Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің "Астанатопография", "Шығысгеодезия", "Батысгеодезия", "Қазгеокарт", "Солтүстікгеодезия", "Оңтүстікгеодезия", "Орталықмаркшейдерия" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің "Қазгеодезия" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (бұдан әрі - "Қазгеодезия" РМҚК) қосылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі "Қазгеодезия" РМҚК-нің мемлекеттік басқару органы;
2) "Қазгеодезия" РМҚК қызметінің негізгі мәні топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізу болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне "Қазгеодезия" РМҚК-нің жарғысын бекітуге ұсынуды;
2) "Қазгеодезия" РМҚК-ні Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.02.2013 № 109 қаулысымен;
3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.02.2013 № 109; 05.08.2013 № 796; 28.08.2015 № 683 қаулыларымен.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов