Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына өздерінің ведомстволық желілерін қосуға міндетті жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 1660 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2016 жылғы 14 шілдедегі № 403 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2014.11.10 № 1182 (01.01.2017 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Сауықтыру жөнiндегi кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 17 маусымдағы № 660 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен құрылған Сауықтыру жөніндегі кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:

Ахметов                  - Қазақстан Республикасының
Серік Нығметұлы            Премьер-Министрі, төраға
Теңгебаев                - Қазақстан Республикасының Қаржы
Ардақ Мырзабайұлы          вице-министрі, хатшы
Досаев                   - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Ерболат Асқарұлы           даму және сауда министрі
Рау                      - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Альберт Павлович           жаңа технологиялар бірінші вице-министрі;

      көрсетілген құрамнан: Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов, Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев, Әсет Өрентайұлы Исекешев және Руслан Ерболатұлы Дәленов шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов