Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеуді жүзеге асыру қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 381 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 621 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.07.2023 № 621 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 125-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.09.2022 № 757 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау қағидалары және оны төлеу мөлшері бекітілсін.

      2. "Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау қағидасын және оны төлеу мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 893 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 30 наурыздағы
№ 383 қаулысымен
бекітілген

Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау қағидалары және оны төлеу мөлшері
1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.09.2022 № 757 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы Қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібін айқындайды.

      2. Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындауды және төлеуді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы республикалық маңызы бар қалалардың және елорданың білім басқармалары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері (бұдан әрі – бөлім) жүргізеді.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.09.2022 № 757 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Жәрдемақы тағайындау және төлеу қорғаншыларға немесе қамқоршыларға ата-анасының қайтыс болуына, ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айрылуына, ата-аналары хабарсыз кеткен деп танылуына, олардың қайтыс болған деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз, әрекет қабiлетi шектелген деп танылуына, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата-анасының іздестірілуіне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата-анасының өз баласын стационарлық үлгідегі тәрбиелеу, емдеу және медициналық-әлеуметтік мекемесiнен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-ана қамқоршылығы болмаған өзге де жағдайларда жалғыз ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған баланы күтіп-бағуға жүргiзiледi.

2-тарау. Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.09.2022 № 757 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Егер баланың (балалардың) жалақысы, алименттері, зейнетақылары және өзге де әлеуметтiк төлемдері түріндегі табыстарының, сондай-ақ өзіне тиесілі мүлкінен түсетін табыстарының орташа айлық сомасы тиісті облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердегі баланы күтіп-бағуға арналған орташа айлық шығыстардан аспайтын болса, қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы әр балаға (балаларға) тағайындалады.

      Баланың орташа айлық табысын анықтау кезінде адам жәрдемақы тағайындауға жүгінген жылдың 1 қаңтарынан бастап жәрдемақы тағайындауға жүгінген айға дейінгі кезеңде баланың ақшалай нысанда нақты алған табыстары ескеріледі.

      5. Баланың орташа айлық табысы табыстар сомасын жылдың 1 қаңтарынан бастап жәрдемақы тағайындауға жүгінген айға дейінгі айлардың санына бөлу арқылы анықталады.

      Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердегі баланы күтіп-бағуға арналған орташа айлық шығыстарды осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес формула бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) білім басқармасы ай сайын анықтайды.

      6. Қорғаншылар немесе қамқоршылар жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) қорғаншының немесе қамқоршының осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жәрдемақы тағайындау үшін белгіленген үлгідегі өтініші;

      2) құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы берген кезде сәйкестендіру үшін қорғаншының немесе қамқоршының жеке басын куәландыратын құжат;

      3) баланың (балалардың) электрондық нысандағы туу туралы куәлігі немесе оның қағаз жеткізгіштегі көшірмесі;

      4) қорғаншылық немесе қамқоршылық тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі;

      5) екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда қорғаншының немесе қамқоршының атына дербес шот ашу туралы шарттың көшірмесі;

      6) баланың (балалардың) кірісі (жалақы, алимент пен басқа да әлеуметтік төлемдер, сондай-ақ балаға (балаларға) тиесілі мүлкі есебінен кіріс алатынын растайтын құжаттар) туралы мәліметтер.

      Өтініш берушінің жеке басын растайтын құжаттар туралы мәліметтерді, баланың (балалардың) туу туралы куәлігін ("АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда), қорғаншылық және қамқоршылық туралы анықтаманы (қорғаншылар үшін), мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны және өзге де әлеуметтік төлемдерді алатынын растайтын құжаттарды, екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда қорғаншының немесе қамқоршының атына дербес шот ашу туралы шартты Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері немесе бөлімнің қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.09.2022 № 757 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      7. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 27.09.2022 № 757 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      8. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 27.09.2022 № 757 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Бөлім қорғаншының немесе қамқоршының жәрдемақы алуға құқығын өтініш түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде тексереді және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау немесе жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады және тіркеу журналында белгілейді.

      Осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген мән-жайлар қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындаудан бас тартуға негіз болып табылады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.09.2022 № 757 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы бөлім барлық құжаттарды қабылдаған айдан бастап тағайындалады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.09.2022 № 757 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы төлеуді бөлім қорғаншылардың немесе қамқоршылардың дербес шоттарына ақша қаражатын аудару арқылы ай сайын, ағымдағы айдың 15-і күнінен кешіктірмей жүргізеді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.09.2022 № 757 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      12. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 312 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген оларды төлеуді тоқтатуға әкеп соғатын жағдайларды қоспағанда, оның туған айын қоса алғанда, қамқорлыққа алынушы он сегіз жасқа толғанға дейін төленедi.

      14. Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға арналған, қорғаншы немесе қамқоршы бөлімнің кінәсінен уақтылы алмаған жәрдемақы мерзімі шектелместен өткен кезең үшiн бір мезгілде төленедi.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.09.2022 № 757 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      15. Қорғаншы немесе қамқоршы тұрғылықты жерінің ауысқаны туралы бөлімді көшкен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етедi. Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы алатын қорғаншы немесе қамқоршы тұрғылықты жерін ауыстырған кезде бұрынғы тұрғылықты жеріндегі бөлім тұрғылықты жерінің ауысқаны туралы хабарлама алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қамқорлыққа алынушының жеке iсін жаңа тұрғылықты жеріндегі бөлімге жібереді. Бұл ретте қамқорлыққа алынушының жеке ісінде жәрдемақы төлемі қай күнге дейін жүргізілгені көрсетіледі.

      Жаңа тұрғылықты жері бойынша жәрдемақы төлеуді қайта бастау бұрынғы тұрғылықты жері бойынша төлеу аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.09.2022 № 757 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      16. Егер Қазақстан Республикасының азаматы шетел азаматы немесе Қазақстан Республикасының аумағында тұратын азаматтығы жоқ тұлға болып табылатын жетім баланың (жетім балалардың) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың (балалардың) қорғаншысы немесе қамқоршысы болған жағдайда, жәрдемақының төленуі, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы азаматтарының мұндай балалармен нақты тұратын жері бойынша олардың өзара есеп айырысуларынсыз жүргізіледі.

      17. Қорғаншылардың немесе қамқоршылардың жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға арналған жәрдемақыны пайдалануын бақылауды бөлім жүзеге асырады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.09.2022 № 757 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      18. Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы мынадай:

      1) баланың (балалардың) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемеде, стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде толық мемлекеттік қамтамасыз етуде тұрған;

      2) баланың (балалардың) орташа айлық табысының сомасы тиісті облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердегі баланы күтіп-бағуға арналған орташа айлық шығыстардың сомасынан артқан;

      3) ата-аналарының өз баласын жеке өздері тәрбиелеуді және күтіп-бағуды жүзеге асыруға мүмкіндіктері болған, бірақ оны басқа адамдарға (ұзақ мерзімді қызметтік іс-сапарларда, балалармен бөлек тұратын, бірақ оларды күтіп-бағуға және тәрбиелеуге жағдайлары бар) қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа өз еркімен берген жағдайларда тағайындалмайды.

      19. Бөлімнің қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы шешіміне жоғары тұрған мемлекеттік органға (жоғары тұрған лауазымды тұлғаға) немесе сотқа шағым жасауға болады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.09.2022 № 757 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      20. Қорғаншыға немесе қамқоршыға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы төлеу бөлімнің шешімі бойынша мынадай жағдайларда тоқтатылады:

      1) қамқорлыққа алынушының кәмелеттік жасқа толуы;

      2) қамқорлыққа алынушының жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемеге, стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемеге толық мемлекеттiк қамтамасыз етуге орналасуы;

      3) қамқорлыққа алынушы баланың (балалардың) асырап алынуы;

      4) қорғаншының немесе қамқоршының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес өз мiндеттерiн атқарудан босатылуы және шеттетілуі;

      5) қамқорлыққа алынушы баланың (балалардың) некеге тұруы;

      6) жетім баланың (жетім балалардың) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың (балалардың) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 22-1-бабына сәйкес толық әрекетке қабiлеттi (эмансипацияланған) деп жариялануы;

      7) жетім баланың (жетім балалардың) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың (балалардың) бөлімнің қорытындысы негізінде ата-анасына қайтарылуы;

      8) баланың (балалардың) қайтыс болуы;

      9) баланың (балалардың) орташа айлық кірісі сомасының тиісті облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, елордадағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердегі баланы күтіп-бағуға арналған орташа айлық шығыстардың сомасынан артып кетуі.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.09.2022 № 757 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      21. Жәрдемақы төлеудi тоқтату бөлімнің шешiмi бойынша төлемдi тоқтатуға әкелетін мән-жайлар туындаған айдан кейінгі айдан бастап жүргiзiледi.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.09.2022 № 757 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      22. Егер қорғаншыға немесе қамқоршыға іздеу нәтижесінде ата-аналарының табылғаны, олардың емделіп шығуы, бас бостандығынан айыру орындарынан босауы, қамқорлыққа алушының кірісінің өзгергені және қорғаншыға (қамқоршыға) жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақының төленуін тоқтатуға әкеп соқтыратын өзге де жағдайлар туралы белгілі болса, ол бөлімді бұл туралы бес жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.09.2022 № 757 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      23. Жәрдемақы төлеудi тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бөлім бұл туралы қорғаншыларды немесе қамқоршыларды хабардар етеді.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.09.2022 № 757 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      24. Егер артық төлем алушы тарапынан терiс пайдаланудың нәтижесiнде болса, заңсыз төленген және алынған жәрдемақы қорғаншыдан немесе қамқоршыдан өндiрiлiп алынады. Артық төленген жәрдемақыны өндiрiп алу өз еркімен немесе сот шешiмiнiң негiзiнде жүргiзiледi.

3-тарау. Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы төлеу мөлшері және жәрдемақының пайдаланылуын бақылау

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.09.2022 № 757 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      25. Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы төлеу мөлшері айына он айлық есептік көрсеткішті құрайды.

      26. Бөлім жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақының пайдаланылуын бақылауды жарты жылда 1 реттен сиретпей жүргізеді.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.09.2022 № 757 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы
  (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз
  қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы
  тағайындау қағидаларына және оны төлеу мөлшеріне
  1-қосымша

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердегі баланы күтіп-бағуға арналған орташа айлық шығыстарды есептеу формуласы

      Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердегі баланы күтіп-бағуға арналған орташа айлық шығыстар мына формула бойынша анықталады:

      ОШ=АШББ/БС/12 ай

      мұндағы:

      ОШ – тиісті облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердегі баланы күтіп-бағуға арналған орташа айлық шығыстар;

      АШББ – еңбекке ақы төлеу шығыстарын, өтемақы төлемдерін, әлеуметтiк салықты және Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды, мемлекет ішінде және елден тыс іс-сапарларды және қызметтік жол жүрулерді, орындаушылық құжаттарды орындауды, сот актілерін қоспағанда, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) білім басқармасының "Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша адамның жәрдемақы тағайындауға жүгінген жылдағы жоспарлы шығыстарының сомасы,

      БС – адамның жәрдемақы тағайындауға жүгінген жылдың 1 қаңтарындағы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) білім басқармаларының "Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламалары бойынша қаржыландырылатын ұйымдарда толық мемлекеттік қамтамасыз етуде күтіп-бағылатын балалардың нақты саны.

  Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы
  (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз
  қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы
  тағайындау қағидаларына және оны төлеу мөлшеріне
  2-қосымша

Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау үшін өтініштің нысаны

      (орган атауы)

      ______________________________

      ______________________________

Өтініш

      Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала (балалар)

      ____________________________________________ күтіп-бағуға жәрдемақы

      (баланың (балалардың) Т.А.Ә., туған күні)

      тағайындауды сұраймын

      Қорғаншының немесе қамқоршының тегі_________________________________

      Аты _______________________Әкесінің аты______________________________

      Мекенжайы__________________________________________________________

      Органның қорғаншыны немесе қамқоршыны тағайындау туралы шешімі

      _____________________________________________________________________

      __________________________ 20__ ж. "___" __________

      Қорғаншының немесе қамқоршының жеке басын растайтын құжаттың түрі

      _____________________________________________

      Сериясы ___________нөмірі _______________ кiм берген ______________

      Жеке сәйкестендiру нөмiрi ________________________________________

      Дербес шотының № _____________ Банктiң атауы ___________________

      Жеке сәйкестендiру нөмiрi (ЖСН) __________________________________

      Жеке деректерде өзгерістер туындаған жағдайда, олар туралы 15 күн iшiнде хабарлауға мiндеттенемiн.

      Жалған мәлiметтер мен жасанды құжаттарды бергенiм үшiн жауапкершiлiк туралы ескертiлдi.

      20___ ж. "___" ________ _____________________

      (өтiнiш берушiнiң қолы)

      Құжаттар қабылданды: 20___ ж. "___" _________

      ______________________________________________________ _____________

      (құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы) (қолы)

      _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

      (қию сызығы)

      Жеке деректерде өзгерістер туындаған жағдайда, олар туралы 15 күн iшiнде хабарлауға мiндеттенемiн.

      Жалған мәлiметтер мен жасанды құжаттарды бергенiм үшiн жауапкершiлiк туралы ескертiлдi.

      Құжаттары қоса берiлген азамат

      ____________________________________________________________ өтiнiшi

      ________ данада 20___ ж. "___" ____ № _____ қабылданды.

      ____________ ______________________________________________________

      (қолы) (құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы)

  Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы
  (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз
  қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы
  тағайындау қағидаларына және оны төлеу мөлшеріне
  3-қосымша

Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім

      20 ___ жылғы "___" ___________ № ________

      (орган атауы)

      _________________________________

      Iстiң № ___________

      Азамат ______________________________________________________________

      (тегi, аты, әкесiнiң аты)

      Өтiнiш берiлген күн _________________________________________________

      Баланың туу туралы куәлiгi (туу туралы актiнің жазбасы)

      Берiлген күнi _______________________ №_____________________

      Баланың туу туралы куәлiгiн (туу туралы актiнің жазбасын) берген органның атауы ______________________________________________________

      Баланың Т.А.Ә. _________________________________________________

      Баланың туған күні ______________________________________________

      Органның қорғаншыны немесе қамқоршыны тағайындау туралы шешімі

      ____________________________________________________________________

      Тағайындау күні 20__ ж. _________________

      Тағайындалған жәрдемақы сомасы

      20__ ж. __________ бастап 20__ ж._________ аралығында

      __________________ теңге ________________________________ сомасында

      (жазумен)

      Айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне байланысты жәрдемақының тағайындалған сомасы:

      Баланың Т.А.Ә. ______________________________________________________

      _________________________ бастап ________________________аралығында

      _______________ теңге ___________________________________ сомасында

      (жазумен)

      __________________________________________ себебі бойынша жәрдемақы тағайындаудан бас тартылды

      _________________________________________ себебі бойынша жәрдемақының төленуі тоқтатылды

      М.О.

      (Орган басшысы)

      ____________________________________

      (қолы) (Т.А.Ә.)