Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тізілімін, нормативтік құқықтық кесімдерінің эталондық бақылау банкін жүргізу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 29 сәуірдегі № 343 және "Қазақстан Рес

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 35 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 192 қаулысымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі)

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 11.04.2017 № 192 қаулысымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.07.2016 № 439 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2) "Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының, ведомстволар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын, орталық және жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін, орталық мемлекеттік органдардың қаулыларын, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулыларын, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, сондай-ақ әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау жүзеге асырылатын интернет-ресурсты айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 қазандағы № 1124 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 62, 839-құжат):

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының, ведомстволар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларын, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулыларын, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, сондай-ақ әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау жүзеге асырылатын интернет-ресурсты айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы";

      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жариялану күні мен ақпараттық-құқықтық жүйенің атауын көрсете отырып, графикалық форматта қазақ және орыс тілдерінде түсетін, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін бес жұмыс күні ішінде ресми жариялауды;".

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.07.2016 № 439 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

       2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов