Авиабағыттарға субсидияларды жұмсау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 17 тамыздағы N 915 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1344 Қаулысымен

      "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" ашық акционерлік қоғамын одан әрі дамуға ынталандыру, материалдық-техникалық базасын жетілдіру үшін қажетті жағдайларды жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. 2002-2004 жылдар кезеңіне "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" ашық акционерлік қоғамының таза табысының 10 пайызын дивидендтерді төлеуге бағыттау туралы Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің ұсынысына келісім берілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі:
      1) "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" ашық акционерлік қоғамының иеленуінде қалатын таза табыстың бір бөлігін оның дамуына және материалдық-техникалық базасын жетілдіруге бағытталуын қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ.Мәсімовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі