Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 312 қаулысы.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 25 сәуірдегі
№ 312 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.07.2023 № 621 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. "Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 40, 523-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың кәмелетке толмағандарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі қызметін үйлестіруді және өзара іс-қимылын ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы, кәмелетке толғандарға қатысты – халықты әлеуметтік қорғаудың уәкілетті органдары жүзеге асырады.".

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.07.2023 № 621 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 25 сәуірдегі
№ 312 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Патронаттық тәрбие туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 384 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 40, 525-құжат).

      2. "Бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 385 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 40, 526-құжат).

      3. "Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 386 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 40, 527-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі туралы қорытынды беретін комиссия қызметінің қағидаларын және құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 387 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 40, 528-құжат).

      5. "Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және асырап алуға жататын балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 388 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 40, 529-құжат).

      6. "Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктерді есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 мамырдағы № 578 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 48, 648-құжат).

      7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 30 наурыздағы № 380 және "Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 30 наурыздағы № 386 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 7 маусымдағы № 584 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 36, 539-құжат).

      8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1115 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметтінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 14-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 60, 827-құжат).

      9. "Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 наурыздағы № 172 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 14, 119-құжат).

      10. "Білім беру саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 262 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 23, 172-құжат).