Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты олардың отба

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қыркүйектегі № 1213 Қаулысы.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.08.2023 № 666 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

     

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.08.2023 № 666 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды өтеу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.08.2023 № 666 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 1213 қаулысымен
бекітілген

Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды өтеу қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.08.2023 № 666 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес әзірленді және ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің (бұдан әрі – қызметкер) денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды, сондай-ақ қызметкердің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды өтеу тәртібі мен шарттарын айқындайды.

      2. Қызметкердің денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды, сондай-ақ қызметкердің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды өтеу қызметкер қызметін өткеріп жүрген ұлттық қауіпсіздік органын ұстауға көзделген қаражат есебінен жүргізіледі.

      3. Осы Қағидаларға сәйкес залалды өтеу түрінде төленген сома кейіннен залал келтірген адамнан өндіріп алынып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражатынан толық көлемде өтелуге тиіс.

      4. Қызметкердің денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды, сондай-ақ қызметкердің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залалды өтеу үшін қызметкерді және (немесе) оның отбасы мүшесін өзге тұлғалардың құқыққа қарсы әрекеті салдарынан зардап шекті деп тану туралы сот шешімі мен қызметкердің залалды өтеу туралы баянаты негіз болады.

      5. Залалды өтеу үшін ұлттық қауіпсіздік органының бірінші басшысының қаржы және (немесе) экономикалық қызметке жетекшілік ететін орынбасарының атына жазылған залалды өтеу туралы баянатты қызметкер тікелей бастығына ұсынады. Баянатқа "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен куәландырылған сот шешімінің көшірмесі қоса беріледі.

      6. Өтелетін залалдың мөлшері сот арқылы белгіленеді.

      7. Қызметкер осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынғаннан кейін, ұлттық қауіпсіздік органының басшысы 10 (он) жұмыс күні ішінде өтелетін залалдың сомасын көрсете отырып, залалды өтеу туралы бұйрық шығарады.

      8. Кадр бөлімшесі залалды өтеу туралы бұйрық шыққан күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оның үзінді-көшірмесін төлемдерді қамтамасыз ету үшін ұлттық қауіпсіздік органының қаржы бөлімшесіне жолдайды.

      9. Залалды өтеу ұлттық қауіпсіздік органының қаржы бөлімшесіне бұйрықтың үзінді-көшірмесі келіп түскен күнінен бастап 10 (он) банктік күн ішінде қызметкердің ақшалай үлес төленетін ағымдағы шотына ақшалай қаражат аудару арқылы жүзеге асырылады.

      10. Залал келтірген кінәлі тұлғаның есебінен залал өтелген жағдайларда қызметкер қызмет өткеріп жүрген ұлттық қауіпсіздік органы аталған төлемді жүзеге асырмайды.

      11. Төлемдерді заңсыз алуға бағытталған әрекеттер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соқтырады.