Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1115 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 18 қазандағы
№ 1115 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 11.08.2018 № 502 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерiнiң мемлекеттiк мекемелерi ұсынатын қызметтердi сатудан алынатын түсiмдердi пайдалану ережесін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1448 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 50, 495-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерiнiң мемлекеттiк мекемелерi ұсынатын қызметтердi сатудан алынатын түсiмдердi пайдалану ережесінде:

      4-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мамандандырылған күзет бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін мiндеттi зейнетақы жарналарына;".

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.07.2014 № 777 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 28.09.2015 № 796 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1182 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.12.2014 № 1344 қаулысымен.

      8. "Мемлекеттік органдардың өз құзіретіне кіретін электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мерзімдері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қазандағы № 1080 қаулысында:

      көрсетілген қаулыға қосымшада:

      реттік нөмірлері 334, 338, 342, 346-жолдар алынып тасталсын;

      2-бағанда:

      реттік нөмірлері 354 және 355 жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат беру";

      "Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде таратуға рұқсат беру".

      9. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 11.03.2014 № 217 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      10. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 27.01.2016 № 31 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      11. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 28.09.2015 № 796 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      12. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.04.2015 № 238 қаулысымен.

      13. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.04.2015 № 259 қаулысымен.

      14. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 312 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      15. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.02.2016 № 44 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      16. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.03.2015 № 140 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      17. "Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдарға зейнеткерлікке шыққан кезде әлеуметтік қамсыздандыруды, барлық жеңілдіктер мен артықшылықтарды сақтау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1597 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 4, 66-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдарға зейнеткерлікке шыққан кезде әлеуметтік қамсыздандыруды, барлық жеңілдіктер мен артықшылықтарды сақтау қағидаларында:

      8-тармақтың 1) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ақшалай қаражаттың мөлшерінен жиырма пайыз мөлшеріндегі міндетті зейнетақы жарналары бюджет қаражаты есебінен есептеледі және салымшының жеке зейнетақы шотына аударылады.".

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 18 қазандағы
№ 1115 қаулысына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 11.03.2014 № 217 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 18 қазандағы
№ 1115 қаулысына
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымша алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.02.2014 N 115 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 18 қазандағы
№ 1115 қаулысына
3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымша алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.02.2014 N 115 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).