Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 ақпандағы № 109 қаулысы

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 466 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті;
      2) Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті құрылсын.
      2. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту комитеті Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту комитеті болып;
      2) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің мемлекеттік мекемелері – аумақтық органдары;
      3) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің мемлекеттік мекемелері – аумақтық жер инспекциялары;
      4) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі мен Жер ресурстарын басқару агенттігінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары қайта аталсын.
      3. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Өңірлік даму комитеті таратылсын.
      4. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі туралы ереже;
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      5. Осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      6. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің          
2013 жылғы 8 ақпандағы      
№ 109 қаулысына        
1-қосымша           

Қазақстан Республикасы Құрылыс және
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің
қайта аталатын мемлекеттік мекемелері – аумақтық органдарының
тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментіне.
      2. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментіне.
      3. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментіне.
      4. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментіне.
      5. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментіне.
      6. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Атырау облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Атырау облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментіне.
      7. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментіне.
      8. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментіне.
      9. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментіне.
      10. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментіне.
      11. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментіне.
      12. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментіне.
      13. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментіне.
      14. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментіне.
      15. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментіне.
      16. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментіне.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2013 жылғы 8 ақпандағы
№ 109 қаулысына 
2-қосымша   

Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің қайта аталатын мемлекеттік мекемелері – аумақтық жер инспекцияларының тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Ақмола облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық жер инспекциясына.
      2. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық жер инспекциясына.
      3. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық жер инспекциясы Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық жер инспекциясы Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық жер инспекциясына.
      4. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Алматы облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Алматы облысы бойынша аумақтық жер инспекциясына.
      5. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Астана қаласы бойынша аумақтық жер инспекциясы Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық жер инспекциясына.
      6. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Атырау облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық жер инспекциясына.
      7. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық жер инспекциясына.
      8. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық жер инспекциясына.
      9. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық жер инспекциясына.
      10. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Қостанай облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Қостанай облысы бойынша аумақтық жер инспекциясына.
      11. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық жер инспекциясына.
      12. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық жер инспекциясына.
      13. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық жер инспекциясына.
      14. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық жер инспекциясына.
      15. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Павлодар облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық жер инспекциясына.
      16. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық жер инспекциясына.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2013 жылғы 8 ақпандағы
№ 109 қаулысына 
3-қосымша    

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі мен Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің қайта аталатын республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің «Жобаларды мемлекеттiк ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны («Мемсараптау РМК») Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Жобаларды мемлекеттiк ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына («Мемсараптама» РМК).
      2. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің «Жер кадастры ғылыми-өндiрiстiк орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің «Жер кадастры ғылыми-өндiрiстiк орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына.
      3. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің «Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық iздестiру мемлекеттiк институты (АЭIМИ)» республикалық мемлекеттiк кәсiпорны Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің «Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық iздестiру мемлекеттiк институты (АШАIМИ)» республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына.
      4. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің «Қазгеодезия» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің «Қазгеодезия» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына.
      5. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің «Ұлттық картографиялық-геодезиялық қоры» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің «Ұлттық картографиялық-геодезиялық қоры» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 8 ақпандағы 
№ 109 қаулысына   
4-қосымша     

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тізбесі

      1. «Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінiң ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қаңтардағы № 14 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 1, 7-құжат);
      2. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 ақпандағы № 134 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырудың 24-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 7, 58-құжат).
      3. «Қазақстан Республикасы министрлiктерінің және Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 тамыздағы № 730 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 28, 307-құжат).
      4. «Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1158 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 45, 533-құжат).
      5. «Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 шілдедегі № 1071 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 33, 311-құжат).
      6. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Агрохимия қызметі республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағынан Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің қарамағына беру және қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қыркүйектегі № 1487 қаулысының 4-тармағының 1) тармақшасы.
      7. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1725 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 46, 441-құжат).
      8. «Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 маусымдағы № 668 қаулысының 4-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 40, 359-құжат).
      9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 шілдедегі № 1071 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 қыркүйектегі № 876 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 50, 462-құжат).
      10. «Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қаңтардағы № 14 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 1087 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 54, 775-құжат).
      11. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 тамыздағы № 136 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 қазандағы № 1204 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 57, 820-құжат).
      12. «Кейбір акционерлік қоғамдар акцияларының пакеттерін мемлекеттік органдарға сенімгерлік басқаруға және иелену мен пайдалану құқығын беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1224 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 59, 835-құжат).
      13. «Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнiң және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 1520 қаулысының 2-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 8, 152-құжат).
      14. «Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қаңтардағы № 14 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 98 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 26, 356-құжат).
      15. «Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 120 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 27, 369-құжат).
      16. «Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 шілдедегі № 1071 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 845 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 59, 808-құжат).
      17. «Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнiң «Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттiк ғылыми-өндiрiстiк орталығы (МемжерҒӨО)» республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 маусымдағы № 890 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 61, 841-құжат).
      18. «Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінiң ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қаңтардағы № 14 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 маусымдағы № 891 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 61, 842-құжат).
      19. «Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің «Қазақ ғылыми-зерттеу және жобалау-эксперименталдық сейсмика төзімді құрылыс пен сәулет институты (ҚазҒЗСТҚСИ)» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын және Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық icтерi агенттiгiнiң «Қазақ ғылыми-зерттеу және жобалау-эксперименталдық сейсмика төзiмдi құрылыс пен сәулет институты (КазҒЗСТҚСИ)» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының Оңтүстік Қазақстан еншілес мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 шілдедегі № 992 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 64, 898-құжат).
      20. «Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қаңтардағы № 14 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1391 қаулысы.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2013 жылғы 8 ақпандағы 
№ 109 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі» деген бөлімде тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті»;
      «Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі» деген бөлімде тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті».
      2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне» деген бөлімде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне»;
      реттік нөмірлері 264, 264-4, 264-5, 264-6, 264-7-жолдар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіне
      310. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы 100 %
      311. «Ипотекалық кредиттерге кепілдік берудің қазақстандық қоры» акционерлік қоғамы 100 %
      312. «Қазақстандық ипотекалық компания» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы 100 %
      313. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы».
      3. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі» деген бөлімде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті»;
      реттік нөмірі 63, 64, 65-жолдар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі
      75. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы 100 %
      76. «Ипотекалық кредиттерге кепілдік берудің қазақстандық қоры» акционерлік қоғамы 100 %»
      77. «Қазақстандық ипотекалық компания» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы 100 %;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі» деген бөлімде тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті»;
      3) көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлестері) бәсекелі ортаға берілуі тиіс акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі» деген бөлімде тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті».

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 8 ақпандағы
№ 109 қаулысымен  
бекітілген    

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі туралы
ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі:
      өңірлік даму;
      жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау;
      сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық, елді мекендердің шекарасы (шектері) шегінде сумен жабдықтау және су бұру, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау және газбен жабдықтау салаларында мемлекеттік реттеу;
      жер ресурстарын басқару, геодезиялық және картографиялық қызмет салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
      2. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің мынадай ведомстволары бар:
      1) Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту комитеті;
      2) Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті;
      3) Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті.
      3. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
      5. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. Егер Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
      9. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің заңды мекенжайы: 010000 Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Орынбор көшесі, № 8 үй, 10 кіреберіс, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты.
      10. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі» мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіне кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Миссиясы:
      өңірлерді серпінді дамыту арқылы ел тұрғындарының тыныс-тіршілігі үшін қолайлы жағдайлар жасау.
      15. Міндеттері:
      мынадай:
      1) өңірлік даму;
      2) жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту;
      3) жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау;
      4) жер ресурстарын ұтымды және тиімді басқаруды қамтамасыз ету;
      5) геодезия және картография салаларын дамыту;
      6) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін, тұрғын үй-коммуналдық саланы дамыту салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
      16. Функциялары:
      1. Орталық аппараттың функциялары:
      1) экономикалық талдауды жүзеге асыру және өңірлік даму саласындағы саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      2) Елді аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамды схемасын әзірлеу, түзету және орындалуына мониторинг жүргізу;
      3) Елді аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамды схемасының, өңірлік даму саласындағы стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, аумақтарды дамыту бағдарламаларының ережелерін өзара сәйкестендіру бойынша жұмысты үйлестіру;
      4) жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      5) демографиялық және көші-қон үдерістерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіру және оңтайландыру бойынша ұсыныстар дайындау;
      6) өз құзыреті шегінде аумақтық-кеңістіктік дамуды ескере отырып, республикалық бюджеттен өңірлерді дамытуға нысаналы трансферттер бөлу бойынша ұсыныстар дайындау;
      7) өңірлердің экономикалық әлеуетін жандандыру бойынша ұсынымдар әзірлеу, қолда бар активтер мен резервтерді шаруашылық айналымына тарту;
      8) уәкілетті органдармен бірлесе отырып, елді мекендерді әлеуметтік және инженерлік жайластырудың нормативтерін әзірлеу;
      9) елді әкімшілік аудандастыру бойынша ұсыныстар дайындау;
      10) ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг және талдау жүргізу;
      11) барлық деңгейдегі аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының ағымдағы жай-күйіне талдау жүргізу;
      12) реттелетін салалардағы Мемлекеттік басқару жүйесінің құжаттарына мониторинг жүргізу;
      13) өңірлерді дамыту проблемаларына мониторинг және талдау жүргізу;
      14) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін бағалау жүйесінің жұмыс істеуін әдіснамалық қамтамасыз ету;
      15) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының жетекшілік ететін салада/аяда/өңірде стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру бойынша қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау;
      16) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жалпы бағалау;
      17) елдің өңірлік саясатын қалыптастыру және іске асыру бойынша мемлекеттік органдардың, өңірлердің қызметін үйлестіру;
      18) елдің экономикалық саясатын қалыптастыру және іске асыру бойынша өңірлердің қызметін үйлестіру;
      19) құзыреті шеңберінде өңірлердің мүдделерін қозғайтын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды келісу;
      20) тірек ауылдық елді мекендердің тізбесін келісу;
      21) әлеуметтік-экономикалық әлеуеті жоғары, орта және төмен ауылдық елді мекендердің тізбесін келісу;
      22) реттелетін салалардағы стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және түзету;
      23) жекелеген проблемалы аумақтарды, елді мекендерді дамытудың кешенді жоспарларын әзірлеу және бағалау;
      24) жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатын қалыптастыру;
      25) жеке кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламаларын әзiрлеу;
      26) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн қаржыландыру және оларға кредит беру жөнiндегi шараларды жетiлдiру туралы ұсыныстар әзiрлеу;
      27) кәсіпкерлікті дамытудың жылдық есебін дайындау және Қазақстан Республикасының Үкіметіне жіберу;
      28) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі бірыңғай үйлестіру кеңесінің, Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың қызметін қамтамасыз ету және құзыреті шеңберінде халықаралық экономикалық ұйымдарға және басқа да консультативтік-кеңесші органдарға қатысу;
      29) шағын кәсіпкерлік саласында мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      30) мемлекеттік рұқсат беру жүйесін және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін мемлекеттік бақылау және қадағалау, сондай-ақ жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту саласын жетілдіру және оңтайландыру бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру;
      31) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жанындағы сараптамалық кеңестердің қызметін үйлестіру;
      32) мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар жол берген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметін ақпараттандыру;
      33) уәкілетті мемлекеттік органдар әзірлейтін тәуекелдерді бағалау өлшемдерін, ведомстволық есептіліктер үлгілерін және тексеру парақтарын бірлесіп бекіту арқылы мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін енгізу үдерісін үйлестіруді жүзеге асыру;
      34) лицензиялау саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және жүргізу және басқа мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
      35) рұқсат беру жүйесі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар дайындау;
      36) әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қызметін үйлестіру;
      37) әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың стратегиялары мен даму жоспарларын келісу;
      38) әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың даму стратегияларын іске асыруды бағалау;
      39) сәулет, қала құрылысы және құрылыс, сондай-ақ тұрғын үй қатынастары, коммуналдық шаруашылық және коммуналдық қалдықтармен (қатты-тұрмыстық қалдықтарды қоспағанда) жұмыс істеу, сондай-ақ елді мекендердің шекарасы (шектері) шегінде сумен жабдықтау және су бұру, электрмен жабдықтау (0,4 кВ электр желісі объектілері), жылумен жабдықтау (ЖЭО мен белгіленген қуаты 100 Гкал/сағат және одан жоғары қазандықтардан басқа), газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және салааралық үйлестіру;
      40) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының жобасын әзірлеуді қамтамасыз ету;
      41) республикалық деңгейдегi мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын құру мен жүргiзуді ұйымдастыруды жүзеге асыру;
      42) жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, аумақтық дамудың өңіраралық схемаларын әзірлеуге тапсырысты жүзеге асыру;
      43) Елді мекендердің шекарасы (шектері) жобаларының құрамын, мазмұнын және оларды әзірлеу тәртібін айқындау;
      44) республикалық маңызы бар қалалардың, сондай-ақ халқының саны жүз мың тұрғыннан асатын өзге де қалалар шекараларының (шектерінің) жобаларын келісу;
      45) шағын елді мекендерді дамыту мен салудың құрамын, мазмұнын және схемаларын әзірлеу мен келісу тәртібін айқындау;
      46) жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу мен келісу тәртібін, міндетті құрамы мен мазмұнын белгілеу;
      47) үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналыстары хаттамасының және үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне жазбаша сауалнама жүргізу кезінде дауыс беру парағының, кондоминиум объектісін басқару жөніндегі есептің үлгі нысанын әзірлеу және бекіту;
      48) Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидаларын әзірлеу;
      49) Елді мекендердің су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау қағидаларын әзірлеу;
      50) Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту;
      51) тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесін мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;
      52) реттелетін салада техникалық регламенттерді әзірлеу және келісу;
      53) көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілеріне мекенжай беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
      54) тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу және бекіту тәртібін әзірлеу;
      55) жобаларға сараптаманы (мемлекеттік сараптаманы қоса алғанда) орындайтын жеке және заңды тұлғалардың сараптамалық комиссия құру тәртібін әзірлеу және бекіту не сараптамаға қатысу үшін сарапшыларды тарту;
      56) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау тәртібін әзірлеу;
      57) анықталған ақауларды сипаттай отырып, жұмысы тексерілген мердігерге (бас мердігерге), сондай-ақ тапсырыс берушіге (меншік иесіне) берілетін объектілердің анықтамасы мен ведомосының нысанын белгілеу;
      58) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жекелеген қызмет түрлеріне (кіші түрлеріне) қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін әзірлеу;
      59) тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру тәртібін әзірлеу және бекіту;
      60) объектілердің құрылысына техникалық қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
      61) авторлық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін белгілеу;
      62) егер заңнамада өзгеше көзделмесе, осы мәселелер құзыретіне жататын басқа орталық атқарушы органдармен келісім бойынша мемлекеттік нормативтерді әзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу және қолданысқа енгізу (қолданысын тоқтата тұру, жою) тәртібін белгілеу;
      63) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның келісімі бойынша реттелетін саладағы еңбек жөніндегі үлгі нормалар мен нормативтерді, сондай-ақ кәсіби стандарттарды бекіту;
      64) құрылыс салудың аумақтық қағидаларын әзірлеу тәртібін айқындау;
      65) өз құзыреті шеңберінде ұйымдардың қауіпсіздік нормаларын қамтитын стандарттарын келісу;
      66) сейсмикалығы 9 балдан асатын аумақтарды және жер бетінде тектоникалық жарылған жерлер пайда болуы мүмкін аймақтарды пайдалану мәселелерін қарау жөнінде сараптамалық комиссия құру және оның жұмысын үйлестіру;
      67) сейсмикалық қаупі жоғары аудандарда жұмыс істеу үшін мамандарды оқытуды өткізу тәртібін әзірлеу және бекіту;
      68) Коммуналдық қалдықтардың (қатты тұрмыстық қалдықтарды қоспағанда) пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын әзірлеу;
      69) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу;
      70) құрылыстағы мемлекетаралық (халықаралық) және ұлттық стандарттарды белгіленген тәртіппен әзірлеу;
      71) облыстық және базалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастры қызметтерінің жұмысын нормативтік-техникалық және әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
      72) стандарттарды әзірлеу бойынша жоспарлар мен бағдарламаларды және өзге де құжаттарды дайындауды және оларды халықаралық нормалар мен талаптарға сәйкестендіруді жүзеге асыру;
      73) Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сумен жабдықтау және су бұру бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын әзірлеу;
      74) Елді мекендер шегінде ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау тәртібін әзірлеу;
      75) Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларын әзірлеу;
      76) Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын әзірлеу;
      77) Коммуналдық қызмет көрсету қағидаларын әзірлеу;
      78) Кондоминиум объектісін басқару органы мен түпкі тұтынушыларға коммуналдық қызметтерді жеткізуші нарық субъектілері арасындағы ынтымақтастықтың үлгі шарттарын әзірлеу;
      79) тұрғын үй қатынастары саласындағы бағдарламаларды және мемлекеттік саясатты одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу;
      80) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерді барабар бөлу әдістемесін әзірлеу және бекіту;
      81) мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;
      82) тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін айқындау;
      83) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;
      84) тұрғын үй инспекциясы туралы үлгі ережені бекіту;
      85) кондоминиум объектісін басқару шартының үлгілік нысанын бекіту;
      86) тұрғын үй инспекциясы ұсынып отырған үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативі басқармасының төрағасы кандидатурасына қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;
      87) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы үлгі шарт әзірлеу;
      88) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
      89) үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарының құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу;
      90) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы мемлекеттік саясатты одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу;
      91) жер заңнамасын қолдану тәжірибесін талдау, сондай-ақ геодезия мен картография саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру;
      92) жер қатынастарын реттеу, геодезия мен картография саласындағы салалық көтермелеу жүйесін әзірлеу және бекіту;
      93) жерлерді пайдалану және қорғау мәселелерін қозғайтын республикалық бағдарламаларға, жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
      94) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері паспортының нысанын бекіту;
      95) жер-кадастрлық құжаттаманың құрылымын, құрамын, мазмұнын және нысандарын белгілеу;
      96) өз құзыретіне кіретін жерді беру және алып қою, жерді бір санаттан басқасына ауыстыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау;
      97) Геодезия және картография саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
      98) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру немесе кеңейту бойынша техникалық-экономикалық негіздемелерді келісу;
      99) шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға және шетелдік заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін беру мәселелері жөнінде, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ұсыныстарын келісу;
      100) Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгi мүдделерiн ескере отырып, геодезиялық және картографиялық жұмыстардың, аэроғарыштық түсiрiлiм деректерi мен материалдарын дайындау, есепке алу, сақтау, көбейту және пайдалану тәртiбiн регламенттейтiн нұсқаулықтарды, нормалар мен қағидаларды бекiту;
      101) Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдіктің 2006 – 2016 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру бойынша шаралар қабылдау;
      102) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулерді жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;
      103) ведомстволық (салалық) картографиялық-геодезиялық қорларда құжаттарды қалыптастыру, жинау, сақтау және пайдалану қағидаларын келісу;
      104) өз құзыреті шеңберінде халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру және халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
      105) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне қойылатын талаптарды белгiлейтiндерiн қоспағанда, өз құзыреті шеңберінде нормативтiк құқықтық актiлердi және нормативтік құжаттарды, әдістемелерді, стандарттарды әзiрлеу және бекiту;
      106) өз құзыреті шегінде нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу;
      107) өз құзыреті шегінде жобалау, іздестіру, қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру;
      108) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
      2. Ведомстволардың функциялары:
      1) жеке кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыру;
      2) шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк шараларының орындалуын ұйымдастыру және үйлестiру;
      3) кәсiпкерлiк ортаға, инвестициялық ахуалға және жеке кәсiпкерлiктi дамытудың инфрақұрылымына талдау жүргізу;
      4) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне әдiснамалық көмек ұйымдастыру;
      5) мемлекеттік рұқсат беру және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүйесін, сондай-ақ жеке кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту шараларын жетілдіру және оңтайландыру саласында ведомствоаралық үйлестіру;
      6) жеке кәсiпкерлiктi дамыту саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
      7) жеке кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдау жөнiндегi мемлекеттiк саясатты насихаттау;
      8) республика өңiрлерiнде шағын кәсiпкерлiк инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытуға ықпал ету;
      9) жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асыру;
      10) шағын кәсiпкерлiк саласында кадрлар даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiн қалыптастыру жөнiндегі шараларды іске асыру;
      11) шағын кәсiпкерлiктiң инновациялық, инвестициялық және индустриялық дамудың мемлекеттiк бағдарламаларын iске асыруға қатысуы үшiн жағдайлар жасау;
      12) инвесторлар, грант берушi халықаралық ұйымдар үшiн жеке кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту мәселелерiнде жағдайлар жасау;
      13) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) халықаралық нарықтарына шығуы үшiн жағдайлар жасау;
      14) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында, сондай-ақ тұрғын үй қатынастары, коммуналдық шаруашылық және коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласында (қатты тұрмыстық қалдықтарын қоспағанда), сондай-ақ елді мекендердің шекарасы (шектері) шегінде сумен жабдықтау және суды бұру, электрмен жабдықтау (0,4 кВ электр желісі объектілері), жылумен жабдықтау (ЖЭО мен белгіленген қуаты 100 Гкал/сағат және одан жоғары қазандықтардан басқа), газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      15) республикалық маңызы бар қаланың, астананың, есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын халқы бар облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарлары жобаларының, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін өзге де қала құрылысы құжаттамаларының кешенді қала құрылысы сараптамасын ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыру;
      16) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетіндерді қоспағанда, мемлекеттік, өңіраралық немесе мемлекетаралық (халықаралық) маңызы бар объектілерді салуға (аумақтарда құрылыс салуға) қала құрылысы, сәулет-құрылыс және өзге де жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын қарау және бекіту;
      17) жобалау құжаттамасының сапасын қадағалауды ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асыру;
      18) жобалардың мемлекеттік сараптамасына басшылықты жүзеге асыру;
      19) тұрғын үй қорының жай-күйіне мониторинг жүргізу;
      20) Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасын қолдану мәселелері бойынша ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету;
      21) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын іске асыруға қатысу;
      22) ғимараттарды, құрылыстарды, құрылғыларды қайта жаңарту, салу мақсатында әзірленетін және бекітілетін сәулет-құрылыс және өзге де жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;
      23) терможаңғыртуды ескере отырып, үлгілік көп пәтерлі үйлердің жоба алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз ету;
      24) реттелетін саладағы нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеуді, бекітуді, қолданысқа енгізуді ұйымдастыру;
      25) жергілікті атқарушы органдардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары мен коммуналдық шаруашылық саласындағы қызметін нормативтік-техникалық және әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
      26) техникалық регламенттердің, стандарттардың, құрылыс нормаларының және өзге де құжаттардың салалық қорын жүргізуді жүзеге асыру;
      27) астана мен қала маңындағы аймақтың аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің (мемлекеттік нормативтік құжаттардың) астананың әкімдігімен келісілген жобаларын бекіту;
      28) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, тиісті салада ғылыми зерттеу жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіру;
      29) өз құзыреті шегінде жобалау, іздестіру, ғылыми-зерттеу, конструкторлық, қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру;
      30) өз құзыреті шегінде мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуді ұйымдастыру және оларды іске асыру;
      31) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын тиісті салада орындалған ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар бойынша есептерді бекіту;
      32) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
      33) стандарттар мен өзге де құжаттарды әзірлеу жөніндегі жоспарлар мен бағдарламаларды іске асыру және оларды халықаралық нормалармен және талаптармен үйлестіру;
      34) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін лицензиялауды жүзеге асыру;
      35) мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттауды жүргізу;
      36) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттауды жүзеге асыру;
      37) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар мен сарапшылардың шағымдарын қарау;
      38) заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдау және мемлекеттік қабылдау комиссияларының жұмысына қатысу;
      39) объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
      40) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне, оның ішінде қала құрылысы тәртібі мен регламенттерінің, жобаларға сараптама жүргізу тәртібінің, сондай-ақ салынған объектілерді пайдалануға қабылдау қағидаларының сақталуы бөлігінде бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      41) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      42) ғимараттарды, құрылыстарды, құрылғыларды қайта жаңарту, салу мақсатында әзірленетін және бекітілетін сәулет-құрылыс және өзге де жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;
      43) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;
      44) республикалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрының жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру;
      45) жер заңнамасын, сондай-ақ геодезия және картография саласындағы заңнаманы қолдану тәжірибесін жинақтау;
      46) жергiлiктi атқарушы және аумақтық органдармен жер қатынастарын реттеу мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасау;
      47) жер мониторингiн жүргiзудi ұйымдастыру;
      48) мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудi ұйымдастыру және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер теңгерiмiнiң деректерi негiзiнде Қазақстан Республикасының жер теңгерiмiн жасау;
      49) геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiлерiнiң қызметiн үйлестiру;
      50) Қазақстан Республикасының қауiпсiздiк мүдделерiн ескере отырып, геодезиялық және картографиялық жұмыстардың, аэроғарыштық түсiрулердiң деректерi мен материалдарын дайындау, есепке алу, сақтау, көбейту және пайдалану тәртiбiн регламенттейтiн нұсқаулықтарды, нормалар мен ережелердi әзірлеу;
      51) геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (көшіруге) рұқсаттар беру;
      52) әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер арасындағы шекараның өзгерiстерiн, сондай-ақ жергiлiктi жердiң өзгерiстерiн және географиялық объектiлердiң атауларын көрсете отырып, кезекшi анықтамалық карта жүргiзу;
      53) мемлекеттiк, арнаулы және (немесе) салалық мақсаттағы геодезиялық және картографиялық жұмыстардың орындалуын ұйымдастыру;
      54) Ұлттық картографиялық-геодезиялық қор қалыптастыру және жүргiзу;
      55) геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiлерiне жоспарланып отырған жұмыс учаскелерiндегi жергiлiктi жердiң геодезиялық және картографиялық жағынан зерделенгендiгi туралы мәлiметтер беру;
      56) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес геодезиялық өлшеу құралдарының бiрлiгi мен дәлдiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру;
      57) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкiлеттi органдарының жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi бойынша қабылдаған шешiмдерiнiң заңдылығын бақылау;
      58) жер заңнамасы, сондай-ақ геодезия және картография салаларындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарау;
      59) мемлекеттiк жер кадастры мен жер мониторингiн жүргiзудiң дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру;
      60) пайдаланылмайтын не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жерлердi анықтау және мемлекеттiк меншiкке қайтару мәселелерi бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарымен өзара iс-қимыл жасау;
      61) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдардың басшыларын тағайындау және қызметтен босату мәселелері бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен өзара іс-қимыл жасау;
      62) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарына Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 65-бабында белгiленген мiндеттемелер орындалмаған жағдайда жергiлiктi атқарушы органдар мен жеке және заңды тұлғалар арасында жасалған уақытша жер пайдалану туралы шарттарды бiр жақты тәртiппен бұзу мәселелерi бойынша ұсыныстар енгiзу;
      63) анықталған жер заңнамасын, сондай-ақ геодезия және картография саласындағы бұзушылықтарды жою жөнiнде орындалуы мiндеттi нұсқамалар беру;
      64) Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 148-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетiлген мәселелер бойынша сотқа талап-арыз дайындау және беру;
      65) егер құрылыс, пайдалы қазбалар кен орындарын қазу, объектiлердi пайдалану, геологиялық-барлау және басқа жұмыстар жер заңнамасын, жердi пайдаланудың белгiленген режимiн бұза отырып жүзеге асырылса, сондай-ақ бұл жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе терiс қорытынды алған жобалар бойынша жүргiзiлсе, оларды тоқтата тұру;
      66) геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiлерiнiң нормативтiк құқықтық актiлердi және геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзуге арналған техникалық талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асыру және олардың дұрыс қолданылуын бақылау;
      67) жерді пайдалану және қорғау, сондай-ақ геодезиялық және картографиялық қызмет бойынша мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
      68) геодезиялық және картографиялық жұмыстарды ұйымдастыру мен орындау тәртiбiн анықталған бұзушылықтарды жою, сондай-ақ көрсетiлген жұмыстарды немесе аэроғарыштық түсiрілімдерді жүргiзу нәтижесiнде алынған геодезиялық және картографиялық материалдар мен деректердi шоғырландыру, есепке алу, сақтау, пайдалану және iске асыру жөніндегі талаптарды енгізу;
      69) Қазақстан Республикасының геодезия және картография саласындағы заңнамасының бұзылу фактiлерi анықталған жағдайда геодезиялық және картографиялық жұмыстарды тоқтата тұру;
      70) геодезиялық пункттердi есепке алу және олардың сақталуын қамтамасыз етудi бақылау;
      71) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк жер кадастрындағы жер пайдаланушылар және жер учаскелерi жөнiндегi мәлiметтердi салық қызметi органдарына беру;
      72) пайдаланылмайтын және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерлердi анықтау;
      73) геодезиялық және картографиялық қызметтiң басталуы туралы хабарлама берген субъектiлердiң тiзiлiмiн жүргiзу;
      74) аэротүсiрiлiм жұмыстарын жүргiзуге рұқсаттарды тiркеу, есепке алу және беру;
      75) геодезиялық және картографиялық жабдықтарға, аспаптар мен құралдарға метрологиялық бақылау және бақылау жүргiзу;
      76) суармалы егiстiктi суарылмайтын алқап түрлерiне ауыстыру жөнiндегi материалдарды келiсу;
      77) Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының материалдары мен деректерiн қайтару мерзiмiн белгiлеу;
      78) Қазақстан Республикасының қорғанысы мен ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мүддесiндегi геодезиялық және картографиялық қызметтi жүзеге асыру;
      79) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасының және жергiлiктi жерлерде әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер шекараларының дұрыс көрсетiлуiн және олардың картографиялық материалдарда көрсетiлуiн бақылау;
      80) су қорғау аймақтарын, жолақтарын және оларды шаруашылық пайдалану режимiн белгiлеу жөнiндегi жобалау құжаттамасын келiсу;
      81) су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен жолақтарында кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыру, жобалау, салу, қайта жаңарту және пайдалануға беру шарттарын келiсу;
      82) жер ресурстарын, жер қойнауы мен минералдық ресурстарды, жер асты және жер үстi суларын, орман және өзге де өсiмдiк әлемiнiң ресурстарын, жануарлар дүниесiнiң ресурстарын пайдалану кезiнде қойылатын экологиялық талаптарды келiсу;
      83) суару және құрғату жүйелерiн, қалпына келтiрiлген жерлердi, қорғаныштық орман екпелерiн, эрозияға қарсы гидротехникалық құрылғыларды және жердiң құнарлылығын арттыру және қорғау мақсатында құрылатын басқа да объектiлердi мемлекеттiк қабылдауға қатысу;
      84) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасы саласында қабылдаған шешімдерінің заңдылығын бақылау;
      85) өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде тұтынушылардың құқығын қорғауды қамтамасыз ету.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілер қабылдау;
      2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпаратты және материалдарды сұрату және алу;
      3) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіне басшылықты Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары (вице-министрлер) болады.
      21. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
      2) заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, өз құзыретіне жататын еңбек қатынастарының мәселелерін шешеді;
      3) ведомстволардың құзыретін және өзге мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды;
      4) заңнамада белгіленген тәртіппен еңбек қатынастарының мәселелері өз құзыретіне жататын Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза мен көтермелеу шараларын қолданады;
      5) қызметінде өзінің бақылауындағы ведомстволардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      6) ведомстволар актілерінің әрекетін толық немесе бір бөлігін тоқтатады немесе тоқтата тұрады;
      7) Министрдің бұйрықтарына қол қояды;
      8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Министрліктің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындайды.
      23. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын жауапты хатшы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкi

      24. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
      Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      25. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіне бекітілген мүлік республикалық меншiкке жатады.
      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      27. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

      1. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы.
      2. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы.
      3. «Ипотекалық кредиттерге кепілдік берудің қазақстандық қоры» акционерлік қоғамы.
      4. «Қазақстандық ипотекалық компания» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы.

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

      1. «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны («Мемсараптама» РМК).
      2. «Қазақ Суарнажоба» акционерлік қоғамы.
      3. «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» акционерлік қоғамы.

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

      1. «Жер кадастры ғылыми-өндiрiстiк орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны.
      2. «Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты (АШАГІМИ)» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      3. «Қазгеодезия» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      4. «Ұлттық картографиялық-геодезиялық қоры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы.
      2. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы.
      3. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық жер инспекциясы.
      4. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Алматы облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы.
      5. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық жер инспекциясы.
      6. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы.
      7. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы.
      8. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы.
      9. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы;
      10. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Қостанай облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы.
      11. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы.
      12. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы.
      13. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы.
      14. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы.
      15. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы.
      16. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы.

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті.
      2. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті.
      3. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті.
      4. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті.
      5. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті.
      6. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Атырау облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті.
      7. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті.
      8. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті.
      9. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті.
      10. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті.
      11. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті.
      12. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті.
      13. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті.
      14. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті.
      15. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті.
      16. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті.