Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 16 қазандағы
№ 1098 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне Қазақстан
Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі мәселелері бойынша
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 23-24, 228-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік автомобильдердің тиістілік нормативінде:
ескертпеде:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тиістілік нормалары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасы «Сырбар» сыртқы барлау қызметіне, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне және төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органның азаматтық қорғаныс бөлімдеріне қолданылмайды.».
2. «Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілерді айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 шілдедегі № 1006 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілердің тізбесінде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі»;
7-тармақ алып тасталсын.
3. «Режимдік аумақтардың аймақтарын пайдалану тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 45 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 1, 15-құжат):
көрсетілген қаулымен бектілген Режимдiк аумақтардың аймақтарын пайдалану ережесiнде:
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ереже ерекше режим белгiленетiн әскери, қорғалатын және басқа объектiлердi (бұдан әрi — ерекше режим объектiлерi) жаңадан игерiлетiн (жайластырылатын, салынатын) аумақтарда орналастыруды жоспарлаған әрi орналастырған кезде, егер Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, қала құрылысы регламентациясының әдiстерiмен режимдiк аумақтардың аймақтарын пайдаланудың тәртiбiн айқындайды.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Қорғалатын объектілерді елді мекендерде орналастыруға арналған режимдік аумақтардың аймақтары объектілердің сыртқы шекарасынан 100 метр арақашықтықпен шектелген, ал олардың шегінен тыс 1 километр жер учаскесі болып табылады.
Көрсетілген аумақтардың шегінде сәулет және қала құрылысы қызметін жүзеге асыру мен келісу тәртібі қарамағында аталған аумақ орналасқан жергілікті атқарушы органның Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен келісілген актісімен айқындалады.».
4. «Мемлекеттiк органдардың байланысты басқару орталықтарымен өзара iс-қимылда табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде байланыс желiлерiн басқару жүзеге асырылатын басқару орталықтарының тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 347 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 15, 187-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттiк органдардың байланысты басқару орталықтарымен өзара iс-қимылда табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде байланыс желiлерiн басқару жүзеге асырылатын басқару орталықтарының тiзбесiнде:
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi Байланыс және ақпаратты техникалық қорғау департаментiнiң ведомстволық байланыс бөлiмi.».
5. «Қазақстан Республикасындағы әскери-көлік мiндеттілігі туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі № 747 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 30, 388-құжат):
Қазақстан Республикасындағы әскери-көлiк мiндеттілiгі туралы ережеде:
көрсетілген Ережеге 1-қосымшада:
әскери-көлiк мiндеттілігінен босатылатын мемлекеттік органдардың тiзбесiнде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі.».
6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1193 қаулысымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
7. «Мемлекеттік қызметшілерге республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қызметтік шетелдік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 108 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 5, 60-құжат):
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының Төрағасы, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, сондай-ақ олармен бірге жүретін адамдар (Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Төрағасының, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Төрағасының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының жұбайлары), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері (күзетілетін тұлғамен бірге жүргенде) шетелге жол жүрген кезде шетелдік валютадағы көліктік шығыстары 1-сынып бойынша авиабилеттің құны мөлшерінде өтеледі;».
8. «Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс жолдары мен арналарын, кабель кәріздеріндегі арналар мен алаңдарды беру қызметтеріне бағаларды (тарифтерді) реттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 514 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 19, 170-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс жолдары мен арналарын, кабель кәріздеріндегі арналар мен алаңдарды беру қызметтеріне бағаларды (тарифтерді) реттеу ережесінде:
көрсетілген Ережеге 1-қосымшада:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі;»;
6-тармақ алып тасталсын.
9. «Әуе көлігімен тасымалданатын, оларға қатысты қарап тексеру жүргізілмейтін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының арнайы тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1509 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген әуе көлігімен тасымалданатын, оларға қатысты қарап тексеру жүргізілмейтін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының арнайы тізбесінде:
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы».
10. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 қаулысына өзгеріс енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 459-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасында:
26-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тыйым салынған аймақтар мен ұшуларды шектеу аймақтарының тізбесі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен және ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісіледі.»;
32-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Адамдардың өмірін сақтап қалу және денсаулығын сақтау, қылмыстың алдын алу және оны ашу іс-шараларына байланысты ұшуды орындауды қоспағанда, белгіленген маршруттардан тыс елді мекендер үстімен ұшуды орындауды келісу ұлттық қауіпсіздік органдарымен және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органмен ұшу басталғанға дейін кемінде 3 тәулік бұрын жүргізіледі. Күзету іс-шараларын жүргізу кезеңінде әуе кемелерінің белгіленген маршруттардан тыс елді мекендер үстімен ұшуы ұлттық қауіпсіздік органдарымен және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен ұшу басталғанға дейін кемінде екі жұмыс күні бұрын келісілді.»;
58-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Пайдаланушылар күзетілетін объектілер үстінен барлық пилотсыз ұшу аппараттарының, пилот қашықтықтан басқаратын әуе кемелерінің немесе басқарылатын аэростаттардың ұшуын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен осындай ұшу басталғанға дейін кемінде 5 жұмыс күні бұрын келіседі.».
11. «Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 маусымдағы № 625 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 524-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесінде:
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы»;
28-тармақ алып тасталсын;
ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескертпе:* — қорғау іс-шараларын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда адамдарға қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен келісім бойынша, ал Астана және Алматы қалаларының әуежайларында бұған қоса Қазақстан Республикасы Президентінің Протоколымен келісім бойынша жүргізіледі.».
12. «Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 56, 800-құжат):
1) көрсетілген қаулымен бектілген Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерді айқындау қағидасында:
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелерін тарта отырып күзетілетін адамдардың жұмысы мен тұрғылықты жерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.»;
6-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі ішкі істер органдарының бөлімшелерімен бірлесіп күзететін, Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін тізбеге енгізілген Қазақстан Республикасының объектілері, сондай-ақ мемлекеттік маңызы бар объектілер;»;
2) көрсетілген қаулымен бектілген мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуы жөніндегі талаптарда:
«Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптар» деген 1-бөлімде:
1-тармақтың 66) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«66) бөлімшелер (бұдан әрі – бөлімшелер) – объектілерді мемлекеттік күзетуді қамтамасыз ететін Мемлекеттік күзет қызметін, Қарулы Күштерді, Ішкі істер министрлігін қамтиды.».
13. «Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 49, 675-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларында:
16-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасы Мемлекттік күзет қызметінің Объектілерді қорғау қызметін (Республикалық ұлан) жасақтау үшін жақсы дене дайындығы, жалпы орта білімінен төмен емес білімі бар әскерге шақырылушыларды басым тәртіппен іріктеу жүзеге асырылады;».
14. «Арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерiнiң немесе әскери қызметшiсiнiң денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген залалды, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерiнiң немесе әскери қызметшiсiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерiнiң және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген залалды өтеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қыркүйектегі № 1213 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 71, 1038-құжат):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы» 1995 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына, «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына және «Сыртқы барлау туралы» 2010 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерiнiң немесе әскери қызметшiсiнiң денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген залалды, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерiнiң немесе әскери қызметшiсiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерiнiң және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген залалды өтеу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерiнiң немесе әскери қызметшiсiнiң денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген залалды, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерiнiң немесе әскери қызметшiсiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерiнiң және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген залалды өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы» 1995 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына, «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына және «Сыртқы барлау туралы» 2010 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес әзірленді және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерiнiң немесе әскери қызметшiсiнiң (бұдан әрі – қызметкерінің) денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген залалды, сондай-ақ қызметкердiң қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерiнiң және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген залалды өтеу тәртібі мен шарттарын айқындайды.».
15. «Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына өздерінің ведомстволық желілерін қосуға міндетті жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 1660 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 5, 98-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына өздерінің ведомстволық желілерін қосуға міндетті жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің тізбесіне:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі (абоненттік пункт)»;
10-тармақ алып тасталсын;
122, 123, 266 және 345-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«122. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Объектілерді қорғау қызметінің (Республикалық ұлан) «Айбын» Президенттік полкі» 0112 әскери бөлімі.
123. Қазақстан Республикасы мемлекеттік күзет қызметінің Объектілерді қорғау қызметінің (Республикалық ұлан) 0116 әскери бөлімі.»;
«266. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Объектілерді қорғау қызметінің (Республикалық ұлан) «Батыр» Президенттік полкі» 0111 әскери бөлімі»;
«345. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің департаменті (абоненттік пункт)».
16. «Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін айқындау, тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру және тоқтату қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1727 қаулысында (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 6, 137-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін айқындау, тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру және тоқтату қағидаларында:
15-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте біржолғы тұрғын үй төлемдерін алу үшін тұрғын үйге мұқтаж мәртебесінде болу кезеңі ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің және сыртқы барлау органының мекемелерінде өткеру кезеңінде тұрғын үйге мұқтаж деп танылған күннен бастап, ал аталған күнді белгілеу мүмкіндігі болмаған жағдайда, ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің және сыртқы барлау органының мекемелерінде қызмет өткеру кезеңінде өзін тұрғын үйге мұқтаж деп тану туралы алғашқы баянат берілген күнінен бастап белгіленеді.».
17. «Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының мүліктерін беру, өткізу, кәдеге жарату және есептен шығару, сондай-ақ жылжымайтын мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 қаңтардағы № 16 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бектілген Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының мүліктерін беру, өткізу, кәдеге жарату және есептен шығару, сондай-ақ жылжымайтын мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларында:
9, 10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Қазақстан Республикасының «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі (бұдан әрі – «Сырбар» СБҚ) және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі (бұдан әрі – МКҚ) есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей пайдаланылмайтын мүлік туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне (бұдан әрі – ҰҚК) жібереді.
10. Алынған мәліметтердің негізінде ҰҚК арнаулы мемлекеттік органдардың пайдаланылмайтын мүлікінің жалпы тізбесін жасайды және оны мүлікке қажеттілікті айқындау үшін Қарулы Күштерге, басқа әскерлер мен әскери құралымдарға, «Сырбар» СБҚ және МКҚ-ға жібереді.
11. Қарулы Күштер, басқа әскерлер мен әскери құралымдар, «Сырбар» СБҚ, МКҚ пайдаланылмайтын мүліктің жалпы тізбесін алғаннан кейін бір ай мерзімде ҰҚК-не мүлікке қажеттілік туралы немесе мұндай қажеттіліктің жоқтығы туралы бірінші басшы орынбасарының қолы қойылған жазбаша өтінім жібереді.
Қарулы Күштердің, басқа әскерлер мен әскери құралымдардың, «Сырбар» СБҚ мен МКҚ-дан өтінімдер алынғаннан кейін арнаулы мемлекеттік органдардың пайдаланылмайтын мүлкінің түпкілікті тізбесі Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісім бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының бірлескен бұйрығымен бекітіледі (бұдан әрі – бекітілген тізбе).».
18. «Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 868 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 50, 708-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларында:
2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінде әскери қызметте тұратын немесе әскери қызмет өткерген әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі;»;
3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінде әскери қызметте тұратын немесе әскери қызмет өткерген әскери қызметшілер бойынша – қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге;».
19. «Қазақстан Республикасының террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 876 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 51, 714-құжат):
көрсетілген қаулымен бектілген Қазақстан Республикасының террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесінде:
«Стратегиялық объектілер» деген 2-бөлімде:
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi iшкi iстер органдарының бөлiмшелерiмен бiрлесiп күзететiн, Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген Қазақстан Республикасының объектiлерi, сондай-ақ мемлекеттiк маңызы бар объектiлер».
20. «Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және оларды жүзеге асыру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1500 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 78, 1023-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және оларды жүзеге асыру қағидаларында:
2-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнде қызмет өткерген әскери қызметшiлер мен қызметкерлерге;»;
5) тармақша алып тасталсын.
21. «Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнайы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 129 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 9, 84-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнайы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларында:
2-тармақтың екінші бөлігінің 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қызметкерлерінің жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы есептейтін қызметке қабылданғанға дейінгі еңбек қызметінің өтілі;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қызметте болудың шекті жасына толғанға дейін қызметтен негізсіз шығарылған, ал кейіннен денсаулық жағдайы бойынша қызметке шектеулер болмағаннан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің, Ішкі істер министрінің, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) (Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігі, Салық полициясы комитеті (милиция) төрағасының, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің, Әділет министрінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының, «Сырбар» сыртқы барлау қызметі директорының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының және Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдары лауазымды адамдарының, Бас прокурордың, сондай-ақ Мемлекеттік тергеу комитеті төрағасының шешімі бойынша заңсыз шығарылған деп танылуына байланысты қызметіне қайта тағайындалған Қарулы Күштер прапорщиктерінің, мичмандарының және келісімшарт бойынша әскери қызметшілерінің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милиция), мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі, бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті, прокуратура органдарының басшы және қатардағы жауынгерлер құрамы адамдарының еңбек сіңірген жылдарын айқындау кезінде зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарына олар жұмыс істемеген қызметтегі үзіліс уақыты есептеледі.»;
4-тармақта:
3) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«тиісінше Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Ішкі істер министрі, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы және Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі айқындаған шарттарда реактивтік және турбовинттік авиациядағы ұшу жұмысындағы;»;
4)-тармақшада:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«тиісінше Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі айқындайтын шарттарда авиациядағы ұшу жұмысындағы;»;
отыз екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметіндегі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіндегі, Қазақстан Республикасының Республикалық ұланындағы;».