Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталында мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) қоғамның жарғысын бекітуді;
2) қоғамның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
3) "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін беруді қамтамасыз етсін.
3. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы (келісім бойынша) осы қаулының 2-тармағында көрсетілген іс-шаралар аяқталғаннан кейін қоғамның 100 % мөлшеріндегі акцияларының пакетін "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының сенімгерлік басқаруына заңнамада белгіленген тәртіппен беруді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы (келісім бойынша), "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдасын.
5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1539 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
2. "Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздеріне қатысты меншіктің мемлекеттік мониторингі жүзеге асырылатын объектілерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 шілдедегі № 810 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 28, 377-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздеріне қатысты меншіктің мемлекеттік мониторингі жүзеге асырылатын объектілерінің тізбесінде реттік нөмірі 57-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" ұлттық компаниясы" АҚ".
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
5. "Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 31, 330-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:
"Меншігінде стратегиялық объектілері бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары)" деген бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 71-жолмен толықтырылсын:
"71. "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" ұлттық компаниясы" АҚ акциялар пакетінің 100 %";
"Халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттары" деген бөлімнің реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Ақтау халықаралық теңіз сауда порты".
6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 22.11.2022 № 935 қаулысымен.7. "Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесінде:
"Ұлттық компаниялар" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 39-жолмен толықтырылсын:
"39. "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы".