Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 312 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2015 жылғы 25 сәуірдегі
№ 312 қаулысымен    
бекітілген       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. «Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеуді жүзеге асыру қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 381 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 40, 522-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінген ақша қаражатын төлеуді жүзеге асыру қағидаларында және оның мөлшерінде:
      3-тармақ алып тасталсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын тағайындау үшiн патронат тәрбиешi тұрғылықты жерi бойынша қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға (бұдан әрi – орган):
      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ақша қаражатын тағайындау туралы өтiнiшті;
      2) баланың (балалардың) бiлiм беру ұйымында білім алатыны туралы анықтаманы;
      3) баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шартты ұсынады.».
      2. «Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 40, 523-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларында:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың кәмелетке толмағандарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі қызметін үйлестіруді және өзара іс-қимылын ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы, кәмелетке толғандарға қатысты – халықты әлеуметтік қорғаудың уәкілетті органдары жүзеге асырады.».
      3. «Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау қағидаларын және оны төлеу мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 383 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 40, 524-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау қағидаларында және оны төлеу мөлшерінде:
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы төлеуді орган қорғаншылардың немесе қамқоршылардың дербес шоттарына ақша қаражатын аудару арқылы ай сайын, ағымдағы айдың 15-күнінен кешіктірмей жүргізеді.»;
      12-тармақ алып тасталсын.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2015 жылғы 25 сәуірдегі
№ 312 қаулысына    
қосымша        

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Патронаттық тәрбие туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 384 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 40, 525-құжат).
      2. «Бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 385 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 40, 526-құжат).
      3. «Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 386 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 40, 527-құжат).
      4. «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі туралы қорытынды беретін комиссия қызметінің қағидаларын және құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 387 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 40, 528-құжат).
      5. «Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және асырап алуға жататын балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 388 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 40, 529-құжат).
      6. «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктерді есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 мамырдағы № 578 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 48, 648-құжат).
      7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 30 наурыздағы № 380 және «Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 30 наурыздағы № 386 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 7 маусымдағы № 584 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 36, 539-құжат).
      8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1115 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметтінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 14-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 60, 827-құжат).
      9. «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 наурыздағы № 172 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 14, 119-құжат).
      10. «Білім беру саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 262 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 23, 172-құжат).