшiлердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар қатарындағы салымшы (алушы);

      5) міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын қайтару – салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-да ашылған жеке зейнетақы шоттарынан республикалық бюджетке аударылуға тиіс міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын есептен шығару операциясы;

      6) орталық атқарушы орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк орган;

      7) уәкiлеттi органдар – қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын аударған орталық мемлекеттік органдар;

      8) электрондық хабарлама – Мемлекеттік корпорацияның салымшы (алушы) және салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналарының қайтарылуға тиіс сомасы туралы ақпаратты қамтитын электрондық құжаты.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 27.03.2024 № 228 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. Әскери қызметшiлердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызын қайтару тәртібі

      3. Уәкілетті органдар 2016 жылғы 20 қаңтарға дейін өздерінің ведомстволары, аумақтық бөлімшелері және ведомстволық бағынысты мекемелері арқылы қызметкерлерді (әскери қызметшілерді) БЖЗҚ-да ашылған қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) жеке зейнетақы шоттарына бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызын қайтару туралы жазбаша хабардар етеді.

      4. Қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызын қайтару өтініш негізінде жүзеге асырылады.

      Өтініш хабарлама алынған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде мынадай құжаттармен қоса беріледі:

      1) аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы БЖЗҚ анықтамасы;

      2) қызметкердің (әскери қызметшінің) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

      5. Үшінші тұлға арқылы өтініш берілген жағдайда үшінші тұлға осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарға қоса:

      1) нотариат куәландырған сенімхаттың түпнұсқасын немесе оның нотариат куәландырған көшірмесін (егер сенімхатта алушының мүдделерін бір мезгілде бірнеше ұйымда білдіру жөніндегі өкілеттіктері қамтылса);

      2) үшінші тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын береді.

      6. Уәкілетті органдар бюджет қаражаты есебінен міндетті зейнетақы жарналары аударылған кезеңдегі әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарындағы қызмет кезеңдері үшін әрбір қызметкер (әскери қызметші) бойынша республикалық бюджетке қайтарылуға тиіс міндетті зейнетақы жарналарының сомасын көрсетіп, өтініш берген қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) тізімін жасайды.

      7. Уәкілетті органдар Мемлекеттік корпорацияға қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) тізімдерін қағаз және электрондық түрде:

      1) 2016 жылғы 15 ақпанға дейінгі мерзімге – еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін толық емес көлемде алушылар бойынша;

      2) 2016 жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімге – 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қызметте болған қызметкерлер (әскери қызметшілер) және 1998 жылғы 1 қаңтардан кейін қызметке алғаш рет кірген және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қызметтен босатылған, қызметтен босатылған күнге 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау шарттары болған қызметкерлер (әскери қызметшілер) бойынша ұсынады.

      8. БЖЗҚ және Мемлекеттік корпорация қайтаруды жүзеге асыру үшін орталық атқарушы органмен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және тиісті уәкілетті органдармен келісілетін график-жоспарды әзірлейді және қол қояды.

      9. График-жоспарда:

      1) БЖЗҚ, Мемлекеттік корпорация және уәкілетті органдар қызметкерлерінің қатарынан жауапты адамдар көрсетілген БЖЗҚ-дан қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын қайтару жөніндегі іс-шараларды өткізу мерзімдері;

      2) БЖЗҚ-ның автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорында қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) жеке зейнетақы шоттарынан сомаларды есептен шығару үшін БЖЗҚ-ға қажетті ақпаратты қамтитын Мемлекеттік корпорацияның электрондық хабарламасының форматы;

      3) Мемлекеттік корпорацияның БЖЗҚ-ға қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) тізімдерін ұсыну тәртібі, сондай-ақ БЖЗҚ-ның Мемлекеттік корпорацияға міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын қайтару тәртібі;

      4) БЖЗҚ қайтарған міндетті зейнетақы жарналары сомаларының актілерін, БЖЗҚ қайтармаған міндетті зейнетақы жарналары сомаларының актілерін қалыптастыру және оларға қол қою тәртібі;

      5) график-жоспарда көзделген іс-шараларды жүзеге асыру процесінде Мемлекеттік корпорация мен БЗЖҚ арасындағы ақпарат алмасудың электрондық құралы (құралдары) (арнасы);

      6) БЖЗҚ-ның Мемлекеттік корпорациямен және БЖЗҚ кастодиан-банкімен өзара іс-қимыл жасауына бағытталған іс-шаралар көзделеді.

      10. БЖЗҚ график-жоспар келісілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей БЖЗҚ интернет-ресурсында ақпарат жариялау арқылы міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын қайтару жөніндегі іс-шаралар басталатын және аяқталатын күндер туралы қызметкерлерді (әскери қызметшілерді) хабардар етеді.

      11. Орталық атқарушы органның автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорында қызметкерлерді (әскери қызметшілерді) сәйкестендіру деректемелердің (жеке сәйкестендiру нөмiрi, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні) толық сәйкестігі бойынша жүргізіледі.

      12. График-жоспарда айқындалған іс-шаралар өткізілетін кезеңде осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) тізімі бойынша:

      1) БЖЗҚ зейнетақы аннуитеті шарты бойынша салымшыларға (алушыларға) зейнетақы жинақтарын төлеуді және (немесе) аударуды жүзеге асырмайды;

      2) БЖЗҚ Мемлекеттік корпорацияның сұратуы бойынша инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген мөлшеріндегі міндетті зейнетақы жарналарының сақталуы бойынша зейнетақы төлемдерін алушыларға мемлекет кепілдіктерін есептеу үшін қажет міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленген күнгі зейнетақы жинақтарының сомасы туралы мәліметтерді ұсынбайды.

      13. Мемлекеттік корпорация электрондық хабарламаларды қалыптастырады және график-жоспарда айқындалған мерзімдерде БЖЗҚ-ға жолдайды.

      14. БЖЗҚ график-жоспарда айқындалған мерзімдерде:

      1) автоматтандырылған ақпараттық жүйенің дерекқорында қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) жеке зейнетақы шоттарынан Мемлекеттік корпорацияның электрондық хабарламаларына сәйкес қайтарылуға тиіс міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын есептен шығарады;

      2) БЖЗҚ-ның кастодиан шотынан Мемлекеттік корпорацияның шотына міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын есептен шығаруға тапсырманы кастодиан-банкке жібереді.

      15. Бұл ретте БЖЗҚ-ның автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорында қызметкерлерді (әскери қызметшілерді) сәйкестендіру Мемлекеттік корпорацияның электрондық хабарламасында көрсетілген деректемелердің толық сәйкестігі бойынша жүзеге асырылады.

      16. Жеке зейнетақы шоттарынан міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын есептен шығаруды осы Қағидалардың 17-тармағында айқындалған жағдайларды қоспағанда, БЗЖҚ Мемлекеттік корпорацияның электрондық хабарламасының негізінде қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) жеке зейнетақы шоттарында қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан жүзеге асырады.

      17. Республикалық бюджетке міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын қайтару:

      1) қызметкердің (әскери қызметшілердің) жеке зейнетақы шоты жабылған;

      2) қызметкердің (әскери қызметшінің) жеке зейнетақы шотында қаражат болмаған;

      3) қайтарылатын күні қызметкердің (әскери қызметшінің) жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының сомасы Мемлекеттік корпорацияның электрондық хабарламаларына сәйкес қайтарылуға тиіс міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан аз болған;

      4) мынадай:

      уәкілетті органдар қызметкерлердің тізімдерін қалыптастырған;

      Мемлекеттік корпорация электрондық хабарламаны қалыптастырған;

      БЖЗҚ-ға қайтарылуға тиіс міндетті зейнетақы жарналарының сомасы есептен шығарылған кезеңде қызметкердің (әскери қызметшінің) қайтыс болғаны туралы ақпарат болған;

      5) БЖЗҚ автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорында қызметкердің (әскери қызметшінің) жеке зейнетақы шоты болмаған жағдайларда жүргізілмейді.

      18. Еңбек сіңірген жылдары үшін толық емес көлемде зейнетақы төлемдерін алушылар осы Қағидалардың 17-тармағының 1)3) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 212-бабының 11-тармағына сәйкес қайта есептеуді жүзеге асыру үшін қажетті (жетіспейтін) соманы БЖЗҚ ішкі құжатында айқындалған тәртіппен жеке зейнетақы шотына аударады.

      Көрсетілген сома түскен кезде БЖЗҚ оларды қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) жеке зейнетақы шоттарына есепке жазуды жүзеге асырады.

      Кейіннен қайтару осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген тәртіппен өтініш негізінде жүзеге асырылады.

      Өтініш жеке зейнетақы шотына сома есепке жазылған күннен бастап бір ай ішінде ведомстволар, аумақтық бөлімшелер және мекемелер арқылы уәкілетті органға беріледі.

      19. БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын қайтаруды электрондық хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияның банк шотына электрондық төлем тапсырмаларымен жүргізеді.

      20. Мемлекеттік корпорация Қазақстан Республикасының банк және бюджет заңнамасының нормаларын сақтай отырып, БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналарының сомалары келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды электрондық төлем тапсырмаларымен республикалық бюджетке аударуды жүргізеді.

      21. График-жоспарда көзделген іс-шаралар жүзеге асырылғаннан кейін Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ қайтарған міндетті зейнетақы жарналары сомаларының актісін жасайды, ол:

      1) Мемлекеттік корпорацияның электрондық хабарламаларының нөмірі және күні туралы ақпаратты;

      2) БЖЗҚ қайтарған міндетті зейнетақы жарналарының сомалары бойынша электрондық төлем тапсырмаларының нөмірі және күні туралы ақпаратты;

      3) міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын Мемлекеттік корпорацияның республикалық бюджетке аударуы бойынша электрондық төлем тапсырмаларының нөмірі және күні туралы ақпаратты;

      4) БЖЗҚ қайтарған міндетті зейнетақы жарналарының сомалары көрсетілген қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) тізімін қамтиды.

      22. График-жоспарда көзделген іс-шаралар жүзеге асырылғаннан кейін БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарының қайтарылмаған сомаларының актісін жасайды, ол:

      1) Мемлекеттік корпорацияның электрондық хабарламаларының нөмірі және күні туралы ақпаратты;

      2) тиісті себептері көрсетілген, БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын қайтаруды жүзеге асырмаған, Мемлекеттік корпорацияның электрондық хабарламасында көрсетілген қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) тізімін қамтиды.

      23. БЖЗҚ қайтарған және қайтармаған міндетті зейнетақы жарналары сомаларының актілеріне БЖЗҚ, Мемлекеттік корпорация, тиісті уәкілетті органдар қол қояды, көрсетілген ұйымдардың мөрлерімен расталады.

      24. График-жоспарда көзделген іс-шаралар аяқталғаннан кейін БЖЗҚ тиісті уәкілетті органдарға осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған әскери қызметшiлердің (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасын жеке зейнетақы шотынан есептен шығару туралы растау-анықтаманы (бұдан әрі – растау-анықтама) электрондық форматта ұсынады.

      25. Қызметке қайтадан кірген, сот шешімі бойынша қызметке қайта қабылданған, қызметтен босатылып, еңбек сіңірген жылдары үшін кейіннен зейнетақы төлемдерін тағайындауға құқық алған не сот шешімдерінің негізінде еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауға құқық беретін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызын қайтаруға құқық беретін соттың шешімі бойынша қызметтен босату негіздемесі өзгерген қызметкерлердің (әскери қызметшілердің), сондай-ақ арнайы жедел тапсырмаларды орындау үшін ерекше тәртіппен қызмет өткерген адамдардың және штаттық жасырын қызметкерлердің пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызын қайтару осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген тәртіппен өтініш негізінде жүзеге асырылады.

      Осы Қағидалардың 4 және 7-тармақтарында көзделген мерзімдерде өтініш бермеген қызметкерлер (әскери қызметшілер) оны ведомстволар, аумақтық бөлімшелер және мекемелер арқылы уәкілетті органға өз еркімен беруге құқылы.

      26. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес республикалық бюджетке қайтарылуға тиіс міндетті зейнетақы жарналарының сомасын көрсетіп, сомаларды қайтару туралы өтініш берген қызметкерлердің (әскери қызметшілердің) тізімін жасайды және оны Мемлекеттік корпорацияға ұсынады.

      27. Мемлекеттік корпорация тізімді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 25-тармағында көрсетілген қызметкерлерді (әскери қызметшілерді) осы Қағидалардың 11 және 15-тармақтарына сәйкес орталық атқарушы органның және БЖЗҚ-ның автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорында сәйкестендіру рәсімін жүзеге асырады.

      28. Мемлекеттік корпорацияның электрондық хабарламаларды қалыптастыруы және оларды БЖЗҚ-ға жолдау, БЗЖҚ-ның жеке зейнетақы шоттарынан міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын есептен шығару, оларды Мемлекеттік корпорацияға қайтару және кейіннен республикалық бюджетке аудару осы Қағидалардың 13, 16, 17, 18 және 19-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.

      29. БЖЗҚ электрондық форматтағы немесе қағаз жеткізгіштегі растау-анықтаманы осы Қағидалардың 25-тармағында көрсетілген қызметкерлерге (әскери қызметшілер) олар өздері келген кезде береді.

  Әскери қызметшілердің
(мерзімді қызметтегі әскери
қызметшілерден басқа), арнаулы
мемлекеттік органдар және
құқық қорғау органдары,
мемлекеттік фельдъегерлік
қызмет қызметкерлерінің,
сондай-ақ арнаулы атақтарға,
сыныптық шендерге ие
болу және нысанды киім киіп
жүру құқықтары 2012 жылғы
1 қаңтардан бастап жойылған
адамдардың пайдасына
2016 жылғы 1 қаңтарға
дейін бюджет қаражаты есебінен
аударылған міндетті зейнетақы
жарналары сомасының
50 пайызын қайтару
қағидаларына қосымша
Нысан

      Берілген күні 20__ жылғы " " №

Әскери қызметшiлердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда оларға 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызын жеке зейнетақы шотынан есептен шығару туралы растау-анықтама

      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры

      __________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      № ________________________________________ жеке зейнетақы шотынан

      ______________________________________ теңге мөлшерінде 2016 жылғы 1 қаңтарға

      (сомасы жазбаша)

      дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары

      сомасының 50 пайызы есептен шығару жүргізілгенін растайды.

      БЖЗҚ басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы.