"Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 2) және 10) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) қоса беріліп отырған "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) 2013 жылғы жылдық қаржылық (шоғырландырылған және жеке) есептілігі;
2) Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 23 мекенжайы бойынша тіркелген; деректемелері: бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) – 081140000436, жеке сәйкестендіру коды (ЖСК) – KZ91125KZT1001300144, Алматы қаласы "Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі" мемлекеттік мекемесіндегі банктік сәйкестендіру коды (БСК) – NBRKKZKX Қордың қаржылық есептілігіне сәйкес 407246228638 (төрт жүз жеті миллиард екі жүз қырық алты миллион екі жүз жиырма сегіз мың алты жүз отыз сегіз) теңгені құрайтын Қордың 2013 жылғы таза кірісін бөлу тәртібі бекітілсін:
дивидендтерді төлеуге – 9077418000 (тоғыз миллиард жетпіс жеті миллион төрт жүз он сегіз мың) теңге жіберілсін;
инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыру, борыштық міндеттемелерді өтеу және активтер сатып алу үшін – 398168810638 (үш жүз тоқсан сегіз миллиард бір жүз алпыс сегіз миллион сегіз жүз он мың алты жүз отыз сегіз) теңге Қор мен оның компанияларының иелегінде қалдырылсын;
3) Қордың бір жай акциясына шаққанда 2013 жылғы дивидендтің мөлшері 2 (екі) теңге 61 (алпыс бір) тиын болып бекітілсін.
2. Осы қаулыға қол қойылған күн дивидендтерді төлеу басталатын күн болып белгіленсін.
3. Дивидендтер төлеу 10 (он) жұмыс күні ішінде "201301" бюджеттік жіктеу коды бойынша республикалық бюджетке қолма-қол ақшасыз аудару жолымен ақшалай нысанда жүргізілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қазандағы № 1121 қаулысымен бекітілген |
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ
Жеке қаржылық есептілік
2013 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл үшін,
тәуелсіз аудиторлардың есебімен
МАЗМҰНЫ
Тәуелсіз аудиторлардың есебі
Жеке қаржылық есептілік
Жиынтық кіріс туралы жеке есеп
Ақша қаражатының қозғалысы туралы жеке есеп
Капиталдағы өзгерістер туралы жеке есеп
Жеке қаржылық есептілікке ескертпелер
ЖЕКЕ БУХГАЛТЕРЛІК ТЕҢГЕРІМ
31 желтоқсандағы жағдай бойынша
Миллион теңгемен | Ескер. | 2013 | 2012 |
Активтер | |||
Ұзақ мерзімді активтер | |||
Негізгі құралдар | 454 | 468 | |
Материалдық емес активтер | 588 | 931 | |
Еншілес ұйымдарға инвестициялар | 5 | 2.993.877 | 3.231.412 |
Қауымдасқан компанияларға инвестициялар | 6 | 18.455 | 18.455 |
Берілген қарыздар | 7 | 611.631 | 657.400 |
Кредиттік мекемелердегі қаражат | 8 | 346.152 | 361.780 |
Өзге де ұзақ мерзімді қаржы активтері | 9 | 12.171 | 124.194 |
Ұзақ мерзімді банк депозиттері | 10 | 196.680 | 204.553 |
Кейінге қалдырылған табыс салығы бойынша актив | 21 | 9.120 | 3.037 |
Өзге де ұзақ мерзімді активтер | 54 | 201 | |
4.189.182 | 4.602.431 | ||
Ағымдағы активтер | |||
Корпоративтік табыс салығы бойынша алдын ала төлем | 14.206 | 13.734 | |
Берілген қарыздар | 7 | 193.788 | 110.081 |
Кредиттік мекемелердегі қаражат | 8 | 41.160 | 32.760 |
Өзге де қысқа мерзімді қаржы активтері | 9 | 24.558 | 26.124 |
Колл/пут опциондарымен байланысты активтер | 46.376 | 47.429 | |
Қысқа мерзімді банк депозиттері | 10 | 321.735 | 159.923 |
Өзге де ағымдағы активтер | 11 | 19.902 | 27.939 |
Ақша қаражаты және оның эквиваленттері | 12 | 103.508 | 432.972 |
765.233 | 850.962 | ||
Сату үшін арналған ретінде жіктелген активтер | 5 | 155.576 | – |
АКТИВТЕРДІҢ ЖИЫНЫ | 5.109.991 | 5.453.393 | |
КАПИТАЛ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕМЕЛЕР | |||
Капитал | |||
Жарғылық капитал | 13 | 4.484.676 | 4.409.314 |
Сату үшін қолда бар инвестицияларды қайта бағалау бойынша резерв | (2.159) | (595) | |
Жинақталған шығын | (971.945) | (557.989) | |
Капитал жиыны | 3.510.572 | 3.850.730 | |
Ұзақ мерзімді міндеттемелер | |||
Қарыздар | 14 | 1.255.978 | 1.295.007 |
Үкіметтің қаражаты | 15 | 197.216 | 185.704 |
Қаржы кепілдіктері бойынша міндеттемелер | 16 | 30.725 | 31.724 |
1.483.919 | 1.512.435 | ||
Ағымдағы міндеттемелер | |||
Қарыздар | |||
Үкіметтің қаражаты | 14 | 106.712 | 81.764 |
Қаржы кепілдіктері бойынша міндеттемелер | 15 | 331 | 198 |
Колл/пут опциондары бойынша міндеттемелер | 16 | 6.420 | 5.956 |
Өзге де ағымдағы міндеттемелер | 46 | 32 | |
1.991 | 2.278 | ||
115.500 | 90.228 | ||
КАПИТАЛ МЕН МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЖИЫНЫ | 5.109.991 | 5.453.393 |
Қаржы директоры - Басқарма мүшесі ___________________________
Нұрлан Рахметов
Бас бухгалтер ___________________________
Алмаз Абдрахманова
ЖИЫНТЫҚ КІРІС ТУРАЛЫ ЖЕКЕ ЕСЕП
31 желтоқсанда аяқталатын жыл үшін
Миллион теңгемен | Ескер. | 2013 | 2012 |
Пайыздық кірістер | 17 | 83.659 | 61.510 |
Пайыздық шығыстар | 18 | (89.894) | (91.423) |
Дивидендтерден түсетін кіріс | 89.716 | 341.520 | |
Жалпы пайда | 83.481 | 311.607 | |
Жалпы және әкімшілік шығыстар | 19 | (23.824) | (15.967) |
Қаржылық кірістер | 20 | 42.527 | 58.667 |
Еншілес ұйымдарға инвестициялардың құнсыздануынан шығын | 5 | (71.717) | (154.287) |
Берілген қарыздың, банк депозиттерінің, кредиттік мекемелердегі қаражаттың және өзге де ағымдағы активтердің құнсыздануы шығынын қалпына келтіруден (құнсызданудан шығын)/кіріс, нетто | 7, 8, 10, 11 | (469) | 279.377 |
Сату үшін арналған ретінде жіктелген активтердің құнсыздануынан шығын | 5 | (147.421) | – |
Сату үшін қолда бар инвестициялардың құнсыздануынан шығын | 9 | – | (146.848) |
Бағамдық айырмадан кіріс, нетто | 1.017 | 1.273 | |
Опциондар құнының өзгеруінен (шығын)/кіріс, нетто | (1.067) | 11.365 | |
Қаржы активтерінің шығуынан болатын кіріс | 9 | – | 4.830 |
Өзге де операциялық кірістер/(шығыстар), нетто | (2.030) | 195 | |
Табыс салығын есептегенге дейінгі пайда/(шығын) | (119.503) | 350.212 | |
Табыс салығы бойынша шығыстар | 21 | (4.131) | (10.489) |
Жыл ішіндегі таза пайда/(шығын) | (123.634) | 339.723 | |
Табыс салығын шегергендегі өзге де жиынтық (кіріс)/шығын | |||
Сату үшін қолда бар инвестициялар бойынша таза (кіріс)/шығын | (1.564) | 125.738 | |
Келесі кезеңдерде пайданың немесе шығынның құрамына қайта жіктелуге жататын бір жыл ішіндегі өзге де жиынтық (шығын)/кіріс | (1.564) | 125.738 | |
Бір жыл ішіндегі жиынтық (шығын)/кіріс | (125.198) | 465.461 |
Қаржы директоры - Басқарма мүшесі ___________________________
Нұрлан Рахметов
Бас бухгалтер ___________________________
Алмаз Абдрахманова
АҚША ҚАРАЖАТЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ ТУРАЛЫ ЖЕКЕ ЕСЕП
31 желтоқсанда аяқталатын жыл үшін
Миллион теңгемен | Ескер. | 2013 | 2012 |
Операциялық қызметтен ақша ағындары: | |||
Табыс салығы есептелгенге дейінгі пайда/(шығын) | (119.503) | 350.212 | |
Мыналарға түзету: | |||
Тозу мен амортизацияға | 308 | 285 | |
Еншілес ұйымдарға инвестициялардың құнсыздануынан шығын | 5 | 71.717 | 154.287 |
Берілген қарыздың, банк депозиттерінің, кредиттік мекемелердегі қаражаттың және өзге де ағымдағы активтердің құнсыздануы шығынын қалпына келтіруден (құнсызданудан шығын)/кіріс, нетто | 7,8,10,11 | 469 | (279.377) |
Қаржы кірістері | 20 | (42.527) | (58.667) |
Сату үшін арналған ретінде жіктелген активтердің құнсыздануынан шығын | 5 | 147.421 | – |
Сату үшін қолда бар инвестициялардың құнсыздануынан шығын | 9 | – | 146.848 |
Опциондар құнының өзгеруінен (шығын)/кіріс, нетто | 1.067 | (11.365) | |
Қаржы активтерінің шығуынан болатын кіріс | – | (4.830) | |
Бағамдық айырмадан іске асырылмаған (кіріс)/шығын | (808) | 295 | |
Өзге де түзетулер | – | 476 | |
Айналым капиталындағы өзгерістерге дейінгі операциялық қызметтен ақша ағымдары | 58.144 | 298.164 | |
Берілген қарыздардағы өзгеріс | (213.454) | (257.102) | |
Кредиттік мекемелердегі қаражаттағы өзгеріс | 7.595 | (203.889) | |
Өзге де активтердегі өзгеріс | 9.053 | (24.973) | |
Үкімет қарыздарындағы және қаражатындағы өзгеріс | (13.282) | 117.444 | |
Өзге де ағымдағы міндеттемелердегі өзгеріс | 1.863 | 27 | |
Операциялық қызметтен ақша ағымдары | (150.081) | (70.329) | |
Төленген табыс салығы | (11.066) | (10.826) | |
Алынған пайыздар | 31.963 | 50.687 | |
Операциялық қызметте ақша қаражатын таза жұмсау | (129.184) | (30.468) | |
Инвестициялық қызметтен ақшалай ағын: | |||
Банк депозиттерін алу/(орналастыру), нетто | 10 | (152.367) | 122.987 |
Еншілес ұйымдар мен қауымдасқан компаниялардың акцияларын сатып алу | 5 | (325.023) | (277.653) |
Негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді сатып алу | (125) | (296) | |
Еншілес ұйымдарға инвестицияларды сатудан түсетін түсімдер | 5 | – | 150.035 |
Қаржы активтерін сату, нетто | – | 29.508 | |
Инвестициялық қызметтегі ақша қаражатының таза (жұмсалуы)/ түсімі | (477.515) | 24.581 | |
Қаржы қызметінен ақша ағындары: | |||
Акционерге төленген дивидендтер | 13 | (9.077) | (159.113) |
Акционерге өзге де бөлу | 13 | (8.008) | (9.126) |
Жарғылық капиталға жарналар | 13 | 39.320 | 12.000 |
Үкіметтен алынған қаражат | 15 | 255.000 | 143.196 |
Қаржылық қызметтегі ақша қаражатының таза (жұмсалуы)/ түсімі | 277.235 | (13.043) | |
Ақша қаражаты мен оның баламаларындағы таза өзгеріс | (329.464) | (18.930) | |
Жыл басындағы ақша қаражаты мен оның эквиваленттері | 432.972 | 451.902 | |
Жыл аяғындағы ақша қаражаты мен оның эквиваленттері | 12 | 103.508 | 432.972 |
АҚШАЛАЙ ЕМЕС ОПЕРАЦИЯЛАР
Төменде көрсетілгендерді қоса алғанда, ақшалай емес операциялар ақша қаражатының қозғалысы туралы жеке есептен шығарылды:
1. Мүлік және мемлекеттік акциялар пакеті нысанында Акционер жүзеге асырған жарна жолымен Қордың жарғылық капиталын ұлғайту (13-ескертпе), және осы активтерді Қордың еншілес ұйымдарына одан әрі беру (5-ескертпе).
2. Қордың еншілес ұйымдарын (5-ескертпе) және қаржы активтерін Акционерге беру (9-ескертпе). Акционермен жасалатын бұл операциялар капиталдағы өзгерістер туралы жеке есепте көрсетілді (13-ескертпе)
3. Инвестицияларды сату үшін арналған ретінде жіктелген активтерге еншілес ұйымдарға аудару (5-ескертпе).
4. Берілген қарыздар және Үкіметтің қаражаты бойынша дисконтты тану (7, 15-ескертпелер).
5. Акционермен жасалатын операциялар (13-ескертпе).
Қаржы директоры - Басқарма мүшесі ___________________________
Нұрлан Рахметов
Бас бухгалтер ___________________________
Алмаз Абдрахманова
КАПИТАЛДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР ТУРАЛЫ ЖЕКЕ ЕСЕП
31 желтоқсанда аяқталатын жыл үшін
Миллион теңгемен | Ескер. | Жарғылық капитал | Сату үшін қолда бар инвестицияларды қайта бағалау резерві | Жинақталған шығын | Жиыны |
2011 жылғы 31 желтоқсан | 4.050.383 | (126.333) | (1.116.293) | 2.807.757 | |
Жыл ішіндегі таза шығын | – | – | 339.723 | 339.723 | |
Өзге де жиынтық шығын | – | 125.738 | – | 125.738 | |
Жыл ішіндегі жиынтық кіріс жиыны | – | 125.738 | 339.723 | 465.461 | |
Жарғылық капиталға жарналар | 13 | 358.931 | – | – | 358.931 |
Үкімет қаражатымен операциялардан кіріс | 15 | – | – | 394.267 | 394.267 |
Акционермен операциялар | 13 | – | – | 1.630 | 1.630 |
Акционерге дивидендтер | 13 | – | – | (168.190) | (168.190) |
Акционерге өзге де бөлу | 13 | – | – | (9.126) | (9.126) |
2012 жылғы 31 желтоқсан | 4.409.314 | (595) | (557.989) | 3.850.730 | |
Жыл ішіндегі таза шығын | – | – | (123.634) | (123.634) | |
Өзге де жиынтық шығын | – | (1.564) | – | (1.564) | |
Жыл ішіндегі жиынтық шығын жиыны | – | (1.564) | (123.634) | (125.198) | |
Жарғылық капиталға жарналар | 13 | 75.362 | – | – | 75.362 |
Үкімет қаражатымен операциялардан кіріс | 15 | – | – | 249.830 | 249.830 |
Акционермен операциялар | 13 | – | – | (411.142) | (411.142) |
Акционерге дивидендтер | 13 | – | – | (9.077) | (9.077) |
Акционерге өзге де бөлу | 13 | – | – | (119.933) | (119.933) |
2013 жылғы 31 желтоқсан | 4.484.676 | (2.159) | (971.945) | 3.510.572 |
Қаржы директоры - Басқарма мүшесі ___________________________
Нұрлан Рахметов
Бас бухгалтер ___________________________
Алмаз Абдрахманова
ЖЕКЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІККЕ ЕСКЕРТПЕЛЕР
1. ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл ауқат қоры" АҚ (бұдан әрі мәтін бойынша "Қор" немесе "Самұрық-Қазына") Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына сәйкес құрылды. Құрылу "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы ("Қазына") мен "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамын ("Самұрық") біріктіру және Мемлекеттік қорға Қазақстан Республикасы Үкіметіне ("Мемлекет" немесе "Үкімет") тиесілі кейбір кәсіпорындардағы өз меншік құқығын қосымша беру жолымен жүзеге асырылды. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті білдіретін Үкімет Қордың жалғыз акционері (бұдан әрі мәтін бойынша "Акционер").
Үкіметтің "Қазына" мен "Самұрықты" қосуының негізгі мақсаты Үкіметтің тиісті бағдарламаларында және компаниялардың даму жоспарларында белгіленген осы компаниялардың стратегиялық міндеттерді табысты орындауы мақсатында олардың менеджменті тиімділігін арттыру және ұйымдық құрылымын оңтайландыру болып табылады.
Қордың қызметі 2012 жылғы 1 ақпанға дейін "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 13 ақпандағы № 134-4 Заңымен реттелді және ел экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге жәрдемдесуге; экономиканы жаңғыртуға және әртараптандыруға; Топ компаниялары қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталды. 2012 жылғы 1 ақпанда "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 1 ақпандағы № 550-IV Заңы қабылданды, оған сәйкес Қордың қызметі Қордың тобына кіретін ұйымдардың ұзақ мерзімді құнын (құндылығын) ұлғайту және Қордың тобына кіретін активтерді тиімді басқару арқылы Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын арттыруға бағытталды.
Қор 5 және 6-ескертпелерде санамаланған бірқатар мемлекеттік кәсіпорындарды біріктіретін холдинг болып табылады.
Қордың әкімшілік мекенжайы Қазақстан Республикасы Астана қаласы, Қонаев көшесі 8.
Осы жеке қаржылық есептілікті шығаруға 2014 жылғы 25 сәуірде Қордың Басқарушы директоры - Басқарма мүшесі мен Бас бухгалтері бекітті.
Тұрақтандыру жоспары
Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында елдің экономикасы мен қаржы жүйесін тұрақтандыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085 қаулысымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономикасы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары (бұдан әрі мәтін бойынша "Тұрақтандыру жоспары") бекітілді. Тұрақтандыру жоспары мынадай мақсаттарға бағытталған бірқатар іс-шараларды көздейді:
* Қаржы секторын тұрақтандыру
* Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу
* Шағын және орта бизнесті қолдау
* Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту
* Инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру
Қор Үкіметтен Тұрақтандыру жоспарын іске асыру жөніндегі негізгі оператор болып түседі.
Даму институттары мен өзге де еншілес ұйымдарды беру
"Қазақстан Республикасының 2012 жыл ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және "Қазақстан-2050" стртатегиясын іске асыру жөніндегі міндеттер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен кеңестің 2013 жылғы 23 қаңтардағы № 01-7.1 хаттамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметіне даму институттары мен қаржы ұйымдарын ("Қазақстан Даму банкі" АҚ, "Kazyna Capital Management" АҚ, "КазЭкспортГарант" Экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы" АҚ, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ, "Қазақстан инвестициялық қоры" АҚ") 100% акцияларының иесі Үкімет болатын жаңа құрылған ұйымға беруді жүзеге асыру, және "СҚ-Фармация" ЖШС Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарауына беру тапсырылды.
2013 жылғы сәуірде Қор даму институттары мен қаржы ұйымдарының акциялар пакеттерін толық бақылауы құқығымен сенімгерлікпен басқару шарттарына сәйкес еншілес ұйымдардың акциялар пакеттері мынадай мемлекеттік мекемелерге: Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіне – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне – "Қазақстан Даму банкі" АҚ, "Kazyna Capital Management" АҚ, "КазЭкспортГарант" Экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы" АҚ, "Қазақстан инвестициялық қоры" АҚ", Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне – "СҚ-Фармация" ЖШС берілді. 2013 жылғы мамырда мемлекеттік мекемелермен жасалған жоғарыда көрсетілген сенімгерлікпен басқару шарттарының күші жойылды және айырбас шартының негізінде Қор даму институттары мен қаржы ұйымдарының акцияларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің меншігіне берді, ол кейіннен "Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 қаулысына (бұдан әрі – "Үкіметтің қаулысы") сәйкес құрылған "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ берді.
2013 жылғы шілдеде Үкіметтің қаулысын орындау үшін Қор және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті айырбас шартына қол қойды, оған сәйкес жоғарыда аталған барлық еншілес ұйымдардағы және "Қазгеология" ұлттық геологиялық-барлау компаниясы" Ақ акциялар пакеттері мен қатысу үлестеріне меншік құқығы Үкіметтің қаулысында көрсетілген тізбеге сәйкес республикалық мүлікке айырбасқа республикалық меншікке беріледі. Жоғарыда айтылғандай, осы еншілес ұйымдарға тиімді бақылау жасау бастапқыда белгілі бір мемлекеттік ұйымдарға және кейіннен сенімгерлікпен басқару шарттарының негізінде "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ берілді.
"БТА Банк" АҚ міндеттемелерін қайта құрылымдау
2012 жылғы желтоқсанда "БТА Банк" АҚ (бұдан әрі "БТА") міндеттемелерін екінші рет қайта құрылымдау жүзеге асырылды. Қайта құрылымдау жоспарының шеңберінде Қор Банкті қайта құрылымдауды қолдауға бағытталған бірқатар шаралар қабылдады, атап айтқанда:
Акциялар сатып алу
2012 жылғы 21 желтоқсанда осы банктегі депозитке және ағымдағы шотқа орналастырылған қаражатты ішінара алу есебінен Қор 176.376 миллион теңге сомасына "БТА Банк" АҚ қосымша шығарылған жай акцияларын сатып алды. Қор сатып алу нәтижесінде БТА Банктегі өзінің иелену үлесін 81,48 %-дан 97,28 % дейін ұлғайтты. Бұдан басқа, жоғарыда аталған депозит бойынша 2012 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ондағы қаражаттың қалдығы 89.894 миллион теңгені құрады, пайыздық ставка 11 %-дан 7 % дейін азайды.
Қарыз беру
2012 жылғы 19 желтоқсанда Қор "БТА Банк" АҚ-қа 2024 жылға дейін өтеу мерзімімен және 4 % сыйақы ставкасымен 239.771 миллион теңге мөлшерінде қарыз берді. Қарызды қаржыландыру жалпы сомасы 143.196 миллион теңгеге облигациялар шығару есебінен және Қордың 96.575 миллион теңге мөлшеріндегі қолда бар қаражаты есебінен жүзеге асырылды (8-ескертпе).
Облигациялар шығару шарттарын қайта қарау
Қордың бұрын шығарылған "БТА Банк" АҚ сатып алған облигациялары бойынша проспекттегі өзгерістерге сәйкес купонның ставкасы 4 %-дан 6 % дейін ұлғайды (14-ескертпе).
Кепілдік шарттарын қайта қарау
2012 жылғы 20 желтоқсанда Қор "БТА Банк" АҚ кредиторларға берген кепілдік үшін комиссия мөлшерін қайта қарады. Қайта қаралған шарттарға сәйкес комиссияның мөлшері 2012 жылғы 1 қыркүйектен бастап жылдық 2,0 %-дан 0,125 % дейін азайды.
БТА акцияларын жоспарланып отырған сату
2013 жылғы желтоқсанда және 2014 жылғы қаңтарда Қор "Қазкоммерцбанк" АҚ-мен (бұдан әрі "ҚКБ") және Кеңес Хамитұлы Рақышев мырзамен қол қойған бірқатар құжаттарға сәйкес, БТА мен ҚКБ одан әрі бірыңғай банкке біріктіру мақсатында ҚКБ және Рақышев мырза БТА акцияларын әрқайсысы 46,5 % сатып алады. БТА-дағы Қордың қалған 4,26 % мөлшердегі үлесі ҚКБ сенімгерлікпен басқаруға беріледі, нәтижесінде ҚКБ олар біріктірілгенге дейін БТА бақылау акциялар пакетін басқарады.
БТА меншікті капиталының 0,5 ретінде анықталған мәміле бойынша өтеу 2013 жылғы 30 қыркүйекте 144.150 миллион теңгені құрады, оның ішінен 69.750 миллион теңге мәміле аяқталғанға дейін, ал 74.400 миллион теңге мәміле жабылғаннан кейін 3 (үш) жылдың ішінде төленетін болады. Кейінге қалдырылған төлемдерді дисконттауды ескергенде өтеудің әділ құны 132.088 миллион теңгені құрады. Төлемнің бірінші бөлігін төлеу ақша қаражатымен, сондай-ақ Рақышев мырзаның тарапынан "Шалқия Мырыш" АҚ 100 % акциялар пакетімен төленеді. Тараптардың тиісті корпоративтік басқару органдарының және мемлекеттік реттеуші органдардың рұқсаттарын алуды, сондай-ақ ҚКБ-ға меншікті капиталының 10 % астамына инвестицияларды жүзеге асыруға рұқсат беретін Қазақстан Республикасының қолданыстағы банк заңнамасына өзгерістер енгізуді қамтитын бірқатар шарттарды тараптар орындағанға дейін мәміле аяқталған болып саналмайды. Оған қосымша ретінде тараптар БТА проблемалық активтерін қайтару бойынша өзара іс-қимыл туралы уағдаласты. Мәмілені аяқтау 2014 жылдың екінші тоқсанына жоспарланып отыр.
Жоғарыда баяндалғандарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкі Өзара түсіністік туралы меморандумға сәйкес кейбір қауырт жағдайларды шешу үшін тараптарға жәрдем көрсететіндігін назарға ала отырып, БТА-дағы инвестициялар Қордың осы жеке қаржылық есептілігінде ҚЕХС 5 талаптарына сәйкес сату үшін арналған актив ретінде жіктелді.
Жоспарланып отырған "Темірбанк" АҚ және "Альянс Банк" АҚ акцияларын сату
2013 жылғы желтоқсанда "Темірбанк" АҚ (бұдан әрі "Темірбанк") пен "Альянс Банк" АҚ-ны (бұдан әрі "Альянс Банк") кейіннен бір банкке біріктіру мақсатында Қор мен Болат Жәмитұлы Өтемұратов мырзаның арасында Темірбанк акцияларының 79,88 %-ын және Альянс Банк жай және артықшылық берілген акцияларының 16 %-ын Қордың сатуы туралы келісімге қол қойылды. Бұл мәміле қажетті корпоративтік шешімдер қабылдауды, Қазақстан Республикасының ағымдағы банк заңнамасына банктерді қайта ұйымдастыру рәсімін нақтылайтын өзгерістер енгізуді, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және басқа да мемлекеттік органдардың рұқсаттарын алуды қамтитын бірқатар кейінге қалдыралытан жағдайларға байланысты. Басшылық Темірбанктің жай акцияларының қолда бар барлық пакеті инвестицияларды банктерге сату мәмілелері үшін тән болатын әдеттегі және жалпы қабылданған жағдайларда ғана оның қазіргі жай-күйінде жедел сату үшін қолда тұрғандығын ескере отырып, осы мәмілелерді аяқтау ықтималдылығын жоғары ретінде бағалайды. Альянс Банктегі инвестициялар 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша сату үшін арналған актив ретінде жіктеуге қатысты ҚЕХС 5 талаптарына жауап бермейді, өйткені акциялардың бақылау пакеті (жай және артықшылық берілген акциялардың 51 %-ы) әзірше Қордың иелігінде қалады. Темірбанктің акциялары үшін күтілетін өтемақының әділ құны Қордың осы еншілес ұйымдағы ағымдағы теңгерімдік құнынан асады.
2. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІ ДАЙЫНДАУ НЕГІЗІ
Осы жеке қаржылық есептіліктің нысандары (бұдан әрі "жеке қаржылық есептілік") осы жеке қаржылық есептілікке есеп саясатында және түсіндірме жазбада сипатталған жағдайларды қоспағанда, бастапқы құн бойынша бағалау қағидаты негізінде дайындалды. Қор бухгалтерлік есептілікті теңгемен (бұдан әрі "теңге") жүргізеді. Арнайы шарттасқан жағдайларды қоспағанда, осы жеке қаржылық есептіліктегі барлық мәндер миллионға дейін дөңгелектелген.
Осы жеке қаржылық есептілік Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес дайындалды.
Осы жеке қаржылық есептілік 2013 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл үшін шоғырландырылған қаржылық есептілікке қосымша ретінде дайындалды. Шоғырландырылған қаржылық есептілікті шығаруға 2014 жылғы 25 сәуірде Қордың Қаржы директоры - Басқарма мүшесі мен Бас бухгалтері бекітті.
Сәйкестігі туралы мәлімдеме
Қордың осы жеке қаржылық есептілігі Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары жөніндегі кеңес ("ҚЕХС жөніндегі кеңес") бекіткен Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына ("ҚЕХС") сәйкес дайындалды.
Жеке қаржылық есептілікті ҚЕХС-қа сәйкес дайындау маңызды бухгалтерлік бағалауды талап етеді. Жоғары күрделілік деңгейі мен жол берулерді қолдануды қамтитын қолданылу саласы, сондай-ақ бағалау мен жол берулерді қолдану шоғырландырылған қаржылық есептілік үшін елеулі болып табылатын салалар 4-ескертпеде ашылған.
Шетелдік валютаны қайта есептеу
Функционалдық валюта және ұсыну валютасы
Осы жеке қаржылық есептілік функционалдық валюта және Қордың есептілігін ұсыну валютасы болып табылатын теңгемен ұсынылды.
Операциялар және шоттар сальдосы
Шетелдік валютадағы операциялар операциялар жүзеге асырылған күнгі валюта бағамы бойынша функционалдық валютаға қайта есептеледі. Шетелдік валютада берілген монетарлық активтер мен міндеттемелер есепті күні қолданылатын функционалдық валютаның ресми нарықтық бағамы бойынша қайта есептеледі. Барлық бағамдық айырмалар жиынтық кіріс туралы жеке есепке қосылады. Тарихи құнның негізінде шетелдік валютада бағаланатын монетарлық емес баптар бастапқы мәмілелер жасалған күні қолданыста болған бағамдар бойынша қайта есептеледі. Әділ құн бойынша шетелдік валютада бағаланатын монетарлық емес баптар әділ құн белгіленген күні қолданыста болған бағамдар бойынша қайта есептеледі.
Валюта айырбастау бағамдары
Қазақстандық қор биржасы ("ҚҚБ") белгілеген валюта айырбастаудың орташа салмақталған бағамдары Қазақстанда шетелдік валютаны айырбастаудың ресми айырбастау бағамдары ретінде пайдаланылады.
2013 және 2012 жылдардағы 31 желтоқсанда теңгенің АҚШ долларына ҚКБ айырбастау бағамы тиісінше 1 долларға 154,06 және 150,74 теңгені құрады, бұл бағамдар 2013 жылғы және 2012 жылғы 31 желтоқсанда АҚШ долларымен берілген монетарлық активтер мен міндеттемелерді қайта есептеу үшін пайдаланылды. 2014 жылғы 25 сәуірде ҚКБ айырбастау бағамы 1 АҚШ доллары үшін 182,01 теңге болды.
3. ЕСЕП САЯСАТЫНЫҢ ЕЛЕУЛІ АСПЕКТІЛЕРІНЕ ШОЛУ
Есеп саясатындағы және ақпаратты ашу қағидаттарындағы өзгерістер
Төменде көрсетілген жаңа және қайта қаралып, 2012 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген Стандарттарды қоспағанда, осы жеке қаржылық есептілікті дайындау кезінде қолданылатын есеп саясаты 2012 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл ішіндегі жылдық қаржылық есептілікті дайындау кезінде пайдаланылғанға сәйкес келеді.
ҚЕХС 10 "Шоғырландырылған қаржылық есептілік", БЕХС 27 "Жеке қаржылық есептілік"
ҚЕХС 10 арнайы мақсаттағы компанияларды қоса алғанда, барлық компанияларға қатысты қолданылатын бірыңғай бақылау моделін көздейді. ҚЕХС 10 БЕХС 27 "Шоғырландырылған және жеке қаржылық есептіліктің" шоғырландырылған қаржылық есептілікке қойылатын талаптары қамтылатын бөлігін алмастырады. Стандарт сондай-ақ "Шоғырландыру – арнайы мақсаттағы компаниялар" ПКИ-12 Интерпретациясында қарастырылған мәселелер жөніндегі нұсқауды да қамтиды. ҚЕХС 10 "бақылау" айқындамасын мынадай түрде өзгертеді, инвестор инвестициядан болатын ауыспалы беруге құқығы болса немесе оны өзгертумен байланысты тәуекелге ұшырағыш болса ол инвестициялар объектісін бақылайды және инвестициялар объектісіне қатысты өз өкілеттіктері салдарынан осы беруге ықпал етуі мүмкін. ҚЕХС 10-дағы бақылау анықтамасына сәйкес инвестор инвестициялар объектісін егер мынадай шарттар орындалған жағдайда ғана бақылайды: (а) инвесторда инвестициялар объектісіне қатысты өкілеттіктер болғанда; (б) инвесторда инвестициядан болатын ауыспалы беруге құқығы болғанда немесе оны өзгертумен байланысты тәуекелге ұшырағыш болғанда; (в) инвесторда инвестициядан болатын ауыспалы беруге ықпал ету мақсатында инвестициялар объектісіне қатысты өз өкілеттіктерін пайдалану мүмкіндіктері болғанда. ҚЕХС 10 Топтың жеке қаржылық есептілігіне елеулі әсер еткен жоқ.
ҚЕХС 11 "Бірлескен қызмет туралы келісім" және БЕХС 28 "Қауымдасқан компанияларға және бірлескен кәсіпорындарға салынатын инвестициялар"
ҚЕХС 11 БЕХС 31 "Бірлескен қызметке қатысу" және "Бірлесіп бақыланатын компаниялар – қатысушылардың монетарлық емес салымдары" ПКИ-13 Интерпретациясын ауыстырады. ҚЕХС 11 бірлесіп бақыланатын компанияларды теңбе-тең шоғырландыру әдісімен есепке алу мүмкіндігін жоққа шығарады. Оның орнына бірлескен кәсіпорындардың анықтамасын қанағаттандыратын бірлесіп бақыланатын компаниялар үлестік қатысу әдісі бойынша ескеріледі. ҚЕХС 11 Топтың қысқартылған жеке қаржылық есептілігіне елеулі әсер еткен жоқ.
ҚЕХС 12 "Басқа компанияларға қатысу үлестері туралы ақпаратты ашу"
ҚЕХС 12 компанияның еншілес компаниялардағы, бірлескен қызметтегі, қауымдасқан және құрылымдалған компаниялардағы қатысу үлестеріне жататын ақпаратты ашуға қойылатын талаптарды қамтиды. ҚЕХС 12 талаптары еншілес ұйымдардағы ақпаратты ашуға қатысты бұрын қолданылған талаптарға қарағанда неғұрлым кең болып табылады. ҚЕХС 12 Топтың қысқартылған жеке қаржылық есептілігіне елеулі әсер еткен жоқ.
ҚЕХС 13 "Әділ құнды бағалау"
ҚЕХС 13 бір стандартта ҚЕХС сәйкес әділ құнды бағалауға қатысты барлық нұсқауларды біріктіреді. ҚЕХС 13 компаниялар әділ құнды пайдалануға міндетті болғанда өзгерістер енгізбейді, ал ҚЕХС құрамындағы басқа стандарттар талап етілгенде немесе рұқсат етілгенде ҚЕХС сәйкес әділ құнды бағалауға қатысты нұсқауларды ұсынады. ҚЕХС 13 әділ құнды шығу бағасы ретінде айқындайды. ҚЕХС 13 шарттарына сәйкес Қор әділ құнды бағалауға қатысты, атап айтқанда, әділ құн жөніндегі міндеттемелерді бағалау кезінде ескерілетін міндеттемелердің орындалмауы тәуекелі сияқты бағалау үшін бастапқы деректер пайдаланылатын өз саясатын қайтадан талдаудан өткізді. ҚЕХС 13 қосымша ақпарат ашуды да талап етеді.
ҚЕХС 13 қолдану қор айқындайтын әділ құнды бағалауға айтарлықтай әсер еткен жоқ. Ол қажет болатын жерде қосымша ақпарат олар үшін әділ құн анықталатын активтер мен міндеттемелер бойынша жеке ескертпелерде ашылады.
БЕХС 1 түзету "Өзге де жиынтық кірістің баптарын беру"
БЕХС 1–ге түзетулер өзге де жиынтық кірістің құрамында ұсынылатын баптардың топтамасын өзгертеді. Болашақтағы белгілі бір сәтте пайданың немесе шығынның құрамына қайта жіктелуі мүмкін баптар (мысалы, таза инвестицияларды хеджирлеуден түсетін таза кіріс, шетелдік бөлімшелердің есептілігін есептеу кезіндегі бағам айырмасы, ақша ағындарын хеджирлеудің таза өзгерісі және сату үшін қолда бар қаржы активтері бойынша таза шығыстар немесе кірістер), ешқашан қайта жіктелінбейтін баптардан (мысалы, белгіленген төлемдермен жоспарлар бойынша актуарлық кірістер мен шығыстар және жер мен ғимаратты қайта бағалау) бөлек ұсынылуға тиіс. Түзету жеке қаржылық есептілікке ақпарат беруге ғана әсер етеді және Қор қызметінің жеке қаржылық жағдайына немесе жеке қаржылық нәтижелеріне елеулі әсер етпейді.
БЕХС 1 түзету "Салыстырмалы ақпаратқа қатысты талаптарды түсіндіру"
БЕХС 1 түзету қосымша салыстырмалы ақпаратты ерікті түрде ашу мен қажетті салыстырмалы ақпараттың ең аз көлемі арасындағы айырманы түсіндіреді. Компания ерікті түрде бір салыстырмалы кезеңнің ішінде салыстырмалы ақпаратты деректердің ең аз көлемінен артық берген кезде ол салыстырмалы ақпаратты қаржылық есептіліктің тиісті ескертпесіне енгізуге тиіс. Түзету Компания есеп саясатын ретроперспективалы түрде қолданғанда, ретроперспективалық қайта есептеуді жүзеге асырғанда және қаржылық есептіліктің баптарын қайта сыныптаған жағдайларда ұсынылатын 2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бухгалтерлік кіріспе теңгерімге тиісті ескертпелердің беру талап етілмейтіндігін түсіндіреді. Түзету жеке қаржылық есептілікке ақпарат беруге ғана әсер етеді және қор қызметінің жеке қаржылық жағдайына немесе жеке қаржылық нәтижелеріне елеулі әсер етпейді.
БЕХС 19-ға түзетулер "Қызметкерлерге сыйақы беру" (2011 жылғы редакцияда)
ҚЕХС жөніндегі кеңес БЕХС 19-ға бірнеше түзетулер жариялады. Олар іргелі өзгерістерден (мысалы, дәліз тетігін және жоспар активтерінің күтілетін кірістілігі түсінігін шығару) тұжырымдаманың қарапайым түсіндірмелеріне және өзгерістеріне дейін құбылып отырады. БЕХС 19-ға өзгерістер Қордың жеке қаржылық есептілігіне әсер еткен жоқ.
БЕХС 16-ға түзетулер "Активтердің құнсыздануы" - "Қаржылық емес активтер үшін өтелетін құн туралы ақпаратты ашу"
Осы түзетулер ҚЕХС 13 күшіне енуіне байланысты БЕХС 36 сәйкес ақпаратты ашу үшін қажетсіз салдарларды жояды. Бұдан басқа, осы түзетулер олар бойынша есепті кезеңнің ішінде құнсызданудан болатын шығын мойындалған немесе қалпына келтірілген активтердің немесе ПГДП өтелетін құны туралы ақпаратты ашуды талап етеді. Аталған түзетулер 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап немесе осы күннен кейін басталатын жылдық есепті кезеңдерге қатысты ретроперспективалы түрде қолданылады, бұл ретте ҚЕХС 13 қолданылған жағдайда мерзімінен бұрын қолдануға жол беріледі. Қор ағымдағы есепті кезеңде БЕХС 36-ға осы түзетулерді мерзімінен бұрын қолданды, өйткені өзгертілген/қосымша ақпаратты ашу ҚЕХС жөніндегі Кеңес алдын ала болжағандай, пайдалы болып табылады.
Қор шығарылып қойған, алайда Қордың жеке қаржылық есептілігі шығарылған күнінде әлі күшіне енбеген қандай да бір басқа стандарттарды немесе түзетулерді қолданған жоқ.
Шығарылған, бірақ әлі күшіне енбеген стандарттар мен интерпретациялар
Төменде шығарылып қойған, бірақ Қордың жеке қаржылық есептілігі шығарылған күнінде әлі күшіне енбеген стандарттар мен интерпретациялар келтіріледі. Қор осы стандарттарды олар күшіне енген күнінен бастап қолдануға ниеттенеді.
ҚЕХС (IFRS) 9 "Қаржы құралдары: жіктеу және бағалау"
ҚЕХС жөніндегі кеңестің БЕХС 39 ауыстыру жөніндегі жобасының бірінші кезеңінің нәтижелері бойынша шығарылған ҚЕХС (IFRS) 9 БЕХС (IAS) 39 белгіленгендей, қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелерді жіктеуге қатысты қолданылады. Бастапқыда стандарт 2013 жылғы 1 қаңтардан кейін немесе осы күннен кейін басталатын жылдық есептік кезеңдер үшін күшіне енеді деп болжанған, бірақ 2011 жылғы желтоқсанда жарияланған ҚЕХС (IFRS) 9 "ҚЕХС (IFRS) 9 міндетті қолдану күні және ақпаратты ашуға қолданылатын өтпелі талаптар" түзету шығару нәтижесінде міндетті қолдану күні 2015 жылғы 1 қаңтарға ауыстырылды. Кейінгі кезеңдердің барысында ҚЕХС кеңесі хеджирлеу есебі мен қаржы активтерінің құнсыздануын қарайды. ҚЕХС 9 бірінші кезеңін қолдану қаржы активтері мен қаржы міндеттемелерін жіктеуге әсер етеді, бұл ретте басшылық Қордың қаржылық есептілігіне әсер айтарлықтай болмайды деп санайды. Аяқталған жағдайды көрсету үшін Қор осы стандарттың жеке қаржылық есептіліктегі сомаға әсерін олар жарияланғаннан кейін жобаның басқа кезеңдерімен байланыстырып қарайды.
"Инвестициялық компаниялар" (ҚЕХС (IFRS) 10, ҚЕХС (IFRS) 12 және ҚЕХС (IAS) 27 түзетулер)
Бұл түзетулер 2014 жылғы 1 қаңтардан немесе осы күннен кейін басталатын жылдық есептік кезеңдер үшін күшіне енеді және ҚЕХС (IFRS) 10 сәйкес инвестициялық компанияның айқындамасына жауап беретін компаниялар үшін шоғырландыру туралы алып тастауды көздейді. Шоғырландыру туралы талаптардан алып тастау инвестициялық компаниялар еншілес ұйымдарды пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша ескеруді талап етеді. Қор осы түзету қолданылады деп күтпейді, өйткені Қордың бір де бір еншілес ұйымы ҚЕХС (IFRS) 10 сәйкес инвестициялық компанияның айқындамасына жауап бермейді.
БЕХС (IAS) 32 түзетулер "Қаржы активтері мен қаржылық міндеттемелердің өзара есеп айырысуы"
Осы түзетулердің шеңберінде "қазіргі сәтте өзара есеп айырысуды жүзеге асыруға бекітілген заңдық құқықты иеленеді" тіркесінің мәні түсіндіріледі. Түзетулер сондай-ақ олардың шеңберінде бір мезгілдік емес жалпы төлемдердің тетіктері пайдаланылатын есеп айырысу жүйелеріне (бірыңғай крилингілік орталық сияқты) қатысты әдетте БЕХС (IAS) 32 өзара есеп айырысу өлшемдерін дұрыс қолдану қажеттілігін де сипаттайды. Түзетулер 2014 жылғы 1 қаңтардан кейін немесе осы күннен кейін басталатын жылдық есептік кезеңдер үшін күшіне енеді. Осы түзетулер Қор қызметінің жеке қаржылық жағдайына немесе қаржылық нәтижелеріне елеулі әсер етпейді деп болжанады.
"Міндетті төлемдер" IFRIC 21 интерпретациясы
IFRIC 21 интерпретациясында компанияның оларды төлеуге әкелетін әрекет жүріп жатқан кезде міндетті төлемдерге қатысты міндеттемені компанияның мойындайтындығы түсіндіріледі. Ең аз шекті мәнге қол жеткізілген жағдайда оны төлеу талап етілетін міндетті төлем жағдайында интерпретацияда белгіленген ең аз шекті мәнге қол жеткізілгенге дейін болжанатын міндеттемені мойындауға тыйым белгіленеді. IFRIC 21 интерпретациясы 2014 жылғы 1 қаңтардан басталатын немесе осы күннен кейін басталатын жылдық есепті кезеңдер үшін күшіне енеді. IFRIC 21 интерпретациясы Қор қызметінің жеке қаржылық жағдайына немесе қаржылық нәтижелеріне елеулі әсер етпейді деп болжанады.
ҚЕХС (IAS) 39 түзетулер "Өндірістік құралдар жаңалығы және хеджирлеуді есепке алуды жалғастыру"
Осы түзетулерде талаптардан хеджирлеу құралы ретінде анықталған өндірістік құралдың жаңалығы белгіленген өлшемдерге жауап беретін кездегі жағдайларда хеджирлеуді есепке алуды тоқтату туралыны алып тастау көзделеді. Осы түзетулер 2014 жылғы 1 қаңтардан басталатын немесе осы күннен кейін басталатын жылдық есепті кезеңдер үшін күшіне енеді. Осы түзетулер болашақтағы операцияларды қарау кезінде назарға алынатын болады.
Еншілес ұйымдарға, бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компанияларға инвестициялар
Қордың өзінің еншілес ұйымдарына, бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компанияларға инвестициялары құнсыздану шегеріліп бастапқы құн бойынша ескеріледі. Қауымдасқан компания – бұл Қор елеулі ықпал ететін, бірақ еншілес компания да, бірлескен кәсіпорын да болып табылмайтын компания.
Қаржылық емес активтердің құнсыздануы
Әрбір есепті күні Қор активтің ықтимал құнсыздануының белгілерінің бар-жоқтығын анықтайды. Егер осындай белгілер орын алса, немесе егер активті құнсыздануға жыл сайынғы тексеру жүргізу талап етілсе, Қор активтің өтелетін құнын бағалауды жүргізеді. Активтің өтелетін құны – мынадай шамалардың ең үлкені: активтің әділ құны және активті пайдаланудан болатын құндылық. Өтелетін құн негізінен актив басқа активтер немесе активтердің топтары генерациялайтын ағындардан тәуелсіз ақша қаражатының ағындарын генерацияламайтын жағдайларды қоспағанда, жекелеген актив үшін анықталады. Егер активтің ағымдағы құны оның өтелетін құнынан асып кетсе, актив құнсызданған болып саналады және өтелетін құнға дейін шығысқа шығарылады. Пайдаланудан болатын құндылықты бағалау кезінде болашақтағы ақша ағындары келтірілген құнға дейін дисконттау ставкасы бойынша активке тән ақша мен тәуекелдердің уақытша құнын ағымдағы нарықтық бағасын көрсететін салық салғанға дейін дисконтталады.
Әрбір есепті күні активтер үшін құнсызданудан болатын бұрын танылған шығындардың енді жоқтығының немесе азайғандығының белгісінің болуы бағаланады. Егер ондай белгілер болса, Қор активтің өтелетін құнын есептейді. Құнсызданудан болатын бұрын танылған шығындар, егер құнсызданудан болатын шығынды соңғы рет таныған уақыттан бастап активтің өтелетін құнын айқындау үшін пайдаланылған жол берілімде өзгеріс орын алған жағдайда ғана қалпына келтіріледі. Қалпына келтірілген жағдайда активтің ағымдағы құны активтің өтелетін құнынан, сондай-ақ егер бұрынғы жылдары актив бойынша құнсызданудан болатын шығын танылмаған жағдайда ол бойынша осы актив танылса ағымдағы құннан (амортизацияны шегергенде) аспайды. Мұндай қалпына келтіру жиынтық кіріс туралы есепте танылады.
Сондай-ақ нақты активтерді бағалау кезінде мынадай өлшемдер қолданылады:
Еншілес компанияларға, бірлескен кәсіпорындарға және қауымдасқан компанияларға инвестициялар
Әрбір есепті күнге Қор еншілес компанияларға, бірлескен кәсіпорындарға және қауымдасқан компанияларға инвестициялардың құнсыздануының объективтік куәліктерінің болуын анықтайды. Егер құнсызданудың объективті индикаторлары болса, Қор құнсыздануға тест жүргізеді және өтелетін құн мен инвестицияның теңгерімдік құны арасындағы айырма ретінде құнсыздану сомасын есептейді.
Қаржы активтері
БЕХС 39 әрекеті саласындағы қаржы активтері тиісінше пайда немесе шығын; берілген қарыздар мен дебиторлық берешек; өтелгенге дейін ұсталатын қаржы активтері; сату үшін қолда бар қаржы активтері; туынды құралдар арқылы әділ құн бойынша қайта бағаланатын қаржы активтері ретінде жіктеледі; Қор өзінің қаржы активтерін олардың бастапқы танылуы кезінде жіктейді.
Қаржы активтері пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша қайта бағаланбайтын, олармен тікелей байланысты мәміле жөніндегі шығындар инвестиция жағдайында ұлғайтылған әділ құн бойынша бастапқыда танылады.
Заңнамамен немесе белгілі бір нарықта ("стандартты жағдайлардағы" сауда) қабылданған ережелермен белгіленетін мерзімде активтер беруді талап ететін қаржы активтерін сатып алу немесе сату жөніндегі барлық мәмілелер мәмілелер жасалған күні, яғни Қор өзіне активті сатып алу немесе сату міндеттемесін қабылдаған күні танылады.
Қордың қаржы активтері ақша қаражаты мен оның баламаларын, банк депозиттерін, сауда мен өзге де дебиторлық берешекті, берілген қарыздарды, кредиттік мекемелердегі қаражатты және алуға өзге де сомаларды қамтиды. Қаржы активтерін кейінгі бағалау мынадай түрде олардың жіктемесіне тәуелді болады:
Кредиттік мекемелердегі қаражат, берілген қарыздар және өзге де дебиторлық берешек
Кредиттік мекемелердегі қаражат, берілген қарыздар мен дебиторлық берешек белсенді нарықта қолданылмайтын белгіленген немесе анықталған төлемдерімен туынды емес қаржы активтерін білдіреді. Бастапқы мойындалғаннан кейін осындай түрдегі қаржы активтері құнсызданудан болатын шығындар шегеріле отырып, тиімді пайыздық ставка пайдаланыла отырып айқындалатын амортизациялық құн бойынша бағаланады. Амортизациялық құн сатып алу кезіндегі дисконттар немесе сыйақылар, сондай-ақ комиссиялық немесе тиімді пайыздық ставканың ажырамас бөлігі болып табылатын шығындар ескеріле отырып есептеледі. Амортизация тиімді пайыздық ставканың негізінде жиынтық кіріс туралы жеке есепте пайыздық кірістердің құрамына енгізіледі. Құнсызданумен түсіндірілетін шығыстар жиынтық кіріс туралы жеке есепте жеке жолмен көрсетіледі.
Өтелуге дейін ұсталатын инвестициялар
Тіркелген немесе анықталған төлемдері немесе анықталатын төлемдері мен тіркелген өтеу мерзімі бар туынды емес қаржы активтері Қор оларды өтеу мерзіміне дейін ұстауға қатты ниетте болғанда және қабілетті болғанда өтелуге дейін ұсталатын инвестициялар ретінде жіктеледі. Өтелуге дейін ұсталатын инвестициялар бастапқы бағалағаннан кейін құнсыздану шығынын шегергенде тиімді пайыздық ставка әдісі пайдаланыла отырып анықталатын амортизациялық құн бойынша бағаланады. Амортизациялық құн сатып алу кезіндегі дисконттар мен сыйақыларды, сондай-ақ комиссиялық немесе тиімді пайыздық ставканың ажырамас бөлігі болып табылатын шығындардың құны ескеріле отырып есептеледі. Амортизация тиімді пайыздық ставканы пайдалану негізінде жиынтық кіріс туралы жеке есепте пайыздық кірістер құрамына енгізіледі. Құнсызданумен түсіндірілетін шығыстар жиынтық кіріс туралы жеке есепте жеке жолда көрсетіледі.
Сату үшін қолда бар қаржы инвестициялары |
Сату үшін қолда бар қаржы инвестициялары үлестік және борыштық бағалы қағаздарды қамтиды. Сату үшін қолда бар ретінде жіктелген үлестік инвестициялар, - бұлар сату үшін арналғандар ретінде де, пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша қайта бағаланатын ретінде де жіктелмеген осындай инвестициялар. Осы санаттағы борыштық бағалы қағаздар – бұлар компания белгіленбеген уақыт кезеңі бойында ұстап тұрғысы келетін және өтімділікті қамтамасыз ету мақсаттары үшін немесе нарықтық жағдайлардың өзгерісіне жауап ретінде сатылуы мүмкін бағалы қағаздар.
Бастапқы бағаланғаннан кейін сату үшін қолда бар қаржы инвестициялары әділ құн бойынша бағаланады, ал ол бойынша сатылмаған кірістер немесе шығыстар сату үшін қолда бар құралдар қорының құрамында өзге де жиынтық кіріс ретінде жинақталған кірістер немесе шығыстар сату үшін қолда бар құралдар қорынан жиынтық кіріс туралы жеке есептегі пайданың немесе шығынның құрамына қайта жіктелетін инвестицияларды тану тоқтатылған сәтке дейін танылады, немесе құнсыздану танылады, ал жинақталған шығын сату үшін қолда бар инвестицияларды қайта бағалау жөніндегі резервтен жиынтық кіріс туралы жеке есепте пайда немесе шығын құрамына қайта жіктеледі.
Әділ құнды анықтау
Олармен сауда есепті кезеңде белсенді нарықта жүзеге асырылатын қаржы құралдарының әділ құны мәміле жөніндегі шығындар шегерілместен нарықтық белгілеулер немесе дилерлердің белгілеулері негізінде анықталады (ұзын позициялар үшін сатып алуға арналған белгілеулер және қысқа позициялар үшін сатып алуға арналған белгілеулер).
Олармен сауда есепті кезеңде белсенді нарықта жүзеге асырылмайтын өзге қаржы құралдарының әділ құны бағалау әдістемесі пайдаланылып анықталады. Бағалау әдістемесі таза келтірілген құн негізіндегі модельді, оларға қадағаланатын нарықта баға бар ұқсас құралдармен салыстыруды, опциондарды бағалау модельдері мен басқа да бағалау модельдерін қамтиды.
Тануды тоқтату
Қаржы активтері
Қаржы активтері (немесе, қолданылуына қарай – қаржы активінің бөлігі немесе ұқсас қаржы активтері тобының бөлігі), егер:
* активтен ақша ағындарын алу құқығының қолданылу мерзімі аяқталса;
* Қор активтен ақша ағымын алу құқығын берсе не үшінші тарапқа алынатын ақша ағынын толық көлемде және елеулі кідіріссіз "транзит" келісімі бойынша төлеу міндеттемесін алса; не (а) Қор активтен барлық тәуекел мен пайданы берсе, не (б) Қор бермесе, бірақ активтен барлық тәуекел мен пайданы бермесе, бірақ осы активті бақылауды берсе теңгерімде тану тоқтатылады.
Егер Қор активтен ақша ағынын алудың барлық құқығын берсе, не транзит келісімін жасасса және бұл ретте активтен барлық тәуекел мен пайданы бермесе және сақтамаса, сондай-ақ активті бақылауды бермесе, жаңа актив Қор берілген активке өз қатысуын жалғастыратындай дәрежеде танылады.
Бұл жағдайда Қор тиісті міндеттемені де таниды. Берілген актив пен тиісті міндеттеме Қор сақтаған құқық пен міндеттемені көрсететін негізде бағаланады.
Берілген актив бойынша кепіл нысанын қабылдайтын жалғасқан қатысу мынадай шамалардың ең азы бойынша танылады: активтің бастапқы теңгерімдік құны немесе төленуін Қор талап етуі мүмкін ең көп сома.
Қаржылық міндеттемелер
Егер міндеттеме өтелсе, күші жойылса, немесе оның қолданылу мерзімі аяқталса, қаржылық міндеттеме танылуын тоқтатады.
Қаржы активтерінің құнсыздануы
Кредиттік мекемелердегі қаражат, клиенттерге қарыздар және банк депозиттері
Есепке алуы амортизациялық құн бойынша жүргізілетін кредиттік мекемелердегі қаражатқа, қарыздар мен банк депозиттеріне қатысты Қор бастапқыда жекелеген маңызды қаржы активтері үшін объективті белгілердің болуын жеке негізде және жеке маңызды болып табылатын қаржы активтері үшін жеке негізде немесе жиынтықта бағалайды. Егер Қор жеке негізде бағаланған қаржы активі бойынша оның маңызды болып табылатындығына қарамастан объективті құнсыздану белгілері жоқ деп анықтаса, Қор бұл активті кредит тәуекелінің ұқсас сипаттамалары бар қаржы активтері тобына қосады және оларды жиынтық негізде құнсыздану мәніне бағалайды. Оларға қатысты құнсыздану шығындары танылатын жеке негізде құнсыздану мәніне бағаланатын активтер құнсыздану мәніне жиынтық негізде бағаланбауға тиіс.
Құнсыздану шығындарының пайда болуының объективтік куәліктері болған жағдайда шығынның сомасы активтің теңгерімдік құны мен болашақтағы ақша ағындарының бағаланған қаражатының келтірілген құны арасындағы айырманы білдіреді (әлі жұмсалмаған берілген қарыз бойынша болашақта күтілетін шығындарды ескермейтін).
Болашақтағы есептік ақша ағындарының құны қаржы активі бойынша бастапқы тиімді пайыздық ставка бойынша дисконтталады. Егер қаржы активі жөніндегі пайыздық ставка ауыспалы болып табылса, құнсызданудан болатын шығынды бағалауға арналған дисконттау ставкасы пайыздың ағымдағы тиімді ставкасын білдіреді.
Активтің теңгерімдік құны резерв шотын пайдалану арқылы төмендетіледі, ал шығын сомасы жиынтық кіріс туралы жеке есепте танылады. Актив бойынша бастапқы тиімді пайыздық ставканың негізінде төмендетілген теңгерімдік құн бойынша пайыздық кірісті есептеу жалғасады. Пайыздық кіріс жиынтық кіріс туралы есепте жеке жолда кірістің бөлігі ретінде көрсетіледі. Болашақта олардың орнын толтырудың шынайы перспективасы болмағанда, ал барлық қамтамасыз ету іске асырылған немесе Қорға берілген жағдайда, берілген қарыздар мен тиісті резерв есептен шығарылады. Егер келесі жылы құнсызданудан болатын шығындар танылғаннан кейін болған оқиғаға байланысты құнсызданудан болатын бағаланған шығындардың сомасы ұлғайса немесе азайсы, құнсызданудан болған шығындардың бұрын танылған сомасы резерв шотын түзету арқылы ұлғаяды немесе азаяды. Егер бұрын есептен шығарылған сомалар қалпына келтірілсе, онда қалпына келтіру сомасы жиынтық кіріс туралы жеке есепте пайдада және шығындарда көрсетіледі.
Сату үшін қолда бар инвестициялар |
Бастапқы құн өтелмеуі мүмкін екендігінің объективтік себептері болған жағдайда сату үшін қолда бар үлестік бағалы қағаз құнсызданған болып саналады. Құнсызданудың сапалық өлшемдеріне қосымша ретінде бастапқы құн өтелмеуі мүмкін екендігінің объективтік себептері әділ құнның бастапқы құн шамасынан елеулі түрде және ұзақ төмендеуін қамтиды.
Егер сату үшін қолда бар үлестік бағалы қағаз Қор белгілеген сапалық немесе сандық өлшемдерге сәйкес құнсызданса, әділ құнның келесі есепті күндерде одан әрі төмендеуі құнсыздану ретінде танылады. Осылайша, әрбір есепті кезеңде Қордың құнсыздану өлшемдеріне сәйкес құнсыздануға ұшыраған ретінде анықталған үлестік бағалы қағазға қатысты құнсыздану бұрын танылған құнсыздануды шегергендегі әділ құн мен бастапқы құнның арасындағы айырма мөлшерінде танылады.
Акционерге беру үшін ұсталатын ретінде жіктелетін ұзақ мерзімді активтер
Егер активтер мынадай өлшемдерге сәйкес келсе, онда олар Акционерге беру үшін ұсталатын ұзақ мерзімді активтер ретінде жіктеледі:
* Оларды ағымдағы жағдайында жедел беру үшін олар болса;
* Жоспарланған беруді жүзеге асыруға қатты ниет бар болса;
* Жоспарды аяқтау үшін белсенді әрекеттер қабылданса;
* Беруді жүзеге асырудың жоғары мүмкіндігі болса, және беру жіктеу сәтінен бастап 1 (бір) жылдың ішінде аяқталады деп күтілсе.
Акционерге беру үшін ұсталатын ретінде жіктелетін ұзақ мерзімді активтер жеке қаржылық есептілікте жеке бухгалтерлік теңгерімдегі ағымдағы активтер санатында жеке ұсынылған.
Акционерге беру үшін ұсталатын ретінде жіктелетін ұзақ мерзімді активтер (және шығу топтары) беруге арналған шығындар шегеріле отырып, активтердің теңгерімдік құнының және әділ құнның ең азы ретінде ескеріледі.
Акционерге беру үшін ұсталатын ретінде жіктелуін тоқтатқан ұзақ мерзімді актив мыналардың ішінен ең аз мән бойынша:
* егер осы актив (немесе шығарылу тобы) Акционерге беру үшін арналған ретінде жіктелмесе танылған кез келген амортизацияға немесе қайта бағалауға түзетіле отырып, актив (немесе шығарылу тобы) Акционерге беру үшін арналған ретінде жіктелгенге дейін оның теңгерімдік құнынан, және
* беруден бас тарту туралы кейінгі шешім күніндегі оның орнын толтыратын сомадан бағаланады.
Қосылған құн салығы (ҚҚС)
Салық органдары ҚҚС өтеуді нетто негізінде сату және сатып алу бойынша жүргізуге мүмкіндік береді, өтеуге ҚҚС ішкі нарықта сату бойынша ҚҚС шегергендегі ішкі нарықтағы сатып алу бойынша ҚҚС-ны білдіреді. Экспортқа сатуларға нөлдік ставка бойынша салық салынады.
Ақшалай қаражат және олардың баламалары
Ақшалай қаражат және олардың баламалары 3 (үш) айдан аспайтын өтеудің бастапқы мерзімі бар өзге қысқа мерзімді жоғары өтімді инвестициялар талап етілгенге дейін салымдарда тұратын қаражаттар кассадағы қолма-қолдылықты қамтиды.
Қаржылық міндеттемелер
Бастапқы тану және бағалау
ҚЕХС 39 қолданылу саласында тұрған қаржылық міндеттемелер тиісінше пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша қайта бағаланатын қаржылық міндеттемелер және кредиттер мен қарыз берулер ретінде жіктеледі. Қор оларды бастапқы таныған кезде өзінің қаржылық міндеттемелерін жіктейді.
Қаржылық міндеттемелер алдымен мәміле бойынша шығындардың олармен тікелей байланысты қарыздар мен кредиттер болған жағдайда ұлғайтылған әділ құн бойынша танылады. Қордың қаржылық міндеттемелері сауда және басқа кредиторлық берешекті, қарыздарды, Үкіметтің қаражатын, қаржылық кепілдік шарттарын және өзге міндеттемелерді қамтиды.
Кейіннен бағалау
Қаржылық міндеттемелерді кейіннен бағалау оларды мынадай үлгіде жіктеуге байланысты:
Үкіметтің қарыздары мен қаражаты
Пайыздық кредиттер мен қарыздар бастапқы танылғаннан кейін тиімді пайыздық ставка әдісін пайдалана отырып амортизацияланған құн бойынша бағаланады. Осындай қаржылық міндеттемелер бойынша кірістер мен шығыстар оларды тануды тоқтатқан кезде, сондай-ақ тиімді пайыздық ставканы пайдалана отырып амортизацияны есептеу қажеттілігіне қарай жиынтық кіріс туралы жеке есепте танылады. Амортизацияланған құн сатып алу кезінде дисконттар немесе сыйақыларды, сондай-ақ тиімді пайыздық ставканың ажырамас бөлігі болып табылатын комиссиялық немесе шығындарды ескере отырып есептеледі. Тиімді ставканы амортизациялау жиынтық кіріс туралы есептегі пайыздық шығыстардың құрамына кіреді.
Шығарылған қаржылық аспаптар немесе олардың құрамдауыштары егер шарттық келісім нәтижесінде Қорда міндеттеме бар болса, не ақшалай қаражатты немесе қаржылық активті жеткізсе, не міндеттемені өзге үлгіде орындаса, тіркелген меншікті үлестік аспаптар санына ақшалай қаражат немесе басқа қаржылық активтердің тіркелген сомасын айырбастау арқылы міндеттемелер ретінде жіктеледі. Мұндай аспаптар Үкіметтің қаражатын және мәмілеге тікелей байланысты шығындарды шегергендегі алынған қаражаттың әділ құны бойынша ең алдымен ескерілген кредит мекемелерінен алынған қарыздарды қамтиды.
Соңынан, алынған қаражат амортизацияланған құн бойынша көрсетіледі, және алынған қаражаттың таза шамасы мен өтеу құны арасындағы тиісті айырмашылық тиімді пайыздық ставка әдісін пайдалана отырып қарыз беру кезеңі ішінде жиынтық кіріс туралы жеке есепте танылады. Егер Қор өзінің меншікті борыштық міндеттемесін сатып алса, онда ол жеке бухгалтерлік теңгерімнен шығарылады, ал міндеттеменің теңгерімдік құны және мәміле бойынша төленген өтелім арасындағы айырмашылық таза пайыздық кіріспен енгізіледі.
Шығарылған борыштық бағалы қағаздар
Шығарылған борыштық бағалы қағаздар Үкіметтің қарыздарына да және қаражатына да, соған ұқсас қағидаттарына сәйкес есепте көрсетілген Қордың айналымға шығарылған облигацияларында берілген.
Қаржылық кепілдік шарттары
Қор шығарған қаржылық кепілдік шарттары борыштық аспаптың талаптарына сәйкес белгілі бір борышкердің уақтылы төлемді жүзеге асыру қабілетсіздігі салдарынан осы шарттың иесіне келтірілген шығындарды өтеуге төлемді жүзеге асыруды талап ететін шарттың өзін білдіреді. Қаржылық кепілдік шарттары ең алдымен кепілдік шығарылымымен тікелей байланысты мәміле бойынша шығындарды ескере отырып әділ құн бойынша міндеттеме ретінде танылады. Соңынан, міндеттеме мынадай шамалардан барынша көп бағаланады: есепті күнге арналған қолданыстағы міндеттемені өтеу үшін қажетті шығындардың ең жақсы бағасы және жинақталған амортизацияны шегергендегі міндеттеменің танылған сомасы.
Инвестицияларды сатып алу кезінде туындайтын опциондар
Егер инвестицияларды сатып алған кезде Қор кәсіпорындағы сатып алынған үлес бойынша коллды опционның үшінші тарапына бөлсе, Қор осындай үлеске меншік құқығымен байланысты пайдалар мен тәуекелдерге қолжетімділікті үшінші тараптың осындай опционына қатысуы бере ме екен.
Сатып алынған үлес бойынша колл опционы бар болған жағдайда үлестік иеленудің пайдалары мен тәуекелдеріне үшінші тарапқа қолжетімділік бермейді, осы опцион Қордың елеулі ықпалы анықталған кезде ескерілмейді.
Қор үшін опцион бойынша міндеттеменің әділ құны сатып алынған инвестициялар құнының бөлігі ретінде танылады. Соңынан, қаржылық міндеттеме 39 БЕХС талаптарына сәйкес бағаланады. Қаржылық міндеттеменің әділдік құнындағы өзгерістер, сондай-ақ кез келген осы опциондарды іске асыруға байланысты кірістер немесе шығыстар жиынтық кіріс туралы жеке есепте ескеріледі.
Туынды қаржылық құралдар
Алдымен туынды құралдар туынды келісімшартты жасаған күндегі әділ құн бойынша танылады және соның салдарынан әрбір есепті күнде олардың әділ құнына дейін қайта бағаланады. Жиынтық пайда немесе шығын егер туынды құрал хеджирлеу құралы ретінде танылмаса және жарамсыз болса, жиынтық кіріс туралы жеке есепте танылады, бұл жағдайда жиынтық кіріс туралы жеке есептегі тану мерзімі хеджирлеу қатынастарының сипатына байланысты.
Оң әділ құны бар туынды құрал қаржылық актив ретінде, ал теріс әділ құны бар туынды құрал - қаржылық міндеттеме ретінде танылады. Туынды құрал егер құралды қолданудың қалған мерзімі 12 айдан асқан және оны сату немесе өтеу таяу арадағы 12 айдың іші деп болжанбаған жағдайда ұзақ мерзімді актив немесе ұзақ мерзімді міндеттеме деп көрсетіледі. Өзге туынды құралдар қысқа мерзімді активтер немесе қысқа мерзімді міндеттемелерге енгізіледі.
Кірісті тану
Кірістер Қор операциямен байланысты экономикалық пайдаларды алатын ықтималдық бар болған кезде танылады және кіріс сомасы дұрыс белгіленуі мүмкін.
Пайыздық және ұқсас кірістер мен шығыстар
Уақытша бос ақша қаражатын орналастырудан болатын пайыздық кірісті қоспағанда, барлық қаржылық құралдар бойынша пайыздық кірістер Қордың негізгі қызметінен алынатын кірістерді білдіреді және пайыздық кірістердің құрамында ашып көрсетіледі. Уақытша бос ақша қаражатын орналастырудан болатын пайыздық кірістер қаржылық кірістердің құрамында ашып көрсетіледі.
Амортизациялық құн бойынша барлық қаржылық құралдар және сату үшін қолда бар инвестициялар ретінде топтастырылған пайыздық қаржылық құралдар бойынша пайыздық кірістер немесе шығыстар тиімді пайыздық ставка бойынша көрсетіледі, ол бойынша күтілетін болашақтағы ақшалай төлемдер немесе түсімдерді дисконттау кезінде қаржылық құралды пайдаланудың ұсынылатын мерзімі ұзақтығында немесе өте қысқа уақыт кезеңі ішінде, мұнда бұл қаржылық активтің немесе қаржылық міндеттеменің таза теңгерімдік құнына дәлме-дәл келтіріледі. Есептеу кезінде қаржылық құрал бойынша барлық шартты талаптар (мысалы, мерзімінен бұрын өтеу құқығы) және комиссиялық немесе тиімді пайыздық ставканың ажырамайтын бөлігі болып табылатын құралмен тікелей байланысты қосымша шығыстар ескеріледі, бірақ та кредиттер бойынша шығындар есептелінбейді.
Қаржылық активтің немесе қаржылық міндеттеменің теңгерімдік құны Қор төлемдер немесе түсімдер бағаларын қайта қараған жағдайда түзетіледі. Түзетілген теңгерімдік құн бастапқы тиімді пайыздық ставка негізінде есептелінеді, ал теңгерімдік құнның өзгеруі пайыздық кіріс немесе шығыс түрінде көрсетіледі.
Құнсыздану салдарынан қаржылық есептілікте көрсетілген қаржылық активтің немесе ұқсас қаржылық активтердің топтарының құны төмендеген жағдайда пайыздық кірістер жаңа теңгерімдік құн негізінде бастапқы тиімді пайыздық ставка бойынша танылуы жалғасуда.
Дивидендтер
Кірістер бойынша дивидендтер Қордың төлемді алу құқығы белгіленгенде танылады.
Шығыстарды тану
Шығыстар пайда болу шамасына қарай ескеріледі және олар есептеу әдісінің негізіне жатқызылған сол кезеңде жеке қаржылық есептілікте көрсетіледі.
Табыс салығы
Жыл ішіндегі табыс салығы ағымдағы және кейінге қалдырылған салықты қамтиды. Табыс салығы ол меншікті капиталға тікелей жатқызылған баптардағы көлемді қоспағанда жиынтық кіріс туралы жеке есепте көрсетіледі және бұл жағдайда ол капиталда танылады.
Салық бойынша ағымдағы шығыстар жыл ішінде салынатын салық кірісі бойынша төлеуге күтілетін салықты және алдағы жылдар қатынасында төленетін салық қатынасында кез келген түзетулерді білдіреді.
Кейінге қалдырылған салықтық активтер мен міндеттемелер теңгерімдік әдісті пайдалана отырып барлық уақытша айырмашылықтар қатынасында есептеледі. Кейінге қалдырылған салықтар компаниялардың біріктірушісі болып табылмайтын және оны жасау сәтінде бухгалтерлік кіріске немесе салық салынатын кіріс пен шығынға әсерін тигізбейтін мәміле бойынша гудвилдің, активтің немесе міндеттеменің бастапқы танылу нәтижесінде кейінге қалдырылған табыс салығы туындайтын жағдайды қоспағанда, активтер мен міндеттемелердің салық базасы және қаржылық есептіліктегі олардың теңгерімдік құны арасындағы барлық уақытша айырмалар бойынша анықталады.
Кейінге қалдырылған салық шегерілетін уақытша айырмалар сомасына төмендетілетін салық салынатын кірісті алудың елеулі ықтималдығы бар қандай да бір дәрежеде ғана танылады. Кейінге қалдырылған салық есепті күнде қолданыстағы немесе жарияланған (іс жүзінде қабылданған) салық ставкалары негізінде оларды қолдану активті іске асыру немесе міндеттемелерді өтеу кезеңінде күтілетін активтері мен міндеттемелері салық ставкалары бойынша есептеледі.
Капитал
Жарғылық капитал
Жай акциялар капитал ретінде жіктеледі. Үшінші тараптарға жаңа акциялар шығарылымына тікелей байланысты қызметтерді төлеуге арналған шығындар, кәсіпорындарды біріктіру жағдайларын қоспағанда, осы эмиссия нәтижесінде алынған соманы төмендету ретінде капитал құрамында көрсетіледі. Шығарылған акциялардың номиналды құны үстінен алынған қаражаттың әділ құнының шегінен шығу сомасы үлестірілмеген пайдаға жатады.
Дивидендтер
Дивидендтер міндеттемелер ретінде танылады және егер олар есепті күнге дейінгі күнді қоса алғанда жарияланған жағдайда ғана есепті күнге капиталдың сомасынан есептелінеді. Дивидендтер туралы ақпарат егер ол есепті күнге дейін ұсынылса, сондай-ақ есепті күннен кейін, бірақ шығарылымға жеке қаржылық есептілікті бекіткен күнге дейін ұсынылған немесе жарияланған болса, есептілікте ашылады.
Шартты міндеттемелер және шартты активтер
Шартты міндеттемелер жеке қаржылық есептілікте ескерілмейді. Олар егер ресурстардың ағыны мен экономикалық пайдалар мүмкіндігі шамалы ықтимал болып табылмағанда ғана ашылады.
Шартты активтер жеке қаржылық есептілікте ескерілмейді. Олар экономикалық пайдалардың түсімі ықтимал болғанда ашылады.
Өзара есепке алу
Активтер мен міндеттемелер өзара жоққа шығарады, және нетто сомасы бухгалтерлік теңгерімде ескерілген соманы есептеу құқығы заңды қорғалғанда және нетто-негізде немесе активті бір уақытта сату және міндеттемені өтеуді реттеу ниеті болғанда көрсетіледі.
Кейінгі оқиғалар
Есепті күнге Қордың жеке қаржылық жағдайы туралы қосымша ақпаратты ұсынатын есепті кезең аяқталғаннан кейін болған оқиғалар (түзету оқиғалары) жеке қаржылық есептілікте көрсетіледі. Түзетуші оқиғалар болып табылмайтын есепті кезең аяқталғаннан кейінгі болған оқиғалар олардың маңыздылығы болған кезде ескертпелерде ашылады.
4. ЕЛЕУЛІ БУХГАЛТЕРЛІК ПІКІРЛЕР, БАҒАЛАУЛАР МЕН ЖОЛ БЕРУЛЕР
Қордың жеке қаржылық есептілігін дайындау оның басшылығына пікірлерді шығаруды, бағалау мәндері мен пайда, шығыстар, активтер мен міндеттемелер сомасы есептілігінде көрсетілетіндерге әсер ететін жол берулерді айқындауды, сондай-ақ есепті күнге шартты міндеттемелер туралы ақпаратты ашуды талап етеді. Алайда осы жол берулер мен бағалау мәндеріне қатысты белгісіздік болашақта жасалынатын осыған ұқсас жол берулер мен бағалаулар қатынасында активтің немесе міндеттемелердің теңгерімдік құнына қатысты елеулі түзетулерді талап ететін нәтижелерге алып келуі мүмкін.
Есепті күнге арналған бағалаулардағы болашақ туралы негізгі жол берулер және белгісіздіктің басқа да негізгі көздері келесі қаржылық жыл ішіндегі активтер мен міндеттемелердің теңгерімдік құнының елеулі түзетулерінің себебі ретінде қызмет етеді, төменде қарастырылады:
Қаржылық құралдардың әділ құны
Жеке бухгалтерлік теңгерімде танылған қаржылық құралдар мен қаржылық міндеттемелердің әділ құны болған жағдайларда осы активті нарықтардың негізінде айқындау мүмкін емес, ол дисконтталған ақшалай ағындардың моделін қоса алғанда, бағалау әдістерін пайдалана отырып айқындалады. Мүмкіндігіне қарай осы модельдер үшін бастапқы деректер ретінде, алайда, бұл іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайларда, бақылаушы нарықтардан түсетін ақпарат пайдаланылады, әділ құнды белгілеу үшін пікірдің белгілі бір үлесі талап етіледі. Пікірлер өтімділік тәуекелі, кредиттік тәуекел және өзгермелілік сияқты осындай бастапқы деректердің есепке алынуын қамтиды. Осы факторларға салыстырмалы жол берулердегі өзгерістер жеке қаржылық есептілікте көрсетілген қаржылық құралдардың әділ құнына әсерін тигізуі мүмкін.
Кредит беру мекемелеріндегі берілген қарыздар мен қаражаттың құнсыздануға арналған резерві
Әрбір есепті күнге Қор кредиттік мекемелерде өздерінің елеулі қарыздарына талдау жүргізеді, оны бағалау үшін құнсызданудан залал болатынын пайдалар мен шығындарда ескеруі керек. Атап айтқанда, басшылықтың пікірлері құнсызданудан болған шығынды анықтау кезінде болашақ ақшалай ағындардың сомалары мен мерзімдерін бағалауда талап етіледі. Осындай ақшалай ағындарды бағалау кезінде Қор қарыз алушының қаржылық жай-күйі және қамтамасыз етуді сатудың таза құны туралы пікір шығарады. Бұл бағалаулар бірқатар факторлар бойынша жол берулерге негізделген және іс жүзінде нәтижелер өзгеше болуы мүмкін, бұл резервте болашақта өзгерістерге әкеледі.
2011 жылдың ішінде "БТА Банк" АҚ өтімді қаражатындағы шектеулікке қатысты қаржылық жай-күйінің нашарлауына және теріс қаржылық нәтижесіне байланысты Қор кредиттік мекемелер мен банктік депозиттердегі 36.999 миллион теңге және тиісінше 2011 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша осы банкте орналастырылған 245.068 миллион теңге мөлшеріндегі қаражаттың құнсыздануынан болған шығынды таныды. 2012 жылы Қор БТА міндеттемелерін екінші қайта құрылымдауды (1-ескертпе) жүзеге асыруға және оның қаржылық жай-күйін жақсартуға байланысты осы активтер (8 және 10-ескертпелер) бойынша жинақталған құнсыздануға толығымен түзету жасады.
Салық салу
Салық тәуекелдерін бағалау кезінде, басшылық Қор даулай алмайтын немесе есептей алмайтын салық заңнамасын сақтамауды мүмкін болатын саласы ретінде қарайды, ол егер қосымша салықтар салық органдарында есептелінетін болса табысты түрде шағымдана алады. Осындай анықтама елеулі пікірлер шығаруды талап етеді және салықтық тексерулерде күтілетін өз шешімі бойынша күтілетін нәтижелерді және салық органдары жүзеге асыратын сәйкестікке тексеру нәтижесін анықтау салық заңнамасындағы өзгерістер мен нормативтік-құқықтық актілер нәтижесінде өзгертілуі мүмкін. Салық салуға жатқызылған белгісіздіктер 24-ескертпеде ашып көрсетілген.
Мерзімі ұзартылған салық бойынша активтер
Мерзімі ұзартылған салық бойынша активтер күмәнді берешектері және мынадай ықтималдық дәрежесінде басқа міндеттемелері бойынша барлық резервтерге сәйкес танылады, бұл салық салынатын уақытша айырмашылықтар мен осындай шығыстардың коммерциялық сипатына, сондай-ақ салықтық жоспарлау стратегиясын табысты қолдануға негізделетін болады. 2013 жылғы 31 желтоқсандағы мерзімі ұзартылған салық бойынша танылған активтердің сомасы 6.651 миллион теңгені (2012: 5.561 миллион теңгені) құрады.
Еншілес ұйымдардағы инвестициялардың құнсыздануы
Құнсыздану егер еншілес ұйымдағы инвестициялардың теңгерімдік құны оның өтелетін құнынан асып кеткен жағдайда, ол мынадай шамалардың барынша үлкені болып табылады: сатуға арналған шығынды шегергендегі әділ құн және пайдаланудан құндылық. Сатуға арналған шығындарды шегергендегі әділ құнды есептеу кірістерді капиталдандыру әдісіне негізделген. 2013 жылы Қор 71.717 миллион теңге (2012: 154.287 миллион теңге) жалпы сомасында еншілес ұйымдардағы инвестициялардың құнсыздануын таныды (5-ескертпе).
Сатуға арналған ретінде жіктелген активтердің құнсыздануы
Сатуға арналған ретінде жіктелген айналымнан тыс актив мынадай ең аз шамалар бойынша бағалануға тиіс: теңгерімдік құн немесе сатуға арналған шығындарды шегергендегі әділ құн. Әділ құн активке айырбасталуы немесе міндеттеме тараптар осындай мәмілені жүргізуге ниет білдірген хабардар етіп жүргізген коммерциялық мәміле шеңберінде өтелуі мүмкін сома ретінде айқындалады. Сатуға арналған шығындар қаржыландыруға және пайда салығына арналған шығындарды қоспағанда, активтің істен шығуына тікелей байланысты қосымша шығындар ретінде белгіленеді.
2013 жылы Қор сатуға арналған ретінде жіктелген активтердің құнсыздануын 147.421 миллион теңге (2012: нөл) мөлшеріндегі шығынды таныды (5-ескертпе).
5. ЕНШІЛЕС ҰЙЫМДАРДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАР
Мына кестеде Қордың еншілес ұйымдарына инвестициялар, олардың қызметі, тіркелген елі немесе орналасқан жері, сондай-ақ Қордың осы еншілес ұйымдардағы үлесі:
Миллион теңгемен | Қызмет түрі | Ел | 2013 жылғы 31 желтоқсан | 2012 жылғы 31 желтоқсан | Иелену үлесі | |
2013 жылғы 31 желтоқсан | 2012 жылғы 31 желтоқсан | |||||
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ | Жүк және жолаушылар теміржол тасымалы | Қазақстан | 1.078.596 | 835.476 | 100,00% | 100,00% |
"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ | Мұнай-газ өнеркәсібі | Қазақстан | 947.531 | 928.806 | 100,00% | 100,00% |
"Самұрық–Энерго" АҚ | Жылу және электр энергиясын өндіру және тасымалдау | Қазақстан | 263.651 | 254.652 | 100,00% | 100,00% |
"Тау-кен Самұрық" ҰТК" АҚ | ҚР тау-кен саласын дамыту | Қазақстан | 211.546 | 7.862 | 100,00% | 100,00% |
"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ | уран өндіру | Қазақстан | 147.275 | 147.275 | 100,00% | 100,00% |
"Альянс Банк" АҚ | Банктік қызметтер | Қазақстан | 142.075 | 142.075 | 67,00% | 67,00% |
"Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания" АҚ | Электр энергиясын беру | Қазақстан | 113.532 | 113.129 | 100,00% | 100,00% |
"Қазақтелеком" АҚ | Тіркелген байланыс қызметтері | Қазақстан | 88.733 | 88.733 | 51,00% | 51,00% |
"Біріккен химия компаниясы" ЖШС | ҚР химия саласын дамыту | Қазақстан | 62.365 | 40.428 | 100,00% | 100,00% |
"Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" АҚ | Жылжымайтын мүлік нарығын тұрақтандыру | Қазақстан | 31.851 | 31.851 | 100,00% | 100,00% |
"Қазпочта" АҚ | Почта қызметі және қаржылық қызметтер | Қазақстан | 11.648 | 9.564 | 100,00% | 100,00% |
"Қазақстан Инжиниринг" ұлттық компаниясы" АҚ | Машина жасау және қорғаныстық сала | Қазақстан | 9.850 | 9.850 | 100,00% | 100,00% |
"Эйр Астана" АҚ | Жолаушылар авиатасымалы | Қазақстан | 7.276 | 7.276 | 51,00% | 51,00% |
"Ақтөбе халықаралық әуежайы" АҚ | Әуежай қызметтері | Қазақстан | 6.029 | 6.029 | 100,00% | 100,00% |
"Самұрық-Қазына Инвест" ЖШС | Инвестициялық жобалар бойынша кәсіби қызметтер | Қазақстан | 3.427 | 1.151 | 100,00% | 100,00% |
"Павлодар әуежайы" АҚ | Әуежай қызметтері | Қазақстан | 1.454 | 1.454 | 100,00% | 100,00% |
"Самұрық-Қазына Келісімшарт" ЖШС | Жобаларды басқару | Қазақстан | 1.284 | 2.193 | 100,00% | 100,00% |
"Атырау халықаралық әуежайы" АҚ | Әуежай қызметтері | Қазақстан | 1.196 | 1.196 | 100,00% | 100,00% |
"Академик Ш.Ш. Шөкин атындағы Энергетика ҚазҒЗИ" АҚ | Ғылыми қызмет | Қазақстан | 219 | 219 | 50,00% | 50,00% |
"КОРЭМ" АҚ | Электр энергиясы нарығының операторы | Қазақстан | 161 | 161 | 100,00% | 100,00% |
"Қарағандыгипрошахт және К" ЖШС | Жобалау | Қазақстан | 6 | 6 | 90,00% | 90,00% |
Миллион теңгемен | Қызмет түрі | Ел | 2013 жылғы 31 желтоқсан | 2012 жылғы 31 желтоқсан | Иелену үлесі | |
2013 жылғы 31 желтоқсан | 2012 жылғы 31 желтоқсан | |||||
KGF IM | Қаржылық операциялар | Кайман аралдары | – | – | 100,00% | 100,00% |
KGF Management | Қаржылық операциялар | Кайман аралдары | – | – | 100,00% | 100,00% |
KGF SLP | Қаржылық операциялар | Кайман аралдары | – | – | 100,00% | 100,00% |
"БТА Банк" АҚ | Банктік қызметтер | Қазақстан | – | 1.320.026 | 97,28% | |
"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ | Мемлекеттік инвестициялық қызмет | Қазақстан | – | 312.614 | – | 100,00% |
Kazyna Capital Management" АҚ | Инвестициялық қорлар құру | Қазақстан | – | 69.444 | – | 100,00% |
"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ | Шағын кәсіпкерлікті дамыту | Қазақстан | – | 67.771 | – | 100,00% |
"Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ | Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыруға жәрдемдесу | Қазақстан | – | 33.268 | – | 100,00% |
"Темiрбанк" АҚ | Банктік қызметтер | Қазақстан | – | 23.488 | 79,90% | |
"ҚазЭкспортГарант" экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы" АҚ | Сақтандыру қызметтері | Қазақстан | – | 11.270 | – | 100,00% |
"Қазгеология" ұлттық геологиялық барлау компаниясы" АҚ | Геологиялық барлау қызметтері | Қазақстан | – | 8.586 | – | 100,00% |
"Шығыс Қазақстан өңірлік энергетика компаниясы" АҚ | Электр энергиясын беру | Қазақстан | – | 7.723 | – | 100,00% |
"СҚ-Фармация" ЖШС | Халыққа кепілдендірілген медициналық көмек көрсету шеңберінде дәрілік заттар сатып алу | Қазақстан | – | 700 | – | 100,00% |
Минус: құнсыздануға арналған резерв | (135.828) | (1.252.864) | ||||
2.993.877 | 3.231.412 |
Еншілес ұйымдардағы инвестицияларға өзгерістер
2013 жылғы 1 ақпанда Қор "Қазцинк" ЖШС-ның 9,9407 % қатысу үлестерін иеленетін "Logic Business" ЖШС, "Logic Invest Capital" ЖШС және "Дана" инвестициялық үйі" ЖШС жарғылық капиталдарына қатысу үлестерінің 100 %-ын жалпы сомасы 248.838 миллион теңгеге (әр компанияның құны 82.946 миллион теңгені құрады) сатып алу жолымен "Қазцинк" ЖШС жарғылық капиталына 29,8221 % қатысу үлестерін сатып алуды жүзеге асырды. Сатып алу Қордың облигацияларын сатудан алынған қаражат есебінен жүргізілді (15-ескертпе). 2013 жылдың тамызында Қор "Тау-Кен Самұрық" АҚ жарғылық капиталына осы компаниялардағы қатысу үлесін беруді жүргізді.
2013 жылғы 14 наурызда Қор "Самұрық-Энерго" АҚ жарғылық капиталына 7.723 миллион теңге теңгерімдік құнымен "Шығыс Қазақстан өңірлік энергетика компаниясы" АҚ-дағы акцияларының 100 %-ын беруді жүзеге асырды.
2013 жылғы 12 желтоқсанда Қор "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ жарғылық капиталына 26.234 миллион теңге теңгерімдік құнымен "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" ұлттық компаниясы" АҚ-дағы акцияларының акцияларының 100 %-ын беруді жүзеге асырды (13-ескертпе).
2013 жылы Қор жарғылық капиталға мынадай салымдарды жүзеге асырды:
* "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ 30.311 миллион теңге мөлшерінде. Салымдар Республикалық бюджеттен алынған қаражат есебінен 30.000 миллион теңге мөлшерінде ақшалай түрде және тиісінше 311 миллион теңге мөлшерінде (13-ескертпе) мүліктік салым түрінде жүзеге асырылды;
* "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (бұдан әрі "ҚМГ ҰК) 18.725 миллион теңге мөлшерінде, оның ішінде Республикалық бюджеттен алынған қаражат есебінен 8.917 миллион теңге мөлшерінде ақшалай салым түрінде және 9.808 миллион теңге мөлшерінде мүліктік салым түрінде(13-ескертпе);
* "Біріккен химия компаниясы" ЖШС 21.937 миллион теңге мөлшерінде. Салымдар ақшалай түрде, оның ішінде Ұлттық қорды басқару жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 17-5/И-380, 2013 жылғы 7 қазандағы № 17-5/И-788 хаттамаларына сәйкес Үкіметтің Тұрақтандыру жоспарында көзделген қаражат есебінен 17.062 миллион теңге мөлшерінде жүзеге асырылды. Жарғылық капиталдағы салым үшін 4.875 миллион теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражат Қордың өз қаражаты есебінен бөлінген;
* "Тау-кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы" АҚ, "Самұрық-Қазына Инвест" ЖШС, "Қазпочта" АҚ, "Самұрық-Қазына Келісімшарт" ЖШС және "Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания" АҚ жалпы сомасы 15.331 миллион теңгеге. Барлық салымдар ақшалай түрде жүзеге асырылды.
2013 жылы Қор "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ-ға нарықтағыдан төмен сыйақы ставкаларымен қарыз (7-ескертпе) берді, осы қарыздардың әділ құны және олардың номиналды құны арасындағы айырмашылық ретінде есептелген 186.575 миллион теңге мөлшеріндегі дисконты еншілес ұйымға инвестицияларды ұлғайту ретінде танылды.
2013 жылы Қор "Самұрық-Энерго" АҚ және "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ кредиторларының пайдасына қаржылық кепілдіктерді таныды. Қаржылық кепілдіктердің әділ құны 1.212 миллион теңгені және тиісінше 808 миллион теңгені құрады және міндеттемелерде танылды және осы еншілес ұйымдарда инвестициялар ұлғайды.
"Қазақстан Республикасының 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және "Қазақстан-2050" стратегиясын іске асыру жөніндегі міндеттемелер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен кеңестің 2013 жылғы 23 қаңтардағы № 01-7.1 хаттамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметіне даму институттары мен қаржы ұйымдарын ("Қазақстанның Даму Банк" АҚ, "Kazyna Capital Management" АҚ, "ҚазЭкспортГарант" экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы" АҚ, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ, "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ) акцияларының 100%-ын Үкімет иеленетін "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ға беруді және "СҚ-Фармация" ЖШС-ны Қазақстан Республикасы Денсаулық министрлігінің иелігіне беруді жүзеге асыру тапсырылды.
2013 жылдың сәуірінде Қор толық бақылау құқығымен сенімгерлік басқару шарттарына сәйкес мынадай мемлекеттік мекемелерге осы еншілес ұйымдардың акциялар пакеттерін берді: Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіне – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне – "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ, "Kazyna Capital Management" АҚ, "ҚазЭкспортГарант" экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы" АҚ, "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне – "СҚ-Фармация" ЖШС. Осылайша, Қор 2013 жылдың 10 сәуірінде ("Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ, "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ, "Kazyna Capital Management" АҚ, "ҚазЭкспортГарант" экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы" АҚ, "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ) және 2013 жылғы 30 сәуір ("СҚ-Фармация" ЖШС үшін) еншілес ұйымдардың үстінен бақылауды жоғалтудың тиімді күндері ретінде белгіледі. 2013 жылғы мамырда мемлекеттік мекемелердің сенімгерлік басқаруының жоғарыда көрсетілген шарттары күшін жойды және даму институттары мен қаржы ұйымдарының акцияларын айырбастау шарты негізінде Қор Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің меншігіне берді, ол кейіннен оларды "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ға берді (1-ескертпе).
Бұдан басқа, Қор мен Акционердің арасындағы айырбас шарты негізінде 2013 жылдың тамызында Қор республикалық меншікке "Қазгеология" ұлттық геологиялық барлау компаниясы" АҚ-дағы акцияларының 100%-ын беруді жүзеге асырды.
Бақылауды жоғалту күнінде еншілес ұйымдардағы жоғарыда аталған инвестициялардың теңгерімдік құны 411.142 миллион теңгені құрады.
Қор еншілес ұйымдардағы инвестициялардың істен шығуының жалпы құнында капиталдағы өзгерістер туралы жеке есепте Акционермен операциялар ретінде осы еншілес ұйымдардың істен шығуын көрсетті және тануды тоқтатты (13-ескертпе).
Осыған байланысты, акцияларды сатып алу-сату шарттарына сәйкес 2014 жыл бойы Қорға тиесілі БТА және Темірбанктегі қатысу үлестерін сатуды жоспарлауда, Қор қайта жіктеу күнінде 279.509 миллион теңге және тиісінше 23.488 миллион теңге теңгерімдік құнмен сатуға арналған активтер ретінде осы банктерге инвестицияларды жіктеді (1-ескертпе).
2012
Қарашығанақ жобасындағы инвестициялар
2012 жылғы 28 маусымда Қазақстан Республикасы Мұнай газ министрлігі мен Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің тұлғасында Үкімет және Қарашығанақ жобасына қатысушылар (бұдан әрі – "Консорциум" немесе "ҚПО") шартқа қол қойды, оған сәйкес Үкімет ҚПО-дағы үлестің 10% сатып алды. Сатып алынған 10%-дық үлестің әділ құны 2 миллиард АҚШ доллары (300.000 миллион теңге) мөлшерінде бағаланды, оның 150.000 миллион теңгесін Үкімет ақша қаражатымен төледі, ал қалған бөлігі салық бойынша міндеттемелер есебіне есептелді. Үкімет "Өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімдегі үлесті басқару жөніндегі компания" жаңа кәсіпорнын (бұдан әрі – "ӨБТКҮБК") құрды және жобаның сатып алынған 10%-дық үлесін ӨБТКҮБК капиталына беруді жүзеге асырды. Одан әрі Үкіметтің 2012 жылғы 3 мамырдағы №570 қаулысына сәйкес 2012 жылғы 28 маусымда ӨБТКҮБК үлесінің 100% мемлекеттік пакеті Қорға берілді, оның әділ құны беру күнінде 300.070 миллион теңгені құрады.
2012 жылғы 29 маусымда Қор ӨБТКҮБК–ны "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ-қа (бұдан әрі мәтін бойынша "ҚМГ ҰК") ҚМГ ҰК 150.035 миллион теңге мөлшеріндегі акцияларға және 150.035 миллион теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйақыға айырбасқа берді, ол 1 миллиард АҚШ доллары мөлшеріндегі қарыз арқылы қаржыландырылды. Қарыз шартына сәйкес жылдық пайыздық ставка 1,25 көбейтілген ЛИБОР плюс 3%-ды құрады және негізгі борыш 3 (үш) жыл бойына жобадан ақша ағындары есебінен ай сайын тең үлестермен төлеуге жатады. Қарыз бойынша келісімге сәйкес қамтамасыз ету ретінде ҚМГ ҰК Консорциумға жобадағы қатысу үлесінің 5%-ын берді. Сондай-ақ Қор осы қарыз бойынша кепілдік берді.
2012 жылғы 28 маусымда Қор 159.113 миллион теңге мөлшерінде дивидендтер төледі. Дивидендтердің 150.035 миллион теңге сомасындағы бөлігін Үкімет жоғарыда аталған ҚПО-дағы үлесті сатып алуды қаржыландыру үшін пайдаланды.
Құнсыздану
2013 жылы Қор "Logic Business" ЖШС, "Logic Invest Capital" ЖШС және "Дана" инвестициялық үйі" ЖШС жалпы сомасы 55.344 миллион теңгеге инвестициялардың құнсыздануынан болған шығынды таныды. Осы инвестициялардың өтелетін құны пайдаланудан құндылық әдісі негізінде айқындалды.
Сондай-ақ, 2013 жылы Қор БТА, Альянс Банктегі инвестициялардың құнсыздануынан болған 14.830 миллион теңге және тиісінше 1.543 миллион теңге мөлшеріндегі (2012: 134.596 миллион теңге және тиісінше 12.175 миллион теңге) мөлшеріндегі шығынды таныды.
Бұдан басқа, БТА-дағы сатуға арналған активтер құрамындағы инвестицияларды қайта жіктегеннен кейін Қор сатып алу-сату шартының талабына сәйкес осы инвестициялар үшін өтемді алуға күтілетін әділ құнға дейін осы инвестициялардың теңгерімдік құнын келтіруге байланысты 147.421 миллион теңге мөлшерінде шығынды таныды (1-ескертпе).
БТА мен Альянс Банктегі инвестициялардың өтелетін құны сату бойынша шығындарды шегергендегі әділ құнның негізінде айқындалды.
2013 жылғы 31 желтоқсандағы және 2012 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша компаниялар бөлінісінде еншілес ұйымдардағы инвестициялардың құнсыздануы бойынша ақпарат мынадай түрде берілген:
Миллион теңгемен | 2013 жылғы 31 желтоқсан | 2012 жылғы 31 желтоқсан |
"Альянс Банк" АҚ | 135.828 | 134.285 |
"БТА Банк" АҚ | – | 1.025.686 |
"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ | – | 78.554 |
"Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ | – | 14.339 |
Құнсыздануға арналған резерв | 135.828 | 1.252.864 |
6. ҚАУЫМДАСҚАН КОМПАНИЯЛАРДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАР
31 желтоқсанда қауымдасқан компаниялардағы инвестициялар мынадай түрде берілген:
Миллион теңгемен | 2013 жылғы 31 желтоқсан | 2012 жылғы 31 желтоқсан |
Қауымдасқан компаниялар: | ||
Шекербанк | 18.174 | 18.174 |
"Астана-Финанс" АҚ | 6.516 | 6.516 |
"Майқайыңалтын" АҚ | 281 | 281 |
Минус: құнсыздануға арналған резерв | (6.516) | (6.516) |
18.455 | 18.455 |
Қауымдасқан компаниялардың қызметі, олардың орналасқан жерінің елі және Қордың осы ұйымдардағы үлесі 31 желтоқсанда мынадай түрде берілген:
Компания | Қызмет түрі | Ел | Иелену үлесі | |
2013 жылғы 31 желтоқсан | 2012 жылғы 31 желтоқсан | |||
Қауымдасқан компаниялар: | ||||
Шекербанк | Банктік қызметтер | Түркия | 21,93% | 22,1% |
"Астана-Финанс" АҚ | Қаржы ұйымы | Қазақстан | 1,63% | 5,52% |
"Майқайыңалтын" АҚ | Алтын өндіру | Қазақстан | 25,00% | 25,00% |
Шекербанктегі қатысу үлесін сатып алу
2012 жылғы 16 наурызда Қор "БТА Секьюритис" АҚ-дан ("БТА Банк" АҚ еншілес ұйымы) түріктің "Шекербанк" банкінің 222.148.406 акциясын (22,1%) сатып алды.
"Астана-Финанс" АҚ-дағы қатысу үлесіндегі өзгерістер
2013 жылы Қордың "Астана-Финанс" АҚ-дағы қатысу үлесі осы компанияның 2013 жылғы 17 қаңтарда жүзеге асырылған акцияларының қосымша эмиссиясына байланысты 1,63 %-ға дейін төмендеді.
7. БЕРІЛГЕН ҚАРЫЗДАР
31 желтоқсанда берілген қарыздар мынаны қамтыды:
Миллион теңгемен | 2013 жылғы 31 желтоқсан | 2012 жылғы 31 желтоқсан |
Тараптық және байланысқан тараптарға берілген қарыздар | 516.587 | 505.584 |
Еншілес ұйымдар берген қарыздар | 280.170 | 254.513 |
Еншілес ұйымдар шығарған облигациялар | 1.680 | 954 |
Есептелген сыйақы | 19.109 | 18.690 |
Минус: құнсыздануға арналған резерв | (12.127) | (12.260) |
Берілген қарыздардың жалпы сомасы | 805.419 | 767.481 |
Минус: ағымдағы бөлігі | (193.788) | (110.081) |
ұзақ мерзімді бөлігі | 611.631 | 657.400 |
31 желтоқсанда мерзімдер бөлінісінде берілген қарыздарды талдау былайша ұсынылған:
Миллион теңгемен | 2013 жылғы 31 желтоқсан | 2012 жылғы 31 желтоқсан |
Олар бойынша құнсыздану белгілері анықталмаған қарыздар: | ||
- мерзімі өтпеген және құнсызданбағандар | 803.295 | 766.159 |
мерзімі өткен, бірақ құнсызданбаған: | ||
- кемінде 30 күн мерзімі өткен | – | 732 |
- 90 күннен 180 күнге дейін мерзімі өткен | 1.534 | – |
- 360 күннен астам мерзімі өткен | 590 | 590 |
Мерзімі өткен қарыздардың жиыны | 2.124 | 1.322 |
Берілген қарыздардың жиыны | 805.419 | 767.481 |
Тараптық және байланысқан тараптарға берілген қарыздар
Kazakhmys Finance Plc
2013 жылғы 24 қаңтарда Қор Kazakhmys Finance PLC-ке 12 (он екі) жыл өтеу мерзімімен 200 миллион АҚШ доллары мөлшерінде (2013 жылғы 31 желтоқсандағы бағам бойынша 30.812 миллион теңгеге барабар) қарыз берді. Қарыздар бойынша жылдық пайыздық ставка ЛИБОР-дың алты айлық ставкасына және 4,80% мөлшеріндегі маржаға тең базалық ставкадан тұрады. Осы қарыз Жомарт мыс кен орнын өндіру үшін берілді. Қарыздар 2013 жылғы қаңтардағы Қытайдың Мемлекеттік Даму Банкінің кредиттік желісі шеңберінде алынған қаражаттан берілді (14-ескертпе).
"Елорда Даму" ЖШС
2013 жылғы 25 желтоқсанда "Елорда Даму" ЖШС 2012 жылы берілген 20.000 миллион теңге мөлшеріндегі қарызды мерзімінен бұрын өтеуді жүзеге асырды.
Еншілес ұйымдарға берілген қарыздар
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ
2013 жылғы 31 қаңтарда Қор "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ-мен қарыз шартын жасасты, осыған сәйкес Қор 2062 жылға дейін өтеу мерзімі және 0,1% сыйақы ставкасы бар 118.346 миллион теңге мөлшерінде қарыз берді. Осы қарыз "Жезқазған-Бейнеу" және "Арқалық-Шұбаркөл" темір жолдарын салуды қаржыландыру үшін берілді.
2013 жылғы 7 наурызда Қор "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ-мен қарыз шартын жасасты, осыған сәйкес Қор "Жолаушылар тасымалы" АҚ теміржол жолаушы вагондарының жылжымалы құрамы паркін жаңартуды қаржыландыру үшін 2038 жылға дейін өтеу мерзімі және 0,75% сыйақы ставкасы бар 24.673 миллион теңге мөлшерінде қарыз берді.
2013 жылғы 23 шілдеде және 2013 жылғы 28 желтоқсанда Қор "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ-мен қарыз шартын жасасты, осыған сәйкес Қор "Жезқазған-Бейнеу" теміржолын салуды қаржыландыру үшін 2062 жылға дейін өтеу мерзімі және 0,1% сыйақы ставкасы бар 51.298 миллион теңге және тиісінше 8.166 миллион теңге мөлшерінде қарыз берді.
Осы қарыздарды қаржыландыру Қазақстан Республикасы экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия отырыстарының 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 17-5/И-380 және 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 17-5/11-10 хаттамаларына сәйкес дағдарысқа қарсы қаражатты қайта пайдалану есебінен жүзеге асырылды. Бастапқы тану кезінде осы қарыздар сыйақының тиісті нарықтық ставкаларын пайдалана отырып, 15.908 миллион теңгені құрайтын әділ құн бойынша бағаланды. Қарыздардың номиналды құны мен олардың әділ құны арасындағы 186.575 миллион теңге мөлшеріндегі айырмашылық "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ-ға инвестицияларды ұлғайту ретінде танылды (5-ескертпе).
"Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" АҚ
2012 жылы Қор "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" АҚ-мен жаңартылатын кредиттік желі шартын (99.053 миллион теңге мөлшеріндегі желі лимитімен) жасасты, осыған сәйкес 2013 жылы Қор "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" АҚ-ға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысымен бекітілген "Қолжетімді тұрғын үй-2020" бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй құрылысы жобаларын қаржыландыру үшін 2022 жылғы 31 шілдеге дейін өтеу мерзімімен жалпы сомасы 28.100 миллион теңгеге қосымша транш берді. Осы қарыздар Қазақстан Республикасы экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 17-5/И-380 хаттамасына сәйкес және Қазақстан Республикасы экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 17-5/11-10 хаттамасына сәйкес қаражатты қайта бөлуді есепке ала отырып, Ұлттық қордың қаражаты есебінен берілді.
Кредиттік желінің талаптарына сәйкес Қор кез келген уақытта "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" АҚ-дан қарыздардың немесе олардың бөліктерін ұзақ мерзімді өтеуді талап етуге құқылы, ал "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" АҚ Қор талап еткен жағдайда өтеуді жүргізуге міндеттенеді. Осы талапқа байланысты Қор осы кредиттік желі шеңберінде берілген барлық қарыздарды, қысқа мерзімді ретінде жіктейді.
2013 жылы "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" АҚ 4.335 миллион теңге сомаға қарыздардың ішінара мерзімінен бұрын өтелуін жүзеге асырды.
8. КРЕДИТТІК МЕКЕМЕЛЕРДЕГІ ҚАРАЖАТ
31 желтоқсанда кредиттік мекемелердегі қаражат мыналарды қамтыды:
Миллион теңгемен | 2013 жылғы 31 желтоқсан | 2012 жылғы 31 желтоқсан |
10 ірі жергілікті банк | 268.195 | 266.215 |
Өзге жергілікті кредиттік мекеме | 110.793 | 123.172 |
Есептелген сыйақы | 8.324 | 5.153 |
Кредиттік мекемелердегі қаражаттың жалпы сомасы | 387.312 | 394.540 |
Минус: ағымдағы бөлігі | (41.160) | (32.760) |
Ұзақ мерзімді бөлігі | 346.152 | 361.780 |
Миллион теңгемен | 2013 жылғы 31 желтоқсан | 2012 жылғы 31 желтоқсан |
BB+ -тен жоғары рейтинг | 23.454 | 23.531 |
В-дан ВВ-ға дейінгі рейтинг | 109.253 | 118.380 |
В- рейтингі | 9.940 | 12.825 |
В-дан төмен рейтинг | 163.114 | 141.767 |
Рейтинг жоқ | 81.551 | 98.037 |
387.312 | 394.540 |
2013 және 2012 жылдардың 31 желтоқсанында Қордан кредиттік мекемелердегі мерзімі өткен және құнсызданған қаражат жоқ.
Кредиттік мекемелердегі қаражат, негізінен, Тұрақтандыру жоспары шеңберінде іс-шараларды қаржыландыру мақсатында банктерге және басқа да қаржылық ұйымдарға орналастырылған қаражатты білдіреді.
2013 жыл ішіндегі қаражаттың қайтарудың жалпы сомасы "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ 20.778 миллион теңге (2012: 49.730 миллион теңге және тиісінше 42.892 миллион теңге) мөлшеріндегі қайтарымды қоса алғанда, 28.989 миллион теңгені құрады.
2013 жылғы 31 желтоқсандағы кредиттік мекемелердегі қаражат негізінен мынадай қаржылық ұйымдарға берілген қарыздар көрсетілген:
* "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ 55.170 миллион теңге сомаға (2012: 72.638 миллион теңге) шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыру мақсаттары үшін, олардың ішінде 32.360 миллион теңгесі (2012: 44.690 миллион теңге) Тұрақтандыру жоспары шеңберінде орналастырылған қаражатты көрсетті (1-ескертпе). Осы қарыздар бойынша пайыздар жылдық 4,51%-дан 7%-ға дейін есептелді;
* "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ экономиканың басым салаларында инвестициялық жобалардың ставкасын төмендету, қаржылық лизингке қор жасау құнын азайту және 2.850 миллион теңге, 17.301 миллион теңге және тиісінше 3.304 миллион теңге (2012: 2.659 миллионов теңге, 16.542 миллион теңге және тиісінше нөл теңге) мөлшерінде қазақстандық локомотивтердің экспортын ынталандыруға арналған.
* Екінші деңгейдегі банктерге ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруға, Астана және Алматы қалаларында тұрғын үй объектілерін салуға және 109.310 миллион теңге (2012: 116.346 миллион теңге), 53.366 миллион теңге (2012:53.661 миллион теңге) және тиісінше 26.381 миллион теңге (2012: 25.399 миллион теңге) мөлшерінде аралық тұрғын үй қарыздарын беру. Астана және Алматы қалаларында тұрғын үй салуға және ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруға екінші деңгейдегі банктерге ұсынылған 162.676 миллион теңге (2012: 170.007 миллион теңге) мөлшеріндегі қаражаттың бір бөлігі Тұрақтандыру жоспары шеңберінде орналастырылған қаражат болып табылады. Осы қарыздар бойынша сыйақы жылдық 3,74%-дан 7,28% -ға дейін есептелді.
2012
"БТА Банк" АҚ
2012 жылғы 19 желтоқсанда Қор БТА-мен қарыз шартын жасасты, осыған сәйкес Қор 2024 жылға дейінгі өтеу мерзімі және 4 % сыйақы ставкасы бар 239.771 миллион теңге мөлшерінде қарыз берді. Осы қарыз Ақпараттық меморандумда жазылған тәртіппен төлеуге жататын өтемақы сомаларында қолма-қол ақшаның үлесін төлеу үшін және БТА міндеттемелерін қайта құрылымдау шеңберінде жалпы банктік мақсаттар үшін берілді. Қарызды қаржыландыру 143.196 миллион теңге мөлшерінде облигацияларды (15-ескертпе) және 96.575 миллион теңге мөлшерінде Қордың өз қаражатын шығару есебінен жүзеге асырылды.
Бастапқы тану кезінде осы қарыз сыйақының тиісті нарықтық ставкаларын пайдалана отырып, 105.672 миллион теңгені құрайтын әділ құн бойынша бағаланды. Қарыздардың номиналдық құны және олардың 134.099 миллион теңге мөлшерінде әділ құны арасындағы айырмашылық БТА-дағы инвестицияларды ұлғайту ретінде танылды.
Кредиттік мекемелердегі қаражаттың құнсыздануы
2011 жыл ішінде қаржылық жай-күйінің нашарлауына, өтімді қаражатта салыстырмалы шектеулігіне және БТА теріс қаржылық нәтижесіне байланысты Қор 2011 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша осы банкке орналастырылған 36.999 миллион теңге мөлшеріндегі кредиттік мекемелердегі қаражаттың құнсыздануынан болған шығынды таныды. 2012 жылы Қор БТА міндеттемелерін екінші қайта құрылымдауды жүзеге асыруға және оның қаржылық жай-күйін жақсартуға байланысты осы активтер бойынша жинақталған құнсыздануды толығымен түзетпе жасады.
9. ӨЗГЕ ҚАРЖЫ АКТИВТЕРі
31 желтоқсанда өзге қаржы активтері мынаны қамтыды:
Миллион теңгемен | 2013 жылғы 31 желтоқсан | 2012 жылғы 31 желтоқсан |
Сату үшін қолда бар қаржылық инвестициялар: | ||
Kazakhmys Plc үлестік бағалы қағаздары | – | 111.925 |
"Қазкоммерцбанк" АҚ үлестік бағалы қағаздары | 23.237 | 24.828 |
"Қазақстанның халық банкі" АҚ үлестік бағалы қағаздары | 1.025 | 1.028 |
Борыштық бағалы қағаздар | 12.467 | 12.537 |
Өзге қаржылық активтердің жалпы сомасы | 36.729 | 150.318 |
Минус: ағымдағы бөлігі | (24.558) | (26.124) |
Ұзақ мерзімді бөлігі | 12.171 | 124.194 |
Қор және негізгі акционерлер ҚКБ және "Қазақстанның халық банкі" АҚ арасында жасалған опциондық келісімдерге сәйкес 2009 жылы акцияларды сатып алу кезінде негізгі акционерлер Қордың банктердің акцияларын сатып алу күнінен бірінші жылдығында басталатын және бесінші жылдығында аяқталатын кезең ішінде орындалуы мүмкін Қор осы банктердің акцияларын сатып алуға арналған опциондарын (колл опциондарын) алды. Осы опциондар бойынша орындау мерзімі 2010 жылдың бірінші жартыжылдығында басталады, бұл Қордың банктерге елеулі ықпал жасауын жоғалтуға әкеп соқтырды. Тиісінше, Қор осы қауымдасқан компанияларға елеулі ықпалын жоғалтты және сату үшін қолда бар қаржылық активтер санатына инвестицияларды қайта жіктеді.
2012 жылғы 28 мамырда "АЛМЭКС" холдингілік тобы" АҚ және "Қазақстанның халық банкі" АҚ "Қазақстанның халық банкі" АҚ артықшылықты акцияларына қатысты опциондық келісім бойынша құқықтарға жол беру туралы келісім жасасты.
Осы келісімге сәйкес, 2012 жылы 29 маусымда және 2012 жылы 5 шілдеде "Қазақстанның халық банкі" АҚ опционды орындауға арналған өз құқығын ішінара сатты және бір акциясы үшін 179,94 теңге және 180,21 теңге бағасы бойынша 150.000.000 және 40.000.000 өзінің артықшылықты акциясын сатып алуды жүзеге асырды. Сатудың жалпы құны 34.199 миллион теңгені құрады.
"Қазақстанның халық банкі" АҚ артықшылықты акцияларын 34.273 миллион теңге мөлшерінде сату күніндегі әділ құнмен сатқаннан кейін Қор сату күнінде олардың әділ құны 3.509 миллион теңгені құрайтын артықшылықты акцияларды сатып алуға опцион бойынша тиісті міндеттемелерді тануды тоқтатты.
Сондай-ақ "Қазақстанның халық банкі" АҚ артықшылықты акциялары бойынша сату үшін қолда бар инвестицияларды қайта бағалау бойынша 1.395 миллион теңге мөлшеріндегі сатылмаған кіріс кезең ішіндегі таза пайданы сату үшін қолда бар инвестицияларды қайта бағалау резервінен қайта жіктелді. Қаржылық активтердің шығуынан алынған таза кіріс жиынтық кіріс туралы жеке есепте 4.830 миллион теңге мөлшерінде көрсетілген.
2012 жылы Қор Kazakhmys Plc және ҚКБ үлестік бағалы қағаздары бойынша құнсызданудан 86.103 миллион теңге және тиісінше 60.745 миллион теңге мөлшерінде (2013: нөл) шығынды таныды.
2013 жылғы 6 маусымда Қор Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 мамырдағы № 521 қбпү қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне оларды беру жолымен Қордың иелігінде бар Kazakhmys Plc (58.876.793 акция) барлық жай акцияларын республикалық меншікке өтеусіз беруді жүзеге асырды.
2013 жылғы 31 желтоқсандағы және 2012 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша "Қазақстанның халық банкі" АҚ және ҚКБ үлестік бағалы қағаздарының әділ құны активті нарықта жарияланған түзетпелер негізінде айқындалған.
10. БАНКТІК ДЕПОЗИТТЕР
31 желтоқсанда банктік депозиттер мыналарды қамтыды:
Миллион теңгемен | 2013 жылғы 31 желтоқсан | 2012 жылғы 31 желтоқсан |
10 ірі жергілікті банк | 399.737 | 284.155 |
Өзге жергілікті кредиттік мекемелер | 113.100 | 73.198 |
Есептелген сыйақы | 5.578 | 7.123 |
Банктік депозиттердің жалпы сомасы | 518.415 | 364.476 |
Минус: ағымдағы бөлігі | (321.735) | (159.923) |
Ұзақ мерзімді бөлігі | 196.680 | 204.553 |
Миллион теңгемен | 2013 жылғы 31 желтоқсан | 2012 жылғы 31 желтоқсан |
BB+ жоғары рейтингілер | 20.302 | 29.957 |
В-дан ВВ-ға дейін рейтинг | 244.700 | 190.012 |
В- рейтингі | 99.076 | 54.115 |
В-дан төмен рейтингілер | 152.625 | 89.894 |
Рейтинг жоқ | 1.712 | 498 |
518.415 | 364.476 |
Уақытша бос ақша қаражатын орналастыру
Уақытша бос ақша қаражатын басқару жөніндегі саясат шеңберінде Қор екінші деңгейдегі ірі қазақстандық банктерге депозиттер орналастырады.
2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ұзақ мерзімді банктік депозиттер бойынша орташа өлшенген ставка жылдық 8,03%-ды құрады (2012 жылғы 31 желтоқсанда: 7,81%), қысқа мерзімді банктік депозиттер бойынша орташа өлшенген ставка жылдық 7,88 %-ды (2012 жылғы 31 желтоқсанда: 7,74%) құрады.
"БТА Банк" АҚ-дағы депозиттердің құнсыздануы
2011 жылдың ішінде "БТА Банк" АҚ өтімді қаражатындағы шектеулікке қатысты қаржылық жай-күйінің нашарлауына және теріс қаржылық нәтижесіне байланысты Қор кредиттік 2011 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша осы банкте орналастырылған 245.068 миллион теңге мөлшеріндегі қаражаттың құнсыздануынан болған шығынды таныды. 2012 жылы Қор БТА міндеттемелерін екінші қайта құрылымдауды жүзеге асыруға және оның қаржылық жай-күйін жақсартуға байланысты осы активтер бойынша жинақталған құнсыздануға толығымен түзету жасады.
11. ӨЗГЕ АҒЫМДАҒЫ АКТИВТЕР
31 желтоқсанда өзге ағымдағы активтер мыналарды қамтыды:
Миллион теңгемен | 2013 жылғы 31 желтоқсан | 2012 жылғы 31 желтоқсан |
Алынатын дивидендтер | 14.681 | 23.996 |
Өзге дебиторлық берешек | 7.694 | 6.075 |
Өзге | 1.277 | 1.487 |
Минус: құнсыздануға арналған резерв | (3.750) | (3.619) |
19.902 | 27.939 |
12. АҚША ҚАРАЖАТЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БАЛАМАЛАРЫ
31 желтоқсандағы ақша қаражаты және олардың баламалары мыналарды қамтыды:
Миллион теңгемен | 2013 жылғы 31 желтоқсан | 2012 жылғы 31 желтоқсан |
Теңгемен берілген банктердегі ағымдағы шоттар | 58.863 | 301.829 |
АҚШ долларында берілген банктердегі ағымдағы шоттар | 1.946 | 29.998 |
Еуромен берілген банктердегі ағымдағы шоттар | 1.154 | 602 |
Теңгемен берілген банктердегі мерзімді депозиттер | 41.545 | 100.543 |
103.508 | 432.972 |
2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қазақстандық банктерде орналастырылған ағымдағы шоттардың көпшілігі бойынша орташа салмақталған пайыздық ставка 0,001% (2012: 0,1%) құрады. Мерзімді депозиттер қолма-қол ақша қаражатымен Қордың қажеттілігіне байланысты 1 (бір) күннен бастан 3 (үш) айға дейінгі әртүрлі мерзімдерге орналастырылған. 2013 жылғы 31 желтоқсанда банктердегі мерзімді депозиттер бойынша орташа салмақталған пайыздық ставка 4,01%-ды (2012: 0,77%) құрады.
Банктердің шоттарында Қордың ақша қаражатының жалпы сомасында Үкіметтің нысаналы бағдарламалары бойынша Республикалық бюджеттен және Ұлттық қордан алынған қаражат бар. 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша осы ақша қаражаты Ұлттық Банктің шоттарында шоғырландырылады және 85 миллиард теңгені құрайды (2012: 395 миллиард теңге), оның ішінде:
- 54 миллиард теңге – Тұрақтандыру жоспарын іске асыру шеңберінде алынған Ұлттық қордың қаражаты (2012: 247 миллиард теңге);
- 2 миллиард теңге – Қор іске асыратын жобаларды қаржыландыру мақсатында Республикалық бюджеттен алынған қаражат (2012: 6 миллиард теңге);
- 29 миллиард теңге – операциялық және инвестициялық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті Қордың ақша қаражатының қалдығы (2012: 142 миллиард теңге).
13. КАПИТАЛ
Жарғылық капитал
2013 және 2012 жылдары Қор жай акциялардың эмиссиясын жүргізді, оның төлемі былайша жүзеге асырылды:
Акцияларды төлеу | Шығаруға рұқсат етілген және шығарылған акциялардың саны | Бір акцияның номинал құны, теңгемен | Жарғылық капитал, миллион теңгемен |
2011 жылғы 31 желтоқсанға | 3.480.637.455 | 4.050.383 | |
Акциялардың мемлекеттік пакеттерімен берілетін жарналар | 418.402 | 40.600; 46.000; 100.000; 282.174; 1.000.000; | 311.903 |
Мүлікпен берілетін жарналар | 350.282 | 23.156; 72.800; 80.000; 90.092; 93.549; 100.000 | 35.028 |
Ақша қаражатымен берілетін жарналар | 120.000 | 100.000 | 12.000 |
2012 жылғы 31 желтоқсанға | 3.481.526.139 | 4.409.314 | |
Ақша қаражатымен берілетін жарналар | 39.320 | 901.000; 1.000.000 | 39.320 |
Акциялардың мемлекеттік пакеттерімен берілетін жарналар | 27.073 | 1.000; 1.000.000 | 26.234 |
Мүлікпен берілетін жарналар | 9.809 | 422.451; 615.921; 1.000.000 | 9.808 |
2013 жылғы 31 желтоқсанға | 3.481.602.341 | 4.484.676 |
2013 жылғы 31 желтоқсанда 3.481.602.341 акция толығымен төленді (2012: 3.481.526.139 акция).
2012
"2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2011 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2012 жылы Акционер Қордың жарғылық капиталына 12.000 миллион теңге сомасында ақшалай жарнаны жүзеге асырды. Осы қаражат еншілес ұйымдар жүзеге асыратын жобаларды қаржыландыруға арналған.
Үкіметтің 2012 жылғы 3 мамырдағы № 570 қаулысына сәйкес 2012 жылы 28 маусымда Қорға ӨБТКҮБК-ге (КУДОСРП) 100 % қатысу үлесі берілді, оның алу күнгі әділ құны 300.070 миллион теңгені құрады.
Үкіметтің 2011 жылғы 18 шілдегі № 822 қаулысына сәйкес 2012 жылғы 19 сәуірде Қорға "Арқагаз" АҚ акцияларының мемлекеттік пакеті берілді, оның алу күнгі әділ құны 4.110 миллион теңгені құрайды.
Үкіметтің 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 543 қаулысына сәйкес 2012 жылғы 20 желтоқсанда Қорға "Шығыс Қазақстан өңірлік энергетикалық компаниясы" АҚ-ның 100 % үлесті мемлекеттік пакеті берілді, оның беру күнгі әділ құны 7.723 миллион теңгені құрайды.
2012 жылы Акционер "Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы" Үкіметтің 2010 жылғы 14 қыркүйектегі № 939 қаулысына және "Алматы қаласын және Алматы облысын энергиямен жабдықтаудың кейбір мәселелері" Үкіметтің 2007 жылғы 6 тамыздағы № 660 қаулысына сәйкес жалпы сомасы 35.028 миллион теңгеге Қордың жарғылық капиталына мүлікпен жарна жүзеге асырылды.
2013
"2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2013 жылғы 29 қарашадағы № 146-V Қазақстан Республикасының Заңындағы өзгерістер ескерілген "2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2012 жылғы 23 қарашадағы № 54-V Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2013 жылы Акционер Қордың жарғылық капиталына 39.320 миллион теңге мөлшерінде ақша қаражатымен жарнаны жүзеге асырды. Осы қаражат Қордың еншілес ұйымдары жүзеге асыратын жобаларды қаржыландыруға арналған (5-ескертпе).
Үкіметтің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1539 қаулысына сәйкес 2013 жылғы 18 шілдеде Қорға "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" ұлттық компаниясы" АҚ-дағы акциялар пакетінің 100 %-ы берілді, оның беру күнгі әділ құны 26.234 миллион теңгені құрайды (5-ескертпе).
2013 жылы "Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы" Үкіметтің 2010 жылғы 14 қыркүйектегі № 939 қаулысына сәйкес Акционер Қордың жарғылық капиталына жалпы сомасы 9.808 миллион теңгеге мүлікпен жарнаны жүзеге асырды (5-ескертпе).
Акционермен болатын операциялар
Қаулыға және Қор мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті арасында жасалған айырбастау шартына сәйкес 2013 жылы Қор еншілес ұйымдарының ("Қазақстан Даму Банкі" АҚ, "Kazyna Capital Management" АҚ, "ҚазЭкспортГарант" экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы" АҚ, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ, "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ, "СҚ-Фармация" ЖШС, "Қазгеология" ұлттық геологиялық барлау компаниясы" АҚ) акциялар пакеті мен қатысу үлестерін республикалық меншікке берді. Акциялар пакеті мен қатысу үлестерін беру "2012 жылғы Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және "Қазақстан-2050" стратегиясын іске асыру бойынша міндеттері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен 2013 жылғы 23 қаңтардағы № 01-7.1 хаттамада көзделген тапсырмаларға сәйкес жүзеге асырылды (5-ескертпе).
Еншілес ұйымдарға берілген инвестициялардың теңгерім құны істен шығу күні 411.568 миллион теңгені құрады.
Бұдан басқа, 2010 және 2011 жылдары Акцонер мен Қор арасында жасалған өзге де айырбастау шарттарына сәйкес 2013 жылы Акционер Қорға әділ құны 426 миллион теңге (2012: 1.630 миллион теңге) болатын мүлікті берді.
2013 жылы жоғарыда көрсетілген операциялардың нәтижесінде Қор тікелей капиталдағы өзгерістер туралы жеке есепте жалпы сомасы 411.142 миллион теңгеге Акционер Операцияны таныды (2012: 1.630 миллион теңге).
Акционерге өзге де бөлу
2013 жылғы 6 маусымда Қор Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне беру арқылы республикалық меншікке Қордың иелігіндегі барлық Kazakhmys PLC жай акцияларын (58.876.793 акциялар) тегін беру жүзеге асырылды (5.2-ескертпе). Осы қаржы активтерінің істен шығуы капиталдағы өзгерістер туралы жеке есепте 111.925 миллион теңге мөлшерінде Акционерге бөлу ретінде көрсетілді.
2013 жылы Акционердің өкімдеріне сәйкес Қор жалпы сомасы 8.008 миллион теңге (2012 жылы: 9.126 миллион теңге) болатын әртүрлі әлеуметтік жобаларды қаржыландыруды жүзеге асырды.
Акционерге дивидендтер
2013 жылғы 16 қазанда Қор Үкіметтің 2013 жылғы 5 қазандағы № 1060 қаулысына сәйкес 2012 жылдың қорытындылары бойынша 9.077 миллион теңге мөлшерінде Акционерге дивидендтер төлеуді жүзеге асырды (2012 жылы: 159.113 миллион теңге).
Акциялардың теңгерім құны
"Қазақстандық биржа қоры" АҚ Биржалық кеңесінің 2010 жылғы 4 қазандағы шешіміне сәйкес қаржылық есептілікте ҚБҚ-ның бекітілген қағидаларына сәйкес есептелген есептік күнгі бір акцияның (жай және артықшылықты) теңгерім құны туралы деректер болуы қажет.
Миллион теңгемен | 2013 жылғы 31 желтоқсан | 2012 жылғы 31 желтоқсан |
Активтердің жиыны | 5.109.991 | 5.453.393 |
Материалдық емес активтер | (588) | (931) |
Міндеттемелердің жиыны | (1.599.419) | (1.602.663) |
Жай акцияларға таза активтер | 3.509.984 | 3.849.799 |
31 желтоқсандағы жай акциялардың саны | 3.481.602.341 | 3.481.526.139 |
Бір жай акцияның теңгерім құны, теңге | 1.008 | 1.106 |
14. ҚАРЫЗДАР
31 желтоқсандағы қарыздар, оның ішінде есептелген сыйақы мынаны қамтыды:
Миллион теңгемен | 2013 жылғы 31 желтоқсан | 2012 жылғы 31 желтоқсан |
Еншілес ұйымдар сатып алған шығарылған облигациялар: | ||
- "БТА Банк" АҚ | 656.322 | 652.978 |
- "Альянс Банк" АҚ | 106.820 | 106.260 |
- "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ | 41.811 | 41.600 |
- "Темiрбанк" АҚ | 3.048 | 3.048 |
- "Самұрық-Энерго" АҚ | 223 | – |
Өзге де ұйымдар сатып алған шығарылған облигациялар | 150.942 | 150.440 |
Алынған қарыздар | 403.524 | 422.445 |
Қарыздардың жалпы сомасы | 1.362.690 | 1.376.771 |
12 ай ішінде өтеуге жататын сома шегерілген | (106.712) | (81.764) |
12 айдан кейін өтеуге жататын сома | 1.255.978 | 1.295.007 |
31 желтоқсандағы қарыздар, оның ішінде есептелген сыйақы мынадай валютада көрсетілді:
Миллион теңгемен | 2013 жылғы 31 желтоқсан | 2012 жылғы 31 желтоқсан |
Теңгемен көрсетілген қарыздар | 959.166 | 954.326 |
АҚШ долларында көрсетілген қарыздар | 403.524 | 422.445 |
1.362.690 | 1.376.771 |
Шығарылған облигациялар
2013 жылы "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ жалпы сомасы 21.600 миллион теңгеге Қордың облигацияларын сатып алды. Облигациялардың өтеу мерзімі жылдық 0,01% купон ставкасымен 50 жыл. Облигацияларды бастапқы тану кезінде тиісті нарықтық пайыз ставкасын пайдалана отырып, 648 миллион теңгені құрайтын әділ құн бойынша бағаланды. Осындай өтеуге осындай талаптарда "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ облигацияларын бір уақытта сатып ала отырып, сату жүргізілді.
2012 жылы БТА және Альянс Банк сатып алған Қордың бұрын шығарылған облигациялары бойынша проспектідегі өзгерістерге байланысты купон ставкасы 4%-дан 6%-ға дейін ұлғайтылды. ҚЕХС 39 сәйкес Қор жалпы теңгерім құны 612.267 миллион теңге болатын бұрын көрсетілген облигацияларды есептен шығарды және 750.000 миллион теңге мөлшеріндегі әділ құн бойынша жаңа облигацияларды таныды. 137.733 миллиона теңге сомасындағы айырма осы еншілес ұйымдарға инвестицияларды ұлғайту ретінде танылды.
Алынған қарыздар
Қытай Мемлекеттік Даму Банкінің кредит желісі
2009 жылғы 22 маусымда Қор, Қытай Мемлекеттік Даму Банкі және оператор ретінде шыққан Қазақстанның Даму Бану арасында 3 миллиард АҚШ доллары сомасына кредит желісін ашуға негіздемелік қаржылық келісімге қол қойылды. Осы келісімге сәйкес Қытай Мемлекетттік Даму Банкі Қорға алты айлық ЛИБОР плюс 4,3% тең пайыздық ставкамен жалпы сомасы 3 миллиард АҚШ долларына дейін болатын АҚШ долларында ұзақ мерзімді қарыз берді. Қарыздар Қытай мен Қазақстан арасында өнеркәсіп өндірісін және өзге де экономика салаларын қолдауға және дамытуға жіберіледі. Осы кредит желісі шеңберінде 2013 жылы Қор 200 миллион АҚШ доллары сомасына транш алды, ол алған күнгі 30.144 миллион теңгеге баламалы (2012: тиісінше 1.200 миллион АҚШ доллары және 179.305 миллион теңге). 2013 жылы алынған транш Жамрт мыс кенорнын игеруге Kazakhmys Finance Plc қарыз беруге арналды (7-ескертпе). 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша осы кредит желісінің шеңберінде Қытай Мемлекеттік Даму Банкінің алдындағы жалпы ағымдағы берешек құны 403.524 миллион теңгені (2012: 422.445 миллион теңге) құрады.
15. ҮКІМЕТТІҢ ҚАРАЖАТЫ
31 желтоқсандағы Үкіметтің қаражаты мыналарды қамтыды:
Миллион теңгемен | 2013 жылғы 31 желтоқсан | 2012 жылғы 31 желтоқсан |
Ұлттық қордың қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сатып алған облигациялар | 71.302 | 63.056 |
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сатып алған облигациялар | 59.867 | 59.207 |
Үкіметтен алынған өзге де қарыздар | 66.378 | 63.639 |
Үкімет қаражатының жалпы сомасы | 197.547 | 185.902 |
Минус: ағымдағы бөлік | (331) | (198) |
Ұзақ мерзімді бөлік | 197.216 | 185.704 |
2013
2013 жылғы қаңтарда Қор айналым мерзімі 50 жылдық және жылдық 0,01% мөлшерінде купондық сыйақысымен жалпы сомасы 255.000 миллион теңгені құрайтын бір облигацияға номинал құны 1.000 теңге болатын 255.000.000 купондық облигацияны орналастырды. Барлық облигацияларды сенімгерлік басқару құқығында Қазақстан Республикасы Ұлттық Қорының қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сатып алды. Облигациялар шығару күнгі Қорға қолданылатын нарықтық пайыз ставкасын пайдалана отырып есептелген әділ құн бойынша осы облигациялар бастапқыда көрсетілді және оның салдарынан амортизациялық құн бойынша ескеріледі. 249.828 миллион теңге мөлшеріндегі облигациялардың номинал құны мен олардың әділ құны арасындағы айырма капиталдағы өзгерістер туралы жеке есепте танылған.
Осы облигацияларды өткізуден алынған қаражат "Қазмырыш" ЖШС-ға 29,8221% қатысу үлесін сатып алу үшін пайдаланылды (5-ескертпе).
2012
2012 жылы Қор тиісінше жалпы сомасы 73.000 миллион теңге және 70.196 миллион теңге болатын бір облигацияға номинал құны 1.000 теңге болатын 73.000.000 және 70.196.000 купон облигациясын орналастырды. Облигациялардың айналым мерзімі төлем мерзімі – жылына екі рет болатын купондық сыйықысы жылдық 0,01% және жылдық 4% мөлшерінде 50 жылды және 12 жылды құрайды. Осы облигацияларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сатып алды, оларың 73.000 миллион теңге сомаға облигациялары сенімгерлік басқару құқығында Қазақстан Республикасы Ұлттық Қорының қаражаты есебінен сатып алынды. Барлық облигациялар бастапқыда облигацияларды шығару күнгі Қорға қолданылатын нарықтық пайыз ставкасын пайдалана отырып есептелген әділ құн бойынша көрсетілді және оның салдарынан амортизациялық құн бойынша ескеріледі. 82.646 миллион теңге мөлшеріндегі қарыздардың номинал құны мен олардың әділ құны арасындағы айырма капиталдағы өзгерістер туралы жеке есепте танылған.
Осы облигацияларды өткізуден алынған қаражат осы міндеттемелерді қайта құрылымдау шеңберінде БТА қарыз беру үшін пайдаланылды(8-ескертпе).
2012 жылы Қор 2009 және 2010 жылдары орналастырған номинал құны 850 миллиард теңге болатын облигациялар бойынша проспектілерге өзгерістер мен толықтырулар тіркелді. Осы өзгерістерге сәйкес осы облигациялар бойынша айналым мерзімі 2062 жылға дейін ұзартылды және сыйақы ставкасы 0,01%-ға дейін төмендетілді. Проспектіге өзгерістер облигацияларды орналастырудың бастапқы талаптарында болмашы өзгерістерге және тиісінше бастапқы міндеттемені тануды тоқтату мен ҚЕХС 39 сәйкес жаңа міндеттемені тануға әкелді. Өзгерістер енгізген күнгі жаңа міндеттеменің әділ құны мен бастапқы міндеттеменің теңгерім құны арасындағы 304.650 миллион теңге мөлшеріндегі айырма капиталдағы өзгерістер туралы жеке есепте танылған.
"2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2011 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2012 жылғы 13 тамызда және 2012 жылғы 22 қарашада Қор Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінен қарыз алды. Қарыздардың жалпы сомасы 0,15%-дан 0,5%-ға дейінгі пайыздық ставкамен 15.285 миллион теңгені құрады. Қарыздар 10 – 25 жыл мерзімге алдынды және мынадай нысаналы мақсаты бар:
* 2.155 миллион теңге мөлшерінде "Қазақстан Темір Жолы" ұлттық компаниясы" АҚ қарыз беру. Осы қарыз бойынша сыйақы ставкасы жылдық 0,75% аспауы қажет.
* 3.130 миллион теңге мөлшерінде "Досжан темір жолы" АҚ қарыз беру. Осы қарыз бойынша сыйақы ставкасы жылдық 0,5% аспауы қажет.
* 10.000 миллион теңге мөлшерінде "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ қарыз беру. Осы қарыз бойынша сыйақы ставкасы жылдық 0,2% аспауы қажет.
Осы қарыздарды бастапқы тану кезінде тиісті нарықтық сыйақы ставкасын пайдалана отырып, 8.314 миллион теңгені құрайтын әділ құн бойынша бағаланды және оның салдарынан амортизациялық құн бойынша ескеріледі. 6.971 миллион теңге мөлшеріндегі қарыздардың номинал құны мен олардың әділ құны арасындағы айырма капиталдағы өзгерістер туралы жеке есепте танылған.
16. ҚАРЖЫЛЫҚ КЕПІЛДІКТЕР БОЙЫНША МІНДЕТТЕМЕ
Қаржылық кепілдіктер бойынша міндеттемелердегі өзгерістер былайша берілген:
Миллион теңгемен | 2013 | 2012 |
1 қаңтарға | 37.680 | 28.936 |
Жыл ішінде берілген кепілдіктер | 4.170 | 12.982 |
Қаржы кепілдіктері бойынша міндеттемелердің амортизациясы | (5.627) | (4.717) |
Айырбастау бағамдары өзгерісінің әсері | 922 | 479 |
31 желтоқсанда | 37.145 | 37.680 |
Минус: ағымдағы бөлік | (6.420) | (5.956) |
Ұзақ мерзімді бөлік | 30.725 | 31.724 |
Қаржылық кепілдіктер бойынша міндеттемелер қызметті қаржыландыру үшін қаржылық мекемелерге берілген кепілдіктер бойынша Қор міндеттемелерін және өзінің еншілес ұйымдарының елеулі келісімшарттарын (5-ескертпе). Кепілдік шарттарының негізгі бөлігі Қорға өтемақының болмауы талабында жасалды. Берешектің жалпы кепілдік берілген сомасы 2013 жылғы 31 желтоқсанда 2.658 миллион АҚШ долларын, 13.703 миллион теңгені және 2.485 миллион ресей рублін (2012: тиісінше 3.261 миллион АҚШ долларын, 10.613 миллион теңгені және 2.130 миллион ресей рублін) құрайды.
17. ПАЙЫЗДЫҚ КІРІСТЕР
31 желтоқсанда аяқталған жылдарға пайыздық кірістер мынаны қамтиды:
Миллион теңгемен | 2013 | 2012 |
Қарыздар бойынша сыйақы | 63.734 | 47.456 |
Берілген қарыздар бойынша дисконттың амортизациясы | 17.939 | 14.047 |
Облигациялар бойынша сыйақы | 1.986 | 7 |
83.659 | 61.510 |
18. ПАЙЫЗДЫҚ ШЫҒЫСТАР
31 желтоқсанда аяқталған жылдарға пайыздық шығыстар мынаны қамтиды:
Миллион теңгемен | 2013 | 2012 |
Облигациялар бойынша сыйақы | 61.668 | 45.684 |
Қарыздар бойынша сыйақы | 20.323 | 20.773 |
Қаржылық міндеттемелер бойынша дисконттың амортизациясы | 7.319 | 23.829 |
Бастапқы тану кезінде қаржы активтерін дисконттаудан болатын шығын | 584 | 1.137 |
89.894 | 91.423 |
19. ЖАЛПЫ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК ШЫҒЫСТАР
31 желтоқсанда аяқталған жылдарға жалпы және әкімшілік шығыстар мынаны қамтиды:
Миллион теңгемен | 2013 | 2012 |
Демеушілік және қайырымдылық көмек | 13.672 | 6.835 |
Жалақы бойынша шығыстар | 3.329 | 2.576 |
Консультациялық қызметтер | 1.685 | 2.048 |
Есепке қабылданбаған ҚҚС | 513 | 788 |
Өзгелер | 4.625 | 3.720 |
23.824 | 15.967 |
2013 жылы Қор 2013 жылға арналған демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету жөніндегі Қордың жалпы іс-шаралар жоспарына (бұдан әрі "Жоспар") сәйкес демеушілік көмек ұсынды. Демейшілік көмек Жоспарда бекітілген кейбір спорт түрлерін және кейбір жобаларды дамыту мақсатында спорттық федерацияларды қаржыландыру бойынша оператор болып табылатын "СҚ-Астана" корпоративтік қоры арқылы іске асырылатын бірқатар жобаларды қаржыландыру үшін берілді. Бұдан басқа, демеушілік көмек Жоспарда бекітілген жобаларды қаржыландыру мақсатында өзге ұйымдар үшін берілді.
20. ҚАРЖЫЛЫҚ КІРІСТЕР
31 желтоқсанда аяқталған жылдарға қаржылық кірістер мынаны қамтиды:
Миллион теңгемен | 2013 | 2012 |
Банктік депозиттер бойынша сыйақы | 34.586 | 44.644 |
Қаржы кепілдіктері бойынша кірістер | 6.442 | 12.666 |
Ағымдағы банктік шоттар бойынша сыйақы | 182 | 407 |
Өзгелер | 1.317 | 950 |
42.527 | 58.667 |
21. ТАБЫС САЛЫҒЫ БОЙЫНША ШЫҒЫСТАР
31 желтоқсанда аяқталған жылдарға табыс салығы бойынша шығыстар мынаны қамтиды:
Миллион теңгемен | 2013 | 2012 |
Төлем көзінен ұсталатын салық | 10.214 | 10.826 |
Мерзімі ұзартылған салық бойынша үнем | (6.083) | (337) |
4.131 | 10.489 |
2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Қорға 20% (2012 жылғы 31 желтоқсанда: 20%) қолданыстағы ресми ставка бойынша корпоративтік табыс салығы салынды.
Табыс салығы бойынша шығыстарға табыс салығының нормативтік ставкасы бойынша бухгалтерлік шығыннан/пайдадан табыс салығын есептегенге дейін есептелген табыс салығы бойынша шығыстарды салыстыру былайша берілген:
Миллион теңгемен | 2013 | 2012 |
Табыс салығын есептегенге дейінгі (шығын)/пайда | (119.503) | 350.212 |
Ресми табыс салығының ставкасы | 20% | 20% |
Табыс салығы бойынша (теориялық үнем)/теориялық шығыстар | (23.901) | 70.042 |
Кейінге қалдырылған салық бойынша танылмаған салық активтеріндегі өзгеріс | 1.090 | 4.469 |
Тұрақты айырмалардан салық нәтижесі | 26.942 | (64.022) |
Дивидендтерден салық салынбайтын кіріс | (17.710) | (67.349) |
Кредиттік мекемелердегі қаражаттың және банктік депозиттердің құнсыздануынан шығынды қалпына келтіруден кіріс | – | (56.185) |
Сатуға арналған ретінде сыныпталған активтердің құнсыздануы | 29.484 | – |
Еншілес ұйымдарға инвестициядарды құнсыздандыру | 14.343 | 30.857 |
Сату үшін қолда бар инвестициялардың құнсыздануы | – | 29.370 |
Опциондардың құнын өзгертуден шығын/(кіріс), нетто | 213 | (2.273) |
Қаржы активтері мен міндеттемелері бойынша дисконттау және дисконтты амортизациялау | (1.577) | 2.184 |
Демеушілік көмекке шығыстар | 2.512 | 1.123 |
Қаржылық кепілдіктер бойынша кірістер | (1.125) | (943) |
Өзге де тұрақты айырмалар | 802 | (806) |
Жиынтық кіріс туралы бөлек есепте берілген корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар | 4.131 | 10.489 |
Есептік күндері қолданылған заңмен белгіленген салық ставкасын қолдану арқылы есептелген кейінге қалдырылған табыс салығының активтер мен міндеттемелердің есебі үшін негіз бен жеке қаржылық есептілікте көрсетілген сома арасындағы уақытша айырмаларға сальдо мынаны қамтиды:
Миллион теңгемен | 2013 | 2012 |
Кейінге қалдырылған салық бойынша активтер | ||
Берілген қарыздар | 3.042 | 2.947 |
Төлеуге қарыздар | 6.152 | 180 |
Кейінге қалдырылған салық бойынша активтер | 9.194 | 3.127 |
Кейінге қалдырылған салық бойынша міндеттемелер | ||
Негізгі қаражат | (74) | (90) |
Кейінге қалдырылған салық бойынша міндеттемелер | (74) | (90) |
Кейінге қалдырылған салық бойынша таза активтер | 9.120 | 3.037 |
Кейінге қалдырылған салық активі болашақта салық салынатын кірістің болу ықтималдығы бар сол деңгейде ғана танылады, оған қарай актив пайдаланылуы мүмкін. Кейінге қалдырылған салық активтері олармен байланысты салық жеңілдіктері іске асырылатын ықтималдық бұдан әрі болмайтын сол деңгейде азайтылады.
22. БАЙЛАНЫСТЫ ТАРАПТАРМЕН МӘМІЛЕЛЕР
Байланысты тараптар Қор тобының компанияларын және Үкімет бақылайтын өзге де компанияларды, Қордың негізгі басқарушы персоналын, өзге де байланысты тараптарды қамтиды. Байланысты тараптармен мәмілелер тараптар арасында келісілген талаптарда жүргізілді, ол кейбір реттелетін қызметтерді қоспағанда, нарықтық ставкалар бойынша міндетті түрде жүзеге асырылған жоқ, ол байланысты және үшінші тараптарға қолданылатын тарифтер талаптарында беріледі.
Мына кестелерде 2013 және 2012 жылдар ішінде байланысты тараптармен жасалған мәмілелердің жалпы сомасы және 2013 және 2012 жылдардың 31 желтоқсанындағы тиісті сальдо келтірілген:
Миллион теңгемен | Байланысты тараптардың берешегі (7, 8, 11-ескертпе-лер) | Байланысты тараптарға берешек 14, 15-ескертпелер) | Байланысты тараптарда орналастырылған ақша қаражаты және депозиттер (10, 12-ескертпелер) | |
Мемлекет бақылайтын өзге де кәсіпорындар | 2013 жылғы 31 желтоқсан | 112.577 | 246.623 | 84.979 |
2012 жылғы 31 желтоқсан | 49.417 | 188.676 | 395.060 | |
Еншілес ұйымдар | 2013 жылғы 31 желтоқсан | 469.797 | 808.362 | 219.354 |
2012 жылғы 31 желтоқсан | 536.373 | 849.911 | 211.877 | |
Еншілес ұйымдардың қауымдасқан компаниялары мен біріккен кәсіпорындары | 2013 жылғы 31 желтоқсан | 16.115 | – | – |
2012 жылғы 31 желтоқсан | 9.473 | – | – |
Миллион теңгемен | Алынған дивидендтер | Байланысты тараптардан сатып алу (6-ескертпе) | Байланысты тараптардан алынған сыйақы (17, 20-ескертпелер) | Байланысты тараптарға есептелген сыйақы (18-ескертпе) | |
Мемлекет бақылайтын өзге де кәсіпорындар | 2013 | – | – | 8.397 | 13.326 |
2012 | – | – | 782 | 17.955 | |
Еншілес ұйымдар | 2013 | 88.933 | 2.479 | 55.844 | 49.915 |
2012 | 336.885 | 19.939 | 75.835 | 50.135 | |
Еншілес ұйымдардың қауымдасқан компаниялары мен біріккен кәсіпорындары | 2013 | - | – | 847 | – |
2012 | - | – | 300 | – | |
Өзге де байланысты тараптар | 2013 | - | - | - | - |
2012 | - | - | - | - |
2013 және 2012 жылдар ішінде байланысты тараптармен жасалған мәмілелердің табиғаты бөлек қаржылық есептілікке тиісті ескертпелерде көрсетілген.
Қоса берілген жиынтық кіріс туралы жеке есепте жалпы және әкімшілік шығыстарға қосылған негізгі басқарушы персоналға төленген жалпы сйыақы сомасытиісінше 2012 және 2012 жылдардағы 31 желтоқсанда аяқталған жылдарға 643 миллион теңгені және 437 миллион теңгені құрайды. Негізгі басқарушы персоналға төленген сыйақы келісімшарттарда және операциялық нәтижелерге негізделген сыйлықтармен белгіленген жалақы бойынша шығыстардан басым тұрады.
23. ҚАРЖЫ ТӘУЕКЕЛДЕРІН БАСҚАРУ МАҚСАТЫ ЖӘНЕ САЯСАТЫ
Қордың негізгі қаржылық міндеттемелерінің құрамына кредит мекемелерінен және Үкіметтен алынған қарыздар, шығарылған облигациялар, қаржылық кепілдіктер және өзге де кредиторлық берешек кіреді. Көрсетілген қаржылық инструменттер, негізінен, Қордың операцияларын қаржыландыруға тарту үшін пайдаланылады. Қордың қаржылық активтерінің құрамына еншілес ұйымдар мен кредит мекемелері берген қарыздар, банктік депозиттер, өзге де қаржылық активтер, өзге де дебиторлық берешек, сатып алынған облигациялар мен мемлекеттік бағалы қағаздар, оның тікелей операциялық қызметі нәтижесінде пайда болатын ақша және олардың баламалары кіреді.
Қор нарық тәуекеліне, пайыздық ставкаларға байланысты тәуекелге, кредит тәуекеліне, валюта тәуекеліне және өтімділік тәуекеліне ұшырады.
Пайыздық ставкаларға байланысты тәуекел
Сыйақы ставкаларына байланысты тәуекел нарықта сыйақы ставкаларының өзгеруі нәтижесінде қаржылық инструмент құнының ауытқу тәуекелін білдіреді.
Қордың сыйақы ставкаларына байланысты тәуекелге ұшырауы негізінен өзгермелі пайыз ставкасымен алынған Қордың қарызына жатқызылады (14-ескертпе). Сонымен қатар, пайыз ставкаларындағы ықтимал өзгерістерге табыс салығына дейін Қор пайдасының сезімталдығы (қарыздар бойынша өзгермелі пайыз ставкасына ықпал арқылы) ұқсас талаппен және ұқсас сомада өзгермелі пайыз ставкасымен берілген қарыздардың болуына байланысты болмашы ғана (7-ескертпе). Қор капиталына әсері жоқ.
Кредит тәуекелі
Қордың қаржылық инструменттерімен болған шарттардың талаптарын контрагенттердің орындамауы нәтижесінде пайда болған кредит тәуекелі, әдетте, контрагенттер міндеттемелерінің шамасы осы контрагенттердің алдындағы Қордың міндеттемелеріне асып кеткен осындай жағдайлар болған кезде, сомамен шектеледі. Қордың саясаты кредитке қабілетті контрагенттермен қатар қаржы инструменттерімен болатын операцияларды жасауды көздейді. Кредит тәуекеліне ұшыраудың ең жоғары шамасы әрбір қаржы активінің теңгерім құнына тең. Қор өзінің ең жоғары тәуекел шамасын есепті күні көрсетілген құнсыздануға резервтер шегерілген берілген қарыздар сомасында (7-ескретпе), кредит мекемелеріндегі қаражатта (8-ескертпе), өзге де қаржылық активтерде (9-ескертпе), банктік депозиттерде (10-ескертпе), өзге де ағымдағы активтерде
(11-ескертпе) және ақша қаражаты мен оның баламаларында (12-ескертпе)көрсетіледі деп санайды.
Кредит тәуекелінің шоғырлануы бір қарыз алушыдан немесе қызмет талаптары ұқсас қарыз алушылардың тобынан берешектің бірнеше сомасы болған кезде пайда болуы мүмкін, оған қатысты экономикалық талаптарды өзгерту немесе өзге мән-жайлар олардың өздерінің міндеттемелерін орындауға қабілетіне ықпал етуі мүмкін екенін күтуге негіздеме бар.
Өтімділік тәуекелі
Өтімділік тәуекелі Қордың өзінің қаржылық міндеттемелерін орындау үшін қаражат тарту кезіндегі қиындықтарға жолығу мүмкіндігіне байланысты. Өтімділік тәуекелі оның әділ құнына жуық құны бойынша қаржы активін шұғыл өткізу мүмкіндігінің болмауы нәтижесінде пайда болуы мүмкін.
Өтімділікке қойылатын талаптар тұрақты түрде бақыланып отырады және Қордың басшылығы олардың пайда болу шамасына қарай міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті көлемде қаражаттың болуын қадағалап отырады.
Мына кестеде 2013 және 2012 жылдардағы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша осы міндеттемелерді өтеу мерзімдері бөлінісінде Қордың қаржылық міндеттемелері бойынша шартты дисконтталмаған төлемдер туралы ақпарат берілген.
Миллион теңгемен | Талап бойынша | 1 айдан 3 айға дейін | 3 айдан 1 жылға дейін | 1 жылдан 5 жылға дейін | >5 жыл | Жиыны |
2013 жылғы 31 желтоқсан | ||||||
Қарыздар | 76.267 | 27.152 | 49.498 | 472.534 | 1.705.985 | 2.331.436 |
Үкіметтің қаражаты | – | 24 | 3.403 | 19.386 | 1.373.642 | 1.396.455 |
Өзге де ағымдағы міндеттемелер | – | – | – | – | – | – |
Жиыны | 76.267 | 27.176 | 52.901 | 491.920 | 3.079.627 | 3.727.891 |
Миллион теңгемен | Талап бойынша | 1 айдан 3 айға дейін | 3 айдан 1 жылға дейін | 1 жылдан 5 жылға дейін | >5 жыл | Жиыны |
2012 жылғы 31 желтоқсан | ||||||
Қарыздар | 53.338 | 22.654 | 53.664 | 465.650 | 1.758.000 | 2.353.306 |
Үкіметтің қаражаты | – | 24 | 3.246 | 19.866 | 1.120.445 | 1.143.581 |
Өзге де ағымдағы міндеттемелер | – | 2.278 | – | – | – | 2.278 |
Жиыны | 53.338 | 24.956 | 56.910 | 485.516 | 2.878.445 | 3.499.165 |
Валюта тәуекелі
Шетел валютасындағы банктердегі ағымдағы шоттардан басқа, Қор шетелдік валютада ұзақ мерзімді кредиттер мен қарыздардың біршама сомасын тартады әрі береді және сондықтан, валюта тәуекеліне ұшырады.
Мына кестеде барлық өзге де параметрлердің өзгермеуі талабымен шетел валютасына айырбастау бағамындағы ықтимал өзгерістерге табыс салығын есептегенге дейінгі Қор шығынының/пайдасының сезімталдығына талдау берілген (ақша активтері мен міндеттемелердің әділ құнындағы ықтимал өзгерістердің салдары). Қордың капиталына ықпалы жоқ.
Миллион теңгемен | Айырбастау бағамдарындағы ұлғаю/(кему) | Табыс салығын есептегенге дейінгі пайдаға ықпал ету |
2013 жыл | ||
Еуро | 20,00% | 337 |
10,00% | 168 | |
АҚШ доллары | 20,00% | 11.413 |
10,00% | 5.706 | |
2012 жыл | ||
Еуро | 10,77% | 172 |
(10,77%) | (172) | |
АҚШ доллары | 1,57% | 1.707 |
(1,57%) | (1.707) |
Капиталды басқару
Капиталды басқарудың негізгі мақсаты үздіксіз қызмет үшін капиталдың қалыпты деңгейінің жеткілікті болуы мен тұрақты кредитке қабілеттілігін және мүдделі тараптар үшін пайданы көбейтуді қамтамасыз ету болып табылады. Қор капиталды басқарады және экономикалық талаптарға өзгерістерді ескере отырып, оның құрылымы мен көлеміне өзгерістер енгізеді. Капиталдың оңтайлы құрылымын қолдау үшін Қор акциялар шығаруы және қарыз қаражатын тартуы мүмкін.
Қорда капиталды басқару қызметті кейіннен қаржыландыру үшін оңтайлы пайдалы жағдайларға ақша ресурстарын тарту, сондай-ақ Қордың алдына қойылған стратегиялық міндеттерді шешу үшін оларды инвестициялау арқылы жүзеге асырылады. Капиталды басқару үдерісі капитал нарығында ағымдағы жағдайларға тұрақты түрде мониторинг жасауды, қарыз капиталының құнын және капиталдың әрбір класына байланысты тәуекелдерді де қамтиды.
Қор капиталына қатысты сыртқы кредиторлар қарыз қаражатын тартуы үдерісінде коэффициент – меншік капиталға қарыз капиталының қатынасы белгіленді, оның мәні 4:1 пропорциядан аспауы қажет. Осы коэффициент есепті кезең ішінде және есепті күнгі жағдай бойынша орындалады.
Кестеде 31 желтоқсандағы меншік капиталға қарыз капиталы қатынасының мәні берілген:
Миллион теңгемен | 2013 | 2012 |
Жарғылық капитал | 4.484.676 | 4.409.314 |
Резервтер | (2.159) | (595) |
Жиналған шығын | (971.945) | (557.989) |
Капитал жиыны | 3.510.572 | 3.850.730 |
Қарыз қаражатының жиыны | 1.599.419 | 1.602.663 |
Активтердің жиыны | 5.109.991 | 5.453.393 |
Меншік капиталға қарыз капиталының қатынасы | 0,46 | 0,42 |
Әділ құн бағасы көздерінің иерархиясы
Қор модельді бағалау бөлінісінде қаржылық инструменттердің әділ құнын анықтау және ол туралы ақпаратты ашу үшін мына иерархияны пайдаланады:
1-ші деңгей: ұқсас активтер немесе міндеттемелер бойынша белсенді нарықтардағы бағалар (қандай-да бір түзетулерсіз).
2-ші деңгей: көрсетілетін әділ құнға біршама әсер ететін басқа әдістер, барлық бастапқы деректер нарықта не тікелей не тікелей емес байқалады.
3-ші деңгей: көрсетілетін әділ құнға біршама әсер ететін бастапқы деректерде пайдаланылатын әдістер, олар байқалатын нарықтық ақпаратқа негізделмейді.
Бұдан әрі жеке бухгалтерлік теңгерімде әділ құн бойынша көрсетілген Қордың барлық қаржылық инструменттерінің теңгерім құны мен әділ құны санаттары бойынша салыстыру берілген:
Миллион теңгемен | 2013 жылғы 31 желтоқсан | 1-ші деңгей | 2-ші деңгей | 3-ші деңгей |
Әділ құн бойынша ескерілетін активтер | ||||
Сату үшін қолда бар қаржылық активтер | 36.729 | 36.729 | – | – |
колл/пут опциондармен байланысты активтер | 46.376 | – | 46.376 | – |
Әділ құн бойынша бағаланатын міндеттемелер | ||||
Колл/пут опциондар бойынша міндеттемелер | (46) | – | (46) | – |
Миллион теңгемен | 2012 жылғы 31 желтоқсан | 1-ші деңгей | 2-ші деңгей | 3-ші деңгей |
Әділ құн бойынша ескерілетін активтер | ||||
Сату үшін қолда бар қаржылық активтер | 150.318 | 150.318 | – | – |
колл/пут опциондармен байланысты активтер | 47.429 | – | 47.429 | – |
Әділ құн бойынша бағаланатын міндеттемелер | ||||
Колл/пут опциондар бойынша міндеттемелер | (32) | – | (32) | – |
Қаржылық инструменттердің әділ құны
2013 және 2012 жылдардағы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Қордың қаржылық инструменттерінің ағымдағы құны төменде көрсетілген қаржы инструтрументтерін қоспағанда, олардың әділ құнына негіздемеленген жақындау болып табылады:
2013 | |||||
Мыналарды пайдалана отырып, әділ құнды бағалау | |||||
Миллион теңгемен | Ағымдағы құн | Әділ құн | Белсенді нарықтағы котировкалар (1-деңгей) | Елеулі бақыланатын бастапқы деректер (2-деңгей) | Елеулі бақыланатын бастапқы деректер (3-деңгей) |
Қаржылық активтер | |||||
Кредиттік мекемелердегі қаражат | 387.312 | 390.144 | – | 390.144 | – |
Сыйақының тіркелген ставкасы бар қарыздар | 401.498 | 394.964 | – | 394.964 | – |
Қаржылық міндеттемелер | |||||
Сыйақының тіркелген ставкасы бар алынған қарыздар /шығарылған облигациялар | (959.166) | (989.543) | – | (989.543) | – |
Үкіметтің және Ұлттық Банктің қаражаты | (197.547) | (157.359) | – | (157.359) | – |
Қаржы кепілдіктері бойынша міндеттеме | (37.145) | (33.227) | – | (33.227) | – |
2012 | |||||
Мыналарды пайдалана отырып, әділ құнды бағалау | |||||
Миллион теңгемен | Ағымдағы құн | Әділ құн | Белсенді нарықтағы котировкалар (1-деңгей) | Белсенді нарықтағы котировкалар (1-деңгей) | Белсенді нарықтағы котировкалар (1-деңгей) |
Қаржылық активтер | |||||
Кредиттік мекемелердегі қаражат | 394.861 | 385.649 | – | 385.649 | – |
Сыйақының тіркелген ставкасы бар қарыздар | 383.614 | 374.635 | – | 374.635 | – |
Қаржылық міндеттемелер | |||||
Сыйақының тіркелген ставкасы бар алынған қарыздар /шығарылған облигациялар | (954.325) | (967.531) | – | (967.531) | – |
Үкіметтің және Ұлттық Банктің қаражаты | (185.902) | (140.382) | – | (140.382) | – |
Қаржылық міндеттемелер | (37.680) | (34.515) | – | (34.515) | – |
Жоғарыда көрсетілген қаржылық инструменттердің әділ құны басым пайыздық ставкалар бойынша ақша қаражатының күтілетін болашақтағы ағындарын дисконттау арқылы есептелді.
24. ҚАРЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ ШАРТТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
Шартты міндеттемелер
Қор елеулі міндеттемелердің пайда болу ықтималдығының деңгейін бағалайды және міндеттемелердің пайда болуына әкелетін оқиғалар болатын жеткілікті ықтималдық болған, ал тиісті міндеттемелердің сомасы дұрыс анықталуы мүмкін жағдайда ғана өзінің жеке қаржылық есептілігінде тиісті резервті көрсетеді. Осы жеке қаржылық есептілікте қандай-да бір шартты міндеттемелер бойынша резерв құрылмаған.
Салық салу
Қазақстандық салық заңнамасы және нормативтік-құқықтық актілер тұрақты өзгерістер мен әртүрлі түсіндірулер мәні болып табылады. Жергілікті, өңірлік және республикалық салық органдары арасындағы пікірлерде алшақтық жағдайлары жиі кездеседі. Қазақстан қолданыстағы заңдардың негізінде анықталған құқықтық бұзушылықтар үшін айыппұлдар мен өсімақылар біршама болуы мүмкін. Айыппұл санкциялары айыппұлдарды қамтиды, әдетте, 2,5-ке көбейтілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру ставкасы бойынша есептелген өсімақылар мен қосымша есептелген салықтар сомасының 50% мөлшерінде. Нәтижесінде, айыппұл санкциялары мен өсімақылардың сомасы қосып есептеуге тиесілі салықтар сомасынан бірнеше есе артуы мүмкін. Қаржылық кезеңдер тексеру жүргізілетін жылдың алдындағы 5 (бес) күнтізбелік жыл ішінде салық органдары тексеру үшін ашық болып қалады. Белгілі бір мән-жайларда тексеру біршама ұзақ кезеңдерді қамтуы мүмкін. Қазақстан салық жүйесіне байланысты екіұштылық нәтижесінде, егер мұндайлар болса, салықтардың, айыппұлдардың және өсімақылардың түпкілікті сомасы қазіргі уақыт бойынша шығыстарға жатқызылған және 2013 жылғы 31 желтоқсанда есептелген сомадан асып кетуі мүмкін. Басшылық 2013 жылғы 31 желтоқсанда қолданылатын заңнамадағы оның түсіндірілуі сәйкес келетін болып табылады әрі Қордың салық бойынша ұстанымы расталатын ықтималдық болады деп санайды.
"БТА Банк" АҚ-ға орналастырылған активтерге қатысты провизиялар
2010 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті 2009 жылғы Қордың қызметіне кешенді салық тексеруін жүргізуге бастамашылық жасады. Салық тексеруінің қорытындылары бойынша салық органдары 2009 жылғы корпоративтік табыс салығын есептеу мақсаты үшін провизияларды шегеру заңсыз деп санайды. Қор салық тексеруінің қорытындыларына келіспейді, жеке қаржылық есептілік шыққан күнгі Салық комитетіне шағымдану құжаттары жіберілді.
Үкіметтің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2275 қаулысымен "Ұлттық басқарушы холдингтің, сондай-ақ негізгі қызмет түрі қарыз операцияларын жүзеге асыру немесе талап құқықтарын сатып алу болып табылатын және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз проценті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, өзара байланысты тұлғалардың пайдасына не өзара байланысты тұлғалардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген активтер мен шартты міндеттемелерді (кредиттік серіктестіктердің активтері мен шартты міндеттемелерінен басқа) қоспағанда, күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар заңды тұлғалардың активтер мен шартты міндеттемелерді күмәнді және үмітсіз санатқа жатқызу ережесі" ("Ереже") бекітілді.
Ережеге сәйкес Қор 177,352 миллион теңге сомаға "БТА Банк" АҚ-ға орналастырылған активтерге қатысты провизияларды (бұдан әрі - "провизиялар") құрып, корпоративтік табыс салығының есебі мақсатында шегерімге жатқызды.
Қордың басшылығы 2013 жылғы 31 желтоқсанда қолданылатын заңнамада (Ережені қоса алғанда) оны түсіндіру сәйкес келетін болып табылады және осы провизияларды шегерімге жатқызуға қатысты Қордың ұстанымы расталатын болады деп санайды. Тиісінше, Қор осы жеке қаржылық есептілікте салық тексеруі қорытындылары бойынша ықтимал үстеме есептеулерге байланысты қандай-да бір резервтерді таныған жоқ.
Дағдарысқа қарсы қаражатты қайталама пайдалану бойынша міндеттемелер
Қазақстан Республикасы Экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 17-5/И-380, 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 17-5/11-10 және 2013 жылғы 7 қазандағы
№ 17-5/И-788 хаттамаларына сәйкес Қор 2012-2014 жылдар ішінде жалпы сомасы 540.752 миллион теңгеге бірқатар инвестициялық жобаларды қаржыландыруды жүзеге асыруы тиіс. 2012 - 2013 жылдары игерілген қаражатты ескере отырып, 2014 жылғы игеруге 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Қордың міндеттемелері 193.714 миллион теңгені (2012 жылғы 31 желтоқсан: 415.324 миллион теңге), құрайды, оның ішінде мына жобалар бойынша:
Тұрғын үй құрылысы бағдарламасын қаржыландыру және "Қол жетімді тұрғын үй" бағдарламасын іске асыру
Үкіметтің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысына сәйкес "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" АҚ арқылы тұрғын үй салуға Қордан қаражатты және Ұлттық қордан қаржатты пайдалану көзделеді. Қазақстан Республикасы Экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2013 жылғы 30 қаңтардағы №17-5/11-10 хаттамасына сәйкес Қор "Қол жетімді тұрғын үй-2020" бағдарламасын қаржыландыруға көзделген қаражаттың 56.615 миллион теңгесі мөлшеріндегі қаражаты "Батыс-Солтүстік-Орталық магистралдық газ құбырын салу" (Қарталы – Тобыл – Көкшетау - Астана) инвестициялық жобасын қаржыландыруға қайта бөлінді. 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қайта бөлінген қаражатты ескере отырып, "Қол жетімді тұрғын үй-2020" бағдарламасын қаржыландыру бойынша Қордың міндеттемесі 8.100 миллион теңгені (2012 жылғы 31 желтоқсанда: 36.200 миллион теңгені) құрайды.
Қордың өзге де инвестициялық жобаларын іске асыру
2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша өзге инвестициялық жобаларды қаржыландыру бойынша Қордың міндеттемесі 185.614 миллион теңгені (2012 жылғы 31 желтоқсанда: 379.124 миллион теңге) құрайды.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2013 жылғы 30 қаңтардағы №17-5/11-10 хаттамасына сәйкес 2013 жылы Қорға Қордың және/немесе ҚМГ" ҰК меншік қаражаты есебінен 60.000 миллион теңге мөлшерінде "Батыс-Солтүстік-Орталық магистралдық газ құбырын салу" (Қарталы – Тобыл – Көкшетау - Астана) инвестициялық жобасын қаржыландыруды жүзеге асыру тапсырылған, оның ішінде 20.000 миллион теңге ҚМГ ҰК қаражаты есебінен бөлу жоспарланып отыр.
Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2013 жылғы 19 сәуірдегі № 17-5/07-145 хаттамасына сәйкес жоғарыда көрсетілген жобаны іске асыру 1 (бір) жыл мерзімге тоқтатылды.
Сонымен қатар, осы қаражатты және "Қол жетімді тұрғын үй-2020" бағдарламасынан қайта бөлінген қаражатты Қордың жарғылық капиталын 122.707 миллион теңге мөлшерінде ұлғайтуға қаражатты 2014 жылы Республикалық бюджеттен бөлу арқылы өтеу жоспарланып отыр.
Республикалық бюджет қаражаты есебінен инвестициялық жобалар бойынша міндеттемелер
2013 жылғы 31 желтоқсандағы Қордың Республикалық бюджет қаражаты есебінен инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша міндеттемелері 2.030 миллион теңгені (2012 жылғы 31 желтоқсанда: 6.030 миллион теңгені) құрады.
Шекербанктің акцияларын сатып алуға шарттық міндеттеме
2012 жылғы 25 қаңтарда Қор "БТА Секьюритис" АҚ-дан ("БТА Банк" АҚ-ның еншілес ұйымы) "Шекербанк" түрік банкінің 339.787.080 дана акциясын (33,98%) сатып алу шартын жасасты. 2013 жылғы 31 желтоқсанда Қор 219.310.353 акцияны (21,93%) иеленді (6-ескертпе). Қазіргі уақытта "БТА Секьритис" АҚ-ға тиесілі "Шекербанк" банкінің акцияларының қалған пакетін сатып алу "БТА Банк" АҚ-ға берілген Turkiye Vakiflar Bankasi T.A.O. талап-арызы бойынша көрсетілген акцияларға қамақ қойылуына байланысты мүмкін болмай отыр.
25. ЕСЕПТІ КҮННЕН КЕЙІНГІ ОҚИҒАЛАР
БТА акцияларын сату
2014 жылғы 31 қаңтарда Қор мен екі сатып алушы – ККБ мен Рақышев мырза арасында БТА акциялар пакетін иеліктен шығару туралы келісімге қол қойды. Мәміле тараптар бірқатар кейінге қалдырылатын талаптарды орындағанға дейін аяқталған деп саналмайтын болады (1-ескертпе).
Темірбанк және Альянс банк акцияларын сату
2014 жылғы 5 наурызда Темірбанк және Альянс банк акциялар пакетін иеліктен шығару жөніндегі Үкіметтің қаулысына қол қойылды, осылайша, мәмілені жабуға Қордың кейінге қалдырылған талаптарының бірі орындалды (1-ескертпе).
Еншілес ұйымдарға инвестициялардағы өзге де өзгерістер
2014 жылғы алғашқы төрт ай ішінде Қор 86.028 миллион теңге сомаға еншілес ұйымдардың жарғылық капиталдарына қосымша ақшалай жарналарды жүзеге асырды.
Берілген қарыздар
2014 жылғы 16 қаңтарда Қор "Самұрық-энерго" АҚ-мен қарыз шартын жасасты, оған сәйкес Қор "Екібастұз МАЭС-1" ЖШС-ның 50% қатысу үлесін және "Қазгидротехэнерго" ЖШС-ның 100% қатысу үлесін сатып алуды қаржыландыру үшін 200.000 миллион теңге мөлшерінде қарыз берді. Қаржыландыру Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі 2013 жылғы 11 сәуірдегі № 01-7.9 хаттамаға сәйкес Ұлттық қордың қаражаты есебінен жүзеге асырылды.
2014 жылғы 9 сәуірде Қор Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысымен бекітілген "Қол жетімді тұрғын үй-2020" бағдарламасының шеңберінде тұрғын үй салу жобаларын қаржыландыру үшін 5.000 миллион теңге мөлшерінде "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" АҚ-ға қосымша транш берді. Қазақстан Республикасы Экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2012 жылғы 5 сәуірдегі №17-5/И-380 хаттамасына сәйкес Ұлттық қордың қаражаты есебінен қаржыландыру жүзеге асырылды.
2014 жылғы қаңтарда Kazakhmys Finance Plc Жомарт және Ақбастау/Қосмұрын мыс кен орындарын әзірлеу жобалары бойынша 400 миллион АҚШ доллары (төлем күнгі бағам бойынша 61.808 миллион теңгеге баламалы) мөлшерінде мерзімінен бұрын қарызды өтеуді жүзеге асырды.
Үкіметтің қаражаты
2014 жылғы қаңтарда Қор бір облигацияға номинал құны 1.000 теңгеге 15 жыл облигациялардың айналым мерзімімен және жылдық 3% мөлшеріндегі купондық сыйақымен жалпы сомасы 300.000 миллион теңге болатын 300.000.000 купондық облигацияларды орналастырды. Облигацияларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сатып алды. 200.000 миллион теңге мөлшеріндегі осы облигацияларды сатудан алынған қаражат "Екібастұз МАЭС-1" ЖШС-ның 50% қатысу үлесін және "Казгидротехэнерго" ЖШС-ның 100% қатысу үлесін сатып алуды қаржыландыру мақсатында "Самұрық-энерго" АҚ қарызын беру үшін пайдаланылды.
Алынған қарыздар
2014 жылғы қаңтарда Қор Жомарт және Ақбастау/ҚКосмұрын мыс кен орындарын әзірлеу жобалары бойынша 400 миллион АҚШ доллары (төлем күнгі бағам бойынша 61.904 миллион теңгеге баламалы) мөлшерінде Қытай Мемлекеттік даму банкі алдындағы қарыздарды ішінара мерзімінен бұрын өтеуді жүзеге асырды.
Теңгенің девальвациялануы
2014 жылғы 11 ақпанда теңге АҚШ доллары мен басқа негізгі валюталарға қатысты девальвацияланды және девальвацияға дейін және кейін тиісінше 1 АҚШ долларына 155,56 теңгені және 1 АҚШ долларына
184,5 теңгені құрады, ол теңгенің 19%-ға жуық құнсыздануы. АҚШ долларына қатысты айырбастау бағамдарындағы ықтимал өзгерістерге табыс салығын есепке алғанға дейінгі Қордың таза пайдасының сезімталдығы 23-ескертпеде ашылған. Сезімталдықтың осы талдауы бұл 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша болса, әрі барлық параметрлер өзгермейтін шама ретінде қабылданған талаппен ғана девальвацияның ықтимал әсерін көрсетеді.
Жарғылық капиталға жарналар
2014 жылғы сәуірде Акционер 54.500 миллион теңге мөлшерінле Қордың жарғылық капиталына ақшалай жарнаны жүзеге асырды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қазандағы № 1121 қаулысымен бекітілген |
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ
Шоғырландырылған қаржылық есептілік
Тәуелсіз аудиторлардың есебімен 2013 жылғы
31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін
Тәуелсіз аудиторлардың есебі
Шоғырландырылған қаржылық есептілік
Шоғырландырылған бухгалтерлік теңгерім
Жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есеп
Капиталдағы өзгерістер туралы шоғырландырылған есеп
Ақша қаражатының қозғалысы туралы шоғырландырылған есеп
Шоғырландырылған қаржылық есептілікке ескертпелер
ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН БУХГАЛТЕРЛІК ТЕҢГЕРІМ
31 желтоқсандағы жағдай бойынша
Миллион теңгемен | Ескер. | 2013 | 2012 (қайта есептелген)* |
Активтер | |||
Ұзақ мерзімді активтер | |||
Негізгі құралдар | 7 | 7.018.234 | 6.093.002 |
Материалдық емес активтер | 8 | 284.325 | 358.276 |
Бірлескен кәсіпорындар мене қауымдасқан компаниялардағы инвестициялар | 9 | 1.717.249 | 1.351.044 |
Клиенттерге қарыздар | 10 | 647.083 | 1.386.384 |
Кредиттік мекемелердегі қаражат | 11 | 282.676 | 269.627 |
Кейінге қалдырылған салық бойынша актив | 35 | 42.084 | 77.964 |
Өзге де ұзақ мерзімді қаржы активтері | 12 | 133.829 | 464.934 |
Өзге де ұзақ мерзімді активтер | 13 | 461.896 | 421.092 |
10.587.376 | 10.422.323 | ||
Ағымдағы активтер | |||
Қорлар | 14 | 346.300 | 409.508 |
Өтеуге ҚҚС | 248.792 | 193.950 | |
Табыс салығы бойынша алдын ала төлем | 77.721 | 78.372 | |
Сауда дебиторлық берешек | 15 | 361.069 | 342.352 |
Клиенттерге қарыздар | 10 | 249.800 | 665.326 |
Кредиттік мекемелердегі қаражат | 11 | 1.291.888 | 1.076.442 |
Өзге де қысқа мерзімді қаржы активтері | 12 | 92.686 | 267.809 |
Өзге де ағымдағы активтер | 15 | 211.020 | 298.175 |
Ақша қаражаты және оның баламалары | 16 | 740.994 | 1.468.426 |
3.620.270 | 4.800.360 | ||
Сатуға арналған ретінде жіктелген активтер | 6 | 1.086.843 | 51.521 |
Активтердің жиыны | 15.294.489 | 15.274.204 |
Миллион теңгемен | Ескер. | 2013 | 2012 (қайта есептелген)* |
капитал және міндеттемелер | |||
Негізгі компанияның акционеріне жататын капитал | |||
Жарғылық капитал | 17 | 4.484.676 | 4.409.314 |
Сату үшін қолда бар инвестицияларды қайта бағалау жөніндегі резерв | 25.302 | 24.846 | |
Шетел валюталарды қайта есептеу жөніндегі резерв | 17 | 272.655 | 219.712 |
Өзге де капитал резервтері | 17 | (2.711) | 16.200 |
Бөлінбеген пайда | 1.947.379 | 1.944.252 | |
6.727.301 | 6.614.324 | ||
Бақыланбаған қатысу үлесі | 17 | 779.291 | 801.135 |
Капитал жиыны | 7.506.592 | 7.415.459 | |
Ұзақ мерзімді міндеттемелер | |||
Қарыздар | 18 | 3.366.527 | 3.526.943 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздары | 19 | 197.216 | 210.810 |
Қаржылық жалға алу жөніндег іміндеттемелер | 21 | 74.982 | 35.313 |
Резервтер | 22 | 137.246 | 136.312 |
Кейінге қалдырылған салық жөніндегі міндеттемелер | 35 | 377.919 | 336.950 |
Қызметкерлерге сыйақы жөніндегі міндеттемелер | 23 | 55.717 | 45.940 |
Клиенттердің қаражаты | 24 | 11.152 | 106.663 |
Туынды қаржылық құралдар | ? | 7.450 | |
Өзге де ұзақ мерзімді міндеттемелер | 20 | 272.798 | 296.660 |
4.493.557 | 4.703.041 | ||
Ағымдағы міндеттемелер | |||
Қарыздар | 18 | 607.839 | 680.962 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздары | 19 | 71.342 | 559.831 |
Қаржылық жалға алу жөніндегі міндеттемелер | 21 | 13.698 | 8.425 |
Резервтер | 22 | 140.711 | 124.202 |
Қызметкерлерге сыйақы жөніндегі міндеттемелер | 23 | 4.578 | 4.039 |
Төлеуге табыс салығы | 58.010 | 48.841 | |
Сауда және өзге де кредиторлық берешек | 429.407 | 496.946 | |
Клиенттердің қаражаты | 24 | 230.763 | 636.058 |
Туынды қаржы құралдары | 527 | 888 | |
Өзге де ұзақ ағымдағы міндеттемелер | 25 | 517.515 | 575.195 |
2.074.390 | 3.135.387 | ||
Сатуға арналған ретінде жіктелген активтермен байланысты міндеттемелер | 6 | 1.219.950 | 20.317 |
Міндеттемелердің жиыны | 7.787.897 | 7.858.745 | |
Капитал мен міндеттемелердің жиыны | 15.294.489 | 15.274.204 |
* Осында келтірілген кейбір сомалар 2012 жыл ішіндегі шоғырландырылған қаржылық есептілікке сәйкес келмейді, өйткені жүргізілген қайта есептеулерді көрсетеді, олар туралы нақты ақпарат 2-ескертпеде келтіріледі.
Қаржы директоры - Басқарма мүшесі ______________________
Нұрлан Рахметов
Бас бухгалтер ______________________
Алмаз Абдрахманова
ЖИЫНТЫҚ КІРІС ТУРАЛЫ ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН ЕСЕП
31 желтоқсан аяқталатын жыл үшін
Миллион теңгемен | Ескер. | 2013 | 2012 (қайта есептелген)* |
Түсім | 26 | 5.048.176 | 4.697.225 |
Мемлекеттік субсидиялар | 27 | 28.996 | 27.857 |
5.077.172 | 4.725.082 | ||
Сатылған өнім мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны | 28 | (3.647.010) | (3.390.245) |
Жалпы пайда | 1.430.162 | 1.334.837 | |
Жалпы және әкімшілік шығыстар | 29 | (378.782) | (343.669) |
Тасымалдау мен сату жөніндегі шығыстар | 30 | (347.457) | (377.334) |
Еншілес ұйымдардың шұығуынан болатын пайда | 23.916 | 4.823 | |
Құнсызданудан болатын шығын | 31 | (232.664) | (219.448) |
Өзге де операциялық кіріс, нетто | 31.489 | 37.133 | |
Операциялық қызметтен пайда | 526.664 | 436.342 | |
Қаржы шығындары | 32 | (230.746) | (208.751) |
Қаржылық кіріс | 33 | 83.902 | 55.771 |
Қауымдасқан компаниялар мен бірлескен кәсіпорындардың кірістеріндегі үлес | 34 | 546.342 | 540.513 |
Теріс бағамдық айырма, нетто | (36.189) | (22.251) | |
Табыс салығын есептегенге дейінгі жалғасатын қызметтен таза пайда | 889.973 | 801.624 | |
Табыс салығы бойынша шығыстар | 35 | (277.244) | (243.789) |
Бір ішіндегі жалғасатын қызметтен пайда | 612.729 | 557.835 | |
Салықтарды шегергенде тоқтатылған қызметтен (шығын)/пайда | 6 | (172.972) | 580.063 |
Бір жыл ішіндегі таза пайда | 439.757 | 1.137.898 |
Миллион теңгемен | Ескер. | 2013 | 2012 (қайта есептелген)* |
Салық шегерілгеннен кейінгі өзге де жиынтық кіріс | |||
Келесі кезеңдерде пайданың немесе шығынның құрамына қайта сыныптауға жататын өзге де жиынтық кіріс: | |||
Есептілік валюталарын қайта есептеу | 54.538 | 35.301 | |
Сату үшін қолда бар инвестицияларды қайта бағалаудан іске асырылмаған шығын | (2.593) | (17.534) | |
Сату үшін қолда бар инвестицияларды қайта бағалаудан таза іске асырылған пайда | 626 | 146.706 | |
Ақша ағындарын хеджирлеу құралы бойынша шығын | (254) | (158) | |
Келесі кезеңдерде пайданың немесе шығынның құрамына қайта сыныптауға жататын өзге де жиынтық кіріс | 52.317 | 164.315 | |
Келесі кезеңдерде пайданың немесе шығынның құрамына қайта сыныптауға жатпайтын өзге де жиынтық кіріс: | |||
Салықтарды шегергенде белгіленген төлемдермен жоспарлар бойынша актуарлық шығындарды қайта бағалау | (6.716) | – | |
Келесі кезеңдерде пайданың немесе шығынның құрамына қайта сыныптауға жататын өзге де жиынтық шығын | (6.716) | – | |
Салық шегерілгеннен кейінгі бір жылғы өзге де жиынтық кіріс | 45.601 | 164.315 | |
Салық шегерілгеннен кейінгі бір жылғы өзге де жиынтық кірістің жалпы сомасы | 485.358 | 1.302.213 | |
Мыналарға келетін бір жылдағы пайда: | |||
Негізгі компанияның акционеріне | 407.246 | 1.067.577 | |
Бақыланбайтын қатысу үлесіне | 32.511 | 70.321 | |
439.757 | 1.137.898 | ||
Табыс салығын шегергенде мыналарға келетін бір жылдағы жиынтық кірістің жалпы сомасы: | |||
Негізгі компанияның акционеріне | 452.012 | 1.233.075 | |
Бақыланбайтын қатысу үлесіне | 33.346 | 69.138 | |
485.358 | 1.302.213 |
* Осында келтірілген кейбір сомалар 2012 жыл ішіндегі шоғырландырылған қаржылық есептілікке сәйкес келмейді, өйткені жүргізілген қайта есептеулерді көрсетеді, олар туралы нақты ақпарат 2 және 6-ескертпелерде келтіріледі.
Қаржы директоры - Басқарма мүшесі ______________________
Нұрлан Рахметов
Бас бухгалтер ______________________
Алмаз Абдрахманова
КАПИТАЛДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР ТУРАЛЫ ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН ЕСЕП
31 желтоқсан аяқталатын жыл үшін
Негізгі компания акционеріне келеді | |||||||||
Миллион теңгемен | Ескерт. | Жарғылық капитал | Сату үшін қолда бар инвестицияларды қайта бағалау резерві | Шетелдік валютаны қайта есептеу резерві | Өзге де күрделі резервтер | Бөлінбеген пайда | Жиыны | Бақыланбайтын қатысу үлесі | Жиыны |
2011 жылғы 31 желтоқсандағы сальдо (бұрын ұсынылғандай) | 4.050.383 | (106.997) | 186.145 | 17.656 | 823.433 | 4.970.620 | 758.983 | 5.729.603 | |
Қайта есептеу (2-ескертпе) | – | – | – | 165 | 21.761 | 21.926 | – | 21.926 | |
2011 жылғы 31 желтоқсандағы сальдо (қайта есептелген)* | 4.050.383 | (106.997) | 186.145 | 17.821 | 845.194 | 4.992.546 | 758.983 | 5.751.529 | |
Жыл ішіндегі жиынтық кіріс | – | 131.662 | 33.994 | (158) | 1.067.577 | 1.233.075 | 69.138 | 1.302.213 | |
Акциялар шығару | 17.1 | 358.931 | – | – | – | (4.149) | 354.782 | – | 354.782 |
Үкіметтен алынған қарыз бойынша дисконт | 17.2 | – | – | – | – | 89.617 | 89.617 | – | 89.617 |
Үкіметтен алынған қарыз бойынша мәміле шарттарын өзгертуден түсетін кіріс | 17.2 | – | – | – | – | 304.650 | 304.650 | – | 304.650 |
Дивидендтер | 17.3 | – | – | – | ? | (168.190) | (168.190) | (150.297) | (318.487) |
Акционермен жасалатын өзге де операциялар | – | – | – | – | 1.620 | 1.620 | – | 1.620 | |
Үлестік құралдар негізіндегі төлемдерді тану | – | – | – | 215 | (604) | (389) | 1.441 | 1.052 | |
Еншілес ұйымдардағы қатысу үлестерін өзгерту – бақыланбайтын акционерлердің үлестер сатып алуы | – | – | – | – | (2.002) | (2.002) | 30.543 | 28.541 | |
Еншілес ұйымдардағы қатысу үлестерін өзгерту – бақыланбайтын үлестер сатып алу | 17.6 | – | 181 | (427) | (1.678) | (129.899) | (131.823) | 135.572 | 3.749 |
Еншілес ұйымдардың нарықтан өз акцияларын сатып алуы | – | – | – | – | 4.328 | 4.328 | (44.245) | (39.917) | |
Акционерге өзге де бөлу | 17.5 | – | – | – | – | (63.890) | (63.890) | – | (63.890) |
2012 жылғы 31 желтоқсандағы сальдо (қайта есептелген)* | 4.409.314 | 24.846 | 219.712 | 16.200 | 1.944.252 | 6.614.324 | 801.135 | 7.415.459 |
Негізгі компания акционеріне келеді | |||||||||
Миллион теңгемен | Ескерт. | Жарғылық капитал | Сату үшін қолда бар инвестицияларды қайта бағалау резерві | Шетелдік валютаны қайта есептеу резерві | Өзге де күрделі резервтер | Бөлінбеген пайда | Жиыны | Бақыланбайтын қатысу үлесі | Жиыны |
2012 жылғы 31 желтоқсандағы сальдо (бұрын ұсынылғандай) | 4.409.314 | 24.846 | 219.712 | 15.828 | 1.920.696 | 6.590.396 | 801.135 | 7.391.531 | |
Қайта есептеу (2-ескертпе) | – | – | – | 372 | 23.556 | 23.928 | – | 23.928 | |
2012 жылғы 31 желтоқсандағы сальдо (қайта есептелген)* | 4.409.314 | 24.846 | 219.712 | 16.200 | 1.944.252 | 6.614.324 | 801.135 | 7.415.459 | |
Жыл ішіндегі жиынтық кіріс | – | (1.448) | 53.031 | (293) | 400.722 | 452.012 | 33.346 | 485.358 | |
Акциялар шығару | 17.1 | 75.362 | – | – | – | (26.234) | 49.128 | – | 49.128 |
Үкіметтен алынған қарыз бойынша дисконт | 17.2 | – | – | – | – | 249.828 | 249.828 | – | 249.828 |
Дивидендткр | 17.3 | – | – | – | – | (9.077) | (9.077) | (60.721) | (69.798) |
Акционерге өзге де операциялар | 17.4 | – | 1.879 | (92) | (17.617) | (464.847) | (480.677) | – | (480.677) |
Еншілес ұйымдарды сатып алу | – | – | – | – | – | – | 6.588 | 6.588 | |
Акционерге өзге де бөлу | 17.5 | – | – | – | – | (147.534) | (147.534) | – | (147.534) |
Капиталдағы өзге де өзгерістер | – | 25 | 4 | (1.001) | 269 | (703) | (1.057) | (1.760) | |
2013 жылғы 31 желтоқсандағы сальдо | 4.484.676 | 25.302 | 272.655 | (2.711) | 1.947.379 | 6.727.301 | 779.291 | 7.506.592 |
* Осында келтірілген кейбір сомалар 2012 жыл ішіндегі шоғырландырылған қаржылық есептілікке сәйкес келмейді, өйткені жүргізілген қайта есептеулерді көрсетеді, олар туралы нақты ақпарат 2-ескертпеде келтіріледі.
Қаржы директоры - Басқарма мүшесі ______________________
Нұрлан Рахметов
Бас бухгалтер ______________________
Алмаз Абдрахманова
АҚША ҚАРАЖАТЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ ТУРАЛЫ ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН ЕСЕП
31 желтоқсан аяқталатын жыл үшін
Миллион теңгемен | Ескер. | 2013 | 2012 (қайта есептелген)* |
Операциялық қызметтен түсетін ақша ағындары: | |||
Табыс салығын есепке алғанға дейін жалғасқан қызметтен пайда | 889.973 | 801.624 | |
Табыс салығын есепке алғанға дейін тоқтатылған қызметтен (шығын) пайда | (177.801) | 589.737 | |
Мыналарға түзетулер: | |||
Тозу, ескіру және амортизацияға | 28, 29, 30 | 356.069 | 321.457 |
Қауымдасқан компаниялар мен бірлескен кәсіпорындар кірісіндегі үлес, нетто | 9, 34 | (546.342) | (540.513) |
Тоқтатылған қызметтің шығуынан шығын/ (пайда) | 6 | 2.276 | (201.996) |
Қаржы шығындары | 32 | 230.746 | 208.751 |
Қаржы кірісі | 33 | (83.902) | (55.771) |
Құнсыздану шығыны | 31 | 232.664 | 219.448 |
Қызметкерлерге сыйақы жөніндегі ұзақ мерзімді міндеттемелер | 23 | 14.983 | 12.958 |
Резервтерге аударымдар | 6.758 | (4.532) | |
Туынды қаржы құралдары | 26 | (11.247) | |
Негізгі құралдардың, өзге де ұзақ мерзімді активтердің шығуынан шығын, нетто | 3.393 | 3.035 | |
Еншілес ұйымдардың шығуынан түсетін кіріс | (23.916) | (4.823) | |
Күмәнді дебиторлық берешек пен өзге де ағымдағы активтер бойынша резервтер | 29 | 7.232 | 10.293 |
Бағам айырмасынан іске асырылмаған шығын | 33.746 | 18.497 | |
Өзге де операциялар | (241) | 912 | |
Тоқтатылған қызметте көрсетілген, сату үшін арналған ретінде жіктелген шығу топтары бойынша елеулі операциялар: | |||
БТА Банкін қайта құрылымдаудан кіріс | – | (1.068.482) | |
БТА Банкті қалпына келтіруге облигациялар бойынша шығыстар | – | 628.572 | |
Шығу тобының құнсыздануы | 6 | 158.729 | – |
БТА Банктің өз акцияларын сатып алуынан кіріс | – | (10.458) | |
Тоқтатылған қызмет бойынша өзге де түзетулер | 873 | 4.642 | |
Активтер мен міндеттемелердегі өзгерістерге дейінгі операциялық қызметтен ақша ағындары | 1.105.266 | 922.104 | |
Өзге де ұзақ мерзімді активтердегі өзгерістер | (26.141) | (47.410) | |
Клиенттерге қарыздардағы өзгерістер | (44.850) | (342.811) | |
Кредиттік мекемелердегі қаражаттағы өзгерістер | (13.130) | (48.106) | |
Өзге де қаржы активтеріндегі өзгерістер | 23.691 | 27.031 | |
Қорлардағы өзгерістер | (34.545) | (36.195) | |
Өтеуге ҚҚС-тағы өзгерістер | (70.227) | (68.021) | |
Сауда-дебиторлық берешектегі өзгерістер | (41.685) | (69.481) | |
Өзге де ағымдағы активтердегі өзгерістер | 29.155 | (26.212) | |
Қарыздағы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздарындағы өзгерістер | (2.774) | 431.872 | |
Туынды қаржы құралдарындағы өзгерістер | 491 | (8.559) | |
Сауда және өзге де кредиторлық берешектегі өзгерістер | (30.081) | (37.900) | |
Клиенттердің қаражатындағы өзгерістер | (75.285) | 2.964 | |
Өзге де міндеттемелердегі өзгерістер | (15.237) | 634 | |
Операциялық қызметтен ақша қаражатының түсуі | 804.648 | 699.910 | |
Төленген табыс салығы | (222.698) | (196.694) | |
Төленген пайыздар | (180.255) | (146.160) | |
Алынған пайыздар | 59.745 | 17.993 | |
Операциялық қызметтен ақша қаражатының таза түсімдер | 461.440 | 375.049 |
Миллион теңгемен | Ескер. | 2013 | 2012 (қайта есептелген)* |
Инвестициялық қызметтен ақша ағындары: | |||
Банктік депозиттерді орналастыру, нетто | (397.103) | (229.771) | |
Қауымдасқан компаниялар мен бірлесіп бақыланатын кәсіпорындарды сатып алу | (294.398) | (28.558) | |
Сатып алынған ақша қаражатын шегергенде, еншілес ұйымдарды сатып алу | (23.833) | (6) | |
Шыққан еншілес ұйымдардың ақша қаражаты | (167.363) | (1.884) | |
Шығу тобына қайта топтастырылған еншілес ұйымдардың ақша қаражаты | (79.658) | (560) | |
Негізгі құралдарды сатып алу | (1.169.053) | (952.675) | |
Материалдық емес активтерді сатып алу | (24.362) | (63.727) | |
Өзге қаржылық активтерді сатудан түсім, нетто | 40.103 | 43.849 | |
Негізгі құралдарды сатудан түсетін түсімдер | 13.029 | 10.363 | |
Ұзақ мерзімді активтер үшін төленген аванстар | (10.130) | (107.107) | |
Бірлесіп бақыланатын және қауымдасқан компаниялардан алынған дивидендтер | 9 | 438.759 | 590.940 |
Қаржылық міндеттемені өтеумен байланысты төлем | 6 | (19.973) | – |
Қауымдасқан компанияларды сатудан түскен түсімдер | 6 | – | 225.739 |
Еншілес ұйымдарды сатудан түскен түсімдер | 6 | 4.528 | 13.042 |
Акцияларды сатып алуға опционды орындау | (20) | (603) | |
Инвестициялық қызметтегі ақша қаражатының таза жұмсалуы | (1.689.474) | (500.958) | |
Қаржылық қызметтен ақша ағындары: | |||
Қарыздар бойынша түсімдер | 1.283.082 | 919.369 | |
Қарыздарды өтеу | (752.206) | (627.614) | |
Қаржылық жалдау бойынша міндеттемелерді өтеу | (10.678) | (11.386) | |
Еншілес ұйымдармен өз акцияларын сатып алу | (264) | (39.919) | |
Акционермен операциялар | (12.599) | (32.677) | |
Еншілес ұйымдардың бақыланбайтын үлестеріне төленген дивидендтер | (45.273) | (149.704) | |
Бақыланбайтынакционерлердің жарғылық капиталға жарналар | – | 28.541 | |
Акционерге төленген дивидендтер | (9.077) | (159.113) | |
Жарғылық капиталға жарналар | 17.1 | 39.320 | 12.000 |
Қаржылық қызметтегі ақша қаражатының таза түсімдері/ (жұмсалуы) | 492.305 | (60.503) | |
Ақша қаражаты мен олардың баламаларының таза азаюы | (735.729) | (186.412) | |
Айырбас бағамдарының ақша қаражатына және олардың баламаларына өзгерістерінің әсері | 8.297 | 8.223 | |
Жыл басындағы ақша қаражаты және олардың баламалары | 1.468.426 | 1.646.615 | |
Жыл аяғындағы ақша қаражаты және олардың баламалары | 16 | 740.994 | 1.468.426 |
* Осында келтірілген кейбір сомалар 2012 жыл ішіндегі шоғырландырылған қаржылық есептілікке сәйкес келмейді, өйткені жүргізілген қайта есептеулерді көрсетеді, олар туралы нақты ақпарат 2 және 6-ескертпелерде келтіріледі.
Қаржы директоры - Басқарма мүшесі ______________________
Нұрлан Рахметов
Бас бухгалтер ______________________
Алмаз Абдрахманова
ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІККЕ ЕСКЕРТПЕЛЕР
1. ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
Корпоративтік ақпарат
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл ауқат қоры" АҚ (бұдан әрі мәтін бойынша "Қор" немесе "Самұрық-Қазына") Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына сәйкес құрылды. Құрылу "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы ("Қазына") мен "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамын ("Самұрық") біріктіру және Мемлекеттік қорға Қазақстан Республикасы Үкіметіне ("Мемлекет" немесе "Үкімет") тиесілі кейбір кәсіпорындардағы өз меншік құқығын қосымша беру жолымен жүзеге асырылды. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті білдіретін Үкімет Қордың жалғыз акционері (бұдан әрі мәтін бойынша "Акционер").
Қайта ұйымдастырудың негізгі мақсаты Үкіметтің тиісті бағдарламаларында және компаниялардың даму жоспарларында белгіленген осы компаниялардың стратегиялық міндеттерді табысты орындауы мақсатында олардың менеджменті тиімділігін арттыру және ұйымдық құрылымын оңтайландыру болып табылады.
Қор 36-ескертпеде санамаланған бірқатар мемлекеттік кәсіпорындарды (бұдан әрі мәтін бойынша "Топ") біріктіретін холдинг болып табылады. Қордың қызметі 2012 жылғы 1 ақпанға дейін "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 13 ақпандағы №134-4 Заңымен реттелді және ел экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге жәрдемдесуге; экономиканы жаңғыртуға және әртараптандыруға; Топ компаниялары қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталды. 2012 жылғы 1 ақпанда "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 1 ақпандағы № 550-IV Заңы қабылданды, оған сәйкес Қордың қызметі Қордың тобына кіретін ұйымдардың ұзақ мерзімді құнын (құндылығын) ұлғайту және Қордың тобына кіретін активтерді тиімді басқару арқылы Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын арттыруға бағытталды.
Басқарушылық мақсаттар үшін Топтың қызметі өндірілетін өнімнің түріне және көрсетілетін қызметтің түріне сәйкес алты операциялық сегментке бөлінеді (41-ескертпе):
* Мұнай-газ сегменті мұнай мен газды барлау және өндіру, мұнай мен газды тасымалдау, шикі мұнай мен өңдеу өнімдерін қайта өңдеу және сату жөніндегі операцияларды қамтиды.
* Тасымалдау сегменті жүктер мен жолаушыларды темір жол және әуе тасымалы жөніндегі операцияларды қамтиды.
* Телекоммуникациялар сегменті жергілікті, қалааралық және халықаралық (ТМД-ға кіретін және кірмейтін елдерді қоса алғанда) байланысты қоса алғанда, тіркелген байланыс қызметтері жөніндегі операцияларды, сондай-ақ байланыс арналарын жалға беру және деректер мен сымсыз байланыспен беруді қамтиды.
* Энергетикалық сегмент электр энергиясын өндіру және беру жөніндегі, электр энергиясын электр энергетикасы жүйесіне босатуды техникалық диспетчерлеу және импортталатын электр энергиясын тұтыну жөніндегі операцияларды, Қазақстан Республикасы бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқару объектілерінің функцияларын қамтиды.
* Тау-кен өндіру сегменті минералдық ресурстарды барлау, өндіру, өңдеу және сату жөніндегі операцияларды, қорғаныс кешені мен азаматтық машина жасау кәсіпорындарын, химия саласы мен геологиялық барлауды дамыту жөніндегі жобаларды қамтиды.
* Қаржы институттары мен Даму институттары сегменті Қазақстан Республикасының барлық сегменттеріндегі инвестициялық қызметті дамыту және ынталандыру жөніндегі операцияларды қамтиды. Сондай-ақ бұл сегмент 2009 жылы Қор сатып алған банктерді де қамтиды.
* Корпоративтік орталық сегменті және жобалар Қордың инвестициялық және қаржы операцияларын, оның ішінде байланысты және тараптық ұйымдарға қарыздар беруді қамтиды.
Компанияның тіркелген офисі Қазақстан Республикасы Астана қаласы, Қонаев көшесі 8 мекенжайында орналасқан.
Осы қаржылық есептілікті шығаруға 2014 жылғы 25 сәуірде Қордың Қаржы директоры - Басқарма мүшесі мен Бас бухгалтері бекітті.
Экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыру жоспары
Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында елдің экономикасы мен қаржы жүйесін тұрақтандыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085 қаулысымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономикасы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары (бұдан әрі мәтін бойынша "Тұрақтандыру жоспары") бекітілді. Тұрақтандыру жоспары мынадай мақсаттарға бағытталған бірқатар іс-шараларды көздейді:
* Қаржы секторын тұрақтандыру
* Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу
* Шағын және орта бизнесті қолдау
* Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту
* Инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру
Қор Үкіметтен Тұрақтандыру жоспарын іске асыру жөніндегі негізгі оператор болып түседі.
Қаржы секторын тұрақтандыру жоспары шеңберінде Қор 2009 жылы БТА Банк және Альянс Банк акцияларының бақылау пакетін және "Қазақстанның Халық банкі" АҚ мен "Қазкоммерцбанк" АҚ елеулі үлестерін сатып алды. Бұл шаралар банктерге қосымша өтімділік беруге және олардың төлем қабілетін қамтамасыз етуге бағытталды. 2012 және 2011 жылдары Қор "Қазақстан халық банкі" АҚ-ның жай және артықшылық берілген акцияларының бір бөлігін сатты.
2010 жылғы наурызда бекітілген "БТА Банк" АҚ (бұдан әрі мәтін бойынша "БТА Банк") міндеттемелерін қайта құрылымдау жоспарының шеңберінде Қор БТА Банкінің еншілес ұйымы "Темірбанк" АҚ (бұдан әрі мәтін бойынша "Темірбанк") қайта шығарылған жай акцияларын сатып алды.
2010 жылы Альянс Банк, БТА Банк және "Темірбанк" АҚ өз борыштарын қайта құрылымдау үдерісін аяқтады. Альянс Банк пен Темірбанктің үздіксіз қызмет қағидатын ұстауы қабілеті қайта құрылымдау шарттарына сәйкес жаңа бизнес модельдерді табысты іске асыруына елеулі түрде байланысты.
БТА Банкінің үздіксіз қызмет қағидатын ұстауы қабілеті 2012 жылғы желтоқсанда аяқталған өз борыштарын екінші қайта құрылымдаудың шарттарына сәйкес жаңа бизнес модельдерді табысты іске асыруына елеулі түрде байланысты.
2. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІ ДАЙЫНДАУ НЕГІЗІ
Осы шоғырландырылған қаржылық есептілік есеп саясатында және осы шоғырландырылған қаржылық есептілікке ескертпелерде сипатталған жағдайларды қоспағанда, бастапқы құн қағидаты негізінде дайындалды.
Осы шоғырландырылған қаржылық есептілік теңгемен ұсынылған және арнайы шарттасқан жағдайларды қоспағанда, ақша сомалары миллион теңгеге дейін дөңгелектелген.
Сәйкестігі туралы мәлімдеме
Топтың осы шоғырландырылған қаржылық есептілігі Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары жөніндегі комитеттің басқармасы (бұдан әрі мәтін бойынша "ХСКБ") шығарған Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына ("ҚЕХС") сәйкес дайындалды.
Шоғырландырылған қаржылық есептілікті ҚЕХС-қа сәйкес дайындау белгілі бір сыни есептемелік бағалауды талап етеді, сондай-ақ басшылықтан есеп саясатын қолдану барысында жол берулер бойынша пікірлер қолдануда талап етеді. Жоғары күрделілік деңгейі мен жол берулерді қолдануды қамтитын қолданылу саласы, сондай-ақ бағалау мен жол берулерді қолдану шоғырландырылған қаржылық есептілік үшін елеулі болып табылатын салалар 4-ескертпеде ашылған.
Жалпы бақылаудағы кәсіпорындарды беруге байланысты бұрын ұсынылған деректерді қайта есептеу
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1539 қаулысына сәйкес 2013 жылғы 26 шілдеде Топқа "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" АҚ акцияларының мемлекеттік пакеті берілді. "Ақтау халықаралық теңізсауда порты" АҚ акцияларының мемлекеттік пакетінің берілуі кәсіпорындарды жалпы бақылауға біріктіруді білдіретіндіктен, осы шоғырландырылған қаржылық есептілік алдыңғы компанияның есептеу әдісі пайдаланыла отырып дайындалды. Тиісінше осы шоғырландырылған қаржылық есептілік "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" ұлттық компаниясы" АҚ акцияларын беру барыншща ерте ұсынылған кезең күнінде жүргізілгендігі сияқты ұсынылды, және соның нәтижесіндей өткен есептілік ішіндегі салыстырмалы ақпарат қайта есептелді.
"Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" ұлттық компаниясы" АҚ активтері мен міндеттемелері осы шоғырландырылған қаржылық есептілікте айырманы капиталға тиісті есептеумен олардың қаржылық есептілігіндегі теңгерімдік құн бойынша ескерілді.
Салыстырмалы деректердегі өзгерістер әсері келесі кестеде келтірілген:
"Ақтау халықаралық
теңіз сауда порты"
ұлттық коспаниясы"
АҚ қаржылық
есептілігін біріктіру
Миллион теңгемен | |
2012 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша шоғырландырылған бухгалтерлік теңгерімге әсер: | |
Негізгі құралдардағы өзгеріс | 25.964 |
Материалдық емес активтердегі өзгеріс | 48 |
Кредиттік мекемелердегі қаражаттағы өзгеріс | 1.876 |
Өзге де ұзақ мерзімді активтердегі өзгеріс | 821 |
Ұзақ мерзімді активтердегі өзгеріс | 28.709 |
Тауар-материалдық қорлардағы өзгеріс | 716 |
Табыс салығы бойынша алдын ала төлемдегі өзгеріс | 424 |
Сауда дебиторлық берешектегі өзгеріс | 95 |
Кредиттік мекемелердегі ағымдағы қаражаттағы өзгеріс | 5.786 |
Өзге де ағымдағы активтердегі өзгеріс | 469 |
Ақша қаражаты мен олардың баламаларындағы өзгеріс | 2.878 |
Ағымдағы активтердегі өзгеріс | 10.368 |
Активтердің жалпы сомасындағы өзгеріс | 39.077 |
Қарыздардағы өзгеріс | (9.397) |
Кейінге қалдырылған салық бойынша міндеттемелердегі өзгеріс | (3.086) |
Ұзақ мерзімді міндеттемелердегі өзгеріс | (12.483) |
Қарыздардағы өзгеріс | (1.887) |
Сауда және өзге де кредиторлық берешектегі өзгеріс | (148) |
Өзге де ағымдағы міндеттемелердегі өзгеріс | (631) |
Қысқа мерзімді міндеттемелердегі өзгеріс | (2.666) |
Міндеттемелердің жалпы сомасындағы өзгеріс | (15.149) |
Таза активтердегі өзгеріс | 23.928 |
"Ақтау халықаралық
теңіз сауда порты"
ұлттық компаниясы"
АҚ қаржылық
есептілігін біріктіру
Миллион теңгемен | |
2012 жылғы жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есепке әсер | |
Түсім | 8.670 |
8.670 | |
Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің құны | (4.597) |
Жалпы пайда | 4.073 |
Жалпы әкімшілік шығыстар | (966) |
Тасымалдау және сату жөніндегі шығыстар | (151) |
Өзге де операциялық кіріс, нетто | 752 |
Операциялық қызметтен пайда | 3.708 |
Қаржылық шығындар | (835) |
Қаржылық кіріс | 362 |
Бағамдық теріс айырма, нетто | (57) |
Табыс салығын есептегенге дейінгі таза пайда | 3.178 |
Табыс салығы бойынша шығыстар | (718) |
Жыл ішіндегі жалғасатын қызметтен таза пайда | 2.460 |
Тоқтатылған қызметтен пайда | – |
Жыл ішіндегі таза пайда | 2.460 |
Жыл ішіндегі өзге де жиынтық кіріс | – |
Салық салуды шегергендегі жыл ішіндегі жиынтық кірістің жалпы сомасы | 2.460 |
Жыл ішіндегі таза пайда, мыналарға келетін: | |
Негізгі компанияның акционеріне | 2.460 |
Бақыланбайтын қатысу үлесіне | – |
Шетелдік валютаны қайта есептеу
Функционалдық валюта және ұсыну валютасы
Осы шоғырландырылған қаржылық есептілікке енгізілген Топ кәсіпорындары әрқайсысының қаржылық есептілігінің элементтері кәсіпорын өз қызметін жүзеге асыратын негізгі экономикалық ортаның валютасы пайдаланыла отырып, бағаланады ("функционалдық валюта"). Шоғырландырылған қаржылық есептілік Топ есептілігін ұсыну валютасы болып табылатын теңгемен ұсынылды.
Операциялар және шоттар сальдосы
Шетелдік валютадағы операциялар операциялар жүзеге асырылған күнгі валюта бағамы пайдаланыла отырып, функционалдық валютаға қайта есептеледі. Осындай операциялар бойынша есептеулер нәтижесінде және жыл аяғындағы бағамдар бойынша шетелдік валютада берілген монетарлық активтер мен міндеттемелерді қайта есептеуден туындағаны бағамдық айырмадан болатын кірістер мен шығындар пайда мен шығындарда танылады.
Тарихи құнның негізінде шетелдік валютада бағаланатын монетарлық емес баптар бастапқы мәмілелер жасалған күні қолданыста болған бағамдар бойынша қайта есептеледі. Әділ құн бойынша шетелдік валютада бағаланатын монетарлық емес баптар әділ құн белгіленген күні қолданыста болған бағамдар бойынша қайта есептеледі.
Топтың кәсіпорындары
Функционалдық валютасы ұсыну валютасынан ерекшеленетін Топтың барлық еншілес ұйымдарының, бірлескен кәсіпорындары мен қауымдасқан компанияларының (олардың бір де бірі гиперинфляциялы экономикалардың валютасында операция жасамайды) кірістері, шығындары және қаржылық позициясы ұсмыну валютасына мынадай түрде қайта есептеледі:
* ұсынылған бухгалтерлік теңгерімдердің әрқайсысы бойынша активтер мен міндеттемелер қаржылық жағдай туралы осындай есептер күні жабылған бағамдар бойынша қайта есептеледі;
* жиынтық кіріс туралы есептердің әрқайсысы бойынша кірістер мен шығыстар орташа бағамдар бойынша қайта есептеледі (орташа бағам бағамдардың жиынтық әсерінің операция жүзеге асырылған күнгі бағамға ақылға қонымды жақындауы болып табылмайтын жағдайлардан басұа; бұл жағдайда кірістер мен шығыстар операциялар жүзеге асырылған күнгі бағам бойынша қайта есептеледі); және
* барлық бағамдық айырмалар өзге жиынтық кірісте жеке компонент ретінде танылады.
Валюта айырбастау бағамдары
Қазақстандық қор биржасы (бұдан әрі мәтін бойынша "ҚҚБ") белгілеген валюта айырбастаудың орташа салмақталған бағамдары Қазақстан Республикасында ресми айырбастау бағамдары ретінде пайдаланылады.
Мына кестеде 31 желтоқсандағы шетелдік валютаның теңгеге айырбастау бағамы ұсынылған:
2013 | 2012 | |
АҚШ доллары | 154,06 | 150,79 |
Еуро | 212,02 | 199,22 |
Ресей рублі | 4,68 | 4,96 |
Швейцар франкі | 173,02 | 165,09 |
ҚҚБ айырбастау бағамы 2014 жылғы 25 сәуірде 1 АҚШ доллары үшін 182,01 теңге болды.
3. ЕСЕП САЯСАТЫНЫҢ ЕЛЕУЛІ АСПЕКТІЛЕРІНЕ ШОЛУ
Есеп саясатындағы және ақпаратты ашу қағидаттарындағы өзгерістер
Қысқартылған шоғырландырылған аралық қаржылық есептілікті жасау кезінде қабылданған есеп саясаты стандарттарға түзетулерді қоспағанда, 2012 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл ішіндегі жылдық қаржылық есептілікті дайындау кезінде пайдаланылғанға сәйкес келеді:
ҚЕХС 10 "Шоғырландырылған қаржылық есептілік", БЕХС 27 "Жеке қаржылық есептілік"
ҚЕХС 10 арнайы мақсаттағы компанияларды қоса алғанда, барлық компанияларға қатысты қолданылатын бірыңғай бақылау моделін көздейді. ҚЕХС 10 БЕХС 27 "Шоғырландырылған және жеке қаржылық есептіліктің" шоғырландырылған қаржылық есептілікке қойылатын талаптары қамтылатын бөлігін алмастырады. Стандарт сондай-ақ "Шоғырландыру – арнайы мақсаттағы компаниялар" ПКИ-12 Интерпретациясында қарастырылған мәселелер жөніндегі нұсқауды да қамтиды. ҚЕХС 10 "бақылау" айқындамасын мынадай түрде өзгертеді, инвестор инвестициядан болатын ауыспалы беруге құқығы болса немесе оны өзгертумен байланысты тәуекелге ұшырағыш болса ол инвестициялар объектісін бақылайды және инвестициялар объектісіне қатысты өз өкілеттіктері салдарынан осы беруге ықпал етуі мүмкін. ҚЕХС 10-дағы бақылау анықтамасына сәйкес инвестор инвестициялар объектісін егер мынадай шарттар орындалған жағдайда ғана бақылайды: (а) инвесторда инвестициялар объектісіне қатысты өкілеттіктер болғанда; (б) инвесторда инвестициядан болатын ауыспалы беруге құқығы болғанда немесе оны өзгертумен байланысты тәуекелге ұшырағыш болғанда; (в) инвесторда инвестициядан болатын ауыспалы беруге ықпал ету мақсатында инвестициялар объектісіне қатысты өз өкілеттіктерін пайдалану мүмкіндіктері болғанда. ҚЕХС 10 Топтың жеке қаржылық есептілігіне елеулі әсер еткен жоқ.
ҚЕХС 11 "Бірлескен қызмет туралы келісім" және БЕХС 28 "Қауымдасқан компанияларға және бірлескен кәсіпорындарға салынатын инвестициялар"
ҚЕХС 11 БЕХС 31 "Бірлескен қызметке қатысу" және "Бірлесіп бақыланатын компаниялар – қатысушылардың монетарлық емес салымдары" ПКИ-13 Интерпретациясын ауыстырады. ҚЕХС 11 бірлесіп бақыланатын компанияларды теңбе-тең шоғырландыру әдісімен есепке алу мүмкіндігін жоққа шығарады. Оның орнына бірлескен кәсіпорындардың анықтамасын қанағаттандыратын бірлесіп бақыланатын компаниялар үлестік қатысу әдісі бойынша ескеріледі. ҚЕХС 11 Топтың шоғырландырылған қаржылық есептілігіне елеулі әсер еткен жоқ.
ҚЕХС 11 2013 жылғы 1 қаңтардан кейін немесе осы күннен кейін басталатын жылдық есептік кезеңдер үшін күшіне енеді. ҚЕХС 11 Топтың шоғырландырылған қаржылық есептілігіне әсер етпеді.
ҚЕХС 12 "Басқа компанияларға қатысу үлестері туралы ақпаратты ашу"
ҚЕХС 12 компанияның еншілес компаниялардағы, бірлескен қызметтегі, қауымдасқан және құрылымдалған компаниялардағы қатысу үлестеріне жататын ақпаратты ашуға қойылатын талаптарды қамтиды. ҚЕХС 12 талаптары еншілес ұйымдардағы ақпаратты ашуға қатысты бұрын қолданылған талаптарға қарағанда неғұрлым кең болып табылады. Қазіргі кезде Топта бақыланбайтын елеулі қатысу үлестерімен еншілес ұйымдар бар, бірақ шоғырланбайтын құрылымдалған компаниялар жоқ.
ҚЕХС 13 "Әділ құнды бағалау"
ҚЕХС 13 бір стандартта ҚЕХС сәйкес әділ құнды бағалауға қатысты барлық нұсқауларды біріктіреді. ҚЕХС 13 компаниялар әділ құнды пайдалануға міндетті болғанда өзгерістер енгізбейді, ал ҚЕХС құрамындағы басқа стандарттар талап етілгенде немесе рұқсат етілгенде ҚЕХС сәйкес әділ құнды бағалауға қатысты нұсқауларды ұсынады. ҚЕХС 13 әділ құнды шығу бағасы ретінде айқындайды. ҚЕХС 13 шарттарына сәйкес Топ әділ құнды бағалауға қатысты, атап айтқанда, әділ құн ижөніндегі міндеттемелерді бағалау кезінде ескерілетін міндеттемелердің орындалмауы тәуекелі сияқты бағалау үшін бастапқы деректер пайдаланылатын өз саясатын қайтадан талдаудан өткізді. ҚЕХС 13 қосымша ақпарат ашуды да талап етеді.
ҚЕХС 13 қолдану Топ айқындайтын әділ құнды бағалауға айтарлықтай әсер еткен жоқ. Ол қажет болатын жерде қосымша ақпарат олар үшін әділ құн анықталатын активтер мен міндеттемелер бойынша жеке ескертпелерде ашылады. Әділ құн көздерінің иерархиясы 39-ескертпеде ұсынылған.
БЕХС 1 түзету "Өзге де жиынтық кірістің баптарын беру"
БЕХС 1–ге түзетулер өзге де жиынтық кірістің құрамында ұсынылатын баптардың топтамасын өзгертеді. Болашақтағы белгілі бір сәтте пайданың немесе шығынның құрамына қайта жіктелуі мүмкін баптар (мысалы, таза инвестицияларды хеджирлеуден түсетін таза кіріс, шетелдік бөлімшелердің есептілігін есептеу кезіндегі бағам айырмасы, ақша ағындарын хеджирлеудің таза өзгерісі және сату үшін қолда бар қаржы активтері бойынша таза шығыстар немесе кірістер), ешқашан қайта жіктелінбейтін баптардан (мысалы, белгіленген төлемдермен жоспарлар бойынша актуарлық кірістер мен шығыстар және жер мен ғимаратты қайта бағалау) бөлек ұсынылуға тиіс. Түзету шоғырландырылған қаржылық есептілікке ақпарат беруге ғана әсер етеді және Топ қызметінің шоғырландырылған қаржылық жағдайына немесе жеке қаржылық нәтижелеріне елеулі әсер етпейді.
БЕХС 19 "Қызметкерлерге сыйақылар" (2011 жылғы редакцияда) (БЕХС 19R)
БЕХС 19 жоспарларды белгіленген төлемдерімен есепке алуға қатысты бірқатар түзетулерді қамтиды. Атап айтқанда, стандарттың жаңа редакциясына сәйкес актуарлық кірістер және шығыстар өзге де жиынтық кірістік құрамында танылады және пайданың немесе шығынның құрамына кейіннен қайта жіктеуге жатпайды; жоспар активтерінің күтілетін кірістілігі одан әрі пайда немесе шығын құрамында танылмайды, оның орнына пайданың немесе шығынның құрамындағы белгіленген төлемдермен жоспардың таза міндеттемесі (активі) бойынша пайыздарды тану туралы талап қолданылады, олар белгіленген төлемдер бойынша міндеттемелерді бағалау үшін дисконттау ставкасы пайдаланыла отырып есептеледі; өткен жылдар қызметтерінің құны, оған әлі ауыспаған сыйақы құқықтары мынадай күндердің неғұрлым ерте кезеңіндегі пайданың немесе шығынның құрамында танылады: жоспар өзгерген күн немесе қайта құрылымдауға жұмсалған тиісті шығындарды немесе жәрдемақыларды тану күні. Өзге де түзетулер ақпаратты ашуға қатысты жаңа талаптарға қатысты болады, мысалы, сезімталдық туралы сандық ақпаратты ашуға қатысты талаптар. БЕХС 19 қабылдау Топтың шоғырландырылған қаржылық жағдайына қаржылық нәтижелеріне елеулі әсер еткен жоқ.
БЕХС 36-ға түзетулер "Активтердің құнсыздануы" - "Қаржылық емес активтер үшін өтелетін құн туралы ақпаратты ашу"
Осы түзетулер ҚЕХС 13 күшіне енуіне байланысты БЕХС 36 сәйкес ақпаратты ашу үшін қажетсіз салдарларды жояды. Бұдан басқа, осы түзетулер олар бойынша есепті кезеңнің ішінде құнсызданудан болатын шығын мойындалған немесе қалпына келтірілген активтердің немесе ПГДП өтелетін құны туралы ақпаратты ашуды талап етеді. Аталған түзетулер 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап немесе осы күннен кейін басталатын жылдық есепті кезеңдерге қатысты ретроперспективалы түрде қолданылады, бұл ретте ҚЕХС 13 қолданылдған жағдайда мерзімінен бұрын қолдануға жол беріледі. Топ ағымдағы есепті кезеңде БЕХС 36-ға осы түзетулерді мерзімінен бұрын қолданды, өйткені өзгертілген/қосымша ақпаратты ашу ҚЕХС жөніндегі Кеңес алдын ала болжағандай, пайдалы болып табылады.
Топ шығарылып қойған, алайда әлі күшіне енбеген қандай да бір басқа стандарттарды немесе түзетулерді қолданған жоқ.
Шығарылған, бірақ әлі күшіне енбеген стандарттар мен интерпретациялар
Төменде шығарылып қойған, бірақ Топтың жеке қаржылық есептілігі шығарылған күнінде әлі күшіне енбеген стандарттар мен интерпретациялар келтіріледі. Топ осы стандарттарды олар күшіне енген күнінен бастап қолдануға ниеттенеді.
ҚЕХС 9 "Қаржы құралдары: жіктеу және бағалау"
ҚЕХС жөніндегі кеңестің БЕХС 39 ауыстыру жөніндегі жобасының бірінші кезеңінің нәтижелері бойынша шығарылған ҚЕХС 9 БЕХС 39 белгіленгендей, қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелерді жіктеуге қатысты қолданылады. Бастапқыда стандарт 2013 жылғы 1 қаңтардан кейін немесе осы күннен кейін басталатын жылдық есептік кезеңдер үшін күшіне енеді деп болжанған, бірақ 2011 жылғы желтоқсанда жарияланған ҚЕХС 9 "ҚЕХС 9 міндетті қолдану күні және ақпаратты ашуға қолданылатын өтпелі талаптар" түзету шығару нәтижесінде міндетті қолдану күні 2015 жылғы 1 қаңтарға ауыстырылды. Кейінгі кезеңдердің барысында ҚЕХС кеңесі хеджирлеу есебі мен қаржы активтерінің құнсыздануын қарайды.
"Инвестициялық компаниялар" ( ҚЕХС (IFRS) 10, ҚЕХС (IFRS) 12 және ҚЕХС (IAS) 27 түзетулер)
Бұл түзетулер 2014 жылғы 1 қаңтардан немесе осы күннен кейін басталатын жылдық есептік кезеңдер үшін күшіне енеді және ҚЕХС (IFRS) 10 сәйкес инвестициялық компанияның айқындамасына жауап беретін компаниялар үшін шоғырландыру туралы алып тастауды көздейді. Шоғырландыру туралы талаптардан алып тастау инвестициялық компаниялар еншілес ұйымдарды пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша ескеруді талап етеді. Қор осы түзету қолданылады деп күтпейді, өйткені Қордың бір де бір еншілес ұйымы ҚЕХС (IFRS) 10 сәйкес инвестициялық компанияның айқындамасына жауап бермейді.
БЕХС 32 түзетулер "Қаржы активтері мен қаржылық міндеттемелердің өзара есеп айырысуы"
Осы түзетулердің шеңберінде "қазіргі сәтте өзара есеп айырысуды жүзеге асыруға бекітілген заңдық құқықты иеленеді" тіркесінің мәні түсіндіріледі. Түзетулер сондай-ақ олардың шеңберінде бір мезгілдік емес жалпы төлемдердің тетіктері пайдаланылатын есеп айырысу жүйелеріне (бірыңғай крилингілік орталық сияқты) қатысты әдетте БЕХС 32 өзара есеп айырысу өлшемдерін дұрыс қолдану қажеттілігін де сипаттайды. Осы түзетулер Топ қызметінің қаржылық жағдайын немесе қаржылық нәтижелеріне елеулі әсер етпейді деп болжанады. Түзетулер 2014 жылғы 1 қаңтардан кейін немесе осы күннен кейін басталатын жылдық есептік кезеңдер үшін күшіне енеді.
"Міндетті төлемдер" IFRIC 21 интерпретациясы
IFRIC 21 интерпретациясында компанияның оларды төлеуге әкелетін әрекет жүріп жатқан кезде міндетті төлемдерге қатысты міндеттемені компанияның мойындайтындығы түсіндіріледі. Ең аз шекті мәнге қол жеткізілген жағдайда оны төлеу талап етілетін міндетті төлем жағдайында интерпретацияда белгіленген ең аз шекті мәнге қол жеткізілгенге дейін болжанатын міндеттемені мойындауға тыйым белгіленеді. IFRIC 21 интерпретациясы 2014 жылғы 1 қаңтардан басталатын немесе осы күннен кейін басталатын жылдық есепті кезеңдер үшін күшіне енеді. IFRIC 21 интерпретациясы Қор қызметінің жеке қаржылық жағдайына немесе қаржылық нәтижелеріне елеулі әсер етпейді деп болжанады.
ҚЕХС (IAS) 39 түзетулер "Өндірістік құралдар жаңалығы және хеджирлеуді есепке алуды жалғастыру"
Осы түзетулерде талаптардан хеджирлеу құралы ретінде анықталған өндірісатік құралдың жаңалығы белгіленген өлшемдерге жауап беретін кездегі жағдайларда хеджирлеуді есепке алуды тоқтату туралыны алып тастау көзделеді. Осы түзетулер 2014 жылғы 1 қаңтардан басталатын немесе осы күннен кейін басталатын жылдық есепті кезеңдер үшін күшіне енеді. Осы түзетулер болашақтағы операцияларды қарау кезінде назарға алынатын болады.
Шоғырландыру қағидаттары
Шоғырландырылған қаржылық есептілік Компанияның және ол бақылайтын еншілес ұйымдар мен бірлесіп бақыланатын кәсіпорындардың қаржылық есептілігін қамтиды (36-ескертпе).
Еншілес ұйымдар
Еншілес ұйымдар – бұл Топ бақылайтын кәсіпорындар. Бақылау, егер Топтың инвестициялардан ауыспалы қайтарымдылыққа құқығы болған немесе ол оның өзгеруіне байланысты тәуекелге бейім болған және инвестициялар объектісіне қатысты өз өкілеттіктері салдарынан осы қайтарымға әсер ете алған жағдайда жүзеге асырылады. Атап айтқанда, Топ инвестициялар объектісін, егер төмендегі шарттар орындалған жағдайда ғана бақылайды:
* Топта инвестициялар объектісіне қатысты өкілеттіктер болғанда (яғни инвестициялар объектісінің тиісті қызметін басқарудың ағымдағы мүмкіндігін қамтамасыз ететін құқықтар);
* Топта инвестициялардан ауыспалы қайтарымдылыққа немесе ол оның өзгеруіне байланысты тәуекелге бейім болғанда;
* Топта инвестициялардан ауыспалы қайтарымдылыққа әсер ету мақсатында инвестициялар объектісіне қатысты өз өкілеттіктерін пайдалану мүмкіндігі болғанда.
* Топта инвестицияларға қатысты дауыстың көпшілігіне қарағанда аз даусы немесе ұқсас құқықтар болған кезде, Топ инвестициялдардың осы объектісіне қатысты өкілеттіктердің болуын бағалау кезінде барлық ақылға қонымды фактілер мен мән-жайларды ескереді:
* инвестициялар объектісінде дауыс құқықтарын иеленетін басқа тұлғалармен келісім;
* басқа келісімдермен шарттасатын құқықтар;
* Топқа тиесілі дауыс беру құқығы және ықтимал дауыс беру құқығы.
Егер фактілер мен мән-жайлар үш бақылау құрауышының біреуі немесе бірнешеуінің өзгергені туралы куәландырса инвестициялар объектісіне қатысты бақылаудың болуын қайтадан талдайды. Еншілес ұйымның шоғырлануы Топ еншілес ұйымға бақылау алғанда басталады және Топ еншілес ұйымды бақылауды жоғалтқанда тоқтатылады. Еншілес ұйымның активтері, міндеттемелері, кірістері және шығыстары, бір жылдың ішіндегі сатып алуы немесе шығарылуы Топ бақылау алған күннен бастап жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есепке қосылады және Топ еншілес ұйымды бақылауды жоғалтқан күнге дейін сонда көрсетіледі.
Жалпы бақылаудағы кәсіпорындардың арасындағы мәміледегі сатып алуды қоспағанда, еншілес ұйымдар олар сатып алынған сәттен бастап, ол сәт Топтың оларға бақылауды алған күні болып табылады, осындай бақылау аяқталған күнге дейін шоғырландырылады. Еншілес ұйымдарды сатып алған кезде сатып алу құны олардың сату күніндегі әділ құны негізіндегі активтер мен міндеттемелерге бөлінеді. Еншілес ұйымдардың қаржылық есептілігі келісілген есеп саясаты пайдаланыла отырып, Қордың қаржылық есептілігі сияқты есепті кезеңде дайындалады.
Мәмілелер бойынша барлық фирмаішілік сальдо мен топ ішілік мәмілелер бойынша туындайтын іске асырылмаған кірісті қоса алғандағы мәмілелер есептіліктен толығымен шығарылды. Іске асырылмаған шығындар, олар құнсыздану туралы куәлік болмағандай дәрежеде ғана шығарылатынын қоспағанда, іске асырылмаған кіріс сияқты шығарылды.
Бақыланбайтын үлес Топқа тиесілі емес еншілес ұйымдар капиталының бір бөлігін білдіреді және негізгі компанияның акционерлік капиталынан жеке, шоғырландырылған бухгалтерлік теңгерімдегі капиталдың құрамында жеке көрсетіледі. Еншілес ұйымның шығындары тіпті егер бұл теріс сальдоға әкеп соқтырған жағдайда да бақыланбайтын қатысу үлесіне жатады.
Бақылауды жоғалтпастан еншілес ұйымдағы қатысу үлесін өзгерту капиталмен операция сияқты ескеріледі. Егер Топ еншілес ұйымды бақылауды жоғалтса, ол:
* Еншілес ұйымның активтері мен міндеттемелерін тануды тоқтатады (оның ішінде оған жататын гудвилді);
* Бақыланбайтын қатысу үлесінің теңгерімдік құнын тануды тоқтатады;
* Капиталда көрсетілген жинақталған бағам айырмаларын тануды тоқтатады;
* Алынған сыйақының әділ құнын таниды;
* Қалған инвестицияның әділ құнын таниды;
* Операцияның нәтижесінде пайда болған артықшылықты немесе тапшылықты пайда немесе шығын ретінде таниды;
* Бұған дейін өзге де жиынтық кірістің құрамында танылған құрауыштардағы негізгі компанияның үлесін, егер Топ тиісті активтерді немесе міндеттемелерді тікелей шығаруды жүзеге асырса, пайданың немесе шығынның немесе бөлінбеген пайданың құрамына қайта жіктейді.
Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компанияларға инвестициялар
Топтың бірлескен кәсіпорындарда бірлесіп бақыланатын компаниялар нысанында қатысу үлестері бар, оларда бірлескен қызметке қатысушылар компаниялардың экономикалық қызметіне бірлескен бақылау қоятын шарттық келісімге кірді. Сондай-ақ Топтың олардың экономикалық қызметіне елеулі ықпалы бар қауымдасқан компанияларда үлесі бар. Топтың бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компанияларға инвестициялары үлестік қатысу әдісі бойынша ескеріледі.
Қатысу үлесі әдісіне сәйкес бірлескен кәсіпорындарға/қауымдасқан компанияларға инвестициялар шоғырландырылған бухгалтерлік теңгерімде бастапқы құн плюс Топқа тиесілі бірлескен кәсіпорынның/қауымдасқан компанияның таза активтері үлесінде туындаған өзгерістер бойынша ескеріледі. Бірлескен кәсіпорынға/қауымдасқан компанияға жататын гудвил инвестицияның теңгерімдік құнына енгізіледі және амортизацияланбайды, сондай-ақ құнсыздану мәніне жеке тексеруге ұшырамайды.
Жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есеп бірлескен кәсіпорынның/қауымдасқан компанияның қызметінің қаржылық нәтижелерінің үлесін көрсетеді. Егер бірлескен кәсіпорынның/қауымдасқан компанияның капиталында тікелей танылған өзгерістер болса, Топ осындай өзгерістегі өз үлесін таниды және бұл капиталдағы өзгерістер туралы шоғырландырылған есепте қолданылса бұл фактыны ашады. Топтың бірлескен кәсіпорынмен/қауымдасқан компаниямен бірлескен операциялары бойынша туындаған іске асырылмаған пайдалары мен шығындары бірлескен кәсіпорында/қауымдасқан компанияда Топтың үлесі бар дәрежеде шығарылады.
Бірлескен кәсіпорындағы/қауымдасқан компаниядағы пайданың үлесі тікелей жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есепте ұсынылған. Ол бірлескен кәсіпорынның/қауымдасқан компанияның акционерлеріне келетін пайданы білдіреді, және сондықтан бірлескен кәсіпорындардың / қауымдасқан компаниялардың еншілес компанияларындағы салық салу мен азшылық үлесін есептегеннен кейін пайда ретінде айқындалады.
Бірлескен кәсіпорынның /қауымдасқан компанияның қаржылық есептілігі негізгі компанияның қаржылық есептілігіндей есепті кезеңде жасалады. Қажет болған жағдайда есеп саясатын Топтың есеп саясатына сәйкес келтіру мақсатында түзетулер енгізіледі.
Үлестік қатысу әдісі қолданылғаннан кейін Топ Топтың бірлескен кәсіпорындарға/ қауымдасқан компанияларға инвестициялары бойынша құнсызданудан келген қосымша шығынын тану қажеттігін айқындайды. Әрбір есепті күнге Топ бірлескен кәсіпорындарға/қауымдасқан компанияларға инвестициялардың құнсыздануының объективті куәліктерінің болуыцн анықтайды. Осындай куәліктер болған жағдайда, Топ құнсыздану сомасын бірлескен кәсіпорынның/қауымдасқан компанияның өтелетін құны мен оның теңгерімдік құнының арасындағы айырма ретінде есептейді және бұл соманы жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есепте таниды.
Бірлескен кәсіпорындағы/қауымдасқан компаниядағы елеулі ықпалын жоғалтқан жағдайда Топ қалған инвестицияларды әділ құн бойынша бағалайды және мойындайды. Бірлескен кәсіпорынның/қауымдасқан компанияның елеулі ықпалды жоғалтқан сәттегі теңгерімдік құнының және қалған инвестициялардың әділ құны мен шығудан түскен түсімдердің арасындағы айырма пайдалар немесе шығындарда танылады.
Кәсіпорындарды біріктіру
Кәсіпорындарды (бизнесті) біріктіру сатып алу әдісі пайдаланыла отырып ескеріледі.Сатып алу құны сатып алу күніндегі әділ құн бойынша бағаланған берілген сыйақы сомасы және сатып алынатын компаниядағы бақыланбайтын қатысу үлесі ретінде бағаланады. Бизнесті біріктіру жөніндегі әрбір мәміле үшін сатып алатын тарап сатып алынатын компаниядағы бақыланбайтын қатысу үлесі әділ құн бойынша, не сатып алынатын компанияның сәйкестендірілетін таза активтеріндегі теңбе тең үлес бойынша бағалайды. Сатып алуға байланысты шегілген шығындар әкімшілік шығыстардың құрамына енгізіледі.
Егер Топ бизнесті сатып алса, ол тиісті түрде шарттың талаптарына, сатып алу күніндегі тиісті жағдайлардың экономикалық жағдайына байланысты сатып алынған қаржы активтері мен қабылданған міндеттемелерді жіктейді. Бұған компания сатып алатын негізгі шарттарға қосылған туынды құралдарды бөлу қажеттілігі мәніне талдау жасау жатады.
Бизнес кезең-кезеңімен біріктірілген жағдайда сатып алынатын компаниядағы бұрын Топқа тиесілі қатысу үлестері пайда немесе шығын арқылы бақылауды сатып алу күніндегі әділ құн бойынша қайта бағаланады.
Сатып алатын тарап беруге тиіс шартты сыйақы сатып алу күніндегі әділ құн бойынша танылуға тиіс. Актив немесе міндеттеме болуы мүмкін шартты сыйақының әділ құнының кейінгі өзгерістері БЕХС 39 сәйкес, не пайданың немесе шығынның құрамында, не өзге де жиынтық кірістің өзгерісі ретінде танылуға тиіс. Егер шартты сыйақы капитал ретінде жіктелсе, ол капиталдың құрамында оны толық өткегенге дейін қайта бағаланбауға тиіс.
Гудвил бастапқыда берілген сыйақы сомасынан асатын сома ретінде белгіленетін және таза сәйкестендірілетін активтердің сомасынан жоғары деп танылған бақыланбайтын қатысу үлесі танылған және ол қабылдаған міндеттемелер бастапқы құн бойынша бағаланады. Егер осы сыйақы еншілес ұйым сатып алған таза активтердің әділ құнынан кем болса, айырма пайданың немесе шығынның құрамында танылады.
Кейіннен гудвил құнсызданудан болған жинақталған шығындар шегеріліп, бастапқы құн бойыншак бағаланады. Бизнесті біріктіру кезінде сатып алынған гудвилді құнсыздану мәніне тексеру мақсаттары үшін, гудвил компаниялар Тобы сатып алған күннен бастап Топтың ақша ағындарын генерациялайтын әрбір бөлімшесіне бөлінеді, олар сатып алынатын компанияның басқа активтері немесе міндеттемелері көрсетілген бөлімшелерге жататын-жатпайтындығына қарамастан, бизнестің бірігуінен пайда алады.
Егер гудвил ақша ағындарын генерациялайтын бөлімшенің бір бөлігін құраса, және осы бөлімшенің бір бөлігі шығып қалса, шығарылатын қызметке жататын гудвил оның шығарылуынан келетін пайданы немесе шығында анықтау кезінде осы қызметтің ағымдағы құнына қосылады. Осындай жағдайларда шығып қалған гудвил шығып қалған қызметтің құны мен ақша ағындарын генерациялайтын бөлімшенің қалған бөлігінің құнының қатынасы негізінде бағаланады.
Жалпы бақылаудағы тараптардан еншілес ұйымдарды сатып алу
Жалпы бақылаудағы тараптардан еншілес ұйымдарды (мемлекет бақылайтын кәсіпорын) сатып алуды есепке алу үлестерді біріктіру әдісі бойынша жүргізіледі.
Жалпы бақылаудағы еншілес ұйым берген активтер мен міндеттемелер берген күнгі берген компанияның (алдыңғы иесі) есептілігінде олардың теңгерім құны бойынша осы шоғырландырылған қаржылық есептілікте көрсетіледі. Алдыңғы иесінен ұйымды бастапқы сатып алған кезде пайда болатын гудвилл осы шоғырландырылған қаржылық есептілікте де көрсетіледі. Алдыңғы иесінің гудвиллін қоса алғанда, таза активтердің жалпы теңгерім құны мен төленген қаражат сомасы арасындағы айырма меншік капиталды түзету ретінде осы шоғырландырылған қаржылық есептілікте ескерілген.
Осы шоғырландырылған қаржылық есептілік егер еншілес ұйымды Топ оны бастапқыда алғашқы иесі сатып алған күні сатып алғандай жасалды.
Бар еншілес компаниялардағы үлестің өзгеруі
Бар еншілес ұйымдағы иелену үлесінің сатылатын немесе сатып алынатын бақылау сақталынатын мәмілелерде еншілес ұйымның таза активтерінде иеліктен шығарылатын немесе сатылып алынатын үлестің теңгерім құны мен сату құнының немесе осы үлесті сатып алу құнының арасындағы айырма бөлінбеген пайданың ұлғаюы немесе кемуі ретінде көрсетіледі.
Сату үшін арналған ретінде жіктелген активтер және тоқтатылған қызмет
Сату үшін арналған ретінде жіктелген активтер мен шығу топтары сатуға арналған шығындар шегеріліп, екі мәннің – теңгерімдік құн мен әділ құнның азы бойынша бағаланады. Айналымнан тыс активтер мен шығу топтары, егер олардың теңгерімдік құны жалғасқан пайдалану нәтижесінде емес, сату бойынша сату бойынша мәміле арқылы өтелуге жатса, сату үшін арналған болып жіктеледі. Бұл шарт егер сату мүмкіндігі жоғары, ал актив немесе шығу тобы өзінің ағымдағы жағдайында жедел сатылуы мүмкін болса, сақталған болып саналады. Басшылықтың оған қатысты жіктелген күннен бастап бір жыл ішінде аяқталған сату мәмілесі ретінде тану өлшемдеріне сәйкес күтілуге тиіс сатып алуды жасауға бекем ниеті бар.
Есепті кезең ішіндегі, сондай-ақ өткен жылдың салыстырмалы кезеңі ішіндегі жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есепте тоқтатылған қызметтен кірістер мен шығыстар, егер тіпті сатқаннан кейін Топ еншілес ұйымдағы азшылық үлесін сақтағанның өзінде әдеттегі кірістер мен шығыстардан жеке ескеріледі. Салықтар шегерілгеннен кейінгі пайда немесе шығын жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есепте жеке ұсынылады.
Сату үшін арналған ретінде жіктелгеннен кейін негізгі құралдар амортизациялануға жатпайды.
Минералдық ресурстар мен көмірсутегілерін барлау және әзірлеу жөніндегі активтер (мұнай-газ және тау-кен активтері)
Жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алу жөніндегі шығындар
Жер қойнауын пайдалану (барлау, өндіру) құқығын сатып алу шығындары қол қою бонустарын, тарихи, экологиялық және әлеуметтік бағдарламаларға міндетті шығыстарды қамтиды және кен орнын барлау және бағалауда жер қойнауын пайдалану құқығы ретінде материал емес активтердің құрамында капиталданады.
Жер қойнауын пайдалану құқытарын сатып алу шығындарын есепке алу кен орны бөлінісінде жүргізіледі. Әрбір құқық объектісі жыл сайын құнсыздану мәніне қаралады. Егер объекті бойынша болашақтағы жұмыстар жоспарланбаған жағдайда, жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алу шығындардың қалған сальдосы есептен шығарылады. Кен орындарында коммерциялық өндіру басталғаннан бастап жер қойнауын пайдалану құқығы (қалған шығындар) негізгі құралдар құрамына көшіріледі және дәлелделген қорлардың жалпы сомасы негізге алына отырып, іс жүзіндегі өндіру бойынша өндірістік әдіс бойынша амортизацияланады.
Барлау және бағалау жөніндегі шығындар (аяқталмаған құрылыс)
Барлау және бағалау жөніндегі шығындар геологиялық және геофизикалық шығыстарды; барлау ұңғымаларына тікелей жататын шығындарды; ашу жұмыстарын; әкімшілік нақты кен орнына жатқызуға болатын бағалау жөніндегі өзге де шығыстарды қамтиды. Мұндай шығындар жалақыны, материалдар мен жанармайды, бұрғылау станоктарының құны мен мердігерлерге төлемдерді қамтиды. Геологиялық және геофизикалық шығыстарды қоспағанда, барлау және бағалау жөніндегі шығындар аяқталмаған құрылыс ретінде негізгі құралдардың құрамында капиталдандырылады, есеп кен орындары бөлінісінде жүргізіледі, амортизация есептелмейді. Егер минералдық ресурстар табылмаса, бұо құнсыздану куәлігі болуы мүмкін. Барлық капиталдандырылған шығындар кемінде жылына бір рет коммерциялық әзірленім немесе табылғаннан пайда алудың қандай да бір тәсілі туралы ниетті растау үшін техникалық, коммерциялық және басқару тексеруіне жатады. Керісінше жағдайда шығындар шығыстарға шығарылады.
Минералдық ресурстардың қорлары дәлелденгенде және игеруді жалғастыруға шешім қабылданғанда, тиісті шығындар мұнай-газ немесе тау-кен активтерінің кіші сыныптарына көшіріледі.
Барлау және өндіру шығындары (мұнай-газ және тау-кен активтері)
Барлауға және өндіруге жұмсалатын шығындар бұрын капиталдандырылған (және игерудің басында қайта жіктелген) жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алу шығындарын және барлау және бағалау шығындарын; бұрғылау нәтижелеріне қарамастан пайдалану ұңғымаларын бұрғылауға; полигондар салуға; кен орындарындағы минералдық ресурстарды өндіру, жинау және дайындау үшін қажетті жерүстілік технологиялық құрылыстар салуға арналған шығыстарды; кен орындарында коммерциялық өндіру ұйымдастыру барысында жұмсалған өзге де шығындарды; ұңғымаларды консервациялауға және учаскелерді қалпына келтіруге арналған капиталдандырылған дисконтталған шығындарды қамтиды. Барлау және өндіру шығындары негізгі құралдардың (мұнай-газ және тау-кен активтері) құрамында капиталдандырылады, есеп кен орындары бөлінісінде жүргізіледі.
Мұнай-газ және тау-кен активтерінің тозуы (негізгі құралдар мен материалдық емес активтер құрамында)
Мұнай-газ және тау-кен активтері кен орындарында коммерциялық өндіру басталғаннан бастап іс жүзіндегі өндіру бойынша тозуды есептеудің өндірістік әдісі пайдаланылып амортизацияланады. Мұнай-газ және тау-кен активтерінің кен орындарының пайдалы қызмет мерзімінен айтарлықтай ерекшеленетін пайдалы қызмет мерзімі бар кейбір объектілері (жерүстілік технологиялық құрылыстар мен жабдықтар) тура сызықты әдіс пайдаланыла отырып, пайдалы пайдалану мерзімі ішінде амортизацияланады. Кен орындарын пайдаланудан шығаруға жұмсалған дисконтталған шығындарды қосатын жер қойнауын пайдалану құқығын алу шығындары, дәлелденген қорлардың жалпы сомасы бойынша амортизацияланады. Кен орындарын игеруге жұмсалған қалған шығындар дәлелденген игерілген қорлардың есебінен амортизацияланады.
Негізгі құралдар (мұнай-газ және тау-кен активтерінен басқа)
Бастапқы тану кезінде негізгі құралдар бастапқы құн бойынша бағаланады. Кейіннен негізгі құралдар жинақталған тозу, ескіру және құнсыздану шегеріліп ескеріледі. Шаруашылық тәсілмен құрылған активтердің құны материалдардың құнын, тікелей еңбек шығындарын және өндірістік жүктеме шығыстарының тиісті үлесін қамтиды.
Мұнай-газ активтерінен басқа негізгі құралдар негізінен мынадай негізгі құралдардың кластарын қамтиды, олар мына пайдалы қызмет мерзімі ішінде тіке желілік әдіспен амортизацияланады:
Құбыржолдар мен МӨЗ активтері | 4-100 жыл |
Ғимараттар мен құрылыстар | 5-100 жыл |
Темір жолдар мен инфрақұрылым | 10-80 жыл |
Тау-кен активтері | 40 жыл |
Машиналарменжабдықтаржәнекөлікқұралдары | 2-50 жыл |
Өзгелері | 3-40жыл |
Негізгі құралдардың объектілері ірі ауқымды техникалық тексерудің мәні болып табылғанда, шығындар 16 БЕХС-да белгіленген тану өлшемдерін сақтау талабы кезінде ауыстыру ретінде негізгі құралдардың теңгерім құнында танылады.
Негізгі құралдардың объектісін тану ол істен шыққаннан кейін немесе оны пайдаланудан не істен шығуынан болашақ экономикалық пайда алу күтілмейтін болса, тоқтатылады. Активті тану тоқтатылған кезде пайда болған кез келген кірістер немесе шығыстар (істен шығу мен активтің қалдық құнынан түскен таза түсімдер арасындағы айырма ретінде есептелген) активті тану тоқтатылған есепті кезеңдегі кірістер мен шығыстар туралы есепке енгізіледі.
Активтің қалдық құны, пайдалы қызмет мерзімі және амортизациялау әдісі әрбір қаржы жылының аяғында қажеттілік болғанда қайта қаралады және түзетіледі.
Материалдық емес активтер
Бөлек сатып алынған материалдық емес активтерді бастапқы тану кезінде сатып алу құны бойынша ескеріледі. Ұйымдарды біріктіру бойынша операциялар шеңберінде сатып алынған материалдық емес активтердің құны сатып алу күнгі әділ құнды білдіреді. Материалдық емес активтерді бастапқы танығаннан кейін кез келген жинақталған амортизацияны және құнсызданудан болатын кез келген жинақталған шығынды шегере отырып, сатып алу құны бойынша ескеріледі. Кен көзін игеруге капиталдандырылған шығындарды қоспағанда, өз күштерімен құрылған материалдық емес активтер капиталдандырылмайды және тиісті шығыстар шығыстар пайда болған сол кезеңде кірістер мен шығыстар туралы шоғырландырылған есепте танылады. Материалдық емес активтердің пайдалы қызмет мерзімі шектеулі немесе шектеусіз ретінде анықталады. Пайдалы қызмет мерзімі шектелген материалдық емес активтер қызметтің осы мерзімі ішінде амортизацияланады және материалдық емес актив құнсыздануы мүмкін көрсеткіш болғанда құнсыздану мәніне бағаланады. Амортизациялау кезеңі және пайдалы қызметтің мерзімі шектелген материалдық емес активтер үшін амортизация әдісі кем дегенде әрбір есепті жылдың аяғында қайта қаралады. Пайдалы қызметтің күтілетін мерзіміне немесе материалдық емес активтен түсетін алдағы экономикалық пайданың күтілетін көлеміне өзгерістер амортизация кезеңіне өзгерістер немесе мән-жайлар бойынша амортизация әдісі арқылы ескеріледі және бухгалтерлік бағалауға өзгерістер ретінде қаралады. Қызмет мерзімі шектелген материалдық емес активтердің амортизациясы бойынша шығыстар материалдық емес активті белгілеуге сәйкес шығыстар құрамында кірістер мен шығыстар туралы есепте танылады. Пайдалы қызмет мерзімі шектелген материалдық емес активтер негізінен пайдалы қызметтің мынадай мерзімі ішінде тікелей әдісімен амортизацияланатын активтердің мынадай сыныптарын қамтиды:
Лицензиялар | 2-20 жыл |
Бағдарламалық қамтамасыз ету | 2-10 жыл |
Жер қойнауын пайдалану құқығы | 18-45 жыл |
Өзгелері | 2-20 жыл |
Қызмет мерзімі шектелген материалдық емес активтер амортизацияланбайды, бірақ жыл сайын құнсыздануға тексеріледі немесе құнсыздану көрсеткіштері болғанда және қажет болған кезде өтелетін шамаға дейін есептен шығарылады.
Қаржылық емес активтердің құнсыздануы
Топ активтерді немесе активтер тобын оқиға немесе жағдаяттардағы өзгерістер активтік теңгерімдік құны өтелмейтіндігін көрсеткен жағдайларда құнсыздану мәніне бағалайды. Жекелеген активтер негізінен ақша ағындарына қарамастан, басқа активтер топтарымен генерацияланатын сәйкестендірілген ақша ағындары бар ең төменгі деңгейде құнсыздануға бағалау мақсаттары үшін топтастырылады. Егер құнсызданудың осындай көрсеткіштері болған жағдайда, немесе активтер топтарын құнсыздануға жыл сайын тестілеу талап етілген кезде, Топ активтің өтелген құнын бағалауды жүзеге асырады.
Активтер тобының өтелген құны оны сатуға кеткен шығыстарды шегергенде әділ құнның және оның пайдалану құнының ең көбі болып табылады. Активтер тобының теңгерімдік құны оның өтелетін құнынан асып кеткен жағдайда, активтер тобы құнсыздануға жатады және активті өтеу құнына дейін төмендетуге арналған резерв құрылады. Пайдалану құнын бағалау кезінде күтілетін ақша ағындары активтер топтарына тән тәуекелдерге түзетіледі және ақшаның уақытша құнының ағымдағы нарықтық бағасын көрсететін салық салуға дейінгі дисконттау ставкасы пайдаланыла отырып, ағымдағы құнға дисконтталады. Бағалау бұрын танылған құнсыздану жөніндегі резервтер ендігі жоқ немесе азайды дегеннің қандай да бір көрсеткішінің бар-жоқтығына қатысты әрбір есептілік күні жүргізіледі. Егер ондай көрсеткіштер бар болса, онда өтелетін құн бағаланады. Құнсыздану жөніндегі соңғы резерв танылған сәттен бастап активтің өтелетін құнын айқындау үшін пайдаланылған бағалауларда өзгерістер болса ғана құнсыздану бойынша бұрын танылған резерв сторнирланады. Мұндай жағдайда, активтің қалдық құны өтелетін құнғак дейін ұлғаяды. Активтің ұлғайтылған құны, егер алдыңғы кезеңдерде құнсыздану жөніндегі резерв танылмаған болса, тозуды немесе амортизацияны шегергенде анықталған теңгерімдік құннан аспайды.
Мұндай сторнирлау пайда және шығындар туралы шоғырландырылған есепте танылады.
Сторнирлау өткізілімі жүргізілгеннен кейін келесі кезеңдерде қалдық құны шегеріле отырып, активтің қайта қаралған теңгерімдік құнын бөлу үшін амортизация жөніндегі шығыстар жүйелі негізде пайдалы қызметінің қалған мерзімі ішінде түзетіледі.
Гудвилдің құнсыздануын бағалау кезінде мынадай үдеріс қолданылады:
Әрбір есепті күні Топ гудвиллдің құнсыздану белгілерінің болуын бағалайды. Гудвилл жыл сайын және жағдаяттар теңгерімдік құнның құнсыдануының мүмкіндігін көрсеткенде құнсыздану белгілерінің болуына тестіленеді.
Гудвилдің құнсыздануы оған гудвилл жататын ақша ағындарын генерациялайтын өтелетін бірліктер сомасын бағалау арқылы айқындалады. Егер оған гудвилл жататын ақша ағындарын генерациялайтын өтелетін бірліктер сомасы оның теңгерімдік құнынан аз болса, онда құнсызданудан болған шығын танылады. Құнсызданудан болған шығын болашақ кезеңдерде қалпына келтірілмейді.
Қаржы активтері
Топтың инвестициялары өтеуге дейін ұсталатын инвестициялар немесе сату үшін қолда бар инвестициялар кіріс немесе шығын арқылы әділ құн бойынша көрсетілетін қаржы активтері ретінде жіктеледі. Бастапқыда инвестициялар әділ құн бойынша бағаланады. Егер инвестициялар кіріс немесе шығын арқылы әділ құн бойынша көрсетілетін қаржы активтері ретінде жіктелмесе, онда есептілікте көрсеткен кезде олардың әділ құнына онымен тікелей байланысты мәміле жөніндегі шығындар қосылады. Топ өзінің қаржылық инвестицияларының жіктемесін бастапқы танылғаннан кейін анықтайды. Барлық сатып алынған және сатылған инвестициялар есеп айырысу күнінде, яғни инвестициялар Топқа берілген немесе Оларды Топ берген күні танылады.
Тіркелген немесе төлем мөлшерін анықтауға икемді және өтеудің тіркелген мерзімді туынды емес қаржы активтері, егер Топ оларды өтеу мерзіміне дейін ұстауға ниетті және қабілетті болған жағдайда, өтегенге дейін ұсталатын ретінде жіктеледі.
Қарыздар мен дебиторлық берешек тіркелген немесе төлем мөлшерін анықтауға икемді белсенді нарықта баға белгіленбейтін өнімсіз қаржы активтері болып табылады. Мұндай активтер пайыздың тиімді ставка әдісін пайдалана отырып, амортизацияланған құны бойынша көрсетіледі. Мұндай активтер бойынша пайда мен шығындар тану тоқтатылған сәтте немесе мұндай активтер құнсызданған жағдайда, сондай-ақ амортизация арқылы кірістер мен шығыстар туралы есепте көрсетіледі.
Бағалы қағаздар, егер олар жақын болашақта сату мақсаттары үшін сатып алынса, пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша бағаланатын қаржы активтері ретінде жіктеледі. Туынды құралдар да олар хеджирлеудің тиімді құралдарын білдіретін кездегі жағдайларды қоспағанда, пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша бағаланатын қаржы активтері ретінде жіктеледі. Пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша бағаланатын қаржы активтері бойынша кірістер мен шығыстар пайда және шығындар туралы шоғырландырылған есепте көрсетіледі.
Қаржы активтері егер бұл берілетін ақпараттың маңыздылығын арттырса, бастапқы тану кезінде пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша бағаланатын ретінде жіктелуі мүмкін, өйткені осындай жіктелу бағалаудың немесе танудың сәйкессіздігін жоққа шығарады немесе айтарлықтай азайтады, ол керісінше жағдайда активтерді немесе міндеттемелерді бағалау кезінде не ол бойынша пайданы немесе шығындарды әр түрлі негізде тану кезінде туындар еді.
Сату үшін қолда бар инвестициялар сату үшін қолда бар ретінде жіктелетін және жоғарыда аталған кез келген үш санатқа енгізілмеген туынды емес қаржы активтерін білдіреді. Есепте бастапқы көрсетуден кейін сату үшін қолда бар инвестициялар әділ құн бойынша бағаланады, бұл ретте, пайда мен шығындар инвестицияларды тану немесе құнсыздандыру тоқтатылған сәтке дейін капитал құрамында бөлек құрауыш ретінде көрсетіледі. Капитал құрамында бұрын көрсетілген жиынтық пайда немесе шығын кірістер мен шығыстар туралы есепке енгізілген жағдайда. Үлестік инструменттерге байланысты құнсызданудан болатын шығындарды қалпына келтіру кірістер мен шығыстар туралы есепте көрсетілмейді. Борыштық инструменттерге байланысты құнсызданудан болатын шығындар пайда немесе шығын құрамында түзетіледі, егер инструменттің әділ құнынан арту кірістер мен шығыстар туралы есепте құнсызданудан болатын шығынды танығаннан кейін болған оқиғаға объективті түрде жатқызылуы мүмкін.
Ұйымдасқан қаржы нарықтарында белсенді айналымдағы инвестициялардың әділ құны есеп күнгі саудалар аяқталған сәттегі сатып алуға нарықтық баға белгілеу бойынша анықталады. Нарықта белсенді айналымы жоқ инвестициялардың әділ құны бағалау әдістерін пайдалана отырып, оның ішінде нарықтық жағдайларда жасалған мәмілелер уақыты бойынша соңғысымен ұқсас бойынша, сондай-ақ іс жүзінде қаралатын инструментке ұқсас немесе дисконтталған ақша ағындарын талдауды ескере отырып, қаржы инструментінің ағымдағы нарықтық құны негізінде анықталады.
Қаржы активтерінің құнсыздануы
Әрбір есепті күні Топ қаржы активінің немесе қаржы активтері тобының құнсыздануының болған-болмағанын айқындайды.
Амортизациялық құн бойынша ескерілетін активтер
Егер амортизациялық құн бойынша ескерілетін активтер бойынша құнсызданудан болатын шығындардың пайда болуы туралы объективті куәлік болса, шығынның сомасы активтің теңгерімдік құны мен қаржы активі бойынша бастапқы тиімді сыйақы ставкасы (яғни бастапқы таныған кезде есептелген тиімді пайыздық ставка бойынша) бойынша дисконтталатын болашақта күтілетін ақша ағындарының (әлі туындамаған болашақтағы кредиттік шығындарды қоспағанда) арасындағы айырма ретінде бағаланады. Активтің теңгерімдік құны резерв пайдаланыла отырып төмендетілуі тиіс. Шығынның сомасы пайда немесе шығындарда танылады.
Егер кейінгі кезеңде құнсызданудан болатын шығын сомасы азайса, онда бұндай азаю құнсыздану танылғаннан кейін жүргізілген оқиғаларға объективті түрде байланысты болуы мүмкін, құнсызданудан болған бұрын танылған шығын қалпына келтіріледі. Құнсызданудан болған шығынды кез келген келесі қалпына келтіру пайда мен шығындар туралы есепте активтің теңгерімдік құны бұл активтің қалпына келтірілу күніндегі амортизациялық құнынан аспайтындай көлемде танылады.
Егер Топ шот-фактураның бастапқы шарттарына сәйкес өзіне тиесілі бүкіл соманы алмайтынының объективті куәлігі болса (мысалы, дебитордың төлем қабілетсіздігі немесе басқа да елеулі қаржылық қиындықтары мүмкіндігі), сауда-дебиторлық берешек бойынша құнсыздану резерві жасалады. Дебиторлық берешектің теңгерімдік құны резерв шотын пайдалану арқылы азайтылады. Егер құнсызданған берешек үмітсіз болып саналса, оларды тану тоқтатылады.
Сату үшін қолда бар қаржылық инвестициялар |
Бастапқы құнның өтелмеуі мүмкін екендігінің объективтік дәлелдері болған жағдайда, сату үшін қолда бар үлестік бағалы қағаз құнсызданған болып саналады. Құнсызданудың сапалық өлшемдеріне қосымша ретінде бастапқы құнның өтелмеуі мүмкін екендігінің объективтік дәлелдері әділ құнның бастапқы құнның шамасынан айтарлықтай немесе жалғаспалы төмендеуін қамтиды.
Егер сату үшін қолда бар үлестік бағалы қағаз құнсызданудың Қор белгілеген сапалық немесе сандық өлшемдеріне сәйкес құнсызданған жағдайда, әділ құнның кейінгі есепті күндерге одан әрі төмендеуі құнсыздану ретінде танылады. Осылайша, әрбір есепті кезеңде Қордың құнсыздану өлшемдеріне сәйкес құнсыздануға ұшыраған ретінде айқындалған үлестік бағалы қағазға қатысты құнсыздану бұрын танылған құнсыздануды шегерген кездегі әділ құнның және бастапқы құнның арасындағы айырма мөлшері ретінде танылады.
Туынды қаржы құралдары
Өзінің әдеттегі қызметі барысында Топ шикізат тауарларына бағаның құбылуына байланысты өз тәуекелін хеджирлеу үшін валюта нарықтары мен капитал нарықтарында фьючерстерді, форвардтарды, своптар менопциондарды қоса алғанда әртүрлі туынды қаржы құралдарымен, мұнай шикізаты бойынша форвардтық және своп келісім-шарттармен операцияларды жүзеге асырады. Мұндай қаржы құралдары негізінен сауда мақсаттары үшін ұсталынады және бастапқыда қаржы құралдарын тану саясатына сәйкес танылады, ал кейіннен олардың әділ құны бойынша бағаланады. Әділ құн тиісті құралдардың ағымдағы нарықтық және келісім-шарттық бағалары мен басқа да факторлар назарға алынатын тіркелген биржа бағасының немесе баға модельдерінің негізігнде есептеледі. Туынды қаржы құралдары әділ құн оң болып табылғанда активтер ретінде (іске асырылмаған кіріс) және әділ құн теріс болып табылғанда міндеттеме ретінде (іске асырылмаған шығын) ескеріледі. Көрсетілген құралдармен жасалатын пайдалар мен шығындар жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есепте көрсетіледі.
Қорлар
Қорлар өзіндік құнының ең аз мәні немесе таза өткізу құны бойынша бағаланды. Өзіндік құн қорларды жеткізуге және ағымдағы жағдайға келтіруге байланысты шығындарды қамтиды. Таза өткізу құны аяқтауға шығындарды және өткізуге есеп айырысу шығындарын шегере отырып, қарапайым қызмет барысында қорларды өткізу бағасын бағалауды білдіреді. Шығындарды есептеп шығарудың ұқсас формуласы ұқсас сипаты және белгіленімі бар барлық қорлар үшін пайдаланылады. Операциялық Мұнай мен газ және Энергетикалық сегменттердің қорлары ФИФО әдісі негізінде бағаланады. Барлық қалған қорлар орташа салмақталған құн негізінде бағаланады.
Ақша және оның баламалары
Ақша және оның баламалары кассадағы қолма-қол ақшаны, мерзімді салымдарды, бұрын айтылған ақша қаражаты сомасына еркін айырбасталатын және олардың құнының өзгеруіне байланысты тәуекелдің елеусіз деңгейіне расталған өтеу мерзімі үш айдан аспайтын қысқа мерзімді және өтімділігі жоғары инвестицияларды қамтиды.
Қаржылық міндеттемелер
Қарыздар және тартылған қаражат
Қарыздар бастапқыда мәміле бойынша келтірілген шығындарды шегере отырып, әділ құн бойынша танылады. Келесі кезеңдерде қарыздар амортизацияланған құн бойынша бағаланады: алынған қаражаттың (мәміле жөніндегі шығыстарды шегергенде) әділ құны мен өтеу сомасы арасындағы айырма жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есепте пайыздың тиімді ставкасы пайдаланыла отырып, қарыз берген мерзім ішінде көрсетіледі. Егер топ төлемді есепті күннен кейін кем дегенде 12 айға кейінге қалдыруға сөзсіз құқылы болмаса, қарыздар ағымдағы міндеттемелер ретінде жіктеледі.
Шығарылған қаржы құралдары немесе олардың құрамдас бөліктері, егер шарттық келісімнің нәтижесінде Топтың не ақша қаражатын немесе өзге де қаржы активтерін қою, не міндеттемені ақша қаражатының немесе басқа да қаржы активтерінің тіркелген сомасын меншікті үлестік құралдардың тіркелген санына айырбастау арқылы өзге түрде орындау міндеттемесі болады. Мұндай құралдар Үкіметтің қаражатын және мәмілемен тікелей байланысты шығындарды шегере отырып алынған қаражаттың әділ құны бойынша бастапқыда ескерілетін кредиттік мекемелерден алынған қарыздарды қамтиды. Кейіннен алынған қаражат амортизациялық құн бойынша көрсетіледі.
Жіктелетін активті сатып алуға, оның құрылысына немесе өндірісіне тікелей жататын қарыздар бойынша шығындар осындай актив құнының бір бөлігі ретінде капиталдандырылады. Қарыздар бойынша өзге де шығындар туындаған сәттегі шығыстар ретінде танылады.
Айырбасталатын борыштық құралдар
Міндеттеменің сипаттамасы бар кәсіпорындарды біріктіру кезінде сатып алынған айырбасталатын борыштық құралдардың құрамдас бөлігі мәміле жөніндегі шығындар шегеріле отырып, бухгалтерлік теңгерімде міндеттеме ретінде танылады; және бұл сома айырбастау немесе сатып алу кезінде өтеуге дейін амортизациялық құн бойынша бағаланатын қаржы міндеттемесі ретінде жіктеледі.
Кәсіпорындарды біріктіру кезінде туындайтын қалған азшылық үлесі бойынша опциондар
Егер кәсіпорындарды біріктіру кезінде Топ опцион тарабына айналса, сатып алынған кәсіпорындағы азшылықтың қалған үлесі бойынша путы Топ мұндай опционда осындай азшылық үлесіне меншік құқығымен байланысты пайда мен тәуекелдерге қатысу беретіндігін бағалайды.
Қалған акциялары бойынша пут опционы үлестік иелену пайдалары мен тәуекелдеріне қол жетімділік беретіні анықталғанда, кәсіпорындар бірлестігі опционмен келісілген путтың сатып алынуы негізінде ескеріледі. Пут опционы бойынша миноритарлық акционерлерге арналған міндеттеменің әділ құны кәсіпорындар бірлестігі құнының бөлігі ретінде танылады. Өзге жағдайда азшылық үлесіне жатқызылатын ретінде қарастырылатын осындай құн мен таза активтердегі үлестер арасындағы кез келген айырма гудвилл құрамында көрсетіледі. Кейіннен жарияланған және осындай миноритарлық акционерлерге төленген кез келген дивидендтер пайда мен шығындар туралы шоғырландырылған есепте тікелей көрсетіледі.
Кейіннен қаржылық міндеттеме БЕХС 39 талаптарына сәйкес бағаланады. Қаржы міндеттемесінің әділ құнына өзгерістер, сондай-ақ кез келген қаржылық төлемдерпайда мен шығындар туралы шоғырландырылған есепте тікелей көрсетіледі.
Қауымдасқан компаниялардағы инвестицияларды және сату үшін арналған активтерді сатып алу кезінде туындайтын сатып алынған үлес бойынша опциондар
Егер инвестицияларды сатып алу кезінде Қор үшінші тарапқа кәсіпорында сатып алған үлес бойынша колл опциондарын берсе, Қор осындай опционға қатысу үшінші тарапқа осындай үлеске меншік құқығына байланысты пайда мен тәуекелдерге қол жетімділік беретінін-бермейтінін бағалайды.
Егер сатып алған үлес бойынша колл опциондары үшінші тарапқа үлестік иеленудің пайдасы мен тәуекелдеріне қол жетімділік бермеген жағдайда бұл опцион Қордың елеулі ықпалын анықтау кезінде ескерілмейді.
Қор үшін опцион бойынша міндеттемелердің әділ құны сатып алынған инвестициялар құнының бір бөлігі ретінде танылады. Кейіннен қаржылық міндеттеме БЕХС 39 "Қаржы құралдары: тану және бағалау" талаптарына сәйкес бағаланады. Қаржылық міндеттеменің әділ құнындағы өзгерістер, сондай-ақ осы опциондарды іске асырумен байланысты кез келген кірістер немесе шығыстар жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есепте ескеріледі.
Сауда және өзге де кредиторлық берешек
Сауда және өзге де кредиторлық берешек жөніндегі міндеттемелер Топқа шоттардың берілген-берілмегендігіне қарамастан алынған тауарлар мен қызметтер үшін болашақта төленуге тиіс соманың әділ құны болып табылатын бастапқы құн бойынша ескеріледі.
Қаржы активтері мен міндеттемелерін тануды тоқтату
Қаржы активтері
Қаржы активтері (немесе, қолданылуына қарай – қаржы активінің бөлігі немесе ұқсас қаржы активтері тобының бөлігі), егер:
* активтен ақша ағындарын алу құқығының қолданылу мерзімі аяқталса;
* Топ активтен ақша ағындарын алу құқығын сақтаса, бірақ қайта бөлу туралы келісімге сәйкес үшінші тарапқа елеулі кешігусіз оларды толығымен беру міндеттемесін қабылдаса; немесе
* Топ өзінің активтен ақша ағындарын алуға арналған құқықтарын берсе және не (а) активтен барлық елеулі тәуекелдер мен сыйақы берсе, не (б) бермесе, бірақ активтен барлық елеулі тәуекелдер мен сыйақыларды өзінде сақтаса, алайда активтерге бақылауды берсе бухгалтерлік теңгерімде ескерілуін тоқтатады.
Қаржылық міндеттемелер
Егер міндеттеме өтелсе, күші жойылса, немесе оның қолданылу мерзімі аяқталса, қаржылық міндеттеме бухгалтерлік теңгерімде танылуын тоқтатады.
Қаржы құралдарын өзара есепке алу
Қаржы активтері мен қаржылық міндеттемелер өзара есепке алуға, ал нетто-сома:
* қазіргі сәтте жүзеге асырылатын танылған сомаларды өзара есепке алуға арналған заңды құқық болған кезде;
* нетто-негізде есеп жүргізу, не активтерді сату және осымен бір мезгілде міндеттемелерді өтеу ниеті болған кезде ғана шоғырландырылған қаржылық теңгерімде көрсетілуге жатады.
Қаржы құралдарының әділ құны
Олармен сауда әрбір есепті күні белсенді нарықтарда жүзеге асырылатын қаржы құралдарының әділ құны мәміле бойынша шығындар шегерілместен нарықтық баға белгіленімдері немесе дилерлердің баға белгіленімдері (ұзын позициялар үшін сатып алуға арналған баға белгіленімдері және қысқа позицияларды сатуға арналған баға белгіленімдері) негізге алынып анықталады.
Олармен сауда белсенді нарықта жүзеге асырылмайтын қаржы құралдары үшін әділ құн тиісті бағалау әдістемелерін қолдану жолымен анықталады. Мұндай әдістемелер мыналарды қамтуы мүмкін:
* жақында коммерциялық негізде жүргізілген мәмілелердің бағаларын пайдалану;
* ұқсас құралдардың ағымдағы әділ құнын пайдалану;
* дисконтталған ақша ағындарын талдау, не бағалаудың басқа да үлгілері.
Қаржы құралдарының әділ құнын талдау және оны анықтаудың әдістері туралы қосымша ақпарат 39-ескертпеде келтіріледі.
Жалдау
Операциялық жалдау
Жалдау объектісіне меншік құқығына байланысты тәуекелдер мен пайданы жалға алушы іс жүзінде сақтаған кезде мүлікті жалдау операциялық жалдау ретінде жіктеледі. Операциялық жалдау шарты бойынша төлемдер жалдау мерзімі ішінде жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есепте шығыстарға тепе-тең есептен шығарылады.
Қаржылық жалдау
Топ жалданған мүліктің әділ құнына тең сомада немесе егер бұл сома әділ құннан төмен болса, ең төменгі жалдау төлемдерінің ағымдағы құны бойынша жалдау мерзімі басталған күнгі шоғырландырылған бухгалтерлік теңгерімде активтер мен міндеттемелердің құрамында қаржылық жалдау шарттарын таниды. Дисконттау коэффициенті ретінде ең төменгі жалдау төлемдерінің ағымдағы құнын есептеу кезінде, егер мұндай ставканы анықтау мүмкін болып табылса, жалдау шарты бойынша пайыздың ішкі ставкасы пайдаланылады. Өзге де жағдайларда, Топтың қарыз қаражаты бойынша өспелі ставка пайдаланылады. Бастапқы төте шығындар актив құрамында ескеріледі.
Жалдау төлемдері міндеттемелерді қаржыландыру және өтеу бойынша шығыстар арасында бөлінеді. Қаржыландыру бойынша шығыстар жалдау мерзімі ішінде әрбір есепті кезеңге міндеттемелердің қалдығына есептелетін тұрақты мерзімді пайыз ставкасы бойынша шығыстарды көрсетуді қамтамасыз ететіндей түрде есепті кезеңдерге жатқызылады.
Қаржылық жалдау активке қатысты амортизация бойынша шығыстың ұлғаюына, сондай-ақ әрбір есепті кезеңге қаржылық шығыстарға әкеледі. Жалға алынатын активке қатысты амортизация саясаты меншік активтерді амортизациялау жөніндегі саясатқа сәйкес келеді.
Резервтер
Активтің істен шығуы (пайдаланудан шығару) бойынша міндеттеме
Пайдаланудан шығаруға резервтер Топтың жабдықты немесе тетікті демонтаждау және көшіру бойынша және жабдық болған учаскені қалпына келтіру бойынша міндеттемесі болғанда, сондай-ақ мұндай резервке пайымды бағалауды жүзеге асыру мүмкін болғанда дисконттау негізінде толық көлемде танылады.
Танылған сома жергілікті шарттар мен талаптарға сәйкес анықталған бағаланған болашақ шығыстардың ағымдағы құнын білдіреді. Сондай-ақ сомасы резервтің мөлшеріне балама тиісті негізгі құрал құрылады. Соның салдарынан, осы актив өндірістік әдіс негізінде өндірістік құралдар және тасымалдау құралдары бойынша күрделі шығындар шеңберінде амортизацияланады.
Міндеттемелерді өтеу үшін қажетті экономикалық пайда негізінде жататын есепті мерзімдегі немесе ресурстардың қайту сомасындағы өзгерістердің нәтижесі болып табылған пайдаланудан шығару жөніндегі қазіргі резервті бағалаудағы өзгерістер, немесе дисконттау ставкасындағы өзгеріс мынадай түрде ескеріледі, соның салдарынан:
(a) резервтегі өзгерістер ағымдағы кезеңге тиісті актив құнына қосылады немесе шегеріледі;
(б) актив құнынан шегерілген сома оның теңгерім құнынан асып кетпеуі қажет. Егер резервтегі кему активтің теңгерім құнынан асып кетсе, онда асып кету кірістер мен шығыстар туралы есептерде дереу танылады; және
(в) егер активтің құны ұлғаюға әкелсе, Топ активтің жаңа теңгерім құны толығымен өтелмейтіні осы көрсеткіш болып табылатындығын қарастырады. Егер бұл осындай көрсеткіш болып табылса, Топ оның өтелетін құнын бағалау арқылы құнсыздануға активті тестілеуді жүзеге асырады және 36 БЕХС сәйкес құнсыздану бойынша кез келген шығынды ескереді.
Банк аккредивтері мен кепілдіктеріне резерв
Әдеттегі қызметін жүзеге асыру кезінде Топ аккредиттер, кепілдіктер және акцепттер нысанында қаржылық кепілдіктер береді. Қаржы кепілдіктері шарттары алынған комиссия мөлшерінде "Өзге де міндеттемелер" бабы бойынша әділ құн бойынша бастапқыда қаржы есептілігінде танылады. Бастапқы танылғаннан кейін Топтың кепілдіктің әрбір шарты бойынша міндеттемесі екі шаманың ең көбі бойынша бағаланады: амортизациялық комиссия сомасы немесе кепілдік бойынша туындайтын қаржылық міндеттемені реттеу үшін қажетті шығындардың ең жақсы бағасы.
Қаржы кепілдігі шарттарына байланысты міндеттеменің ұлғаюы пайда және шығындар туралы есепте ескеріледі. Алынған комиссия кепілдік шарты әрекетінің мерзімі ішінде желілік негізде пайда мен шығындарда танылады.
Өзге де резервтер
Резервтер Топтың өткен шақта болған оқиғалардың нәтижесінде ағымдағы (құқықтық немесе іс-тәжірибеден туындаған) міндеттемесі болса, сондай-ақ міндеттемелерді өтеу үшін экономикалық пайдаларға байланысты қаражат ағыны болатын ықтималдық болғанда және осы міндеттеменің тиісті дұрыс бағасы жүргізілгенде қаржы есептілігінде көрсетіледі. Егер Топ резервтің өтелгенін күтсе, мысалы, сақтандыру шарты бойынша, өтеу жеке актив ретінде көрінеді, бірақ өтеу ықтимал болғанда ғана.
Егер ақша қаражатының уақытша құнының әсері мәнді болып табылса, резервтер ақша қаражатының уақытша құнының ағымдағы нарықтық бағасын көрсететін және онда міндеттемеге тән тәуекелдер орынды салықтарды төлегенге дейін ставка бойынша ақша қаражатының күтілетін болашақ қозғалысын дисконттау арқылы есептеледі. Дисконттауды пайдалану кезінде резервтің ұлғаюы уақыттың өтуі салдарынан қаржылық шығындар ретінде танылады.
Қызметкерлерге сыйақы
Белгіленген жарналармен зейнетақы жоспары
Топ аударымдар ретінде өзінің қызметкерлерінің жалақысынан 10% олардың зейнетақы қорларына ұстайды. Заңнамаға сәйкес қызметкерлер өздерінің зейнетақы төлемдеріне өздері жауапкершілікте болады және Топтың қызметкерлер зейнеткерлікке шыққаннан кейін оларға төлемдер бойынша ағымдағы және болашақтағы міндеттемелері болмайды.
Әлеуметтік салық
Топ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әлеуметтік салық төлейді. Әлеуметтік салық есептеуге қарай шығыстарға жатады.
Төлемдердің белгіленген мөлшерімен зейнетақы жоспары
Ұжымдық шартқа сәйкес Топ өздерінің қызметкерлеріне еңбек қызметін аяқтағанда ("Төлемдердің белгіленген мөлшерімен зейнетақы жоспары") белгілі бір сыйақы төлейді.
Топ олар анықталған сол кезеңде қызметкерлерге сыйақы төлеу бойынша міндеттемелерді қайта бағалаудан туындаған актуарлық кірістер мен шығындарды таниды және 19 "Қызметкерлерге сыйақы" БЕХС-да анықталған бағаға сәйкес сыйақы бойынша шығыстарды және міндеттемені таниды.
Төлемдердің белгіленген мөлшерімен зейнетақы жоспарына сәйкес міндеттемелер және сыйақы бойынша шығыстар болжамдалған шартты бірлік әдісі көмегімен анықталады. Бұл әдіс сыйақы алуға құқықтың қосымша бірлігінен асатын ретінде әрбір жұмыс істелген жылды қарастырады және жиынтық міндеттемені көрсету үшін әрбір бірлікті бөлек өлшейді. Сыйақылар беру бойынша шығыстар Төлемдердің белгіленген мөлшерімен зейнетақы жоспары бойынша сыйақы формуласына сәйкес қызметкерлердің жұмыс өтілі ішінде жиынтық сыйақыны бөлу үшін кірістер мен шығыстар туралы шоғырландырылған есепте көрсетіледі. Бұл міндеттеме валюта мен талап Төлемдердің белгіленген мөлшерімен зейнетақы жоспары бойынша міндеттемелердің валютасымен және бағаланған талаптарымен салыстырмалы мемлекеттік облигациялар бойынша сыйақы ставкасына ұқсас дисконт ставкасын қолдана отырып, болашақтағы есеп айырысу ақша қозғалысының ағымдағы құны бойынша өлшенеді.
Төлемдердің белгіленген мөлшерімен зейнетақы жоспары қаржыландырылмайтын болып табылады.
Капитал
Жарғылық капитал
Жай акциялар капитал ретінде жіктеледі. Ұйымдарды біріктіру жағдайларынан басқа, жаңа акциялар шығаруға қатысты тікелей сыртқы шығындар капитал түсімдері сомасынан шегерім ретінде көрсетілген. Шығарылған акциялардың атаулы құнынан алынған қаражаттың әділ құнының кез келген асып түсуі бөлінбеген кірістің ұлғаюы ретінде танылады.
Бақыланбайтын қатысу үлесі
Бақыланбайтын қатысу үлесі шоғырландырылған бухгалтерлік теңгерімде Қордың акционеріне жататын капиталдан жеке меншікті капиталдың құрамында ұсынылады. Еншілес компанияның шығындары егер тіпті бұл теріс сальдоға әкеліп соқтырған жағдайда да бақыланбайтын қатысу үлесіне жатады.
Дивидендтер
Дивидендтер міндеттемелер ретінде танылады және есепті күнді қоса алғанға дейін жарияланған жағдайда ғана есепті күнгі капитал сомасынан шегеріледі. Дивидендтер туралы ақпарат, егер олар есепті күнге дейін ұсынылса, сондай-ақ есепті күннен кейін, бірақ шығаруға шоғырландырылған қаржылық есептілікті бекіткен күнге дейін ұсынылса немесе жарияланса, есептілікте ашып көрсетіледі.
Акцияларға негізделген төлемдер
Топ қызметкерлері үлестік құралдар жөніндегі операцияларға негізделген төлемдер нысанында сыйақы алады. Қызметкерлер өздері жұмыс істейтін еншілес ұйымның үлестік құралдарымен сыйақы алатын қызметтерді ұсынады ("олар бойынша үлестік құралдармен жүзеге асырылатын мәмілелер, есептер").
Олар бойынша есеп үлестік құралдармен жүзеге асырылатын қызметкерлермен жасалған мәмілелердің құны олар берілген күнгі осындай құралдардың әділ құны негізге алына отырып, бағаланады. Әділ құн тиісті бағалау моделінің көмегімен айқындалады.
Үлестік құралдар негізіндегі төлемдер бойынша операциялар бойынша шығыстар онда қызмет нәтижелеріне қол жеткізу шарттары және/немесе белгілі бір мерзімнің еңбек сіңіру шарттары орындалатын кезеңнің ішінде өзге капитал бойынша резервтерде тиісті ұлғаюмен бір мезгілде танылады және қызметкерлер сыйақыға арналған толық құқықтарды алған кездегі күні аяқталады (сыйақы алуға құқықтың көшкен күні). Бұл мәмілелер бойынша жиынтық шығыстар сыйақы ретінде берілетін үлестік құралдар санына қатысты Топтың оңтайлы бағалауының негізінде аяқталған мерзімге теңбе тең міндеттемелер өтелгенге дейінгі әрбір есепті күні танылады. Кезең ішіндегі пайда және шығындар туралы есепте шығыс немесе кіріс кезеңнің басында немесе аяғында танылған жиынтық шығыстың өзгерісін білдіреді.
Оған арналған құқық қызметкерлерге түпкілікті өтетін үлестік құралдармен сыйақы бойынша шығыс танылмайды.
Егер үлестік құралдармен төленетін сыйақының шарттары өзгерсе, шығыс ең төменгі ретінде, егер шарттар өзгермегендей мөлшерде танылады. Бұдан басқа, өзгеріс жөніндегі қосымша шығыс танылады, ол сыйақының жалпы әділ құнын осындай өзгеріс күнінде жүргізілген бағаға сәйкес үлестік құралдармен немесе қызметкер үшін өзге түрде тиімді құралдармен ұлғайтады.
Егер үлестік құралдармен төленетін сыйақының күші жойылса, ол оған арналған құқық күші жойылған күнге өткендегідей болып ескеріледі. Бұл ретте әлі танылмаған шығыстар жедел түрде танылады. Алайда, егер күші жойылған сыйақы жаңа сыйақымен ауыстырылса, және жаңа сыйақы ол ұсынылған күнгі күші жойылған сыйақының орнын толтырған ретінде қарастырылса, күші жойылған және жаңа сыйақы, алдыңғы абзацта сипатталғандай, бастапқы сыйақының өзгерісі жүргізілгендей болып ескеріледі.
Түсімді тану
Егер Топ экономикалық пайда алады деген мүмкіндік бар болса, және егер түсімнің сенімді бағалануы мүмкін болса, түсім танылады.
Тауарларды сату
Шикі мұнайды, мұнай өнімдерін, газды, уран өнімдері менбасқа да тауарларды сатудан түскен кірістер тауарды жеткізу жүргізілгенде және тәуекел мен меншік құқығы сатып алушыға берілгенде танылады.
Қызметтер көрсету
Қызметтер көрсетуден түсетін кірістер қызметтер көрсетілген сәтте танылады.
Тасымалдауға жататын қызметтерге қатысты, аяқталу дәрежесі мен кірістің сомасның жеткілікті түрде дәл анықталуы шартымен шоғырландырылған бухгалтерлік теңгерім күнінде тасымалдаудың аяқталу дәрежесі бойынша танылады. Әлі көрсетілмеген көлік қызметтері үшін тапсырыс берушілерден алынған алдын ала төлем сомалары алу сәтінде тапсырыс берушілерден алынған аванстар құрамында көрсетіледі. Көрсетіліп қойған қызметтерден түсетін күтілетін есепті кіріске шамамен алғанда тең болатын тапсырыс берушілерден алынған аванстар шоғырландырылған бухгалтерлік теңгерімдегі өзге де ағымдағы міндеттемелердің құрамындағы болашақтағы кезеңнің кірістеріне көшіріледі. Болашақтағы кезеңдердің кірістері қызметтердің көрсетілуіне қарай кірістерге жатады.
Клиенттердің әділдігі бағдарламасы бойынша сатып алушылар қосымша балл алатын авиабилеттерді сату көрсетілген қызметтер мен болжанатын награда арасындағыға жатқызылған олардың әділ құны бойынша кіріс операцияларының көп элементі ретінде ескеріледі. Болжанатын награда әділ құн – осы награданы бөлек сатудың құны бойынша бағаланады. Бұл бағалау тауарды сату/қызметтер көрсету сәтіндегі кіріс болып танылмайды, болашақ кезеңнің кірісі ретінде көрсетіледі, және аталған награда пайдаланылғанда және Топтың міндеттемелері толығымен орындалғанда кіріс болып танылады.
Тарифтер белгілеу
Топтың бірқатар еншілес ұйымдары Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (бұдан әрі мәтін бойынша "ТМРА") тарапынан реттеу объектілері болып табылады. ТМРА тарифтерді және тариф ставкаларын есептеу әдістемелерін бекітуге жауап береді, олардың негізінде еншілес ұйымдар өз кірістерінің айтарлықтай бөлігін алады.
Мемлекеттік субсидиялар
Қазақстан Республикасының Үкіметі Компанияның жалғыз акционері болып табылатындығына байланысты Топ Үкімет қандай жағдайларда басты негізде акционер ретінде әрекет ететіндігін бағалай отырып, Үкіметпен барлық транзакцияларды талдайды. Егер нақты транзакция кезінде Үкіметтің акционер ретінде әрекет ететіндігі белгіленсе, Топтың мұндай транзакцияның нәтижесінде көтерген кез келген пайдасы немесе шығындары тікелей капиталда жарна ретінде немесе акционердің капиталын бөлу деп танылады.
Егер Үкіметтің ерекшелік транзакциясы акционер ретіндегі әрекет ретінде белгіленбесе, мұндай транзакциялар БЕХС 20 "Мемлекеттік субсидияларды есепке алу және мемлекеттік көмек туралы ақпаратты ашу" ережелеріне сәйкес ескеріледі. Мұндай жағдайларда мемлекеттік субсидиялар субсидиялардың алынатындығы және онымен байланысты барлық қажетті жағдайлардың орындалатындығына ақылға қонымды сенімділік болған кезде олардың әділ құны бойынша танылады. Егер субсидия шығыс бабына жатқызылатын жағдайда, ол жүйелі негізде өтемақы төлеуге тиіс тиісті шығыстармен сәйкес келуі үшін қажетті кезең ішіндегі кіріс ретінде танылады. Субсидия активке жататын кезде әділ құн кейінге қалдырылған кіріс есебіне кредиттеледі және тиісті активтің пайдалы қызмет етуінің күтілетін кезеңі ішінде пайда және шығындар туралы есепте тең жыл сайынғы бөліктермен көрсетіледі. Кіріске жататын субсидиялар пайда және шығындар туралы шоғырландырылған есепте операциялық қызметтен түсетін кірістердің құрамында жеке ұсынылған.
Шығыстарды тану
Шығыстар пайда болу шамасына қарай танылады және олар есептеу әдісінің негізіне жатқызылған сол кезеңде шоғырландырылған қаржылық есептілікте көрсетіледі.
Табыс салығы
Бір жылға табыс салығы ағымдағы және кейінге қалдырылған салықты қамтиды. Табыс салығы өзге жиынтық кірісте немесе капиталда көрсетілетін баптарға жататын соманы қоспағанда, пайдада және шығындарда көрсетіледі, бұл жағдайда, ол тиісінше өзге жиынтық кірісте немесе капиталда танылады. Салық бойынша ағымдағы шығыстар бұл – бір жылға салық салынатын кіріс бойынша төлеуге күтілетін салық және өткен жылдарға қатысты төлеуге салыққа қатысты кез келген түзетулер.
Үстеме пайдаға салынатын салық табыс салығы ретінде қаралады және табыс салығы бойынша шығыстардың бөлігін құрайды. Жер қойнауын пайдалануға келісім-шарттарға сәйкес Топ белгілі бір мәндерден асатын пайданың ішкі нормасы кезінде жер қойнауын пайдалануға қолданылатын келісім-шартқа сәйкес белгілі бір шегерімдер сомасына түзетуге жататын салық салудан кейін пайда сомасынан көрсетілген ставка бойынша үстеме пайдаға салық есептейді және төлейді.
Пайданың ішкі нормасы жер қойнауын пайдалануға әрбір келісім-шарт бойынша ақша ағындарының негізінде есептеледі және инфляцияның ұлттық деңгейіне түзетіледі. Кейінге қалдырылған салық корпоративтік табыс салығына да және үстеме пайдаға салық үшін де есептеледі. Үстеме пайдаға салынатын кейінге қалдырылған салық келісім-шарт бойынша төлеуге тиісті үстеме пайдаға салықтың күтілетін ставкасы бойынша жер қойнауын пайдалануға келісім-шарттарға жатқызылған активтер үшін уақытша айырмалар бойынша есептеледі.
Кейінге қалдырылған салық қаржылық есептілік мақсаты үшін активтер мен міндеттемелердің теңгерім құны мен салық салу мақсаты үшін пайдаланылған сома арасындағы уақытша айырмалар бойынша теңгерім бойынша міндеттемелер әдісі бойынша ескеріледі. Мына уақытша айырмалар танылмайды:
* компанияларды біріктіру болып табылмайтын мәміледе активті немесе міндеттемені бастапқы тану және мәміле сәтінде бухгалтерлік кіріске де, салық салынатын кіріске немесе шығынға да әсер етпейді; және
* еншілес ұйымдарға, қауымдасқан компанияларға инвестициялармен, сондай-ақ бірлескен қызметке қатысу үлестерімен байланысты салық салынатын уақытша айырмаларға қатысты, егер уақыт айырмасын азайту уақытындағы бөлуді бақылау мүмкін болса, уақытша айырма болашақта азаймайтындығының айтарлықтай ықтималдығы бар.
Табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған активтер мен міндеттемелер қолданылған немесе бухгалтерлік теңгерім жасаған күні іс жүзінде қолданысқа енгізілген салық ставкаларын (және салық заңнамаларын) негізге ала отырып, актив алынған немесе міндеттеме төленген кезеңге қолданылатын салық ставкалары бойынша есептеледі.
Кейінге қалдырылған салық активі актив өткізілуі мүмкін шотқа салық салынатын пайданы алу ықтималдығы бар сол көлемде ғана танылады. Табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған тиісті салық жеңілдігін өткізуден артық ықтималдық жоқ сол көлемде кемітіледі.
Қосылған құн салығы (ҚҚС)
Салық органдары нетто негізде сату мен сатып алу бойынша ҚҚС өтеуді жүргізуге мүмкіндік береді. Өтеуге ҚҚС ішкі нарықта сату бойынша ҚҚС шегерілген ішкі нарықта сатып алу бойынша ҚҚС-ны білдіреді. Экспортқа сатудың нөлдік ставкасы бар.
Байланысты тараптар
Байланысты тараптар Топтың акционерлерін, негізгі басқарушы персоналды, қауымдасқан ұйымдарды және дауыс беретін акциялардың біршама үлесі тікелей немесе жанама Топтың акционерлеріне немесе негізгі басқарушы персоналына тиесілі ұйымды қамтиды.
Шартты міндеттемелер және шартты активтер
Шартты міндеттемелер шоғырландырылған қаржылық есептілікте танылмайды. Мұндай міндеттемелер туралы деректер экономикалық пайдаларды құрайтын ресурстар ағынының ықтималдығы аз болып табылған жағдайды қоспағанда, шоғырландырылған қаржылық есептілікке ескертпелерде (40-ескертпе) ашылады.
Шартты активтер шоғырландырылған қаржылық есептілікте көрсетілмейді. Егер мұндай активтерге байланысты экономикалық пайдаларды алудың жеткілікті ықтималдығы болған жағдайда, көрсетілген активтер туралы деректер ескертпелерде ашылады.
Кейінгі оқиғалар
Есепті жыл аяқталғанда болған және есепті күнгі Топтың қаржылық жағдайы туралы қосымша ақпараты бар оқиғалар (түзетуші оқиғалар) шоғырландырылған қаржылық есептілікте көрсетіледі. Есепті жыл аяқталғанда болған және түзетуші оқиғалар болып табылмайтын оқиғалар, егер олар мәнді болса, шоғырландырылған қаржылық есептілікке ескертпелерде ашылады.
4. МАҢЫЗДЫ БУХГАЛТЕРЛІК БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ПАЙЫМДАУ
ҚЕХС-ға сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілікті дайындау көрсетілген актив есептілігіне, міндеттемелер мен шартты активтерге және шоғырландырылған қаржылық есептілікті дайындаған күнгі міндеттемелерге әсер ететін бағалар мен жол берулерді, сондай-ақ есептілікте көрсетілген активтерді, міндеттемелерді, кірістерді, шығыстарды және шартты активтер мен есепті кезең ішіндегі міндеттемелерді пайдалануды Топ басшылығының пайдалануын талап етеді. Нақты нәтижелер осы субъективті бағалаулардан ерекшеленуі мүмкін.
Есепті күнге бағаның айқындалмауының болашаққа және өзге де негізгі көздерге қатысты және келесі есепті жыл ішіндегі активтер мен міндеттемелердің теңгерім құнына біршама түзету енгізу қажеттігінен пайда болған елеулі тәуекелді көтеретін негізгі болжамдары төменде қарастырылады:
Мұнай мен газдың қорлары
Мұнай мен газдың қорларын бағалау тозу, ескіру және амортизация бойынша Топтың есеп айырысуында маңызды фактор болып табылады. Топ Қоғамның мұнай-газ инженерлерінің әдістемесіне сәйкес өзінің мұнай мен газ қорларын бағалайды. Қоғамның мұнай-газ инженерлерінің әдістемесі бойынша қорларды бағалау кезінде Топ кен орындарын өңдеуге қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдау үшін басшылық та қолданатын ұзақ мерзімді жоспарлық бағаны пайдаланады. Дәлелденген қорларды бағалау үшін жоспарлық бағаларды пайдалану жыл аяғына іркілу бағасын пайдалануға тән тұрақсыздықтың әсерін жояды. Басшылық ұзақ мерзімді жоспарлы бағалар бойынша болжам өнім өндіру бойынша қызметтің ұзақ мерзімді сипатына көбірек сәйкес келеді және мұнай мен газ қорларын бағалау үшін неғұрлым қолайлы негізді береді деп санайды.
Қорлардың барлық бағалау айқындалмаудың кейбір деңгейін білдіреді. Айқындалмаушылық негізінен мұнай деректерді бағалау және түсіндіру сәтінде қол жетімді сенімді геологиялық және инженерлік деректердің көлеміне байланысты.
Айқындалмаушылықтың салыстырмалы деңгейі екі негізгі санаттың біріне қорларды жатқызу арқылы көрсетілуі мүмкін: дәлелденген немесе дәлелденбеген қорлар. Дәлелденбеген қорлармен салыстырғанда дәлелденген қорларды тартуға үлкен айқындылық бар және дәлелденген қорлар оларды тарту мүмкіндігіне қатысты прогрессивті түрде өсіп келе жатқан айқындылықтың болмауын көрсету үшін өңделген және өңделмеген қорларға бұдан әрі бөлінуі мүмкін. Жыл сайын баға талданады және түзетіледі. Түзетулер қолда бар геологиялық деректерді, кәсіпшілік өлшемдерін немесе өнім туралы деректерді; жаңа деректердің болуын; немесе бағалар бойынша болжамдарға өзгерістерді бағалау немесе қайта бағалау салдарынан пайда болады. Қорларды бағалау қайтарымды арттыруға арналған жобалардың қолданылу, пласттың өнімділігіне өзгерістер немесе өңдеу стратегиясына өзгерістер салдарынан қайта қаралауы мүмкін. Дәлелденген қорлар тозуды, ескіруді және амортизацияны есептеу үшін орындалған жұмыстың көлеміне үйлесімді амортизация ставкасын есептеуге пайдаланылады. Топ бастапқы лицензиялық кезең ішінде өндірілетін болады деп күтілетін ретінде осындай көлемді ғана дәлелденген қорларға қосты.
Бұл ұзарту бойынша рәсім нәтижесіне жатқызылатын айқындылықтың болмауынан пайда болды, өйткені лицензияларды ұзарту ең соңында Үкіметтің қарауы бойынша жүзеге асырылады. Топтың лицензиялық кезеңдерін ұзарту және қорлардың көрсетілген қорларын тиісінше ұлғайту, әдетте, тозу бойынша неғұрлым төменгі шығысқа әкеледі және кірістерге біршама әсер етуі мүмкін. Дәлелденген өңделген қорлардағы кему тозуға, ескіруге және амортизацияға (өндірудің тұрақты деңгейі кезінде) аударымдардың ұлғаюына, кірістің кемуіне әкеледі және мүліктің теңгерім құнында тікелей кемуге де әкелуі мүмкін. Салыстырмалы түрде пайдаланылатын кен орындарының саны болған кезде өткен жылмен салыстырғанда қорларды бағалауға кез келген өзгерістер тозуға, ескіруге және амортизацияға аударымдарға біршама әсер етуі мүмкіндігі болады.
Уран қорлары
Уран қорлары активтердің өтелетін құнын бағалау үшін және тозу және амортизация бойынша аударымдарды айқындау үшін пайдаланылатын Қор ақша қаражатының болжанатын қозғалысын бағалаудың негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Уран қорларының сомасын бағалау кезінде геологиялық және барлау деректерін интерпретациялау және барланған (дәлелденген) қорлар мен бағаланған (ықтимал) қорларды айқындау үшін Қазақстан Республикасының минералдық қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясы анықтаған (ҚМК) есептеу әдістемесінің негізінде қорларды бағалауды жүргізетін геолог-мамандардан Топ есептер алады. Қорларды бағалау сараптамалық бағалауларға және тәжірибеге негізделген. Қорларды бағалау кейбір белгісіздік дәрежесін қамтиды. Белгісіздік негізінен сенімді геологиялық және техникалық ақпараттың толықтығымен байланысты. Бұдан басқа, қорлардың болуы барлық қорлар экономикалық тұрғыдан тиімді негізде алынуы мүмкін дегенді білдірмейді. Қорлардың бағалары жыл сайынғы негізде талданады және түзетіледі. Өндірілуі жоспарланатын уранның мөлшері өндіруді ұлғайту жөніндегі жобаларды жүзеге асыру, өндірістік қуаттағы өзгерістер немесе әзірлеу стратегиясындағы өзгерістер нәтижесінде қайта қаралуы мүмкін. Қорларды өткен жылмен салыстырып бағалаудағы кез келген өзгерістер тозуға, сарқылуға және амортизацияға шығаруға елеулі әсер етуі мүмкін.
Қаржылық емес активтердің құнсыздануы
Егер ақша ағындарын шоғырландыратын активтің немесе бөлімшенің теңгерімдік құны мынадай шамалардың: сатуға арналған шығындар шегерілген әділ құнның және пайдаланудан болатын құндылықтың бірінің ең көбі болып табылатын оның өтелетін құнынан асса құнсыздану орын алады. Сатуға жұмсалған шығындарды шегергендегі әділ құнның есебі ұқсас активтерді сатудың міндетті күші бар коммерциялық мәмілелері бойынша қолда бар ақпаратқа немесе активтің шығарылуына байланысты шегілген қосымша шығындарды шегергенде қадағаланатын нарықтық бағаға негізделеді. Пайдаланудан болатын құндылықтың есебі дисконтталған ақша ағындарының үлгілеріне негізделген. Ақша ағындары бюджеттен келесі 5 (бес) жылға алынады және өзіне ақша ағындарын шоғырландыратын құнсыздану мәніне тексерілетін бөлімше активтерінің нәтижелерін жақсартатын оны жүргізу бойынша Топта әлі міндеттеме немесе болашақтағы елеулі инвестициялар жоқ қайта құрылымдау жөніндегі қызметті қамтиды. Өтелетін құн дисконтталған ақша ағындарының үлгілеріне пайдаланылатын дисконттау ставкасына, сондай-ақ ақша қаражатының күтілетін ағындарына және экстраполяция мақсатында пайдаланылған өсу қарқындарына барынша сезімтал.
Әрбір есепті кезеңде Топ құнсыздану индикаторларының болуын анықтау үшін генерациялайтын ақша қаражатын ("генерациялайтын бірлік") әрбір активті немесе активтердің тобын бағалайды. Егер осындай индикатор болса, сату шығыстарын және пайдалану құнын шегергендегі әділ құнның ең жоғары мәні ретінде қарастырылатын өтелетін құнды тиісті бағалау жүргізіледі. Бұл есептер мұнайдың ұзақ мерзімді бағасы (ағымдағы және тарихи бағаларды, бағалар өзгерістеріндегі үрдістерді және ілеспе факторларды ескере отырып), дисконт ставкалары, операциялық шығындар, болашақтағы капиталға қажеттілік, пайдаланудан шығаруға жұмсалған шығындар және пайдалану сипаттамалары, резервтер және операциялық қызмет (ол өндіру және сату көлемдерін қамтиды) сияқты бағалаулар мен жол берімдерді пайдалануды қамтиды.
Осы бағалаулар мен жол берілімдер тәуекелдер мен белгісіздіктерге ұшырағыш. Осылайша мән-жайдағы өзгерістер осы болжамдарға әсер етеді деген ықтималдық бар, бұл активтердің өтелетін құнына және/немесе генерациялайтын бірлікке әсер етуі мүмкін. Әділ құн хабарланған және осындай мәмілені жасауға дайын тараптардың арасындағы мәміледе нарықтық жағдайларда активті және/немесе генерациялайтын бірлікті сатудан алынуы мүмкін сома ретінде айқындалады. Мұнай-газ активтерінің әділ құны әдетте активтерді ұзақ уақыт пайдаланудан туындайтын болашақтағы есептік ақша ағындарының ағымдағы құны ретінде айқындалады, ол болашақтағы кеңею жоспарларының құны және ықтимал шығу, нарықтың тәуелсіз қатысушысы назарға алуы мүмкін жол берімдерді пайдалану сияқты бағалауларды қамтиды. Болашақтағы ақша ағындары дисконттау ставкасы бойынша келтірілген құнға дейін дисконтталады, ол ставка ақша мен активке тән тәуекелдердің уақытша құнының ағымдағы нарықтық бағасын көрсетеді.
Барлау және бағалау жөніндегі активтер қайта өңдеу жөніндегі материалдық және материалдық емес активтерге ауыстыру сәтінде немесе құнсыздану индикаторлары болған кезде құнсызданудың болуы мәніне тестіленеді.
2013 жылы Топ жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есепте негізгі құралдардың құнсыздануынан болатын шығынды 67.179 миллион теңге (2012: 86.143 миллион теңге) сомасында таныды, ол негізінен "Өзенмұнайгаз" АҚ ұзақ активтерінің құнсыздануына жатады (7-ескертпе).
Топтың басшылығы құнсыздану индикаторларының болуына байланысты "Өзенмұнайгаз" АҚ ("ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (бұдан әрі - "ҚМГ ҰК") еншілес ұйымы) активтерінің өтелетін құнына бағалау жүргізді. Құнсызданудың негізгі индикаторлары соңғы екі жылдың ішінде жоспарланған көлемдермен салыстырғанда өндіріс көлемдерінің елеулі түрде азаюы және ұлғайып отырған операциялық және күрделі шығындар болып табылады. Бағалау нәтижелері ӨМГ активтерінің ағымдағы құнының өтелетін бағалық құнынан 75 миллиард теңгеге асатындығын көрсетті, бұл 2012 жылы құнсызданудан болатын шығынды тануға әкеп соқтырды (7-ескертпе). Өтелетін құнды бағалау дисконтталған ақша ағындарының әдісімен алынған Топ басшылығының әділ құнды бағалауына негізделді.
2013 жылғы сәуірде Топтың басшылығы ӨМГ ұзақ мерзімді активтерінің өтелетін құнының бағасын жаңартты және 2013 жылға арналған шоғырландырылған қаржылық есептілікте 56 миллиард теңгеге қосымша құнсыздануды таныды. Қосымша құнсыздану, бірінші кезекте, экспорттық кеден бажының бір тонна үшін 40 АҚШ долларынан 2013 жылғы 12 сәуірде болған бір тонна үшін 60 АҚШ долларына дейін ұлғаюына байланысты.
2013 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл үшін Топтың басшылығы ӨМГ ұзақ мерзімді активтерінің өтелетін құнына тағы бағалау жүргізді. Бағалау нәтижелері ӨМГ ұзақ мерзімді активтерінің теңгерімдік құны бағаланған өтелетін құннан айтарлықтай ерекшеленбейтінін көрсетті, және осылайша, басшылық бұрын есептелген құнсыздануды сторнираған жоқ және 2013 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл үшін құнсыздану бойынша қандай да бір қосымша сома есептемеді. Бағалау нәтижелері өндіру көлеміне, шикі мұнайды сату бағасына және теңгенің АҚШ долларына шаққандағы айырбастау бағамына жататын жол берілімдерге барынша сезімтал.
Өндірудің пайдаланылған бейіні аккредиттелген консалтингілік мұнай-газ тараптық компаниясының бағасына негізделген, және жуықтағы 5 (бес) жылдың ішінде өндіру өсімін 7% жеткізуді көздейді. Егер өндіру бейіні бағалау барысында пайдаланылғаннан 5% жоғары немесе төмен болса, ол құнсыздануды 65 миллиард теңгеден астамға азайтуға немесе тиісінше құнсыздануды 65 миллиард теңгеден астамға ұлғайтуға әкеп соқтырар еді. Егер де өндіру өзгермейді және 2013 жылдың деңгейінде қалады деп болжанса, онда бағаланған өтелетін құн 65 миллиард теңгеден астам азаяр еді.
Brent шикі мұнайының бағасы туралы қабылданған жол берілімдері тәуелсіз салалық зерттеу ұйымының мұнай бағасының орташа тарихи дисконтына түзетілген болжамдарымен үйлесімділіктегі нарықтық болжамдарға негізделеді. Егер Brent шикі мұнайының болжанатын бағасы бағалау барысында пайдаланылғаннан 5% жоғары немесе төмен болса, ол құнсыздануды 40 миллиард теңгеден астамға азайтуға немесе тиісінше құнсыздануды 45 миллиард теңгеден астамға ұлғайтуға әкеп соқтырар еді. Егер Brent шикі мұнайының болжанатын бағасы өзгермей бағалау сәтінде шикі мұнай бағасы болып табылатын бір баррель үшін 108,3 АҚШ доллары деңгейінде қалса, онда бұл бағаланған өтелетін құн 40 миллиард теңгеден астамға ұлғайтуға әкелер еді.
АҚШ долларында деноминирозацияланған мұнайдың сатылуын қайта есептеу үшін құнсыздануды бағалау күнінде бір АҚШ долларына 185 теңге айырбастау бағамы пайдаланылды. Бұл бағам доллар үшін плюс/минус
3 теңге айырмамен 185 теңге деңгейіндегі айырбастау бағамы жаңа валюта дәлізі қойылғаны туралы 2014 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі жариялаған мәлімдемеге негізделді. Егер теңгенің АҚШ долларына шаққандағы айырбастау бағамы бағалау барысында пайдаланылған 5% жоғары немесе төмен болса, бұл бағаланған өтелетін құнның 35 миллиард теңгеден астамға ұлғаюына немесе бағаланған өтелетін құнның 35 миллиард теңгеден астамға азаюына әкелер еді.
Болжанатын ақша ағындары 2021 жылы ӨМГ жер қойнауын пайдалану келісімшарт мерзімінің өту күнімен шектелді. 2018 жылға дейінгі шығындар бекітілген бюджеттің және бизнес жоспардың және 2014 жылғы ақпандағы теңге девальвациясынан кейін операциялық және күрделі шығындардағы ықтимал өзгерістер туралы басшылықтың ағымдағы бағасы негізінде енгізілді. Ақша ағындарының ауқымды бөлігі осы кезеңнен кейін басшылықтың бағалауды жүргізу кезінде қолында болған ең үздік деген бағалауына негізделген күрделі шығындарды қоспағанда, Қазақстанның болжанатын инфляция ставкасын қолдану жолымен болжанды. Бағалаудың мақсаттары үшін шығыстарды қысқарту мақсатында жер қойнауын пайдалану келісімшартының мерзімі өтуінің алдындағы соңғы жылдардағы операциялық және күрделі шығындарды басшылық айтарлықтай азайта алмайды деп болжанған болатын. Алынған барлық ақша ағындары салық салудан кейінгі капиалдың 13,09% мөлшеріндегі орташа құны ("WACC") пайдаланыла отырып, дисконтталды.
Басшылық "Өзенмұнайгаз" АҚ активтерінің құнсыздануы жөніндегі шығыстар іс жүзіндегі өндіру болашақтағы кезеңдерде құнсызданудың ағымдағы бағасында пайдаланылған болжамнан асқан жағдайда немесе шикі мұнай нарықтық бағасының елеулі ұлғаюының индикаторлары пайда болған кезде сторнирлануы мүмкін деп санайды.
Гудвилдің өтелімдігі
Rompetrol Group N.V., Downstream Romania, Dyneff
"Нефтепереработка" және "Downstream Romania" бөлімшелерінің өтелетін құны басшылық бел жыл кезеңге мақұлдаған қаржы жоспарларының дисконтталған ақша ағындары қолданыла отырып, пайдаланудан болған құндылық негізінде анықталды. 2013 жылғы ақша ағындары болжамына қолданылатын дисконттау ставкасы 9,7% тең (2012: 10,1%), ал осы бес жыл кезең ішіндегі ақша ағындары өсудің 1,5% ставкасы (2012: 1,5%) қолданыла отырып экстраполизацияланды, бұл осы өнеркәсіптегі ұзақ мерзімді өсудің орташа ставкасымен үйлеседі. Қалдық құнға арналған капиталдандыру ставкасы 8,2% (2012: 8,6%) құрайды.
Dyneff бөлімшесінің өтелетін құны басшылық бел жыл кезеңге мақұлдаған қаржы жоспарларының дисконтталған ақша ағындары қолданыла отырып, пайдаланудан болған құндылық негізінде анықталды.
2013 жылғы ақша ағындары болжамына қолданылатын дисконттау ставкасы 8% (2012: 6,6%) тең, ал осы бес жыл кезең ішіндегі ақша ағындары өсудің 1,5% ставкасы (2012: 1,5%) қолданыла отырып экстраполизацияланды, бұл осы өнеркәсіптегі ұзақ мерзімді өсудің орташа ставкасымен үйлеседі. Қалдық құнға арналған капиталдандыру ставкасы 6,5% (2012: 5,1%) құрайды.
"Нефтепереработка", "Downstream Romania" және "Dyneff" іске асыруға жұмсалатын шығындарды шегергенде әділ құнды есептеу кезінде қолданылатын негізгі жол берілімдер
Іске асыруға жұмсалатын шығындарды шегеріп пайдаланудан болатын құндылықтарды есептеу кезінде қолданылатын негізгі жол берілімдер мынадай түрде ұсынылады:
* Операциялық пайда;
* Дисконттау ставкалары;
* Жоспарлы кезеңнің шегінен тыс ақша ағындарын экстраполяциялау үшін пайдаланылған өсу қарқындары.
Операциялық пайда – ақша қаражатын жинақтайтын бөлімшелердің таза кірістеріне негізделетін операциялық пайда.
Дисконттау ставкалары – ақша ағындарын жинақтайтын әрбір бөлімшеге тән тәуекелдерді ағымдағы нарықтық бағалауын көрсетеді. Дисконттау ставкасы саладағы капиталдың орташа өлшемді құнын есептеу негізінде есептелген. Бұдан әрі осы ставка ақша ағындарын тудыратын бөлімшеге жатқызылған қандай да болмасын нақты тәуекелге нарықтың бағалауын көрсету үшін түзетілген, ол үшін болашақтағы болжамдар түзетілмеген
Өсу қарқынын бағалау – осы сала бойынша жарияланған зерттеулерге негізделген нормалар.
"Нефтепереработка", "Downstream Romania" және "Dyneff" жол берілімдеріндегі өзгерістерге сезімталдық
Басшылықтың пікірі бойынша, ақша ағындарын жинақтайтын бірліктер үшін құндылықтың бағасын пайдалануға қатысты жоғарыда көрсетілген негізгі жол берілімдердің кез келгеніндегі ешқандай қолайлы өзгеріс келесі абзацта ашылған жағдайлардан басқа бірліктің ағымдағы құнынан айтарлықтай артуды тудырмайды. 2013 жылғы 31 желтоқсанда ағымдағы үлгі бойынша рентабельділіктің шегі операциялық қызметтен түсетін пайда 67% азайған кезде "Нефтепереработка" бөлімшелері үшін 72,3%, "Downstream Romania" бөлімшелері үшін 72,3% және "Dyneff" бөлімшелері үшін 66% жетеді.
ПМХЗ
ПМХЗ өтелетін құны басшылық бес жыл мерзімге бекіткен қаржы жоспарларына негізделген дисконтталған ақша ағындары қолданылып пайдаланудан түскен құндылықтардың негізінде анықталды. Болжанатын ақша ағындарына қолданылатын дисконттау ставкасы 11,34% құрады (2012: 11,8%), ал бес жылдық мерзімнің шегінен тысқары ақша ағындары 4,3% тең (2012: 3,67%) өсу қарқыны ескеріле отырып, экстраполизацияланды. Қалдық құнға арналған капиталдандыру ставкасы 7 % құрайды (2012: 8,1%).
Пайдаланудан түсетін құндылықты есептеу кезінде қолданылатын негізгі жол берілімдер
* Шикі мұнай мен мұнай өнімдерін өндіру көлемі;
* EBITDA жоспарланған мәні;
* 2013-2017 жылдардағы күрделі шығындар;
* Дисконттау ставкалары.
Шикі мұнай мен мұнай өнімдерін өндіру көлемі – ПМХЗ жаңғыртуға дейін және одан кейін 1 тонна шикі мұнайды қайта өңдеу кезінде мұнай өнімдерін шығару жөніндегі Топтың болжамдары болып табылады.
EBITDA жоспарланған мәні – 2016 және 2017 жылдары ПМХЗ жаңғыртылған өндірістік қуаттарын қолданысқа енгізудің салдарынан мұнай өнімдерін сатудан түсетін түсім өседі дегенді ескере отырып түзетілген өткен кездің тәжірибесі негізінде анықталған EBITDA жоспарланған мәні болып табылады.
Күрделі шығындар – күрделі шығындар мыналарды білдіреді: а) ПМХЗ қайта жөндеу және жаңғырту жөніндегі шығындар; б) активтің ағымдағы жай-күйін ұстау үшін қажетті шығындар.
Дисконттау ставклары – ақша қаражатын генерациялайтын әрбір бөлімшеге тән тәуекелдердің ағымдағы нарықтық бағаларын көрсететін дисконттау ставкалары. Дисконттау ставкасы саладағы капиталдың орташа салмақталған құнын есептеп шығарудың негізінде есептелді. Одан әрі аталған ставка ақша ағындарын генерациялайтын бөлімшеге жататын, ол үшін болашақта бағаланатын ақша ағындары түзетілмеген қандай да бір нақты тәуекелдегі нарықты бағалау үшін түзетілді.
Жол берілімдердегі өзгерістерге сезімталдық
ПМХЗ гудвилінің өтелетін құнын бағалаудың нәтижелері негізгі жол берілімдердің, атап айтқанда, WACC дисконттау ставкасының, сондай-ақ EBITDA терминалдық кезеңіндегі жоспарланған мәнінің өзгерімен байланысты жол берілімдердің өзгерісіне сезімтал болып табылады. Дисконттау ставкасының 11,3%-ден 12.3% дейін 1%-ға жоғарылауы гудвиллдің теңгерімдік құнының өтелетін құннан 9.508 миллион теңгеге асып кетуіне әкеп соқтырады. Терминалдық кезеңде жоспарланған EBITDA мәнінің 15,1%-дан 12,1% дейін 3%-ға жоғарылауы гудвиллдің 52.673 миллион теңгеге құнсыздануына әкеп соқтырады, осындай мән-жайлардың кезінде гудвилдің өтелетін құны 35.880 миллион теңгеге тең болады.
Теңге бағамының АҚШ долларына қатысы бойынша 5% төмендеуі гудвилдің толығымен құнсыздануына және ПМХЗ ұзақ мерзімді активтерінің 78.510 миллион теңгеге құнсыздануына әкеп соқтырады. Мұндай жағдайда ПМХЗ ұзақ мерзімді активтерінің өтелетін құны 13.009 миллион теңгеге тең болады.
Тау-кен өнеркәсібі
Топ тау-кен сегменті бойынша гудвилдің өтелетін құнын есептеп шығару үшін мына төмендегідей ставкалар мен кезеңдерді пайдаланады:
2013 | 2012 | |
Дисконттау ставкасы | 12,08% | 7% |
Болжанатын өсу қарқыны | 2%-5,2% | 3% |
Кезең, жыл | 15 | 16 |
Ақша ағындарын болжау басшылық бекіткен кен орнының ұзақтығының мерзімі негізге алына отырып кен орнындағы өндірудің есепті көлемінің шамасына негізделген барлау жүргізілген қорлардың, болжанатын ақша ағындарының бекітілген көлемдері негізінде анықталды. Өндіріс көлемдері мемлекеттің бекітілген стратегияларымен келісілді және активтерді болашақтағы сатып алулар және инвестициялардан түсетін ақша қаражаты жылыстауы ескеріле отырып, генерациялаушы бірліктің өндірістік қуатына негізделген. Дамудың ұзақ мерзімді қарқындары Global Insight алынған макроэкономикалық және салалық болжамдарға негізделді. Болжамды ақша ағындарының есебінде пайдаланылатын бағалар "Ux Consulting LLC" тәуелсіз ресми көзі пайдаланыла отырып айқындалады. 2013 жылы уранға нарықтық бағаның төмендеуі нәтижесінде Топ 4.945 миллион теңге (2012: ноль) сомасында құнсыздану шығынын таныды.
Активтердің істен шығуы бойынша міндеттемелер
Өндірістік мұнай-газ активтері
Белгілі бір келісімшарттардың талаптары бойынша заңнамаға және номативтік-құқықтық актілеріге сәйкес Топтың негізгі құралдарды демонтаждау және жою және кез келген кен орындарындағы жер учакелерін қалпына келтіру бойынша заңды міндеттемелері болады. Атап айтқанда, Топтың міндеттемелері барлық өнімді ұңғымаларды біртіндеп жабуға және құбыр арналарын, ғимараттарды демонтаждау және келісім-шарт аумағын қалпына келтіру сияқты түпкілікті жабу бойынша қызметке жатады. Жер қойнауын пайдалану келісімшартының қолданылу мерзімі Топтың қарауы бойынша ұзартылмайтындықтан, түпкілікті жабу бойынша міндеттемелерді өтеудің есеп мерзімі әрбір жер қойнауын пайдалану келісімшартыны кезеңі аяқталған күн болып табылады. Егер активтерді жою бойынша міндеттемелер кен орындарын экономикалық жағынан негіздемелі түрде пайдалануды аяқтау өткенде өтелуі қажет болса, онда көрсетілген міндеттемені ұңғымаларды жою бойынша қосымша шығыстарды және жабу бойынша соңғы шығыстардың біршама өсіруі мүмкін. Ұңғымаларды жоюды қаржыландыру бойынша Топтың міндеттемелерінің және түпкілікті жабу бойынша шығыстардың көлемі тиісті келісім-шарттардың және қолданыстағы заңнаманың талаптарына байланысты.
Ешқандай да міндеттемелер жер қойнауын пайдалану келісімшарты кезеңі соңында түпкілікті жою және түпкілікті жабу бойынша мұндай шығыстарды қаржыландыру бойынша келісімшарт та, заңнама да білгілі бір міндеттемені түсіндірмеген сол жағдайларда танылмайды. Мұндай шешімді қабылдау кейбір айқындылықтың болмауымен және біршама байымдаулармен түсіндіріледі. Басшылықтың мұндай міндеттемелердің болуына немесе болмауына қатысты бағасы Үкіметтің саясаты мен тәжірибесіндегі немесе жергілікті салалық тәжірибеге өзгерістермен бірге өзгеруі мүмкін.
Топ активтердің істен шығуы бойынша міндеттемелерді әрбір келісімшарт бойынша бөлек есептейді. Міндеттемелердің сомасы инфляцияның күтілетін деңгейіне түзетілген және қазақстандық нарыққа тән тәуекелдерге түзетілген өтпелі экономикамен елдің мемлекеттік борышы бойынша орташа тәуекелсіз пайыздық ставканы пайдалана отырып дисконтталған міндеттемелерді өтеу үшін күтілетін, талап етілетін ретіндегі бағаланған шығындардың ағымдағы құны болып табылады.
Активтердің істен шығауы бойынша міндеттеме әрбір есепті күнге қайта қаралады және "Негізгі құралдардың объектісін пайдаланудан шығару, олар орналасқан учаскедегі табиғи ресурстарды қалпына келтіру бойынша міндеттемелерге және өзге де осыған ұқсас міндеттемелерге өзгерістер" 1 КИБЕХС сәйкес ең үздік бағаны көрсету үшін түзетіледі.
Жабуға болашақтағы шығындарды бағалау кезінде мәнді бағалар мен басшылық жасаған байымдаулар пайдаланылды. Бұл міндеттемелердің көпшілігі алыс болашаққа жатқызылады және заңнама талаптарындағы түсініксіздіктен басқа, Топтың бағасына активтерді жою технологиясындағы, шығындардағы және салалық тәжірибедегі өзгерістер әсер етуі мүмкін.
Түпкілікті жабуға шығындарға жатқызылатын дайындықтың болмауы күтілетін ақша ағындарын дисконттау әсерінен кемітіледі. Топ ағымдағы жылдың бағасын және ұзақ мерзімді инфляция деңгейінің орташа мәнін пайдалана отырып, ұңғымаларды болашақ жою құнын бағалайды.
Ұзақ мерзімді инфляция және Топ кәсіпорындары бойынша міндеттемелерді айқындау үшін пайдаланылған дисконттау ставкалары 2013 жылғы 31 желтоқсанда 2%-дан 5,6% дейін және 6%-дан 8% дейін болды, тиісінше (2012 жылы: 1,9%-дан 5,0% дейін және 4,94%-дан 7,9% дейін). Активтерді істен шығару бойынша міндеттемелер бойынша резервтегі өзгерістер 22-ескертпеде ашылған.
Магистралдық мұнай-газ құбырлары
2012 жылғы 4 шілдеде күшіне енген "Магистралдық құбыр туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Топтың пайдалану аяқталғаннан кейін магистралдық құбырды (мұнай құбырын) жою жөніндегі және кейіннен қоршаған ортаны қалпына келтіру, оның ішінде жерді қайта культивациялау жөніндегі заңды міндеттемесі бар. Бұл, егер мұнайды Топтың құбырлары бойынша тасымалдайтын жер қойнауын пайдаланушылардың мұнай қоры толық сарқылған жағдайда мүмкін болады.
Құбырларды жою және жерді қайта культивациялау жөніндегі міндеттемелердің резерві Қазақстан Республикасында қолданылатын техникалық қағидаларға және нормаларға (1 км құбырды бөлшектеу жөніндегі шығындардың сомасы 2.891 мың теңгені құрайды) сәйкес бөлшектеу және қайта культивациялау бойынша жұмыстарды жүргізудің Топ есептеген құнының негізінде бағаланады. Резервтердің сомасы міндеттемені орындаудың күтілетін мерзімі (17 жыл) ішіндегі инфляцияның болжанатын ставкасы және төменде көрсетілген есепті жылдың аяғындағы дисконт ставкасы қолданыла отырып, есепті кезеңнің аяғында анықталды.
Пайыз түрінде | 2013 | 2012 |
31 желтоқсандағы дисконттау ставкасы | 6,01% | 6,01% |
31 желтоқсандағы инфляция коэффициенті | 5,60% | 5,60% |
Дисконттау ставкасын есептеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік облигациялары бойынша тәуекелдік емес ставкаларға негізделеді.
2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша құбырларды жою және жерді қайта культивациялау жөніндегі міндеттемелер резервінің теңгерімдік құны 16.668 миллион теңгені (2012: 15.531 миллион теңге) құрады.
Залалды жою жөніндегі шығындарды бағалау табиғатты қорғау талаптары мен заңнаманың интерпретацияларында ықтимал өзгерістерге ұшырағыш. Бұдан басқа, осындай шығындарды бағалаудағы белгісіздіктер баламаларда, жою, бұзылған жерді қалпына келтіру әдістеріндегі ықтимал өзгерістерді, дисконт деңгейлері мен инфляция ставкасын және осы міндеттеме басталатын кезеңді қамтиды.
Басшылық Топтың еншілес ұйымы "Интергаз Орталық Азия" АҚ ("ИОА") міндеттемелеріне қатысты жоғарыда көрсетілген заң қолданылмайды деп санайды, өйткені ИОА магистралдық газ құбырының иесі болып табылмайды, ол өз қызметін ИОА мен Үкіметтің арасындағы Концессия шартының негізінде жүзеге асырады. Концессия шартының талаптарына сәйкес ИОА газ құбырлары желісін басқаруды 2017 жылғы 14 маусымға дейін міндеттенеді, бұл мерзімді қосымша 10 (он) жылға ұзарту мүмкіндігі бар, содан кейін газ құбырлары Мемлекеттің меншігіне берілетін болады. Демек, ИОА газ құбырларын жою бойынша ешқандай сома 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша танылған жоқ.
Экологиялық оңалту
Топ бағалау да жасайды және экологиялық тазарту жұмыстары мен оңалтуға міндеттемелер бойынша резервтер қалыптастыру бойынша пайымдау шығарады. Қоршаған ортаны қорғауға шығындар капиталдандырылады немесе олардың болашақ экономикалық пайдасына қарай шығыстарға жатқызылады. Өткен қызметте пайда болған қазіргі жағдайға жатқызылатын және болашақ экономикалық пайдасы жоқ шығындар шығыстарға жатқызылады.
Міндеттемелер шығындар туралы ағымдағы ақпарат және қалпына келтіру жөніндегі күтілетін жоспарлар негізінде анықталады және егер рәсімдер мерзімі тиісті органдармен келісілмесе, дисконтталмаған негізде ескеріледі. Топтың экологиялық оңалту резерві Топ қолданыстағы қазақстандық және еуропалық нормативтік базаның талаптарын сақтауға қажетті күтілетін шығындарды тәуелсіз бағалауға негізделген басшылықтың үздік бағасын білдіреді. Топ осы міндеттемені 2014 жылдың жылдық бюджетіне енгізілген шығындардың бір бөлігін қоспағанда, ұзақ мерзімді ретінде жіктеді. Экологиялық оңалту жөніндегі резервтерге қатысты іс жүзіндегі шығындар заңнамадағы және нормативтік-құқықтық актілердегі өзгерістер салдарынан бағалардан, қоғамдық күтулерден, тазарту технологияларындағы аумақтық жағдайлар мен өзгерістерді анықтау мен талдаудан ерекшеленуі мүмкін. Экологиялық оңалтуға жататын қосымша белгісіздіктер 40-ескертпеде ашылған. Экологиялық оңалтудағы міндеттемелер бойынша резервтегі өзгерістер 22-ескертпеде ашылған.
Әлеуметтік активтер салуға арналған резервтер
2013 жылғы 31 желтоқсанда өзге де резервтер мынадай Астана қаласында "Қазақстан тарихының мұражайы" (ҚМГ ҰК), "Телерадио кешенінің ғимараты", "Астана қаласындағы көп функционалды мұз сарайы" (ҚТЖ ҰК), "Щушинск-Бурабай гольф-клубы" (ҚМГ ҰК) және сияқты объектілер салу және Мәскеу қаласында "Дүниежүзілік көрме орталығы" объектісін қайта жөндеу (ҚМГ ҰК) жөніндегі міндеттемелері бойынша резервтерді қамтиды. Құрылысын салуға арналған резервтер бойынша шығыстар капиталда Акционерге бөлу ретінде танылды (17.5-ескертпе). Резервтегі ұлғаю негізінен Үкіметтің Қазақстан тарихының мұражайын салу (23.551 миллион теңге), Щушинск-Бурабай гольф-клубын салу (13.321 миллион теңге) жөніндегі қосымша тапсырмаларынан, сондай-ақ басқа объектілерді салуға арналған резервтерді бастапқы бағалаудағы өзгерістерден туындады. Құрылыс шығындарын бастапқы бағалаудағы өзгерістер резервтердің сомасына әсер етуі мүмкін және мұндай өзгерістердің жиынтық әсері елеулі болуы мүмкін. Топ құнның уақытша тиімділігі елеулі болмайды деп санайды.
Негізгі құралдар объектілерінің пайдалы қызмет мерзімі
Топ әрбір есепті күнгі негізгі құралдардың пайдалы қызметінің қалған мерзімін қайта қарайды және егер күту өткен бағалаудан ерекшеленген жағдайда, өзгерістер 8 "Есеп саясаты, есеп бағаларындағы өзгерістер және қателер" БЕХС-ке сәйкес есеп бағалауларындағы өзгерістер ретінде ескеріледі.
Кейінге қалдырылған салық жөніндегі активтер
Кейінге қалдырылған салық жөніндегі активтер салық салынатын уақытша айырмалар мен осындай шығыстардың коммерциялық сипатының негізделетіндігі мүмкіндігі бар дәрежеде барлық резервтер мен ауыстырылған салық шығындары бойынша танылады. Басшылықтың елеулі пайымдаулары жоспарланатын деңгей мен кірістілік уақытының негізінде танылуы мүмкін кейінге қалдырылған салық жөніндегі активтерді бағалау үшін талап етіледі. Кейінге қалдырылған салық жөніндегі танылған активтердің сомасы 2013 жылғы 31 желтоқсанда 42.084 миллион теңгені құрады (2012: 77.964 миллион теңге). Неғұрлым нақты ақпарат 35-ескертпеде қамтылған.
Салық салу
Күрделі салық заңнамасын интерпретациялауға, салық заңнамасындағы өзгерістерге, сондай-ақ болашақтағы салық салу кірісін алу сомалары мен мерзімдеріне қатысты белгісіздік бар. Топ халықаралық операцияларының елеулі әр алуандығын, сондай-ақ ұзақ мерзімді сипатын және қолда бар шарттық қатынастардың күрделілігін ескергенде, іс жүзіндегі нәтижелер мен қабылданған жол берілімдердің арасындағы айырма, немесе осындай жол берілімдердің болашақтағы өзгерістері табыс салығы бойынша шығыстардың немесе кірістердің көрсетілген есептілігіне болашақта түзетулерге әкелуі мүмкін. Негізді жол берілімдерді негізге ала отырып, Топ ол өз қызметін жүзеге асыратын елдің салық органдары жүргізетін салық аудитінің ықтимал салдарларына резервтер жасайды.
Осындай резервтердің шамасы әртүрлі факторларға, мысалы, бұрынғы аудиттердің нәтижелеріне және салық төлеуші компанияның және тиісті салық органының салық заңнамасының әртүрлі интерпретацияларына байланысты. Интерпретациядағы осындай әр түрліліктер Топтың тиісті компаниясы тіркелген елде басым болатын жағдайларға байланысты мәселелердің көп саны бойынша туындауы мүмкін.
Салық тәуекелдерін бағалау кезінде басшылық, егер қосымша салықтарды салық органдары есептейтін болса, ол сәтті шағымдана алады деп Топ дауласпайтын немесе санамайтын салық заңнамасын сақтамаудың белгілі салаларының ықтимал міндеттемелері ретінде қарайды. Мұндай анықтау мәнді пайымдауларды шығаруды талап етеді және салық заңнамасы мен нормативтік құқықтық актілердегі өзгерістер, жер қойнауын пайдалануға Топтың келісім-шарттарында салық салу талабына түзету, салық талқылауларынан өзі күтетін шешімдер бойынша күтілетін нәтижелерді және сәйкестікті тексеруге салық органдары жүзеге асыратын нәтижені анықтау нәтижесінде өзгеруі мүмкін. 22-ескертпеде ашылған салық тәуекелдері бойынша резерв, негізінен, 2002 жылдан бастап 2006 жылды қоса алғандағы кезеңге шикі мұнайды экспорта сатуға қатысты трансферттік баға белгілеу туралы қазақстандық заңнаманы Топтың қолдануына жатқызылады. Салық салуға жатқызылған қалған айқындылықтың болмауы 40-ескертпеде ашылған.
Қаржылық құралдардың әділ құны
Қаржы жағдайы туралы шоғырландырылған есепте танылған қаржы құралдарының және қаржы міндеттемелерінің әділ құны осы активті нарықтар негізінде анықталмайтын жағдайларда, ол дисконтталған ақша ағындарының моделін қоса алғанда, бағалау әдістерін пайдалана отырып, анықталады. Осы модельдердің бастапқы деректері ретінде мүмкіндігінше бақыланатын нарықтардан ақпарат пайдаланылады, алайда бұл іс жүзінде жүзеге асырылмайтын болған сол жағдайларда, әділ құнды белгілеу үшін пайымдаудың белгілі бір үлесі талап етіледі. Пайымдау өтімділік тәуекелі, кредит тәуекелі және құбылмалылық ретінде осындай бастапқы деректердің есебін қамтиды. Осы факторларға қатысты болжамдарға өзгерістер шоғырландырылған қаржы есептілігінде көрсетілген қаржы құралдарының әділ құнына әсер етуі мүмкін. Барынша толық ақпарат 39-ескертпеде келтірілген.
Қызметкерлерге сыйақы жөніндегі міндеттеме
Топ зейнетке шыққаннан кейінгі белгіленген төлемдер және осыған байланысты ағымдағы қызметтердің құны бойынша міндеттемелердің ағымдағы құнын анықтау үшін бағалаудың актуарлық әдісін пайдаланады (23-ескертпе). Бұл сыйақы болжанылған жұмыс істеп жатқан және жұмыстан кеткен қызметкерлердің болашақтағы мінездемелеріне қатысты демографиялық жорамалдарды (жұмыста немесе одан кейін қайтыс болу, персонал санының өзгеруі бойынша статистика және басқалар), сондай-ақ қаржылық жорамалдарды (дисконттау ставкасы, болашақтағы жылдық материалдық көмек, болашақтағы жылдық ең төменгі жалақы, темір жол билетінің болашақтағы орташа құны) пайдалануды талап етеді. Пайдаланылған жол берулер туралы толық ақпарат 23-ескертпеде келтірілген.
Клиенттерге және қаржы мекемелеріне қарыздар бойынша құнысызданудан болған шығындар
Әрбір есепті күнге Топ құнсызданудан болатын шығындар пайдалар мен шығындар туралы есепте ескерілуі қажеттілігін бағалау үшін клиенттер мен кредит мекемелеріне қарыздардың әрқайсысы бойынша өздерінің маңыздылығына талдау жүргізеді. Атап айтқанда, басшылықтың пайымдауы құнсызданудан болатын шығынды анықтау кезінде болашақ ақша ағынының сомасы мен мерзімін бағалауда талап етіледі. Мұндай ақша ағынын бағалау кезінде Топ қарыз алушының қаржы жағдайы мен құнсыздануды іске асырудың таза құны туралы пайымдаҰлар шығарады. Бұл бағалар факторлар қатарында жорамалдарға негізделген және нақты нәтижелері болашақта резервке өзгерістер әкелетін өзгелер болуы мүмкін.
Содан соң, бөлек-бөлек бағаланған және құнсызданбаған қарыздар және барлық жекеше маңызы жоқ қарыздар жиынтықта, оған қатысты объективті куәлік бар, бірақ әсері анық болып табылмайтын шығын жағдайы болуының салдарында резерв құру қажеттілігін анықтау үшін ұқсас тәуекел сипаттамалары бар активтер тобында бағаланады.
Жиынтық бағалау кредиттік қоржын деректерін (кредит сапасы, мерзімін ұзарту деңгейі, кредитті пайдалану, қамтамасыз етуге қарыздың қарым-қатынасы және т.б. сындылар), тәуекелдер мен экономикалық көрсеткіштер шоғырлануын (оның ішінде жұмыссыздық деңгейі, жылжымайтын мүлікке бағалар индекстері, ел тәуекелі және әртүрлі бөлек топтардың жұмыс көрсеткіштері) назарға алады. Клиенттер және кредит мемекемелеріне қарыздарды құнсыздандыру бойынша шығындар 10 және 11-ескертпелерде біршама егжей-тегжейлі ашылған.
Күмәнді дебиторлық берешек бойынша резервтер
Топ күмәнді дебиторлық берешек бойынша резерв құрады. Біршама пайымдаулар күмәнді борыштарды анықтау кезінде пайдаланылады. Күмәнді борыштарды анықтау кезінде клиенттердің тарихи әрі күтілетін мінез-құлқы қаралады. Экономикадағы өзгерістер немесе клиенттің жеке шарты осы шоғырландырылған қаржылық есептілікте күмәнді берешек бойынша резервті түзетуді талап етуі мүмкін. 2013 жылғы
31 желтоқсандағы жағдай бойынша күмәнді борыштар бойынша резервтер 96.396 миллион теңге (2012: 85.089 миллион теңге) мөлшерінде құрылды (13 және 15-ескертпелер).
5. САТЫП АЛУЛАР
"Қазцинк" ЖШС сатып алу
2013 жылғы 1 ақпанда Қор "Қазцинк" ЖШС-дағы жалпы сомасы 248.838 миллион теңге (әрбір компанияның құны 82.946 миллион теңгені құрады) қатысу үлесінің 9,9407% иеленетін "Logic Business" ЖШС, "Logic Invest Capital" ЖШС және "Дана" инвестициялық үйі" ЖШС жарғылық кпиталына қатысу үлестерінің 100% сатып алу жолымен "Қазцинк" ЖШС жарғылық капиталына қатысу үлесінің 29,8221% сатып алды. Қор "Қазцинк" ЖШС-дағы осы қатысу үлестерін "Тау-кен Самұрық" АҚ жарғылық капиталына беруді жоспарлап отыр. Сатып алу 255.000 миллион теңге сомасындағы купондық облигацияларды орналастырудан түскен және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінен сатып алынған қаражаттың есебінен жүзеге асырылды (19-ескертпе). Облигациялардың айналым мерзімі жылдық 0,01% мөлшеріндегі купондық сыйақысымен 50 жылды құрайды.
"Қазцинк" ЖШС-дағы қатысу үлестері Топтың қысқартылған шоғырландырылған аралық қаржылық есептілінде үлестік қатысу әдісі бойынша ескеріледі. "Қазцинк" ЖШС-ны сатып алу қысқартылған шоғырландырылған аралық қаржылық есептілікте сатып алу әдісі бойынша ескерілді.
Сәйкестендіргіш активтер мен міндеттемелердің әділ құнындағы үлестің сатып алу күніндегі сомасы мынадай түрде көрсетілген:
Миллион теңгемен | |
Ұзақ мерзімді активтер | 206.890 |
Қысқа мерзімді активтер | 44.237 |
Активтердің жиыны | 251.127 |
Ұзақ мерзімді міндеттемелер | (27.307) |
Қысқа мерзімді міндеттемелер | (23.360) |
Міндеттемелердің жиыны | (50.667) |
Таза активтер | 200.460 |
Сыйақының әділ құны | 248.838 |
Гудвилл | 48.378 |
2013 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл ішіндегі Топтың шоғырландырылған таза пайдасы сатып алынған күннен бастап 2013 жылғы 31 желтоқсанға дейін "Қазцинк" ЖШС-ның 6.364 миллион теңге мөлшеріндегі таза пайдасындағы 29,8221% үлеске келетін пайда үлесін қамтиды.
2012 жылғы сатып алу
Қарашығанақ Жобалық консорциумындағы қатысу үлесін сатып алу
2012 жылы 28 маусымда Қазақстан Республикасы Мұнай және Газ министрлігі және Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің атынан Үкімет және Қарашығанақ жобасының қатысушылары (бұдан әрі – "Консорциум" немесе "КПО") шартқа қол қойды, оған сәйкес Үкімет ҚПО-дағы 10%-дық үлесін сатып алды. Сатып алынған 10%-дық үлестің әділ құны 2 миллиард АҚШ доллары
(300 миллиард теңге) мөлшерінде бағаланды, соның ішінде 150 миллиард теңгені Үкімет ақшалай қаражат түрінде төледі, ал қалған бөлігі салықтар бойынша міндеттемелер есебінен ескерілді.
Үкімет "Өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімдегі үлестерді басқару компаниясы" (бұдан әрі "ӨБТКҮБК") жаңа кәсіпорны құрылды және ӨБТ КҮБК капиталына жобадағы сатып алынған 10%-дық үлесті беруді жүзеге асырды. Бұдан әрі, Үкіметтің 2012 жылғы 3 мамырдағы № 570 қаулысына сәйкес 2012 жылы 28 маусымда Қорға ӨБТКҮБК-дегі үлестің 100%-ы берілді, беру күніндегі әділ құны 300.070 миллион теңгені құрады. Осыны айырбастауға Қор жалпы сомасы 300.070 миллион теңгеге 300.071 жай акция шығарды.
2012 жылы 29 маусымда Қор ҚМГ ҰК акциясына айырбасқа ҚМГ ҰК ӨБТКҮБК және ақшалай сыйақыны беруді жүзеге асырды. 150.035 миллион теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйақы 1 миллиард АҚШ доллары мөлшерінде қарыз арқылы қаржыландырылды. Қарыз шартына сәйкес жылдық пайыздық ставка 1,25-ке көбейтілген 3% қосылған ЛИБОР-ды құрады және негізгі борыш 3 жыл ішінде жобадан ақша ағындары есебінен ай сайынғы тең үлестермен төлеуге жатады. Қамтамасыз ету ретіндегі қарыз бойынша келісімге сәйкес ҚМГ ҰК Консорциумға жобадағы үлестің 5%-ын табыс етеді. Сондай-ақ Қор осы қарыз бойынша кепілдік береді.
2012 жылы 28 маусымда, Қор 159.113 миллион теңге мөлшерінде дивиденд төледі (17.3-ескертпе). Осы түсімдерді Үкімет ҚПО-дағы жоғарыда аталған үлесті қаржыландыру үшін пайдаланды.
2012 жылғы 28 маусымда жаңартылған нұсқада қол қойылған Бірлескен қызмет туралы келісімге (бұдан әрі - "БҚК") сәйкес Топ қатысудың сатып алынған үлесіне барабар Қарашығанақ қызметінен туындайтын барлық пайданы, шығындар мен міндеттемелерді сатып алды. Сатып алу күніндегі Қарашығанақтағы үлес төменде берілген:
Миллион теңгемен | Сатып алу күніне арналған әділ құн |
Негізгі құралдар | 293.506 |
Материалдық емес активтер | 1.131 |
Сауда дебиторлық берешек | 10.918 |
Қорлар | 4.299 |
309.854 | |
Резервтер | 7.500 |
Сауда кредиторлық берешек | 2.284 |
9.784 | |
Таза активтер | 300.070 |
"Шығыс Қазақстан өңірлік энергетика компаниясы" АҚ-дағы қатысу үлесін сатып алу
2012 жылы Үкімет "Шығыс Қазақстан өңірлік энергетикалық компаниясы" АҚ-дағы (бұдан әрі – "ШҚ ӨЭК") 100%-дық қатысу үлесін Қорға берді. Осыған айырбасқа Қор 7.723 миллион теңге сомасында акциялардың эмиссиясын жүзеге асырды. ШҚ ӨЭК электр энергиясын беруді жүзеге асыруда.
Қатысу үлесін беру жалпы бақылаудағы кәсіпорындар бірлестігін көрсететіндіктен осы операция шоғырландырылған қаржылық есептілікте үлестерді біріктіру әдісін пайдалана отырып ескерілген болатын. Таза активтердің теңгерімдік құны және 4.149 миллион теңге мөлшеріндегі шығарылған жарғылық капиталдың сомасы арасындағы айырмашылық капиталдағы өзгерістер туралы шоғырландырылған есеп құрамында бөлінбеген пайданы төмендету ретінде көрсетілген (17.1-ескертпе).
6. ТОҚТАТЫЛҒАН ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ САТУҒА ЖӘНЕ ЕНШІЛЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ҮСТІНЕН БАҚЫЛАУДЫ ЖОҒАЛТУҒА АРНАЛҒАН РЕТІНДЕ ЖІКТЕЛЕТІН АКТИВТЕР
2013 жылғы тоқтатылған қызмет
Акционерге даму институттарын, қаржы ұйымдарын, "СҚ-Фармация" ЖШС және "Қазгеология" ұлттық геологиялық-барлау компаниясы" АҚ беру
Қазақстан Республикасының Президентінде өткен "Қазақстан Республикасының 2012 жыл ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытыныдылары және "Қазақстан – 2050" стратегиясын іске асыру жөніндегі міндеттер туралы" кеңестің 2013 жылғы 23 қаңтардағы №01-7.1 хаттамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметіне "Ұлттық даму агенттігі" АҚ құру тапсырылды. Осы Агенттік акцияларының 100% иесі оған даму институттары мен қаржы ұйымдарындағы Қорға тиесілі иелену үлестері беріле отырып, Үкімет болады, "СҚ-Фармация" ЖШС Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарауына беру көзделеді.
2013 жылғы сәуірде Қор толық бақылау құқығымен сенімгерлікпен басқару шарттарына сәйкес даму институттары мен қаржы ұйымдарының акциялар пакеттерін мынадай мемлекеттік мекемелер тұлғасындағы Акционерге берді: Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіне – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне – "Қазақстан даму банкі" АҚ, "Kazyna Capital Management" АҚ, "КазЭкспортГарант" экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы" АҚ, "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне – "СҚ-Фармация" ЖШС. 2013 жылғы мамырда мемлекеттік мекемелермен жасалған осы сенімгерлікпен басқару шарттарының күші жойылды және "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдинг" АҚ-мен жаңа шарттар жасалды.
2013 жылғы мамырда Қор толық бақылау құқығымен сенімгерлікпен басқару шарттарына сәйкес даму институттары мен қаржы ұйымдарының акциялар пакеттерін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы қаулысына сәйкес құрылған "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдинг" АҚ-ға берді.
"Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 қаулысын орындау үшін 2013 жылғы шілдеде Қор және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті айырбас шартына қол қойды, оған сәйкес "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ, "Kazyna Capital Management" АҚ, "КазЭкспортГарант" экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы" АҚ, "Қазақстан инвестициялық қоры" АҚ, "Қазақстан даму банкі" АҚ, "СҚ-Фармация" ЖШС акциялар пакеті мен еншілес ұйымдарындағы қатысу үлестеріне меншік құқығы Үкімет қаулысында көрсетілген тізбеге сәйкес республикалық мүлікке айырбасқа республикалық меншікке беріледі. 2013 жылғы тамызда жоғарыда көрсетілген айырбас шартының шеңберінде Қор акциялар пакеті мен еншілес ұйымдарындағы қатысу үлестерін республикалық меншікке беруді жүзеге асырды ("Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ, "Kazyna Capital Management" АҚ, "КазЭкспортГарант" экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы" АҚ, "Қазақстан инвестициялық қоры" АҚ, "СҚ-Фармация" ЖШС).
Осыған байланысты Қор 2013 жылғы сәуірде осы еншілес ұйымдарға бақылауын жоғалтты, Қор олардың шығуын Акционерге бөлу ретінде көрсетті (17.4-ескертпе).
Сондай-ақ осы айырбас шартына сәйкес "Қазгеология" ұлттық геологиялық барлау компаниясы" АҚ-дағы акциялар пакетіне меншік құқығы Үкімет қаулысында көрсетілген тізбеге сәйкес республикалық мүлікке айырбасқа республикалық меншікке беріледі. 2013 жылғы тамызда жоғарыда көрсетілген айырбас шартының шеңберінде Қор "Қазгеология" ұлттық геологиялық барлау компаниясы" АҚ шығуын Акционерге бөлу ретінде көрсетті (17.4-ескертпе).
Даму институттары мен қаржы ұйымдары
Бұдан әрі даму институттары мен қаржы ұйымдарының қызмет нәтижелері берілген:
Миллион теңгемен | 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап істен шығу күніне дейін | 2012 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішінде* |
Түсім | 12.078 | 48.285 |
Өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны | (14.254) | (36.795) |
Жалпы (шығын)/пайда | (2.176) | 11.490 |
Жалпы және әкімшілік шығыстар | (1.813) | (7.788) |
Қалпына келтіру/құнсызданудан (шығын), нетто | 893 | (6.472) |
Өзге операциялық кіріс | 1.840 | 6.154 |
Өзге операциялық шығын | (810) | (6.242) |
Операциялық қызметтен шығын | (2.066) | (2.858) |
Оң/(теріс) бағамдық айырма, нетто | 181 | (2.998) |
Тоқтатылған қызметтен салық салғанға дейінгі шығын | (1.885) | (5.856) |
Табыс салығы бойынша шығыстар | (352) | (4.572) |
Тоқтатылған қызметтен шығын | (2.237) | (10.428) |
* 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Топ даму институттары мен қаржы ұйымдарының тоқтатылған қызметі ретінде тану салдарынан 2012 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішіндегі жиынтық кіріс туралы және ақша қаражатының қозғалысы туралы шоғырландырылған есепті қайта есептеуді жүргізді.
Тиісінше, жиынтық кіріс туралы салыстырмалы шоғырландырылған есеп және 2012 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішіндегі ақша қаражатының қозғалысы туралы салыстырмалы шоғырландырылған есеп БЕХС 1 талаптарына сәйкес қайта есептелді.
Бұдан әрі істен шығу күніндегі даму институттары мен қаржы ұйымдарының активтері мен міндеттемелерінің негізгі санаттары берілген:
Миллион теңгемен | Істен шығу күніндегі активтер мен міндеттемелер |
Активтер | |
Клиенттерге қарыздар | 408.552 |
Өзге қаржы активтері | 469.612 |
Кредиттік мекемелердегі қаражат | 230.911 |
Табыс салығы бойынша алдын ала төлем | 7.108 |
Өзге ұзақ мерзімді активтер | 14.731 |
Өзге ағымдағы активтер | 19.766 |
Ақша қаражаты және олардың баламалары | 140.079 |
Активтердің жиыны | 1.290.759 |
Міндеттемелер | |
Қарыздар | (784.244) |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздары | (27.695) |
Туынды қаржы құралдары | (7.575) |
Клиенттердің қаражаты | (6.384) |
Өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер | (22.424) |
Өзге ағымдағы міндеттемелер | (9.493) |
Міндеттемелердің жиыны | (857.815) |
Таза активтер | 432.944 |
Бұдан әрі даму институттары мен қаржы ұйымдарының таза ақша ағындары берілген:
Миллион теңгемен | 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап істен шығу күніне дейін | 2012 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішінде |
Операциялық | (134.777) | 49.788 |
Инвестициялық | (2.242) | (6.392) |
Қаржылық | 63.078 | (1.413) |
Ақша қаражатының таза (жұмсалуы)/түсімі | (73.941) | 41.983 |
"СҚ-Фармация" ЖШС
"СҚ-Фармация" ЖШС тоқтатылған қызметтің айқындамасына жауап бермейді және істен шығу тобы ретінде жіктелді.
Бұдан әрі істен шығу күніндегі "СҚ-Фармация" ЖШС активтері мен міндеттемелерінің негізгі санаттары берілген:
Миллион теңгемен | Істен шығу күніндегі активтер мен міндеттемелер |
Активтер | |
Қорлар | 23.628 |
Кредиттік мекемелердегі қаражат | 3.315 |
Өзге активтер | 5.247 |
Ақша қаражаты және олардың баламалары | 25.242 |
Активтердің жиыны | 57.432 |
Міндеттемелер | |
Сауда кредиторлық берешек | (39.611) |
Өзге ағымдағы міндеттемелер | (9.678) |
Міндеттемелердің жиыны | (49.289) |
Таза активтер | 8.143 |
2013 жылғы 1 қаңтардан бастап істен шығу күніне дейін "СҚ-Фармация" ЖШС қызметінен түскен таза пайда 1.080 миллион теңгені (2012 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішінде: 2.753 миллион теңге) құрады.
Бұдан әрі "СҚ-Фармация" ЖШС таза ақша ағындары берілген:
Миллион теңгемен | 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап істен шығу күніне дейін | 2012 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішінде |
Операциялық | 19.670 | 6.670 |
Инвестициялық | (9) | (1.012) |
Ақша қаражатының таза түсімі | 19.661 | 5.658 |
"Қазгеология" ұлттық геологиялық барлау компаниясы" АҚ
"Қазгеология" ұлттық геологиялық барлау компаниясы" АҚ тоқтатылған қызметтің айқындамасына жауап бермейді және істен шығу тобы ретінде жіктелді.
Бұдан әрі істен шығу күніндегі "Қазгеология" ұлттық геологиялық барлау компаниясы" АҚ активтері мен міндеттемелерінің негізгі санаттары берілген:
Миллион теңгемен | Істен шығу күніндегі активтер мен міндеттемелер |
Активтер | |
Өзге активтер | 9.037 |
Активтердің жиыны | 9.037 |
Міндеттемелер | |
Өзге міндеттемелер | (72) |
Міндеттемелердің жиыны | (72) |
Таза активтер | 8.965 |
2013 жылғы 1 қаңтардан бастап істен шығу күніне дейін "Қазгеология" ұлттық геологиялық барлау компаниясы" АҚ қызметінен түскен таза пайда 173 миллион теңгені (2012 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішіндегі таза шығын: 371 миллион теңгені) құрады.
Бұдан әрі "Қазгеология" ұлттық геологиялық барлау компаниясы" АҚ таза ақша ағындары берілген:
Миллион теңгемен | 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап істен шығу күніне дейін | 2012 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішінде |
Операциялық | (150) | (8.211) |
Инвестициялық | (18) | (14) |
Қаржылық | – | 5.427 |
Ақша қаражатының таза жұмсалуы | (168) | (2.798) |
"Темірбанк" АҚ және "БТА Банк" АҚ
"Қазақстан Республикасының 2012 жыл ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және "Қазақстан-2050" стртатегиясын іске асыру жөніндегі міндеттер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен кеңестің 2013 жылғы 23 қаңтардағы №01-7.1 хаттамасына сәйкес Қорға 2013 жылғы 31 желтоқсанға дейін Қорға тиесілі акциялар пакеттерін сату жолымен "БТА Банк" АҚ, "Альянс Банк" АҚ, "Темірбанк" АҚ акционерлері құрамынан шығу үшін қажетті шаралар қабылдау тапсырылды.
"Темiрбанк" АҚ
2013 жылғы желтоқсанда "Темірбанк" АҚ (бұдан әрі "Темірбанк") пен "Альянс Банк" АҚ-ны (бұдан әрі "Альянс Банк") кейіннен бір банкке біріктіру мақсатында Қор мен Болат Жәмитұлы Өтемұратов мырзаның арасында Темірбанк акцияларының 79,88%-ын және Альянс Банк жай және артықшылық берілген акцияларының 16%-ын Қордың сатуы туралы келісімге қол қойылды. Бұл мәміле қажетті корпоративтік шешімдер қабылдауды, Қазақстан Республикасының ағымдағы банк заңнамасына банктерді қайта ұйымдастыру рәсімін нақтылайтын өзгерістер енгізуді, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және басқа да мемлекеттік органдардың рұқсаттарын алуды қамтитын бірқатар кейінге қалдырылатын жағдайларға байланысты. Басшылық Темірбанктің жай акцияларының қолда бар барлық пакеті инвестицияларды банктерге сату мәмілілері үшін тән болатын әдеттегі және жалпы қабылданған жағдайларда ғана оның қазіргі жай-күйінде жедел сату үшін қолда тұрғандығын секере отырып, осы мәмілелерді аяқтау ықтималдылығын жоғары ретінде бағалайды. Альянс Банктегі инвестициялар 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша сатуға арналған актив ретінде жіктеуге қатысты ҚЕХС 5 талаптарына жауап бермейді, өйткені акциялардың бақылау пакеті (жай және артықшылық берілген акциялардың 51%-ы) әзірше Қордың иелігінде қалады. Темірбанктің акциялары үшін күтілетін өтемақының әділ құны Қордың осы еншілес ұйымдағы ағымдағы теңгерімдік құнынан асады.
Бұдан әрі Темірбанк қызметінің нәтижелері берілген:
Миллион теңгемен | 2013 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішінде | 2012 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішінде* |
Түсім | 30.936 | 27.196 |
Өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны | (9.280) | (9.430) |
Жалпы пайда | 21.656 | 17.766 |
Жалпы және әкімшілік шығыстар | (11.455) | (10.378) |
Құнсызданудан (шығын)/қалпына келтіру | (7.839) | 1.068 |
Өзге операциялық кіріс | 3.790 | 10.887 |
Өзге операциялық шығын | (3.238) | (8.191) |
Операциялық қызметтен пайда | 2.914 | 11.152 |
Оң бағамдық айырма, нетто | 169 | 423 |
Тоқтатылған қызметтен салық салғанға дейінгі пайда | 3.083 | 11.575 |
Табыс салығы бойынша шығыстар | (2.077) | (2.343) |
Тоқтатылған қызметтен пайда | 1.006 | 9.232 |
* 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Топ даму институттары мен қаржы ұйымдарының тоқтатылған қызметі ретінде тану салдарынан 2012 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішіндегі жиынтық кіріс туралы және ақша қаражатының қозғалысы туралы шоғырландырылған есепті қайта есептеуді жүргізді.
Тиісінше, жиынтық кіріс туралы салыстырмалы шоғырландырылған есеп және 2012 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішіндегі ақша қаражатының қозғалысы туралы салыстырмалы шоғырландырылған есеп БЕХС 1 талаптарына сәйкес қайта есептелді.
Бұдан әрі 31 желтоқсандағы Темірбанктің активтері мен міндеттемелерінің негізгі санаттары берілген:
Миллион теңгемен | 2013 |
Активтер | |
Клиенттерге қарыздар | 230.691 |
Өзге қаржылық активтер | 29.791 |
Кредит мекемелеріндегі қаражат | 3.468 |
Өзге активтер | 18.108 |
Ақша қаражаты және олардың баламалары | 19.237 |
Активтердің жиыны | 301.295 |
Міндеттемелер | |
Клиенттердің қаражаты | (195.561) |
Қарыздар | (49.959) |
Өзге міндеттемелер | (895) |
Міндеттемелердің жиыны | (246.415) |
Таза активтер | 54.880 |
Таза активтердің әділ құнына дейін түзету (құнсыздану) | (14.564) |
Таза активтердің әділ құны | 40.316 |
Бұдан әрі Темірбанктің таза ақша ағындары берілген:
Миллион теңгемен | 2013 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішінде | 2012 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішінде |
Операциялық | (9.671) | (1.567) |
Инвестициялық | (1.053) | (1.399) |
Қаржылық | (157) | (5.439) |
Ақша қаражатының таза жұмсалуы | (10.881) | (8.405) |
"БТА Банк" АҚ
Қордың "Қазкоммерцбанк" АҚ (бұдан әрі "ҚКБ") және Кеңес Рәкішев мырзамен қол қойған бірқатар құжаттарына сәйкес 2013 жылғы желтоқсанда және 2014 жылдың қаңтарында ҚКБ және Кеңес Рәкішев әрқайсысы 2014 жылдың аяғына дейін БТА Банк пен ҚКБ бірыңғай банкке біріктіру мақсатында БТА Банк акцияларын 46,5%-дан сатып алады. БТА Банктегі 4,26% мөлшерінде қалған үлес ҚКБ сенімгерлік басқаруына берілетін болады, соның нәтижесінде ҚКБ біріктіргенге дейін БТА Банк үстінен бақылауды алады.
Мәміле тараптардың тиісті басқару органдарының және мемлекеттік реттеуші органдардың рұқсаттарын алуды, сондай-ақ өз капиталының 10%-дан астам инвестицияларын жүзеге асыруға ҚКБ рұқсат беретін Қазақстан Республикасының банктік заңнамасына өзгерістер енгізуді қамтитын бірқатар кейінге қалдыру талаптарын тараптар орындағанға дейін аяқталмаған болып саналмайды.
Бұған қоса, тараптар БТА банктің проблемалық активтерін қайтару бойынша өзара іс-қимыл туралы уағдаласты. Мәмілені аяқтау 2014 жылдың екінші тоқсанында жоспарлануда.
Жоғарыда көрсетілгенді, сондай-ақ Үкімет пен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Өзара түсіністік туралы меморандумына сәйкес кейбір сыни кейінге қалдыру талаптарын шешу үшін тараптарға жәрдем көрсетілетінін назарға ала отырып, БТА банктің активтері мен міндеттемелері 2013 жылғы 31 желтоқсанда сатуға арналған ретінде жіктелген актив ретінде жіктелді.
Бұдан әрі БТА Банк қызметінің нәтижелері берілген:
Миллион теңгемен | 2013 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішінде | 2012 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішінде* |
Түсім | 139.576 | 146.985 |
Өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны | (81.668) | (136.867) |
Жалпы пайда | 57.908 | 10.118 |
Жалпы және әкімшілік шығыстар | (44.699) | (59.739) |
Құнсызданудан (шығын)/қалпына келтіру | (32.315) | 2.800 |
Өзге операциялық кіріс | 39.950 | 1.123.831 |
Өзге операциялық шығын | (45.650) | (678.389) |
Операциялық қызметтен (шығын)/пайда | (24.806) | 398.621 |
Оң/(теріс) бағамдық айырма, нетто | 4.434 | (18.982) |
Тоқтатылған қызметтен салық салғанға дейінгі (шығын)/пайда | (20.372) | 379.639 |
Табыс салығы бойынша жеңілдік/(шығыстар) | 7.971 | (738) |
Тоқтатылған қызметтен (шығын)/пайда | (12.401) | 378.901 |
* 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Топ даму институттары мен қаржы ұйымдарының тоқтатылған қызметі ретінде тану салдарынан 2012 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішіндегі жиынтық кіріс туралы және ақша қаражатының қозғалысы туралы шоғырландырылған есепті қайта есептеуді жүргізді.
Тиісінше, жиынтық кіріс туралы салыстырмалы шоғырландырылған есеп және 2012 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішіндегі ақша қаражатының қозғалысы туралы салыстырмалы шоғырландырылған есеп БЕХС 1 талаптарына сәйкес қайта есептелді.
Бұдан әрі 31 желтоқсандағы БТА Банктің активтері мен міндеттемелерінің негізгі санаттары берілген:
Миллион теңгемен | 2013 |
Активтер | |
Клиенттерге қарыздар | 616.439 |
Өзге қаржылық активтер | 759.313 |
Кредиттік мекемелердегі қаражат | 37.983 |
Қауымдасқан компаниялардағы инвестициялар | 16.061 |
Қорлар | 56.390 |
Өзге активтер | 56.639 |
Ақша қаражаты және олардың баламалары | 60.657 |
Активтердің жиыны | 1.603.482 |
Міндеттемелер | |
Клиенттердің қаражаты | (551.661) |
Қарыздар | (231.441) |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздары | (475.439) |
Өзге міндеттемелер | (65.233) |
Міндеттемелердің жиыны | (1.323.774) |
Таза активтер | 279.708 |
Таза активтердің әділ құнына дейін түзету (құнсыздану) | (144.165) |
Таза активтердің әділ құны | 135.543 |
Бұдан әрі БТА Банк таза ақшалай ағындары берілген:
Миллион теңгемен | 2013 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішінде | 2012 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішінде |
Операциялық | (6.158) | 193.907 |
Инвестициялық | (954) | (6.080) |
Қаржылық | (25) | (347) |
Ақша қаражатының таза (жұмсалуы)/түсімі | (7.137) | 187.480 |
"Локомотив құрастыру зауыты" АҚ
2012 жыл ішінде Топ басшылығы "Локомотив құрастыру зауыты" АҚ еншілес ұйымындағы қатысу үлесінің 50%-ын сату бойынша жоспарды қабылдады. 2013 жылдың мамырында мәміле Топтың 26% үлесін сату және "Локомотив құрастыру зауыты" АҚ ацияларының 24%-ын бір мезгілде шығару жолымен жүзеге асырылды. Нәтижесінде Топтың сатуы "Локомотив құрастыру зауыты" АҚ үстінен бақылауды жоғалтты. Топ бірлескен кәсіпорынға инвестиция ретінде "Локомотив құрастыру зауыты" АҚ-дағы оның қалған қатысу үлесінің 50%-ын таныды.
Бұдан әрі "Локомотив құрастыру зауыты" АҚ қызметінің нәтижелері берілген:
Миллион теңгемен | 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап істен шығу күніне дейін | 2012 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішінде |
Түсім | 34 | 2.978 |
Өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны | (10) | (2.414) |
Жалпы пайда | 24 | 564 |
Жалпы және әкімшілік шығыстар | (272) | (632) |
Өзге операциялық кіріс, нетто | – | 61 |
Операциялық қызметтен шығын | (248) | (7) |
Теріс бағамдық айырма, нетто | (54) | (234) |
Қаржылық кіріс | 2 | 6 |
Қаржылық шығындар | (163) | (514) |
Тоқтатылған қызметтен салық салғанға дейінгі шығын | (463) | (749) |
Табыс салығы бойынша шығыстар | (76) | (360) |
Тоқтатылған қызметтен салық салғаннан кейінгі шығын | (539) | (1.109) |
Бұдан әрі істен шығу күніндегі "Локомотив құрастыру зауыты" АҚ активтері мен міндеттемелерінің негізгі санаттары:
Миллион теңгемен | Істен шығу күніндегі активтер мен міндеттемелер |
Активтер | |
Негізгі қорлар | 14.941 |
Материалдық емес активтер | 538 |
Өзге ұзақ мерзімді активтер | 596 |
Қорлар | 22.628 |
Өзге қысқа мерзімді активтер | 2.139 |
Ақша қаражаты және олардың баламалары | 440 |
Активтердің жиыны | 41.282 |
Міндеттемелер | |
Қарыздар | (10.605) |
Сауда кредиторлық берешек | (12.441) |
Өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер | (920) |
Өзге ағымдағы міндеттемелер | (1.441) |
Міндеттемелердің жиыны | (25.407) |
Таза активтер | 15.875 |
"Локомотив құрастыру зауыты" АҚ таза ақша ағындары мынадай түрде берілген:
Миллион теңгемен | 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап істен шыққан күнге дейін | 2012 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішінде |
Операциялық | 2.634 | 1.045 |
Инвестициялық | (475) | (1.266) |
Қаржылық | (1.739) | (2.098) |
Ақша қаражатының таза түсімі/(жұмсалуы) | 420 | (2.319) |
Бұдан әрі тоқтатылған қызметке жатқызылған активтердің істен шығуынан болған шығын берілген:
Миллион теңгемен | 2013 жылы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішінде |
Алынған сыйақы сомасы | 4.528 |
Істен шыққан таза активтер | (15.875) |
Қалған үлестің әділ құны | 9.071 |
Тоқтатылған қызметке жатқызылған активтердің істен шығуынан болған шығын | (2.276) |
Еншілес ұйымның үстінен бақылауды жоғалту
"Досжан темір жолы" АҚ
"Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ "Досжан темір жолы" АҚ-дағы қатысу үлесінің 48,94%-ын иеленгендіктен, "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ-ның шығуы "Досжан темір жолы" АҚ-ның үстінен Бақылау тобын жоғалтуға алып келді. Топ капиталдағы өзгерістер туралы шоғырландырылған аралық есепте Акционерге бөлу ретінде "Досжан темір жолы" АҚ тануын тоқтатты және шығуын көрсетті. Топ "Досжан темір жолы" АҚ-да оның қалған қатысу үлесінің 46,02%-ын бақылауды жоғалту күніндегі әділ құн бойынша қауымдасқан компаниядағы инвестициялар ретінде таныды, мұнда әділ құн нөл теңгемен бағаланды.
Бұдан әрі бақылауды жоғалту күніне "Досжан темір жолы" АҚ активтері мен міндеттемелерінің негізгі санаттары берілген:
Миллион теңгемен | Істен шығу күнгі активтер мен міндеттемелер |
Активтер | |
Материалдық емес активтер | 23.968 |
Негізгі құралдар | 3.621 |
Өзге активтер | 815 |
Ақша қаражаты және олардың баламалары | 6.096 |
Активтердің жиыны | 34.500 |
Міндеттемелер | |
Қарыздар | (30.401) |
Өзге ағымдағы міндеттемелер | (584) |
Міндеттемелердің жиыны | (30.985) |
Таза активтер | 3.515 |
"Досжан темір жолы" АҚ қызметінен 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап шыққан күнге дейінгі таза шығын 1.189 миллион теңгені (2012 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішінде: 1.792 миллион теңге) құрады.
Бұдан әрі "Досжан темір жолы" АҚ таза ақшалай ағындары берілген:
Миллион теңгемен | 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап істен шығу күніне дейін | 2012 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішінде |
Операциялық | (639) | (7.815) |
Инвестициялық | (14) | (772) |
Қаржылық | – | (3.649) |
Ақшалай қаражаттың таза жұмсалуы | (653) | (12.236) |
"Семізбай-U" ЖШС
2008 жылы Топ Beijing Sino-Kaz Uranium Resources Investment Company Limited компаниясымен (бұдан әрі "Sino-Kaz") "Семізбай-U" ЖШС-дағы қатысу үлесінің 49%-ын сату туралы Келісім (бұдан әрі "Келісім") жасасты.
Келісім 2010-2033 жылдар аралығында Sino-Kaz-ға СемізбайU ЖШС-ның жыл сайын таза кірісін ең төменгі түрде бөлуге құқық берді. Осы төлемдердің ақысын "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ кепілдендірді. Осы міндеттеме келісім жасау күнінде әділ құн бойынша бағаланды, ал одан әрі амортизациялау арқылы бағаланды.
Топтың "Семізбай-U" ЖШС-дағы қатысу үлесін иеліктен айыруы Қазақстан Республикасы реттеуші органының рұқсатын талап етті, бұл шарттың талабы болды.
2012 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша реттеуші органның тиісті рұқсаты алынған жоқ. 2012 жылы Топ Семізбай-U-дағы үлестің 49%-ын сатып алу-сату мәмілесінің талабын қайта қарау туралы бітімгерлік келісім жасады. Осы Бітімгерлік келісімнің тиісті талаптары мынадай тармақтар болды:
* Топ қазақстандық реттеуші органдардың барлық қажетті рұқсаттарын алады. Осы рұқсаттар 2013 жылғы 30 мамырда алынды;
* Тараптар Семізбай-U-дағы 49% үлестің әділ құнын қайта қарауды уағдаласты. Осы талаптың нәтижесінде Топ "Семізбай-U" ЖШС 49% қатысу үлесінің бастапқы келісімшарттық міндеттемесі мен әділ нарықтық құны арасындағы 2013 жылғы 7 маусымдағы 132 миллион доллар (19,9 миллиард теңгеге барабар) айырманы төледі;
* Тараптар 2012-2033 жылдар кезеңі ішінде "Семізбай-U" ЖШС-ға төлеуге тиіс кепілдендірілген ең төменгі дивидендтерді қабылдамауды келісті. 2013 жылғы 30 мамырдағы жағдай бойынша қаржылық міндеттеменің амортизацияланған құны 308 миллион АҚШ долларына тең болды (46,7 миллиард теңгеге барабар).
Реттеуші органдардың қатысу үлесінің 49%-ын сатуға арналған рұқсатын алумен бірге "Семізбай-U" ЖШС басқарушы құжаттары өзгертілді. Осы өзгерістердің нәтижесінде Топ "Семізбай-U" ЖШС қызметін бір жақты тәртіппен басқару мүмкіндігін жоғалтты; енді шешімдерді қабылдауда "Sino-Kaz"-бен бөлісуде. Топ қаржылық міндеттемені өтеу ретінде ең төменгі кепілдендірілген дивидендті болдырмауды ескерді. Нәтижесінде, Топ "Семізбай-U" ЖШС-ға инвестицияны шоғырлауды тоқтатты және бақылауды жоғалту кезінде әділ құн бойынша иеленудің қалған үлесін таныды.
Осы операциялар нәтижесінде, Топ жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есепте 23.930 миллион теңге мөлшерінде пайданы таныды. "Семізбай-U" ЖШС істен шығу нәтижесі келесі тәртіппен шоғырландырылған қаржылық есептілікте танылды:
Миллион теңгемен | Бақылауды жоғалту сәтінде |
Негізгі құралдар | 20.002 |
Қорлар | 7.450 |
Дебиторлық берешек | 2.819 |
Өзге активтер | 5.301 |
Активтердің жиыны | 35.572 |
Қарыздар | 11.680 |
Кредиторлық берешек | 2.647 |
Өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер | 7.044 |
Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер | 164 |
Міндеттемелердің жиыны | 21.535 |
Істен шығу күніндегі жағдай бойынша "Семізбай-U" ЖШС таза активтері | 14.037 |
Минус: қалған 51% бақыланбайтын үлестің әділ құны | (11.264) |
Минус: төлемге дейінгі, амортизацияланған құн бойынша ең төменгі кепілдендірілген дивидендтер | (46.676) |
Sino-Kaz ақша қаражатымен төлеу | 19.973 |
Еншілес ұйымның міндеттемесін өтеуден және істен шығуынан болатын кіріс | 23.930 |
2012 жылы тоқтатылған қызмет
GSM Қазақстан
2011 жылғы 31 желтоқсанда 2011 жылы 31 желтоқсанда Топ Қазақстандағы GSM стандартындағы ұялы байланыс қызметтерінің операторы – "Қазақтелеком" ААҚ "GSM Қазақстан" ЖШС-дағы (бұдан әрі "GSM Қазақстан") қатысу үлесінің 49%-ын иеленді.
2011 жылғы 21 желтоқсанда Қазақтелеком шведтің ұтқыр Telia Sonera AB ұтқыр операторының еншілес компаниясы Sonera Holdings B.V. компаниясының GSM қатысу үлесінің 49%-ын сату туралы келісім жасады.
2012 жылы 1 ақпанда Топ 1.519 миллион АҚШ доллары (225.739.000 мың теңгеге барабар) мөлшеріндегі сыйақы үшін GSM Қазақстанға қатысу үлесінің 49%-ын сатуды аяқтады. Нәтижесінде сатудан түскен кіріс 200.033.000 мың теңгені құрады. 2012 жылы қауымдасқан компанияның үлесін сатудан ақша қаражатының түсімі ақша қаражатының қозғалысы туралы есептегі инвестициялық қызметте көрсетілді.
Қауымдасқан компаниядағы инвестициялардың қозғалысы мынадай түрде берілген:
Миллион теңгемен | 2012 | 2011 |
1 қаңтарға арналған | 58.389 | 53.785 |
Қауымдасқан компанияның таза пайдасындағы үлесі | 1.963 | 33.024 |
Жарияланған дивидендтер | (34.723) | (28.420) |
Тоқтатылған қызмет | (25.629) | - |
31 желтоқсанға арналған | - | 58.389 |
Алынатын дивидендтердің қозғалысы мынадай түрде берілген:
Миллион теңгемен | 2012 | 2011 |
1 қаңтарға арналған | - | - |
Жарияланған дивидендтер | 34.723 | 28.420 |
Алынған ақша қаражаты | (34.723) | (28.420) |
31 желтоқсанға арналған | - | - |
31 желтоқсанда аяқталған жыл ішіндегі тоқтатылған қызметтен пайда мынадай түрде берілген:
Миллион теңгемен | 2012 | 2011 |
Қауымдасқан компанияның таза пайдасындағы үлесі | 1.963 | 33.024 |
Тоқтатылған қызметтен есепті кезең ішінде салық салғанға дейінгі пайда | 1.963 | 33.024 |
Сатудан түскен кіріс | ||
Тоқтатылған қызметтен есепті кезең ішінде салық салғаннан кейінгі пайда | 200.033 | - |
Қауымдасқан компанияның таза пайдасындағы үлесі | 201.996 | 33.024 |
Инвестицияларды сатудан пайда мынадай түрде берілген:
Миллион теңгемен | 2012 |
Sonera Holdings B.V.-дан алынған ақша қаражаты | 225.739 |
Сатуға арналған таза активтер | (25.629) |
Оң бағамдық айырма | (77) |
Сатудан пайда | 200.033 |
Қорытынды ақпарат
31 желтоқсанда сатуға арналған ретінде жіктелген активтер мынадай түрде берілген:
Миллион теңгемен | 2013 | 2012 |
"БТА Банк" АҚ | 789.973 | - |
"Темiрбанк" АҚ | 280.666 | - |
"Локомотив құрастыру зауыты" АҚ | - | 37.721 |
Өзге | 16.204 | 13.800 |
1.086.843 | 51.521 |
31 желтоқсанда сатуға арналған ретінде жіктелген активтерге байланысты міндеттемелер мынадай түрде берілген:
Миллион теңгемен | 2013 | 2012 |
"БТА Банк" АҚ | 1.069.482 | - |
"Темiрбанк" АҚ | 143.375 | - |
"Локомотив құрастыру зауыты" АҚ | - | 16.674 |
Өзге | 7.093 | 3.643 |
1.219.950 | 20.317 |
31 желтоқсанда аяқталған жыл ішіндегі тоқтатылған қызметтің нәтижелері былай берілген:
Миллион теңгемен | 2013 | 2012 |
"БТА Банк" АҚ, таза шығын | (12.401) | 378.901 |
"БТА Банк" АҚ, құнсызданудан шығын | (144.165) | - |
"Темiрбанк" АҚ, таза пайда | 1.006 | 9.232 |
"Темiрбанк" АҚ, құнсызданудан шығын | (14.564) | - |
"Локомотив құрастыру зауыты" АҚ | (2.815) | (1.109) |
"Қазақтелеком" АҚ | - | 201.996 |
Даму институттары және қаржы ұйымдары | (2.237) | (10.428) |
Өзге | 2.204 | 1.471 |
(172.972) | 580.063 |
7. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР
Миллион теңгемен | Мұнай-газ активтері | Барлау және бағалау бойынша активтер | МӨЗ құбырлары мен активтері | Ғимараттар мен құрылыстар | Теміржол жолдары және инфрақұрылым | Машиналар, жабдық және көлік құралдары | Тау-кен активтері | Өзге | Аяқталмаған құрылыс | Жиыны |
2012 жылғы 1 қаңтардағы қалдық құны (қайта есептелді) | 1.524.394 | 135.602 | 653.572 | 488.304 | 496.132 | 1.251.310 | 35.085 | 59.729 | 410.823 | 5.054.951 |
Шетелдік валюталарды қайта есептеу | 40.839 | - | 4.892 | 1.649 | ? | 740 | - | 56 | (737) | 47.439 |
Түсімдер | 121.826 | 1.464 | 59.891 | 10.089 | 219 | 350.270 | 10.674 | 9.379 | 595.615 | 1.159.427 |
ҚПО-дағы қатысу үлесін сатып алу (5-ескертпе) | 293.400 | - | - | - | - | 55 | - | 51 | ? | 293.506 |
Істен шығулар | (12.084) | (2.311) | (7.813) | (2.059) | (16.474) | (22) | (4.734) | (14.901) | (60.398) | |
Тоқтатылған қызмет | - | - | - | (14.244) | - | (5.551) | - | (256) | (832) | (20.883) |
Тозу бойынша шығыстар | (48.809) | - | (49.325) | (27.635) | (19.706) | (144.936) | (9.943) | (15.670) | - | (316.024) |
Істен шығулар бойынша тозу және құнсыздану | 6.155 | - | 1.543 | 3.572 | 1.915 | 13.783 | 22 | 3.741 | - | 30.731 |
Түзетпені шегергендегі құнсыздануға арналған резерв | (68.525) | (434) | 187 | (4.489) | (62) | (4.972) | - | (675) | (7.173) | (86.143) |
Еншілес ұйымның үстінен бақылауды жоғалту | - | (7.098) | - | - | - | (7) | - | - | - | (7.105) |
Сатуға арналған активтерге аударымдар | (81) | - | (288) | (2.079) | (533) | (861) | - | (281) | (5.357) | (9.480) |
Қорлардан/(ға) аударымдар, нетто | - | - | - | (257) | (5.252) | 21.450 | - | 664 | (2.311) | 14.294 |
Материалдық емес активтер –ден/ге аударымдар | (770) | - | - | - | - | (65) | - | (61) | (6.417) | (7.313) |
Өзге де аударымдар және қайта топтасулар | 79.510 | (3.128) | 85.643 | 93.736 | 104.519 | 157.232 | 1.146 | 6.010 | (524.668) | - |
2012 жылғы 31 желтоқсандағы қалдық құны (қайта есептелді) | 1.935.855 | 126.406 | 753.804 | 540.833 | 575.173 | 1.621.974 | 36.962 | 57.953 | 444.042 | 6.093.002 |
Миллион теңгемен | Мұнай-газ активтері | Барлау және бағалау бойынша активтер | МӨЗ құбырлары және активтері | Ғимараттар және құрылыс-тар | Теміржол жолдары және инфрақұрылым | Машиналар, жабдық және көлік құралдары | Тау-кен активтері | Өзге | Аяқтал-маған құрылыс | Жиыны |
2013 жылғы 1 қаңтардағы қалдық құны (қайта есептелді) | 1.935.855 | 126.406 | 753.804 | 540.833 | 575.173 | 1.621.974 | 36.962 | 57.953 | 444.042 | 6.093.002 |
Шетелдік валюталарды қайта есептеу | 25.494 | 1.580 | 5.586 | (812) | (45) | 654 | - | 222 | (561) | 32.118 |
Түсімдер | 114.972 | 33.887 | 14.996 | 34.914 | 1.785 | 262.112 | 14.430 | 11.567 | 818.752 | 1.307.415 |
Кәсіпорындарды біріктіру арқылы сатып алу | - | - | - | 12.490 | ? | 4.997 | - | 2.037 | 128 | 19.652 |
Істен шығулар | (13.096) | (3.932) | (1.977) | (17.298) | (118) | (30.334) | (6.587) | (5.402) | (6.885) | (85.629) |
Тоқтатылған қызмет | - | - | - | (2.279) | ? | (515) | - | (649) | (3.178) | (6.621) |
Тозу бойынша шығыстар | (57.601) | - | (50.885) | (32.208) | (20.634) | (164.554) | (9.839) | (14.047) | - | (349.768) |
Тозу және істен шығулар бойынша құнсыздану | 8.515 | 3.200 | 1.309 | 10.994 | 65 | 26.878 | 6.587 | 4.720 | 1.167 | 63.435 |
Түзетпе жасауды шегергендегі құнсыздануға арналған резерв | (49.288) | - | 942 | (3.239) | (414) | (4.365) | - | (487) | (10.328) | (67.179) |
Еншілес ұйымның үстінен бақылауды жоғалту | - | - | - | (7.256) | - | (4.163) | (7.845) | (99) | (641) | (20.004) |
Сатуға арналған активтерге аударымдар | (22) | - | (28) | (10.638) | - | (1.354) | - | (2.295) | (2.449) | (16.786) |
Қорлардан/(ға) аударымдар, нетто | - | - | - | (211) | (5.176) | 10.295 | - | 1.276 | 2.740 | 8.924 |
Материалдық емес активтер –ден/ге аударымдар | (81) | 44.053 | - | - | - | 232 | - | 1 | (4.530) | 39.675 |
Өзге де аударымдар және қайта топтасулар | 102.960 | (42) | 44.255 | 76.209 | 48.901 | 206.257 | 11 | 7.408 | (485.959) | ? |
2013 жылғы 31 желтоқсандағы қалдық құн | 2.067.708 | 205.152 | 768.002 | 601.499 | 599.537 | 1.928.114 | 33.719 | 62.205 | 752.298 | 7.018.234 |
Бастапқы құны | 2.497.106 | 211.019 | 1.052.770 | 783.606 | 705.249 | 2.848.013 | 68.694 | 125.876 | 770.062 | 9.062.395 |
Жинақталған тозу және құнсыздану | (429.398) | (5.867) | (284.768) | (182.107) | (105.712) | (919.899) | (34.975) | (63.671) | (17.764) | (2.044.161) |
2013 жылғы 31 желтоқсандағы қалдық құн | 2.067.708 | 205.152 | 768.002 | 601.499 | 599.537 | 1.928.114 | 33.719 | 62.205 | 752.298 | 7.018.234 |
Бастапқы құн | 2.262.918 | 135.923 | 988.248 | 704.931 | 664.533 | 2.413.242 | 68.685 | 130.609 | 461.947 | 7.831.035 |
Жинақталған тозу және құнсыздану | (327.063) | (9.517) | (234.444) | (164.098) | (89.360) | (791.268) | (31.723) | (72.656) | (17.905) | (1.738.033) |
2012 жылғы 31 желтоқсандағы қалдық құн (қайта есептелді) | 1.935.855 | 126.406 | 753.804 | 540.833 | 575.173 | 1.621.974 | 36.962 | 57.953 | 444.042 | 6.093.002 |
Барлау және бағалау бойынша активтердегі қозғалыс мынадай түрде берілген:
Миллион теңгемен | Мұнай-газ активтері | Тау-кен активтері | Жиыны |
2012 жылғы 1 қаңтардағы қалдық құн | 133.479 | 2.123 | 135.602 |
Түсімдер | 328 | 1.136 | 1.464 |
Қалпына келтіруді шегергендегі құнсыздануға арналған резерв | – | (434) | (434) |
Еншілес ұйымның үстінен бақылауды жоғалту | (7.098) | – | (7.098) |
Өзге аударымдар және қайта топтасулар | (2.770) | (358) | (3.128) |
2012 жылғы 31 желтоқсандағы қалдық құн | 123.939 | 2.467 | 126.406 |
Есептілік валютасын қайта есептеу | 1.580 | - | 1.580 |
Түсімдер | 31.546 | 2.341 | 33.887 |
Істен шығулар | (3.932) | - | (3.932) |
Тозу және істен шығулар бойынша құнсыздану | 3.200 | - | 3.200 |
Материалдық емес активтерден аударымдар | 44.053 | - | 44.053 |
Өзге аударымдар және қайта топтасулар | (42) | - | (42) |
2013 жылғы 31 желтоқсандағы қалдық құн | 200.344 | 4.808 | 205.152 |
Бастапқы құн | 206.211 | 4.808 | 211.019 |
Жинақталған құнсыздану | (5.867) | – | (5.867) |
2013 жылғы 31 желтоқсандағы қалдық құн | 200.344 | 4.808 | 205.152 |
Бастапқы құн | 133.009 | 2.914 | 135.923 |
Жинақталған құнсыздану | (9.070) | (447) | (9.517) |
2012 жылғы 31 желтоқсандағы қалдық құн | 123.939 | 2.467 | 126.406 |
2013 жылғы 31 желтоқсанда 1.395.600 миллион теңге сомада таза теңгерімдік құны бар негізгі құралдар Топтың кейбір қарыздары бойынша қамтамасыз ету ретінде салынды (2012: 1.087.516 миллион теңге).
2013 жылғы 31 желтоқсанда қаржылық жалдау туралы келісімдер бойынша алынған негізгі құралдардың теңгерімдік құны 118.348 миллион теңгені (2012: 65.638 миллион теңге) құрады.
2013 жылғы 31 желтоқсанда Топтың толығымен амортизацияланған негізгі құралдарының бастапқы құны 494.378 миллион теңгені (2012: 483.458 миллион теңге) құрады.
2013 жылы Топ 19.038 миллион теңге (2012: 4.162 миллион теңге сомаға 6% мөлшерінде) сомаға 9,1% мөлшерінде капиталдандырудың орташа өлшенген ставкасы бойынша қарыздар бойынша шығындарды капиталдандырды.
Негізгі құралдардың құнсыздануы
2013 жылы Топ 67.179 миллион теңге мөлшерінде құнсыздану бойынша таза шығынды таныды, негізінен, ол негізгі құралдардың құнсыздануына "ҚМГ БӨ" 60.044 миллион теңге (4-ескертпе), "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ 3.434 миллион теңге мөлшерінде және "ҚТЖ" ҰК" АҚ 1.523 миллион теңге мөлшерінде келіп отыр.
2012 жылы Топ 86.143 миллион теңге мөлшерінде құнсыздану бойынша таза шығынды таныды, негізінен, ол негізгі құралдардың құнсыздануына "ҚМГ БӨ" 76.344 миллион теңге (4-ескертпе), "ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг" АҚ 1.258 миллион теңге мөлшерінде және "Наукоград" ЖШС 2.326 миллион теңге мөлшерінде тура келіп отыр.
8. МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕР
Миллион теңгемен | Лицензия | Бағдарламалық қамтамасыз ету | Гудвилл | Маркетинг бойынша материалдық емес активтер | Жер қойнауын пайдалануға арналған құқық | Өзге | Жиыны |
2011 жылғы 31 желтоқсандағы қалдық құны (қайта есептелді) | 33.153 | 33.205 | 147.298 | 27.006 | 35.734 | 30.593 | 306.989 |
Есептіліктің валютасын қайта есептеу | 150 | 59 | (35) | 430 | (136) | 137 | 605 |
Бағалаудағы өзгерістер | - | 41 | - | - | - | 1 | 42 |
Түсімдер | 5.805 | 10.418 | - | - | 45.290 | 3.396 | 64.909 |
Кәсіпорындарды біріктіру арқылы сатып алу | - | 6 | 101 | - | - | 1.169 | 1.276 |
Істен шығулар | (257) | (920) | (586) | - | (337) | (596) | (2.696) |
Тоқтатылған қызмет | (33) | (203) | - | - | - | (3.904) | (4.140) |
Еншілес ұйымның үстінен бақылауды жоғалту | - | - | - | - | (1.093) | - | (1.093) |
Амортизациялау бойынша шығыстар | (4.097) | (9.565) | - | (1) | (92) | (2.614) | (16.369) |
Істен шығулар бойынша тозу | 250 | 806 | - | - | 1 | 239 | 1.296 |
Құнсыздану | - | (13) | - | - | - | - | (13) |
Қорлардан аударымдар, нетто | 10 | 145 | - | - | - | 2 | 157 |
Негізгі құралдарға аударымдар | (7) | (1.339) | - | - | - | - | (1.346) |
Негізгі құралдардан аударымдар | 288 | 4.642 | - | - | - | 3.729 | 8.659 |
Өзге аударымдар | 2.868 | 2.700 | - | - | 19 | (5.587) | - |
2012 жылғы 31 желтоқсандағы қалдық құны (қайта есептелді) | 38.130 | 39.982 | 146.778 | 27.435 | 79.386 | 26.565 | 358.276 |
Есептілік валютасын қайта есептеу | 32 | 17 | 54 | 522 | 81 | 360 | 1.066 |
Бағалаудағы өзгерістер | (18) | (18) | |||||
Түсімдер | 3.569 | 7.925 | - | - | 6.921 | 5.976 | 24.391 |
Кәсіпорындарды біріктіру арқылы сатып алу | 968 | 90 | 2.851 | - | – | 2.205 | 6.114 |
Істен шығулар | (162) | (1.246) | (465) | - | (708) | (905) | (3.486) |
Тоқтатылған қызмет | (23.544) | (198) | - | - | - | (3) | (23.745) |
Еншілес ұйымның үстінен бақылауды жоғалту | – | (25) | - | - | (554) | – | (579) |
Амортизациялау бойынша шығыстар | (3.038) | (10.561) | - | - | (113) | (3.264) | (16.976) |
Сатуға арналған ретінде жіктелген активтерге аударымдар | (991) | (702) | (998) | - | - | (7.016) | (9.707) |
Істен шығулар бойынша тозу | 155 | 1.015 | - | - | 114 | 603 | 1.887 |
Құнсыздану | – | (26) | (4.945) | ? | (5.841) | (2.407) | (13.219) |
Қорлар-дан/(ға) аударымдар, нетто | 5 | (89) | - | - | – | 80 | (4) |
Негізгі құралдарға аударымдар | (19) | (1.518) | - | - | (44.053) | – | (45.590) |
Негізгі құралдардан аударымдар | 637 | 4.921 | - | - | - | 357 | 5.915 |
Өзге аударымдар | 460 | 57 | - | - | – | (517) | – |
2013 жылғы 31 желтоқсандағы қалдық құны | 16.202 | 39.642 | 143.275 | 27.957 | 35.215 | 22.034 | 284.325 |
Бастапқы құн | 36.377 | 90.796 | 178.941 | 28.589 | 53.932 | 36.984 | 425.619 |
Жинақталған амортизация және құнсыздану | (20.175) | (51.154) | (35.666) | (632) | (18.717) | (14.950) | (141.294) |
2013 жылғы 31 желтоқсандағы қалдық құны | 16.202 | 39.642 | 143.275 | 27.957 | 35.215 | 22.034 | 284.325 |
Бастапқы құн | 63.100 | 84.459 | 177.500 | 28.018 | 91.814 | 41.898 | 486.789 |
Жинақталған амортизация және құнсыздану | (24.970) | (44.477) | (30.722) | (583) | (12.428) | (15.333) | (128.513) |
2012 жылғы 31 желтоқсандағы қалдық құны (қайта есептелді) | 38.130 | 39.982 | 146.778 | 27.435 | 79.386 | 26.565 | 358.276 |
2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған құқық 30.594 миллион теңге және тиісінше 4. 621 миллион теңге сомасында (2012: 69.811 миллион теңге және тиісінше 9.575 миллион теңге) мұнай-газ және тау-кен барлау және бағалау активтерінің қалдық құнын қамтыды.
Гудвилдің құнсыздануына арналған тест
31 желтоқсандағы сегменттер бойынша ақша ағындарын тудыратын бірліктердің әрқайсысына жатқызылған жағдай бойынша гудвилдің теңгерімдік құны:
Ақша ағындарын тудыратын бірліктер | 2013 | 2012 |
Мұнайды қайта өңдеу | 121.708 | 121.654 |
Өзге | 13.372 | 13.372 |
Мұнай-газ сегментінің жиыны | 135.080 | 135.026 |
Тау-кен өнеркәсіп сегментінің жиыны (уран өндіру) | 5.166 | 10.110 |
Телекоммуникация сегментінің жиыны (IP-теледидары) | 2.706 | - |
Өзгелерінің жиыны | 323 | 1.642 |
Гудвилдің жиыны | 143.275 | 146.778 |
"Мұнайды қайта өңдеу" тобы "Rompetrol Group N.V.", "Downstream Romania", "Dyneff" және 2009 жылы сатып алынған "Refinery Company RT" ЖШС қамтиды (4-ескертпе).
Жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есепте 2013 жылы танылған гудвилдің құнсыздануы бойынша шығыстар 4.945 миллион теңге (2012 жылы: нөл) сомаға тау-кен өнеркәсібі сегментіндегі құнсыздануды қамтыды.
9. БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫНДАР МЕН ҚАУЫМДАСҚАН КОМПАНИЯЛАРДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАР
31 желтоқсандағы бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардағы инвестициялар мынадай түрде берілген:
Миллион теңгемен | Негізгі қызмет | Қызметті жүзеге асыру орны | 2013 | 2012 | ||
Теңгерімдік құны | Иелену үлесі | Теңгерімдік құны | Иелену үлесі | |||
Бірлескен кәсіпорындар | ||||||
"ТеңізшеврОйл" ЖШС | Мұнай мен газды дайындау және өндіру | Қазақстан | 311.881 | 20,00% | 264.699 | 20,00% |
Маңғыстау Инвестментс Б.В. | Мұнай мен газды дайындау және өндіру | Нидерланды | 185.003 | 50,00% | 176.949 | 50,00% |
"Екібастұз МАЭС-1" ("ЕМАЭС-1") ЖШС | Электр энергиясын өндіру | Қазақстан | 153.122 | 50,00% | 136.845 | 50,00% |
"Қазақойл-Ақтөбе" ЖШС | Мұнай мен газды дайындау және өндіру | Қазақстан | 83.800 | 50,00% | 72.086 | 50,00% |
"Бейнеу-Шымкент" газ құбыры" ЖШС | Бейнеу-Шымкент газ құбырын салу және пайдалану | Қазақстан | 70.269 | 50,00% | 71.960 | 50,00% |
"ҚазГерМұнай БК" ЖШС | Мұнай мен газды дайындау және өндіру | Қазақстан | 69.047 | 50,00% | 55.316 | 50,00% |
"ҚазРесГаз" ЖШС | Табиғи газды және мұнайды қайта өңдеу өнімдерін қайта өңдеу және сату | Қазақстан | 46.082 | 50,00% | 63.424 | 50,00% |
"Екібастұз МАЭС-2" АҚ ("ЕМАЭС-2") | Электр энергиясын өндіру | Қазақстан | 38.662 | 50,00% | 29.646 | 50,00% |
Forum Muider B. V. компаниясы | Электр энергиясын өндіру | Қазақстан | 28.344 | 50,00% | 29.838 | 50,00% |
"Kazakhstan Petrochemical Industries Inc." ЖШС | Бірінші интеграцияланған газ-химия кешенін салу | Қазақстан | 28.057 | 51,00% | 17.444 | 51,00% |
Өзге | 196.861 | 121.208 | ||||
Бірлескен кәсіпорындардың жиыны | 1.211.128 | 1.039.415 |
Миллион теңгемен | Негізгі қызмет | Қызметті жүзеге асыру орны | 2013 | 2012 | ||
Теңгерімдік құны | Иелену үлесі | Теңгерімдік құны | Иелену үлесі | |||
Қауымдасқан компаниялар | ||||||
"Қазцинк" ЖШС (5-ескертпе) | Рудаларды өндіру және байыту, аффиниирленген металдар алу | Қазақстан | 199.877 | 29,82% | - | - |
Sekerbank T.A.S. | Банктік қызмет | Түркия | 88.498 | 33,69% | 86.116 | 33,88% |
"ПетроҚазақстан Инк." ("ПҚИ") | Мұнай мен газды барлау, өндіру және қайта өңдеу | Қазақстан | 86.391 | 33,00% | 80.909 | 33,00% |
"КАТКО БК" ЖШС | Уранды барлау, дайындау, өндіру және қайта өңдеу | Қазақстан | 42.757 | 49,00% | 38.262 | 49,00% |
Өзге | 88.598 | 106.342 | ||||
Қауымдасқан компаниялардың жиыны | 506.121 | 311.629 | ||||
1.717.249 | 1.351.044 |
Төменде 2013 жыл ішіндегі осы кәсіпорындардың қаржылық есептілігіне негізделген маңызды бірлескен кәсіпорындар туралы қорытынды қаржылық ақпарат берілген:
Миллион теңгемен | "Теңіз-шеврОйл" ЖШС | Маңғыстау Инвестментс Б.В. | "Екібастұз МАЭС-1" ("ЕМАЭС-1") ЖШС | "Қазақойл-Ақтөбе" ЖШС | "Бейнеу-Шымкент" газ құбыры" ЖШС | "ҚазГерМұнай БК" ЖШС |
Бірлескен кәсіпорындар | ||||||
Ұзақ мерзімді активтер | 2.046.774 | 402.934 | 323.752 | 150.324 | 297.419 | 175.436 |
Мыналарды қоса алғандағы ағымдағы активтер | 541.783 | 80.288 | 17.488 | 43.072 | 11.625 | 84.923 |
Ақша қаражаты және олардың баламалары | 69.983 | 11.034 | 4.288 | 2.479 | 10.422 | 27.801 |
Мыналарды қоса алғандағы ұзақ мерзімді міндеттемелер | 582.356 | 50.569 | 22.556 | 7.609 | 139.882 | 45.421 |
Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер | - | - | 9.987 | 392 | 138.737 | ? |
Мыналарды қоса алғандағы ағымдағы міндеттемелер | 446.796 | 62.647 | 12.440 | 18.187 | 28.624 | 76.844 |
Ағымдағы қаржылық міндеттемелер | 97.841 | - | 600 | 1.529 | - | - |
Капитал | 1.559.405 | 370.006 | 306.244 | 167.600 | 140.538 | 138.094 |
Иелену үлесі | 20,00% | 50,00% | 50,00% | 50,00% | 50,00% | 50,00% |
Шығындарда жинақталған танылмаған үлес | - | - | - | - | - | - |
2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша инвестициялардың ағымдағы құны | 311.881 | 185.003 | 153.122 | 83.800 | 70.269 | 69.047 |
Түсім | 3.839.623 | 643.603 | 82.338 | 127.263 | - | 372.392 |
Тозу және амортизация | (161.496) | (21.179) | (2.577) | (18.939) | (38) | (10.146) |
Қаржылық кіріс | 1.287 | 154 | 13 | 524 | - | 589 |
Қаржылық шығындар | (26.776) | (4.763) | (1.200) | (841) | (333) | (604) |
Табыс салығы бойынша шығыстар | (633.970) | (36.029) | (8.227) | (3.218) | - | (75.103) |
Жалғастырылатын қызметтен жыл ішіндегі пайда/(шығын) | 1.479.538 | 113.038 | 32.554 | 23.429 | (3.381) | 86.432 |
Тоқтатылған қызметтен салық салғаннан кейінгі пайда | - | - | - | - | - | - |
Өзге жиынтық кіріс | 27.499 | 250 | - | - | - | 2.172 |
Жалпы жиынтық кіріс/(шығын) | 1.507.037 | 113.288 | 32.554 | 23.429 | (3.381) | 88.604 |
Шығындарда танылмаған үлес | - | - | - | - | - | - |
Алынған дивидендтер | 254.226 | 48.590 | - | - | - | 30.570 |
Миллион теңгемен | "ҚазРесГаз" ЖШС | "Екібастұз МАЭС-2" ("ЕМАЭС-2") АҚ | Forum Muider B. V компаниясы | "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc." ЖШС |
Ұзақ мерзімді активтер | 3.853 | 132.584 | 42.152 | 37.398 |
Мыналарды қоса алғандағы ағымдағы активтер | 96.391 | 11.063 | 39.702 | 33.301 |
Ақша қаражаты және олардың баламалары | 68.529 | 1.424 | 537 | 22.903 |
Мыналарды қоса алғандағы ұзақ мерзімді міндеттемелер | 190 | 9.421 | 13.185 | 14.495 |
Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер | - | 3.704 | 7.873 | - |
Мыналарды қоса алғандағы ағымдағы міндеттемелер | 7.890 | 56.902 | 11.981 | 1.189 |
Ағымдағы қаржылық міндеттемелер | - | 54.277 | 4.827 | - |
Капитал | 92.164 | 77.324 | 56.688 | 55.015 |
Иелену үлесі | 50,00% | 50,00% | 50,00% | 51,00% |
Шығындарда жинақталған танылмаған үлес | - | - | - | - |
2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша инвестициялардың ағымдағы құны | 46.082 | 38.662 | 28.344 | 28.057 |
Түсім | 140.829 | 43.379 | 96.331 | - |
Тозу және амортизация | (369) | (2.175) | (9.483) | (17) |
Қаржылық кіріс | 2.895 | 2 | 1.698 | ? |
Қаржылық шығындар | - | (395) | (1.781) | (45) |
Табыс салығы бойынша шығыстар | (14.919) | (4.882) | (3.522) | ? |
Жалғастырылатын қызметтен жыл ішіндегі пайда/(шығын) | 44.670 | 18.031 | 9.670 | (273) |
Тоқтатылған қызметтен салық салғаннан кейінгі пайда | - | - | - | - |
Өзге жиынтық кіріс | 2.427 | - | - | - |
Жалпы жиынтық кіріс/(шығын) | 47.097 | 18.031 | 9.670 | (273) |
Шығындарда танылмаған үлес | - | - | - | - |
Алынған дивидендтер | 40.891 | - | 6.328 | - |
Төменде 2012 жыл ішіндегі осы кәсіпорындардың қаржылық есептілігіне негізделген маңызды бірлескен кәсіпорындар туралы қорытынды қаржылық ақпарат берілген:
Миллион теңгемен | "Теңізшевр-Ойл" ЖШС | Маңғыстау Инвестментс Б.В. | "Екібастұз МАЭС-1" ЖШС ("ЕМАЭС-1") | "Қазақойл-Ақтөбе" ЖШС | "Бейнеу-Шымкент" газ құбыры" ЖШС | "ҚазГерМұнай БК" ЖШС |
Бірлескен кәсіпорындар | ||||||
Ұзақ мерзімді активтер | 1.901.162 | 385.919 | 280.831 | 163.973 | 204.172 | 184.117 |
Мыналарды қоса алғандағы ағымдағы активтер | 487.082 | 144.994 | 20.299 | 21.707 | 5.982 | 62.180 |
Ақша қаражаты және олардың баламалары | 45.882 | 57.386 | 11.406 | 1.862 | 5.949 | 40.021 |
Мыналарды қоса алғандағы ұзақ мерзімді міндеттемелер | 688.777 | 133.098 | 20.568 | 7.689 | - | 59.793 |
Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер | 95.268 | 83.996 | 9.976 | 731 | - | - |
Мыналарды қоса алғандағы ағымдағы міндеттемелер | 375.972 | 43.917 | 6.872 | 33.819 | 66.234 | 75.872 |
Ағымдағы қаржылық міндеттемелер | 96.151 | - | 600 | 5.134 | 19.500 | - |
Капитал | 1.323.495 | 353.898 | 273.690 | 144.172 | 143.920 | 110.632 |
Иелену үлесі | 20,00% | 50,00% | 50,00% | 50,00% | 50,00% | 50,00% |
Шығындарда жинақталған танылмаған үлес | - | - | - | - | - | - |
2012 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша инвестициялардың ағымдағы құны | 264.699 | 176.949 | 136.845 | 72.086 | 71.960 | 55.316 |
Түсім | 3.442.771 | 636.259 | 86.453 | 134.919 | - | 344.477 |
Тозу және амортизация | (129.583) | (25.109) | (8.016) | (17.188) | (38) | (11.640) |
Қаржылық кіріс | 962 | 306 | 263 | 213 | 25 | 178 |
Қаржылық шығындар | (32.428) | (9.680) | (210) | (1.389) | ? | (507) |
Табыс салығы бойынша шығыстар | (573.919) | (54.520) | (10.161) | (10.559) | (65) | (75.765) |
Жалғастырылатын қызметтен жыл ішіндегі пайда/(шығын) | 1.339.145 | 129.271 | 39.595 | 22.640 | (523) | 76.716 |
Тоқтатылған қызметтен салық салғаннан кейінгі пайда | - | - | - | - | - | - |
Өзге жиынтық кіріс | 19.974 | - | - | - | - | 600 |
Жалпы жиынтық кіріс/(шығын) | 1.359.119 | 129.271 | 39.595 | 22.640 | (523) | 77.316 |
Шығындарда танылмаған үлес | - | - | - | - | - | - |
Алынған дивидендтер | 243.858 | - | 3.990 | - | - | 67.170 |
Миллион теңгемен | "ҚазРесГаз" ЖШС | "Екібастұз МАЭС-2" АҚ ("ЕМАЭС-2") | Forum Muider B. V компаниясы | "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc." ЖШС |
Ұзақ мерзімді активтер | 3.949 | 106.108 | 70.424 | 33.045 |
Мыналарды қоса алғандағы ағымдағы активтер | 135.513 | 7.852 | 13.425 | 19.012 |
Ақша қаражаты және олардың баламалары | 70.011 | 1.781 | 226 | 5.403 |
Мыналарды қоса алғандағы ұзақ мерзімді міндеттемелер | 71 | 52.233 | 11.977 | 13.611 |
Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер | - | 46.926 | 7.019 | - |
Мыналарды қоса алғандағы ағымдағы міндеттемелер | 12.543 | 2.435 | 12.196 | 4.243 |
Ағымдағы қаржылық міндеттемелер | - | 1.243 | 4.187 | - |
Капитал | 126.848 | 59.292 | 59.676 | 34.203 |
Иелену үлесі | 50,00% | 50,00% | 50,00% | 51,00% |
Шығындарда жинақталған танылмаған үлес | - | - | - | - |
2012 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша инвестициялардың ағымдағы құны | 63.424 | 29.646 | 29.838 | 17.444 |
Түсім | 220.998 | 36.194 | 82.027 | - |
Тозу және амортизация | (363) | (2.175) | (6.089) | (10) |
Қаржылық кіріс | 2.621 | 6 | 1 | - |
Қаржылық шығындар | - | (2.196) | (625) | - |
Табыс салығы бойынша шығыстар | (21.929) | (3.263) | (2.764) | - |
Жалғастырылатын қызметтен жыл ішіндегі пайда/(шығын) | 81.782 | 11.759 | 8.504 | (780) |
Тоқтатылған қызметтен салық салғаннан кейінгі пайда | - | - | - | - |
Өзге жиынтық кіріс | 2.182 | - | - | - |
Жалпы жиынтық кіріс/(шығын) | 83.964 | 11.759 | 8.504 | (780) |
Шығындарда танылмаған үлес | - | - | - | - |
Алынған дивидендтер | 142.996 | - | 6.095 | - |
Төменде 2013 жыл ішіндегі осы кәсіпорындардың қаржылық есептілігіне негізделген маңызды қауымдасқан компаниялар туралы қорытынды қаржылық ақпарат берілген:
Миллион теңгемен | "Қазцинк" ЖШС | Sekerbank T.A.S. | ПетроҚазақстан Инк. ("ПҚИ") | "КАТКО БК" ЖШС |
Қауымдасқан компаниялар | ||||
Ұзақ мерзімді активтер | 713.496 | 864.412 | 418.059 | 70.990 |
Ағымдағы активтер | 166.036 | 684.917 | 48.107 | 34.582 |
Ұзақ мерзімді міндеттемелер | 110.555 | 287.726 | 117.548 | 8.168 |
Ағымдағы міндеттемелер | 61.553 | 966.432 | 86.826 | 10.284 |
Капитал | 707.424 | 295.171 | 261.792 | 87.120 |
Иелену үлесі | 29,82% | 33,69% | 33,00% | 49,00% |
Шығындарда жинақталған танылмаған үлес | - | - | - | - |
Гудвилл | 49.292 | - | - | 68 |
Құнсыздану | (60.369) | (10.945) | - | - |
2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша инвестициялардың ағымдағы құны | 199.877 | 88.498 | 86.391 | 42.757 |
Түсім | 356.465 | 103.828 | 295.928 | 71.469 |
Жалғастырылатын қызметтен жыл ішіндегі пайда | 21.341 | 18.694 | 71.959 | 21.100 |
Тоқтатылған қызметтен салық салғаннан кейінгі пайда | - | - | - | - |
Өзге жиынтық кіріс | 6.553 | 151 | 4.581 | 409 |
Жалпы жиынтық кіріс | 27.894 | 18.845 | 76.540 | 21.509 |
Шығындарда танылмаған үлес | - | - | - | - |
Алынған дивидендтер | - | - | 35.334 | 6.044 |
Төменде 2012 жыл ішіндегі осы кәсіпорындардың қаржылық есептілігіне негізделген маңызды қауымдасқан компаниялар туралы қорытынды қаржылық ақпарат берілген:
Миллион теңгемен | "Қазцинк" ЖШС | Sekerbank T.A.S. | ПетроҚазақстан Инк. ("ПҚИ") | "КАТКО БК" ЖШС |
Қауымдасқан компаниялар | ||||
Ұзақ мерзімді активтер | - | 728.622 | 411.210 | 65.701 |
Ағымдағы активтер | - | 660.719 | 10.692 | 40.144 |
Ұзақ мерзімді міндеттемелер | - | 242.805 | 105.261 | 5.808 |
Ағымдағы міндеттемелер | - | 871.761 | 71.462 | 22.091 |
Капитал | - | 274.775 | 245.179 | 77.946 |
Иелену үлесі | - | 33,88% | 33,00% | 49,00% |
Шығындарда жинақталған танылмаған үлес | - | - | - | - |
Гудвилл | - | - | - | - |
Құнсыздану | - | (6.978) | - | 68 |
2012 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша инвестициялардың ағымдағы құны | - | 86.116 | 80.909 | 38.262 |
Түсім | - | 101.120 | 320.681 | 47.859 |
Жалғастырылатын қызметтен жыл ішіндегі пайда | - | 19.359 | 104.740 | 19.302 |
Тоқтатылған қызметтен салық салғаннан кейінгі пайда | - | - | - | - |
Өзге жиынтық кіріс | - | 10.093 | 5.793 | (409) |
Жалпы жиынтық кіріс | - | 29.452 | 110.533 | 18.893 |
Шығындарда танылмаған үлес | - | - | - | - |
Алынған дивидендтер | - | - | 49.800 | - |
Sekerbank T.A.S. қоспағанда, барлық жоғарыда санамаланған бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялар Топтың бизнесі үшін стратегиялық болып табылады.
Маңызды бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялар үшін белсенді нарығы жоқ, сондықтан Топ осы инвестициялардың әділ құны туралы ақпаратты ашып көрсетпейді.
Төменде жеке маңызды емес бірлескен кәсіпорындар туралы қорытынды қаржылық ақпарат (Топтың қатысу үлесіне пропорционал) берілген:
Миллион теңгемен | 2013 | 2012 |
31 желтоқсандағы жағдай бойынша инвестициялардың ағымдағы құны | 196.861 | 121.208 |
Жалғастырылатын қызметтен жыл ішіндегі пайда | 36.909 | 26.672 |
Тоқтатылған қызметтен салық салғанға дейінгі пайда | – | – |
Өзге жиынтық кіріс | 941 | 14 |
Жалпы жиынтық кіріс | 37.850 | 26.686 |
Төменде жеке маңызды емес қауымдасқан компаниялар туралы қорытынды қаржылық ақпарат (Топтың қатысу үлесіне пропорционал) берілді:
Миллион теңгемен | 2013 | 2012 |
31 желтоқсандағы жағдай бойынша инвестициялардың ағымдағы құны | 88.598 | 106.342 |
Жалғастырылатын қызметтен жыл ішіндегі пайда | 788 | 9.279 |
Тоқтатылған қызметтен салық салғанға дейінгі пайда | – | – |
Өзге жиынтық кіріс | 890 | 566 |
Жалпы жиынтық кіріс | 1.678 | 9.845 |
2013 және 2012 жылдардағы бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың инвестицияларындағы өзгерістер былай берілген:
Миллион теңгемен | 2013 | 2012 (қайта есептелді) |
1 қаңтарға арналған сальдо | 1.351.044 | 1.294.982 |
Қауымдасқан компаниялар мен бірлескен кәсіпорындардың кірісіндегі үлесі, нетто | 542.434 | 538.835 |
Алынған дивидендтер | (438.759) | (556.217) |
Алуға дивидендтерге өзгеріс | 14.116 | 10 |
Сатып алу | 315.931 | 46.171 |
Істен шығулар | (2.274) | (30) |
Сатуға арналған ретінде жіктелетін активтерге аударымдар (6-ескертпе) | (16.061) | (256) |
Өзге жиынтық кіріс | 15.548 | 11.097 |
Қаржылық активтерден аударымдар | 855 | (11) |
(Құнсыздану)/құнсыздануды қалпына келтіру | (70.712) | 16.463 |
Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың капиталындағы басқа да өзгерістер | 5.127 | - |
31 желтоқсандағы сальдо | 1.717.249 | 1.351.044 |
2013 жылы Топ "Қазцинк" ЖШС қауымдасқан компаниясына инвестициялардың құнсыздануынан 60.369 миллион теңге мөлшеріндегі шығынды таныды. Осы инвестицияның өтелетін құны болашақ ақша ағындарын дисконттау жолымен оны пайдалану құндылығы негізінде анықталды.
2013 жылғы 31 желтоқсанда бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың танылмаған жинақталған шығындарындағы Топтың үлесі 24.823 миллион теңгені (2012: 33.509 миллион теңгені) құрады.
10. КЛИЕНТТЕРГЕ ҚАРЫЗДАР
31 желтоқсанда клиенттерге қарыздар мыналарды қамтыды:
Миллион теңгемен | 2013 | 2012 |
Ірі кәсіпорындарға қарыздар | 719.762 | 2.049.953 |
Жеке тұлғаларға қарыздар | 331.358 | 718.670 |
Шағын және орта бизнеске кредит беру | 40.165 | 292.957 |
Қаржылық жалдауға таза инвестициялар | 9.041 | 56.888 |
Өзге қарыздар | 4.117 | 5.235 |
Қарыздардың жалпы сомасы | 1.104.443 | 3.123.703 |
Минус: құнсыздануға арналған резерв | (207.560) | (1.071.993) |
Клиенттерге қарыздар, нетто | 896.883 | 2.051.710 |
Минус: ағымдағы бөлігі | (249.800) | (665.326) |
Ұзақ мерзімді бөлігі | 647.083 | 1.386.384 |
31 желтоқсанда аяқталған жыл ішіндегі қарыздар бойынша құнсыздануға арналған резервтегі қозғалыс келесі түрде берілген:
Миллион теңгемен | 2013 | 2012 |
1 қаңтарға арналған резерв | 1.071.993 | 1.262.590 |
Есептелгені, нетто | 118.864 | 15.895 |
Резерв есебінен қалпына келтірілген/есептен шығарылғаны, нетто | 231.220 | (231.746) |
Сатуға арналған ретінде жіктелген активтерге аудару (6-ескертпе) | (1.114.411) | - |
Есептілік валютасын қайта есептеу | 35.200 | 25.254 |
Тоқтатылған қызмет | (135.306) | - |
31 желтоқсанға арналған резерв | 207.560 | 1.071.993 |
Келесі кестелерде 31 желтоқсандағы несиелік қоржынның кредиттік сапасы туралы ақпарат берілген:
Миллион теңгемен | 2013 | 2012 |
Құнсыздану белгілері анықталмаған қарыздар: | ||
Стандарттық қарыздар | 822.028 | 1.467.523 |
Минус: құнсыздануға арналған резерв | (25.141) | (51.004) |
Құнсыздануға арналған резервті шегергендегі стандарттық қарыздар | 796.887 | 1.416.519 |
Құнсызданған қарыздар | ||
Жеке құнсызданған қарыздар | 199.832 | 1.441.378 |
Минус: құнсыздануға арналған резерв | (162.793) | (987.461) |
Құнсыздануға арналған резервті шегергендегі жеке құнсызданған қарыздар | 37.039 | 453.917 |
Мерзімі өткен қарыздар | ||
- кемінде 90 күнге мерзімі кешіктірілген | 35.384 | 34.010 |
- 90 күннен асатын және кемінде 1 жылға мерзімі кешіктірілген | 26.242 | 56.208 |
- 1 жылдан асатын мерзімі кешіктірілген | 20.958 | 124.584 |
Минус: құнсыздануға арналған резерв | (19.627) | (33.528) |
Құнсыздануға арналған резервті шегергендегі мерзімі өткен қарыздар | 62.957 | 181.274 |
Құнсызданған қарыздардың жиыны | 99.996 | 635.191 |
Клиенттерге қарыздардың жиыны, нетто | 896.883 | 2.051.710 |
31 желтоқсандағы қаржылық жалға алу бойынша таза инвестициялардың құрамдауыштары мынадай түрде берілген:
Миллион теңгемен | 2013 | 2012 |
Бір жыл бойы | 1.653 | 37.551 |
Бір жылдан артық, бірақ бес жылдан аспайтын | 6.611 | 23.662 |
Бес жылдан жоғары | 11.291 | 14.164 |
Ең төменгі жалдау төлемдері | 19.555 | 75.377 |
Минус: табыс таппаған қаржылық кіріс | (10.514) | (18.489) |
Минус: құнсыздануға арналған резерв | ? | (16.104) |
Қаржылық жалға алудағы таза инвестициялар | 9.041 | 40.784 |
Kazakhmys Finance Plc
2013 жылы Топ Kazakhmys Finance Plc-ке 12 жыл өтеу мерзімімен 200 миллион АҚШ доллары (2013 жылғы 31 желтоқсандағы бағам бойынша 30.812 миллион теңгеге барабар) мөлшерінде (2012: 1.200 миллион АҚШ доллары, 2012 жылғы 31 желтоқсандағы бағам бойынша 180.888 миллион теңгеге барабар) қарыз берді. Қарыздар бойынша жылдық пайыздық ставка ЛИБОР алты айлық ставкасына және 4,80% мөлшеріндегі маржа тең базалық ставкадан тұрады. Осы қарыз Жомарт мыс кен орнын өндіру үшін берілді. Осы қарызды қаржыландыру Қытайдың Мемлекеттік Даму банкінің кредиттік желісі шеңберінде алынған қаражаттан жүзеге асырылды (18-ескертпе).
11. КРЕДИТТІК МЕКЕМЕДЕГІ ҚАРЖАТ
31 желтоқсандағы кредиттік мекемелердегі қаражат мыналарды қамтыды:
Миллион теңгемен | 2013 | 2012 (қайта есептелді) |
Банктік депозиттер | 1.356.231 | 1.099.040 |
Кредиттік мекемелерге қарыздар | 218.333 | 311.162 |
Минус: құнсыздануға арналған резерв | - | (64.133) |
Кредиттік мекемелердегі қаражат, нетто | 1.574.564 | 1.346.069 |
Минус: ағымдағы бөлігі | (1.291.888) | (1.076.442) |
Ұзақ мерзімді бөлігі | 282.676 | 269.627 |
Миллион теңгемен | 2013 | 2012 (қайта есептелді) |
10 ірі жергілікті кредит мекемесі | 997.137 | 913.505 |
Өзге жергілікті кредит мекемелері | 189.063 | 93.362 |
Халықаралық кредит мекемелері | 388.364 | 339.202 |
1.574.564 | 1.346.069 |
Миллион теңгемен | 2013 | 2012 (қайта есептелді) |
ААА(Ааа)-дан АА-(Аа3)-ға дейін рейтингілер | - | 35.684 |
А+(А1)-дан А-(А3)-ға дейін рейтингілер | 258.099 | 137.860 |
ВВВ+(Ваа1)-дан ВВВ(Ваа2)-ға дейін рейтингілер | 125.132 | 125.928 |
ВВВ-(Ваа3)-дан ВВ-(Ва3)-ға дейін рейтингілер | 210.795 | 300.932 |
В+(В1)-ден В-(В3)-ге дейін рейтингілер | 973.206 | 592.773 |
ССС+(Саа1)-ден D(D)-ға дейін рейтингілер | 2.384 | - |
Рейтинг жоқ | 4.948 | 152.892 |
1.574.564 | 1.346.069 |
Миллион теңгемен | 2013 | 2012 (қайта есептелді) |
Кредит мекемелерінде теңгемен көрсетілген қаражат | 884.287 | 790.109 |
Кредит мекемелерінде АҚШ долларымен көрсетілген қаражат | 689.287 | 549.874 |
Кредит мекемелерінде өзге валюталарда көрсетілген қаражат | 990 | 6.086 |
1.574.564 | 1.346.069 |
2013 жылғы 31 желтоқсанда кредит мекемелеріндегі қаражат бойынша орташа өлшенген пайыздық ставка 4,68% (2012: 4,86%) құрады.
Кредит мекемелеріндегі қаражат бойынша құнсыздануға арналған резервтегі өзгеріс мынадай түрде берілген:
Миллион теңгемен | 2013 | 2012 |
1 қаңтарға арналған резерв | 64.133 | 62.789 |
Қалпына келтірілгені, нетто | (13.388) | (1.947) |
Есептілік валютасын қайта есептеу | (1.248) | 3.096 |
Резерв есебінен шығарылғаны | 4.284 | 195 |
Тоқтатылған қызмет | (1.662) | - |
Сатуға арналған ретінде жіктелген активтерге аударымдар | (52.119) | - |
31 желтоқсанға арналған резерв | - | 64.133 |
2013 жылы 31 желтоқсанда кредиттік мекемелердегі қаражат 38.217 миллион теңге сомасында ақша қаражатын қамтыды, ол Топтың кейбір қарыздары бойынша қамтамасыз ету ретінде салынды (2012: 4.982 миллион теңге) (18-ескертпе).
12. ӨЗГЕ ҚАРЖЫ АКТИВТЕРІ
31 желтоқсанда өзге қаржы активтері мыналарды қамтыды:
Миллион теңгемен | 2013 | 2012 |
Бірлескен кәсіпорынның қатысушысынан алуға вексель | 17.192 | 18.222 |
Қауымдасқан компанияның қатысушысынан алуға вексель | 22.412 | 20.722 |
Мыналарды қоса алғанда, сату үшін қолда бар қаржы активтері | 132.058 | 484.542 |
Үлестік бағалы қағаздар | 92.054 | 219.582 |
Қазақстандық қаржы мекемелерінің облигациялары | 16.177 | 135.413 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық міндеттемелері | 22.911 | 68.316 |
Корпоративтік облигациялар | 925 | 32.177 |
Халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялары | - | 13.001 |
Өзге борыштық бағалы қағаздар | - | 24.056 |
Минус: құнсыздануға арналға резерв | (9) | (8.003) |
оның ішінде репо шарттары бойынша қаржы активтері | 9.932 | 9.976 |
Мыналарды қоса алғанда, өтеуге дейін ұсталатын қаржылық активтер | 312 | 51.302 |
Қазақстандық қаржы мекемелерінің облигациялары | - | 42.596 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық міндеттемелері | - | 8.182 |
Корпоративтік облигациялар | 312 | 524 |
Мыналарды қоса алғанда, пайда және залал арқылы әділ құн бойынша ескерілетін қаржылық активтер | 8.114 | 37.256 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық міндеттемелері | 4.497 | 19.111 |
Қазақстандық қаржы мекемелерінің облигациялары | 1.852 | 3.266 |
Венчурлік капитал ұйымдарында түзілмеген инвестициялар | - | 12.917 |
Акционерлік капиталға түзілмеген инвестициялар | - | 1.799 |
Миллион теңгемен | 2013 | 2012 |
Корпоративтік облигациялар | 1 | 126 |
Өзге борыштық бағалы қағаздар | 1.764 | 37 |
Мыналарды қоса алғанда, сауда бағалы қағаздар | - | 70.421 |
Қазақстандық қаржы мекемелерінің облигациялары | - | 20.997 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық міндеттемелері | - | 13.444 |
Корпоративтік облигациялар | - | 9.422 |
Өзге үлестік бағалы қағаздар | - | 25.668 |
Өзге борыштық бағалы қағаздар | - | 890 |
Мыналарды қоса алғанда, туынды қаржылық құралдар | 46.427 | 50.278 |
Опциондар | 46.427 | 47.638 |
Валюталық своптар | - | 2.113 |
Өзге | - | 527 |
Қаржы активтерінің жиыны | 226.515 | 732.743 |
Минус: ағымдағы бөлігі | (92.686) | (267.809) |
Ұзақ мерзімді бөлігі | 133.829 | 464.934 |
2013 жылғы 31 желтоқсанда сату үшін қолда бар қаржылық активтер бойынша пайыздық ставка өтеуге дейін ұсталатын қаржылық активтер және сауда бағалы қағаздары 4,3%-дан 9,2%-ға дейін, 0,93%-дан 15%-ға дейін және тиісінше 3,6%-дан 11%-ға дейінгі (2012: 2,3%-дан 17,4%-ға дейін, 0,93%-дан 15%-ға дейін және тиісінше 3,6%-дан 11%-ға дейін) диапазонда болды.
Туынды қаржылық құралдарды қоспағанда, валюталар бөлінісіндегі өзге де қаржылық активтер мынадай түрде берілген:
Миллион теңгемен | 2013 | 2012 |
Теңгемен көрсетілген қаржылық активтер | 139.562 | 442.444 |
АҚШ долларымен көрсетілген қаржылық активтер | 40.526 | 231.523 |
Өзге валюталармен көрсетілген қаржылық активтер | - | 8.498 |
180.088 | 682.465 |
Өзге қаржылық активтердің құнсыздануына арналған резервтегі өзгерістер мынадай түрде берілген:
Миллион теңгемен | 2013 | 2012 |
1 қаңтарға арналған резерв | 8.003 | 8.157 |
(Қалпына келтірілгені)/есептелгені, нетто | (2.465) | 666 |
резерв есебінен шығарылғаны | (2.172) | (680) |
Тоқтатылған қызмет | (3.357) | - |
Есептілік валютасын қайта есептеу | - | (140) |
31 желтоқсанға арналған резерв | 9 | 8.003 |
Үлестік бағалы қағаздар (сату үшін қолда бар қаржылық активтер) – "Toshiba Nuclear Energy Holdings (US) Inc." және "Toshiba Nuclear Energy Holdings (UK) Ltd." акциялары
2007 жылы ҚАӨ ҰАК "Toshiba Nuclear Energy Investments US Inc."-тан 400.000 мың АҚШ долларына "Toshiba Nuclear Energy Holdings (US) Inc." (бұдан әрі "TNEH-US") компаниясының А класындағы 400 жай акциясын сатып алды. Бұдан басқа, ҚАӨ ҰАК 140.000 мың АҚШ долларына "Toshiba Nuclear Energy Holdings (UK) Ltd." (бұдан әрі "TNEH-UK") компаниясының А класының 140 жай акциясын "Toshiba Nuclear Energy Investments UK Ltd"-дан сатып алды. TNEH – US-тегі А класының 400 жай акциясын және TNEH-UK-тегі А класының 140 жай акциясын сатып алу нәтижесінде, ҚАӨ ҰАК көрсетілген компаниялардағы иелену үлесінің 10%-ын сатып алды. TNEH-US және TNEH-UK "Westinghouse Group"-тегі (бұдан әрі "Westinghouse") акциялардың 100%-ын иеленеді.
Үлестік бағалы қағаздар (сату үшін қолда бар қаржылық активтер) – "Toshiba Nuclear Energy Holdings (US) Inc." және "Toshiba Nuclear Energy Holdings (UK) Ltd." акциялары (жалғасы)
TNEH-US және TNEH-UK-тегі қатысу үлесін сатып алуға байланысты және сонымен бір мезгілде ҚАӨ ҰАК "пут" опционына (бұдан әрі "пут" опционы) келісімін жасады. Westinghouse жүргізетін сертификаттауға байланысты Компанияның "Үлбі металлургия зауыты" АҚ еншілес кәсіпорнында (ҚАӨ ҰАК еншілес ұйымы) отын құрастырылымдарын өндіру, "пут" опционы ҚАӨ ҰАК-ке опционды "Toshiba" корпорациясының өз акцияларын бірінші 67% акцияларын 540.000 мың АҚШ долларына тең сатып алудың бастапқы бағасының 100% үшін және қалған 33% акциялары үшін сатып алу бастапқы құнының 90% үшін сатуды ұсынады, соның нәтижесінде "пут" опционын орындау бағасы 522.180 мың АҚШ долларымен теңестіріледі. "Пут" опционының осы келісіміне толықтыруға 2012 жылдың аяғында ҚАӨ ҰАК және "Toshiba" корпорациясы келісімге қол қойып, осыған сәйкес ҚАӨ ҰАК 2018 жылдың 28 ақпанына дейін опционды пайдалануы мүмкін. 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ҚАӨ ҰАК "пут" опционын пайдаланған жоқ.
TNEH-US және TNEH-UK иелену үлесін сатып алуға байланысты және сонымен бір мезгілде, ҚАӨ ҰАК "колл" (бұдан әрі мәтін бойынша "колл" опционы) опционына келісім жасады. "Колл" опционы егер АҚШ-тың Шетелдік инвестициялар жөніндегі комитеті ҚАӨ ҰАК барынша стратегиялық әріптес болып табылмайтындығын ескерсе, "Toshiba" корпорациясына ҚАӨ ҰАК-ден оның TNEH-US және TNEH-UK-тегі акцияларын сатуды талап етуге құқылы. Бұл жағдайда ҚАӨ ҰАК акцияларының әділ құны тәуелсіз халықаралық бағалау компаниясымен айқындалатын болады. 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша "Toshiba" корпорациясы "колл" опционын пайдаланған жоқ.
Топ осы инвестицияларды сатуға арналған қолда бар ретінде жіктеді, өйткені Топтың ниеті мен қабілетін ұзақ мерзімді перспективадағы инвестицияларды ұстауды ең таңдаулы тәсіл деп көрсету. Инвестиции в TNEH-US және TNEH-UK-тегі инвестициялар өзіндік құн бойынша ескеріледі, өйткені олар жеке компанияның капиталы болып табылады, оның әділ құны дұрыс анықталмауы мүмкін.
2013 жылғы 31 желтоқсанда осы инвестициялардың теңгерімдік құны 66.005 миллион теңгені құрады (2012: 66.005 миллион теңге).
Үлестік бағалы қағаздар (сату үшін қолда бар қаржы активтері) – Kazakhmys PLC акциялары
2013 жылғы 6 маусымда Қор Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне оларды беру жолымен республикалық меншікке Қордың иелігінде бар Kazakhmys PLC (58.876.793 акция) жай акцияларының барлығын өтеусіз беруді жүзеге асырды. Беру күніндегі осы қаржылық активтердің әділ құны 44.069 миллион теңгені құрады. (17.5-ескертпе).
2012 жылғы 31 желтоқсанда Kazakhmys PLC үлестік бағалы қағаздары сату үшін қолда бар, өтелмеуі мүмкін, құнның елеулі түрде және жалғастырылатын төмендеуімен байланысты бастапқы құн шамасынан төмен болғанының объективті айғақтары бар. Осыған байланысты, Топ Kazakhmys PLC үлестік бағалы қағаздар бойынша сатылмаған шығынның өзге жиынтық кірісінің құрамынан 86.103 миллион теңге мөлшеріндегі құнсыздану бойынша шығындарға қайта жіктелді. Құнсыздану бойынша шығындар Kazakhmys PLC-ның әділ құны және үлестік бағалы қағаздарының бастапқы құны арасындағы айырмашылық мөлшерінде танылды.
Үлестік бағалы қағаздар (сату үшін қолда бар қаржы активтері) – "Қазкоммерцбанк" АҚ акциялары
2013 жылғы 31 желтоқсанда "Қазкоммерцбанк" АҚ бағалы қағаздарының әділ құны 23. 237 миллион теңгені (2012: 24.828 миллион теңге) құрады.
2012 жылғы 31 желтоқсанда "Қазкоммерцбанк" АҚ үлестік бағалы қағаздары сату үшін қолда бар, өтелмеуі мүмкін, құнның елеулі түрде және жалғастырылатын төмендеуімен байланысты бастапқы құн шамасынан төмен болғанының объективті айғақтары бар. Осыған байланысты, Топ "Қазкоммерцбанк" АҚ үлестік бағалы қағаздары бойынша сатылмаған шығынды өзге жиынтық кірісінің құрамынан құнсыздану бойынша шығындарға 60.745 миллион теңге мөлшерінде қайта жіктеді. Құнсыздану бойынша шығындар "Қазкоммерцбанк" АҚ үлестік бағалы қағаздарының әділ құны және бастапқы құны арасындағы айырмашылық мөлшерінде танылды.
Үлестік бағалы қағаздарды сату (сату үшін қолда бар қаржы активтері) – "Қазақстанның халық банкі" АҚ акциялары
2012 жылғы 28 мамырда "АЛМЭКС" холдингілік тобы" АҚ және "Қазақстанның халық банкі" АҚ "Қазақстанның халық банкі" АҚ артықшылықты акцияларына қатысты опциялық келісім бойынша құқықтарға жол беру туралы келісім жасады.
Осы келісімге сәйкес, 2012 жылы 29 маусымда және 2012 жылы 5 шілдеде "Қазақстанның халық банкі" АҚ опционды орындауға арналған өз құқығын ішінара сатты және бір акциясы үшін 179,94 теңге және 180,21 теңге бағасы бойынша 150.000.000 және 40.000.000 өзінің артықшылықты акциясын сатып алуды жүзеге асырды. Сатудың жалпы құны 34.199 миллион теңгені құрады.
"Қазақстанның халық банкі" АҚ артықшылықты акцияларын 27.057 және тиісінше 7.215 миллион теңге мөлшерінде сату күніндегі әділ құнмен сатқаннан кейін Қор сату күнінде олардың әділ құны 2.770 және тиісінше 739 миллион теңгені құрайтын артықшылықты акцияларды сатып алуға опцион бойынша тиісті міндеттемелерді тануды тоқтатты.
Сондай-ақ "Қазақстанның халық банкі" АҚ артықшылықты акциялары бойынша сату үшін қолда бар инвестицияларды қайта бағалау бойынша 1.394 миллион теңге мөлшеріндегі сатылмаған кіріс кезең ішіндегі таза пайданы сату үшін қолда бар инвестицияларды қайта бағалау резервінен қайта жіктелді. Қаржылық активтердің шығуынан алынған таза кіріс жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есепте 4.830 миллион теңге мөлшерінде көрсетілген.
2013 жылғы 31 желтоқсандағы Қордың иелігінде қалған бағалы қағаздардың әділ құны "Қазақстанның Халық Банкі" АҚ 1.025 миллион теңгені (2012: 1.028 миллион теңге) құрады.
13. ӨЗГЕ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ АКТИВТЕР
31 желтоқсанда өзге ұзақ мерзімді активтер мынаны қамтыды:
Миллион теңгемен | 2013 | 2012 (қайта есептелді) |
Ұзақ мерзімді активтер үшін төленген аванстар | 302.517 | 292.387 |
Өтеуге ұзақ мерзімді ҚҚС | 62.997 | 47.616 |
Болашақтағы кезеңнің шығыстары | 23.548 | 24.536 |
Мемлекетке сатуға арналған активтер | 14.148 | 14.239 |
Ұзақ мерзімді қорлар | 8.886 | 13.201 |
Пайдалануға шектелген ақша қаражаты | 12.544 | 9.056 |
Өзге | 64.906 | 40.730 |
Минус: құнсыздануға арналған резерв | (27.650) | (20.673) |
461.896 | 421.092 |
Құнсыздануға арналған резервтегі өзгерістер былай берілген:
Миллион теңгемен | 2013 | 2012 |
1 қаңтарға арналған резерв | 20.673 | 15.874 |
Есептілік валютасын қайта есептеу | 8 | 310 |
Есептелгені, нетто | 9.138 | 3.663 |
Қалпына келтірілгені | 1.111 | 95 |
Сатуға арналған ретінде жіктелген активтерге аударымдар | (3.280) | 731 |
31 желтоқсанға арналған резерв | 27.650 | 20.673 |
2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ұзақ мерзімді активтер үшін төленген аванстар негізінен құрылыс жұмыстарын орындағаны және негізгі құралдарды сатып алғаны үшін аванстар берілді.
14. ҚОРЛАР
31 желтоқсанда қорлар мынаны қамтыды:
Миллион теңгемен | 2013 | 2012 (қайта есептелді) |
Сату үшін мұнайды қайта өңдеу өнімі | 66.162 | 64.654 |
Шикі мұнай | 49.514 | 50.717 |
Аяқталмаған өндіріс | 37.832 | 41.085 |
Өндірістік материалдар және қорлар | 34.627 | 29.568 |
Уран өнімі | 27.575 | 29.860 |
Қайта сатуға арналған тауарлар | 18.859 | 34.448 |
Отын | 15.992 | 15.677 |
Мұнай-газ саласының материалдары мен қорлары | 15.884 | 17.896 |
Теміржол саласының материалдары мен қорлары | 14.457 | 14.523 |
Меншік құқығында кепілді қамтамасыз ету | 9.351 | 61.736 |
Газды қайта өңдеу өнімдері | 8.213 | 12.865 |
Авиациялық қор бөлімдері | 5.364 | 3.507 |
Телекоммуникациялық жабдықтар үшін қосалқы бөліктері | 2.636 | 2.837 |
Уран саласының материалдары мен қорлары | 2.049 | 1.488 |
Электр энергиясын беру бойынша жабдықтарға арналған босалқы бөлшектер | 1.693 | 3.238 |
Өзге материалдар мен қорлар | 56.522 | 46.037 |
Минус: сатудың таза құны бойынша резерв | (20.430) | (20.628) |
346.300 | 409.508 |
15. САУДА ДЕБИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕК ЖӘНЕ ӨЗГЕ АҒЫМДАҒЫ АКТИВТЕР
31 желтоқсанда сауда дебиторлық берешек мынаны қамтыды:
Миллион теңгемен | 2013 | 2012 (қайта есептелді) |
Сауда дебиторлық берешек | 397.699 | 370.676 |
Минус: күмәнді берешек бойынша резерв | (36.630) | (28.324) |
361.069 | 342.352 |
31 желтоқсанда өзге ағымдағы активтер мынаны қамтыды:
Миллион теңгемен | 2013 | 2012 (қайта есептелді) |
Акционердің пайдасына арналған актив | 70.627 | 76.720 |
Төленген аванстар және болашақ кезең шығыстары | 54.901 | 102.443 |
Өзге дебиторлық берешек | 39.328 | 48.427 |
Салықтар бойынша өзге алдын ала төлем | 22.348 | 23.690 |
Алуға дивидендтер | 21.319 | 34.635 |
Пайдалануға шектелген ақша қаражаты | 11.991 | 15.955 |
Қызметкерлердің берешегі | 5.107 | 5.038 |
Өзге | 17.515 | 27.359 |
Минус: құнсыздануға арналған резерв | (32.116) | (36.092) |
211.020 | 298.175 |
2013 жылғы 31 желтоқсанда Топтың 91.914 миллион теңге мөлшеріндегі дебиторлық берешегі қарыз шарттары бойынша қамтамасыз ету ретінде салынды (2012: 91.460 миллион теңге).
Күмәнді сауда дебиторлық берешек бойынша резервтегі өзгерістер және құнсыздануға арналған резервтегі өзге ағымдағы активтер мынадай түрде берілген:
Миллион теңгемен | 2013 | 2012 (қайта есептелді) |
1 қаңтарға арналған резерв | 64.416 | 59.049 |
Бағалаудағы өзгеріс | (212) | (1.771) |
Есептелгені, нетто | 8.362 | 9.727 |
Есептілік валютасын қайта есептеу | 1.455 | 692 |
(Қалпына келтірілгені)/есептен шығарылғаны, нетто | 14.917 | (2.512) |
Сатуға арналған ретінде жіктелген активтерге аударымдар | (18.822) | (763) |
Кәсіпорындарды біріктіру кезіндегі түсімдер | 46 | - |
Еншілес ұйымның үстінен бақылауды жоғалту | (1.416) | (6) |
31 желтоқсанға арналған резерв | 68.746 | 64.416 |
2013 жылғы 31 желтоқсанда Топтың дебиторлық берешегі бойынша 7.683 миллион теңге сыйыақы есептелді (2012: нөл).
31 желтоқсанда мерзімдер бөлінісінде сауда дебиторлық берешекті талдау мынадай түрде берілген:
Миллион теңгемен | Жиыны | Мерзімі өтпеген және құнсыз-данбаған | Мерзімі өткен, бірақ құнсызданбаған | ||||
<30 күн | 30-60 күн | 60-90 күн | 90-120 күн | >120 күн | |||
2013 | 361.069 | 308.406 | 22.816 | 15.282 | 3.915 | 1.974 | 8.676 |
2012 | 342.352 | 297.108 | 19.528 | 15.999 | 3.109 | 1.586 | 5.022 |
16. АҚША ҚАРАЖАТЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БАЛАМАЛАРЫ
31 желтоқсанда ақша қаражаты және олардың баламалары мыналарды қамтыды:
Миллион теңгемен | 2013 | 2012 (қайта есептелді) |
Банктік салымдар – теңге | 230.131 | 240.948 |
Банктік салымдар – АҚШ доллары | 171.099 | 123.752 |
Банктік салымдар – басқа валюталар | 15.610 | 9.393 |
Банктердегі ағымдағы шоттар – теңге | 196.814 | 610.699 |
Банктердегі ағымдағы шоттар – АҚШ доллары | 92.564 | 383.384 |
Банктердегі ағымдағы шоттар – басқа валюталар | 17.364 | 24.326 |
Кассадағы ақша қаражаты | 13.900 | 61.478 |
Кемінде үш ай өтеудің бастапқы мерзімі бар басқа да банктермен сатып алу және кері сату ("кері депо") шарттары | 3.153 | 14.051 |
Жолдағы ақша қаражаты | 359 | 395 |
740.994 | 1.468.426 |
Қысқа мерзімді салымдар әртүрлі мерзімдерге енгізіледі – 1 (бір) күннен 3 (үш) айға дейін, Топтың мерзімді қажеттіліктеріне байланысты қолма-қол ақша қаражаты. 2013 жылғы 31 желтоқсанда банктердегі мерзімді депозиттер бойынша және ағымдағы банктік шоттар бойынша орташа өлшенген пайыздық ставка 3,73%-ды және тиісінше 1,18%-ды (2012: 1,91% және 0,52%) құрады.
Банктердегі шоттарда Топтың ақша қаражатының жалпы сомасында Республикалық бюджеттен және Ұлттық қордан Үкіметтің нысаналы бағдарламалары бойынша алынған қаражат бар. 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша осы ақша қаражыт Ұлттық банктің шоттарында шоғырландырылған және 85 миллиард теңгені (2012: 395 миллиард теңге) құрайды, оның ішінде:
* 54 миллиард теңге – Тұрақтандыру жоспарын іске асыру шеңберінде алынған Ұлттық қордың қаражаты (2012: 247 миллиард теңге);
* 2 миллиард теңге – Қор іске асыратын жобаларды қаржыландыру мақсатында Республикалық бюджеттен алынған қаражат (2012: 6 миллиард теңге);
* 29 миллиард теңге – операциялық және инвестициялық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті Қордың ақша қаражатының қалдығы (2012: 142 миллиард теңге).
17. КАПИТАЛ
17.1 Акциялардың шығарылымы
2013 және 2012 жылдар ішінде Қор мынадай түрде акциялардың эмиссиясын жүзеге асырды:
Акцияларды төлеу | Шығаруға рұқсат берілген және шығарылған акциялардың саны | Акциялардың номиналды құны, теңгемен | Жарғылық капитал, миллион теңгемен |
2011 жылғы 31 желтоқсанға арналған | 3.480.637.455 | 4.050.383 | |
Ақша қаражатының жарналары | 120.000 | 100.000 | 12.000 |
Мүлік жарналары | 350.282 | 100.000; 93.549; 90.092; 80.000; 72.800; 23.156 | 35.028 |
Акциялардың мемлекеттік пакеттерімен жарналар | 418.402 | 1.000.000; 282.174; 100.000; 46.000; 40.600 | 311.903 |
2012 жылғы 31 желтоқсанға арналған | 3.481.526.139 | 4.409.314 | |
Ақша қаражатының жарналары | 39.320 | 901.000; 1.000.000 | 39.320 |
Акциялардың мемлекеттік пакеттерімен жарналар | 27.073 | 1.000; 1.000.000 | 26.234 |
Мүлік жарналары | 9.809 | 1.000;422.451;615.921; 1.000.000 | 9.808 |
2013 жылғы 31 желтоқсанға арналған | 3.481.602.341 | 4.484.676 |
2013 жылғы 31 желтоқсанда 3.481.602.341 акция толығымен төленді (2012: 3.481.526.139 акция).
2013
"2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 23 қарашадағы Заңына сәйкес Акционер Қордың жарғылық капиталына 39.320 миллион теңге мөлшеріндегі ақша қаражатымен жарнаны жүзеге асырды. Осы қаражат Қордың еншілес ұйымдары жүзеге асыратын жобаларды қаржыландыруға арналған.
2013 жылы Үкіметтің 2010 жылғы 14 қыркүйектегі № 939 қаулысына сәйкес Акционер Қордың жарғылық капиталына жалпы сомасы 9.808 миллион теңгеге мүлік жарнасын жүзеге асырды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1538 қаулысына сәйкес 2013 жылғы 26 шілдеде Қорға "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" ұлттық компаниясы" АҚ акцияларының мемлекеттік пакеті берілді. "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" ұлттық компаниясы" АҚ акцияларының пакетін беру жалпы бақылаудағы кәсіпорындарды біріктіруді білдіретіндіктен, осы шоғырландырылған қаржылық есептілік алдыңғы компанияны тіркеу әдісін пайдалана отырып дайындалды. Тиісінше, осы шоғырландырылған қаржылық есептілік осылайша, егер "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" ұлттық компаниясы" АҚ акцияларын беру ұсынылған кезеңнен неғұрлым ерте күнде болған деп берілген, нәтижесі ретінде салыстырмалы ақпарат қайта есептелді. Осы шоғырландырылған қаржылық есептілікке енгізілген таза активтердің теңгерімдік құны бөлінбеген пайданы түзету ретінде ескерілді, соның салдарынан Қордың акцияларын шығару кезінде жарғылық капиталға 26.234 миллион теңге сомасында аударды.
2012
2012 жылы 19 сәуірде Қорға алған күні оның әділ құны 4.110 миллион теңгені құраған "Арқагаз" АҚ акцияларының мемлекеттік пакеті берілді.
2012 жылғы 28 маусымда Қорға алу күнінде 300.070 миллион теңге (5-ескертпе) әділ құнмен жарғылық капиталға жарна нысанында ӨБТКҮБК-дегі қатысу үлесінің 100%-ы берілді.
2012 жылы 20 желтоқсанда Қорға ШҚ ӨЭК 100% үлесінің мемлекеттік пакеті берілді, оны беру күніндегі әділ құны 7.723 миллион теңгені құрады. ШҚ ӨЭК активтері мен міндеттемелері ШҚ ӨЭК қаржылық есептілігіндегі теңгерімдік құн бойынша осы шоғырландырылған қаржылық есептілікте ескерілген. Таза активтердің теңгерімдік құны және шығарылған жарғылық капиталдың сомасы арасындағы 4.149 миллион теңге мөлшеріндегі айырмашылық капиталдағы өзгерістер туралы шоғырландырылған есептің құрамында бөлінбеген пайданы азайту ретінде көрсетілген (5-ескертпе).
17.2 Үкіметтің қарыздары бойынша және ҚР Ұлттық Банкі сатып алған облигациялар бойынша дисконт
2013
2013 жылғы қаңтарда Қор сыйақының нарықтық ставкасы бойынша купондық облигацияны орналастырды, оларды Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінен сатып алды және Үкіметтен нарықтағыдан төмен ставка бойынша қарыз алды. Осы міндеттемелерді бастапқы тану кезіндегі 249.828 миллион теңге сомасындағы дисконт капиталдағы өзгерістер туралы шоғырландырылған есепте біржолғы кіріс ретінде көрсетілді.
2012
2012 жылы Қор нарықтағыдан төмен сыйақы ставкалары бойынша купондық облигацияларды орналастырды. Осы міндеттемелерді тану кезіндегі 89.617 миллион теңге сомасындағы дисконт капиталдағы өзгерістер туралы шоғырландырылған есепте көрсетілді.
2012 жылы Қор орналастырған және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі сатып алған облигациялар бойынша проспектілерге өзгерістер мен толықтырулар тіркелді. Осы өзгерістерге сәйкес аталған облигациялар бойынша айналым мерзімдері 2062 жылға дейін ұзартылды және сыйақы ставкасы 0,01%-ға дейін төмендетілді. Проспектідегі өзгерістер облигацияларды орналастырудың бастапқы жағдайларында елеулі өзгерістерге және тиісінше бастапқы міндеттемені тануды тоқтатуға және жаңа міндеттемені БЕХС 39 сәйкес тануға алып келді. Жаңа міндеттеменің әділ құны және бастапқы міндеттеменің теңгерімдік құны арасындағы өзгерістерді енгізу күніндегі 304.650 миллион теңге мөлшеріндегі айырмашылық капиталдағы өзгерістер туралы шоғырландырылған есепте танылған.
17.3 Дивидендтер
Негізгі компанияның акционеріне келетін дивидендтер
2013 жылғы 16 қазанда Қор Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 қазандағы № 1060 қаулысына сәйкес 2012 жыл ішіндегі қаржылық нәтижелер бойынша 9.077 миллион теңге мөлшерінде Акционерге дивидендтер төлеуді жүзеге асырды (2012 жылы: 159.113 миллион теңге).
Бақыланбайтын қатысу үлесін ұстаушыларға келетін дивидендтер
2013 жылы Топ ҚМГ БӨ, ҚТК және тиісінше ҚТО-дағы бақыланбайтын қатысу үлесінің ұстаушыларына объявила дивиденды на сумму 40.591 миллион теңге, 14.919 миллион теңге және 2.885 миллион теңге сомаға дивидендтер жариялады (2012: ҚТК және тиісінше ҚМГ БӨ бақыланбайтын қатысу үлесінің ұстаушыларына 114.312 миллион теңге және 34.322 миллион теңге).
2013 жылы өзге еншілес ұйымдардағы бақыланбайтын қатысу үлесінің ұстаушыларына төленген дивидендтер 2.326 миллион теңгені құрады (2012: 1.663 миллион теңге).
17.4 Акционермен өзге операциялар
2013 жылы жасалған даму институттары мен қаржы ұйымдарының ("Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ, "Kazyna Capital Management" АҚ, "ҚазЭкспортГарант" экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы" АҚ, "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ, "Қазақстанның Даму банкі" АҚ), "СҚФармация" ЖШС және "Досжан темір жолы" АҚ үстінен толық бақылау құқығымен сенімгерлік басқарудың шарттарға сәйкес Қор осы кәсіпорындардың үстінен бақылауды жоғалтты (6-ескертпе). Қор капиталдағы өзгерістер туралы шоғырландырылған есепте 471.711 миллион теңге сомаға Акционерге бөлу ретінде осы еншілес ұйымдардың танылуын тоқтатты және істен шығуын көрсетті.
2013 жылғы шілдеде "Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 қаулысын орындау үшін Қор және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті айырбас шартына қол қойды, оған сәйкес "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ, "Kazyna Capital Management" АҚ, "КазЭкспортГарант" экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы" АҚ, "Қазақстан инвестициялық қоры" АҚ, "Қазақстан даму банкі" АҚ, "СҚ-Фармация" ЖШС акциялар пакеті мен еншілес ұйымдарындағы қатысу үлестеріне меншік құқығы Үкімет қаулысында көрсетілген тізбеге сәйкес республикалық мүлікке айырбасқа республикалық меншікке беріледі. 2013 жылғы тамызда жоғарыда көрсетілген айырбас шартының шеңберінде Қор акциялар пакеті мен еншілес ұйымдарындағы қатысу үлестерін республикалық меншікке беруді жүзеге асырды ("Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ, "Kazyna Capital Management" АҚ, "КазЭкспортГарант" экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы" АҚ, "Қазақстан инвестициялық қоры" АҚ, "СҚ-Фармация" ЖШС).
Сондай-ақ жоғарыда аталған айырбас шартына сәйкес "Қазгеология" ұлттық геологиялық барлау компаниясы" АҚ-дағы қатысу үлесінің заңды құқықтары Үкімет қаулысында көрсетілген тізбеге сәйкес республикалық мүлікке айырбасқа республикалық меншікке беріледі. Қор капиталдағы өзгерістер туралы шоғырландырылған есепте 8.966 миллион теңге сомаға Акционерге бөлу ретінде "Қазгеология" ұлттық геологиялық барлау компаниясы" АҚ таныды және істен шығуын көрсетті.
17.5 Акционерге өзге бөлулер
"Kazakhmys Plc" акцияларын беру
2013 жылғы 6 маусымда Қор оларды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне беру жолымен қордың иелігіндегі Kazakhmys Plc барлық жай акцияларын (58.876.793 акциясын) республикалық меншікке өтеусіз беруді жүзеге асырды. Қор 44.069 миллион теңге мөлшерінде шығу күніндегі ағымдағы құнымен сату үшін қолда бар қаржылық актив және 67.856 миллион теңге мөлшерінде сату үшін қолда бар қаржылық активтерді қайта бағалау бойынша байланысты жинақталған резерв ретінде бұрын ескерілетін Kazakhmys Plc инвестицияларды тануды тоқтатты. осы шығу капиталдағы өзгерістер туралы аралық шоғырландырылған есептегі 111.925 миллион теңге жалпы сомасында Акционерге өзге бөлу ретінде көрсетілді.
Негізгі құралдарды салу және беру
2012 жылы Топ 13.537 миллион теңге сомада Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің жүргізуіндегі мұнайды құюға Солтүстік Каспий экологиялық әсер ететін базаны беру бойынша міндеттемені (бұдан әрі – СКЭӘБ) құрды және оларды Акционерге бөлу ретінде көрсетті.
2013 жылы 27 маусымда Мұнай-газ және энергетика саласын дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссия Топтан СКЭӘБ қалдыру шешімін қабылдады. Осының негізінде Топ 2012 жылы танылған Акционерге бөлуге 13.537 миллион теңге мөлшерінде түзетпе жасады.
2013 жылы Топ Мәскеу қаласындағы Көрме орталығын қайта жөндеуге арналған резервті 3.433 миллион теңгеге (2012: 2.451 миллион теңге) және Астана қаласында Қазақстан тарих мұражайын салуға тартылатын шығындарға қатысты резервті 23.551 миллион теңгеге (2012: 5.179 миллион теңге) ұлғайтты және тиісінше оларды Акционерге бөлу ретінде көрсетті.
2012 жылы Топ Астана қаласында өзге әлеуметтік объектілерді салуға арналған резервті 28.330 миллион теңге сомаға ұлғайтты.
Үкімет бекіткен Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту жоспарына сәйкес Топ осы курорттық аймақта гольф-клуб салуға міндетті. Осы жоба құрылысының құны және өтелетін құны 19.573 миллион теңге және тиісінше 6.252 миллион теңге сомаға бағаланды. Құрылыстың сметалық құны мен өтелетін құн арасындағы 13.321 миллион теңге сомасындағы айырмашылық 2013 жыл ішіндегі капиталға өзгерістер туралы шоғырландырылған есепте Акционерге бөлу ретінде көрсетілді.
Акционердің тапсырмасы бойынша қайырымдылық көмек көрсету
2013 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішінде Акционердің тапсырмасы бойынша Топ Акционерге бөлу ретінде көрсетілген әлеуметтік, мәдени-көпшілік және спорт іс-шараларын қаржыландыру үшін 8.833 миллион теңге мөлшерінде демеушілік көмек бөлді (2012: 14.393 миллион теңге).
17.6 Еншілес ұйымдардағы қатысу үлестерінің өзгеруі – бақыланбайтын үлесті сатып алу
БТА Банк
2012 жылы желтоқсанда мақұлданған БТА Банк міндеттемелерін қайта құрылымдау жоспары шеңберінде Қор 81,48%-дан 97,28%-ға дейін өзінің иелену үлесін ұлғайтып, БТА Банктің қайтадан шығарылған жай акцияларын сатып алды. Осы мәміле нәтижесінде Қор осы шоғырландырылған қаржылық есептілікте 123.902 миллион теңге сомаға бөлінбеген пайданы азайтуды және 126.033 миллион теңге сомасында бақыланбайтын қатысу үлесін ұлғайтуды таныды.
Еншілес ұйымдардың қатысу үлестеріндегі басқа да өзгерістер
2012 жылдың ішінде бақыланбайтын үлестермен үлестерді сатып алу нәтижесінде еншілес ұйымдардың қатысу үлестеріндегі басқа өзгерістер 9. 539 миллион теңге сомасында бақыланбайтын қатысу үлесін ұлғайтуға әкеп соқтырды.
17.7 Бақыланбайтын қатысу үлесі
Төменде елеулі бақыланбайтын қатысу үлестері бар еншілес ұйымдар туралы ақпарат берілген.
Қызметті тіркеу және жүзеге асыру елі | Бақыланбайтын қатысу үлесі | ||||
2013 | 2012 | ||||
Үлес | Теңгерімдік құн | Үлес | Теңгерімдік құн | ||
"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ | Қазақстан | 36,78% | 504.355 | 36,79% | 492.114 |
"Қазақтелеком" АҚ | Қазақстан | 49,00% | 135.445 | 49,00% | 140.991 |
"ҚазТрансОйл" АҚ | Қазақстан | 10,00% | 34.452 | 10,00% | 29.178 |
Rompetrol Rafinare S.A. | Румыния | 45,37% | 24.470 | 45,37% | 35.097 |
"Эйр Астана" АҚ | Қазақстан | 49,00% | 23.123 | 49,00% | 20.855 |
Rompetrol Downstream S.R.L. | Румыния | 45,37% | 20.437 | 45,37% | 21.546 |
742.282 | 739.781 |
Төменде 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша және осы күнде аяқталған жыл ішіндегі елеулі бақыланбайтын қатысу үлестері бар еншілес ұйымдар туралы қорытынды қаржылық ақпарат берілген:
Миллион теңгемен | "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ | "Қазақтелеком" АҚ | "ҚазТрансОйл" АҚ | Rompetrol Rafinare S.A. | "Эйр Астана" АҚ | Rompetrol Downstream S.R.L. |
Қорытынды бухгалтерлік теңгерім | ||||||
Ұзақ мерзімді активтер | 666.034 | 331.753 | 319.084 | 182.211 | 93.247 | 55.642 |
Ағымдағы активтер | 928.791 | 84.383 | 123.617 | 106.061 | 43.628 | 55.337 |
Ұзақ мерзімді міндеттемелер | (39.376) | (69.959) | (48.560) | (35.250) | (62.689) | (7.486) |
Ағымдағы міндеттемелер | (184.356) | (80.674) | (49.619) | (199.098) | (26.948) | (58.449) |
Капиталдың жиыны | 1.371.093 | 265.503 | 344.522 | 53.924 | 47.238 | 45.044 |
Мыналарға келетін: | ||||||
Негізгі компанияның акционеріне | 866.738 | 130.058 | 310.070 | 29.454 | 24.115 | 24.607 |
Бақыланбайтын қатысу үлесіне | 504.355 | 135.445 | 34.452 | 24.470 | 23.123 | 20.437 |
Жиынтық кіріс туралы қорытынды есеп | ||||||
Жалғастырылатын қызметтен жыл ішіндегі пайда/(шығын) | 139.147 | 19.561 | 83.490 | (24.669) | 7.814 | (2.342) |
Табыс салығын шегергендегі жыл ішіндегі жиынтық кіріс/(шығын) жиыны | 143.647 | 19.473 | 83.075 | (24.669) | 7.814 | (2.342) |
Мыналарға келетін: | ||||||
Негізгі компанияның акционеріне | 89.984 | 9.968 | 74.916 | (13.474) | 3.985 | (1.279) |
Бақыланбайтын қатысу үлесіне | 53.663 | 9.505 | 8.159 | (11.195) | 3.829 | (1.063) |
Бақыланбайтын қатысу үлесінің пайдасына төленген дивидендтер | (40.221) | (1.031) | (2.885) | – | (1.562) | – |
Ақша ағындары туралы қорытынды ақпарат | ||||||
Операциялық қызмет | 98.432 | 62.468 | 95.859 | 16.900 | 8.214 | 8.369 |
Инвестициялық қызмет | (22.887) | (34.416) | (60.320) | (17.212) | (4.503) | (547) |
Қаржылық қызмет | (111.058) | (39.187) | (28.848) | (8.914) | (8.062) | (4.485) |
Ақша қаражатының және олардың баламаларының таза (азаюы)/ұлғаюы | (35.513) | (11.135) | 6.691 | (9.226) | (4.351) | 3.337 |
Төменде 2012 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша және осы күнде аяқталған жыл ішіндегі маңызды бақыланбайтын қатысу үлесі бар еншілес ұйымдар туралы қорытынды ақпарат берілген:
Миллион теңгемен | "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ | "Қазақтелеком" АҚ | "ҚазТрансОйл" АҚ | Rompetrol Rafinare S.A. | "Эйр Астана" АҚ | Rompetrol Downstream S.R.L. |
Қорытынды бухгалтерлік теңгерім | ||||||
Ұзақ мерзімді активтер | 631.044 | 289.265 | 289.723 | 192.228 | 52.027 | 66.388 |
Ағымдағы активтер | 933.056 | 129.994 | 85.868 | 124.277 | 36.391 | 48.835 |
Ұзақ мерзімді міндеттемелер | (41.775) | (96.631) | (45.785) | (37.863) | (22.330) | (7.062) |
Ағымдағы міндеттемелер | (184.556) | (45.881) | (38.024) | (201.288) | (23.477) | (60.673) |
Капиталдың жиыны | 1.337.769 | 276.747 | 291.782 | 77.354 | 42.611 | 47.488 |
Мыналарға келетін: | ||||||
Негізгі компанияның акционеріне | 845.655 | 135.756 | 262.604 | 42.257 | 21.756 | 25.942 |
Бақыланбайтын қатысу үлесіне | 492.114 | 140.991 | 29.178 | 35.097 | 20.855 | 21.546 |
Жиынтық кіріс туралы қорытынды есеп | ||||||
Жалғастырылатын қызметтен жыл ішіндегі пайда/(шығын) | 160.823 | 20.147 | 42.867 | (21.517) | 9.107 | (7.026) |
Табыс салығын шегергендегі жыл ішіндегі жиынтық кірістің/(шығынның) жиыны | 164.478 | 222.155 | 43.360 | (21.517) | 9.107 | (7.026) |
Мыналарға келетін: | ||||||
Негізгі компанияның акционеріне | 100.818 | 109.259 | 43.360 | (11.753) | 4.645 | (3.838) |
Бақыланбайтын қатысу үлесіне | 63.660 | 112.896 | – | (9.764) | 4.462 | (3.188) |
Бақыланбайтын қатысу үлесінің пайдасына төленген дивидендтер | (33.971) | (111.218) | – | – | (1.320) | – |
Ақша ағындары туралы қорытынды ақпарат | ||||||
Операциялық қызмет | 154.879 | (171.461) | 62.907 | 21.536 | 7.240 | (14.517) |
Инвестициялық қызмет | (52.131) | 153.243 | (33.096) | (25.558) | (5.216) | (476) |
Қаржылық қызмет | (154.555) | (16.343) | (32.709) | 21.730 | 928 | 13.880 |
Ақша қаражатының және олардың баламаларының таза (азаюы)/ұлғаюы | (51.807) | (34.561) | (2.898) | 17.708 | 2.952 | (1.113) |
17.8 Валюталарды қайта есептеу бойынша резерв
Валюталарды қайта есептеу бойынша резерв функционалдық валютасы теңге болып табылмайтын және қаржылық есептілігі осы шоғырландырылған қаржылық есептілікке енгізілген еншілес ұйымдардың қаржылық есептілігін қайта есептеуден туындайтын бағамдық айырмаларды есепке алу үшін пайдаланылады.
17.9 Өзге де күрделі резервтер
Өзге де күрделі резервтер капитал шеңберінде хеджирлеу жөніндегі резервтегі белгілі бір туынды қаржылық құрал қатынасында әділ құн бойынша кез келген пайдалар немесе шығындарды есепке алу үшін ақша қаражаты ағындарын хеджирлеу есебінің ықпал етуін қамтиды. Осы пайдалар мен шығындардың салдарынан тікелей операцияларды жүргізу кезіндегі пайдалармен мен шығындарда танылады.
Өзге де күрделі резервтер олар жұмыс істейтін еншілес ұйымдардың борыштық құралдарымен қызметкерлерге төленетін көрсетілген қызметтері үшін сыйақылар сомасын да қамтиды. Төлемдер жөніндегі шығыстар борыштық құралдар негізінде қызмет нәтижелеріне қол жеткізу талаптары және/немесе белгілі бір мерзімде қызмет атқарған талаптары орындалатын және қызметкерлер сыйақыға толық құқық алған күнде аяқталатын кезең ішінде өзге де күрделі резервтерде бір мезгілде тиісті ұлғаюымен танылады.
17.10 Акцияға арналған пайда
Акцияға арналған базалық пайданың сомасы жыл бойы айналымдағы жай акциялардың орташа өлшенген санында негізгі компанияның жай акцияларын ұстаушыларға келетін жыл ішіндегі таза пайданы бөлу жолымен есептелген.
Акцияға ажыратылған пайда сомасы бір жыл ішіндегі айналымдағы жай акциялардың орташа өлшенген санына плюс барлық ықтимал жай акцияларды ажырату әсерімен айырбастау жағдайында шығарылатын қарапайым акциялардың орташа салмақталған сынаны негізгі компанияның жай акцияларын ұстаушыларға келетін таза пайданы бөлу арқылы есептелді (айырбасталатын артықшылықты акциялар бойынша пайызға түзетуден кейін).
Төменде акцияға базалық және бөлінген пайда есептерінде пайдаланған пайда және акциялар саны туралы ақпарат келтірілген:
Миллион теңгемен | 2013 | 2012 (қайта есептелді) |
Негізгі компанияның акционеріне жатқызылатын жалғастырылатын қызметтен түсетін пайда | 573.201 | 598.654 |
Негізгі компанияның акционеріне жатқызылатын тоқтатылған қызметтен түсетін таза пайда | (165.955) | 468.923 |
Базалық пайданы есептеу үшін негізгі компанияның акционеріне жатқызылатын таза пайда | 407.246 | 1.067.577 |
Акцияға базалық және бөлінген пайданы есептеу үшін жай акциялардың орташа өлшенген саны | 3.481.546.896 | 3.481.122.721 |
17.11 Акциялардың теңгерімдік құны
"Қазақстан қор биржасы" АҚ (бұдан әрі "ҚҚБ") Биржалық кеңесінің 2010 жылғы 4 қазандағы шешіміне сәйкес қаржылық есептілігі ҚҚБ бекітілген қағидаларға сәйкес есептелген есепті күнде бір акцияның (жай және артықшылықты) теңгерімдік құны туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
Миллион теңгемен | 2013 | 2012 (қайта есептелді) |
Активтердің жиыны | 15.294.489 | 15.274.204 |
Материалдық емес активтер | (284.325) | (358.276) |
Міндеттемелердің жиыны | (7.787.897) | (7.858.745) |
Жай акциялар үшін таза активтер | 7.222.267 | 7.057.183 |
31 желтоқсандағы жай акциялардың саны | 3.481.602.341 | 3.481.526.139 |
Жай акцияның теңгерімдік құны, теңге | 2.074 | 2.027 |
18. ҚАРЫЗДАР
31 желтоқсанда қарыздар, оның ішінде төленетін сыйақы мыналарды қамтыды:
Миллион теңгемен | 2013 | 2012 (қайта есептелді) |
Сыйақының тіркелген ставкасы бар қарыздар | 2.551.882 | 3.046.943 |
Сыйақының орташа өлшенген ставкасы | 6,98% | 7,14% |
Сыйақының өзгермелі ставкасы бар қарыздар | 1.422.484 | 1.160.962 |
Сыйақының орташа өлшенген ставкасы | 4,38% | 4,53% |
3.974.366 | 4.207.905 | |
12 ай бойы өтеуге жататын соманы шегергенде | (607.839) | (680.962) |
12 айдан кейін өтеуге жататын сомалар | 3.366.527 | 3.526.943 |
Миллион теңгемен | 2013 | 2012 (қайта есептелді) |
АҚШ долларында көрсетілген қарыздар | 3.327.141 | 3.663.735 |
Теңгеде көрсетілген қарыздар | 539.555 | 439.586 |
Басқа валюталарда көрсетілген қарыздар | 107.670 | 104.584 |
3.974.366 | 4.207.905 |
Қарыздар шарттарының белгілі бір келісімдердің шарттары бойынша тиісті Топтың еншілес ұйымдары белгілі бір ковенанттарды сақтауға міндетті. Топ басшылығы 2013 және 2012 жылдардың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Топтың еншілес ұйымдары осы ковенанттарды сақтайды деп есептейді.
Қытайдың Мемлекеттік Даму Банкінің кредиттік желісі
Қытайдың Мемлекеттік Даму Банкінің кредиттік желісі шеңберінде 2013 жылы 200 миллион АҚШ доллары (алу күніндегі бағам бойынша 30.144 миллион теңгеге барабар) мөлшерінде қарыз алды. Алынған транш Жомарт мыс кен орнын өндіруге Kazakhmys Finance PLC-ке қарыздар беруге арналған.
Облигацияларды шығару
2013 жылғы 30 сәуірде Топтың еншілес ұйымы ҚМГ ҰК мынадай жағдайларда 10.5 миллиард АҚШ долларына дейін орта мерзімді жаһандық ноталарды шығарудың ағымдағы бағдарламасы шеңберінде Лондон қор биржасында жалпы сомасы 3 миллиард АҚШ долларына облигацияларды шығарды (шығару күніндегі бағам бойынша 453.720 миллион теңгеге барабар):
* 2043 жылы өтеу мерзімімен 5,75% мөлшерінде сыйақы ставкасы және номиналдың 99,293% орналастыру бағасы бар 2 миллиард АҚШ доллары;
* 2023 жылы өтеу мерзімімен 4,4% мөлшерінде сыйақы ставкасы және номиналдың 99,6% орналастыру бағасы бар 1 миллиард АҚШ доллары.
* 2013 жылы шығарылған облигациялар бойынша купон 2013 жылғы 30 қазаннан бастап жартыжылдық негізде төленуде.
2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша негізгі борыш және осы облигациялар бойынша есептелген сыйақы 461.486 миллион теңгені құрады.
Өзге қарыздар
2010 және 2012 жылдары "ҚазМұнайГаз – Қайта өңдеу және Маркетинг" еншілес ұйымы "Атырау мұнайды қайта өңдеу зауыты" ЖШС (бұдан әрі "АМӨЗ") ҚДБ-мен 1.315 миллион АҚШ доллары сомасына кредиттік желі беру туралы келісім жасасты. Осы кредиттік желі хош иісті көмірсутектерін өндіру бойынша кешенді салуды қаржыландыру үшін пайдаланылады. 2013 жылдың ішінде АМӨЗ 227.544 мың АҚШ долларын алды (алу күніндегі бағам бойынша 34.597 миллион теңгеге барабар) (2012: 217.957 мың АҚШ доллары, алу күніндегі бағам бойынша 32.690 миллион теңгеге бар).
2013 жылы ҚМГ ҰК еншілес ұйымы ҚазМұнайГаз – Өңдеу және Маркетинг 100 миллион АҚШ доллары мөлшерінде жаңартылатын кредит желісін беру туралы Natixis банкімен, Париж шарт жасасты. Кредит желісінің нысаналы мақсаты "Павлодар мұнай өңдеуші химия зауыты" АҚ-ға мұнай сатып алуды қаржыландыру болып табылады. 2013 жылы Топ 30.690 миллион теңге сома алды.
2012 жылғы 26 қарашада ҚТЖ ҰК еншілес ұйымы "Локомотив" АҚ CIRR сыйақы ставкасымен (АҚШ долларымен) 10 жыл мерзімге 424.857 мың АҚШ доллары сомасына Evolution сериялы 196 бірлік локомотив сатып алуға АҚШ Экспорт-Импорт банкімен Кредит келісімін жасасты. 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша негізгі борыштың бір бөлігі 40.830 миллион АҚШ доллары сомасында өтелді.
2012 жылғы 31 мамырда ҚТЖ ҰК еншілес ұйымы "Локомотив" АҚ 10 жыл мерзімге жалпы сомасы 880.877 мың еуро болатын 200 жүк және 95 жолаушылар электровоздарын сатып алуды қаржыландыруға "COFACE" экспорт-кредиттік агенттігінің қолдауымен "HSBC Bank Рlc" және "HSBC Франция" бірлесіп "HSBC Қазақстан" ЕБ" АҚ-мен бас негіздемелік келісім жасасты. Қол қойылған қосымша келісім шеңберінде 2013 жылы жалпы сомасы 97.104 мың еуро (19.623 миллион теңге) ("COFACE" сыйлығын есептегенде) болатын қарыз қаражаты игерілді, мұнда қаражат Alstom Transport SA-ға тікелей аударылды.
19. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ ҚАРЫЗДАРЫ
31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздары мынаны қамтыды:
Миллион теңгемен | 2013 | 2012 (қайта есептелді) |
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен қарыздар | 130.878 | 612.951 |
Ұлттық қордың қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сатып алған облигациялар | 71.302 | 63.056 |
Қазақстан Республикасының Үкіметінен қарыздар | 66.378 | 94.634 |
268.558 | 770.641 | |
12 ай ішінде өтеуге жатқызылған соманы шегергенде | (71.342) | (559.831) |
12 айдан кейінгі өтеуге жатқызылған сомалар | 197.216 | 210.810 |
2013 жыл
2013 жылғы қаңтарда Қор айналым мерзімі 50 жылдық және жылдық 0,01% мөлшерінде купондық сыйақысымен жалпы сомасы 255.000 миллион теңгені құрайтын бір облигацияға номинал құны 1.000 теңге болатын 255.000.000 купондық облигацияны орналастырды. Барлық облигацияларды сенімгерлік басқару құқығында Қазақстан Республикасы Ұлттық Қорының қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сатып алды. Облигациялар шығару күнгі Қорға қолданылатын нарықтық пайыз ставкасын пайдалана отырып есептелген әділ құн бойынша осы облигациялар бастапқыда көрсетілді және оның салдарынан амортизациялық құн бойынша ескеріледі. 249.828 миллион теңге мөлшеріндегі облигациялардың номинал құны мен олардың әділ құны арасындағы айырма капиталдағы өзгерістер туралы шоғырландырылған есепте танылған.
2012 жыл
2012 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сатып алған Қордың облигациялар шығарылымы проспектілеріне өзгерістер мен толықтырулар тіркелді. Осы өзгерістерге сәйкес осы облигациялар бойынша айналым мерзімі 2062 жылға дейін ұзартылды және сыйақы ставкасы 0,01%-ға дейін төмендетілді. Проспектіге өзгерістер облигацияларды орналастырудың бастапқы талаптарында болмашы өзгерістерге және тиісінше бастапқы міндеттемені тануды тоқтату мен ҚЕХС 39 сәйкес жаңа міндеттемені тануға әкелді. Өзгерістер енгізген күнгі жаңа міндеттеменің әділ құны мен бастапқы міндеттеменің теңгерім құны арасындағы 304.650 миллион теңге мөлшеріндегі айырма капиталдағы өзгерістер туралы шоғырландырылған есепте танылған (17.2-ескертпе).
2012 жылы Қор жалпы сомасы тиісінше 73.000 миллион теңге және 70.196 миллион теңге болатын бір облигация үшін номинал құны 1.000 теңге болатын 73.000.000 және 70.196.000 купондық облигацияны орналастырды. Облигациялардың айналым мерзімі 50 жылды және 12 жылды құрайды, жылдық 0,01% және жылдық 4% мөлшеріндегі купондық сыйақы, төлемдер жиілігі – жылына екі рет. Барлық облигацияларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сатып алды, оның 73.000 миллион теңге сомаға облигациясы сенімгерлік басқару құқығында Қазақстан Республикасы Ұлттық Қорының қаражаты есебінен сатып алды. Осы облигациялар алдымен облигацияларды шығару күні Қорға қолданылатын нарықтық пайыздық ставкаларды пайдалана отырып есептелген әділ құн бойынша көрсетілді және оның салдарынан амортизацияланған құн бойынша ескерілген. Қарыздардың номиналды құны және олардың әділ құны арасындағы 82.646 миллион теңге мөлшеріндегі айырма капиталдағы өзгерістер туралы шоғырландырылған есепте танылған.
"2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2011 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2012 жылы 13 тамызда және 2012 жылғы 22 қарашада Қор Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінен қарыз алды. Қарыздардың жалпы сомасы 0,15%-дан 0,5%-ға дейін номиналды пайыздық ставкалармен 15.285 миллион теңгені құрайды. Қарыздар 10 жылдан 25 жылға дейінгі мерзімге алынды.
Бастапқы тану кезінде осы қарыздар сыйақының тиісті нарықтық ставкасын пайдалана отырып, 8.314 миллион теңгені құрайтын әділ құн бойынша бағаланды және соның салдарынан амортизацияланған құн арқылы ескеріледі. Қарыздардың номиналды құны және олардың әділ құны арасындағы 6.971 миллион теңге мөлшеріндегі айырмашылық капиталдағы өзгерістер туралы шоғырландырылған есепте танылған.
2013 жылғы 31 желтоқсанда қарыздар бойынша тиімді пайыздық ставкалар жылына 5,5%-дан 6,62%-ға дейінді құрайды (2012: жылына 0,33%-дан 7,21%-ға дейін).
20. ӨЗГЕ ДЕ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
2013 жылғы 31 желтоқсандағы өзге де ұзақ мерзімді міндеттемелер өзінде мыналарды қамтыды:
Солтүстік-Каспий жобасына қатысу үлесін сатып алғаны үшін кредиторлық берешек
2008 жылы 31 қазанда Солтүстік-Каспий жобасына (бұдан әрі – "СКЖ" немесе "Жоба") барлық қатысушылар келісімге қол қойды, оған сәйкес "ҚМГ Қашаған Б.В."-дан басқа жобаға қатысушылардың барлығы, осылайша "ҚМГ Қашаған Б.В."-нің СКЖ-дегі үлесін пропорционалды негізде 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап 8,33%-дан 16,81%-ға дейін ретроспективті ұлғайту үшін жобадағы өз үлестерінің бір бөлігін ішінара беруге келісті. Сатып алу бағасы 1,78 миллиард АҚШ доллары мөлшеріндегі (263 миллиард теңге) тіркелген соманы және жыл сайын негізгі борыштың сомасына капиталдандырылатын LIBOR плюс 3 пайыз мөлшеріндегі жылдық сыйақыны қамтиды. Осы берешек 8,48% мөлшерінде ҚМГ Қашаған Б.В.-дан қосымша сатып алынған үлеспен қамтамасыз етілген. 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша осы берешектің амортизациялық құны 322.330 миллион теңгені (2012: 339.550 миллион теңгені) құрады, оның 107.444 миллион теңге сомасы өзге де ағымдағы міндеттемелер құрамына жатқызылды (2012: 113.183 миллион теңге).
21. ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАЛДАУ БОЙЫНША МІНДЕТТЕМЕЛЕР
Топ негізгі құралдардың бірқатар объектілері, оның ішінде басымы әуе кемелері, телекоммуникациялық және темір жол жабдықтары бойынша қаржылық жалдау шарттарын жасады.
2013 және 2012 жылдары Топтың еншілес ұйымы "Эйр Астана" АҚ тіркелген пайыздық ставкамен қаржылық жалдау шарты бойынша тиісінше 6 (алты) және 4 (төрт) әуе кемесін сатып алды. Әрбір әуе кемесі бойынша жалдау мерзімі 12 (он екі) жылды құрайды. "Эйр Астана" АҚ-да жалдау мерзімінің соңында номинал баға бойынша әрбір әуе кемесін сатып алу мүмкіндігі бар. 6 (алты) жаңа Airbus қатысты лизинг берушіге қаржы институттары берген қарыздар Еуропалық Экспорттық-Кредит агенттіктерінің кепілдігімен қамтамасыз етілді, ал 2013 жылғы қыркүйекте және қазанда жеткізілген 2 (екі) Boeing – 767 US Export Import Bank кепілдігінде. Қаржылық жалдау бойынша "Эйр Астана" АҚ міндеттемесі жалданған активтерге жалға берушінің құқығы қамтамасыз етілген, олардың теңгерім құны 78.322 миллион теңге (2012: 27.397 миллион теңге).
2013 жылғы 31 желтоқсанда пайыз сомасының есебі 3,09%-дан 19,7%-ға дейін (2012: 3,02%-дан 17,28% дейін) тиімді пайыз ставкаларына негізделеді.
31 желтоқсанда таза ең төменгі жалдау төлемдерімен бірге қаржылық жалдау бойынша болашақ ең төменгі жалдау төлемдері былайша берілген:
31 желтоқсанда таза ең төменгі жалдау төлемдерінің ағымдағы құнымен бірге қаржылық жалдау бойынша болашақ ең төменгі жалдау төлемдері былайша берілген:
2013 | ||
Миллион теңгемен | Ең төменгі жалдау төлемдері | Ең төменгі жалдау төлемдерінің ағымдағы құны |
Бір жыл ішінде | 17.881 | 13.698 |
2 жылдан 5 жылды қоса алғанда | 45.798 | 37.027 |
Бес жылдан жоғары | 43.889 | 37.955 |
Минус: қаржы кірісін білдіретін сома | (18.888) | - |
Ең төменгі жалдау төлемдерінің ағымдағы құны | 88.680 | 88.680 |
12 ай ішінде өтеуге жататын сома шегерілген | (13.698) | |
12 ай ішінде өтеуге жататын сома | 74.982 |
2012 | ||
Миллион теңгемен | Ең төменгі жалдау төлемдері | Ең төменгі жалдау төлемдерінің ағымдағы құны |
Бір жыл ішінде | 11.848 | 8.426 |
2 жылдан 5 жылды қоса алғанда | 26.789 | 20.000 |
Бес жылдан жоғары | 17.235 | 15.313 |
Минус: қаржылық төлемдерді білдіретін сома | (12.133) | - |
Ең төменгі жалдау төлемдерінің ағымдағы құны | 43.739 | 43.739 |
12 ай ішінде өтеуге жататын сома шегерілген | (8.426) | |
12 ай ішінде өтеуге жататын сома | 35.313 |
22. РЕЗЕРВТЕР
31 желтоқсанда резервтер мынаны қамтыды:
Миллион теңгемен | Активтердің шығуы бойынша міндеттемелер | Қоршаған ортаға келтірген зияны үшін міндеттемелер бойынша резерв | Салықтар бойынша резерв | Аккредитивтерге және банктік кепілдіктерге резерв | Өзге де | Жиыны |
2011 жылғы 31 желтоқсанға арналған резерв | 36.042 | 28.438 | 22.936 | 6.136 | 128.620 | 222.172 |
Валюта есептілігін қайта есептеу | 784 | 257 | 3 | 35 | (441) | 638 |
Есеп бағалауларын қайта қару | 6.171 | (1.330) | ? | 677 | (161) | 5.357 |
Дисконт сомасына ұлғаю | 2.590 | 79 | - | - | 57 | 2.726 |
Жыл ішіндегі резерв | 17.161 | 8.145 | 2.975 | 115 | 56.187 | 84.583 |
Кәсіпорындарды біріктіру кезіндегі түсімдер | 7.500 | - | - | - | - | 7.500 |
Резервті пайдалану | (665) | (483) | (69) | - | (35.978) | (37.195) |
Пайдаланылмаған сомаларды түзету | - | (298) | (17.096) | (3.852) | (4.021) | (25.267) |
2012 жылғы 31 желтоқсанға арналған резерв | 69.583 | 34.808 | 8.749 | 3.111 | 144.263 | 260.514 |
Валюта есептілігін қайта есептеу | 485 | 307 | - | 16 | 119 | 927 |
Есеп бағалауларын қайта қару | (4.868) | 847 | - | 46 | (7.030) | (11.005) |
Дисконт сомасына ұлғаю | 3.517 | 1.338 | - | 10 | 49 | 4.914 |
Жыл ішіндегі резерв | 4.640 | 10 | 10.055 | - | 49.602 | 64.307 |
Тоқтатылған қызмет | (804) | - | - | (973) | (465) | (2.242) |
Резервті пайдалану | (1.032) | (1.023) | (6.048) | (8) | (24.996) | (33.107) |
Пайдаланылмаған сомаларды түзету | (88) | (243) | (553) | (2.147) | (3.320) | (6.351) |
2013 жылғы 31 желтоқсанға арналған резерв | 71.433 | 36.044 | 12.203 | 55 | 158.222 | 277.957 |
Резервтердің ағымдағы және ұзақ мерзімді бөліктер былайша бөлінген:
Миллион теңгемен | Активтердің шығуы бойынша міндеттемелер | Қоршаған ортаға келтірген зияны үшін міндеттемелер бойынша резерв | Салықтар бойынша резерв | Аккредитивтерге және банктік кепілдіктерге резерв | Өзге де | Жиыны |
Ағымдағы бөлігі | 1.216 | 3.489 | 8.749 | 804 | 109.944 | 124.202 |
Ұзақ мерзімді бөлігі | 68.367 | 31.319 | - | 2.307 | 34.319 | 136.312 |
2012 жылғы 31 желтоқсандағы резерв | 69.583 | 34.808 | 8.749 | 3.111 | 144.263 | 260.514 |
Ағымдағы бөлігі | 1.161 | 3.792 | 12.203 | 31 | 123.524 | 140.711 |
Ұзақ мерзімді бөлігі | 70.272 | 32.252 | - | 24 | 34.698 | 137.246 |
2013 жылғы 31 желтоқсандағы резерв | 71.433 | 36.044 | 12.203 | 55 | 158.222 | 277.957 |
Өзге де резервтер құрамында әлеуметтік объектілерді салуға міндеттемеге резервтер
2013 жылғы 31 желтоқсанға өзге де резервтер Үкіметтің тапсырмасы бойынша әлеуметтік объектілерді салу бойынша еншілес ұйымдардың резервтерін қамтиды. ҚМГ ҰК 55.361 миллион теңге (2012: 31.810 миллион теңге) мөлшерінде Астана қаласында Қазақстанның тарих мұражайын салуға резервті және 9.844 миллион теңге (2012: 6.411 миллион теңге) мөлшерінде Мәскеу қаласында "Көрме орталығы" объектісін қайта жаңғыртуға резервті, 13.321 миллион теңге (2012 жылы: нөл) мөлшерінде гольф клубын салуға резервті қамтыды.
Сондай-ақ ҚТЖ ҰК 2012 жылы Астана қаласында көп функционалды мұз айдыны сарайын салу бойынша өзгертілмейтін міндеттемелерді қабылдады. Басшылық осы міндеттеменің құнын 25.006 миллион теңге сомаға құрылысқа тиісті шарттың тең құнына есептеді. Құрылысты аяқтау 2015 жылғы маусымға жоспарланып отыр.
Бұдан басқа, ҚТЖ ҰК 2011 жылы қабылданған 28.125 миллион теңге сомаға телерадио кешен ғимаратын жарақтандыру бойынша міндеттемелер сомасына резервті қамтиды.
2013 жылғы маусымда 22.801 миллион теңге сомаға Астана қаласында Оқушылар шығармашылығы сарайын салу аяқталды.
23. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ СЫЙАҚЫ БОЙЫНША МІНДЕТТЕМЕЛЕР
Мемлекеттік зейнетақымен қамтамасыз ету бойынша міндеттемелер
Топ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес әлеуметтік салық төлейді. Әлеуметтік салық және жалақы бойынша шығыстар олар туындаған сәттегі шығыстарға жатқызылады.
Бұдан басқа, Топ қызметкерлердің жинақтаушы зейнетақы қорларына қызметкерлердің жарнасы ретінде төленетін қызметкерлердің жалақысынан 10% ұстап қалады. Осындай шығыстар олар орын алған кезеңде көрсетіледі.
Белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары
Осы жоспар бойынша қызметкерлерге төлеу бойынша міндеттемелер Топтың кейбір еншілес ұйымдарының ("ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ, "Казақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ, "Қазақтелеком" АҚ, "Самұрық-Энерго" АҚ, "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ, "Қазақстан Инжиниринг" ұлттық компаниясы" АҚ және "Қазпочта" АҚ) және кәсіподақтар тұлғасында еншілес ұйымдардың қызметкерлері арасында жасалған ұжымдық шарттарға сәйкес төлеуге жатқызылады.
31 желтоқсанға Топтың белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары бойынша жалпы міндеттемелері мыналарды қамтыды:
Миллион теңгемен | 2013 | 2012 |
Белгіленген төлем мөлшерлері бар зейнетақы жоспары бойынша міндеттемелердің ағымдағы құны | 60.295 | 49.979 |
Өтеу мерзімі жыл ішінде болатын міндеттеме | (4.578) | (4.039) |
Өтеу мерзімі бір жылдан кейін болатын міндеттеме | 55.717 | 45.940 |
31 желтоқсанға төлемдердің және тіркелген төлемдердің белгіленген мөлшерлері бар зейнетақы жоспары бойынша міндеттемелердің ағымдағы құнын салыстырыу былайша берілген:
Миллион теңгемен | 2013 | 2012 |
Міндеттемелердің жыл басындағы жалпы сомасы | 49.979 | 41.539 |
Ағымдағы қызметтердің құны | 5.908 | 3.390 |
Бұрынғы қызметтердің құны | (2.455) | 1.324 |
Сыйақы шығындары | 3.888 | 3.316 |
Жыл ішінде жүргізілген төлемдер | (4.667) | (4.504) |
Бұрынғы қызметтердің танылмаған құны | 6.736 | 645 |
Жыл ішінде танылған актуарлы залал | 906 | 4.283 |
Тоқтатылған қызмет | 0 | (14) |
Міндеттемелердің жыл аяғындағы жалпы сомасы | 60.295 | 49.979 |
2013 және 2012 жылдардың 31 желтоқсанында аяқталған жыл ішінде танылған бұрынғы қызметтер құны, негізінен, әйелдерге зейнетақы жасының кезең-кезеңімен ұлғаюына қатысты зейнетақы заңнамасына өзгерістерге, ұжымдық шарттардағы өзгерістерге байланысты.
14.983 миллион теңге мөлшеріндегі қызметтердің ағымдағы құнын, сыйақы құнын, бұрынғы қызметтердің құнын, бұрынғы қызметтердің танылмаған құнын және актуарлық залалды қамтитын қызметтердің жалпы құны 2013 жылғы жалақы бойынша шығындар құрамында жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есепте ескерілді (2012: 12.958 миллион теңге).
Топтың міндеттемелерінің есептері өлім-жітім деңгейі бойынша жарияланған статистикалық деректер, сондай-ақ Топ қызметкерлерінің саны, жасы, жынысы мен өтілі бойынша нақты деректер негізінде дайындалды. Есепті күнгі барлық жоспарлар үшін орта өлшемді мән ретінде есептелген өзге де негізгі жол берулер төменде келтірілген:
2013 | 2012 | |
Дисконт ставкасы | 6,61% | 7,24% |
Болашақтағы қаржылық көмектің күтілетін жылдық өсімі | 5,81% | 5,52% |
Болашақтағы ең төменгі жалақының күтілетін жылдық өсімі | 5,31% | 6,73% |
Болашақта теміржол билеттері құнының күтілетін жылдық өсуі | 7,7% | 6,43% |
Белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары қаржыландырылмайтын болып табылады.
24. КЛИЕНТТЕРДІҢ ҚАРАЖАТЫ
31 желтоқсанға клиенттердің қаражаты мыналарды қамтыды:
Миллион теңгемен | 2013 | 2012 |
Мыналарды қоса алғанда, мерзімді салымдар | 185.254 | 533.946 |
Заңды тұлғалар | 37.413 | 82.337 |
Жеке тұлғалар | 147.841 | 442.539 |
Мемлекеттік ұйымдар | - | 9.070 |
Мыналарды қоса алғанда, ағымдағы шоттар | 53.848 | 196.271 |
Заңды тұлғалар | 24.407 | 105.442 |
Жеке тұлғалар | 29.441 | 78.290 |
Мемлекеттік ұйымдар | - | 12.539 |
Мыналарды қоса алғанда, шектеу талаптары бар кепілдіктер мен өзге де салымдар: | 2.813 | 12.504 |
Заңды тұлғалар | 1.259 | 6.699 |
Жеке тұлғалар | 1.554 | 5.466 |
Мемлекеттік ұйымдар | - | 339 |
Клиенттер қаражатының жиыны | 241.915 | 742.721 |
Минус: ағымдағы бөлік | (230.763) | (636.058) |
Ұзақ мерзімді бөлік | 11.152 | 106.663 |
25. ӨЗГЕ ДЕ АҒЫМДАҒЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
31 желтоқсанға өзге де ағымдағы міндеттемелер мыналарды қамтыды:
Миллион теңгемен | 2013 | 2012 (қайта есептелді) |
Төлеуге өзге салықтар | 128.470 | 135.782 |
Алынған аванстар және болашақтағы кезеңдердің кірістері | 123.260 | 111.849 |
Солтүстік-Каспий жобасына қосымша үлесті сатып алуға төлеуге (20-ескертпе) | 107.444 | 113.183 |
Қызметкерлерге төлемдер бойынша міндеттемелер | 81.734 | 75.806 |
Төлеуге дивидендтер | 18.057 | 3.761 |
Өзге де бағалау міндеттемелері | 5.508 | 63.592 |
Өзгелер | 53.042 | 71.222 |
517.515 | 575.195 |
Өзге де бағалау міндеттемелері
Өзге де бағалау міндеттемелеріне өзгерістер, негізінен, 46.676 миллион теңге сомаға "Beijing Sino-Kaz Uranium Resources Investment Company Limited" алдындағы ҚАӨ ҰАК міндеттемелерін азайтуға байланысты. Толық ақпарат 6-ескертпеде ашып көрсетілген.
2013 және 2012 жылдары 31 желтоқсанға өзге де ағымдағы міндеттемелер бойынша сыйақы есептелген жоқ.
26. ТҮСІМ
31 желтоқсанда аяқталатын жылдар ішіндегі түсім мыналарды қамтиды:
Миллион теңгемен | 2013 | 2012 (қайта есептелді) |
Мұнай өнімдерін сату | 2.096.932 | 1.968.721 |
Теміржолмен жүк тасымалдары | 738.985 | 684.320 |
Шикі мұнай сату | 735.441 | 597.598 |
Мұнай мен газ тасымалдау | 261.803 | 220.677 |
Уран өнімін сату | 211.321 | 253.635 |
Қайта өңделген газ өнімін сату | 204.303 | 188.601 |
Телекоммуникациялық қызметтер | 182.555 | 167.340 |
Электрлік кешен | 144.877 | 125.372 |
Авиатасымалдар | 143.813 | 128.046 |
Пайыздық кіріс | 106.168 | 83.241 |
Жолаушылар темір жол тасымалы | 74.421 | 64.337 |
Электр энергиясын тасымалдау | 70.687 | 63.730 |
Почта қызметтері | 25.627 | 22.380 |
Дәрі-дәрмектерді сату | 24.548 | 73.102 |
Өзге де кіріс | 322.683 | 297.953 |
Минус: жанама салықтар және коммерциялық жеңілдіктер | (295.988) | (241.828) |
5.048.176 | 4.697.225 |
Өзге де кіріс
Өзге де кіріс негізінен комиссиялық кірісті, қорларды сатудан кірісті және үшінші тараптарға негізгі қызметтермен бірге ұсынылатын өзге де қосымша қызметтер ұсынуды қамтиды.
27. МЕМЛЕКЕТТІК СУБСИДИЯЛАР
"Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1188 қаулысына сәйкес 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Қазақстан темір жолы" ұлттық компания" АҚ ("ҚТЖ ҰК") әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша тасымалдаушының залалдарын жабу ретінде субсидиялар ала бастады. Осы субсидиялар бойынша қандай да бір орындалмаған талаптар немесе шартты міндеттемелер жоқ. 2013 жылы 31 желтоқсанда аяқталған жылға субсидияның сомасы 23.881 миллион теңгені құрады (2012: 22.148 миллион теңге).
"Халыққа телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсететін байланыс операторларының шығындарын өтеу үшін телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 қазандағы № 1039 қаулысына сәйкес 2004 жылдың 4-тоқсанынан бастап "Қазақтелеком" АҚ операторлар әлеуметтік маңызды аудандарда байланыс қызметін көрсету кезінде шеккен шығындарын өтеуге арналған үкіметтік субсидиялар алды. Көрсетілген субсидияларға қатысты барлық талаптар мен шартты міндеттемелер орындалды. 2013 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жылы алынған субсидияның жалпы сомасы 5.029 миллион теңгені құрады (2012: 5.309 миллион теңге).
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 17 тамыздағы № 915 қаулысына сәйкес Үкімет Астанадан Қазақстанның басқа қалаларына рентабельді емес бағыттар бойынша жолаушылар әуе тасымалы бойынша қызметтерді жүзеге асыратын компанияларға субсидиялар ұсынды. Субсидия рейске жұмсалатын шығынның алынған кірістен артып кетуіне негізделген. 2013 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жылғы субсидия сомасы 46 миллион теңгені құрады (2012: 353 миллион теңге).
2013 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жылға өзге де мемлекеттік субсидиялар 40 миллион теңгені (2012: 47 миллион теңге) құрады.
28. САТЫЛҒАН ӨНІМ МЕН КӨРСЕТІЛГЕН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫ
31 желтоқсанда аяқталған жылдар ішінде сатылған өнім мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны мыналарды қамтыды:
Миллион теңгемен | 2013 | 2012 (қайта есептелді) |
Материалдар мен қорлар | 2.144.838 | 2.045.029 |
Жалақы бойынша шығыстар | 574.378 | 525.843 |
Тозу, сарқылу және амортизация | 317.025 | 284.795 |
Алынған өндірістік қызметтер | 124.830 | 117.222 |
Пайдалы қазбалар өндіруге салынатын салық | 97.698 | 85.381 |
Жөндеу және қызмет көрсету | 84.073 | 75.520 |
Пайыздық шығыстар | 80.000 | 74.785 |
Жалдау | 37.742 | 34.822 |
Өзгелер | 186.426 | 146.848 |
3.647.010 | 3.390.245 |
29. ЖАЛПЫ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК ШЫҒЫСТАР
31 желтоқсанда аяқталған жылдар ішіндегі жалпы және әкімшілік шығыстар мыналарды қамтыды:
Миллион теңгемен | 2013 | 2012 (қайта есептелді) |
Жалақы бойынша шығыстар | 152.338 | 144.102 |
Табыс салығынан басқа салықтар, | 46.638 | 42.846 |
Демеушілік көмек және қайырымдылық | 35.239 | 25.926 |
Тозу және амортизация | 26.404 | 23.304 |
Консультациялық қызметтер | 21.415 | 20.412 |
Айыппұлдар мен өсімпұлдар | 9.026 | 9.035 |
Күмәнді борыштар бойынша резервтер | 7.232 | 10.293 |
Іссапар шығыстар | 6.499 | 6.237 |
Жалдау | 6.472 | 6.351 |
Өзгелер | 67.519 | 55.163 |
378.782 | 343.669 |
29. ТАСЫМАЛДАУ ЖӘНЕ САТУ БОЙЫНША ШЫҒЫСТАР
31 желтоқсанда аяқталған жылдар ішіндегі тасымалдау және сату бойынша шығыстар мыналарды қамтыды:
Миллион теңгемен | 2013 | 2012 (қайта есептелді) |
Рента салығы | 165.307 | 161.461 |
Тасымалдау | 59.358 | 113.655 |
Кеден бажы | 59.499 | 43.690 |
Жалақы бойынша шығыстар | 20.849 | 17.000 |
Тозу және амортизация | 12.689 | 12.895 |
Агенттерге комиссиялық сыйақылар және жарнама | 8.887 | 10.625 |
Өзге де | 20.868 | 18.008 |
347.457 | 377.334 |
31. ҚҰНСЫЗДАНУДАН БОЛАТЫН ШЫҒЫН
31 желтоқсанда аяқталатын жылдар ішіндегі шығындар мыналарды қамтыды:
Миллион теңгемен | 2013 | 2012 (қайта есептелді) |
Клиенттерге қарыздардың құнсыздануы/ (құнсыздануды түзету) | 77.230 | (1.737) |
Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің құнсыздануы | 74.395 | 86.018 |
Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компанияларға инвестициялардың құнсыздануы /(Құнсыздануды түзету) | 61.427 | (16.565) |
Сатуға қолда бар қаржылық активтердің құнсыздануы (12-ескертпе) | - | 146.848 |
Гудвиллдің құнсыздануы (8-ескертпе) | 4.945 | - |
Өзгелер | 14.667 | 4.884 |
232.664 | 219.448 |
32. ҚАРЖЫ ШЫҒЫНДАРЫ
31 желтоқсанда аяқталатын жылдар ішіндегі қаржы шығындары мыналарды қамтыды:
Миллион теңгемен | 2013 | 2012 (қайта есептелді) |
Қарыздар және шығарылған борыштық бағалы қағаздар бойынша пайыздар | 200.473 | 167.533 |
Резервтер және өзге де берешектер бойынша дисконт сомасына ұлғайту | 5.752 | 8.407 |
Туынды инструменттер бойынша таза шығын | 149 | 7.588 |
Қаржылық жалдау бойынша пайыздар бойынша міндеттемелер | 4.215 | 2.906 |
Өзгелер | 20.157 | 22.317 |
230.746 | 208.751 |
33. ҚАРЖЫ КІРІСІ
31 желтоқсанда аяқталған жылдар ішіндегі қаржылық кіріс мыналарды қамтиды:
Миллион теңгемен | 2013 | 2012 (қайта есептелді) |
Кредит мекемелеріндегі қаражат және ақша қаражаты мен олардың баламалары бойынша сыйақы | 61.690 | 37.397 |
Қарыздар және қаржы активтері бойынша кіріс | 4.699 | 5.642 |
Алынған дивидендтер | 10.094 | 7.357 |
Өзгелер | 7.419 | 5.375 |
83.902 | 55.771 |
34. БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫНДАР МЕН ҚАУЫМДАСҚАН КОМПАНИЯЛАР КІРІСІНДЕГІ ҮЛЕС, НЕТТО
31 желтоқсанда аяқталатын жылдар ішіндегі бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялар кірісіндегі үлес мыналарды қамтиды:
Миллион теңгемен | 2013 | 2012 (қайта есептелді) |
"ТеңізШевройл" ЖШС | 295.908 | 267.829 |
Маңғыстау Инвестментс БВ | 56.519 | 64.636 |
"ҚазГерМұнай БК" ЖШС | 43.216 | 38.358 |
ПетроҚазақстан Инк. | 23.747 | 34.564 |
"ҚазРесГаз" АҚ | 22.335 | 40.891 |
"Екібастұз МАЭС-1" ЖШС ("ЕМАЭС-1") | 16.277 | 19.798 |
"Қазақстан-Қытай құбыры" ЖШС | 12.049 | 8.576 |
"Қазақойл-Актөбе" ЖШС | 11.715 | 11.320 |
"КАТКО" бк жшс | 10.339 | 9.458 |
"Екібастұз МАЭС-1" ЖШС ("ЕМАЭС-1") | 9.016 | 5.880 |
"Қаратау" ЖШС | 6.939 | 10.050 |
"Қазмырыш" ЖШС | 6.364 | – |
Sekerbank T.A.S. | 6.298 | 6.559 |
Өзгелер | 25.620 | 22.594 |
546.342 | 540.513 |
35. ТАБЫС САЛЫҒЫ БОЙЫНША ШЫҒЫСТАР
31 желтоқсанда аяқталатын жылдар ішіндегі табыс салығы бойынша шығыстар мыналарды қамтыды:
Миллион теңгемен | 2013 | 2012 (қайта есептелді) |
Ағымдағы табыс салығы бойынша шығыстар: | ||
Корпоративтік табыс салығы (КТС) | 145.016 | 149.027 |
Дивидендтер мен сыйақылар бойынша төлем көзінен ұсталатын салық | 62.579 | 50.970 |
Үстеме пайда салығы | 8.475 | 31.139 |
Кейінге қалдырылған табыс салығы бойынша шығыс/(үнем): | ||
Корпоративтік табыс салығы (КТС) | 48.971 | 12.225 |
Дивидендтер мен сыйақылар бойынша төлем көзінен ұсталатын салық | 7.077 | 4.214 |
Үстеме пайда салығы | 5.126 | (3.786) |
Табыс салығы бойынша шығыстар | 277.244 | 243.789 |
Қазақстан Республикасында 2013 және 2012 жылдың 31 желтоқсанына салықтық шығындарды ауыстыру салық мақсатында олар туындаған күннен бастап 10 (он) жыл өткеннен кейін мерзімі өтеді.
Бухгалтерлік пайдадан бастап табыс салығы бойынша шығыстарға табыс салығының нормативтік ставкасы бойынша табыс салығын есептегенге дейін есептелген табыс салығы бойынша шығыстарды салыстырыу
31 желтоқсанда аяқталатын жылдар ішінде (2013 және 2012 жылдары 20%) былайша көрсетіліп отыр:
Миллион теңгемен | 2013 | 2012 (қайта есептелді) |
Жалғасып отырған қызметтен табыс салығын есептегенге дейінгі пайда | 889.973 | 801.624 |
Тоқтатылған қызметтен табыс салығын есептегенге дейінгі (шығын)/пайда | (177.801) | 589.737 |
Бухгалтерлік пайда бойынша табыс салығы бойынша шығыстар | 142.434 | 278.272 |
БТА Банк таныған қалпына келтіруге облигациялар бойынша шығыстар | - | (74.278) |
Салық салынбайтын тоқтатылған қызметтің істен шығуынан кіріс | - | (40.007) |
Істен шығу тобының құнсыздануы | 31.746 | - |
Шегерімге жатқызылмайтын немесе салық салу мақсатында салық салуға жатқызылмайтын баптардың салықтық әсері | 57.585 | 90.147 |
Үстеме пайда салығы | 13.601 | 27.353 |
Корпоративтік табыс салығының әртүрлі ставкаларының әсері | 15.929 | 13.500 |
Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компанияларда салық салынбайтын пайда үлесі | (63.844) | (67.137) |
Кейінге қалдырылған салық бойынша танылмаған активтердегі өзгерістер | 74.964 | 23.935 |
Корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстардың жиынтығы | 272.415 | 251.785 |
Тоқтатылған қызметке жатқызылған табыс салығы бойынша үнем/(шығыстар) шегерілген | 4.829 | (7.996) |
Жалғасып отырған қызметтен корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар | 277.244 | 243.789 |
Активтер мен міндеттемелерді есептеу үшін салық негізі мен шоғырландырылған қаржылық есептілікте көрсетілген сома арасындағы уақытша айырмаларға есептік күні қолданылған заңмен белгіленген салық ставкаларын қолдану арқылы есептелген кейінге қалдырылған салық сальдосы 31 желтоқсанға мыналарды қамтиды:
Миллион теңгемен | 2013 | 2012 (қайта есептелді) | ||||||
Корпоративтік табыс салығы | Үстеме пайда салығы | Төлем көзінен ұсталатын салық | Жиыны | Корпоративтік табыс салығы | Үстеме пайда салығы | Төлем көзінен ұсталатын салық | Жиыны | |
Кейінге қалдырылған салық бойынша активтер | ||||||||
Негізгі құралдар | 7.985 | (1.902) | - | 6.083 | 16.780 | 2.420 | - | 19.200 |
Ауыстырылған салықтық шығындар | 240.080 | - | - | 240.080 | 517.870 | - | - | 517.870 |
Қызметкерлерге қатысты есептелген міндеттемелер | 10.028 | 96 | - | 10.124 | 7.851 | 365 | - | 8.216 |
Қаржы активтерінің құнсыздануы | 17.943 | - | - | 17.943 | 122.057 | - | - | 122.057 |
Қоршаған ортаны ластағаны үшін міндеттемелер бойынша резерв | 3.989 | - | - | 3.989 | 2.497 | - | - | 2.497 |
Өзге де есептеулер | 12.063 | 1.406 | - | 13.469 | 1.868 | 3.885 | - | 5.753 |
Өзгелер | 26.861 | - | - | 26.861 | 31.836 | - | - | 31.836 |
Минус: кейінге қалдырылған салық бойынша танылмаған активтер | (201.619) | - | - | (201.619) | (569.666) | - | - | (569.666) |
Минус: кейінге қалдырылған салық бойынша міндеттемелерімен бірге есептелген кейінге қалдырылған салық бойынша активтер | (74.530) | (316) | - | (74.846) | (58.579) | (1.220) | - | (59.799) |
Кейінге қалдырылған салық бойынша активтер | 42.800 | (716) | - | 42.084 | 72.514 | 5.450 | - | 77.964 |
Кейінге қалдырылған салық бойынша міндеттемелер | ||||||||
Негізгі құралдар | 401.774 | 1.090 | - | 402.864 | 334.979 | 3.034 | - | 338.013 |
Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың бөлінбеген пайдасы | - | - | 46.801 | 46.801 | - | - | 39.724 | 39.724 |
Өзгелер | 3.100 | - | - | 3.100 | 19.012 | - | - | 19.012 |
Минус: кейінге қалдырылған салық бойынша міндеттемелермен есепке алынған кейінге қалдырылған салық бойынша активтер | (74.530) | (316) | - | (74.846) | (58.579) | (1.220) | - | (59.799) |
Кейінге қалдырылған міндеттемелер | 330.344 | 774 | 46.801 | 377.919 | 295.412 | 1.814 | 39.724 | 336.950 |
Кейінге қалдырылған салық бойынша таза міндеттемелер | (287.544) | (1.490) | (46.801) | (335.835) | (222.898) | 3.636 | (39.724) | (258.986) |
31 желтоқсанда аяқталған жылдарға кейінге қалдырылған салық бойынша таза міндеттемелердегі өзгерістер былайша берілген:
Миллион теңгемен | 2013 | 2012 (қайта есептелді) | ||||||
Корпоративтік табыс салығы | Үстеме пайда салығы | Төлем көзінен ұсталатын салық | Жиыны | Корпоративтік табыс салығы | Үстеме пайда салығы | Төлем көзінен ұсталатын салық | Жиыны | |
1 қаңтардағы сальдо | 222.898 | (3.636) | 39.724 | 258.986 | 209.625 | 150 | 35.510 | 245.285 |
Есептілік валютасын қайта есептеу | 2.029 | - | - | 2.029 | (1.193) | - | - | (1.193) |
Өзге де жиынтық кірісте көрсетілгені | (1.750) | - | - | (1.750) | 3.106 | - | - | 3.106 |
Еншілес компаниялардың сатып алуы | (128) | - | - | (128) | 9 | - | - | 9 |
Тоқтатылған қызмет (6-ескертпе) | 22.160 | - | - | 22.160 | (874) | - | - | (874) |
Пайдалар мен шығындарда көрсетілгені | 42.335 | 5.126 | 7.077 | 54.538 | 12.225 | (3.786) | 4.214 | 12.653 |
31 желтоқсандағы сальдо | 287.544 | 1.490 | 46.801 | 335.835 | 222.898 | (3.636) | 39.724 | 258.986 |
2013 жылғы 31 желтоқсанға 201.619 миллион теңге мөлшеріндегі кейінге қалдырылған салық бойынша танылмаған активтер, негізінен, Қордың кейбір еншілес ұйымдарының шеккен салықтық шығындарына жатқызылды (2011жылы: 569.666 миллион теңге), ол 10 (он) тізбекті жыл ішінде болашақ салық салынатын пайдаға қарсы есептелуі мүмкін. 443.011 миллион теңге мөлшерінде кейінге қалдырылған салық бойынша танылмаған активтердегі азаю Топтың кейбір еншілес ұйымдары сатуға арналған ретінде сыныпталған активтер құрамына ауыстыруға және істен шығуына байланысты (6-ескертпе). Осы шығындарға қатысты кейінге қалдырылған салық бойынша активтер танылған жоқ, өйткені олар Топтың өзге де операциялық сегменттерінен салық салынатын пайдаға қарсы есептелмейді және олар біршама уақыт бойы шығынды болып табылған қызметтен пайда болды. Топ талдау жасап, ағымдағы салық шығындары бойынша кейінге қалдырылған салық активтерін өтеу ықтималдығы ықтимал болып табылмайтындығы туралы қорытындыға келді. Егер Топ барлық танылмаған кейінге қалдырылған салық активерін тани алған жағдайда, таза пайда 2013 жылы 201.619 миллион теңгеге ұлғаятын еді.
36. ШОҒЫРЛАНДЫРУ
Мына еншілес ұйымдар осы шоғырландырылған қаржылық есептілікке енгізілді:
Иелену үлесі | ||
2013 | 2012 | |
"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ ("ҚМГ" ҰК) және еншілес ұйымдары | 100,00% | 100,00% |
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ ("ҚТЖ" ҰК") және еншілес ұйымдары | 100,00% | 100,00% |
"ҚазАтомӨнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ ("ҚАӨ" ҰАК") және еншілес ұйымдары | 100,00% | 100,00% |
"Қазақтелеком" АҚ ("ҚТК") және еншілес ұйымдары | 51,00% | 51,00% |
"Самұрық–Энерго" АҚ ("Самұрық-Энерго") және еншілес ұйымдары | 100,00% | 100,00% |
"Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы" АҚ және еншілес ұйымдары ("KEGOC") | 100,00% | 100,00% |
"Эйр Астана" АҚ ("Эйр Астана") | 51,00% | 51,00% |
"БТА Банк" АҚ ("БТА Банк") және еншілес ұйымдары* | 97,26% | 97,28% |
"Альянс Банк" АҚ ("Альянс Банк") және еншілес ұйымдары | 67,00% | 67,00% |
"Қазпочта" АҚ және еншілес ұйымдары | 100,00% | 100,00% |
"Қазақстан Инжиниринг" ұлттық компаниясы" АҚ және еншілес ұйымдары ("Қазақстан Инжиниринг") | 100,00% | 100,00% |
"Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" АҚ | 100,00% | 100,00% |
"Ақтөбе халықаралық әуежайы" АҚ | 100,00% | 100,00% |
"Самұрық-Қазына Келісімшарт" ЖШС | 100,00% | 100,00% |
"Тау-кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы" АҚ және еншілес ұйымдары | 100,00% | 100,00% |
"Академик Ш.Ш. Шөкин атындағы энергетика ҚазҒЗИ" АҚ | 50%+1 | 50%+1 |
"Біріккен химия компаниясы" ЖШС және еншілес ұйымдары ("БХК") | 100,00% | 100,00% |
"Самұрық-Қазына Инвест" ЖШС | 100,00% | 100,00% |
"КОРЭМ" АҚ | 100,00% | 100,00% |
"Атырау халықаралық әуежайы" АҚ | 100,00% | 100,00% |
"Павлодар әуежайы" АҚ | 100,00% | 100,00% |
"Қарағандыгипрошахтасы және К" ЖШС | 90,00% | 90,00% |
"Темiрбанк" АҚ* | 79,88% | 79,90% |
KGF SLP | 100,00% | 100,00% |
KGF IM | 100,00% | 100,00% |
KGF Management | 100,00% | 100,00% |
"СҚ Финанс" ЖШС | 100,00% | 100,00% |
"Қазгеология" ұлттық геология компаниясы" АҚ | - | 100,00% |
"СҚ-Фармация" ЖШС | - | 100,00% |
"ҚазЭкспоГарант" Экспорттық-кредит сақтандыру корпорациясы" АҚ (Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі МСК) | - | 100,00% |
"Досжан темір жолы" АҚ | - | 94,96% |
"Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ | - | 100,00% |
"Қазақстанның Даму банкі" АҚ ("ҚДБ") және еншілес ұйымдары | - | 100,00% |
"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ ("Даму") | - | 100,00% |
"Kazyna Capital Management" АҚ және еншілес ұйымдары | - | 100,00% |
"Шығыс Қазақстан өңірлік энергетика компаниясы" АҚ ** | - | 100,00% |
* 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Топ даму институттары мен қаржы ұйымдарының тоқтатылған қызмет ретінде істен шығуын таныды.
** 2013 жылғы 14 наурыздан бастап "Шығыс Қазақстан өңірлік энергетикакомпаниясы" АҚ еншілес ұйым ретінде "Самұрық-Қазына" АҚ құрамына кіреді.
39. ЕЛЕУЛІ АҚШАЛАЙ ЕМЕС МӘМІЛЕЛЕР
2013 жылы Топ Акционерден 9.808 миллион теңге сомаға Батыс Қазақстан, Жамбыл және Ақтөбе облыстары аумағындағы жоғары, орта және төмен қысымды газ құбырлары мен оларға арналған құрылыстар нысанында жарғылық капиталға салымдар және 26.234 миллион теңге мөлшерінде "Ақтау халықаралық сауда теңіз порты" ұлттық компаниясы" АҚ-ның мемлекетке тиесілі акцияларын алды (5, 17.1-ескертпелер)
2012 жылы Топ Акционерден кейбір акцияларды алды, оның ішінде Қарашығанақ Жобалау Консорциумына қатысу үлесін және жарғылық капиталға салым ретінде және айырбас шарттары бойынша өзге мүлік алды (5, 17.1-ескертпелер).
2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша сатып алынған негізгі құралдарға кредиторлық берешек 25.610 миллион теңгеге (2011: 95.343 миллион тенге) ұлғайды.
2013 жылы Топ құны 52.724 миллион тенге (2012: 35.290 миллион теңге) болатын қаржылық жалдау шарттары бойынша негізгі құралдарды алды.
2013 жылы қаңтарда Қор нарықтан төмен ставкалар бойынша купондық облигацияларды орналастырды, оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сатып алды. 249.828 миллион теңге сомасында осы міндеттемелерді бастапқы тану кезінде дисконт капиталға өзгерістер туралы шоғырландырылған есепте біржолғы кіріс ретінде көрінді (17.2-ескертпе).
2013 жылы Топ Акционердің тапсырмалары бойынша Астана қаласында әлеуметтік объектілер салу және Мәскеу қаласында Көрме орталығын және Үкімет бекіткен Щучье-Бурабай курорттық аймағын жаңғырту нәтижесіндегі шығыстарға байланысты резервті ұлғайтты және Акционерге бөлу ретінде таныды. Топ Акционерге бөлуді түзетті, ол жалпы сомасы 26.768 миллион теңге (2012: 50.135 миллион теңге) болатын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің иелігіне мұнайды құюға Солтүстік Каспий экологиялық ден қою базасын (СҚЭДБ) беру бойынша Топтың міндеттемелеріне байланысты (17.5-ескертпе).
2013 жылы Топ 17.854 миллион теңге (2012: нөл) сомаға қарыздар алу арқылы негізгі құралдар сатып алды.
2013 жылы Топ 8.740 миллион теңге (2012: 16.727 миллион теңге) сомаға қоршаған ортаға шығын бойынша міндеттеме және активтердің істен шығуы бойынша міндеттемелер бойынша резервті ұлғайту бойынша соманы негізгі қаражаттың теңгерім құнына капиталдандырды.
2013 жылы Топ 19.038 миллион теңге (2012: 4.162 миллион теңге) мөлшерінде қарыздар бойынша шығындарды капиталдандырды.
2012 жылы Қор нарықтан төмен ставкалар бойынша купондық облигацияларды орналастырды, оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сатып алды. 89.617 миллион теңге сомасында бастапқы тану кезінде облигациялар дисконты капиталға өзгерістер туралы шоғырландырылған есепте біржолғы кіріс ретінде танылды.
2012 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сатып алған Қордың орналастырылған облигацияларының талаптарына қатысты өзгерістер тіркелді. Осы өзгерістерге сәйкес осы облигациялар бойынша айналым мерзімі 2062 жылға дейін ұзартылды және сыйақы ставкасы 0,01% дейін төмендетілді. Проспектідегі өзгерістер облигацияларды орналастырудың бастапқы талаптарында біршама өзгерістерге және тиісінше бастапқы міндеттемені тануды тоқтатуға және ХЕБС 39 сәйкес жаңа міндеттемелерді тануға әкелді. Өзгерістер енгізу күнгі жаңа міндеттеменің әділ құны мен бастапқы міндеттеменің теңгерім құны арасындағы 304.650 миллион теңге мөлшеріндегі айырма капиталға өзгерістер туралы шоғырландырылған есепте танылды.
38. БАЙЛАНЫСТЫ ТАРАПТАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫ АШУ
24 "Байланысты тараптар туралы ақпаратты ашу" БЕХС-ке сәйкес, егер бір тарап екінші тарапты бақылау мүмкіндігі болса немесе оның қаржылық немесе операциялық шешім қабылдауы кезінде екінші тарапқа біршама ықпалын жүзеге асыру мүмкіндігі болса, тараптар байланысты болып саналады. Әрбір байланысты тараппен қатынастардың болу мүмкіндігін бағалау кезінде заңды ресімделуіне ғана емес өзара қатынастардың мәніне де назар аударылады.
Байланысты тараптар Топтың негізгі басқарушы персоналын, Топтың негізі басқарушы персоналына біршама қатысу үлесі тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымды, сондай-ақ Үкімет бақылайтын өзге де кәсіпорындарды қамтиды. Байланысты тараптармен мәмілелер байланысты және үшінші тарапқа ұсынылатын тарифтер негізінде берілген кейбір реттелетін қызметтерді қоспағанда, нарық ставкаларына сәйкес келуі міндетті емес тараптар арасында келісілген талаптар бойынша жүзеге асырылды.
Мына кесте байланысты тараптармен 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жасалған мәмілелердің жалпы сомасын көрсетеді:
Миллион теңгемен | Қауымдасқан компаниялар | Топ қатысушы болып табылатын бірлескен кәсіпорындар | Мемлекет бақылайтын өзге де кәсіпорындар | Өзге де байланысты тараптар | |
Байланысты тараптардың берешегі | 2013 | 45.827 | 21.039 | 6.070 | 339 |
2012 | 60.684 | 16.352 | 5.054 | 199 | |
Байланысты тараптарға берешек | 2013 | 9.268 | 46.231 | 932 | 2.436 |
2012 | 22.924 | 52.693 | 1.710 | 101 | |
Тауарлар мен қызметтерді сату | 2013 | 60.667 | 222.474 | 73.016 | 1.984 |
2012 | 93.788 | 330.247 | 90.928 | 2.678 | |
Тауарлар мен қызметтерді сатып алу | 2013 | 40.271 | 331.902 | 17.116 | 2.894 |
2012 | 42.210 | 264.232 | 9.498 | 19 | |
Ағымдағы шоттар және салымдар (міндеттемелер) | 2013 | 60 | 709 | 28.224 | 34 |
2012 | 290 | 19 | 13.209 | 624 | |
Ақша қаражаты және оның аламалары және кредиттік мекемелердегі қаражат (активтер) | 2013 | 6.530 | - | 198.369 | - |
2012 | 4.296 | - | 517.482 | - | |
Клиенттерге қарыздар | 2013 | 15.628 | 59.145 | 7.193 | 6.156 |
2012 | 7.698 | 41.802 | 19.835 | 27.159 | |
Алынған қарыздар (19-ескертпе) | 2013 | 67 | 7 | 1.112.865 | - |
2012 | 48 | - | 779.774 | - | |
Өзге де активтер | 2013 | 18.190 | 48.059 | 56.732 | 1.790 |
2012 | 739 | 33.157 | 143.356 | 980 | |
Өзге де міндеттемелер | 2013 | 2.961 | 830 | 50.502 | 39 |
2012 | 411 | 371 | 20.903 | 2 | |
Алынған сыйақы | 2013 | 1.682 | 6.914 | 12.141 | 4.392 |
2012 | 2.074 | 3.182 | 7.491 | 1.583 | |
Есептелген сыйақы | 2013 | 1 | 4.403 | 58.973 | 6 |
2012 | 531 | 1.412 | 49.232 | 4 |
2013 жылғы 31 желтоқсанда 71.290 миллион теңге сомаға (2012 жылғы 31 желтоқсанда: 69.907 миллион теңге) Топтың бірқатар қарыздарына Қазақстан Республикасының Үкіметі кепілдік берді.
Қоса берілген жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есепте жалақы бойынша шығыстарға қосылған негізгі басқарушы персоналға төленген жалпы сыйақы сомасы 2013 жылы 31 желтоқсанда аяқталған жылы 12.836 миллион теңгені құрады (2012: 11. 979 миллион теңге). Негізгі басқарушы персоналға төленген сыйақы келісімшарттарда белгіленген жалақы бойынша шығыстардан және операциялық нәтижелерге негізделген сыйлықтардан басым тұрады.
27-ескертпеде аталып өткендей, Үкімет Топтың еншілес ұйымдарына кейбір субсидияларды береді.
39. ҚАРЖЫ ҚҰРАЛДАРЫ, ҚАРЖЫ ТӘУЕКЕЛДЕРІН БАСҚАРУ МАҚСАТТАРЫ ЖӘНЕ САЯСАТЫ
Топтың негізгі қаржы құралдары қарыздарды, ҚР Үкіметінен қарыздарды, қаржылық жалдау бойынша міндеттемелерді, клиенттердің қаражатын, туынды құралдарды, ақша қаражатын және оның баламаларын, клиенттерге қарыздарды, кредит мекемелеріндегі қаражатты, өзге де қаржылық активтерді, сондай-ақ дебиторлық және кредиторлық берешектерді қамтиды. Топтың қаржы құралдары бойынша туындайтын негізі тәуекелдер – бұлар пайыздық ставкалардағы өзгерістер тәуекелі, валюталық тәуекел және кредиттік тәуекел. Топ барлық қаржы құралдары бойынша туындайтын өтімділікке байланысты тәуекелдерді де қадағалайды.
Пайыздық ставкалардағы өзгерістер тәуекелі
Пайыздық ставкалардағы өзгерістер тәуекелі нарықтағы сыйақы ставкасының өзгеруі нәтижесінде қаржы құралы құнының ауытқу тәуекелін білдіреді. Топ оларда өзінің жеке және қарыз қаражаты, сондай-ақ оның инвестициялары көрсетілген валюталар бойынша сыйақы ставкаларының өзгерістеріне бақылауды жүзеге асыру арқылы пайыздық ставкалардағы өзгерістер тәуекелін шектейді.
Топтың пайыздық ставкалардағы өзгерістер тәуекеліне бейімділігі, негізінен, өзгермелі пайыздық ставкалармен Топтың ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді қарыздарына қатысты болады (18-ескертпе).
Мына кестеде Топтың табыс салығына (өзгермелі сыйақы ставкаларымен қарыздарының болуы салдарынан) және капиталға дейін (сату үшін қолда бар инвестициялардың әділ құнындағы өзгерістер салдарынан) пайдасының LIBOR өзгермелі пайыздық ставкаларында болатын ықтимал өзгерістерге барлық қалған өлшемдер тұрақты шама ретінде қабылданатын талаппен сезімталдығы көрсетілген.
Миллион теңгемен | Базистік пункттердегі ұлғаю/ (азаю)* | Пайда мен шығындарға ықпалы | Капиталға өзге де ықпал |
2013 | |||
АҚШ доллары | 3/(3) | (1.034)/1.034 | (7)/7 |
Тенге | 3/(3) | (60)/60 | (285)/333 |
2012 | |||
АҚШ доллары | 5/(5) | (284)/284 | (79)/105 |
Теңге | 5/(5) | (406)/426 | (1.351)/1.318 |
* 1 базистік пункт = 0,01%.
Валюталық тәуекел
АҚШ долларында көрсетілген қарыздың, қаржылық жалға алу бойынша міндеттемелердің және сауда кредиторлық берешектің, банктердегі күрделі қаржының, ақша қаражаты мен олардың баламаларының және дебиторлық берешектің елеулі сомасының болуы нәтижесінде Топтың шоғырландырылған қаржылық жағдайына АҚШ долларының теңгеге айырбас бағамының өзгеруі біршама әсер етуі мүмкін.
Мына кестеде Топ пайдасының табыс салығын есептегенде дейін АҚШ доллары және еуро айырбас бағамындағы ықтимал өзгерістерге, барлық қалған өлшемдер тұрақты шама ретінде қабылданған жағдай талабымен сезімталдығы көрсетілген.
Миллион теңгемен | Айырбастау бағамдарындағы ұлғаю /(азаю) | Пайдаға және шығынға әсері |
2013 | ||
АҚШ доллары | 20%/10% | (317.350)/(156.200) |
Еуро | 20%/10% | (13.426)/(6.713) |
2012 | ||
АҚШ доллары | 1,57%/(1,57%) | (33.629)/33.629 |
Еуро | 10,77%/(10,77%) | (1.854)/1.854 |
Кредиттік тәуекел
Контрагенттердің Топтың қаржы инструменттерімен жасалған шарттардың талаптарын орындамауы нәтижесінде туындаған кредиттік тәуекел, әдетте, контрагенттер міндеттемелерінің шамасы Топтың осы контрагенттердің алдындағы міндеттемелерінен асатын осындай жағдайлар болған кезде, сомамен шектеледі. Топ саясаты кредитке қабілетті конртагенттермен бірге қаржы инструменттерімен операциялар жасауды көздейді. Кредиттік тәуекелге бейімділіктің ең жоғарғы шамасы әрбір қаржы активінің теңгерім құнына тең. Топ өз тәуекелінің ең жоғары шамасы есепті күні көрсетілген құнсыздануға резервтерді шегергенде, клиенттер қарыздарының сомасында (10-ескертпе), кредит мекемелеріндегі қаражат сомасында (11-ескертпе), сауда-дебиторлық берешек пен өзге де ағымдағы активтерде (15-ескертпе), өзге де қаржы активтерінде (12-ескертпе) және ақша қаражаты мен оның баламаларында көрінеді деп санайды.
Кредиттік тәуекелдің жинақталуы оларға қатысты экономикалық жағдайлардың немесе өзге де жағдайлардың өзгеруі олардың өз міндеттемелерін орындау қабілетіне бірдей әсер етеді деп күтуге негіз бар бір қарыз алушының немесе бірдей қызмет шарттарымен қарыз алушылар тобының берешегінің бірнеше сомасы болған кезде туындауы мүмкін.
Топта баламалы кредиттік тарихы бар контрагенттермен мәмілелер жасасуға және белгіленген кредит беру лимиттерінен асырмауға тұрақты бақылауды көздейтін саясат қолданылады. Топтың өз клиенттерінің көпшілігімен алдын ала төлем негізінде жұмыс істеуінің арқасында кредиттік тәуекел азаяды.
Өтімділік тәуекелі
Өтімділік тәуекелі Топ өзінің қаржылық міндеттемелерін орындау үшін қаражат тартқан кезде киындықтарға кездесуі мүмкіндігіне байланысты. Өтімділік тәуекелі қаржы активін оның әділ құнына жақын құн бойынша жедел сатудың мүмкін еместігі нәтижесінде туындауы мүмкін.
Өтімділікке қойылатын талаптар ұдайы бақыланады және басшылық міндеттемелерді олардың туындауына қарай орындау үшін жеткілікті көлемде қаражаттың болуын қадағалайды.
Мына кестеде осы міндеттемелерді өтеудің мерзімі бөлігінде Топтың қаржылық міндеттемелері бойынша шарттық дисконтталмаған төлемдер туралы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ақпарат берілген.
Миллион теңгемен | Талап етілгенге дейін | 1 айдан артық, бірақ 3 айдан аспайтын | 3 айдан артық, бірақ 1 жылдан аспайтын | 1 жылдан артық, бірақ 5 жылдан аспайтын | 5 жылдан артық | Жиыны |
2013 жылғы 31 желтоқсанға | ||||||
ҚР Үкіметінің қарыздары | 71.170 | 24 | 3.403 | 19.386 | 1.373.642 | 1.467.625 |
Қарыздар | 245.459 | 123.789 | 405.202 | 2.192.807 | 2.807.861 | 5.775.118 |
Қаржылық жалдау бойынша міндеттемелер | 67 | 4.536 | 13.044 | 45.668 | 43.712 | 107.027 |
Клиенттердің қаражаты | 81.797 | 46.973 | 45.847 | 54.983 | 81.921 | 311.521 |
Сауда және өзге кредиторлық берешек | 164.644 | 166.979 | 111.689 | 256.505 | 12 | 699.829 |
Туынды қаржы құралдары | - | - | 41 | - | 46 | 87 |
Өзге де қысқа мерзімді міндеттемелер | 25.011 | 39.593 | 131.900 | 8.911 | 11.250 | 216.665 |
588.148 | 381.894 | 711.126 | 2.578.260 | 4.318.444 | 8.577.872 | |
2013 жылғы 31 желтоқсанға | ||||||
ҚР Үкіметінің қарыздары | 458.887 | 71 | 109.107 | 24.783 | 1.140.801 | 1.733.649 |
Қарыздар | 187.161 | 157.597 | 755.108 | 1.798.934 | 3.102.669 | 6.001.469 |
Қаржылық жалдау бойынша міндеттемелер | 30 | 2.697 | 9.019 | 26.668 | 17.020 | 55.434 |
Клиенттердің қаражаты | 221.676 | 105.004 | 260.089 | 147.549 | 77.178 | 811.496 |
Сауда және өзге кредиторлық берешек | 181.502 | 126.417 | 186.146 | 229.200 | 4.826 | 728.091 |
Туынды қаржы құралдары | – | 12.047 | 42 | 42.561 | 33 | 54.683 |
Өзге де міндеттемелер | 103.895 | 40.068 | 208.659 | 24.036 | 14.879 | 391.537 |
1.153.151 | 443.901 | 1.528.170 | 2.293.731 | 4.357.406 | 9.776.359 |
Капиталды басқару
Топ ең бастысы өзінің еншілес ұйымдарының капиталын басқару арқылы және өзінің бақылау функцияларын іске асыра отырып, өзінің капиталын басқарады. Капиталды басқарудың басты мақсаты Топтың еншілес ұйымдары берешек пен капиталға қатысты оңтайландыру арқылы Акционерге кірістерді көбейтумен қатар қызметтің үздіксіз болуы қағидатын ұстануды жалғастыру жағдайында болуын қамтамасыз ету болып табылады.
Топ әрбір еншілес ұйымның бизнесінің мұқтаждығын және қызметінің ерекшелігін ескере отырып әзірленген қызметтің белгілі бір көрсеткіштерін белгілей отырып, өзінің еншілес ұйымдарының капиталын басқарады. Топ өзінің еншілес ұйымдарының капиталын басқару үшін пайдаланатын қызметтің негізгі көрсеткіштері - бұл мына коэффициенттер: Пайызды, Салық салуды, Тозуды және Амортизацияны Есепке алғанға дейін Кіріске Берешек ("D/EBITDA"); және Капиталға Берешек ("D/E"). Берешек ақша қаражаты мен олардың баламалары құнына кемітілген тиісті еншілес ұйымдардың қарыздары, борыш қағаздары, кепілдіктері және қаржылық жалдауы бойынша міндеттемелеріне теңестіріледі. Капитал негізгі компанияның\акционерінің үлесіне жатқызылатын еншілес ұйымның бүкіл капиталына теңестіріледі.
Рұқсат етілген ең жоғарғы көрсеткіштер әрбір еншілес ұйымға оның бизнесінің мұқтаждығы және ерекшелікті артықшылығы негізінде мақұлданды және мынадай диапазондар шегінде өзгереді (Топ үшін қызметтің шоғырландырылған негізгі көрсеткіштері анықтамалық түрде берілді, өйткені Топ шоғырландырылған деңгейде қызметтің негізгі көрсеткіштерін бақыламайды):
Қызметтің негізгі көрсеткіштері | 2013 | 2012 |
D/EBITDA | 3,09 | 4,07 |
D/E | 0,69 | 0,83 |
Миллиард теңгемен | 2013 | 2012 |
Қарыздар | 3.974 | 4.208 |
ҚР Үкіметінің қарыздары | 269 | 771 |
СКЖ қатысу үлесін сатып алғаны үшін берешек | 322 | 340 |
Қаржылық жалдау бойынша міндеттеме | 89 | 44 |
Клиенттердің қаражаты | 242 | 743 |
Туынды қаржы инструменттері | 1 | 8 |
Қор Тобына кірмейтін компаниялардың міндеттемелері бойынша кепілдік берілетін негізгі борыштың номинал сомасы | 307 | - |
Өзгелер | - | 47 |
Борыш | 5.204 | 6.161 |
Миллиард теңгемен | 2013 | 2012 |
Табыс салығын есепке алғанға дейінгі жалғасқан қызметтен пайда | 890 | 802 |
Қарыздар және шығарылған борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы | 200 | 167 |
Қаржылық жалдау бойынша сыйақы | 4 | 3 |
Тозу, ескіру және амортизация | 356 | 322 |
Құнсызданудан болатын шығын | 233 | 219 |
EBITDA | 1.683 | 1.513 |
Капиталдың жиыны | 7.507 | 7.415 |
Қаржы құралдарының әділ құны
Топ қаржы құралдарының әділ құнын анықтау және бағалау моделінің бөлінісінде ол туралы ақпаратты ашу үшін мынадай сатылылықты пайдаланады:
1-деңгей: бірдей активтер немесе міндеттемелер бойынша белсенді нарыққа арналған бағалар (ешқандай да түзетулерсіз).
2-деңгей: барлық бастапқы деректері нарықта не тікелей, не тікелей емес бақыланатын, әділ құнды көрсетуге біршама әсерін тигізетін басқа да әдістер.
3-деңгей: бақыланатын нарықтық ақпаратқа негізделмеген әділ құнды көрсетуге біршама әсер ететін бастапқы деректерде қолданылатын әдістер.
2013 және 2012 жылдардағы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Топтың барлық қаржы құралдарының теңгерімдік құны төменде берілген қаржы құралдарын қоспағанда, олардың әділ құнына негіздемелі түрде жақындау болып табылады:
Миллион теңгемен | 1-деңгей | 2-деңгей | 3-деңгей | 2013 жылғы 31 желтоқсан |
Қаржы құралдарының санаты | ||||
Активтер | ||||
Сату үшін қолда бар қаржылық активтер | 50.639 | 13.636 | 726 | 65.001 |
Пайда мен шығын арқылы әділ құн бойынша ескерілетін қаржылық активтер | - | 8.114 | - | 8.114 |
Туынды қаржылық активтер | - | 46.427 | - | 46.427 |
Міндеттемелер | ||||
Туынды қаржылық міндеттемелер | - | 527 | - | 527 |
Миллион теңгемен | 1-деңгей | 2-деңгей | 3-деңгей | 2012 жылғы 31 желтоқсан |
Қаржы құралдарының санаты | ||||
Активтер | ||||
Сату үшін қолда бар қаржылық активтер | 283.039 | 128.006 | 6.441 | 417.486 |
Пайда мен шығын арқылы әділ құн бойынша ескерілетін қаржылық активтер | 8.548 | 13.993 | 14.715 | 37.256 |
Сауда-саттық бағалы қағаздары | 70.421 | - | - | 70.421 |
Туынды қаржылық активтер | 527 | 49.719 | 32 | 50.278 |
Міндеттемелер | ||||
Туынды қаржылық міндеттемелер | 373 | 7.965 | - | 8.338 |
2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша әділ құнның сатылығы негізінде 3-деңгей бойынша бастапқы және түпкі теңгерімдерді салыстырып тексеру былайша берілген:
Миллион теңгемен | Сату үшін қолда бар қаржылық активтер | Пайда/шығын арқылы әділ құн бойынша ескерілетін қаржылық активтер | Сауда-саттық бағалы қағаздары | Туынды қаржылық активтер | Қаржылық активтердің жиыны |
2012 жылғы 1 қаңтардағы | - | 14.654 | - | - | 14.654 |
Пайда мен шығында танылған бүкіл пайда/ (шығын) | 674 | (1.084) | - | - | (410) |
Өзге жиынтық кірісте танылған бүкіл пайда/(шығын | (637) | - | - | - | (637) |
Сатып алу | - | 6.106 | - | 32 | 6.138 |
Сату | - | (340) | - | - | (340) |
Өтеу | (613) | - | - | - | (613) |
1-деңгейден және 2-деңгейден ауыстырулар | 7.017 | - | - | - | 7.017 |
Өзге де активтерге қайта сыныптау | - | (462) | - | - | (462) |
Өзгелер | - | (4.159) | - | - | (4.159) |
2012 жылғы 31 желтоқсанға | 6.441 | 14.715 | - | 32 | 21.188 |
Пайда мен шығында танылған бүкіл пайда/ (шығын) | 72 | 41 | - | - | 113 |
Өзге жиынтық кірісте танылған бүкіл пайда / (шығын | 248 | 142 | - | - | 390 |
Сатып алу | - | 2.956 | - | 7 | 2.963 |
Сату | - | (1.441) | - | - | (1.441) |
Өтеу | (211) | (54) | - | - | (265) |
1-деңгейден және 2-деңгейден ауыстырулар | 726 | - | - | - | 726 |
Өзге де активтерге қайта сыныптау | - | - | - | - | - |
Сатуға арналған ретінде сыныпталған активтерге ауыстырулар | (6.550) | (16.359) | - | (39) | (22.948) |
2013 жылғы 31 желтоқсанға | 726 | - | - | - | 726 |
Миллион теңгемен | 2013 | ||||
Ағымдағы құн | Әділ құн | Мыналарды пайдалана отырып, әділ құнды бағалау | |||
Белсенді нарықтағы котировкалар (1-деңгей) | Белсенді нарықтағы котировкалар (1-деңгей) | Белсенді нарықтағы котировкалар (1-деңгей) | |||
Қаржылық активтер | |||||
Кредиттік мекемелердегі қаражат | 1.574.564 | 1.541.964 | 933.766 | 549.624 | 58.574 |
Қаржылық міндетемелер | |||||
Қарыздар | 3.974.366 | 4.019.557 | 2.945.574 | 742.846 | 331.137 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздары | 268.558 | 228.369 | – | 228.369 | - |
Жоғарыда көрсетілген қаржы құралдарының әділ құны иеленетін пайыздық ставкалар бойынша ақшалай қаражаттың күтілетін болашақтағы ағындарын дисконттау арқылы есептелген.
40. ҚАРЖЫЛАЙ ЖӘНЕ ШАРТТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
Сот талқылаулары
БТА Банк
2009 жылы Банк рейдерлік іс-қимылдарға ұшырады, оның нәтижесінде сот шешімі негізінде Банктен 30.418.143 фунт стерлинг мөлшерінде сома өндіріліп алынды, сондай-ақ осы шешімді орындау есебіне БТА Банкке тиесілі "БТА Банк" ЖАҚ (Қырғызстан) акциясына өндіріп алуға өтініш жасалды, ол "БТА Банк" ЖАҚ-қа (Қырғызстан) бақылауды жоғалтуға әкелді.
БТА Банктің осы акцияларды бақылау және меншіктену құқығын қайтару мақсатында сауда-саттықты жарамсыз деп тану туралы талап-арыз берілді, оны БТА Банктің пайдасына "БТА Банк" ЖАҚ-қа 71% қатысу үлесін қайта тіркеуге әкелуі қажет. 2012 жылғы 6 желтоқсанда сауда-саттықты жарамсыз деп тану туралы Бішкек ауданаралық сотының шешімі заңдық күшіне енді. Көрсетілген шешім осы шоғырландырылған қаржылық есептілікті шығаруға мақұлдау күні бар қамақтардың күшін жою бойынша сот талқылауларының ұзақ болуы салдарынан орындалмады (акциялар БТА Банкке тіркелмеді).
Түркия аумағындағы талап-арыздар
"БТА Банк" АҚ еншілес ұйымы "БТА секьюритис" АҚ-ға (бұдан әрі "БТА Секьюритис") тиесілі Sekerbank T.A.S-тың 101.726.214 акциясына Turkiye Vakiflar Bankasi T.A.O. талабы бойынша 2012 жылғы 7 ақпандағы Стамбул Коммерциялық сотының шешіміне сәйкес осы акцияларды үшінші тұлғаларға беруге тыйыс салынған алдын ала қамақ қойылды. БТА Секьюритис тиесілі акцияларға қамақты алып тастау туралы мәселе
2013 жылғы 13 мамырдағы, 2013 жылғы 11 қыркүйектегі және 2014 жылғы 5 ақпандағы сот отырыстарының шеңберінде қаралды. Істі қарау Стамбул қаласында 39 Коммерциялық сотта 2014 жылғы 2 маусымға белгіленді.
Қордың шоғырландырылған қаржылық есептілігін шығаруға мақұлдау күні сот ісінің жағымсыз қорытындысы болжамдалып отырған жоқ.
Rompetrol Rafinare S.A. (ҚМГ ҰК еншілес ұйымы)
2009 жылғы 31 желтоқсанда Топтың еншілес ұйымы ҚМГ ҰК-да Румынияның пайдасына Ромпетролдың ірі еншілес ұйымы – Rompetrol Rafinare S.A. шығарған айырбасталатын борыштық инструменттің 3.353 миллион теңге мөлшерінде өтелмеген сальдосы болды. Міндеттемелердің номинал құны 570,3 миллион еуроны құрайды. Инструменттің айналым мерзімі 7 (жеті) жылды құрады және 2010 жылғы 30 қыркүйекте мерзімі өтті. Бастапқы тану сәтінде міндеттемелер компонентінің әділ құны инструмент бойынша дисконтталған болашақ ақшалай шарттық төлемдер ретінде анықталды. Егер барлық борыштық инструмент 2010 жылғы 30 қыркүйекте Ромпетрол және/немесе Rompetrol Rafinare S.A. тарапынан кейінгі іс-қимылдарсыз Румынияның пайдасына жаңа акциялардың шығарылымымен төленсе, 2009 жылғы 31 желтоқсанда акцияларды иелену үлесіне сәйкес Топ Rompetrol Rafinare S.A. бақылауды жоғалтатын еді:
2010 жылдың бірінші жарты жылдығы ішінде ҚМГ ҰК Rompetrol Rafinare S.A.-дегі өз үлесін ұлғайту мақсатында, барлық акционерлерден үлестерді сатып алу бойынша ашық ұсынысты жүзеге асырды.
2010 жылғы тамызда Rompetrol Rafinare S.A. 329,4 миллион румын лей (акцияға жазылу күні 78 миллион еуроға баламалы) сомасына жаңа акцияларды шығару арқылы өзінің жарғылық капиталын ұлғайтты. Ромпетрол жаңа акциялар шығаруға жазылды және осылайша Rompetrol Rafinare S.A-дағы өз үлесін ұлғайта отырып, осы шығарылымға толығымен ақы төледі. 2010 жылғы тамыз ішінде акцияларды шығарудан алынған қаражатты пайдалана отырып, Rompetrol Rafinare S.A. Румыния пайдасына айырбасталатын борыштық инструмент бойынша 570,3 миллион еуро жалпы берешек сомасының 54 миллион еуросын (10.464 миллион теңгеге баламалы) өтеді. 2010 жылы қыркүйекте Rompetrol Rafinare S.A. 17 миллион еуро (3.315 миллион теңгеге баламалы) мөлшерінде соңғы купонды төледі, ол айырбасталатын борыштық инструмент бойынша борыштық компонент берешегінің нөлдік сальдосына әкелді.
2010 жылғы 30 қыркүйекте Rompetrol Rafinare S.A. акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы акцияға айырбасталатын борыштық инструменттің төленбеген бөлігін айырбастау, сондай-ақ айырбастау күні қолданылған айырбастау бағамы негізінде есептелген айырбасталатын борыш бойынша Румынияға тиесілі акциялардың нақты саны және жарғылық капиталының тиісті ұлғаюы, сондай-ақ 2010 жылғы 30 қыркүйекте қолданылған және айырбасталатын борыштық инструментті шығару күнгі – 2003 жылғы 30 қыркүйек айырбастау бағамдары арасындағы айырма ретінде есептелген эмиссиялық кіріс туралы шешімді бекітті. Нәтижесінде Румынияның бақылаусыз қатысу үлесі 44,6959%-ды құрады.
Осы операциялар нәтижесінде бөлінбеген пайда 113,467 миллион теңгеге азайды, ал бақыланбайтын қатысу үлесі 2010 жылы 103,003 миллион теңгеге ұлғайды.
2010 жылы Румыния Үкіметі атынан Румыния Қаржы министрлігі айырбасталатын борыштық инструментті ішінара ақшамен, ішінара акцияларды шығарумен өтеу туралы шешімге және жарғылық капиталды ұлғайту туралы Rompetrol Rafinare S.A. шешіміне қарсы сот талап-арызына бастамашылық жасады.
Констанца қ. трибуналы Румыния Үкіметінің өтінішін: (а) Румыния Үкіметінің мұндай актілер қабылданғанда акционердің мүмкіндігі жоқ екенін растай отырып, сот алдында тұру мүмкіндігі жоқ екенін ескере отырып, кейбір жою себептерінің нәтижесінде, (б) олар негізделмегенін ескере отырып, кейбір жою себептері нәтижесінде қабылдамады.
Бұдан басқа, 2010 жылғы 17 қарашада Румыния Қаржы министрлігі акция шығару инструментін ішінара өтеу туралы ҚМГ ҰК шешіміне Румыния өкіметінің келіспеушілігі нәтижесі ретінде 2.205.592.436 румын лейі (беру мақсаты үшін 516,3 миллион еуро, 2010 жылғы 31 желтоқсандағы бағам бойынша теңгемен - 100.797 миллион теңге) сомасына жарлық шығарды. Rompetrol Rafinare S.A. осы жарлықты жою туралы бұйымтаймен шағым берді. 2012 жылғы маусымда істі тыңдау тоқтатылды және 2013 жылғы 6 маусымға дейін бір жыл ішінде жаңартылуы мүмкін.
Сондай-ақ 2010 жылғы 10 қыркүйекте Румыния өкіметі атынан Румыния Қаржы министрлігі және ANAF еншілес ұйымдардағы Rompetrol Rafinare S.A. барлық қатысу үлестеріне мәжбүрлі тыйым салу туралы, сондай-ақ тауарлық-материалдық қорларды қоспағанда, Rompetrol Rafinare S.A. жылжыйтын және жылжымайтын мүлкіне тыйым салу туралы жарлық шығарды. Осы жарлық қолданыста және ҚМГ ҰК осы жарлықтың заңдылығына қарсы шығуға тырысуда. Осы шоғырландырылған қаржылық есептілікті шығарған күні мүлікке тыйым салу жүзеге асырылған жоқ, өйткені Румыния өкіметі өндіріп алу бойынша мәжбүрлі рәсімдерге бастамашылық жасаған жоқ.
Rompetrol Rafinare S.A. (ҚМГ ҰК еншілес ұйымы)(жалғасы)
ҚМГ ҰК басшылығы Румыния биліктерінің тыйым салу туралы жарлығын орындау жүзеге асырылмайды деп санайды.
2013 жылғы 15 ақпанда Rompetrol Rafinare S.A. және румыния мемлекетінің мүддесін білдіретін Мемлекеттік меншік және жекешелендіру агенттігі (бұдан әрі "ММЖА") өзара түсіністік туралы меморандумға (бұдан әрі "Меморандум") қол қойды, онда тараптар айырбасталатын борыштық инструменттер мәселесі бойынша талқылауларды тоқтату туралы уағдаласты.
2014 жылғы 22 қаңтарда меморандум Үкіметтің №35/2014 шешімімен бекітілді, нәтижесінде Румыния Қаржы министрлігі талап-арыздарды қайтарып алу және барлық талқылауларды тоқтату үшін қажетті барлық рәсімдерді жүргізуді белгіледі. Меморандум мынадай негізгі тармақтарды қамтиды:
* ММЖА сатады, ал Rompetrol Rafinare S.A. 200 миллион АҚШ доллары мөлшерінде ақшалай сыйақыға ММЖА тиесілі 26,6959% мөлшерінде Rompetrol Rafinare S.A. акцияларын сатып алады;
* Ромпетрол 7 (жеті) жыл ішінде оның негізгі қызметімен байланысты энергетикалық жобаларға 1 миллиард АҚШ долларына дейін инвестициялау мүмкіндігін қарайды;
* Румыния Қаржы министрлігі айырбасталатын борыштық инструменттерге қатысты Rompetrol Rafinare S.A. акционерлерінің жалпы жиналысының шешіміне қатысты барлық талап-арызды қайтарып алуға және Rompetrol Rafinare S.A. барлық қатысу үлесіне мәжбүрлі тыйым салу туралы жарлықты жоюға міндеттенеді.
2014 жылғы 24 наурызда өткен отырыс нәтижесінде сот талқылауы Румыния Қаржы министрлігі барлық жоғарыда санамаланған талап-арыздаржы қайтарып алғаннан кейін тоқтатылды.
Экологиялық міндеттемелер
Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнама даму үдерісінде, сондықтан да тұрақты өзгерістерге ұшырады. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін айыппұлдар өте қатаң болуы мүмкін. Заңнамада қолданылып жүрген ережелер, азаматтық талаптар немесе өзгерістерді өте қатаң түсіндіру нәтижесінде туындауы мүмкін әлеуетті міндеттемелер дұрыс бағаланбауы мүмкін. Резервтер қалыптастырылған сомадан басқа (22-ескертпе), басшылық Топтың шоғырландырылған бухгалтерлік теңгеріміне, жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есебі мен ақша қаражатының қозғалысы туралы шоғырландырылған есебіне біршама елеулі әсер етуі мүмкін ықтимал не мүмкін экологиялық міндеттемелер жоқ деп санайды.
"Өзенмұнайгаз" АҚ 2011-2012 экологиялық тексеру (ҚМГ БӨ)
2013 жылғы 25 қаңтарда "Өзенмұнайгаз" АҚ-ға (бұдан әрі "ӨМГ") экологиялық зияны үшін мемлекеттік бюджетке 59.345 миллион теңге мөлшерінде айыппұл төлеу туралы Маңғыстау облысы Экология департаментінен хабарлама түсті. Жалпы шығын сомасы 2011 жылғы тамыздан бастап 2012 жылғы 12 қараша аралығындағы кезеңге тексеру қорытындылары бойынша белгіленді. ӨМГ жоғарыда көрсетілген хабарламамен келіспеді және Маңғыстау облыстық Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа актіні заңсыз және есептерді дұрыс емес деп тану туралы өтінішпен жүгінді. 2013 жылы 7 наурызда Маңғыстау облысы Экология департаменті де сол сотқа шығынды мәжбүрлі түрде өндіріп алу туралы талап-арыз берді.
2013 жылғы 22 мамырда сот ӨМГ кассациялық шағымын толықтай қанағаттандырды және мәжбүрлі түрде айыппұл төлеу туралы Маңғыстау облысы Экология департаментінің талап-арызын қабылдамады. 2013 жылғы 6 маусымда Маңғыстау облысы Экология департаменті Маңғыстау облыстық сотының Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі аппеляциялық сот алқасына аппеляция берді. 2013 жылғы 9 шілдеде осы аппеляцияны Аппеляциялық сот алқасы қабылдамай тастады. 2013 жылғы 23 желтоқсанда Маңғыстау облысы Экология департаменті Маңғыстау облыстық сотының кассациялық сот алқасына шағым берді. 2014 жылғы 12 ақпанда осы шағымды Маңғыстау облыстық сотының кассациялық сот алқасы қабылдамады. ҚМГ БӨ Маңғыстау облысы Экология департаменті Қазақстан Республикасы Жоғары сотына келесі аппеляцияны береді деп күтуде.
"Өзенмұнайгаз" АҚ 2011-2012 экологиялық тексеру (ҚМГ БӨ) (жалғасы)
ҚМГ ҰК басшылығы ӨМГ-ның осы мәселе бойынша жақсы айғақтары бар деп санайды, өйткені инспекциялық процесс рәсімдеріне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып, тексеру жүргізілді және Маңғыстау облысы бойынша Экология департаментінде Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу және экологиялық кодекс талаптарына сәйкес қоршаған ортаға зиянды растайтын сенімді дәлелдер жоқ.
ҚМГ ҰК ӨМГ тексеру нәтижелерін ойдағыдай шағымдануды және қоршаған ортаға келтірілген шығынды төлеу туралы талап жалғастырады деп санайды және соның салдарынан осы мәселе бойынша резервтер есептеу 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жүргізілген жоқ.
"Өзенмұнайгаз" АҚ 2012-2013 экологиялық тексеру (ҚМГ БӨ)
2014 жылғы 24 қаңтарда ӨМГ экологиялық шығынға 213 миллиард теңге мөлшерінде айыппұл төлеу туралы Маңғыстау облысы бойынша Экология департаментінен хабарлама алды. Жиынтық сома тексеру қорытындылары бойынша анықталды, ол 2012-2013 жылдар аралығындағы кезеңді қамтыды.
2014 жылғы 7 ақпанда ӨМГ осы айыппұлдың күшін жоюға сот тәртібінде шағым берді және Ақтау қаласы Мамандандырылған әкімшілік сотының 2014 жылғы 21 ақпандағы ұйғарымымен шағым ӨМГ пайдасына толық көлемде қанағаттандырылды. Осы соттың ұйғарымы апелляциялық және кассациялық тәртіппен шағымдануға жатпайды, бірақ прокурор наразылық білдіруі мүмкін.
Бұдан басқа, 2014 жылғы 14 ақпанда Маңғыстау облысы бойынша Экология департаменті 327.900 миллион теңге сомасында қоршаған ортаға келтірген зиянын өтеу бойынша ӨМГ талап-арыз берді. Бұдан бұрын берілген және сот органдары заңсыз деп таныған 59.345 миллион теңге мөлшеріндегі шығын сомасы сол бұзушылықтарға байланысты болды.
ӨМГ осы талап-арызға шағымдану бойынша тиісті іс-қимылдар қабылдады. Маңғыстау облысы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2014 жылғы 6 наурыздағы шешімімен жоғарыда көрсетілген акті заңсыз деп танылды.
Осы күнге дейінгі шағымданудың оң нәтижелерін ескере отырып, ҚМГ ҰК басшылығы өз позициясын басқа сот инстанцияларда ойдағыдай қорғай алады деп санайды. Тиісінше Топ 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілікте осы мәселелер бойынша резервтер есептеуді жүргізбеді.
"Ембімұнайгаз" АҚ экологиялық тексеру (ҚМГ БӨ)
2013 жылғы шілдеде Атырау облысы бойынша Экология департаменті "Ембімұнайгаз" АҚ (бұдан әрі "ЕМГ") өндірістік қызметі экологиялық талаптарға, оның ішінде ілеспе газды кәдеге жарату жөніндегі талаптарға сәйкес келетіндігін анықтау үшін тексеру жүргізді. Атырау облысы бойынша Экология департаменті ЕМГ үш кен орнында газды кәдеге жарату бекітілген технологиялық әзірленім жоспарларына сәйкес келмейтінін белгіледі.
2013 жылғы 24 қыркүйекте Атырау облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты экологиялық талаптарды бұзушылықты жойғанға дейін және мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алғанға дейін осы үш кен орнын өнеркәсіптік игеруді тоқтата тұруды шешті. 2013 жылғы 21 қазанда ЕМГ осы шешімді жою туралы апелляциялық шағыммен Атырау облыстық сотына жүгінді. 2013 жылғы 21 қарашада ЕМГ Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінен және 2013 жылғы 10 желтоқсанда Атырау облысы Экология департаментінен мемлекеттік экологиялық тексерудің оң қорытындысын алды. Нәтижесінде осы іс бойынша сот талқылауы тоқтатылды.
"Ембімұнайгаз" АҚ, факелдердегі газды жағу (ҚМГ БӨ)
2014 жылғы 23 қаңтарда ЕМГ экологиялық заңнаманы бұзудан туындаған экологиялық шығынға, оның ішінде факельдердегі ілеспе газды жаққаны үшін 37.150 миллион теңге мөлшерінде айыппұл төлеу туралы Атырау облысы Экология департаментінен хабарлама алды. Қорытынды сома 2008-2013 жылдар аралығындағы кезеңді қамтыған тексеру қорытындылары бойынша анықталды.
ЕМН және ҚМГ ҰК жоғарыда көрсетілген ұйғарыммен келіспейді және бүгінгі таңда Атырау облысы Экология департаменті тарапынан осы хабарламаға шағымдану жөнінде тиісті іс-шараларды қабылдауда. ҚМГ ҰК басшылығы қоршаған ортаға келтірілген шығынды төлеу туралы талап ойдағыдай шағым береді деп санайды, оның салдарынан осы мәселе бойынша резервтер есептеу 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жүргізілген жоқ.
Қашағанды экологиялық тексеру (ҚМГ Қашаған Б.В.)
Солтүстік Каспий жобасының операторы NCOC компаниясы мен оның агенті - Аджип ККО компаниясына қатысты 2013 жылғы 12 қыркүйектен бастап 2014 жылғы 7 ақпанды қоса алғандағы кезеңге Атырау облысы Экология департаменті экологиялық заңнаманы сақтау мәселесі бойынша тексеру жүргізді. Ексеру қорытындылары бойынша экологиялық заңнаманың бұзылуы туралы актілер мен хаттамалар, сондай-ақ жалпы сомасы 134.300 миллион теңгеге (Топтың үлесі 22.700 миллион теңгені құрайды) атмосфераның ластаушы заттардың төгінділерімен ластануынан шығынды экологиялық бағалауды өтеу туралы ұйғарым шығарылды.
Солтүстік Каспий жобасы операторының және Аджип ККО басшылығы актілерде жазылған тексеруші органның қорытындыларымен келіспейді және барлық тиісті инстанцияларда толық көлемде ұсынылған сомаға дауласуға ниетті, өйтені газ жағу және қоршаған ортаға эмиссиялар мемлекеттік органдардың рұқсаттары шеңберінде және талабында жүргізілді. ҚМГ ҰК басшылығы Солтүстік Каспий жобасы операторының және Аджип ККО позициясын қолдайды және осы мәселе бойынша тәуекелді ықтимал ретінде бағалайды, осының салдарынан осы мәселе бойынша резервтерді есептеу 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жүргізілген жоқ.
"Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС экологиялық тексеру
2014 жылғы 5 наурызда Атырау облысы Экология департаменті 23.700 миллион теңге сомаға қоршаған ортаның шығынын өтеу туралы "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС (бұдан әрі "АМӨЗ") қатысты ұйғарым шығарды. Атырау облысы бойынша Экология департаменті мен облыстық прокуратура АМӨЗ-ге бірлесіп тексеру жүргізді, оның барысында реттеуші органдардың рұқсатынсыз жағу фактісі анықталды. Тексеру қорытындылары бойынша АМӨЗ-ді 693.753 ктекше метр шикі газды рұқсатсыз жағу нәтижесінде келтірілген экологиялық шығынға айыппұл төлеуге міндеттеді.
ҚМГ ҰК басшылығы Экология департаменті сәйкес келмейтін деректерді пайдалану нәтижесінде талап қойды деп санайды. ҚМГ ҰК тәуелсіз сараптама жүргізу үшін жергілікті және шетелдік сарапшыларды тарту үдерісінде. ҚМГ ҰК басшылығы ұйғарымға шағым сәтті болады деп санайды және осы мәселеге байланысты тәуекелді ықтимал ретінде бағалайды, осының салдарынан осы мәселе бойынша резервтерді есептеу 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жүргізілген жоқ.
Тауарларға арналған бағаларды өзгерту тәуекелі
Топтың кірістерінің біршама бөлігі тауарларды, негізінен, шикі мұнай мен мұнай өнімдерін сатудан жинақталады. Тарихи тұрғыдан алғанда, осы өнімге бағалар тұрақты болып көрген емес және ұсыныс пен сұраныстың өзгеруіне, нарықтық белгісіздіктерге, әлемдік және өңірлік экономиканың қызметіне және индустриядағы циклдылыққа байланысты біршама өзгеріп отырды.
Бағалар, сондай-ақ тарифтерді және импорттық баждарды енгізуді, биржалық алыпсатарлықты, негізгі нарықтарға Топтың өнімдерімен жабдықтау мүмкіндігімен немесе асыра қамтамасыз етуге байланысты да әсеріне бейім болады. Осы сыртқы факторлар және нарықтардағы өзгерістер болашақ бағаларды бағалауды қиындатады.
Тауарларға бағалардың біршама немесе созылмалы төмендеуі Топтың қызметіне, қаржылық нәтижелерге және операциялардан ақша ағындарына елеулі түрде немесе теріс әсер етуі мүмкін. Топ тауарларға бағалардың өзгеру тәуекеліне өзінің бейімділігін біршама хеджирлемейді.
Салық салу
Қазақстандық салық заңнамасы және нормативтік-құқықтық актілер тұрақты өзгерістер мен әртүрлі түсіндірулердің мәні болып табылады. Жергілікті, өңірлік және республикалық салық органдары арасында пікір сәйкессіздігі жиі болады. Қазақстанда қолданылатын заңдар негізінде анықталған құқық бұзушылықтар үшін қолданылатын айыппұлдар мен өсімақылар жүйесі біршама қатал. Айыппұл санкциялары, әдетте, қосымша есептелген салық сомасының 50%-ы мөлшеріндегі айыппұлды және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру ставкасы бойынша есептелген 2,5-ке көбейтілген өсімақыны қамтиды. Нәтижесінде айыппұл санкциясы мен өсімақының сомасы қосымша есептеуге жататын салықтың сомасынан бірнеше есе асады. Қаржы кезеңдері тексеру жүргізілетін жыл алдындағы 5 (бес) күнтізбелік жыл ішінде салық органдары тексеру үшін ашық болып қалады. Белгілі бір жағдайларда тексеру неғұрлым ұзақ мерзімді қамтуы мүмкін. Жоғарыда айтылғандардың нәтижесінде, егер мұндай жағдай болса, салықтардың, айыппұл санкцияларының және өсімақының түпкілікті сомасы осы уақытта шығыстарға жатқызылған және 2013 жылғы 31 желтоқсанда есептелген сомадан асуы мүмкін.
Басшылық 2013 жылғы 31 желтоқсанда қолданылатын заңнаманы түсіндіру сәйкес болады және резервтер осы шоғырландырылған қаржылық есептілікте есептелген жағдайлардан басқа, Топтың салық жөніндегі ұстанымы расталатын ықтималдық бар деп санайды (22-ескертпе).
"БТА Банк" АҚ-да орналастырылған активтерге қатысты провизиялар
2010 жылдың қыркүйегінде Астана қаласы бойынша Салық комитеті Қордың 2009 жылғы қызметіне кешенді салықтық тексеруді жүзеге асырды. Салықтық тексеру барысында салық органдары 2009 жыл ішіндегі корпоративтік табыс салығын есептеу мақсаты үшін провизияларды шегерудің заңдылығы туралы мәселе көтерді. Қор салықтық тексеру қорытындыларымен шоғырландырылған қаржылық есептілікті шығару күнгі шағым Қазақстан Республиксы Қаржы министрлігінің Салық комитетіне жіберілді.
Үкіметтің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2275 қаулысымен "Негізгі қызмет түрі қарыз операцияларын жүзеге асыру немесе талап құқықтарын сатып алу болып табылатын және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз проценті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, өзара байланысты тұлғалардың пайдасына не өзара байланысты тұлғалардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген активтер мен шартты міндеттемелерді (кредиттік серіктестіктердің активтері мен шартты міндеттемелерінен басқа) қоспағанда, күмәнді және үмітсіз активтерге, шартты міндеттемелерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар заңды тұлғалардың тізбесін, оны қалыптастыру ережесін және активтер мен шартты міндеттемелерді күмәнді және үмітсіз санатқа жатқызу қағидасы" (бұдан әрі мәтін бойынша "Қағида") бекітілді.
Қағидаларға сәйкес, Қор корпоративтік табыс салығын есептеу мақсаты үшін "БТА Банк" АҚ-да орналастырылған 177.352 миллион теңге сомасындағы активтерге қатысты провизиялар (бұдан әрі – "провизиялар") жасады және шегерімге жатқызды.
Қордың басшылығы 2013 жылғы 31 желтоқсанда оны түсіндіру қолданылатын заңнаманы (Қағидаларды қоса алғанда) сәйкес келеді және Қордың осы провизияларды шегерімге жатқызуға қатысты ұстанымы расталған деп санайды. Тиісінше, Қор осы шоғырландырылған қаржылық есептілікте салық органдары тарапынан қоса есептеу мүмкіндігімен байланысты қандай да бір провизиялар танылған жоқ.
"БТА Банк" АҚ салық міндеттемелеріне қатысты провизиялар
2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Банкте проблемалық қарыздардың біршама көлемі бар, ол бойынша құнсызданудан провизиялар толық немесе ішінара құрылды. Қолданыстағы ҚР Салық кодексіне сәйкес борышкерге талап мөлшерінің кемуі Банк үшін мынадай ықтимал салық салдарларына әкеп соқтыруы мүмкін:
* ҚР Салық кодексінде көзделген жағдайлардан басқа, Банк бұрын шегерімге жатқызған құрылған провизиялардың (резервтердің) мөлшерін азайтудан корпоративтік табыс салығының мақсатына кіріс;
* ҚР бейрезидент қарыз алушылары бойынша 20% ставка бойынша төлем көзінен корпоративтік немесе жеке табыс салығы бойынша міндеттеме;
Банк көрсетілген проблемалық қарыздар бойынша борышты кешіру нәтижесінде пайда болуы мүмкін ықтимал салық міндеттемелерінің сомасын сенімді анықтай алмайды. Осының салдарынан Банкте осы ықтимал салық міндеттемелері бойынша провизиялар құрылмады.
Трансферттік баға белгілеу бойынша балқылау
Қазақстанда трансферттік баға белгілеу бойынша бақылау кең спектрге ие және байланысты мәмілелер тарапы болып табыла ма немесе жоқ па екеніне қарамастан, халықаралық мәмілелермен тікелей немесе жанама байланысты көптеген операцияларда қолданылады. Трансфертті баға түзу туралы заң операцияларға қолданылатын барлық салықтар үшін қол ұшын беру қағидаты бойынша белгіленген нарықтық бағалар негізінде есептелуін талап етеді,
Қазақстанда трансфертті баға белгілеу туралы жаңа заң 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді. Жаңа заң анық көрсетілмеген болып табылмайды және оның ережелерінің кейбіреуі аз қолданады. Оның үстіне, заң әзірлеу сатысында тұрған егжей-тегжейлі нұсқаулықтарды ұсынбайды. Нәтижесінде, операциялардың әр алуан түрлеріне трансфертті баға белгілеу туралы заңды қолдану нақты көрсетілген болып табылмайды.
Трансфертті баға белгілеу туралы Қазақстан заңына байланысты екіұштылықтан салық органдарының ұстанымы Топтың ұстанымынан ерекшеленуі мүмкін деген тәуекел бар, бұл 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша салықтар, айыппұлдар мен өсімақылардың қосымша сомаларын есептеуге әкелуі мүмкін.
Басшылық 2013 жылғы 31 желтоқсанда трансфертті баға белгілеу бойынша қолданылатын заңнамада оны түсіндіру сәйкес келеді және Топтың трансфертті баға белгілеу жөніндегі ұстанымы расталады деген ықтималдық бар деп санайды.
Грузиядағы кәсіпорындардың салықтық міндеттемелері (КТО)
Грузияның салық кодексіне (ГСК) сәйкес Грузияның салық органдарының, егер мәміле байланысты тараптар арасында жүзеге асырылатын болған жағдайда, салық салу мақсаты үшін нарықтық бағаларды пайдалану туралы шешім қабылдауға құқығы бар. Әйтсе де, ГСК-де тауарлар мен қызметтердің нарықтық бағаларын анықтау жөніндегі белгілі бір нұсқаулық бар, кемшілікті анықтау тетігінің өзі әзірленген және Грузияда трансферттік баға белгілеу бойынша жекелеген заңнама жоқ. Осыған түсініксіздіктің болуы ұстаным бөлігінде тұрлаусыздық жасайды, олар байланысты талаптар арасында мәмілелердің салық салуын қарау кезінде салық органдарында орын алуы мүмкін.
ҚМГ ҰК Грузин еншілес ұйымдары ҚМГ ҰК шетелдік еншілес ұйымдарымен, сондай-ақ өзара біршама мәмілелер жасасқан. Бұл мәмілелер байланысты тараптар арасында мәмілелердің анықтамасы болады және Грузия салық органдары келіспеуі мүмкін.
ҚМГ ҰК басшылығы онда ҚМГ ҰК ұйымдары арасында жасалатын мәмілелердегі баға белгілеу нарықтық жағдайларда жүзеге асырылатыны туралы негіздеме үшін біршама дәлелдер бар деп санайды. Алайда нарықтық бағаларды анықтау бойынша заңнамалық базаның болмауы салдарынан Грузияның салық органдары осы мәселеде ҚМГ ҰК алған ұстанымнан ерекшеленетін ұстанымды алуы мүмкін.
ҚТЖ ҰК салықтық тексеру
2012 және 2011 жылдар ішінде ҚТЖ ҰК-де 2007 жылдан 2010 жылды қоса алғандағы кезеңге кешенді салық тексеруі өткізілді. Осы тексеру қорытындылары бойынша салық органдары 13,289 миллион теңге сомаға айыппұлдар мен өсімақыны қосып есептеуге салықтарды анықтады. ҚТЖ ҰК осы қосып есептеулерді заңсыз деп санайды және оларды сотта дауласуға ниетті. ҚТЖ ҰК 757 миллион теңге мөлшерінде салықтар бойынша резервтерді таныды, ол болашақтағы төлемдер үшін қажетті соманы ҚТЖ ҰК үздік бағалауын білдіреді.
Жер қойнауын пайдалануға лицензиялар мен келісімшарттар бойынша міндеттемелер
2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Топтың Үкіметпен жасалған өнімді бөлу туралы лицензиялары, келісімдерінің және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың талаптарына сәйкес ең аз жұмыстар бағдарламасын орындауға қатысты тмынадай міндеттемелері бар (миллион теңгемен):
Жыл | Күрделі қаражат | Операциялық шығыстар |
2014 | 201.491 | 52.428 |
2015 | 86.214 | 42.902 |
2016 | 73.332 | 45.033 |
2017 | 19.654 | 43.032 |
2018-2024 | 37.815 | 254.010 |
Жиыны | 418.506 | 437.405 |
Ішкі нарыққа арналған жеткізілімдер бойынша міндеттемелер
Қазақстан Республикасының Үкіметі шикі мұнайды өндірумен және мұнай өнімдерін сатумен айналысатын компаниялардан жыл сайынғы негізде ішкі нарықтың энергетикалық мұқтаждығын қанағаттандыру үшін, негізінен, ішкі нарықта мұнай өнімдерін жеткізу теңгерімін қолдау үшін және көктемгі егіс және күзгі жинау науқаны барысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді қолдау үшін өнімнің бір бөлігін жеткізуді талап етеді. Жергілікті нарықтағы мұнайдың бағасы экспорттық бағалардан, тіпті тәуелсіз тараптар арасындағы мәмілелерде белгіленетін ішкі нарықтағы қарапайым бағадан да айтарлықтай төмен. Егер Үкімет қазіргі уақытта ҚМГ ҰК жеткізетін көлемнен асатын шикі мұнайдың қосымша көлемін жеткізуге міндеттеген жағдайда, мұндай жеткізілімдер нарықтық бағалар бойынша жеткізілімдерден басым болады және шикі мұнайды сатудан түсетін түсімнен әлде қайда аз түсімді өндіретін болады, бұл өз кезегінде ҚМГ ҰК қызметіне, перспективасына, қаржылық жағдайына және қызмет нәтижелеріне теріс әсер етуі мүмкін.
2013 жылы Топ өзінің міндеттемелеріне сәйкес ішкі нарыққа 2.898.025 тонна шикі мұнай жеткізді (2012: 2.936.917 тонна).
Инвестициялық сипаттағы міндеттемелер
ҚТЖ ҰК
2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ҚТЖ ҰК-нің жалпы сомасы 567.979 миллион теңге (2012: 748.373 миллион теңге) болатын "Жезқазган - Бейнеу" және "Арқалық - Шұбаркөл" темір жол желілерінің құрылысы, Астана қаласында көп функционалды мұз айдын сарайын, байланыстың бастапқы магистралды көліктік желісін салу, жүк және жолаушылар вагондарын, магистральдық тепловоздар сатып алу бойынша шартты міндеттемелері бар. Осы сома 215.934 миллион теңге (2012: 255.040 миллион теңге) сомаға "Электровоз құрастыру зауыты" ЖШС бірлескен кәсіпорнынан 2020 жылдың 31 желтоқсанға дейін жеткізілетін жолаушылар электровоздарын, 82.174 миллион теңге сомаға "Локомотив құрастыру зауыты" ЖШС бірлескен кәсіпорнынан локомотивтер сатып алу міндеттемелерін, сондай-ақ 21.139 миллион теңге (2012: 41.034 миллион теңге) сомаға "Тұлпар-Тальго" ЖШС бірлескен кәсіпорнынан 2014 жылғы
31 желтоқсанға дейін жеткізілетін жолаушылар вагондарын сатып алуға арналған міндеттемелерді қамтиды.
ҚТЖ ҰК
2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ҚМГ ҰК-де жалпы сомасы 641 миллиард теңге (2012: 540 миллиард теңге) болатын негізгі құралдарды сатып алу және салу бойынша шарттық міндеттемелер болды.
KEGOC
2013 жылғы 31 желтоқсандағы KEGOC 68.612 миллион теңге (2012: 31.678 миллион теңге) сомасында кіші станциялар мен электр беру желілерін салуға және электр желісін жаңғыртуға байланысты жобалар бойынша инвестициялық міндеттемелері болды.
Эйр-Астана
2008 жыл ішінде Эйр-Астана Airbus компаниясымен 6 (алты) Airbus тар фюзельді әуе кемелерін сатып алуға келісімге қол қойды. Эйр Астана келісілген төлем кестесіне сәйкес алдын ала төлемді төлейді. Төлемдер 2008 жылы басталды және соңғы төлем 2013 жылы төленді. 2012 жылы және 2013 жылы Эйр Астана тиісінше 3 (үш) Airbus әуе кемесін және қалған 3 (үш) әуе кемесін жеткізуге тіркелген пайыздық ставкамен қаржылық жалдау шарттарын жасады. Осы жалдау 12 (он екі) жыл өтеу мерзімімен АҚШ долларында көрсетілген. Қаржы институттары лизинг берушіге берген қарыздар Еуропа Экспорт-Кредит агенттіктерінің кепілдігінде.
2011 жыл ішінде, Эйр Астана Embraer компаниясымен 2 (екі) Embraer-190 тар фюзельді әуе кемесін сатып алуға келісімге қол қойды. Эйр-Астана 12 (он екі) жыл өтеу мерзімімен тіркелген пайыздық ставкасы бар АҚШ долларымен берілген 2012 жылғы қарашада бірінші әуе кемесін және 2013 жылғы желтоқсанда екінші әуе кемесін жеткізе отырып орындалған келісілген төлем кестесіне сәйкес 2011 жылдан бастап алдын ала төлем төлейді.
2012 жыл ішінде Эйр-Астана Boeing компаниясымен 3 (үш) Boeing-767 және 3 (үш) Boeing-787 әуе кемесін сатып алуға келісімге қол қойды. Эйр Астана келісілген төлем кестесіне сәйкес алдын ала төлемді төлейді. Boeing-767 қатысты 50% алдын ала төлемді меншік қаражаттан төлейді және 50% қарыз есебінен қаржыландырылады. Алғашқы екі Boeing-767 қатысты қарыз қаражатын Эйр-Астана 2013 жылы әрбір әуе кемесін жеткізуге төледі. Boeing-767 қатысты соңғы алдын ала төлем 2013 жылы төленді. Екі Boeing-767 2013 жылы қыркүйек және қазан айларында жетізілді, үшінші кеме 2014 жылдың ортасында күтілуде. Boeing-787 жеткізу 2018 жылы соңғы күтілетін алдын ала төлеммен 2017 және 2019 жылдары күтілуде.
2013 жылы маусымда Эйр Астана US Export-Import Bank кепілдігімен 3 (үш) Boeing-767 әуе кемесін сатып алуды қаржыландыруға АҚШ қаржы корпорациясымен алдын ала келісімге қол қойды. Осы инструмент тиісінше 2013 жылы қыркүйек және қазан айларында Boeing-767 жеткізуді қаржыландыруға пайдаланылды, сонымен қатар үшінші әуе кемесін жеткізу 2014 жылдың ортасында күтілуде.
Эйр-Астананың жоғарыда көрсетілген жеткізушілермен келісімдерінің талаптары сатып алу құнын ашу мүмкіндігін болдырмайды.
"Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" АҚ (бұдан әрі "Жылжымайтын мүлік қоры")
2013 жылғы 31 желтоқсанда Жылжымайтын мүлік қорында құрылыс компанияларымен шарттар бойынша 25.243 миллион теңге (2012: 16.013 миллион теңге) сомаға шарттық міндеттемелері болды.
"Жасыл орам" жобасы
"Жасыл орам" жобасын (бұдан әрі "Жоба") іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасын сәйкес Жылжымайтын мүлік қоры 2013 жылғы желтоқсанда "BI Corporation" компаниясымен Жобаны бірлесіп іске асыру туралы шарт жасасты. Жасалған шартқа сәйкес Жылжымайтын мүлік қоры жалпы сомасы 44 миллиард теңге болатын Жобаны қаржыландырады, оның ішінде Жылжымайтын мүлік қорының меншік қаражаты 15 миллиард теңгені құрайды (қалған сома Негізгі компаниядан алынған қарыз қаражатының есебінен қаржыландырылатын болады).
Жобаны іске асыру үшін Жылжымайтын мүлік қоры Жобаны іске асыруды жүзеге асыратын "EXPO Village" ЖШС (бұдан әрі "Жобалау компаниясы") банктердің қаржыландыруына жылдық 3,5%-бен 18 (он сегіз) жыл кезеңге екінші деңгейдегі банктерге мақсатты салымға 44 миллиард теңге сомасында ақша қаражатын орналастырады.
Жобаны бірлесіп іске асыру туралы шартқа толықтыруға "СК Девелопмент" ЖШС және "BI Corporation" ЖШС арасында сатып алу-сату шартына қол қойылды, ол бойынша Жылжымайтын мүлік қорының мына екі дата: 2017 жылғы 1 сәуірден немесе Жоба шеңберінде объектіні пайдалануға енгізу күнінен аспайтын мерзімге дейін меншік құқығына өту мерзімін ұзарта отырып, 100 теңгеге "BI Corporation" еншілес ұйымы "EXPO Village" ЖШС-ға 49,9 % қатысу үлесін сатып алу ниеті бар және жылжымайтын объектіні өткізуден таза пайда бөліміне қатысатын болады.
Осы шарттар Жылжымайтын мүлік қорында "EXPO Village" ЖШС-ға қатысу үлесін сатып алу құқығының пайда болуына әкеледі, ол 39 ҚЕХС (IAS) сәйкес туынды қаржы инструменті болып табылады және оның әділ құны Жылжымайтын мүлік қорының шоғырландырылған қаржылық есептілігінде танылуы қажет.
Жылжымайтын мүлік қоры басшылығының пікірі бойынша есепті күні осы Жобаны іске асыруға байланысты біршама белгісіздік бар, ол жоғары сенімділік үлесімен осы қаржы инструментінің әділ құнын бағалауға мүмкіндік бермейді, өйткені Жылжымайтын мүлік қоры әлі қаржыландыру алған жоқ және Жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы бекітпеді. Тиісінше қатысу үлесін сатып алуға осы құқық Топтың осы шоғырландырылған қаржылық есептілігінде ҚЕХС сәйкес активтерді тану критерийлерін қанағанттандырмайтын ретінде танылған жоқ.
"Интергаз Орталық Азия" АҚ (бұдан әрі ҚМГ ҰК еншілес ұйымы "ИОА")
Қазақстан Республикасының Үкіметімен Концессия шартының талаптары бойынша ИОА берілген газ көлік активтерін жақсарту мен жөндеуге және жаңа газ көлік активтеріне инвестицияларға 30 миллион АҚШ долларын (4.608 миллион теңге) жыл сайын инвестициялау міндеттемесі болды. 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ИОА шамамен 72.701 миллион теңге (2012: 52.330 миллион теңге) сомаға осы инвестициялық міндеттемеге қатысты келісімшарттық міндеттемесі болды.
Қырғыз айналымы (ИОА)
Топ тарифтерді өтеуді қамтитын белгілі бір шарттарды сақтау кезінде шамамен 90-100 миллион АҚШ доллары мөлшерінде Концессия шартында анықталған құн бойынша Қырғыз айналымын әзірлеуге және құуға міндетті. Осы актив Концессия шартының мерзімі аяқталғанда не аяқталғаннн кейін 20 (жиырма) жылдан кейін, қайсысы кеш болатынына қарай Қазақстан Республикасының меншігіне берілетін болады. Осы айналымның құрылысы әлі басталған жоқ.
Басшылық осы мәселе бойынша Топ міндеттемелерін орындау үшін барлық қажетті қадамдаржы қабылдады, сондай-ақ Қырғызстан Республикасына тиесілі газ құбырыс учаскесін басқаруға қабылдау туралы мәселені қарайды деп санайды. Алайда, Концессия шартының талаптары бойынша Қырғыз айналымын салудың негізгі шарты болып табылатын жаңа ішкі тарифтер 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша әлі жарияланған жоқ.
Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын Топтың инвестициялық міндеттемелерді орындауын қоса ағланда Концессия шарты бойынша өз міндеттемелерін Топтың орындауын тексеруді жүзеге асырады. 2013 жылғы Концессия шарты бойынша міндеттемелердің орындалуын тексеру 2014 жылы жүргізілетін болады. Басшылық Топ 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша инвестициялық міндеттемелер бойынша талаптарды орындауды деп санайды.
Самұрық-Энерго
Бірлескен кәсіпорындардың күрделі сипаттағы міндеттемелері
2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша бірлескен кәсіпорындардың күрделі міндеттемелеріндегі Топтың үлесі 105.830 миллион теңгені (2012: 57.501 миллион теңге) құрады. Жамбыл МАЭС-тің 2013 жылғы 31 желтоқсанға біршама күрделі сипаттағы міндеттемелері жоқ.
Бірлескен кәсіпорындардың инвестициялық міндеттемелері
2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Екібастұз МАЭС-1 және Екібастұз МАЭС-2 инвестициялық міндеттемелеріндегі Топтың үлесі 42.377 миллион теңгені (2012: 57.501 миллион теңге) құрайды. Жамбыл МАЭС-тің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша біршама күрделі сипаттағы міндеттемелері жоқ.
Өзге де келісімшарттық міндеттемелер
2013 жылғы 31 желтоқсанға негізгі құралдарды сатып алу бойынша Топтың өзге де келісімшарттық міндеттемелері шамамен 81.552 миллион теңгені (2012: 36.426 миллион теңге) құрады.
Операциялық жалдау бойынша міндеттемелер
Операциялық жалдау бойынша міндеттемелер, негізінен, 5 (бес) жылдан 10 (он) жылға дейінгі жалдау мерзімімен ұшақтарды жалдауға байланысты. Операциялық жалдаудың барлық шарттары, егер Эйр Астана оларды ұзарту мүмкіндігін пайдаланған жағдайда, нарықтық бағаларды жаңарту жөніндегі бөлімдерді қамтиды. Эйр Астана жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін жалданған активтерді сатып алу мүмкіндігіне ие бола алмайды.
31 желтоқсанға операциялық жалдау бойынша міндеттемелер былайша берілген:
Миллион теңгемен | 2013 | 2012 |
Бір жыл ішінде | 17.505 | 18.427 |
Бір жылдан бес жылға дейін | 53.995 | 41.136 |
Бес жылдан жоғары | 4.406 | 15.135 |
Жиыны | 75.906 | 74.698 |
Операциялық жалдау бойынша міндетті төлемдер тіркелген жалдау төлемдерін, сондай-ақ ұшу сағаттарына байланысты түрлендірілетін техникалық қызмет көрсету бойынша төлемдердің белгілі бір бөлігін қамтиды.
Тіркелген және өзгермелі жалдау төлемдері көрсетілген және АҚШ долларында төлеуге жатады. Осы валюта күнделікті әуе кемелерін жалдау кезіндегі халықаралық есептерде пайдаланылады.
Қазақтелекомның лицензиялық міндеттемелері
Сымсыз байланыс қызметтерін көрсетуге арналған бірқатар лицензия шарттарына сәйкес Қазақтелекомның өз желісін жабу аймағына қатысты белгілі бір міндеттемелері бар. Қазақтелеком Қазақстан Республикасының негізгі магистральдарының, шағын қалалары мен қала үлгісіндегі кенттерінің бойындағы аудандарды қамти отырып, ұтқыр желіні жабуды кеңейтуге міндетті. Топтың басшылығы Қазақтелеком лицензиялардың шарттарын сақтайды деп санайды.
Кредиттер, кепілдіктер, аккредитивтер беру жөніндегі міндеттемелер және есеп операцияларына жатқызылған басқа да міндеттемелер
Кез келген уақытта Топтың кредиттерді беру жөніндегі өтелмеген міндеттемелері болады. Осы міндеттемелер кредиттік карточкалар және овердрафтар бойынша бекітілген қарыздар мен лимиттер нысанын қабылдайды және белгілі бір жағдайлар болған кезде күші жойылатын болып табылады.
Топ үшінші тараптардың алдында клиенттердің міндеттемелерін орындау кепілдігін беру мақсатында қаржылық кепілдіктер мен аккредитивтерді ұсынады. Осы келісімнің тіркелген лимиттері болады және әдетте 5 (бес) жылға дейінгі мерзімге беріледі.
Кредиттер, кепілдіктер, аккредитивтер беру жөніндегі міндеттемелер және есеп операцияларына жатқызылған басқа да міндеттемелер (жалғасы)
Міндеттемелердің келісімшарттық сомалары санат бойынша мына кестеде көрсетілген. Кестеде көрсетілген міндеттемелер бойынша сомалар бұл соманың толығымен орындалатынын болжайды. Аккредитивтер бойынша кестеде көрсетілген сомалар, егер контрагенттер келісімшарт бойынша өз міндеттемелерін толығымен орындамаса, есепті күні танған ең жоғарғы бухгалтерлік шығынды білдіреді.
Миллион теңгемен | 2013 | 2012 |
Шарттық сома | ||
Қарыз, кредиттік желі және қаржылық жалдау бойынша міндеттемелер | 136.225 | 284.196 |
Кепілдіктер | 405.920 | 110.879 |
Есеп айырысу операцияларына жатқызылатын аккредитивтер және өзге де міндеттемелер | 527 | 99.274 |
Минус: шектеу талаптары бар кепілдіктер мен салымдар | (7.921) | (8.411) |
Минус: банктік аккредитивтер мен кепілдіктерге резерв | (806) | (3.111) |
Топ кредиттік бақылау мен басқарудың осындай саясатын теңгерімдік операцияларды жүзеге асырған кезде пайдаланылатын теңгерімделген әлеуетті міндеттемелерді өзіне қабылдаған кезде қолданады.
Жоғарыда көрсетілген кредит беру жөніндегі шартты міндеттемелердің қолда бар жалпы сомасы ақшалай қаражаттағы болашақта қажеттіліктің өзін міндетті емес білдіреді, өйткені осы міндеттемелер олар қаржыландырылғанға дейін мерзімі өтуі немесе жабылуы мүмкін. Топ кредиттік қаржылық құралдар бойынша қамтамасыз етуді де сұрай алады.
Сенімгерлік басқару (трастілік қызмет)
Топтың кейбір еншілес ұйымдары жеке тұлғаларға, трастілік компанияларға, зейнетақы қорларына және басқа да ұйымдарға сенімгерлік басқару бойынша қызметтер көрсетеді, атап айтқанда, клиенттің нұсқауларына сәйкес активтерді басқарады не әртүрлі қаржылық құралдарға алынған қаражатты инвестициялайды. Топ осы қызметтерді көрсеткені үшін комиссиялық сыйақы алады. Сенімгерлік басқаруға алынған активтер Топтың активтері болып табылмайды және тиісінше оның шоғырландырылған бухгалтерлік теңгерімінде көрсетілмейді. Топ көрсетілген салымдарды жүзеге асырған кезде кредиттік тәуекелге ұшырамайды, өйткені ол көрсетілген инвестицияларға кепілдіктер бермейді.
Қарыздар бойынша ковенанттер
2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Топ барлық ковенанттарды сақтады.
Өтелетін шығындарды тексеру (Қашаған)
Солтүстік-Каспий Өнім бөлу туралы келісімінің ("СКӨБК") негізгі қағидаттарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі жер қойнауын пайдалану ауданында қызметті өткізуге эксклюзивтік құқықтарды мердігерлерге берді, бірақ жеке меншікке де, жалға да осы жер қойнауын пайдалану ауданына құқықты бермеді. Мұның салдарынан, тартылған және өңделген өнім (яғни дайын өнім) мемлекеттің меншігі болып табылады. Жұмыстар орнын толтыру негізінде жүзеге асырылады, бұл ретте мемлекет мердігерлерге ақшалай емес нысанда, дайын өнім бөлігі түрінде төлемді жүзеге асырады, мұнымен мердігерлерге өз шығындарын өтеу мен кіріс жасауға мүмкіндік береді. Бұл инвестор өткізетін өнім бөлу, яғни жұмыстың нәтижелерін бөлу деп аталады.
СКӨБК-ге сәйкес мердігерлер көтерген шығындардың барлығы өтеле бермейді. Өтеуге кейбір шығындарды Басқарушы комитетті ("БасқарушыКом") бекітуі қажет.
Өтелетін шығыстар туралы есептегі барлық өтелетін шығындар ҚМГ ҰК СКӨБК-ге сәйкес сыныпталады және өтелген ретінде белгіленген шығыстар заң жүзінде 2013 жылғы 31 желтоқсанда өтеуге жатады деп санайды.
Бұған қарамастан, кейбір шығындарды СКӨБК 13 және 14-бөлімдеріне сәйкес БасқарушыКом бекітпеді. Мұндай шығыстар БасқарушыКом бекіткенге дейін ҚМГ Қашаған үшін өтелмейтін шығыстар деп саналады. Осы мәселелерді шешу үшін Уәкілетті органмен келіссөздер жалғасуда.
Тексеру нәтижесінде 2001 жылдан 2008 жылды қоса алғандағы кезеңге шығындарды өтеу, 7.975 миллион АҚШ доллары (2013 жылғы 31 желтоқсандағы бағам бойынша 1.224.991 миллион теңге) сомасындағы шығыстар өтелмейтін болып саналды. Осы шығындардағы ҚМГ ҰК үлесі 1.340 миллион АҚШ долларын (2013 жылғы 31 желтоқсандағы бағам бойынша 205.889 миллион теңге) құрады. Мердігерлер арасындағы ұзақ келіссөздер мен көрсетілген көпшілік ескертпелерді жою нәтижесінде 2011 жылғы 28 қарашада Уәкілетті орган ("PSA" ЖШС) мен мердігерлер резолюцияға қол қойды, оған сәйкес өтелетін шығын сомасы
2.959 миллион АҚШ долларына (2013 жылғы 31 желтоқсандағы бағам бойынша 454.476 миллион теңге) дейін төмендетілді, осы шығыстардағы ҚМГ ҰК үлесі 497 миллион АҚШ долларын (2013 жылғы 31 желтоқсандағы бағам бойынша 76.382 миллион теңге) құрады.
2012 жылғы 17 мамырда қол қойылған Реттеу туралы келісімнің шеңберінде Өкілетті органмен қосымша келіссөздер жүргізілді, оның нәтижесінде өтелмейтін шығын сомасы 230 миллион АҚШ долларына
(2013 жылғы 31 желтоқсандағы бағам бойынша 35.315 миллион теңге) дейін төмендетілді, ондағы ҚМГ ҰК үлесі 39 миллион АҚШ долларын құрайды (2013 жылғы 31 желтоқсандағы бағам бойынша 5.953 миллион теңге).
2009 жылға шығындардың өтелімділігін тексеру 2012 жылы аяқталды. Жүргізілген тексеру нәтижесінде 875 миллион АҚШ доллары (2013 жылғы 31 желтоқсандағы бағам бойынша 134.409 миллион теңге) мөлшеріндегі шығын өтелмейтін ретінде сыныпталды. Осы шығындардағы ҚМГ ҰК үлесі 147 миллион АҚШ долларын (2013 жылғы 31 желтоқсандағы бағам бойынша 22.590 миллион теңге) құрайды. Мәселені шешу үшін келіссөздер жалғасуда.
2010 жылға шығындардың өтелімділігін тексеру 2013 жылы аяқталды. Жүргізілген тексеру нәтижесінде 1.336 миллион АҚШ доллары (2013 жылғы 31 желтоқсандағы бағам бойынша 205.824 миллион теңге) сомасында танылды. Ескертулерді болдырмау үшін мердігерлермен жүргізілген келіссөздер мен іс-шаралар нәтижесінде 2.083 мың АҚШ доллары (2013 жылғы 31 желтоқсандағы бағам бойынша 320.907 мың теңге) сомасында өтелмейтін шығындар ретінде сыныпталды, ал 785.101 мың АҚШ доллары (2013 жылғы 31 желтоқсандағы бағам бойынша 120.952.660 мың теңге) сомасы реттелмеген болып қалады. Осы шығындардағы Топтың үлесі тиісінше 350 мың АҚШ долларын (2013 жылғы 31 желтоқсандағы бағам бойынша 53.921 мың теңге) және 131.950 мың АҚШ долларын (2013 жылғы 31 желтоқсандағы бағам бойынша 20.328.217 мың теңге) құрайды. Мәселені шешу үшін келіссөздер жалғасуда.
Жер қойнауын пайдалануға келісімшарттар бойынша міндеттемелер (ҚМГ Қарашығанақ)
Қарашығанақ ӨБТК (бұдан әрі "ӨБТК") жер қойнауын пайдалануға келісімшарттың талаптарын орындауға қатысты мемлекеттік органдар тарапынан мерзімді тексеру объектісі болып табылады. Басшылық осындай тексерулер барысында анықталған мәселелерді шешу үшін қажетті түзеу шараларын келісу бойынша мемлекеттік органдармен ынтымақтастық жасайды. ӨБТК-дегі ережелерді орындамау айыппұлға, өсімақыға, ӨБТК шектеуге, тоқтатуға немесе шақырып алуға әкелуі мүмкін.
ӨБТК негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі Мердігер компанияларға (бұдан әрі "МК") қызметті жүргізуге, оның ішінде жер қойнауын пайдалануға құқықты қоса алғанда, эксклюзивтік құқықтарды берді, бірақ осы кенорнына меншік немесе жалға беру құқығын бермеді. Мұның салдарынан, барлық алынған және өңделген көмірсутегі (яғни дайын өнім) мемлекеттің меншігі болып табылады. Көмірсутегін өндіретін жұмыс орнын толтыру негізінде жүзеге асырылады, бұл ретте мемлекет МК қызметін ақшалай емес нысанда, дайын өнім бөлігі түрінде өтейді, осылайша МК-ге өз шығындарын өтеу мен кіріс алуға мүмкіндік береді.
ӨБТК-ге сәйкес МК көтерген барлық шығындар өтелмеуі мүмкін.Өтеуге болашақ шығындарды Басқару жөніндегі бірлескен комитет бекітуі қажет.
Жер қойнауын пайдалануға келісімшарттар бойынша міндеттемелер (ҚМГ Қарашығанақ) (жалғасы)
Уәкілетті орган 2010-2011 жылдардағы өтелетін шығындарды тексеру актілерін берді. Қазіргі сәтте Қарашығанақ ӨБТК мен Өкілетті өкіл ("PSA" ЖШС) арасында "1997 жылғы 18 қарашадағы Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнының мердігер учаскесі өнімін бөлу туралы келісім бойынша 2010 Мердігер жылға Мұнай-газ операцияларының шоттарының өтелетін шығындары есебін тексеру қорытындылары туралы тексеру актісінің" (бұдан әрі "2010 жылғы тексеру актісі") қорытындыларын талқылау жүруде. Жоғарыда көрсетілген Тексеру актісіне сәйкес Өкілетті орган 456.866 мың АҚШ доллары (2013 жылғы 31 желтоқсандағы бағам бойынша 70.179 миллион теңге) мөлшерінде соманы 2010 жылғы өтелетін шығындар құрамына қосу жөнінде талап-арыз берді. Бұл ретте, МК өтелмейтін ретінде 8.869 мың АҚШ долларын (2013 жылғы 31 желтоқсандағы бағам бойынша 1.362 миллион теңге) таныды. МК мен Өкілеттік орган арасындағы келіссөздердің 3-ші раундының қорытындылары бойынша (2014 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша) ықтимал дау/арбитраждың сомасы 205.563 мың АҚШ долларын (2013 жылғы 31 желтоқсандағы бағам бойынша 31.577 миллион теңге) құрады.
Тексеру актісіне сәйкес 2011 жылы Өкілетті орган 200.606 мың АҚШ доллары (2013 жылғы 31 желтоқсандағы бағам бойынша 30.815 миллион теңге) мөлшерінде соманы 2011 жылғы өтелетін шығындар құрамына қосу жөнінде талап-арыз берді. Қазіргі сәтте қорытындыларды МК қарастыруда.
Батуми теңіз портының активтерін экспроприациялау (ҚТО)
BTL (бұрынғы BIHL) мен Грузия Үкіметі арасындағы Батуми теңіз портын (бұдан әрі "БТП") сенімгерлік басқару туралы келісімге сәйкес, егер БТП жылына 6 миллион тоннаға ең төменгі өзгерту көлемі бойынша өз міндеттемелерін орындай алмаған жағдайда, Грузия Үкіметінің БТП активтерін экспроприациялауға құқығы бар. 2013 жыдғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша БТП Грузия Үкіметінің тарапынан мемлекеттік экспроприациялау тәуекеліне ұшырамады, өйткені БТП арқылы нақты өзгеру көлемі 10.170 миллион тоннаны құрады.
Газ жеткізу және сатып алу бойынша міндеттемелер ("ҚазТрансГаз" АҚ)
2013 жылғы 31 желтоқсанда "ҚазТрансГаз" АҚ-да (бұдан әрі "ҚТГ") 754.498 мың АҚШ доллары (115.898 миллион теңге) (2012 жылы: 13.512 миллион теңге) сомаға экспортқа газ жеткізу бойынша шарттық міндеттемелер болды. Газ сатып алу бойынша шарттық міндеттемелер сомасы 528.200 мың АҚШ долларын (81.137 миллион теңге) құрады.
Gazprom Schweiz AG-мен сатуға келісімшарттарға сәйкес ҚТГ кінәсінен табиғи газдың айлық келісімшарттық көлемі жеткізілмеген жағдайда, Топ жеткізілмеген табиғи газ көлемінің құнынан 0,01% мөлшерінде айыппұл төлеуі қажет. 2013 және 2012 жылдары 31 желтоқсанға ҚМГ ҰК басшылығы көрсетілген сатуға келісімшартқа сәйкес жауапкершілік туралы осы ережеге қатысты Gazprom Schweiz AG алдында қандай да бір міндеттемелер жоқ деп санайды.
Газ жеткізу және сатып алу бойынша міндеттемелер (ҚТГ-Аймақ)
2013 жылғы 31 желтоқсанға газ сатып алу бойынша ҚТГ-Аймақтың шарттық міндеттемелері 13.246 миллион теңгені (2012: 3.221 миллион теңге) құрады, газ сату бойынша міндеттемелердің сомасы 3.598 миллион теңгені құрады.
Сино Каз компаниясымен "пут" опционы
КАӨ ҰАК опциялық кедісім жасасты, ол Sino-Kaz компаниясынан алынған таза кірістің келтірілген құны шегерілген Sino-Kaz төлеген сомаға тең баға мен ҚАӨ ҰАК "Семізбай" ЖШС-ға өзінің 49% қатысу үлесін сату мүмкіндігін Sino-Kaz компаниясына қамтамасыз етеді. Егер Guangdong Nuclear Power Corporation қытай ядролық-энергетикалық корпорациясына реакторлар үшін ҚАӨ ҰАК еншілес ұйымы "Үлбі металлургия зауыты" АҚ жүргізген отын таблеткаларын жеткізу туралы шешім 2014 жылғы 1 шілдеге дейін қабылданбайтын жағдайда, Опцион орындалуы мүмкін.
Егер жоғарыда көрсетілген шешімді ҚАӨ ҰАК мен CGNPC-URC 2014 жылғы 1 шілдеге дейін қабылдамаған жағдайда, Sino-Kaz негізгі шартқа қосымша келісімде анықталған формула бойынша есептелген құн бойынша "Семизбай-U" ЖШС-ға қатысу үлесін сатады, ал ҚАӨ ҰАК сатып алады.
Тұрақтандыру жоспары бойынша міндеттемелер
Қор Үкімет 2008 жылы бекіткен Тұрақтандыру жоспарын жүзеге асыруда Үкіметтің негізгі операторы болып тағайындалды (1-ескертпе).
Қазақстан Республикасы экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның хаттамаларына сәйкес Тұрақтандыру жоспары бойынша көзделген қаражатты қайталама пайдалану жоспарланды.
Дағдарысқа қарсы қаражатты қайталама пайдалану бойынша міндеттемелер
Қазақстан Республикасы Экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2012 жылғы 5 сәуірдегі №17-5/И-380, 2013 жылғы 30 қаңтардағы №17-5/11-10 және 2013 жылғы 7 қазандағы
№ 17-5/И-788 хаттамаларына сәйкес Қор 2012-2014 жылдар ішінде жалпы сомасы 540.752 миллион теңгеге бірқатар инвестициялық жобаларды қаржыландыруды жүзеге асыруы тиіс. 2012 - 2013 жылдары игерілген қаражатты ескере отырып, 2014 жылы игеруге 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Қордың міндеттемелері 193.714 миллион теңгені (2012: 415.324 миллион теңге) құрайды, оның ішінде мына жобалар бойынша:
Тұрғын үй құрылысы бағдарламасын қаржыландыру және "Қол жетімдіи тұрғын үй" бағдарламасын іске асыру
Үкіметтің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысына сәйкес "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" АҚ арқылы тұрғын үй салуға Қордан қаражатты және Ұлттық қордан қаржатты пайдалану көзделеді. Қазақстан Республикасы Экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2013 жылғы 30 қаңтардағы №17-5/11-10 хаттамасына сәйкес Қор "Қол жетімді тұрғын үй-2020" бағдарламасын қаржыландыруға көзделген қаражаттың 56.615 миллион теңгесі мөлшеріндегі қаражаты "Батыс-Солтүстік-Орталық магистралдық газ құбырын салу" (Қарталы – Тобыл – Көкшетау - Астана) инвестициялық жобасын қаржыландыруға қайта бөлінді. 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қайта бөлінген қаражатты ескере отырып, "Қол жетімді тұрғын үй-2020" бағдарламасын қаржыландыру бойынша Қордың міндеттемесі 8.100 миллион теңгені (2012 жылғы 31 желтоқсанда: 36.200 миллион теңгені) құрайды.
Қордың өзге де инвестициялық жобаларын іске асыру
2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша өзге инвестициялық жобаларды қаржыландыру бойынша Қордың міндеттемесі 185.614 миллион теңгені (2012: 379.124 миллион теңге) құрайды.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2013 жылғы 30 қаңтардағы №17-5/11-10 хаттамасына сәйкес 2013 жылы Қорға Қордың және/немесе ҚМГ" ҰК меншік қаражаты есебінен 60.000 миллион теңге мөлшерінде "Батыс-Солтүстік-Орталық магистралдық газ құбырын салу" (Қарталы – Тобыл – Көкшетау - Астана) инвестициялық жобасын қаржыландыруды жүзеге асыру тапсырылған, оның ішінде 20.000 миллион теңге "ҚазМұнаГаз" ұлттық компаниясы" АҚ қаражаты есебінен бөлу жоспарланып отыр.
Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2013 жылғы 19 сәуірдегі № 17-5/07-145 хаттамасына сәйкес жоғарыда көрсетілген жобаны іске асыру 1 (бір) жыл мерзімге тоқтатылды.
Сонымен қатар, осы қаражатты және "Қол жетімді тұрғын үй-2020" бағдарламасынан қайта бөлінген қаражатты Қордың жарғылық капиталын 122.707 миллион теңге мөлшерінде ұлғайтуға қаражатты 2014 жылы Республикалық бюджеттен бөлу арқылы өтеу жоспарланып отыр.
41. СЕГМЕНТТІК ЕСЕПТІЛІК
Басқару мақсаты үшін Топтың қызметі өндіретін өнім түріне және көрсетілетін қызметтің тұрпатына сәйкес мынадай 7 (жеті) операциялық сегментке бөлінеді:
Мұнай-газ сегменті мұнай мен газды барлау және өндіру, мұнай мен газды тасымалдау, шикі мұнайды және қайта өңделетін өнімдерді қайта өңдеу және сату бойынша операцияларды қамтиды
Тау-кен өнеркәсіп сегменті минералдық ресурстарды барлау, өндіру, өңдеу және сату бойынша операцияларды, қорғаныш кешені мен азаматтық машина жасау кәсіпорнын, химия саласы мен геологиялық барлауды дамыту бойынша жобаларды қамтиды.
Тасымалдау сегменті жүктер мен жолаушыларды темір жолмен және әуе көлігімен тасымалдау жөніндегі операцияларды қамтиды.
Телекоммуникация сегменті жергілікті, қалааралық және халықаралық байланысты қоса алғанда (ТМД-ға кіретін және кірмейтін елдерді қоса алғанда), тіркелген байланыс қызметтері; сондай-ақ байланыс арналарын жалдау, деректерді беру және сымсыз байланыс қызметтері бойынша операцияларды қамтиды.
Энергетикалық сегмент электр энергиясын өндіру және беру жөніндегі, электр энергетикалық жүйеге электр энергиясын жіберуді техникалық диспетчерлеу және импортталатын электр энергиясын тұтыну жөніндегі операцияларды, Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің объектілерін орталықтандырылған шұғыл-диспетчерлік басқару функцияларын қамтиды.
Қаржы институттар және даму институттары сегменті Қазақстан экономикасының барлық сегменттерінде инвесстициялық және инновациялық қызметті ұлғайту және ынталандыру жөніндегі операцияларды қамтиды.
Самұрық-Қазына операциялары Корпоративтік орталық және жобалар сегментіне енгізілді
Жоғарыда аталған есептік сегменттердің кейбіреулері Топтың ұйымдық құрылымына сәйкес неғұрлым ұсақ есептік сегменттерді біріктіру арқылы қалыптастырылды. Әрбір есептік сегмент ҚЕХС-қа сәйкес бухгалтерлік есепті жүзеге асырады. ҚЕХС-қа сәйкес дайындалған әрбір сегмент қызметінің қаржылық нәтижелері сегментке ресурстарды бөлу және оның қызмет нәтижелерін бағалау туралы шешімдерді қабылдау мақсаты үшін Бас басқарушыға және шешімдер қабылдауға жауаптыға беріледі.
Төменде 2013 жыл ішіндегі Топтың операциялық сегменттерінің пайдалары мен шығындары, активтері мен міндеттемелері туралы ақпарат берілген:
Миллион теңгемен | Мұнайгаз | Тау-кен өнеркәсіп | Тасымалдау | Телекоммуникация | Энергетика | Қаржы институттары мен даму институттары | Корпоративтік орталық және жобалар | Элиминация | Барлығы |
Сыртқы клиенттерге сатудан кіріс | 3.214.061 | 308.819 | 982.689 | 208.145 | 192.245 | 71.484 | 70.733 | - | 5.048.176 |
Басқа сегменттерге сатудан кіріс | 38.658 | 25.158 | 16.439 | 5.514 | 18.224 | 6.449 | 128.775 | (239.217) | - |
Кірістердің жиыны | 3.252.719 | 333.977 | 999.128 | 213.659 | 210.469 | 77.933 | 199.508 | (239.217) | 5.048.176 |
Бір жыл ішіндегі жалпы пайда | 898.610 | 67.032 | 310.814 | 59.097 | 50.246 | 24.131 | 86.396 | (66.164) | 1.430.162 |
Жалпы және әкімшілік шығыстар | (160.735) | (37.797) | (96.213) | (25.421) | (17.698) | (19.613) | (25.913) | 4.608 | (378.782) |
Тасымалдау және сату бойынша шығыстар | (332.166) | (5.104) | (5.485) | (5.430) | (260) | ? | (522) | 1.510 | (347.457) |
Қаржылық кіріс | 42.388 | 5.652 | 5.967 | 5.341 | 5.098 | 3.844 | 43.494 | (27.884) | 83.902 |
Қаржылық шығындар | (171.744) | (9.562) | (39.580) | (11.505) | (10.398) | (1.121) | (3.104) | 16.268 | (230.746) |
Қауымдасқан компаниялар мен бірлескен кәсіпорындардың кірістеріндегі үлес | 483.517 | 30.711 | (4.269) | - | 30.085 | 6.298 | - | - | 546.342 |
Бағамдық айырмадан түсетін кіріс/(шығын), нетто | (22.202) | (1.912) | (8.234) | (528) | (3.650) | (1.197) | 1.021 | 513 | (36.189) |
Тозу, ескіру және амортизация | (179.750) | (19.766) | (95.456) | (38.852) | (19.932) | (2.074) | (406) | 167 | (356.069) |
Берілген қарыздардың құнсыздануы | 8 | (4) | - | - | - | (77.103) | (133) | 2 | (77.230) |
Өзге де активтердің құнсыздануы | (64.715) | (24.344) | (5.255) | (581) | 807 | (2.656) | (219.609) | 160.919 | (155.434) |
Резервтерге аударымдар | 48.451 | 4.662 | 2.540 | 480 | (6.947) | 54 | - | - | 47.016 |
Табыс салығы бойынша шығыстар | (193.396) | (7.612) | (41.207) | (3.893) | (7.954) | (18.653) | (4.529) | - | (277.244) |
Жалғастырылатын қызметтен бір жылғы таза кіріс/(шығын) | 488.311 | 37.617 | 123.149 | 19.725 | 49.514 | (78.315) | (122.507) | 95.235 | 612.729 |
Тоқтатылған қызметтен бір жылғы таза кіріс/(шығын) | 331 | - | (2.812) | - | (91) | (170.400) | - | - | (172.972) |
Таза кіріс жиыны | 488.642 | 37.617 | 120.337 | 19.725 | 49.423 | (248.715) | (122.507) | 95.235 | 439.757 |
Сегметтер бойынша өзге ақпарат | |||||||||
Сегмент активтерінің жиыны* | 7.594.320 | 963.298 | 2.636.642 | 465.341 | 889.587 | 2.415.389 | 5.380.531 | (5.050.619) | 15.294.489 |
Сегмент міндеттемелерінің жиыны* | 3.558.129 | 258.123 | 1.250.427 | 188.331 | 357.899 | 2.215.777 | 1.601.354 | (1.642.143) | 7.787.897 |
Күмәнді берешек бойынша резервтер | 2.883 | 1.682 | 1.622 | 382 | 518 | (1) | 129 | 17 | 7.232 |
Бірлескен кәсіпорындардағы және қауымдасқан компаниялардағы инвестициялар | 998.490 | 382.328 | 26.690 | - | 257.328 | 88.918 | - | (36.505) | 1.717.249 |
Күрделі шығындар | 610.316 | 67.631 | 473.847 | 67.514 | 84.614 | 3.177 | 722 | 15.837 | 1.323.658 |
*2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 2.415.389 миллион теңге және 2.215.777 миллион теңге сомасындағы қаржы институттары мен даму институттары сегментінің активтер жины мен міндеттемелер жиыны тиісінше 1.746.048 миллион теңге және 1.570.189 миллион теңге сомасында "БТА Банк" АҚ мен "Темiрбанк" АҚ сатуға активтерге байланысты міндеттемелер мен сатуға арналған жіктелген активтерді қамтиды (6-ескертпе).
Төменде 2012 жыл ішіндегі Топтың операциялық сегменттерінің пайдалары мен шығындары, активтері мен міндеттемелері туралы ақпарат берілген:
Миллион теңгемен | Мұнай-газ | Тау-кен өнеркәсіп | Тасымалдау | Телекоммуникация | Энергетика | Қаржы институттары мен даму институттары | Корпоративтік орталық және жобалар | Элиминация | Барлығы (қайта есептелді) |
Сыртқы клиенттерге сатудан кіріс | 2.920.407 | 350.885 | 904.626 | 189.879 | 168.625 | 55.079 | 107.724 | - | 4.697.225 |
Басқа сегменттерге сатудан кіріс | 39.981 | 23.408 | 13.739 | 5.196 | 15.044 | 6.423 | 361.594 | (465.385) | - |
Кірістердің жиыны | 2.960.388 | 374.293 | 918.365 | 195.075 | 183.669 | 61.502 | 469.318 | (465.385) | 4.697.225 |
Бір жыл ішіндегі жалпы пайда | 869.600 | 86.893 | 274.486 | 56.321 | 37.659 | 15.635 | 310.044 | (315.801) | 1.334.837 |
Жалпы және әкімшілік шығыстар | (156.108) | (30.654) | (84.924) | (24.441) | (14.112) | (19.986) | (20.168) | 6.724 | (343.669) |
Тасымалдау және сату бойынша шығыстар | (360.697) | (4.432) | (6.351) | (5.406) | (634) | - | (1.945) | 2.131 | (377.334) |
Қаржылық кіріс | 29.024 | 4.407 | 6.927 | 4.677 | 3.313 | 3.597 | 63.547 | (59.721) | 55.771 |
Қаржылық шығындар | (169.184) | (13.925) | (33.825) | (12.331) | (7.231) | (752) | (324) | 28.821 | (208.751) |
Қауымдасқан компаниялар мен бірлескен кәсіпорындардың кірістеріндегі үлес | 471.087 | 31.004 | (72) | 1.963 | 29.972 | 6.559 | - | - | 540.513 |
Бағамдық айырмадан түсетін кіріс/(шығын), нетто | (18.006) | (2.762) | (3.914) | (869) | (1.980) | 12 | 1.267 | 4.001 | (22.251) |
Тозу, ескіру және амортизация | (163.389) | (20.007) | (79.736) | (39.055) | (16.610) | (2.323) | (474) | 137 | (321.457) |
Берілген қарыздардың құнсыздануы | 1 | - | - | - | - | 2.679 | (943) | ? | 1.737 |
Өзге де активтердің құнсыздануы | - | - | - | - | - | - | 282.068 | (282.068) | - |
Резервтерге аударымдар | (94.889) | (3.417) | (840) | 5.839 | 286 | 13.670 | (301.135) | 159.301 | (221.185) |
Табыс салығы бойынша шығыстар | 35.890 | 1.140 | 28.359 | 319 | 2.081 | (3.061) | ? | ? | 64.728 |
Жалғастырылатын қызметтен бір жылғы таза кіріс | (177.131) | (10.972) | (32.858) | (4.472) | (5.312) | (750) | (11.236) | (1.058) | (243.789) |
Тоқтатылған қызметтен бір жылғы таза кіріс | 412.579 | 53.432 | 126.537 | 21.093 | 43.629 | 25.356 | 338.559 | (463.350) | 557.835 |
Таза кіріс жиыны | 628 | - | (1.109) | 201.996 | 60 | 377.704 | - | 784 | 580.063 |
413.207 | 53.432 | 125.428 | 223.089 | 43.689 | 403.060 | 338.559 | (462.566) | 1.137.898 | |
Сегметтер бойынша өзге ақпарат | |||||||||
Сегмент активтерінің жиыны | |||||||||
Сегмент міндеттемелерінің жиыны | 6.881.891 | 765.076 | 2.232.048 | 465.384 | 827.000 | 4.024.405 | 5.289.150 | (5.210.750) | 15.274.204 |
Күмәнді берешек бойынша резервтер | 3.265.866 | 310.479 | 1.120.819 | 179.357 | 339.583 | 3.147.174 | 1.627.110 | (2.131.643) | 7.858.745 |
Бірлескен кәсіпорындардағы және қауымдасқан компаниялардағы инвестициялар | 7.489 | 95 | 1.183 | 611 | 256 | 1 | 1.751 | (1.093) | 10.293 |
Күрделі шығындар | 894.097 | 132.421 | 15.479 | - | 232.908 | 112.644 | - | (36.505) | 1.351.044 |
Сыртқы клиенттерге сатудан кіріс | 551.541 | 59.293 | 481.071 | 68.705 | 84.547 | 5.936 | 3.139 | (32.474) | 1.221.758 |
42. ЕСЕПТІ КҮННЕН КЕЙІНГІ ОҚИҒАЛАР
Теңгенің девальвациялануы
2014 жылғы 11 ақпанда теңге АҚШ доллары мен басқа негізгі валюталарға қатысты девальвацияланды. Девальвацияға дейін және кейін тиісінше 1 АҚШ долларына 155,56 теңгені және 1 АҚШ долларына 184,5 теңгені құрады, ол теңгенің 19%-ға жуық құнсыздануы. АҚШ долларына қатысты айырбастау бағамдарындағы ықтимал өзгерістерге табыс салығын есепке алғанға дейінгі Топдың таза пайдасының сезімталдығы 39-ескертпеде ашылған. Сезімталдықтың осы талдауы бұл 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша болса, әрі барлық параметрлер өзгермейтін шама ретінде қабылданған талаппен ғана девальвацияның ықтимал әсерін көрсетеді.
Қарыздар
ҚМГ ҰК бірлескен кәсіпорны "Бейнеу-Шымкент газ құбыры" ЖШС 1,8 миллиард АҚШ долларына Қытай Мемлекеттік Даму Банкінен кредит желісі бойынша 150 миллион АҚШ доллары (алған күнгі бағам бойынша 27 миллиард теңге) сомасына жаңа транш алды.
2014 жылғы 28 ақпанда "Қазақтелеком" АҚ 170 млн. АҚШ доллары сомасына Bank of China-мен кредит келісімін жасасты.
2014 жылғы қаңтарда Қор 15 жыл облигация айналымы мерзімімен және жылдық 3% мөлшерінде купондық сыйақымен жалпы сомасы 300.000 миллион теңгеге бір облигацияға номинал құны 1.000 теңге болатын 300.000.000 купондық облигация орналастырды. Облигацияларды Қазақстан Республиукасының Ұлттық Банкі сатып алды. 200.000 миллион теңге мөлшерінде осы облигацияларды сатудан алынған қаражат "Екібастұз МАЭС-1" ЖШС-ға 50% қатысу үлесін және "Қазгидротехэнерго" ЖШС-ға 100% қатысу үлесін сатып алуды қаржыландыру мақсатында "Самұрық-Энерго" АҚ қарызын беруге пайдаланылды.
2014 жылғы қаңтарда Kazakhmys Finance PLC 400 миллион АҚШ доллары (өтеу күнгі бағам бойынша 61.808 миллион теңгеге баламалы) мөлшерінде қарыздарды мерзімінен бұрын өтеуді жүзеге асырды. Осы соманы Қор Қытай Мемлекеттік Даму Банкінің алдындағы қарыздарды мерзімінен бұрын өтеу үшін пайдаланды.
Топ құрылымдындағы өзгерістер
2014 жылғы ақпанда "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-ға "Тау-кен компаниясы" ЖШС-ны қосу арқылы оны қайта ұйымдастыру жөніндегі тапсыру актісін бекіту туралы шешім қабылданды. "Тау-кен компаниясы" ЖШС-ның барлық құқықтары мен міндеттері Тапсыру актісіне сәйкес "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-ға өтеді.
2014 жылғы сәуірде Kazakhmys Plc-ден "Екібастұз МАЭС-1" ЖШС-ға 50% қатысу үлесін және "Қазгидротехэнерго" ЖШС-ға 100% қатысу үлесін сатып алды. Сатып алу бағасы 1.300 миллион АҚШ долларын құрады.
2014 жылғы 5 наурызда Альянс Банк АҚ мен Темiрбанк АҚ акциялар пакетін иеліктен шығару жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына қол қойылды, осылайша Қорға Темiрбанк АҚ-ның 79,88% акциясын және Альянс Банк АҚ-ның 16% жай және артықшылықты акцияларын сатып алу жөніндегі мәмілені жабу үшін Қордың кейінге қалдырылатын талаптарының бірі орындалды.
Экспорттық кеден бажы
Қазақстан Республикасының Үкіметі 2014 жылғы 1 сәуірден бастап шикі мұнай экспортының 1 тоннасына 60 АҚШ долларынан 80 АҚШ долларына дейін кеден бажын арттыруды жоспарлап отыр.
Операциялық қызмет
2014 жылғы 1 қаңтардан бастап ішкі және экспорт нарықтарына мұнайды қайта айдау бойынша "ҚазТрансОйл" АҚ қызметтеріне тарифтерді ұлғайту туралы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2013 жылғы 21 қарашадағы бұйрығы күшіне енеді: ішкі нарыққа 1 км-ге 1 тонна мұнайды тасымалдауға 1.954,5 теңгеден 2.931,8 теңгеге дейін (50%-ға) ұлғайтылды, экспортқа – 1.000 км-ға 1 тонна мұнайды тасымалдауға 4.732,6 теңгеден 4.850,6 теңгеге дейін (2,5%-ға) ұлғайтылды. 2014 жылғы 1 сәуірден бастап экспортқа тариф Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұйрығына сәйкес 4.850,6 теңгеден
5.817,2 теңгеге дейін ұлғайтылды.
"Эйр Астана" АҚ-дан Еуропалық Одақ елдеріне рейстерді ұлғайтуға шектеу алынды.
2014 жылғы 31 наурызда CGNPC-URC пен "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ арасында 2014-2016 жылдарға арналған отын таблеткаларын жеткізуге келісімшартқа №3 толықтыру жасалды. Осылайша, тараптар келісілген мерзімде отын таблеткаларын жеткізу туралы шешім қабылдады және "Семізбай-U" ЖШС-ға Sino-Kaz қатысу үлесін "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ сатып алу мүмкіндігін болдырмады (6-қосымша).
"Альянс Банк" АҚ-ны қайта құрылымдау
6-ескертпеде ашылып көрсетілгендей, 2013 жылғы желтоқсанда Қор мен Өтемұратов Болат Жәмитұлы мырза арасында кейіннен Темірбанк пен Альянс Банкті бірыңғай банкке біріктіру мақсатымен Қордың
Темiрбанк АҚ-ның 79,88% жай акциясын және Альянс Банк АҚ-ның 16% жай және артықшылықты акцияларын сатуы туралы келісімге қол қойылды. 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Альянс Банк Қордың бақылауында және осылайша шоғырландырылатын еншілес ұйымы болып табылады
(34-ескертпе).
2014 жылғы 23 қаңтарда Альянс Банк басшылығы өзінің кредиторларына банктің қызметін жалғастыруды қамтамасыз ету үшін белгілі бір міндеттемелерді қайта құрылымдау жүргізетіні туралы хабарларды. Қайта құрылымдау үдерісі оң капиталға және 1-деңгейдегі капиталдың 20% коэффициентіне қол жеткізуге бағытталған, ол Альянс Банк-тің пруденциалдық нормативтерін орындау мүмкіндігін және қысқа мерзімді және орта мерзімді перспективада бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз етеді.
2014 жылғы 30 қаңтарда Альянс Банктің Директорлар кеңесі қайта құрылымдау туралы шешімді бекітті.
Осы деңгейге мыналардың есебінен қол жеткізуге болады:
* Альянс Банк үшін біршама қолайлы талаптарда Альянс Банк шығарған борыштық және бағынышты борыштық бағалы қағаздарды қайта құрылымдау;
* Темірбанк пен Альянс Банктің бірігуі ("Біріктірілген банк"), ол Альянс Банкке қарағанда біршама күшті капитал базасы бар;
* Төменгі сыйақы ставкасы бар депозиттердің түрленуі, осы мәселе Қормен одан әрі келіссөздерді талап етеді;
* Операцияларды шоғырландыру және пайдалы Біріктірілген банк құру арқылы мерзімі өткен салық бойынша активтерді пайдалану.
Басшылық рекапиталдандыру жоспарына сәйкес ұсынылған шаралар өтімділік бөлігінде Біріктірілген банктің позициясын жақсартуға да көмектеседі деп санайды. Бұдан басқа, басшылық персонал санын азайтуға, АТ жүйелерін біріктіру және пайдасыз іскерлік қатынастарды болдырмауға бағытталған Біріктірілген банк жұмысының тиімділігін талдауға бастамашылық жасады.
2014 жылғы 6 ақпанда Альянс Банк Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен келісімге қол қойды, ол рекапиталдандыру бойынша Альянс Банктің міндеттемесін анықтайды және рекапиталдандыру жоспарын енгізу кезеңінде нормативтік базаны белгілейді. Альянс Банк келісімге сәйкес 2014 жылғы 1 шілдеге қарай қайта құрылымдау жоспарын енгізу және заңнамада белгіленген лимиттерге сәйкес барлық пруденциялық нормативтерге келтіру міндеттемесін алды.
Жарғылық капиталға жарналар
2014 жылғы сәуірде Акционер 54.500 миллион теңге мөлшерінде Қордың жарғылық капиталына ақшалай жарнаны жүзеге асырды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қазандағы № 1121 қаулысымен бекітілген |
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2010 жылғы 20 тамыздағы № 422 бұйрығына сәйкес |
дайындалған қаржылық есептіліктің жеке нысандары
2013 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл үшін,
арнайы тапсырыс бойынша тәуелсіз аудиторлардың қорытындысымен
МАЗМҰНЫ
Арнайы тапсырма бойынша тәуелсіз аудиторлардың есебі
Қаржылық есептіліктің жеке нысандары
Жеке бухгалтерлік теңгерім ( № 1 нысан)
Пайда және шығындар туралы жеке есеп ( № 2 нысан)
Ақша қаражатының қозғалысы туралы жеке есеп (жанама әдіс) ( № 3 нысан)
Капиталдағы өзгерістер туралы жеке есеп ( № 4 нысан)
Қаржылық есептіліктің жеке нысандарының түсіндірме жазба
Ұйымның атауы: "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ
Ұйым қызметінің түрі: Холдингілік компания
Ұйымдық-құқықтық нысаны: Акционерлік қоғам
Есептілік нысаны: шоғырландырылмаған
Қызметкерлердің орташа жылдық саны: 155 адам
Кәсіпкерлік субъектісі: орта
Ұйымның заңды мекенжайы: Астана қ., Қонаев 8
ЖЕКЕ БУХГАЛТЕРЛІК ТЕҢГЕРІМ
2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша
№ 1 нысан
Активтер | Жол коды | Есепті кезеңнің соңына | Есепті кезеңнің басына |
I. Қысқа мерзімді активтер | |||
Ақша қаражаты және олардың баламалары | 010 | 103.508.044 | 432.972.481 |
Сату үшін қолда бар қаржы активтері | 011 | 24.557.826 | 26.123.503 |
Туынды қаржы құралдары | 012 | – | – |
Пайда және шығын арқылы әділ құн бойынша есептелетін қаржы активтері | 013 | – | – |
Өтеуге дейін ұсталатын қаржы активтері | 014 | – | – |
Өзге де қысқа мерзімді қаржы активтері | 015 | 603.058.219 | 350.192.890 |
Қысқа мерзімді сауда және өзге де дебиторлық берешек | 016 | 18.581.045 | 26.427.559 |
Ағымдағы табыс салығы | 017 | 14.206.011 | 13.733.875 |
Қорлар | 018 | 73.702 | 90.347 |
Өзге де қысқа мерзімді активтер | 019 | 1.247.686 | 1.421.517 |
Қысқа мерзімді активтердің жиыны (жолдар сомасы 010 – 019 аралығында) | 100 | 765.232.533 | 850.962.172 |
Сатуға арналған активтер (немесе шығарылатын топтар) | 101 | 155.576.350 | – |
II. Ұзақ мерзімді активтер | |||
Сату үшін қолда бар қаржы активтері | 110 | 12.171.416 | 124.194.341 |
Туынды қаржы құралдары | 111 | – | – |
Пайда және шығын арқылы әділ құн бойынша есептелетін қаржы активтері | 112 | – | – |
Өтеуге дейін ұсталатын қаржы активтері | 113 | – | – |
Өзге де ұзақ мерзімді қаржы активтері | 114 | 1.154.462.956 | 1.223.732.347 |
Ұзақ мерзімді сауда және өзге де дебиторлық берешек | 115 | – | – |
Үлестік қатысу әдісімен ескерілетін инвестициялар | 116 | – | – |
Инвестициялық мүлік | 117 | – | – |
Негізгі құралдар | 118 | 453.554 | 468.228 |
Биологиялық активтер | 119 | – | – |
Барлау және бағалау активтері | 120 | – | – |
Материалдық емес активтер | 121 | 588.023 | 931.146 |
Кейінге қалдырылған салық активтері | 122 | 9.119.936 | 3.036.677 |
Өзге де ұзақ мерзімді активтер | 123 | 3.012.386.141 | 3.250.068.330 |
Ұзақ мерзімді активтер жиыны (жолдар сомасы 110 – 123 аралығында) | 200 | 4.189.182.026 | 4.602.431.069 |
Теңгерім (100 жол +101 жол + 200 жол) | 5.109.990.909 | 5.453.393.241 | |
Капитал және міндеттемелер | |||
III. Қысқа мерзімді міндеттемелер | |||
Қарыздар | 210 | 107.043.383 | 81.962.499 |
Туынды қаржы құралдары | 211 | 46.120 | 32.347 |
Өзге де қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер | 212 | 6.420.029 | 5.956.029 |
Қысқа мерзімді сауда және өзге де кредиторлық берешек | 213 | 812.472 | 1.228.251 |
Жол коды | Есепті кезеңнің соңына | Есепті кезеңнің басына | |
Қысқа мерзімді резервтер | 214 | 1.096.875 | 896.083 |
Табыс салығы бойынша ағымдағы салық міндеттемелері | 215 | – | – |
Қызметкерлерге сыйақылар | 216 | – | – |
Өзге де қысқа мерзімді міндеттемелер | 217 | 80.885 | 153.183 |
Қысқа мерзімді міндеттемелердің жиыны (жолдар сомасы 210 – 217 аралығында) | 300 | 115.499.764 | 90.228.392 |
Сатуға арналған шығатын топтардың міндеттемелері | 301 | – | – |
IV. Ұзақ мерзімді міндеттемелер | |||
Қарыздар | 310 | 1.453.194.622 | 1.480.711.144 |
Туынды қаржы құралдары | 311 | – | – |
Өзге де ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер | 312 | 30.725.461 | 31.723.553 |
Ұзақ мерзімді сауда және өзге де кредиторлық берешек | 313 | – | – |
Ұзақ мерзімді резервтер | 314 | – | – |
Кейінге қалдырылған салық міндеттемелері | 315 | – | – |
Өзге де ұзақ мерзімді міндеттемелер | 316 | – | – |
Ұзақ мерзімді міндеттиемелердің жиыны (жолдар сомасы 310 – 316 аралығында) | 400 | 1.483.920.083 | 1.512.434.697 |
V. Капитал | |||
Жарғылық (акционерлік) капитал | 410 | 4.484.675.434 | 4.409.313.655 |
Эмиссиялық кіріс | 411 | – | – |
Сатып алынған меншікті үлестік құралдар | 412 | – | – |
Резервтер | 413 | (2.159.510) | (595.087) |
Бөлінбеген пайда (өтелмеген шығын) | 414 | (971.944.862) | (557.988.416) |
Негізгі ұйымның меншік иелеріне жатқызылған капиталдың жиыны (жолдар сомасы 410 – 414 аралығында) | 420 | 3.510.571. 062 | 3.850.730.152 |
Бақыланбайтын меншік иелерінің үлесі | 421 | – | – |
барлық капитал (420 жол +/? 421 жол) | 500 | 3.510.571. 062 | 3.850.730.152 |
Баланс (300 жол +301 жол + 400 жол + 500 жол) | 5.109.990.909 | 5.453.393.241 |
Қаржы директоры – Басқарма мүшесі _____________________________
Нұрлан Рахметов
Бас бухгалтер _____________________________ Алмаз Әбдірахманова
ПАЙДА ЖӘНЕ ШЫҒЫНДАР ТУРАЛЫ ЖЕКЕ ЕСЕП
2013 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл үшін
№ 2 нысан
Көрсеткіштердің атауы | Жол коды | Есептік кезең үшін | Өткен жыл үшін |
Түсім | 010 | 173.375.229 | 403.030.595 |
Сатылған тауарлар мен қызметтердің өзіндік құны | 011 | 89.893.768 | 91.423.473 |
Жалпы пайда (010 жол – 011 жол) | 012 | 83.481.461 | 311.607.122 |
Сату жөніндегі шығыстар | 013 | – | – |
Әкімшілік шығыстар | 014 | 23.823.828 | 15.966.705 |
Өзге де шығыстар | 015 | 220.768.963 | 301.135.329 |
Өзге де кірістер | 016 | 2.185.484 | 297.364.688 |
Операциялық пайданың (шығынның) жиыны (+/- жолдар 012 – 016 аралығында) | 020 | (158.925.846) | 291.869.776 |
Қаржыландыру бойынша түскен кірістер | 021 | 42.527.190 | 58.666.745 |
Қаржыландыру бойынша шығыстар | 022 | 3.103.522 | 324.252 |
Үлестік қатысу әдісі бойынша есепке алынатын қауымдасқан ұйымдар мен бірлескен қызметтің пайдасындағы (шығынындағы) ұйымның үлесі | 023 | – | – |
Өзге де операциялық емес кірістер | 024 | – | – |
Өзге де операциялық емес шығыстар | 025 | – | – |
Салық салғанға дейінгі пайда (шығын) (+/- жолдар 020 – 025 аралығында) | 100 | (119.502.178) | 350.212.269 |
Табыс салығы бойынша шығыстар | 101 | 4.131.311 | 10.488.870 |
Салық салғаннан кейін жалғасатын қызметтен түсетін пайда (шығын) (100 жол – 101 жол) | 200 | (123.633.489) | 339.723.399 |
Салық салғаннан кейін тоқтатылған қызметтен түсетін пайда (шығын) | 201 | – | – |
Мыналарға қатысты бір жылғы пайда: (200 жол + 201 жол): | 300 | (123.633.489) | 339.723.399 |
негізгі ұйымның меншік иелері | (123.633.489) | 339.723.399 | |
Бақыланбайтын меншік иелерінің үлесі | – | – | |
Өзге де жиынтық пайда, барлығы (жолдардың сомасы 410 – 420 аралығында): | 400 | (1.564.423) | 125.738.067 |
оның ішінде: | |||
Негізгі құралдарды қайта бағалау | 410 | – | – |
Сату үшін қолдағы бар қаржы активтерін қайта бағалау | 411 | (1.564.423) | (21.109.951) |
Үлестік қатысу әдісі бойынша есепке алынатын қауымдасқан ұйымдар мен бірлескен қызметтің өзге де жиынтық пайдасындағы (шығынындағы) үлесі | 412 | – | – |
Зейнетақы міндеттемелері бойынша актуарлық пайда (шығын) | 413 | – | – |
Еншілес ұйымдардың мерзімі кейінге қалдырылған салығына табыс салығы ставкасын өзгерту тиімділігі | 414 | – | – |
Ақша ағындарын хеджирлеу | 415 | – | – |
Жол коды | Есепті кезең үшін | Өткен жыл үшін | |
Шетелдік ұйымдарға инвестициялар бойынша бағамдық айырма | 416 | – | – |
Шетелдік операцияларға таза инвестицияларды хеджирлеу | 417 | – | – |
Шетелдік ұйымдарға инвестициялар бойынша бағамдық айырма | 418 | – | – |
Шетелдік операцияларға таза инвестицияларды хеджирлеу | 419 | – | – |
Өзге де жиынтық пайданың өзге де құрауыштары | 420 | – | – |
Пайда (шығын) құрамында кері сыныптау кезіндегі түзету | 500 | – | 146.848.018 |
Өзге де жиынтық пайда құрауыштарының салықтық тиімділігі | – | – | |
Жалпы жиынтық пайда (300 жол + 400 жол) | (125.197.912) | 465.461.466 | |
Мыналарға тиесілі жалпы жиынтық пайда: | |||
негізгі ұйымның меншік иелері | (125.197.912) | 465.461.466 | |
бақыламайтын меншік иелерінің үлесі | – | – | |
Акцияға арналған пайда: | 600 | ||
оның ішінде: | |||
Акцияға арналған базалық пайда: | – | – | |
жалғасатын қызметтен | (35,51) | 97,59 | |
тоқтатылған қызметтен | – | – | |
Акцияға арналған ажыратылған пайда: | |||
жалғасатын қызметтен | (35,51) | 97,59 | |
тоқтатылған қызметтен | – | – |
Қаржы директоры – Басқарма мүшесі _____________________________
Нұрлан Рахметов
Бас бухгалтер _____________________________ Алмаз Әбдірахманова
АҚША ҚАРАЖАТЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ ТУРАЛЫ ЖЕКЕ ЕСЕП (жанама әдіс)
2013 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл үшін
№ 3 нысан
Көрсеткіштердің атауы | Жол коды | Есепті кезең үшін | Өткен жыл үшін |
1. Операциялық қызметтен түскен ақша қаражатының қозғалысы | |||
Салық салғанға дейінгі пайда (шығын) | 10 | (119.502.178) | 350.212.269 |
Негізгі қаражат пен материалдық емес активтердің амортизациясы мен құнсыздануы | 11 | 308.271 | 284.615 |
Гудвилдың құнсыздануы | 12 | – | – |
Сауда және өзге дебиторлық берешектің құнсыздануы | 13 | 469.198 | (279.376.713) |
Сатуға арналған шығындарды шегере отырып, әділ құнына дейін сатуға арналған активтердің (немесе кететін топтың) құнын есептен шығару | 14 | – | – |
Негізгі қаражатты шегеруден түскен шығын (пайда) | 15 | – | – |
Инвестициялық мүліктен түскен шығын (пайда) | 16 | – | – |
Қарызды алдын ала өтеуден түскен шығын (пайда) | 17 | – | – |
Пайда мен шығын туралы есеп арқылы түзетумен әділ құны бойынша көрсетілетін өзге қаржы активтерінен түскен шығын (пайда) | 18 | – | 146.848.018 |
Қаржыландыру бойынша шығыстар (кірістер) | 19 | (42.527.190) | (58.666.745) |
Қызметкерлерге сыйақылар | 20 | – | – |
Үлес құралдарымен сыйақылар бойынша шығыстар | 21 | – | – |
Кейінге қалдырылған салықтар бойынша кірістер (шығыстар) | 22 | – | – |
Іске асырылмаған оң (теріс) бағамдық айырма | 23 | (808.000) | 295.000 |
Үлестік қатысу әдісі бойынша ескерілетін қауымдасқан ұйымдар мен бірлескен қызметтің пайдада ұйымдастыру үлесі | 24 | – | – |
Жалпы жиынтық пайданың (шығындың) өзге ақшалай емес операциялық түзетулері | 25 | 220.203.909 | 138.567.870 |
Жалпы жиынтық пайданы (шығынды) түзету жиыны, барлығы (+/- 011 жолдан 025 жолды қоса алғанда) | 30 | 177.646.188 | (52.047.955) |
Қордағы өзгерістер | 31 | (16.645) | 33.228 |
Резервтің өзгерістері | 32 | – | – |
Сауда және өзге дебиторлық берешектегі өзгерістер | 33 | (196.789.355) | (485.997.889) |
Сауда және өзге кредиторлық берешектегі өзгерістер | 34 | (11.418.459) | 117.471.137 |
Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектегі өзгерістер | 35 | – | – |
Өзге де қысқа мерзімді міндеттемелердегі өзгерістер | 36 | – | – |
Операциялық активтер мен міндеттемелердің қозғалысы жиыны, барлығы (+/- 031 жолдан 036 жолды қоса алғанда) | 40 | (208.224.459) | (368.493.524) |
Төленген сыйақылар | 41 | 31.962.565 | 50.687.069 |
Төленген табыс салығы | 42 | (11.066.000) | (10.826.000) |
Операциялық қызметтен түскен ақша қаражатының таза сомасы (010 жол +/- 030 жол +/- 040 жол +/- 041 жол +/- 042 жол) | 100 | (129.183.884) | (30.468.141) |
2. Инвестициялық қызметтен түскен ақша қаражатының қозғалысы | 200 | (477.515.460) | 24.581.461 |
3. Қаржы қызметінен түскен ақша қаражатының қозғалысы | 300 | 277.234.907 | (13.043.000) |
4. Валюта айырбастау бағамының теңгеге әсері | 400 | – | – |
5. Ақша қаражатының артуы +/- азаюы (100 жол +/- 200 жол +/- 300 жол) | 500 | (329.464.437) | (18.929.680) |
6. Есепті кезеңнің басына ақша қаражаты мен олардың баламалары | 600 | 432.972.481 | 451.902.161 |
7. Есепті кезеңнің аяғындағы ақша қаражаты мен олардың баламалары | 700 | 103.508.044 | 432.972.481 |
Қаржы директоры – Басқарма мүшесі _____________________________
Нұрлан Рахметов
Бас бухгалтер _____________________________ Алмаз Әбдірахманова
КАПИТАЛДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР ТУРАЛЫ ЖЕКЕ ЕСЕП
2013 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл үшін
№ 4 нысан
Көрсеткіштердің атауы | Жол коды | Негізгі ұйымның капиталы | Бақыламайтын меншік иелерінің үлесі | Капитал жиыны | ||||
Жарғылық (акционерлік) капитал | Эмиссиялық кіріс | Сатып алынған, меншік үлестік құралдар | Резервтер | Бөлінбеген пайда | ||||
Алдыңғы жылдың 1 қаңтарына арналған сальдо | 010 | 4.050.382.510 | – | – | (126.333.153) | (1.116.292.348) | – | 2.807.757.009 |
Есеп саясатындағы өзгеріс | 011 | – | – | – | – | – | – | - |
Қайта есептелген сальдо (010 жол +/- 011 жол) | 100 | 4.050.382.510 | – | – | (126.333.153) | (1.116.292.348) | – | 2.807.757.009 |
Жалпы жиынтық пайда, барлығы (210 жол + 220 жол): | 200 | - | - | - | 125.738.066 | 339.723.399 | - | 465.461.465 |
Бір жылдағы пайда (шығын) | 210 | - | - | - | - | 339.723.399 | - | 339.723.399 |
Өзге жиынтық пайда, барлығы (221 жолмен 229 жолды қоса алғанда сомасы): | 220 | - | - | - | 125.738.066 | - | - | 125.738.066 |
оның ішінде: | ||||||||
Негізгі қаражатты (салық тиімділігін шегере отырып) қайта бағалаудан түсетін өсім | 221 | – | – | – | – | – | – | – |
Негізгі қаражатты (салық тиімділігін шегере отырып) қайта бағалаудан амортизацияны аудару | 222 | – | – | – | – | – | – | – |
Сатуға арналған қолдағы қаржы активтерін (салық тиімділігін шегере отырып) қайта бағалау | 223 | - | - | - | 125.738.066 | - | - | 125.738.066 |
Үлестік қатысу әдісі бойынша ескерілетін қауымдасқан ұйымдар мен бірлескен қызметтің өзге де жиынтық пайдадағы (шығындағы) үлесі | 224 | – | – | – | - | – | – | – |
Зейнетақы міндеттемелері бойынша актуарлық пайда (шығын) | 225 | – | – | – | - | – | – | – |
Еншілес ұйымдардың мерзімі кейінге қалдырылған салығына арналған табыс салығының ставкасындағы өзгерістердің тиімділігі | 226 | – | – | – | – | – | – | – |
Ақша ағындарын (салық тиімділігін шегере отырып) хеджирлеу | 227 | – | – | – | – | – | – | – |
Шетел ұйымдарына инвестициялар бойынша бағамдық айырма | 228 | – | – | – | – | – | – | – |
Көрсеткіштердің атауы | Жол коды | Негізгі ұйымның капиталы | Бақыламайтын меншік иелерінің үлесі | Капитал жиыны | ||||
Жарғылық (акционерлік) капитал | Эмиссиялық кіріс | Сатып алынған, меншік үлестік құралдар | Резервтер | Бөлінбеген пайда | ||||
Шетел операцияларына таза инвестицияларды хеджирлеу | 229 | – | – | – | – | – | – | – |
Меншік иелерімен операциялар, барлығы (310 жолмен 318 жолды қоса алғанда сомасы): | 300 | 358.931.145 | – | – | – | 218.580.533 | – | 577.511.678 |
оның ішінде: | ||||||||
Қызметкерлерге акциялармен сыйақы беру | 310 | – | – | – | – | – | – | – |
оның ішінде: | ||||||||
қызметкерлердің көрсететін қызметтерінің құны | – | – | – | – | – | – | – | |
қызметкерлерге акциялармен сыйақы беру схемалары бойынша акциялар шығару | – | – | – | – | – | – | – | |
қызметкерлерге акциялармен сыйақы беру схемасына қатысты салықтық пайда | – | – | – | – | – | – | – | |
Меншік иелерінің жарналары | 311 | 358.931.145 | – | – | – | – | – | 358.931.145 |
Жеке меншік үлес құралдарын (акцияларын) шығару | 312 | – | – | – | – | – | – | – |
Бизнесті біріктіруге байланысты үлес құралдарын шығару | 313 | – | – | – | – | – | – | – |
Айырбасталатын құралдардың үлестік құрамы (салық тиімділігін шығара отырып) | 314 | – | – | – | – | – | – | – |
Дивидендтерді төлеу | 315 | - | - | - | - | (168.189.977) | - | (168.189.977) |
Меншік иелерінің пайдасына өзге де бөлулер | 316 | - | - | - | - | (9.126.447) | - | (9.126.447) |
Меншік иелерімен өзге де операциялар | 317 | - | - | - | - | 395.896.957 | ? | 395.896.957 |
Бақылауды жоғалтуға әкеп соқпайтын еншілес ұйымдарда қатысу үлесіне өзгерістер | 318 | – | – | – | – | – | – | – |
Есепті жылдың 1 қаңтарына арналған сальдо (100 жол + 200 жол + 300 жол) | 400 | 4.409.313.655 | - | - | (595.087) | (557.988.416) | - | 3.850.730.152 |
Есеп саясатындағы өзгеріс | 401 | – | – | – | – | – | – | - |
Көрсеткіштердің атауы | Жол коды | Негізгі ұйымның капиталы | Бақыламайтын меншік иелерінің үлесі | Капитал жиыны | ||||
Жарғылық (акционерлік) капитал | Эмиссиялық кіріс | Сатып алынған, меншік үлестік құралдар | Резервтер | Бөлінбеген пайда | ||||
Қайта есептелген сальдо (400 жол +/- 401 жол) | 500 | 4.409.313.655 | - | - | (595.087) | (557.988.416) | - | 3.850.730.152 |
Жалпы жиынтық пайда, барлығы (610 жол + 620 жол): | 600 | - | - | - | (1.564.423) | (123.633.489) | - | (125.197.912) |
Бір жылғы пайда (шығын) | 610 | - | - | - | - | (123.633.489) | - | (123.633.489) |
Өзге жиынтық пайда, барлығы (621 жолмен 629 жолды қоса алғанда сомасы): | 620 | - | - | - | (1.564.423) | - | - | (1.564.423) |
оның ішінде: | ||||||||
Негізгі қаражатты (салық тиімділігін шегере отырып) қайта бағалағандағы өсім | 621 | - | - | - | - | - | - | - |
Негізгі қаражатты (салық тиімділігін шегере отырып) қайта бағалағандағы амортизацияны аудару | 622 | - | - | - | - | - | - | - |
Сатуға арналған қолдағы қаржы активтерін (салық тиімділігін шегере отырып) қайта бағалау | 623 | - | - | - | (1.564.423) | - | - | (1.564.423) |
Үлестік қатысу әдісі бойынша ескерілетін қауымдасқан ұйымдар мен бірлескен қызметтің өзге де жиынтық пайдадағы (шығындағы) үлесі | 624 | – | – | – | – | – | – | – |
Зейнетақы міндеттемелері бойынша актуарлық пайда (шығын) | 625 | – | – | – | – | – | – | – |
Еншілес компаниялардың мерзімі кейінге қалдырылған салығына арналған табыс салығының ставкасындағы өзгерістердің тиімділігі | 626 | – | – | – | – | – | – | – |
Көрсеткіштердің атауы | Жол коды | Негізгі ұйымның капиталы | Бақыламайтын меншік иелерінің үлесі | Капитал жиыны | ||||
Жарғылық (акционерлік) капитал | Эмиссиялық кіріс | Сатып алынған, меншік үлестік құралдар | Резервтер | Бөлінбеген пайда | ||||
Ақша ағындарын (салық тиімділігін шегере отырып) хеджирлеу | 627 | – | – | – | – | – | – | – |
Шетел ұйымдарына инвестициялар бойынша бағамдық айырма | 628 | – | – | – | – | – | – | – |
Шетел операцияларына таза инвестицияларды хеджирлеу | 629 | – | – | – | – | – | – | – |
Меншік иелерімен операциялар, барлығы (710 жолмен 718 жолды қоса алғанда сомасы) | 700 | 75.361.779 | – | – | – | (290.322.957) | – | (214.961.178) |
оның ішінде: | – | – | – | – | – | – | – | |
Қызметкерлерге акциялармен сыйақы беру | 710 | |||||||
оның ішінде: | – | – | – | – | – | – | – | |
қызметкерлердің көрсететін қызметтерінің құны | – | – | – | – | – | – | – | |
қызметкерлерге акциялармен сыйақы беру схемалары бойынша акциялар шығару | – | – | – | – | – | – | – | |
қызметкерлерге акциялармен сыйақы беру схемасына қатысты салықтық пайда | 75.361.779 | – | – | – | – | – | 75.361.779 | |
Меншік иелерінің жарналары | 711 | – | – | – | – | – | – | – |
Жеке меншік үлес құралдарын (акцияларын) шығару | 712 | – | – | – | – | – | – | – |
Бизнесті біріктіруге байланысты үлес құралдарын шығару | 713 | – | – | – | – | – | – | – |
Айырбасталатын құралдардың үлестік құрамы (салық тиімділігін шығара отырып) | 714 | - | - | - | - | (9.077.418) | – | (9.077.418) |
Дивидендтерді төлеу | 715 | - | - | - | - | (119.933.360) | – | (119.933.360) |
Меншік иелерінің пайдасына өзге де бөлулер | 716 | - | - | - | - | (161.312.179) | – | (161.312.179) |
Көрсеткіштердің атауы | Жол коды | Негізгі ұйымның капиталы | Бақыламайтын меншік иелерінің үлесі | Капитал жиыны | ||||
Жарғылық (акционерлік) капитал | Эмиссиялық кіріс | Сатып алынған, меншік үлестік құралдар | Резервтер | Бөлінбеген пайда | ||||
Бақылауды жоғалтуға әкеп соқпайтын еншілес ұйымдарда қатысу үлесіне өзгерістер | 718 | - | - | - | - | - | - | - |
Есепті жылдың 31 желтоқсанына арналған сальдоя (500 жол + 600 жол + 700 жол) | 800 | 4.484.675.434 | - | - | (2.159.510) | (971.944.862) | - | 3.510.571.062 |
Қаржы директоры – Басқарма мүшесі _____________________________
Нұрлан Рахметов
Бас бухгалтер _____________________________ Алмаз Әбдірахманова
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІҢ ЖЕКЕ НЫСАНДАРЫНА ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
2013 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл үшін
1. ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл ауқат қоры" АҚ (бұдан әрі мәтін бойынша "Қор" немесе "Самұрық-Қазына") Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына сәйкес құрылды. Құрылу "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы ("Қазына") мен "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамын ("Самұрық") біріктіру және Мемлекеттік қорға Қазақстан Республикасы Үкіметіне ("Мемлекет" немесе "Үкімет") тиесілі кейбір кәсіпорындардағы өз меншік құқығын қосымша беру жолымен жүзеге асырылды. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті білдіретін Үкімет Қордың жалғыз акционері (бұдан әрі мәтін бойынша "Акционер").
Үкіметтің "Қазына" мен "Самұрықты" қосуының негізгі мақсаты Үкіметтің тиісті бағдарламаларында және компаниялардың даму жоспарларында белгіленген осы компаниялардың стратегиялық міндеттерді табысты орындауы мақсатында олардың менеджменті тиімділігін арттыру және ұйымдық құрылымын оңтайландыру болып табылады.
Қордың қызметі 2012 жылғы 1 ақпанға дейін "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 13 ақпандағы №134-4 Заңымен реттелді және ел экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге жәрдемдесуге; экономиканы жаңғыртуға және әртараптандыруға; Топ компаниялары қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталды. 2012 жылғы 1 ақпанда "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 1 ақпандағы № 550-IV Заңы қабылданды, оған сәйкес Қордың қызметі Қордың тобына кіретін ұйымдардың ұзақ мерзімді құнын (құндылығын) ұлғайту және Қордың тобына кіретін активтерді тиімді басқару арқылы Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын арттыруға бағытталды.
Қор 5.4-ескертпеде санамаланған бірқатар мемлекеттік кәсіпорындарды біріктіретін холдинг болып табылады.
Қордың әкімшілік мекенжайыі Қазақстан Республикасы Астана қаласы, Қонаев көшесі 8.
Осы жеке қаржылық есептілікті шығаруға 2014 жылғы 25 сәуірде Қордың Басқарушы директоры - Басқарма мүшесі мен Бас бухгалтері бекітті.
Тұрақтандыру жоспары
Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында елдің экономикасы мен қаржы жүйесін тұрақтандыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085 қаулысымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономикасы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары (бұдан әрі мәтін бойынша "Тұрақтандыру жоспары") бекітілді. Тұрақтандыру жоспары мынадай мақсаттарға бағытталған бірқатар іс-шараларды көздейді:
* Қаржы секторын тұрақтандыру
* Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу
* Шағын және орта бизнесті қолдау
* Агро өнеркәсіптік кешенді дамыту
* Инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру
Қор Үкіметтен Тұрақтандыру жоспарын іске асыру жөніндегі негізгі оператор болып түседі.
Даму институттары мен өзге де еншілес ұйымдарды беру
"Қазақстан Республикасының 2012 жыл ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және "Қазақстан-2050" стртатегиясын іске асыру жөніндегі міндеттер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен кеңестің 2013 жылғы 23 қаңтардағы №01-7.1 хаттамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметіне даму институттары мен қаржы ұйымдарын ("Қазақстан Даму банкі" АҚ, "Kazyna Capital Management" АҚ, "КазЭкспортГарант" Экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы" АҚ, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ, "Қазақстан инвестициялық қоры" АҚ") 100% акцияларының иесі Үкімет болатын жаңа құрылған ұйымға беруді жүзеге асыру, және "СҚ-Фармация" ЖШС Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарауына беру тапсырылды.
2013 жылғы сәуірде Қор даму институттары мен қаржы ұйымдарының акциялар пакеттерін толық бақылауы құқығымен сенімгерлікпен басқару шарттарына сәйкес еншілес ұйымдардың акциялар пакеттері мынадай мемлекеттік мекемелерге: Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіне – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне – "Қазақстан Даму банкі" АҚ, "Kazyna Capital Management" АҚ, "КазЭкспортГарант" Экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы" АҚ, "Қазақстан инвестициялық қоры" АҚ", Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне – "СҚ-Фармация" ЖШС берілді. 2013 жылғы мамырда мемлекеттік мекемелермен жасалған жоғарыда көрсетілген сенімгерлікпен басқару шарттарының күші жойылды және айырбас шартының негізінде Қор даму институттары мен қаржы ұйымдарының акцияларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің меншігіне берді, ол кейіннен "Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 қаулысына (бұдан әрі – "Үкіметтің қаулысы") сәйкес құрылған "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ берді.
2013 жылғы шілдеде Үкіметтің қаулысын орындау үшін Қор және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті айырбас шартына қол қойды, оған сәйкес жоғарыда аталған барлық еншілес ұйымдардағы және "Қазгеология" ұлттық геологиялық-барлау компаниясы" Ақ акциялар пакеттері мен қатысу үлестеріне меншік құқығы Үкіметтің қаулысында көрсетілген тізбеге сәйкес республикалық мүлікке айырбасқа республикалық меншікке беріледі. Жоғарыда айтылғандай, осы еншілес ұйымдарға тиімді бақылау жасау бастапқыда белгілі бір мемлекетитік ұйымдарға және кейіннен сенімгерлікпен басқару шарттарының негізінде "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ берілді.
"БТА Банк" АҚ міндеттемелерін қайта құрылымдау
2012 жылғы желтоқсанда "БТА Банк" АҚ (бұдан әрі "БТА") міндеттемелерін екінші рет қайта құрылымдау жүзеге асырылды. Қайта құрылымдау жоспарының шеңберінде Қор Банкті қайта құрылымдауды қолдауға бағытталған бірқатар шаралар қабылдады, атап айтқанда:
Акциялар сатып алу
2012 жылғы 21 желтоқсанда осы банктегі депозитке және ағымдағы шотқа орналастырылған қаражатты ішінара алу есебінен Қор 176.376 миллион теңге сомасына "БТА Банк" АҚ қосымша шығарылған жай акцияларын сатып алды. Қор сатып алу нәтижесінде БТА Банктегі өзінің иелену үлесін 81,48%-дан 97,28% дейін ұлғайтты. Бұдан басқа, жоғарыда аталған депозит бойынша 2012 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ондағы қаражаттың қалдығы 89.894 миллион теңгені құрады, пайыздық ставка 11%-дан 7% дейін азайды.
Қарыз беру
2012 жылғы 19 желтоқсанда Қор "БТА Банк" АҚ-қа 2024 жылға дейін өтеу мерзімімен және 4% сыйақы ставкасымен 239.771 миллион теңге мөлшерінде қарыз берді. Қарызды қаржыландыру жалпы сомасы 143.196 миллион теңгеге облигациялар шығару есебінен және Қордың 96.575 миллион теңге мөлшеріндегі қолда бар қаражаты есебінен жүзеге асырылды (5.3-ескертпе).
Облигациялар шығару шарттарын қайта қарау
Қордың бұрын шығарылған "БТА Банк" АҚ сатып алған облигациялары бойынша проспекттегі өзгерістерге сәйкес купонның ставкасы 4%-дан 6 % дейін ұлғайды (5.5-ескертпе).
Кепілдік шарттарын қайта қарау
2012 жылғы 20 желтоқсанда Қор "БТА Банк" АҚ кредиторларға берген кепілдік үшін комиссия мөлшерін қайта қарады. Қайта қаралған шарттарға сәйкес комиссияның мөлшері 2012 жылғы 1 қыркүйектен бастап жылдық 2,0%-дан 0,125% дейін азайды.
БТА акцияларын жоспарланып отырған сату
2013 жылғы желтоқсанда және 2014 жылғы қаңтарда Қор "Қазкоммерцбанк" АҚ-мен (бұдан әрі "ҚКБ") және Кеңес Хамитұлы Рақышев мырзамен қол қойған бірқатар құжаттарға сәйкес, БТА мен ҚКБ одан әрі бірыңғай банкке біріктіру мақсатында ҚКБ және Рақышев мырза БТА акцияларын әрқайсысы 46,5% сатып алады. БТА-дағы Қордың қалған 4,26% мөлшердегі үлесі ҚКБ сенімгерлікпен басқаруға беріледі, нәтижесінде ҚКБ олар біріктірілгенге дейін БТА бақылау акциялар пакетін басқарады.
БТА меншікті капиталының 0,5 ретінде анықталған мәміле бойынша өтеу 2013 жылғы 30 қыркүйекте 144.150 миллион теңгені құрады, оның ішінен 69.750 миллион теңге мәміле аяқталғанға дейін, ал 74.400 миллион теңге мәміле жабылғаннан кейін 3 (үш) жылдың ішінде төленетін болады. Кейінге қалдырылған төлемдерді дисконттауды ескергенде өтеудің әділ құны 132.088 миллион теңгені құрады. Төлемнің бірінші бөлігін төлеу ақша қаражатымен, сондай-ақ Рақышев мырзаның тарапынан "Шалқия Мырыш" АҚ 100% акциялар пакетінмен төленеді. Тараптардың тиісті корпоративтік басқару органдарының және мемлекеттік реттеуші органдардың рұқсаттарын алуды, сондай-ақ ҚКБ-ға меншікті капиталының 10% астамына инвестицияларды жүзеге асыруға рұқсат беретін Қазақстан Республикасының қолданыстағы банк заңнамасына өзгерістер енгізуді қамтитын бірқатар шарттарды тараптар орындағанға дейін мәміле аяқталған болып саналмайды. Оған қосымша ретінде тараптар БТА проблемалық активтерін қайтару бойынша өзара іс-қимыл туралы уағдаласты. Мәмілені аяқтау 2014 жылдың екінші тоқсанына жоспарланып отыр.
Жоғарыда баяндалғандарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкі Өзара түсіністік туралы меморандумға сәйкес кейбір қуырт жағдайларды шешу үшін тараптарға жәрдем көрсететіндігін назарға ала отырып, БТА-дағы инвестициялар Қордың осы жеке қаржылық есептілігінде ҚЕХС 5 талаптарына сәйкес сату үшін арналған актив ретінде жіктелді.
Жоспарланып отырған "Темірбанк" АҚ және "Альянс Банк" АҚ акцияларын сату
2013 жылғы желтоқсанда "Темірбанк" АҚ (бұдан әрі "Темірбанк") пен "Альянс Банк" АҚ-ны (бұдан әрі "Альянс Банк") кейіннен бір банкке біріктіру мақсатында Қор мен Болат Жәмитұлы Өтемұратов мырзаның арасында Темірбанк акцияларының 79,88%-ын және Альянс Банк жай және артықшылық берілген акцияларының 16%-ын Қордың сатуы туралы келісімге қол қойылды. Бұл мәміле қажетті корпоративтік шешімдер қабылдауды, Қазақстан Республикасының ағымдағы банк заңнамасына банктерді қайта ұйымдастыру рәсімін нақтылайтын өзгерістер енгізуді, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және басқа да мемлекеттік органдардың рұқсаттарын алуды қамтитын бірқатар кейінге қалдыралытан жағдайларға байланысты. Басшылық Темірбанктің жай акцияларының қолда бар барлық пакеті инвестицияларды банктерге сату мәмілілері үшін тән болатын әдеттегі және жалпы қабылданған жағдайларда ғана оның қазіргі жай-күйінде жедел сату үшін қолда тұрғандығын секере отырып, осы мәмілелерді аяқтау ықтималдылығын жоғары ретінде бағалайды. Альянс Банктегі инвестициялар 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша сату үшін арналған актив ретінде жіктеуге қатысты ҚЕХС 5 талаптарына жауап бермейді, өйткені акциялардың бақылау пакеті (жай және артықшылық берілген акциялардың 51%-ы) әзірше Қордың иелігінде қалады. Темірбанктің акциялары үшін күтілетін өтемақының әділ құны Қордың осы еншілес ұйымдағы ағымдағы теңгерімдік құнынан асады.
2. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІ ДАЙЫНДАУ НЕГІЗІ
Осы жеке қаржылық есептіліктің нысандары (бұдан әрі "жеке қаржылық есептілік") осы жеке қаржылық есептілікке есеп саясатында және түсіндірме жазбада сипатталған жағдайларды қоспағанда, бастапқы құн бойынша бағалау қағидаты негізінде дайындалды. Қор бухгалтерлік есептілікті теңгемен (бұдан әрі " теңге") жүргізеді. Арнайы шарттасқан жағдайларды қоспағанда, осы жеке қаржылық есептіліктегі барлық мәндер миллионға дейін дөңгелектелген.
Осы жеке қаржылық есептілік Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес дайындалды.
Осы жеке қаржылық есептілік 2013 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл үшін шоғырландырылған қаржылық есептілікке қосымша ретінде дайындалды. Шоғырландырылған қаржылық есептілікті шығаруға
2014 жылғы 25 сәуірде Қордың Қаржы директоры - Басқарма мүшесі мен Бас бухгалтері бекітті.
Сәйкестігі туралы мәлімдеме
Қордың осы жеке қаржылық есептілігі Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары жөніндегі кеңес ("ҚЕХС жөніндегі кеңес") бекіткен Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына ("ҚЕХС") сәйкес дайындалды.
Жеке қаржылық есептілікті ҚЕХС-қа сәйкес дайындау маңызды бухгалтерлік бағалауды талап етеді. Жоғары күрделілік деңгейі мен жол берулерді қолдануды қамтитын қолданылу саласы, сондай-ақ бағалау мен жол берулерді қолдану шоғырландырылған қаржылық есептілік үшін елеулі болып табылатын салалар 4-ескертпеде ашылған.
Шетелдік валютаны қайта есептеу
Функционалдық валюта және ұсыну валютасы
Осы жеке қаржылық есептілік функционалдық валюта және Қордың есептілігін ұсыну валютасы болып табылатын теңгемен ұсынылды.
Операциялар және шоттар сальдосы
Шетелдік валютадағы операциялар операциялар жүзеге асырылған күнгі валюта бағамы бойынша функционалдық валютаға қайта есептеледі. Шетелдік валютада берілген монетарлық активтер мен міндеттемелер есепті күні қолданылатын функционалдық валютаның ресми нарықтық бағамы бойынша қайта есептеледі. Барлық бағамдық айырмалар жиынтық кіріс туралы жеке есепке қосылады. Тарихи құнның негізінде шетелдік валютада бағаланатын монетарлық емес баптар бастапқы мәмілелер жасалған күні қолданыста болған бағамдар бойынша қайта есептеледі. Әділ құн бойынша шетелдік валютада бағаланатын монетарлық емес баптар әділ құн белгіленген күні қолданыста болған бағамдар бойынша қайта есептеледі.
Валюта айырбастау бағамдары
Қазақстандық қор биржасы ("ҚҚБ") белгілеген валюта айырбастаудың орташа салмақталған бағамдары Қазақстанда шетелдік валютаны айырбастаудың ресми айырбастау бағамдары ретінде пайдаланылады.
2013 және 2012 жылдардағы 31 желтоқсанда теңгенің АҚШ долларына ҚҚБ айырбастау бағамы тиісінше
1 долларға 154,06 және 150,74 теңгені құрады. Бұл бағамдар 2013 жылғы және 2012 жылғы 31 желтоқсанда АҚШ долларымен берілген монетарлық активтер мен міндеттемелерді қайта есептеу үшін пайдаланылды.
2014 жылғы 25 сәуірде ҚҚБ айырбастау бағамы 1 АҚШ доллары үшін 182,01 теңге болды.
3. ЕСЕП САЯСАТЫНЫҢ ЕЛЕУЛІ АСПЕКТІЛЕРІНЕ ШОЛУ
Есеп саясатындағы және ақпаратты ашу қағидаттарындағы өзгерістер
Төменде көрсетілген жаңа және қайта қаралып, 2012 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген Стандарттарды қоспағанда, осы жеке қаржылық есептілікті дайындау кезінде қолданылатын есеп саясаты 2012 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл ішіндегі жылдық қаржылық есептілікті дайындау кезінде пайдаланылғанға сәйкес келеді.
ҚЕХС 10 "Шоғырландырылған қаржылық есептілік", БЕХС 27 "Жеке қаржылық есептілік"
ҚЕХС 10 арнайы мақсаттағы компанияларды қоса алғанда, барлық компанияларға қатысты қолданылатын бірыңғай бақылау моделін көздейді. ҚЕХС 10 БЕХС 27 "Шоғырландырылған және жеке қаржылық есептіліктің" шоғырландырылған қаржылық есептілікке қойылатын талаптары қамтылатын бөлігін алмастырады. Стандарт сондай-ақ "Шоғырландыру – арнайы мақсаттағы компаниялар" ПКИ-12 Интерпретациясында қарастырылған мәселелер жөніндегі нұсқауды да қамтиды. ҚЕХС 10 "бақылау" айқындамасын мынадай түрде өзгертеді, инвестор инвестициядан болатын ауыспалы беруге құқығы болса немесе оны өзгертумен байланысты тәуекелге ұшырағыш болса ол инвестициялар объектісін бақылайды және инвестициялар объектісіне қатысты өз өкілеттіктері салдарынан осы беруге ықпал етуі мүмкін. ҚЕХС 10-дағы бақылау анықтамасына сәйкес инвестор инвестициялар объектісін егер мынадай шарттар орындалған жағдайда ғана бақылайды: (а) инвесторда инвестициялар объектісіне қатысты өкілеттіктер болғанда; (б) инвесторда инвестициядан болатын ауыспалы беруге құқығы болғанда немесе оны өзгертумен байланысты тәуекелге ұшырағыш болғанда; (в) инвесторда инвестициядан болатын ауыспалы беруге ықпал ету мақсатында инвестициялар объектісіне қатысты өз өкілеттіктерін пайдалану мүмкіндіктері болғанда. ҚЕХС 10 Топтың жеке қаржылық есептілігіне елеулі әсер еткен жоқ.
ҚЕХС 11 "Бірлескен қызмет туралы келісім" және БЕХС 28 "Қауымдасқан компанияларға және бірлескен кәсіпорындарға салынатын инвестициялар"
ҚЕХС 11 БЕХС 31 "Бірлескен қызметке қатысу" және "Бірлесіп бақыланатын компаниялар – қатысушылардың монетарлық емес салымдары" ПКИ-13 Интерпретациясын ауыстырады. ҚЕХС 11 бірлесіп бақыланатын компанияларды теңбе-тең шоғырландыру әдісімен есепке алу мүмкіндігін жоққа шығарады. Оның орнына бірлескен кәсіпорындардың анықтамасын қанағаттандыратын бірлесіп бақыланатын компаниялар үлестік қатысу әдісі бойынша ескеріледі. ҚЕХС 11 Топтың қысқартылған жеке қаржылық есептілігіне елеулі әсер еткен жоқ.
ҚЕХС 12 "Басқа компанияларға қатысу үлестері туралы ақпаратты ашу"
ҚЕХС 12 компанияның еншілес компаниялардағы, бірлескен қызметтегі, қауымдасқан және құрылымдалған компаниялардағы қатысу үлестеріне жататын ақпаратты ашуға қойылатын талаптарды қамтиды. ҚЕХС 12 талаптары еншілес ұйымдардағы ақпаратты ашуға қатысты бұрын қолданылған талаптарға қарағанда неғұрлым кең болып табылады. ҚЕХС 12 Топтың қысқартылған жеке қаржылық есептілігіне елеулі әсер еткен жоқ.
ҚЕХС 13 "Әділ құнды бағалау"
ҚЕХС 13 бір стандартта ҚЕХС сәйкес әділ құнды бағалауға қатысты барлық нұсқауларды біріктіреді. ҚЕХС 13 компаниялар әділ құнды пайдалануға міндетті болғанда өзгерістер енгізбейді, ал ҚЕХС құрамындағы басқа стандарттар талап етілгенде немесе рұқсат етілгенде ҚЕХС сәйкес әділ құнды бағалауға қатысты нұсқауларды ұсынады. ҚЕХС 13 әділ құнды шығу бағасы ретінде айқындайды. ҚЕХС 13 шарттарына сәйкес Қор әділ құнды бағалауға қатысты, атап айтқанда, әділ құн ижөніндегі міндеттемелерді бағалау кезінде ескерілетін міндеттемелердің орындалмауы тәуекелоі сияқты бағалау үшін бастапқы деректер пайдаланылатын өз саясатын қайтадан талдаудан өткізді. ҚЕХС 13 қосымша ақпарат ашуды да талап етеді.
ҚЕХС 13 қолдану Қор айқындайтын әділ құнды бағалауға айтарлықтай әсер еткен жоқ. Ол қажет болатын жерде қосымша ақпарат олар үшін әділ құн анықталатын активтер мен міндеттемелер бойынша жеке ескертпелерде ашылады.
БЕХС 1 түзету "Өзге де жиынтық кірістің баптарын беру"
БЕХС 1–ге түзетулер өзге де жиынтық кірістің құрамында ұсынылатын баптардың топтамасын өзгертеді. Болашақтағы белгілі бір сәтте пайданың немесе шығынның құрамына қайта жіктелуі мүмкін баптар (мысалы, таза инвестицияларды хеджирлеуден түсетін таза кіріс, шетелдік бөлімшелердің есептілігін есептеу кезіндегі бағам айырмасы, ақша ағындарын хеджирлеудің таза өзгерісі және сату үшін қолда бар қаржы активтері бойынша таза шығыстар немесе кірістер), ешқашан қайта жіктелінбейтін баптардан (мысалы, белгіленген төлемдермен жоспарлар бойынша актуарлық кірістер мен шығыстар және жер мен ғимаратты қайта бағалау) бөлек ұсынылуға тиіс. Түзету жеке қаржылық есептілікке ақпарат беруге ғана әсер етеді және Қор қызметінің жеке қаржылық жағдайына немесе жеке қаржылық нәтижелеріне елеулі әсер етпейді.
БЕХС 1 түзету "Салыстырмалы ақпаратқа қатысты талаптарды түсіндіру"
БЕХС 1 түзету қосымша салыстырмалы ақпаратты ерікті түрде ашу мен қажетті салыстырмалы ақпараттың ең аз көлемі арасындағы айырманы түсіндіреді. Компания ерікті түрде бір салыстырмалы кезеңнің ішінде салыстырмалы ақпаратты деректердің ең аз көлемінен артық берген кезде ол салыстырмалы ақпаратты қаржылық есептіліктің тиісті ескертпесіне енгізуге тиіс. Түзету Компания есеп саясатын ретроперспективалы түрде қолданғанда, ретроперспективалық қайта есептеуді жүзеге асырғанда және қаржылық есептіліктің баптарын қайта сыныптаған жағдайларда ұсынылатын 2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бухгалтерлік кіріспе теңгерімге тиісті ескертпелердің беру талап етілмейтіндігін түсіндіреді. Түзету жеке қаржылық есептілікке ақпарат беруге ғана әсер етеді және қор қызметінің жеке қаржылық жағдайына немесе жеке қаржылық нәтижелеріне елеулі әсер етпейді.
БЕХС 19-ға түзетулер "Қызметкерлерге сыйақы беру"(2011 жылғы редакцияда)
ҚЕХС жөніндегі кеңес БЕХС 19-ға бірнеше түзетулер жариялады. Олар іргелі өзгерістерден (мысалы, дәліз тетігін және жоспар активтерінің күтілетін кірістілігі түсінігін шығару) тұжырымдаманың қарапайым түсіндірмелеріне және өзгерістеріне дейін құбылып отырады. БЕХС 19-ға өзгерістер Қордың жеке қаржылық есептілігіне әсер еткен жоқ.
БЕХС 16-ға түзетулер "Активтердің құнсыздануы" - "Қаржылық емес активтер үшін өтелетін құн туралы ақпаратты ашу"
Осы түзетулер ҚЕХС 13 күшіне енуіне байланысты БЕХС 36 сәйкес ақпаратты ашу үшін қажетсіз салдарларды жояды. Бұдан басқа, осы түзетулер олар бойынша есепті кезеңнің ішінде құнсызданудан болатын шығын мойындалған немесе қалпына келтірілген активтердің немесе ПГДП өтелетін құны туралы ақпаратты ашуды талап етеді. Аталған түзетулер 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап немесе осы күннен кейін басталатын жылдық есепті кезеңдерге қатысты ретроперспективалы түрде қолданылады, бұл ретте ҚЕХС 13 қолданылдған жағдайда иерзімінен бұрын қолдануға жол беріледі. Қор ағымдағы есепті кезеңде БЕХС 36-ға осы түзетулерді мерзімінен бұрын қолданды, өйткені өзгертілген/қосымша ақпаратты ашу ҚЕХС жөніндегі Кеңес алдын ала болжағандай, пайдалы болып табылады.
Қор шығарылып қойған, алайда Қордың жеке қаржылық есептілігі шығарылған күнінде әлі күшіне енбеген қандай да бір басқа стандарттарды немесе түзетулерді қолданған жоқ.
Шығарылған, бірақ әлі күшіне енбеген стандарттар мен интерпретациялар
Төменде шығарылып қойған, бірақ Қордың жеке қаржылық есептілігі шығарылған күнінде әлі күшіне енбеген стандарттар мен интерпретациялар келтіріледі. Қор осы стандарттарды олар күшіне енген күнінен бастап қолдануға ниеттенеді.
ҚЕХС (IFRS) 9 "Қаржы құралдары: жіктеу және бағалау"
ҚЕХС жөніндегі кеңестің БЕХС 39 ауыстыру жөніндегі жобасының бірінші кезеңінің нәтижелері бойынша шығарылған ҚЕХС (IFRS) 9 БЕХС (IAS) 39 белгіленгендей, қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелерді жіктеуге қатысты қолданылады. Бастапқыда стандарт 2013 жылғы 1 қаңтардан кейін немесе осы күннен кейін басталатын жылдық есептік кезеңдер үшін күшіне енеді деп болжанған, бірақ 2011 жылғы желтоқсанда жарияланған ҚЕХС (IFRS) 9 "ҚЕХС (IFRS) 9 міндетті қолдану күні және ақпаратты ашуға қолданылатын өтпелі талаптар" түзету шығару нәтижесінде міндетті қолдану күні 2015 жылғы 1 қаңтарға ауыстырылды. Кейінгі кезеңдердің барысында ҚЕХС кеңесі хеджирлеу есебі мен қаржы активтерінің құнсыздануын қарайды. ҚЕХС 9 бірінші кезеңін қолдану қаржы активтері мен қаржы міндеттемелерін жіктеуге әсер етеді, бұл ретте басшылық Қордың қаржылық есептілігіне әсер айтарлықтай болмайды деп санайды. Аяқталған жағдайды көрсету үшін Қор осы стандарттың жеке қаржылық есептіліктегі сомаға әсерін олар жарияланғаннан кейін жобаның басқа кезеңдерімен байланыстырып қарайды.
"Инвестициялық компаниялар" (ҚЕХС (IFRS) 10, ҚЕХС (IFRS) 12 және ҚЕХС (IAS) 27 түзетулер)
Бұл түзетулер 2014 жылғы 1 қаңтардан немесе осы күннен кейін басталатын жылдық есептік кезеңдер үшін күшіне енеді және ҚЕХС (IFRS) 10 сәйкес инвестициялық компанияның айқындамасына жауап беретін компаниялар үшін шоғырландыру туралы алып тастауды көздейді. Шоғырландыру туралы талаптардан алып тастау инвестициялық компаниялар еншілес ұйымдарды пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша ескеруді талап етеді. Қор осы түзету қолданылады деп күтпейді, өйткені Қордың бір де бір еншілес ұйымы ҚЕХС (IFRS) 10 сәйкес инвестициялық компанияның айқындамасына жауап бермейді.
БЕХС (IAS) 32 түзетулер "Қаржы активтері мен қаржылық міндеттемелердің өзара есеп айырысуы"
Осы түзетулердің шеңберінде "қазіргі сәтте өзара есеп айырысуды жүзеге асыруға бекітілген заңдық құқықты иеленеді" тіркесінің мәні түсіндіріледі. Түзетулер сондай-ақ олардың шеңберінде бір мезгілдік емес жалпы төлемдердің тетіктері пайдаланылатын есеп айырысу жүйелеріне (бірыңғай крилингілік орталық сияқты) қатысты әдетте БЕХС (IAS) 32 өзара есеп айырысу өлшемдерін дұрыс қолдану қажеттілігін де сипаттайды. Түзетулер 2014 жылғы 1 қаңтардан кейін немесе осы күннен кейін басталатын жылдық есептік кезеңдер үшін күшіне енеді. Осы түзетулер Қор қызметінің жеке қаржылық жағдайына немесе қаржылық нәтижелеріне елеулі әсер етпейді деп болжанады.
"Міндетті төлемдер" IFRIC 21 интерпретациясы
IFRIC 21 интерпретациясында компанияның оларды төлеуге әкелетін әрекет жүріп жатқан кезде міндетті төлемдерге қатысты міндеттемені компанияның мойындайтындығы түсіндіріледі. Ең аз шекті мәнге қол жеткізілген жағдайда оны төлеу талап етілетін міндетті төлем жағдайында интерпретацияда белгіленген ең аз шекті мәнге қол жеткізілгенге дейін болжанатын міндеттемені мойындауға тыйым белгіленеді. IFRIC 21 интерпретациясы 2014 жылғы 1 қаңтардан басталатын немесе осы күннен кейін басталатын жылдық есепті кезеңдер үшін күшіне енеді. IFRIC 21 интерпретациясы Қор қызметінің жеке қаржылық жағдайына немесе қаржылық нәтижелеріне елеулі әсер етпейді деп болжанады.
ҚЕХС (IAS) 39 түзетулер "Өндірістік құралдар жаңалығы және хеджирлеуді есепке алуды жалғастыру"
Осы түзетулерде талаптардан хеджирлеу құралы ретінде анықталған өндірісатік құралдың жаңалығы белгіленген өлшемдерге жауап беретін кездегі жағдайларда хеджирлеуді есепке алуды тоқтату туралыны алып тастау көзделеді. Осы түзетулер 2014 жылғы 1 қаңтардан басталатын немесе осы күннен кейін басталатын жылдық есепті кезеңдер үшін күшіне енеді. Осы түзетулер болашақтағы операцияларды қарау кезінде назарға алынатын болады.
Еншілес ұйымдарға, бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компанияларға инвестициялар
Қордың өзінің еншілес ұйымдарына, бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компанияларға инвестициялары құнсыздану шегеріліп бастапқы құн бойынша ескеріледі. Қауымдасқан компания – бұл Қор елеулі ықпал ететін, бірақ еншілес компания да, бірлескен кәсіпорын да болып табылмайтын компания.
Қаржылық емес активтердің құнсыздануы
Әрбір есепті күні Қор активтің ықтимал құнсыздануының белгілерінің бар-жоқтығын анықтайды. Егер осындай белгілер орын алса, немесе егер активті құнсыздануға жыл сайынғы тексеру жүргізу талап етілсе, Қор активтің өтелетін құнын бағалауды жүргізеді. Активтің өтелетін құны – мынадай шамалардың ең үлкені: активтің әділ құны және активті пайдаланудан болатын құндылық. Өтелетін құн негізінен актив басқа активтер немесе активтердің топтары генерациялайтын ағындардан тәуелсіз ақша қаражатының ағындарын генерацияламайтын жағдайларды қоспағанда, жекелеген актив үшін анықталады. Егер активтің ағымдағы құны оның өтелетін құнынан асп кетсе, актив құнсызданған болып саналады және өтелетін құнға дейін шығысқа шығарылады. Пайдаланудан болатын құндылықты бағалау кезінде болашақтағы ақша ағындары келтірілген құнға дейін дисконттау ставкасы бойынша активке тән ақша мен тәуекелдердің уақытша құнын ағымдағы нарықтық бағасын көрсететін салық салғанға дейін дисконтталады.
Әрбір есепті күні активтер үшін құнсызданудан болатын бұрын танылған шығындардың енді жоқтығының немесе азайғандығының белгісінің болуы бағаланады. Егер ондай белгілер болса, Қор активтің өтелетін құнын есептейді. Құнсызданудан болатын бұрын танылған шығындар, егер құнсызданудан болатын шығынды соңғы рет таныған уақыттан бастап активтің өтелетін құнын айқындау үшін пайдаланылған жол берілімде өзгеріс орын алған жағдайда ғана қалпына келтіріледі. Қалпына келтірілген жағдайда активтің ағымдағы құны активтің өтелетін құнынан, сондай-ақ егер бұрынғы жылдары актив бойынша құнсызданудан болатын шығын танылмаған жағдайда ол бойынша осы актив танылса ағымдағы құннан (амортизацияны шегергенде) аспайды. Мұндай қалпына келтіру жиынтық кіріс туралы есепте танылады.
Сондай-ақ нақты активтерді бағалау кезінде мынадай өлшемдер қолданылады:
Еншілес компанияларға, бірлескен кәсіпорындарға және қауымдасқан компанияларға инвестициялар
Әрбір есепті күнге Қор еншілес компанияларға, бірлескен кәсіпорындарға және қауымдасқан компанияларға инвестициялардың құнсыздануының объективтік куәліктерінің болуын анықтайды. Егер құнсызданудың объективті индикаторлары болса, Қор құнсыздануға тест жүргізеді және өтелетін құн мен инвестицияның теңгерімдік құны арасындағы айырма ретінде құнсыздану сомасын есептейді.
Қаржы активтері
БЕХС 39 әрекеті саласындағы қаржы активтері тиісінше пайда немесе шығын; берілген қарыздар мен дебиторлық берешек; өтелгенге дейін ұсталатын қаржы активтері; сату үшін қолда бар қаржы активтері; туынды құралдар арқылы әділ құн бойынша қайта бағаланатын қаржы активтері ретінде жіктеледі; Қор өзінің қаржы активтерін олардың бастапқы танылуы кезінде жіктейді.
Қаржы активтері пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша қайта бағаланбайтын, олармен тікелей байланысты мәміле жөніндегі шығындар инвестиция жағдайында ұлғайтылған әділ құн бойынша бастапқыда танылады.
Заңнамамен немесе белгілі бір нарықта ("стандартты жағдайлардағы" сауда) қабылданған ережелермен белгіленетін мерзімде активтер беруді талап ететін қаржы активтерін сатып алу немесе сату жөніндегі барлық мәмілелер мәмілілер жасалған күні, яғни Қор өзіне активті сатып алу немесе сату міндеттемесін қабылдаған күні танылады.
Қордың қаржы активтері ақша қаражаты мен оның баламаларын, банк депозиттерін, сауда мен өзге де дебиторлық берешекті, берілген қарыздарды, кредиттік мекемелердегі қаражатты және алуға өзге де сомаларды қамтиды. Қаржы активтерін кейінгі бағалау мынадай түрде олардың жіктемесіне тәуелді болады:
Кредиттік мекемелердегі қаражат, берілген қарыздар және өзге де дебиторлық берешек
Кредиттік мекемелердегі қаражат, берілген қарыздар мен дебиторлық берешек белсенді нарықта қолданылмайтын белгіленген немесе анықталған төлемдерімен туынды емес қаржы активтерін білдіреді. Бастапқы мойындалғаннан кейін осындай түрдегі қаржы активтері құнсызданудан болатын шығындар шегеріле отырып, тиімді пайыздық ставка пайдаланыла отырып айқындалатын амортизациялық құн бойынша бағаланады. Амортизациялық құн сатып алу кезіндегі дисконттар немесе сыйақылар, сондай-ақ комиссиялық немесе тиімді пайыздық ставканың ажырамас бөлігі болып табылатын шығындар ескеріле отырып есептеледі. Амортизация тиімді пайыздық ставканың негізінде жиынтық кіріс туралы жеке есепте пайыздық кірістердің құрамына енгізіледі. Құнсызданумен түсіндірілетін шығыстар жиынтық кіріс туралы жеке есепте жеке жолмен көрсетіледі.
Өтелуге дейін ұсталатын инвестициялар
Тіркелген немесе анықталған төлемдері немесе анықталатын төлемдері мен тіркелген өтеу мерзімі бар туынды емес қаржы активтері Қор оларды өтеу мерзіміне дейін ұстауға қатты ниетте болғанда және қабілетті болғанда өтелуге дейін ұсталатын инвестициялар ретінде жіктеледі. Өтелуге дейін ұсталатын инвестициялар бастапқы бағалағаннан кейін құнсыздану шығынын шегергенде тиімді пайыздық ставка әдісі пайдаланыла отырып анықталатын амортизациялық құн бойынша бағаланады. Амортизациялық құн сатып алу кезіндегі дисконттар мен сыйақыларды, сондай-ақ комиссиялық немесе тиімді пайыздық ставканың ажырамас бөлігі болып табылатын шығындардың құны ескеріле отырыцп есептеледі. Амортизация тиімді пайыздық ставканы пайдалану негізінде жиынтық кіріс туралы жеке есепте пайыздық кірістер құрамына енгізіледі. Құнсызданумен түсіндірілетін шығыстар жиынтық кіріс туралы жеке есепте жеке жолда көрсетіледі.
Сату үшін қолда бар қаржы инвестициялары |
Сату үшін қолда бар қаржы инвестициялары үлестік және борыштық бағалы қағаздарды қамтиды. Сату үшін қолда бар ретінде жіктелген үлестік инвестициялар, - бұлар сату үшын арналғандар ретінде де, пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша қайта бағаланатын ретінде де жіктелмеген осындай инвестициялар. Осы санаттағы борыштық бағалы қағаздар – бұлар компания белгіленбеген уақыт кезеңі бойында ұстап тұрғысы келетін және өтімділікті қамтамасыз ету мақсаттары үшін немесе нарықтық жағдайлардың өзгерісіне жауап ретінде сатылуы мүмкін бағалы қағаздар.
Бастапқы бағаланғаннан кейін сату үшін қолда бар қаржы инвестициялары әділ құн бойынша бағаланады, ал ол бойынша сатылмаған кірістер немесе шығыстар сату үшін қолда бар құралдар қорының құрамында өзге де жиынтық кіріс ретінде жинақталған кірістер немесе шығыстар сату үшін қолда бар құралдар қорынан жиынтық кіріс туралы жеке есептегі пайданың немесе шығынның құрамына қайта жіктелетін инвестицияларды тану тоқтатылған сәтке дейін танылады, немесе құнсыздану танылады, ал жинақталған шығын сату үшін қолда бар инвестицияларды қайта бағалау жөніндегі резервтен жиынтық кіріс туралы жеке есепте пайда немесе шығын құрамына қайта жіктеледі.
Әділ құнды анықтау
Олармен сауда есепті кезеңде белсенді нарықта жүзеге асырылатын қаржы құралдарының әділ құны мәміле жөніндегі шығындар шегерілместен нарықтық белгілеулер немесе дилерлердің белгілеулері негізінде анықталады (ұзын позициялар үшін сатып алуға арналған белгілеулер және қысқа позициялар үшін сатып алуға арналған белгілеулер).
Олармен сауда есепті кезеңде белсенді нарықта жүзеге асырылмайтын өзге қаржы құралдарының әділ құны бағалау әдістемесі пайдаланылып анықталады. Бағалау әдістемесі таза келтірілген құн негізіндегі модельді, оларға қадағаланатын нарықта баға бар ұқсас құралдармен салыстыруды, опциондарды бағалау модельдері мен басқа да бағалау модельдерін қамтиды.
Тануды тоқтату
Қаржы активтері
Қаржы активтері (немесе, қолданылуына қарай – қаржы активінің бөлігі немесе ұқсас қаржы активтері тобының бөлігі), егер:
* активтен ақша ағындарын алу құқығының қолданылу мерзімі аяқталса;
* Қор активтен ақша ағымын алу құқығын берсе не үшінші тарапқа алынатын ақша ағынын толық көлемде және елеулі кідіріссіз "транзит" келісімі бойынша төлеу міндеттемесін алса; не (а) Қор активтен барлық тәуекел мен пайданы берсе, не (б) Қор бермесе, бірақ активтен барлық тәуекел мен пайданы бермесе, бірақ осы активті бақылауды берсе теңгерімде тану тоқтатылады.
Егер Қор активтен ақша ағынын алудың барлық құқығын берсе, не транзит келісімін жасасса және бұл ретте активтен барлық тәуекел мен пайданы бермесе және сақтамаса, сондай-ақ активті бақылауды бермесе, жаңа актив Қор берілген активке өз қатысуын жалғастыратындай дәрежеде танылады.
Бұл жағдайда Қор тиісті міндеттемені де таниды. Берілген актив пен тиісті міндеттеме Қор сақтаған құқық пен міндеттемені көрсететін негізде бағаланады.
Берілген актив бойынша кепіл нысанын қабылдайтын жалғасқан қатысу мынадай шамалардың ең азы бойынша танылады: активтің бастапқы теңгерімдік құны немесе төленуін Қор талап етуі мүмкін ең көп сома.
Қаржылық міндеттемелер
Егер міндеттеме өтелсе, күші жойылса, немесе оның қолданылу мерзімі аяқталса, қаржылық міндеттеме танылуын тоқтатады.
Қаржы активтерінің құнсыздануы
Кредиттік мекемелердегі қаражат, клиенттерге қарыздар және банк депозиттері
Есепке алуы амортизациялық құн бойынша жүргізілетін кредиттік мекемелердегі қаражатқа, қарыздар мен банк депозиттеріне қатысты Қор бастапқыда жекелеген маңызды қаржы активтері үшін объективті белгілердің болуын жеке негізде және жеке маңызды болып табылатын қаржы активтері үшін жеке негізде немесе жиынтықта бағалайды. Егер Қор жеке негізде бағаланған қаржы активі бойынша оның маңызды болып табылатындығына қарамастан объективті құнсыздану белгілері жоқ деп анықтаса, Қор бұл активті кредит тәуекелінің ұқсас сипаттамалары бар қаржы активтері тобына қосады және оларды жиынтық негізде құнсыздану мәніне бағалайды. Оларға қатысты құнсыздану шығындары танылатын жеке негізде құнсыздану мәніне бағаланатын активтер құнсыздану мәніне жиынтық негізде бағаланбауға тиіс.
Құнсыздану шығындарының пайда болуының объективтік куәліктері болған жағдайда шығынның сомасы активтің теңгерімдік құны мен болашақтағы ақша ағындарының бағаланған қаражатының келтірілген құны арасындағы айырманы білдіреді (әлі жұмсалмаған берілген қарыз бойынша болашақта күтілетін шығындарды ескермейтін).
Болашақтағы есептік ақша ағындарының құны қаржы активі бойынша бастапқы тиімді пайыздық ставка бойынша дисконтталады. Егер қаржы активі жөніндегі пайыздық ставка ауыспалы болып табылса, құнсызданудан болатын шығынды бағалауға арналған дисконттау ставкасы пайыздың ағымдағы тиімді ставкасын білдіреді.
Активтің теңгерімдік құны резерв шотын пайдалану арқылы төмендетіледі, ал шығын сомасы жиынтық кіріс туралы жеке есепте танылады. Актив бойынша бастапқы тиімді пайыздық ставканың негізінде төмендетілген теңгерімдік құн бойынша пайыздық кірісті есептеу жалғасады. Пайыздық кіріс жиынтық кіріс туралы есепте жеке жолда кірістің бөлігі ретінде көрсетіледі. Болашақта олардың орнын толтырудың шынайы перспективасы болмағанда, ал барлық қамтамасыз ету іске асырылған немесе Қорға берілген жағдайда, берілген қарыздар мен тиісті резерв есептен шығарылады. Егер келесі жылы құнсызданудан болатын шығындар танылғаннан кейін болған оқиғаға байланысты құнсызданудан болатын бағаланған шығындардың сомасы ұлғайса немесе азайсы, құнсызданудан болған шығындардың бұрын танылған сомасы резерв шотын түзету арқылы ұлғаяды немесе азаяды. Егер бұрын есептен шығарылған сомалар қалпына келтірілсе, онда қалпына келтіру сомасы жиынтық кіріс туралы жеке есепте пайдада және шығындарда көрсетіледі.
Сату үшін қолда бар инвестициялар |
Бастапқы құн өтелмеуі мүмкін екендігінің объективтік себептері болған жағдайда сату үшін қолда бар үлестік бағалы қағаз құнсызданған болып саналады. Құнсызданудың сапалық өлшемдеріне қосымша ретінде бастапқы құн өтелмеуі мүмкін екендігінің объективтік себептері әділ құнның бастапқы құн шамасынан елеулі түрде және ұзақ төмендеуін қамтиды.
Егер сату үшін қолда бар үлестік бағалы қағаз Қор белгілеген сапалық немесе сандық өлшемдерге сәйкес құнсызданса, әділ құнның келесі есепті күндерде одан әрі төмендеуі құнсыздану ретінде танылады. Осылайша, әрбір есепті кезеңде Қордың құнсыздану өлшемдеріне сәйкес құнсыздануға ұшыраған ретінде анықталған үлестік бағалы қағазға қатысты құнсыздану бұрын танылған құнсыздануды шегергендегі әділ құн мен бастапқы құнның арасындағы айырма мөлшерінде танылады.
Акционерге беру үшін ұсталатын ретінде жіктелетін ұзақ мерзімді активтер
Егер активтер мынадай өлшемдерге сәйкес келсе, онда олар Акционерге беру үшін ұсталатын ұзақ мерзімді активтер ретінде жіктеледі:
* Оларды ағымдағы жағдайында жедел беру үшін олар болса;
* Жоспарлан ған беруді жүзеге асыруға қатты ниет бар болса;
* Жоспарды ая қтау үшін белсенді әрекеттер қабылданса;
* Беруді жүзеге асырудың жоғары мүмкіндігі болса, және беру жіктеу сәтінен бастап 1 (бір) жылдың ішінде аяқталады деп күтілсе.
* Акционерге беру үшін ұсталатын ретінде жіктелетін ұзақ мерзімді активтер жеке қаржылық есептілікте жеке бухгалтерлік теңгерімдегі ағымдағы активтер санатында жеке ұсынылған.
* Акционерге беру үшін ұсталатын ретінде жіктелетін ұзақ мерзімді активтер (және шығу топтары) беруге арналған шығындар шегеріле отырып, активтердің теңгерімдік құнының және әділ құнның ең азы ретінде ескеріледі.
* Акционерге беру үшін ұсталатын ретінде жіктелуін тоқтатқан ұзақ мерзімді актив мыналардың ішінен ең аз мән бойынша:
* егер осы актив (немесе шы ғарылу тобы) Акционерге беру үшін арналған ретінде жіктелмесе танылған кез келген амортизацияға немесе қайта бағалауға түзетіле отырып, актив (немесе шығарылу тобы) Акционерге беру үшін арналған ретінде жіктелгенге дейін оның теңгерімдік құнынан, және
* беруден бас тарту туралы кейінгі шешім к үніндегі оның орнын толтыратын сомадан бағаланады.
Қосылған құн салығы (ҚҚС)
Салық органдары нетто негізде сату мен сатып алу бойынша ҚҚС өтеуді жүргізуге мүмкіндік береді. Өтелетін ҚҚС ішкі нарықта сату бойынша ҚҚС шегерілген ішкі нарықта сатып алу бойынша ҚҚС-ны білдіреді. Экспортқа арналған сату нөлдік ставкасы бойынша салынады.
Ақша қаражаты және олардың баламалары
Ақшалай қаражат және олардың баламалары 3 айдан аспайтын өтеудің бастапқы мерзімі бар өзге қысқа мерзімді жоғары өтімді инвестициялар талап етілгенге дейін салымдарда тұратын қаражаттар кассадағы қолма-қолдылықты қамтиды.
Қаржылық міндеттемелер
Бастапқы тану және бағалау
ҚЕХС 39 қолданылу саласында тұрған қаржылық міндеттемелер тиісінше пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша қайта бағаланатын қаржылық міндеттемелер және кредиттер мен қарыз берулер ретінде жіктеледі. Қор оларды бастапқы таныған кезде өзінің қаржылық міндеттемелерін жіктейді.
Қаржылық міндеттемелер алдымен мәміле бойынша шығындардың олармен тікелей байланысты қарыздар мен кредиттер болған жағдайда ұлғайтылған әділ құн бойынша танылады. Қордың қаржылық міндеттемелері сауда және басқа кредиторлық берешекті, қарыздарды, Үкіметтің қаражатын, қаржылық кепілдік шарттарын және өзге міндеттемелерді қамтиды.
Кейіннен бағалау
Қаржылық міндеттемелерді кейіннен бағалау оларды мынадай үлгіде жіктеуге байланысты:
Үкіметтің қарыздары мен қаражаты
Пайыздық кредиттер мен қарыздар бастапқы танылғаннан кейін тиімді пайыздық ставка әдісін пайдалана отырып амортизацияланған құн бойынша бағаланады. Осындай қаржылық міндеттемелер бойынша кірістер мен шығыстар оларды тануды тоқтатқан кезде, сондай-ақ тиімді пайыздық ставканы пайдалана отырып амортизацияны есептеу қажеттілігіне қарай жиынтық кіріс туралы жеке есепте танылады. Амортизацияланған құн сатып алу кезінде дисконттар немесе сыйақыларды, сондай-ақ тиімді пайыздық ставканың ажырамас бөлігі болып табылатын комиссиялық немесе шығындарды ескере отырып есептеледі. Тиімді ставканы амортизациялау жиынтық кіріс туралы есептегі пайыздық шығыстардың құрамына кіреді.
Шығарылған қаржылық аспаптар немесе олардың құрамдауыштары егер шарттық келісім нәтижесінде Қорда міндеттеме бар болса, не ақшалай қаражатты немесе қаржылық активті жеткізсе, не міндеттемені өзге үлгіде орындаса, тіркелген меншікті үлестік аспаптар санына ақшалай қаражат немесе басқа қаржылық активтердің тіркелген сомасын айырбастау арқылы міндеттемелер ретінде жіктеледі. Мұндай аспаптар Үкіметтің қаражатын және мәмілеге тікелей байланысты шығындарды шегергендегі алынған қаражаттың әділ құны бойынша ең алдымен ескерілген кредит мекемелерінен алынған қарыздарды қамтиды.
Соңынан, алынған қаражат амортизацияланған құн бойынша көрсетіледі, және алынған қаражаттың таза шамасы мен өтеу құны арасындағы тиісті айырмашылық тиімді пайыздық ставка әдісін пайдалана отырып қарыз беру кезеңі ішінде жиынтық кіріс туралы жеке есепте танылады. Егер Қор өзінің меншікті борыштық міндеттемесін сатып алса, онда ол жеке бухгалтерлік теңгерімнен шығарылады, ал міндеттеменің теңгерімдік құны және мәміле бойынша төленген өтелім арасындағы айырмашылық таза пайыздық кіріспен енгізіледі.
Шығарылған борыштық бағалы қағаздар
Шығарылған борыштық бағалы қағаздар Үкіметтің қарыздарына да және қаражатына да, соған ұқсас қағидаттарына сәйкес есепте көрсетілген Қордың айналымға шығарылған облигацияларында берілген.
Қаржылық кепілдік шарттары
Қор шығарған қаржылық кепілдік шарттары борыштық аспаптың талаптарына сәйкес белгілі бір борышкердің уақтылы төлемді жүзеге асыру қабілетсіздігі салдарынан осы шарттың иесіне келтірілген шығындарды өтеуге төлемді жүзеге асыруды талап ететін шарттың өзін білдіреді. Қаржылық кепілдік шарттары ең алдымен кепілдік шығарылымымен тікелей байланысты мәміле бойынша шығындарды ескере отырып әділ құн бойынша міндеттеме ретінде танылады. Соңынан, міндеттеме мынадай шамалардан барынша көп бағаланады: есепті күнге арналған қолданыстағы міндеттемені өтеу үшін қажетті шығындардың ең жақсы бағасы және жинақталған амортизацияны шегергендегі міндеттеменің танылған сомасы.
Инвестицияларды сатып алу кезінде туындайтын опциондар
Егер инвестицияларды сатып алған кезде Қор кәсіпорындағы сатып алынған үлес бойынша коллды опционның үшінші тарапына бөлсе, Қор осындай үлеске меншік құқығымен байланысты пайдалар мен тәуекелдерге қолжетімділікті үшінші тараптың осындай опционына қатысуы бере ме екен.
Сатып алынған үлес бойынша колл опционы бар болған жағдайда үлестік иеленудің пайдалары мен тәуекелдеріне үшінші тарапқа қолжетімділік бермейді, осы опцион Қордың елеулі ықпалы анықталған кезде ескерілмейді.
Қор үшін опцион бойынша міндеттеменің әділ құны сатып алынған инвестициялар құнының бөлігі ретінде танылады. Соңынан, қаржылық міндеттеме 39 БЕХС талаптарына сәйкес бағаланады. Қаржылық міндеттеменің әділдік құнындағы өзгерістер, сондай-ақ кез келген осы опциондарды іске асыруға байланысты кірістер немесе шығыстар жиынтық кіріс туралы жеке есепте ескеріледі.
Туынды қаржылық құралдар
Алдымен туынды құралдар туынды келісімшартты жасаған күндегі әділ құн бойынша танылады және соның салдарынан әрбір есепті күнде олардың әділ құнына дейін қайта бағаланады. Жиынтық пайда немесе шығын егер туынды құрал хеджирлеу құралы ретінде танылмаса және жарамсыз болса, жиынтық кіріс туралы жеке есепте танылады, бұл жағдайда жиынтық кіріс туралы жеке есептегі тану мерзімі хеджирлеу қатынастарының сипатына байланысты.
Оң әділ құны бар туынды құрал қаржылық актив ретінде, ал теріс әділ құны бар туынды құрал - қаржылық міндеттеме ретінде танылады. Туынды құрал егер құралды қолданудың қалған мерзімі 12 айдан асқан және оны сату немесе өтеу таяу арадағы 12 айдың іші деп болжанбаған жағдайда ұзақ мерзімді актив немесе ұзақ мерзімді міндеттеме деп көрсетіледі. Өзге туынды құралдар қысқа мерзімді активтер немесе қысқа мерзімді міндеттемелерге енгізіледі.
Кірісті тану
Кірістер Қор операциямен байланысты экономикалық пайдаларды алатын ықтималдық бар болған кезде танылады және кіріс сомасы дұрыс белгіленуі мүмкін
Пайыздық және ұқсас кірістер мен шығыстар
Уақытша бос ақша қаражатын орналастырудан болатын пайыздық кірісті қоспағанда, барлық қаржылық құралдар бойынша пайыздық кірістер Қордың негізгі қызметінен алынатын кірістерді білдіреді және пайыздық кірістердің құрамында ашып көрсетіледі. Уақытша бос ақша қаражатын орналастырудан болатын пайыздық кірістер қаржылық кірістердің құрамында ашып көрсетіледі.
Амортизациялық құн бойынша барлық қаржылық құралдар және сату үшін қолда бар инвестициялар ретінде топтастырылған пайыздық қаржылық құралдар бойынша пайыздық кірістер немесе шығыстар тиімді пайыздық ставка бойынша көрсетіледі, ол бойынша күтілетін болашақтағы ақшалай төлемдер немесе түсімдерді дисконттау кезінде қаржылық құралды пайдаланудың ұсынылатын мерзімі ұзақтығында немесе өте қысқа уақыт кезеңі ішінде, мұнда бұл қаржылық активтің немесе қаржылық міндеттеменің таза теңгерімдік құнына дәлме-дәл келтіріледі. Есептеу кезінде қаржылық құрал бойынша барлық шартты талаптар (мысалы, мерзімінен бұрын өтеу құқығы) және комиссиялық немесе тиімді пайыздық ставканың ажырамайтын бөлігі болып табылатын құралмен тікелей байланысты қосымша шығыстар ескеріледі, бірақ та кредиттер бойынша шығындар есептелінбейді.
Қаржылық активтің немесе қаржылық міндеттеменің теңгерімдік құны Қор төлемдер немесе түсімдер бағаларын қайта қараған жағдайда түзетіледі. Түзетілген теңгерімдік құн бастапқы тиімді пайыздық ставка негізінде есептелінеді, ал теңгерімдік құнның өзгеруі пайыздық кіріс немесе шығыс түрінде көрсетіледі.
Құнсыздану салдарынан қаржылық есептілікте көрсетілген қаржылық активтің немесе ұқсас қаржылық активтердің топтарының құны төмендеген жағдайда пайыздық кірістер жаңа теңгерімдік құн негізінде бастапқы тиімді пайыздық ставка бойынша танылуы жалғасуда.
Дивидендтар
Кірістер бойынша дивидендтер Қордың төлемді алу құқығы белгіленгенде танылады.
Шығыстарды тану
Шығыстар пайда болу шамасына қарай ескеріледі және олар есептеу әдісінің негізіне жатқызылған сол кезеңде жеке қаржылық есептілікте көрсетіледі.
Табыс салығы
Жыл ішіндегі табыс салығы ағымдағы және кейінге қалдырылған салықты қамтиды. Табыс салығы ол меншікті капиталға тікелей жатқызылған баптардағы көлемді қоспағанда жиынтық кіріс туралы жеке есепте көрсетіледі және бұл жағдайда ол капиталда танылады.
Салық бойынша ағымдағы шығыстар жыл ішінде салынатын салық кірісі бойынша төлеуге күтілетін салықты және алдағы жылдар қатынасында төленетін салық қатынасында кез келген түзетулерді білдіреді.
Кейінге қалдырылған салықтық активтер мен міндеттемелер теңгерімдік әдісті пайдалана отырып барлық уақытша айырмашылықтар қатынасында есептеледі. Кейінге қалдырылған салықтар компаниялардың біріктірушісі болып табылмайтын және оны жасау сәтінде бухгалтерлік кіріске немесе салық салынатын кіріс пен шығынға әсерін тигізбейтін мәміле бойынша гудвилдің, активтің немесе міндеттеменің бастапқы танылу нәтижесінде кейінге қалдырылған табыс салығы туындайтын жағдайды қоспағанда, активтер мен міндеттемелердің салық базасы және қаржылық есептіліктегі олардың теңгерімдік құны арасындағы барлық уақытша айырмалар бойынша анықталады.
Кейінге қалдырылған салық шегерілетін уақытша айырмалар сомасына төмендетілетін салық салынатын кірісті алудың елеулі ықтималдығы бар қандай да бір дәрежеде ғана танылады. Кейінге қалдырылған салық есепті күнде қолданыстағы немесе жарияланған (іс жүзінде қабылданған) саллық ставкалары негізінде оларды қолдану активті іске асыру немесе міндеттемелерді өтеу кезеңінде күтілетін активтері мен міндеттемелері салық ставкалары бойынша есептеледі.
Капитал
Жарғылық капитал
Жай акциялар капитал ретінде жіктеледі. Үшінші тараптарға жаңа акциялар шығарылымына тікелей байланысты қызметтерді төлеуге арналған шығындар, кәсіпорындарды біріктіру жағдайларын қоспағанда, осы эмиссия нәтижесінде алынған соманы төмендету ретінде капитал құрамында көрсетіледі. Шығарылған акциялардың номиналды құны үстінен алынған қаражаттың әділ құнының шегінен шығу сомасы үлестірілмеген пайдаға жатады.
Дивидендтер
Дивидендтер міндеттемелер ретінде танылады және егер олар есепті күнге дейінгі күнді қоса алғанда жарияланған жағдайда ғана есепті күнге капиталдың сомасынан есептелінеді. Дивидендтер туралы ақпарат егер ол есепті күнге дейін ұсынылса, сондай-ақ есепті күннен кейін, бірақ шығарылымға жеке қаржылық есептілікті бекіткен күнге дейін ұсынылған немесе жарияланған болса, есептілікте ашылады.
Шартты міндеттемелер және шартты активтер
Шартты міндеттемелер жеке қаржылық есептілікте ескерілмейді. Олар егер ресурстардың ағыны мен экономикалық пайдалар мүмкіндігі шамалы ықтимал болып табылмағанда ғана ашылады.
Шартты активтер жеке қаржылық есептілікте ескерілмейді. Олар экономикалық пайдалардың түсімі ықтимал болғанда ашылады.
Өзара есепке алу
Активтер мен міндеттемелер өзара жоққа шығарады, және нетто сомасы бухгалтерлік теңгерімде ескерілген соманы есептеу құқығы заңды қорғалғанда және нетто-негізде немесе активті бір уақытта сату және міндеттемені өтеуді реттеу ниеті болғанда көрсетіледі.
Кейінгі оқиғалар
Есепті күнге Қордың жеке қаржылық жағдайы туралы қосымша ақпаратты ұсынатын есепті кезең аяқталғаннан кейін болған оқиғалар (түзету оқиғалары) жеке қаржылық есептілікте көрсетіледі. Түзетуші оқиғалар болып табылмайтын есепті кезең аяқталғаннан кейінгі болған оқиғалар олардың маңыздылығы болған кезде ескертпелерде ашылады.
4. ЕЛЕУЛІ БУХГАЛТЕРЛІК ПІКІРЛЕР, БАҒАЛАУЛАР МЕН ЖОЛ БЕРУЛЕР
Қордың жеке қаржылық есептілігін дайындау оның басшылығына пікірлерді шығаруды, бағалау мәндері мен пайда, шығыстар, активтер мен міндеттемелер сомасы есептілігінде көрсетілетіндерге әсер ететін жол берулерді айқындауды, сондай-ақ есепті күнге шартты міндеттемелер туралы ақпаратты ашуды талап етеді. Алайда осы жол берулер мен бағалау мәндеріне қатысты белгісіздік болашақта жасалынатын осыған ұқсас жол берулер мен бағалаулар қатынасында активтің немесе міндеттемелердің теңгерімдік құнына қатысты елеулі түзетулерді талап ететін нәтижелерге алып келуі мүмкін.
Есепті күнге арналған бағалаулардағы болашақ туралы негізгі жол берулер және белгісіздіктің басқа да негізгі көздері келесі қаржылық жыл ішіндегі активтер мен міндеттемелердің теңгерімдік құнының елеулі түзетулерінің себебі ретінде қызмеет етеді, төменде қарастырылады:
Қаржылық құралдардың әділ құны
Жеке бухгалтерлік теңгерімде танылған қаржылық құралдар мен қаржылық міндеттемелердің әділ құны болған жағдайларда осы активті нарықтардың негізінде айқындау мүмкін емес, ол дисконтталған ақшалай ағындардың моделін қоса алғанда, бағалау әдістерін пайдалана отырып айқындалады. Мүмкіндігіне қарай осы модельдер үшін бастапқы деректер ретінде, алайда, бұл іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайларда, бақылаушы нарықтардан түсетін ақпарат пайдаланылады, әділ құнды белгілеу үшін пікірдің белгілі бір үлесі талап етіледі. Пікірлер өтімділік тәуекелі, кредиттік тәуекел және өзгермелілік сияқты осындай бастапқы деректердің есепке алынуын қамтиды. Осы факторларға салыстырмалы жол берулердегі өзгерістер жеке қаржылық есептілікте көрсетілген қаржылық құралдардың әділ құнына әсерін тигізуі мүмкін.
Кредит беру мекемелеріндегі берілген қарыздар мен қаражаттың құнсыздануға арналған резерві
Әрбір есепті күнге Қор кредиттік мекемелерде өздерінің елеулі қарыздарына талдау жүргізеді, оны бағалау үшін құнсызданудан залал болатынын пайдалар мен шығындарда ескеруі керек. Атап айтқанда, басшылықтың пікірлері құнсызданудан болған шығынды анықтау кезінде болашақ ақшалай ағындардың сомалары мен мерзімдерін бағалауда талап етіледі. Осындай ақшалай ағындарды бағалау кезінде Қор қарыз алушының қаржылық жай-күйі және қамтамасыз етуді сатудың таза құны туралы пікір шығарады. Бұл бағалаулар бірқатар факторлар бойынша жол берулерге негізделген және іс жүзінде нәтижелер өзгеше болуы мүмкін, бұл резервте болашақта өзгерістерге әкеледі.
2011 жылдың ішінде "БТА Банк" АҚ өтімді қаражатындағы шектеулікке қатысты қаржылық жай-күйінің нашарлауына және теріс қаржылық нәтижесіне байланысты Қор кредиттік мекемелер мен банктік депозиттердегі 36.999 миллион теңге және тиісінше 2011 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша осы банкте орналастырылған 245.068 миллион теңге мөлшеріндегі қаражаттың құнсыздануынан болған шығынды таныды. 2012 жылы Қор БТА міндеттемелерін екінші қайта құрылымдауды жүзеге асыруға және оның қаржылық жай-күйін жақсартуға байланысты осы активтер (5.3-ескертпе) бойынша жинақталған құнсыздануға толығымен түзету жасады.
Салық салу
Салық тәуекелдерін бағалау кезінде, басшылық Қор даулай алмайтын немесе есептей алмайтын салық заңнамасын сақтамауды мүмкін болатын саласы ретінде қарайды, ол егер қосымша салықтар салық органдарында есептелінетін болса табысты түрде шағымдана алады. Осындай анықтама елеулі пікірлер шығаруды талап етеді және салықтық тексерулерде күтілетін өз шешімі бойынша күтілетін нәтижелерді және салық органдары жүзеге асыратын сәйкестікке тексеру нәтижесін анықтау салық заңнамасындағы өзгерістер мен нормативтік-құқықтық актілер нәтижесінде өзгертілуі мүмкін. Салық салуға жатқызылған белгісіздіктер 9-ескертпеде ашып көрсетілген.
Мерзімі ұзартылған салық бойынша активтер
Мерзімі ұзартылған салық бойынша активтер күмәнді берешектері және мынадай ықтималдық дәрежесінде басқа міндеттемелері бойынша барлық резервтерге сәйкес танылады, бұл салық салынатын уақытша айырмашылықтар мен осындай шығыстардың коммерциялық сипатына, сондай-ақ салықтық жоспарлау стратегиясын табысты қолдануға негізделетін болады. 2013 жылғы 31 желтоқсандағы мерзімі ұзартылған салық бойынша танылған активтердің сомасы 6.651 миллион теңгені (2012: 5.561 миллион теңгені) құрады.
Еншілес ұйымдардағы инвестициялардың құнсыздануы
Құнсыздану егер еншілес ұйымдағы инвестициялардың теңгерімдік құны оның өтелетін құнынан асып кеткен жағдайда, ол мынадай шамалардың барынша үлкені болып табылады: сатуға арналған шығынды шегергендегі әділ құн және пайдаланудан құндылық. Сатуға арналған шығындарды шегергендегі әділ құнды есептеу кірістерді капиталдандыру әдісіне негізделген. 2013 жылы Қор 71.717 миллион теңге (2012: 154.287 миллион теңге) жалпы сомасында еншілес ұйымдардағы инвестициялардың құнсыздануын таныды (5.4-ескертпе).
Сатуға арналған ретінде жіктелген активтердің құнсыздануы
Сатуға арналған ретінде жіктелген айналымнан тыс актив мынадай ең аз шамалар бойынша бағалануға тиіс: теңгерімдік құн немесе сатуға арналған шығындарды шегергендегі әділ құн. Әділ құн активке айырбасталуы немесе міндеттеме тараптар осындай мәмілені жүргізуге ниет білдірген хабардар етіп жүргізген коммерциялық мәміле шеңберінде өтелуі мүмкін сома ретінде айқындалады. Сатуға арналған шығындар қаржыландыруға және пайда салығына арналған шығындарды қоспағанда, активтің істен шығуына тікелей байланысты қосымша шығындар ретінде белгіленеді.
2013 жылы Қор сатуға арналған ретінде жіктелген активтердің құнсыздануын 147.421 миллион теңге (2012: нөл) мөлшеріндегі шығынды таныды (5.4-ескертпе).
5. БУХГАЛТЕРЛІК ТЕҢГЕРІМ
5.1 Ақша қаражаты және олардың баламалары
31 желтоқсанда ақша қаражаты және олардың баламалары мыналарды қамтыды:
Мың теңгемен | 2013 жылғы 31 желтоқсан | 2012 жылғы 31 желтоқсан |
Теңгеде берілген банктердегі ағымдағы шоттар | 58.863.001 | 301.829.428 |
АҚШ долларында берілген банктердегі ағымдағы шоттар | 1.946.022 | 29.997.843 |
Еурода берілген банктердегі ағымдағы шоттар | 1.154.005 | 601.644 |
Теңгеде берілген банктердегі мерзімді депозиттер | 41.545.016 | 100.543.566 |
103.508.044 | 432.972.481 |
2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қазақстандық банктерде орналастырылған ағымдағы шоттардың көпшілігі бойынша орташа өлшенген пайыздық ставка 0,001% (2012: 0,1%) құрайды. Мерзімді депозиттер қолма-қол ақша қаражатымен қордың қажеттілігіне байланысты 1 (бір) күннен бастан 3 (үш) айға дейінгі әртүрлі мерзімдерге орналастырылған. 2013 жылғы 31 желтоқсандағы банктердегі мерзімді депозиттер бойынша орташа өлшенген пайыздық ставка 4,01% (2012: 0,77%) құрады.
Банктердің шоттарында Қордың ақша қаражатының жалпы сомасында Үкіметтің нысаналы бағдарламалары бойынша Республикалық бюджеттен және Ұлттық қордан алынған қаражат бар. 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша осы ақша қаражаты Ұлттық банктің шоттарында шоғырландырылады және 85 миллиард теңгені (2012: 395 миллиард теңге) құрайды, оның ішінде:
- Тұрақтандыру жоспарын іске асыру шеңберінде алынған Ұлттық қордың қаражаты 54 миллиард теңге (2012: 247 миллиард теңге);
– Қор іске асыратын жобаларды қаржыландыру мақсатында Республикалық бюджеттен алынған қаражат 2 миллиард теңге (2012: 6 миллиард теңге);
- операциялық және инвестициялық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті Қордың ақша қаражатының қалдығы 29 миллиард теңге (2012: 142 миллиард теңге).
5.2 Сату үшін қолда бар қаржы активтері және өтеуге дейін ұсталатын қаржы активтері
31 желтоқсандағы сату үшін қолда бар қаржы активтері және өтеуге дейін ұсталатын қаржы активтері мыналарды қамтыды:
Мың теңгемен | 2013 жылғы 31 желтоқсан | 2012 жылғы 31 желтоқсан |
Сату үшін қолда бар қаржылық инвестициялар: | ||
"Қазкоммерцбанк" АҚ үлестік бағалы қағаздары | 23.236.965 | 24.827.586 |
"Қазақстанның халық банкі" АҚ үлестік бағалы қағаздары | 1.025.246 | 1.028.300 |
Kazakhmys Plc үлестік бағалы қағаздары | – | 111.924.783 |
Борыштық бағалы қағаздар | 12.467.031 | 12.537.175 |
Өзге қаржы активтерінің жалпы сомасы | 36.729.242 | 150.317.844 |
Минус: ағымдағы бөлігі | (24.557.826) | (26.123.503) |
Ұзақ мерзімді бөлігі | 12.171.416 | 124.194.341 |
Қор және негізгі акционерлер ҚКБ және "Қазақстанның халық банкі" АҚ арасында жасалған опциондық келісімдерге сәйкес 2009 жылы акцияларды сатып алу кезінде негізгі акционерлер Қордың банктердің акцияларын сатып алу күнінен бірінші жылдығында басталатын және бесінші жылдығында аяқталатын кезең ішінде орындалуы мүмкін Қор осы банктердің акцияларын сатып алуға арналған опциондарын (колл опциондарын) алды. Осы опциондар бойынша орындау мерзімі 2010 жылдың бірінші жартыжылдығында басталады, бұл Қордың банктерге елеулі ықпал жасауын жоғалтуға әкеп соқтырды. Тиісінше, Қор осы қауымдасқан компанияларға елеулі ықпалын жоғалтты және сату үшін қолда бар қаржылық активтер санатына инвестицияларды қайта жіктеді.
2012 жылғы 28 мамырда "АЛМЭКС" холдингілік тобы" АҚ және "Қазақстанның халық банкі" АҚ "Қазақстанның халық банкі" АҚ артықшылықты акцияларына қатысты опциондық келісім бойынша құқықтарға жол беру туралы келісім жасасты.
Осы келісімге сәйкес, 2012 жылы 29 маусымда және 2012 жылы 5 шілдеде "Қазақстанның халық банкі" АҚ опционды орындауға арналған өз құқығын ішінара сатты және бір акциясы үшін 179,94 теңге және 180,21 теңге бағасы бойынша 150.000.000 және 40.000.000 өзінің артықшылықты акциясын сатып алуды жүзеге асырды. Сатудың жалпы құны 34.199 миллион теңгені құрады
"Қазақстанның халық банкі" АҚ артықшылықты акцияларын 34. 273 миллион теңге мөлшерінде сату күніндегі әділ құнмен сатқаннан кейін Қор сату күнінде олардың әділ құны 3.509 миллион теңгені құрайтын артықшылықты акцияларды сатып алуға опцион бойынша тиісті міндеттемелерді тануды тоқтатты.
Сондай-ақ "Қазақстанның халық банкі" АҚ артықшылықты акциялары бойынша сату үшін қолда бар инвестицияларды қайта бағалау бойынша 1.395 миллион теңге мөлшеріндегі сатылмаған кіріс кезең ішіндегі таза пайданы сату үшін қолда бар инвестицияларды қайта бағалау резервінен қайта жіктелді. Қаржылық активтердің шығуынан алынған таза кіріс жиынтық кіріс туралы жеке есепте 4.830 миллион теңге мөлшерінде көрсетілген.
2012 жылы Қор Kazakhmys Plc және ҚКБ үлестік бағалы қағаздары бойынша құнсызданудан 86.103 миллион теңге және тиісінше 60.745 миллион теңге мөлшерінде (2013: нөл) шығынды таныды.
2013 жылғы 6 маусымда Қор Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 мамырдағы № 521 қбпү қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне оларды беру жолымен Қордың иелігінде бар Kazakhmys Plc (58.876.793 акция) барлық жай акцияларын республикалық меншікке өтеусіз беруді жүзеге асырды.
2013 жылғы 31 желтоқсандағы және 2012 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша "Қазақстанның халық банкі" АҚ және ҚКБ үлестік бағалы қағаздарының әділ құны активті нарықта жарияланған түзетпелер негізінде айқындалған.
5.3 Өзге қаржы активтері
Мың теңгемен | 2013 жылғы 31 желтоқсан | 2012 жылғы 31 желтоқсан |
Берілген қарыздар | 805.418.534 | 767.481.000 |
Кредиттік мекемелердегі қаражат | 387.312.000 | 394.540.000 |
Банктік депозиттер | 518.414.771 | 364.476.000 |
Өзге қаржылық депозиттер | 46.375.870 | 47.428.237 |
Өзге қаржылық активтер | 1.757.521.175 | 1.573.925.237 |
Берілген қарыздар
31 желтоқсандағы берілген қарыздар мынаны қамтыды:
Мың теңгемен | 2013 жылғы 31 желтоқсан | 2012 жылғы 31 желтоқсан |
Жақтас және байланысты компаниялар берген қарыздар | 516.587.249 | 505.584.000 |
Еншілес ұйымдар берген қарыздар | 280.170.030 | 254.513.000 |
Жақтас және байланысты тараптар шығарған облигациялар | 1.679.501 | 954.000 |
Есептелген сыйақы | 19.108.982 | 18.690.000 |
Минус: құнсыздануға арналған резерв | (12.127.228) | (12.260.000) |
Берілген қарыздардың жалпы сомасы | 805.418.534 | 767.481.000 |
Минус: ағымдағы бөлігі | (193.787.619) | (110.081.000) |
Ұзақ мерзімді бөлігі | 611.630.915 | 657.400.000 |
31 желтоқсандағы мерзімдер бөлінісінде берілген қарыздарды талдау былайша берілген:
Мың теңгемен | 2013 жылғы 31 желтоқсан | 2012 жылғы 31 желтоқсан |
Құнсыздану белгілері анықталмаған қарыздар: | ||
- Мерзімі өтпеген және құнсызданбаған | 803.295.000 | 766.159.000 |
Мерзімі өткен, бірақ құнсызданбаған: | ||
- 90-нан 180 күнге дейін мерзімі өткен | - | 732.000 |
- 180-нен 360 күнге дейін мерзімі өткен | 1.533.534 | - |
- 360 күннен астам мерзімі өткен | 590.000 | 590.000 |
Мерзімі өткен қарыздардың жиынтығы | 2.123.534 | 1.322.000 |
Берілген қарыздардың жиынтығы | 805.418.534 | 767.481.000 |
Жақтас және байланысты ұйымдар берген қарыздар
Kazakhmys Finance Plc
2013 жылғы 24 қаңтарда Қор 12 (он екі) жыл өтеу мерзімімен Kazakhmys Finance Plc 200 миллион АҚШ доллары (2013 жылғы 31 желтоқсандағы бағам бойынша 30.812 миллион теңгеге барабар) мөлшерінде қарыз берді. Қарыз бойынша жылдық пайыздық ставка ЛИБОР алты айлық ставкасына тең базалық ставкадан және 4,80% мөлшеріндегі маржадан тұрады. Осы қарыз Жомарт мыс кен орнын өндіру үшін берілді. Қарыз 2013 жылғы қаңтарда Қытайдың Мемлекеттік даму банкімен кредиттік желі шеңберінде алынған қаражаттан берілді (5.5-ескертпе).
"Елорда Даму" ЖШС
2013 жылғы 25 желтоқсанда "Елорда Даму" ЖШС 2012 жылы 20.000 миллион теңге мөлшерінде берген қарызды мерзімінен бұрын өтеуді жүзеге асырды.
Еншілес ұйымдар берген қарыздар
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ
2013 жылғы 31 қаңтарда Қор "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ-мен қарыз шартын жасасты, осыған сәйкес Қор 2062 жылға дейін өтеу мерзімі және 0,1% сыйақы ставкасы бар 118.346 миллион теңге мөлшерінде қарыз берді. Осы қарыз "Жезқазған-Бейнеу" және "Арқалық-Шұбаркөл" темір жолдарын салуды қаржыландыру үшін берілді.
2013 жылғы 7 наурызда Қор "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ-мен қарыз шартын жасасты, осыған сәйкес Қор "Жолаушылар тасымалы" АҚ теміржол жолаушы вагондарының жылжымалы құрамы паркін жаңартуды қаржыландыру үшін 2038 жылға дейін өтеу мерзімі және 0,75% сыйақы ставкасы бар 24.673 миллион теңге мөлшерінде қарыз берді.
2013 жылғы 23 шілдеде және 2013 жылғы 28 желтоқсанда Қор "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ-мен қарыз шартын жасасты, осыған сәйкес Қор "Жезқазған-Бейнеу" теміржолын салуды қаржыландыру үшін 2062 жылға дейін өтеу мерзімі және 0,1% сыйақы ставкасы бар 51.298 миллион теңге және тиісінше 8.166 миллион теңге мөлшерінде қарыз берді.
Осы қарыздарды қаржыландыру Қазақстан Республикасы экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия отырыстарының 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 17-5/И-380 және 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 17-5/11-10 хаттамаларына сәйкес дағдарысқа қарсы қаражатты қайта пайдалану есебінен жүзеге асырылды. Бастапқы тану кезінде осы қарыздар сыйақының тиісті нарықтық ставкаларын пайдалана отырып, 15.908 миллион теңгені құрайтын әділ құн бойынша бағаланды. Қарыздардың номиналды құны мен олардың әділ құны арасындағы 186.575 миллион теңге мөлшеріндегі айырмашылық "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ-ға инвестиицяларды ұлғайту ретінде танылды (5.4-ескертпе).
"Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" АҚ
2012 жылы Қор "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" АҚ-мен жаңартылатын кредиттік желі шартын (99.053 миллион теңге мөлшеріндегі желі лимитімен) жасасты, осыған сәйкес 2013 жылы Қор "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" АҚ-ға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысымен бекітілген "Қолжетімді тұрғын үй-2020" бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй құрылысы жобаларын қаржыландыру үшін 2022 жылғы 31 шілдеге дейін өтеу мерзімімен жалпы сомасы 28.100 миллион теңгеге қосымша транш берді. Осы қарыздар Қазақстан Республикасы экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 17-5/И-380 хаттамасына сәйкес және Қазақстан Республикасы экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 17-5/11-10 хаттамасына сәйкес қаражатты қайта бөлуді есепке ала отырып, Ұлттық қордың қаражаты есебінен берілді.
Кредиттік желінің талаптарына сәйкес Қор кез келген уақытта "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" АҚ-дан қарыздардың немесе олардың бөліктерін ұзақ мерзімді өтеуді талап етуге құқылы, ал "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" АҚ Қор талап еткен жағдайда өтеуді жүргізуге міндеттенеді. Осы талапқа байланысты Қор осы кредиттік желі шеңберінде берілген барлық қарыздарды, қысқа мерзімді ретінде жіктейді.
2013 жылы "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" АҚ 4.335 миллион теңге сомаға қарыздардың ішінара мерзімінен бұрын өтелуін жүзеге асырды.
Кредиттік мекемелердегі қаражат
31 желтоқсандағы кредиттік мекемелердегі қаражат мыналарды қамтыды:
Мың теңгемен | 2013 жылғы 31 желтоқсан | 2012 жылғы 31 желтоқсан |
10 ірі жергілікті банк | 268.195.000 | 266.215.000 |
Өзге жергілікті кредиттік мекемелер | 110.793.000 | 123.172.000 |
Есептелген сыйақы | 8.324.000 | 5.153.000 |
Кредиттік мекемелердегі қаражаттың жалпы сомасы | 387.312.000 | 394.540.000 |
Минус: ағымдағы бөлігі | (41.160.000) | (32.760.000) |
Ұзақ мерзімді бөлігі | 346.152.000 | 361.780.000 |
Мың теңгемен | 2013 жылғы 31 желтоқсан | 2012 жылғы 31 желтоқсан |
BB+ -тен жоғары рейтинг | 23.454.000 | 23.531.000 |
В-дан ВВ- ға дейінгі рейтинг | 109.253.000 | 118.380.000 |
В- рейтингі | 9.940.000 | 12.825.000 |
В-дан төмен рейтинг | 163.114.000 | 141.767.000 |
Рейтинг жоқ | 81.551.000 | 98.037.000 |
387.312.000 | 394.540.000 |
2013 және 2012 жылдардың 31 желтоқсанында Қордан кредиттік мекемелердегі мерзімі өткен және құнсызданған қаражат жоқ.
Кредиттік мекемелердегі қаражат, негізінен, Тұрақтандыру жоспары шеңберінде іс-шараларды қаржыландыру мақсатында банктерге және басқа да қаржылық ұйымдарға орналастырылған қаражатты білдіреді.
2013 жыл ішіндегі қаражаттың қайтарудың жалпы сомасы "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ 20.778 миллион теңге (2012: 49.730 миллион теңге және тиісінше 42.892 миллион теңге) мөлшеріндегі қайтарымды қоса алғанда, 28.989 миллион теңгені құрады.
2013 жылғы 31 желтоқсандағы кредиттік мекемелердегі қаражат негізінен мынадай қаржылық ұйымдарға берілген қарыздар көрсетілген:
* "Даму" к әсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ 55.170 миллион теңге сомаға (2012: 72.638 миллион теңге) шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыру мақсаттары үшін, олардың ішінде 32.360 миллион теңгесі (2012: 44.690 миллион теңге) Тұрақтандыру жоспары шеңберінде орналастырылған қаражатты көрсетті (1-ескертпе). Осы қарыздар бойынша пайыздар жылдық 4,51%-дан 7%-ға дейін есептелді;
* "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ экономиканың басым салаларында инвестициялық жобалардың ставкасын төмендету, қаржылық лизингке қор жасау құнын азайту және 2.850 миллион теңге, 17.301 миллион теңге және тиісінше 3.304 миллион теңге (2012: 2.659 миллион теңге, 16.542 миллион теңге және тиісінше нөл теңге) мөлшерінде қазақстандық локомотивтердің экспортын ынталандыруға арналған.
* Екінші де ңгейдегі банктерге ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруға, Астана және Алматы қалаларында тұрғын үй объектілерін салуға және 109.310 миллион теңге (2012: 116.346 миллион теңге), 53.366 миллион теңге (2012:53.661 миллион теңге) және тиісінше 26.381 миллион теңге (2012: 25.399 миллион теңге) мөлшерінде аралық тұрғын үй қарыздарын беру. Астана және Алматы қалаларында тұрғын үй салуға және ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруға екінші деңгейдегі банктерге ұсынылған 162.676 миллион теңге (2012: 170.007 миллион теңге) мөлшеріндегі қаражаттың бір бөлігі Тұрақтандыру жоспары шеңберінде орналастырылған қаражат болып табылады. Осы қарыздар бойынша сыйақы жылдық 3,74%-дан 7,28% -ға дейін есептелді.
2012
"БТА Банк" АҚ
2012 жылғы 19 желтоқсанда Қор БТА-мен қарыз шартын жасасты, осыған сәйкес Қор 2024 жылға дейінгі өтеу мерзімі және 4% сыйақы ставкасы бар 239.771 миллион теңге мөлшерінде қарыз берді. Осы қарыз Ақпараттық меморандумда жазылған тәртіппен төлеуге жататын өтемақы сомаларында қолма-қол ақшаның үлесін төлеу үшін және БТА міндеттемелерін қайта құрылымдау шеңберінде жалпы банктік мақсаттар үшін берілді. Қарызды қаржыландыру 143.196 миллион теңге мөлшерінде облигацияларды (5.5-ескертпе) және 96.575 миллион теңге мөлшерінде Қордың өз қаражатын шығару есебінен жүзеге асырылды.
Бастапқы тану кезінде осы қарыз сыйақының тиісті нарықтық ставкаларын пайдалана отырып, 105.672 миллион теңгені құрайтын әділ құн бойынша бағаланды. Қарыздардың номиналдық құны және олардың 134.099 миллион теңге мөлшерінде әділ құны арасындағы айырмашылық БТА-дағы инвестицияларды ұлғайту ретінде танылды
Кредиттік мекемелердегі қаражаттың құнсыздануы
2011 жыл ішінде қаржылық жай-күйінің нашарлауына, өтімді қаражатта салыстырмалы шектеулігіне және БТА теріс қаржылық нәтижесіне байланысты Қор 2011 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша осы банкке орналастырылған 36.999 миллион теңге мөлшеріндегі кредиттік мекемелердегі қаражаттың құнсыздануынан болған шығынды таныды. 2012 жылы Қор БТА міндеттемелерін екінші қайта құрылымдауды жүзеге асыруға және оның қаржылық жай-күйін жақсартуға байланысты осы активтер бойынша жинақталған құнсыздануды толығымен түзетпе жасады.
Банктік депозиттер
31 желтоқсандағы банктік депозиттер мынаны қамтыды:
Мың теңгемен | 2013 жылғы 31 желтоқсан | 2012 жылғы 31 желтоқсан |
10 ірі жергілікті банктер | 399.736.507 | 284.155.000 |
Өзге жергілікті кредиттік мекемелер | 113.100.000 | 73.198.000 |
Есептелген сыйақы | 5.578.264 | 7.123.000 |
Банктік депозиттердің жалпы сомасы | 518.414.771 | 364.476.000 |
Минус: ағымдағы бөлігі | (321.735.000) | (159.923.000) |
Ұзақ мерзімді бөлігі | 196.679.771 | 204.553.000 |
Мың теңгемен | 2013 жылғы 31 желтоқсан | 2012 жылғы 31 желтоқсан |
BB+ жоғары рейтингілер | 20.302.466 | 29.957.000 |
Рейтинг және В-дан ВВ-ға дейін | 244.698.765 | 190.012.000 |
В- рейтингі | 99.076.221 | 54.115.000 |
В- төмен рейтингі | 152.624.977 | 89.894.000 |
Рейтинг жоқ | 1.712.342 | 498.000 |
518.414.771 | 364.476.000 |
Уақытша бос ақша қаражатын орналастыру
Уақытша бос ақша қаражатын басқару жөніндегі саясат шеңберінде Қор ірі қазақстандық екінші деңгейдегі банктерде депозиттерді орналастырады.
2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ұзақ мерзімді банктік депозиттер бойынша орташа өлшенген ставка жылдық 8,03%-ды (2012 жылғы 31 желтоқсандағы: 7,81%) құрады, қысқа мерзімді банктік депозиттер бойынша орташа өлшенген ставка жылдық 7,88 %-ды (2012 жылғы 31 желтоқсандағы: 7,74%) құрады.
"БТА Банк" АҚ-дағы депозиттердің құнсыздануы
Өтемді қаражатқа шектеуге және 2011 жыл ішіндегі "БТА Банк" АҚ-ның жағымсыз қаржылық нәтижелеріне қатысты қаржылық жағдайдың нашарлауына байланысты Қор 2011 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша осы банкте орналастырылған 245.068 миллион теңге мөлшеріндегі банктік депозиттердің құнсыздануынан шығынды таныды. 2012 жылы Қор БТА міндеттемелерін екінші рет қайта құрылымдауды жүзеге асыруға және оның қаржылық жағдайының жақсаруына байланысты осы активтер бойынша жинақталған құнсыздануды толықтай түзетті.
5.4 Өзге ұзақ мерзімді активтер
31 желтоқсандағы өзге ұзақ мерзімді активтер мынаны қамтыды:
Мың теңгемен | 2013 жылғы 31 желтоқсан | 2012 жылғы 31 желтоқсан |
Еншілес ұйымдардағы инвестициялар | 2.993.877.516 | 3.231.412.000 |
Қауымдасқан компаниялардағы инвестициялар | 18.455.077 | 18.455.077 |
Өзге ұзақ мерзімді активтер | 53.548 | 201.253 |
Өзге ұзақ мерзімді активтер | 3.012.386.141 | 3.250.068.330 |
Еншілес ұйымдардағы инвестициялар
Мына кестеде еншілес ұйымдардағы инвестициялар, олардың қызметі, тіркеу елі немесе орналасқан жері, сондай-ақ Қордың осы еншілес ұйымдардағы үлесі берілген:
Иелену үлесі | ||||||
Мың теңгемен | Қызмет түрі | Ел | 2013 жылғы 31 желтоқсан | 2012 жылғы 31 желтоқсан | 2013 жылғы 31 желтоқсан | 2012 жылғы 31 желтоқсан |
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ | Жүк және жолаушылар темір жол тасымалдары | Қазақстан | 1.078.596.000 | 835.476.000 | 100,00% | 100,00% |
"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ | Мұнай-газ өнеркәсібі | Қазақстан | 947.531.000 | 928.806.000 | 100,00% | 100,00% |
"Самұрық–Энерго" АҚ | Жылу және электр энергиясын өндіру және тасымалдау | Қазақстан | 263.651.000 | 254.652.000 | 100,00% | 100,00% |
"Тау-кен Самұрық" ҰТК" АҚ | ҚР тау-кен саласын дамыту | Қазақстан | 211.546.000 | 7.862.000 | 100,00% | 100,00% |
"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ | Уран өндіру | Қазақстан | 147.275.000 | 147.275.000 | 100,00% | 100,00% |
"Альянс Банк" АҚ | Банктік қызметтер | Қазақстан | 142.075.000 | 142.075.000 | 67,00% | 67,00% |
"Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания" АҚ | Электр энергиясын беру | Қазақстан | 113.532.000 | 113.129.000 | 100,00% | 100,00% |
"Қазақтелеком" АҚ | Тіркелген байланыс қызметтері | Қазақстан | 88.733.000 | 88.733.000 | 51,00% | 51,00% |
"Біріккен химия компаниясы" ЖШС | ҚР химия саласын дамыту | Қазақстан | 62.365.000 | 40.428.000 | 100,00% | 100,00% |
"Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" АҚ | Жылжымайтын мүлік нарығын тұрақтандыру | Қазақстан | 31.851.000 | 31.851.000 | 100,00% | 100,00% |
"Қазпочта" АҚ | Пошта қызметі және қаржылық қызметтер | Қазақстан | 11.648.000 | 9.564.000 | 100,00% | 100,00% |
"Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясы" АҚ | Машина жасау және қорғаныс саласы | Қазақстан | 9.850.000 | 9.850.000 | 100,00% | 100,00% |
"Эйр Астана" АҚ | Жолаушылар авиатасымалдары | Қазақстан | 7.276.000 | 7.276.000 | 51,00% | 51,00% |
"Ақтөбе халықаралық әуежайы" АҚ | Әуежай қызметтері | Қазақстан | 6.029.000 | 6.029.000 | 100,00% | 100,00% |
"Самұрық-Қазына Инвест" ЖШС | Инвестициялық жобалар бойынша кәсіптік қызметтер | Қазақстан | 3.427.000 | 1.151.000 | 100,00% | 100,00% |
"Павлодар әуежайы" АҚ | Әуежай қызметтері | Қазақстан | 1.454.000 | 1.454.000 | 100,00% | 100,00% |
"Самұрық-Қазына Келісімшарт" ЖШС | Жобаларды басқару | Қазақстан | 1.284.000 | 2.193.000 | 100,00% | 100,00% |
"Атырау халықаралық әуежайы" АҚ | Әуежай қызметтері | Қазақстан | 1.196.000 | 1.196.000 | 100,00% | 100,00% |
"Академик Ш.Ш. Шөкин атындағы Энергетика ҚазҒЗИ" АҚ | Ғылыми қызмет | Қазақстан | 219.000 | 219.000 | 50,00% | 50,00% |
"КОРЭМ" АҚ | Электр қуаты нарығының операторы | Қазақстан | 161.000 | 161.000 | 100,00% | 100,00% |
"Қарағандыгипрошахт және К" ЖШС | Жобалау | Қазақстан | 6.000 | 6.000 | 90,00% | 90,00% |
Иелену үлесі | ||||||
Мың теңгемен | Қызмет түрі | Ел | 2013 жылғы 31 желтоқсан | 2012 жылғы 31 желтоқсан | 2013 жылғы 31 желтоқсан | 2012 жылғы 31 желтоқсан |
KGF IM | Қаржылық операциялар | Кайманов аралдары | – | - | 100,00% | 100,00% |
KGF Management | Қаржылық операциялар | Кайманов аралдары | – | - | 100,00% | 100,00% |
KGF SLP | Қаржылық операциялар | Кайманов аралдары | – | - | 100,00% | 100,00% |
"БТА Банк" АҚ | Банктік қызметтер | Қазақстан | - | 1.320.026.000 | - | 97,28% |
"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ | Мемлекеттік инвестициялық қызмет | Қазақстан | - | 312.614.000 | - | 100,00% |
"Kazyna Capital Management" АҚ | Инвестициялық қорлар құру | Қазақстан | - | 69.444.000 | - | 100,00% |
"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ | Шағын кәсіпкерлікті дамыту | Қазақстан | - | 67.771.000 | - | 100,00% |
"Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ | Индустриялық-инновациялық дамыту стратегиясын іске асыруға жәрдемдесу | Қазақстан | - | 33.268.000 | - | 100,00% |
"Темiрбанк" АҚ | Банктік қызметтер | Қазақстан | - | 23.488.000 | 79,90% | |
"ҚазЭкспортГарант" экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы" АҚ | Сақтандыру қызметтері | Қазақстан | - | 11.270.000 | - | 100,00% |
"Қазгеология" ұлттық геологиялық барлау компаниясы" АҚ | Геологиялық барлау қызметтері | Қазақстан | - | 8.586.000 | - | 100,00% |
"Шығыс Қазақстан өңірлік энергетика компаниясы" АҚ | Электр энергиясын беру | Қазақстан | - | 7.723.000 | - | 100,00% |
"СҚ-Фармация" ЖШС | Халыққа кепілдендірілген медициналық көмек шеңберінде дәрілік заттарды сатып алу | Қазақстан | - | 700.000 | - | 100,00% |
Минус: құнсыздануға арналған резерв | (135.827.484) | (1.252.864.000) | ||||
2.993.877.516 | 3.231.412.000 |
2013 жылғы 1 ақпанда Қор жалпы сомасы 248.838 миллион теңгеге (әр компанияның құны 82.946 миллион теңгені құрады) "Қазцинк" ЖШС-ның 9,9407% қатысу үлестерін иеленетін "Logic Business" ЖШС, "Logic Invest Capital" ЖШС және "Дана" инвестициялық үйі" ЖШС жарғылық какпиталдарына қатысу үлестерінің 100% сатып алу жолымен "Қазцинк" ЖШС жарғылық капиталына 29,8221% қатысу үлестерін сатып алуды жүзеге асырды. Сатып алу Қор облигацияларын сатудан алынған қаражат есебінен жүргізілді (5.5-ескертпе). 2013 жылғы тамызда Қор осы компаниялардағы "Тау-кен Самұрық" ҰТК" АҚ жарғылық капиталына қатысу үлесін беруді жүргізді.
2013 жылғы 14 наурызда Қор "Самұрық-Энерго" АҚ жарғылық капиталына теңгерімдік құны 7.723 миллион теңгемен "Шығыс Қазақстан өңірлік энергетика компаниясы" АҚ-ға акциялардың 100%-ын беруді жүзеге асырды.
2013 жылғы 12 желтоқсанда Қор "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ жарғылық капиталына теңгерімдік құны 26.234 миллон теңгемен "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" ұлттық компаниясы" АҚ-ға акцияларының 100%-ын беруді жүзеге асырды (5.7-ескертпе).
2013 жылы Қор жарғылық капиталған мынадай салымдарды жүзеге асырды:
* "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ 30.311 миллион теңге мөлшерінде. Салымдар Республикалық бюджеттен алынған 30.000 миллион теңге мөлшеріндегі қаражат есебінен ақшалай нысанда және тиісінше 311 миллион теңге мөлшерінде мүліктік салым нысанында жүзеге асырылды, (5.7-ескертпе);
* "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (бұдан әрі "ҚМГ ҰК") 18.725 миллион теңге мөлшерінде, оның ішінде Республикалық бюджеттен алынған 8.917 миллион теңге мөлшеріндегі қаражат есебінен ақшалай нысанда және 9.808 миллион теңге мөлшерінде мүліктік салым нысанында жүзеге асырылды (5.7-ескертпе);
* "Біріккен химия компаниясы" ЖШС 21.937 миллион те ңге мөлшерінде. Салымдар Ұлттық қорды басқару жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2012 жылғы 5 сәуірдегі №17-5/И-380, 2013 жылғы 7 қазандағы №17-5/И-788 хаттамаларына сәйкес Үкіметтің Тұрақтандыру жоспарында көзделген қаражат есебінен ақшалай нысанда, оның ішінде 17.062 миллион теңге мөлшерінде жүзеге асырылды. Жарғылық капиталға салым үшін 4.875 миллион теңге мөлшеріндегі ақша қаражаты Қордың өз қаражаты есебінен бөлінді;
* "Тау-кен Сам ұрық" ұлттық тау-кен компаниясы" АҚ, "Самұрық-Қазына Инвест" ЖШС, "Қазпочта" АҚ, "Самұрық-Қазына Келісімшарт" ЖШС және "Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания" АҚ жалпы сомасы 15.331 миллион теңгеге. Барлық салымдар ақшалай нысанда жүзеге асырылған болатын.
2013 жылы Қор осы қарыздардың әділ құны және олардың номиналды құны арасындағы айырма ретінде есептелген дисконты 186.578 миллион теңге мөлшерінде нарықтағыдан төмен (5.3-ескертпе) ставкалармен "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ-ға қарыз берді, ол еншілес ұйымға инвестицияларды ұлғайту ретінде танылды.
2013 жылы Қор "Самұрық-Энерго" АҚ және "Қазақстанның Даму банкі" АҚ кредиторларының пайдасына қаржылық кепілдіктерді таныды. Қаржылық кепілдіктердің әділ құны 1.212 миллион теңгені және тиісінше 808 миллион теңгені құрады және міндеттемелерде танылды және осы еншілес ұйымдардағы инвестицияларды ұлғайтты.
Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен кеңестің "Қазақстан Республикасының 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және "Қазақстан-2050" стратегиясын іске асыру жөніндегі міндеттемелер туралы" 2013 жылғы 23 қаңтардағы №01-7.1 хаттамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметіне даму институттары мен қаржы ұйымдарын ("Қазақстанның Даму Банк" АҚ, "Kazyna Capital Management" АҚ, "ҚазЭкспортГарант" экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы" АҚ, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ, "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ) Үкімет акцияларының 100% иесі болып табылатын "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ға беру және "СҚ-Фармация" ЖШС-ны Қазақстан Республикасы Денсаулық министрлігінің иелігіне беру тапсырылды.
Еншілес ұйымдардағы инвестицияларға өзгерістер
2013 жылдың сәуірінде Қор толық бақылау құқығымен сенімгерлік басқару шарттарына сәйкес мынадай мемлекеттік мекемелерге осы еншілес ұйымдардың акциялар пакеттерін берді: Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіне – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне – "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ, "Kazyna Capital Management" АҚ, "ҚазЭкспортГарант" экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы" АҚ, "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне – "СҚ-Фармация" ЖШС. Осылайша, Қор 2013 жылдың 10 сәуірінде ("Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ, "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ, "Kazyna Capital Management" АҚ, "ҚазЭкспортГарант" экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы" АҚ, "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ) және 2013 жылғы 30 сәуір ("СҚ-Фармация" ЖШС үшін) еншілес ұйымдардың үстінен бақылауды жоғалтудың тиімді күндері ретінде белгіледі. 2013 жылғы мамырда мемлекеттік мекемелердің сенімгерлік басқаруының жоғарыда көрсетілген шарттары күшін жойды және даму институттары мен қаржы ұйымдарының акцияларын айырбастау шарты негізінде Қор Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің меншігіне берді, ол кейіннен оларды "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ға берді (1-ескертпе).
Бұдан басқа, Қор мен Акционердің арасындағы айырбас шарты негізінде 2013 жылдың тамызында Қор республикалық меншікке "Қазгеология" ұлттық геологиялық барлау компаниясы" АҚ-дағы акцияларының 100%-ын беруді жүзеге асырды. Бақылауды жоғалту күнінде еншілес ұйымдардағы жоғарыда аталған инвестициялардың теңгерімдік құны 411.142 миллион теңгені құрады.
Қор еншілес ұйымдардағы инвестициялардың істен шығуының жалпы құнында капиталдағы өзгерістер туралы жеке есепте Акционермен операциялар ретінде осы еншілес ұйымдардың істен шығуын көрсетті және тануды тоқтатты (5.7-ескертпе).
Осыған байланысты, акцияларды сатып алу-сату шарттарына сәйкес 2014 жыл бойы Қорға тиесілі БТА және Темірбанктегі қатысу үлестерін сатуды жоспарлауда, Қор қайта жіктеу күнінде 279.509 миллион теңге және тиісінше 23.488 миллион теңге теңгерімдік құнмен сатуға арналған активтер ретінде осы банктерге инвестицияларды жіктеді (1-ескертпе).
2012
Қарашығанақ жобасына инвестициялар
2012 жылғы 28 маусымда Қазақстан Республикасы Мұнай газ министрлігі мен Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің тұлғасында Үкімет және Қарашығанақ жобасына қатысушылар (бұдан әрі – "Консорциум" немесе "ҚПО") шартқа қол қойды, оған сәйкес Үкімет ҚПО-дағы үлестің 10% сатып алды. Сатып алынған 10%-дық үлестің әділ құны 2 миллиард АҚШ доллары (300.000 миллион теңге) мөлшерінде бағаланды, оның 150.000 миллион теңгесін Үкімет ақша қаражатымен төледі, ал қалған бөлігі салық бойынша міндеттемелер есебіне есептелді. Үкімет "Өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімдегі үлесті басқару жөніндегі компания" жаңа кәсіпорнын (бұдан әрі – "ӨБТКҮБК") құрды және жобаның сатып алынған 10%-дық үлесін ӨБТКҮБК капиталына беруді жүзеге асырды. Одан әрі Үкіметтің 2012 жылғы 3 мамырдағы №570 қаулысына сәйкес 2012 жылғы 28 маусымда ӨБТКҮБК үлесінің 100% мемлекеттік пакеті Қорға берілді, оның әділ құны беру күнінде 300.070 миллион теңгені құрады (5 және 13-ескертпелер).
2012 жылғы 29 маусымда Қор ӨБТКҮБК–ны "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ-қа (бұдан әрі мәтін бойынша "ҚМГ ҰК") ҚМГ ҰК 150.035 миллион теңге мөлшеріндегі акцияларға және 150.035 миллион теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйақыға айырбасқа берді, ол 1 миллиард АҚШ доллары мөлшеріндегі қарыз арқылы қаржыландырылды. Қарыз шартына сәйкес жылдық пайыздық ставка 1,25 көбейтілген ЛИБОР плюс 3%-ды құрады және негізгі борыш 3 (үш) жыл бойына жобадан ақша ағындары есебінен ай сайын тең үлестермен төлеуге жатады. Қарыз бойынша келісімге сәйкес қамтамасыз ету ретінде ҚМГ ҰК Консорциумға жобадағы қатысу үлесінің 5%-ын берді. Сондай-ақ Қор осы қарыз бойынша кепілдік берді.
2012 жылғы 28 маусымда Қор Жалғыз акционерге 159.113 миллион теңге мөлшерінде дивидендтер төледі. 150.035 миллион теңге сомасындағы дивидендтердің бір бөлігін Үкімет жоғарыда айтылған КПО-да қатысу үлесін сатып алуды қаржыландыру үшін пайдаланды.
Құнсыздану
2013 жылы Қор "Logic Business" ЖШС, "Logic Invest Capital" ЖШС және "Дана" инвестициялық үйі" ЖШС-да жалпы сомасы 55.344 миллион теңге болатын инвестициялардың құнсыздануын болған шығынды таныды. Осы инвестициялардың өтелетін құны пайдаланудан құндылық әдісі негізінде анықталды.
Сондай-ақ 2013 жылы Қор БТА, Альянс Банкте тиісінше 14.830 миллион теңге және 1.543 миллион теңге (2012: тиісінше 134.596 миллион теңге және 12.175 миллион теңге) мөлшерінде инвестициялардың құнсыздануын болған шығынды таныды.
Бұдан басқа, сатуға арналған активтер құрамына БТА-дағы инвестицияларды қайта жіктегеннен кейін Қор сатып алу-сату шартының талаптарына сәйкес осы инвестицияларға өтем алуға күтілетін әділ құнға дейін осы инвестициялардың теңгерім құнын келтіруге байланысты 147.421 миллион теңге мөлшерінде шығынды таныды (1-ескертпе).
БТА және Альянс Банктегі инвестициялардың өтелетін құны сату бойынша шығындар шегерілген әділ құн негізінде анықталды.
2013 жылғы 31 желтоқсандағы және 2012 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша компаниялар бөлінісінде еншілес ұйымдардағы инвестициялардың құнсыздануы бойынша ақпарат былайша берілген:
Мың теңгемен | 2013 жылғы 31 желтоқсан | 2012 жылғы 31 желтоқсан |
"Альянс Банк" АҚ | 135.827.484 | 134.285.000 |
"БТА Банк" АҚ | – | 1.025.686.000 |
"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ | – | 78.554.000 |
"Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ | – | 14.339.000 |
Құнсыздануға резерв | 135.827.484 | 1.252.864.000 |
Қауымдасқан компанияларға инвестициялар
31 желтоқсанда қауымдасқан компанияларға инвестициялар былайша берілді:
В тысячах теңге | 2013 жылғы 31 желтоқсан | 2012 жылғы 31 желтоқсан |
Қауымдасқан компаниялар: | ||
Шекербанк | 18.174.565 | 18.174.565 |
"Астана-Финанс" АҚ | 6.515.875 | 6.515.875 |
"Майқайыңалтын" АҚ | 280.512 | 280.512 |
Минус: құнсыздануға резерв | (6.515.875) | (6.515.875) |
18.455.077 | 18.455.077 |
31 желтоқсандағы жағдай бойынша қауымдасқан компаниялардың қызметі, олардың орналасқан елі және осы ұйымдардағы Қордың үлесі былайша берілген:
Иелену үлесі | ||||
Компания | Қызмет түрі | Елі | 2013 жылғы 31 желтоқсан | 2012 жылғы 31 желтоқсан |
Қауымдасқан компаниялар: | ||||
Шекербанк | Банктік қызметтер | Түркия | 21,93% | 22,1% |
"Астана-Финанс" АҚ | Қаржылық ұйым | Қазақстан | 1,63% | 5,52% |
"Майқайыңалтын" АҚ | Алтын өндіру | Қазақстан | 25,00% | 25,00% |
Шекербанктегі қатысу үлесін сатып алу
2012 жылы 16 наурызда Қор "БТА Секьюритис" АҚ-дан ("БТА Банк" АҚ еншілес ұйымы) "Шекербанк" түрік банкінің 222.148.406 акциясын (22,1%) сатып алды.
"Астана-Финанс" АҚ-дағы қатысу үлесіндегі өзгерістер
2013 жылы "Астана-Финанс" АҚ-дағы Қордың қатысу үлесі 2013 жылғы 17 қаңтарда жүзеге асырылған осы компания акцияларының қосымша эмиссиясына байланысты 1,63%-ға дейін азайды.
Өзге де ағымдағы активтер
31 желтоқсандағы өзге де ағымдағы активтер мынаны қамтыды:
Мың теңгемен | 2013 жылғы 31 желтоқсан | 2012 жылғы 31 желтоқсан |
Алуға дивидендтер | 14.680.970 | 23.996.300 |
Өзге дебиторлық берешек | 7.694.608 | 6.074.813 |
Өзгелер | 1.277.569 | 1.487.027 |
Минус: құнсыздануға резерв | (3.750.714) | (3.618.717) |
19.902.433 | 27.939.423 |
5.5 Қарыздар
31 желтоқсандағы қарыздар, оның ішінде есептелген сыйақы мынаны қамтыды:
Мың теңгемен | 2013 жылғы 31 желтоқсан | 2012 жылғы 31 желтоқсан |
Еншілес ұйымдар сатып алған шығарылған облигациялар: | ||
- "БТА Банк" АҚ | 656.322.000 | 652.978.333 |
- "Альянс Банк" АҚ | 106.820.000 | 106.260.000 |
- "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ | 41.811.000 | 41.599.948 |
- "Темiрбанк" АҚ | 3.048.000 | 3.047.610 |
- "Самұрық-Энерго" АҚ | 223.000 | - |
Өзге де ұйымдар сатып алған шығарылған облигациялар | 150.942.337 | 150.440.195 |
Алынған қарыздар | 403.524.321 | 422.445.000 |
Үкіметтің қаражаты | 197.547.347 | 185.902.557 |
Қарыздардың жалпы сомасы | 1.560.238.005 | 1.562.673.643 |
12 ай ішінде өтеуге жататын сома шегерілген сома | (107.043.383) | (81.962.499) |
12 айдан кейін өтеуге жататын сома | 1.453.194.622 | 1.480.711.144 |
31 желтоқсандағы қарыздар, оның ішінде есептелген сыйақы мынадай валютада көрсетілді:
Мың теңгемен | 2013 жылғы 31 желтоқсан | 2012 жылғы 31 желтоқсан |
Теңгемен көрсетілген қарыздар | 1.156.713.684 | 1.140.228.643 |
АҚШдолларында көрсетілген қарыздар | 403.524.321 | 422.445.000 |
1.560.238.005 | 1.562.673.643 |
Шығарылған облигациялар
2013 жылы "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ жалпы сомасы 21.600 миллион теңгеге Қордың облигацияларын сатып алды. Облигациялардың өтеу мерзімі жылдық 0,01% купон ставкасымен 50 жыл. Облигацияларды бастапқы тану кезінде тиісті нарықтық пайыз ставкасын пайдалана отырып, 648 миллион теңгені құрайтын әділ құн бойынша бағаланды. Осындай өтеуге осындай талаптарда "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ облигацияларын бір уақытта сатып ала отырып, сату жүргізілді.
2012 жылы БТА және Альянс Банк сатып алған Қордың бұрын шығарылған облигациялары бойынша проспектідегі өзгерістерге байланысты купон ставкасы 4%-дан 6%-ға дейін ұлғайтылды. ҚЕХС 39 сәйкес Қор жалпы теңгерім құны 612.267 миллион теңге болатын бұрын көрсетілген облигацияларды есептен шығарды және 750.000 миллион теңге мөлшеріндегі әділ құн бойынша жаңа облигацияларды таныды. 137.733 миллиона теңге сомасындағы айырма осы еншілес ұйымдарға инвестицияларды ұлғайту ретінде танылды.
Алынған қарыздар
Қытай Мемлекеттік Даму Банкінің кредит желісі
2009 жылғы 22 маусымда Қор, Қытай Мемлекеттік Даму Банкі және оператор ретінде шыққан Қазақстанның Даму Бану арасында 3 миллиард АҚШ доллары сомасына кредит желісін ашуға негіздемелік қаржылық келісімге қол қойылды. Осы келісімге сәйкес Қытай Мемлекетттік Даму Банкі Қорға алты айлық ЛИБОР плюс 4,3% тең пайыздық ставкамен жалпы сомасы 3 миллиард АҚШ долларына дейін болатын АҚШ долларында ұзақ мерзімді қарыз берді. Қарыздар Қытай мен Қазақстан арасында өнеркәсіп өндірісін және өзге де экономика салаларын қолдауға және дамытуға жіберіледі. Осы кредит желісі шеңберінде 2013 жылы Қор 200 миллион АҚШ доллары сомасына транш алды, ол алған күнгі 30.144 миллион теңгеге баламалы (2012: тиісінше 1.200 миллион АҚШ доллары және 179.305 миллион теңге). 2013 жылы алынған транш Жамрт мыс кенорнын игеруге Kazakhmys Finance Plc қарыз беруге арналды (5.3-ескертпе). 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша осы кредит желісінің шеңберінде Қытай Мемлекеттік Даму Банкінің алдындағы жалпы ағымдағы берешек құны 403.524 миллион теңгені (2012: 422.445 миллион теңге) құрады.
Үкіметтің қаражаты
31 желтоқсандағы Үкіметтің қаражаты мыналарды қамтыды:
Мың теңгемен | 2013 жылғы 31 желтоқсан | 2012 жылғы 31 желтоқсан |
Ұлттық қордың қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сатып алған облигациялар | 71.302.000 | 63.055.814 |
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сатып алған облигациялар | 59.867.000 | 59.207.504 |
Үкіметтен алынған өзге де қарыздар | 66.378.347 | 63.639.239 |
197.547.347 | 185.902.557 |
2013
2013 жылғы қаңтарда Қор айналым мерзімі 50 жылдық және жылдық 0,01% мөлшерінде купондық сыйақысымен жалпы сомасы 255.000 миллион теңгені құрайтын бір облигацияға номинал құны 1.000 теңге болатын 255.000.000 купондық облигацияны орналастырды.
Барлық облигацияларды сенімгерлік басқару құқығында Қазақстан Республикасы Ұлттық Қорының қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сатып алды. Облигациялар шығару күнгі Қорға қолданылатын нарықтық пайыз ставкасын пайдалана отырып есептелген әділ құн бойынша осы облигациялар бастапқыда көрсетілді және оның салдарынан амортизациялық құн бойынша ескеріледі. 249.828 миллион теңге мөлшеріндегі облигациялардың номинал құны мен олардың әділ құны арасындағы айырма капиталдағы өзгерістер туралы жеке есепте танылған.
Осы облигацияларды өткізуден алынған қаражат "Қазмырыш" ЖШС-ға 29,8221% қатысу үлесін сатып алу үшін пайдаланылды (5.4-ескертпе).
2012
2012 жылы Қор тиісінше жалпы сомасы 73.000 миллион теңге және 70.196 миллион теңге болатын бір облигацияға номинал құны 1.000 теңге болатын 73.000.000 және 70.196.000 купон облигациясын орналастырды. Облигациялардың айналым мерзімі төлем мерзімі – жылына екі рет болатын купондық сыйықысы жылдық 0,01% және жылдық 4% мөлшерінде 50 жылды және 12 жылды құрайды. Осы облигацияларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сатып алды, оларың 73.000 миллион теңге сомаға облигациялары сенімгерлік басқару құқығында Қазақстан Республикасы Ұлттық Қорының қаражаты есебінен сатып алынды. Барлық облигациялар бастапқыда облигацияларды шығару күнгі Қорға қолданылатын нарықтық пайыз ставкасын пайдалана отырып есептелген әділ құн бойынша көрсетілді және оның салдарынан амортизациялық құн бойынша ескеріледі. 82.646 миллион теңге мөлшеріндегі қарыздардың номинал құны мен олардың әділ құны арасындағы айырма капиталдағы өзгерістер туралы жеке есепте танылған.
Осы облигацияларды өткізуден алынған қаражат осы міндеттемелерді қайта құрылымдау шеңберінде БТА қарыз беру үшін пайдаланылды (5.3-ескертпе).
2012 жылы Қор 2009 және 2010 жылдары орналастырған номинал құны 850 миллиард теңге болатын облигациялар бойынша проспектілерге өзгерістер мен толықтырулар тіркелді. Осы өзгерістерге сәйкес осы облигациялар бойынша айналым мерзімі 2062 жылға дейін ұзартылды және сыйақы ставкасы 0,01%-ға дейін төмендетілді. Проспектіге өзгерістер облигацияларды орналастырудың бастапқы талаптарында болмашы өзгерістерге және тиісінше бастапқы міндеттемені тануды тоқтату мен ҚЕХС 39 сәйкес жаңа міндеттемені тануға әкелді. Өзгерістер енгізген күнгі жаңа міндеттеменің әділ құны мен бастапқы міндеттеменің теңгерім құны арасындағы 304.650 миллион теңге мөлшеріндегі айырма капиталдағы өзгерістер туралы жеке есепте танылған.
"2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2011 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2012 жылғы 13 тамызда және 2012 жылғы 22 қарашада Қор Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінен қарыз алды. Қарыздардың жалпы сомасы 0,15%-дан 0,5%-ға дейінгі пайыздық ставкамен 15.285 миллион теңгені құрады. Қарыздар 10 – 25 жыл мерзімге алдынды және мынадай нысаналы мақсаты бар:
* 2.155 миллион те ңге мөлшерінде "Қазақстан Темір Жолы" ұлттық компаниясы" АҚ қарыз беру. Осы қарыз бойынша сыйақы ставкасы жылдық 0,75% аспауы қажет.
* 3.130 миллион те ңге мөлшерінде "Досжан темір жолы" АҚ қарыз беру. Осы қарыз бойынша сыйақы ставкасы жылдық 0,5% аспауы қажет.
* 10.000 миллион те ңге мөлшерінде "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ қарыз беру. Осы қарыз бойынша сыйақы ставкасы жылдық 0,2% аспауы қажет.
Осы қарыздарды бастапқы тану кезінде тиісті нарықтық сыйақы ставкасын пайдалана отырып, 8.314 миллион теңгені құрайтын әділ құн бойынша бағаланды және оның салдарынан амортизациялық құн бойынша ескеріледі. 6.971 миллион теңге мөлшеріндегі қарыздардың номинал құны мен олардың әділ құны арасындағы айырма капиталдағы өзгерістер туралы жеке есепте танылған.
5.6 Өзге де қаржылық міндеттемелер
Өзге де қаржылық міндеттемелерқаржылық кепілдіктер бойынша міндеттемелерде берілген. Қаржы кепілдіктері бойынша міндеттемелердегі өзгерістер былайша берілген:
Мың теңгемен | 2013 | 2012 |
1 қаңтарға | 37.680.190 | 28.936.000 |
Жыл ішінде берілген кепілдіктер | 4.170.200 | 12.982.000 |
Қаржы кепілдіктері бойынша міндеттемелердің амортизациясы | (5.626.900) | (4.717.418) |
Айырбастау бағамдары өзгерісінің әсері | 922.000 | 479.000 |
31 желтоқсанда | 37.145.490 | 37.679.582 |
Минус: ағымдағы бөлік | (6.420.029) | (5.956.029) |
Ұзақ мерзімді бөлік | 30.725.461 | 31.723.553 |
Қаржылық кепілдіктер бойынша міндеттемелер қызметті қаржыландыру үшін қаржылық мекемелерге берілген кепілдіктер бойынша Қор міндеттемелерін және өзінің еншілес ұйымдарының елеулі келісімшарттарын (5.4-ескертпе). Кепілдік шарттарының негізгі бөлігі Қорға өтемақының болмауы талабында жасалды. Берешектің жалпы кепілдік берілген сомасы 2013 жылғы 31 желтоқсанда 2.658 миллион АҚШ долларын, 13.703 миллион теңгені және 2.485 миллион ресей рублін (2012: тиісінше 3.261 миллион АҚШ долларын, 10.613 миллион теңгені және 2.130 миллион ресей рублін) құрайды.
5.7 Капитал
Жарғылық капитал
2013 және 2012 жылдары Қор жай акциялардың эмиссиясын жүргізді, оның төлемі былайша жүзеге асырылды:
Акцияларды төлеу | Шығаруға рұқсат етілген және шығарылған акциялардың саны | Бір акцияның номинал құны, теңгемен | Жарғылық капитал, мың теңгемен |
2011 жылғы 31 желтоқсанға | 3.480.637.455 | 4.050.382.510 | |
Акциялардың мемлекеттік пакеттерімен берілетін жарналар | 418.402 | 40.600; 46.000; 100.000; 282.174; 1.000.000; | 311.903.168 |
Мүлікпен берілетін жарналар | 350.282 | 23.156; 72.800; 80.000; 90.092; 93.549; 100.000 | 35.027.977 |
Ақша қаражатымен берілетін жарналар | 120.000 | 100.000 | 12.000.000 |
2012 жылғы 31 желтоқсанға | 3.481.526.139 | 4.409.313.655 | |
Ақша қаражатымен берілетін жарналар | 39.320 | 901.000; 1.000.000 | 39.319.901 |
Акциялардың мемлекеттік пакеттерімен берілетін жарналар | 27.073 | 1.000; 1.000.000 | 26.233.840 |
Мүлікпен берілетін жарналар | 9.809 | 422.451; 615.921; 1.000.000 | 9.808.038 |
2013 жылғы 31 желтоқсанға | 3.481.602.341 | 4.484.675.434 |
2013 жылғы 31 желтоқсанда 3.481.602.341 акция толығымен төленді (2012: 3.481.526.139 акция).
2012
"2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2011 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2012 жылы Акционер Қордың жарғылық капиталына 12.000 миллион теңге сомасында ақшалай жарнаны жүзеге асырды. Осы қаражат еншілес ұйымдар жүзеге асыратын жобаларды қаржыландыруға арналған.
Үкіметтің 2012 жылғы 3 мамырдағы №570 қаулысына сәйкес 2012 жылы 28 маусымда Қорға ӨБТКҮБК-ге (КУДОСРП) 100% қатысу үлесі берілді, оның алу күнгі әділ құны 300.070 миллион теңгені құрады.
Үкіметтің 2011 жылғы 18 шілдегі № 822 қаулысына сәйкес 2012 жылғы 19 сәуірде Қорға "Арқагаз" АҚ акцияларының мемлекеттік пакеті берілді, оның алу күнгі әділ құны 4.110 миллион теңгені құрайды.
Үкіметтің 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 543 қаулысына сәйкес 2012 жылғы 20 желтоқсанда Қорға "Шығыс Қазақстан өңірлік энергетикалық компаниясы" АҚ-ның 100% үлесті мемлекеттік пакеті берілді, оның беру күнгі әділ құны 7.723 миллион теңгені құрайды.
2012 жылы Акционер "Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы" Үкіметтің 2010 жылғы 14 қыркүйектегі №939 қаулысына және "Алматы қаласын және Алматы облысын энергиямен жабдықтаудың кейбір мәселелері" Үкіметтің 2007 жылғы 6 тамыздағы №660 қаулысына сәйкес жалпы сомасы 35.028 миллион теңгеге Қордың жарғылық капиталына мүлікпен жарна жүзеге асырылды.
2013
"2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2013 жылғы 29 қарашадағы № 146-V Қазақстан Республикасының Заңындағы өзгерістер ескерілген "2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2012 жылғы 23 қарашадағы № 54-V Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2013 жылы Акционер Қордың жарғылық капиталына 39.320 миллион теңге мөлшерінде ақша қаражатымен жарнаны жүзеге асырды. Осы қаражат Қордың еншілес ұйымдары жүзеге асыратын жобаларды қаржыландыруға арналған (5.4-ескертпе).
Үкіметтің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы №1539 қаулысына сәйкес 2013 жылғы 18 шілдеде Қорға "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" ұлттық компаниясы" АҚ-дағы акциялар пакетінің 100%-ы берілді, оның беру күнгі әділ құны 26.234 миллион теңгені құрайды (5.4-ескертпе).
2013 жылы "Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы" Үкіметтің 2010 жылғы 14 қыркүйектегі № 939 қаулысына сәйкес Акционер Қордың жарғылық капиталына жалпы сомасы 9.808 миллион теңгеге мүлікпен жарнаны жүзеге асырды (5.4-ескертпе
Акционермен болатын операциялар
Қаулыға және Қор мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті арасында жасалған айырбастау шартына сәйкес 2013 жылы Қор еншілес ұйымдарының ("Қазақстан Даму Банкі" АҚ, "Kazyna Capital Management" АҚ, "ҚазЭкспортГарант" экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы" АҚ, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ, "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ, "СҚ-Фармация" ЖШС, "Қазгеология" ұлттық геологиялық барлау компаниясы" АҚ) акциялар пакеті мен қатысу үлестерін республикалық меншікке берді. Акциялар пакеті мен қатысу үлестерін беру "2012 жылғы Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және "Қазақстан-2050" стратегиясын іске асыру бойынша міндеттері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен 2013 жылғы 23 қаңтардағы №01-7.1 хаттамада көзделген тапсырмаларға сәйкес жүзеге асырылды (5.4-ескертпе).
Еншілес ұйымдарға берілген инвестициялардың теңгерім құны істен шығу күні 411.568 миллион теңгені құрады.
Бұдан басқа, 2010 және 2011 жылдары Акцонер мен Қор арасында жасалған өзге де айырбастау шарттарына сәйкес 2013 жылы Акционер Қорға әділ құны 426 миллион теңге (2012: 1.630 миллион теңге) болатын мүлікті берді.
2013 жылы жоғарыда көрсетілген операциялар нәтижесінде Қор тікелей капиталдағы өзгерістер туралы жеке есепте жалпы сомасы 411.142 миллион теңгеге Акционермен болатын операцияларды таныды (2012: 1.630 миллион теңге).
Акционерге өзге де бөлу
2013 жылғы 6 маусымда Қор Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне беру арқылы республикалық меншікке Қордың иелігіндегі барлық Kazakhmys PLC жай акцияларын (58.876.793 акциялар) тегін беру жүзеге асырылды (5.2-ескертпе ). Осы қаржы активтерінің істен шығуы капиталдағы өзгерістер туралы жеке есепте 111.925 миллион теңге мөлшерінде Акционерге бөлу ретінде көрсетілді.
2013 жылы Акционердің өкімдеріне сәйкес Қор жалпы сомасы 8.008 миллион теңге (2012 жылы: 9.126 миллион теңге) болатын әртүрлі әлеуметтік жобаларды қаржыландыруды жүзеге асырды.
Акционерге дивидендтер
2013 жылғы 16 қазанда Қор Үкіметтің 2013 жылғы 5 қазандағы № 1060 қаулысына сәйкес 2012 жылдың қорытындылары бойынша 9.077 миллион теңге мөлшерінде Акционерге дивидендтер төлеуді жүзеге асырды (2012 жылы: 159.113 миллион теңге).
Акциялардың теңгерім құны
"Қазақстандық биржа қоры" АҚ Биржалық кеңесінің 2010 жылғы 4 қазандағы шешіміне сәйкес қаржылық есептілікте ҚБҚ-ның бекітілген қағидаларына сәйкес есептелген есептік күнгі бір акцияның (жай және артықшылықты) теңгерім құны туралы деректер болуы қажет.
Мың теңгемен | 2013 жылғы 31 желтоқсан | 2012 жылғы 31 желтоқсан |
Активтердің жиыны | 5.109.990.909 | 5.453.393.241 |
Материалдық емес активтер | (588.023) | (931.146) |
Міндеттемелердің жиыны | (1.599.419.847) | (1.602.663.089) |
Жай акцияларға таза активтер | 3.509.983.039 | 3.849.799.006 |
31 желтоқсандағы жай акциялардың саны | 3.481.602.341 | 3.481.526.139 |
Бір жай акцияның теңгерім құны, теңге | 1.008 | 1.106 |
6. ПАЙДАЛАР МЕН ШЫҒЫНДАР ТУРАЛЫ ЕСЕП
Түсім
31 желтоқсанда аяқталған жылдарға түсім, мынаны қамтиды:
Мың теңгемен | 2013 | 2012 |
Қарыздар бойынша сыйақы | 63.733.651 | 47.455.833 |
Берілген қарыздар бойынша дисконттың амортизациясы | 17.938.986 | 14.047.538 |
Облигациялар бойынша сыйақы | 1.986.481 | 6.830 |
Дивидендтер | 89.716.111 | 341.520.394 |
173.375.229 | 403.030.595 |
Өткізілген тауарлар мен қызметтердің өзіндік құны
31 желтоқсанда аяқталған жылдарға өткізілген тауарлар мен қызметтердің өзіндік құны, мынаны қамтиды:
Мың теңгемен | 2013 | 2012 |
Облигациялар бойынша сыйақы | 61.667.267 | 45.684.317 |
Қарыздар бойынша сыйақы | 20.323.184 | 20.772.971 |
Қаржылық міндеттемелер бойынша дисконттың амортизациясы | 7.319.030 | 23.828.802 |
Бастапқы тану кезінде қаржы активтерін дисконттаудан болатын шығын | 584.287 | 1.137.383 |
89.893.768 | 91.423.473 |
Жалпы және әкімшілік шығыстар
31 желтоқсанда аяқталған жылдарға жалпы және әкімшілік шығыстар мынаны қамтиды:
Мың теңгемен | 2013 | 2012 |
Демеушілік және қайырымдылық көмек | 13.671.792 | 6.834.971 |
Жалақы бойынша шығыстар | 3.328.978 | 2.576.432 |
Консультациялық қызметтер | 1.684.809 | 2.047.358 |
Есепке қабылданбаған ҚҚС | 513.276 | 788.190 |
Өзгелер | 4.624.973 | 3.719.754 |
23.823.828 | 15.966.705 |
2013 жылы Қор 2013 жылға арналған демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету жөніндегі Қордың жалпы іс-шаралар жоспарына (бұдан әрі "Жоспар") сәйкес демеушілік көмек ұсынды. Демейшілік көмек Жоспарда бекітілген кейбір спорт түрлерін және кейбір жобаларды дамыту мақсатында спорттық федерацияларды қаржыландыру бойынша оператор болып табылатын "СҚ-Астана" корпоративтік қоры арқылы іске асырылатын бірқатар жобаларды қаржыландыру үшін берілді. Бұдан басқа, демеушілік көмек Жоспарда бекітілген жобаларды қаржыландыру мақсатында өзге ұйымдар үшін берілді.
Қаржыландыру бойынша кірістер
31 желтоқсанда аяқталған жылдарға қаржыландыру бойынша кірістер мынаны қамтиды:
Мың теңгемен | 2013 | 2012 |
Банктік депозиттер бойынша сыйақы | 34.586.000 | 44.643.647 |
Қаржы кепілдіктері бойынша кірістер | 6.442.070 | 12.666.040 |
Ағымдағы банктік шоттар бойынша сыйақы | 182.020 | 406.871 |
Өзгелер | 1.317.100 | 950.187 |
42.527.190 | 58.666.745 |
Табыс салығы бойынша шығыстар
31 желтоқсанда аяқталған жылдарға табыс салығы бойынша шығыстар мынаны қамтиды:
Мың теңгемен | 2013 | 2012 |
Төлем көзінен ұсталатын салық | 10.214.311 | 10.825.397 |
Мерзімі ұзартылған салық бойынша үнем | (6.083.000) | (336.527) |
4.131.311 | 10.488.870 |
2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Қорға 20% (2012 жылғы 31 желтоқсанда: 20%) қолданыстағы ресми ставка бойынша корпоративтік табыс салығы салынды.
Табыс салығы бойынша шығыстарға табыс салығының нормативтік ставкасы бойынша бухгалтерлік шығыннан/пайдадан табыс салығын есептегенге дейін есептелген табыс салығы бойынша шығыстарды салыстыру былайша берілген:
Мың теңгемен | 2013 | 2012 |
Табыс салығын есептегенге дейінгі (шығын)/пайда | (119.502.178) | 350.212.269 |
Ресми табыс салығының ставкасы | 20% | 20% |
Табыс салығы бойынша (теориялық үнем)/теориялық шығыстар | (23.900.436) | 70.042.454 |
Кейінге қалдырылған салық бойынша танылмаған салық активтеріндегі өзгеріс | 1.090.038 | 4.469.199 |
Тұрақты айырмалардан салық нәтижесі | 26.941.709 | (64.022.783) |
Дивидендтерден салық салынбайтын кіріс | (17.710.407) | (67.349.262) |
Кредиттік мекемелердегі қаражаттың және банктік депозиттердің құнсыздануынан шығынды қалпына келтіруден кіріс | – | (56.185.171) |
Сатуға арналған ретінде сыныпталған активтердің құнсыздануы | 29.483.558 | – |
Еншілес ұйымдарға инвестициядарды құнсыздандыру | 14.342.563 | 30.857.462 |
Сату үшін қолда бар инвестициялардың құнсыздануы | – | 29.369.569 |
Опциондардың құнын өзгертуден шығын/(кіріс), нетто | 213.469 | (2.273.076) |
Қаржы активтері мен міндеттемелері бойынша дисконттау және дисконтты амортизациялау | (1.576.974) | 2.183.729 |
Демеушілік көмекке шығыстар | 2.512.484 | 1.122.683 |
Қаржылық кепілдіктер бойынша кірістер | (1.125.483) | (943.476) |
Өзге де тұрақты айырмалар | 802.499 | (805.241) |
Жиынтық кіріс туралы бөлек есепте берілген корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар | 4.131.311 | 10.488.870 |
Есептік күндері қолданылған заңмен белгіленген салық ставкасын қолдану арқылы есептелген кейінге қалдырылған табыс салығының активтер мен міндеттемелердің есебі үшін негіз бен жеке қаржылық есептілікте көрсетілген сома арасындағы уақытша айырмаларға сальдо мынаны қамтиды:
Мың теңгемен | 2013 | 2012 |
Кейінге қалдырылған салық бойынша активтер | ||
Берілген қарыздар | 3.041.825 | 2.947.401 |
Төлеуге қарыздар | 6.152.063 | 179.815 |
Кейінге қалдырылған салық бойынша активтер | 9.193.888 | 3.127.216 |
Кейінге қалдырылған салық бойынша міндеттемелер | ||
Негізгі қаражат | (73.952) | (90.539) |
Кейінге қалдырылған салық бойынша міндеттемелер | (73.952) | (90.539) |
Кейінге қалдырылған салық бойынша таза активтер | 9.119.936 | 3.036.677 |
Кейінге қалдырылған салық активі болашақта салық салынатын кірістің болу ықтималдығы бар сол деңгейде ғана танылады, оған қарай актив пайдаланылуы мүмкін. Кейінге қалдырылған салық активтері олармен байланысты салық жеңілдіктері іске асырылатын ықтималдық бұдан әрі болмайтын сол деңгейде азайтылады.
7. БАЙЛАНЫСТЫ ТАРАПТАРМЕН МӘМІЛЕЛЕР
Байланысты тараптар Қор тобының компанияларын және Үкімет бақылайтын өзге де компанияларды, Қордың негізгі басқарушы персоналын, өзге де байланысты тараптарды қамтиды. Байланысты тараптармен мәмілелер тараптар арасында келісілген талаптарда жүргізілді, ол кейбір реттелетін қызметтерді қоспағанда, нарықтық ставкалар бойынша міндетті түрде жүзеге асырылған жоқ, ол байланысты және үшінші тараптарға қолданылатын тарифтер талаптарында беріледі.
Мына кестелерде 2013 және 2012 жылдар ішінде байланысты тараптармен жасалған мәмілелердің жалпы сомасы және 2013 және 2012 жылдардың 31 желтоқсанындағы тиісті сальдо келтірілген:
Мың теңгемен | Байланысты тараптардың берешегі (5.3, 5.4-ескертпе-лер) | Байланысты тараптарға берешек 5.5-ескертпе) | Байланысты тараптарда орналастырылған ақша қаражаты және депозиттер (5.3, 5.1-ескертпелер) | |
Мемлекет бақылайтын өзге де кәсіпорындар | 2013 жылғы 31 желтоқсан | 112.577.000 | 246.623.000 | 84.979.000 |
2012 жылғы 31 желтоқсан | 49.417.000 | 188.676.000 | 395.060.970 | |
Еншілес ұйымдар | 2013 жылғы 31 желтоқсан | 469.797.000 | 808.362.000 | 219.354.000 |
2012 жылғы 31 желтоқсан | 536.373.000 | 849.911.003 | 211.877.000 | |
Еншілес ұйымдардың қауымдасқан компаниялары мен біріккен кәсіпорындары | 2013 жылғы 31 желтоқсан | 16.115.000 | – | – |
2012 жылғы 31 желтоқсан | 9.472.788 | – | – |
Мың теңгемен | Алынған дивидендтер | Байланысты тараптардан сатып алу (5.4-ескертпе) | Байланысты тараптардан алынған сыйақы (6-ескертпе) | Байланысты тараптарға есептелген сыйақы (6-ескертпе) | |
Мемлекет бақылайтын өзге де кәсіпорындар | 2013 | – | – | 8.396.686 | 13.326.344 |
2012 | – | – | 782.000 | 17.954.691 | |
Еншілес ұйымдар | 2013 | 88.933.380 | 2.479.270 | 55.844.310 | 49.915.112 |
2012 | 336.885.000 | 19.939.000 | 75.835.000 | 50.134.823 | |
Еншілес ұйымдардың қауымдасқан компаниялары мен біріккен кәсіпорындары | 2013 | – | – | 847.000 | – |
2012 | – | – | 300.000 | – | |
Өзге де байланысты тараптар | 2013 2012 | – – | – – | – – | – – |
2013 және 2012 жылдар ішінде байланысты тараптармен жасалған мәмілелердің табиғаты бөлек қаржылық есептілікке тиісті ескертпелерде көрсетілген.
Қоса берілген жиынтық кіріс туралы жеке есепте жалпы және әкімшілік шығыстарға қосылған негізгі басқарушы персоналға төленген жалпы сйыақы сомасытиісінше 2012 және 2012 жылдардағы 31 желтоқсанда аяқталған жылдарға 643 миллион теңгені және 437 миллион теңгені құрайды. Негізгі басқарушы персоналға төленген сыйақы келісімшарттарда және операциялық нәтижелерге негізделген сыйлықтармен белгіленген жалақы бойынша шығыстардан басым тұрады.
8. ҚАРЖЫ ТӘУЕКЕЛДЕРІН БАСҚАРУ МАҚСАТЫ ЖӘНЕ САЯСАТЫ
Қордың негізгі қаржылық міндеттемелерінің құрамына кредит мекемелерінен және Үкіметтен алынған қарыздар, шығарылған облигациялар, қаржылық кепілдіктер және өзге де кредиторлық берешек кіреді. Көрсетілген қаржылық инструменттер, негізінен, Қордың операцияларын қаржыландыруға тарту үшін пайдаланылады. Қордың қаржылық активтерінің құрамына еншілес ұйымдар мен кредит мекемелері берген қарыздар, банктік депозиттер, өзге де қаржылық активтер, өзге де дебиторлық берешек, сатып алынған облигациялар мен мемлекеттік бағалы қағаздар, оның тікелей операциялық қызметі нәтижесінде пайда болатын ақша және олардың баламалары кіреді.
Қор нарық тәуекеліне, пайыздық ставкаларға байланысты тәуекелге, кредит тәуекеліне, валюта тәуекеліне және өтімділік тәуекеліне ұшырады.
Пайыздық ставкаларға байланысты тәуекел
Сыйақы ставкаларына байланысты тәуекел нарықта сыйақы ставкаларының өзгеруі нәтижесінде қаржылық инструмент құнының ауытқу тәуекелін білдіреді.
Қордың сыйақы ставкаларына байланысты тәуекелге ұшырауы негізінен өзгермелі пайыз ставкасымен алынған Қордың қарызына жатқызылады (5.5-ескертпе). Сонымен қатар, пайыз ставкаларындағы ықтимал өзгерістерге табыс салығына дейін Қор пайдасының сезімталдығы (қарыздар бойынша өзгермелі пайыз ставкасына ықпал арқылы) ұқсас талаппен және ұқсас сомада өзгермелі пайыз ставкасымен берілген қарыздардың болуына байланысты болмашы ғана (5.3-ескертпе). Қор капиталына әсері жоқ.
Кредит тәуекелі
Қордың қаржылық инструменттерімен болған шарттардың талаптарын контрагенттердің орындамауы нәтижесінде пайда болған кредит тәуекелі, әдетте, контрагенттер міндеттемелерінің шамасы осы контрагенттердің алдындағы Қордың міндеттемелеріне асып кеткен осындай жағдайлар болған кезде, сомамен шектеледі. Қордың саясаты кредитке қабілетті контрагенттермен қатар қаржы инструменттерімен болатын операцияларды жасауды көздейді. Кредит тәуекеліне ұшыраудың ең жоғары шамасы әрбір қаржы активінің теңгерім құнына тең. Қор өзінің ең жоғары тәуекел шамасын есепті күні көрсетілген құнсыздануға резервтер шегерілген берілген қарыздар сомасында (5.3-ескретпе), кредит мекемелеріндегі қаражатта (5.3-ескертпе), сатуға қолда бар қаржы активтері мен өтегенге дейін ұсталатын қаржы активтерінде (5.2-ескертпе), банктік депозиттерде (5.3-ескертпе), өзге де ағымдағы активтерде (5.4-ескертпе) және ақша қаражаты мен оның баламаларында (5.1-ескертпе) көрсетіледі деп санайды.
Кредит тәуекелінің шоғырлануы бір қарыз алушыдан немесе қызмет талаптары ұқсас қарыз алушылардың тобынан берешектің бірнеше сомасы болған кезде пайда болуы мүмкін, оған қатысты экономикалық талаптарды өзгерту немесе өзге мән-жайлар олардың өздерінің міндеттемелерін орындауға қабілетіне ықпал етуі мүмкін екенін күтуге негіздеме бар.
Өтімділік тәуекелі
Өтімділік тәуекелі Қордың өзінің қаржылық міндеттемелерін орындау үшін қаражат тарту кезіндегі қиындықтарға жолығу мүмкіндігіне байланысты. Өтімділік тәуекелі оның әділ құнына жуық құны бойынша қаржы активін шұғыл өткізу мүмкіндігінің болмауы нәтижесінде пайда болуы мүмкін.
Өтімділікке қойылатын талаптар тұрақты түрде бақыланып отырады және Қордың басшылығы олардың пайда болу шамасына қарай міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті көлемде қаражаттың болуын қадағалап отырады.
Мына кестеде 2013 және 2012 жылдардағы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша осы міндеттемелерді өтеу мерзімдері бөлінісінде Қордың қаржылық міндеттемелері бойынша шартты дисконтталмаған төлемдер туралы ақпарат берілген.
Мың теңгемен | Талап бойынша | 1 айдан 3 айға дейін | 3 айдан 1 жылға дейін | 1 жылдан 5 жылға дейін | >5 жыл | Жиыны |
2013 жылғы 31 желтоқсан | ||||||
Қарыздар | 76.266.711 | 27.151.988 | 49.497.871 | 472.533.532 | 1.705.985.549 | 2.331.435.651 |
Үкіметтің қаражаты | – | 24.000 | 3.402.767 | 19.386.320 | 1.373.641.792 | 1.396.454.879 |
Өзге де ағымдағы міндеттемелер | – | – | – | – | – | – |
Жиыны | 76.266.711 | 27.175.988 | 52.900.638 | 491.919.852 | 3.079.627.341 | 3.727.890.530 |
Мың теңгемен | Талап бойынша | 1 айдан 3 айға дейін | 3 айдан 1 жылға дейін | 1 жылдан 5 жылға дейін | >5 жыл | Жиыны |
2012 жылғы 31 желтоқсан | ||||||
Қарыздар | 53.337.990 | 22.654.246 | 53.663.835 | 465.649.961 | 1.757.999.630 | 2.353.305.662 |
Үкіметтің қаражаты | – | 24.000 | 3.245.551 | 19.866.376 | 1.120.445.605 | 1.143.581.532 |
Өзге де ағымдағы міндеттемелер | – | 2.278.000 | – | – | – | 2.278.000 |
Жиыны | 53.337.990 | 24.956.246 | 56.909.386 | 485.516.337 | 2.878.445.235 | 3.499.165.194 |
Валюта тәуекелі
Шетел валютасындағы банктердегі ағымдағы шоттардан басқа, Қор шетелдік валютада ұзақ мерзімді кредиттер мен қарыздардың біршама сомасын тартады әрі береді және сондықтан, валюта тәуекеліне ұшырады.
Мына кестеде барлық өзге де параметрлердің өзгермеуі талабымен шетел валютасына айырбастау бағамындағы ықтимал өзгерістерге табыс салығын есептегенге дейінгі Қор шығынының/пайдасының сезімталдығына талдау берілген (ақша активтері мен міндеттемелердің әділ құнындағы ықтимал өзгерістердің салдары). Қордың капиталына ықпалы жоқ.
Мың теңгемен | Айырбастау бағамдарындағы ұлғаю / (кему) | Табыс салығын есептегенге дейінгі пайдаға ықпал ету |
2013 жыл | ||
Еуро | 20,00% | 337.000 |
10,00% | 168.000 | |
АҚШ доллары | 20,00% | 11.413.000 |
10,00% | 5.706.000 | |
2012 жыл | ||
Еуро | 10,77% | 172.077 |
(10,77%) | (172.077) | |
АҚШ доллары | 1,57% | 1.707.877 |
(1,57%) | (1.707.877) |
Капиталды басқару
Капиталды басқарудың негізгі мақсаты үздіксіз қызмет үшін капиталдың қалыпты деңгейінің жеткілікті болуы мен тұрақты кредитке қабілеттілігін және мүдделі тараптар үшін пайданы көбейтуді қамтамасыз ету болып табылады. Қор капиталды басқарады және экономикалық талаптарға өзгерістерді ескере отырып, оның құрылымы мен көлеміне өзгерістер енгізеді. Капиталдың оңтайлы құрылымын қолдау үшін Қор акциялар шығаруы және қарыз қаражатын тартуы мүмкін.
Қорда капиталды басқару қызметті кейіннен қаржыландыру үшін оңтайлы пайдалы жағдайларға ақша ресурстарын тарту, сондай-ақ Қордың алдына қойылған стратегиялық міндеттерді шешу үшін оларды инвестициялау арқылы жүзеге асырылады. Капиталды басқару үдерісі капитал нарығында ағымдағы жағдайларға тұрақты түрде мониторинг жасауды, қарыз капиталының құнын және капиталдың әрбір класына байланысты тәуекелдерді де қамтиды.
Қор капиталына қатысты сыртқы кредиторлар қарыз қаражатын тартуы үдерісінде коэффициент – меншік капиталға қарыз капиталының қатынасы белгіленді, оның мәні 4:1 пропорциядан аспауы қажет. Осы коэффициент есепті кезең ішінде және есепті күнгі жағдай бойынша орындалады.
Кестеде 31 желтоқсандағы меншік капиталға қарыз капиталы қатынасының мәні берілген:
Мың теңгемен | 2013 | 2012 |
Жарғылық капитал | 4.484.675.434 | 4.409.313.655 |
Резервтер | (2.159.510) | (595.087) |
Жиналған шығын | (971.944.862) | (557.988.416) |
Капитал жиыны | 3.510.571.062 | 3.850.730.152 |
Қарыз қаражатының жиыны | 1.599.419.847 | 1.602.663.089 |
Активтердің жиыны | 5.109.990.909 | 5.453.393.241 |
Меншік капиталға қарыз капиталының қатынасы | 0,46 | 0,42 |
Әділ құн бағасы көздерінің иерархиясы
Қор модельді бағалау бөлінісінде қаржылық инструменттердің әділ құнын анықтау және ол туралы ақпаратты ашу үшін мына иерархияны пайдаланады:
1-ші деңгей: ұқсас активтер немесе міндеттемелер бойынша белсенді нарықтардағы бағалар (қандай-да бір түзетулерсіз).
2-ші деңгей: көрсетілетін әділ құнға біршама әсер ететін басқа әдістер, барлық бастапқы деректер нарықта не тікелей не тікелей емес байқалады.
3-ші деңгей: көрсетілетін әділ құнға біршама әсер ететін бастапқы деректерде пайдаланылатын әдістер, олар байқалатын нарықтық ақпаратқа негізделмейді.
Бұдан әрі Қордың барлық қаржылық инструменттерінің теңгерім құны мен әділ құны санаттары бойынша салыстыру берілген:
Мың теңгемен | 2013 жылғы 31 желтоқсан | 1-ші деңгей | 2-ші деңгей | 3-ші деңгей |
Әділ құн бойынша ескерілетін активтер | ||||
Сату үшін қолда бар қаржылық активтер | 36.729.242 | 36.729.242 | - | - |
колл/пут опциондармен байланысты активтер | 46.375.870 | ? | 46.375.870 | - |
Әділ құн бойынша бағаланатын міндеттемелер | ||||
Колл/пут опциондар бойынша міндеттемелер | (46.120) | - | (46.120) | - |
Мың теңгемен | 2012 жылғы 31 желтоқсан | 1-ші деңгей | 2-ші деңгей | 3-ші деңгей |
Әділ құн бойынша ескерілетін активтер | ||||
Сату үшін қолда бар қаржылық активтер | 150.317.844 | 150.317.844 | – | – |
колл/пут опциондармен байланысты активтер | 47.428.965 | – | 47.428.965 | – |
Әділ құн бойынша бағаланатын міндеттемелер | (32.347) | – | (32.347) | – |
Қаржылық инструменттердің әділ құны
2013 және 2012 жылдардағы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Қордың қаржылық инструменттерінің ағымдағы құны төменде көрсетілген қаржы инструтрументтерін қоспағанда, олардың әділ құнына негіздемеленген жақындау болып табылады:
2013 | |||||
Мыналарды пайдалана отырып, әділ құнды бағалау | |||||
Мың теңгемен | Ағымдағы құн | Әділ құн | Белсенді нарықтағы котировкалар (1-деңгей) | Елеулі бақыланатын бастапқы деректер (2-деңгей) | Елеулі бақыланатын бастапқы деректер(3-деңгей) |
Қаржылық активтер | |||||
Кредиттік мекемелердегі қаражат | 387.312.000 | 390.143.883 | - | 390.143.883 | - |
Сыйақының тіркелген ставкасы бар қарыздар | 401.498.262 | 394.964.052 | - | 394.964.052 | - |
Қаржылық міндеттемелер | |||||
Сыйақының тіркелген ставкасы бар алынған қарыздар /шығарылған облигациялар | (959.166.337) | (989.542.852) | - | (989.542.852) | - |
Үкіметтің және Ұлттық Банктің қаражаты | (197.547.347) | (157.358.884) | - | (157.358.884) | - |
Қаржы кепілдіктері бойынша міндеттеме | (37.145.490) | (33.227.110) | - | (33.227.110) | - |
2012 | |||||
Мыналарды пайдалана отырып, әділ құнды бағалау | |||||
Мың теңгемен | Ағымдағы құн | Әділ құн | Белсенді нарықтағы котировкалар (1-деңгей) | Елеулі бақыланатын бастапқы деректер (2-деңгей) | Елеулі бақыланатын бастапқы деректер (3-деңгей) |
Қаржылық активтер | |||||
Кредиттік мекемелердегі қаражат | 394.540.000 | 385.649.000 | - | 385.649.000 | - |
Сыйақының тіркелген ставкасы бар қарыздар | 383.614.000 | 374.635.000 | - | 374.635.000 | - |
Қаржылық міндеттемелер | (954.325.000) | (967.531.000) | - | (967.531.000) | - |
Сыйақының тіркелген ставкасы бар алынған қарыздар /шығарылған облигациялар | (185.902.557) | (140.382.000) | - | (140.382.000) | - |
Үкіметтің және Ұлттық Банктің қаражаты | (37.679.582) | (34.515.000) | - | (34.515.000) | - |
Жоғарыда көрсетілген қаржылық инструменттердің әділ құны басым пайыздық ставкалар бойынша ақша қаражатының күтілетін болашақтағы ағындарын дисконттау арқылы есептелді.
9. ҚАРЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ ШАРТТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
Шартты міндеттемелер
Қор елеулі міндеттемелердің пайда болу ықтималдығының деңгейін бағалайды және міндеттемелердің пайда болуына әкелетін оқиғалар болатын жеткілікті ықтималдық болған, ал тиісті міндеттемелердің сомасы дұрыс анықталуы мүмкін жағдайда ғана өзінің жеке қаржылық есептілігінде тиісті резервті көрсетеді. Осы жеке қаржылық есептілікте қандай-да бір шартты міндеттемелер бойынша резерв құрылмаған.
Салық салу
Қазақстандық салық заңнамасы және нормативтік-құқықтық актілер тұрақты өзгерістер мен әртүрлі түсіндірулер мәні болып табылады. Жергілікті, өңірлік және республикалық салық органдары арасындағы пікірлерде алшақтық жағдайлары жиі кездеседі. Қазақстан қолданыстағы заңдардың негізінде анықталған құқықтық бұзушылықтар үшін айыппұлдар мен өсімақылар біршама болуы мүмкін. Айыппұл санкциялары айыппұлдарды қамтиды, әдетте, 2,5-ке көбейтілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру ставкасы бойынша есептелген өсімақылар мен қосымша есептелген салықтар сомасының 50% мөлшерінде. Нәтижесінде, айыппұл санкциялары мен өсімақылардың сомасы қосып есептеуге тиесілі салықтар сомасынан бірнеше есе артуы мүмкін. Қаржылық кезеңдер тексеру жүргізілетін жылдың алдындағы 5 (бес) күнтізбелік жыл ішінде салық органдары тексеру үшін ашық болып қалады. Белгілі бір мән-жайларда тексеру біршама ұзақ кезеңдерді қамтуы мүмкін. Қазақстан салық жүйесіне байланысты екіұштылық нәтижесінде, егер мұндайлар болса, салықтардың, айыппұлдардың және өсімақылардың түпкілікті сомасы қазіргі уақыт бойынша шығыстарға жатқызылған және 2013 жылғы 31 желтоқсанда есептелген сомадан асып кетуі мүмкін. Басшылық 2013 жылғы 31 желтоқсанда қолданылатын заңнамадағы оның түсіндірілуі сәйкес келетін болып табылады әрі Қордың салық бойынша ұстанымы расталатын ықтималдық болады деп санайды.
"БТА Банк" АҚ-ға орналастырылған активтерге қатысты провизиялар
2010 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті 2009 жылғы Қордың қызметіне кешенді салық тексеруін жүргізуге бастамашылық жасады. Салық тексеруінің қорытындылары бойынша салық органдары 2009 жылғы корпоративтік табыс салығын есептеу мақсаты үшін провизияларды шегеру заңсыз деп санайды. Қор салық тексеруінің қорытындыларына келіспейді, жеке қаржылық есептілік шыққан күнгі Салық комитетіне шағымдану құжаттары жіберілді.
Үкіметтің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2275 қаулысымен "Ұлттық басқарушы холдингтің, сондай-ақ негізгі қызмет түрі қарыз операцияларын жүзеге асыру немесе талап құқықтарын сатып алу болып табылатын және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз проценті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, өзара байланысты тұлғалардың пайдасына не өзара байланысты тұлғалардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген активтер мен шартты міндеттемелерді (кредиттік серіктестіктердің активтері мен шартты міндеттемелерінен басқа) қоспағанда, күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар заңды тұлғалардың активтер мен шартты міндеттемелерді күмәнді және үмітсіз санатқа жатқызу ережесі" ("Ереже") бекітілді.
Ережеге сәйкес Қор 177,352 миллион теңге сомаға "БТА Банк" АҚ-ға орналастырылған активтерге қатысты провизияларды (бұдан әрі - "провизиялар") құрып, корпоративтік табыс салығының есебі мақсатында шегерімге жатқызды.
Қордың басшылығы 2013 жылғы 31 желтоқсанда қолданылатын заңнамада (Ережені қоса алғанда) оны түсіндіру сәйкес келетін болып табылады және осы провизияларды шегерімге жатқызуға қатысты Қордың ұстанымы расталатын болады деп санайды. Тиісінше, Қор осы жеке қаржылық есептілікте салық тексеруі қорытындылары бойынша ықтимал үстеме есептеулерге байланысты қандай-да бір резервтерді таныған жоқ.
Дағдарысқа қарсы қаражатты қайталама пайдалану бойынша міндеттемелер
Қазақстан Республикасы Экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2012 жылғы 5 сәуірдегі №17-5/И-380, 2013 жылғы 30 қаңтардағы №17-5/11-10 және 2013 жылғы 7 қазандағы
№ 17-5/И-788 хаттамаларына сәйкес Қор 2012-2014 жылдар ішінде жалпы сомасы 540.752 миллион теңгеге бірқатар инвестициялық жобаларды қаржыландыруды жүзеге асыруы тиіс. 2012 - 2013 жылдары игерілген қаражатты ескере отырып, 2014 жылғы игеруге 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Қордың міндеттемелері 193.714 миллион теңгені (2012 жылғы 31 желтоқсан: 415.324 миллион теңге), құрайды, оның ішінде мына жобалар бойынша:
Тұрғын үй құрылысы бағдарламасын қаржыландыру және "Қол жетімді тұрғын үй" бағдарламасын іске асыру
Үкіметтің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысына сәйкес "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" АҚ арқылы тұрғын үй салуға Қордан қаражатты және Ұлттық қордан қаржатты пайдалану көзделеді. Қазақстан Республикасы Экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2013 жылғы 30 қаңтардағы №17-5/11-10 хаттамасына сәйкес Қор "Қол жетімді тұрғын үй-2020" бағдарламасын қаржыландыруға көзделген қаражаттың 56.615 миллион теңгесі мөлшеріндегі қаражаты "Батыс-Солтүстік-Орталық магистралдық газ құбырын салу" (Қарталы – Тобыл – Көкшетау - Астана) инвестициялық жобасын қаржыландыруға қайта бөлінді. 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қайта бөлінген қаражатты ескере отырып, "Қол жетімді тұрғын үй-2020" бағдарламасын қаржыландыру бойынша Қордың міндеттемесі 8.100 миллион теңгені (2012 жылғы 31 желтоқсанда: 36.200 миллион теңгені) құрайды.
Қордың өзге де инвестициялық жобаларын іске асыру
2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша өзге инвестициялық жобаларды қаржыландыру бойынша Қордың міндеттемесі 185.614 миллион теңгені (2012 жылғы 31 желтоқсанда: 379.124 миллион теңге) құрайды.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2013 жылғы 30 қаңтардағы №17-5/11-10 хаттамасына сәйкес 2013 жылы Қорға Қордың және/немесе ҚМГ" ҰК меншік қаражаты есебінен 60.000 миллион теңге мөлшерінде "Батыс-Солтүстік-Орталық магистралдық газ құбырын салу" (Қарталы – Тобыл – Көкшетау - Астана) инвестициялық жобасын қаржыландыруды жүзеге асыру тапсырылған, оның ішінде 20.000 миллион теңге ҚМГ ҰК қаражаты есебінен бөлу жоспарланып отыр.
Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2013 жылғы 19 сәуірдегі № 17-5/07-145 хаттамасына сәйкес жоғарыда көрсетілген жобаны іске асыру 1 (бір) жыл мерзімге тоқтатылды.
Сонымен қатар, осы қаражатты және "Қол жетімді тұрғын үй-2020" бағдарламасынан қайта бөлінген қаражатты Қордың жарғылық капиталын 122.707 миллион теңге мөлшерінде ұлғайтуға қаражатты 2014 жылы Республикалық бюджеттен бөлу арқылы өтеу жоспарланып отыр.
Республикалық бюджет қаражаты есебінен инвестициялық жобалар бойынша міндеттемелер
2013 жылғы 31 желтоқсандағы Қордың Республикалық бюджет қаражаты есебінен инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша міндеттемелері 2.030 миллион теңгені (2012 жылғы 31 желтоқсанда: 6.030 миллион теңгені) құрады.
Шекербанктің акцияларын сатып алуға шарттық міндеттеме
2012 жылғы 25 қаңтарда Қор "БТА Секьюритис" АҚ-дан ("БТА Банк" АҚ-ның еншілес ұйымы) "Шекербанк" түрік банкінің 339.787.080 дана акциясын (33,98%) сатып алу шартын жасасты. 2013 жылғы 31 желтоқсанда Қор 219.310.353 акцияны (21,93%) иеленді (5.4-ескертпе). Қазіргі уақытта "БТА Секьритис" АҚ-ға тиесілі "Шекербанк" банкінің акцияларының қалған пакетін сатып алу "БТА Банк" АҚ-ға берілген Turkiye Vakiflar Bankasi T.A.O. талап-арызы бойынша көрсетілген акцияларға қамақ қойылуына байланысты мүмкін болмай отыр.
10. ЕСЕПТІ КҮННЕН КЕЙІНГІ ОҚИҒАЛАР
БТА акцияларын сату
2014 жылғы 31 қаңтарда Қор мен екі сатып алушы – ККБ мен Рақышев мырза арасында БТА акциялар пакетін иеліктен шығару туралы келісімге қол қойды. Мәміле тараптар бірқатар кейінге қалдырылатын талаптарды орындағанға дейін аяқталған деп саналмайтын болады (1-ескертпе).
Темірбанк және Альянс банк акцияларын сату
2014 жылғы 5 наурызда Темірбанк және Альянс банк акциялар пакетін иеліктен шығару жөніндегі Үкіметтің қаулысына қол қойылды, осылайша, мәмілені жабуға Қордың кейінге қалдырылған талаптарының бірі орындалды (1-ескертпе).
Еншілес ұйымдарға инвестициялардағы өзге де өзгерістер
2014 жылғы алғашқы төрт ай ішінде Қор 86.028 миллион теңге сомаға еншілес ұйымдардың жарғылық капиталдарына қосымша ақшалай жарналарды жүзеге асырды.
Берілген қарыздар
2014 жылғы 16 қаңтарда Қор "Самұрық-энерго" АҚ-мен қарыз шартын жасасты, оған сәйкес Қор "Екібастұз МАЭС-1" ЖШС-ның 50% қатысу үлесін және "Қазгидротехэнерго" ЖШС-ның 100% қатысу үлесін сатып алуды қаржыландыру үшін 200.000 миллион теңге мөлшерінде қарыз берді. Қаржыландыру Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі 2013 жылғы 11 сәуірдегі № 01-7.9 хаттамаға сәйкес Ұлттық қордың қаражаты есебінен жүзеге асырылды.
2014 жылғы 9 сәуірде Қор Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы №821 қаулысымен бекітілген "Қол жетімді тұрғын үй-2020" бағдарламасының шеңберінде тұрғын үй салу жобаларын қаржыландыру үшін 5.000 миллион теңге мөлшерінде "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" АҚ-ға қосымша транш берді. Қазақстан Республикасы Экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2012 жылғы 5 сәуірдегі №17-5/И-380 хаттамасына сәйкес Ұлттық қордың қаражаты есебінен қаржыландыру жүзеге асырылды.
2014 жылғы қаңтарда Kazakhmys Finance Plc Жомарт және Ақбастау/Қосмұрын мыс кен орындарын әзірлеу жобалары бойынша 400 миллион АҚШ доллары (төлем күнгі бағам бойынша 61.808 миллион теңгеге баламалы) мөлшерінде мерзімінен бұрын қарызды өтеуді жүзеге асырды.
Үкіметтің қаражаты
2014 жылғы қаңтарда Қор бір облигацияға номинал құны 1.000 теңгеге 15 жыл облигациялардың айналым мерзімімен және жылдық 3% мөлшеріндегі купондық сыйақымен жалпы сомасы 300.000 миллион теңге болатын 300.000.000 купондық облигацияларды орналастырды. Облигацияларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сатып алды. 200.000 миллион теңге мөлшеріндегі осы облигацияларды сатудан алынған қаражат "Екібастұз МАЭС-1" ЖШС-ның 50% қатысу үлесін және "Казгидротехэнерго" ЖШС-ның 100% қатысу үлесін сатып алуды қаржыландыру мақсатында "Самұрық-энерго" АҚ қарызын беру үшін пайдаланылды.
Алынған қарыздар
2014 жылғы қаңтарда Қор Жомарт және Ақбастау/ҚКосмұрын мыс кен орындарын әзірлеу жобалары бойынша 400 миллион АҚШ доллары (төлем күнгі бағам бойынша 61.904 миллион теңгеге баламалы) мөлшерінде Қытай Мемлекеттік даму банкі алдындағы қарыздарды ішінара мерзімінен бұрын өтеуді жүзеге асырды.
Теңгенің девальвациялануы
2014 жылғы 11 ақпанда теңге АҚШ доллары мен басқа негізгі валюталарға қатысты девальвацияланды және девальвацияға дейін және кейін тиісінше 1 АҚШ долларына 155,56 теңгені және 1 АҚШ долларына 184,5 теңгені құрады, ол теңгенің 19%-ға жуық құнсыздануы. АҚШ долларына қатысты айырбастау бағамдарындағы ықтимал өзгерістерге табыс салығын есепке алғанға дейінгі Қордың таза пайдасының сезімталдығы 8-ескертпеде ашылған. Сезімталдықтың осы талдауы бұл 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша болса, әрі барлық параметрлер өзгермейтін шама ретінде қабылданған талаппен ғана девальвацияның ықтимал әсерін көрсетеді.
Жарғылық капиталға жарналар
2014 жылғы сәуірде Акционер 54.500 миллион теңге мөлшерінде Қордың жарғылық капиталына ақшалай жарнаны жүзеге асырды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қазандағы № 1121 қаулысымен бекітілген |
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2010 жылғы 20 тамыздағы № 422 бұйрығына сәйкес |
дайындалған қаржылық есептіліктің нысандары
2013 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл үшін,
арнайы тапсырыс бойынша тәуелсіз аудиторлардың қорытындысымен
Тәуелсіз аудиторлардың есебі
Шоғырландырылған қаржылық есептіліктің нысандары
Шоғырландырылған бухгалтерлік теңгерім
Пайда және шығындар туралы шоғырландырылған есеп
Ақша қаражатының қозғалысы туралы шоғырландырылған есеп
Капиталдағы өзгерістер туралы шоғырландырылған есеп
Шоғырландырылған қаржылық есептіліктің нысандарына түсіндірме жазба
ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН БУХГАЛТЕРЛІК ТЕҢГЕРІМ № 1 нысан
2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша
Ұйымның атауы: "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ
Қайта ұйымдастырылғаны туралы мәліметтер:
Ұйым қызметінің түрі:
Ұйымдық-құқықтық нысаны: акционерлік қоғам
Есептілік нысаны: шоғырландырылған
Қызметкерлердің орташа жылдық саны: 155 адам
Кәсіпкерлік субъектісі: орта
Ұйымның заңды мекенжайы: Астана қ., Қонаев 8
мың теңге
Активтер | Жол коды | Есепті кезеңнің соңына | Есепті кезеңнің басына, (қайта есептелген) |
I. Қысқа мерзімді активтер | |||
Ақша қаражаты және олардың баламалары | 010 | 740.994.000 | 1.468.426.000 |
Сату үшін қолда бар қаржы активтері | 011 | 39.333.000 | 84.949.000 |
Туынды қаржы құралдары | 012 | 46.427.000 | 48.834.000 |
Пайда және шығын арқылы әділ құн бойынша есептелетін қаржы активтері | 013 | 2.646.000 | 81.016.000 |
Өтеуге дейін ұсталатын қаржы активтері | 014 | 4.280.000 | 53.010.000 |
Өзге де қысқа мерзімді қаржы активтері | 015 | 1.541.688.000 | 1.741.768.000 |
Қысқа мерзімді сауда және өзге де дебиторлық берешек | 016 | 382.979.000 | 373.046.000 |
Ағымдағы табыс салығы | 017 | 77.721.000 | 78.372.000 |
Қорлар | 018 | 346.300.000 | 409.508.000 |
Өзге де қысқа мерзімді активтер | 019 | 437.902.000 | 461.431.000 |
Қысқа мерзімді активтердің жиыны (жолдар сомасы 010 – 019 аралығында) | 100 | 3.620.270.000 | 4.800.360.000 |
Сатуға арналған активтер (немесе шығарылатын топтар) | 101 | 1.086.843.000 | 51.521.000 |
II. Ұзақ мерзімді активтер | |||
Сату үшін қолда бар қаржы активтері | 110 | 92.725.000 | 399.593.000 |
Туынды қаржы құралдары | 111 | - | 1.444.000 |
Пайда және шығын арқылы әділ құн бойынша есептелетін қаржы активтері | 112 | 5.468.000 | 26.661.000 |
Өтеуге дейін ұсталатын қаржы активтері | 113 | 35.636.000 | 37.236.000 |
Өзге де ұзақ мерзімді қаржы активтері | 114 | 929.759.000 | 1.656.011.000 |
Ұзақ мерзімді сауда және өзге де дебиторлық берешек | 115 | - | - |
Үлестік қатысу әдісімен ескерілетін инвестициялар | 116 | 1.717.249.000 | 1.351.044.000 |
Инвестициялық мүлік | 117 | 10.696.000 | 10.201.000 |
Негізгі құралдар | 118 | 6.802.386.000 | 5.956.395.000 |
Биологиялық активтер | 119 | - | - |
Барлау және бағалау активтері | 120 | 237.657.000 | 197.516.000 |
Материалдық емес активтер | 121 | 251.820.000 | 287.166.000 |
Кейінге қалдырылған салық активтері | 122 | 42.084.000 | 77.964.000 |
Өзге де ұзақ мерзімді активтер | 123 | 461.896.000 | 421.092.000 |
Ұзақ мерзімді активтер жиыны (жолдар сомасы 110 – 123 аралығында) | 200 | 10.587.376.000 | 10.422.323.000 |
Теңгерім (100 жол +101 жол + 200 жол) | 15.294.489.000 | 15.274.204.000 |
мың теңге
Капитал және міндеттемелер | Жол коды | Есепті кезеңнің соңына | Есепті кезеңнің басына, (қайта есептелген) |
III. Қысқа мерзімді міндеттемелер | |||
Қарыздар | 210 | 679.181.000 | 1.240.793.000 |
Туынды қаржы құралдары | 211 | 527.000 | 888.000 |
Өзге де қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер | 212 | 244.461.000 | 644.483.000 |
Қысқа мерзімді сауда және өзге де кредиторлық берешек | 213 | 429.407.000 | 496.946.000 |
Қысқа мерзімді резервтер | 214 | 140.711.000 | 124.202.000 |
Табыс салығы бойынша ағымдағы салық міндеттемелері | 215 | 58.010.000 | 48.841.000 |
Қызметкерлерге сыйақылар | 216 | 81.734.000 | 75.806.000 |
Өзге де қысқа мерзімді міндеттемелер | 217 | 440.359.000 | 503.428.000 |
Қысқа мерзімді міндеттемелердің жиыны (жолдар сомасы 210 – 217 аралығында) | 300 | 2.074.390.000 | 3.135.387.000 |
Сатуға арналған шығатын топтардың міндеттемелері | 301 | 1.219.950.000 | 20.317.000 |
IV. Ұзақ мерзімді міндеттемелер | |||
Қарыздар | 310 | 3.563.743.000 | 3.737.753.000 |
Туынды қаржы құралдары | 311 | - | 7.450.000 |
Өзге де ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер | 312 | 86.134.000 | 141.976.000 |
Ұзақ мерзімді сауда және өзге де кредиторлық берешек | 313 | - | - |
Ұзақ мерзімді резервтер | 314 | 137.246.000 | 136.312.000 |
Кейінге қалдырылған салық міндеттемелері | 315 | 377.919.000 | 336.950.000 |
Өзге де ұзақ мерзімді міндеттемелер | 316 | 328.515.000 | 342.600.000 |
Ұзақ мерзімді міндеттиемелердің жиыны (жолдар сомасы 310 – 316 аралығында) | 400 | 4.493.557.000 | 4.703.041.000 |
V. Капитал | |||
Жарғылық (акционерлік) капитал | 410 | 4.484.676.000 | 4.409.314.000 |
Эмиссиялық кіріс | 411 | - | – |
Сатып алынған меншікті үлестік құралдар | 412 | - | – |
Резервтер | 413 | 295.246.000 | 260.758.000 |
Бөлінбеген пайда (өтелмеген шығын) | 414 | 1.947.379.000 | 1.944.252.000 |
Негізгі ұйымның меншгік иелеріне жатқызылған капиталдың жиыны (жолдар сомасы 410 – 414 аралығында) | 420 | 6.727.301.000 | 6.614.324.000 |
Бақыланбайтын меншік иелерінің үлесі | 421 | 779.291.000 | 801.135.000 |
барлық капитал (420 жол +/? 421 жол) | 500 | 7.506.592.000 | 7.415.459.000 |
Баланс (300 жол +301 жол + 400 жол + 500 жол) | 15.294.489.000 | 15.274.204.000 |
Қаржы директоры – Басқарма мүшесі __________________
Рахметов Н.Қ.
Бас бухгалтер __________________
Абдрахманова А.Ж.
ПАЙДА ЖӘНЕ ШЫҒЫНДАР ТУРАЛЫ ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН ЕСЕП № 2 нысан
2013 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл үшін
мың теңге
Көрсеткіштердің атауы | Жол коды | Есепті кезең үшін | Өткен кезең үшін, (қайта есептелген) |
Түсім | 010 | 5.077.172.000 | 4.725.082.000 |
Сатылған тауарлар мен қызметтердің өзіндік құны | 011 | (3.647.010.000) | (3.390.245.000) |
Жалпы пайда (010 жол – 011 жол) | 012 | 1.430.162.000 | 1.334.837.000 |
Сату жөніндегі шығыстар | 013 | (347.457.000) | (377.334.000) |
Әкімшілік шығыстар | 014 | (378.782.000) | (343.669.000) |
Өзге де шығыстар | 015 | (259.614.000) | (242.777.000) |
Өзге де кірістер | 016 | 82.355.000 | 65.285.000 |
Операциялық пайданың (шығынның) жиыны (+/- жолдар 012 – 016 аралығында) | 020 | 526.664.000 | 436.342.000 |
Қаржыландыру бойынша түскен кірістер | 021 | 83.902.000 | 55.771.000 |
Қаржыландыру бойынша шығыстар | 022 | (230.746.000) | (208.751.000) |
Үлестік қатысу әдісі бойынша есепке алынатын қауымдасқан ұйымдар мен бірлескен қызметтің пайдасындағы (шығынындағы) ұйымның үлесі | 023 | 546.342.000 | 540.513.000 |
Өзге де операциялық емес кірістер | 024 | - | - |
Өзге де операциялық емес шығыстар | 025 | (36.189.000) | (22.251.000) |
Салық салғанға дейінгі пайда (шығын) (+/? жолдар 020 – 025 аралығында) | 100 | 889.973.000 | 801.624.000 |
Табыс салығы бойынша шығыстар | 101 | (277.244.000) | (243.789.000) |
Салық салғаннан кейін жалғасатын қызметтен түсетін пайда (шығын) (100 жол – 101 жол) | 200 | 612.729.000 | 557.835.000 |
Салық салғаннан кейін тоқтатылған қызметтен түсетін пайда (шығын) | 201 | (172.972.000) | 580.063.000 |
Мыналарға қатысты бір жылғы пайда: (200 жол + 201 жол): | 300 | 439.757.000 | 1.137.898.000 |
негізгі ұйымның меншік иелері | 407.246.000 | 1.067.577.000 | |
Бақыланбайтын меншік иелерінің үлесі | 32.511.000 | 70.321.000 | |
Өзге де жиынтық пайда, барлығы (жолдардың сомасы 410 – 420 аралығында): | 400 | 45.601.000 | 164.315.000 |
оның ішінде: | |||
Негізгі құралдарды қайта бағалау | 410 | - | - |
Сату үшін қолдағы бар қаржы активтерін қайта бағалау | 411 | (2.593.000) | (17.534.000) |
Үлестік қатысу әдісі бойынша есепке алынатын қауымдасқан ұйымдар мен бірлескен қызметтің өзге де жиынтық пайдасындағы (шығынындағы) үлесі | 412 | - | - |
Зейнетақы міндеттемелері бойынша актуарлық пайда (шығын) | 413 | (6.716.000) | ? |
Еншілес ұйымдардың мерзімі кейінге қалдырылған салығына табыс салығы ставкасын өзгерту тиімділігі | 414 | - | - |
Ақша ағындарын хеджирлеу | 415 | (254.000) | (158.000) |
Шетелдік ұйымдарға инвестициялар бойынша бағамдық айырма | 416 | 54.538.000 | 35.301.000 |
Шетелдік операцияларға таза инвестицияларды хеджирлеу | 417 | - | - |
Өзге де жиынтық пайданың өзге де құрауыштары | 418 | - | - |
Пайда (шығын) құрамында кері сыныптау кезіндегі түзету | 419 | 626.000 | 146.706.000 |
мың теңге
Көрсеткіштердің атауы | Жол коды | Есепті кезең үшін | Өткен кезең үшін, (қайта есептелген) |
Өзге де жиынтық пайда құрауыштарының салықтық тиімділігі | 420 | - | - |
Жалпы жиынтық пайда (300 жол + 400 жол) | 500 | 485.358.000 | 1.302.213.000 |
Мыналарға тиесілі жалпы жиынтық пайда: | |||
негізгі ұйымның меншік иелері | 452.012.000 | 1.233.075.000 | |
бақыламайтын меншік иелерінің үлесі | 33.346.000 | 69.138.000 | |
Акцияға арналған пайда: | 600 | ||
оның ішінде: | |||
Акцияға арналған базалық пайда: | |||
жалғасатын қызметтен | 175,99 | 160,25 | |
тоқтатылған қызметтен | (49,68) | 166,63 | |
Акцияға арналған ажыратылған пайда: | |||
жалғасатын қызметтен | 175,99 | 160,25 | |
тоқтатылған қызметтен | (49,68) | 166,63 |
Қаржы директоры – Басқарма мүшесі __________________
Рахметов Н.Қ.
Бас бухгалтер __________________
Абдрахманова А.Ж.
АҚША ҚАРАЖАТЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ ТУРАЛЫ ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН ЕСЕП
(жанама әдіс) № 3 нысан
2013 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл үшін
мың теңге
Көрсеткіштердің атауы | Жол коды | Есепті кезең үшін | Өткен кезең үшін |
1. Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражатының қозғалысы | |||
Салық салуға дейінгі пайда (шығын) | 010 | 712.172.000 | 1.391.361.000 |
Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациясы және құнсыздануы | 011 | 430.879.000 | 407.442.000 |
Гудвилдің құнсыздануы | 012 | 4.945.000 | – |
Сауда және өзге де дебиторлық берешектің құнсыздануы | 013 | 17.500.000 | 13.390.000 |
Сатуға жұмсалатын шығынды шегергенде әділ құнға дейін сату үшін арналған активтер құнын (немесе шығатын топты) есептен шығару | 014 | 158.729.000 | – |
Негізгі құралдардың шығуынан шығын (пайда) | 015 | 3.372.000 | 2.318.000 |
Инвестициялық мүліктен шығын (пайда) | 016 | – | – |
Қарызды мерзімінен бұрын өтеуден шығын (пайда) | 017 | – | – |
Пайда және шығын туралы есеп арқылы түзетумен әділ құн бойынша көрсетілетін өзге де қаржы активтерінен шығын (пайда) | 018 | (24.000) | (11.968.000) |
Қаржыландыру жөніндегі шығыстар (кірістер) | 019 | 146.844.000 | 152.980.000 |
Қызметкерлерге сыйақы | 020 | 14.983.000 | 12.958.000 |
Үлестік құралдармен сыйақы жөніндегі шығыстар | 021 | – | – |
Кейінге қаодырған салық бойынша кіріс (шығыс) | 022 | – | – |
Іске асырылмаған оң (теріс) бағам айырмасы | 023 | 33.746.000 | 18.497.000 |
Үлестік қатысу әдісі бойынша ескерілетін қауымдасқан ұйымдар мен бірлескен қызмет пайдасындағы ұйымдардың үлесі | 024 | (546.342.000) | (540.513.000) |
Жалпы жиынтық пайданы (шығынды) өзге де ақшалай емес операциялық түзетулер | 025 | 128.462.000 | (524.361.000) |
Жалпы жиынтық пайданы (шығынды) түзету жиыны, барлығы (+/? 011 – 025 жолдар аралығында) | 030 | 393.094.000 | (469.257.000) |
Қорлардағы өзгерістер | 031 | (34.545.000) | (36.195.000) |
Резервтің өзгерістері | 032 | (10.322.000) | (6.566.000) |
Сауда және өзге де дебиторлық берешектегі өзгерістер | 033 | (142.696.000) | (583.569.000) |
Сауда және өзге де кредиторлық берешектегі өзгерістер | 034 | (133.574.000) | 257.916.000 |
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша өзгерістер | 035 | (7.312.000) | 14.311.000 |
Өзге де қысқа мерзімді міндеттемелердегі өзгерістер | 036 | 27.831.000 | 131.909.000 |
Операциялық активтер мен міндеттемелер қозғалысының жиыны, барлығы (+/- 031 – 036 аралығындағы жолдар) | 040 | (300.618.000) | (222.194.000) |
Төленген сыйақылар | 041 | (180.255.000) | (146.160.000) |
Төленген табыс салығы | 042 | (222.698.000) | (196.694.000) |
Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражатының таза сомасы (010 жол +/- 030 жол +/- 040+/- жол 041+/- 042 жол) | 100 | 401.695.000 | 357.056.000 |
мың теңге
Көрсеткіштердің атауы | Жол коды | Есепті кезең үшін | Өткен кезең үшін |
2. Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражатының қозғалысы | 200 | (1.629.729.000) | (482.965.000) |
3. Қаржылық қызметтен түсетін ақша қаражатының қозғалысы | 300 | 492.305.000 | (60.503.000) |
4. Валюталарды теңгеге айырбастау бағамының әсері | 400 | 8.297.000 | 8.223.000 |
5. Ақша қаражатының ұлғаюы +/- азаюы (100 жол +/- 200 жол +/- 300 жол) | 500 | (735.729.000) | (186.412.000) |
6. Есепті кезеңнің басындағы ақша қаражаты және олардың баламалары | 600 | 1.468.426.000 | 1.646.615.000 |
7. Есепті кезеңнің аяғындағы ақша қаражаты және олардың баламалары | 700 | 740.994.000 | 1.468.426.000 |
Қаржы директоры – Басқарма мүшесі __________________
Рахметов Н.Қ.
Бас бухгалтер __________________
Абдрахманова А.Ж.
КАПИТАЛДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР ТУРАЛЫ ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН ЕСЕП № 4 нысан
2013 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл үшін
мың теңге
Көрсеткіштердің атауы | Жол коды | Негізгі ұйымның капиталы | Жиыны капитал | |||||
Жарғылық (акционерлік) капитал | Эмиссиялық кіріс | Сатып алынған меншікті үлестік құралдар | Резервтер | Бөлінбеген пайда | Бақыланбайтын меншік иелерінің үлесі | |||
Өткен жылдың 1 қаңтарындағы сальдо | 010 | 4.050.383.000 | – | – | 96.804.000 | 823.433.000 | 758.983.000 | 5.729.603.000 |
Есеп саясатындағы өзгеріс | 011 | – | – | – | – | – | – | – |
Кәсіпорындарды жалпы бақылауға біріктіруге байланысты қайта есептеу* | – | – | – | 165.000 | 21.761.000 | – | 21.926.000 | |
Қайта есептелген сальдо (010 жол +/011 жол) | 100 | 4.050.383.000 | – | – | 96.969.000 | 845.194.000 | 758.983.000 | 5.751.529.000 |
Жалпы жиынтық пайда, барлығы (210 жол + 220 жол): | 200 | – | – | – | 165.498.000 | 1.067.577.000 | 69.138.000 | 1.302.213.000 |
Бір жыл ішіндегі пайда (шығын) | 210 | – | – | – | – | 1.067.577.000 | 70.321.000 | 1.137.898.000 |
Өзге де жиынтық пайда, барлығы (жолдар сомасы 221 – 229 аралығы): | 220 | – | – | – | 165.498.000 | – | (1.183.000) | 164.315.000 |
Оның ішінде: | ||||||||
Негізгі құралдарды қайта бағалаудан өсім (салық тиімділігін шегергенде) | 221 | – | – | – | – | – | – | – |
Негізгі құралдарды қайта бағалаудан амортизацияны ауыстыру (салық тиімділігін шегергенде) | 222 | – | – | – | – | – | – | – |
Сату үшін қолда бар қаржы активтерін қайта бағалау (салық тиімділігін шегергенде) | 223 | – | – | – | 131.663.000 | – | (2.491.000) | 129.172.000 |
Үлестік қатысу әдісі бойынша ескерілетін қауымдасқан ұйымдар мен бірлескен қызмет өзге де жиынтық пайдасының (шығынының) үлесі | 224 | – | – | – | – | – | – | – |
Зейнетақы міндеттемелері бойынша актуарлық пайда (шығын) | 225 | – | – | – | – | – | – | – |
мың теңге
Көрсеткіштердің атауы | Жол коды | Негізгі ұйымның капиталы | Жиыны капитал | |||||
Жарғылық (акционер-лік) капитал | Эмиссиялық кіріс | Сатып алынған меншікті үлестік құралдар | Резервтер | Бөлінбеген пайда | Бақыланбайтын меншік иелерінің үлесі | |||
Табыс салығы ставкасындағы өзгерістің еншілес ұйымдардың кейінге қалдырылған салығына әсеру | 226 | – | – | – | – | – | – | – |
Ақша ағындарын хеджирлеу (салық тиімділігін шегергенде) | 227 | – | – | – | (158.000) | – | – | (158.000) |
Шетелдік ұйымдарға инвестициялар бойынша бағам айырмасы | 228 | – | – | – | 33.993.000 | – | 1.308.000 | 35.301.000 |
Таза инвестицияларды шетелдік операцияларға хеджирлеу | 229 | – | – | – | – | – | – | – |
Меншік иелерімен операциялар, барлығы (жолдар сомасы 310 – 318 аралығы): | 300 | 358.931.000 | – | – | (1.709.000) | 31.481.000 | (26.986.000) | 361.717.000 |
оның ішінде: | ||||||||
Қызметкерлерге акциялармен сыйақылар: | 310 | – | – | – | 215.000 | (604.000) | 1.441.000 | 1.052.000 |
оның ішінде: | ||||||||
қызметкерлер қызметінің құны | – | – | – | 215.000 | (604.000) | 1.441.000 | 1.052.000 | |
қызметкерлерге акциялармен сыйақылар схемасы бойынша акциялар шығару | – | – | – | – | – | – | – | |
қызметкерлерге акциялармен сыйақылар схемасына қатысты салық пайдасы | – | – | – | – | – | – | – | |
Меншік иелерінің жарналары | 311 | 358.931.000 | – | – | – | (4.149.000) | – | 354.782.000 |
Меншікті үлестік құралдар (акциялар) шығару | 312 | – | – | – | – | – | – | – |
Бизнесті біріктірумен байланысты үлестік құралдар шығару | 313 | – | – | – | – | – | – | – |
Айырбасталатын құралдардың үлестік құрауышы (салық тиімділігін шегергенде) | 314 | – | – | – | – | – | – | – |
Дивидендтер төлеу | 315 | – | – | – | – | (168.190.000) | (150.297.000) | (318.487.000) |
мың теңге
Көрсеткіштердің атауы | Жол коды | Негізгі ұйымның капиталы | Жиыны капитал | |||||
Жарғылық (акционерлік) капитал | Эмиссиялық кіріс | Сатып алынған меншікті үлестік құралдар | Резервтер | Бөлінбеген пайда | Бақыланбайтын меншік иелерінің үлесі | |||
Меншік иелерінің пайдасына өзге де бөлу | 316 | – | – | – | – | (63.890.000) | – | (63.890.000) |
Меншік иелерімен өзге де операциялар | 317 | – | – | – | – | 395.887.000 | – | 395.887.000 |
Бақылауды жоғалтуға әкелмейтін еншілес ұйымдардағы қатысу үлесіндегі өзгеріс | 318 | – | – | – | (1.924.000) | (127.573.000) | 121.870.000 | (7.627.000) |
Есепті жылдың 1 қаңтарындағы сальдо (100 жол + 200 жол + 300 жол) | 400 | 4.409.314.000 | – | – | 260.758.000 | 1.944.252.000 | 801.135.000 | 7.415.459.000 |
Есеп саясатындағы өзгеріс | 401 | – | – | – | – | – | – | – |
Пересчитанное сальдо (400 жол + 401 жол) | 500 | 4.409.314.000 | – | – | 260.758.000 | 1.944.252.000 | 801.135.000 | 7.415.459.000 |
Жалпы жиынтық пайда, барлығы (610 жол + 620 жол): | 600 | – | – | – | 51.290.000 | 400.722.000 | 33.346.000 | 485.358.000 |
Жыл ішіндегі пайда (шығын) | 610 | – | – | – | – | 407.246.000 | 32.511.000 | 439.757.000 |
Өзге де жиынтық пайда, барлығы (жолдар сомасы 621 – 629 аралығы): | 620 | 51.290.000 | (6.524.000) | 835.000 | 45.601.000 | |||
оның ішінде: | ||||||||
Негізгі құралдарды қайта бағалаудан өсім (салық тиімділігін шегергенде) | 621 | – | – | – | – | – | – | – |
Негізгі құралдарды қайта бағалаудан амортизацияны ауыстыру (салық тиімділігін шегергенде) | 622 | – | – | – | – | – | – | – |
Сату үшін қолда бар қаржы активтерін қайта бағалау (салық тиімділігін шегергенде) | 623 | – | – | – | (1.448.000) | – | (519.000) | (1.967.000) |
мың теңге
Көрсеткіштердің атауы | Жол коды | Негізгі ұйымның капиталы | Жиыны капитал | |||||
Жарғылық (акционерлік) капитал | Эмиссиялық кіріс | Сатып алынған меншікті үлестік құралдар | Резервтер | Бөлінбеген пайда | Бақыланбайтын меншік иелерінің үлесі | |||
Үлестік қатысу әдісі бойынша ескерілетін қауымдасқан ұйымдар мен бірлескен қызмет өзге де жиынтық пайдасының (шығынының) үлесі | 624 | – | – | – | – | – | – | – |
Зейнетақы міндеттемелері бойынша актуарлық пайда (шығын) | 625 | – | – | – | (39.000) | (6.524.000) | (153.000) | (6.716.000) |
Табыс салығы ставкасындағы өзгерістің еншілес ұйымдардың кейінге қалдырылған салығына әсеру | 626 | – | – | – | – | – | – | – |
Ақша ағындарын хеджирлеу (салық тиімділігін шегергенде) | 627 | – | – | – | (254.000) | – | – | (254.000) |
Шетелдік ұйымдарға инвестициялар бойынша бағам айырмасы | 628 | – | – | – | 53.031.000 | – | 1.507.000 | 54.538.000 |
Таза инвестицияларды шетелдік операцияларға хеджирлеу | 629 | – | – | – | – | – | – | – |
Меншік иелерімен операциялар, барлығы (жолдар сомасы 710 – 718 аралығы): | 700 | 75.362.000 | – | – | (16.802.000) | (397.595.000) | (55.190.000) | (394.225.000) |
оның ішінде: | ||||||||
Қызметкерлерге акциялармен сыйақылар: | 710 | – | – | – | 5.000 | 97.000 | (77.000) | 25.000 |
оның ішінде: | ||||||||
қызметкерлер қызметінің құны | – | – | – | 5.000 | 97.000 | (77.000) | 25.000 | |
қызметкерлерге акциялармен сыйақылар схемасы бойынша акциялар шығару | – | – | – | – | – | – | – | |
қызметкерлерге акциялармен сыйақылар схемасына қатысты салық пайдасы | – | – | – | – | – | – | – | |
Меншік иелерінің жарналары | 711 | 75.362.000 | – | – | – | (26.234.000) | – | 49.128.000 |
Меншікті үлестік құралдар (акциялар) шығару | 712 | – | – | – | – | – | – | – |
мың теңге
Көрсеткіштердің атауы | Жол коды | Негізгі ұйымның капиталы | Жиыны капитал | |||||
Жарғылық (акционерлік) капитал | Эмиссиялық кіріс | Сатып алынған меншікті үлестік құралдар | Резервтер | Бөлінбеген пайда | Бақыланбайтын меншік иелерінің үлесі | |||
Бизнесті біріктірумен байланысты үлестік құралдар шығару | 713 | – | – | – | – | – | – | – |
Айырбасталатын құралдардың үлестік құрауышы (салық тиімділігін шегергенде) | 714 | – | – | – | – | – | – | – |
Дивидендтер төлеу | 715 | – | – | – | – | (9.077.000) | (60.721.000) | (69.798.000) |
Меншік иелерінің пайдасына өзге де бөлу | 716 | – | – | – | – | (147.534.000) | – | (147.534.000) |
Меншік иелерімен өзге де операциялар | 717 | – | – | – | (15.830.000) | (215.019.000) | – | (230.849.000) |
Бақылауды жоғалтуға әкелмейтін еншілес ұйымдардағы қатысу үлесіндегі өзгеріс | 718 | – | – | – | (977.000) | 172.000 | 5.608.000 | 4.803.000 |
Есепті жылдың 31 желтоқсандағы сальдо (500 жол + 600 жол + 700 жол) | 800 | 4.484.676.000 | – | – | 295.246.000 | 1.947.379.000 | 779.291.000 | 7.506.592.000 |
Қаржы директоры – Басқарма мүшесі __________________
Рахметов Н.Қ.
Бас бухгалтер __________________
Абдрахманова А.Ж.
ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІҢ НЫСАНДАРЫНА ТҮСЫНДІРМЕ ЖАЗБА
1. ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
Корпоративтік ақпарат
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл ауқат қоры" АҚ (бұдан әрі мәтін бойынша "Қор" немесе "Самұрық-Қазына") Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына сәйкес құрылды. Құрылу "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы ("Қазына") мен "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамын ("Самұрық") біріктіру және Мемлекеттік қорға Қазақстан Республикасы Үкіметіне ("Мемлекет" немесе "Үкімет") тиесілі кейбір кәсіпорындардағы өз меншік құқығын қосымша беру жолымен жүзеге асырылды. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті білдіретін Үкімет Қордың жалғыз акционері (бұдан әрі мәтін бойынша "Акционер").
Қайта ұйымдастырудың негізгі мақсаты Үкіметтің тиісті бағдарламаларында және компаниялардың даму жоспарларында белгіленген осы компаниялардың стратегиялық міндеттерді табысты орындауы мақсатында олардың менеджменті тиімділігін арттыру және ұйымдық құрылымын оңтайландыру болып табылады.
Қор 9-ескертпеде санамаланған бірқатар мемлекеттік кәсіпорындарды (бұдан әрі мәтін бойынша "Топ") біріктіретін холдинг болып табылады. Қордың қызметі 2012 жылғы 1 ақпанға дейін "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 13 ақпандағы №134-4 Заңымен реттелді және ел экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге жәрдемдесуге; экономиканы жаңғыртуға және әртараптандыруға; Топ компаниялары қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталды. 2012 жылғы 1 ақпанда "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 1 ақпандағы № 550-IV Заңы қабылданды, оған сәйкес Қордың қызметі Қордың тобына кіретін ұйымдардың ұзақ мерзімді құнын (құндылығын) ұлғайту және Қордың тобына кіретін активтерді тиімді басқару арқылы Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын арттыруға бағытталды.
Компанияның тіркелген офисі Қазақстан Республикасы Астана қаласы, Қонаев көшесі 8 мекенжайында орналасқан.
Осы қаржылық есептілікті шығаруға 2014 жылғы 25 сәуірде Қордың Қаржы директоры - Басқарма мүшесі мен Бас бухгалтері бекітті.
Экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыру жоспары
Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында елдің экономикасы мен қаржы жүйесін тұрақтандыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085 қаулысымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономикасы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары (бұдан әрі мәтін бойынша "Тұрақтандыру жоспары") бекітілді. Тұрақтандыру жоспары мынадай мақсаттарға бағытталған бірқатар іс-шараларды көздейді:
* Қаржы секторын тұрақтандыру
* Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу
* Шағын және орта бизнесті қолдау
* Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту
* Инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру
Қор Үкіметтен Тұрақтандыру жоспарын іске асыру жөніндегі негізгі оператор болып түседі.
Қаржы секторын тұрақтандыру жоспары шеңберінде Қор 2009 жылы БТА Банк және Альянс Банк акцияларының бақылау пакетін және "Қазақстанның Халық банкі" АҚ мен "Қазкоммерцбанк" АҚ елеулі үлестерін сатып алды. Бұл шаралар банктерге қосымша өтімділік беруге және олардың төлем қабілетін қамтамасыз етуге бағытталды. 2012 және 2011 жылдары Қор "Қазақстан халық банкі" АҚ-ның жай және артықшылық берілген акцияларының бір бөлігін сатты.
2010 жылғы наурызда бекітілген "БТА Банк" АҚ (бұдан әрі мәтін бойынша "БТА Банк") міндеттемелерін қайта құрылымдау жоспарының шеңберінде Қор БТА Банкінің еншілес ұйымы "Темірбанк" АҚ (бұдан әрі мәтін бойынша "Темірбанк") қайта шығарылған жай акцияларын сатып алды.
2010 жылы Альянс Банк, БТА Банк және "Темірбанк" АҚ өз борыштарын қайта құрылымдау үдерісін аяқтады. Альянс Банк пен Темірбанктің үздіксіз қызмет қағидатын ұстауы қабілеті қайта құрылымдау шарттарына сәйкес жаңа бизнес модельдерді табысты іске асыруына елеулі түрде байланысты.
БТА Банкінің үздіксіз қызмет қағидатын ұстауы қабілеті 2012 жылғы желтоқсанда аяқталған өз борыштарын екінші қайта құрылымдаудың шарттарына сәйкес жаңа бизнес модельдерді табысты іске асыруына елеулі түрде байланысты.
2. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІ ДАЙЫНДАУ НЕГІЗІ
Осы шоғырландырылған қаржылық есептілік нысандары есеп саясатында және осы шоғырландырылған қаржылық есептілікке ескертпелерде сипатталған жағдайларды қоспағанда, бастапқы құн қағидаты негізінде дайындалды.
Осы шоғырландырылған қаржылық есептілік нысандары теңгемен ұсынылған және арнайы шарттасқан жағдайларды қоспағанда, ақша сомалары мың теңгеге дейін дөңгелектелген.
Сәйкестігі туралы мәлімдеме
Осы шоғырландырылған қаржылық есептілік нысандары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2010 жылғы 20 тамыздағы №422 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органының нормативтік актісімен бекітілген тізбеге, нысандарға сәйкес дайындалды.
Шоғырландырылған қаржылық есептілік нысандарын дайындау белгілі бір сыни есептемелік бағалауды талап етеді, сондай-ақ басшылықтан есеп саясатын қолдану барысында жол берулер бойынша пікірлер қолдануда талап етеді. Жоғары күрделілік деңгейі мен жол берулерді қолдануды қамтитын қолданылу саласы, сондай-ақ бағалау мен жол берулерді қолдану шоғырландырылған қаржылық есептілік үшін елеулі болып табылатын салалар 4-ескертпеде ашылған.
Жалпы бақылаудағы кәсіпорындарды беруге байланысты бұрын ұсынылған деректерді қайта есептеу
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1539 қаулысына сәйкес 2013 жылғы 26 шілдеде Топқа "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" АҚ акцияларының мемлекеттік пакеті берілді. "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" АҚ акцияларының мемлекеттік пакетінің берілуі кәсіпорындарды жалпы бақылауға біріктіруді білдіретіндіктен, осы шоғырландырылған қаржылық есептілік алдыңғы компанияның есептеу әдісі пайдаланыла отырып дайындалды. Тиісінше осы шоғырландырылған қаржылық есептілік "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" ұлттық компаниясы" АҚ акцияларын беру барыншща ерте ұсынылған кезең күнінде жүргізілгендігі сияқты ұсынылды, және соның нәтижесіндей өткен есептілік ішіндегі салыстырмалы ақпарат қайта есептелді.
"Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" ұлттық компаниясы" АҚ активтері мен міндеттемелері осы шоғырландырылған қаржылық есептілікте айырманы капиталға тиісті есептеумен олардың қаржылық есептілігіндегі теңгерімдік құн бойынша ескерілді.
Салыстырмалы деректердегі өзгерістер әсері келесі кестеде келтірілген:
Мың теңгемен | "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" ұлттық компаниясы" АҚ қаржылық есептілігін біріктіру |
2012 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша шоғырландырылған бухгалтерлік теңгерімге әсер: | |
Негізгі құралдардағы өзгеріс | 25.964.000 |
Материалдық емес активтердегі өзгеріс | 48.000 |
Кредиттік мекемелердегі қаражаттағы өзгеріс | 1.876.000 |
Өзге де ұзақ мерзімді активтердегі өзгеріс | 821.000 |
Ұзақ мерзімді активтердегі өзгеріс | 28.709.000 |
716.000 | |
Тауар-материалдық қорлардағы өзгеріс | 424.000 |
Табыс салығы бойынша алдын ала төлемдегі өзгеріс | 95.000 |
Сауда дебиторлық берешектегі өзгеріс | 5.786.000 |
Кредиттік мекемелердегі ағымдағы қаражаттағы өзгеріс | 469.000 |
Өзге де ағымдағы активтердегі өзгеріс | 2.878.000 |
Ақша қаражаты мен олардың баламаларындағы өзгеріс | 10.368.000 |
Ағымдағы активтердегі өзгеріс | 39.077.000 |
Активтердің жалпы сомасындағы өзгеріс | (9.397.000) |
(3.086.000) | |
Қарыздардағы өзгеріс | (12.483.000) |
Кейінге қалдырылған салық бойынша міндеттемелердегі өзгеріс | (1.887.000) |
Ұзақ мерзімді міндеттемелердегі өзгеріс | (148.000) |
(631.000) | |
Қарыздардағы өзгеріс | (2.666.000) |
Сауда және өзге де кредиторлық берешектегі өзгеріс | (15.149.000) |
Өзге де ағымдағы міндеттемелердегі өзгеріс | 23.928.000 |
Мың теңгемен | "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" ұлттық компаниясы" АҚ қаржылық есептілігін біріктіру |
2012 жылғы пайда және шығындар туралы шоғырландырылған есепке әсер | |
Түсім | 8.670.000 |
8.670.000 | |
Сатылған тауарлардың және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны | (4.597.000) |
Жалпы пайда | 4.073.000 |
Сату жөніндегі шығыстар | (151.000) |
Әкімшілік шығыстар | (966.000) |
Өзге кіріс, нетто | 752.000 |
Операциялық қызметтен пайда | 3.708.000 |
Қаржылық шығындар | (835.000) |
Қаржылық кіріс | 362.000 |
Өзге де операциялық емес шығыстар | (57.000) |
Салық салынғанға дейінгі пайда | 3.178.000 |
Табыс салығы бойынша шығыстар | (718.000) |
Салық салынғаннан кейін жалғасатын қызметтен пайда | 2.460.000 |
Тоқтатылған қызметтен пайда | – |
Жыл ішіндегі пайда | 2.460.000 |
Жыл ішіндегі өзге де жиынтық пайда, барлығы | – |
Салық салуды шегергендегі жыл ішіндегі жиынтық кірістің жалпы сомасы | 2.460.000 |
Жалпы жиынтық пайда, мыналарға жататын: | |
Негізгі ұйымның меншік иелеріне | 2.460.000 |
Бақыланбайтын меншік иелерінің үлесі | – |
Шетелдік валютаны қайта есептеу
Функционалдық валюта және ұсыну валютасы
Осы шоғырландырылған қаржылық есептіліктің нысандарына енгізілген Топ кәсіпорындары әрқайсысының қаржылық есептілігінің элементтері кәсіпорын өз қызметін жүзеге асыратын негізгі экономикалық ортаның валютасы пайдаланыла отырып, бағаланады ("функционалдық валюта"). Шоғырландырылған қаржылық есептілік нысандары Топ есептілігін ұсыну валютасы болып табылатын теңгемен ұсынылды.
Операциялар және шоттар сальдосы
Шетелдік валютадағы операциялар операциялар жүзеге асырылған күнгі валюта бағамы пайдаланыла отырып, функционалдық валютаға қайта есептеледі. Осындай операциялар бойынша есептеулер нәтижесінде және жыл аяғындағы бағамдар бойынша шетелдік валютада берілген монетарлық активтер мен міндеттемелерді қайта есептеуден туындағаны бағамдық айырмадан болатын кірістер мен шығындар пайда мен шығындарда танылады.
Тарихи құнның негізінде шетелдік валютада бағаланатын монетарлық емес баптар бастапқы мәмілелер жасалған күні қолданыста болған бағамдар бойынша қайта есептеледі. Әділ құн бойынша шетелдік валютада бағаланатын монетарлық емес баптар әділ құн белгіленген күні қолданыста болған бағамдар бойынша қайта есептеледі.
Топтың кәсіпорындары
Функционалдық валютасы ұсыну валютасынан ерекшеленетін Топтың барлық еншілес ұйымдарының, бірлескен кәсіпорындары мен қауымдасқан компанияларының (олардың бір де бірі гиперинфляциялы экономикалардың валютасында операция жасамайды) кірістері, шығындары және қаржылық позициясы ұсмыну валютасына мынадай түрде қайта есептеледі:
* ұсынылған бухгалтерлік теңгерімдердің әрқайсысы бойынша активтер мен міндеттемелер қаржылық жағдай туралы осындай есептер күні жабылған бағамдар бойынша қайта есептеледі;
* жиынтық кіріс туралы есептердің әрқайсысы бойынша кірістер мен шығыстар орташа бағамдар бойынша қайта есептеледі (орташа бағам бағамдардың жиынтық әсерінің операция жүзеге асырылған күнгі бағамға ақылға қонымды жақындауы болып табылмайтын жағдайлардан басұа; бұл жағдайда кірістер мен шығыстар операциялар жүзеге асырылған күнгі бағам бойынша қайта есептеледі); және
* барлық бағамдық айырмалар өзге жиынтық кірісте жеке компонент ретінде танылады.
Валюта айырбастау бағамдары
Қазақстандық қор биржасы (бұдан әрі мәтін бойынша "ҚҚБ") белгілеген валюта айырбастаудың орташа салмақталған бағамдары Қазақстан Республикасында ресми айырбастау бағамдары ретінде пайдаланылады.
Мына кестеде 31 желтоқсандағы шетелдік валютаның теңгеге айырбастау бағамы ұсынылған:
2013 | 2012 | |
АҚШ доллары | 154,06 | 150,79 |
Еуро | 212,02 | 199,22 |
Швейцар франкі | 173,02 | 165,09 |
Ресей рублі | 4,68 | 4,96 |
ҚҚБ айырбастау бағамы 2014 жылғы 25 сәуірде 1 АҚШ доллары үшін 182,01 теңге болды.
3. ЕСЕП САЯСАТЫНЫҢ ЕЛЕУЛІ АСПЕКТІЛЕРІНЕ ШОЛУ
Есеп саясатындағы және ақпаратты ашу қағидаттарындағы өзгерістер
Қысқартылған шоғырландырылған аралық қаржылық есептілікті жасау кезінде қабылданған есеп саясаты стандарттарға түзетулерді қоспағанда, 2012 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл ішіндегі жылдық қаржылық есептілікті дайындау кезінде пайдаланылғанға сәйкес келеді:
ҚЕХС 10 "Шоғырландырылған қаржылық есептілік", БЕХС 27 "Жеке қаржылық есептілік"
ҚЕХС 10 арнайы мақсаттағы компанияларды қоса алғанда, барлық компанияларға қатысты қолданылатын бірыңғай бақылау моделін көздейді. ҚЕХС 10 БЕХС 27 "Шоғырландырылған және жеке қаржылық есептіліктің" шоғырландырылған қаржылық есептілікке қойылатын талаптары қамтылатын бөлігін алмастырады. Стандарт сондай-ақ "Шоғырландыру – арнайы мақсаттағы компаниялар" ПКИ-12 Интерпретациясында қарастырылған мәселелер жөніндегі нұсқауды да қамтиды. ҚЕХС 10 "бақылау" айқындамасын мынадай түрде өзгертеді, инвестор инвестициядан болатын ауыспалы беруге құқығы болса немесе оны өзгертумен байланысты тәуекелге ұшырағыш болса ол инвестициялар объектісін бақылайды және инвестициялар объектісіне қатысты өз өкілеттіктері салдарынан осы беруге ықпал етуі мүмкін. ҚЕХС 10-дағы бақылау анықтамасына сәйкес инвестор инвестициялар объектісін егер мынадай шарттар орындалған жағдайда ғана бақылайды: (а) инвесторда инвестициялар объектісіне қатысты өкілеттіктер болғанда; (б) инвесторда инвестициядан болатын ауыспалы беруге құқығы болғанда немесе оны өзгертумен байланысты тәуекелге ұшырағыш болғанда; (в) инвесторда инвестициядан болатын ауыспалы беруге ықпал ету мақсатында инвестициялар объектісіне қатысты өз өкілеттіктерін пайдалану мүмкіндіктері болғанда. ҚЕХС 10 Топтың жеке қаржылық есептілігіне елеулі әсер еткен жоқ.
ҚЕХС 11 "Бірлескен қызмет туралы келісім" және БЕХС 28 "Қауымдасқан компанияларға және бірлескен кәсіпорындарға салынатын инвестициялар"
ҚЕХС 11 БЕХС 31 "Бірлескен қызметке қатысу" және "Бірлесіп бақыланатын компаниялар – қатысушылардың монетарлық емес салымдары" ПКИ-13 Интерпретациясын ауыстырады. ҚЕХС 11 бірлесіп бақыланатын компанияларды теңбе-тең шоғырландыру әдісімен есепке алу мүмкіндігін жоққа шығарады. Оның орнына бірлескен кәсіпорындардың анықтамасын қанағаттандыратын бірлесіп бақыланатын компаниялар үлестік қатысу әдісі бойынша ескеріледі. ҚЕХС 11 Топтың шоғырландырылған қаржылық есептілігіне елеулі әсер еткен жоқ.
ҚЕХС 11 2013 жылғы 1 қаңтардан кейін немесе осы күннен кейін басталатын жылдық есептік кезеңдер үшін күшіне енеді. ҚЕХС 11 Топтың шоғырландырылған қаржылық есептілігіне әсер етпеді.
ҚЕХС 12 "Басқа компанияларға қатысу үлестері туралы ақпаратты ашу"
ҚЕХС 12 компанияның еншілес компаниялардағы, бірлескен қызметтегі, қауымдасқан және құрылымдалған компаниялардағы қатысу үлестеріне жататын ақпаратты ашуға қойылатын талаптарды қамтиды. ҚЕХС 12 талаптары еншілес ұйымдардағы ақпаратты ашуға қатысты бұрын қолданылған талаптарға қарағанда неғұрлым кең болып табылады. Қазіргі кезде Топта бақыланбайтын елеулі қатысу үлестерімен еншілес ұйымдар бар, бірақ шоғырланбайтын құрылымдалған компаниялар жоқ.
ҚЕХС 13 "Әділ құнды бағалау"
ҚЕХС 13 бір стандартта ҚЕХС сәйкес әділ құнды бағалауға қатысты барлық нұсқауларды біріктіреді. ҚЕХС 13 компаниялар әділ құнды пайдалануға міндетті болғанда өзгерістер енгізбейді, ал ҚЕХС құрамындағы басқа стандарттар талап етілгенде немесе рұқсат етілгенде ҚЕХС сәйкес әділ құнды бағалауға қатысты нұсқауларды ұсынады. ҚЕХС 13 әділ құнды шығу бағасы ретінде айқындайды. ҚЕХС 13 шарттарына сәйкес Топ әділ құнды бағалауға қатысты, атап айтқанда, әділ құн ижөніндегі міндеттемелерді бағалау кезінде ескерілетін міндеттемелердің орындалмауы тәуекелі сияқты бағалау үшін бастапқы деректер пайдаланылатын өз саясатын қайтадан талдаудан өткізді. ҚЕХС 13 қосымша ақпарат ашуды да талап етеді.
ҚЕХС 13 қолдану Топ айқындайтын әділ құнды бағалауға айтарлықтай әсер еткен жоқ. Ол қажет болатын жерде қосымша ақпарат олар үшін әділ құн анықталатын активтер мен міндеттемелер бойынша жеке ескертпелерде ашылады. Әділ құн көздерінің иерархиясы 12-ескертпеде ұсынылған.
БЕХС 1 түзету "Өзге де жиынтық кірістің баптарын беру"
БЕХС 1–ге түзетулер өзге де жиынтық кірістің құрамында ұсынылатын баптардың топтамасын өзгертеді. Болашақтағы белгілі бір сәтте пайданың немесе шығынның құрамына қайта жіктелуі мүмкін баптар (мысалы, таза инвестицияларды хеджирлеуден түсетін таза кіріс, шетелдік бөлімшелердің есептілігін есептеу кезіндегі бағам айырмасы, ақша ағындарын хеджирлеудің таза өзгерісі және сату үшін қолда бар қаржы активтері бойынша таза шығыстар немесе кірістер), ешқашан қайта жіктелінбейтін баптардан (мысалы, белгіленген төлемдермен жоспарлар бойынша актуарлық кірістер мен шығыстар және жер мен ғимаратты қайта бағалау) бөлек ұсынылуға тиіс. Түзету шоғырландырылған қаржылық есептілікке ақпарат беруге ғана әсер етеді және Топ қызметінің шоғырландырылған қаржылық жағдайына немесе жеке қаржылық нәтижелеріне елеулі әсер етпейді.
БЕХС 1 түзету "Салыстырмалы ақпаратқа қатысты талаптарды түсіндіру"
БЕХС 1 түзету қосымша салыстырмалы ақпаратты ерікті түрде ашу мен қажетті салыстырмалы ақпараттың ең аз көлемі арасындағы айырманы түсіндіреді. Компания ерікті түрде бір салыстырмалы кезеңнің ішінде салыстырмалы ақпаратты деректердің ең аз көлемінен артық берген кезде ол салыстырмалы ақпаратты қаржылық есептіліктің тиісті ескертпесіне енгізуге тиіс. Түзету компания есеп саясатын ретроперспективалы түрде қолданғанда, ретроперспективалық қайта есептеуді жүзеге асырғанда және қаржылық есептіліктің баптарын қайта сыныптаған жағдайларда ұсынылатын 2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бухгалтерлік кіріспе теңгерімге тиісті ескертпелердің беру талап етілмейтіндігін түсіндіреді. Нәтижесінде Топ 2012 жылғы 1 қаңтардағы кіріспе шоғырландырылған бухгалерлік теңгерімға қатысты салыстырмалы ақпарат берген жоқ. Түзету жеке қаржылық есептілікке ақпарат беруге ғана әсер етеді және Қор қызметінің жеке қаржылық жағдайына немесе жеке қаржылық нәтижелеріне елеулі әсер етпейді.
БЕХС 19 "Қызметкерлерге сыйақылар" (2011 жылғы редакцияда) (БЕХС 19R)
БЕХС 19 жоспарларды белгіленген төлемдерімен есепке алуға қатысты бірқатар түзетулерді қамтиды. Атап айтқанда, стандарттың жаңа редакциясына сәйкес актуарлық кірістер және шығыстар өзге де жиынтық кірістік құрамында танылады және пайданың немесе шығынның құрамына кейіннен қайта жіктеуге жатпайды; жоспар активтерінің күтілетін кірістілігі одан әрі пайда немесе шығын құрамында танылмайды, оның орнына пайданың немесе шығынның құрамындағы белгіленген төлемдермен жоспардың таза міндеттемесі (активі) бойынша пайыздарды тану туралы талап қолданылады, олар белгіленген төлемдер бойынша міндеттемелерді бағалау үшін дисконттау ставкасы пайдаланыла отырып есептеледі; өткен жылдар қызметтерінің құны, оған әлі ауыспаған сыйақы құқықтары мынадай күндердің неғұрлым ерте кезеңіндегі пайданың немесе шығынның құрамында танылады: жоспар өзгерген күн немесе қайта құрылымдауға жұмсалған тиісті шығындарды немесе жәрдемақыларды тану күні. Өзге де түзетулер ақпаратты ашуға қатысты жаңа талаптарға қатысты болады, мысалы, сезімталдық туралы сандық ақпаратты ашуға қатысты талаптар. БЕХС 19 қабылдау Топтың шоғырландырылған қаржылық жағдайына қаржылық нәтижелеріне елеулі әсер еткен жоқ.
БЕХС 36-ға түзетулер "Активтердің құнсыздануы" - "Қаржылық емес активтер үшін өтелетін құн туралы ақпаратты ашу"
Осы түзетулер ҚЕХС 13 күшіне енуіне байланысты БЕХС 36 сәйкес ақпаратты ашу үшін қажетсіз салдарларды жояды. Бұдан басқа, осы түзетулер олар бойынша есепті кезеңнің ішінде құнсызданудан болатын шығын мойындалған немесе қалпына келтірілген активтердің немесе ПГДП өтелетін құны туралы ақпаратты ашуды талап етеді. Аталған түзетулер 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап немесе осы күннен кейін басталатын жылдық есепті кезеңдерге қатысты ретроперспективалы түрде қолданылады, бұл ретте ҚЕХС 13 қолданылдған жағдайда мерзімінен бұрын қолдануға жол беріледі. Топ ағымдағы есепті кезеңде БЕХС 36-ға осы түзетулерді мерзімінен бұрын қолданды, өйткені өзгертілген/қосымша ақпаратты ашу ҚЕХС жөніндегі Кеңес алдын ала болжағандай, пайдалы болып табылады.
Топ шығарылып қойған, алайда әлі күшіне енбеген қандай да бір басқа стандарттарды немесе түзетулерді қолданған жоқ.
Шығарылған, бірақ әлі күшіне енбеген стандарттар мен интерпретациялар
Төменде шығарылып қойған, бірақ Топтың жеке қаржылық есептілігі шығарылған күнінде әлі күшіне енбеген стандарттар мен интерпретациялар келтіріледі. Топ осы стандарттарды олар күшіне енген күнінен бастап қолдануға ниеттенеді.
ҚЕХС 9 "Қаржы құралдары: жіктеу және бағалау"
ҚЕХС жөніндегі кеңестің БЕХС 39 ауыстыру жөніндегі жобасының бірінші кезеңінің нәтижелері бойынша шығарылған ҚЕХС 9 БЕХС 39 белгіленгендей, қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелерді жіктеуге қатысты қолданылады. Бастапқыда стандарт 2013 жылғы 1 қаңтардан кейін немесе осы күннен кейін басталатын жылдық есептік кезеңдер үшін күшіне енеді деп болжанған, бірақ 2011 жылғы желтоқсанда жарияланған ҚЕХС 9 "ҚЕХС 9 міндетті қолдану күні және ақпаратты ашуға қолданылатын өтпелі талаптар" түзету шығару нәтижесінде міндетті қолдану күні 2015 жылғы 1 қаңтарға ауыстырылды. Кейінгі кезеңдердің барысында ҚЕХС кеңесі хеджирлеу есебі мен қаржы активтерінің құнсыздануын қарайды.
"Инвестициялық компаниялар" (ҚЕХС (IFRS) 10, ҚЕХС (IFRS) 12 және ҚЕХС (IAS) 27 түзетулер)
Бұл түзетулер 2014 жылғы 1 қаңтардан немесе осы күннен кейін басталатын жылдық есептік кезеңдер үшін күшіне енеді және ҚЕХС (IFRS) 10 сәйкес инвестициялық компанияның айқындамасына жауап беретін компаниялар үшін шоғырландыру туралы алып тастауды көздейді. Шоғырландыру туралы талаптардан алып тастау инвестициялық компаниялар еншілес ұйымдарды пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша ескеруді талап етеді. Қор осы түзету қолданылады деп күтпейді, өйткені Қордың бір де бір еншілес ұйымы ҚЕХС (IFRS) 10 сәйкес инвестициялық компанияның айқындамасына жауап бермейді.
БЕХС 32 түзетулер "Қаржы активтері мен қаржылық міндеттемелердің өзара есеп айырысуы"
Осы түзетулердің шеңберінде "қазіргі сәтте өзара есеп айырысуды жүзеге асыруға бекітілген заңдық құқықты иеленеді" тіркесінің мәні түсіндіріледі. Түзетулер сондай-ақ олардың шеңберінде бір мезгілдік емес жалпы төлемдердің тетіктері пайдаланылатын есеп айырысу жүйелеріне (бірыңғай крилингілік орталық сияқты) қатысты әдетте БЕХС 32 өзара есеп айырысу өлшемдерін дұрыс қолдану қажеттілігін де сипаттайды. Осы түзетулер Топ қызметінің қаржылық жағдайын немесе қаржылық нәтижелеріне елеулі әсер етпейді деп болжанады. Түзетулер 2014 жылғы 1 қаңтардан кейін немесе осы күннен кейін басталатын жылдық есептік кезеңдер үшін күшіне енеді.
"Міндетті төлемдер" IFRIC 21 интерпретациясы
IFRIC 21 интерпретациясында компанияның оларды төлеуге әкелетін әрекет жүріп жатқан кезде міндетті төлемдерге қатысты міндеттемені компанияның мойындайтындығы түсіндіріледі. Ең аз шекті мәнге қол жеткізілген жағдайда оны төлеу талап етілетін міндетті төлем жағдайында интерпретацияда белгіленген ең аз шекті мәнге қол жеткізілгенге дейін болжанатын міндеттемені мойындауға тыйым белгіленеді. IFRIC 21 интерпретациясы 2014 жылғы 1 қаңтардан басталатын немесе осы күннен кейін басталатын жылдық есепті кезеңдер үшін күшіне енеді. IFRIC 21 интерпретациясы Қор қызметінің жеке қаржылық жағдайына немесе қаржылық нәтижелеріне елеулі әсер етпейді деп болжанады.
ҚЕХС (IAS) 39 түзетулер "Өндірістік құралдар жаңалығы және хеджирлеуді есепке алуды жалғастыру"
Осы түзетулерде талаптардан хеджирлеу құралы ретінде анықталған өндірісатік құралдың жаңалығы белгіленген өлшемдерге жауап беретін кездегі жағдайларда хеджирлеуді есепке алуды тоқтату туралыны алып тастау көзделеді. Осы түзетулер 2014 жылғы 1 қаңтардан басталатын немесе осы күннен кейін басталатын жылдық есепті кезеңдер үшін күшіне енеді. Осы түзетулер болашақтағы операцияларды қарау кезінде назарға алынатын болады.
Шоғырландыру қағидаттары
Шоғырландырылған қаржылық есептілік Компанияның және ол бақылайтын еншілес ұйымдар мен бірлесіп бақыланатын кәсіпорындардың қаржылық есептілігін қамтиды (36-ескертпе).
Еншілес ұйымдар
Еншілес ұйымдар – бұл Топ бақылайтын кәсіпорындар. Бақылау, егер Топтың инвестициялардан ауыспалы қайтарымдылыққа құқығы болған немесе ол оның өзгеруіне байланысты тәуекелге бейім болған және инвестициялар объектісіне қатысты өз өкілеттіктері салдарынан осы қайтарымға әсер ете алған жағдайда жүзеге асырылады. Атап айтқанда, Топ инвестициялар объектісін, егер төмендегі шарттар орындалған жағдайда ғана бақылайды:
* Топта инвестициялар объектісіне қатысты өкілеттіктер болғанда (яғни инвестициялар объектісінің тиісті қызметін басқарудың ағымдағы мүмкіндігін қамтамасыз ететін құқықтар);
* Топта инвестициялардан ауыспалы қайтарымдылыққа немесе ол оның өзгеруіне байланысты тәуекелге бейім болғанда;
* Топта инвестициялардан ауыспалы қайтарымдылыққа әсер ету мақсатында инвестициялар объектісіне қатысты өз өкілеттіктерін пайдалану мүмкіндігі болғанда.
Топта инвестицияларға қатысты дауыстың көпшілігіне қарағанда аз даусы немесе ұқсас құқықтар болған кезде, Топ инвестициялдардың осы объектісіне қатысты өкілеттіктердің болуын бағалау кезінде барлық ақылға қонымды фактілер мен мән-жайларды ескереді:
* инвестициялар объектісінде дауыс құқықтарын иеленетін басқа тұлғалармен келісім;
* басқа келісімдермен шарттасатын құқықтар;
* Топқа тиесілі дауыс беру құқығы және ықтимал дауыс беру құқығы.
Егер фактілер мен мән-жайлар үш бақылау құрауышының біреуі немесе бірнешеуінің өзгергені туралы куәландырса инвестициялар объектісіне қатысты бақылаудың болуын қайтадан талдайды. Еншілес ұйымның шоғырлануы Топ еншілес ұйымға бақылау алғанда басталады және Топ еншілес ұйымды бақылауды жоғалтқанда тоқтатылады. Еншілес ұйымның активтері, міндеттемелері, кірістері және шығыстары, бір жылдың ішіндегі сатып алуы немесе шығарылуы Топ бақылау алған күннен бастап жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есепке қосылады және Топ еншілес ұйымды бақылауды жоғалтқан күнге дейін сонда көрсетіледі.
Жалпы бақылаудағы кәсіпорындардың арасындағы мәміледегі сатып алуды қоспағанда, еншілес ұйымдар олар сатып алынған сәттен бастап, ол сәт Топтың оларға бақылауды алған күні болып табылады, осындай бақылау аяқталған күнге дейін шоғырландырылады. Еншілес ұйымдарды сатып алған кезде сатып алу құны олардың сату күніндегі әділ құны негізіндегі активтер мен міндеттемелерге бөлінеді. Еншілес ұйымдардың қаржылық есептілігі келісілген есеп саясаты пайдаланыла отырып, Қордың қаржылық есептілігі сияқты есепті кезеңде дайындалады.
Мәмілелер бойынша барлық фирмаішілік сальдо мен топ ішілік мәмілелер бойынша туындайтын іске асырылмаған кірісті қоса алғандағы мәмілелер есептіліктен толығымен шығарылды. Іске асырылмаған шығындар, олар құнсыздану туралы куәлік болмағандай дәрежеде ғана шығарылатынын қоспағанда, іске асырылмаған кіріс сияқты шығарылды.
Бақыланбайтын үлес Топқа тиесілі емес еншілес ұйымдар капиталының бір бөлігін білдіреді және негізгі компанияның акционерлік капиталынан жеке, шоғырландырылған бухгалтерлік теңгерімдегі капиталдың құрамында жеке көрсетіледі. Еншілес ұйымның шығындары тіпті егер бұл теріс сальдоға әкеп соқтырған жағдайда да бақыланбайтын қатысу үлесіне жатады.
Бақылауды жоғалтпастан еншілес ұйымдағы қатысу үлесін өзгерту капиталмен операция сияқты ескеріледі. Егер Топ еншілес ұйымды бақылауды жоғалтса, ол:
* Еншілес ұйымның активтері мен міндеттемелерін тануды тоқтатады (оның ішінде оған жататын гудвилді);
* Бақыланбайтын қатысу үлесінің теңгерімдік құнын тануды тоқтатады;
* Капиталда көрсетілген жинақталған бағам айырмаларын тануды тоқтатады;
* Алынған сыйақының әділ құнын таниды;
* Қалған инвестицияның әділ құнын таниды;
* Операцияның нәтижесінде пайда болған артықшылықты немесе тапшылықты пайда немесе шығын ретінде таниды;
* Бұған дейін өзге де жиынтық кірістің құрамында танылған құрауыштардағы негізгі компанияның үлесін, егер Топ тиісті активтерді немесе міндеттемелерді тікелей шығаруды жүзеге асырса, пайданың немесе шығынның немесе бөлінбеген пайданың құрамына қайта жіктейді.
Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компанияларға инвестициялар
Топтың бірлескен кәсіпорындарда бірлесіп бақыланатын компаниялар нысанында қатысу үлестері бар, оларда бірлескен қызметке қатысушылар компаниялардың экономикалық қызметіне бірлескен бақылау қоятын шарттық келісімге кірді. Сондай-ақ Топтың олардың экономикалық қызметіне елеулі ықпалы бар қауымдасқан компанияларда үлесі бар. Топтың бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компанияларға инвестициялары үлестік қатысу әдісі бойынша ескеріледі.
Қатысу үлесі әдісіне сәйкес бірлескен кәсіпорындарға/қауымдасқан компанияларға инвестициялар шоғырландырылған бухгалтерлік теңгерімде бастапқы құн плюс Топқа тиесілі бірлескен кәсіпорынның/қауымдасқан компанияның таза активтері үлесінде туындаған өзгерістер бойынша ескеріледі. Бірлескен кәсіпорынға/қауымдасқан компанияға жататын гудвил инвестицияның теңгерімдік құнына енгізіледі және амортизацияланбайды, сондай-ақ құнсыздану мәніне жеке тексеруге ұшырамайды.
Жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есеп бірлескен кәсіпорынның/қауымдасқан компанияның қызметінің қаржылық нәтижелерінің үлесін көрсетеді. Егер бірлескен кәсіпорынның/қауымдасқан компанияның капиталында тікелей танылған өзгерістер болса, Топ осындай өзгерістегі өз үлесін таниды және бұл капиталдағы өзгерістер туралы шоғырландырылған есепте қолданылса бұл фактыны ашады. Топтың бірлескен кәсіпорынмен/қауымдасқан компаниямен бірлескен операциялары бойынша туындаған іске асырылмаған пайдалары мен шығындары бірлескен кәсіпорында/қауымдасқан компанияда Топтың үлесі бар дәрежеде шығарылады.
Бірлескен кәсіпорындағы/қауымдасқан компаниядағы пайданың үлесі тікелей жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есепте ұсынылған. Ол бірлескен кәсіпорынның/қауымдасқан компанияның акционерлеріне келетін пайданы білдіреді, және сондықтан бірлескен кәсіпорындардың / қауымдасқан компаниялардың еншілес компанияларындағы салық салу мен азшылық үлесін есептегеннен кейін пайда ретінде айқындалады.
Бірлескен кәсіпорынның /қауымдасқан компанияның қаржылық есептілігі негізгі компанияның қаржылық есептілігіндей есепті кезеңде жасалады. Қажет болған жағдайда есеп саясатын Топтың есеп саясатына сәйкес келтіру мақсатында түзетулер енгізіледі. Үлестік қатысу әдісі қолданылғаннан кейін Топ Топтың бірлескен кәсіпорындарға/ қауымдасқан компанияларға инвестициялары бойынша құнсызданудан келген қосымша шығынын тану қажеттігін айқындайды. Әрбір есепті күнге Топ бірлескен кәсіпорындарға/қауымдасқан компанияларға инвестициялардың құнсыздануының объективті куәліктерінің болуыцн анықтайды. Осындай куәліктер болған жағдайда, Топ құнсыздану сомасын бірлескен кәсіпорынның/қауымдасқан компанияның өтелетін құны мен оның теңгерімдік құнының арасындағы айырма ретінде есептейді және бұл соманы пайда және шығындар туралы шоғырландырылған есепте таниды.
Бірлескен кәсіпорындағы/қауымдасқан компаниядағы елеулі ықпалын жоғалтқан жағдайда Топ қалған инвестицияларды әділ құн бойынша бағалайды және мойындайды. Бірлескен кәсіпорынның/қауымдасқан компанияның елеулі ықпалды жоғалтқан сәттегі теңгерімдік құнының және қалған инвестициялардың әділ құны мен шығудан түскен түсімдердің арасындағы айырма пайдалар немесе шығындарда танылады.
Кәсіпорындарды біріктіру
Кәсіпорындарды (бизнесті) біріктіру сатып алу әдісі пайдаланыла отырып ескеріледі.Сатып алу құны сатып алу күніндегі әділ құн бойынша бағаланған берілген сыйақы сомасы және сатып алынатын компаниядағы бақыланбайтын қатысу үлесі ретінде бағаланады. Бизнесті біріктіру жөніндегі әрбір мәміле үшін сатып алатын тарап сатып алынатын компаниядағы бақыланбайтын қатысу үлесі әділ құн бойынша, не сатып алынатын компанияның сәйкестендірілетін таза активтеріндегі теңбе тең үлес бойынша бағалайды. Сатып алуға байланысты шегілген шығындар әкімшілік шығыстардың құрамына енгізіледі.
Егер Топ бизнесті сатып алса, ол тиісті түрде шарттың талаптарына, сатып алу күніндегі тиісті жағдайлардың экономикалық жағдайына байланысты сатып алынған қаржы активтері мен қабылданған міндеттемелерді жіктейді. Бұған компания сатып алатын негізгі шарттарға қосылған туынды құралдарды бөлу қажеттілігі мәніне талдау жасау жатады.
Бизнес кезең-кезеңімен біріктірілген жағдайда сатып алынатын компаниядағы бұрын Топқа тиесілі қатысу үлестері пайда немесе шығын арқылы бақылауды сатып алу күніндегі әділ құн бойынша қайта бағаланады.
Сатып алатын тарап беруге тиіс шартты сыйақы сатып алу күніндегі әділ құн бойынша танылуға тиіс. Актив немесе міндеттеме болуы мүмкін шартты сыйақының әділ құнының кейінгі өзгерістері БЕХС 39 сәйкес, не пайданың немесе шығынның құрамында, не өзге де жиынтық кірістің өзгерісі ретінде танылуға тиіс. Егер шартты сыйақы капитал ретінде жіктелсе, ол капиталдың құрамында оны толық өткегенге дейін қайта бағаланбауға тиіс.
Гудвил бастапқыда берілген сыйақы сомасынан асатын сома ретінде белгіленетін және таза сәйкестендірілетін активтердің сомасынан жоғары деп танылған бақыланбайтын қатысу үлесі танылған және ол қабылдаған міндеттемелер бастапқы құн бойынша бағаланады. Егер осы сыйақы еншілес ұйым сатып алған таза активтердің әділ құнынан кем болса, айырма пайданың немесе шығынның құрамында танылады.
Кейіннен гудвил құнсызданудан болған жинақталған шығындар шегеріліп, бастапқы құн бойыншак бағаланады. Бизнесті біріктіру кезінде сатып алынған гудвилді құнсыздану мәніне тексеру мақсаттары үшін, гудвил компаниялар Тобы сатып алған күннен бастап Топтың ақша ағындарын генерациялайтын әрбір бөлімшесіне бөлінеді, олар сатып алынатын компанияның басқа активтері немесе міндеттемелері көрсетілген бөлімшелерге жататын-жатпайтындығына қарамастан, бизнестің бірігуінен пайда алады.
Егер гудвил ақша ағындарын генерациялайтын бөлімшенің бір бөлігін құраса, және осы бөлімшенің бір бөлігі шығып қалса, шығарылатын қызметке жататын гудвил оның шығарылуынан келетін пайданы немесе шығында анықтау кезінде осы қызметтің ағымдағы құнына қосылады. Осындай жағдайларда шығып қалған гудвил шығып қалған қызметтің құны мен ақша ағындарын генерациялайтын бөлімшенің қалған бөлігінің құнының қатынасы негізінде бағаланады.
Жалпы бақылаудағы тараптардан еншілес ұйымдарды сатып алу
Жалпы бақылаудағы тараптардан еншілес ұйымдарды (мемлекет бақылайтын кәсіпорын) сатып алуды есепке алу үлестерді біріктіру әдісі бойынша жүргізіледі.
Жалпы бақылаудағы еншілес ұйым берген активтер мен міндеттемелер берген күнгі берген компанияның (алдыңғы иесі) есептілігінде олардың теңгерім құны бойынша осы шоғырландырылған қаржылық есептілік нысандарында көрсетіледі. Алдыңғы иесінен ұйымды бастапқы сатып алған кезде пайда болатын гудвилл осы шоғырландырылған қаржылық есептілікте де көрсетіледі. Алдыңғы иесінің гудвиллін қоса алғанда, таза активтердің жалпы теңгерім құны мен төленген қаражат сомасы арасындағы айырма меншік капиталды түзету ретінде осы шоғырландырылған қаржылық есептілікте ескерілген.
Осы шоғырландырылған қаржылық есептілік егер еншілес ұйымды Топ оны бастапқыда алғашқы иесі сатып алған күні сатып алғандай жасалды.
Бар еншілес компаниялардағы үлестің өзгеруі
Бар еншілес ұйымдағы иелену үлесінің сатылатын немесе сатып алынатын бақылау сақталынатын мәмілелерде еншілес ұйымның таза активтерінде иеліктен шығарылатын немесе сатылып алынатын үлестің теңгерім құны мен сату құнының немесе осы үлесті сатып алу құнының арасындағы айырма бөлінбеген пайданың ұлғаюы немесе кемуі ретінде көрсетіледі.
Сату үшін арналған ретінде жіктелген активтер және тоқтатылған қызмет
Сату үшін арналған ретінде жіктелген активтер мен шығу топтары сатуға арналған шығындар шегеріліп, екі мәннің – теңгерімдік құн мен әділ құнның азы бойынша бағаланады. Айналымнан тыс активтер мен шығу топтары, егер олардың теңгерімдік құны жалғасқан пайдалану нәтижесінде емес, сату бойынша сату бойынша мәміле арқылы өтелуге жатса, сату үшін арналған болып жіктеледі. Бұл шарт егер сату мүмкіндігі жоғары, ал актив немесе шығу тобы өзінің ағымдағы жағдайында жедел сатылуы мүмкін болса, сақталған болып саналады. Басшылықтың оған қатысты жіктелген күннен бастап бір жыл ішінде аяқталған сату мәмілесі ретінде тану өлшемдеріне сәйкес күтілуге тиіс сатып алуды жасауға бекем ниеті бар.
Есепті кезең ішіндегі, сондай-ақ өткен жылдың салыстырмалы кезеңі ішіндегі жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есепте тоқтатылған қызметтен кірістер мен шығыстар, егер тіпті сатқаннан кейін Топ еншілес ұйымдағы азшылық үлесін сақтағанның өзінде әдеттегі кірістер мен шығыстардан жеке ескеріледі. Салықтар шегерілгеннен кейінгі пайда немесе шығын жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есепте жеке ұсынылады.
Сату үшін арналған ретінде жіктелгеннен кейін негізгі құралдар амортизациялануға жатпайды.
Минералдық ресурстар мен көмірсутегілерін барлау және әзірлеу жөніндегі активтер (мұнай-газ және тау-кен активтері)
Жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алу жөніндегі шығындар
Жер қойнауын пайдалану (барлау, өндіру) құқығын сатып алу шығындары қол қою бонустарын, тарихи, экологиялық және әлеуметтік бағдарламаларға міндетті шығыстарды қамтиды және кен орнын барлау және бағалауда жер қойнауын пайдалану құқығы ретінде материал емес активтердің құрамында капиталданады.
Жер қойнауын пайдалану құқытарын сатып алу шығындарын есепке алу кен орны бөлінісінде жүргізіледі. Әрбір құқық объектісі жыл сайын құнсыздану мәніне қаралады. Егер объекті бойынша болашақтағы жұмыстар жоспарланбаған жағдайда, жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алу шығындардың қалған сальдосы есептен шығарылады. Кен орындарында коммерциялық өндіру басталғаннан бастап жер қойнауын пайдалану құқығы (қалған шығындар) негізгі құралдар құрамына көшіріледі және дәлелделген қорлардың жалпы сомасы негізге алына отырып, іс жүзіндегі өндіру бойынша өндірістік әдіс бойынша амортизацияланады.
Барлау және бағалау жөніндегі шығындар (аяқталмаған құрылыс)
Барлау және бағалау жөніндегі шығындар геологиялық және геофизикалық шығыстарды; барлау ұңғымаларына тікелей жататын шығындарды; ашу жұмыстарын; әкімшілік нақты кен орнына жатқызуға болатын бағалау жөніндегі өзге де шығыстарды қамтиды. Мұндай шығындар жалақыны, материалдар мен жанармайды, бұрғылау станоктарының құны мен мердігерлерге төлемдерді қамтиды. Геологиялық және геофизикалық шығыстарды қоспағанда, барлау және бағалау жөніндегі шығындар аяқталмаған құрылыс ретінде негізгі құралдардың құрамында капиталдандырылады, есеп кен орындары бөлінісінде жүргізіледі, амортизация есептелмейді. Егер минералдық ресурстар табылмаса, бұо құнсыздану куәлігі болуы мүмкін. Барлық капиталдандырылған шығындар кемінде жылына бір рет коммерциялық әзірленім немесе табылғаннан пайда алудың қандай да бір тәсілі туралы ниетті растау үшін техникалық, коммерциялық және басқару тексеруіне жатады. Керісінше жағдайда шығындар шығыстарға шығарылады.
Минералдық ресурстардың қорлары дәлелденгенде және игеруді жалғастыруға шешім қабылданғанда, тиісті шығындар мұнай-газ немесе тау-кен активтерінің кіші сыныптарына көшіріледі.
Барлау және өндіру шығындары (мұнай-газ және тау-кен активтері)
Барлауға және өндіруге жұмсалатын шығындар бұрын капиталдандырылған (және игерудің басында қайта жіктелген) жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алу шығындарын және барлау және бағалау шығындарын; бұрғылау нәтижелеріне қарамастан пайдалану ұңғымаларын бұрғылауға; полигондар салуға; кен орындарындағы минералдық ресурстарды өндіру, жинау және дайындау үшін қажетті жерүстілік технологиялық құрылыстар салуға арналған шығыстарды; кен орындарында коммерциялық өндіру ұйымдастыру барысында жұмсалған өзге де шығындарды; ұңғымаларды консервациялауға және учаскелерді қалпына келтіруге арналған капиталдандырылған дисконтталған шығындарды қамтиды. Барлау және өндіру шығындары негізгі құралдардың (мұнай-газ және тау-кен активтері) құрамында капиталдандырылады, есеп кен орындары бөлінісінде жүргізіледі.
Мұнай-газ және тау-кен активтерінің тозуы (негізгі құралдар мен материалдық емес активтер құрамында)
Мұнай-газ және тау-кен активтері кен орындарында коммерциялық өндіру басталғаннан бастап іс жүзіндегі өндіру бойынша тозуды есептеудің өндірістік әдісі пайдаланылып амортизацияланады. Мұнай-газ және тау-кен активтерінің кен орындарының пайдалы қызмет мерзімінен айтарлықтай ерекшеленетін пайдалы қызмет мерзімі бар кейбір объектілері (жерүстілік технологиялық құрылыстар мен жабдықтар) тура сызықты әдіс пайдаланыла отырып, пайдалы пайдалану мерзімі ішінде амортизацияланады. Кен орындарын пайдаланудан шығаруға жұмсалған дисконтталған шығындарды қосатын жер қойнауын пайдалану құқығын алу шығындары, дәлелденген қорлардың жалпы сомасы бойынша амортизацияланады. Кен орындарын игеруге жұмсалған қалған шығындар дәлелденген игерілген қорлардың есебінен амортизацияланады.
Негізгі құралдар (мұнай-газ және тау-кен активтерінен басқа)
Бастапқы тану кезінде негізгі құралдар бастапқы құн бойынша бағаланады. Кейіннен негізгі құралдар жинақталған тозу, ескіру және құнсыздану шегеріліп ескеріледі. Шаруашылық тәсілмен құрылған активтердің құны материалдардың құнын, тікелей еңбек шығындарын және өндірістік жүктеме шығыстарының тиісті үлесін қамтиды. Мұнай-газ активтерінен басқа негізгі құралдар негізінен мынадай негізгі құралдардың кластарын қамтиды, олар мына пайдалы қызмет мерзімі ішінде тіке желілік әдіспен амортизацияланады:
Құбыржолдар мен МӨЗ активтері | 4-100 жыл |
Ғимараттар мен құрылыстар | 5-100 жыл |
Темір жолдар мен инфрақұрылым | 10-80 жыл |
Тау-кен активтері | 40 жыл |
Машиналар мен жабдықтар және көлік құралдары | 2-50 жыл |
Өзгелері | 3-40жыл |
Негізгі құралдардың объектілері ірі ауқымды техникалық тексерудің мәні болып табылғанда, шығындар 16 БЕХС-да белгіленген тану өлшемдерін сақтау талабы кезінде ауыстыру ретінде негізгі құралдардың теңгерім құнында танылады.
Негізгі құралдардың объектісін тану ол істен шыққаннан кейін немесе оны пайдаланудан не істен шығуынан болашақ экономикалық пайда алу күтілмейтін болса, тоқтатылады. Активті тану тоқтатылған кезде пайда болған кез келген кірістер немесе шығыстар (істен шығу мен активтің қалдық құнынан түскен таза түсімдер арасындағы айырма ретінде есептелген) активті тану тоқтатылған есепті кезеңдегі кірістер мен шығыстар туралы есепке енгізіледі.
Активтің қалдық құны, пайдалы қызмет мерзімі және амортизациялау әдісі әрбір қаржы жылының аяғында қажеттілік болғанда қайта қаралады және түзетіледі.
Материалдық емес активтер
Бөлек сатып алынған материалдық емес активтерді бастапқы тану кезінде сатып алу құны бойынша ескеріледі. Ұйымдарды біріктіру бойынша операциялар шеңберінде сатып алынған материалдық емес активтердің құны сатып алу күнгі әділ құнды білдіреді. Материалдық емес активтерді бастапқы танығаннан кейін кез келген жинақталған амортизацияны және құнсызданудан болатын кез келген жинақталған шығынды шегере отырып, сатып алу құны бойынша ескеріледі. Кен көзін игеруге капиталдандырылған шығындарды қоспағанда, өз күштерімен құрылған материалдық емес активтер капиталдандырылмайды және тиісті шығыстар шығыстар пайда болған сол кезеңде кірістер мен шығыстар туралы шоғырландырылған есепте танылады. Материалдық емес активтердің пайдалы қызмет мерзімі шектеулі немесе шектеусіз ретінде анықталады. Пайдалы қызмет мерзімі шектелген материалдық емес активтер қызметтің осы мерзімі ішінде амортизацияланады және материалдық емес актив құнсыздануы мүмкін көрсеткіш болғанда құнсыздану мәніне бағаланады. Амортизациялау кезеңі және пайдалы қызметтің мерзімі шектелген материалдық емес активтер үшін амортизация әдісі кем дегенде әрбір есепті жылдың аяғында қайта қаралады. Пайдалы қызметтің күтілетін мерзіміне немесе материалдық емес активтен түсетін алдағы экономикалық пайданың күтілетін көлеміне өзгерістер амортизация кезеңіне өзгерістер немесе мән-жайлар бойынша амортизация әдісі арқылы ескеріледі және бухгалтерлік бағалауға өзгерістер ретінде қаралады. Қызмет мерзімі шектелген материалдық емес активтердің амортизациясы бойынша шығыстар материалдық емес активті белгілеуге сәйкес шығыстар құрамында кірістер мен шығыстар туралы есепте танылады. Пайдалы қызмет мерзімі шектелген материалдық емес активтер негізінен пайдалы қызметтің мынадай мерзімі ішінде тікелей әдісімен амортизацияланатын активтердің мынадай сыныптарын қамтиды:
Лицензиялар | 2-20 жыл |
Бағдарламалық қамтамасыз ету | 2-10 жыл |
Жер қойнауын пайдалану құқығы | 18-45 жыл |
Өзгелері | 2-20 жыл |
Қызмет мерзімі шектелген материалдық емес активтер амортизацияланбайды, бірақ жыл сайын құнсыздануға тексеріледі немесе құнсыздану көрсеткіштері болғанда және қажет болған кезде өтелетін шамаға дейін есептен шығарылады.
Қаржылық емес активтердің құнсыздануы
Топ активтерді немесе активтер тобын оқиға немесе жағдаяттардағы өзгерістер активтік теңгерімдік құны өтелмейтіндігін көрсеткен жағдайларда құнсыздану мәніне бағалайды. Жекелеген активтер негізінен ақша ағындарына қарамастан, басқа активтер топтарымен генерацияланатын сәйкестендірілген ақша ағындары бар ең төменгі деңгейде құнсыздануға бағалау мақсаттары үшін топтастырылады. Егер құнсызданудың осындай көрсеткіштері болған жағдайда, немесе активтер топтарын құнсыздануға жыл сайын тестілеу талап етілген кезде, Топ активтің өтелген құнын бағалауды жүзеге асырады.
Активтер тобының өтелген құны оны сатуға кеткен шығыстарды шегергенде әділ құнның және оның пайдалану құнының ең көбі болып табылады. Активтер тобының теңгерімдік құны оның өтелетін құнынан асып кеткен жағдайда, активтер тобы құнсыздануға жатады және активті өтеу құнына дейін төмендетуге арналған резерв құрылады. Пайдалану құнын бағалау кезінде күтілетін ақша ағындары активтер топтарына тән тәуекелдерге түзетіледі және ақшаның уақытша құнының ағымдағы нарықтық бағасын көрсететін салық салуға дейінгі дисконттау ставкасы пайдаланыла отырып, ағымдағы құнға дисконтталады. Бағалау бұрын танылған құнсыздану жөніндегі резервтер ендігі жоқ немесе азайды дегеннің қандай да бір көрсеткішінің бар-жоқтығына қатысты әрбір есептілік күні жүргізіледі. Егер ондай көрсеткіштер бар болса, онда өтелетін құн бағаланады. Құнсыздану жөніндегі соңғы резерв танылған сәттен бастап активтің өтелетін құнын айқындау үшін пайдаланылған бағалауларда өзгерістер болса ғана құнсыздану бойынша бұрын танылған резерв сторнирланады. Мұндай жағдайда, активтің қалдық құны өтелетін құнғак дейін ұлғаяды. Активтің ұлғайтылған құны, егер алдыңғы кезеңдерде құнсыздану жөніндегі резерв танылмаған болса, тозуды немесе амортизацияны шегергенде анықталған теңгерімдік құннан аспайды. Мұндай сторнирлау пайда және шығындар туралы шоғырландырылған есепте танылады.
Сторнирлау өткізілімі жүргізілгеннен кейін келесі кезеңдерде қалдық құны шегеріле отырып, активтің қайта қаралған теңгерімдік құнын бөлу үшін амортизация жөніндегі шығыстар жүйелі негізде пайдалы қызметінің қалған мерзімі ішінде түзетіледі.
Гудвилдің құнсыздануын бағалау кезінде мынадай үдеріс қолданылады:
Әрбір есепті күні Топ гудвиллдің құнсыздану белгілерінің болуын бағалайды. Гудвилл жыл сайын және жағдаяттар теңгерімдік құнның құнсыдануының мүмкіндігін көрсеткенде құнсыздану белгілерінің болуына тестіленеді.
Гудвилдің құнсыздануы оған гудвилл жататын ақша ағындарын генерациялайтын өтелетін бірліктер сомасын бағалау арқылы айқындалады. Егер оған гудвилл жататын ақша ағындарын генерациялайтын өтелетін бірліктер сомасы оның теңгерімдік құнынан аз болса, онда құнсызданудан болған шығын танылады. Құнсызданудан болған шығын болашақ кезеңдерде қалпына келтірілмейді.
Қаржы активтері
Топтың инвестициялары өтеуге дейін ұсталатын инвестициялар немесе сату үшін қолда бар инвестициялар кіріс немесе шығын арқылы әділ құн бойынша көрсетілетін қаржы активтері ретінде жіктеледі. Бастапқыда инвестициялар әділ құн бойынша бағаланады. Егер инвестициялар кіріс немесе шығын арқылы әділ құн бойынша көрсетілетін қаржы активтері ретінде жіктелмесе, онда есептілікте көрсеткен кезде олардың әділ құнына онымен тікелей байланысты мәміле жөніндегі шығындар қосылады. Топ өзінің қаржылық инвестицияларының жіктемесін бастапқы танылғаннан кейін анықтайды. Барлық сатып алынған және сатылған инвестициялар есеп айырысу күнінде, яғни инвестициялар Топқа берілген немесе Оларды Топ берген күні танылады.
Тіркелген немесе төлем мөлшерін анықтауға икемді және өтеудің тіркелген мерзімді туынды емес қаржы активтері, егер Топ оларды өтеу мерзіміне дейін ұстауға ниетті және қабілетті болған жағдайда, өтегенге дейін ұсталатын ретінде жіктеледі.
Қарыздар мен дебиторлық берешек тіркелген немесе төлем мөлшерін анықтауға икемді белсенді нарықта баға белгіленбейтін өнімсіз қаржы активтері болып табылады. Мұндай активтер пайыздың тиімді ставка әдісін пайдалана отырып, амортизацияланған құны бойынша көрсетіледі. Мұндай активтер бойынша пайда мен шығындар тану тоқтатылған сәтте немесе мұндай активтер құнсызданған жағдайда, сондай-ақ амортизация арқылы кірістер мен шығыстар туралы есепте көрсетіледі.
Бағалы қағаздар, егер олар жақын болашақта сату мақсаттары үшін сатып алынса, пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша бағаланатын қаржы активтері ретінде жіктеледі. Туынды құралдар да олар хеджирлеудің тиімді құралдарын білдіретін кездегі жағдайларды қоспағанда, пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша бағаланатын қаржы активтері ретінде жіктеледі. Пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша бағаланатын қаржы активтері бойынша кірістер мен шығыстар пайда және шығындар туралы шоғырландырылған есепте көрсетіледі.
Қаржы активтері егер бұл берілетін ақпараттың маңыздылығын арттырса, бастапқы тану кезінде пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша бағаланатын ретінде жіктелуі мүмкін, өйткені осындай жіктелу бағалаудың немесе танудың сәйкессіздігін жоққа шығарады немесе айтарлықтай азайтады, ол керісінше жағдайда активтерді немесе міндеттемелерді бағалау кезінде не ол бойынша пайданы немесе шығындарды әр түрлі негізде тану кезінде туындар еді.
Сату үшін қолда бар инвестициялар сату үшін қолда бар ретінде жіктелетін және жоғарыда аталған кез келген үш санатқа енгізілмеген туынды емес қаржы активтерін білдіреді. Есепте бастапқы көрсетуден кейін сату үшін қолда бар инвестициялар әділ құн бойынша бағаланады, бұл ретте, пайда мен шығындар инвестицияларды тану немесе құнсыздандыру тоқтатылған сәтке дейін капитал құрамында бөлек құрауыш ретінде көрсетіледі. Капитал құрамында бұрын көрсетілген жиынтық пайда немесе шығын кірістер мен шығыстар туралы есепке енгізілген жағдайда. Үлестік инструменттерге байланысты құнсызданудан болатын шығындарды қалпына келтіру кірістер мен шығыстар туралы есепте көрсетілмейді. Борыштық инструменттерге байланысты құнсызданудан болатын шығындар пайда немесе шығын құрамында түзетіледі, егер инструменттің әділ құнынан арту кірістер мен шығыстар туралы есепте құнсызданудан болатын шығынды танығаннан кейін болған оқиғаға объективті түрде жатқызылуы мүмкін.
Ұйымдасқан қаржы нарықтарында белсенді айналымдағы инвестициялардың әділ құны есеп күнгі саудалар аяқталған сәттегі сатып алуға нарықтық баға белгілеу бойынша анықталады. Нарықта белсенді айналымы жоқ инвестициялардың әділ құны бағалау әдістерін пайдалана отырып, оның ішінде нарықтық жағдайларда жасалған мәмілелер уақыты бойынша соңғысымен ұқсас бойынша, сондай-ақ іс жүзінде қаралатын инструментке ұқсас немесе дисконтталған ақша ағындарын талдауды ескере отырып, қаржы инструментінің ағымдағы нарықтық құны негізінде анықталады.
Қаржы активтерінің құнсыздануы
Әрбір есепті күні Топ қаржы активінің немесе қаржы активтері тобының құнсыздануының болған-болмағанын айқындайды.
Амортизациялық құн бойынша ескерілетін активтер
Егер амортизациялық құн бойынша ескерілетін активтер бойынша құнсызданудан болатын шығындардың пайда болуы туралы объективті куәлік болса, шығынның сомасы активтің теңгерімдік құны мен қаржы активі бойынша бастапқы тиімді сыйақы ставкасы (яғни бастапқы таныған кезде есептелген тиімді пайыздық ставка бойынша) бойынша дисконтталатын болашақта күтілетін ақша ағындарының (әлі туындамаған болашақтағы кредиттік шығындарды қоспағанда) арасындағы айырма ретінде бағаланады. Активтің теңгерімдік құны резерв пайдаланыла отырып төмендетілуі тиіс. Шығынның сомасы пайда немесе шығындарда танылады.
Егер кейінгі кезеңде құнсызданудан болатын шығын сомасы азайса, онда бұндай азаю құнсыздану танылғаннан кейін жүргізілген оқиғаларға объективті түрде байланысты болуы мүмкін, құнсызданудан болған бұрын танылған шығын қалпына келтіріледі. Құнсызданудан болған шығынды кез келген келесі қалпына келтіру пайда мен шығындар туралы есепте активтің теңгерімдік құны бұл активтің қалпына келтірілу күніндегі амортизациялық құнынан аспайтындай көлемде танылады.
Егер Топ шот-фактураның бастапқы шарттарына сәйкес өзіне тиесілі бүкіл соманы алмайтынының объективті куәлігі болса (мысалы, дебитордың төлем қабілетсіздігі немесе басқа да елеулі қаржылық қиындықтары мүмкіндігі), сауда-дебиторлық берешек бойынша құнсыздану резерві жасалады. Дебиторлық берешектің теңгерімдік құны резерв шотын пайдалану арқылы азайтылады. Егер құнсызданған берешек үмітсіз болып саналса, оларды тану тоқтатылады.
Сату үшін қолда бар қаржылық инвестициялар |
Бастапқы құнның өтелмеуі мүмкін екендігінің объективтік дәлелдері болған жағдайда, сату үшін қолда бар үлестік бағалы қағаз құнсызданған болып саналады. Құнсызданудың сапалық өлшемдеріне қосымша ретінде бастапқы құнның өтелмеуі мүмкін екендігінің объективтік дәлелдері әділ құнның бастапқы құнның шамасынан айтарлықтай немесе жалғаспалы төмендеуін қамтиды.
Егер сату үшін қолда бар үлестік бағалы қағаз құнсызданудың Қор белгілеген сапалық немесе сандық өлшемдеріне сәйкес құнсызданған жағдайда, әділ құнның кейінгі есепті күндерге одан әрі төмендеуі құнсыздану ретінде танылады. Осылайша, әрбір есепті кезеңде Қордың құнсыздану өлшемдеріне сәйкес құнсыздануға ұшыраған ретінде айқындалған үлестік бағалы қағазға қатысты құнсыздану бұрын танылған құнсыздануды шегерген кездегі әділ құнның және бастапқы құнның арасындағы айырма мөлшері ретінде танылады.
Туынды қаржы құралдары
Өзінің әдеттегі қызметі барысында Топ шикізат тауарларына бағаның құбылуына байланысты өз тәуекелін хеджирлеу үшін валюта нарықтары мен капитал нарықтарында фьючерстерді, форвардтарды, своптар менопциондарды қоса алғанда әртүрлі туынды қаржы құралдарымен, мұнай шикізаты бойынша форвардтық және своп келісім-шарттармен операцияларды жүзеге асырады. Мұндай қаржы құралдары негізінен сауда мақсаттары үшін ұсталынады және бастапқыда қаржы құралдарын тану саясатына сәйкес танылады, ал кейіннен олардың әділ құны бойынша бағаланады. Әділ құн тиісті құралдардың ағымдағы нарықтық және келісім-шарттық бағалары мен басқа да факторлар назарға алынатын тіркелген биржа бағасының немесе баға модельдерінің негізігнде есептеледі. Туынды қаржы құралдары әділ құн оң болып табылғанда активтер ретінде (іске асырылмаған кіріс) және әділ құн теріс болып табылғанда міндеттеме ретінде (іске асырылмаған шығын) ескеріледі. Көрсетілген құралдармен жасалатын пайдалар мен шығындар жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есепте көрсетіледі.
Қорлар
Қорлар өзіндік құнының ең аз мәні немесе таза өткізу құны бойынша бағаланды. Өзіндік құн қорларды жеткізуге және ағымдағы жағдайға келтіруге байланысты шығындарды қамтиды. Таза өткізу құны аяқтауға шығындарды және өткізуге есеп айырысу шығындарын шегере отырып, қарапайым қызмет барысында қорларды өткізу бағасын бағалауды білдіреді. Шығындарды есептеп шығарудың ұқсас формуласы ұқсас сипаты және белгіленімі бар барлық қорлар үшін пайдаланылады. Операциялық Мұнай мен газ және Энергетикалық сегменттердің қорлары ФИФО әдісі негізінде бағаланады. Барлық қалған қорлар орташа салмақталған құн негізінде бағаланады.
Ақша және оның баламалары
Ақша және оның баламалары кассадағы қолма-қол ақшаны, мерзімді салымдарды, бұрын айтылған ақша қаражаты сомасына еркін айырбасталатын және олардың құнының өзгеруіне байланысты тәуекелдің елеусіз деңгейіне расталған өтеу мерзімі үш айдан аспайтын қысқа мерзімді және өтімділігі жоғары инвестицияларды қамтиды.
Қаржылық міндеттемелер
Қарыздар және тартылған қаражат
Қарыздар бастапқыда мәміле бойынша келтірілген шығындарды шегере отырып, әділ құн бойынша танылады. Келесі кезеңдерде қарыздар амортизацияланған құн бойынша бағаланады: алынған қаражаттың (мәміле жөніндегі шығыстарды шегергенде) әділ құны мен өтеу сомасы арасындағы айырма жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есепте пайыздың тиімді ставкасы пайдаланыла отырып, қарыз берген мерзім ішінде көрсетіледі. Егер топ төлемді есепті күннен кейін кем дегенде 12 айға кейінге қалдыруға сөзсіз құқылы болмаса, қарыздар ағымдағы міндеттемелер ретінде жіктеледі.
Шығарылған қаржы құралдары немесе олардың құрамдас бөліктері, егер шарттық келісімнің нәтижесінде Топтың не ақша қаражатын немесе өзге де қаржы активтерін қою, не міндеттемені ақша қаражатының немесе басқа да қаржы активтерінің тіркелген сомасын меншікті үлестік құралдардың тіркелген санына айырбастау арқылы өзге түрде орындау міндеттемесі болады. Мұндай құралдар Үкіметтің қаражатын және мәмілемен тікелей байланысты шығындарды шегере отырып алынған қаражаттың әділ құны бойынша бастапқыда ескерілетін кредиттік мекемелерден алынған қарыздарды қамтиды. Кейіннен алынған қаражат амортизациялық құн бойынша көрсетіледі.
Жіктелетін активті сатып алуға, оның құрылысына немесе өндірісіне тікелей жататын қарыздар бойынша шығындар осындай актив құнының бір бөлігі ретінде капиталдандырылады. Қарыздар бойынша өзге де шығындар туындаған сәттегі шығыстар ретінде танылады.
Айырбасталатын борыштық құралдар
Міндеттеменің сипаттамасы бар кәсіпорындарды біріктіру кезінде сатып алынған айырбасталатын борыштық құралдардың құрамдас бөлігі мәміле жөніндегі шығындар шегеріле отырып, бухгалтерлік теңгерімде міндеттеме ретінде танылады; және бұл сома айырбастау немесе сатып алу кезінде өтеуге дейін амортизациялық құн бойынша бағаланатын қаржы міндеттемесі ретінде жіктеледі.
Кәсіпорындарды біріктіру кезінде туындайтын қалған азшылық үлесі бойынша опциондар
Егер кәсіпорындарды біріктіру кезінде Топ опцион тарабына айналса, сатып алынған кәсіпорындағы азшылықтың қалған үлесі бойынша путы Топ мұндай опционда осындай азшылық үлесіне меншік құқығымен байланысты пайда мен тәуекелдерге қатысу беретіндігін бағалайды.
Қалған акциялары бойынша пут опционы үлестік иелену пайдалары мен тәуекелдеріне қол жетімділік беретіні анықталғанда, кәсіпорындар бірлестігі опционмен келісілген путтың сатып алынуы негізінде ескеріледі. Пут опционы бойынша миноритарлық акционерлерге арналған міндеттеменің әділ құны кәсіпорындар бірлестігі құнының бөлігі ретінде танылады. Өзге жағдайда азшылық үлесіне жатқызылатын ретінде қарастырылатын осындай құн мен таза активтердегі үлестер арасындағы кез келген айырма гудвилл құрамында көрсетіледі. Кейіннен жарияланған және осындай миноритарлық акционерлерге төленген кез келген дивидендтер пайда мен шығындар туралы шоғырландырылған есепте тікелей көрсетіледі.
Кейіннен қаржылық міндеттеме БЕХС 39 талаптарына сәйкес бағаланады. Қаржы міндеттемесінің әділ құнына өзгерістер, сондай-ақ кез келген қаржылық төлемдерпайда мен шығындар туралы шоғырландырылған есепте тікелей көрсетіледі.
Қауымдасқан компаниялардағы инвестицияларды және сату үшін арналған активтерді сатып алу кезінде туындайтын сатып алынған үлес бойынша опциондар
Егер инвестицияларды сатып алу кезінде Қор үшінші тарапқа кәсіпорында сатып алған үлес бойынша колл опциондарын берсе, Қор осындай опционға қатысу үшінші тарапқа осындай үлеске меншік құқығына байланысты пайда мен тәуекелдерге қол жетімділік беретінін-бермейтінін бағалайды.
Егер сатып алған үлес бойынша колл опциондары үшінші тарапқа үлестік иеленудің пайдасы мен тәуекелдеріне қол жетімділік бермеген жағдайда бұл опцион Қордың елеулі ықпалын анықтау кезінде ескерілмейді.
Қор үшін опцион бойынша міндеттемелердің әділ құны сатып алынған инвестициялар құнының бір бөлігі ретінде танылады. Кейіннен қаржылық міндеттеме БЕХС 39 "Қаржы құралдары: тану және бағалау" талаптарына сәйкес бағаланады. Қаржылық міндеттеменің әділ құнындағы өзгерістер, сондай-ақ осы опциондарды іске асырумен байланысты кез келген кірістер немесе шығыстар жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есепте ескеріледі.
Сауда және өзге де кредиторлық берешек
Сауда және өзге де кредиторлық берешек жөніндегі міндеттемелер Топқа шоттардың берілген-берілмегендігіне қарамастан алынған тауарлар мен қызметтер үшін болашақта төленуге тиіс соманың әділ құны болып табылатын бастапқы құн бойынша ескеріледі.
Қаржы активтері мен міндеттемелерін тануды тоқтату
Қаржы активтері
Қаржы активтері (немесе, қолданылуына қарай – қаржы активінің бөлігі немесе ұқсас қаржы активтері тобының бөлігі), егер:
* активтен ақша ағындарын алу құқығының қолданылу мерзімі аяқталса;
* Топ активтен ақша ағындарын алу құқығын сақтаса, бірақ қайта бөлу туралы келісімге сәйкес үшінші тарапқа елеулі кешігусіз оларды толығымен беру міндеттемесін қабылдаса; немесе
* Топ өзінің активтен ақша ағындарын алуға арналған құқықтарын берсе және не (а) активтен барлық елеулі тәуекелдер мен сыйақы берсе, не (б) бермесе, бірақ активтен барлық елеулі тәуекелдер мен сыйақыларды өзінде сақтаса, алайда активтерге бақылауды берсе бухгалтерлік теңгерімде ескерілуін тоқтатады.
Қаржылық міндеттемелер
Егер міндеттеме өтелсе, күші жойылса, немесе оның қолданылу мерзімі аяқталса, қаржылық міндеттеме бухгалтерлік теңгерімде танылуын тоқтатады.
Қаржы құралдарын өзара есепке алу
Қаржы активтері мен қаржылық міндеттемелер өзара есепке алуға, ал нетто-сома:
* қазіргі сәтте жүзеге асырылатын танылған сомаларды өзара есепке алуға арналған заңды құқық болған кезде;
* нетто-негізде есеп жүргізу, не активтерді сату және осымен бір мезгілде міндеттемелерді өтеу ниеті болған кезде ғана шоғырландырылған қаржылық теңгерімде көрсетілуге жатады.
Қаржы құралдарының әділ құны
Олармен сауда әрбір есепті күні белсенді нарықтарда жүзеге асырылатын қаржы құралдарының әділ құны мәміле бойынша шығындар шегерілместен нарықтық баға белгіленімдері немесе дилерлердің баға белгіленімдері (ұзын позициялар үшін сатып алуға арналған баға белгіленімдері және қысқа позицияларды сатуға арналған баға белгіленімдері) негізге алынып анықталады.
Олармен сауда белсенді нарықта жүзеге асырылмайтын қаржы құралдары үшін әділ құн тиісті бағалау әдістемелерін қолдану жолымен анықталады. Мұндай әдістемелер мыналарды қамтуы мүмкін:
* жақында коммерциялық негізде жүргізілген мәмілелердің бағаларын пайдалану;
* ұқсас құралдардың ағымдағы әділ құнын пайдалану;
* дисконтталған ақша ағындарын талдау, не бағалаудың басқа да үлгілері.
Қаржы құралдарының әділ құнын талдау және оны анықтаудың әдістері туралы қосымша ақпарат 12-ескертпеде келтіріледі.
Жалдау
Операциялық жалдау
Жалдау объектісіне меншік құқығына байланысты тәуекелдер мен пайданы жалға алушы іс жүзінде сақтаған кезде мүлікті жалдау операциялық жалдау ретінде жіктеледі. Операциялық жалдау шарты бойынша төлемдер жалдау мерзімі ішінде жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есепте шығыстарға тепе-тең есептен шығарылады.
Қаржылық жалдау
Топ жалданған мүліктің әділ құнына тең сомада немесе егер бұл сома әділ құннан төмен болса, ең төменгі жалдау төлемдерінің ағымдағы құны бойынша жалдау мерзімі басталған күнгі шоғырландырылған бухгалтерлік теңгерімде активтер мен міндеттемелердің құрамында қаржылық жалдау шарттарын таниды. Дисконттау коэффициенті ретінде ең төменгі жалдау төлемдерінің ағымдағы құнын есептеу кезінде, егер мұндай ставканы анықтау мүмкін болып табылса, жалдау шарты бойынша пайыздың ішкі ставкасы пайдаланылады. Өзге де жағдайларда, Топтың қарыз қаражаты бойынша өспелі ставка пайдаланылады. Бастапқы төте шығындар актив құрамында ескеріледі.
Жалдау төлемдері міндеттемелерді қаржыландыру және өтеу бойынша шығыстар арасында бөлінеді. Қаржыландыру бойынша шығыстар жалдау мерзімі ішінде әрбір есепті кезеңге міндеттемелердің қалдығына есептелетін тұрақты мерзімді пайыз ставкасы бойынша шығыстарды көрсетуді қамтамасыз ететіндей түрде есепті кезеңдерге жатқызылады.
Қаржылық жалдау активке қатысты амортизация бойынша шығыстың ұлғаюына, сондай-ақ әрбір есепті кезеңге қаржылық шығыстарға әкеледі. Жалға алынатын активке қатысты амортизация саясаты меншік активтерді амортизациялау жөніндегі саясатқа сәйкес келеді.
Резервтер
Активтің істен шығуы (пайдаланудан шығару) бойынша міндеттеме
Пайдаланудан шығаруға резервтер Топтың жабдықты немесе тетікті демонтаждау және көшіру бойынша және жабдық болған учаскені қалпына келтіру бойынша міндеттемесі болғанда, сондай-ақ мұндай резервке пайымды бағалауды жүзеге асыру мүмкін болғанда дисконттау негізінде толық көлемде танылады.
Танылған сома жергілікті шарттар мен талаптарға сәйкес анықталған бағаланған болашақ шығыстардың ағымдағы құнын білдіреді. Сондай-ақ сомасы резервтің мөлшеріне балама тиісті негізгі құрал құрылады. Соның салдарынан, осы актив өндірістік әдіс негізінде өндірістік құралдар және тасымалдау құралдары бойынша күрделі шығындар шеңберінде амортизацияланады.
Міндеттемелерді өтеу үшін қажетті экономикалық пайда негізінде жататын есепті мерзімдегі немесе ресурстардың қайту сомасындағы өзгерістердің нәтижесі болып табылған пайдаланудан шығару жөніндегі қазіргі резервті бағалаудағы өзгерістер, немесе дисконттау ставкасындағы өзгеріс мынадай түрде ескеріледі, соның салдарынан:
* резервтегі өзгерістер ағымдағы кезеңге тиісті актив құнына қосылады немесе шегеріледі;
* актив құнынан шегерілген сома оның теңгерім құнынан асып кетпеуі қажет. Егер резервтегі кему активтің теңгерім құнынан асып кетсе, онда асып кету кірістер мен шығыстар туралы есептерде дереу танылады; және
* (в) егер активтің құны ұлғаюға әкелсе, Топ активтің жаңа теңгерім құны толығымен өтелмейтіні осы көрсеткіш болып табылатындығын қарастырады. Егер бұл осындай көрсеткіш болып табылса, Топ оның өтелетін құнын бағалау арқылы құнсыздануға активті тестілеуді жүзеге асырады және 36 БЕХС сәйкес құнсыздану бойынша кез келген шығынды ескереді.
Банк аккредивтері мен кепілдіктеріне резерв
Әдеттегі қызметін жүзеге асыру кезінде Топ аккредиттер, кепілдіктер және акцепттер нысанында қаржылық кепілдіктер береді. Қаржы кепілдіктері шарттары алынған комиссия мөлшерінде "Өзге де міндеттемелер" бабы бойынша әділ құн бойынша бастапқыда қаржы есептілігінде танылады. Бастапқы танылғаннан кейін Топтың кепілдіктің әрбір шарты бойынша міндеттемесі екі шаманың ең көбі бойынша бағаланады: амортизациялық комиссия сомасы немесе кепілдік бойынша туындайтын қаржылық міндеттемені реттеу үшін қажетті шығындардың ең жақсы бағасы.
Қаржы кепілдігі шарттарына байланысты міндеттеменің ұлғаюы пайда және шығындар туралы есепте ескеріледі. Алынған комиссия кепілдік шарты әрекетінің мерзімі ішінде желілік негізде пайда мен шығындарда танылады.
Өзге де резервтер
Резервтер Топтың өткен шақта болған оқиғалардың нәтижесінде ағымдағы (құқықтық немесе іс-тәжірибеден туындаған) міндеттемесі болса, сондай-ақ міндеттемелерді өтеу үшін экономикалық пайдаларға байланысты қаражат ағыны болатын ықтималдық болғанда және осы міндеттеменің тиісті дұрыс бағасы жүргізілгенде қаржы есептілігінде көрсетіледі. Егер Топ резервтің өтелгенін күтсе, мысалы, сақтандыру шарты бойынша, өтеу жеке актив ретінде көрінеді, бірақ өтеу ықтимал болғанда ғана.
Егер ақша қаражатының уақытша құнының әсері мәнді болып табылса, резервтер ақша қаражатының уақытша құнының ағымдағы нарықтық бағасын көрсететін және онда міндеттемеге тән тәуекелдер орынды салықтарды төлегенге дейін ставка бойынша ақша қаражатының күтілетін болашақ қозғалысын дисконттау арқылы есептеледі. Дисконттауды пайдалану кезінде резервтің ұлғаюы уақыттың өтуі салдарынан қаржылық шығындар ретінде танылады.
Қызметкерлерге сыйақы
Белгіленген жарналармен зейнетақы жоспары
Топ аударымдар ретінде өзінің қызметкерлерінің жалақысынан 10% олардың зейнетақы қорларына ұстайды. Заңнамаға сәйкес қызметкерлер өздерінің зейнетақы төлемдеріне өздері жауапкершілікте болады және Топтың қызметкерлер зейнеткерлікке шыққаннан кейін оларға төлемдер бойынша ағымдағы және болашақтағы міндеттемелері болмайды.
Әлеуметтік салық
Топ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әлеуметтік салық төлейді. Әлеуметтік салық есептеуге қарай шығыстарға жатады.
Төлемдердің белгіленген мөлшерімен зейнетақы жоспары
Ұжымдық шартқа сәйкес Топ өздерінің қызметкерлеріне еңбек қызметін аяқтағанда ("Төлемдердің белгіленген мөлшерімен зейнетақы жоспары") белгілі бір сыйақы төлейді.
Топ олар анықталған сол кезеңде қызметкерлерге сыйақы төлеу бойынша міндеттемелерді қайта бағалаудан туындаған актуарлық кірістер мен шығындарды таниды және 19 "Қызметкерлерге сыйақы" БЕХС-да анықталған бағаға сәйкес сыйақы бойынша шығыстарды және міндеттемені таниды.
Төлемдердің белгіленген мөлшерімен зейнетақы жоспарына сәйкес міндеттемелер және сыйақы бойынша шығыстар болжамдалған шартты бірлік әдісі көмегімен анықталады. Бұл әдіс сыйақы алуға құқықтың қосымша бірлігінен асатын ретінде әрбір жұмыс істелген жылды қарастырады және жиынтық міндеттемені көрсету үшін әрбір бірлікті бөлек өлшейді. Сыйақылар беру бойынша шығыстар Төлемдердің белгіленген мөлшерімен зейнетақы жоспары бойынша сыйақы формуласына сәйкес қызметкерлердің жұмыс өтілі ішінде жиынтық сыйақыны бөлу үшін кірістер мен шығыстар туралы шоғырландырылған есепте көрсетіледі. Бұл міндеттеме валюта мен талап Төлемдердің белгіленген мөлшерімен зейнетақы жоспары бойынша міндеттемелердің валютасымен және бағаланған талаптарымен салыстырмалы мемлекеттік облигациялар бойынша сыйақы ставкасына ұқсас дисконт ставкасын қолдана отырып, болашақтағы есеп айырысу ақша қозғалысының ағымдағы құны бойынша өлшенеді.
Төлемдердің белгіленген мөлшерімен зейнетақы жоспары қаржыландырылмайтын болып табылады.
Капитал
Жарғылық капитал
Жай акциялар капитал ретінде жіктеледі. Ұйымдарды біріктіру жағдайларынан басқа, жаңа акциялар шығаруға қатысты тікелей сыртқы шығындар капитал түсімдері сомасынан шегерім ретінде көрсетілген. Шығарылған акциялардың атаулы құнынан алынған қаражаттың әділ құнының кез келген асып түсуі бөлінбеген кірістің ұлғаюы ретінде танылады.
Бақыланбайтын қатысу үлесі
Бақыланбайтын қатысу үлесі шоғырландырылған бухгалтерлік теңгерімде Қордың акционеріне жататын капиталдан жеке меншікті капиталдың құрамында ұсынылады. Еншілес компанияның шығындары егер тіпті бұл теріс сальдоға әкеліп соқтырған жағдайда да бақыланбайтын қатысу үлесіне жатады.
Дивидендтер
Дивидендтер міндеттемелер ретінде танылады және есепті күнді қоса алғанға дейін жарияланған жағдайда ғана есепті күнгі капитал сомасынан шегеріледі. Дивидендтер туралы ақпарат, егер олар есепті күнге дейін ұсынылса, сондай-ақ есепті күннен кейін, бірақ шығаруға шоғырландырылған қаржылық есептіліктің нысандарын бекіткен күнге дейін ұсынылса немесе жарияланса, есептілікте ашып көрсетіледі.
Акцияларға негізделген төлемдер
Топ қызметкерлері үлестік құралдар жөніндегі операцияларға негізделген төлемдер нысанында сыйақы алады. Қызметкерлер өздері жұмыс істейтін еншілес ұйымның үлестік құралдарымен сыйақы алатын қызметтерді ұсынады ("олар бойынша үлестік құралдармен жүзеге асырылатын мәмілелер, есептер").
Олар бойынша есеп үлестік құралдармен жүзеге асырылатын қызметкерлермен жасалған мәмілелердің құны олар берілген күнгі осындай құралдардың әділ құны негізге алына отырып, бағаланады. Әділ құн тиісті бағалау моделінің көмегімен айқындалады.
Үлестік құралдар негізіндегі төлемдер бойынша операциялар бойынша шығыстар онда қызмет нәтижелеріне қол жеткізу шарттары және/немесе белгілі бір мерзімнің еңбек сіңіру шарттары орындалатын кезеңнің ішінде өзге капитал бойынша резервтерде тиісті ұлғаюмен бір мезгілде танылады және қызметкерлер сыйақыға арналған толық құқықтарды алған кездегі күні аяқталады (сыйақы алуға құқықтың көшкен күні). Бұл мәмілелер бойынша жиынтық шығыстар сыйақы ретінде берілетін үлестік құралдар санына қатысты Топтың оңтайлы бағалауының негізінде аяқталған мерзімге теңбе тең міндеттемелер өтелгенге дейінгі әрбір есепті күні танылады. Кезең ішіндегі пайда және шығындар туралы есепте шығыс немесе кіріс кезеңнің басында немесе аяғында танылған жиынтық шығыстың өзгерісін білдіреді.
Оған арналған құқық қызметкерлерге түпкілікті өтетін үлестік құралдармен сыйақы бойынша шығыс танылмайды.
Егер үлестік құралдармен төленетін сыйақының шарттары өзгерсе, шығыс ең төменгі ретінде, егер шарттар өзгермегендей мөлшерде танылады. Бұдан басқа, өзгеріс жөніндегі қосымша шығыс танылады, ол сыйақының жалпы әділ құнын осындай өзгеріс күнінде жүргізілген бағаға сәйкес үлестік құралдармен немесе қызметкер үшін өзге түрде тиімді құралдармен ұлғайтады.
Егер үлестік құралдармен төленетін сыйақының күші жойылса, ол оған арналған құқық күші жойылған күнге өткендегідей болып ескеріледі. Бұл ретте әлі танылмаған шығыстар жедел түрде танылады. Алайда, егер күші жойылған сыйақы жаңа сыйақымен ауыстырылса, және жаңа сыйақы ол ұсынылған күнгі күші жойылған сыйақының орнын толтырған ретінде қарастырылса, күші жойылған және жаңа сыйақы, алдыңғы абзацта сипатталғандай, бастапқы сыйақының өзгерісі жүргізілгендей болып ескеріледі.
Түсімді тану
Егер Топ экономикалық пайда алады деген мүмкіндік бар болса, және егер түсімнің сенімді бағалануы мүмкін болса, түсім танылады.
Тауарларды сату
Шикі мұнайды, мұнай өнімдерін, газды, уран өнімдері менбасқа да тауарларды сатудан түскен кірістер тауарды жеткізу жүргізілгенде және тәуекел мен меншік құқығы сатып алушыға берілгенде танылады.
Қызметтер көрсету
Қызметтер көрсетуден түсетін кірістер қызметтер көрсетілген сәтте танылады.
Тасымалдауға жататын қызметтерге қатысты, аяқталу дәрежесі мен кірістің сомасның жеткілікті түрде дәл анықталуы шартымен шоғырландырылған бухгалтерлік теңгерім күнінде тасымалдаудың аяқталу дәрежесі бойынша танылады. Әлі көрсетілмеген көлік қызметтері үшін тапсырыс берушілерден алынған алдын ала төлем сомалары алу сәтінде тапсырыс берушілерден алынған аванстар құрамында көрсетіледі.Көрсетіліп қойған қызметтерден түсетін күтілетін есепті кіріске шамамен алғанда тең болатын тапсырыс берушілерден алынған аванстар шоғырландырылған бухгалтерлік теңгерімдегі өзге де ағымдағы міндеттемелердің құрамындағы болашақтағы кезеңнің кірістеріне көшіріледі. Болашақтағы кезеңдердің кірістері қызметтердің көрсетілуіне қарай кірістерге жатады.
Клиенттердің әділдігі бағдарламасы бойынша сатып алушылар қосымша балл алатын авиабилеттерді сату көрсетілген қызметтер мен болжанатын награда арасындағыға жатқызылған олардың әділ құны бойынша кіріс операцияларының көп элементі ретінде ескеріледі. Болжанатын награда әділ құн – осы награданы бөлек сатудың құны бойынша бағаланады. Бұл бағалау тауарды сату/қызметтер көрсету сәтіндегі кіріс болып танылмайды, болашақ кезеңнің кірісі ретінде көрсетіледі, және аталған награда пайдаланылғанда және Топтың міндеттемелері толығымен орындалғанда кіріс болып танылады.
Тарифтер белгілеу
Топтың бірқатар еншілес ұйымдары Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (бұдан әрі мәтін бойынша "ТМРА") тарапынан реттеу объектілері болып табылады. ТМРА тарифтерді және тариф ставкаларын есептеу әдістемелерін бекітуге жауап береді, олардың негізінде еншілес ұйымдар өз кірістерінің айтарлықтай бөлігін алады.
Мемлекеттік субсидиялар
Қазақстан Республикасының Үкіметі Компанияның жалғыз акционері болып табылатындығына байланысты Топ Үкімет қандай жағдайларда басты негізде акционер ретінде әрекет ететіндігін бағалай отырып, Үкіметпен барлық транзакцияларды талдайды. Егер нақты транзакция кезінде Үкіметтің акционер ретінде әрекет ететіндігі белгіленсе, Топтың мұндай транзакцияның нәтижесінде көтерген кез келген пайдасы немесе шығындары тікелей капиталда жарна ретінде немесе акционердің капиталын бөлу деп танылады.
Егер Үкіметтің ерекшелік транзакциясы акционер ретіндегі әрекет ретінде белгіленбесе, мұндай транзакциялар БЕХС 20 "Мемлекеттік субсидияларды есепке алу және мемлекеттік көмек туралы ақпаратты ашу" ережелеріне сәйкес ескеріледі. Мұндай жағдайларда мемлекеттік субсидиялар субсидиялардың алынатындығы және онымен байланысты барлық қажетті жағдайлардың орындалатындығына ақылға қонымды сенімділік болған кезде олардың әділ құны бойынша танылады. Егер субсидия шығыс бабына жатқызылатын жағдайда, ол жүйелі негізде өтемақы төлеуге тиіс тиісті шығыстармен сәйкес келуі үшін қажетті кезең ішіндегі кіріс ретінде танылады. Субсидия активке жататын кезде әділ құн кейінге қалдырылған кіріс есебіне кредиттеледі және тиісті активтің пайдалы қызмет етуінің күтілетін кезеңі ішінде пайда және шығындар туралы есепте тең жыл сайынғы бөліктермен көрсетіледі. Кіріске жататын субсидиялар пайда және шығындар туралы шоғырландырылған есепте операциялық қызметтен түсетін кірістердің құрамында жеке ұсынылған.
Шығыстарды тану
Шығыстар пайда болу шамасына қарай танылады және олар есептеу әдісінің негізіне жатқызылған сол кезеңде шоғырландырылған қаржылық есептілікте көрсетіледі.
Табыс салығы
Бір жылға табыс салығы ағымдағы және кейінге қалдырылған салықты қамтиды. Табыс салығы өзге жиынтық кірісте немесе капиталда көрсетілетін баптарға жататын соманы қоспағанда, пайдада және шығындарда көрсетіледі, бұл жағдайда, ол тиісінше өзге жиынтық кірісте немесе капиталда танылады. Салық бойынша ағымдағы шығыстар бұл – бір жылға салық салынатын кіріс бойынша төлеуге күтілетін салық және өткен жылдарға қатысты төлеуге салыққа қатысты кез келген түзетулер.
Үстеме пайдаға салынатын салық табыс салығы ретінде қаралады және табыс салығы бойынша шығыстардың бөлігін құрайды. Жер қойнауын пайдалануға келісім-шарттарға сәйкес Топ белгілі бір мәндерден асатын пайданың ішкі нормасы кезінде жер қойнауын пайдалануға қолданылатын келісім-шартқа сәйкес белгілі бір шегерімдер сомасына түзетуге жататын салық салудан кейін пайда сомасынан көрсетілген ставка бойынша үстеме пайдаға салық есептейді және төлейді.
Пайданың ішкі нормасы жер қойнауын пайдалануға әрбір келісім-шарт бойынша ақша ағындарының негізінде есептеледі және инфляцияның ұлттық деңгейіне түзетіледі. Кейінге қалдырылған салық корпоративтік табыс салығына да және үстеме пайдаға салық үшін де есептеледі. Үстеме пайдаға салынатын кейінге қалдырылған салық келісім-шарт бойынша төлеуге тиісті үстеме пайдаға салықтың күтілетін ставкасы бойынша жер қойнауын пайдалануға келісім-шарттарға жатқызылған активтер үшін уақытша айырмалар бойынша есептеледі.
Кейінге қалдырылған салық қаржылық есептілік мақсаты үшін активтер мен міндеттемелердің теңгерім құны мен салық салу мақсаты үшін пайдаланылған сома арасындағы уақытша айырмалар бойынша теңгерім бойынша міндеттемелер әдісі бойынша ескеріледі. Мына уақытша айырмалар танылмайды:
* компанияларды біріктіру болып табылмайтын мәміледе активті немесе міндеттемені бастапқы тану және мәміле сәтінде бухгалтерлік кіріске де, салық салынатын кіріске немесе шығынға да әсер етпейді; және
* еншілес ұйымдарға, қауымдасқан компанияларға инвестициялармен, сондай-ақ бірлескен қызметке қатысу үлестерімен байланысты салық салынатын уақытша айырмаларға қатысты, егер уақыт айырмасын азайту уақытындағы бөлуді бақылау мүмкін болса, уақытша айырма болашақта азаймайтындығының айтарлықтай ықтималдығы бар.
Табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған активтер мен міндеттемелер қолданылған немесе бухгалтерлік теңгерім жасаған күні іс жүзінде қолданысқа енгізілген салық ставкаларын (және салық заңнамаларын) негізге ала отырып, актив алынған немесе міндеттеме төленген кезеңге қолданылатын салық ставкалары бойынша есептеледі.
Кейінге қалдырылған салық активі актив өткізілуі мүмкін шотқа салық салынатын пайданы алу ықтималдығы бар сол көлемде ғана танылады. Табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған тиісті салық жеңілдігін өткізуден артық ықтималдық жоқ сол көлемде кемітіледі.
Қосылған құн салығы (ҚҚС)
Салық органдары нетто негізде сату мен сатып алу бойынша ҚҚС өтеуді жүргізуге мүмкіндік береді. Өтеуге ҚҚС ішкі нарықта сату бойынша ҚҚС шегерілген ішкі нарықта сатып алу бойынша ҚҚС-ны білдіреді. Экспортқа сатудың нөлдік ставкасы бар.
Байланысты тараптар
Байланысты тараптар Топтың акционерлерін, негізгі басқарушы персоналды, қауымдасқан ұйымдарды және дауыс беретін акциялардың біршама үлесі тікелей немесе жанама Топтың акционерлеріне немесе негізгі басқарушы персоналына тиесілі ұйымды қамтиды.
Шартты міндеттемелер және шартты активтер
Шартты міндеттемелер шоғырландырылған қаржылық есептілікте танылмайды. Мұндай міндеттемелер туралы деректер экономикалық пайдаларды құрайтын ресурстар ағынының ықтималдығы аз болып табылған жағдайды қоспағанда, шоғырландырылған қаржылық есептілікке ескертпелерде (13-ескертпе) ашылады.
Шартты активтер шоғырландырылған қаржылық есептілікте көрсетілмейді. Егер мұндай активтерге байланысты экономикалық пайдаларды алудың жеткілікті ықтималдығы болған жағдайда, көрсетілген активтер туралы деректер ескертпелерде ашылады.
Кейінгі оқиғалар
Есепті жыл аяқталғанда болған және есепті күнгі Топтың қаржылық жағдайы туралы қосымша ақпараты бар оқиғалар (түзетуші оқиғалар) шоғырландырылған қаржылық есептілікте көрсетіледі. Есепті жыл аяқталғанда болған және түзетуші оқиғалар болып табылмайтын оқиғалар, егер олар мәнді болса, шоғырландырылған қаржылық есептілікке ескертпелерде ашылады.
4. МАҢЫЗДЫ БУХГАЛТЕРЛІК БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ПАЙЫМДАУ
ҚЕХС-ға сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілікті дайындау көрсетілген актив есептілігіне, міндеттемелер мен шартты активтерге және шоғырландырылған қаржылық есептілікті дайындаған күнгі міндеттемелерге әсер ететін бағалаҰлар мен жол берулерді, сондай-ақ есептілікте көрсетілген активтерді, міндеттемелерді, кірістерді, шығыстарды және шартты активтер мен есепті кезең ішіндегі міндеттемелерді пайдалануды Топ басшылығының пайдалануын талап етеді. Нақты нәтижелер осы субъективті бағалаулардан ерекшеленуі мүмкін.
Есепті күнге бағаның айқындалмауының болашаққа және өзге де негізгі көздерге қатысты және келесі есепті жыл ішіндегі активтер мен міндеттемелердің теңгерім құнына біршама түзету енгізу қажеттігінен пайда болған елеулі тәуекелді көтеретін негізгі болжамдары төменде қарастырылады:
Мұнай мен газдың қорлары
Мұнай мен газдың қорларын бағалау тозу, ескіру және амортизация бойынша Топтың есеп айырысуында маңызды фактор болып табылады. Топ Қоғамның мұнай-газ инженерлерінің әдістемесіне сәйкес өзінің мұнай мен газ қорларын бағалайды. Қоғамның мұнай-газ инженерлерінің әдістемесі бойынша қорларды бағалау кезінде Топ кен орындарын өңдеуге қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдау үшін басшылық та қолданатын ұзақ мерзімді жоспарлық бағаны пайдаланады. Дәлелденген қорларды бағалау үшін жоспарлық бағаларды пайдалану жыл аяғына іркілу бағасын пайдалануға тән тұрақсыздықтың әсерін жояды. Басшылық ұзақ мерзімді жоспарлы бағалар бойынша болжам өнім өндіру бойынша қызметтің ұзақ мерзімді сипатына көбірек сәйкес келеді және мұнай мен газ қорларын бағалау үшін неғұрлым қолайлы негізді береді деп санайды.
Қорлардың барлық бағалау айқындалмаудың кейбір деңгейін білдіреді. Айқындалмаушылық негізінен мұнай деректерді бағалау және түсіндіру сәтінде қол жетімді сенімді геологиялық және инженерлік деректердің көлеміне байланысты.
Айқындалмаушылықтың салыстырмалы деңгейі екі негізгі санаттың біріне қорларды жатқызу арқылы көрсетілуі мүмкін: дәлелденген немесе дәлелденбеген қорлар.Дәлелденбеген қорлармен салыстырғанда дәлелденген қорларды тартуға үлкен айқындылық бар және дәлелденген қорлар оларды тарту мүмкіндігіне қатысты прогрессивті түрде өсіп келе жатқан айқындылықтың болмауын көрсету үшін өңделген және өңделмеген қорларға бұдан әрі бөлінуі мүмкін. Жыл сайын баға талданады және түзетіледі. Түзетулер қолда бар геологиялық деректерді, кәсіпшілік өлшемдерін немесе өнім туралы деректерді; жаңа деректердің болуын; немесе бағалар бойынша болжамдарға өзгерістерді бағалау немесе қайта бағалау салдарынан пайда болады. Қорларды бағалау қайтарымды арттыруға арналған жобалардың қолданылу, пласттың өнімділігіне өзгерістер немесе өңдеу стратегиясына өзгерістер салдарынан қайта қаралауы мүмкін. Дәлелденген қорлар тозуды, ескіруді және амортизацияны есептеу үшін орындалған жұмыстың көлеміне үйлесімді амортизация ставкасын есептеуге пайдаланылады. Топ бастапқы лицензиялық кезең ішінде өндірілетін болады деп күтілетін ретінде осындай көлемді ғана дәлелденген қорларға қосты.
Бұл ұзарту бойынша рәсім нәтижесіне жатқызылатын айқындылықтың болмауынан пайда болды, өйткені лицензияларды ұзарту ең соңында Үкіметтің қарауы бойынша жүзеге асырылады. Топтың лицензиялық кезеңдерін ұзарту және қорлардың көрсетілген қорларын тиісінше ұлғайту, әдетте, тозу бойынша неғұрлым төменгі шығысқа әкеледі және кірістерге біршама әсер етуі мүмкін. Дәлелденген өңделген қорлардағы кему тозуға, ескіруге және амортизацияға (өндірудің тұрақты деңгейі кезінде) аударымдардың ұлғаюына, кірістің кемуіне әкеледі және мүліктің теңгерім құнында тікелей кемуге де әкелуі мүмкін. Салыстырмалы түрде пайдаланылатын кен орындарының саны болған кезде өткен жылмен салыстырғанда қорларды бағалауға кез келген өзгерістер тозуға, ескіруге және амортизацияға аударымдарға біршама әсер етуі мүмкіндігі болады.
Уран қорлары
Уран қорлары активтердің өтелетін құнын бағалау үшін және тозу және амортизация бойынша аударымдарды айқындау үшін пайдаланылатын Қор ақша қаражатының болжанатын қозғалысын бағалаудың негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Уран қорларының сомасын бағалау кезінде геологиялық және барлау деректерін интерпретациялау және барланған (дәлелденген) қорлар мен бағаланған (ықтимал) қорларды айқындау үшін Қазақстан Республикасының минералдық қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясы анықтаған (ҚМК) есептеу әдістемесінің негізінде қорларды бағалауды жүргізетін геолог-мамандардан Топ есептер алады. Қорларды бағалау сараптамалық бағалауларға және тәжірибеге негізделген. Қорларды бағалау кейбір белгісіздік дәрежесін қамтиды. Белгісіздік негізінен сенімді геологиялық және техникалық ақпараттың толықтығымен байланысты. Бұдан басқа, қорлардың болуы барлық қорлар экономикалық тұрғыдан тиімді негізде алынуы мүмкін дегенді білдірмейді. Қорлардың бағалары жыл сайынғы негізде талданады және түзетіледі. Өндірілуі жоспарланатын уранның мөлшері өндіруді ұлғайту жөніндегі жобаларды жүзеге асыру, өндірістік қуаттағы өзгерістер немесе әзірлеу стратегиясындағы өзгерістер нәтижесінде қайта қаралуы мүмкін. Қорларды өткен жылмен салыстырып бағалаудағы кез келген өзгерістер тозуға, сарқылуға және амортизацияға шығаруға елеулі әсер етуі мүмкін.
Қаржылық емес активтердің құнсыздануы
Егер ақша ағындарын шоғырландыратын активтің немесе бөлімшенің теңгерімдік құны мынадай шамалардың: сатуға арналған шығындар шегерілген әділ құнның және пайдаланудан болатын құндылықтың бірінің ең көбі болып табылатын оның өтелетін құнынан асса құнсыздану орын алады. Сатуға жұмсалған шығындарды шегергендегі әділ құнның есебі ұқсас активтерді сатудың міндетті күші бар коммерциялық мәмілелері бойынша қолда бар ақпаратқа немесе активтің шығарылуына байланысты шегілген қосымша шығындарды шегергенде қадағаланатын нарықтық бағаға негізделеді. Пайдаланудан болатын құндылықтың есебі дисконтталған ақша ағындарының үлгілеріне негізделген. Ақша ағындары бюджеттен келесі 5 (бес) жылға алынады және өзіне ақша ағындарын шоғырландыратын құнсыздану мәніне тексерілетін бөлімше активтерінің нәтижелерін жақсартатын оны жүргізу бойынша Топта әлі міндеттеме немесе болашақтағы елеулі инвестициялар жоқ қайта құрылымдау жөніндегі қызметті қамтиды.
Өтелетін құн дисконтталған ақша ағындарының үлгілеріне пайдаланылатын дисконттау ставкасына, сондай-ақ ақша қаражатының күтілетін ағындарына және экстраполяция мақсатында пайдаланылған өсу қарқындарына барынша сезімтал.
Әрбір есепті кезеңде Топ құнсыздану индикаторларының болуын анықтау үшін генерациялайтын ақша қаражатын ("генерациялайтын бірлік") әрбір активті немесе активтердің тобын бағалайды. Егер осындай индикатор болса, сату шығыстарын және пайдалану құнын шегергендегі әділ құнның ең жоғары мәні ретінде қарастырылатын өтелетін құнды тиісті бағалау жүргізіледі. Бұл есептер мұнайдың ұзақ мерзімді бағасы (ағымдағы және тарихи бағаларды, бағалар өзгерістеріндегі үрдістерді және ілеспе факторларды ескере отырып), дисконт ставкалары, операциялық шығындар, болашақтағы капиталға қажеттілік, пайдаланудан шығаруға жұмсалған шығындар және пайдалану сипаттамалары, резервтер және операциялық қызмет (ол өндіру және сату көлемдерін қамтиды) сияқты бағалаулар мен жол берімдерді пайдалануды қамтиды.
Осы бағалаулар мен жол берілімдер тәуекелдер мен белгісіздіктерге ұшырағыш. Осылайша мән-жайдағы өзгерістер осы болжамдарға әсер етеді деген ықтималдық бар, бұл активтердің өтелетін құнына және/немесе генерациялайтын бірлікке әсер етуі мүмкін. Әділ құн хабарланған және осындай мәмілені жасауға дайын тараптардың арасындағы мәміледе нарықтық жағдайларда активті және/немесе генерациялайтын бірлікті сатудан алынуы мүмкін сома ретінде айқындалады. Мұнай-газ активтерінің әділ құны әдетте активтерді ұзақ уақыт пайдаланудан туындайтын болашақтағы есептік ақша ағындарының ағымдағы құны ретінде айқындалады, ол болашақтағы кеңею жоспарларының құны және ықтимал шығу, нарықтың тәуелсіз қатысушысы назарға алуы мүмкін жол берімдерді пайдалану сияқты бағалауларды қамтиды. Болашақтағы ақша ағындары дисконттау ставкасы бойынша келтірілген құнға дейін дисконтталады, ол ставка ақша мен активке тән тәуекелдердің уақытша құнының ағымдағы нарықтық бағасын көрсетеді.
Барлау және бағалау жөніндегі активтер қайта өңдеу жөніндегі материалдық және материалдық емес активтерге ауыстыру сәтінде немесе құнсыздану индикаторлары болған кезде құнсызданудың болуы мәніне тестіленеді.
2013 жылы Топ жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есепте негізгі құралдардың құнсыздануынан болатын шығынды 67.179 миллион теңге (2012: 86.143 миллион теңге) сомасында таныды, ол негізінен "Өзенмұнайгаз" АҚ ұзақ активтерінің құнсыздануына жатады (7-ескертпе)
Топтың басшылығы құнсыздану индикаторларының болуына байланысты "Өзенмұнайгаз" АҚ ("ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (бұдан әрі - "ҚМГ ҰК") еншілес ұйымы) активтерінің өтелетін құнына бағалау жүргізді. Құнсызданудың негізгі индикаторлары соңғы екі жылдың ішінде жоспарланған көлемдермен салыстырғанда өндіріс көлемдерінің елеулі түрде азаюы және ұлғайып отырған операциялық және күрделі шығындар болып табылады. Бағалау нәтижелері ӨМГ активтерінің ағымдағы құнының өтелетін бағалық құнынан 75 миллиард теңгеге асатындығын көрсетті, бұл 2012 жылы құнсызданудан болатын шығынды тануға әкеп соқтырды. Өтелетін құнды бағалау дисконтталған ақша ағындарының әдісімен алынған Топ басшылығының әділ құнды бағалауына негізделді.
2013 жылғы сәуірде Топтың басшылығы ӨМГ ұзақ мерзімді активтерінің өтелетін құнының бағасын жаңартты және 2013 жылға арналған шоғырландырылған қаржылық есептілікте 56 миллиард теңгеге қосымша құнсыздануды таныды. Қосымша құнсыздану, бірінші кезекте, экспорттық кеден бажының бір тонна үшін 40 АҚШ долларынан 2013 жылғы 12 сәуірде болған бір тонна үшін 60 АҚШ долларына дейін ұлғаюына байланысты.
2013 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл үшін Топтың басшылығы ӨМГ ұзақ мерзімді активтерінің өтелетін құнына тағы бағалау жүргізді. Бағалау нәтижелері ӨМГ ұзақ мерзімді активтерінің теңгерімдік құны бағаланған өтелетін құннан айтарлықтай ерекшеленбейтінін көрсетті, және осылайша, басшылық бұрын есептелген құнсыздануды сторнираған жоқ және 2013 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл үшін құнсыздану бойынша қандай да бір қосымша сома есептемеді. Бағалау нәтижелері өндіру көлеміне, шикі мұнайды сату бағасына және теңгенің АҚШ долларына шаққандағы айырбастау бағамына жататын жол берілімдерге барынша сезімтал.
Өндірудің пайдаланылған бейіні аккредиттелген консалтингілік мұнай-газ тараптық компаниясының бағасына негізделген, және жуықтағы 5 (бес) жылдың ішінде өндіру өсімін 7% жеткізуді көздейді. Егер өндіру бейіні бағалау барысында пайдаланылғаннан 5% жоғары немесе төмен болса, ол құнсыздануды 65 миллиард теңгеден астамға азайтуға немесе тиісінше құнсыздануды 65 миллиард теңгеден астамға ұлғайтуға әкеп соқтырар еді. Егер де өндіру өзгермейді және 2013 жылдың деңгейінде қалады деп болжанса, онда бағаланған өтелетін құн 65 миллиард теңгеден астам азаяр еді.
Brent шикі мұнайының бағасы туралы қабылданған жол берілімдері тәуелсіз салалық зерттеу ұйымының мұнай бағасының орташа тарихи дисконтына түзетілген болжамдарымен үйлесімділіктегі нарықтық болжамдарға негізделеді. Егер Brent шикі мұнайының болжанатын бағасы бағалау барысында пайдаланылғаннан 5% жоғары немесе төмен болса, ол құнсыздануды 40 миллиард теңгеден астамға азайтуға немесе тиісінше құнсыздануды 45 миллиард теңгеден астамға ұлғайтуға әкеп соқтырар еді. Егер Brent шикі мұнайының болжанатын бағасы өзгермей бағалау сәтінде шикі мұнай бағасы болып табылатын бір баррель үшін 108,3 АҚШ доллары деңгейінде қалса, онда бұл бағаланған өтелетін құн 40 миллиард теңгеден астамға ұлғайтуға әкелер еді.
АҚШ долларында деноминирозацияланған мұнайдың сатылуын қайта есептеу үшін құнсыздануды бағалау күнінде бір АҚШ долларына 185 теңге айырбастау бағамы пайдаланылды. Бұл бағам доллар үшін плюс/минус 3 теңге айырмамен 185 теңге деңгейіндегі айырбастау бағамы жаңа валюта дәлізі қойылғаны туралы 2014 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі жариялаған мәлімдемеге негізделді. Егер теңгенің АҚШ долларына шаққандағы айырбастау бағамы бағалау барысында пайдаланылған 5% жоғары немесе төмен болса, бұл бағаланған өтелетін құнның 35 миллиард теңгеден астамға ұлғаюына немесе бағаланған өтелетін құнның 35 миллиард теңгеден астамға азаюына әкелер еді.
Болжанатын ақша ағындары 2021 жылы ӨМГ жер қойнауын пайдалану келісімшарт мерзімінің өту күнімен шектелді. 2018 жылға дейінгі шығындар бекітілген бюджеттің және бизнес жоспардың және 2014 жылғы ақпандағы теңге девальвациясынан кейін операциялық және күрделі шығындардағы ықтимал өзгерістер туралы басшылықтың ағымдағы бағасы негізінде енгізілді. Ақша ағындарының ауқымды бөлігі осы кезеңнен кейін басшылықтың бағалауды жүргізу кезінде қолында болған ең үздік деген бағалауына негізделген күрделі шығындарды қоспағанда, Қазақстанның болжанатын инфляция ставкасын қолдану жолымен болжанды. Бағалаудың мақсаттары үшін шығыстарды қысқарту мақсатында жер қойнауын пайдалану келісімшартының мерзімі өтуінің алдындағы соңғы жылдардағы операциялық және күрделі шығындарды басшылық айтарлықтай азайта алмайды деп болжанған болатын. Алынған барлық ақша ағындары салық салудан кейінгі капиалдың 13,09% мөлшеріндегі орташа құны ("WACC") пайдаланыла отырып, дисконтталды.
Басшылық "Өзенмұнайгаз" АҚ активтерінің құнсыздануы жөніндегі шығыстар іс жүзіндегі өндіру болашақтағы кезеңдерде құнсызданудың ағымдағы бағасында пайдаланылған болжамнан асқан жағдайда немесе шикі мұнай нарықтық бағасының елеулі ұлғаюының индикаторлары пайда болған кезде сторнирлануы мүмкін деп санайды.
Гудвилдің өтелімдігі
Rompetrol Group N.V., Downstream Romania, Dyneff
"Нефтепереработка" және "Downstream Romania" бөлімшелерінің өтелетін құны басшылық бел жыл кезеңге мақұлдаған қаржы жоспарларының дисконтталған ақша ағындары қолданыла отырып, пайдаланудан болған құндылық негізінде анықталды. 2013 жылғы ақша ағындары болжамына қолданылатын дисконттау ставкасы 9,7% тең (2012: 10,1%), ал осы бес жыл кезең ішіндегі ақша ағындары өсудің 1,5% ставкасы (2012: 1,5%) қолданыла отырып экстраполизацияланды, бұл осы өнеркәсіптегі ұзақ мерзімді өсудің орташа ставкасымен үйлеседі. Қалдық құнға арналған капиталдандыру ставкасы 8,2% (2012: 8,6%) құрайды.
Dyneff бөлімшесінің өтелетін құны басшылық бел жыл кезеңге мақұлдаған қаржы жоспарларының дисконтталған ақша ағындары қолданыла отырып, пайдаланудан болған құндылық негізінде анықталды.
2013 жылғы ақша ағындары болжамына қолданылатын дисконттау ставкасы 8% (2012: 6,6%) тең, ал осы бес жыл кезең ішіндегі ақша ағындары өсудің 1,5% ставкасы (2012: 1,5%) қолданыла отырып экстраполизацияланды, бұл осы өнеркәсіптегі ұзақ мерзімді өсудің орташа ставкасымен үйлеседі. Қалдық құнға арналған капиталдандыру ставкасы 6,5% (2012: 5,1%) құрайды.
"Нефтепереработка", "Downstream Romania" және "Dyneff" іске асыруға жұмсалатын шығындарды шегергенде әділ құнды есептеу кезінде қолданылатын негізгі жол берілімдер
Іске асыруға жұмсалатын шығындарды шегеріп пайдаланудан болатын құндылықтарды есептеу кезінде қолданылатын негізгі жол берілімдер мынадай түрде ұсынылады:
* Операциялық пайда;
* Дисконттау ставкалары;
* Жоспарлы кезеңнің шегінен тыс ақша ағындарын экстраполяциялау үшін пайдаланылған өсу қарқындары.
Операциялық пайда – ақша қаражатын жинақтайтын бөлімшелердің таза кірістеріне негізделетін операциялық пайда.
Дисконттау ставкалары – ақша ағындарын жинақтайтын әрбір бөлімшеге тән тәуекелдерді ағымдағы нарықтық бағалауын көрсетеді. Дисконттау ставкасы саладағы капиталдың орташа өлшемді құнын есептеу негізінде есептелген. Бұдан әрі осы ставка ақша ағындарын тудыратын бөлімшеге жатқызылған қандай да болмасын нақты тәуекелге нарықтың бағалауын көрсету үшін түзетілген, ол үшін болашақтағы болжамдар түзетілмеген
Өсу қарқынын бағалау – осы сала бойынша жарияланған зерттеулерге негізделген нормалар.
"Нефтепереработка", "Downstream Romania" және "Dyneff" жол берілімдеріндегі өзгерістерге сезімталдық
Басшылықтың пікірі бойынша, ақша ағындарын жинақтайтын бірліктер үшін құндылықтың бағасын пайдалануға қатысты жоғарыда көрсетілген негізгі жол берілімдердің кез келгеніндегі ешқандай қолайлы өзгеріс келесі абзацта ашылған жағдайлардан басқа бірліктің ағымдағы құнынан айтарлықтай артуды тудырмайды. 2013 жылғы 31 желтоқсанда ағымдағы үлгі бойынша рентабельділіктің шегі операциялық қызметтен түсетін пайда 67% азайған кезде "Нефтепереработка" бөлімшелері үшін 72,3%, "Downstream Romania" бөлімшелері үшін 72,3% және "Dyneff" бөлімшелері үшін 66% жетеді.
ПМХЗ
ПМХЗ өтелетін құны басшылық бес жыл мерзімге бекіткен қаржы жоспарларына негізделген дисконтталған ақша ағындары қолданылып пайдаланудан түскен құндылықтардың негізінде анықталды. Болжанатын ақша ағындарына қолданылатын дисконттау ставкасы 11,34% құрады (2012: 11,8%), ал бес жылдық мерзімнің шегінен тысқары ақша ағындары 4,3% тең (2012: 3,67%) өсу қарқыны ескеріле отырып, экстраполизацияланды. Қалдық құнға арналған капиталдандыру ставкасы 7 % құрайды (2012: 8,1%).
Пайдаланудан түсетін құндылықты есептеу кезінде қолданылатын негізгі жол берілімдер
* Шикі мұнай мен мұнай өнімдерін өндіру көлемі;
* EBITDA жоспарланған мәні;
* 2013-2017 жылдардағы күрделі шығындар;
* Дисконттау ставкалары.
Шикі мұнай мен мұнай өнімдерін өндіру көлемі – ПМХЗ жаңғыртуға дейін және одан кейін 1 тонна шикі мұнайды қайта өңдеу кезінде мұнай өнімдерін шығару жөніндегі Топтың болжамдары болып табылады.
EBITDA жоспарланған мәні – 2016 және 2017 жылдары ПМХЗ жаңғыртылған өндірістік қуаттарын қолданысқа енгізудің салдарынан мұнай өнімдерін сатудан түсетін түсім өседі дегенді ескере отырып түзетілген өткен кездің тәжірибесі негізінде анықталған EBITDA жоспарланған мәні болып табылады.
Пайдаланудан түсетін құндылықты есептеу кезінде қолданылатын негізгі жол берілімдер (жалғасы)
Күрделі шығындар – күрделі шығындар мыналарды білдіреді: а) ПМХЗ қайта жөндеу және жаңғырту жөніндегі шығындар; б) активтің ағымдағы жай-күйін ұстау үшін қажетті шығындар.
Дисконттау ставклары – ақша қаражатын генерациялайтын әрбір бөлімшеге тән тәуекелдердің ағымдағы нарықтық бағаларын көрсететін дисконттау ставкалары. Дисконттау ставкасы саладағы капиталдың орташа салмақталған құнын есептеп шығарудың негізінде есептелді. Одан әрі аталған ставка ақша ағындарын генерациялайтын бөлімшеге жататын, ол үшін болашақта бағаланатын ақша ағындары түзетілмеген қандай да бір нақты тәуекелдегі нарықты бағалау үшін түзетілді.
Жол берілімдердегі өзгерістерге сезімталдық
ПМХЗ гудвилінің өтелетін құнын бағалаудың нәтижелері негізгі жол берілімдердің, атап айтқанда, WACC дисконттау ставкасының, сондай-ақ EBITDA терминалдық кезеңіндегі жоспарланған мәнінің өзгерімен байланысты жол берілімдердің өзгерісіне сезімтал болып табылады. Дисконттау ставкасының 11,3%-ден 12.3% дейін 1%-ға жоғарылауы гудвиллдің теңгерімдік құнының өтелетін құннан 9.508 миллион теңгеге асып кетуіне әкеп соқтырады. Терминалдық кезеңде жоспарланған EBITDA мәнінің 15,1%-дан 12,1% дейін 3%-ға жоғарылауы гудвиллдің 52.673 миллион теңгеге құнсыздануына әкеп соқтырады, осындай мән-жайлардың кезінде гудвилдің өтелетін құны 35.880 миллион теңгеге тең болады.
Теңге бағамының АҚШ долларына қатысы бойынша 5% төмендеуі гудвилдің толығымен құнсыздануына және ПМХЗ ұзақ мерзімді активтерінің 78.510 миллион теңгеге құнсыздануына әкеп соқтырады. Мұндай жағдайда ПМХЗ ұзақ мерзімді активтерінің өтелетін құны 13.009 миллион теңгеге тең болады.
Тау-кен өнеркәсібі
Топ тау-кен сегменті бойынша гудвилдің өтелетін құнын есептеп шығару үшін мына төмендегідей ставкалар мен кезеңдерді пайдаланады:
2013 | 2012 | |
Дисконттау ставкасы | 12,08% | 7% |
Болжанатын өсу қарқыны | 2%-5,2% | 3% |
Кезең, жыл | 15 | 16 |
Ақша ағындарын болжау басшылық бекіткен кен орнының ұзақтығының мерзімі негізге алына отырып кен орнындағы өндірудің есепті көлемінің шамасына негізделген барлау жүргізілген қорлардың, болжанатын ақша ағындарының бекітілген көлемдері негізінде анықталды. Өндіріс көлемдері мемлекеттің бекітілген стратегияларымен келісілді және активтерді болашақтағы сатып алулар және инвестициялардан түсетін ақша қаражаты жылыстауы ескеріле отырып, генерациялаушы бірліктің өндірістік қуатына негізделген. Дамудың ұзақ мерзімді қарқындары Global Insight алынған макроэкономикалық және салалық болжамдарға негізделді. Болжамды ақша ағындарының есебінде пайдаланылатын бағалар "Ux Consulting LLC" тәуелсіз ресми көзі пайдаланыла отырып айқындалады. 2013 жылы уранға нарықтық бағаның төмендеуі нәтижесінде Топ 4.945 миллион теңге (2012: ноль) сомасында құнсыздану шығынын таныды.
Активтердің істен шығуы бойынша міндеттемелер
Өндірістік мұнай-газ активтері
Белгілі бір келісімшарттардың талаптары бойынша заңнамаға және номативтік-құқықтық актілеріге сәйкес Топтың негізгі құралдарды демонтаждау және жою және кез келген кен орындарындағы жер учакелерін қалпына келтіру бойынша заңды міндеттемелері болады. Атап айтқанда, Топтың міндеттемелері барлық өнімді ұңғымаларды біртіндеп жабуға және құбыр арналарын, ғимараттарды демонтаждау және келісім-шарт аумағын қалпына келтіру сияқты түпкілікті жабу бойынша қызметке жатады. Жер қойнауын пайдалану келісімшартының қолданылу мерзімі Топтың қарауы бойынша ұзартылмайтындықтан, түпкілікті жабу бойынша міндеттемелерді өтеудің есеп мерзімі әрбір жер қойнауын пайдалану келісімшартыны кезеңі аяқталған күн болып табылады.
Егер активтерді жою бойынша міндеттемелер кен орындарын экономикалық жағынан негіздемелі түрде пайдалануды аяқтау өткенде өтелуі қажет болса, онда көрсетілген міндеттемені ұңғымаларды жою бойынша қосымша шығыстарды және жабу бойынша соңғы шығыстардың біршама өсіруі мүмкін. Ұңғымаларды жоюды қаржыландыру бойынша Топтың міндеттемелерінің және түпкілікті жабу бойынша шығыстардың көлемі тиісті келісім-шарттардың және қолданыстағы заңнаманың талаптарына байланысты.
Ешқандай да міндеттемелер жер қойнауын пайдалану келісімшарты кезеңі соңында түпкілікті жою және түпкілікті жабу бойынша мұндай шығыстарды қаржыландыру бойынша келісімшарт та, заңнама да білгілі бір міндеттемені түсіндірмеген сол жағдайларда танылмайды. Мұндай шешімді қабылдау кейбір айқындылықтың болмауымен және біршама байымдаулармен түсіндіріледі. Басшылықтың мұндай міндеттемелердің болуына немесе болмауына қатысты бағасы Үкіметтің саясаты мен тәжірибесіндегі немесе жергілікті салалық тәжірибеге өзгерістермен бірге өзгеруі мүмкін.
Топ активтердің істен шығуы бойынша міндеттемелерді әрбір келісімшарт бойынша бөлек есептейді. Міндеттемелердің сомасы инфляцияның күтілетін деңгейіне түзетілген және қазақстандық нарыққа тән тәуекелдерге түзетілген өтпелі экономикамен елдің мемлекеттік борышы бойынша орташа тәуекелсіз пайыздық ставканы пайдалана отырып дисконтталған міндеттемелерді өтеу үшін күтілетін, талап етілетін ретіндегі бағаланған шығындардың ағымдағы құны болып табылады.
Активтердің істен шығауы бойынша міндеттеме әрбір есепті күнге қайта қаралады және "Негізгі құралдардың объектісін пайдаланудан шығару, олар орналасқан учаскедегі табиғи ресурстарды қалпына келтіру бойынша міндеттемелерге және өзге де осыған ұқсас міндеттемелерге өзгерістер" 1 КИБЕХС сәйкес ең үздік бағаны көрсету үшін түзетіледі.
Жабуға болашақтағы шығындарды бағалау кезінде мәнді бағалар мен басшылық жасаған байымдаулар пайдаланылды. Бұл міндеттемелердің көпшілігі алыс болашаққа жатқызылады және заңнама талаптарындағы түсініксіздіктен басқа, Топтың бағасына активтерді жою технологиясындағы, шығындардағы және салалық тәжірибедегі өзгерістер әсер етуі мүмкін. Түпкілікті жабуға шығындарға жатқызылатын дайындықтың болмауы күтілетін ақша ағындарын дисконттау әсерінен кемітіледі. Топ ағымдағы жылдың бағасын және ұзақ мерзімді инфляция деңгейінің орташа мәнін пайдалана отырып, ұңғымаларды болашақ жою құнын бағалайды.
Ұзақ мерзімді инфляция және Топ кәсіпорындары бойынша міндеттемелерді айқындау үшін пайдаланылған дисконттау ставкалары 2013 жылғы 31 желтоқсанда 2%-дан 5,6% дейін және 6%-дан 8% дейін болды, тиісінше (2012 жылы: 1,9%-дан 5,0% дейін және 4,94%-дан 7,9% дейін). Активтерді істен шығару бойынша міндеттемелер бойынша резервтегі өзгерістер 22-ескертпеде ашылған.
Магистралдық мұнай-газ құбырлары
2012 жылғы 4 шілдеде күшіне енген "Магистралдық құбыр туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Топтың пайдалану аяқталғаннан кейін магистралдық құбырды (мұнай құбырын) жою жөніндегі және кейіннен қоршаған ортаны қалпына келтіру, оның ішінде жерді қайта культивациялау жөніндегі заңды міндеттемесі бар. Бұл, егер мұнайды Топтың құбырлары бойынша тасымалдайтын жер қойнауын пайдаланушылардың мұнай қоры толық сарқылған жағдайда мүмкін болады.
Құбырларды жою және жерді қайта культивациялау жөніндегі міндеттемелердің резерві Қазақстан Республикасында қолданылатын техникалық қағидаларға және нормаларға (1 км құбырды бөлшектеу жөніндегі шығындардың сомасы 2.891 мың теңгені құрайды) сәйкес бөлшектеу және қайта культивациялау бойынша жұмыстарды жүргізудің Топ есептеген құнының негізінде бағаланады. Резервтердің сомасы міндеттемені орындаудың күтілетін мерзімі (17 жыл) ішіндегі инфляцияның болжанатын ставкасы және төменде көрсетілген есепті жылдың аяғындағы дисконт ставкасы қолданыла отырып, есепті кезеңнің аяғында анықталды.
Пайыз түрінде | 2013 | 2012 |
31 желтоқсандағы дисконттау ставкасы | 6,01% | 6,01% |
31 желтоқсандағы инфляция коэффициенті | 5,60% | 5,60% |
Дисконттау ставкасын есептеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік облигациялары бойынша тәуекелдік емес ставкаларға негізделеді.
2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша құбырларды жою және жерді қайта культивациялау жөніндегі міндеттемелер резервінің теңгерімдік құны 16.668 миллион теңгені ( 2012: 15.531 миллион теңге) құрады.
Залалды жою жөніндегі шығындарды бағалау табиғатты қорғау талаптары мен заңнаманың интерпретацияларында ықтимал өзгерістерге ұшырағыш. Бұдан басқа, осындай шығындарды бағалаудағы белгісіздіктер баламаларда, жою, бұзылған жерді қалпына келтіру әдістеріндегі ықтимал өзгерістерді, дисконт деңгейлері мен инфляция ставкасын және осы міндеттеме басталатын кезеңді қамтиды.
Басшылық Топтың еншілес ұйымы "Интергаз Орталық Азия" АҚ ("ИОА") міндеттемелеріне қатысты жоғарыда көрсетілген заң қолданылмайды деп санайды, өйткені ИОА магистралдық газ құбырының иесі болып табылмайды, ол өз қызметін ИОА мен Үкіметтің арасындағы Концессия шартының негізінде жүзеге асырады. Концессия шартының талаптарына сәйкес ИОА газ құбырлары желісін басқаруды 2017 жылғы 14 маусымға дейін міндеттенеді, бұл мерзімді қосымша 10 (он) жылға ұзарту мүмкіндігі бар, содан кейін газ құбырлары Мемлекеттің меншігіне берілетін болады. Демек, ИОА газ құбырларын жою бойынша ешқандай сома 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша танылған жоқ.
Экологиялық оңалту
Топ бағалау да жасайды және экологиялық тазарту жұмыстары мен оңалтуға міндеттемелер бойынша резервтер қалыптастыру бойынша пайымдау шығарады. Қоршаған ортаны қорғауға шығындар капиталдандырылады немесе олардың болашақ экономикалық пайдасына қарай шығыстарға жатқызылады. Өткен қызметте пайда болған қазіргі жағдайға жатқызылатын және болашақ экономикалық пайдасы жоқ шығындар шығыстарға жатқызылады.
Міндеттемелер шығындар туралы ағымдағы ақпарат және қалпына келтіру жөніндегі күтілетін жоспарлар негізінде анықталады және егер рәсімдер мерзімі тиісті органдармен келісілмесе, дисконтталмаған негізде ескеріледі. Топтың экологиялық оңалту резерві Топ қолданыстағы қазақстандық және еуропалық нормативтік базаның талаптарын сақтауға қажетті күтілетін шығындарды тәуелсіз бағалауға негізделген басшылықтың үздік бағасын білдіреді. Топ осы міндеттемені 2014 жылдың жылдық бюджетіне енгізілген шығындардың бір бөлігін қоспағанда, ұзақ мерзімді ретінде жіктеді. Экологиялық оңалту жөніндегі резервтерге қатысты іс жүзіндегі шығындар заңнамадағы және нормативтік-құқықтық актілердегі өзгерістер салдарынан бағалардан, қоғамдық күтулерден, тазарту технологияларындағы аумақтық жағдайлар мен өзгерістерді анықтау мен талдаудан ерекшеленуі мүмкін. Экологиялық оңалтуға жататын қосымша белгісіздіктер 13-ескертпеде ашылған.
Әлеуметтік активтер салуға арналған резервтер
2013 жылғы 31 желтоқсанда өзге де резервтер мынадай Астана қаласында "Қазақстан тарихының мұражайы" (ҚМГ ҰК), "Телерадио кешенінің ғимараты", "Астана қаласындағы көп функционалды мұз сарайы" (ҚТЖ ҰК), "Щушинск-Бурабай гольф-клубы" (ҚМГ ҰК) және сияқты объектілер салу және Мәскеу қаласында "Дүниежүзілік көрме орталығы" объектісін қайта жөндеу (ҚМГ ҰК) жөніндегі міндеттемелері бойынша резервтерді қамтиды. Құрылысын салуға арналған резервтер бойынша шығыстар капиталда Акционерге бөлу ретінде танылды (17.5-ескертпе). Резервтегі ұлғаю негізінен Үкіметтің Қазақстан тарихының мұражайын салу (23.551 миллион теңге), Щушинск-Бурабай гольф-клубын салу (13.321 миллион теңге) жөніндегі қосымша тапсырмаларынан, сондай-ақ басқа объектілерді салуға арналған резервтерді бастапқы бағалаудағы өзгерістерден туындады. Құрылыс шығындарын бастапқы бағалаудағы өзгерістер резервтердің сомасына әсер етуі мүмкін және мұндай өзгерістердің жиынтық әсері елеулі болуы мүмкін. Топ құнның уақытша тиімділігі елеулі болмайды деп санайды.
Негізгі құралдар объектілерінің пайдалы қызмет мерзімі
Топ әрбір есепті күнгі негізгі құралдардың пайдалы қызметінің қалған мерзімін қайта қарайды және егер күту өткен бағалаудан ерекшеленген жағдайда, өзгерістер 8 "Есеп саясаты, есеп бағаларындағы өзгерістер және қателер" БЕХС-ке сәйкес есеп бағалауларындағы өзгерістер ретінде ескеріледі.
Кейінге қалдырылған салық жөніндегі активтер
Кейінге қалдырылған салық жөніндегі активтер салық салынатын уақытша айырмалар мен осындай шығыстардың коммерциялық сипатының негізделетіндігі мүмкіндігі бар дәрежеде барлық резервтер мен ауыстырылған салық шығындары бойынша танылады. Басшылықтың елеулі пайымдаулары жоспарланатын деңгей мен кірістілік уақытының негізінде танылуы мүмкін кейінге қалдырылған салық жөніндегі активтерді бағалау үшін талап етіледі. Кейінге қалдырылған салық жөніндегі танылған активтердің сомасы 2013 жылғы 31 желтоқсанда 42.084 миллион теңгені құрады (2012: 77.964 миллион теңге). Неғұрлым нақты ақпарат 35-ескертпеде қамтылған.
Салық салу
Күрделі салық заңнамасын интерпретациялауға, салық заңнамасындағы өзгерістерге, сондай-ақ болашақтағы салық салу кірісін алу сомалары мен мерзімдеріне қатысты белгісіздік бар. Топ халықаралық операцияларының елеулі әр алуандығын, сондай-ақ ұзақ мерзімді сипатын және қолда бар шарттық қатынастардың күрделілігін ескергенде, іс жүзіндегі нәтижелер мен қабылданған жол берілімдердің арасындағы айырма, немесе осындай жол берілімдердің болашақтағы өзгерістері табыс салығы бойынша шығыстардың немесе кірістердің көрсетілген есептілігіне болашақта түзетулерге әкелуі мүмкін. Негізді жол берілімдерді негізге ала отырып, Топ ол өз қызметін жүзеге асыратын елдің салық органдары жүргізетін салық аудитінің ықтимал салдарларына резервтер жасайды.
Осындай резервтердің шамасы әртүрлі факторларға, мысалы, бұрынғы аудиттердің нәтижелеріне және салық төлеуші компанияның және тиісті салық органының салық заңнамасының әртүрлі интерпретацияларына байланысты. Интерпретациядағы осындай әр түрліліктер Топтың тиісті компаниясы тіркелген елде басым болатын жағдайларға байланысты мәселелердің көп саны бойынша туындауы мүмкін.
Салық тәуекелдерін бағалау кезінде басшылық, егер қосымша салықтарды салық органдары есептейтін болса, ол сәтті шағымдана алады деп Топ дауласпайтын немесе санамайтын салық заңнамасын сақтамаудың белгілі салаларының ықтимал міндеттемелері ретінде қарайды. Мұндай анықтау мәнді пайымдауларды шығаруды талап етеді және салық заңнамасы мен нормативтік құқықтық актілердегі өзгерістер, жер қойнауын пайдалануға Топтың келісім-шарттарында салық салу талабына түзету, салық талқылауларынан өзі күтетін шешімдер бойынша күтілетін нәтижелерді және сәйкестікті тексеруге салық органдары жүзеге асыратын нәтижені анықтау нәтижесінде өзгеруі мүмкін. Салық тәуекелдері бойынша резерв, негізінен, 2002 жылдан бастап 2006 жылды қоса алғандағы кезеңге шикі мұнайды экспорта сатуға қатысты трансферттік баға белгілеу туралы қазақстандық заңнаманы Топтың қолдануына жатқызылады. Салық салуға жатқызылған қалған айқындылықтың болмауы 13-ескертпеде ашылған.
Қаржылық құралдардың әділ құны
Қаржы жағдайы туралы шоғырландырылған есепте танылған қаржы құралдарының және қаржы міндеттемелерінің әділ құны осы активті нарықтар негізінде анықталмайтын жағдайларда, ол дисконтталған ақша ағындарының моделін қоса алғанда, бағалау әдістерін пайдалана отырып, анықталады. Осы модельдердің бастапқы деректері ретінде мүмкіндігінше бақыланатын нарықтардан ақпарат пайдаланылады, алайда бұл іс жүзінде жүзеге асырылмайтын болған сол жағдайларда, әділ құнды белгілеу үшін пайымдаудың белгілі бір үлесі талап етіледі. Пайымдау өтімділік тәуекелі, кредит тәуекелі және құбылмалылық ретінде осындай бастапқы деректердің есебін қамтиды. Осы факторларға қатысты болжамдарға өзгерістер шоғырландырылған қаржы есептілігінде көрсетілген қаржы құралдарының әділ құнына әсер етуі мүмкін. Барынша толық ақпарат 12-ескертпеде келтірілген.
Қызметкерлерге сыйақы беру жөніндегі міндеттеме
Топ зейнетке шыққаннан кейінгі белгіленген төлемдер және осыған байланысты ағымдағы қызметтердің құны бойынша міндеттемелердің ағымдағы құнын анықтау үшін бағалаудың актуарлық әдісін пайдаланады. Бұл сыйақы болжанылған жұмыс істеп жатқан және жұмыстан кеткен қызметкерлердің болашақтағы мінездемелеріне қатысты демографиялық жорамалдарды (жұмыста немесе одан кейін қайтыс болу, персонал санының өзгеруі бойынша статистика және басқалар), сондай-ақ қаржылық жорамалдарды (дисконттау ставкасы, болашақтағы жылдық материалдық көмек, болашақтағы жылдық ең төменгі жалақы, темір жол билетінің болашақтағы орташа құны) пайдалануды талап етеді.
Клиенттерге және қаржы мекемелеріне қарыздар бойынша құнысызданудан болған шығындар
Әрбір есепті күнге Топ құнсызданудан болатын шығындар пайдалар мен шығындар туралы есепте ескерілуі қажеттілігін бағалау үшін клиенттер мен кредит мекемелеріне қарыздардың әрқайсысы бойынша өздерінің маңыздылығына талдау жүргізеді. Атап айтқанда, басшылықтың пайымдауы құнсызданудан болатын шығынды анықтау кезінде болашақ ақша ағынының сомасы мен мерзімін бағалауда талап етіледі. Мұндай ақша ағынын бағалау кезінде Топ қарыз алушының қаржы жағдайы мен құнсыздануды іске асырудың таза құны туралы пайымдаҰлар шығарады. Бұл бағалар факторлар қатарында жорамалдарға негізделген және нақты нәтижелері болашақта резервке өзгерістер әкелетін өзгелер болуы мүмкін.
Содан соң, бөлек-бөлек бағаланған және құнсызданбаған қарыздар және барлық жекеше маңызы жоқ қарыздар жиынтықта, оған қатысты объективті куәлік бар, бірақ әсері анық болып табылмайтын шығын жағдайы болуының салдарында резерв құру қажеттілігін анықтау үшін ұқсас тәуекел сипаттамалары бар активтер тобында бағаланады.
Жиынтық бағалау кредиттік қоржын деректерін (кредит сапасы, мерзімін ұзарту деңгейі, кредитті пайдалану, қамтамасыз етуге қарыздың қарым-қатынасы және т.б. сындылар), тәуекелдер мен экономикалық көрсеткіштер шоғырлануын (оның ішінде жұмыссыздық деңгейі, жылжымайтын мүлікке бағалар индекстері, ел тәуекелі және әртүрлі бөлек топтардың жұмыс көрсеткіштері) назарға алады.
Күмәнді дебиторлық берешек бойынша резервтер
Топ күмәнді дебиторлық берешек бойынша резерв қалыптастырады. Біршама пайымдаулар күмәнді борыштарды анықтау кезінде пайдаланылады. Күмәнді борыштарды анықтау кезінде клиенттердің тарихи әрі күтілетін мінез-құлқы қаралады. Экономикадағы, индустриядағы өзгерістер немесе клиенттің жеке шарттары осы шоғырландырылған қаржылық есептілікте күмәнді берешек бойынша резервті түзетуді талап етуі мүмкін. 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша күмәнді борыштар бойынша резервтер 96.396.000 миллион теңге (2012: 85.089.000 миллион теңге) мөлшерінде құрылды.
5. САТЫП АЛУ
"Қазцинк" ЖШС сатып алу
құны 82.946 миллион теңгені құрады) қатысу үлесінің 9,9407% иеленетін "Logic Business" ЖШС, "Logic Invest Capital" ЖШС және "Дана" инвестициялық үйі" ЖШС жарғылық кпиталына қатысу үлестерінің 100% сатып алу жолымен "Қазцинк" ЖШС жарғылық капиталына қатысу үлесінің 29,8221% сатып алды. Қор "Қазцинк" ЖШС-дағы осы қатысу үлестерін "Тау-кен Самұрық" АҚ жарғылық капиталына беруді жоспарлап отыр. Сатып алу 255.000 миллион теңге сомасындағы купондық облигацияларды орналастырудан түскен және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінен сатып алынған қаражаттың есебінен жүзеге асырылды (15-ескертпе). Облигациялардың айналым мерзімі жылдық 0,01% мөлшеріндегі купондық сыйақысымен 50 жылды құрайды.
"Қазцинк" ЖШС-дағы қатысу үлестері Топтың қысқартылған шоғырландырылған аралық қаржылық есептілінде үлестік қатысу әдісі бойынша ескеріледі. "Қазцинк" ЖШС-ны сатып алу қысқартылған шоғырландырылған аралық қаржылық есептілікте сатып алу әдісі бойынша ескерілді.
Сәйкестендіргіш активтер мен міндеттемелердің әділ құнындағы үлестің сатып алу күніндегі сомасы мынадай түрде көрсетілген:
Мың теңгемен | |
Ұзақ мерзімді активтер | 206.890.000 |
Қысқа мерзімді активтер | 44.237.000 |
Активтердің жиыны | 251.127.000 |
Ұзақ мерзімді міндеттемелер | (27.307.000) |
Қысқа мерзімді міндеттемелер | (23.360.000) |
Міндеттемелердің жиыны | (50.667.000) |
Таза активтер | 200.460.000 |
Сыйақының әділ құны | 248.838.000 |
Гудвилл | 48.378.000 |
2013 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішіндегі Топтың шоғырландырылған таза пайдасы сатып алынған күннен бастап 2013 жылғы 31 желтоқсанға дейін "Қазцинк" ЖШС-ның 6.364. 000 мың теңге мөлшеріндегі 29,8221% үлеске келетін пайда үлесін қамтиды.
2012 жылғы сатып алу
Қарашығанақ Жобалық консорциумындағы қатысу үлесін сатып алу
2012 жылы 28 маусымда Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі және Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің атынан Үкімет және Қарашығанақ жобасының қатысушылары (бұдан әрі – "Консорциум" немесе "ҚПО") шартқа қол қойды, оған сәйкес Үкімет ҚПО-дағы 10%-дық үлесін сатып алды. Сатып алынған 10%-дық үлестің әділ құны 2 миллиард АҚШ доллары
(300 миллиард теңге) мөлшерінде бағаланды, соның ішінде 150 миллиард теңгені Үкімет ақшалай қаражат түрінде төледі, ал қалған бөлігі салықтар бойынша міндеттемелер есебінен ескерілді.
Үкімет "Өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімдегі үлестерді басқару компаниясы" (бұдан әрі "ӨБТКҮБК") жаңа кәсіпорны құрылды және ӨБТКҮБК капиталына жобадағы сатып алынған 10%-дық үлесті беруді жүзеге асырды. Бұдан әрі, Үкіметтің 2012 жылғы 3 мамырдағы № 570 қаулысына сәйкес 2012 жылы 28 маусымда Қорға ӨБТКҮБК-дегі үлестің 100%-ы берілді, беру күніндегі әділ құны 300.070 миллион теңгені құрады. Осыны айырбастауға Қор жалпы сомасы 300.070 миллион теңгеге 300.071 жай акция шығарды.
Қарашығанақ Жобалық консорциумындағы қатысу үлесін сатып алу (жалғасы)
2012 жылы 29 маусымда Қор құны 150.035.000 мың теңге және 150.035.000 мың теңге мөлшеріндегі ҚМГ ҰК акциясына айырбасқа ҚМГ ҰК ӨБТКҮБК және ақшалай сыйақыны беруді жүзеге асырды. Ақшалай сыйақы 1 миллиард АҚШ доллары мөлшерінде қарыз арқылы қаржыландырылды. Қарыз шартына сәйкес жылдық пайыздық ставка 1,25-ке көбейтілген 3% қосылған ЛИБОР-ды құрады және негізгі борыш 3 (үш) жыл ішінде жобадан ақша ағындары есебінен ай сайынғы тең үлестермен төлеуге жатады. Қамтамасыз ету ретіндегі қарыз бойынша келісімге сәйкес ҚМГ ҰК Консорциумға жобадағы үлестің 5%-ын табыс етеді. Қор осы қарыз бойынша кепілдік берді.
2012 жылы 28 маусымда Қор 159.113 миллион теңге мөлшерінде дивиденд төледі. Осы дивидендтерден түскен түсімдерді Үкімет ҚПО-дағы жоғарыда аталған үлесті қаржыландыру үшін пайдаланды.
2012 жылғы 28 маусымда жаңартылған нұсқада қол қойылған Бірлескен қызмет туралы келісімге (бұдан әрі - "БҚК") сәйкес Топ қатысудың сатып алынған үлесіне барабар Қарашығанақ қызметінен туындайтын барлық пайданы, шығындар мен міндеттемелерді сатып алды. Сатып алу күніндегі Қарашығанақтағы үлес төменде берілген:
Мың теңгемен | Сатып алу күніне арналған әділ құн |
Негізгі құралдар | 293.506.000 |
Материалдық емес активтер | 1.131.000 |
Сауда дебиторлық берешек | 10.918.000 |
Қорлар | 4.299.000 |
309.854.000 | |
Резервтер | (7.500.000) |
Сауда кредиторлық берешек | (2.284.000) |
(9.784.000) | |
Таза активтер | 300.070.000 |
"Шығыс Қазақстан өңірлік энергетика компаниясы" АҚ-дағы қатысу үлесін сатып алу
2012 жылы Үкімет "Шығыс Қазақстан өңірлік энергетикалық компаниясы" АҚ-дағы (бұдан әрі – "ШҚ ӨЭК") 100%-дық қатысу үлесін Қорға берді. Осыған айырбасқа Қор 7.723 миллион теңге сомасында акциялардың эмиссиясын жүзеге асырды. ШҚ ӨЭК электр энергиясын беруді жүзеге асыруда.
Қатысу үлесін беру жалпы бақылаудағы кәсіпорындар бірлестігін көрсететіндіктен, осы операция шоғырландырылған қаржылық есептілікте үлестерді біріктіру әдісін пайдалана отырып ескерілген болатын. Таза активтердің теңгерімдік құны және 4.149.000 мың теңге мөлшеріндегі шығарылған жарғылық капиталдың сомасы арасындағы айырмашылық капиталдағы өзгерістер туралы шоғырландырылған есеп құрамында бөлінбеген пайданы төмендету ретінде көрсетілген.
6. Тоқтатылған қызмет, сатуға және еншілес ұйымдардың үстінен бақылауды жоғалтуға арналған ретінде жіктелетін активтер
2013 жылы тоқтатылған қызмет
Акционерге даму институттарын, қаржы ұйымдарын, "СҚ-Фармация" ЖШС және "Қазгеология" ұлттық геологиялық барлау компаниясы" АҚ беру (жалғасы)
"Қазақстан Республикасының 2012 жыл ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және "Қазақстан-2050" стртатегиясын іске асыру жөніндегі міндеттер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен кеңестің 2013 жылғы 23 қаңтардағы №01-7.1 хаттамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметіне даму институттары мен қаржы ұйымдарындағы ("Қазақстан Даму банкі" АҚ, "Kazyna Capital Management" АҚ, "КазЭкспортГарант" Экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы" АҚ, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ, "Қазақстан инвестициялық қоры" АҚ") Қорға тиесілі иелік ету үлестерін оған бере отырып, "Ұлттық даму агенттігі" АҚ құру тапсырылды, онда "СҚ-Фармация" ЖШС Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарауына беру көзделеді.
2013 жылғы сәуірде Қор даму институттары мен қаржы ұйымдарының акциялар пакеттерін толық бақылауы құқығымен сенімгерлікпен басқару шарттарына сәйкес еншілес ұйымдардың акциялар пакеттері мынадай мемлекеттік мекемелерге: Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіне – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне – "Қазақстан Даму банкі" АҚ, "Kazyna Capital Management" АҚ, "ҚазЭкспортГарант" экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы" АҚ, "Қазақстан инвестициялық қоры" АҚ", Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне – "СҚ-Фармация" ЖШС берілді. 2013 жылғы мамырда министрліктермен сенімгерлік басқарудың осы шарттарының күші жойылды және "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-мен жаңа шарттар жасалды.
2013 жылғы мамырда Қор толық бақылау құқығы бар сенімгерлік басқару шарттарына сәйкес Үкіметтің 2013 жылғы 25 мамырдағы қаулысына сәйкес құрылған "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ға даму институттары мен қаржы ұйымдарының акциялар пакеттерін берді.
2013 жылғы шілдеде "Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 қаулысын орындау үшін Қор және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті айырбас шартына қол қойды, оған сәйкес "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ, "Kazyna Capital Management" АҚ, "КазЭкспортГарант" экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы" АҚ, "Қазақстан инвестициялық қоры" АҚ, "Қазақстан даму банкі" АҚ, "СҚ-Фармация" ЖШС акциялар пакеті мен еншілес ұйымдарындағы қатысу үлестеріне меншік құқығы Үкімет қаулысында көрсетілген тізбеге сәйкес республикалық мүлікке айырбасқа республикалық меншікке беріледі. 2013 жылғы тамызда жоғарыда көрсетілген айырбас шартының шеңберінде Қор акциялар пакеті мен еншілес ұйымдарындағы қатысу үлестерін республикалық меншікке беруді жүзеге асырды ("Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ, "Kazyna Capital Management" АҚ, "КазЭкспортГарант" экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы" АҚ, "Қазақстан инвестициялық қоры" АҚ, "СҚ-Фармация" ЖШС). 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Қор жоғарыда жазылған шарт бойынша мүлік алған жоқ.
Осыған байланысты 2013 жылғы сәуірде Қор осы еншілес ұйымдардың үстінен бақылауды жоғалтты, Қор олардың шығуын Акционерге бөлу ретінде көрсетті.
Осы айырбас шартына сәйкес "Қазгеология" ұлттық геологиялық барлау компаниясы" АҚ-дағы акциялар пакетіне меншік құқығы да Үкіметтің қаулысында көрсетілген тізбеге сәйкес республикалық меншікке айырбасқа республикалық меншікке берілді. Қор "Қазгеология" ұлттық геологиялық барлау компаниясы" АҚ шығуын Акционерге бөлу ретінде көрсетті.
Даму институттары және қаржы ұйымдары
Бұдан әрі даму институттары мен қаржы ұйымдарының қызмет нәтижелері берілген:
Мың теңгемен | 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап істен шығу күніне дейін | 2012 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішінде* |
Түсім | 12.078.000 | 48.285.000 |
Өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны | (14.254.000) | (36.795.000) |
Жалпы (шығын)/пайда | (2.176.000) | 11.490.000 |
Жалпы және әкімшілік шығыстар | (1.813.000) | (7.788.000) |
Қалпына келтіру/құнсызданудан (шығын), нетто | 893.000 | (6.472.000) |
Өзге операциялық кіріс | 1.840.000 | 6.154.000 |
Өзге операциялық шығын | (810.000) | (6.242.000) |
Операциялық қызметтен шығын | (2.066.000) | (2.858.000) |
Оң/(теріс) бағамдық айырма, нетто | 181.000 | (2.998.000) |
Тоқтатылған қызметтен салық салғанға дейінгі шығын | (1.885.000) | (5.856.000) |
Табыс салығы бойынша шығыстар | (352.000) | (4.572.000) |
Тоқтатылған қызметтен кезең ішіндегі шығын | (2.237.000) | (10.428.000) |
*2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Топ даму институттары мен қаржы ұйымдарының тоқтатылған қызметі ретінде тану салдарынан 2012 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішіндегі жиынтық кіріс туралы және ақша қаражатының қозғалысы туралы шоғырландырылған есепті қайта есептеуді жүргізді.
Тиісінше, жиынтық кіріс туралы салыстырмалы шоғырландырылған есеп және 2012 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішіндегі ақша қаражатының қозғалысы туралы салыстырмалы шоғырландырылған есеп БЕХС 1 талаптарына сәйкес қайта есептелді.
Бұдан әрі істен шығу күніндегі даму институттары мен қаржы ұйымдарының активтері мен міндеттемелерінің негізгі санаттары берілген:
Мың теңгемен | Істен шығу күніндегі активтер мен міндеттемелер |
Активтер | |
Клиенттерге қарыздар | 408.552.000 |
Өзге қаржы активтері | 469.612.000 |
Кредит мекемелеріндегі қаражат | 230.911.000 |
Табыс салығы бойынша алдын ала төлем | 7.108.000 |
Өзге ұзақ мерзімді активтер | 14.731.000 |
Өзге ағымдағы активтер | 19.766.000 |
Ақша қаражаты және олардың баламалары | 140.079.000 |
Активтердің жиыны | 1.290.759.000 |
Міндеттемелер | |
Қарыздар | (784.244.000) |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздары | (27.695.000) |
Туынды қаржылық құралдар | (7.575.000) |
Клиенттердің қаражаты | (6.384.000) |
Өзге ұзақ мерзімді міндеттемелері | (22.424.000) |
Өзге ағымдағы міндеттемелер | (9.493.000) |
Міндеттемелердің жиыны | (857.815.000) |
Таза активтер | 432.944.000 |
Бұдан әрі даму институттары мен қаржы ұйымдарының таза ақша ағындары берілген:
Мың теңгемен | 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап істен шығу күніне дейін | 2012 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішінде |
Операциялық | (134.777.000) | 49.788.000 |
Инвестициялық | (2.242.000) | (6.392.000) |
Қаржылық | 63.078.000 | (1.413.000) |
Ақша қаражатының таза (жұмсалуы)/түсімі | (73.941.000) | 41.983.000 |
"СҚ-Фармация" ЖШС
"СҚ-Фармация" ЖШС тоқтатылған қызметтің айқындамасына жауап бермейді және істен шығу тобы ретінде жіктелді.
Бұдан әрі істен шығу күніндегі "СҚ-Фармация" ЖШС активтері мен міндеттемелерінің негізгі санаттары берілген:
Мың теңгемен | Істен шығу күніндегі активтер мен міндеттемелер |
Активтер | |
Қорлар | 23.628.000 |
Кредиттік мекемелердегі қаражат | 3.315.000 |
Өзге активтер | 5.247.000 |
Ақша қаражаты және олардың баламалары | 25.242.000 |
Активтердің жиыны | 57.432.000 |
Міндеттемелер | |
Сауда кредиторлық берешек | (39.611.000) |
Өзге ағымдағы міндеттемелер | (9.678.000) |
Міндеттемелердің жиыны | (49.289.000) |
Таза активтер | 8.143.000 |
2013 жылғы 1 қаңтардан бастап істен шығу күніне дейін "СҚ-Фармация" ЖШС қызметінен түскен таза пайда 1.080.000 мың теңгені (2012 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішінде: 2.753.000 мың теңге) құрады.
Бұдан әрі "СҚ-Фармация" ЖШС таза ақша ағындары берілген:
Мың теңгемен | 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап істен шығу күніне дейін | 2012 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішінде |
Операциялық | 19.670.000 | 6.670.000 |
Инвестициялық | (9.000) | (1.012.000) |
Ақша қаражатының таза түсімі | 19.661.000 | 5.658.000 |
"Қазгеология" ұлттық геологиялық барлау компаниясы" АҚ
"Қазгеология" ұлттық геологиялық барлау компаниясы" АҚ тоқтатылған қызметтің айқындамасына жауап бермейді және істен шығу тобы ретінде жіктелді.
Бұдан әрі істен шығу күніндегі "Қазгеология" ұлттық геологиялық барлау компаниясы" АҚ активтері мен міндеттемелерінің негізгі санаттары берілген:
Мың теңгемен | Істен шығу күніндегі активтер мен міндеттемелер |
Активтер | |
Өзге активтер | 9.037.000 |
Активтердің жиыны | 9.037.000 |
Міндеттемелер | |
Өзге міндеттемелер | (72.000) |
Міндеттемелердің жиыны | (72.000) |
Таза активтер | 8.965.000 |
2013 жылғы 1 қаңтардан бастап істен шығу күніне дейін "Қазгеология" ұлттық геологиялық барлау компаниясы" АҚ қызметінен түскен таза пайда 173.000 мың теңгені (2012 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішіндегі таза шығын: 371.000 мың теңгені) құрады.
Бұдан әрі "Қазгеология" ұлттық геологиялық барлау компаниясы" АҚ таза ақша ағындары берілген:
Мың теңгемен | 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап істен шығу күніне дейін | 2012 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішінде |
Операциялық | (150.000) | (8.211.000) |
Инвестициялық | (18.000) | (14.000) |
Қаржылық | – | 5.427.000 |
Ақша қаражатының таза жұмсалуы | (168.000) | (2.798.000) |
"Темірбанк" АҚ және "БТА Банк" АҚ
"Қазақстан Республикасының 2012 жыл ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және "Қазақстан-2050" стртатегиясын іске асыру жөніндегі міндеттер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен кеңестің 2013 жылғы 23 қаңтардағы №01-7.1 хаттамасына сәйкес Қорға 2013 жылғы 31 желтоқсанға дейін Қорға тиесілі акциялар пакеттерін сату жолымен "БТА Банк" АҚ, "Альянс Банк" АҚ, "Темірбанк" АҚ акционерлері құрамынан шығу үшін қажетті шаралар қабылдау тапсырылды.
"Темiрбанк" АҚ
2013 жылғы желтоқсанда "Темірбанк" АҚ (бұдан әрі "Темірбанк") пен "Альянс Банк" АҚ-ны (бұдан әрі "Альянс Банк") кейіннен бір банкке біріктіру мақсатында Қор мен Болат Жәмитұлы Өтемұратов мырзаның арасында Темірбанк акцияларының 79,88%-ын және Альянс Банк жай және артықшылық берілген акцияларының 16%-ын Қордың сатуы туралы келісімге қол қойылды. Мәмілені аяқтау 2014 жылдың аяғына дейін жоспарлануда, алайда қажетті корпоративтік шешімдер қабылдауды, Қазақстан Республикасының банк заңнамасына банктерді қайта ұйымдастыру рәсімін нақтылайтын өзгерістер енгізуді, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және басқа да мемлекеттік органдардың рұқсаттарын алуды қамтитын бірқатар кейінге қалдырылатан жағдайларға байланысты.
Қордың басшылығы Темірбанктің жай акцияларының қолда бар барлық пакеті инвестицияларды банктерге сату мәмілелері үшін тән болатын әдеттегі және жалпы қабылданған жағдайларда ғана оның қазіргі жай-күйінде жедел сату үшін қолда тұрғандығын секере отырып, осы мәмілелерді аяқтау ықтималдылығын жоғары ретінде бағалайды, Темірбанктің активтері мен міндеттемелері 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша сатуға арналған ретінде жіктелген активтер болып жіктелген.
Бұдан әрі Темірбанк қызметінің нәтижелері берілген:
Мың теңгемен | 2013 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішінде | 2012 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішінде* |
Түсім | 30.936.000 | 27.196.000 |
Өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны | (9.280.000) | (9.430.000) |
Жалпы пайда | 21.656.000 | 17.766.000 |
Жалпы және әкімшілік шығыстар | (11.455.000) | (10.378.000) |
Құнсызданудан (шығын)/қалпына келтіру | (7.839.000) | 1.068.000 |
Өзге операциялық кіріс | 3.790.000 | 10.887.000 |
Өзге операциялық шығын | (3.238.000) | (8.191.000) |
Операциялық қызметтен пайда | 2.914.000 | 11.152.000 |
Оң бағамдық айырма, нетто | 169.000 | 423.000 |
Тоқтатылған қызметтен салық салғанға дейінгі пайда | 3.083.000 | 11.575.000 |
Табыс салығы бойынша шығыстар | (2.077.000) | (2.343.000) |
Тоқтатылған қызметтен пайда | 1.006.000 | 9.232.000 |
*2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Топ даму институттары мен қаржы ұйымдарының тоқтатылған қызметі ретінде тану салдарынан 2012 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішіндегі жиынтық кіріс туралы және ақша қаражатының қозғалысы туралы шоғырландырылған есепті қайта есептеуді жүргізді.
Тиісінше, жиынтық кіріс туралы салыстырмалы шоғырландырылған есеп және 2012 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішіндегі ақша қаражатының қозғалысы туралы салыстырмалы шоғырландырылған есеп БЕХС 1 талаптарына сәйкес қайта есептелді.
Бұдан әрі 31 желтоқсандағы Темірбанктің активтері мен міндеттемелерінің негізгі санаттары берілген:
Мың теңгемен | 2013 |
Активтер | |
Клиенттерге қарыздар | 230.691.000 |
Өзге қаржылық активтер | 29.791.000 |
Кредит мекемелеріндегі қаражат | 3.468.000 |
Өзге активтер | 18.108.000 |
Ақша қаражаты және олардың баламалары | 19.237.000 |
Активтердің жиыны | 301.295.000 |
Міндеттемелер | |
Клиенттердің қаражаты | (195.561.000) |
Қарыздар | (49.959.000) |
Өзге міндеттемелер | (895.000) |
Міндеттемелердің жиыны | (246.415.000) |
Таза активтер | 54.880.000 |
Таза активтердің әділ құнына дейін түзету (құнсыздану) | (14.564.000) |
Таза активтердің әділ құны | 40.316.000 |
Бұдан әрі Темірбанктің таза ақша ағындары берілген:
Мың теңгемен | 2013 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішінде | 2012 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішінде |
Операциялық | (9.671.000) | (1.567.000) |
Инвестициялық | (1.053.000) | (1.399.000) |
Қаржылық | (157.000) | (5.439.000) |
Ақша қаражатының таза жұмсалуы | (10.881.000) | (8.405.000) |
"БТА Банк" АҚ
Қордың "Қазкоммерцбанк" АҚ (бұдан әрі "ҚКБ") және Кеңес Рәкішев мырзамен қол қойған бірқатар құжаттарына сәйкес 2013 жылғы желтоқсанда және 2014 жылдың қаңтарында ҚКБ және Кеңес Рәкішев әрқайсысы 2014 жылдың аяғына дейін БТА Банк пен ҚКБ бірыңғай банкке біріктіру мақсатында БТА Банк акцияларын 46,5%-дан сатып алады. БТА Банктегі 4,26% мөлшерінде қалған үлес ҚКБ сенімгерлік басқаруына берілетін болады, соның нәтижесінде ҚКБ біріктіргенге дейін БТА Банк үстінен бақылауды алады.
Мәміле тараптардың тиісті басқару органдарының және мемлекеттік реттеуші органдардың рұқсаттарын алуды, сондай-ақ өз капиталының 10%-дан астам инвестицияларын жүзеге асыруға ҚКБ рұқсат беретін Қазақстан Республикасының банктік заңнамасына өзгерістер енгізуді қамтитын бірқатар кейінге қалдыру талаптарын тараптар орындағанға дейін аяқталмаған болып саналмайды.
Бұған қоса, тараптар БТА банктің проблемалық активтерін қайтару бойынша өзара іс-қимыл туралы уағдаласты. Мәмілені аяқтау 2014 жылдың екінші тоқсанында жоспарлануда.
Жоғарыда көрсетілгенді, сондай-ақ Үкімет пен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Өзара түсіністік туралы меморандумына сәйкес кейбір сыни кейінге қалдыру талаптарын шешу үшін тараптарға жәрдем көрсетілетінін назарға ала отырып, БТА банктің активтері мен міндеттемелері 2013 жылғы 31 желтоқсанда сатуға арналған ретінде жіктелген актив ретінде жіктелді.
Бұдан әрі БТА Банк қызметінің нәтижелері берілген:
Мың теңгемен | 2013 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішінде | 2012 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішінде* |
Түсім | 139.576.000 | 146.985.000 |
Өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны | (81.668.000) | (136.867.000) |
Жалпы пайда | 57.908.000 | 10.118.000 |
(44.699.000) | (59.739.000) | |
Жалпы және әкімшілік шығыстар | (32.315.000) | 2.800.000 |
Құнсызданудан (шығын)/қалпына келтіру | 39.950.000 | 1.123.831.000 |
Өзге операциялық кіріс | (45.650.000) | (678.389.000) |
Өзге операциялық шығын | (24.806.000) | 398.621.000 |
Операциялық қызметтен (шығын)/пайда | 4.434.000 | (18.982.000) |
(20.372.000) | 379.639.000 | |
Оң/(теріс) бағамдық айырма, нетто | 7.971.000 | (738.000) |
Тоқтатылған қызметтен салық салғанға дейінгі (шығын)/пайда | (12.401.000) | 378.901.000 |
*2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Топ даму институттары мен қаржы ұйымдарының тоқтатылған қызметі ретінде тану салдарынан 2012 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішіндегі жиынтық кіріс туралы және ақша қаражатының қозғалысы туралы шоғырландырылған есепті қайта есептеуді жүргізді.
Тиісінше, жиынтық кіріс туралы салыстырмалы шоғырландырылған есеп және 2012 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішіндегі ақша қаражатының қозғалысы туралы салыстырмалы шоғырландырылған есеп БЕХС 1 талаптарына сәйкес қайта есептелді.
Бұдан әрі 31 желтоқсандағы БТА Банктің активтері мен міндеттемелерінің негізгі санаттары берілген:
Мың теңгемен | 2013 |
Активтер | |
Клиенттерге қарыздар | 616.439.000 |
Өзге қаржылық активтер | 759.313.000 |
Кредиттік мекемелердегі қаражат | 37.983.000 |
Қауымдасқан компаниялардағы инвестициялар | 16.061.000 |
Қорлар | 56.390.000 |
Өзге активтер | 56.639.000 |
Ақша қаражаты және олардың баламалары | 60.657.000 |
Активтердің жиыны | 1.603.482.000 |
Міндеттемелер | |
Клиенттердің қаражаты | (551.661.000) |
Қарыздар | (231.441.000) |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздары | (475.439.000) |
Өзге міндеттемелер | (65.233.000) |
Міндеттемелердің жиыны | (1.323.774.000) |
Таза активтер | 279.708.000 |
Таза активтердің әділ құнына дейін түзету (құнсыздану) | (144.165.000) |
Таза активтердің әділ құны | 135.543.000 |
Бұдан әрі БТА Банктің таза ақша ағындары берілген:
Мың теңгемен | 2013 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішінде | 2012 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішінде* |
Операциялық | (6.158.000) | 193.907.000 |
Инвестициялық | (954.000) | (6.080.000) |
Қаржылық | (25.000) | (347.000) |
Ақша қаражатының таза (жұмсалуы)/түсуі | (7.137.000) | 187.480.000 |
"Локомотив құрастыру зауыты" АҚ
2012 жылы Топ "Локомотив құрастыру зауыты" АҚ еншілес ұйымындағы қатысу үлесінің 50%-ын сататыны туралы шешім қабылдады. 2013 жылы мамырда мәміле Топтың 26% үлесін сату және сонымен бір мезгілде "Локомотив құрастыру зауыты" АҚ акцияларының 24%-ын шығару жолымен жүзеге асырылды. Нәтижесінде Топ "Локомотив құрастыру зауыты" АҚ үстінен бақылауды жоғалтты. Топ одна қалған "Локомотив құрастыру зауыты" АҚ-дағы қатысу үлесінің 50%-ын бірлескен кәсіпорынға инвестициялар ретінде таныды.
Бұдан әрі "Локомотив құрастыру зауыты" АҚ қызметінің нәтижелері берілген:
Мың теңгемен | 2013 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішінде | 2012 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішінде* |
Түсім | 34.000 | 2.978.000 |
Сатылған өнім мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны | (10.000) | (2.414.000) |
Жалпы пайда | 24.000 | 564.000 |
Жалпы және әкімшілік шығыстар | (272.000) | (632.000) |
Өзге операциялық кіріс, нетто | – | 61.000 |
Операциялық қызметтен шығын | (248.000) | (7.000) |
Теріс бағамдық айырма, нетто | (54.000) | (234.000) |
Қаржылық кіріс | 2.000 | 6.000 |
Қаржылық шығындар | (163.000) | (514.000) |
Тоқтатылған қызметтен салық салғанға дейінгі шығын | (463.000) | (749.000) |
Табыс салығы бойынша шығыстар | (76.000) | (360.000) |
Тоқтатылған қызметтен салық салғаннан кейінгі шығын | (539.000) | (1.109.000) |
Бұдан әрі істен шығу күніндегі "Локомотив құрастыру зауыты" АҚ активтері мен міндеттемелерінің негізгі санаттары берілген:
Мың теңгемен | Істен шығу күніндегі активтер мен міндеттемелер |
Активтер | |
Негізгі құралдар | 14.941.000 |
Материалдық емес активтер | 538.000 |
Өзге ұзақ мерзімді активтер | 596.000 |
Қорлар | 22.628.000 |
Өзге қысқа мерзімді активтер | 2.139.000 |
Ақша қаражаты және олардың баламалары | 440.000 |
Активтердің жиыны | 41.282.000 |
Міндеттемелер | |
Қарыздар | (10.605.000) |
Сауда кредиторлық берешек | (12.441.000) |
Өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер | (920.000) |
Өзге ағымдағы міндеттемелер | (1.441.000) |
Міндеттемелердің жиыны | (25.407.000) |
Таза активтер | 15.875.000 |
"Локомотив құрастыру зауыты" АҚ таза ақша ағындары мынадай түрде берілген:
Мың теңгемен | 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап істен шығу күніне дейін | 2012 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішінде |
Операциялық | 2.634.000 | 1.045.000 |
Инвестициялық | (475.000) | (1.266.000) |
Қаржылық | (1.739.000) | (2.098.000) |
Ақша қаражатының таза түсімі/(жұмсалуы) | 420.000 | (2.319.000) |
Бұдан әрі тоқтатылған қызметке қатысты активтердің істен шығуынан болған шығын:
Мың теңгемен | 2013 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішінде |
Алынған сыйақының сомасы | 4.528.000 |
Істен шыққан таза активтер | (15.875.000) |
Қалған үлестің әділ құны | 9.071.000 |
Тоқтатылған қызметке қатысты активтердің шығуынан болған шығын | (2.276.000) |
"Досжан темір жолы" АҚ
"Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ "Досжан темір жолы" АҚ-дағы қатысу үлесінің 48,94%-ын иеленгендіктен, "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ-ның шығуы "Досжан темір жолы" АҚ-ның үстінен Бақылау тобын жоғалтуға алып келді. Топ капиталдағы өзгерістер туралы шоғырландырылған аралық есепте Акционерге бөлу ретінде "Досжан темір жолы" АҚ тануын тоқтатты және шығуын көрсетті. Топ "Досжан темір жолы" АҚ-да оның қалған қатысу үлесінің 46,02%-ын бақылауды жоғалту күніндегі әділ құн бойынша қауымдасқан компаниядағы инвестициялар ретінде таныды, мұнда әділ құн нөл теңгемен бағаланды.
Бұдан әрі бақылауды жоғалту күніне "Досжан темір жолы" АҚ активтері мен міндеттемелерінің негізгі санаттары берілген:
Мың теңгемен | Шығу күніндегі активтер мен міндеттемелер |
Активтер | |
Материалдық емес активтер | 23.968.000 |
Негізгі құралдар | 3.621.000 |
Өзге активтер | 815.000 |
Ақша қаражаты және олардың баламалары | 6.096.000 |
Активтердің жиыны | 34.500.000 |
Міндеттемелер | |
Қарыздар | (30.401.000) |
Өзге ағымдағы міндеттемелер | (584.000) |
Міндеттемелердің жиыны | (30.985.000) |
Таза активтер | 3.515.000 |
"Досжан темір жолы" АҚ қызметінен таза шығын 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап істен шығу күніне дейін 1.189.000 мың теңгені құрады (2012 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішінде: 1.792.000 мың теңге).
Бұдан әрі "Досжан темір жолы" АҚ таза ақша ағындары берілген:
Мың теңгемен | 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап істен шыққан күнге дейін | 2012 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішінде |
Операциялық | (639.000) | (7.815.000) |
Инвестициялық | (14.000) | (772.000) |
Қаржылық | – | (3.649.000) |
Ақшалай қаражаттың таза жұмсалуы | (653.000) | (12.236.000) |
"Семізбай-U" ЖШС
Топ Beijing Sino-Kaz Uranium Resources Investment Company Limited компаниясымен (бұдан әрі "Sino-Kaz") "Семізбай-U" ЖШС-дағы қатысу үлесінің 49%-ын сату туралы Келісім (бұдан әрі "Келісім") жасасты.
Келісім 2010-2033 жылдар аралығында Sino-Kaz-ға СемізбайU ЖШС-ның жыл сайын таза кірісін ең төменгі түрде бөлуге құқық берді. Осы төлемдердің ақысын "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ кепілдендірді. Осы міндеттеме келісім жасау күнінде әділ құн бойынша бағаланды, ал одан әрі амортизациялау арқылы бағаланды.
Топтың "Семізбай-U" ЖШС-дағы қатысу үлесін иеліктен айыруы Қазақстан Республикасы реттеуші органының рұқсатын талап етті, бұл шарттың талабы болды.
2012 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша реттеуші органның тиісті рұқсаты алынған жоқ. 2012 жылы Топ Семізбай-U-дағы үлестің 49%-ын сатып алу-сату мәмілесінің талабын қайта қарау туралы бітімгерлік келісім жасады. Осы Бітімгерлік келісімнің тиісті талаптары мынадай тармақтар болды:
- Топ қазақстандық реттеуші органдардың барлық қажетті рұқсаттарын алады. Осы рұқсаттар 2013 жылғы 30 мамырда алынды;
- Тараптар Семізбай-U-дағы 49% үлестің әділ құнын қайта қарауды уағдаласты. Осы талаптың нәтижесінде Топ "Семізбай-U" ЖШС 49% қатысу үлесінің бастапқы келісімшарттық міндеттемесі мен әділ нарықтық құны арасындағы 2013 жылғы 7 маусымдағы 132 миллион доллар (19.000.000 мың теңгеге барабар) айырманы төледі;
- Тараптар 2012-2033 жылдар кезеңі ішінде "Семізбай-U" ЖШС-ға төлеуге тиіс кепілдендірілген ең төменгі дивидендтерді қабылдамауды келісті. 2013 жылғы 30 мамырдағы жағдай бойынша қаржылық міндеттеменің амортизацияланған құны 308 миллион АҚШ долларына тең болды (46.700.000 мың теңгеге барабар).
Реттеуші органдардың қатысу үлесінің 49%-ын сатуға арналған рұқсатын алумен бірге "Семізбай-U" ЖШС басқарушы құжаттары өзгертілді. Осы өзгерістердің нәтижесінде Топ "Семізбай-U" ЖШС қызметін бір жақты тәртіппен басқару мүмкіндігін жоғалтты; енді шешімдерді қабылдауда "Sino-Kaz"-бен бөлісуде. Топ қаржылық міндеттемені өтеу ретінде ең төменгі кепілдендірілген дивидендті болдырмауды ескерді. Нәтижесінде, Топ "Семізбай-U" ЖШС-ға инвестицияны шоғырлауды тоқтатты және бақылауды жоғалту кезінде әділ құн бойынша иеленудің қалған үлесін таныды.
Осы операциялар нәтижесінде, Топ жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есепте 23.930.000 мың теңге мөлшерінде пайданы таныды. "Семізбай-U" ЖШС істен шығу нәтижесі келесі тәртіппен шоғырландырылған қаржылық есептілікте танылды:
Мың теңгемен | Бақылауды жоғалту сәтінде |
Негізгі құралдар | 20.002.000 |
Қорлар | 7.450.000 |
Дебиторлық берешек | 2.819.000 |
Өзге активтер | 5.301.000 |
Активтердің жиыны | 35.572.000 |
Қарыздар | 11.680.000 |
Кредиторлық берешек | 2.647.000 |
Өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер | 7.044.000 |
Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер | 164.000 |
Міндеттемелердің жиыны | 21.535.000 |
Істен шығу күніндегі жағдай бойынша "Семізбай-U" ЖШС таза активтері | 14.037.000 |
Минус: қалған 51% бақыланбайтын үлестің әділ құны | (11.264.000) |
Минус: төлемге дейінгі, амортизацияланған құн бойынша ең төменгі кепілдендірілген дивидендтер | (46.676.000) |
Sino-Kaz ақша қаражатымен төлеу | 19.973.000 |
Еншілес ұйымның міндеттемесін өтеуден және істен шығуынан болатын кіріс | 23.930.000 |
2012 жылы тоқтатылған қызмет
GSM Қазақстан
2011 жылғы 31 желтоқсанда 2011 жылы 31 желтоқсанда Топ Қазақстандағы GSM стандартындағы ұялы байланыс қызметтерінің операторы – "Қазақтелеком" ААҚ "GSM Қазақстан" ЖШС-дағы (бұдан әрі "GSM Қазақстан") қатысу үлесінің 49%-ын иеленді.
2011 жылғы 21 желтоқсанда Қазақтелеком шведтің ұтқыр Telia Sonera AB ұтқыр операторының еншілес компаниясы Sonera Holdings B.V. компаниясының GSM қатысу үлесінің 49%-ын сату туралы келісім жасады.
2012 жылы 1 ақпанда Топ 1.519 миллион АҚШ доллары (225.739.000 мың теңгеге барабар) мөлшеріндегі сыйақы үшін GSM Қазақстанға қатысу үлесінің 49%-ын сатуды аяқтады. Нәтижесінде сатудан түскен кіріс 200.033.000 мың теңгені құрады. 2012 жылы қауымдасқан компанияның үлесін сатудан ақша қаражатының түсімі ақша қаражатының қозғалысы туралы есептегі инвестициялық қызметте көрсетілді.
Қауымдасқан компаниядағы инвестициялардың қозғалысы мынадай түрде берілген:
Мың теңгемен | 2012 | 2011 |
1 қаңтарға арналған | 58.389.000 | 53.785.000 |
Қауымдасқан компанияның таза пайдасындағы үлесі | 1.963.000 | 33.024.000 |
Жарияланған дивидендтер | (34.723.000) | (28.420.000) |
Тоқтатылған қызмет | (25.629.000) | - |
31 желтоқсанға арналған | - | 58.389.000 |
Алынатын дивидендтердің қозғалысы мынадай түрде берілген:
Мың теңгемен | 2012 | 2011 |
1 қаңтарға арналған | - | - |
Жарияланған дивидендтер | 34.723.000 | 28.420.000 |
Алынған ақша қаражаты | (34.723.000) | (28.420.000) |
31 желтоқсанға арналған | - | - |
31 желтоқсанда аяқталған жыл ішіндегі тоқтатылған қызметтен пайда мынадай түрде берілген:
Мың теңгемен | 2012 | 2011 |
Қауымдасқан компанияның таза пайдасындағы үлесі | 1.963.000 | 33.024.000 |
Тоқтатылған қызметтен есепті кезең ішінде салық салғанға дейінгі пайда | 1.963.000 | 33.024.000 |
Сатудан түскен кіріс | 200.033.000 | - |
Тоқтатылған қызметтен есепті кезең ішінде салық салғаннан кейінгі пайда | 201.996.000 | 33.024.000 |
Инвестицияларды сатудан пайда мынадай түрде берілген:
Мың теңгемен | 2012 |
Sonera Holdings B.V.-дан алынған ақша қаражаты | 225.739.000 |
Сатуға арналған таза активтер | (25.629.000) |
Оң бағамдық айырма | (77.000) |
Сатудан пайда | 200.033.000 |
Қорытынды ақпарат
31 желтоқсанда сатуға арналған ретінде жіктелген активтер мынадай түрде берілген:
Мың теңгемен | 2013 | 2012 |
"БТА Банк" АҚ | 789.973.000 | - |
"Темiрбанк" АҚ | 280.666.000 | - |
"Локомотив құрастыру зауыты" АҚ | - | 37.721.000 |
Өзге | 16.204.000 | 13.800.000 |
1.086.843.000 | 51.521.000 |
31 желтоқсанда сатуға арналған ретінде жіктелген активтерге байланысты міндеттемелер мынадай түрде берілген:
Мың теңгемен | 2013 | 2012 |
"БТА Банк" АҚ | 1.069.482.000 | - |
"Темiрбанк" АҚ | 143.375.000 | - |
"Локомотив құрастыру зауыты" АҚ | - | 16.674.000 |
Өзге | 7.093.000 | 3.643.000 |
1.219.950.000 | 20.317.000 |
31 желтоқсанда аяқталған жыл ішіндегі тоқтатылған қызметтің нәтижелері былай берілген:
Мың теңгемен | 2013 | 2012 |
"БТА Банк" АҚ, таза шығын | (12.401.000) | 378.901.000 |
"БТА Банк" АҚ, құнсызданудан шығын | (144.165.000) | - |
"Темiрбанк" АҚ, таза пайда | 1.006.000 | 9.232.000 |
"Темiрбанк" АҚ, құнсызданудан шығын | (14.564.000) | - |
"Локомотив құрастыру зауыты" АҚ | (2.815.000) | (1.109.000) |
"Қазақтелеком" АҚ | - | 201.996.000 |
Даму институттары және қаржы ұйымдары | (2.237.000) | (10.428.000) |
Өзге | 2.204.000 | 1.471.000 |
(172.972.000) | 580.063.000 |
7. ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН БухгалтерЛІК ТЕҢГЕРІМ
Ақша қаражаты және олардың баламалары
31 желтоқсанда ақша қаражаты және олардың баламалары мыналарды қамтыды:
Мың теңгемен | 2013 | 2012 (қайта есептелді) |
Банктік салымдар – теңге | 230.131.000 | 240.948.000 |
Банктік салымдар – АҚШ доллары | 171.099.000 | 123.752.000 |
Банктік салымдар – басқа валюталар | 15.610.000 | 9.393.000 |
Банктердегі ағымдағы шоттар – теңге | 196.814.000 | 610.699.000 |
Банктердегі ағымдағы шоттар – АҚШ доллары | 92.564.000 | 383.384.000 |
Банктердегі ағымдағы шоттар – басқа валюталар | 17.364.000 | 24.326.000 |
Кассадағы ақша қаражаты | 13.900.000 | 61.478.000 |
Кемінде үш ай өтеудің бастапқы мерзімі бар басқа да банктермен сатып алу және кері сату ("кері депо") шарттары | 3.153.000 | 14.051.000 |
Жолдағы ақша қаражаты | 359.000 | 395.000 |
740.994.000 | 1.468.426.000 |
Қысқа мерзімді салымдар әртүрлі мерзімдерге енгізіледі – 1 (бір) күннен 3 (үш) айға дейін, Топтың мерзімді қажеттіліктеріне байланысты қолма-қол ақша қаражаты. 2013 жылғы 31 желтоқсанда банктердегі мерзімді депозиттер бойынша және ағымдағы банктік шоттар бойынша орташа өлшенген пайыздық ставка 3,73%-ды және тиісінше 1,18%-ды (2012: 1,91% және 0,52%) құрады.
Банктердегі шоттарда Топтың ақша қаражатының жалпы сомасында Республикалық бюджеттен және Ұлттық қордан Үкіметтің нысаналы бағдарламалары бойынша алынған қаражат бар. 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша осы ақша қаражыт Ұлттық банктің шоттарында шоғырландырылған және 85.000.000 мың теңгені (2012: 395.000.000 мың теңге) құрайды, оның ішінде:
- 54.000.000 мың теңге – Тұрақтандыру жоспарын іске асыру шеңберінде алынған Ұлттық қордың қаражаты (2012: 247.000.000 мың теңге);
- 2.000.000 мың теңге – Қор іске асыратын жобаларды қаржыландыру мақсатында Республикалық бюджеттен алынған қаражат (2012: 6.000.000 мың теңге);
- 29.000.000 мың теңге – операциялық және инвестициялық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті Қордың ақша қаражатының қалдығы (2012: 142.000.000 мың теңге).
Қаржы активтері
31 желтоқсанда қаржы активтері мыналарды қамтыды:
Мың теңгемен | 2013 | 2012 |
Мыналарды қоса алғанда, сату үшін қолда бар қаржы активтері | 132.058.000 | 484.542.000 |
Үлестік бағалы қағаздар | 92.054.000 | 219.582.000 |
Қазақстандық қаржы мекемелерінің облигациялары | 16.177.000 | 135.413.000 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық міндеттемелері | 22.911.000 | 68.316.000 |
Корпоративтік облигациялар | 925.000 | 32.177.000 |
Халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялары | - | 13.001.000 |
Өзге борыштық бағалы қағаздар | - | 24.056.000 |
Минус: құнсыздануға арналған резерв | (9.000) | (8.003.000) |
Мыналарды қоса алғанда, пайда және залал арқылы әділ құн бойынша ескерілетін қаржылық активтер | 8.114.000 | 107.677.000 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық міндеттемелері | 4.497.000 | 32.555.000 |
Қазақстандық қаржы мекемелерінің облигациялары | 1.852.000 | 24.263.000 |
Венчурлік капитал ұйымдарында түзілмеген инвестициялар | - | 12.917.000 |
Корпоративтік облигациялар | 1.000 | 9.548.000 |
Акционерлік капиталға түзілмеген инвестициялар | - | 1.799.000 |
Өзге үлестік бағалы қағаздар | 1.764.000 | 25.705.000 |
Өзге борыштық бағалы қағаздар | - | 890.000 |
Мыналарды қоса алғанда, өтеуге дейін ұсталатын қаржылық активтер | 39.916.000 | 90.246.000 |
Бірлескен кәсіпорынның қатысушысынан алуға вексель | 17.192.000 | 18.222.000 |
Қауымдасқан компанияның қатысушысынан алуға вексель | 22.412.000 | 20.722.000 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық міндеттемелері | - | 8.182.000 |
Корпоративтік облигациялар | 312.000 | 524.000 |
Қазақстандық қаржы мекемелерінің облигациялары | - | 42.596.000 |
Мыналарды қоса алғанда, туынды қаржылық құралдар | 46.427.000 | 50.278.000 |
Опциондар | 46.427.000 | 47.638.000 |
Валюталық своптар | - | 2.113.000 |
Өзге | - | 527.000 |
Қаржы активтерінің жиыны | 226.515.000 | 732.743.000 |
Минус: ағымдағы бөлігі | (92.686.000) | (267.809.000) |
Ұзақ мерзімді бөлігі | 133.829.000 | 464.934.000 |
2013 жылғы 31 желтоқсанда сату үшін қолда бар қаржылық активтер бойынша пайыздық ставка өтеуге дейін ұсталатын қаржылық активтер және сауда бағалы қағаздары 4,3%-дан 9,2%-ға дейін, 0,93%-дан 15%-ға дейін және тиісінше 3,6%-дан 11%-ға дейінгі (2012: 2,3%-дан 17,4%-ға дейін, 0,93%-дан 15%-ға дейін және тиісінше 3,6%-дан 11%-ға дейін) диапазонда болды).
Туынды қаржылық құралдарды қоспағанда, валюталар бөлінісіндегі өзге де қаржылық активтер мынадай түрде берілген:
Мың теңгемен | 2013 | 2012 |
Теңгемен көрсетілген қаржылық активтер | 40.526.000 | 231.523.000 |
АҚШ долларымен көрсетілген қаржылық активтер | 139.562.000 | 442.444.000 |
Өзге валюталармен көрсетілген қаржылық активтер | - | 8.498.000 |
180.088.000 | 682.465.000 |
Өзге қаржылық активтердің құнсыздануына арналған резервтегі өзгерістер мынадай түрде берілген:
Мың теңгемен | 2013 | 2012 |
1 қаңтарға арналған резерв | 8.003.000 | 8.157.000 |
(Қалпына келтірілгені)/есептелгені, нетто | (2.465.000) | 666.000 |
резерв есебінен шығарылғаны | (2.172.000) | (680.000) |
Тоқтатылған қызмет | - | (140.000) |
Есептілік валютасын қайта есептеу | (3.357.000) | - |
31 желтоқсанға арналған резерв | 9.000 | 8.003.000 |
Үлестік бағалы қағаздар (сату үшін қолда бар қаржылық активтер) – "Toshiba Nuclear Energy Holdings (US) Inc." және "Toshiba Nuclear Energy Holdings (UK) Ltd." акциялары
2007 жылы ҚАӨ ҰАК "Toshiba Nuclear Energy Investments US Inc."-тан 400.000 мың АҚШ долларына "Toshiba Nuclear Energy Holdings (US) Inc." (бұдан әрі "TNEH-US") компаниясының А класындағы 400 жай акциясын сатып алды. Бұдан басқа, ҚАӨ ҰАК 140.000 мың АҚШ долларына "Toshiba Nuclear Energy Holdings (UK) Ltd." (бұдан әрі "TNEH-UK") компаниясының А класының 140 жай акциясын "Toshiba Nuclear Energy Investments UK Ltd"-дан сатып алды. TNEH – US-тегі А класының 400 жай акциясын және TNEH-UK-тегі А класының 140 жай акциясын сатып алу нәтижесінде, ҚАӨ ҰАК көрсетілген компаниялардағы иелену үлесінің 10%-ын сатып алды. TNEH-US және TNEH-UK "Westinghouse Group"-тегі (бұдан әрі "Westinghouse") акциялардың 100%-ын иеленеді.
TNEH-US және TNEH-UK-тегі қатысу үлесін сатып алуға байланысты және сонымен бір мезгілде ҚАӨ ҰАК "пут" опционына (бұдан әрі "пут" опционы) келісімін жасады. Westinghouse жүргізетін сертификаттауға байланысты Компанияның "Үлбі металлургия зауыты" АҚ еншілес кәсіпорнында (ҚАӨ ҰАК еншілес ұйымы) отын құрастырылымдарын өндіру, "пут" опционы ҚАӨ ҰАК-ке опционды "Toshiba" корпорациясының өз акцияларын бірінші 67% акцияларын 540.000 мың АҚШ долларына тең сатып алудың бастапқы бағасының 100% үшін және қалған 33% акциялары үшін сатып алу бастапқы құнының 90% үшін сатуды ұсынады, соның нәтижесінде "пут" опционын орындау бағасы 522.180 мың АҚШ долларымен теңестіріледі. "Пут" опционының осы келісіміне толықтыруға 2012 жылдың аяғында ҚАӨ ҰАК және "Toshiba" корпорациясы келісімге қол қойып, осыған сәйкес ҚАӨ ҰАК 2018 жылдың 28 ақпанына дейін опционды пайдалануы мүмкін. 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ҚАӨ ҰАК "пут" опционын пайдаланған жоқ.
TNEH-US және TNEH-UK иелену үлесін сатып алуға байланысты және сонымен бір мезгілде, ҚАӨ ҰАК "колл" (бұдан әрі мәтін бойынша "колл" опционы) опционына келісім жасады. "Колл" опционы егер АҚШ-тың Шетелдік инвестициялар жөніндегі комитеті ҚАӨ ҰАК барынша стратегиялық әріптес болып табылмайтындығын ескерсе, "Toshiba" корпорациясына ҚАӨ ҰАК-ден оның TNEH-US және TNEH-UK-тегі акцияларын сатуды талап етуге құқылы. Бұл жағдайда ҚАӨ ҰАК акцияларының әділ құны тәуелсіз халықаралық бағалау компаниясымен айқындалатын болады. 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша "Toshiba" корпорациясы "колл" опционын пайдаланған жоқ.
Топ осы инвестицияларды сатуға арналған қолда бар ретінде жіктеді, өйткені Топтың ниеті мен қабілетін ұзақ мерзімді перспективадағы инвестицияларды ұстауды ең таңдаулы тәсіл деп көрсету. Инвестиции в TNEH-US және TNEH-UK-тегі инвестициялар өзіндік құн бойынша ескеріледі, өйткені олар жеке компанияның капиталы болып табылады, оның әділ құны дұрыс анықталмауы мүмкін.
2013 жылғы 31 желтоқсанда осы инвестициялардың теңгерімдік құны 66.005.000 мың теңгені құрады (2012: 66.005.000 мың теңге).
Үлестік бағалы қағаздар (сату үшін қолда бар қаржы активтері) – Kazakhmys PLC акциялары
2013 жылғы 6 маусымда Қор Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне оларды беру жолымен республикалық меншікке Қордың иелігінде бар Kazakhmys PLC (58.876.793 акция) жай акцияларының барлығын өтеусіз беруді жүзеге асырды. Беру күніндегі осы қаржылық активтердің әділ құны 44.069.000 мың теңгені құрады. 2012 жылғы 31 желтоқсанда Kazakhmys PLC үлестік бағалы қағаздары сату үшін қолда бар, өтелмеуі мүмкін, құнның елеулі түрде және жалғастырылатын төмендеуімен байланысты бастапқы құн шамасынан төмен болғанының объективті айғақтары бар. Осыған байланысты, Топ Kazakhmys PLC үлестік бағалы қағаздар бойынша сатылмаған шығынның өзге жиынтық кірісінің құрамынан 86.103.000 мың теңге мөлшеріндегі құнсыздану бойынша шығындарға қайта жіктелді. Құнсыздану бойынша шығындар Kazakhmys PLC-ның әділ құны және үлестік бағалы қағаздарының бастапқы құны арасындағы айырмашылық мөлшерінде танылды.
Үлестік бағалы қағаздар (сату үшін қолда бар қаржы активтері) – "Қазкоммерцбанк" АҚ акциялары
2013 жылғы 31 желтоқсанда "Қазкоммерцбанк" АҚ бағалы қағаздарының әділ құны 23.237.000 мың теңгені (2012: 24.828.000 мың теңге) құрады.
2012 жылғы 31 желтоқсанда "Қазкоммерцбанк" АҚ үлестік бағалы қағаздары сату үшін қолда бар, өтелмеуі мүмкін, құнның елеулі түрде және жалғастырылатын төмендеуімен байланысты бастапқы құн шамасынан төмен болғанының объективті айғақтары бар. Осыған байланысты, Топ "Қазкоммерцбанк" АҚ үлестік бағалы қағаздары бойынша сатылмаған шығынды өзге жиынтық кірісінің құрамынан құнсыздану бойынша шығындарға 60.745.000 мың теңге мөлшерінде қайта жіктеді. Құнсыздану бойынша шығындар "Қазкоммерцбанк" АҚ үлестік бағалы қағаздарының әділ құны және бастапқы құны арасындағы айырмашылық мөлшерінде танылды.
Үлестік бағалы қағаздарды сату (сату үшін қолда бар қаржы активтері) – "Қазақстанның халық банкі" АҚ акциялары
2012 жылғы 28 мамырда "АЛМЭКС" холдингілік тобы" АҚ және "Қазақстанның халық банкі" АҚ "Қазақстанның халық банкі" АҚ артықшылықты акцияларына қатысты опциялық келісім бойынша құқықтарға жол беру туралы келісім жасады.
Осы келісімге сәйкес, 2012 жылы 29 маусымда және 2012 жылы 5 шілдеде "Қазақстанның халық банкі" АҚ опционды орындауға арналған өз құқығын ішінара сатты және бір акциясы үшін 179,94 теңге және 180,21 теңге бағасы бойынша 150.000.000 және 40.000.000 өзінің артықшылықты акциясын сатып алуды жүзеге асырды. Сатудың жалпы құны 34.199.000 мың теңгені құрады.
"Қазақстанның халық банкі" АҚ артықшылықты акцияларын 27.057.000 және тиісінше 7.215.000 мың теңге мөлшерінде сату күніндегі әділ құнмен сатқаннан кейін Қор сату күнінде олардың әділ құны 2.770.000 және тиісінше 739.000 мың теңгені құрайтын артықшылықты акцияларды сатып алуға опцион бойынша тиісті міндеттемелерді тануды тоқтатты.
Сондай-ақ "Қазақстанның халық банкі" АҚ артықшылықты акциялары бойынша сату үшін қолда бар инвестицияларды қайта бағалау бойынша 1.394.000 мың теңге мөлшеріндегі сатылмаған кіріс кезең ішіндегі таза пайданы сату үшін қолда бар инвестицияларды қайта бағалау резервінен қайта жіктелді. Қаржылық активтердің шығуынан алынған таза кіріс жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есепте 4.830.000 мың теңге мөлшерінде көрсетілген.
2013 жылғы 31 желтоқсандағы Қордың иелігінде қалған бағалы қағаздардың әділ құны "Қазақстанның Халық Банкі" АҚ 1.025.000 мың теңгені (2012: 1.028.000 мың теңге) құрады.
Өзге қаржы активтері
31 желтоқсандағы өзге қаржы активтері мыналарды қамтыды:
Мың теңгемен | 2013 | 2012 (қайта есептелді) |
Клиенттерге қарыздар | 1.104.443.000 | 3.123.703.000 |
Кредит мекемелеріндегі қаражат | 1.574.564.000 | 1.410.202.000 |
Минус: құнсыздануға арналған резерв | (207.560.000) | (1.136.126.000) |
Өзге қаржы активтері, нетто | 2.471.447.000 | 3.397.779.000 |
Минус: қысқа мерзімді бөлігі | (1.541.688.000) | (1.741.768.000) |
Ұзақ мерзімді бөлігі | 929.759.000 | 1.656.011.000 |
31 желтоқсанда өзге қаржы активтері мыналарды қамтыды:
Мың теңгемен | 2013 | 2012 (қайта есептелді) |
Ірі кәсіпорындарға қарыздар | 719.762.000 | 2.049.953.000 |
Банктік депозиттер | 1.356.231.000 | 1.099.040.000 |
Жеке тұлғаларға қарыздар | 331.358.000 | 718.670.000 |
Кредиттік мекемелерге қарыздар | 218.333.000 | 311.162.000 |
Шағын және орта бизнеске кредит беру | 40.165.000 | 292.957.000 |
Қаржылық жалдауға таза инвестициялар | 9.041.000 | 56.888.000 |
Өзге қарыздар | 4.117.000 | 5.235.000 |
Өзге қаржы активтерінің жалпы сомасы | 2.679.007.000 | 4.533.905.000 |
Минус: құнсыздануға арналған резерв | (207.560.000) | (1.136.126.000) |
Өзге қаржы активтері, нетто | 2.471.447.000 | 3.397.779.000 |
Минус: қысқа мерзімді бөлігі | (1.541.688.000) | (1.741.768.000) |
Ұзақ мерзімді бөлігі | 929.759.000 | 1.656.011.000 |
31 желтоқсанда аяқталған жыл ішіндегі өзге қаржы активтері бойынша құнсыздануға арналған резервтегі қозғалыс былайша берілген:
Мың теңгемен | 2013 | 2012 |
1 қаңтарға арналған резерв | 1.136.126.000 | 1.325.379.000 |
Есептелгені, нетто | 105.476.000 | 13.948.000 |
Резерв есебінен қалпына келтірілгені/(есептен шығарылғаны), нетто | 235.504.000 | (231.551.000) |
Сатуға арналған ретінде жіктелген активтерге аударымдар | (1.166.530.000) | - |
Шетелдік валюталарды қайта есептеу | 33.952.000 | 28.350.000 |
Тоқтатылған операциялар | (136.968.000) | - |
31 желтоқсанға арналған резерв | 207.560.000 | 1.136.126.000 |
Кредит мекемселеріндегі қаражат
Мың теңгемен | 2013 | 2012 (қайта есептелді) |
ААА(Ааа)-дан АА-(Аа3)-ға дейін рейтингілер | - | 35.684.000 |
А+(А1)-дан А-(А3)-ға дейін рейтингілер | 258.099.000 | 137.860.000 |
ВВВ+(Ваа1)-дан ВВВ(Ваа2)-ға дейін рейтингілер | 125.132.000 | 125.928.000 |
ВВВ-(Ваа3)-дан ВВ-(Ва3)-ға дейін рейтингілер | 210.795.000 | 300.932.000 |
В+(В1)-ден В-(В3)-ге дейін рейтингілер | 973.206.000 | 592.773.000 |
ССС+(Саа1)-ден D(D)-ға дейін рейтингілер | 2.384.000 | - |
Рейтингі жоқ | 4.948.000 | 152.892.000 |
1.574.564.000 | 1.346.069.000 |
Мың теңгемен | 2013 | 2012 (қайта есептелді) |
10 ірі жергілікті кредит мекемесі | 997.137.000 | 913.505.000 |
Өзге жергілікті кредит мекемелері | 189.063.000 | 93.362.000 |
Халықаралық кредит мекемелері | 388.364.000 | 339.202.000 |
1.574.564.000 | 1.346.069.000 |
Мың теңгемен | 2013 | 2012 (қайта есептелді) |
Кредит мекемелерінде теңгемен көрсетілген қаражат | 884.287.000 | 790.109.000 |
Кредит мекемелерінде АҚШ долларымен көрсетілген қаражат | 689.287.000 | 549.874.000 |
Кредит мекемелерінде өзге валюталарда көрсетілген қаражат | 990.000 | 6.086.000 |
1.574.564.000 | 1.346.069.000 |
2013 жылғы 31 желтоқсанда кредит мекемелеріндегі қаражат 38.217.000 мың теңге сомадағы ақша қаражатын қамтыды, олар Топтың кейбір қарыздары бойынша қамтамасыз ету ретінде салынды (2012: 4.982.000 мың теңге).
2013 жылғы 31 желтоқсанда кредит мекемелеріндегі қаражат бойынша орташа өлшенген пайыздық ставка 4,68% (2012: 4,86%) құрады.
Клиенттерге қаражат
Келесі кестелерде 31 желтоқсандағы несиелік қоржынның кредиттік сапасы туралы ақпарат берілген:
Мың теңгемен | 2013 | 2012 |
Құнсыздану белгілері анықталмаған қарыздар | ||
Стандарттық қарыздар | 822.028.000 | 1.467.523.000 |
Минус: құнсыздануға арналған резерв | (25.141.000) | (51.004.000) |
Құнсыздануға арналған резервті шегергендегі стандарттық қарыздар | 796.887.000 | 1.416.519.000 |
Құнсызданған қарыздар | ||
Жеке құнсызданған қарыздар | 199.832.000 | 1.441.378.000 |
Минус: құнсыздануға арналған резерв | (162.793.000) | (987.461.000) |
Құнсыздануға арналған резервті шегергендегі жеке құнсызданған қарыздар | 37.039.000 | 453.917.000 |
Мерзімі өткен қарыздар | ||
- кемінде 90 күнге мерзімі кешіктірілген | 35.384.000 | 34.010.000 |
- 90 күннен асатын және кемінде 1 жылға мерзімі кешіктірілген | 26.242.000 | 56.208.000 |
- 1 жылдан асатын мерзімі кешіктірілген | 20.958.000 | 124.584.000 |
Минус: құнсыздануға арналған резерв | (19.627.000) | (33.528.000) |
Құнсыздануға арналған резервті шегергендегі мерзімі өткен қарыздар | 62.957.000 | 181.274.000 |
Құнсызданған қарыздардың жиыны | 99.996.000 | 635.191.000 |
Қарыздардың жиыны, нетто | 896.883.000 | 2.051.710.000 |
31 желтоқсанда қаржылық жалдау бойынша таза инвестициялардың құрамдауыштары келесі түрде берілген:
Мың теңгемен | 2013 | 2012 |
Бір жылдың ішінде | 1.653.000 | 37.551.000 |
Бір жылдан астам, бірақ бес жылдан аспайтын | 6.611.000 | 23.662.000 |
Бес жылдан жоғары | 11.291.000 | 14.164.000 |
Ең төменгі жалдау төлемдері | 19.555.000 | 75.377.000 |
Минус: табыс таппаған қаржылық кіріс | (10.514.000) | (18.489.000) |
Минус: құнсыздануға арналған резерв | - | (16.104.000) |
Қаржылық жалға алудағы таза инвестициялар | 9.041.000 | 40.784.000 |
Kazakhmys Finance Plc
2013 жылы Топ Kazakhmys Finance Plc-ке 12 жыл өтеу мерзімімен 200 миллион АҚШ доллары (2013 жылғы 31 желтоқсандағы бағам бойынша 30.812.000 мың теңгеге барабар) мөлшерінде (2012: 1.200 миллион АҚШ доллары, 2012 жылғы 31 желтоқсандағы бағам бойынша 180.888. 000 мың теңгеге барабар) қарыз берді. Қарыздар бойынша жылдық пайыздық ставка ЛИБОР алты айлық ставкасына және 4,80% мөлшеріндегі маржа тең базалық ставкадан тұрады. Осы қарыз Жомарт мыс кен орнын өндіру үшін берілді. Осы қарызды қаржыландыру Қытайдың Мемлекеттік Даму банкінің кредиттік желісі шеңберінде алынған қаражаттан жүзеге асырылды.
Сауда және өзге дебиторлық берешек және өзге қысқа мерзімді активтер
31 желтоқсанда сауда және өзге дебиторлық берешек және қысқа мерзімді активтер мыналарды қамтыды:
Мың теңгемен | 2013 | 2012 (қайта есептелді) |
Сауда және өзге дебиторлық берешек | 437.027.000 | 419.103.000 |
Төленген аванстар және болашақ кезең шығыстары | 54.901.000 | 102.443.000 |
Өтелетін ҚҚС | 248.792.000 | 193.950.000 |
Акционердің пайдасына арналған актив | 70.627.000 | 76.720.000 |
Алуға дивидендтер | 21.319.000 | 34.635.000 |
Салықтар бойынша өзге алдын ала төлем | 22.348.000 | 23.690.000 |
Қызметкерлердің берешегі | 5.107.000 | 5.038.000 |
Пайдалануға шектелген ақша қаражаты | 11.991.000 | 15.955.000 |
Өзге | 17.515.000 | 27.359.000 |
Минус: құнсыздануға арналған резерв және күмәнді берешек бойынша резерв | (68.746.000) | (64.416.000) |
820.881.000 | 834.477.000 |
2013 жылғы 31 желтоқсанда Топтың 91.914.000 мың теңге мөлшеріндегі дебиторлық берешегі қарыз шарттары бойынша қамтамасыз ету ретінде салынды (2012: 91.460.000 мың теңге).
Күмәнді сауда дебиторлық берешек бойынша резервтегі өзгерістер және құнсыздануға арналған резервтегі өзге ағымдағы активтер мынадай түрде берілген:
Мың теңгемен | 2013 | 2012 (қайта есептелді) |
1 қаңтарға арналған резерв | 64.416.000 | 59.049.000 |
Есептелгені, нетто | 8.362.000 | 9.727.000 |
Шетелдік валюталарды қайта есептеу | 1.455.000 | 692.000 |
Резерв есебінен қалпына келтірілгені/(есептен шығарылғаны) | 14.917.000 | (2.512.000) |
Сатуға арналған ретінде жіктелген активтерге аударымдар | (18.822.000) | (763.000) |
Еншілес ұйымның үстінен бақылауды жоғалту | (1.416.000) | (6.000) |
Бағалаудағы өзгеріс | (212.000) | (1.771.000) |
Кәсіпорындарды біріктіру кезіндегі түсімдер | 46.000 | - |
31 желтоқсанға арналған резерв | 68.746.000 | 64.416.000 |
31 желтоқсанда мерзімдер бөлінісінде сауда дебиторлық берешекті талдау мынадай түрде берілген:
Мың теңгемен | Жиыны | Мерзімі өтпеген және құнсызданбаған | Мерзімі өткен, бірақ құнсызданбаған | ||||
<30 күн | 30-60 күн | 60-90 күн | 90-120 күн | >120 күн | |||
2013 | 361.069.000 | 308.406.000 | 22.816.000 | 15.282.000 | 3.915.000 | 1.974.000 | 8.676.000 |
2012 | 342.352.000 | 297.108.000 | 19.528.000 | 15.999.000 | 3.109.000 | 1.586.000 | 5.022.000 |
2013 жылғы 31 желтоқсанда Топтың дебиторлық берешегі бойынша 7.683.000 мың теңге сыйыақы есептелді (2012: нөл).
Қорлар
31 желтоқсанда қорлар мынаны қамтыды:
Мың теңгемен | 2013 | 2012 (қайта есептелді) |
Сату үшін мұнайды қайта өңдеу өнімі | 66.162.000 | 64.654.000 |
Шикі мұнай | 49.514.000 | 50.717.000 |
Аяқталмаған өндіріс | 37.832.000 | 41.085.000 |
Өндірістік материалдар және қорлар | 34.627.000 | 29.568.000 |
Уран өнімі | 27.575.000 | 29.860.000 |
Қайта сатуға арналған тауарлар | 18.859.000 | 34.448.000 |
Отын | 15.992.000 | 15.677.000 |
Мұнай-газ саласының материалдары мен қорлары | 15.884.000 | 17.896.000 |
Теміржол саласының материалдары мен қорлары | 14.457.000 | 14.523.000 |
Меншік құқығында кепілді қамтамасыз ету | 9.351.000 | 61.736.000 |
Газды қайта өңдеу өнімдері | 8.213.000 | 12.865.000 |
Авиациялық қор бөлімдері | 5.364.000 | 3.507.000 |
Телекоммуникациялық жабдықтар үшін қосалқы бөліктері | 2.636.000 | 2.837.000 |
Уран саласының материалдары мен қорлары | 2.049.000 | 1.488.000 |
Электр энергиясын беру бойынша жабдықтарға арналған босалқы бөлшектер | 1.693.000 | 3.238.000 |
Өзге материалдар мен қорлар | 56.522.000 | 46.037.000 |
Минус: сатудың таза құны бойынша резерв | (20.430.000) | (20.628.000) |
346.300.000 | 409.508.000 |
Үлестік қатысу әдісімен есептелген инвестициялар
31 желтоқсанда үлестік қатысу әдісімен есептелген инвестициялар мынадай түрде берілген:
Мың теңгемен | Негізгі қызмет | Қызметті жүзеге асыру орны | 2013 | 2012 | ||
Теңгерімдік құны | Иелену үлесі | Теңгерімдік құны | Иелену үлесі | |||
Бірлескен кәсіпорындар: | ||||||
"ТеңізшеврОйл" ЖШС | Мұнай мен газды дайындау және өндіру | Қазақстан | 311.881.000 | 20,00% | 264.699.000 | 20,00% |
Маңғыстау Инвестментс Б.В. | Мұнай мен газды дайындау және өндіру | Нидерланды | 185.003.000 | 50,00% | 176.949.000 | 50,00% |
"Екібастұз МАЭС-1" ЖШС ("ЕМАЭС-1") | Электр энергиясын өндіру | Қазақстан | 153.122.000 | 50,00% | 136.845.000 | 50,00% |
"Қазақойл- Ақтөбе" ЖШС | Мұнай мен газды дайындау және өндіру | Қазақстан | 83.800.000 | 50,00% | 72.086.000 | 50,00% |
"Бейнеу-Шымкент" газ құбыры" ЖШС | Бейнеу-Шымкент газ құбырын салу және пайдалану | Қазақстан | 70.269.000 | 50,00% | 71.960.000 | 50,00% |
"ҚазГерМұнай БК" ЖШС | Мұнай мен газды дайындау және өндіру | Қазақстан | 69.047.000 | 50,00% | 55.316.000 | 50,00% |
"ҚазРесГаз" ЖШС | Табиғи газды және мұнайды қайта өңдеу өнімдерін қайта өңдеу және сату | Қазақстан | 46.082.000 | 50,00% | 63.424.000 | 50,00% |
Екібастұз МАЭС-2" АҚ ("ЕМАЭС-2") | Электр энергиясын өндіру | Қазақстан | 38.662.000 | 50,00% | 29.646.000 | 50,00% |
Forum Muider B. V. компаниясы | Электр энергиясын өндіру | Қазақстан | 28.344.000 | 50,00% | 29.838.000 | 50,00% |
"Kazakhstan Petrochemical Industries Inc." ЖШС | Бірінші интеграцияланған газ-химия кешенін салу | Қазақстан | 28.057.000 | 51,00% | 17.444.000 | 51,00% |
Өзге | 196.861.000 | 121.208.000 | ||||
Бірлескен кәсіпорындар жиыны | 1.211.128.000 | 1.039.415.000 |
Мың теңгемен | Негізгі қызмет | Қызметті жүзеге асыру орны | 2013 | 2012 | ||
Теңгерімдік құны | Иелену үлесі | Теңгерімдік құны | Иелену үлесі | |||
Қауымдасқан компаниялар: | ||||||
"Қазцинк" ЖШС (5-ескертпе) | Рудаларды өндіру және байыту, аффиниирленген металдар алу | Қазақстан | 199.877.000 | 29,82% | - | - |
Sekerbank T.A.S. | Банктік қызмет | Түркия | 88.498.000 | 33,69% | 86.116.000 | 33,88% |
"ПетроҚазақстан Инк." ("ПҚИ") | Мұнай мен газды барлау, өндіру және қайта өңдеу | Қазақстан | 86.391.000 | 33,00% | 80.909.000 | 33,00% |
"КАТКО БК" ЖШС | Уранды барлау, дайындау, өндіру және қайта өңдеу | Қазақстан | 42.757.000 | 49,00% | 38.262.000 | 49,00% |
Өзге | 88.598.000 | 106.342.000 | ||||
Қауымдасқан компаниялардың жиыны | 506.121.000 | 311.629.000 | ||||
1.717.249.000 | 1.351.044.000 |
Төменде 2013 жыл ішіндегі осы кәсіпорындардың қаржылық есептілігіне негізделген маңызды бірлескен кәсіпорындар туралы қорытынды қаржылық ақпарат берілген:
Мың теңгемен | "ТеңізшеврОйл" ЖШС | Маңғыстау Инвестментс Б.В. | "Екібастұз МАЭС-1" ЖШС ("ЕМАЭС-1") | "ҚазақойлАқтөбе" ЖШС | "Бейнеу-Шымкент" газ құбыры" ЖШС | ҚазГер Мұнай" БК" ЖШС |
Бірлескен кәсіпорындар: | ||||||
Ұзақ мерзімді активтер | 2.046.774.000 | 402.934.000 | 323.752.000 | 150.324.000 | 297.419.000 | 175.436.000 |
Мыналарды қоса алғанда, ағымдағы активтер | 541.783.000 | 80.288.000 | 17.488.000 | 43.072.000 | 11.625.000 | 84.923.000 |
Ақша қаражаты және олардың баламалары | 69.983.000 | 11.034.000 | 4.288.000 | 2.479.000 | 10.422.000 | 27.801.000 |
Мыналарды қоса алғандағы ұзақ мерзімді міндеттемелер | 582.356.000 | 50.569.000 | 22.556.000 | 7.609.000 | 139.882.000 | 45.421.000 |
Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер | - | - | 9.987.000 | 392.000 | 138.737.000 | - |
Мыналарды қоса алғандағы ағымдағы міндеттемелер | 446.796.000 | 62.647.000 | 12.440.000 | 18.187.000 | 28.624.000 | 76.844.000 |
Ағымдағы қаржылық міндеттемелер | 97.841.000 | - | 600.000 | 1.529.000 | - | - |
Капитал | 1.559.405.000 | 370.006.000 | 306.244.000 | 167.600.000 | 140.538.000 | 138.094.000 |
Иелену үлесі | 20,00% | 50,00% | 50,00% | 50,00% | 50,00% | 50,00% |
Шығындарда жинақталған танылмаған үлес | - | - | - | - | - | - |
2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша инвестициялардың ағымдағы құны | 311.881.000 | 185.003.000 | 153.122.000 | 83.800.000 | 70.269.000 | 69.047.000 |
Түсім | 3.839.623.000 | 643.603.000 | 82.338.000 | 127.263.000 | - | 372.392.000 |
Тозу және амортизация | (161.496.000) | (21.179.000) | (2.577.000) | (18.939.000) | (38.000) | (10.146.000) |
Қаржылық кіріс | 1.287.000 | 154.000 | 13.000 | 524.000 | - | 589.000 |
Қаржылық шығындар | (26.776.000) | (4.763.000) | (1.200.000) | (841.000) | (333.000) | (604.000) |
Табыс салығы бойынша шығыстар | (633.970.000) | (36.029.000) | (8.227.000) | (3.218.000) | - | (75.103.000) |
Жалғастырылатын қызметтен жыл ішіндегі пайда/(шығын | 1.479.538.000 | 113.038.000 | 32.554.000 | 23.429.000 | (3.381.000) | 86.432.000 |
Тоқтатылған қызметтен салық салғаннан кейінгі пайда | - | - | - | - | - | - |
Өзге жиынтық кіріс | 27.499.000 | 250.000 | - | - | - | 2.172.000 |
Жалпы жиынтық кіріс/(шығын) | 1.507.037.000 | 113.288.000 | 32.554.000 | 23.429.000 | (3.381.000) | 88.604.000 |
Шығындарда танылмаған үлес | - | - | - | - | - | - |
Алынған дивидендтер | 254.226.000 | 48.590.000 | - | - | - | 30.570.000 |
Мың теңгемен | "ҚазРесГаз" ЖШС | "Екібастұз МАЭС-2" АҚ ("ЕМАЭС-2") | Forum Muider B. V компаниясы | "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc." ЖШС |
Ұзақ мерзімді активтер | 3.853.000 | 132.584.000 | 42.152.000 | 37.398.000 |
Мыналарды қоса алғандағы ағымдағы активтер | 96.391.000 | 11.063.000 | 39.702.000 | 33.301.000 |
Ақша қаражаты және олардың баламалары | 68.529.000 | 1.424.000 | 537.000 | 22.903.000 |
Мыналарды қоса алғандағы ұзақ мерзімді міндеттемелер | 190.000 | 9.421.000 | 13.185.000 | 14.495.000 |
Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер | - | 3.704.000 | 7.873.000 | - |
Мыналарды қоса алғандағы ағымдағы міндеттемелер | 7.890.000 | 56.902.000 | 11.981.000 | 1.189.000 |
Ағымдағы қаржылық міндеттемелер | - | 54.277.000 | 4.827.000 | - |
Капитал | 92.164.000 | 77.324.000 | 56.688.000 | 55.015.000 |
Иелену үлесі | 50,00% | 50,00% | 50,00% | 51,00% |
Шығындарда жинақталған танылмаған үлес | - | - | - | - |
2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша инвестициялардың ағымдағы құны | 46.082.000 | 38.662.000 | 28.344.000 | 28.057.000 |
Түсім | 140.829.000 | 43.379.000 | 96.331.000 | - |
Тозу және амортизация | (369.000) | (2.175.000) | (9.483.000) | (17.000) |
Қаржылық кіріс | 2.895.000 | 2.000 | 1.698.000 | - |
Қаржылық шығындар | - | (395.000) | (1.781.000) | (45.000) |
Табыс салығы бойынша шығыстар | (14.919.000) | (4.882.000) | (3.522.000) | - |
Жалғастырылатын қызметтен жыл ішіндегі пайда/(шығын) | 44.670.000 | 18.031.000 | 9.670.000 | (273.000) |
Тоқтатылған қызметтен салық салғаннан кейінгі пайда | - | - | - | - |
Өзге жиынтық кіріс | 2.427.000 | - | - | - |
Жалпы жиынтық кіріс/(шығын) | 47.097.000 | 18.031.000 | 9.670.000 | (273.000) |
Шығындарда танылмаған үлес | - | - | - | - |
Алынған дивидендтер | 40.891.000 | - | 6.328.000 | - |
Төменде 2012 жыл ішіндегі осы кәсіпорындардың қаржылық есептілігіне негізделген маңызды бірлескен кәсіпорындар туралы қорытынды қаржылық ақпарат берілген:
Мың теңгемен | "ТеңізшеврОйл" ЖШС | Маңғыстау Инвестментс Б.В. | "Екібастұз-МАЭС-1" ЖШС ("ЕМАЭС-1") | "Қазақойл-Ақтөбе" ЖШС | "Бейнеу-Шымкент" газ құбыры" ЖШС | "ҚазГерМұнай" БК" ЖШС |
Бірлескен кәсіпорындар: | ||||||
Ұзақ мерзімді активтер | 1.901.162.000 | 385.919.000 | 280.831.000 | 163.973.000 | 204.172.000 | 184.117.000 |
Мыналарды қоса алғандағы ағымдағы активтер | 487.082.000 | 144.994.000 | 20.299.000 | 21.707.000 | 5.982.000 | 62.180.000 |
Ақша қаражаты және олардың баламалары | 45.882.000 | 57.386.000 | 11.406.000 | 1.862.000 | 5.949.000 | 40.021.000 |
Мыналарды қоса алғандағы ұзақ мерзімді міндеттемелер | 688.777.000 | 133.098.000 | 20.568.000 | 7.689.000 | - | 59.793.000 |
Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер | 95.268.000 | 83.996.000 | 9.976.000 | 731.000 | - | - |
Мыналарды қоса алғандағы ағымдағы міндеттемелер | 375.972.000 | 43.917.000 | 6.872.000 | 33.819.000 | 66.234.000 | 75.872.000 |
Ағымдағы қаржылық міндеттемелер | 96.151.000 | - | 600.000 | 5.134.000 | 19.500.000 | - |
Капитал | 1.323.495.000 | 353.898.000 | 273.690.000 | 144.172.000 | 143.920.000 | 110.632.000 |
Иелену үлесі | 20,00% | 50,00% | 50,00% | 50,00% | 50,00% | 50,00% |
Шығындарда жинақталған танылмаған үлес | - | - | - | - | - | - |
2012 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша инвестициялардың ағымдағы құны | 264.699.000 | 176.949.000 | 136.845.000 | 72.086.000 | 71.960.000 | 55.316.000 |
Түсім | 3.442.771.000 | 636.259.000 | 86.453.000 | 134.919.000 | - | 344.477.000 |
Тозу және амортизация | (129.583.000) | (25.109.000) | (8.016.000) | (17.188.000) | (38.000) | (11.640.000) |
Қаржылық кіріс | 962.000 | 306.000 | 263.000 | 213.000 | 25.000 | 178.000 |
Қаржылық шығындар | (32.428.000) | (9.680.000) | (210.000) | (1.389.000) | - | (507.000) |
Табыс салығы бойынша шығыстар | (573.919.000) | (54.520.000) | (10.161.000) | (10.559.000) | (65.000) | (75.765.000) |
Жалғастырылатын қызметтен жыл ішіндегі пайда/(шығын) | 1.339.145.000 | 129.271.000 | 39.595.000 | 22.640.000 | (523.000) | 76.716.000 |
Тоқтатылған қызметтен салық салғаннан кейінгі пайда | - | - | - | - | - | - |
Өзге жиынтық кіріс | 19.974.000 | - | - | - | - | 600.000 |
Жалпы жиынтық кіріс/(шығын) | 1.359.119.000 | 129.271.000 | 39.595.000 | 22.640.000 | (523.000) | 77.316.000 |
Шығындарда танылмаған үлес | - | - | - | - | - | - |
Алынған дивидендтер | 243.858.000 | - | 3.990.000 | - | - | 67.170.000 |
Мың теңгемен | "ҚазРесГаз" ЖШС | "Екібастұзы МАЭС-2" АҚ ("ЕМАЭС-2") | Forum Muider B. V компаниясы | "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc." ЖШС |
Ұзақ мерзімді активтер | 3.949.000 | 106.108.000 | 70.424.000 | 33.045.000 |
Мыналарды қоса алғандағы ағымдағы активтер | 135.513.000 | 7.852.000 | 13.425.000 | 19.012.000 |
Ақша қаражаты және олардың баламалары | 70.011.000 | 1.781.000 | 226.000 | 5.403.000 |
Мыналарды қоса алғандағы ұзақ мерзімді міндеттемелер | 71.000 | 52.233.000 | 11.977.000 | 13.611.000 |
Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер | - | 46.926.000 | 7.019.000 | - |
Мыналарды қоса алғандағы ағымдағы міндеттемелер | 12.543.000 | 2.435.000 | 12.196.000 | 4.243.000 |
Ағымдағы қаржылық міндеттемелер | - | 1.243.000 | 4.187.000 | - |
Капитал | 126.848.000 | 59.292.000 | 59.676.000 | 34.203.000 |
Иелену үлесі | 50,00% | 50,00% | 50,00% | 51,00% |
Шығындарда жинақталған танылмаған үлес | - | - | - | - |
2012 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша инвестициялардың ағымдағы құны | 63.424.000 | 29.646.000 | 29.838.000 | 17.444.000 |
Түсім | 220.998.000 | 36.194.000 | 82.027.000 | - |
Тозу және амортизация | (363.000) | (2.175.000) | (6.089.000) | (10.000) |
Қаржылық кіріс | 2.621.000 | 6.000 | 1.000 | - |
Қаржылық шығындар | - | (2.196.000) | (625.000) | - |
Табыс салығы бойынша шығыстар | (21.929.000) | (3.263.000) | (2.764.000) | - |
Жалғастырылатын қызметтен жыл ішіндегі пайда/(шығын) | 81.782.000 | 11.759.000 | 8.504.000 | (780.000) |
Тоқтатылған қызметтен салық салғаннан кейінгі пайда | - | - | - | - |
Өзге жиынтық кіріс | 2.182.000 | - | - | - |
Жалпы жиынтық кіріс/(шығын) | 83.964.000 | 11.759.000 | 8.504.000 | (780.000) |
Шығындарда танылмаған үлес | - | - | - | - |
Алынған дивидендтер | 142.996.000 | - | 6.095.000 | - |
Төменде 2013 жыл ішіндегі осы кәсіпорындардың қаржылық есептілігіне негізделген маңызды қауымдасқан компаниялар туралы қорытынды қаржылық ақпарат берілген:
Мың теңгемен | "Қазцинк" ЖШС | Sekerbank T.A.S. | ПетроҚазақстан Инк. ("ПҚИ") | "КАТКО БК" ЖШС |
Қауымдасқан компаниялар | ||||
Ұзақ мерзімді активтер | 713.496.000 | 864.412.000 | 418.059.000 | 70.990.000 |
Ағымдағы активтер | 166.036.000 | 684.917.000 | 48.107.000 | 34.582.000 |
Ұзақ мерзімді міндеттемелер | 110.555.000 | 287.726.000 | 117.548.000 | 8.168.000 |
Ағымдағы міндеттемелер | 61.553.000 | 966.432.000 | 86.826.000 | 10.284.000 |
Капитал | 707.424.000 | 295.171.000 | 261.792.000 | 87.120.000 |
Иелену үлесі | 29,82% | 33,69% | 33,00% | 49,00% |
Шығындарда жинақталған танылмаған үлес | - | - | - | - |
Гудвилл | 49.292.000 | - | - | 68.000 |
Құнсыздану | (60.369.000) | (10.945.000) | - | - |
2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша инвестициялардың ағымдағы құны | 199.877.000 | 88.498.000 | 86.391.000 | 42.757.000 |
Түсім | 356.465.000 | 103.828 | 295.928.000 | 71.469.000 |
Жалғастырылатын қызметтен жыл ішіндегі пайда | 21.341.000 | 18.694.000 | 71.959.000 | 21.100.000 |
Тоқтатылған қызметтен салық салғаннан кейінгі пайда | - | - | - | - |
Өзге жиынтық кіріс | 6.553.000 | 151.000 | 4.581.000 | 409.000 |
Жалпы жиынтық кіріс | 27.894.000 | 18.845.000 | 76.540.000 | 21.509.000 |
Шығындарда танылмаған үлес | - | - | - | - |
Алынған дивидендтер | - | - | 35.334.000 | 6.044.000 |
Төменде 2012 жыл ішіндегі осы кәсіпорындардың қаржылық есептілігіне негізделген маңызды қауымдасқан компаниялар туралы қорытынды қаржылық ақпарат берілген:
Мың теңгемен | "Қазцинк" ЖШС | Sekerbank T.A.S. | ПетроҚазақстан Инк. ("ПҚИ") | "КАТКО БК" ЖШС |
Қауымдасқан компаниялар | ||||
Ұзақ мерзімді активтер | - | 728.622.000 | 411.210.000 | 65.701.000 |
Ағымдағы активтер | - | 660.719.000 | 10.692.000 | 40.144.000 |
Ұзақ мерзімді міндеттемелер | - | 242.805.000 | 105.261.000 | 5.808.000 |
Ағымдағы міндеттемелер | - | 871.761.000 | 71.462.000 | 22.091.000 |
Капитал | - | 274.775.000 | 245.179.000 | 77.946.000 |
Иелену үлесі | - | 33,88% | 33,00% | 49,00% |
Шығындарда жинақталған танылмаған үлес | - | - | - | - |
Гудвилл | - | - | - | - |
Құнсыздану | - | (6.978.000) | - | 68.000 |
2012 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша инвестициялардың ағымдағы құны | - | 86.116.000 | 80.909.000 | 38.262.000 |
Түсім | - | 101.120.000 | 320.681.000 | 47.859.000 |
Жалғастырылатын қызметтен жыл ішіндегі пайда | - | 19.359.000 | 104.740.000 | 19.302.000 |
Тоқтатылған қызметтен салық салғаннан кейінгі пайда | - | - | - | - |
Өзге жиынтық кіріс | - | 10.093.000 | 5.793.000 | (409.000) |
Жалпы жиынтық кіріс | - | 29.452.000 | 110.533.000 | 18.893.000 |
Шығындарда танылмаған үлес | - | - | - | - |
Алынған дивидендтер | - | - | 49.800.000 | - |
Sekerbank T.A.S. қоспағанда, барлық жоғарыда санамаланған бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялар Топтың бизнесі үшін стратегиялық болып табылады.
Маңызды бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялар үшін белсенді нарығы жоқ, сондықтан Топ осы инвестициялардың әділ құны туралы ақпаратты ашып көрсетпейді.
Төменде жеке маңызды емес бірлескен кәсіпорындар туралы қорытынды қаржылық ақпарат (Топтың қатысу үлесіне пропорционал) берілген:
Мың теңгемен | 2013 | 2012 |
31 желтоқсандағы жағдай бойынша инвестициялардың ағымдағы құны | 196.861.000 | 121.208.000 |
Жалғастырылатын қызметтен жыл ішіндегі пайда | 36.909.000 | 26.672.000 |
Тоқтатылған қызметтен салық салғаннан кейінгі пайда | – | – |
Өзге жиынтық кіріс | 941.000 | 14.000 |
Жалпы жиынтық кіріс | 37.850.000 | 26.686.000 |
Төменде жеке маңызды емес қауымдасқан компаниялар туралы қорытынды қаржылық ақпарат (Топтың қатысу үлесіне пропорционал) берілді:
Мың теңгемен | 2013 | 2012 |
31 желтоқсандағы жағдай бойынша инвестициялардың ағымдағы құны | 88.598.000 | 106.342.000 |
Жалғастырылатын қызметтен жыл ішіндегі пайда | 788.000 | 9.279.000 |
Тоқтатылған қызметтен салық салғаннан кейінгі пайда | – | – |
Өзге жиынтық кіріс | 890.000 | 566.000 |
Жалпы жиынтық кіріс | 1.678.000 | 9.845.000 |
2013 және 2012 жылдардағы бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың инвестицияларындағы өзгерістер былай берілген:
Мың теңгемен | 2013 | 2012 (қайта есептелді) |
1 қаңтарға арналған сальдо | 1.351.044.000 | 1.294.982.000 |
Қауымдасқан компаниялар мен бірлескен кәсіпорындардың кірісіндегі үлесі, нетто | 542.434.000 | 538.835.000 |
Алынған дивидендтер | (438.759.000) | (556.217.000) |
Алуға дивидендтерге өзгеріс | 14.116.000 | 10.000 |
Сатып алу | 315.931.000 | 46.171.000 |
Істен шығулар | (2.274.000) | (30.000) |
Сатуға арналған ретінде жіктелетін активтерге аударымдар (6-ескертпе) | (16.061.000) | (256.000) |
Өзге жиынтық кіріс | 15.548.000 | 11.097.000 |
Қаржылық активтерден аударымдар | 855.000 | (11.000) |
(Құнсыздану)/құнсыздануды қалпына келтіру | (70.712.000) | 16.463.000 |
Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың капиталындағы басқа да өзгерістер | 5.127.000 | - |
31 желтоқсанға арналған сальдо | 1.717.249.000 | 1.351.044.000 |
2013 жылы Топ "Қазцинк" ЖШС қауымдасқан компаниясына инвестициялардың құнсыздануынан 60.369.000 мың теңге мөлшеріндегі шығынды таныды. Осы инвестицияның өтелетін құны болашақ ақша ағындарын дисконттау жолымен оны пайдалану құндылығы негізінде анықталды.
2013 жылғы 31 желтоқсанда бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың танылмаған жинақталған шығындарындағы Топтың үлесі 24.823.000 мың теңгені (2012: 33.509.000 мың теңгені) құрады.
Негізгі құралдар
Мың теңгемен | Мұнай-газ активтері | Барлау және бағалау бойынша активтер | МӨЗ құбырлары мен активтері | Ғимараттар мен құрылыстар | Теміржол жолдары және инфрақұрылым | Машиналар, жабдық және көлік құралдары | Тау-кен активтері | Өзге | Аяқталмаған құрылыс | |
2012 жылғы 1 қаңтардағы қалдық құны (қайта есептелгені) | 1.524.394.000 | 653.572.000 | 477.387.000 | 496.132.000 | 1.251.310.000 | 35.085.000 | 59.729.000 | 410.823.000 | 4.908.432.000 | |
Шетелдік валюталарды қайта есептеу | 40.839.000 | 4.892.000 | 1.649.000 | - | 740.000 | - | 56.000 | (737.000) | 47.439.000 | |
Түсімдер | 121.826.000 | 59.891.000 | 9.711.000 | 219.000 | 350.270.000 | 10.674.000 | 9.379.000 | 595.615.000 | 1.157.585.000 | |
ҚПО-дағы қатысу үлесін сатып алу (5-ескертпе) | 293.400.000 | - | - | - | 55.000 | - | 51.000 | - | 293.506.000 | |
Істен шығулар | (12.084.000) | (2.311.000) | (7.813.000) | (2.059.000) | (16.474.000) | (22.000) | (4.734.000) | (14.901.000) | (60.398.000) | |
Тоқтатылған қызмет | - | - | (14.244.000) | - | (5.551.000) | - | (256.000) | (832.000) | (20.883.000) | |
Тозу бойынша шығыстар | (48.809.000) | (49.325.000) | (27.036.000) | (19.706.000) | (144.936.000) | (9.943.000) | (15.670.000) | - | (315.425.000) | |
Тозу және істен шығулар бойынша құнсыздану | 6.155.000 | 1.543.000 | 3.572.000 | 1.915.000 | 13.783.000 | 22.000 | 3.741.000 | - | 30.731.000 | |
Түзетпе жасауды шегергендегі құнсыздануға арналған резерв | (68.525.000) | 187.000 | (4.489.000) | (62.000) | (4.972.000) | - | (675.000) | (7.173.000) | (85.709.000) | |
Еншілес ұйымның үстінен бақылауды жоғалту | - | - | - | - | (7.000) | - | - | - | (7.000) | |
Сатуға арналған активтерге аударымдар | (81.000) | (288.000) | (990.000) | (533.000) | (861.000) | - | (281.000) | (5.357.000) | (8.391.000) | |
Қорлардан/(ға) аударымдар, нетто | - | - | (851.000) | (5.252.000) | 21.450.000 | - | 664.000 | (2.311.000) | 13.700.000 | |
Материалдық емес активтер –ден/ге аударымдар | (770.000) | - | - | - | (65.000) | - | (61.000) | (6.417.000) | (7.313.000) | |
Барлау және бағалау активтерінен аударымдар | 2.770.000 | - | - | - | - | 358.000 | - | - | 3.128.000 | |
Өзге де аударымдар және қайта топтасулар | 76.740.000 | 85.643.000 | 93.736.000 | 104.519.000 | 157.232.000 | 788.000 | 6.010.000 | (524.668.000) | - | |
2012 жылғы 31 желтоқсандағы қалдық құны (қайта есептелді) | 1.935.855.000 | 753.804.000 | 530.632.000 | 575.173.000 | 1.621.974.000 | 36.962.000 | 57.953.000 | 444.042.000 | 5.956.395.000 |
Мың теңгемен | Мұнай-газ активтері | Барлау және бағалау бойынша активтер | МӨЗ құбырлары мен активтері | Ғимараттар мен құрылыс-тар | Теміржол жолдары және инфрақұрылым | Машиналар, жабдық және көлік құралдары | Тау-кен активтері | Өзге | Аяқталмаған құрылыс |
2013 жылғы 1 қаңтардағы қалдық құны (қайта есептелгені) | 1.935.855.000 | 753.804.000 | 530.632.000 | 575.173.000 | 1.621.974.000 | 36.962.000 | 57.953.000 | 444.042.000 | 5.956.395.000 |
Шетелдік валюталарды қайта есептеу | 25.494.000 | 5.586.000 | (812.000) | (45.000) | 654.000 | - | 222.000 | (561.000) | 30.538.000 |
Түсімдер | 114.972.000 | 14.996.000 | 31.591.000 | 1.785.000 | 262.112.000 | 14.430.000 | 11.567.000 | 818.752.000 | 1.270.205.000 |
Кәсіпорындарды біріктіру арқылы сатып алу | - | - | 9.700.000 | - | 4.997.000 | - | 2.037.000 | 128.000 | 16.862.000 |
Істен шығулар | (13.096.000) | (1.977.000) | (14.066.000) | (118.000) | (30.334.000) | (6.587.000) | (5.402.000) | (6.885.000) | (78.465.000) |
Тоқтатылған қызмет | - | - | (172.000) | - | (515.000) | - | (649.000) | (3.178.000) | (4.514.000) |
Тозу бойынша шығыстар | (57.601.000) | (50.885.000) | (31.642.000) | (20.634.000) | (164.554.000) | (9.839.000) | (14.047.000) | - | (349.202.000) |
Тозу және істен шығулар бойынша құнсыздану | 8.515.000 | 1.309.000 | 8.668.000 | 65.000 | 26.878.000 | 6.587.000 | 4.720.000 | 1.167.000 | 57.909.000 |
Түзетпе жасауды шегергендегі құнсыздануға арналған резерв | (49.288.000) | 942.000 | (2.487.000) | (414.000) | (4.365.000) | ? | (487.000) | (10.328.000) | (66.427.000) |
Еншілес ұйымның үстінен бақылауды жоғалту | - | - | (7.256.000) | - | (4.163.000) | (7.845.000) | (99.000) | (641.000) | (20.004.000) |
Сатуға арналған активтерге аударымдар | (22.000) | (28.000) | (9.174.000) | - | (1.354.000) | - | (2.295.000) | (2.449.000) | (15.322.000) |
Қорлардан/(ға) аударымдар, нетто | - | - | (388.000) | (5.176.000) | 10.295.000 | - | 1.276.000 | 2.740.000 | 8.747.000 |
Материалдық емес активтер –ден/ге аударымдар | (81.000) | - | - | - | 232.000 | - | 1.000 | (4.530.000) | (4.378.000) |
Барлау және бағалау активтерінен аударымдар | 42.000 | - | - | - | - | - | - | - | 42.000 |
Өзге де аударымдар және қайта топтасулар | 102.918.000 | 44.255.000 | 76.209.000 | 48.901.000 | 206.257.000 | 11.000 | 7.408.000 | (485.959.000) | - |
2013 жылғы 31 желтоқсандағы қалдық құны | 2.067.708.000 | 768.002.000 | 590.803.000 | 599.537.000 | 1.928.114.000 | 33.719.000 | 62.205.000 | 752.298.000 | 6.802.386.000 |
Мың теңгемен | Мұнай-газ активтері | МӨЗ құбырлары мен активтері | Ғимараттар мен құрылыстар | Теміржол жолдары және инфрақұрылым | Машиналар, жабдық және көлік құралдары | Тау-кен активтері | Өзге | Аяқталма-ған құрылыс | Ғимараттар мен құрылыстар |
Бастапқы құн | 2.497.106.000 | 1.052.770.000 | 769.456.000 | 705.249.000 | 2.848.013.000 | 68.694.000 | 125.876.000 | 770.062.000 | 8.837.226.000 |
Жинақталған тозу және құнсыздану | (429.398.000) | (284.768.000) | (178.653.000) | (105.712.000) | (919.899.000) | (34.975.000) | (63.671.000) | (17.764.000) | (2.034.840.000) |
2013 жылғы 31 желтоқсандағы қалдық құны | 2.067.708.000 | 768.002.000 | 590.803.000 | 599.537.000 | 1.928.114.000 | 33.719.000 | 62.205.000 | 752.298.000 | 6.802.386.000 |
Бастапқы құн | 2.262.918.000 | 988.248.000 | 692.005.000 | 664.533.000 | 2.413.242.000 | 68.685.000 | 130.609.000 | 461.947.000 | 7.682.187.000 |
Жинақталған тозу және құнсыздану | (327.063.000) | (234.444.000) | (161.373.000) | (89.360.000) | (791.268.000) | (31.723.000) | (72.656.000) | (17.905.000) | (1.725.792.000) |
2012 жылғы 31 желтоқсандағы қалдық құны (қайта есептелгені) | 1.935.855.000 | 753.804.000 | 530.632.000 | 575.173.000 | 1.621.974.000 | 36.962.000 | 57.953.000 | 444.042.000 | 5.956.395.000 |
2013 жылғы 31 желтоқсанда 1.395.600.000 мың теңге сомасындағы таза теңгерімдік құны бар негізгі құралдар Топтың кейбір қарыздары бойынша қамтамасыз ету ретінде салынды (2012 жылы: 1.087.516.000 мың теңге).
2013 жылғы 31 желтоқсанда қаржылық жалдау туралы келісімдер бойынша алынған негізгі құралдардың теңгерімдік құны 118.348.000 мың теңгені құрады (2012 жылы: 65.638.000 мың теңге).
2013 жылғы 31 желтоқсанда Топтың толығымен өзі амортизацияланған негізгі құралдарының бастапқы құны 494.378.000 мың теңгені құрады (2012 жылы: 483.458.000 мың теңге).
2013 жылы Топ капиталдандырудың орташа өлшенген ставкасы бойынша қарыздар бойынша шығындарды 9,1% мөлшерінде 19.038.000 мың теңге сомаға капиталдандырды (2012 жылы: 6% мөлшерінде 4.162.000 мың теңге сомаға).
Негізгі құралдардың құнсыздануы
2013 жылы Топ құнсыздану бойынша 67.179.000 мың теңге мөлшерінде таза шығынды таныды, ол, негізінен, "ҚМГ БӨ" 60.044.000 мың теңге мөлшерінде (4-ескертпе), "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ 3.434.000 мың теңге мөлшерінде және "ҚТЖ" ҰК" АҚ 1.523.000 мың теңге мөлшерінде негізгі құралдарының құнсыздануына тура келіп отыр.
2012 жылы Топ құнсыздану бойынша 86.143.000 мың теңге мөлшерінде таза шығынды таныды, ол негізінен "ҚМГ БӨ" 76.344.000 мың теңге (4-ескертпе), "ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг" АҚ 1.258.000 мың теңге және "Наукогард" ЖШС 2.326.000 мың теңге мөлшерінде негізгі құралдарының құнсыздануына тура келіп отыр.
Барлау және бағалау активтері
Барлау және бағалау активтерінің қозғалысы мынадай түрде берілген:
Мың теңгемен | Мұнай-газ активтері | Тау-кен активтері | Жер қойнауын пайдалану құқығы | Жиыны |
2012 жылғы 1 қаңтардағы қалдық құн | 133.479.000 | 2.123.000 | 35.734.000 | 171.336.000 |
Шетелдік валютаны қайта есептеу | - | - | (136.000) | (136.000) |
Түсімдер | 328.000 | 1.136.000 | 45.266.000 | 46.730.000 |
Істен шығулар | - | - | (336.000) | (336.000) |
Тозу бойынша шығыстар | - | - | - | - |
Құнсыздануға арналған резерв | - | (434.000) | - | (434.000) |
Еншілес ұйымның үстінен бақылауды жоғалту | (7.098.000) | - | (1.093.000) | (8.191.000) |
Материалдық емес активтерге аударымдар | - | - | (8.325.000) | (8.325.000) |
Негізгі құралдарға аударымдар | (2.770.000) | (358.000) | - | (3.128.000) |
2012 жылғы 31 желтоқсандағы қалдық құн | 123.939.000 | 2.467.000 | 71.110.000 | 197.516.000 |
Шетелдік валютаны қайта есептеу | 1.580.000 | - | 81.000 | 1.661.000 |
Түсімдер | 31.546.000 | 2.341.000 | 5.961.000 | 39.848.000 |
Істен шығулар | (3.932.000) | - | (594.000) | (4.526.000) |
Тозу бойынша шығыстар | - | - | - | - |
Құнсыздануға арналған резерв | 3.200.000 | - | - | 3.200.000 |
Еншілес ұйымның үстінен бақылауды жоғалту | - | - | - | - |
Материалдық емес активтерден аударымдар | - | - | - | - |
Негізгі құралдарға аударымдар | (42.000) | - | - | (42.000) |
Өзге де аударымдар және қайта топтасулар | 44.053.000 | - | (44.053.000) | - |
2013 жылғы 31 желтоқсандағы қалдық құн | 200.344.000 | 4.808.000 | 32.505.000 | 237.657.000 |
Бастапқы құн | 206.211.000 | 4.808.000 | 45.085.000 | 256.104.000 |
Жинақталған тозу және құнсыздану | (5.867.000) | - | (12.580.000) | (18.447.000) |
2013 жылғы 31 желтоқсандағы қалдық құн | 200.344.000 | 4.808.000 | 32.505.000 | 237.657.000 |
Бастапқы құн | 133.009.000 | 2.914.000 | 83.241.000 | 219.164.000 |
Жинақталған тозу және құнсыздану | (9.070.000) | (447.000) | (12.131.000) | (21.648.000) |
2012 жылғы 31 желтоқсандағы қалдық құн | 123.939.000 | 2.467.000 | 71.110.000 | 197.516.000 |
Материалдық емес активтер
Мың теңгемен | Лицензиялар | Бағдарламалық қамтамасыз ету | Гудвил | Маркетинг бойынша материалдық емес активтер | Жер қойнауын пайдалану құқығы | Өзге | Жиыны |
2012 жылғы 1 қаңтардағы қалдық құн (қайта есептелді) | 33.153.000 | 33.205.000 | 147.298.000 | 27.006.000 | - | 30.593.000 | 271.255.000 |
Шетелдік валютаны қайта есептеу | 150.000 | 59.000 | (35.000) | 430.000 | - | 137.000 | 741.000 |
Түсімдер | 5.805.000 | 10.459.000 | - | - | 24.000 | 3.397.000 | 19.685.000 |
Кәсіпорындарды біріктіру арқылы сатып алу | - | 6.000 | 101.000 | - | - | 1.169.000 | 1.276.000 |
Істен шығу | (257.000) | (920.000) | (586.000) | - | (1.000) | (596.000) | (2.360.000) |
Тоқтатылған қызмет бойынша істен шығулар | (33.000) | (203.000) | - | - | - | (3.904.000) | (4.140.000) |
Тозу бойынша шығыстар | (4.097.000) | (9.565.000) | - | (1.000) | (92.000) | (2.614.000) | (16.369.000) |
Істен шығулар бойынша тозу | 250.000 | 806.000 | - | - | 1.000 | 239.000 | 1.296.000 |
Құнсыздану | - | (13.000) | - | - | - | - | (13.000) |
Қорларға/дан аударымдар | 10.000 | 145.000 | - | - | - | 2.000 | 157.000 |
Негізгі құралдарға/дан аударымдар | 281.000 | 3.303.000 | - | - | - | 3.729.000 | 7.313.000 |
Барлау және бағалау активтерінен аударымдар | - | - | - | - | 8.325.000 | - | 8.325.000 |
Өзге аудармалар | 2.868.000 | 2.700.000 | - | - | 19.000 | (5.587.000) | - |
2012 жылғы 31 желтоқсандағы қалдық құн (қайта есептелді) | 38.130.000 | 39.982.000 | 146.778.000 | 27.435.000 | 8.276.000 | 26.565.000 | 287.166.000 |
Шетелдік валютаны қайта есептеу | 32.000 | 17.000 | 54.000 | 522.000 | - | 360.000 | 985.000 |
Түсімдер | 3.569.000 | 7.925.000 | - | - | 942.000 | 5.976.000 | 18.412.000 |
Кәсіпорындарды біріктіру арқылы сатып алу | 968.000 | 90.000 | 2.851.000 | - | - | 2.205.000 | 6.114.000 |
Істен шығулар | (162.000) | (1.246.000) | (465.000) | - | (114.000) | (905.000) | (2.892.000) |
Тоқтатылған қызмет бойынша істен шығулар | (23.544.000) | (198.000) | - | - | - | (3.000) | (23.745.000) |
Еншілес компанияның үстінен бақылауды жоғалту | - | (25.000) | - | - | (554.000) | - | (579.000) |
Тозу бойынша шығыстар | (3.038.000) | (10.561.000) | - | - | (113.000) | (3.264.000) | (16.976.000) |
Істен шығулар бойынша тозу | 155.000 | 1.015.000 | - | - | 114.000 | 603.000 | 1.887.000 |
Құнсыздану | - | (26.000) | (4.945.000) | - | (5.841.000) | (2.407.000) | (13.219.000) |
Қорлардан/(ға) аударымдар | 5.000 | (89.000) | - | - | - | 80.000 | (4.000) |
Сатуға арналған активтерге аударымдар | (991.000) | (702.000) | (998.000) | - | - | (7.016.000) | (9.707.000) |
Негізгі құралдардан/(ға) аударымдар | 618.000 | 3.403.000 | - | - | - | 357.000 | 4.378.000 |
Өзге аударымдар | 460.000 | 57.000 | - | - | - | (517.000) | - |
2013 жылғы 31 желтоқсан-дағы қалдық құн | 16.202.000 | 39.642.000 | 143.275.000 | 27.957.000 | 2.710.000 | 22.034.000 | 251.820.000 |
Бастапқы құн | 36.377.000 | 90.796.000 | 178.941.000 | 28.589.000 | 8.847.000 | 36.984.000 | 380.534.000 |
Жинақталған тозу және құнсыздану | (20.175.000) | (51.154.000) | (35.666.000) | (632.000) | (6.137.000) | (14.950.000) | (128.714.000) |
2013 жылғы 31 желтоқсан-дағы қалдық құн | 16.202.000 | 39.642.000 | 143.275.000 | 27.957.000 | 2.710.000 | 22.034.000 | 251.820.000 |
Бастапқы құн | 63.100.000 | 84.459.000 | 177.500.000 | 28.018.000 | 8.573.000 | 41.898.000 | 403.548.000 |
Жинақталған тозу және құнсыздану | (24.970.000) | (44.477.000) | (30.722.000) | (583.000) | (297.000) | (15.333.000) | (116.382.000) |
2012 жылғы 31 желтоқсан-дағы қалдық құн | 38.130.000 | 39.982.000 | 146.778.000 | 27.435.000 | 8.276.000 | 26.565.000 | 287.166.000 |
Гудвилдің құнсыздануына арналған тест
31 желтоқсандағы сегменттер бойынша ақша ағындарын тудыратын бірліктердің әрқайсысына жатқызылған жағдай бойынша гудвилдің теңгерімдік құны:
Ақша ағындарын тудыратын бірліктер | 2013 | 2012 |
Мұнайды қайта өңдеу | 121.708.000 | 121.654.000 |
Өзге | 13.372.000 | 13.372.000 |
Мұнай-газ сегментінің жиыны | 135.080.000 | 135.026.000 |
Тау-кен өнеркәсіп сегментінің жиыны (уран өндіру) | 5.166.000 | 10.110.000 |
Телекоммуникация сегментінің жиыны (IP-теледидары) | 2.706.000 | - |
Өзгелерінің жиыны | 323.000 | 1.642.000 |
Гудвилдің жиыны | 143.275.000 | 146.778.000 |
"Мұнайды қайта өңдеу" тобы "Rompetrol Group N.V.", "Downstream Romania", "Dyneff" және 2009 жылы сатып алынған "Refinery Company RT" ЖШС қамтиды (4-ескертпе).
Жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есепте 2013 жылы танылған гудвилдің құнсыздануы бойынша шығыстар 4.945.000 мың теңге (2012 жылы: нөл) сомаға тау-кен өнеркәсібі сегментіндегі құнсыздануды қамтыды.
Өзге ұзақ мерзімді активтер
31 желтоқсанда өзге ұзақ мерзімді активтер мынаны қамтыды:
Мың теңгемен | 2013 | 2012 (қайта есептелді) |
Ұзақ мерзімді активтер үшін төленген аванстар | 302.517.000 | 292.387.000 |
Өтеуге ұзақ мерзімді ҚҚС | 62.997.000 | 47.616.000 |
Болашақтағы кезеңнің шығыстары | 23.548.000 | 24.536.000 |
Мемлекетке сатуға арналған активтер | 14.148.000 | 14.239.000 |
Ұзақ мерзімді қорлар | 8.886.000 | 13.201.000 |
Пайдалануға шектелген ақша қаражаты | 12.544.000 | 9.056.000 |
Өзге | 64.906.000 | 40.730.000 |
Минус: құнсыздануға арналған резерв | (27.650.000) | (20.673.000) |
461.896.000 | 421.092.000 |
Құнсыздануға арналған резервтегі өзгерістер былай берілген:
Мың теңгемен | 2013 | 2012 |
1 қаңтарға арналған резерв | 20.673.000 | 15.874.000 |
Шетелдік валютаны қайта есептеу | 8.000 | 310.000 |
Есептелгені, нетто | 9.138.000 | 3.663.000 |
Қалпына келтірілгені | 1.111.000 | 95.000 |
Сатуға арналған ретінде жіктелген активтерге аударымдар | (3.280.000) | 731.000 |
31 желтоқсандағы резерв | 27.650.000 | 20.673.000 |
2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ұзақ мерзімді активтер үшін төленген аванстар негізінен құрылыс жұмыстарын орындағаны және негізгі құралдарды сатып алғаны үшін аванстар берілді.
Қарыздар
31 желтоқсанда қарыздар, оның ішінде төленетін сыйақы мыналарды қамтыды:
Мың теңгемен | 2013 | 2012 |
Қаржы мекемелерінен қарыздар | 3.974.366.000 | 4.207.905.000 |
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінен қарыздар | 130.878.000 | 612.951.000 |
Ұлттық қордың қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі сатып алған облигациялар | 71.302.000 | 63.056.000 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінен қарыздар | 66.378.000 | 94.634.000 |
4.242.924.000 | 4.978.546.000 | |
12 ай ішінде өтелуге жататын соманы шегергенде | (679.181.000) | (1.240.793.000) |
12 айдан кейін өтелетін сомалар | 3.563.743.000 | 3.737.753.000 |
Мың теңгемен | 2013 | 2012 |
Сыйақының тіркелген ставкасы бар қарыздар | 2.820.440.000 | 3.817.584.000 |
Сыйақының өзгермелі ставкасы бар қарыздар | 1.422.484.000 | 1.160.962.000 |
4.242.924.000 | 4.978.546.000 |
2013 | 2012 | |
АҚШ долларында көрсетілген қарыздар | 3.327.141.000 | 3.766.241.000 |
Теңгеде көрсетілген қарыздар | 808.113.000 | 1.107.721.000 |
Басқа валюталарда көрсетілген қарыздар | 107.670.000 | 104.584.000 |
4.242.924.000 | 4.978.546.000 |
Қаржы мекемелерінен қарыздар
Қарыздар шарттарының белгілі бір келісімдердің шарттары бойынша тиісті Топтың еншілес ұйымдары белгілі бір ковенанттарды сақтауға міндетті. Топ басшылығы 2013 және 2012 жылдардың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Топтың еншілес ұйымдары осы ковенанттарды сақтайды деп есептейді.
Қытайдың Мемлекеттік Даму Банкінің кредиттік желісі
Қытайдың Мемлекеттік Даму Банкінің кредиттік желісі шеңберінде 2013 жылы 200 миллион АҚШ доллары (алу күніндегі бағам бойынша 30.144.000 мың теңгеге барабар) мөлшерінде қарыз алды. Алынған транш Жомарт мыс кен орнын өндіруге Kazakhmys Finance PLC-ке қарыздар беруге арналған.
Облигациялар шығарылымы
2013 жылғы 30 сәуірде Топтың еншілес ұйымы ҚМГ ҰК мынадай жағдайларда 10.5 миллиард АҚШ долларына дейін орта мерзімді жаһандық ноталарды шығарудың ағымдағы бағдарламасы шеңберінде Лондон қор биржасында жалпы сомасы 3 миллиард АҚШ долларына облигацияларды шығарды (шығару күніндегі бағам бойынша 453.720.000 мың теңгеге барабар):
- 2043 жылы өтеу мерзімімен 5,75% мөлшерінде сыйақы ставкасы және номиналдың 99,293% орналастыру бағасы бар 2 миллиард АҚШ доллары;
- 2023 жылы өтеу мерзімімен 4,4% мөлшерінде сыйақы ставкасы және номиналдың 99,6% орналастыру бағасы бар 1 миллиард АҚШ доллары.
2013 жылы шығарылған облигациялар бойынша купон 2013 жылғы 30 қазаннан бастап жартыжылдық негізде төленуде.
2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша негізгі борыш және осы облигациялар бойынша есептелген сыйақы 461.486.000 мың теңгені құрады.
Өзге қарыздар
2010 және 2012 жылдары "ҚазМұнайГаз – Қайта өңдеу және Маркетинг" еншілес ұйымы "Атырау мұнайды қайта өңдеу зауыты" ЖШС (бұдан әрі "АМӨЗ") ҚДБ-мен 1.315 миллион АҚШ доллары сомасына кредиттік желі беру туралы келісім жасасты. Осы кредиттік желі хош иісті көмірсутектерін өндіру бойынша кешенді салуды қаржыландыру үшін пайдаланылады. 2013 жылдың ішінде АМӨЗ 227.544 мың АҚШ долларын алды (алу күніндегі бағам бойынша 34.597.000 мың теңгеге барабар) (2012: 217.957 мың АҚШ доллары, алу күніндегі бағам бойынша 32.690.000 мың теңгеге бар).
2013 жылы ҚМГ ҰК еншілес ұйымы ҚазМұнайГаз - Қайта өңдеу және Маркетинг 100 миллион АҚШ доллары мөлшерінде жаңартылатын кредиттік желіні беру туралы Париждегі Natixis банкімен шарт жасасты. Кредиттік желінің нысаналы мақсаты "Павлодар мұнайды қайта өңдеу химия зауыты" АҚ үшін мұнай сатып алуды қаржыландыру болып табылады. 2013 жылы Топ 30.690.000 мың теңге сома алды.
2012 жылы 26 қарашада ҚТЖ ҰК еншілес ұйымы "Локомотив" АҚ CIRR (АҚШ долларымен) сыйақы ставкасымен 10 жыл мерзімге 424.857 мың АҚШ доллары сомасына Evolution сериясындағы 196 бірлік локомотивті сатып алуға АҚШ-тың Экспорттық-импорттық банкімен кредиттік келісім жасасты. 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша негізгі борыштың бір бөлігі 40.830 миллион АҚШ доллары сомасында өтелді.
2012 жылғы 31 мамырда ҚТЖ ҰК еншілес ұйымы "Локомотив" АҚ "HSBC Қазақстан" ЕБ" АҚ-мен "HSBC Bank Рlc"-пен және "HSBC Франция" бірлесіп "COFACE" экспорттық-кредиттік агенттікті қолдау кезінде
10 жыл мерзімге жалпы сомасы 880.877 мың еуроға 200 жүк және 95 жолаушы электровоздарын сатып алуды қаржыландыруға Бас негіздемелік келісім жасасты. Қол қойылған қосымша келісім шеңберінде 2013 жылы жалпы сомасы 97.104 мың еуроға (19.623.000 мың теңге) қарыз қаражаты игерілді ("COFACE" сыйлықақысын есепке ала отырып), мұнда тікелей қаражат Alstom Transport SA аударылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздары
2013 жыл
2013 жылдың қаңтарында 50 жыл облигацияларды айналымы мерзімімен және жылдық 0,01% мөлшеріндегі купондық сыйақымен 255.000.000 мың теңге жалпы сомаға бір облигация үшін 1.000 теңге номиналдық құны бар 255.000.000 купондық облигацияны орналастырды. Барлық облигацияларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сатып алды. Осы облигациялар бастапқыда облигацияларды шығару күніне арналған Қор үшін қолданылатын нарықтық пайыздық ставкаларды пайдаланумен есептелген әділ құн бойынша көрсетілген және соның салдарынан амортизацияланған құн бойынша ескеріледі. Облигациялардың номиналды құны және олардың әділ құны арасындағы айырмашылық 249.828.000 мың теңге мөлшерінде капиталдағы өзгерістер туралы шоғырландырылған есепте танылған.
2012 жыл
2012 жылы ҚР Ұлттық банкі сатып алған Қордың облигациялар шығарылымы проспектілеріне өзгерістер мен толықтырулар тіркелді. Осы өзгерістерге сәйкес осы облигациялар бойынша айналым мерзімі 2062 жылға дейін ұзартылды және сыйақы ставкасы 0,01%-ға дейін төмендетілді. Проспектідегі өзгерістер облигацияларды орналастырудың бастапқы жағдайларындағы елеулі өзгерістерге және тиісінше бастапқы міндеттеменің танылуын тоқтатуға және БЕХС 39 сәйкес жаңа міндеттемені тануға алып келді. Жаңа міндеттеменің әділ құны және өзгерістер енгізу күніндегі бастапқы міндеттеменің теңгерімдік құны арасындағы 304.650.000 мың теңге мөлшеріндегі айырмашылық капиталдағы өзгерістер туралы шоғырландырылған есепте танылған.
2012 жылы Қор жалпы сомасы 73.000.000 мың теңге және тиісінше 70.196.000 мың теңгеге бір облигация үшін номиналдық құны 1000 теңге болатын 73.000.000 және 70.196.000 купондық облигацияны орналастырды. Облигациялардың айналым мерзімі 50 жылды және 12 жылды құрайды, жылдық 0,01% және жылдық 4% мөлшеріндегі купондық сыйақы, төлемдер жиілігі – жылына екі рет. Барлық облигацияларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сатып алды. Осы облигациялар алдымен облигацияларды шығару күнінде Қор үшін қолданылатын нарықтық пайыздық ставкаларды пайдалана отырып есептелген әділ құн бойынша көрсетілген және соның салдарынан амортизацияланған құн бойынша ескерілген. Қарыздардың номиналды құны және олардың әділ құны арасындағы 82.646.000 мың теңге мөлшеріндегі айырмашылық капиталдағы өзгерістер туралы шоғырландырылған есепте танылған.
"2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2011 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, 2012 жылы 13 тамызда және 2012 жылы 22 қарашада Қор Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінен қарыз алды. Қарыздардың жалпы сомасы 0,15%-дан 0,5%-ға дейін номиналдық пайыздық ставкалары бар 15.285.000 мың теңгені құрайды. Қарыздар 10 жылдан 25 жылға дейінгі мерзімге алынды.
Бастапқы тану кезінде осы қарыздар сыйақының тиісті нарықтық ставкасын пайдаланумен 8.314.000 мың теңгені құрайтын әділ құн бойынша бағаланды және соның салдарынан амортизацияланған құн арқылы ескеріледі. Қарыздардың номиналды құны және олардың әділ құны арасындағы 6.971.000 мың теңге мөлшеріндегі айырмашылық капиталдағы өзгерістер туралы шоғырландырылған есепте танылған. 2013 жылғы 31 желтоқсанда қарыздар бойынша тиімді пайыз ставкалары жылына 5,5%-дан 6,62% дейінгіні құрайды (2012: жылына 0,33%-дан 7,21%-ға дейін).
Өзге қаржылық міндеттемелер
Мың теңгемен | 2013 | 2012 |
Клиенттердің қаражаты | 241.915.000 | 742.721.000 |
Қаржылық жалдау бойынша міндеттемелер | 88.680.000 | 43.738.000 |
330.595.000 | 786.459.000 | |
12 ай ішінде өтеуге тиіс соманы шегерілгенде | (244.461.000) | (644.483.000) |
12 айдан кейін өтелуге тиіс сомалар | 86.134.000 | 141.976.000 |
Клиенттердің қаражаты
31 желтоқсанда клиенттердің қаражаты мыналарды қамтыды:
Мың теңгемен | 2013 | 2012 |
Мыналарды қоса алғанда, мерзімді салымдар | 185.254.000 | 533.946.000 |
Заңды тұлғалар | 37.413.000 | 82.337.000 |
Жеке тұлғалар | 147.841.000 | 442.539.000 |
Мемлекеттік ұйымдар | - | 9.070.000 |
Мыналарды қоса алғанда, ағымдағы шоттар | 53.848.000 | 196.271.000 |
Заңды тұлғалар | 24.407.000 | 105.442.000 |
Жеке тұлғалар | 29.441.000 | 78.290.000 |
Мемлекеттік ұйымдар | - | 12.539.000 |
Кепілдіктер және мыналарды қоса алғанда, шектеулі талаптары бар өзге салымдар | 2.813.000 | 12.504.000 |
Заңды тұлғалар | 1.259.000 | 6.699.000 |
Жеке тұлғалар | 1.554.000 | 5.466.000 |
Мемлекеттік ұйымдар | - | 339.000 |
Клиенттердің қаражаты | 241.915.000 | 742.721.000 |
Қаржылық жалдау бойынша міндеттемелер
Топ негізгі құралдардың бірқатар объектілері, оның ішінде басымы әуе кемелері, телекоммуникациялық жабдық және жылжымалы темір жол құрамы бойынша қаржылық жалдау шарттарын жасады.
2013 және 2012 жылдары Топтың еншілес ұйымы "Эйр Астана" АҚ тіркелген пайыздық ставкамен қаржылық жалдау шарты бойынша 6 (алты) және тиісінше 4 (төрт) әуе кемесін сатып алды. Әрбір әуе кемесі бойынша жалдау мерзімі 12 (он екі) жыл. "Эйр Астана" АҚ-да жалдау мерзімінің соңында номинал баға бойынша әрбір әуе кемесін сатып алу мүмкіндігі бар. 6 (алты) жаңа Airbus қатысты лизинг берушіге қаржы институттары берген қарыздар Еуропалық Экспорттық-Кредит агенттіктерінің кепілдігімен қамтамасыз етілген, ал 2 (екі) Boeing – 767, олар 2013 жылдың қыркүйегі мен қазанында жеткізілген, US Export Import Bank кепілдігінде тұр. Қаржылық жалдау бойынша "Эйр Астана" АҚ міндеттемесі теңгерімдік құны 78.322.000 мың теңге (2012: 27.397.000 мың теңге) жалданған активтерге жалға берушінің құқығымен қамтамасыз етілген.
2013 жылғы 31 желтоқсанда пайыз сомасының есебі 3,09%-дан 19,7%-ға дейін (2012: 3,02%-дан 17,28%-ға дейін) тиімді пайыз ставкаларына негізделеді.
31 желтоқсанда таза ең төменгі жалдау төлемдерімен бірге қаржылық жалдау бойынша болашақ ең төменгі жалдау төлемдері былайша берілген:
2013 | ||
Мың теңгемен | Ең төменгі жалдау төлемдері | Ең төменгі жалдау төлемдерінің ағымдағы құны |
Бір жыл ішінде | 17.881.000 | 13.698.000 |
2 жылдан 5 жылды қоса алғанда | 45.798.000 | 37.027.000 |
Бес жылдан жоғары | 43.889.000 | 37.955.000 |
Минус: қаржылық кірісті білдіретін сома | (18.888.000) | - |
Ең төменгі жалдау төлемдерінің ағымдағы құны | 88.680.000 | 88.680.000 |
12 ай ішінде өтеуге тиісті сома шегерілгенде | (13.698.000) | |
12 айдан кейін өтеуге тиісті сома | 74.982.000 |
2012 | ||
Мың теңгемен | Ең төменгі жалдау төлемдері | Ең төменгі жалдау төлемдерінің ағымдағы құны |
Бір жыл ішінде | 11.848.000 | 8.426.000 |
2 жылдан 5 жылды қоса алғанда | 26.789.000 | 20.000.000 |
Бес жылдан жоғары | 17.235.000 | 15.313.000 |
Минус: қаржы төлемдерін білдіретін сома | (12.133.000) | - |
Ең төменгі жалдау төлемдерінің ағымдағы құны | 43.739.000 | 43.739.000 |
12 ай ішінде өтеуге тиісті сома шегерілген | (8.426.000) | |
12 айдан кейін өтеуге тиісті сома | 35.313.000 |
Резервтер
31 желтоқсанға резервтер мыналарды қамтыды:
Мың теңгемен | Активтердің істен шығуы бойынша міндеттемелер | Қоршаған ортаға шығынға міндеттеме бойынша резерв | Салықтар бойынша резерв | Аккредитивтер мен банктік кепілдіктерге резерв | Өзгелер | Жиыны |
2011 жылғы 31 желтоқғанға резерв | 36.042.000 | 28.438.000 | 22.936.000 | 6.136.000 | 128.620.000 | 222.172.000 |
Валюта есептілігін қайта есептеу | 784.000 | 257.000 | 3.000 | 35.000 | (441.000) | 638.000 |
Есептік бағаланымды қайта қарау | 6.171.000 | (1.330.000) | - | 677.000 | (161.000) | 5.357.000 |
Дисконттың сомасына ұлғайту | 2.590.000 | 79.000 | - | - | 57.000 | 2.726.000 |
Бір жылға резерв | 17.161.000 | 8.145.000 | 2.975.000 | 115.000 | 56.187.000 | 84.583.000 |
Кәсіпорындарды қосу кезіндегі түсімдер | 7.500.000 | - | - | - | - | 7.500.000 |
Резервті пайдалану | (665.000) | (483.000) | (69.000) | - | (35.978.000) | (37.195.000) |
Пайдаланылмаған сомаға түзетпе жасау | - | (298.000) | (17.096.000) | (3.852.000) | (4.021.000) | (25.267.000) |
2012 жылғы 31 желтоқғанға резерв | 69.583.000 | 34.808.000 | 8.749.000 | 3.111.000 | 144.263.000 | 260.514.000 |
Валюта есептілігін қайта есептеу | 485.000 | 307.000 | - | 16.000 | 119.000 | 927.000 |
Есептік бағаланымды қайта қарау | (4.868.000) | 847.000 | - | 46.000 | (7.030.000) | (11.005.000) |
Дисконттың сомасына ұлғайту | 3.517.000 | 1.338.000 | - | 10.000 | 49.000 | 4.914.000 |
Бір жылға резерв | 4.640.000 | 10.000 | 10.055.000 | - | 49.602.000 | 64.307.000 |
Тоқтатылған қызмет | (804.000) | - | - | (973.000) | (465.000) | (2.242.000) |
Резервті пайдалану | (1.032.000) | (1.023.000) | (6.048.000) | (8.000) | (24.996.000) | (33.107.000) |
Пайдаланылмаған сомаға түзетпе жасау | (88.000) | (243.000) | (553.000) | (2.147.000) | (3.320.000) | (6.351.000) |
2013 жылғы 31 желтоқғанға резерв | 71.433.000 | 36.044.000 | 12.203.000 | 55.000 | 158.222.000 | 277.957.000 |
Резервтердің ағымдағы және ұзақ мерзімді бөліктері былайша бөлінген:
Мың теңгемен | Активтердің істен шығуы бойынша міндеттемелер | Қоршаған ортаға шығынға міндеттеме бойынша резерв | Салықтар бойынша резерв | Аккредитивтер мен банктік кепілдіктерге резерв | Өзгелер | Жиыны |
Ағымдағы бөлік | 1.216.000 | 3.489.000 | 8.749.000 | 804.000 | 109.944.000 | 124.202.000 |
Ұзақ мерзімді бөлік | 68.367.000 | 31.319.000 | - | 2.307.000 | 34.319.000 | 136.312.000 |
2012 жылғы 31 желтоқғанға резерв | 69.583.000 | 34.808.000 | 8.749.000 | 3.111.000 | 144.263.000 | 260.514.000 |
Ағымдағы бөлік | 1.161.000 | 3.792.000 | 12.203.000 | 31.000 | 123.524.000 | 140.711.000 |
Ұзақ мерзімді бөлік | 70.272.000 | 32.252.000 | ? | 24.000 | 34.698.000 | 137.246.000 |
2013 жылғы 31 желтоқғанға резерв | 71.433.000 | 36.044.000 | 12.203.000 | 55.000 | 158.222.000 | 277.957.000 |
Өзге де резервтер құрамында әлеуметтік объектілерді салуға міндеттемелерден резервтер
2013 жылғы 31 желтоқсанға өзге де резервтер Үкіметтің тапсырмасы бойынша әлеуметтік объектілерді салу бойынша еншілес ұйымдардың резервтерін қамтиды. ҚМГ ҰК осы міндеттемеге 55.361.000 мың теңге
(2012: 31.810.000 мың теңге) мөлшерінде Астана қаласында Қазақстан тарих мұражайын салуға резервті және 9.844.000 мың теңге (2012: 6.411.000 мың теңге) мөлшерінде Мәскеу қаласында "Көрме орталығы" объектісін жаңғыртуға резервті, 13.321.000 мың теңге (2012 жылы: нөл) мөлшерінде гольф салуға резервті қамтыды.
Сондай-ақ ҚТЖ ҰК 2012 жылы Астана қаласында көп функционалды мұз айдыны сарайын салу бойынша өзгертілмейтін міндеттемелерді қабылдады. Басшылық осы міндеттеменің құнын 25.006.000 мың теңге сомаға құрылысқа тиісті шарттың тең құнына есептеді. Құрылысты аяқтау 2015 жылғы маусымға жоспарланып отыр.
2013 жылғы маусымда 22.801.000 мың теңге сомаға Астана қаласында Оқушылар шығармашылығы сарайын салу аяқталды.
Өзге де қысқа мерзімді міндеттемелер
31 желтоқсанға өзге де қысқа мерзімді міндеттемелер мынаны қамтыды:
Мың теңгемен | 2013 | 2012 |
Алынған аванстар және алдағы кезеңдердегі кірістер | 123.260.000 | 111.849.000 |
"Солтүстік Каспий жобасында" қосымша үлес сатып алуға төлеуге | 107.444.000 | 113.183.000 |
Төлеуге өзге де салықтар | 128.470.000 | 135.782.000 |
Қызметкерлерге төлемдер бойынша міндеттемелер | 4.578.000 | 4.039.000 |
Төлеуге дивидендтер | 18.057.000 | 3.761.000 |
Өзге де бағалау міндеттемелері | 5.508.000 | 63.592.000 |
Өзгелер | 53.042.000 | 71.222.000 |
440.359.000 | 503.428.000 |
Өзге де бағалау міндеттемелері
Өзге де бағалау міндеттемелеріне өзгерістер, негізінен, 46.676 миллион теңге сомаға "Beijing Sino-Kaz Uranium Resources Investment Company Limited" алдындағы ҚАӨ ҰАК міндеттемелерін азайтуға байланысты. Толық ақпарат 6-ескертпеде ашып көрсетілген.
2013 және 2012 жылдары 31 желтоқсанға өзге де ағымдағы міндеттемелер бойынша сыйақы есептелген жоқ.
Өзге де ұзақ мерзімді міндеттемелер
2013 жылғы 31 желтоқсандағы өзге де ұзақ мерзімді міндеттемелер өзінде мыналарды қамтыды:
Солтүстік-Каспий жобасына қатысу үлесін сатып алғаны үшін кредиторлық берешек
2008 жылы 31 қазанда Солтүстік-Каспий жобасына (бұдан әрі – "СКЖ") барлық қатысушылар келісімге қол қойды, оған сәйкес "ҚМГ Қашаған Б.В."-дан басқа, жобаға қатысушылардың барлығы, осылайша "ҚМГ Қашаған Б.В."-нің СКЖ-дегі үлесін пропорционалды негізде 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап 8,33%-дан 16,81%-ға дейін ретроспективті ұлғайту үшін жобадағы өз үлестерінің бір бөлігін ішінара беруге келісті. Сатып алу бағасы 1.780.000 мың АҚШ доллары мөлшеріндегі (263.000.000 мың теңге) тіркелген соманы және жыл сайын негізгі борыштың сомасына капиталдандырылатын LIBOR плюс 3 пайыз мөлшеріндегі жылдық сыйақыны қамтиды. Осы берешек 8,48% мөлшерінде ҚМГ Қашаған Б.В.-дан қосымша сатып алынған үлеспен қамтамасыз етілген. 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша осы берешектің амортизациялық құны 322.330.000 мың теңгені (2012 жылы: 339.550.000 мың теңгені) құрады, оның 107.444.000 мың теңге сомасы өзге де ағымдағы міндеттемелер құрамына жатқызылды (2012 жылы: 113.183.000 мың теңге).
Қызметкерлерге сыйақы бойынша міндеттемелер
Топ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес әлеуметтік салық төлейді. Әлеуметтік салық және жалақы бойынша шығыстар олар туындаған сәттегі шығыстарға жатқызылады.
Бұдан басқа, Топ қызметкерлердің жинақтаушы зейнетақы қорларына қызметкерлердің жарнасы ретінде төленетін қызметкерлердің жалақысынан 10% ұстап қалады. Осындай шығыстар олар орын алған кезеңде көрсетіледі.
Белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары
Осы жоспар бойынша қызметкерлерге төлемдер бойынша міндеттемелер Топтың кейбір еншілес ұйымдарының ("ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ, "Казақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ, "Қазақтелеком" АҚ, "Самұрық-Энерго" АҚ, "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ, "Қазақстан Инжиниринг" ұлттық компаниясы" АҚ және "Қазпочта" АҚ) және кәсіподақтар тұлғасында осы еншілес ұйымдардың қызметкерлері арасында жасалған ұжымдық шарттарға сәйкес төлеуге жатқызылады.
31 желтоқсанға Топтың белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары бойынша жалпы міндеттемелері мыналарды қамтыды:
Мың теңгемен | 2013 | 2012 |
Белгіленген төлем мөлшерлері бар зейнетақы жоспары бойынша міндеттемелердің ағымдағы құны | 60.295.000 | 49.979.000 |
Өтеу мерзімі жыл ішінде болатын міндеттеме | (4.578.000) | (4.039.000) |
Өтеу мерзімі бір жылдан кейін болатын міндеттеме | 55.717.000 | 45.940.000 |
31 желтоқсанға төлемдердің және тіркелген төлемдердің белгіленген мөлшерлері бар зейнетақы жоспары бойынша міндеттемелердің ағымдағы құнын салыстыру былайша берілген:
Мың теңгемен | 2013 | 2012 |
Міндеттемелердің жыл басындағы жалпы сомасы | 49.979.000 | 41.539.000 |
Ағымдағы қызметтердің құны | 5.908.000 | 3.390.000 |
Бұрынғы қызметтердің құны | (2.455.000) | 1.324.000 |
Сыйақы шығындары | 3.888.000 | 3.316.000 |
Жыл ішінде жүргізілген төлемдер | (4.667.000) | (4.504.000) |
Бұрынғы қызметтердің танылмаған құны | 6.736.000 | 645.000 |
Жыл ішінде танылған актуарлық залал | 906.000 | 4.283.000 |
Тоқтатылған қызмет | ? | (14.000) |
Міндеттемелердің жыл аяғындағы жалпы сомасы | 60.295.000 | 49.979.000 |
2013 және 2012 жылдардың 31 желтоқсанында аяқталған жыл ішінде танылған бұрынғы қызметтер құны, негізінен, әйелдерге зейнетақы жасының кезең-кезеңімен ұлғаюына қатысты зейнетақы заңнамасына өзгерістерге, сондай-ақ ұжымдық шарттардағы өзгерістерге байланысты.
14.983.000 мың теңге мөлшеріндегі қызметтердің ағымдағы құнын, сыйақы құнын, бұрынғы қызметтердің құнын, бұрынғы қызметтердің танылмаған құнын және актуарлық залалды қамтитын қызметтердің жалпы құны 2013 жылғы жалақы бойынша шығындар құрамында пайдалар мен шығындар туралы шоғырландырылған есепте ескерілді (2012: 12.958.000 мың теңге).
Топтың міндеттемелерінің есептері өлім-жітім деңгейі бойынша жарияланған статистикалық деректер, сондай-ақ Топ қызметкерлерінің саны, жасы, жынысы мен өтілі бойынша нақты деректер негізінде дайындалды. Есепті күнгі барлық жоспарлар үшін орта өлшемді мән ретінде есептелген өзге де негізгі жол берулер төменде келтірілген:
2013 | 2012 | |
Дисконт ставкасы | 6,61% | 7,24% |
Болашақтағы қаржылық көмектің күтілетін жылдық өсімі | 5,81% | 5,52% |
Болашақтағы ең төменгі жалақының күтілетін жылдық өсімі | 5,31% | 6,73% |
Болашақта теміржол билеттері құнының күтілетін жылдық өсуі | 7,7% | 6,43% |
Белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары қаржыландырылмайтын болып табылады.
Капитал
Акциялардың шығарылымы
2013 және 2012 жылдар ішінде Қор былайша акциялардың эмиссиясын жүзеге асырды:
Акцияларды төлеу | Шығаруға рұқсат етілген және шығарылған акциялардың саны | Акциялардың номинал құны, теңгемен | Жарғылық капитал, мың теңгемен |
2011 жылғы 31 желтоқсанға | 3.480.637.455 | 4.050.383.000 | |
Ақша қаражатымен жарналар | 120.000 | 100.000 | 12.000.000 |
Мүлікпен жарналар | 350.282 | 100.000; 93.549; 90.092; 80.000; 72.800; 23.156 | 35.028.000 |
Акциялардың мемлекеттік пакеттерімен жарналар | 418.402 | 1.000.000; 282.174; 100.000; 46.000; 40.600 | 311.903.000 |
2012 жылғы 31 желтоқсанға | 3.481.526.139 | 4.409.314.000 | |
Ақша қаражатымен жарналар | 39.320 | 901.000; 1.000.000 | 39.320.000 |
Акциялардың мемлекеттік пакеттерімен жарналар | 27.073 | 1.000; 1.000.000 | 26.234.000 |
Мүлікпен жарналар | 9.809 | 1.000;422.451;615.921; 1.000.000 | 9.808.000 |
2013 жылғы 31 желтоқсанға | 3.481.602.341 | 4.484.676.000 |
2013 жылғы 31 желтоқсанға 3.481.602.341 акция толығымен төленді (2012: 3.481.526.139 акция).
2013
"2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 23 қарашадағы Заңына сәйкес Акционер Қордың жарғылық капиталына 39.320 миллион теңге мөлшеріндегі ақша қаражатымен жарнаны жүзеге асырды. Осы қаражат Қордың еншілес ұйымдары жүзеге асыратын жобаларды қаржыландыруға арналған.
2013 жылы Үкіметтің 2010 жылғы 14 қыркүйектегі № 939 қаулысына сәйкес Акционер Қордың жарғылық капиталына жалпы сомасы 9.808.000 мың теңге болатын мүлікпен жарнаны жүзеге асырды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1538 қаулысына сәйкес 2013 жылғы 26 шілдеде Қорға "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" ұлттық компаниясы" АҚ акцияларының мемлекеттік пакеті берілді. "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" ұлттық компаниясы" АҚ акцияларының пакетін беру жалпы бақылаудағы кәсіпорындарды біріктіруді білдіретіндіктен, осы шоғырландырылған қаржылық есептілік деректері алдыңғы компанияны есепке алу әдісін пайдалана отырып дайындалды. Тиісінше, осы шоғырландырылған қаржылық есептілік осылайша, егер "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" ұлттық компаниясы" АҚ акцияларын беру ұсынылған кезеңнен неғұрлым ерте күнде болған ретінде берілсе, нәтижесі ретінде салыстырмалы ақпарат қайта есептелді. Осы шоғырландырылған қаржылық есептілікке енгізілген таза активтердің теңгерімдік құны бөлінбеген пайданы түзету ретінде ескерілді, соның салдарынан Қордың акцияларын шығару кезінде жарғылық капиталға 26.234.000 мың теңге сомасында аударды.
2012
2012 жылы 19 сәуірде Қорға алған күні оның әділ құны 4.110.000 мың теңгені құраған "Арқагаз" АҚ акцияларының мемлекеттік пакеті берілді.
2012 жылғы 28 маусымда Қорға алу күнінде 300.070.000 мың теңге 5-ескертпе) әділ құнмен жарғылық капиталға жарна нысанында ӨБТКҮБК-дегі қатысу үлесінің 100%-ы берілді.
2012 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Үкіметі Қорға ШҚ ӨЭК 100% үлесінің мемлекеттік пакеті берілді, оны беру күніндегі әділ құны 7.723.000 мың теңгені құрады. ШҚ ӨЭК активтері мен міндеттемелері ШҚ ӨЭК қаржылық есептілігіндегі теңгерімдік құн бойынша осы шоғырландырылған қаржылық есептілікте ескерілген. Таза активтердің теңгерімдік құны және шығарылған жарғылық капиталдың сомасы арасындағы 4.149.000 мың теңге мөлшеріндегі айырмашылық капиталдағы өзгерістер туралы шоғырландырылған есептің құрамында бөлінбеген пайданы азайту ретінде көрсетілген (5-ескертпе).
19 апреля 2012 года Фонду передан государственный пакет акций АО "Аркагаз" справедливая стоимость которого на дату получения составила 4.110.000 мың теңге.
Үкіметтің қарыздары бойынша және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сатып алған облигациялар бойынша дисконт
2013
2013 жылғы қаңтарда Қор сыйақының нарықтық ставкасы бойынша купондық облигацияны орналастырды, оларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінен сатып алды және Үкіметтен нарықтағыдан төмен ставка бойынша қарыз алды. Осы міндеттемелерді бастапқы тану кезіндегі 249.828.000 мың теңге сомасындағы дисконт капиталдағы өзгерістер туралы шоғырландырылған есепте біржолғы кіріс ретінде көрсетілді.
2012
2012 жылы Қор нарықтағыдан төмен сыйақы ставкалары бойынша купондық облигацияларды орналастырды. Осы міндеттемелерді тану кезіндегі 89.617.000 мың теңге сомасындағы дисконт капиталдағы өзгерістер туралы шоғырландырылған есепте көрсетілді.
2012 жылы Қор орналастырған және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі сатып алған облигациялар бойынша проспектілерге өзгерістер мен толықтырулар тіркелді. Осы өзгерістерге сәйкес аталған облигациялар бойынша айналым мерзімдері 2062 жылға дейін ұзартылды және сыйақы ставкасы 0,01%-ға дейін төмендетілді. Проспектідегі өзгерістер облигацияларды орналастырудың бастапқы жағдайларында елеулі өзгерістерге және тиісінше бастапқы міндеттемені тануды тоқтатуға және жаңа міндеттемені БЕХС 39 сәйкес тануға алып келді. Жаңа міндеттеменің әділ құны және бастапқы міндеттеменің теңгерімдік құны арасындағы өзгерістерді енгізу күніндегі 304.650.000 мың теңге мөлшеріндегі айырмашылық капиталдағы өзгерістер туралы шоғырландырылған есепте танылған.
Дивидендтер
Негізгі компанияның акционеріне келетін дивидендтер
2013 жылғы 16 қазанда Қор Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 қазандағы № 1060 қаулысына сәйкес 2012 жыл ішіндегі қаржылық нәтижелер бойынша 9.077.000 мың теңге мөлшерінде Акционерге дивидендтер төлеуді жүзеге асырды (2012 жылы: 159.113.000 мың теңге).
Бақыланбайтын қатысу үлесін ұстаушыларға келетін дивидендтер
2013 жылы Топ ҚМГ БӨ, ҚТК және ҚТО-дағы бақыланбайтын қатысу үлесінің ұстаушыларына тиісінше 40.591.000 мың теңге, 14.919.000 мың теңге және 2.885.000 мың теңге сомаға дивидендтер жариялады (2012: ҚТК және ҚМГ БӨ бақыланбайтын қатысу үлесінің ұстаушыларына тиісінше 114.312.000 мың теңге және 34.322.000 мың теңге).
2013 жылы өзге еншілес ұйымдардағы бақыланбайтын қатысу үлесінің ұстаушыларына төленген дивидендтер 2.326.000 мың теңгені құрады (2012: 1.663.000 мың теңге).
Акционермен өзге операциялар
2013 жылы сәуірде жасалған даму институттары мен қаржы ұйымдарының ("Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ, "Kazyna Capital Management" АҚ, "ҚазЭкспортГарант" экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы" АҚ, "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ, "Қазақстанның Даму банкі" АҚ), "СҚФармация" ЖШС және "Досжан темір жолы" АҚ үстінен толық бақылау құқығымен сенімгерлік басқарудың шарттарға сәйкес Қор осы кәсіпорындардың үстінен бақылауды жоғалтты (6-ескертпе). Қор капиталдағы өзгерістер туралы шоғырландырылған есепте 471.711.000 мың теңге сомаға Акционерге бөлу ретінде осы еншілес ұйымдардың танылуын тоқтатты және істен шығуын көрсетті.
2013 жылғы шілдеде "Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 қаулысын орындау үшін Қор және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті айырбас шартына қол қойды, оған сәйкес жоғарыда сипатталған кәсіпорындардың акциялар пакеті мен қатысу үлестеріне меншік құқығы Үкімет қаулысында көрсетілген тізбеге сәйкес республикалық мүлікке айырбасқа республикалық меншікке беріледі.
2013 жылғы тамызда жоғарыда көрсетілген айырбас шартының шеңберінде Қор кейбір еншілес ұйымдарындың акциялар пакеті мен қатысу үлестерін республикалық меншікке беруді жүзеге асырды ("Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ, "Kazyna Capital Management" АҚ, "КазЭкспортГарант" экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы" АҚ, "Қазақстан инвестициялық қоры" АҚ, "СҚ-Фармация" ЖШС).
Сондай-ақ жоғарыда аталған айырбас шартына сәйкес "Қазгеология" ұлттық геологиялық барлау компаниясы" АҚ-дағы қатысу үлесінің заңды құқықтары Үкімет қаулысында көрсетілген тізбеге сәйкес республикалық мүлікке айырбасқа республикалық меншікке беріледі. Қор капиталдағы өзгерістер туралы шоғырландырылған есепте 8.966.000 мың теңге сомаға Акционерге бөлу ретінде "Қазгеология" ұлттық геологиялық барлау компаниясы" АҚ таныды және істен шығуын көрсетті.
Акционерге өзге бөлулер
"Kazakhmys Plc" акцияларын беру
2013 жылғы 6 маусымда Қор оларды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне беру жолымен Қордың иелігіндегі Kazakhmys Plc барлық жай акцияларын (58.876.793 акциясын) республикалық меншікке өтеусіз беруді жүзеге асырды. Қор 44.069.000 мың теңге мөлшерінде істен шығу күніндегі ағымдағы құнымен сату үшін қолда бар қаржылық актив және 67.856.000 мың теңге мөлшерінде сату үшін қолда бар қаржылық активтерді қайта бағалау бойынша байланысты жинақталған резерв ретінде бұрын ескерілген Kazakhmys Plc-ға инвестицияларды тануды тоқтатты. Осы істен шығу капиталдағы өзгерістер туралы шоғырландырылған есептегі жалпы сомасы 111.925.000 мың теңге болатын Акционерге өзге бөлу ретінде көрсетілді.
Негізгі құралдарды салу және беру
2012 жылы Топ 13.537.000 мың теңге сомада Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің иелігіндегі мұнайды құюға Солтүстік Каспий экологиялық әсер ететін базаны беру бойынша міндеттемені (бұдан әрі – СКЭӘБ) құрды және оларды Акционерге бөлу ретінде көрсетті.
2013 жылы 27 маусымда Мұнай-газ және энергетика саласын дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссия Топтан СКЭӘБ қалдыру шешімін қабылдады. Осының негізінде Топ 2012 жылы танылған Акционерге бөлуге 13.537.000 мың теңге мөлшерінде түзетпе жасады.
2013 жылы Топ Мәскеу қаласындағы Көрме орталығын қайта жөндеуге арналған резервті 3.433.000 мың теңгеге (2012: 2.451.000 мың теңге) және Астана қаласында Қазақстан тарих мұражайын салуға тартылатын шығындарға қатысты резервті 23.551.000 мың теңгеге (2012: 5.179.000 мың теңге) ұлғайтты және тиісінше оларды Акционерге бөлу ретінде көрсетті.
2012 жылы Топ Астана қаласында өзге әлеуметтік объектілерді салуға арналған резервті 28.330.000 мың теңге сомаға ұлғайтты.
Үкімет бекіткен Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту жоспарына сәйкес Топ осы курорттық аймақта гольф-клуб салуға міндетті. Осы жоба құрылысының құны және өтелетін құны тиісінше 19.573.000 мың теңге және 6.252.000 мың теңге сомаға бағаланды. Құрылыстың сметалық құны мен өтелетін құн арасындағы 13.321.000 мың теңге сомасындағы айырмашылық 2013 жыл ішіндегі капиталға өзгерістер туралы шоғырландырылған есепте Акционерге бөлу ретінде көрсетілді.
Акционердің тапсырмасы бойынша қайырымдылық көмек көрсету
2013 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішінде Акционердің тапсырмасы бойынша Топ Акционерге бөлу ретінде көрсетілген әлеуметтік, мәдени-көпшілік және спорт іс-шараларын қаржыландыру үшін 8.833.000 мың теңге мөлшерінде демеушілік көмек бөлді (2012: 14.393.000 мың теңге).
Еншілес ұйымдардағы қатысу үлестерінің өзгеруі – бақыланбайтын үлесті сатып алу
БТА Банк
2012 жылы желтоқсанда мақұлданған БТА Банк міндеттемелерін қайта құрылымдау жоспары шеңберінде Қор 81,48%-дан 97,28%-ға дейін өзінің иелену үлесін ұлғайтып, БТА Банктің қайтадан шығарылған жай акцияларын сатып алды. Осы мәміле нәтижесінде Қор шоғырландырылған қаржылық есептілік нысандарында 123.902.000 мың теңге сомаға бөлінбеген пайданы азайтуды және 126.033.000 мың теңге сомасында бақыланбайтын қатысу үлесін ұлғайтуды таныды.
Еншілес ұйымдардың қатысу үлестеріндегі басқа да өзгерістер
2012 жылдың ішінде бақыланбайтын үлестермен үлестерді сатып алу нәтижесінде еншілес ұйымдардың қатысу үлестеріндегі басқа өзгерістер 9.539.000 мың теңге сомасында бақыланбайтын қатысу үлесін ұлғайтуға әкеп соқтырды.
Бақыланбайтын қатысу үлесі
Төменде елеулі бақыланбайтын қатысу үлестері бар еншілес ұйымдар туралы ақпарат берілген.
Қызметті тіркеу және жүзеге асыру елі | Бақыланбайтын қатысу үлесі | ||||
2013 | 2012 | ||||
Үлес | Теңгерімдік құн | Үлес | Теңгерімдік құн | ||
"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ | Казахстан | 36,78% | 504.355.000 | 36,79% | 492.114.000 |
"Қазақтелеком" АҚ | Казахстан | 49,00% | 135.445.000 | 49,00% | 140.991.000 |
"ҚазТрансОйл" АҚ | Казахстан | 10,00% | 34.452.000 | 10,00% | 29.178.000 |
Rompetrol Rafinare S.A. | Румыния | 45,37% | 24.470.000 | 45,37% | 35.097.000 |
"Эйр Астана" АҚ | Казахстан | 49,00% | 23.123.000 | 49,00% | 20.855.000 |
Rompetrol Downstream S.R.L. | Румыния | 45,37% | 20.437.000 | 45,37% | 21.546.000 |
742.282.000 | 739.781.000 |
Төменде 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша және осы күні аяқталған жыл ішіндегі елеулі бақыланбайтын қатысу үлестері бар еншілес ұйымдар туралы қорытынды қаржылық ақпарат берілген:
Мың теңгемен | "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ | "Қазақ-телеком" АҚ | "Қаз-ТрансОйл" АҚ | Rompetrol Rafinare S.A. | "Эйр Астана" АҚ | Rompetrol Downstream S.R.L. |
Қорытынды бухгалтерлік теңгерім | ||||||
Ұзақ мерзімді активтер | 666.034.000 | 331.753.000 | 319.084.000 | 182.211.000 | 93.247.000 | 55.642.000 |
Ағымдағы активтер | 928.791.000 | 84.383.000 | 123.617.000 | 106.061.000 | 43.628.000 | 55.337.000 |
Ұзақ мерзімді міндеттемелер | (39.376.000) | (69.959.000) | (48.560.000) | (35.250.000) | (62.689.000) | (7.486.000) |
Ағымдағы міндеттемелер | (184.356.000) | (80.674.000) | (49.619.000) | (199.098.000) | (26.948.000) | (58.449.000) |
Капиталдың жиыны | 1.371.093.000 | 265.503.000 | 344.522.000 | 53.924.000 | 47.238.000 | 45.044.000 |
Мыналарға келетін: | ||||||
Негізгі компанияның акционеріне | 866.738.000 | 130.058.000 | 310.070.000 | 29.454.000 | 24.115.000 | 24.607.000 |
Бақыланбайтын қатысу үлесіне | 504.355.000 | 135.445.000 | 34.452.000 | 24.470.000 | 23.123.000 | 20.437.000 |
Кіріс және шығын туралы қорытынды есеп | ||||||
Жалғастырылатын қызметтен жыл ішіндегі пайда/(шығын) | 139.147.000 | 19.561.000 | 83.490.000 | (24.669.000) | 7.814.000 | (2.342.000) |
Табыс салығын шегергендегі жыл ішіндегі жиынтық кіріс/(шығын) жиыны | 143.647.000 | 19.473.000 | 83.075.000 | (24.669.000) | 7.814.000 | (2.342.000) |
Мыналарға келетін: | ||||||
Негізгі компанияның акционеріне | 89.984.000 | 9.968.000 | 74.916.000 | (13.474.000) | 3.985.000 | (1.279.000) |
Бақыланбайтын қатысу үлесіне | 53.663.000 | 9.505.000 | 8.159.000 | (11.195.000) | 3.829.000 | (1.063.000) |
Бақыланбайтын қатысу үлесінің пайдасына төленген дивидендтер | (40.221.000) | (1.031.000) | (2.885.000) | – | (1.562.000) | – |
Ақша ағындары туралы қорытынды ақпарат | ||||||
Операциялық қызмет | 98.432.000 | 62.468.000 | 95.859.000 | 16.900.000 | 8.214.000 | 8.369.000 |
Инвестициялық қызмет | (22.887.000) | (34.416.000) | (60.320.000) | (17.212.000) | (4.503.000) | (547.000) |
Қаржылық қызмет | (111.058.000) | (39.187.000) | (28.848.000) | (8.914.000) | (8.062.000) | (4.485.000) |
Ақша қаражатының және олардың баламаларының таза (азаюы)/ұлғаюы | (35.513.000) | (11.135.000) | 6.691.000 | (9.226.000) | (4.351.000) | 3.337.000 |
Төменде 2012 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша және осы күні аяқталған жыл ішіндегі елеулі бақыланбайтын қатысу үлестері бар еншілес ұйымдар туралы қорытынды қаржылық ақпарат берілген:
Мың теңгемен | "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ | "Қазақ-телеком" АҚ | "Қаз-ТрансОйл" АҚ | Rompetrol Rafinare S.A. | "Эйр Астана" АҚ | Rompetrol Downstream S.R.L. |
Қорытынды бухгалтерлік теңгерім | ||||||
Ұзақ мерзімді активтер | 631.044.000 | 289.265.000 | 289.723.000 | 192.228.000 | 52.027.000 | 66.388.000 |
Ағымдағы активтер | 933.056.000 | 129.994.000 | 85.868.000 | 124.277.000 | 36.391.000 | 48.835.000 |
Ұзақ мерзімді міндеттемелер | (41.775.000) | (96.631.000) | (45.785.000) | (37.863.000) | (22.330.000) | (7.062.000) |
Ағымдағы міндеттемелер | (184.556.000) | (45.881.000) | (38.024.000) | (201.288.000) | (23.477.000) | (60.673.000) |
Капиталдың жиыны | 1.337.769.000 | 276.747.000 | 291.782.000 | 77.354.000 | 42.611.000 | 47.488.000 |
Мыналарға келетін: | ||||||
Негізгі компанияның акционеріне | 845.655.000 | 135.756.000 | 262.604.000 | 42.257.000 | 21.756.000 | 25.942.000 |
Бақыланбайтын қатысу үлесіне | 492.114.000 | 140.991.000 | 29.178.000 | 35.097.000 | 20.855.000 | 21.546.000 |
Кіріс және шығын туралы қорытынды есеп | ||||||
Жалғастырылатын қызметтен жыл ішіндегі пайда/(шығын) | 160.823.000 | 20.147.000 | 42.867.000 | (21.517.000) | 9.107.000 | (7.026.000) |
Табыс салығын шегергендегі жыл ішіндегі жиынтық кіріс/(шығын) жиыны | 164.478.000 | 222.155.000 | 43.360.000 | (21.517.000) | 9.107.000 | (7.026.000) |
Мыналарға келетін: | ||||||
Негізгі компанияның акционеріне | 100.818.000 | 109.259.000 | 43.360.000 | (11.753.000) | 4.645.000 | (3.838.000) |
Бақыланбайтын қатысу үлесіне | 63.660.000 | 112.896.000 | – | (9.764.000) | 4.462.000 | (3.188.000) |
Бақыланбайтын қатысу үлесінің пайдасына төленген дивидендтер | (33.971.000) | (111.218.000) | – | – | (1.320.000) | – |
Ақша ағындары туралы қорытынды ақпарат | ||||||
Операциялық қызмет | 154.879.000 | (171.461.000) | 62.907.000 | 21.536.000 | 7.240.000 | (14.517.000) |
Инвестициялық қызмет | (52.131.000) | 153.243.000 | (33.096.000) | (25.558.000) | (5.216.000) | (476.000) |
Қаржылық қызмет | (154.555.000) | (16.343.000) | (32.709.000) | 21.730.000 | 928.000 | 13.880.000 |
Ақша қаражатының және олардың баламаларының таза (азаюы)/ұлғаюы | (51.807.000) | (34.561.000) | (2.898.000) | 17.708.000 | 2.952.000 | (1.113.000) |
Валюталарды қайта есептеу бойынша резерв
Валюталарды қайта есептеу бойынша резерв функционалдық валютасы теңге болып табылмайтын және қаржылық есептілігі осы шоғырландырылған қаржылық есептілік нысандарына енгізілген еншілес ұйымдардың қаржылық есептілігін қайта есептеуден туындайтын бағамдық айырмаларды есепке алу үшін пайдаланылады.
Өзге де күрделі резервтер
Өзге де күрделі резервтер капитал шеңберінде хеджирлеу жөніндегі резервтегі белгілі бір туынды қаржылық құрал қатынасында әділ құн бойынша кез келген пайдалар немесе шығындарды есепке алу үшін ақша қаражаты ағындарын хеджирлеу есебінің ықпал етуін қамтиды. Осы пайдалар мен шығындардың салдарынан тікелей операцияларды жүргізу кезіндегі пайдалармен мен шығындарда танылады.
Өзге де күрделі резервтер олар жұмыс істейтін еншілес ұйымдардың борыштық құралдарымен қызметкерлерге төленетін көрсетілген қызметтері үшін сыйақылар сомасын да қамтиды. Төлемдер жөніндегі шығыстар борыштық құралдар негізінде қызмет нәтижелеріне қол жеткізу талаптары және/немесе белгілі бір мерзімде қызмет атқарған талаптары орындалатын және қызметкерлер сыйақыға толық құқық алған күнде аяқталатын кезең ішінде өзге де күрделі резервтерде бір мезгілде тиісті ұлғаюымен танылады.
Акцияға арналған пайда
Акцияға арналған базалық пайданың сомасы жыл бойы айналымдағы жай акциялардың орташа өлшенген санында негізгі компанияның жай акцияларын ұстаушыларға келетін жыл ішіндегі таза пайданы бөлу жолымен есептелген. Акцияға ажыратылған пайда сомасы бір жыл ішіндегі айналымдағы жай акциялардың орташа өлшенген санына плюс барлық ықтимал жай акцияларды ажырату әсерімен айырбастау жағдайында шығарылатын қарапайым акциялардың орташа салмақталған санды негізгі компанияның жай акцияларын ұстаушыларға келетін таза пайданы бөлу арқылы есептелді.
Төменде акцияға базалық және бөлінген пайда есептерінде пайдаланылған пайда және акциялар саны туралы ақпарат келтірілген:
Мың теңгемен | 2013 | 2012 (қайта есептелді) |
Негізгі компанияның Акционеріне жатқызылатын жалғастырылатын қызметтен түсетін пайда | 573.201.000 | 598.654.000 |
Негізгі компанияның Акционеріне жатқызылатын тоқтатылған қызметтен түсетін таза пайда | (165.955.000) | 468.923.000 |
Базалық пайданы есептеу үшін негізгі компанияның Акционеріне жатқызылатын таза пайда | 407.246.000 | 1.067.577.000 |
Акцияға базалық және бөлінген пайданы есептеу үшін жай акциялардың орташа өлшенген саны | 3.481.546.896 | 3.481.122.721 |
Акциялардың теңгерімдік құны
"Қазақстан қор биржасы" АҚ (бұдан әрі "ҚҚБ") Биржалық кеңесінің 2010 жылғы 4 қазандағы шешіміне сәйкес қаржылық есептілігі ҚҚБ бекітілген қағидаларға сәйкес есептелген есепті күнгі бір акцияның (жай және артықшылықты) теңгерімдік құны туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
Мың теңгемен | 2013 | 2012 (қайта есептелді) |
Активтердің жиыны | 15.294.489.000 | 15.274.204.000 |
Материалдық емес активтер | (284.325.000) | (358.276.000) |
Міндеттемелердің жиыны | (7.787.897.000) | (7.858.745.000) |
Жай акциялар үшін таза активтер | 7.222.267.000 | 7.057.183.000 |
31 желтоқсандағы жай акциялардың саны | 3.481.602.341 | 3.481.526.139 |
Жай акцияның теңгерімдік құны, теңге | 2.074 | 2.027 |
8. ПАЙДАЛАР МЕН ШЫҒЫНДАР ТУРАЛЫ ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН ЕСЕП
Түсім
31 желтоқсанда аяқталатын жылдар ішіндегі түсім мыналарды қамтиды:
Мың теңгемен | 2013 | 2012 (қайта есептелді) |
Мұнай өнімдерін сату | 2.096.932.000 | 1.968.721.000 |
Теміржолмен жүк тасымалдары | 738.985.000 | 684.320.000 |
Шикі мұнай сату | 735.441.000 | 597.598.000 |
Мұнай мен газ тасымалдау | 261.803.000 | 220.677.000 |
Уран өнімін сату | 211.321.000 | 253.635.000 |
Қайта өңделген газ өнімін сату | 204.303.000 | 188.601.000 |
Телекоммуникациялық қызметтер | 182.555.000 | 167.340.000 |
Электрлік кешен | 144.877.000 | 125.372.000 |
Авиатасымалдар | 143.813.000 | 128.046.000 |
Пайыздық кіріс | 106.168.000 | 83.241.000 |
Жолаушылар темір жол тасымалы | 74.421.000 | 64.337.000 |
Электр энергиясын тасымалдау | 70.687.000 | 63.730.000 |
Почта қызметтері | 25.627.000 | 22.380.000 |
Дәрі-дәрмектерді сату | 24.548.000 | 73.102.000 |
Мемлекеттік субсидиялар | 28.996.000 | 27.857.000 |
Өзге кіріс | 322.683.000 | 297.953.000 |
Минус: сатуға салық және коммерциялық жеңілдіктер | (295.988.000) | (241.828.000) |
5.077.172.000 | 4.725.082.000 |
Мемлекеттік субсидиялар
"Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1188 қаулысына сәйкес 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Қазақстан темір жолы" ұлттық компания" АҚ ("ҚТЖ ҰК") әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша тасымалдаушының залалдарын жабу ретінде субсидиялар ала бастады. Осы субсидиялар бойынша қандай да бір орындалмаған талаптар немесе шартты міндеттемелер жоқ. 2013 жылы 31 желтоқсанда аяқталған жылға субсидияның сомасы 23.881.000 мың теңгені құрады (2012: 22.148.000 мың теңге).
"Халыққа телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсететін байланыс операторларының шығындарын өтеу үшін телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 қазандағы № 1039 қаулысына сәйкес 2004 жылдың 4-тоқсанынан бастап "Қазақтелеком" АҚ операторлар әлеуметтік маңызды аудандарда байланыс қызметін көрсету кезінде шеккен шығындарын өтеуге арналған үкіметтік дотациялар алды. Көрсетілген дотацияларға қатысты барлық талаптар мен шартты міндеттемелер орындалды. 2013 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жылы алынған субсидияның жалпы сомасы 5.029.000 мың теңгені құрады (2012: 5.309.000 мың теңге).
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 17 тамыздағы № 915 қаулысына сәйкес Үкімет Астанадан Қазақстанның басқа қалаларына рентабельді емес бағыттар бойынша жолаушылар әуе тасымалы бойынша қызметтерді жүзеге асыратын компанияларға субсидиялар ұсынды. Субсидия рейске жұмсалатын шығынның алынған кірістен артып кетуіне негізделген. 2013 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жылғы субсидия сомасы 46.000 мың теңгені құрады (2012: 353.000 мың теңге).
2013 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жылға өзге де мемлекеттік субсидиялар 40.000 мың теңгені (2012: 47.000 мың теңге) құрады.
Өзге кіріс
Өзге кіріс, негізінен, комиссиялық кірісті, қорларды сатудан кірісті және негізгі қызметтермен бірге берілетін үшінші тараптарға өзге де қосымша қызметтерді беруді қамтиды.
Сатылған тауарлар мен қызметтердің өзіндік құны
31 желтоқсанда аяқталған жылдар ішінде сатылған тауарлар мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны мыналарды қамтыды:
Мың теңгемен | 2013 | 2012 (қайта есептелді) |
Материалдар мен қорлар | 2.144.838.000 | 2.045.029.000 |
Жалақы бойынша шығыстар | 574.378.000 | 525.843.000 |
Тозу, сарқылу және амортизация | 317.025.000 | 284.795.000 |
Алынған өндірістік қызметтер | 124.830.000 | 117.222.000 |
Пайдалы қазбалар өндіруге салынатын салық | 97.698.000 | 85.381.000 |
Жөндеу және қызмет көрсету | 84.073.000 | 75.520.000 |
Пайыздық шығыстар | 80.000.000 | 74.785.000 |
Жалдау | 37.742.000 | 34.822.000 |
Өзгелер | 186.426.000 | 146.848.000 |
3.647.010.000 | 3.390.245.000 |
Сату бойынша шығыстар
31 желтоқсанда аяқталған жылдар ішіндегі сату бойынша шығыстар мыналарды қамтыды:
Мың теңгемен | 2013 | 2012 (қайта есептелді) |
Рента салығы | 165.307.000 | 161.461.000 |
Тасымалдау | 59.358.000 | 113.655.000 |
Кеден бажы | 59.499.000 | 43.690.000 |
Жалақы бойынша шығыстар | 20.849.000 | 17.000.000 |
Тозу және амортизация | 12.689.000 | 12.895.000 |
Агенттерге комиссиялық сыйақылар және жарнама | 8.887.000 | 10.625.000 |
Өзге де | 20.868.000 | 18.008.000 |
347.457.000 | 377.334.000 |
Әкімшілік шығыстар
31 желтоқсанда аяқталған жылдар ішіндегі әкімшілік шығыстар мыналарды қамтыды:
Мың теңгемен | 2013 | 2012 (қайта есептелді) |
Жалақы бойынша шығыстар | 152.338.000 | 144.102.000 |
Демеушілік көмек және қайырымдылық | 35.239.000 | 25.926.000 |
Консультациялық қызметтер | 21.415.000 | 20.412.000 |
Табыс салығынан басқа салықтар | 46.638.000 | 42.846.000 |
Тозу және амортизация | 26.404.000 | 23.304.000 |
Күмәнді борыштар бойынша резервтер | 7.232.000 | 10.293.000 |
Айыппұлдар мен өсімпұлдар | 9.026.000 | 9.035.000 |
Іссапар шығыстар | 6.499.000 | 6.237.000 |
Жалдау | 6.472.000 | 6.351.000 |
Өзгелер | 67.519.000 | 55.163.000 |
378.782.000 | 343.669.000 |
Өзге де шығыстар
31 желтоқсанда аяқталған жылдар ішіндегі өзге де шығыстар мыналарды қамтыды:
Мың теңгемен | 2013 | 2012 (қайта есептелді) |
Құнсызданудан шығын | 232.664.000 | 219.448.000 |
Негізгі құралдардың істен шығуынан шығын | 3.372.000 | 2.318.000 |
Өзгелер | 23.578.000 | 21.011.000 |
259.614.000 | 242.777.000 |
Құнсызданудан шығын
Мың теңгемен | 2013 | 2012 (қайта есептелді) |
Клиенттерге қарыздардың құнсыздануы/ (құнсыздануды түзету) | 77.230.000 | (1.737.000) |
Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің құнсыздануы | 74.395.000 | 86.018.000 |
Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компанияларға инвестициялардың құнсыздануы /(Құнсыздануды түзету) | 61.427.000 | (16.565.000) |
Сатуға қолда бар қаржылық активтердің құнсыздануы | - | 146.848.000 |
Гудвиллдің құнсыздануы | 4.945.000 | - |
Өзгелер | 14.667.000 | 4.884.000 |
232.664.000 | 219.448.000 |
Өзге де кірістер
Мың теңгемен | 2013 | 2012 (қайта есептелді) |
Еншілес ұйымдардың істен шығуынан кіріс | 23.916.000 | 4.823.000 |
Шетелдік валютамен айырбастау операцияларынан таза кіріс | 1.037.000 | 1.187.000 |
Сатып алу кезіндегі пайдалы сатып алудан кіріс | 196.000 | 22.000 |
Пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша ескерілетін қаржы инстріменттерімен болатын операциялардан таза кіріс | 24.000 | 16.033.000 |
Өзгелер | 57.182.000 | 43.220.000 |
82.355.000 | 65.285.000 |
Қаржыландыру бойынша кірістер
31 желтоқсанда аяқталған жылдар ішіндегі қаржыландыру бойынша кірістер мыналарды қамтыды:
Мың теңгемен | 2013 | 2012 (қайта есептелді) |
Кредит мекемелеріндегі қаражат және ақша қаражаты мен олардың баламалары бойынша сыйақы | 61.690.000 | 37.397.000 |
Қарыздар және қаржы активтері бойынша кіріс | 4.699.000 | 5.642.000 |
Алынған дивидендтер бойынша кіріс | 10.094.000 | 7.357.000 |
Өзгелер | 7.419.000 | 5.375.000 |
83.902.000 | 55.771.000 |
Қаржыландыру бойынша шығыстар
31 желтоқсанда аяқталған жылдар ішіндегі қаржыландыру бойынша шығыстар мыналарды қамтыды:
Мың теңгемен | 2013 | 2012 (қайта есептелді) |
Қарыздар және шығарылған борыштық бағалы қағаздар бойынша пайыздар | 200.473.000 | 167.533.000 |
Резервтер және өзге де берешектер бойынша дисконт сомасына ұлғайту | 5.752.000 | 8.407.000 |
Туынды инструменттер бойынша таза шығын | 149.000 | 7.588.000 |
Қаржылық жалдау бойынша пайыздар бойынша міндеттемелер | 4.215.000 | 2.906.000 |
Өзгелер | 20.157.000 | 22.317.000 |
230.746.000 | 208.751.000 |
Үлестік қатысу әдісі бойынша ескерілетін қауымдасқан ұйымдар мен бірлескен қызмет пайдасындағы (шығындағы) ұйымның үлесі
31 желтоқсанда аяқталған жылдар ішіндегі үлестік қатысу әдісі бойынша ескерілетін қауымдасқан ұйымдар мен бірлескен қызмет пайдасындағы (шығындағы) ұйымның үлесі мыналарды қамтиды:
Мың теңгемен | 2013 | 2012 (қайта есептелді) |
"ТеңізШевройл" ЖШС | 295.908.000 | 267.829.000 |
Маңғыстау Инвестментс БВ | 56.519.000 | 64.636.000 |
"ҚазГерМұнай БК" ЖШС | 43.216.000 | 38.358.000 |
ПетроҚазақстан Инк. | 23.747.000 | 34.564.000 |
"ҚазРесГаз" АҚ | 22.335.000 | 40.891.000 |
"Екібастұз МАЭС-1" ЖШС ("ЕМАЭС-1") | 16.277.000 | 19.798.000 |
"Қазақстан-Қытай құбыры" ЖШС | 12.049.000 | 8.576.000 |
"Қазақойл-Актөбе" ЖШС | 11.715.000 | 11.320.000 |
"КАТКО" бк жшс | 10.339.000 | 9.458.000 |
"Екібастұз МАЭС-2" ЖШС ("ЕМАЭС-2") | 9.016.000 | 5.880.000 |
"Қаратау" ЖШС | 6.939.000 | 10.050.000 |
"Қазмырыш" ЖШС | 6.364.000 | - |
Sekerbank T.A.S. | 6.298.000 | 6.559.000 |
Өзгелер | 25.620.000 | 22.594.000 |
546.342.000 | 540.513.000 |
Табыс салығы бойынша шығыстар
31 желтоқсанда аяқталған жылдар ішіндегі табыс салығы бойынша шығыстар мыналарды қамтыды:
Мың теңгемен | 2013 | 2012 (қайта есептелді) |
Ағымдағы табыс салығы бойынша шығыстар: | ||
Корпоративтік табыс салығы (КТС) | 145.016.000 | 149.027.000 |
Дивидендтер мен сыйақылар бойынша төлем көзінен ұсталатын салық | 62.579.000 | 50.970.000 |
Үстеме пайда салығы | 8.475.000 | 31.139.000 |
Кейінге қалдырылған табыс салығы бойынша шығыс/ (үнем): | ||
Корпоративтік табыс салығы (КТС) | 48.971.000 | 12.225.000 |
Дивидендтер мен сыйақылар бойынша төлем көзінен ұсталатын салық | 7.077.000 | 4.214.000 |
Үстеме пайда салығы | 5.126.000 | (3.786.000) |
Табыс салығы бойынша шығыстар | 277.244.000 | 243.789.000 |
Қазақстан Республикасында 2013 және 2012 жылдың 31 желтоқсанына салықтық шығындарды ауыстыру салық мақсатында олар туындаған күннен бастап 10 (он) жыл өткеннен кейін мерзімі өтеді.
Бухгалтерлік пайдадан бастап табыс салығы бойынша шығыстарға табыс салығының нормативтік ставкасы бойынша табыс салығын есептегенге дейін есептелген табыс салығы бойынша шығыстарды салыстыру
31 желтоқсанда аяқталатын жылдар ішінде (2013 және 2012 жылдары 20%) былайша көрсетіліп отыр:
Мың теңгемен | 2013 | 2012 (қайта есептелді) |
Жалғасып отырған қызметтен табыс салығын есептегенге дейінгі пайда | 889.973.000 | 801.624.000 |
Тоқтатылған қызметтен табыс салығын есептегенге дейінгі (шығын)/пайда | (177.801.000) | 589.737.000 |
Бухгалтерлік пайда бойынша табыс салығы бойынша шығыстар | 142.434.000 | 278.272.000 |
Салық салынбайтын тоқтатылған қызметтің істен шығуынан кіріс БТА | - | (40.007.000) |
Банк таныған қалпына келтіруге облигациялар бойынша шығыстар | - | (74.278.000) |
Істен шығу тобының құнсыздануы | 31.746.000 | - |
Шегерімге жатқызылмайтын немесе салық салу мақсатында салық салуға жатқызылмайтын баптардың салықтық әсері | 57.585.000 | 90.147.000 |
Үстеме пайда салығы | 13.601.000 | 27.353.000 |
Корпоративтік табыс салығының әртүрлі ставкаларының әсері | 15.929.000 | 13.500.000 |
Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компанияларда салық салынбайтын пайда үлесі | (63.844.000) | (67.137.000) |
Кейінге қалдырылған салық бойынша танылмаған активтердегі өзгерістер | 74.964.000 | 23.935.000 |
Корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстардың жиынтығы | 272.415.000 | 251.785.000 |
4.829.000 | (7.996.000) | |
Тоқтатылған қызметке жатқызылған табыс салығы бойынша үнем/(шығыстар) шегерілген | 277.244.000 | 243.789.000 |
Активтер мен міндеттемелерді есептеу үшін салық негізі мен шоғырландырылған қаржылық есептілік нысандарында көрсетілген сома арасындағы уақытша айырмаларға есептік күні қолданылған заңмен белгіленген салық ставкаларын қолдану арқылы есептелген кейінге қалдырылған салық сальдосы 31 желтоқсанға мыналарды қамтиды:
Мың теңгемен | 2013 | 2012 | |||||||
Корпоративтік табыс салығы | Үстеме пайда салығы | Төлем көзінен ұсталатын салық | Жиыны | Корпоративтік табыс салығы | Үстеме пайда салығы | Төлем кейінен ұсталатын салық | Жиыны | ||
Кейінге қалдырылған салық активтері | |||||||||
Негізгі құралдар | 7.985.000 | (1.902.000) | - | 6.083.000 | 16.780.000 | 2.420.000 | - | 19.200.000 | |
Ауыстырылған салықтық шығындар | 240.080.000 | - | - | 240.080.000 | 517.870.000 | - | - | 517.870.000 | |
Қызметкерлерге қатысты есептелген міндеттемелер | 10.028.000 | 96.000 | - | 10.124.000 | 7.851.000 | 365.000 | - | 8.216.000 | |
Қаржы активтерінің құнсыздануы | 17.943.000 | - | - | 17.943.000 | 122.057.000 | - | - | 122.057.000 | |
Қоршаған ортаны ластағаны үшін міндеттемелер бойынша резерв | 3.989.000 | - | - | 3.989.000 | 2.497.000 | - | - | 2.497.000 | |
Өзге де есептеулер | 12.063.000 | 1.406.000 | - | 13.469.000 | 1.868.000 | 3.885.000 | - | 5.753.000 | |
Өзгелер | 26.861.000 | - | - | 26.861.000 | 31.836.000 | - | - | 31.836.000 | |
Минус: кейінге қалдырылған танылмаған салық активтері | (201.619.000) | - | - | (201.619.000) | (569.666.000) | - | - | (569.666.000) | |
Минус: кейінге қалдырылған салық міндеттемелері ескерілген кейінге қалдырылған салық активтері | (74.530.000) | (316.000) | - | (74.846.000) | (58.579.000) | (1.220.000) | - | (59.799.000) | |
Кейінге қалдырылған салық активтері | 42.800.000 | (716.000) | - | 42.084.000 | 72.514.000 | 5.450.000 | - | 77.964.000 | |
Кейінге қалдырылған салық міндеттемелері | |||||||||
Негізгі құралдар | 401.774.000 | 1.090.000 | - | 402.864.000 | 334.979.000 | 3.034.000 | - | 338.013.000 | |
Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың бөлінбеген пайдасы | - | - | 46.801.000 | 46.801.000 | - | - | 39.724.000 | 39.724.000 | |
Өзгелер | 3.100.000 | - | - | 3.100.000 | 19.012.000 | - | - | 19.012.000 | |
Минус: кейінге қалдырылған салық міндеттемелері ескерілген кейінге қалдырылған салық активтері | (74.530.000) | (316.000) | - | (74.846.000) | (58.579.000) | (1.220.000) | - | (59.799.000) | |
Кейінге қалдырылған салық міндеттемелері | 330.344.000 | 774.000 | 46.801.000 | 377.919.000 | 295.412.000 | 1.814.000 | 39.724.000 | 336.950.000 | |
Таза кейінге қалдырылған салық міндеттемелері | (287.544.000) | (1.490.000) | (46.801.000) | (335.835.000) | (222.898.000) | 3.636.000 | (39.724.000) | (258.986.000) |
31 желтоқсанда аяқталған жылдарға таза кейінге қалдырылған салық міндеттемелеріндегі өзгерістер былайша берілген:
Мың теңгемен | 2013 | 2012 | ||||||
Корпоративтік табыс салығы | Үстеме пайда салығы | Төлем көінен ұсталатын салық | Жиыны | Корпоративтік табыс салығы | Үстеме пайда салығы | Төлем көінен ұсталатын салық | Жиыны | |
1 қаңтардағы сальдо | 222.898.000 | (3.636.000) | 39.724.000 | 258.986.000 | 209.625.000 | 150.000 | 35.510.000 | 245.285.000 |
Есептілік валютасын қайта есептеу | 2.029.000 | - | - | 2.029.000 | (1.193.000) | - | - | (1.193.000) |
Өзге де жиынтық кірісте көрсетілгені | (1.750.000) | - | - | (1.750.000) | 3.106.000 | - | - | 3.106.000 |
Еншілес компаниялардың сатып алуы | (128.000) | - | - | (128.000) | 9.000 | - | - | 9.000 |
Тоқтатылған қызмет (6-ескертпе) | 22.160.000 | - | - | 22.160.000 | (874.000) | - | - | (874.000) |
Пайдалар мен шығындарда көрсетілгені | 42.335.000 | 5.126.000 | 7.077.000 | 54.538.000 | 12.225.000 | (3.786.000) | 4.214.000 | 12.653.000 |
31 желтоқсандағы сальдо | 287.544.000 | 1.490.000 | 46.801.000 | 335.835.000 | 222.898.000 | (3.636.000) | 39.724.000 | 258.986.000 |
2013 жылғы 31 желтоқсанға 201.619.000 мың теңге мөлшеріндегі танылмаған активтер, негізінен, Қордың кейбір еншілес ұйымдарының шеккен салықтық шығындарына жатқызылды (2012 жылы: 569.666.00 мың теңге), ол 10 (он) тізбекті жыл ішінде болашақ салық салынатын пайдаға қарсы есептелуі мүмкін. 443.011.000 мың теңге мөлшерінде танылмаған кейінге қалдырылған салық активтеріндегі азаю Топтың кейбір еншілес ұйымдары сатуға арналған ретінде сыныпталған активтер құрамына ауыстыруға және істен шығуына байланысты (6-ескертпе). Осы шығындарға қатысты кейінге қалдырылған салық активтері танылған жоқ, өйткені олар Топтың өзге де операциялық сегменттерінен салық салынатын пайдаға қарсы есептелмейді және олар біршама уақыт бойы шығынды болып табылған қызметтен пайда болды. Топ талдау жасап, ағымдағы салық шығындары бойынша кейінге қалдырылған салық активтерін өтеу ықтималдығы ықтимал болып табылмайтындығы туралы қорытындыға келді. Егер Топ барлық танылмаған кейінге қалдырылған салық активерін тани алған жағдайда, таза пайда 2013 жылы 201.619.000 мың теңгеге ұлғаятын еді.
9. ШОҒЫРЛАНДЫРУ
Мына еншілес ұйымдар осы шоғырландырылған қаржылық есептілік нысандарына енгізілді:
Иелену үлесі | ||
2013 | 2012 | |
"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ ("ҚМГ" ҰК) және еншілес ұйымдары | 100,00% | 100,00% |
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ ("ҚТЖ" ҰК") және еншілес ұйымдары | 100,00% | 100,00% |
"ҚазАтомӨнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ ("ҚАӨ" ҰАК") және еншілес ұйымдары | 100,00% | 100,00% |
"Қазақтелеком" АҚ ("ҚТК") және еншілес ұйымдары | 51,00% | 51,00% |
"Самұрық–Энерго" АҚ ("Самұрық-Энерго") және еншілес ұйымдары | 100,00% | 100,00% |
"Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы" АҚ және еншілес ұйымдары ("KEGOC") | 100,00% | 100,00% |
"Эйр Астана" АҚ ("Эйр Астана") | 51,00% | 51,00% |
"БТА Банк" АҚ ("БТА Банк") және еншілес ұйымдары** | 97,26% | 97,28% |
"Альянс Банк" АҚ ("Альянс Банк") және еншілес ұйымдары | 67,00% | 67,00% |
"Қазпочта" АҚ және еншілес ұйымдары | 100,00% | 100,00% |
"Қазақстан Инжиниринг" ұлттық компаниясы" АҚ және еншілес ұйымдары ("Қазақстан Инжиниринг") | 100,00% | 100,00% |
"Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" АҚ | 100,00% | 100,00% |
"Ақтөбе халықаралық әуежайы" АҚ | 100,00% | 100,00% |
"Самұрық-Қазына Келісімшарт" ЖШС | 100,00% | 100,00% |
"Тау-кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы" АҚ және еншілес ұйымдары | 100,00% | 100,00% |
"Академик Ш.Ш. Шөкин атындағы энергетика ҚазҒЗИ" АҚ | 50%+1 | 50%+1 |
"Біріккен химия компаниясы" ЖШС және еншілес ұйымдары ("БХК") | 100,00% | 100,00% |
"Самұрық-Қазына Инвест" ЖШС | 100,00% | 100,00% |
"КОРЭМ" АҚ | 100,00% | 100,00% |
"Атырау халықаралық әуежайы" АҚ | 100,00% | 100,00% |
"Павлодар әуежайы" АҚ | 100,00% | 100,00% |
"Қарағандыгипрошахтасы және К" ЖШС | 90,00% | 90,00% |
"Темiрбанк" АҚ** | 79,88% | 79,90% |
KGF SLP | 100,00% | 100,00% |
KGF IM | 100,00% | 100,00% |
KGF Management | 100,00% | 100,00% |
"СҚ Финанс" ЖШС | 100,00% | 100,00% |
"Қазгеология" ұлттық геология компаниясы" АҚ | - | 100,00% |
"СҚ-Фармация" ЖШС | - | 100,00% |
"ҚазЭкспоГарант" Экспорттық-кредит сақтандыру корпорациясы" АҚ (Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі МСК) | - | 100,00% |
"Досжан темір жолы" АҚ | - | 94,96% |
"Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ | - | 100,00% |
"Қазақстанның Даму банкі" АҚ ("ҚДБ") және еншілес ұйымдары | - | 100,00% |
"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ ("Даму") | - | 100,00% |
"Kazyna Capital Management" АҚ және еншілес ұйымдары | - | 100,00% |
"Шығыс Қазақстан өңірлік энергетика компаниясы" АҚ * | - | 100,00% |
* 2013 жылғы 14 наурыздан бастап "Шығыс Қазақстан өңірлік энергетика компаниясы" АҚ еншілес ұйым ретінде "Самұрық-Энерго" АҚ құрамына кіреді.
** 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Топ даму институттары мен қаржы ұйымдарының тоқтатылған қызмет ретінде істен шығуын таныды.
10. ЕЛЕУЛІ АҚШАЛАЙ ЕМЕС МӘМІЛЕЛЕР
Мына елеулі ақшалай емес операциялар ақша қаражатының қозғалысы туралы шоғырландырылған есептен шығарылды:
2013 жылы Топ Акционерден 9.808.000 мың теңге сомаға Батыс Қазақстан, Жамбыл және Ақтөбе облыстары аумағындағы жоғары, орта және төмен қысымды газ құбырлары мен оларға арналған құрылыстар нысанында жарғылық капиталға салымдар және 26.234.000 мың теңге мөлшерінде "Ақтау халықаралық сауда теңіз порты" ұлттық компаниясы" АҚ-ның мемлекетке тиесілі акцияларын алды.
2012 жылы Топ Акционерден кейбір акцияларды алды, оның ішінде Қарашығанақ Жобалау Консорциумына қатысу үлесін және жарғылық капиталға салым ретінде және айырбас шарттары бойынша өзге мүлік алды (5-ескертпе).
2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша сатып алынған негізгі құралдарға кредиторлық берешек 25.610.000 мың теңгеге (2012: 95.343.000 мың тенге) ұлғайды.
2013 жылы Топ құны 52.724.000 мың теңге (2012: 35.290.000 мың теңге) болатын қаржылық жалдау шарттары бойынша негізгі құралдарды алды.
2013 жылы қаңтарда Қор нарықтан төмен ставкалар бойынша купондық облигацияларды орналастырды, оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сатып алды. 249.828.000 мың теңге сомасында осы міндеттемелерді бастапқы тану кезінде дисконт капиталға өзгерістер туралы шоғырландырылған есепте біржолғы кіріс ретінде көрінді.
2013 жылы Топ Акционердің тапсырмалары бойынша Астана қаласында әлеуметтік объектілер салу және Мәскеу қаласында Көрме орталығын және Үкімет бекіткен Щучье-Бурабай курорттық аймағын жаңғырту нәтижесіндегі шығыстарға байланысты резервті ұлғайтты және Акционерге бөлу ретінде таныды. Топ Акционерге бөлуді түзетті, ол жалпы сомасы 26.768.000 мың теңге (2012: 50.135.000 мың теңге) болатын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің иелігіне мұнайды құюға Солтүстік Каспий экологиялық ден қою базасын (СҚЭДБ) беру бойынша Топтың міндеттемелеріне байланысты.
2013 жылы Топ 17.854.000 мың теңге (2012: нөл) сомаға қарыздар алу арқылы негізгі құралдар сатып алды.
2013 жылы Топ 8.740.000 мың теңге (2012: 16.727.000 мың теңге) сомаға қоршаған ортаға шығын бойынша міндеттемелер мен активтердің істен шығуы бойынша міндеттемелер бойынша резервті ұлғайту бойынша соманы негізгі қаражаттың теңгерім құнына капиталдандырды.
2013 жылы Топ 19.038.000 мың теңге (2012: 4.162.000 мың теңге) мөлшерінде қарыздар бойынша шығындарды капиталдандырды.
2012 жылы Қор нарықтан төмен ставкалар бойынша купондық облигацияларды орналастырды, оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сатып алды және нарықтан төмен ставкалар бойынша Үкіметтен қарыздар алды. 89.617.000 мың теңге сомасында бастапқы тану кезінде облигациялар дисконты капиталға өзгерістер туралы шоғырландырылған есепте біржолғы кіріс ретінде танылды.
2012 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сатып алған Қордың орналастырылған облигацияларының талаптарына қатысты өзгерістер тіркелді. Осы өзгерістерге сәйкес осы облигациялар бойынша айналым мерзімі 2062 жылға дейін ұзартылды және сыйақы ставкасы 0,01% дейін төмендетілді. Проспектідегі өзгерістер облигацияларды орналастырудың бастапқы талаптарында біршама өзгерістерге және тиісінше бастапқы міндеттемені тануды тоқтатуға және БЕХС 39 сәйкес жаңа міндеттемелерді тануға әкелді. Өзгерістер енгізу күнгі жаңа міндеттеменің әділ құны мен бастапқы міндеттеменің теңгерім құны арасындағы 304.650.000 мың теңге мөлшеріндегі айырма капиталға өзгерістер туралы шоғырландырылған есепте танылды.
11. БАЙЛАНЫСТЫ ТАРАПТАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫ АШУ
24 "Байланысты тараптар туралы ақпаратты ашу" БЕХС-ке сәйкес, егер бір тарап екінші тарапты бақылау мүмкіндігі болса немесе оның қаржылық немесе операциялық шешім қабылдауы кезінде екінші тарапқа біршама ықпалын жүзеге асыру мүмкіндігі болса, тараптар байланысты болып саналады. Әрбір байланысты тараппен қатынастардың болу мүмкіндігін бағалау кезінде заңды ресімделуіне ғана емес, сонымен қатар өзара қатынастардың мәніне де назар аударылады.
Байланысты тараптар Топтың негізгі басқарушы персоналын, Топтың негізі басқарушы персоналына біршама қатысу үлесі тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымды, сондай-ақ Үкімет бақылайтын өзге де кәсіпорындарды қамтиды. Байланысты тараптармен мәмілелер байланысты және үшінші тарапқа ұсынылатын тарифтер негізінде берілген кейбір реттелетін қызметтерді қоспағанда, нарық ставкаларына сәйкес келуі міндетті емес тараптар арасында келісілген талаптар бойынша жүзеге асырылды.
Мына кесте байланысты тараптармен 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жасалған мәмілелердің жалпы сомасын көрсетеді:
Мың теңгемен | Қауымдасқан компаниялар | Топ қатысушы болып табылатын бірлескен кәсіпорындар | Мемлекет бақылайтын өзге де кәсіпорындар | Өзге де байланысты тараптар | |
Байланысты тараптардың берешегі | 2013 | 45.827.000 | 21.039.000 | 6.070.000 | 339.000 |
2012 | 60.684.000 | 16.352.000 | 5.054.000 | 199.000 | |
Байланысты тараптарға берешек | 2013 | 9.268.000 | 46.231.000 | 932.000 | 2.436.000 |
2012 | 22.924.000 | 52.693.000 | 1.710.000 | 101.000 | |
Тауарлар мен қызметтерді сату | 2013 | 60.667.000 | 222.474.000 | 73.016.000 | 1.984.000 |
2012 | 93.788.000 | 330.247.000 | 90.928.000 | 2.678.000 | |
Тауарлар мен қызметтерді сатып алу | 2013 | 40.271.000 | 331.902.000 | 17.116.000 | 2.894.000 |
2012 | 42.210.000 | 264.232.000 | 9.498.000 | 19.000 | |
Ағымдағы шоттар және салымдар (міндеттемелер) | 2013 | 60.000 | 709.000 | 28.224.000 | 34.000 |
2012 | 290.000 | 19.000 | 13.209.000 | 624.000 | |
Ақша қаражаты және оның аламалары және кредиттік мекемелердегі қаражат (активтер) | 2013 | 6.530.000 | - | 198.369.000 | - |
2012 | 4.296.000 | - | 517.482.000 | - | |
Клиенттерге қарыздар | 2013 | 15.628.000 | 59.145.000 | 7.193.000 | 6.156.000 |
2012 | 7.698.000 | 41.802.000 | 19.835.000 | 27.159.000 | |
Алынған қарыздар | 2013 | 67.000 | 7.000 | 1.112.865.000 | - |
2012 | 48.000 | - | 779.774.000 | - | |
Өзге де активтер | 2013 | 18.190.000 | 48.059.000 | 56.732.000 | 1.790.000 |
2012 | 739.000 | 33.157.000 | 143.356.000 | 980.000 | |
Өзге де міндеттемелер | 2013 | 2.961.000 | 830.000 | 50.502.000 | 39.000 |
2012 | 411.000 | 371.000 | 20.903.000 | 2.000 | |
Алынған сыйақы | 2013 | 1.682.000 | 6.914.000 | 12.141.000 | 4.392.000 |
2012 | 2.074.000 | 3.182.000 | 7.491.000 | 1.583.000 | |
Есептелген сыйақы | 2013 | 1.000 | 4.403.000 | 58.973.000 | 6.000 |
2012 | 531.000 | 1.412.000 | 49.232.000 | 4.000 |
2013 жылғы 31 желтоқсанда 71.290.000 мың теңге сомаға (2012 жылғы 31 желтоқсанда: 69.907.000 мың теңге) Топтың бірқатар қарыздарына Қазақстан Республикасының Үкіметі кепілдік берді.
Қоса берілген пайдалар мен шығындар туралы шоғырландырылған есепте жалақы бойынша шығыстарға қосылған негізгі басқарушы персоналға төленген жалпы сыйақы сомасы 2013 жылы 31 желтоқсанда аяқталған жылы 12.836.000 мың теңгені құрады (2012: 11. 979.000 мың теңге). Негізгі басқарушы персоналға төленген сыйақы келісімшарттарда белгіленген жалақы бойынша шығыстардан және операциялық нәтижелерге негізделген сыйлықтардан басым тұрады.
Үкімет Топтың еншілес ұйымдарына кейбір субсидияларды береді.
12. ҚАРЖЫ ҚҰРАЛДАРЫ, ҚАРЖЫ ТӘУЕКЕЛДЕРІН БАСҚАРУ МАҚСАТТАРЫ ЖӘНЕ САЯСАТЫ
Топтың негізгі қаржы құралдары қарыздарды, ҚР Үкіметінен қарыздарды, қаржылық жалдау бойынша міндеттемелерді, клиенттердің қаражатын, туынды құралдарды, ақша қаражатын және оның баламаларын, клиенттерге қарыздарды, кредит мекемелеріндегі қаражатты, өзге де қаржылық активтерді, сондай-ақ дебиторлық және кредиторлық берешектерді қамтиды. Топтың қаржы құралдары бойынша туындайтын негізі тәуекелдер – бұлар пайыздық ставкалардағы өзгерістер тәуекелі, валюталық тәуекел және кредиттік тәуекел. Топ барлық қаржы құралдары бойынша туындайтын өтімділікке байланысты тәуекелдерді де қадағалайды.
Пайыздық ставкалардағы өзгерістер тәуекелі
Пайыздық ставкалардағы өзгерістер тәуекелі нарықтағы сыйақы ставкасының өзгеруі нәтижесінде қаржы құралы құнының ауытқу тәуекелін білдіреді. Топ оларда өзінің жеке және қарыз қаражаты, сондай-ақ оның инвестициялары көрсетілген валюталар бойынша сыйақы ставкаларының өзгерістеріне бақылауды жүзеге асыру арқылы пайыздық ставкалардағы өзгерістер тәуекелін шектейді.
Топтың пайыздық ставкалардағы өзгерістер тәуекеліне бейімділігі, негізінен, өзгермелі пайыздық ставкалармен Топтың ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді борыштық міндеттемелеріне қатысты болады.
Мына кестеде Топтың табыс салығына (өзгермелі сыйақы ставкаларымен қарыздарының болуы салдарынан) және капиталға дейін (сату үшін қолда бар инвестициялардың әділ құнындағы өзгерістер салдарынан) пайдасының LIBOR өзгермелі пайыздық ставкаларында болатын ықтимал өзгерістерге барлық қалған өлшемдер тұрақты шама ретінде қабылданатын талаппен сезімталдығы көрсетілген.
Мың теңгемен | Базистік пункттердегі ұлғаю/ (азаю)* | Пайда мен шығындарға ықпалы | Капиталға өзге де ықпал |
2013 | |||
АҚШ доллары | 3/-3 | (1.034.000)/1.034.000 | (7.000)/7.000 |
Теңге | 3/-3 | (60.000)/60.000 | (285.000)/333.000 |
2012 | |||
АҚШ доллары | 5/-5 | (284.000)/284.000 | (79.000)/105.000 |
Теңге | 5/-5 | (406.000)/426.000 | (1.351.000)/1.318.000 |
* 1 базистік пункт = 0,01%.
Валюталық тәуекел
АҚШ долларында көрсетілген қарыздың, қаржылық жалға алу бойынша міндеттемелердің және сауда кредиторлық берешектің, банктердегі күрделі қаржының, ақша қаражаты мен олардың баламаларының және дебиторлық берешектің елеулі сомасының болуы нәтижесінде Топтың шоғырландырылған қаржылық жағдайына АҚШ долларының теңгеге айырбас бағамының өзгеруі біршама әсер етуі мүмкін.
Мына кестеде Топ пайдасының табыс салығын есептегенде дейін АҚШ доллары және еуро айырбас бағамындағы ықтимал өзгерістерге, барлық қалған өлшемдер тұрақты шама ретінде қабылданған жағдай талабымен сезімталдығы көрсетілген.
Мың теңгемен | Айырбастау бағамдарындағы ұлғаю /(азаю) | Пайдаға және шығынға әсері |
2013 | ||
АҚШ доллары | 20%/10% | (317.350.000)/(156.200.000) |
Еуро | 20%/10% | (13.426.000)/(6.713.000) |
2012 | ||
АҚШ доллары | 1,57%/(1,57%) | (33.629.000)/33.629.000 |
Еуро | 10,77%/(10,77%) | (1.854.000)/1.854.000 |
Кредиттік тәуекел
Контрагенттердің Топтың қаржы инструменттерімен жасалған шарттардың талаптарын орындамауы нәтижесінде туындаған кредиттік тәуекел, әдетте, контрагенттер міндеттемелерінің шамасы Топтың осы контрагенттердің алдындағы міндеттемелерінен асатын осындай жағдайлар болған кезде, сомамен шектеледі. Топ саясаты кредитке қабілетті конртагенттермен бірге қаржы инструменттерімен операциялар жасауды көздейді. Кредиттік тәуекелге бейімділіктің ең жоғарғы шамасы әрбір қаржы активінің теңгерім құнына тең. Топ өз тәуекелінің ең жоғары шамасы есепті күні көрсетілген құнсыздануға резервтерді шегергенде, клиенттер қарыздарының сомасында, кредит мекемелеріндегі қаражат сомасында, сауда-дебиторлық берешек пен өзге де ағымдағы активтерде, өзге де қаржы активтерінде және ақша қаражаты мен оның баламаларында көрінеді деп санайды.
Кредиттік тәуекелдің жинақталуы оларға қатысты экономикалық жағдайлардың немесе өзге де жағдайлардың өзгеруі олардың өз міндеттемелерін орындау қабілетіне бірдей әсер етеді деп күтуге негіз бар бір қарыз алушының немесе бірдей қызмет шарттарымен қарыз алушылар тобының берешегінің бірнеше сомасы болған кезде туындауы мүмкін.
Топта баламалы кредиттік тарихы бар контрагенттермен мәмілелер жасасуға және белгіленген кредит беру лимиттерінен асырмауға тұрақты бақылауды көздейтін саясат қолданылады. Топтың өз клиенттерінің көпшілігімен алдын ала төлем негізінде жұмыс істеуінің арқасында кредиттік тәуекел азаяды.
Өтімділік тәуекелі
Өтімділік тәуекелі Топ өзінің қаржылық міндеттемелерін орындау үшін қаражат тартқан кезде киындықтарға кездесуі мүмкіндігіне байланысты. Өтімділік тәуекелі қаржы активін оның әділ құнына жақын құн бойынша жедел сатудың мүмкін еместігі нәтижесінде туындауы мүмкін.
Өтімділікке қойылатын талаптар ұдайы бақыланады және басшылық міндеттемелерді олардың туындауына қарай орындау үшін жеткілікті көлемде қаражаттың болуын қадағалайды.
Мына кестеде осы міндеттемелерді өтеудің мерзімі бөлігінде Топтың қаржылық міндеттемелері бойынша шарттық дисконтталмаған төлемдер туралы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ақпарат берілген.
Мың теңгемен | Талап етілгенге дейін | 1 айдан артық, бірақ 3 айдан аспайтын | 3 айдан артық, бірақ 1 жылдан аспайтын | 1 жылдан артық, бірақ 5 жылдан аспайтын | 5 жылдан артық | Жиыны |
2013 жылғы 31 желтоқсанға | ||||||
ҚР Үкіметінің қарыздары | 71.170.000 | 24.000 | 3.403.000 | 19.386.000 | 1.373.642.000 | 1.467.625.000 |
Қарыздар | 245.459.000 | 123.789.000 | 405.202.000 | 2.192.807.000 | 2.807.861.000 | 5.775.118.000 |
Қаржылық жалдау бойынша міндеттемелер | 67.000 | 4.536.000 | 13.044.000 | 45.668.000 | 43.712.000 | 107.027.000 |
Клиенттердің қаражаты | 81.797.000 | 46.973.000 | 45.847.000 | 54.983.000 | 81.921.000 | 311.521.000 |
Сауда және өзге кредиторлық берешек | 164.644.000 | 166.979.000 | 111.689.000 | 256.505.000 | 12.000 | 699.829.000 |
Туынды қаржы құралдары | - | - | 41.000 | - | 46.000 | 87.000 |
Өзге де міндеттемелер | 25.011.000 | 39.593.000 | 131.900.000 | 8.911.000 | 11.250.000 | 216.665.000 |
588.148.000 | 381.894.000 | 711.126.000 | 2.578.260.000 | 4.318.444.000 | 8.577.872.000 |
Мың теңгемен | Талап етілгенге дейін | 1 айдан артық, бірақ 3 айдан аспайтын | 3 айдан артық, бірақ 1 жылдан аспайтын | 1 жылдан артық, бірақ 5 жылдан аспайтын | 5 жылдан артық | Жиыны |
2012 жылғы 31 желтоқсанға | ||||||
ҚР Үкіметінің қарыздары | 458.887.000 | 71.000 | 109.107.000 | 24.783.000 | 1.140.801.000 | 1.733.649.000 |
Қарыздар | 187.161.000 | 157.597.000 | 755.108.000 | 1.798.934.000 | 3.102.669.000 | 6.001.469.000 |
Қаржылық жалдау бойынша міндеттемелер | 30.000 | 2.697.000 | 9.019.000 | 26.668.000 | 17.020.000 | 55.434.000 |
Клиенттердің қаражаты | 221.676.000 | 105.004.000 | 260.089.000 | 147.549.000 | 77.178.000 | 811.496.000 |
Сауда және өзге кредиторлық берешек | 181.502.000 | 126.417.000 | 186.146.000 | 229.200.000 | 4.826.000 | 728.091.000 |
Туынды қаржы құралдары | - | 12.047.000 | 42.000 | 42.561.000 | 33.000 | 54.683.000 |
Өзге де міндеттемелер | 103.895.000 | 40.068.000 | 208.659.000 | 24.036.000 | 14.879.000 | 391.537.000 |
1.153.151.000 | 443.901.000 | 1.528.170.000 | 2.293.731.000 | 4.357.406.000 | 9.776.359.000 |
Капиталды басқару
Топ ең бастысы өзінің еншілес ұйымдарының капиталын басқару арқылы және өзінің бақылау функцияларын іске асыра отырып, өзінің капиталын басқарады. Капиталды басқарудың басты мақсаты Топтың еншілес ұйымдары берешек пен капиталға қатысты оңтайландыру арқылы Акционерге кірістерді көбейтумен қатар қызметтің үздіксіз болуы қағидатын ұстануды жалғастыру жағдайында болуын қамтамасыз ету болып табылады.
Топ әрбір еншілес ұйымның бизнесінің мұқтаждығын және қызметінің ерекшелігін ескере отырып әзірленген қызметтің белгілі бір көрсеткіштерін белгілей отырып, өзінің еншілес ұйымдарының капиталын басқарады. Топ өзінің еншілес ұйымдарының капиталын басқару үшін пайдаланатын қызметтің негізгі көрсеткіштері - бұл мына коэффициенттер: Пайызды, Салық салуды, Тозуды және Амортизацияны Есепке алғанға дейін Кіріске Борыш ("D/EBITDA"); және Капиталға борыш ("D/E"). Борыш ақша қаражаты мен олардың баламалары құнына кемітілген тиісті еншілес ұйымдардың қарыздары, борыш қағаздары, кепілдіктері және қаржылық жалдауы бойынша міндеттемелеріне теңестіріледі. Капитал негізгі компанияның Акционердің үлесіне жатқызылатын еншілес ұйымның бүкіл капиталына теңестіріледі.
Рұқсат етілген ең жоғарғы көрсеткіштер әрбір еншілес ұйымға оның бизнесінің мұқтаждығы және ерекшелікті артықшылығы негізінде мақұлданды және мынадай диапазондар шегінде өзгереді (Топ үшін қызметтің шоғырландырылған негізгі көрсеткіштері анықтамалық түрде берілді, өйткені Топ шоғырландырылған деңгейде қызметтің негізгі көрсеткіштерін бақыламайды):
Қызметтің негізгі көрсеткіштері | 2013 | 2012 |
D/EBITDA | 3,09 | 4,07 |
D/E | 0,69 | 0,83 |
Миллиард теңгемен | 2013 | 2012 |
Қарыздар | 3.974 | 4.208 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздары | 269 | 771 |
СКЖ қатысу үлесін сатып алғаны үшін берешек | 322 | 340 |
Қаржылық жалдау бойынша міндеттеме | 89 | 44 |
Клиенттердің қаражаты | 242 | 743 |
Туынды қаржы инструменттері | 1 | 8 |
Қор Тобына кірмейтін компаниялардың міндеттемелері бойынша кепілдік берілетін негізгі борыштың номинал сомасы | 307 | - |
Өзгелер | - | 47 |
Таза берешек | 5.204 | 6.161 |
Миллиард теңгемен | 2013 | 2012 |
Табыс салығын есепке алғанға дейінгі жалғасқан қызметтен пайда | 890 | 802 |
Қарыздар және шығарылған борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы | 200 | 167 |
Қаржылық жалдау бойынша сыйақы | 4 | 3 |
Тозу, ескіру және амортизация | 356 | 322 |
Құнсызданудан болатын шығын | 233 | 219 |
EBITDA | 1.683 | 1.513 |
Капиталдың жиыны | 7.507 | 7.415 |
Қаржы құралдарының әділ құны
Топ қаржы құралдарының әділ құнын анықтау және бағалау моделінің бөлінісінде ол туралы ақпаратты ашу үшін мынадай сатылылықты пайдаланады:
1-деңгей: бірдей активтер немесе міндеттемелер бойынша белсенді нарыққа арналған бағалар (ешқандай да түзетулерсіз).
2-деңгей: барлық бастапқы деректері нарықта не тікелей, не тікелей емес бақыланатын, әділ құнды көрсетуге біршама әсерін тигізетін басқа да әдістер.
3-деңгей: бақыланатын нарықтық ақпаратқа негізделмеген әділ құнды көрсетуге біршама әсер ететін бастапқы деректерде қолданылатын әдістер.
2013 және 2012 жылдардағы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Топтың қаржы құралдарының теңгерімдік құны төменде берілген қаржы құралдарын қоспағанда, олардың әділ құнына негіздемелі түрде жақындау болып табылады:
Мың теңгемен | 1-деңгей | 2-деңгей | 3-деңгей | 2013 жылғы 31 желтоқсан |
Қаржы құралдарының санаты | ||||
Активтер | ||||
Сату үшін қолда бар қаржылық активтер | 50.639.000 | 13.636.000 | 726.000 | 65.001.000 |
Пайда мен шығын арқылы әділ құн бойынша ескерілетін қаржылық активтер | - | 8.114.000 | - | 8.114.000 |
Туынды қаржылық активтер | 46.427.000 | - | 46.427.000 | |
Міндеттемелер | ||||
Туынды қаржылық міндеттемелер | - | 527.000 | - | 527.000 |
Мың теңгемен | 1-деңгей | 2-деңгей | 3-деңгей | 2012 жылғы 31 желтоқсан |
Қаржы құралдарының санаты | ||||
Активтер | ||||
Сату үшін қолда бар қаржылық активтер | 283.039.000 | 128.006.000 | 6.441.000 | 417.486.000 |
Пайда мен шығын арқылы әділ құн бойынша ескерілетін қаржылық активтер | 8.548.000 | 13.993.000 | 14.715.000 | 37.256.000 |
Сауда-саттық бағалы қағаздары | 70.421.000 | - | - | 70.421.000 |
Туынды қаржылық активтер | 527.000 | 49.719.000 | 32.000 | 50.278.000 |
Міндеттемелер | ||||
Туынды қаржылық міндеттемелер | 373.000 | 7.965.000 | - | 8.338.000 |
2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша әділ құнның сатылығы негізінде 3-деңгей бойынша бастапқы және түпкі теңгерімдерді салыстырып тексеру былайша берілген:
Мың теңгемен | Сату үшін қолда бар қаржылық активтер | Пайда/шығын арқылы әділ құн бойынша ескерілетін қаржылық активтер | Сауда-саттық бағалы қағаздары | Туынды қаржылық активтер | Қаржылық активтердің жиыны |
2012 жылғы 1 қаңтардағы | - | 14.654.000 | - | - | 14.654.000 |
Пайда мен шығында танылған бүкіл пайда/(шығын) | 674.000 | (1.084.000) | - | - | (410.000) |
Өзге жиынтық кірісте танылған бүкіл пайда/(шығын | (637.000) | - | - | - | (637.000) |
Сатып алу | - | 6.106.000 | - | 32.000 | 6.138.000 |
Сату | - | (340.000) | - | - | (340.000) |
Өтеу | (613.000) | - | - | - | (613.000) |
1-деңгейден және 2-деңгейден ауыстырулар | 7.017.000 | - | - | - | 7.017.000 |
Өзге де активтерге қайта сыныптау | - | (462.000) | - | - | (462.000) |
Өзгелер | - | (4.159.000) | - | - | (4.159.000) |
2012 жылғы 31 желтоқсанға | 6.441.000 | 14.715.000 | - | 32.000 | 21.188.000 |
Пайда мен шығында танылған бүкіл пайда/(шығын) | 72.000 | 41.000 | - | - | 113.000 |
Өзге жиынтық кірісте танылған бүкіл пайда/(шығын | 248.000 | 142.000 | - | - | 390.000 |
Сатып алу | - | 2.956.000 | - | 7.000 | 2.963.000 |
Сату | - | (1.441.000) | - | - | (1.441.000) |
Өтеу | (211.000) | (54.000) | - | - | (265.000) |
1-деңгейден және 2-деңгейден ауыстырулар | 726.000 | - | - | - | 726.000 |
Өзге де активтерге қайта сыныптау | - | - | - | - | - |
Сатуға арналған активтерге ауыстырулар | (6.550.000) | (16.359.000) | - | (39.000) | (22.948.000) |
2013 жылғы 31 желтоқсанға | 726.000 | - | - | - | 726.000 |
2013 | |||||
Мың теңгемен | Ағымдағы құн | Әділ құн | Мыналарды пайдалана отырып, әділ құнды бағалау | ||
Белсенді нарықтағы котировкалар (1-деңгей) | Елеулі бақыланатын бастапқы деректер (2-деңгей) | Елеулі бақыланбайтын бастапқы деректер(3-деңгей) | |||
Қаржылық активтер | |||||
Кредиттік мекемелердегі қаражат | 1.574.564.000 | 1.541.964.000 | 933.766.000 | 549.624.000 | 58.574.000 |
Қаржылық міндетемелер | |||||
Қарыздар | 3.974.366.000 | 4.019.557.000 | 2.945.574.000 | 742.846.000 | 331.137.000 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздары | 268.558.000 | 228.369.000 | – | 228.369.000 | - |
Жоғарыда көрсетілген қаржы құралдарының әділ құны иеленетін пайыздық ставкалар бойынша ақшалай қаражаттың күтілетін болашақтағы ағындарын дисконттау арқылы есептелген.
13. ҚАРЖЫЛАЙ ЖӘНЕ ШАРТТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
Сот талқылаулары
БТА Банк
2009 жылы БТА Банк рейдерлік іс-қимылдарға ұшырады, оның нәтижесінде сот шешімі негізінде БТА Банктен 30.418.143 фунт стерлинг мөлшерінде сома өндіріліп алынды, сондай-ақ осы шешімді орындау есебіне БТА Банкке тиесілі "БТА Банк" ЖАҚ (Қырғызстан) акциясына өндіріп алуға өтініш жасалды, ол "БТА Банк" ЖАҚ-қа (Қырғызстан) бақылауды жоғалтуға әкелді.
БТА Банктің осы акцияларды бақылау және меншіктену құқығын қайтару мақсатында сауда-саттықты жарамсыз деп тану туралы талап-арыз берілді, оны БТА Банктің пайдасына "БТА Банк" ЖАҚ-қа 71% қатысу үлесін қайта тіркеуге әкелуі қажет. 2012 жылғы 6 желтоқсанда сауда-саттықты жарамсыз деп тану туралы Бішкек ауданаралық сотының шешімі заңдық күшіне енді. Көрсетілген шешім осы шоғырландырылған қаржылық есептілік нысандарын шығаруға мақұлдау күні бар қамақтардың күшін жою бойынша сот талқылауларының ұзақ болуы салдарынан орындалмады (акциялар БТА Банкке тіркелмеді).
Түркия аумағындағы талап-арыздар
"БТА Банк" АҚ еншілес ұйымы "БТА секьюритис" АҚ-ға (бұдан әрі "БТА Секьюритис") тиесілі Sekerbank T.A.S-тың 101.726.214 акциясына Turkiye Vakiflar Bankasi T.A.O. талабы бойынша 2012 жылғы 7 ақпандағы Стамбул Коммерциялық сотының шешіміне сәйкес осы акцияларды үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынған алдын ала қамақ қойылды. БТА Секьюритис тиесілі акцияларға қамақты алып тастау туралы мәселе
2013 жылғы 13 мамырдағы, 2013 жылғы 11 қыркүйектегі және 2014 жылғы 5 ақпандағы сот отырыстарының шеңберінде қаралды. Сарапшыны тыңдау 2014 жылғы 3 наурызға белгіленді, Істі қарау Стамбул қаласында 39 Коммерциялық сотта 2014 жылғы 2 маусымға белгіленді.
Қордың шоғырландырылған қаржылық есептілігі нысандарын шығаруға мақұлдау күні сот ісінің жағымсыз қорытындысы болжамдалып отырған жоқ.
Rompetrol Rafinare S.A. (ҚМГ ҰК еншілес ұйымы)
2009 жылғы 31 желтоқсанда Топтың еншілес ұйымы ҚМГ ҰК-да Румынияның пайдасына Ромпетролдың ірі еншілес ұйымы – Rompetrol Rafinare S.A. шығарған айырбасталатын борыштық инструменттің 3.353.000 мың теңге мөлшерінде өтелмеген сальдосы болды. Міндеттемелердің номинал құны 570,3 миллион еуроны құрайды. Инструменттің айналым мерзімі 7 (жеті) жылды құрады және 2010 жылғы 30 қыркүйекте мерзімі өтті. Бастапқы тану сәтінде міндеттемелер компонентінің әділ құны инструмент бойынша дисконтталған болашақ ақшалай шарттық төлемдер ретінде анықталды. Егер барлық борыштық инструмент 2010 жылғы 30 қыркүйекте Ромпетрол және/немесе Rompetrol Rafinare S.A. тарапынан кейінгі іс-қимылдарсыз Румынияның пайдасына жаңа акциялардың шығарылымымен төленсе, 2009 жылғы 31 желтоқсанда акцияларды иелену үлесіне сәйкес Топ Rompetrol Rafinare S.A. бақылауды жоғалтатын еді
2010 жылдың бірінші жарты жылдығы ішінде ҚМГ ҰК Rompetrol Rafinare S.A.-дегі өз үлесін ұлғайту мақсатында, барлық акционерлерден үлестерді сатып алу бойынша ашық ұсынысты жүзеге асырды.
2010 жылғы тамызда Rompetrol Rafinare S.A. 329,4 миллион румын лей (акцияға жазылу күні 78 миллион еуроға баламалы) сомасына жаңа акцияларды шығару арқылы өзінің жарғылық капиталын ұлғайтты. Ромпетрол жаңа акциялар шығаруға жазылды және осылайша Rompetrol Rafinare S.A-дағы өз үлесін ұлғайта отырып, осы шығарылымға толығымен ақы төледі. 2010 жылғы тамыз ішінде акцияларды шығарудан алынған қаражатты пайдалана отырып, Rompetrol Rafinare S.A. Румыния пайдасына айырбасталатын борыштық инструмент бойынша 570,3 миллион еуро жалпы берешек сомасының 54 миллион еуросын (10.464.00 мың теңгеге баламалы) өтеді. 2010 жылы қыркүйекте Rompetrol Rafinare S.A. 17 миллион еуро (3.315.000 мың теңгеге баламалы) мөлшерінде соңғы купонды төледі, ол айырбасталатын борыштық инструмент бойынша борыштық компонент берешегінің нөлдік сальдосына әкелді.
2010 жылғы 30 қыркүйекте Rompetrol Rafinare S.A. акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы акцияға айырбасталатын борыштық инструменттің төленбеген бөлігін айырбастау, сондай-ақ айырбастау күні қолданылған айырбастау бағамы негізінде есептелген айырбасталатын борыш бойынша Румынияға тиесілі акциялардың нақты саны және жарғылық капиталының тиісті ұлғаюы, сондай-ақ 2010 жылғы 30 қыркүйекте қолданылған және айырбасталатын борыштық инструментті шығару күнгі – 2003 жылғы 30 қыркүйек айырбастау бағамдары арасындағы айырма ретінде есептелген эмиссиялық кіріс туралы шешімді бекітті. Нәтижесінде Румынияның бақылаусыз қатысу үлесі 44,6959%-ды құрады.
Осы операциялар нәтижесінде бөлінбеген пайда 113.467.000 мың теңгеге азайды, ал бақыланбайтын қатысу үлесі 2010 жылы 103.003.000 мың теңгеге ұлғайды.
2010 жылы Румыния Үкіметі атынан Румыния Қаржы министрлігі айырбасталатын борыштық инструментті ішінара ақшамен, ішінара акцияларды шығарумен өтеу туралы шешімге және жарғылық капиталды ұлғайту туралы Rompetrol Rafinare S.A. шешіміне қарсы сот талап-арызына бастамашылық жасады.
Констанца қ. трибуналы Румыния Үкіметінің өтінішін: (а) Румыния Үкіметінің мұндай актілер қабылданғанда акционердің мүмкіндігі жоқ екенін растай отырып, сот алдында тұру мүмкіндігі жоқ екенін ескере отырып, кейбір жою себептерінің нәтижесінде, (б) олар негізделмегенін ескере отырып, кейбір жою себептері нәтижесінде қабылдамады.
Бұдан басқа, 2010 жылғы 17 қарашада Румыния Қаржы министрлігі акция шығару инструментін ішінара өтеу туралы ҚМГ ҰК шешіміне Румыния өкіметінің келіспеушілігі нәтижесі ретінде 2.205.592.436 румын лейі (беру мақсаты үшін 516,3 миллион еуро, 2010 жылғы 31 желтоқсандағы бағам бойынша теңгемен - 100.797.000 мың теңге) сомасына жарлық шығарды. Rompetrol Rafinare S.A. осы жарлықты жою туралы бұйымтаймен шағым берді. 2012 жылғы маусымда істі тыңдау тоқтатылды және 2013 жылғы 6 маусымға дейін бір жыл ішінде жаңартылуы мүмкін.
Сондай-ақ 2010 жылғы 10 қыркүйекте Румыния өкіметі атынан Румыния Қаржы министрлігі және ANAF еншілес ұйымдардағы Rompetrol Rafinare S.A. барлық қатысу үлестеріне мәжбүрлі тыйым салу туралы, сондай-ақ тауарлық-материалдық қорларды қоспағанда, Rompetrol Rafinare S.A. жылжыйтын және жылжымайтын мүлкіне тыйым салу туралы жарлық шығарды. Осы жарлық қолданыста және ҚМГ ҰК осы жарлықтың заңдылығына қарсы шығуға тырысуда. Осы шоғырландырылған қаржылық есептілікті шығарған күні мүлікке тыйым салу жүзеге асырылған жоқ, өйткені Румыния өкіметі өндіріп алу бойынша мәжбүрлі рәсімдерге бастамашылық жасаған жоқ.
ҚМГ ҰК басшылығы Румыния биліктерінің тыйым салу туралы жарлығын орындау жүзеге асырылмайды деп санайды.
2013 жылғы 15 ақпанда Rompetrol Rafinare S.A. және румыния мемлекетінің мүддесін білдіретін Мемлекеттік меншік және жекешелендіру агенттігі (бұдан әрі "ММЖА") өзара түсіністік туралы меморандумға (бұдан әрі "Меморандум") қол қойды, онда тараптар айырбасталатын борыштық инструменттер мәселесі бойынша талқылауларды тоқтату туралы уағдаласты.
2014 жылғы 22 қаңтарда меморандум Үкіметтің №35/2014 шешімімен бекітілді, нәтижесінде Румыния Қаржы министрлігі талап-арыздарды қайтарып алу және барлық талқылауларды тоқтату үшін қажетті барлық рәсімдерді жүргізуді белгіледі. Меморандум мынадай негізгі тармақтарды қамтиды:
* ММЖА сатады, ал Rompetrol Rafinare S.A. 200 миллион АҚШ доллары мөлшерінде ақшалай сыйақыға ММЖА тиесілі 26,6959% мөлшерінде Rompetrol Rafinare S.A. акцияларын сатып алады;
* Ромпетрол 7 (жеті) жыл ішінде оның негізгі қызметімен байланысты энергетикалық жобаларға 1 миллиард АҚШ долларына дейін инвестициялау мүмкіндігін қарайды;
* Румыния Қаржы министрлігі айырбасталатын борыштық инструменттерге қатысты Rompetrol Rafinare S.A. акционерлерінің жалпы жиналысының шешіміне қатысты барлық талап-арызды қайтарып алуға және Rompetrol Rafinare S.A. барлық қатысу үлесіне мәжбүрлі тыйым салу туралы жарлықты жоюға міндеттенеді.
2014 жылғы 24 наурызда өткен отырыс нәтижесінде сот талқылауы Румыния Қаржы министрлігі барлық жоғарыда санамаланған талап-арыздарды қайтарып алғаннан кейін тоқтатылды.
Экологиялық міндеттемелер
Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнама даму үдерісінде, сондықтан да тұрақты өзгерістерге ұшырады. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін айыппұлдар өте қатаң болуы мүмкін. Заңнамада қолданылып жүрген ережелер, азаматтық талаптар немесе өзгерістерді өте қатаң түсіндіру нәтижесінде туындауы мүмкін әлеуетті міндеттемелер дұрыс бағаланбауы мүмкін. Резервтер қалыптастырылған сомадан басқа, басшылық Топтың шоғырландырылған бухгалтерлік теңгеріміне, пайдалар мен шығындар туралы шоғырландырылған есебі мен ақша қаражатының қозғалысы туралы шоғырландырылған есебіне біршама елеулі әсер етуі мүмкін ықтимал не мүмкін экологиялық міндеттемелер жоқ деп санайды.
"Өзенмұнайгаз" АҚ 2011-2012 экологиялық тексеру (ҚМГ БӨ)
2013 жылғы 25 қаңтарда "Өзенмұнайгаз" АҚ-ға (бұдан әрі "ӨМГ") экологиялық зияны үшін мемлекеттік бюджетке 59.345.000 мың теңге мөлшерінде айыппұл төлеу туралы Маңғыстау облысы Экология департаментінен хабарлама түсті. Жалпы шығын сомасы 2011 жылғы тамыздан бастап 2012 жылғы 12 қараша аралығындағы кезеңге тексеру қорытындылары бойынша белгіленді. ӨМГ жоғарыда көрсетілген хабарламамен келіспеді және 2013 жылғы 26 ақпанда Маңғыстау облыстық Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа актіні заңсыз және есептерді дұрыс емес деп тану туралы өтінішпен жүгінді. 2013 жылы 7 наурызда Маңғыстау облысы Экология департаменті де сол сотқа шығынды мәжбүрлі түрде өндіріп алу туралы талап-арыз берді.
2013 жылғы 22 мамырда сот ӨМГ кассациялық шағымын толықтай қанағаттандырды және мәжбүрлі түрде айыппұл төлеу туралы Маңғыстау облысы Экология департаментінің талап-арызын қабылдамады. 2013 жылғы 6 маусымда Маңғыстау облысы Экология департаменті Маңғыстау облыстық сотының Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі аппеляциялық сот алқасына аппеляция берді. 2013 жылғы 9 шілдеде осы аппеляцияны Аппеляциялық сот алқасы қабылдамай тастады. 2013 жылғы 23 желтоқсанда Маңғыстау облысы Экология департаменті Маңғыстау облыстық сотының кассациялық сот алқасына шағым берді. 2014 жылғы 12 ақпанда осы шағымды Маңғыстау облыстық сотының кассациялық сот алқасы қабылдамады. ҚМГ БӨ Маңғыстау облысы Экология департаменті Қазақстан Республикасы Жоғары сотына келесі аппеляцияны береді деп күтуде.
ҚМГ ҰК басшылығы ӨМГ-ның осы мәселе бойынша жақсы айғақтары бар деп санайды, өйткені инспекциялық процесс рәсімдеріне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып, тексеру жүргізілді және Маңғыстау облысы бойынша Экология департаментінде Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу және экологиялық кодекс талаптарына сәйкес қоршаған ортаға зиянды растайтын сенімді дәлелдер жоқ.
ҚМГ ҰК ӨМГ тексеру нәтижелерін ойдағыдай шағымдануды және қоршаған ортаға келтірілген шығынды төлеу туралы талап жалғастырады деп санайды және соның салдарынан осы мәселе бойынша резервтер есептеу 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жүргізілген жоқ.
"Өзенмұнайгаз" АҚ 2012-2013 экологиялық тексеру (ҚМГ БӨ)
2014 жылғы 24 қаңтарда ӨМГ экологиялық шығынға 213 миллиард теңге мөлшерінде айыппұл төлеу туралы Маңғыстау облысы бойынша Экология департаментінен хабарлама алды. Жиынтық сома тексеру қорытындылары бойынша анықталды, ол 2012-2013 жылдар аралығындағы кезеңді қамтыды.
2014 жылғы 7 ақпанда ӨМГ осы айыппұлдың күшін жоюға сот тәртібінде шағым берді және Ақтау қаласы Мамандандырылған әкімшілік сотының 2014 жылғы 21 ақпандағы ұйғарымымен шағым ӨМГ пайдасына толық көлемде қанағаттандырылды. Осы соттың ұйғарымы апелляциялық және кассациялық тәртіппен шағымдануға жатпайды, бірақ прокурор наразылық білдіруі мүмкін.
Бұдан басқа, 2014 жылғы 14 ақпанда Маңғыстау облысы бойынша Экология департаменті 327.900.000 мың теңге сомасында қоршаған ортаға келтірген зиянын өтеу бойынша ӨМГ талап-арыз берді. Бұдан бұрын берілген және сот органдары заңсыз деп таныған 59.345.000 мың теңге мөлшеріндегі шығын сомасы сол бұзушылықтарға байланысты болды.
ӨМГ осы талап-арызға шағымдану бойынша тиісті іс-қимылдар қабылдады. Маңғыстау облысы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2014 жылғы 6 наурыздағы шешімімен жоғарыда көрсетілген акті заңсыз деп танылды.
Осы күнге дейінгі шағымданудың оң нәтижелерін ескере отырып, ҚМГ ҰК басшылығы өз позициясын басқа сот инстанцияларда ойдағыдай қорғай алады деп санайды. Тиісінше Топ 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілік нысандарында осы мәселелер бойынша резервтер есептеуді жүргізбеді.
"Ембімұнайгаз" АҚ экологиялық тексеру (ҚМГ БӨ)
2013 жылғы шілдеде Атырау облысы бойынша Экология департаменті "Ембімұнайгаз" АҚ (бұдан әрі "ЕМГ") өндірістік қызметі экологиялық талаптарға, оның ішінде ілеспе газды кәдеге жарату жөніндегі талаптарға сәйкес келетіндігін анықтау үшін тексеру жүргізді. Атырау облысы бойынша Экология департаменті ЕМГ үш кен орнында газды кәдеге жарату бекітілген технологиялық әзірленім жоспарларына сәйкес келмейтінін белгіледі.
2013 жылғы 24 қыркүйекте Атырау облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты экологиялық талаптарды бұзушылықты жойғанға дейін және мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алғанға дейін осы үш кен орнын өнеркәсіптік игеруді тоқтата тұруды шешті. 2013 жылғы 21 қазанда ЕМГ осы шешімді жою туралы апелляциялық шағыммен Атырау облыстық сотына жүгінді. 2013 жылғы 21 қарашада ЕМГ Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінен және 2013 жылғы 10 желтоқсанда Атырау облысы Экология департаментінен мемлекеттік экологиялық тексерудің оң қорытындысын алды. Нәтижесінде осы іс бойынша сот талқылауы тоқтатылды.
"Ембімұнайгаз" АҚ, факелдердегі газды жағу (ҚМГ БӨ)
2014 жылғы 23 қаңтарда ЕМГ экологиялық заңнаманы бұзудан туындаған экологиялық шығынға, оның ішінде факельдердегі ілеспе газды жаққаны үшін 37.150.000 мың теңге мөлшерінде айыппұл төлеу туралы Атырау облысы Экология департаментінен хабарлама алды. Қорытынды сома 2008-2013 жылдар аралығындағы кезеңді қамтыған тексеру қорытындылары бойынша анықталды.
ЕМН және ҚМГ ҰК жоғарыда көрсетілген ұйғарыммен келіспейді және бүгінгі таңда Атырау облысы Экология департаменті тарапынан осы хабарламаға шағымдану жөнінде тиісті іс-шараларды қабылдауда. ҚМГ ҰК басшылығы қоршаған ортаға келтірілген шығынды төлеу туралы талап ойдағыдай шағым береді деп санайды, оның салдарынан осы мәселе бойынша резервтер есептеу 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жүргізілген жоқ.
Қашағанды экологиялық тексеру (ҚМГ Қашаған Б.В.)
Солтүстік Каспий жобасының операторы NCOC компаниясы мен оның агенті - Аджип ККО компаниясына қатысты 2013 жылғы 12 қыркүйектен бастап 2014 жылғы 7 ақпанды қоса алғандағы кезеңге Атырау облысы Экология департаменті экологиялық заңнаманы сақтау мәселесі бойынша тексеру жүргізді. Тексеру қорытындылары бойынша экологиялық заңнаманың бұзылуы туралы актілер мен хаттамалар, сондай-ақ жалпы сомасы 134.300.000 мың теңгеге (Топтың үлесі 22.700.000 мың теңгені құрайды) атмосфераның ластаушы заттардың төгінділерімен ластануынан шығынды экологиялық бағалауды өтеу туралы ұйғарым шығарылды.
Солтүстік Каспий жобасы операторының және Аджип ККО басшылығы актілерде жазылған тексеруші органның қорытындыларымен келіспейді және барлық тиісті инстанцияларда толық көлемде ұсынылған сомаға дауласуға ниетті, өйткені газ жағу және қоршаған ортаға эмиссиялар мемлекеттік органдардың рұқсаттары шеңберінде және талабында жүргізілді. ҚМГ ҰК басшылығы Солтүстік Каспий жобасы операторының және Аджип ККО позициясын қолдайды және осы мәселе бойынша тәуекелді ықтимал ретінде бағалайды, осының салдарынан осы мәселе бойынша резервтерді есептеу 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жүргізілген жоқ.
"Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС экологиялық тексеру
2014 жылғы 5 наурызда Атырау облысы Экология департаменті 23.700.000 мың теңге сомаға қоршаған ортаның шығынын өтеу туралы "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС (бұдан әрі "АМӨЗ") қатысты ұйғарым шығарды. Атырау облысы бойынша Экология департаменті мен облыстық прокуратура АМӨЗ-ге бірлесіп тексеру жүргізді, оның барысында реттеуші органдардың рұқсатынсыз 693.753 текше метр шикі газ жағу фактісі анықталды. Тексеру қорытындылары бойынша АМӨЗ-ді газды рұқсатсыз жағу нәтижесінде келтірілген экологиялық шығынға айыппұл төлеуге міндеттеді.
ҚМГ ҰК басшылығы Экология департаменті сәйкес келмейтін деректерді пайдалану нәтижесінде талап қойды деп санайды. ҚМГ ҰК тәуелсіз сараптама жүргізу үшін жергілікті және шетелдік сарапшыларды тарту үдерісінде. ҚМГ ҰК басшылығы ұйғарымға шағым сәтті болады деп санайды және осы мәселеге байланысты тәуекелді ықтимал ретінде бағалайды, осының салдарынан осы мәселе бойынша резервтерді есептеу
2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жүргізілген жоқ.
Тауарларға арналған бағаларды өзгерту тәуекелі
Топтың кірістерінің біршама бөлігі тауарларды, негізінен, шикі мұнай мен мұнай өнімдерін сатудан жинақталады. Тарихи тұрғыдан алғанда, осы өнімге бағалар тұрақты болып көрген емес және ұсыныс пен сұраныстың өзгеруіне, нарықтық белгісіздіктерге, әлемдік және өңірлік экономиканың қызметіне және индустриядағы циклдылыққа байланысты біршама өзгеріп отырды.
Бағалар, сондай-ақ тарифтерді және импорттық баждарды енгізуді, биржалық алыпсатарлықты, негізгі нарықтарға Топтың өнімдерімен жабдықтау мүмкіндігімен немесе асыра қамтамасыз етуге байланысты да әсеріне бейім болады. Осы сыртқы факторлар және нарықтардағы өзгерістер болашақ бағаларды бағалауды қиындатады.
Тауарларға бағалардың біршама немесе созылмалы төмендеуі Топтың қызметіне, қаржылық нәтижелерге және операциялардан ақша ағындарына елеулі түрде немесе теріс әсер етуі мүмкін. Топ тауарларға бағалардың өзгеру тәуекеліне өзінің бейімділігін біршама хеджирлемейді.
Салық салу
Қазақстандық салық заңнамасы және нормативтік-құқықтық актілер тұрақты өзгерістер мен әртүрлі түсіндірулердің мәні болып табылады. Жергілікті, өңірлік және республикалық салық органдары арасында пікір сәйкессіздігі жиі болады. Қазақстанда қолданылатын заңдар негізінде анықталған құқық бұзушылықтар үшін қолданылатын айыппұлдар мен өсімақылар жүйесі біршама қатал. Айыппұл санкциялары, әдетте, қосымша есептелген салық сомасының 50%-ы мөлшеріндегі айыппұлды және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру ставкасы бойынша есептелген 2,5-ке көбейтілген өсімақыны қамтиды. Нәтижесінде айыппұл санкциясы мен өсімақының сомасы қосымша есептеуге жататын салықтың сомасынан бірнеше есе асады. Қаржы кезеңдері тексеру жүргізілетін жыл алдындағы 5 (бес) күнтізбелік жыл ішінде салық органдары тексеру үшін ашық болып қалады. Белгілі бір жағдайларда тексеру неғұрлым ұзақ мерзімді қамтуы мүмкін. Жоғарыда айтылғандардың нәтижесінде, егер мұндай жағдай болса, салықтардың, айыппұл санкцияларының және өсімақының түпкілікті сомасы осы уақытта шығыстарға жатқызылған және 2013 жылғы 31 желтоқсанда есептелген сомадан асуы мүмкін.
Басшылық 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қолданылатын заңнаманы түсіндіру сәйкес болады және резервтер осы шоғырландырылған қаржылық есептілік нысандарында есептелген жағдайлардан басқа, Топтың салық жөніндегі ұстанымы расталатын ықтималдық бар деп санайды.
"БТА Банк" АҚ-да орналастырылған активтерге қатысты провизиялар
2010 жылдың қыркүйегінде Астана қаласы бойынша Салық комитеті Қордың 2009 жылғы қызметіне кешенді салықтық тексеруді жүзеге асырды. Салықтық тексеру барысында салық органдары 2009 жыл ішіндегі корпоративтік табыс салығын есептеу мақсаты үшін провизияларды шегерудің заңдылығы туралы мәселе көтерді. Қор салықтық тексеру қорытындыларымен шоғырландырылған қаржылық есептілік нысандарын шығару күнгі шағым Қазақстан Республиксы Қаржы министрлігінің Салық комитетіне жіберілді.
Үкіметтің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2275 қаулысымен "Негізгі қызмет түрі қарыз операцияларын жүзеге асыру немесе талап құқықтарын сатып алу болып табылатын және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз проценті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, өзара байланысты тұлғалардың пайдасына не өзара байланысты тұлғалардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген активтер мен шартты міндеттемелерді (кредиттік серіктестіктердің активтері мен шартты міндеттемелерінен басқа) қоспағанда, күмәнді және үмітсіз активтерге, шартты міндеттемелерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар заңды тұлғалардың тізбесін, оны қалыптастыру ережесін және активтер мен шартты міндеттемелерді күмәнді және үмітсіз санатқа жатқызу қағидасы" (бұдан әрі мәтін бойынша "Қағида") бекітілді.
Қағидаларға сәйкес, Қор корпоративтік табыс салығын есептеу мақсаты үшін "БТА Банк" АҚ-да орналастырылған 177.352.000 мың теңге сомасындағы активтерге қатысты провизиялар (бұдан әрі – "Провизиялар") жасады және шегерімге жатқызды.
Қордың басшылығы 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша оны түсіндіру қолданылатын заңнаманы (Қағидаларды қоса алғанда) сәйкес келеді және Қордың осы провизияларды шегерімге жатқызуға қатысты ұстанымы расталған деп санайды. Тиісінше, Қор осы шоғырландырылған қаржылық есептілікте салық органдары тарапынан қоса есептеу мүмкіндігімен байланысты қандай да бір провизиялар танылған жоқ.
"БТА Банк" АҚ салық міндеттемелеріне қатысты провизиялар
2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Банкте проблемалық қарыздардың біршама көлемі бар, ол бойынша құнсызданудан провизиялар толық немесе ішінара құрылды. Қолданыстағы ҚР Салық кодексіне сәйкес борышкерге талап мөлшерінің кемуі Банк үшін мынадай ықтимал салық салдарларына әкеп соқтыруы мүмкін:
* ҚР Салық кодексінде көзделген жағдайлардан басқа, Банк бұрын шегерімге жатқызған құрылған провизиялардың (резервтердің) мөлшерін азайтудан корпоративтік табыс салығының мақсатына кіріс;
* ҚР бейрезидент қарыз алушылары бойынша 20% ставка бойынша төлем көзінен корпоративтік немесе жеке табыс салығы бойынша міндеттеме;
Банк көрсетілген проблемалық қарыздар бойынша борышты кешіру нәтижесінде пайда болуы мүмкін ықтимал салық міндеттемелерінің сомасын сенімді анықтай алмайды. Осының салдарынан Банкте осы ықтимал салық міндеттемелері бойынша провизиялар құрылмады.
Трансферттік баға белгілеу бойынша балқылау
Қазақстанда трансферттік баға белгілеу бойынша бақылау кең спектрге ие және байланысты мәмілелер тарапы болып табыла ма немесе жоқ па екеніне қарамастан, халықаралық мәмілелермен тікелей немесе жанама байланысты көптеген операцияларда қолданылады. Трансфертті баға түзу туралы заң операцияларға қолданылатын барлық салықтар үшін қол ұшын беру қағидаты бойынша белгіленген нарықтық бағалар негізінде есептелуін талап етеді,
Қазақстанда трансфертті баға белгілеу туралы жаңа заң 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді. Жаңа заң анық көрсетілмеген болып табылмайды және оның ережелерінің кейбіреуі аз қолданады. Оның үстіне, заң әзірлеу сатысында тұрған егжей-тегжейлі нұсқаулықтарды ұсынбайды. Нәтижесінде, операциялардың әр алуан түрлеріне трансфертті баға белгілеу туралы заңды қолдану нақты көрсетілген болып табылмайды.
Трансфертті баға белгілеу туралы Қазақстан заңына байланысты екіұштылықтан салық органдарының ұстанымы Топтың ұстанымынан ерекшеленуі мүмкін деген тәуекел бар, бұл 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша салықтар, айыппұлдар мен өсімақылардың қосымша сомаларын есептеуге әкелуі мүмкін.
Басшылық 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша трансфертті баға белгілеу бойынша қолданылатын заңнамада оны түсіндіру сәйкес келеді және Топтың трансфертті баға белгілеу жөніндегі ұстанымы расталады деген ықтималдық бар деп санайды.
Грузиядағы кәсіпорындардың салықтық міндеттемелері (КТО)
Грузияның салық кодексіне (ГСК) сәйкес Грузияның салық органдарының, егер мәміле байланысты тараптар арасында жүзеге асырылатын болған жағдайда, салық салу мақсаты үшін нарықтық бағаларды пайдалану туралы шешім қабылдауға құқығы бар. Әйтсе де, ГСК-де тауарлар мен қызметтердің нарықтық бағаларын анықтау жөніндегі белгілі бір нұсқаулық бар, кемшілікті анықтау тетігінің өзі әзірленген және Грузияда трансферттік баға белгілеу бойынша жекелеген заңнама жоқ. Осыған түсініксіздіктің болуы ұстаным бөлігінде тұрлаусыздық жасайды, олар байланысты талаптар арасында мәмілелердің салық салуын қарау кезінде салық органдарында орын алуы мүмкін.
ҚМГ ҰК Грузин еншілес ұйымдары ҚМГ ҰК шетелдік еншілес ұйымдарымен, сондай-ақ өзара біршама мәмілелер жасасқан. Бұл мәмілелер байланысты тараптар арасында мәмілелердің анықтамасы болады және Грузия салық органдары келіспеуі мүмкін.
ҚМГ ҰК басшылығы онда ҚМГ ҰК ұйымдары арасында жасалатын мәмілелердегі баға белгілеу нарықтық жағдайларда жүзеге асырылатыны туралы негіздеме үшін біршама дәлелдер бар деп санайды. Алайда нарықтық бағаларды анықтау бойынша заңнамалық базаның болмауы салдарынан Грузияның салық органдары осы мәселеде ҚМГ ҰК алған ұстанымнан ерекшеленетін ұстанымды алуы мүмкін.
ҚТЖ ҰК салықтық тексеру
2012 және 2011 жылдар ішінде ҚТЖ ҰК-де 2007 жылдан 2010 жылды қоса алғандағы кезеңге кешенді салық тексеруі өткізілді. Осы тексеру қорытындылары бойынша салық органдары 13.289.000 мың теңге сомаға айыппұлдар мен өсімақыны қосып есептеуге салықтарды анықтады. ҚТЖ ҰК осы қосып есептеулерді заңсыз деп санайды және оларды сотта дауласуға ниетті. ҚТЖ ҰК 757.000 мың теңге мөлшерінде салықтар бойынша резервтерді таныды, ол болашақтағы төлемдер үшін қажетті соманы ҚТЖ ҰК үздік бағалауын білдіреді.
Жер қойнауын пайдалануға лицензиялар мен келісімшарттар бойынша міндеттемелер
2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Топтың Үкіметпен жасалған өнімді бөлу туралы лицензиялары, келісімдерінің және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың талаптарына сәйкес ең аз жұмыстар бағдарламасын орындауға қатысты мынадай міндеттемелері бар (мың теңгемен):
Жыл | Күрделі қаражат | Операциялық шығыстар |
2014 | 201.491.000 | 52.428.000 |
2015 | 86.214.000 | 42.902.000 |
2016 | 73.332.000 | 45.033.000 |
2017 | 19.654.000 | 43.032.000 |
2018-2024 | 37.815.000 | 254.010.000 |
Жиыны | 418.506.000 | 437.405.000 |
Ішкі нарыққа арналған жеткізілімдер бойынша міндеттемелер
Қазақстан Республикасының Үкіметі шикі мұнайды өндірумен және мұнай өнімдерін сатумен айналысатын компаниялардан жыл сайынғы негізде ішкі нарықтың энергетикалық мұқтаждығын қанағаттандыру үшін, негізінен, ішкі нарықта мұнай өнімдерін жеткізу теңгерімін қолдау үшін және көктемгі егіс және күзгі жинау науқаны барысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді қолдау үшін өнімнің бір бөлігін жеткізуді талап етеді. Жергілікті нарықтағы мұнайдың бағасы экспорттық бағалардан, тіпті тәуелсіз тараптар арасындағы мәмілелерде белгіленетін ішкі нарықтағы қарапайым бағадан да айтарлықтай төмен. Егер Үкімет қазіргі уақытта ҚМГ ҰК жеткізетін көлемнен асатын шикі мұнайдың қосымша көлемін жеткізуге міндеттеген жағдайда, мұндай жеткізілімдер нарықтық бағалар бойынша жеткізілімдерден басым болады және шикі мұнайды сатудан түсетін түсімнен әлде қайда аз түсімді өндіретін болады, бұл өз кезегінде ҚМГ ҰК қызметіне, перспективасына, қаржылық жағдайына және қызмет нәтижелеріне теріс әсер етуі мүмкін. 2013 жылы Топ өзінің міндеттемелеріне сәйкес ішкі нарыққа 2.898.025 тонна шикі мұнай жеткізді (2012: 2.936.540 тонна).
Инвестициялық сипаттағы міндеттемелер
ҚТЖ ҰК
2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ҚТЖ ҰК-нің жалпы сомасы 567.979.000 мың теңге (2012: 748.373.000 мың теңге) болатын "Жезқазган - Бейнеу" және "Арқалық - Шұбаркөл" темір жол желілерінің құрылысы, Астана қаласында көп функционалды мұз айдын сарайын, байланыстың бастапқы магистралды көліктік желісін салу, жүк және жолаушылар вагондарын, магистральдық тепловоздар сатып алу бойынша шартты міндеттемелері бар. Осы сома 215.934.000 мың теңге (2012: 255.040.000 мың теңге) сомаға "Электровоз құрастыру зауыты" ЖШС бірлескен кәсіпорнынан 2020 жылдың 31 желтоқсанға дейін жеткізілетін жолаушылар электровоздарын, 82.174.000 мың теңге сомаға "Локомотив құрастыру зауыты" ЖШС бірлескен кәсіпорнынан локомотивтер сатып алу міндеттемелерін, сондай-ақ 21.139.000 мың теңге (2012: 41.034.000 мың теңге) сомаға "Тұлпар-Тальго" ЖШС бірлескен кәсіпорнынан 2014 жылғы
31 желтоқсанға дейін жеткізілетін жолаушылар вагондарын сатып алуға арналған міндеттемелерді қамтиды.
ҚТЖ ҰК
2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ҚМГ ҰК-де жалпы сомасы 641 миллиард теңге (2012: 540 миллиард теңге) болатын негізгі құралдарды сатып алу және салу бойынша шарттық міндеттемелер болды.
KEGOC
2013 жылғы 31 желтоқсанда KEGOC 68.612.000 мың теңге (2012: 31.678.000 мың теңге) сомасында кіші станциялар мен электр беру желілерін салуға және электр желісін жаңғыртуға байланысты жобалар бойынша инвестициялық міндеттемелері болды.
Эйр-Астана
2008 жыл ішінде Эйр-Астана Airbus компаниясымен 6 (алты) Airbus тар фюзельді әуе кемелерін сатып алуға келісімге қол қойды. Эйр Астана келісілген төлем кестесіне сәйкес алдын ала төлемді төлейді. Төлемдер 2008 жылы басталды және соңғы төлем 2013 жылы төленді. 2012 жылы және 2013 жылы Эйр Астана тиісінше 3 (үш) Airbus әуе кемесін және қалған 3 (үш) әуе кемесін жеткізуге тіркелген пайыздық ставкамен қаржылық жалдау шарттарын жасады. Осы жалдау 12 (он екі) жыл өтеу мерзімімен АҚШ долларында көрсетілген. Қаржы институттары лизинг берушіге берген қарыздар Еуропа Экспорт-Кредит агенттіктерінің кепілдігінде.
2011 жыл ішінде, Эйр Астана Embraer компаниясымен 2 (екі) Embraer-190 тар фюзельді әуе кемесін сатып алуға келісімге қол қойды. Эйр-Астана 12 (он екі) жыл өтеу мерзімімен тіркелген пайыздық ставкасы бар АҚШ долларымен берілген 2012 жылғы қарашада бірінші әуе кемесін және 2013 жылғы желтоқсанда екінші әуе кемесін жеткізе отырып орындалған келісілген төлем кестесіне сәйкес 2011 жылдан бастап алдын ала төлем төлейді.
2012 жыл ішінде Эйр-Астана Boeing компаниясымен 3 (үш) Boeing-767 және 3 (үш) Boeing-787 әуе кемесін сатып алуға келісімге қол қойды. Эйр Астана келісілген төлем кестесіне сәйкес алдын ала төлемді төлейді. Boeing-767 қатысты 50% алдын ала төлемді меншік қаражаттан төлейді және 50% қарыз есебінен қаржыландырылады. Алғашқы екі Boeing-767 қатысты қарыз қаражатын Эйр-Астана 2013 жылы әрбір әуе кемесін жеткізуге төледі. Boeing-767 қатысты соңғы алдын ала төлем 2013 жылы төленді. Екі Boeing-767 2013 жылы қыркүйек және қазан айларында жетізілді, үшінші кеме 2014 жылдың ортасында күтілуде. Boeing-787 жеткізу 2018 жылы соңғы күтілетін алдын ала төлеммен 2017 және 2019 жылдары күтілуде.
2013 жылы маусымда Эйр Астана US Export-Import Bank кепілдігімен 3 (үш) Boeing-767 әуе кемесін сатып алуды қаржыландыруға АҚШ қаржы корпорациясымен алдын ала келісімге қол қойды. Осы инструмент тиісінше 2013 жылы қыркүйек және қазан айларында Boeing-767 жеткізуді қаржыландыруға пайдаланылды, сонымен қатар үшінші әуе кемесін жеткізу 2014 жылдың ортасында күтілуде.
Эйр-Астананың жоғарыда көрсетілген жеткізушілермен келісімдерінің талаптары сатып алу құнын ашу мүмкіндігін болдырмайды.
"Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" АҚ (бұдан әрі "Жылжымайтын мүлік қоры")
2013 жылғы 31 желтоқсанда Жылжымайтын мүлік қорында құрылыс компанияларымен шарттар бойынша 25.243.000 мың теңге (2012: 16.013.000 мың теңге) сомаға шарттық міндеттемелері болды.
"Жасыл орам" жобасы
"Жасыл орам" жобасын (бұдан әрі "Жоба") іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасын сәйкес Жылжымайтын мүлік қоры 2013 жылғы желтоқсанда "BI Corporation" ЖШС-мен Жобаны бірлесіп іске асыру туралы шарт жасасты. Жасалған шартқа сәйкес Жылжымайтын мүлік қоры жалпы сомасы 44 миллиард теңге болатын Жобаны қаржыландырады, оның ішінде Жылжымайтын мүлік қорының меншік қаражаты 15 миллиард теңгені құрайды (қалған сома Негізгі компаниядан алынған қарыз қаражатының есебінен қаржыландырылатын болады).
Жобаны іске асыру үшін Жылжымайтын мүлік қоры Жобаны іске асыруды жүзеге асыратын "EXPO Village" ЖШС (бұдан әрі "Жобалау компаниясы") банктердің қаржыландыруына жылдық 3,5%-бен 18 (он сегіз) жыл кезеңге екінші деңгейдегі банктерге мақсатты салымға 44 миллиард теңге сомасында ақша қаражатын орналастырады.
Жобаны бірлесіп іске асыру туралы шартқа толықтыруға "СК Девелопмент" ЖШС және "BI Corporation" ЖШС арасында сатып алу-сату шартына қол қойылды, ол бойынша Жылжымайтын мүлік қорының мына екі дата: 2017 жылғы 1 сәуірден немесе Жоба шеңберінде объектіні пайдалануға енгізу күнінен аспайтын мерзімге дейін меншік құқығына өту мерзімін ұзарта отырып, 100 теңгеге "BI Corporation" еншілес ұйымы "EXPO Village" ЖШС-ға 49,9% қатысу үлесін сатып алу ниеті бар және жылжымайтын объектіні өткізуден таза пайда бөліміне қатысатын болады.
Осы шарттар Жылжымайтын мүлік қорында "EXPO Village" ЖШС-ға қатысу үлесін сатып алу құқығының пайда болуына әкеледі, ол 39 ҚЕХС (IAS) сәйкес туынды қаржы инструменті болып табылады және оның әділ құны Жылжымайтын мүлік қорының шоғырландырылған қаржылық есептілігінде танылуы қажет.
Жылжымайтын мүлік қоры басшылығының пікірі бойынша есепті күні осы Жобаны іске асыруға байланысты біршама белгісіздік бар, ол жоғары сенімділік үлесімен осы қаржы инструментінің әділ құнын бағалауға мүмкіндік бермейді, өйткені Жылжымайтын мүлік қоры әлі қаржыландыру алған жоқ және Жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы бекітпеді. Тиісінше қатысу үлесін сатып алуға осы құқық Топтың осы шоғырландырылған қаржылық есептілігінде ҚЕХС сәйкес активтерді тану критерийлерін қанағанттандырмайтын ретінде танылған жоқ.
"Интергаз Орталық Азия" АҚ (бұдан әрі ҚМГ ҰК еншілес ұйымы "ИОА")
Қазақстан Республикасының Үкіметімен Концессия шартының талаптары бойынша ИОА берілген газ көлік активтерін жақсарту мен жөндеуге және жаңа газ көлік активтеріне инвестицияларға 30 миллион АҚШ долларын (4.608.000 мың теңге) жыл сайын инвестициялау міндеттемесі болды. 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ИОА шамамен 72.701.000 мың теңге (2012: 52.330.000 мың теңге) сомаға осы инвестициялық міндеттемеге қатысты келісімшарттық міндеттемесі болды.
Қырғыз айналымы (ИОА)
Топ тарифтерді өтеуді қамтитын белгілі бір шарттарды сақтау кезінде шамамен 90-100 миллион АҚШ доллары мөлшерінде Концессия шартында анықталған құн бойынша Қырғыз айналымын әзірлеуге және құуға міндетті. Осы актив Концессия шартының мерзімі аяқталғанда не аяқталғаннн кейін 20 (жиырма) жылдан кейін, қайсысы кеш болатынына қарай Қазақстан Республикасының меншігіне берілетін болады. Осы айналымның құрылысы әлі басталған жоқ.
Басшылық осы мәселе бойынша Топ міндеттемелерін орындау үшін барлық қажетті қадамдаржы қабылдады, сондай-ақ Қырғызстан Республикасына тиесілі газ құбырыс учаскесін басқаруға қабылдау туралы мәселені қарайды деп санайды. Алайда, Концессия шартының талаптары бойынша Қырғыз айналымын салудың негізгі шарты болып табылатын жаңа ішкі тарифтер 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша әлі жарияланған жоқ.
Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын Топтың инвестициялық міндеттемелерді орындауын қоса ағланда, Концессия шарты бойынша өз міндеттемелерін Топтың орындауын тексеруді жүзеге асырады.
2013 жылғы Концессия шарты бойынша міндеттемелердің орындалуын тексеру 2014 жылы жүргізілетін болады. Басшылық Топ 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша инвестициялық міндеттемелер бойынша талаптарды орындауды деп санайды.
Самұрық-Энерго
Бірлескен кәсіпорындардың күрделі сипаттағы міндеттемелері
2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша бірлескен кәсіпорындардың күрделі міндеттемелеріндегі Топтың үлесі 105.830.000 мың теңгені (2012: 57.501.000 мың теңге) құрады. Жамбыл МАЭС-тің 2013 жылғы
31 желтоқсанға біршама күрделі сипаттағы міндеттемелері жоқ.
Бірлескен кәсіпорындардың инвестициялық міндеттемелері
2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Екібастұз МАЭС-1 және Екібастұз МАЭС-2 инвестициялық міндеттемелеріндегі Топтың үлесі 42.377.000 мың теңгені (2012: 57.501.000 мың теңге) құрайды. Жамбыл МАЭС-тің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша біршама күрделі сипаттағы міндеттемелері жоқ.
Өзге де келісімшарттық міндеттемелер
2013 жылғы 31 желтоқсанға негізгі құралдарды сатып алу бойынша Топтың өзге де келісімшарттық міндеттемелері шамамен 81.552 миллион теңгені (2012: 36.426 миллион теңге) құрады.
Операциялық жалдау бойынша міндеттемелер
Операциялық жалдау бойынша міндеттемелер, негізінен, 5 (бес) жылдан 10 (он) жылға дейінгі жалдау мерзімімен ұшақтарды жалдауға байланысты. Операциялық жалдаудың барлық шарттары, егер Эйр Астана оларды ұзарту мүмкіндігін пайдаланған жағдайда, нарықтық бағаларды жаңарту жөніндегі бөлімдерді қамтиды. Эйр Астана жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін жалданған активтерді сатып алу мүмкіндігіне ие бола алмайды.
31 желтоқсанға операциялық жалдау бойынша міндеттемелер былайша берілген:
Мың теңгемен | 2013 | 2012 |
Бір жыл ішінде | 17.505.000 | 18.427.000 |
Бір жылдан бес жылға дейін | 53.995.000 | 41.136.000 |
Бес жылдан жоғары | 4.406.000 | 15.135.000 |
Жиыны | 75.906.000 | 74.698.000 |
Операциялық жалдау бойынша міндетті төлемдер тіркелген жалдау төлемдерін, сондай-ақ ұшу сағаттарына байланысты түрлендірілетін техникалық қызмет көрсету бойынша төлемдердің белгілі бір бөлігін қамтиды.
Тіркелген және өзгермелі жалдау төлемдері көрсетілген және АҚШ долларында төлеуге жатады. Осы валюта күнделікті әуе кемелерін жалдау кезіндегі халықаралық есептерде пайдаланылады.
Қазақтелекомның лицензиялық міндеттемелері
Сымсыз байланыс қызметтерін көрсетуге арналған бірқатар лицензия шарттарына сәйкес Қазақтелекомның өз желісін жабу аймағына қатысты белгілі бір міндеттемелері бар. Қазақтелеком Қазақстан Республикасының негізгі магистральдарының, шағын қалалары мен қала үлгісіндегі кенттерінің бойындағы аудандарды қамти отырып, ұтқыр желіні жабуды кеңейтуге міндетті. Топтың басшылығы Қазақтелеком лицензиялардың шарттарын сақтайды деп санайды.
Кредиттер, кепілдіктер, аккредитивтер беру жөніндегі міндеттемелер және есеп операцияларына жатқызылған басқа да міндеттемелер
Кез келген уақытта Топтың кредиттерді беру жөніндегі өтелмеген міндеттемелері болады. Осы міндеттемелер кредиттік карточкалар және овердрафтар бойынша бекітілген қарыздар мен лимиттер нысанын қабылдайды және белгілі бір жағдайлар болған кезде күші жойылатын болып табылады.
Топ үшінші тараптардың алдында клиенттердің міндеттемелерін орындау кепілдігін беру мақсатында қаржылық кепілдіктер мен аккредитивтерді ұсынады. Осы келісімнің тіркелген лимиттері болады және әдетте
5 (бес) жылға дейінгі мерзімге беріледі.
Міндеттемелердің келісімшарттық сомалары санат бойынша мына кестеде көрсетілген. Кестеде көрсетілген міндеттемелер бойынша сомалар бұл соманың толығымен орындалатынын болжайды. Аккредитивтер бойынша кестеде көрсетілген сомалар, егер контрагенттер келісімшарт бойынша өз міндеттемелерін толығымен орындамаса, есепті күні танылған ең жоғарғы есептік шығынды білдіреді.
Мың теңгемен | 2013 | 2012 |
Шарттық сома | ||
Қарыз, кредиттік желі және қаржылық жалдау бойынша міндеттемелер | 136.225.000 | 284.196.000 |
Кепілдіктер | 405.920.000 | 110.879.000 |
Есеп айырысу операцияларына жатқызылатын аккредитивтер және өзге де міндеттемелер | 527.000 | 99.274.000 |
Минус: шектеу талаптары бар кепілдіктер мен салымдар | (7.921.000) | (8.411.000) |
Минус: банктік аккредитивтер мен кепілдіктерге резерв | (806.000) | (3.111.000) |
Топ кредиттік бақылау мен басқарудың осындай саясатын теңгерімдік операцияларды жүзеге асырған кезде пайдаланатын теңгерімделген әлеуетті міндеттемелерді өзіне қабылдаған кезде қолданады.
Жоғарыда көрсетілген кредит беру жөніндегі шартты міндеттемелердің қолда бар жалпы сомасы ақшалай қаражаттағы болашақта қажеттіліктің өзін міндетті емес білдіреді, өйткені осы міндеттемелер олар қаржыландырылғанға дейін мерзімі өтуі немесе жабылуы мүмкін. Топ кредиттік қаржылық құралдар бойынша қамтамасыз етуді де сұрай алады.
Сенімгерлік басқару (трастілік қызмет)
Топтың кейбір еншілес ұйымдары жеке тұлғаларға, трастілік компанияларға, зейнетақы қорларына және басқа да ұйымдарға сенімгерлік басқару бойынша қызметтер көрсетеді, атап айтқанда, клиенттің нұсқауларына сәйкес активтерді басқарады не әртүрлі қаржылық құралдарға алынған қаражатты инвестициялайды. Топ осы қызметтерді көрсеткені үшін комиссиялық сыйақы алады. Сенімгерлік басқаруға алынған активтер Топтың активтері болып табылмайды және тиісінше оның шоғырландырылған бухгалтерлік теңгерімінде көрсетілмейді. Топ көрсетілген салымдарды жүзеге асырған кезде кредиттік тәуекелге ұшырамайды, өйткені ол көрсетілген инвестицияларға кепілдіктер бермейді.
Қарыздар бойынша ковенанттер
2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Топ барлық ковенанттарды сақтады.
Өтелетін шығындарды тексеру (Қашаған)
Солтүстік-Каспий Өнім бөлу туралы келісімінің ("СКӨБК") негізгі қағидаттарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі жер қойнауын пайдалану ауданында қызметті өткізуге эксклюзивтік құқықтарды мердігерлерге берді, бірақ жеке меншікке де, жалға да осы жер қойнауын пайдалану ауданына құқықты бермеді. Мұның салдарынан, тартылған және өңделген өнім (яғни дайын өнім) мемлекеттің меншігі болып табылады. Жұмыстар орнын толтыру негізінде жүзеге асырылады, бұл ретте мемлекет мердігерлерге ақшалай емес нысанда, дайын өнім бөлігі түрінде төлемді жүзеге асырады, мұнымен мердігерлерге өз шығындарын өтеу мен кіріс жасауға мүмкіндік береді. Бұл инвестор өткізетін өнім бөлу, яғни жұмыстың нәтижелерін бөлу деп аталады.
СКӨБК-ге сәйкес мердігерлер көтерген шығындардың барлығы өтеле бермейді. Өтеуге кейбір шығындарды Басқарушы комитет ("БасқарушыКом") бекітуі қажет.
ҚМГ ҰК өтелетін шығыстар туралы есептегі барлық өтелетін шығындар СКӨБК-ге сәйкес сыныпталады және өтелген ретінде белгіленген шығыстар заң жүзінде 2013 жылғы 31 желтоқсанда өтеуге жатады деп санайды.
Бұған қарамастан, кейбір шығындарды СКӨБК 13 және 14-бөлімдеріне сәйкес БасқарушыКом бекітпеді. Мұндай шығыстар БасқарушыКом бекіткенге дейін ҚМГ Қашаған үшін өтелмейтін шығыстар деп саналады. Осы мәселелерді шешу үшін Уәкілетті органмен келіссөздер жалғасуда.
Тексеру нәтижесінде 2001 жылдан 2008 жылды қоса алғандағы кезеңге шығындарды өтеу, 7.975 миллион АҚШ доллары (2013 жылғы 31 желтоқсандағы бағам бойынша 1.224.991.000 мың теңге) сомасындағы шығыстар өтелмейтін болып саналды. Осы шығындардағы ҚМГ ҰК үлесі 1.340 миллион АҚШ долларын (2013 жылғы 31 желтоқсандағы бағам бойынша 205.889.000 мың теңге) құрады. Мердігерлер арасындағы ұзақ келіссөздер мен көрсетілген көпшілік ескертпелерді жою нәтижесінде 2011 жылғы 28 қарашада Уәкілетті орган ("PSA" ЖШС) мен мердігерлер резолюцияға қол қойды, оған сәйкес өтелмейтін шығын сомасы
2.959 миллион АҚШ долларына (2013 жылғы 31 желтоқсандағы бағам бойынша 454.476.000 мың теңге) дейін төмендетілді, осы шығыстардағы ҚМГ ҰК үлесі 497 миллион АҚШ долларын (2013 жылғы 31 желтоқсандағы бағам бойынша 76.382.000 мың теңге) құрады.
2012 жылғы 17 мамырда қол қойылған Реттеу туралы келісімнің шеңберінде Өкілетті органмен қосымша келіссөздер жүргізілді, оның нәтижесінде өтелмейтін шығын сомасы 230 миллион АҚШ долларына
(2013 жылғы 31 желтоқсандағы бағам бойынша 35.315.000 мың теңге) дейін төмендетілді, ондағы ҚМГ ҰК үлесі 39 миллион АҚШ долларын құрайды (2013 жылғы 31 желтоқсандағы бағам бойынша 5.953.000 мың теңге).
2009 жылға шығындардың өтелімділігін тексеру 2012 жылы аяқталды. Жүргізілген тексеру нәтижесінде 875 миллион АҚШ доллары (2013 жылғы 31 желтоқсандағы бағам бойынша 134.409.000 мың теңге) мөлшеріндегі шығын өтелмейтін ретінде сыныпталды. Осы шығындардағы ҚМГ ҰК үлесі 147 миллион АҚШ долларын (2013 жылғы 31 желтоқсандағы бағам бойынша 22.590.000 мың теңге) құрайды. Мәселені шешу үшін келіссөздер жалғасуда.
2010 жылға шығындардың өтелімділігін тексеру 2013 жылы аяқталды. Жүргізілген тексеру нәтижесінде 1.336 миллион АҚШ доллары (2013 жылғы 31 желтоқсандағы бағам бойынша 205.824.000 мың теңге) сомасында танылды. Ескертулерді болдырмау үшін мердігерлермен жүргізілген келіссөздер мен іс-шаралар нәтижесінде 2.083 мың АҚШ доллары (2013 жылғы 31 желтоқсандағы бағам бойынша 320.907 мың теңге) сомасында өтелмейтін шығындар ретінде сыныпталды, ал 785.101 мың АҚШ доллары (2013 жылғы 31 желтоқсандағы бағам бойынша 120.952.660 мың теңге) сомасы реттелмеген болып қалады. Осы шығындардағы Топтың үлесі тиісінше 350 мың АҚШ долларын (2013 жылғы 31 желтоқсандағы бағам бойынша 53.921 мың теңге) және 131.950 мың АҚШ долларын (2013 жылғы 31 желтоқсандағы бағам бойынша 20.328.217 мың теңге) құрайды. Мәселені шешу үшін келіссөздер жалғасуда.
Жер қойнауын пайдалануға келісімшарттар бойынша міндеттемелер (ҚМГ Қарашығанақ)
Қарашығанақ ӨБТК (бұдан әрі "ӨБТК") жер қойнауын пайдалануға келісімшарттың талаптарын орындауға қатысты мемлекеттік органдар тарапынан мерзімді тексеру объектісі болып табылады. Басшылық осындай тексерулер барысында анықталған мәселелерді шешу үшін қажетті түзеу шараларын келісу бойынша мемлекеттік органдармен ынтымақтастық жасайды. ӨБТК-дегі ережелерді орындамау айыппұлға, өсімақыға, ӨБТК шектеуге, тоқтатуға немесе шақырып алуға әкелуі мүмкін.
ӨБТК негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі Мердігер компанияларға (бұдан әрі "МК") қызметті жүргізуге, оның ішінде жер қойнауын пайдалануға құқықты қоса алғанда, эксклюзивтік құқықтарды берді, бірақ осы кенорнына меншік немесе жалға беру құқығын бермеді. Мұның салдарынан, барлық алынған және өңделген көмірсутегі (яғни дайын өнім) мемлекеттің меншігі болып табылады. Көмірсутегін өндіретін жұмыс орнын толтыру негізінде жүзеге асырылады, бұл ретте мемлекет МК қызметін ақшалай емес нысанда, дайын өнім бөлігі түрінде өтейді, осылайша МК-ге өз шығындарын өтеу мен кіріс алуға мүмкіндік береді.
ӨБТК-ге сәйкес МК көтерген барлық шығындар өтелмеуі мүмкін. Өтеуге болашақ шығындарды Басқару жөніндегі бірлескен комитет бекітуі қажет.
Уәкілетті орган 2010-2011 жылдардағы өтелетін шығындарды тексеру актілерін берді. Қазіргі сәтте Қарашығанақ ӨБТК мен Өкілетті өкіл ("PSA" ЖШС) арасында "1997 жылғы 18 қарашадағы Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнының мердігер учаскесі өнімін бөлу туралы келісім бойынша 2010 Мердігер жылға Мұнай-газ операцияларының шоттарының өтелетін шығындары есебін тексеру қорытындылары туралы тексеру актісінің" (бұдан әрі "2010 жылғы тексеру актісі") қорытындыларын талқылау жүруде. Жоғарыда көрсетілген Тексеру актісіне сәйкес Өкілетті орган 456.866 мың АҚШ доллары (2013 жылғы 31 желтоқсандағы бағам бойынша 70.179.000 мың теңге) мөлшерінде соманы 2010 жылғы өтелетін шығындар құрамына қосу жөнінде талап-арыз берді. Бұл ретте, МК өтелмейтін ретінде 8.869 мың АҚШ долларын (2013 жылғы
31 желтоқсандағы бағам бойынша 1.362.000 мың теңге) таныды. МК мен Өкілеттік орган арасындағы келіссөздердің 3-ші раундының қорытындылары бойынша (2014 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша) ықтимал дау/арбитраждың сомасы 205.563 мың АҚШ долларын (2013 жылғы 31 желтоқсандағы бағам бойынша 31.577.000 мың теңге) құрады.
Тексеру актісіне сәйкес 2011 жылы Өкілетті орган 200.606 мың АҚШ доллары (2013 жылғы 31 желтоқсандағы бағам бойынша 30.815.000 миллион теңге) мөлшерінде соманы 2011 жылғы өтелетін шығындар құрамына қосу жөнінде талап-арыз берді. Қазіргі сәтте қорытындыларды МК қарастыруда.
Батуми теңіз портының активтерін экспроприациялау (ҚТО)
BTL (бұрынғы BIHL) мен Грузия Үкіметі арасындағы Батуми теңіз портын (бұдан әрі "БТП") сенімгерлік басқару туралы келісімге сәйкес, егер БТП жылына 6 миллион тоннаға ең төменгі өзгерту көлемі бойынша өз міндеттемелерін орындай алмаған жағдайда, Грузия Үкіметінің БТП активтерін экспроприациялауға құқығы бар. 2013 жыдғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша БТП Грузия Үкіметінің тарапынан мемлекеттік экспроприациялау тәуекеліне ұшырамады, өйткені БТП арқылы нақты өзгеру көлемі 10.170 миллион тоннаны құрады.
Газ жеткізу және сатып алу бойынша міндеттемелер ("ҚазТрансГаз" АҚ)
2013 жылғы 31 желтоқсанда "ҚазТрансГаз" АҚ-да (бұдан әрі "ҚТГ") 754.498 мың АҚШ доллары (115.898.000 мың теңге) (2012 жылы: 13.512.000 мың теңге) сомаға экспортқа газ жеткізу бойынша шарттық міндеттемелер болды. Газ сатып алу бойынша шарттық міндеттемелер сомасы 528.200 мың АҚШ долларын (81.137.000 мың теңге) құрады.
Gazprom Schweiz AG-мен сатуға келісімшарттарға сәйкес ҚТГ кінәсінен табиғи газдың айлық келісімшарттық көлемі жеткізілмеген жағдайда, Топ жеткізілмеген табиғи газ көлемінің құнынан 0,01% мөлшерінде айыппұл төлеуі қажет. 2013 және 2012 жылдары 31 желтоқсанға ҚМГ ҰК басшылығы көрсетілген сатуға келісімшартқа сәйкес жауапкершілік туралы осы ережеге қатысты Gazprom Schweiz AG алдында қандай да бір міндеттемелер жоқ деп санайды.
Газ жеткізу және сатып алу бойынша міндеттемелер (ҚТГ-Аймақ)
2013 жылғы 31 желтоқсанға газ сатып алу бойынша ҚТГ-Аймақтың шарттық міндеттемелері 13.246 миллион теңгені (2012: 3.221.000 мың теңге) құрады, газ сату бойынша міндеттемелердің сомасы 3.598.000 мың теңгені (2012: 48.748.000 мың теңге) құрады.
Сино Каз компаниясымен "пут" опционы
КАӨ ҰАК опциялық кедісім жасасты, ол Sino-Kaz компаниясынан алынған таза кірістің келтірілген құны шегерілген Sino-Kaz төлеген сомаға тең баға мен ҚАӨ ҰАК "Семізбай" ЖШС-ға өзінің 49% қатысу үлесін сату мүмкіндігін Sino-Kaz компаниясына қамтамасыз етеді. Егер Guangdong Nuclear Power Corporation қытай ядролық-энергетикалық корпорациясына реакторлар үшін ҚАӨ ҰАК еншілес ұйымы "Үлбі металлургия зауыты" АҚ жүргізген отын таблеткаларын жеткізу туралы шешім 2014 жылғы 1 шілдеге дейін қабылданбайтын жағдайда, Опцион орындалуы мүмкін.
Егер жоғарыда көрсетілген шешімді ҚАӨ ҰАК мен CGNPC-URC 2014 жылғы 1 шілдеге дейін қабылдамаған жағдайда, Sino-Kaz негізгі шартқа қосымша келісімде анықталған формула бойынша есептелген құн бойынша "Семизбай-U" ЖШС-ға қатысу үлесін сатады, ал ҚАӨ ҰАК сатып алады.
Тұрақтандыру жоспары бойынша міндеттемелер
Қор Үкімет 2008 жылы бекіткен Тұрақтандыру жоспарын жүзеге асыруда Үкіметтің негізгі операторы болып тағайындалды (1-ескертпе).
Қазақстан Республикасы экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның хаттамаларына сәйкес Тұрақтандыру жоспары бойынша көзделген қаражатты қайталама пайдалану жоспарланды.
Дағдарысқа қарсы қаражатты қайталама пайдалану бойынша міндеттемелер
Қазақстан Республикасы Экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2012 жылғы 5 сәуірдегі №17-5/И-380, 2013 жылғы 30 қаңтардағы №17-5/11-10 және 2013 жылғы 7 қазандағы
№ 17-5/И-788 хаттамаларына сәйкес Қор 2012-2014 жылдар ішінде жалпы сомасы 540.752.000 мың теңгеге бірқатар инвестициялық жобаларды қаржыландыруды жүзеге асыруы тиіс. 2012 - 2013 жылдары игерілген қаражатты ескере отырып, 2014 жылы игеруге 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Қордың міндеттемелері 193.714.000 мың теңгені (2012: 415.324.000 мың теңге) құрайды, оның ішінде мына жобалар бойынша:
Тұрғын үй құрылысы бағдарламасын қаржыландыру және "Қол жетімді тұрғын үй" бағдарламасын іске асыру
Үкіметтің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысына сәйкес "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" АҚ арқылы тұрғын үй салуға Қордан қаражатты және Ұлттық қордан қаржатты пайдалану көзделеді. Қазақстан Республикасы Экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2013 жылғы 30 қаңтардағы №17-5/11-10 хаттамасына сәйкес Қор "Қол жетімді тұрғын үй-2020" бағдарламасын қаржыландыруға көзделген қаражаттың 56.615.000 мың теңгесі мөлшеріндегі қаражаты "Батыс-Солтүстік-Орталық магистралдық газ құбырын салу" (Қарталы – Тобыл – Көкшетау - Астана) инвестициялық жобасын қаржыландыруға қайта бөлінді. 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қайта бөлінген қаражатты ескере отырып, "Қол жетімді тұрғын үй-2020" бағдарламасын қаржыландыру бойынша Қордың міндеттемесі 8.100.000 мың теңгені (2012 жылғы 31 желтоқсанда: 36.200.000 мың теңгені) құрайды.
Қордың өзге де инвестициялық жобаларын іске асыру
2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша өзге инвестициялық жобаларды қаржыландыру бойынша Қордың міндеттемесі 185.614.000 мың теңгені (2012: 379.124.000 мың теңге) құрайды.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2013 жылғы 30 қаңтардағы №17-5/11-10 хаттамасына сәйкес 2013 жылы Қорға Қордың және/немесе ҚМГ" ҰК меншік қаражаты есебінен 60.000.000 мың теңге мөлшерінде "Батыс-Солтүстік-Орталық магистралдық газ құбырын салу" (Қарталы – Тобыл – Көкшетау - Астана) инвестициялық жобасын қаржыландыруды жүзеге асыру тапсырылған, оның ішінде 20.000.000 мың теңге "ҚазМұнаГаз" ұлттық компаниясы" АҚ қаражаты есебінен бөлу жоспарланып отыр.
Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2013 жылғы 19 сәуірдегі № 17-5/07-145 хаттамасына сәйкес жоғарыда көрсетілген жобаны іске асыру 1 (бір) жыл мерзімге тоқтатылды.
Сонымен қатар, осы қаражатты және "Қол жетімді тұрғын үй-2020" бағдарламасынан қайта бөлінген қаражатты Қордың жарғылық капиталын 122.707.000 мың теңге мөлшерінде ұлғайтуға қаражатты 2014 жылы Республикалық бюджеттен бөлу арқылы өтеу жоспарланып отыр.
14. ЕСЕПТІ КҮННЕН КЕЙІНГІ ОҚИҒАЛАР
Теңгенің девальвациялануы
2014 жылғы 11 ақпанда теңге АҚШ доллары мен басқа негізгі валюталарға қатысты девальвацияланды. Девальвацияға дейін және кейін тиісінше 1 АҚШ долларына 155,56 теңгені және 1 АҚШ долларына 184,5 теңгені құрады, ол теңгенің 19%-ға жуық құнсыздануы. АҚШ долларына қатысты айырбастау бағамдарындағы ықтимал өзгерістерге табыс салығын есепке алғанға дейінгі Топдың таза пайдасының сезімталдығы 12-ескертпеде ашылған. Сезімталдықтың осы талдауы бұл 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша болса, әрі барлық параметрлер өзгермейтін шама ретінде қабылданған талаппен ғана девальвацияның ықтимал әсерін көрсетеді.
Қарыздар
ҚМГ ҰК бірлескен кәсіпорны "Бейнеу-Шымкент газ құбыры" ЖШС 1,8 миллиард АҚШ долларына Қытай Мемлекеттік Даму Банкінен кредит желісі бойынша 150 миллион АҚШ доллары (алған күнгі бағам бойынша
27 миллиард теңге) сомасына жаңа транш алды.
2014 жылғы 28 ақпанда "Қазақтелеком" АҚ 170 млн. АҚШ доллары сомасына Bank of China-мен кредит келісімін жасасты.
2014 жылғы қаңтарда Қор 15 жыл облигация айналымы мерзімімен және жылдық 3% мөлшерінде купондық сыйақымен жалпы сомасы 300.000 миллион теңгеге бір облигацияға номинал құны 1.000 теңге болатын 300.000.000 купондық облигация орналастырды. Облигацияларды Қазақстан Республиукасының Ұлттық Банкі сатып алды. 200.000 миллион теңге мөлшерінде осы облигацияларды сатудан алынған қаражат "Екібастұз МАЭС-1" ЖШС-ға 50% қатысу үлесін және "Қазгидротехэнерго" ЖШС-ға 100% қатысу үлесін сатып алуды қаржыландыру мақсатында "Самұрық-Энерго" АҚ қарызын беруге пайдаланылды.
2014 жылғы қаңтарда Kazakhmys Finance PLC 400 миллион АҚШ доллары (өтеу күнгі бағам бойынша 61.808 миллион теңгеге баламалы) мөлшерінде қарыздарды мерзімінен бұрын өтеуді жүзеге асырды. Осы соманы Қор Қытай Мемлекеттік Даму Банкінің алдындағы қарыздарды мерзімінен бұрын өтеу үшін пайдаланды.
Топ құрылымдындағы өзгерістер
2014 жылғы ақпанда "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-ға "Тау-кен компаниясы" ЖШС-ны қосу арқылы оны қайта ұйымдастыру жөніндегі тапсыру актісін бекіту туралы шешім қабылданды. "Тау-кен компаниясы" ЖШС-ның барлық құқықтары мен міндеттері Тапсыру актісіне сәйкес "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-ға өтеді.
2014 жылғы сәуірде Kazakhmys Plc-ден "Екібастұз МАЭС-1" ЖШС-ға 50% қатысу үлесін және "Қазгидротехэнерго" ЖШС-ға 100% қатысу үлесін сатып алды. Сатып алу бағасы 1.300 миллион АҚШ долларын құрады.
2014 жылғы 5 наурызда Альянс Банк АҚ мен Темiрбанк АҚ акциялар пакетін иеліктен шығару жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына қол қойылды, осылайша Қорға Темiрбанк АҚ-ның 79,88% акциясын және Альянс Банк АҚ-ның 16% жай және артықшылықты акцияларын сатып алу жөніндегі мәмілені жабу үшін Қордың кейінге қалдырылатын талаптарының бірі орындалды.
Экспорттық кеден бажы
Қазақстан Республикасының Үкіметі 2014 жылғы 1 сәуірден бастап шикі мұнай экспортының 1 тоннасына 60 АҚШ долларынан 80 АҚШ долларына дейін кеден бажын арттыруды жоспарлап отыр.
Операциялық қызмет
2014 жылғы 1 қаңтардан бастап ішкі және экспорт нарықтарына мұнайды қайта айдау бойынша "ҚазТрансОйл" АҚ қызметтеріне тарифтерді ұлғайту туралы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2013 жылғы 21 қарашадағы бұйрығы күшіне енеді: ішкі нарыққа 1 км-ге 1 тонна мұнайды тасымалдауға 1.954,5 теңгеден 2.931,8 теңгеге дейін (50%-ға) ұлғайтылды, экспортқа – 1.000 км-ға 1 тонна мұнайды тасымалдауға 4.732,6 теңгеден 4.850,6 теңгеге дейін (2,5%-ға) ұлғайтылды. 2014 жылғы 1 сәуірден бастап экспортқа тариф Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұйрығына сәйкес 4.850,6 теңгеден
5.817,2 теңгеге дейін ұлғайтылды.
"Эйр Астана" АҚ-дан Еуропалық Одақ елдеріне рейстерді ұлғайтуға шектеу алынды.
2014 жылғы 31 наурызда CGNPC-URC пен "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ арасында 2014-2016 жылдарға арналған отын таблеткаларын жеткізуге келісімшартқа №3 толықтыру жасалды. Осылайша, тараптар келісілген мерзімде отын таблеткаларын жеткізу туралы шешім қабылдады және "Семізбай-U" ЖШС-ға Sino-Kaz қатысу үлесін "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ сатып алу мүмкіндігін болдырмады (6-қосымша).
"Альянс Банк" АҚ-ны қайта құрылымдау
6-ескертпеде ашылып көрсетілгендей, 2013 жылғы желтоқсанда Қор мен Өтемұратов Болат Жәмитұлы мырза арасында кейіннен Темірбанк пен Альянс Банкті бірыңғай банкке біріктіру мақсатымен Қордың
Темiрбанк АҚ-ның 79,88% жай акциясын және Альянс Банк АҚ-ның 16% жай және артықшылықты акцияларын сатуы туралы келісімге қол қойылды. 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Альянс Банк Қордың бақылауында және осылайша шоғырландырылатын еншілес ұйымы болып табылады
(9-ескертпе).