Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының, ведомстволар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларын, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулыларын, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, сондай-ақ әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау жүзеге асырылатын интернет-ресурсты айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 қазандағы № 1124 қаулысы

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.01.2016 № 35 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар таратылуы шектелген мәліметтерді және/немесе қызметтік ақпаратты қоспағанда, Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының, ведомстволар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларын, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулыларын, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, сондай-ақ әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау жүзеге асырылатын интернет-ресурс ретінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – Республикалық құқықтық ақпарат орталығы) «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі айқындалсын.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2014 № 1401 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Мемлекеттік органдар:
      1) «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жіберілетін графикалық форматтағы қазақ және орыс тілдеріндегі нормативтік құқықтық актілер көшірмелерінің қол қойылған түпнұсқаларға толық сәйкестігін;
      2) Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде тіркелген:
      Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының, ведомстволар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларының, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулыларының көшірмелерін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына;
      мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерінің, сондай-ақ әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулыларының мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерінің көшірмелерін Республикалық құқықтық ақпарат орталығының тиісті аумақтық бөлімшелеріне «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жіберуді;
      3) нормативтік құқықтық актінің бір тілдегі электрондық көшірмелерінің бір электрондық файлда қалыптастырылуын қамтамасыз етсін.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.12.2014 № 1401 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Республикалық құқықтық ақпарат орталығы:
      1) жариялану күні мен ақпараттық-құқықтық жүйенің атауын көрсете отырып, графикалық форматта қазақ және орыс тілдерінде түсетін, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін бес жұмыс күні ішінде ресми жариялауды;
      2) есепті айдан кейінгі айдың 10-ы күніне дейінгі мерзімде өткен айда ресми жарияланған:
      Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының, ведомстволар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларының, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулыларының тізбесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне;
      мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерінің, сондай-ақ әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерінің тізбесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тиісті аумақтық органдарына беруді;
      3) жарияланған негізгі нормативтiк құқықтық актiге ақпаратта оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ осы нормативтік құқықтық актінің қолданысын тоқтата тұру, күші жойылды деп тану туралы мәліметтердің көрсетілуін;
      4) графикалық форматта орналастырылатын нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесін рұқсатсыз араласудан қорғауды қамтамасыз етсін.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.12.2014 № 1401 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 28.01.2016 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Нормативтiк құқықтық актілерді ресiмдеу және келiсу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 тамыздағы № 773 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 30, 326-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Нормативтiк құқықтық актілерді ресiмдеу және келiсу қағидаларында:
      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «24. Нормативтік құқықтық актілерге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзудi, сондай-ақ олардың күшi жойылды деп тануды көздейтiн нормативтiк құқықтық актілерді дайындаған кезде осындай нормативтік құқықтық актілердің қабылданған күнiнен, тіркелген нөмiрiнен, тақырыбынан кейiн жақшаның ішінде сол нормативтiк құқықтық актінің мәтiнiнде оның Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде тiркелген нөмiрi, алғашқы ресми жарияланған күнi мен ресми жариялау көзінің атауы көрсетiледi (көрсетiлген кезектiлiкпен).»;
      2) «Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 30, 330-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларында:
      14-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Тiзiлiмде мемлекеттік тiркеу күнi, берiлген мемлекеттік тіркеу нөмiрi, нормативтік құқықтық актінi мемлекеттiк тiркеуге ұсынған органның атауы, нормативтiк құқықтық актінiң күнi, нөмiрi және атауы, нормативтік құқықтық актінi ресми жариялау, нормативтік құқықтық актіге енгiзiлетін өзгерістер мен толықтырулар, нормативтік құқықтық актінiң қолданысын тоқтата тұру, тоқтату туралы мәлiметтер көрсетiледi.»;
      22-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «22. Нормативтiк құқықтық актіні күшi жойылды деп таныған не оның қолданысын белгiлi бiр мерзiмге тоқтата тұрған кезде осы актінi қабылдаған орган немесе осыған уәкiлеттi орган бiр апта мерзiмде растайтын актінiң көшiрмесiн қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне немесе оның аумақтық органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлайды.».
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов