Патронаттық тәрбие туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 384 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 312 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 312 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 89-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2012 жылғы 30 наурыздағы
№ 386 қаулысымен    
бекітілген        

Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидалары

      1. Осы Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидалары "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 89-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және бала асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын адамдарды (бұдан әрі – азаматтар) есепке алуды ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
      2. Азаматтарды есепке алуды ауданның, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдары (бұдан әрі – орган) жүзеге асырады.
      3. Азаматтар өзінің тұрғылықты жері бойынша органға бала асырап алу ниеті туралы жазбаша өтініш береді, оған мынадай құжаттар:
      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) жақын туыстарының бала асырап алуға арналған жазбаша келісімі;
      3) жиынтық табыс мөлшері туралы анықтама;
      4) отбасы жағдайы туралы анықтама;
      5) азаматтардың және жақын туыстарының денсаулық жағдайы, оның ішінде психикалық саулығы туралы, есірткіге (уытқұмарлыққа), алкогольге тәуелді еместігі туралы анықтама;
      6) соттылығының болмауы туралы анықтама;
      7) тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріледі.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.06.2013 № 584 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      4. Орган азаматтардың Кодекстің 91-бабына сәйкес бала асырап алуға үміткер болу құқығын, сондай-ақ ұсынылған құжаттардың толықтығын және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексереді.
      Тексеру қорытындысы бойынша орган бала асырап алуға тілек білдіру туралы өтініш түскен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде азаматтардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеріп-қарауды жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тиісті акті жасайды және 2-қосымшаға сәйкес азаматтардың бала асырап алуға үміткер болу мүмкіндігі не мүмкін еместігі туралы қорытынды дайындайды.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді- ҚР Үкіметінің 07.06.2013 № 584 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      5. Азаматтар қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес болған жағдайда орган өтініш түскен күннен бастап күнтізбелік он бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу журналына жазба енгізу арқылы оларды бала асырап алуға үміткер ретінде есепке қояды.
      Органның бланкісінде орындалған оң қорытындының түпнұсқасы қорытындыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде бала асырап алуға үміткерлерге беріледі. Оң қорытынды бала асырап алуға үміткерлер ретінде есепке қою үшін және бала таңдау үшін негіз болып табылады.
      Әр бала асырап алуға үміткерге тұрғылықты жері бойынша органда жеке үй-жайда сақталатын жеке іс басталады.
      6. Азаматтар қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда орган қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде азаматтардың назарына негіздемесі бар теріс қорытындыны жеткізеді. Теріс қорытынды бала асырап алуға үміткер ретінде есепке алудан бас тарту үшін негіз болып табылады. Осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттар азаматтардың өздеріне бір мезгілде қайтарылады.
      Азаматтар келіспеген жағдайда теріс қорытындыға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттiк органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) немесе сот органдарына шағымдануға болады.
      7. Азаматтар теріс қорытындыда көрсетілген жол берілген кемшіліктерді жойған жағдайда құжаттар органға қайта беріледі, ол осы Қағидалардың талаптарына сәйкес оларды қарайды.
      8. Егер бала асырап алуға үміткерлер өзі тұратын аумақтағы облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада асырап алу үшін бала таңдай алмаса, бала асырап алуға үміткерлердің тұрғылықты жері бойынша орган олар тілек білдірсе, басқа облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім беруді басқару органына кейіннен органда бала асырап алуға үміткерлер ретінде тіркеу үшін жазбаша өтінішпен жүгінеді.
      Бұл ретте осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттар, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеріп-қарау актісі, бала асырап алуға үміткер болу мүмкіндігі туралы оң қорытынды қоса беріледі.
      Басқа облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада тіркелгеннен кейін бала асырап алуға үміткерлер жазбаша өтініш негізінде тұрғылықты жері бойынша органда есептен шығарылады.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 07.06.2013 № 584 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Бала асырап алуға тілек
білдірген адамдарды    
есепке алу қағидаларына
1-қосымша        

Бала асырап алуға үміткер болуға тілек білдірген азаматтардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеріп-қарау
АКТІСІ

Тексеріп-қарау жүргізілген күн_______________________________________
Тексеріп-қарауды жүргізген __________________________________________
                            (тексеріп-қарауды жүргізген адамдардың
_____________________________________________________________________
       тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, жұмыс орны)
Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның мекенжайы және телефоны:___________________________________
____________________________________________________________________

Тексеріп-қарау мақсаты:_____________________________________________
                              (бала асырап алу)

      1. Бала асырап алуға үміткер болуға тілек білдірген азаматтардың жалпы мінездемесі

Тегі ______________________________ аты______________________________
әкесінің аты ______________________ туған күні_____________________
жұмыс орны ________________________ лауазымы ________________________
білімі ____________________________ азаматтығы ______________________
Тегі ______________________________ аты _____________________________
әкесінің аты ______________________ туған күні ____________________
жұмыс орны ________________________ лауазымы ________________________
білімі ____________________________ азаматтығы ______________________
Тұрғылықты жері______________________________________________________
Некеде _________________________ _____________________________ бастап
            (тұрады, тұрмайды)      (неке тіркелген күн)
Күйеуінің бұдан бұрынғы некелері _________, ______________ аралығында
                                 (иә, жоқ)
Әйелінің бұдан бұрынғы некелері _________, _______________ аралығында
                                 (иә, жоқ)
Балалары ____________________________________________________________
                              (бар, жоқ)

      Балалары туралы мәліметтер:
1) Тегі ____________________________ аты ____________________________
әкесінің аты ________________________ туған күні ____________________
Құқықтық қатынастары (күйеуімен және әйелімен бөлек-бөлек)
_____________________________________________________________________
          (туған, асырап алынған, қамқорлыққа алынған)
Тұрғылықты жері _____________________________________________________
2) Тегі ____________________________ аты ____________________________
әкесінің аты ________________________ туған күні ____________________
Құқықтық қатынастары (күйеуімен және әйелімен бөлек-бөлек)
_____________________________________________________________________
                (туған, асырап алынған, қамқорлыққа алынған)
Тұрғылықты жері _____________________________________________________
3) Тегі ____________________________ аты ____________________________
әкесінің аты ________________________ туған күні ____________________
Құқықтық қатынастары (күйеуімен және әйелімен жеке бөлек-бөлек)
____________________________________________________________________
      (туған, асырап алынған, қамқорлыққа алынған)
Тұрғылықты жері _____________________________________________________

      2. Бала асырап алуға үміткер болуға тілек білдірген азаматтардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларының сипаттамасы
Жалпы ауданы ________ (шаршы м) тұрғылықты ауданы _________ (шаршы м)
Тұрғын бөлмелердің саны _________
Тіркелгендер_________________________________________________________
                              (тұрақты, уақытша)
___________________________________________________ құқығымен тұрады
      (меншік иесі, жалдаушы, қосымша жалдаушы)
Үйдің, пәтердің тиесілілігі _________________________________________
                             (мемлекеттік, жеке)
Тұрғын үйдің жайлылығы_______________________________________________
                  (абаттандырылған, абаттандырылмаған, ішінара жайлы)
Санитариялық-гигиеналық жай-күйі ____________________________________
                         (жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз)
Тұрғын үй туралы қосымша мәліметтер _________________________________
_____________________________________________________________________

      Отбасының бірге тұратын басқа мүшелері:

Тегі, аты, әкесінің аты

Туған күні

Туыстық қатынастары

Жылдық табыс





      3. Биографиялық деректер (балалық шақта және жасөспірім кезеңдегі отбасы ахуалы, ата-анасымен, аға-інілерімен, апа-сіңлі-қарындастарымен, басқа туыстарымен қарым-қатынасы): ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      4. Отбасы ішіндегі өзара қарым-қатынастар (отбасының бұрынғы ерлі-зайыптылық өмірінің сипаттамасы және қазіргі уақыттағы ахуалы, бала асырап алушылардың жеке қасиеттері, қызығушылығы, бос уақытын өткізуі, дүниетанымы, дінге, тәрбиелеуге көзқарасы, балалармен қарым-қатынас тәжірибесінің бар-жоғы, жақын туыстарының бала асырап алуға көзқарасы)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      5. Бала асырап алуға себеп: __________________________________
____________________________________________________________________
      6. Денсаулығының жай-күйі (бала асырап алуға үміткер болуға тілек білдірген азаматтар денсаулығының жай-күйі туралы дәрігерлік қорытындыға сәйкес)
____________________________________________________________________

      7. Бала асырап алуға үміткер болуға тілек білдірген азаматтар
      Сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танымаған.
      Сот ата-ана құқығынан айырмаған және оны шектемеген.
      Өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қорғаншылар, қамқоршылар міндеттерінен шеттетілмеген.
      Егер сот олардың кінәсінен бала асырап алудың күшін жойса, бұрынғы бала асырап алушылар болып табылмайды.
      Қасақана қылмыс жасағаны үшін соттылығы жоқ.

      _________________          __________________________________
           (қолы)                           (аты-жөні, тегі)
      _________________
           (күні)

Бала асырап алуға тілек
білдірген адамдарды 
есепке алу қағидаларына
2-қосымша       

_________________________________________
(қамқоршылық немесе қорғаншылық жөніндегі
функцияларды жүзеге асыратын органның атауы)

Бала асырап алуға үміткер (үміткерлер) болудың
мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы
ҚОРЫТЫНДЫ

Т.А.Ә. (толық) _____________________________________________________
Туған күні: ________________________________________________________
Т.А.Ә. (толық) _____________________________________________________
Туған күні: ________________________________________________________
Мекенжайы (тұрғылықты жері, индексі)________________________________
____________________________________________________________________
Отбасының сипаттамасы (құрамы, некенің ұзақтығы (қайта некеде болған кезде бұрынғы некеден балаларының бар-жоғы көрсетілсін), балалармен қарым-қатынас жасау тәжірибесі, отбасы мүшелерінің арасындағы өзара қарым-қатынас, жақын туысқандардың бар-жоғы және олардың бала асырап алуға көзқарасы, бала асырап алуға үміткерлердің мінез-құлық ерекшеліктері); ерлі-зайыптылардың біреуі бала асырап алған кезде екіншісінің бала асырап алуға келісімінің бар екені көрсетілсін).
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Білімі және кәсіптік қызметі _______________________________________
____________________________________________________________________
Денсаулық жай-күйінің сипаттамасы (денсаулығының жалпы жай-күйі, бала асырап алуға кедергі келтіретін ауруларының болуы)
____________________________________________________________________
Материалдық жағдайы (мүлкі, жалақысының мөлшері, табыстардың өзге түрлері)____________________________________________________________
____________________________________________________________________
Бала асырап алуға себеп ____________________________________________
Бала асырап алушылардың баланың кандидатурасы бойынша тілектері (жынысы, жасы, мінез-құлқы, түр-әлпетінің ерекшеліктері, бала асырап алуға үміткерлердің дамуында ауытқушылықтары бар баланы асырап алуға келісімі)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Азамат______________________________________________________________
                      (өтініш берушінің (берушілердің) Т.А.Ә.)
бала асырап алуға үміткер (үміткерлер) болуының мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы қорытынды___________________________________________
____________________________________________________________________
_________________________________________ __________________________
          лауазымы, Т.А.Ә.                       күні, қолы

      М.О.

Бала асырап алуға тілек
білдірген адамдарды    
есепке алу қағидаларына
3-қосымша       

Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды
есепке алу журналы

Бала асырап алуға үміткерлердің тегі, аты, әкесінің аты (толық)

Туған күні (туған күні, айы, жылы)

Ұлты

Тұрғылықты жері (мекенжайы, кодымен үй, қызмет кодымен, ұялы телефоны)

Жұмыс орны, атқаратын лауазымы

Денсаулығының жай-күйі туралы қорытынды

Отбасылық жағдайы (толық, толық емес отбасы)

1

2

3

4

5

6

7















кестенің жалғасы

Тегін, атын, әкесінің атын, туған күнін, жұмысы мен тұрғылықты жерін көрсете отырып, отбасының құрамы, оның мыналары бар

жақын туыстары

кәмелетке толған балалары

кәмелетке толмаған балалары

бұрын асырап алынған (қамқоршылықтағы) балалар

8

9

10

11









кестенің жалғасы

Жақын туыстарының бала асырап алуға жазбаша келісімінің болуы

Көршілерінің ұсыным хаттарының (кемінде үш) болуы

Отбасының жиынтық табысының мөлшері

Тұрғын үйінің (жеке, жалға алынған) болуы

Өтініш берушіні есепке қою күні

Азаматтардың бала асырап алуға үміткер болудан бас тартуы

Ескертпе

12

13

14

15

16

17

18