Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде резервте әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 868 қаулысы.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2025 № 545 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2025 № 545 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде резервте әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2025 № 545 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Әскери қызметшi (әскери мiндеттi) қаза тапқан (қайтыс болған), мүгедектігі анықталған немесе ол жарақат алған жағдайда бiржолғы өтемақы төлеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 наурыздағы № 262 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 12, 131-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 тамыздағы № 912 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістердің 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 31, 430-құжат).

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С.Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 27 тамыздағы
№ 868 қаулысымен
бекітілген

Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде резервте әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидалары

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2025 № 545 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 25.06.2022 № 433 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Осы Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде резервте әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 51-бабына сәйкес әзірленді және әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде резервтегі әскери адам немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2025 № 545 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Әскери қызметшiге, резервтегі әскери адамға, әскери жиындарға шақырылған әскери мiндеттiге (бұдан әрі – әскери міндетті) немесе оны алуға құқығы бар адамдарға бiржолғы ақшалай өтемақы (бұдан әрі – өтемақы) төлеу:

      1) әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде резервтегі әскери адам, әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті не әскери қызметтен шығарылғаннан, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтар немесе жиындар, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындар аяқталғаннан, әскери жиындар аяқталғаннан кейін әскери қызмет өткеру кезеңінде, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған, әскери жиындардан өту кезеңінде мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу), науқастану салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған);

      2) әскери қызметшіге әскери қызметін өткеру кезеңінде, резервтегі әскери адамға жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде, әскери міндеттіге әскери жиындарда болған кезеңде немесе әскери қызмет өткеру, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған, әскери жиындар аяқталған кезеңде мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу), науқастану салдарынан әскери қызметтен шығарылған, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтар немесе жиындар, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындар аяқталған, әскери жиындар аяқталған күннен бастап бір жыл өткенге дейін мүгедектік белгіленген;

      3) әскери қызметші, резервтегі әскери адам әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде немесе әскери міндетті әскери жиындарда мүгедектiкке әкеп соқтырмаған ауыр мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) немесе жеңіл мертіккен жағдайларда жүргізіледі.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2025 № 545 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Әскери қызметшіге, резервтегі әскери адамға, әскери міндеттіге немесе оны алуға құқығы бар адамға өтемақы төлеуді тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар:

      1) Қарулы Күштерде әскери қызметте тұратын немесе әскери қызмет өткерген әскери қызметшілерге – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;

      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында, әскери-тергеу органдарында әскери қызметте тұратын немесе әскери қызмет өткерген әскери қызметшілерге – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;

      3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінде әскери қызметте тұратын немесе әскери қызмет өткерген әскери қызметшілерге – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі;

      4) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында әскери қызметте тұратын немесе әскери қызмет өткерген әскери қызметшілерге – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті;

      5) әскери прокуратура органдарында әскери қызметте тұратын немесе әскери қызмет өткерген әскери қызметшілерге – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы;

      6) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның азаматтық қорғанысты басқару органдары мен әскери бөлімдерінде әскери қызметте тұратын немесе әскери қызмет өткерген әскери қызметшілерге – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі жүзеге асырады.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.07.2025 № 545 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Өтемақы алу үшін қажетті құжаттар:

      1) Қарулы Күштерде әскери қызметте тұратын немесе әскери қызмет өткерген әскери қызметшілер бойынша – әскери бөлімдерге (мекемелерге) немесе жергілікті әскери басқару органдарына;

      2) Ұлттық ұланда және әскери-тергеу органдарында әскери қызметте тұратын әскери қызметшілер бойынша – әскери қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге;

      Ұлттық ұланда және әскери-тергеу органдарында әскери қызмет өткерген әскери қызметшілер бойынша – жергілікті әскери басқару органдарына;

      3) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның азаматтық қорғанысты басқару органдары мен бөлімдерінде әскери қызметте тұратын әскери қызметшілер бойынша – әскери қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге;

      азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның азаматтық қорғанысты басқару органдары мен бөлімдерінде әскери қызмет өткерген әскери қызметшілер бойынша – жергілікті әскери басқару органдарына;

      4) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінде әскери қызметте тұратын немесе әскери қызмет өткерген әскери қызметшілер бойынша – әскери қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге;

      5) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында әскери қызметте тұратын немесе әскери қызмет өткерген әскери қызметшілер бойынша – әскери қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге;

      6) әскери прокуратура органдарында әскери қызметте тұратын немесе әскери қызмет өткерген әскери қызметшілер бойынша – әскери қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге ұсынылады.

      4. Әскери жиындардан өтетін немесе өткен әскери міндеттілер, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде резервтегі әскери адамдар бойынша өтемақы алу үшін қажетті құжаттар осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген әскери қызмет орны бойынша тиісті құрылымдық бөлімшелерге немесе жергілікті әскери басқару органдарына ұсынылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2025 № 545 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Заңның 51-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда тиiстi құжаттар ресiмделмейдi және өтемақы төленбейдi.

2-тарау. Әскери қызметшi (әскери мiндеттi) қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда өтемақы алу үшiн қажеттi құжаттарды беру тәртібі

      6. Әскери қызмет өткеру кезеңінде әскери қызметші, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде резервтегі әскери адам, әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) не әскери қызметтен шығарылғаннан, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтар немесе жиындар, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындар аяқталғаннан, әскери жиындар аяқталғаннан кейін әскери қызмет өткеру, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болу, әскери жиындардан өту кезеңінде мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу), науқастану салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда өтемақы алуға құқығы бар адамдар осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген әскери қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге немесе жергілікті әскери басқару органдарына мынадай құжаттарды:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі өтiнiшті;

      2) қайтыс болуы туралы куәлiктiң көшiрмесiн немесе хабарламаны;

      3) мұраға құқығы туралы заңнамада белгiленген тәртiппен берiлген куәлiкті;

      4) мұраға құқығы туралы куәлікте көрсетілген өтемақы алуға құқығы бар адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттарының көшірмелерін (жеке куәліктер, балалардың туу туралы куәліктері);

      5) әрбір мұрагердің банктік шотының нөмірі туралы мәліметтерді;

      6) сот-медициналық сараптама немесе патологоанатомиялық зерттеу қорытындысының көшірмесін ұсынады.

      Егер сот-медициналық сараптама немесе патологоанатомиялық зерттеу жүргізілмеген жағдайда денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған нысан бойынша қайтыс болуы туралы медициналық куәлікті ұсынады.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 14.10.2022 № 826 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.07.2025 № 545 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      7. Әскери қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелер немесе жергілікті әскери басқару органдары осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдап, 5 (бес) жұмыс күн ішінде:

      1) әскери қызметші ақшалай ризықта тұрған әскери бөлімнен (мекемеден) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаза тапқан (қайтыс болған) адамның оқиға болған кездегі ақшалай қамтылымының мөлшерi туралы анықтаманы;

      2) әскери қызметшіні, резервтегі әскери адамды немесе әскери міндеттіні әскери бөлімнің (мекеменің) тізімдерінен шығару туралы әскери бөлім командирінің (мекеме басшысының) бұйрығынан үзіндіні;

      3) әскери қызмет өткеруге байланысты әскери қызметшiнiң, резервтегі әскери адамның немесе әскери мiндеттiнiң қаза табуын (қайтыс болуын) тергеп-тексеру материалдарын;

      4) әскери қызметтен шығарылғаннан, әскери жиындар аяқталғаннан кейiн қайтыс болған адамдарға қатысты әскери-дәрігерлік комиссияның қайтыс болуға әкеп соқтырған мертігудің (жараланудың, жарақаттанудың, контузия алудың), науқастанудың әскери қызмет өткерумен себептік байланысы туралы қорытындысын сұратады.

      Бұл ретте әскери қызметшінің қаза табу (қайтыс болу) жағдайы бойынша өтемақы оқиға басталған күннен бастап үш жыл өткенге дейін төленеді және мүгедектіктің белгіленуіне байланысты бұрын төленген өтемақыға қарамастан жүзеге асырылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2025 № 545 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3-тарау. Әскери қызметшiге немесе әскери мiндеттiге мүгедектік белгіленген жағдайда өтемақы алу үшiн қажеттi құжаттарды беру тәртібі

      8. Әскери қызмет өткеру кезеңінде келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшiге әскери қызметін өткеру кезеңінде алған мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу), науқастану салдарынан мүгедектiк белгіленген жағдайда ол осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген әскери қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге немесе жергілікті әскери басқару органдарына мынадай құжаттарды:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгiленген үлгідегі өтiнiшті;

      2) әскери-дәрігерлік комиссияның мертігудің (жараланудың, жарақаттанудың, контузия алудың), науқастанудың әскери қызмет өткерумен себепті байланысы туралы қорытындысының нотариат куәландырған көшірмесін;

      3) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 183401 болып тіркелген) 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілетін мүгедектігі туралы анықтаманың (бұдан әрі – мүгедектік туралы анықтама) нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.07.2025 № 545 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Әскери қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелер немесе жергілікті әскери басқару органдары осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдағаннан кейін әскери қызметші ақшалай ризықта тұратын (тұрған) әскери бөлімнен (мекемеден) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқиға болған кездегі ақшалай қамтылымының мөлшері туралы анықтаманы сұратады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.10.2022 № 826 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшіге әскери қызмет өткеру кезеңінде алған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы), науқастануы салдарынан әскери қызметтен шығарылған күннен бастап бір жыл өткенге дейін мүгедектік белгіленген жағдайда ол осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген әскери қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге немесе жергілікті әскери басқару органдарына мынадай құжаттарды:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі өтінішті;

      2) мүгедектігі туралы анықтаманың нотариат куәландырған көшірмесін;

      3) әскери-дәрігерлік комиссияның мертігудің (жараланудың, жарақаттанудың, контузия алудың), науқастанудың әскери қызмет өткерумен себепті байланысы туралы қорытындысының нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады.

      11. Әскери қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелер немесе жергілікті әскери басқару органдары осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдап, 5 (бес) жұмыс күні ішінде:

      1) әскери қызметші ақшалай ризықта тұрған әскери бөлімнен (мекемеден) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектік белгіленген күні қызметтен шығарылған кезден бастап соңғы атқарған әскери лауазымы бойынша ақшалай қамтылымының мөлшері туралы анықтаманы;

      2) әскери қызметшіні әскери бөлімнің (мекеменің) тізімдерінен шығару туралы әскери бөлім командирінің (мекеме басшысының) бұйрығынан үзіндіні сұратады.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.07.2025 № 545 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. Әскери қызмет өткеру кезеңінде мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілеріне, стипендия алатын курсанттарға және кадеттерге, әскери жиындарда болған кезеңде әскери міндеттілерге, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде резервтегі әскери адамға әскери қызмет өткеру кезеңінде, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу), науқастану салдарынан мүгедектік белгіленген жағдайда олар осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген әскери қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге немесе жергілікті әскери басқару органдарына мынадай құжаттарды:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі өтінішті;

      2) мүгедектігі туралы анықтаманың нотариат куәландырған көшірмесін;

      3) әскери-дәрiгерлiк комиссияның мертігудің (жараланудың, жарақаттанудың, контузия алудың), науқастанудың әскери қызмет өткерумен, әскери жиындардан өтумен себепті байланысы туралы қорытындысының нотариат куәландырған көшiрмесiн ұсынады.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.07.2025 № 545 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. Әскери қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелер немесе жергілікті әскери басқару органдары осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдағаннан кейін:

      1) мерзімді қызмет әскери қызметшілерінен, стипендия алатын курсанттарынан және кадеттерден – әскери бөлімнен (мекемеден) әскери қызмет өткергені туралы анықтаманы;

      2) әскери міндеттілерден – әскери бөлімнен (мекемеден) әскери жиындардан өткені туралы анықтаманы;

      3) резервтегі әскери адамнан – жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда жүргені туралы әскери бөлімнің (мекеменің) анықтамасын сұратады.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.07.2025 № 545 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      14. Мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілеріне, стипендия алатын курсанттарға және кадеттерге, резервтегі әскери адамдарға, әскери міндеттілерге әскери қызмет өткеру кезеңінде, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу), науқастану салдарынан әскери қызметтен шығарылған, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтар немесе жиындар, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындар аяқталған, әскери жиындар аяқталған күннен бастап бір жыл өткенге дейін мүгедектік белгіленген жағдайда олар осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген әскери қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге немесе жергілікті әскери басқару органдарына мынадай құжаттарды:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі өтінішті;

      2) мүгедектігі туралы анықтаманың нотариат куәландырған көшірмесін;

      3) әскери-дәрiгерлiк комиссияның мертігудің (жараланудың, жарақаттанудың, контузия алудың), науқастанудың әскери қызмет өткерумен, әскери жиындардан өтумен себепті байланысы туралы қорытындысының нотариат куәландырған көшiрмесiн ұсынады.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.07.2025 № 545 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      15. Әскери қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелер немесе жергілікті әскери басқару органдары осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдап, 5 (бес) жұмыс күні ішінде:

      1) мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілерінен, стипендия алатын курсанттардан және кадеттерден – әскери қызметшіні әскери бөлім (мекеме) тізімдерінен шығару туралы әскери бөлім командирінің (мекеме басшысының) бұйрығынан үзіндіні;

      2) әскери міндеттілерден – әскери бөлімнен (мекемеден) әскери жиындардан өткені туралы анықтаманы;

      3) резервтегі әскери адамнан – әскери бөлім командирінің (мекеме басшысының) резервтегі әскери адамды әскери бөлімнің (мекеменің) тізімінен шығару туралы бұйрығынан үзіндіні сұратады.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.07.2025 № 545 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

4-тарау. Әскери қызметшi немесе әскери мiндетті мүгедектiкке әкеп соқтырмаған мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) жағдайда өтемақы алу үшiн құжаттарды беру тәртібі

      16. Әскери қызметші, резервтегі әскери адам әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде немесе әскери міндетті әскери жиындарда мертігіп (жараланып, жарақаттанып, контузия алып), бұл мүгедектікке әкеп соқтырмаған жағдайда олар осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген әскери қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге немесе әскери бөлімдерге (мекемелерге) мынадай құжаттарды:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі өтінішті;

      2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери-дәрiгерлiк комиссияның алған мертігудің (жараланудың, жарақаттанудың, контузия алудың) ауырлық (ауыр немесе жеңiл) дәрежесі туралы анықтамасын ұсынады.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.07.2025 № 545 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      17. Әскери қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелер немесе әскери бөлімдер (мекемелер) осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдағаннан кейін мынадай құжаттарды:

      1) әскери қызмет мiндеттерiн орындау (әскери жиындардан өту) кезiнде мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу) салдарын тергеп-тексеру материалдарын;

      2) келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге –әскери қызметші ақшалай ризықта тұрған әскери бөлімнен (мекемеден) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқиға болған кездегі ақшалай қамтылымының мөлшері туралы анықтаманы қосымша ұсынады.

5-тарау. Өтемақы төлеу тәртiбi

      18. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген әскери қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелер немесе жергілікті әскери басқару органдары осы Қағидалардың 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17-тармақтарында көрсетілген құжаттарды қабылдап, түскен күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оларды осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға жібереді.

      Әскери қызметшілерге, резервтегі әскери адамдарға, әскери міндеттілерге не оны алуға құқығы бар адамдарға өтемақы төлеу осы Қағидалардың 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17-тармақтарында көрсетілген барлық қажетті құжаттар алынған күннен бастап екі ай ешінде Заңда белгіленген мөлшерде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2025 № 545 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      19. Әскери қызметші қаза тапқан (қайтыс болған), оған мүгедектік белгіленген, ол әскери қызмет кезеңінде мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) жағдайларда өтемақы есептеу кезінде өтемақының мөлшері оқиға болған кезде соңғы атқарған әскери лауазымы бойынша ақшалай қамтылымының мөлшерін ескере отырып есептеледі.

      20. Заңда көзделген өтемақы төлеуден бас тартылған жағдайда өтініш берушіге 5 (бес) жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлама жолданады.

      21. Өтемақы төлеу осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген уәкілетті мемлекеттiк органдардың қаржыландыру жоспарларында көзделген республикалық бюджет есебiнен жүргізіледі.

      22. Өтемақыны аудару тұрғылықты жерi бойынша банк мекемелерiнде ашылған алушылардың ағымдағы, жинақ және корреспонденттік шоттарына аумақтық қазынашылық бөлімшесі арқылы жүзеге асырылады.

      23. Кәмелетке толмаған алушыға өтемақы төлеу оны тұрғылықты жерi бойынша екiншi деңгейдегi банкте ашылған алушының ағымдағы, жинақ немесе корреспонденттік шотына аудару жолымен ол туралы қорғаншылық және қамқоршылық органдарын, сондай-ақ оның заңды өкiлдерiн бiр уақытта хабардар ете отырып, құжаттар келіп түскен кезден бастап екi ай iшiнде жүргiзiледi.

      24. Алушыға өтемақы аударылғаннан кейiн осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бiржолғы өтемақыны төлеуге өтiнiштердi тiркеу журналында күнiн, өтемақы сомасын және төлем құжатының нөмiрiн көрсете отырып, тиiсті жазба жасалады.

      25. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген уәкілетті мемлекеттік органдар өз қызметінің ерекшелігін ескере отырып, осы Қағидалардың ережелерін іске асыруға бағытталған нақтылау жөніндегі ведомстволық актілерді қабылдайды.

      26. Өтемақы төлеу бойынша туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.

  Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде резервте әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларына 1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшада оң жақтағы жоғарғы бұрыш жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2025 № 545 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Кімге:
  __________________________
(біржолғы өтемақы төлеуді
жүзеге асыратын уәкілетті
мемлекеттік орган құрылымдық
бөлімшесінің басшысына)
  ___________________________
  __________________________
___________________ тұратын
  ___________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә. (бар болса)
  тел:________________________

Біржолғы ақшалай өтемақыны төлеуге
ӨТІНІШ

      Сізден ______________________________________________________________

      ____________________________________________________________________
(оқиғаның сипаты көрсетіледі) байланысты маған өтемақы төлеуіңізді сұраймын.

      Бұдан бұрын _________________________________________________________
(оқиғаның сипаты көрсетіледі)

      байланысты біржолғы ақшалай өтемақыны алдым _________________________
(иә, жоқ)

      Тиесілі өтемақы төлемін _______________________________________________
(облыс, аудан, қала, алушының тұрғылықты жерінің мекенжайы)

      _____________________________________________ аударуыңызды сұраймын.

      Банк мекемесінің № ___________________________________________________

      Филиал № ___________________________________________________________

      Дербес шот немесе ағымдағы шот _______________________________________

      _____________________________________________________________ атына
(Т.А.Ә. (бар болса)

      Алушының ЖСН ____________________________________________________

      Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:

      1. _________________________________________________________________

      2. _________________________________________________________________

      3. _________________________________________________________________

      4. _________________________________________________________________

      5. _________________________________________________________________

      6. _________________________________________________________________

      ______ ж. "__" ___________ Өтініш беруші ______ ___________________
(жылы) (күні) (айы) қолы (Т.А.Ә. (бар болса)

  Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде резервте әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларына 2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшада оң жақтағы жоғарғы бұрыш жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2025 № 545 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Бұрыштық мөртабан"

АНЫҚТАМА

      ____________________________________________________________________
(әскери атағы, Т.А.Ә. (бар болса)

      ____________________________________________________________________
(ведомствоның атауы және оқиға болған күні атқарған әскери лауазымы)

      ______ ж. "__" ______________ бастап ________ ж. "__" _____________ дейін
(күні) (күні)

      іс жүзінде қызмет өткеретінін (қызмет өткергенін) растау үшін берілді.

      20__жылғы "__" ____________ ақшалай қамтылымы
(оқиға болған күні)

      _____________________________________________________________ құрады,
(сомасы жазумен)

      оның ішінде:

      лауазымдық айлықақысы _____________________________________________

      әскери атағы бойынша айлықақысы ____________________________________

      Қызметтен шығару себебі (егер қызметтен шығарылған болса):______________

      __________________________________________________________________

      Анықтама әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші немесе әскери жиындарға

      шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік

      белгіленген немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен

      жағдайда біржолғы өтемақы тағайындау үшін берілді.

      Командир (бастық) __________ ________________________________________
(қолы) (Т.А.Ә. (бар болса)

      М.О.

      Қаржы қызметінің бастығы ________ ___________________________________
(бухгалтер) (қолы) (Т.А.Ә. (бар болса)

  Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде резервте әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларына 3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымшада оң жақтағы жоғарғы бұрыш жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2025 № 545 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Бұрыштық мөртабан"

АНЫҚТАМА

      ___________________________________________________________________
(әскери атағы, Т.А.Ә. (бар болса)

      ___________________________, ол іс жүзінде әскери қызмет міндеттерін орындау

      кезінде (әскери жиындарда) әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде

      ____________________________________________________________________
(жарақат алу мән-жайлары көрсетіледі)

      ________________________ ____________________________________________
(жылы, күні, айы) (ауыр немесе жеңіл, жазумен көрсетіледі)

      мертіккені (жараланғаны, жарақаттанғаны, контузия алғаны) жөнінде берілді.

      ___________________________________ _________________________________
(керексізі сызып тасталсын) (әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде

      _____________________________________________________________________

      мертігудің (жараланудың, жарақаттанудың, контузия алудың)

      сипаты және соны оқшаулау көрсетіледі)

      Осыған байланысты 20__ж. "__"_____ бастап 20__ж. "__" _______ дейін

      _____________________________________________________________________
(әскери-медициналық мекеменің атауы көрсетіледі)

      ______________________________________________________ емделуде болды.

      Анықтама әскери қызметші немесе әскери міндетті мүгедектікке әкеп соқтырмаған мертіккен

      (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) жағдайда біржолғы өтемақыны тағайындау үшін берілді.

      М.О. Әскери-дәрігерлік комиссияның төрағасы ________ ___________________
қолы (Т.А.Ә. (бар болса)

  Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде резервте әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларына 4-қосымша

      Ескерту. 4-қосымшада оң жақтағы жоғарғы бұрыш жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2025 № 545 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Біржолғы өтемақы төлеуге өтініштерді тіркеу журналы

Р/с

Әскери атағы

Мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған), науқастанған әскери қызметшінің, әскери міндеттінің Т.А.Ә. (бар болса)

Келіп түскен күні кір. №

Материал қайдан келіп түсті

Залалды (мүгедектік, ауыр немесе жеңіл жарақат) өтеу себебі

Біржолғы өтемақы сомасы

Төлем тапсырмасының № мен күні

1

2

3

4

5

6

7

8