Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда, судьялар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою және бюджетке аудару қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 838 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 528 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2023 № 528 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда, судьялар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою және бюджетке аудару қағидалары бекітілсін.

      2. "Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда, судьялар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою және бюджетке аудару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 14 мамырдағы № 479 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С.Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 26 тамыздағы
№ 838 қаулысымен
бекітілген

Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда, судьялар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою және бюджетке аудару қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.04.2016 № 215 қаулысымен.

      1. Осы Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда, судьялар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою және бюджетке аудару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылғанда жағдайда, судьялар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою және бюджетке аудару тәртібін айқындайды.

      2. Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған кезде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да

      соттардың қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету

      жөніндегі уәкілетті орган немесе облыстардағы, астанадағы және

      республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелер (бұдан әрі – агент) судьяны теріс себептер бойынша лауазымынан босату туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына қол қойылғаннан немесе Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының қаулысы қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес республикалық бюджет қаражаты есебінен судьяның ай сайынғы табысынан 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қосымша аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою туралы өтінішпен (бұдан әрі – өтініш) жүгінеді.

      Өтінішке осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған судьялардың тізімі (бұдан әрі – тізім) қоса беріледі. Тізім әрбір жеке тұлға бойынша мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) жеке сәйкестендіру нөмірі;

      2) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      3) туған күні;

      4) жынысы;

      5) жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, оны берген мемлекеттік орган туралы мәліметтер, берілген күні;

      6) бюджетке алып қоюға жататын республикалық бюджет қаражаты есебінен судьяның ай сайынғы табысынан қосымша аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасы (бұдан әрі – міндетті зейнетақы жарналарының сомалары). Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) өзгерген жағдайда бұрынғы тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі.

      1. Өтініште:

      1) агенттің атауы және деректемелері (бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі төлемдер бойынша салық төлеушінің тіркеу нөмірі;

      2) банктік сәйкестендіру коды (бұдан әрі – БСК);

      3) жеке сәйкестендіру коды (бұдан әрі – ЖСК);

      4) төлем құжаттарының деректемелері (нөмірі, күні және сомасы) көрсетіледі.

      Өтінішке:

      1) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасына, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты сот алқаларының төрағаларына және судьяларына қатысты – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы;

      2) жергілікті және басқа да соттардың төрағаларына, сот алқаларының төрағаларына және судьяларына қатысты – облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелердің (сот кеңселерінің) басшылары, сондай-ақ бас бухгалтер қол қояды және ол елтаңбалы мөрмен расталады. Егер бас бухгалтердің лауазымы көзделмеген болса, алып қоюға арналған өтінішке тиісті белгі қойылады.

      4. Міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қоюға алынған құжаттардың негізінде Мемлекеттік корпорация бес жұмыс күні ішінде көрсетілген сомаларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алып қоюға арналған электрондық өтінімді нөмірі мен күнін көрсете отырып қалыптастырады.

      Электрондық өтінімде:

      1) осы Қағидалардың 2-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген салымшының деректемелері;

      2) өтінімнің нөмірі мен күні;

      3) міндетті зейнетақы жарналарының сомасы көрсетіледі.

      Электрондық өтінім ақпаратты жеткізудің қаржылық автоматтандырылған жүйесі арқылы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жіберіледі.

      5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Мемлекеттік корпорациядан міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қоюға арналған электрондық өтінімді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорация өтінімінің нөмірі мен күнін көрсете отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын аударуды жүзеге асырады.

      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын аударуды Мемлекеттік корпорацияның банк шотына тізімді қоса бере отырып, төлем тапсырмасымен жүргізеді.

      6. Мемлекеттік корпорация бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналарының сомалары түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды өтініште көрсетілген деректемелерге сәйкес агентке аударуды жүргізеді.

      7. Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда, агенттің 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін судьялар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын бюджетке аударуы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

  Судья теріс себептер бойынша
лауазымынан босатылған жағдайда,
судьялар үшін қосымша белгіленген

      міндетті зейнетақы жарналарының

      сомаларын алып қою және бюджетке

      аудару қағидаларына

  1-қосымша

Агенттің судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған кезде республикалық бюджет қаражаты есебінен судьяның ай сайынғы табысынан қосымша аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қоюға өтініші

      "Азаматтарға арналған үкімет"

      мемлекеттік корпорациясы

      __________________________

      __________________________

      1. Міндетті зейнетақы жарналарын төлеушінің (агенттің) деректемелері атауы _______________________________________________

      БСН (01.01.2013 ж. кейінгі төлемдер бойынша)_____________________

      СТН (01.01.2013 ж. дейінгі төлемдер бойынша)_____________________

      БСК ________________ ЖСК ______________________

      2. Судьяның деректемелері

      __________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні)

      ЖСН ______________________________________________________________

      міндетті зейнетақы жарналарының сомасы

      ________________________________________

      Алып қоюға жататын сома __________________________________________

      (Бірнеше төлем тапсырмалары бойынша міндетті зейнетақы жарналарының есептелген сомаларын есептен шығару қажет болған жағдайда есептен шығарылуға жататын сомалар әрбір төлем тапсырмасына жеке көрсетіледі)

      Алып қойылған сомаларды мынадай деректемелер бойынша аударуды сұраймыз ________________________________________________________

      (кәсіпорынның толық деректері, барлық банктік деректемелері көрсетіледі)

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы/Облыстық және оған теңестірілген сот

      кеңсесінің басшысы _____________________________

      (Т.А.Ә. (бар болса), қолы)

      Бас бухгалтер ____________________________

      (Т.А.Ә. (бар болса), қолы)

      М.О. күні ____________

  Судья теріс себептер бойынша
лауазымынан босатылған жағдайда,
судьялар үшін қосымша белгіленген

      міндетті зейнетақы жарналарының

      сомаларын алып қою және бюджетке

      аудару қағидаларына

  2-қосымша

Теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған судьялардың тізімі

Р/с №

Агенттің атауы мен деректемелері*

Теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған судьялар бойынша мәліметтер

Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, оны берген мемлекеттік орган туралы мәліметтер, берілген күні

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған күні, жынысы

Салымшының ЖСН

Лауазымынан босату негізі (Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты қаулысының №, күні)

Төлем тапсырмасының №, күні

Республикалық бюджет қаражатынан қосымша аударылған, бюджетке алып қоюға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомасы











      * СТН (01.01.2013 ж. дейінгі төлемдер бойынша)

      БСН (01.01.2013 ж. кейінгі төлемдер бойынша)

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының

      жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз

      ету департаментінің (Қазақстан Республикасы

      Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы/Облыстық

      және оған теңестірілген сот кеңсесінің басшысы

      _________(Т.А.Ә. (бар болса), қолы)

      М.О. күні_________________