"Өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімдегі үлесті басқару жөніндегі компания" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 мамырдағы № 570 Қаулысы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімдегі үлесті басқару жөніндегі компания жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – серіктестік) құрылсын.
      2. Серіктестік қызметінің негізгі мәні Қарашығанақ мұнай-газ
конденсаты кен орнының мердігерлік учаскесіне қатысты өнімді бөлу
туралы түпкілікті келісімдегі (бұдан әрі – ӨБТК) қатысу үлестерін тиімді басқаруды қамтамасыз ету болып айқындалсын.
      3. Серіктестіктің жарғылық капиталын қалыптастыру осы қаулының қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің (бұдан әрі – Комитет) теңгеріміндегі республикалық мүлік есебінен жүзеге асырылсын.
      4. Комитет заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) серіктестіктің жарғысын бекітуді және әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) серіктестіктің жарғылық капиталын ӨБТК-ге, ілеспе құжаттарға, бірлескен қызмет туралы келісімге қатысу үлесінің қосымша салымы түрінде және Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнының мердігерлік учаскесіне қатысты беру жолымен ұлғайтуды жүзеге асырсын;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      5. Комитет осы қаулының 4-тармағында көзделген іс-шаралар аяқталғаннан кейін серіктестіктің жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз мөлшеріндегі қатысу үлесін заңнамада белгіленген тәртіппен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) акцияларын төлеуге берсін.
      6. Комитет Қормен бірлесіп, белгіленген тәртіппен осы қаулының 5-тармағынан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2012 жылғы 3 мамырдағы
№ 570 қаулысына   
қосымша       

"Өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімдегі үлесті басқару
жөніндегі компания жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
жарғылық капиталына берілетін республикалық мүліктің
тізбесі

р/с №

Атауы

Өлшем бірлігі

Саны

1

Color II (Apple 12/600) түрлі түсті лазерлік принтер

дана

1

2

HP LJ 5100N лазерлік желілік принтер

дана

4

3

HP LJ 1005М МФУ

дана

2

4

HP Scan Jet 5P сканері

дана

1

5

PANASONIC KX-FT 934 CA факсі

дана

2