«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы
1 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнiң «Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттiк ғылыми-өндiрiстiк орталығы (МемжерҒӨО)» республикалық мемлекеттiк кәсiпорны және осы қаулының қосымшасына сәйкес оның мемлекеттік еншілес кәсіпорындары Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнiң «Жер кадастры ғылыми-өндiрiстiк орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына (бұдан әрі – кәсіпорын) біріктіру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі кәсіпорынды мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган;
2) кәсіпорын қызметiнiң негiзгi мәнi мемлекеттік жер кадастрын жүргізу болып айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне кәсіпорынның жарғысын бекітуге енгізсін;
2) кәсіпорынның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 30 маусымдағы
№ 890 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнiң «Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы (МемжерҒӨО)» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік еншілес кәсіпорындарының тізбесі
1. «Ақмола мемлекеттік жерге орналастыру жөніндегі институты» жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы (МЕМЖЕРҒЫЛӨНОРТАЛЫҒЫ) РМК еншілес мемлекеттік кәсіпорны.
2. «Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми өндірістік орталығының» (АлматықалҒӨОжер) Алматы қаласы бойынша шаруашылық жүргізу кұқығына негізделген жер ресурстары және жерге орналастыру жөніндегі еншілес мемлекеттік кәсіпорны.
3. «Жер ресурстарын және жерге орналастыру ғылыми-өндірістік орталығының Атырау еншілес мемлекеттік кәсіпорыны».
4. «Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттігінің «Жер ресурстарын және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынының шаруашылық жүргізу құқығындағы Батыс Қазақстан еншілес мемлекеттік кәсіпорны».
5. «Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару Агенттігінің «Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу кұқығына негізделген Республикалық мемлекеттік кәсіпорынының Жамбыл еншілес мемлекеттік кәсіпорны.
6. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігінің «Жер ресурстарын және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы (Мемжерғылөнорталығы)» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынының шаруашылық жүргізу құқығындағы Қостанай еншілес мемлекеттік қәсіпорны (Қостанайжерғылөнорталығы).
7. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің «Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы (Мемжерғылөнорталығы)» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Оңтүстік Қазақстан еншілес мемлекеттік кәсіпорны (ОҚ жерғылөнорталығы ЕМК).
8. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің «Жер ресурстарын және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы (Мемжерғылөнорталығы)» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынының шаруашылық жүргізу құқығындағы Қарағанды еншілес мемлекеттік қәсіпорыны (Қарағандыжерғылөнорталығы).
9. Қазақстан Республикасы жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттігі Мемлекеттік жер ресурстары және жерге орналастыру ғылыми-өндірістік орталығының Солтүстік Қазақстан еншілес мемлекеттік кәсіпорны.
10. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің «Жер ресурстарын және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы /Мемжерғылөнорталығы/» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынының шаруашылық жүргізу құқығындағы «ПавлодарЖерҒӨО» еншілес мемлекеттік кәсіпорны /Павлодаржерғылөнорталығы/.
11. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің «Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы» Республикалық мемлекеттік кәспорнының шаруашылық жүргізу кұқығындағы Маңғыстау еншілес мемлекеттік кәсіпорны.
12. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі мемлекеттік жер ресурстары және жерге орналастыру ғылыми-өндірістік орталығының (Мемжерғылөнорталығы) Қызылорда еншілес шаруашылық жүргізу кұқығындағы мемлекеттік кәсіпорыны.
13. «Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің «Жер ресурстарын және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы (Межерғылөнорталығы) Республикалық мемлекеттік кәсіпорынының шаруашылық жүргізу құқығындағы Алматы еншілес мемлекеттік кәсіпорны» (Алматыжерғылөнорталығы).
14. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің «Жер ресурстарын және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы (Мемжерғылөнорталығы)» Республикалық мемлекеттік кәспорнының шаруашылық жүргізу кұқығындағы АстанақалаҒӨОжер еншілес мемлекеттік кәсіпорны (АстанақалаҒӨОжер).
15. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі «Жер ресурстары және жерге орналастару мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының («МемжерҒӨО» РМК) шаруашылық жүргізу құқығындағы Ақтөбе еншілес мемлекеттік кәсіпорны («АқтөбежерҒӨО» ЕМК).
16. Мемжерғылөнорталығының шаруашылық жүргізу құқығындағы Шығыс Қазақстан еншілес мемлекеттік кәсіпорны.
17. «Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттігінің Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығына негізделген республикалық мемлекеттік кәсіпорынының Алматы қаласындағы «Садпроект» бау-бақшалар мен жүзім бақтарын жобалау бойынша мамандандырылған еншілес мемлекеттік кәсіпорны.
18. Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттігінің жер ресурстары және жерге орналастыру Мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы «Мемжерғылөнорталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының шаруашылық жүргізу құқығындағы еншілес мемлекеттік кәсіпорны Кешенді іздестіру бөлімінің (ЕМК Мемжерғылөнорталығы КІБ).
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 30 маусымдағы
№ 890 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.02.2013 № 109 қаулысымен.
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.