Білім беру саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 262 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 312 қаулысымен

        Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен.

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 43, 540-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеде:
      16-тармақта:
      орталық аппараттың функцияларында:
      мынадай мазмұндағы 62-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «62-1) әлеуметтiк қызметтердi ғылыми-әдiстемелiк жағынан қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi үйлестiрудi жүзеге асырады;».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов