Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының, ведомстволар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларын, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулыларын, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, сондай-ақ әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау жүзеге асырылатын интернет-ресурсты айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 қазандағы № 1124 қаулысы

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.01.2016 № 35 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар таратылуы шектелген мәліметтерді және/немесе қызметтік ақпаратты қоспағанда, Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының, ведомстволар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларын, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулыларын, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, сондай-ақ әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау жүзеге асырылатын интернет-ресурс ретінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – Республикалық құқықтық ақпарат орталығы) "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2014 № 1401 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Мемлекеттік органдар:

      1) "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жіберілетін графикалық форматтағы қазақ және орыс тілдеріндегі нормативтік құқықтық актілер көшірмелерінің қол қойылған түпнұсқаларға толық сәйкестігін;

      2) Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде тіркелген:

      Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының, ведомстволар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларының, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулыларының көшірмелерін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына;

      мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерінің, сондай-ақ әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулыларының мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерінің көшірмелерін Республикалық құқықтық ақпарат орталығының тиісті аумақтық бөлімшелеріне "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жіберуді;

      3) нормативтік құқықтық актінің бір тілдегі электрондық көшірмелерінің бір электрондық файлда қалыптастырылуын қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.12.2014 № 1401 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

       3. Республикалық құқықтық ақпарат орталығы:

      1) жариялану күні мен ақпараттық-құқықтық жүйенің атауын көрсете отырып, графикалық форматта қазақ және орыс тілдерінде түсетін, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін бес жұмыс күні ішінде ресми жариялауды;

      2) есепті айдан кейінгі айдың 10-ы күніне дейінгі мерзімде өткен айда ресми жарияланған:

      Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының, ведомстволар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларының, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулыларының тізбесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне;

      мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерінің, сондай-ақ әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерінің тізбесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тиісті аумақтық органдарына беруді;

      3) жарияланған негізгі нормативтiк құқықтық актiге ақпаратта оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ осы нормативтік құқықтық актінің қолданысын тоқтата тұру, күші жойылды деп тану туралы мәліметтердің көрсетілуін;

      4) графикалық форматта орналастырылатын нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесін рұқсатсыз араласудан қорғауды қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.12.2014 № 1401 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 28.01.2016 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 06.10.2016 № 568 қаулысымен.
      2) Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 06.10.2016 № 568 қаулысымен.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 06.10.2016 № 568 қаулысымен.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов